Қазақстан Республикасының Заңы
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
Осы Заң жер қойнауын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауға, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді зерттеу мен пайдалануға бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авторлық қадағалау - жер қойнауын пайдаланушының жобалау құжаттарының ережелерін сақтауына жобалау жұмыстарына арналған мердігерлік шартқа сәйкес жобалау құжатын жасаған жобалаушы ұйым жүзеге асыратын мониторинг;
2) айналыстан шыққан қорлар - өндіру процесінде түзілетін, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың нормаланған ысыраптарын қоса алғанда, оларды өндіру нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушы өз балансынан шығаратын, Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен қатты пайдалы қазбалардың өндірілген баланстық қорлары;
3) бағалау жұмыстары - анықталған объектінің жалпы ресурстарын айқындау, олардың өнеркәсіптік маңызын бағалау және игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу мақсатында жүргізілетін геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;
4) бағалау жұмыстарының жобасы - табылған объектінің жалпы ресурстарын айқындау, өнеркәсіптік маңызын жіті бағалау және оны өнеркәсіптік игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу әдістемесі мен көлемін белгілейтін, пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелері мен көрініс-белгілері табылған жағдайда барлау жүргізген кезде жасалатын жобалау құжаты. Бағалау жұмыстарының жобасы бағалау жұмыстарын жылдар бойынша қаржыландыру көлемдерін көрсетеді;
5) барлау - пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеумен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстар (операциялар);
6) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану - мұнай мен газды сақтау үшін жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі құрылыстар, тоннельдер, метрополитендер, қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстар, қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды әрі өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызу үшін өңделген қазба қалдықтарының қоймаларын, шөгінді қоймаларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
7) газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу - газды жақпай жүргізілетін операцияларды жүзеге асырудың техникалық мүмкіндігі жоқтығына байланысты газ өңдеудің технологиялық процестері кезінде газды жағу;
8) геологиялық ақпарат - геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық мәліметтерді, тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың техникалық құжаттамасын, кен орнының, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін келісімшарттық аумақтағы жұмыс учаскесі мен объектілердің болжамды ресурстарын және баланстық қорларын қамтитын материалдар жиынтығы;
9) геологиялық бөлу - барлауға, бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын қосымша;
10) жағалау жиегі - судың барынша көтерілуі (судың толуы) салдарынан пайда болатын су объектісі жағалауының жиегі;
11) жерасты сулары - жер қойнауында болатын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес пайдаланылатын сулар жиналымы;
12) жер қойнауы - топырақ қабатынан төмен орналасқан не пайдалы қазбалары жер бетіне шығып жатқан, ал топырақ қабаты жоқ болса - жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке дейін созылып жатқан жер қыртысының бөлігі;
13) жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың нормаланған ысыраптары - деңгейі техникалық-экономикалық есептеулермен негізделген пайдалы қазбаларды өндіру кезінде игерудің қабылданған тәсілдерімен және жүйелерімен технологиялық жағынан байланысты ысыраптар;
14) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрі кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
15) жер қойнауын қауіпсіз пайдалану - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
16) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
17) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу - жер қойнауы жай-күйінің мониторингімен, жер қойнауы учаскелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағының жекелеген бөліктерінің және тұтастай бүкіл аумағының геологиялық құрылымын зерттеумен, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу арқылы айқындаумен, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасаумен байланысты жұмыстар (операциялар);
18) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықты барлаумен және өндірумен, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлаумен байланысты, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
19) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқықтарды шоғырландыру - Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне қауіп төндіруі мүмкін немесе қауіп төндіретін, бір тұлғаның немесе бір елден шыққан тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының аумағындағы келісімшарттарда осындай үлестерді немесе Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталдарында (акциялар санымен) осындай қатысу үлестерін иеленуі;
20) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және оларды өндірушілерді бақылауға және оның мониторингіне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды өткізуге және олардың тізбесін түзуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара ); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
21) жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрі - ұлттық компания) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
22) жер қойнауын пайдалану құқығы - жер қойнауын пайдаланушының осы Заңға сәйкес сатып алған жер қойнауын иелену және пайдалану құқығы;
23) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер - жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғадағы қатысу үлестері (акциялар пакеттері).
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерге сондай-ақ акцияларға меншік құқығын растайтын не жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар да жатады;
24) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия -конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
25) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия - құзыретті орган құратын, осы Заңның 24-бабында айқындалған мәселелер бойынша құзыретті органға ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган;
26) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық-экономикалық негіздеме - тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері мен ұсыныстары міндетті түрде ескеріле отырып, кен орындарын игеру жобасының техникалық және экономикалық параметрлерін және оны іске асырудың экономикалық мақсатқа сай екенін бағалауды қамтитын құжат;
27) жер қойнауын пайдаланушы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;
28) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану - кен орындарын игерудің озық технологияларын пайдалану мен оң іс-тәжірибесі негізінде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерін экономикалық тұрғыдан тиімді игеру;
29) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы - пайдалы қазбалардың қорлары туралы, сондай-ақ жер қойнауының басқа да қасиеттері туралы ақпараттың оларды жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды мемлекеттік балансқа қою кезінде қолдану мүмкіндігіне арналған кешенді сараптамасы;
30) жер қойнауы учаскесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тұйықталған шекараларда бөліп көрсетілетін жер қойнауының геометрияланған бөлігі;
31) жобалау құжаттары - тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері мен ұсыныстары міндетті түрде ескеріле отырып, техникалық-экономикалық көрсеткіштер мен жобаны іске асырудың экономикалық тұрғыдан орындылығын бағалауды қоса алғанда, экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары ескеріле отырып, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеудің, бағалаудың және игерудің техникалық жағдайлары мен технологиялық көрсеткіштерін негіздейтін және белгілейтін құжаттар;
32) жоғары технологиялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімді әлемдік нарыққа интеграциялау мақсатында қолданылатын жаңа және жетілдірілген өнім мен барынша экологиялық таза технология түрінде өткізуге шығарылған техника мен технологиялық процестердегі жалпы жұрт мойындаған жаңа жетістіктер;
33) жұмыс бағдарламасы - жобалау құжаттарында берілген көрсеткіштер негізінде жасалатын, келісімшарттың қолданылу мерзіміне көлемі мен шығындары бойынша жылдарға бөлініп жинақталған көрсеткіштері бар жер қойнауын пайдаланушы жоспарларының жиынтығын айқындайтын құжат; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
34) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту - жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттарының бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;
35) жұмыстар - тауарларды шығару (өндіру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызмет үшін де өзге қажетті объектілерді салу жөніндегі қызметті ақылы негізде жүзеге асыру;
36) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші - Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қызметкерлерінің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын заңды тұлғалар; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
37) кадрлардағы жергілікті қамту - жұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санаты бойынша бөле отырып, келісімшартты орындау кезінде жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың саны;
38) келісімшарт - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт;
39) келісімшарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы болатын, геологиялық не тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ;
40) келісімшарт шеңберінде құқықтардың шоғырлануы - жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иегерлерінің бірінің келісімшартқа сәйкес осы қатысушыға жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша шешімдерді айқындауға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасымен жасалған келісімшарттағы үлесінің шамасы;
41) кен орны - құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы (пайдалы қазбалары) бар жер қойнауының бөлігі;
42) кен орнын игерудің технологиялық схемасы - кен орнын өнеркәсіптік игеруге қосу мақсатында жасалған және мұнай қабаттарының негізгі параметрлерін, пайдалану объектілерін игерудің ұтымды жүйесінің критерийлерін анықтау үшін кен орнын игерудің технологиялық шешімдері мен көрсеткіштерін, игеру жүйесін талдау әдістемесін көздейтін жобалау құжаты;
43) кен орнын игеруді талдау - пайдалану объектісін игеру процесінде ұңғымалар мен қаттарды геологиялық-кәсіпшілік, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулер нәтижелерін, сондай-ақ мұнай өндіруді оңтайландыру мен оны алу коэффициентін ұлғайту мақсатында мұнай мен газ қорларының ағымдағы орналасуын және өнімділік қаттарда жүріп жатқан процестерді анықтау үшін және осының негізінде игеруді реттеу жөніндегі ұсынымдарды әзірлей отырып, игеру көрсеткіштерінің динамикасын кешенді зерделеу;
44) кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасы - берілген өнімділікті және өндіруге ілеспелі басқа да өндірістік операцияларды қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді айқындайтын, тиісті кен орнында пайдалы қазбалар өндіру тәсілін, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу параметрлерін реттейтін жобалау құжаты;
45) кен орнын сынамалы пайдалану - өнеркәсіптік игерудің технологиялық схемасы мен жобасын жасау үшін қаттардың және кен шоғырларының геологиялық-кәсіпшілік сипаттамалары туралы қолда бар ақпаратты нақтылау мен қосымша ақпарат алу, ұңғымаларды кешенді геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мақсатында көмірсутек шикізатының кен орындарында жүргізілетін операциялар. Сынамалы пайдалану барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды көздейді;
46) кен орындарын игерудің оң практикасы - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын, ұтымды, қауіпсіз, қажетті және экономикалық тиімді болып табылатын жалпы қабылданған халықаралық практика;
47) кен орындарын өнеркәсіптік игеру - жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды ескере отырып, одан пайдалы қазбалардың бекітілген қорларын алуға бағытталған жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;
48) кең таралған пайдалы қазбалар - табиғи күйінде немесе сәл өңделіп және тазартылып, негізінен жергілікті шаруашылық мұқтаждарын қанағаттандыру үшін пайдаланылатын құм, саз, қиыршық тас және басқа да пайдалы қазбалар;
49) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия - конкурс өткізу және жеңімпазды айқындау мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
50) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын, осы Заңның 24-бабында айқындалған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган;
51) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссия (бұдан әрі - өңіраралық комиссия) - кең таралған пайдалы қазба кен орындарын іздеу, бағалау және игеру жөніндегі жобалау құжаттарын қарау бойынша жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің алқалы органы;
52) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру - кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіруге қатысы жоқ кең таралған пайдалы қазбаларды кез келген өндіру;
53) кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру - өндірілген кең таралған пайдалы қазбаларға не жерасты суларына қатысты кейіннен мәмілелер жасасу ниетінсіз, меншіктегі не жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінде жүзеге асырылатын өндіру;
54) коммерциялық табу - келісімшарттық аумақтағы барлау нәтижесінде коммерциялық мүддені білдіретін, жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растаған бір немесе бірнеше кен орындарын табу;
55) көрсетілетін қызметтер - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндіруге) бағытталмаған, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де қажетті қызметтерді ақылы негізде жүзеге асыру;
56) күрделі геологиялық құрылымы бар жер қойнауы учаскелері - мынадай параметрлердің бірімен: интенсивті тектоникалық бұзылулармен; пайдалы қазбалардың болжамды денелерін қамтитын жыныстардың интенсивті қыртыстануымен; қатты пайдалы қазбалар үшін бес жүз метрден астам және көмірсутек шикізаты үшін перспективті горизонттардың үстіңгі жағына дейін үш мың метрден астам тереңдікте орналасуымен сипатталатын; теңіз акваториясы шектеріндегі жер қойнауы учаскелері;
57) күрделі геологиялық құрылымы бар кен орындары - қорларының жетпіс пайызынан астамы қуатының өзгеріп тұратындығымен не пайдалы қазба денелерінің бұзылып орналасуымен немесе пайдалы қазбаның сақталмаған сапасымен және негізгі құнды компоненттерінің теңдей емес бөлінуімен не коллектордың немесе өнімділік қабаттардың коллекторлық қасиеттерінің біртектес болмауымен не ерекше жоғары қабаттық қысыммен сипатталатын кен орындары;
58) Қазақстанда шығарылған тауар - тауардың Қазақстан Республикасы аумағында шығарылғанын растайтын, оның ішкі айналыс үшін шығарылғаны туралы сертификат берілген тауар;
59) қазақстандық тауар өндіруші - Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
60) Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы - өнеркәсіптік құндылыққа ие, бұрын белгісіз болған кен орнын ашқан, сондай-ақ бұрыннан белгілі кен орнында пайдалы қазбалардың қосымша қорларын немесе оның өнеркәсіптік құндылығын едәуір ұлғайтатын жаңа минералдық шикізатты анықтаған тұлға;
61) қол қойылатын бонус - келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген тәртіппен келісімшарттық аумақты кеңейткен кезде жер қойнауын пайдаланушының тіркелген біржолғы төлемі;
62) құзыретті орган - егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзгеше белгіленбесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган; 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 63) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
63) магистральдық құбыр - өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөлік пен объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сай келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;
64) 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
65) 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
66) мемлекеттің басым құқығы - осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға бірінші кезекті құқығы;
67) мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия - мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы мәселелерді қарау және ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын консультативтік-кеңесші орган;
68) минералдық шикізат - жер қойнауының жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлігі (тау-кен жынысы, кен шикізаты және басқалар);
69) минералдық шикізатты бастапқы өңдеу (байыту) - тау-кен өнеркәсібі қызметінің түрі, ол өндірілген жерінде жинауды, ұсатуды немесе үгітуді, жіктеуді (сұрыптауды), брикеттеуді, агломераттауды және физикалық-химиялық әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалдық-химиялық құрылымын сапалық жағынан өзгертпестен) қамтиды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстардың арнаулы түрлері болып табылатын өңдеу технологияларын (жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, ұсақ тау-кен жынысы бар кен орнын түйіршіктеу және гидравликалық жолмен игеру) қамтуы мүмкін.
Минералдық шикізатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тізбесі, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшартта айқындалады;
70) минералдық шикізатты өңдеу - минералдық шикізатты бастапқы өңдеуден кейінгі және минералдық шикізаттан пайдалы қазбаны (пайдалы қазбаларды) бөліп алуға байланысты жұмыстар;
71) модельдік келісімшарт - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, онда келісімшарттардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктері, жер қойнауын пайдалану жөніндегі жекелеген операциялар түрлерін жүргізу көрсетілетін және келісімшарттар жобаларын әзірлеу кезінде негіз ретінде пайдаланылатын үлгілік келісімшарт;
72) мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейін және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
73) мұнай-газ құбырлары - мұнай тасымалдауға арналған құбырлар, оның ішінде магистральдық құбырлар, құрастырмалы коллектор режимінде жұмыс істейтін құбырлар, сондай-ақ құбырлар жүйесі не оның жекелеген бөліктері арқылы тасымалданатын заттарды тазарту, айыру және сұйылту жөніндегі жабдықтар мен тетіктер, бақылау және оқшаулау жүйелері, электрлі-химиялық қорғаныс жүйелері мен осындай құбырларға қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдықтар;
74) мұнай-газ құбырларын салу және (немесе) пайдалану - құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңіздерде және өзге де ішкі су айдындарында мұнай-газ құбырларын салу, тарту және пайдалану мақсатында жүргізілетін кез келген жұмыстар (операциялар);
75) мұнайдағы ілеспе компоненттер - мұнайдың және қабаттық судың құрамындағы, технологиялық бөліп алуды талап ететін пайдалы қазбалар мен әртүрлі қосындылар;
76) мұнай операциялары - мұнайды барлау, өндіру, қажетті технологиялық және ілеспе объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
77) негізгі пайдалы қазба - кен орнының өндірістік маңызын айқындайтын, бастапқы шикізаттың неғұрлым көп құрамды немесе кен орны өнімінде неғұрлым жоғары үлеске ие және кен орны өнімін пайдаланудың негізгі бағытын айқындайтын пайдалы қазба;
78) оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның жазбаша хабарламасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгілейтін, келісімшартты орындауға байланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның іс-әрекеті үшін жер қойнауын пайдаланушылар мүліктік жауапкершілікте болады;
79) өндіру - минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді және уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногендік минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) барлық кешені;
80) пайдалы қазба - химиялық құрамы мен физикалық қасиеті оларды материалдық өндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералдық түзілім, көмірсутектер және жерасты сулары;
81) пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия (бұдан әрі - орталық комиссия) - кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу, бағалау және игеру жөніндегі жобалау құжаттарын қарау бойынша құзыретті орган құрған алқалы орган;
82) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңіз жағалауы жиегінен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
83) сервитут - жеке және заңды тұлғалардың барлауды, өндіруді жүргізу үшін немесе осы Заңда көзделген жағдайларда барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін басқа тұлғаларға берілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;
84) стратегиялық әріптес - ұлттық компания мен құзыретті орган арасындағы тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша жасалған келісімшарттар жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыру үшін құзыретті органмен келісе отырып немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ұлттық компания айқындаған қазақстандық немесе шетелдік заңды тұлға (олардың бірлестіктері);
85) стратегиялық маңызы бар жер қойнауы, кен орындары учаскелері - Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеде айқындалған жер қойнауы, кен орындары учаскелері;
86) стратегиялық минералдық шикізат - Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшін стратегиялық маңызы бар минералдық шикізат;
87) сынамалы пайдалану жобасы - кен орнын өнеркәсіптік игерудің технологиялық схемасы мен жобасын жасау үшін қаттардың және кен шоғырларының геологиялық-кәсіпшілік сипаттамалары туралы қолда бар ақпаратты нақтылау мен қосымша ақпарат алу, ұңғымаларды кешенді геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мақсатында көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі жұмыстарға жасалатын құжат;
88) табиғи газ - майлы газды, құрғақ газды, майлы газдан сұйық көмірсутектерді сығымдаудан немесе айырудан кейін қалатын ілеспе газды және сұйық немесе газ тектес көмірсутектермен бірге алынған көмірсутек емес газды қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысымда газ тектес фазада болатын көмірсутектер;
89) табиғи және ілеспе газды кәдеге жарату - кен орнында табиғи және ілеспе газды технологиялық мұқтаждықтарға және (немесе) тауар өніміне дейінгі дайындауға пайдалану мақсатында кәсіпшілік жинауды қамтамасыз ету;
90) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою үшін жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
91) тарихи шығындар - мемлекет келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған, олар туралы геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне берілген бұрынғы жиынтық шығындар; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 92) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
92) тауардағы жергілікті қамту - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық қамтылуы;
93) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де сатып алынатын жабдықтар, дайын өнім және өзге де материалдық-техникалық құнды заттар;
94) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
95) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімдік бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол үш жылға дейінгі кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
96) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол он жылға дейінгі кезеңге немесе келісімшарттың қолданылуы аяқталғанға дейінгі мерзімге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу мерзімдерін айқындайтын құжат;
97) тау-кендік бөлу - жер қойнауын пайдаланушының өндіруді, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізуге құқығы бар жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жасалатын келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын құжат;
98) тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру - қосымша деректер алу үшін кен орнының геологиялық-физикалық жағдайларында байқаудан өткізуді талап ететін жаңа немесе бұрыннан белгілі технологияларды сынау мақсатында көмірсутек шикізатының кен орындарын немесе кен шоғырларын пайдалану;
99) тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасы - қосымша деректер алу үшін кен орнының геологиялық-физикалық жағдайларында байқаудан өткізуді талап ететін жаңа немесе бұрыннан белгілі технологияларды сынаудан кейін көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі жұмыстарға жасалатын және кен орындарын және (немесе) кен шоғырларын пайдалануға беруді көздейтін жобалау құжаты;
100) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру - жер қойнауының тиісті учаскесінің геологиялық құрылысы, өндірудің тау-кендік-геологиялық жағдайлары, кендердің заттық және минералдық құрамы, өңдеу технологиясы, тау-кен жабдығын таңдау және кен орнын пайдалану тәсілі туралы қолда бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу мақсатында коммерциялық табуды бағалауға арналған бағалау жұмыстары кезеңінде жүргізілетін пайдалы қазбалар өндіру;
101) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы - жер қойнауының тиісті учаскесінің геологиялық құрылысы, өндірудің тау-кендік-геологиялық жағдайлары, кендердің заттық және минералдық құрамы, өңдеу технологиясы, тау-кен жабдығын таңдау және кен орнын игеру тәсілі туралы қолда бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу мақсатында қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргізген кезде жасалатын жобалау құжаты;
102) теңіз - Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігі шегіндегі су беті мен қабаты, сондай-ақ Каспий және Арал теңіздерінің түбі;
103) теңіздегі ғылыми зерттеулер - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың теңізге әсері мен олардың қоршаған ортаға және биологиялық әртүрлілікке зардаптарын зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары;
104) теңіздегі күзет аймақтары немесе қауіпсіздік аймақтары - адамдардың, теңіздің биологиялық ресурстарының, қоршаған ортаның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеме қатынасының, балық аулаудың және жеке және заңды тұлғалардың теңіздегі басқа да қызметтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында теңіз құрылыстарының айналасында орнатылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын аймақтар;
105) теңіздің ластануы - адамдардың денсаулығына, теңіздің жанды ресурстарына және теңіздің экожүйесіне зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін туғызатын, теңізде не оның жағалауында заңды қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға кедергілер жасайтын не залал келтіретін немесе залал келтіруі мүмкін материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелістердің теңіз аясына түсуі, сондай-ақ сәулелер мен өрістердің әртүрлі типтерінің түзілуі;
106) теңіз құрылыстары - жасанды аралдарды, бөгеттерді, қондырғыларды, жылжымайтын және жүзбелі жабдықтарды қоса алғанда, теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған жасанды құрылыстар;
107) техногендік минералдық түзілімдер - тау-кен өндіру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлі өндірістерінің қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттері бар минералдық түзілімдердің, тау-кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың жиналымы;
108) техногендік су - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде технологиялық процестерді жүргізу үшін жойылуы қажет су; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 109) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
109) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;
110) шекара маңындағы кен орны - Қазақстан Республикасы аумағының немесе теңіздің шегінде орналасқан, сонымен қатар бір бөлігі басқа іргелес немесе қарсы беттегі мемлекеттің заңды құзырындағы аумақта немесе теңізде орналасқан кен орны;
111) шикі мұнай - табиғи газдан табиғи конденсаттау жолымен түзілген дистиллят немесе конденсат атауымен белгілі сұйық көмірсутектерді қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан сұйық күйінде алынатын үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер;
112) іздеу жұмыстары - пайдалы қазбалардың перспективті учаскелері мен көрініс - белгілерін анықтау және контурлау, болжамдық ресурстарды айқындау, оларды алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және геологиялық-барлау жұмыстарын одан әрі негіздеу мақсатында жүргізілетін геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;
113) іздеу жұмыстарының жобасы - пайдалы қазбалардың перспективті учаскелері мен көрініс-белгілерін анықтау және контурлау, болжамдық ресурстарды анықтау, оларды алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және одан әрі геологиялық-барлау жұмыстарын негіздеу мақсатында жер қойнауы учаскесінің барлық аумағын қамти отырып, жер қойнауы учаскесін тиімді әрі кешенді зерттеуді қамтамасыз ететін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесі мен көлемін айқындайтын, барлау жүргізген кезде жасалатын жобалау құжаты. Іздеу жұмыстарының жобасы іздеу жұмыстарын жылдар бойынша қаржыландыру көлемдерін көрсетеді;
114) ілеспе газ-мұнай, газ-мұнай және газ кен шоғырларындағы мұнайдың құрамында еріген күйінде кездесетін және қысым төмендеген кезде одан бөлініп шығатын көмірсутек газы, сондай-ақ сұйық немесе газ тәріздес көмірсутектермен бірге өндірілген көмірсутек емес газдар;
115) ілеспе газды өңдеу - ілеспе газды тауарлық өнімге дейін жеткізу жөніндегі іс-шаралар кешені;
116) ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағу - ілеспе және (немесе) табиғи газды пайдаланбай жою процесі;
117) ілеспе пайдалы қазбалар - негізгі пайдалы қазбаларды игеру кезінде өндіру мен өңдеуі рентабельді және шаруашылықта пайдалануға экономикалық жағынан орынды болып табылатын, негізгі пайдалы қазбалармен ұштасып жатқан және солармен бірге өндірілетін минералдық кешендер, минералдар, металлдар және басқа да химиялық элементтер мен олардың қосындылары;
118) ішкі су айдындары - көлдер, жасанды су қоймалары және басқа да жерүсті су объектілері;
119) электрондық сатып алу жүйесі - сатып алуды ұйымдастырушы (жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес құрылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық жүйе.
2-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар, егер олар осы Заңның нормаларымен реттелмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы нормаларымен реттеледі.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
2. Жерді, суды (жерасты сулары мен емдік балшықтан басқа), орманды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңнамасымен реттеледі.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарда Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей құқықтарды пайдаланады және міндеттерді орындайды.
4-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық өрлеуін және мүдделері мен табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері:
1) жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі қатынастарды реттеу;
3) республикалық және өңірлік мүдделер үйлесімін қамтамасыз ету;
4) минералдық-шикізаттық базаны молықтыруды қамтамасыз ету;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде құқықтық негізді қамтамасыз ету;
6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
5-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының принциптері
Жер қойнауына және жер қойнауын пайдалануға байланысты қатынастарды құқықтық реттеу мынадай принциптерге негізделеді:
1) жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жариялылығы;
4) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы.
6-бап. Жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету
Кен орындарын игерудің жоғары технологиялары мен оң практикасын пайдалану негізінде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерін экономикалық жағынан тиімді игеру, сондай-ақ адамдар өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің міндетті шарты болып табылады.
7-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету
Жер қойнауының ластануын болғызбауды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетуді қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
8-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жариялылығы
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге және келісімшарт талаптарына қатысты ақпарат беру осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалардың құзыретті органда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізудің талаптарымен және оның нәтижелері туралы шешімнің мазмұнымен;
2) жасалған келісімшарттар бойынша конкурс талаптарының орындалуымен танысуға құқығы бар.
Тараптар құпия деп таныған ақпаратты мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Парламентіне және жергілікті өкілді органдарға беру құпиялылық режимін бұзу болып табылмайды.
8-1-бап. Шешім қабылдау кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделерін ескеру
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының уәкілетті өкілдері жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына тұрақты негізде (дауыс беру құқығымен) қатысуға құқылы.
9-бап. Жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы
Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастар, осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, ақылы негізде құрылады.
10-бап. Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық түзілімдерге және минералдық шикізатқа меншік құқығы
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы мен оның құрамындағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігінде болады.
Жер қойнауына мемлекеттік меншік Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін құрайтын негіздердің бірі болып табылады. Мемлекет осы Заңда көзделген негіздерде, жағдайлар мен шектерде жер қойнауына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
2. Егер осы Заңда және келісімшартта өзгеше көзделмеген болса, минералдық шикізат жер қойнауын пайдаланушыға меншік құқығында (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына - шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында) тиесілі болады.
3. Техногендік минералдық түзілімдер жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады. Техногендік минералдық түзілімдерді игеру кезінде жер қойнауын пайдаланушы не техногендік минералдық түзілімдерге меншік құқығы бар үшінші тұлға техногендік минералдық түзілімдер құрамында болатын және оларды алу, пайдалану (өткізу) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында көзделмеген пайдалы қазбалардың қорына қатысты жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын жүргізуге және құзыретті органмен келісімшарт жасасуға міндетті.
4. 1992 жылғы 30 мамырға дейін қоймаға қойылған немесе минералдық ресурстардың мемлекеттік қорына қосылған техногендік минералдық түзілімдер мемлекет меншігі болып табылады.
5. Мемлекет меншігіндегі техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қазбаларға меншік құқығы келісімшартта айқындалады.
6. Минералдық шикізат, техногендік минералдық түзілімдер немесе пайдалы қазбалар өзіне меншік құқығында тиесілі жер қойнауын пайдаланушы минералдық шикізатқа, техногендік минералдық түзілімдерге немесе пайдалы қазбаларға иелік етуге, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуға құқылы.
11-бап. Геологиялық ақпаратқа меншік құқығы және ақпаратты беру тәртібі
1. Геологиялық ақпарат, егер ол Қазақстан Республикасының бюджет қаражаты есебінен алынса - мемлекет меншігінде, ал жер қойнауын пайдаланушының жеке қаражаты есебінен алынса, жер қойнауын пайдаланушының меншігінде болады.
2. Қаржыландыру көзіне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес міндетті түрде ақысыз беруге жатады.
3. Геологиялық ақпарат ақылы немесе ақысыз негізде беріледі.
Геологиялық ақпарат мыналарға:
жер қойнауын геологиялық зерттеуге байланысты жұмыстарды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізетін тұлғаларға;
ғылыми зерттеулер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жағдайларда ғылыми мақсаттар үшін;
мемлекеттік, сондай-ақ аккредиттелген жеке оқу орындарына - оқу мақсаттарында; мемлекеттік органдарға ақысыз негізде беріледі.
Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауы туралы ақпарат ақылы негізде беріледі. Жер қойнауы туралы ақпаратты беру талаптарына қарамастан, оны көшіру жөніндегі шығыстарды ақпарат алушы бөлек өтейді.
Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді.
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ақысыз тапсыруға міндетті.
12-бап. Мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласындағы артықшылықты және басым құқықтары
1. Қазақстан Республикасының, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде қолданатын, мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы бар.
Жер қойнауын пайдаланушы мәмілелер жасасу кезінде қолданатын пайдалы қазбалар бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, әлемдік нарықта мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөніндегі мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар қолданылады.
Сатып алынатын пайдалы қазбалардың шекті көлемі және төлем түрі келісімшартпен айқындалады.
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға артықшылықты құқығын іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Жерасты суларын және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрын жасалған келісімшарттарда ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін сақтау және нығайту үшін мемлекеттің келісімшарттың басқа тарабы немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушысы және басқа да тұлғалар алдында ақылы және ақысыз негіздер бойынша иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға басым құқығы бар.
Осы тармақтың ережелері осы Заңның 34-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
13-бап. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібі
1. Жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге ие тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару ниеті болған жағдайда мемлекет ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алудың басым құқығына ие болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның сатып алуы туралы шешімді құзыретті орган белгіленген тәртіппен қабылдайды.
2. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, өзіне тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығаруды жүргізу ниеті бар тұлға құзыретті органға жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару туралы өтініш жібереді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде жасалуға және осы Заңның 37-бабының 2-тармағында белгіленген мәліметтерді қамтуға тиіс.
3. Құзыретті орган өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзірлеуге қажетті материалдарды енгізеді.
4. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия тиісті материалдар алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, өтінішті және өзге де материалдарды қарайды және мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы ұсынымдар әзірлейді.
Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуды жүзеге асыру ниеті туралы мәлімдеген ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның осындай сатып алуы туралы ұсынымдар әзірлеген жағдайда Ведомствоаралық комиссия құзыретті органға ұлттық басқарушы холдингті немесе ұлттық компанияны мемлекет атынан осындай сатып алушы ретінде айқындау ұсынымын жасайды.
Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның тарапынан сатып алу туралы ниет болмаған жағдайларда иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы ұсынымдар әзірлеген жағдайда мәселе сатып алуға уәкілетті мемлекеттік органды айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі.
5. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия өтініш берушіден және басқа да тұлғалардан жер қойнауын пайдаланушылардың, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық жағдайы туралы құжаттарды қоса алғанда, иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлеуге қажетті кез келген қосымша материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
6. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы ұсынымдары хаттамамен ресімделіп, ол құзыретті органға жіберіледі.
7. Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы шешім сатып алуға уәкілетті ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік органға жіберіледі.
8. Құзыретті органның иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы шешімін алғаннан кейін ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеленуші тұлғамен келіссөздер процесін жүргізуге бастамашы болады.
Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның немесе уәкілетті мемлекеттік органның иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуы басқа өтініш берушілер ұсынғандардан нашар болмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ақысыз негіз бойынша иеліктен шығарған жағдайда, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні заңды тұлғаның жарғылық капиталына берген жағдайда мұндай объектілерді сатып алу Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын нарықтық құн бойынша жүзеге асырылады.
9. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу мерзімдері жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс.
14-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу және тыйым салу
1. Ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жер қойнауының жекелеген учаскелерін пайдалану шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.
2. Елді мекендердің, қала маңы аймақтарының, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінің аумақтарында жер қойнауын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық объектілеріне немесе қоршаған ортаға нұқсан келтіруі мүмкін болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шектерінде жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
15-бап. Пайдалы қазбаларды реквизициялау
1. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі пайдалы қазбалардың бір бөлігін немесе барлығын реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау Қазақстан Республикасының мұқтаждығына қажет мөлшерде төтенше немесе соғыс жағдайының барлық қолданылу мерзімі ішінде жүргізілуі мүмкін. Пайдалы қазбаларды реквизициялау меншік нысанына қарамастан, кез келген жер қойнауын пайдаланушыға қатысты жүргізілуі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы реквизицияланған пайдалы қазбалар үшін заттай нысанда немесе шетелдік жер қойнауын пайдаланушыға, олардың құнына еркін айналымдағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде реквизициялау күніне қолданатын, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегерімінен қалған бағадан аспайтын бағалар бойынша ұлттық валютамен өтемақы төлеуге кепілдік береді.
2-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік меншік объектісі ретінде жер қойнауының мемлекеттік қорын басқаруды ұйымдастырады;
2) жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;
3) пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай ережелерді бекітеді;
4) минералдық шикізаттың стратегиялық түрлеріне мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелері мен кен орындарын айқындайды;
5) ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілейді;
6) болашақ ұрпақ мүддесінде минералдық шикізат қорларын сақтау үшін жер қойнауы учаскелерін консервациялау тәртібін айқындайды;
7) стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекітеді;
8) кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін айқындайды;
9) жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды;
10) кең таралған пайдалы қазбалары бар, конкурсқа шығарылуға тиісті жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;
11) модельдік келісімшарттарды бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекітеді;
13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзгеше белгіленбесе, кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбалардың жекелеген түрлері бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды жасасу және орындау жөніндегі құзыретті органды айқындайды;
14) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін бекітеді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шаруашылыққа шектеп пайдаланудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;
15) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін бекітеді;
16) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізудің тәртібін және осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілерді бекітеді;
17) келісімшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау тәртібін айқындайды;
18) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртібін айқындайды;
19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
20) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
21) Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекітеді;
22) мұнай экспортын, оның ішінде кедендік, қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық баждарды, мұнай экспортына квоталарды бекіту (өзгерту) жолымен реттейді;
23) мұнайды әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдауға сандық шектеулерді (квоталарды) белгілейді;
24) мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібін айқындайды;
25) жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау тәртібін бекітеді;
26) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
27) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
28) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру тәртібін айқындайды;
29) мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету ережелерін бекітеді;
30) жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидасын бекітеді;
31) жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
32) ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру тәртібін айқындайды;
33) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру тәртібін бекітеді;
34) теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерді және талаптарды белгілейді;
35) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асыру ережелерін белгілейді;
36) теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін бекітеді;
37) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу ережелерін бекітеді;
38) мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газ жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекітеді;
39) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару тәртібін белгілейді;
40) ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін бекітеді;
41) кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін белгілейді;
42) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін белгілейді;
43) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру тәртібін бекітеді;
44) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету ережелерін бекітеді;
45) жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау тәртібін белгілейді;
46) тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін бекітеді;
47) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
48) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшартты (шартты) жасасу тәртібін белгілейді;
49) теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін белгілейді;
50) 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
51) жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау ережелерін бекітеді;
52) жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті ұсыну нысанын бекітеді;
53) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін бекітеді;
54) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» деген мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережелерін бекітеді; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 55) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
55) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекітеді;
56) еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадалары қуаттарын пайдалану тәртібін бекітеді;
57) электрондық сатып алу жүйелері жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен қадамдастыру тәртібін бекітеді;
58) тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсатты беру тәртібін бекітеді; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 59) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
59) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтуды есептеу тәртібін бекітеді; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 60) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
60) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін бекітеді;
61) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін бекітеді;
62) 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
63) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
17-бап. Құзыретті органның өкілеттіктері
Құзыретті органның өкілеттіктеріне:
1) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту және оның құрамын бекіту;
2) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындау және ұйымдастыру;
3) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
4) жер қойнауын пайдаланушымен, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшартты қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізу;
5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттық құжаттар жобаларын қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тiзбесiн айқындау бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
7) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты ғимараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, келісімшарттарды жасасу, мемлекеттік тіркеу және сақтау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
9) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлаумен және өндіруге байланысты емес жерасты ғимараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру;
10) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешімдер қабылдау;
11) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) кепілге беруге рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту), сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын қоспағанда, осы Заңның 36 және 37-баптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру жөніндегі мәмілені тіркеу;
12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету;
13) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша келісімшарттық талаптардың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
14) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын әзірлеу;
15) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың қолданылуын жаңғырту туралы шешім қабылдау;
16) келісімшартты орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу;
17) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия туралы ережені бекіту;
18) Қазақстан Республикасының аумағында өңделуін конкурсқа қатысушы қамтамасыз етуге міндеттенетін минералдық шикізаттың ең аз мөлшерін айқындау;
19) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жинақтау және талдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту бойынша жалпы ақпаратты беру;
20) модельдік келісімшарттардың жобаларын әзірлеу;
21) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;
22) келісімшарттар талаптары орындалуының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
23) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар беретін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі жылға жоспарланып отырған сатып алу туралы ақпаратты жинау және талдау;
23-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, көмірсутек шикізатын өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық балансын, оның ішінде ұлттық отын-энергетикалық балансты әзірлеу;
24) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар беретін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге жоспарланып отырған сатып алу туралы ақпаратты жинау және талдау;
25) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
26) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ақпарат сұрату;
27) пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын бекіту;
28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
18-бап. Мұнай мен газ саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мұнай мен газ саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) мұнайды экспорттау үшін басқа мемлекеттердің өз аумағында құбырлар мен басқа да тасымалдау құралдарын салу және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін тиісті органдарымен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу;
2) мұнайдың стратегиялық қорларын қалыптастыруды қамтамасыз ету және олардың Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылуын есепке алу; 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
3) қажеттілік болған жағдайда, ішкі нарықтың жанар-жағармай материалдарына қажеттіліктерін жабуға қажетті көлемде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тысқары жерлерде өңдеуге арналған мұнай мөлшерін кестелермен (жылдық және ай сайынғы) айқындау;
4) техникалық регламенттерде белгіленген мұнайға және оның өмірлік циклі процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен келісу бойынша ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бекіту, газды кәдеге жаратудың және ілеспе газды қайта өңдеуді дамытудың бекітілген бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
6) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру;
7) жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау тәртібін әзірлеу;
8) мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібін әзірлеу;
9) жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану тәртібін әзірлеу;
10) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларын әзірлеу;
11) теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін әзірлеу;
12) теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін әзірлеу;
13) еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадалары қуаттарын пайдалану тәртібін әзірлеу;
14) мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлеу;
15) ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін бекіту;
16) кен орнын игеру жобасына сәйкес мұнай өндіруді, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
17) мұнайды өткізудің техникалық-экономикалық негіздемеде қабылданған есептік бағалары шегінде келісімшартқа қол қою сәтіндегі келісімшартқа техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық көрсеткіштерін негізге ала отырып, жер қойнауын пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына шикі мұнайды қайта өңдеуге арналған жеткізу көлемдерін айқындау;
18) мұнай операцияларын жүргізу мен мұнай тасымалдау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;
19) мұнай операцияларын жүргізу және мұнайды тасымалдау саласындағы адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру қатеріне талдау жасау және оны бағалау;
20) ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін әзірлеу;
21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;
22) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;
23) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау тәртібін индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара )
19-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту;
2) мұнай операцияларын жүргізу саласын қоспағанда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;
3) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені әзірлеу;
4) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені әзірлеу;
5) пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды әзірлеу;
6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін әзірлеу;
7) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
8) мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету қағидаларын әзірлеу;
9) жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
10) тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін әзірлеу;
11) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшартты (шартты) жасасу тәртібін әзірлеу;
12) жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларын әзірлеу;
13) жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу;
14) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін әзірлеу;
15) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» деген мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
16) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін әзірлеу;
17) электрондық сатып алу жүйелері жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен қадамдастыру тәртібін әзірлеу;
18) тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсатты беру тәртібін әзірлеу;
19) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
20) мұнай мен газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасында дамытылатын басымдыққа ие жоғары технологиялық өндірістер тізбесін бекіту; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
21) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтуды есептеу тәртібін әзірлеу; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
22) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;
23) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;
24) 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
25) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін әзірлеу;
26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
20-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган :
1) жер қойнауын геологиялық зерттеу мен кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) осы Заңның 35-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсаттар береді және оларды қайтып алады;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын береді және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарттар (шарттар) жасасады;
4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
5) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді, пайдалы қазбалар қорларын бекітеді;
6) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жоба-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;
7) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын, кен орындарының және пайдалы қазбалардың көрініс-белгілерінің, қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді;
8) тарихи шығындар көлемін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындайды;
9) геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
10) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлігінде жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
11) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауына мониторингті және бақылауды жүзеге асырады;
12) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар әзірлеуді жүзеге асырады;
13) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын қалыптастыру бойынша құзыретті органға ұсыныстар енгізеді;
14) минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді (байытуды) қоса алғанда, жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
15) геологиялық және тау-кендік бөлулерді береді;
16) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын ұйымдастырады және жүргізеді;
17) келісімшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келіседі;
18) суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерінің негізінде жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;
19) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізеді;
20) жер бетіндегі су объектілері жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етумен байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсаттарды келіседі;
21) жерасты су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларына рұқсаттарды келіседі;
22) бассейндік схемалардың және су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсер ету нормативтерінің негізінде жерасты су объектілеріне арналған су пайдалану лимиттерін келіседі;
23) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру талаптарын келіседі;
24) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жобалау құжаттамасын, жерасты су объектілері арқылы өтетін коммуникацияларды салу жобаларын келіседі;
25) жерасты су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету кезінде жерасты су объектілерінен тікелей жерасты суын алуға қорытындылар береді;
26) осы Заңда көзделген жағдайларда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау түрінде жағуға рұқсаттарды келіседі;
27) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссияның ұсынымдары негізінде жобалау құжаттарын бекітеді;
28) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
29) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
30) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің жоба-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргізу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою тәртібін бекітеді;
31) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргізу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және бағалау нормаларын бекітеді;
32) кен орындары қорларын сынамалы пайдалануды жүргізу талаптары мен мерзімдерін айқындайды;
33) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21-бап. Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар
1. Орталық комиссияның негізгі міндеті пайдалы қазбалардың кен орындарын және жерасты суларын барлау мен игерудің анағұрлым тиімді әдістерін қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
Орталық комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша оның ұсынымдары хаттамамен ресімделіп, меншік нысанына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қазбаларды барлау мен игеруді жобалаумен және жүзеге асырумен айналысатын шетелдік субъектілер үшін орындалуы міндетті болып табылатын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның шешімімен қабылданады.
Орталық комиссия мен өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, олардың құрамы, материалдарды және құжаттарды жинау мен сақтау тәртібі құзыретті орган бекітетін орталық комиссия және өңіраралық комиссиялар туралы ережеде айқындалады.
Құзыретті орган орталық комиссияның құрамына қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми зерттеу институттарының, ұйымдардың, өзге де тұлғалардың өкілдерін (сарапшыларын) тартуға құқылы.
2. Орталық комиссияның өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарау мерзімдері бес айдан аспауға тиіс.
3. Орталық комиссияның құзыретіне жобалау кезінде пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлау мен игерудің анағұрлым тиімді әдістерін қолдануды қамтамасыз ету жатады.
4. Орталық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнінде жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерістерді бекіту не бекітуден бас тарту жөніндегі ұсынымдарды қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға енгізеді;
2) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға кен орындарын сынамалы пайдалануды жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы ұсынымдар жібереді;
3) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жобалаушы ұйымдар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін минералдық шикізатты ұтымды әрі кешенді пайдалануды арттыру бойынша ұсынымдар жібереді;
4) жобалау құжаттарында пайдалы қазбаларды барлау мен игерудің анағұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдануды қамтамасыз етеді;
5) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты дұрыс есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері жөніндегі әзірлемелерін қарайды.
5. Орталық комиссияның:
1) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарынан және жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша анықтамалық және басқа да материалдарды сұратуға;
2) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушылардың өз құзыреті шегінде ұсынылатын жобалау құжаттарына ғылыми-зерттеу ұйымдарында және мемлекеттік органдарда қосымша сараптамалар жүргізу қажеттігі туралы ұсынымдар жіберуге;
3) жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты дұрыс есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша жаңа нысандар мен әдістер қолдануды ұсынуға құқығы бар.
6. Өңіраралық комиссиялардың өкілеттіктеріне кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнінде жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерістерді бекіту не бекітуден бас тарту туралы ұсынымдарды қарау және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелеріне енгізу жатады.
22-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың міндеттері, функциялары мен құқықтары
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның негізгі міндеттері:
1) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау;
2) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушылар қатарынан жеңімпазды анықтау болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның функциялары:
1) конкурстық ұсыныстардың уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету;
2) ұсынылған конкурстық ұсыныстарды объективті және жан-жақты бағалау болып табылады.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның:
1) конкурсқа қатысу үшін берілген конкурстық ұсыныстарды бағалауға, салыстыруға;
2) конкурстың жеңімпазын анықтауға;
3) осы Заңда белгіленген негіздер бойынша конкурсты өткізілмеді деп тануға;
4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, өзге де тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға;
5) отырыстарда комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, өзге де тұлғалардың өкілдерін тыңдауға;
6) осы Заңда белгіленген негіздер бойынша конкурстық ұсынысты қабылдамауға;
7) қажет болған жағдайда тиісті салалардағы мамандар қатарынан сарапшыларды тартуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының актісі негізінде құрылатын, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның негізгі міндеттері:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау;
2) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды анықтау болып табылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялар осы баптың 2-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асырады және осы баптың 3-тармағында айқындалған құқықтарға ие болады.
23-бап. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның міндеттері, функциялары және құқықтары
1. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері:
1) осы Заңның және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару туралы өтініштерді қарау;
2) мемлекеттің басым құқығын іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
2. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның функцияларына:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау;
2) тұлғалардың жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы өздеріне тиесілі қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау;
3) егер осы заңды тұлғалардың негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, тұлғалардың шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғалардағы өздеріне тиесілі қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау;
4) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты иеліктен шығарылатын объектіні мемлекеттің сатып алуы туралы не сатып алудан бас тартуы туралы ұсыныстарды әзірлеу, негіздеу және құзыретті органға енгізу кіреді.
3. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың өкілдерін және азаматтарды өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарға шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
24-бап. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялардың міндеттері, функциялары мен құқықтары
1. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның негізгі міндеті осы баптың 2-тармағында көрсетілген, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің айналымымен байланысты мәселелер бойынша құзыретті органға ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның функцияларына:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен шығаруға;
2) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) кепілге беруге;
4) осындай жер қойнауын пайдалану құқығынан (оның бір бөлігінен), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерден ақы өндіріп алу жағдайларында, оның ішінде кепілге салу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі жария сауда-саттыққа қатысуға;
5) банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде құрамына жер қойнауын пайдалану құқығы (оның бiр бөлiгi), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлер кiретiн мүліктік массаны өткiзу (сату) жөнiндегi жария сауда-саттыққа қатысуға;
6) кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) өткізу жөніндегі сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған жағдайда кепіл ұстаушының кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алуға;
7) бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдар енгізуі жолымен, сондай-ақ заңды тұлғаның қатысушылары құрамына жаңа қатысушыны қабылдау жолымен жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы үлеске құқықты сатып алуға;
8) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарды не акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымға бастапқы шығаруға, оның ішінде қосымша эмиссия шеңберінде шығарылған осындай бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыруға;
9) жұмыс бағдарламасы, келісімшарт бойынша міндеттемелердің өзгеруі;
10) келісімшарттардың қолданылу мерзімдерін ұзартуға арналған өтініштерді қарау, оларға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстарды әзірлеу, негіздеу және құзыретті органға енгізу кіреді.
Құзыретті органның тапсырмасы бойынша жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия жер қойнауын пайдалануға байланысты өзге де мәселелерді қарайды және олар бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеп, құзыретті органға енгізеді.
3. Жер қойнауын пайдалану және олармен байланысты құқықтар мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың өкілдерін және азаматтарды өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарға шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялардың негізгі міндеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына осы баптың 2-тармағында көрсетілген, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) айналымына байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялар осы баптың 2-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асырады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялар кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдаланумен байланысты өзге де мәселелерді қарауға, олар бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеп, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына енгізуге құқылы.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялар осы баптың 3-тармағында айқындалған құқықтарға ие болады.
25-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
3) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін айқындайды;
4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
5) мұнай операцияларын жүргізу, мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде аварияларды және өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі іс-шаралар бағдарламаларын келіседі;
6) жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау мен жоюға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар жобаларына экологиялық сараптаманы жүзеге асырады;
8) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын келіседі; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат беруді келіседі;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
26-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін әзірлейді және құзыретті органның келісімі бойынша бекітеді;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
3) кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу тәртібін бекітеді;
4) құзыретті органмен келісілген тәртіппен оған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына енгізу үшін кадрлардағы ең аз жергілікті қамтуды ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2. Білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган :
1) қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесін әзірлейді және құзыретті органның келісімімен бекітеді;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық мамандарды оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
3) оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын есептеу тәртібін бекітеді;
4) құзыретті органмен келісілген тәртіппен оған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшін оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын табыс етеді.
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
27-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары :
1) жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес келісімшартта айқындалған көлемде және мерзімге жер пайдалану құқығына жер учаскесін береді. Қажет болған жағдайда жер учаскесін аталған мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қоюды жүргізеді;
2) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуын, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын, археологиялық ескерткіштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысады; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
4) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
5) жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді;
6) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыруды жүзеге асырады, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу мақсатында құзыретті органға тоқсан сайын ұсынылады;
8) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;
9) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамын бекітеді;
10) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындайды;
11) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды;
13) осы Заңның 37-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды береді, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркейді; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат береді;
14) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;
15) жер қойнауын пайдаланумен байланысты, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдеседі;
16) құзыретті және уәкілетті орталық атқарушы органдармен келісім бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілері мен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін бекітеді;
17) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдайды;
18) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
19) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ
28-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының түрлері
1. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
2) барлау;
3) өндіру;
4) бірлескен барлау мен өндіру;
5) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін беріледі.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтемді немесе өтеусіз болуы мүмкін.
3. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскелерінде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру тұрақты және өтеусіз жер қойнауын пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың барлық қалған түрлері уақытша және өтемді жер қойнауын пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
29-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері
1. Қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылуға тиіс.
3. Бір келісімшарт бойынша бірнеше тұлға жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін. Мұндай тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелері болып табылады және келісімшарт негізінде туындайтын міндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілікте болады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелерінің құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына қатысты құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерінің мөлшері келісімшартта айқындалады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелерінің құқықтары мен міндеттері және ортақ істерді жүргізу тәртібі келісімшартта, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шартта айқындалады. Бірлескен қызмет туралы шарттың ережелері келісімшарттың ережелеріне қайшы келмеуге тиіс.
Келісімшарт бойынша операторды құру немесе айқындау жағдайында жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелері бұл туралы құзыретті органға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Ұлттық компанияның міндетті үлестік қатысуы бар келісімшарттарда ұлттық компанияның оператордың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі кемінде елу пайызды құрауға тиіс.
Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелері оператордың әрекеттері үшін мүліктік жауапкершілікте болады.
30-бап. Жер қойнауын пайдаланушы құқықтарының кепілдіктері
Жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтарының қорғалуына кепілдік беріледі. Келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушының кәсіпкерлік қызметінің нәтижелерін нашарлататын заңнама өзгерістері мен толықтырулары осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттарға қолданылмайды.
Осы бапта белгіленген кепілдіктер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу және кедендік реттеу саласындағы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды.
31-бап. Ұлттық компанияның функциялары
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес ұлттық компанияның функциялары:
1) жер қойнауын пайдалану саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және келісімшарттарда бекітілген өкілеттіктер шегінде ұлттық компанияның үлестік қатысуын көздейтін келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру;
3) конкурстың жеңімпаздарымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша келісімшарттарда үлестік қатысу жолымен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу;
4) тікелей келіссөздер негізінде берілген жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу;
5) жер қойнауын пайдалану және көмірсутек шикізатын тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі жобаларына қатысу;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне келісімшарттардың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептерді дайындауға қатысу;
7) пайдалы қазбаларды барлау, игеру, өндіру, өңдеу, өткізу, көмірсутектерді тасымалдау, мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ өнеркәсіптік инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелері бойынша корпоративтік басқару мен мониторингті жүзеге асыру;
8) осы Заңның 13-бабының 8-тармағына сәйкес, иеліктен шығарушымен (иеліктен шығарушылармен) иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу болып табылады.
2. Ұлттық компания жер қойнауын пайдаланушы болатын келісімшарттар бойынша барлауды қаржыландыруды, егер бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, оның стратегиялық әріптесі жүргізеді.
32-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелері
1. Қазақстан Республикасы аумағының шекараларындағы жер қойнауы учаскелері мемлекеттік меншік болып табылады және осы Заңда белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін беріледі.
2. Жер қойнауы учаскесі айналым нысанасы бола алмайды.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығы осы Заңда айқындалған тәртіппен және талаптарда айналым объектісі болып табылады.
33-бап. Геологиялық және тау-кендік бөлулер
1. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығының иесі жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиісті операцияларды геологиялық немесе тау-кендік бөлуге сәйкес айқындалған жер қойнауы учаскесі шегінде ғана жүргізуге құқылы.
2. Геологиялық бөлуді жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурс жеңімпазы немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткізбей-ақ берілген тұлға өтініш берген күннен бастап жиырма күн ішінде береді.
3. Тау-кендік бөлуді жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурс жеңімпазына немесе осы Заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткізбей-ақ берілетін тұлғаға аталған тұлға тау-кендік бөлу жобасын берген күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей береді.
4. Өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының иесі тау-кендік бөлумен айқындалған жер қойнауы учаскесі шегінде барлау жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы. Қорлардың өсімі және оларды жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растаған жағдайда келісімшартқа тараптардың жазбаша келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс.
34-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының туындауы
1. Жер қойнауын пайдалану құқығы:
1) беру;
2) табыс ету;
3) құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысу жолымен туындайды.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға тікелей мемлекеттің беруін білдіреді.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын табыс ету жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруін білдіреді.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығының құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуы заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде және жер қойнауын пайдалану құқығына ие жеке тұлға қайтыс болған кезде құқық мирасқорында жер қойнауын пайдалану құқығының туындауын білдіреді.
35-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара ); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
1. Осы баптың 5, 6, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беру келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.
2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт конкурс нәтижелерінің негізінде оның жеңімпазымен жасалады.
Конкурс өткізбей-ақ, тікелей келіссөздер негізінде:
1) барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге;
2) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге;
3) 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
4) ұлттық компаниямен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге;
4-1) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;
5) осы Заңның 54-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге;
6) қойнауында жерасты сулары бар жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы осы учаскеде арнаулы су пайдалану құқығын иеленген жағдайда, онымен халықты ауыз сумен немесе шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін тәулігіне екі мың текше метрден астам көлемдегі жерасты суларын өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге келісімшарттар жасалады.
3. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
4. Барлаумен немесе өндірумен байланысты және барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттардың жұмыс бағдарламаларында көзделген жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етілмейді.
5. Шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық мақсатындағы жерасты суларын тәулігіне елу текше метрден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен өндіру құқығын беру, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, суды бұру саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес өндірістік-техникалық жерасты суларын тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде қаттарға айдау үшін оларды барлау немесе өндіру не тау-кен өнімдерін пайдалану кезінде суды азайту мақсатында жерасты суларын өндіру құқығын беру, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсат беруі арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Осы тармақтың ережелері жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асыратын, тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде суды төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге қолданылмайды. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
7. Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.
8. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісімшарт (шарт) жасасу жолымен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
9. Кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін, сондай-ақ тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі. Жер учаскесін уақытша жер пайдалануға беру кезінде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін, сондай-ақ тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде өндірілетін жерасты суларын пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта көзделуі мүмкін.
10. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жергiлiктi атқарушы органның жазбаша рұқсаты негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
36-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру:
1) өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде басқа тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын ішінара немесе толық иеліктен шығару;
2) өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығару;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру;
4) жер қойнауын пайдалану құқығына ие мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешендерін жекешелендіру процесінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару;
5) банкроттық рәсімі процесiнде жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығару;
6) жер қойнауын пайдалану құқығынан, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерден, оның ішінде кепілге беру кезінде ақы өндіріп алу;
7) бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдар енгізуі жолымен, сондай-ақ заңды тұлғаның қатысушылары құрамына жаңа қатысушыны қабылдау жолымен жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғадағы үлеске құқықтың пайда болуы арқылы жүзеге асырылады.
2. Кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру құзыретті органның осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
3. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын не акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға бастапқы шығару, оның ішінде қосымша эмиссия шеңберінде шығарылған осындай бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыру құзыретті органның осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді кепілге беру құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салудан алынған кредитті жер қойнауын пайдаланушының өзі немесе жарғылық капиталында жер қойнауын пайдаланушының жүз пайыздық қатысу үлесі бар еншілес ұйым жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану не кейіннен қайта бөлісуді ұйымдастыру мақсаттарына пайдалануға тиіс.
5. Осы баптың 2-тармағының ережелері мынадай жағдайларға:
1) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын не акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасасуға;
2) жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің барлығын немесе бір бөлігін:
мұндай еншілес ұйым салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген жағдайда, қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі болатын еншілес ұйымның пайдасына;
жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің барлығын немесе бір бөлігін сатып алушы салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген жағдайда, әрқайсысында қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде белгілі бір тұлғаға тиесілі болатын заңды тұлғалар арасында беруге;
3) егер осындай берудің нәтижесінде тұлға жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның және (немесе) осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) 0,1 пайыздан кеміне тікелей немесе жанама түрде (үшінші тұлғалар арқылы) билік ету құқығын сатып алса, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғадағы акцияларды (қатысу үлестерін) беруге қолданылмайды.
6. Жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісімшарт (шарт) негізінде берілген жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру осы органның алдын ала келісімі негізінде ғана жүргізілуі мүмкін.
7. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшін барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар немесе жерасты сулары бар жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі. Жер учаскесін уақытша жер пайдалануға беру кезінде кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшін пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта көзделуі мүмкін.
Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшін барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты талап етілмейді.
Өз мұқтажын қанағаттандыру үшін кең таралған пайдалы қазбаларға және жерасты суларына жер қойнауын пайдалану құқығын қойнауында солар болатын жер учаскесінсіз беруге тыйым салынады.
8. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға ішінара беру жағдайында жер қойнауын пайдаланушы және осындай тұлға келісімшарт бойынша бірлесіп құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттерді орындау кезінде туындайтын өзара міндеттемелер бойынша келісімге келуге тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарт не келісімшарт бойынша қызмет шеңберінде өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу туралы өзге де шарт құзыретті органмен немесе кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісіледі және келісімшарт тараптары үшін міндетті күші бар келісімшартқа толықтыру болып табылады.
9. Иелері бірнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бір бөлігін беру жағдайында мұндай беру осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық иелерінің келісімімен ғана мүмкін болады.
10. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшартқа қандай да болсын қатысуы сақталатын кезге дейін ол және жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін тұлға келісімшарттың негізінде туындаған міндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілік атқарады.
11. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер учаскесін, тау-кендік немесе геологиялық бөлуді қайта ресімдеудің сөзсіз негізі болып табылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшарт талаптары бойынша қалыптастырылған тарату қорын қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
12. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша барлық шығыстар, егер беру шарттарында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының шығыстарына жатқызылады.
13. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне әкеп соғады және осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі. Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі азаматтық-құқықтық мәміле жасасу фактісі болмаған кезде не жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат берілген дәйексіз ақпарат беруі фактісі анықталған кезде, не осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелері сақталмаған кезде келісімшартты тіркеуден бас тартуға құқылы.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерге құқықтарды беру осы баптың ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделеді.
14. Жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беруге бағытталған, құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының осы баптың 2-тармағында көзделген рұқсаты болмай, сол сияқты рұқсаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ осы баптың 6-тармағына сәйкес берілетін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз жасалған мәмілелер мен өзге де іс-әрекеттер олар жасалған кезден бастап жарамсыз болады.
Жасалған мәміле туралы құзыретті органға ол жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде хабарламау мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
37-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын және онымен байланысты құқықтарды иеліктен шығаруға рұқсат беру тәртібі
1. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, өзіне тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығару ниеті бар тұлға құзыретті органға жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді табыс етуге рұқсат беру туралы өтініш жібереді.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен шығарған кезде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған рұқсат беру туралы өтініш облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жіберіледі.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде жасалуға және:
1) жер қойнауын пайдалану құқығы не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объекті тиесілі заңды тұлғаның толық атауын не жеке тұлғаның тегін және атын;
2) иеліктен шығарылатын жер қойнауы учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) көрсетуді не иеліктен шығаруға жататын жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні көрсетуді;
3) иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) көлемін не қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) мөлшерін, иеліктен шығарылатын бағалы қағаздар санын дәл көрсетуді, сондай-ақ бастапқы иегерде және басқа тұлғаларда қалатын құқықтар көлемін, иеліктен шығарылатын бағалы қағаздардың түрін көрсетуді;
4) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның жарғылық капиталының жалпы мөлшері туралы және қатысушыларының құрамы, акцияларға меншік құқығын растайтын не акцияларға айырбасталатын шығарылған бағалы қағаздарының жалпы саны, акцияларының жалпы саны мен пакеттерінің арақатынасы туралы мәліметтерді;
5) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алушы туралы мәліметтерді:
заңды тұлғалар үшін - сатып алушының атауын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, басшылары мен олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді, қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) мөлшері көрсетіле отырып, қатысушылар туралы мәліметтерді, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, заңды тұлғаның мұндай қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәліметтерді, сатып алушының еншілес ұйымдары туралы мәліметтерді;
жеке тұлғалар үшін - сатып алушының тегі мен атын, заңды мекенжайын, азаматтығын, жеке басын куәландыратын құжаттары, салық органдарында тіркелуі не кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуінің болуы не болмауы туралы мәліметтерді, сатып алушы қатысушысы (акционері) болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтерді;
6) соңғы үш жылда оларда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттер тізбесін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ персоналдың біліктілігін қоса алғанда, сатып алушының қаржылық, техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері туралы деректерді;
7) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару негізін;
8) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен шығару бойынша құқық қатынасында өтініш берушінің құқықтық мәртебесін көрсетуді;
9) сатып алушының өтініште және оған қоса берілетін құжаттарда өзі туралы көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыс екені туралы жазбаша растауын;
10) өтінішке қол қойған адамның тегі мен атын, осындай адамның өкілеттіктерін көрсетуді, оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді;
11) жер қойнауын пайдалану құқығының не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектінің бағасы және басқа да иеліктен шығару талаптары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар (не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) қоса беріледі.
Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, мұндай құжаттар әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп, өзге тілде жасалуы мүмкін.
3. Құзыретті орган Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстар әзірлеу үшін қажетті материалдарды жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның қарауына жібереді.
4. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия материалдарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінішті және өзге де материалдарды қарап, жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы тиісті ұсыныс әзірлейді.
Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия өтініш берушіден және басқа да тұлғалардан жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға тікелей қатысы бар кез келген қосымша материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсынысы құзыретті органға жіберілетін хаттамамен ресімделеді.
5. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның ұсынысы негізінде ұсынысты алған кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
6. Құзыретті орган мынадай талаптар сақталғанда ғана:
1) егер жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) сатып алушы осы Заңда жер қойнауын пайдаланушыларға және жер қойнауын пайдалану құқығының берілуіне үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарға толық сай келсе;
2) егер мұндай беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, келісімшарт шеңберінде құқықтарды шоғырландыру және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге арналған құқықтарды шоғырландыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдер талаптарын сақтамауға әкеп соқпаса;
3) егер жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беруге рұқсат беру туралы өтініш осы баптың 2-тармағының талаптарына сай келсе, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсатты береді.
7. Құзыретті органның жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді белгілі бір тұлғаға иеліктен шығаруға рұқсат беруі туралы мәселе мұндай иеліктен шығарудың әрбір жағдайы үшін жеке-жеке қаралады. Жер қойнауын пайдаланушының не оның қатысушысының (акционерінің) қалауы бойынша мұндай иеліктен шығаруға ортақ рұқсатты келісімшартта не өзге шартта белгілеуге жол берілмейді.
8. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні беруге рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дау айтылуы мүмкін.
9. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес себебі түсіндірілмей ресімделеді.
10. Жер қойнауын пайдалану құқығы келісімшарт күшіне енген кезден бастап екі жыл ішінде берілмейтін болады.
Осы тармақтың ережелері:
1) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның немесе олардың еншілес ұйымдарының жер қойнауын пайдалану құқығын беруі немесе сатып алуы;
2) кепіл нысанасы ретінде жер қойнауын пайдалану құқығына өндіріп алуды қолдану;
3) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру шеңберінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру немесе сатып алу;
4) осы Заңның 36-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығын беру жағдайларында қолданылмайды.
11. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығаруға рұқсат алты ай мерзімге беріледі.
Мәміле белгіленген мерзімдерде жасалмаған жағдайда өтініш беруші рұқсаттың қолданылу мерзімін алты айдан аспайтын мерзімге ұзарту немесе мәміле жасасуға жаңа рұқсат алу үшін құзыретті органға жүгінуге міндетті.
Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуды жүзеге асырған тұлға жасалған мәміле туралы құзыретті органға мәміле жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының рұқсат беруі (беруден бас тартуы) және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялардың кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) беруге рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстар әзірлеуі осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
38-бап. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде жер қойнауын пайдалану құқығының және онымен байланысты құқықтардың құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуы
1. Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушысы (акционері) болып табылатын заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы жағдайында беру актісі не бөлу балансы негізінде жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуына осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен берілетін құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының рұқсаты негізінде ғана жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту нысанында ұлттық басқарушы холдингті, ұлттық компанияны немесе оның еншілес ұйымын қайта ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаны қайта құру жағдайларында, сондай-ақ осы Заңның 36-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушы өтініш білдірген кезден бастап бір ай ішінде келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізеді.
39-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының және онымен байланысты құқықтардың жеке тұлғаның қайтыс болуы жағдайында әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуы
Жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің мұрагерлік тәртібімен ауысуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
40-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген негіздер болмаса, ешкім жер қойнауын пайдалану құқығынан айырылмайды.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығы:
1) келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара )
2) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес және радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларға арналған жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге, сондай-ақ осы Заңның 35-бабының 6 және 10-тармақтарына сәйкес өндірістік-техникалық жерасты суларын тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемде барлауға немесе өндіруге, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен немесе ол кері қайтарып алынған;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауы учаскесін пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған;
4) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлға таратылған жағдайларда тоқтатылады.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату жер қойнауын пайдалану мақсатында берілген жер учаскесіне жер пайдалану құқығын тоқтатудың сөзсіз негізі болып табылады.
41-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын мәжбүрлі түрде тоқтату рәсімі
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өндіріп алу жағдайларында, оның ішінде кепілге беру кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді тиісінше өткізу (сату), егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, жария сауда-саттық өткізу жолымен жүргізіледі.
Мұндай сауда-саттыққа қатысуға құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсатын алған тұлғалар жіберіледі.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі жария сауда-саттыққа қатысу ниеті бар тұлға құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жария сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтініш жібереді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде жасалуға және осы Заңның 37-бабының 2-тармағында белгіленген мәліметтерді қамтуға тиіс.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтінішті құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен қарайды.
Осы тармақтың ережелерi банкроттық рәсiмдердi жүзеге асыру кезiнде мүліктік массаны өткiзу жағдайлары үшiн де қолданылады.
Сауда-саттық нәтижелері бойынша құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының осындай сауда-саттыққа қатысуға рұқсатын алған тұлғамен жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасу кезінде құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға қосымша рұқсатын алу талап етілмейді.
2. Кепіл ұстаушының талабын кепілге берілген жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің құнынан қанағаттандыру сот тәртібімен жүргізіледі.
3. Кепілге берілген жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу жөніндегі сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған кезде кепіл ұстаушы құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының рұқсаты бойынша кепілге салынған мүлікті өз меншігіне айналдыруға (жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің иегері болуға) не жаңа сауда-саттықтың тағайындалуын талап етуге құқылы.
4. Кепілге берілген жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу ниеті бар кепіл ұстаушы жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу жөніндегі сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған жағдайда құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға рұқсат беру туралы өтініш жолдайды.
Кепілге берілген жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға рұқсат беру туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде жасалуға және осы Заңның 37-бабының 2-тармағында белгіленген мәліметтерді қамтуға тиіс.
Кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға рұқсат беру туралы өтінішті құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен қарайды.
5. Кепіл туралы шарттардың және өзге де келісімдердің осы баптың ережелеріне қайшы келетін талаптары жарамсыз болады.
42-бап. Техногендік минералдық түзілімдермен байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру
Мемлекеттік меншіктегі және нақты мемлекеттік кәсіпорындарға бекітіліп берілмеген техногендік минералдық түзілімдерден өндіру келісімшарттың негізінде жалпы негіздерде жүргізіледі.
43-бап. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді осы Заңның 35-бабының 8-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар жүргізуі мүмкін.
2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргізу кезіндегі жұмыстар (операциялар) өңірлік және геологиялық түсіру жұмыстарын, геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргізуді, іздеу, іздеу-бағалау, іздеу-барлау және барлау жұмыстарын, жер қойнауы жай-күйінің мониторингін жүргізуді, мемлекеттік геологиялық карталар жасауды, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді, өздігінен атып жататын гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын жою мен консервациялауды қамтуы мүмкін.
3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бюджет қаражаты есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылуы мүмкін.
44-бап. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру
1. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінің ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізудің талаптары мен тәртібі келісімшартта айқындалады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға осы Заңның өндіруге қатысты нормалары қолданылады.
45-бап. Минералдық шикізатты қайта өңдеу
1. Минералдық шикізатты қайта өңдеу өндіруден кейін тікелей жүргізілетін операция болып табылады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайды.
2. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
4-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН КОНКУРС НЕГІЗІНДЕ БЕРУ
46-бап. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері
1. Құзыретті орган барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін, сондай-ақ ұлттық компанияның үлестік қатысуы конкурстың шарты болып табылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін қалыптастырады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін қалыптастырады.
Жер қойнауы учаскелерінің тізбелері жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
2. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітеді.
Осындай тізбе бекітілгеннен кейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін жерді резервтеуді Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегінде орналасқан, конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Заңға сәйкес өткізеді.
5. Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кен орындары қорларына қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен және өнеркәсіптік санаттар қорларының болуы расталғаннан кейін ғана өндіруге конкурс өткізіп, келісімшарттар жасасады.
47-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткізудің шарттары
1. Конкурсты өткізу туралы және оны өткізудің шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық тұлғалардың конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімінен кешіктірмей, конкурсты өткізу тәртібімен байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткізу туралы хабарламада:
1) оны өткізу уақыты мен орны, сондай-ақ өтінімдер беру мерзімі;
2) конкурстың негізгі шарттары;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілгелі отырған жер қойнауы учаскелерінің орналасқан жерін көрсету және оның қысқаша сипаттамасы;
4) конкурсқа қатысу үшін жарна мөлшері туралы ақпарат және оны төлеуге арналған банк деректемелері;
5) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
6) кадрлардағы ең аз жергілікті қамту; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
7) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамту;
8) қазақстандық кадрларды оқытуға жұмсалатын шығынның ең төмен мөлшері; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара )
9) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері қамтылуға тиіс.
3. Қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткізу туралы хабарламада конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенетін өндірілген минералдық шикізаттың ең төмен мөлшері туралы талап қамтылуы мүмкін.
Конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенетін минералдық шикізаттың ең төмен мөлшерін құзыретті орган айқындайды.
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысуға өтінімдер беру үшін конкурсқа қатысушыларға берілетін мерзім конкурсты өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап бір айдан кем болмауы керек.
5. Конкурстың шарттары жарияланған күн мен конкурс өткізілетін күн (қорытындыларын шығарудың басталуы) арасындағы мерзім төрт айдан кем, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - үш айдан кем болмауы керек.
6. Конкурсқа қатысу жарнасы қайтаруға жатпайды.
48-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтінім
1. Конкурсқа қатысу үшін өтінімде:
1) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында заңды тұлғаның осындай қағаздарының айналымы туралы мәліметтер, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі мен аты, заңды мекенжайы, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, өтінім берушінің салық органдарында тіркелуі туралы, өтінім берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтер;
3) өтініш берушінің мүддесін білдіретін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректер;
4) өтініш беруші соңғы үш жылда оларда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттер тізімін қоса алғанда, оның бұрынғы қызметі туралы мәліметтер;
5) өтініш беруші үміттеніп отырған жер қойнауы учаскесінің атауы және жер қойнауын пайдалану құқығы;
6) өтініш берушінің конкурсқа қатысу жарнасын төлегені туралы құжат қамтылуға тиіс.
Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар өтінімге қоса беріледі.
2. Өтініш беруші осы баптың талаптарын сақтаған жағдайда өтінім қарауға қабылданады. Осы баптың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім қабылданбауға тиіс.
3. Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы конкурсқа қатысуға берілген өтінімнің қабылданғаны туралы өтініш берушіге конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде ресми түрде хабарлайды.
49-бап. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат топтамасы
1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат топтамаларын конкурс туралы хабарлама берілгенге дейін дайындайды және оның құнын айқындайды. Топтама қолда бар геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өтініш берушінің конкурсқа қатысу туралы шешім қабылдауы үшін қажетті өзге де ақпарат көлемін қамтуға тиіс.
2. Конкурсқа қатысуға өтінім қабылдағаннан кейін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскесі бойынша геологиялық ақпарат топтамасын өтініш беруші жүгінгеннен кейін бір ай ішінде ақылы түрде береді.
Геологиялық ақпарат топтамасының құны тарихи шығындар мөлшері негізге алынып анықталады.
Геологиялық ақпарат топтамасының құны қайтаруға жатпайды.
3. Өтініш берушінің алынған геологиялық ақпаратты кез келген нысанда жария етуге немесе үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
50-бап. Конкурстық ұсыныс
1. Конкурсқа қатысуға жіберілген өтініш беруші конкурс шарттарында белгіленген мерзімдерде барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсынысты жасайды.
2. Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы конкурс жарияланған күннен бастап үш ай ішінде конкурсқа қатысушылар табыс ететін конкурстық ұсыныстарды қабылдайды.
Конкурстық ұсынысты табыс еткен конкурсқа қатысушының конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күннен бастап оны кері қайтарып алуға немесе өзгертуге құқығы жоқ.
3. Конкурстық ұсыныста:
1) қол қойылатын бонустың ұсынылатын мөлшері;
2) мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктер кепілі);
3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
4) қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың міндетті бағдарламаларының іске асырылуына қарай өсіп отыруға тиіс кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;
5) қазақстандық кадрларды оқыту жөніндегі міндеттемелер; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындауға қажетті тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелер; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара )
7) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері;
8) кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қоспағанда, келісімшартқа қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу жөніндегі міндеттемелер;
9) геологиялық ақпаратты сатып алғаны үшін төлемін растайтын құжаттың көшірмесі қамтылуға тиіс.
Конкурсты өткізу туралы хабарламада конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенетін минералдық шикізаттың ең төмен мөлшері белгіленген жағдайда конкурстық ұсыныс осындай талапқа сай болуға тиіс.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға, сондай-ақ осы Заңның 47-бабы 2-тармағының 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сай келмейтін конкурстық ұсыныс қабылданбауға тиіс.
4. Конкурстық ұсыныста өтініш беруші ұсынған міндеттемелер мен ниеттер келісімшартқа кіргізіледі.
51-бап. Конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тарту
Конкурсқа қатысуға өтінім берген тұлғаға мынадай жағдайларда:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім осы Заңның 48-бабының талаптарына сәйкес келмегенде;
2) конкурстық ұсыныс конкурс талаптарына сәйкес келмегенде;
3) өтініш беруші дәйексіз мәліметтер ұсынса;
4) егер өтініш берушіге жер қойнауын пайдалану құқығын беру еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде келісімшарт шеңберінде құқықтарды шоғырландырған және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізу құқықтарын шоғырландырған кезде талаптардың сақталмауына әкеп соқтыратын жағдайда конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тартылуы мүмкін.
Конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тарту осы баптың 4) тармақшасына сәйкес себептері түсіндірілмей ресімделеді.
Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
52-бап. Конкурстың қорытындыларын шығару
1. Конкурстың жеңімпазы конкурстық ұсыныстарды қараудың қорытындылары:
1) қол қойылатын бонустың мөлшері;
2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшері бойынша айқындалады.
2. Кең таралғандарынан басқа, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды табыс еткен өтініш берушілер қатарынан конкурс жеңімпазын жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия айқындайды.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды табыс еткен өтініш берушілер қатарынан конкурс жеңімпазын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия айқындайды.
3. Конкурстың қорытындыларын шығару жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның) барлық қатысушы мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Конкурстың қорытындыларын шығару мерзімі конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күннен бастап он бес күннен аспауға тиіс. Конкурстың қорытындыларын шығару мерзімі жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның) шешімі бойынша, бірақ бір айдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.
4. Конкурсқа қатысушылар конкурстың қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
5. Конкурс жеңімпазымен келісімшарт осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда жасалады.
6. Конкурстың нәтижелері ресми баспа басылымында бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ конкурсты өткізетін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
53-бап. Конкурсты өткізілмеді деп танудың тәртібі мен негіздері
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия мынадай жағдайларда:
1) екіден кем өтінім берілгенде;
2) егер конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілгенде;
3) егер қабылданған бір ғана конкурстық ұсыныс қалғанда өткізілмеді деп таниды.
2. Конкурсты өткізілмеді деп тану туралы шешім жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның хаттамасымен ресімделеді немесе оны кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия ресімдейді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның конкурсты өткізілмеді деп тану туралы шешімі немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның конкурсты өткізілмеді деп тануы конкурсқа жіберілген барлық қатысушыларға хабарланады.
3. Конкурсты өткізілмеді деп тану туралы хабарландыру ресми баспа басылымында бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ конкурсты өткізетін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
54-бап. Қайталама конкурс өткізудің тәртібі мен негіздері
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:
1) конкурсты қайтадан өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурсты қайтадан өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдауы мүмкін.
2. Қайталама конкурс осы Заңда конкурс өткізу үшін көзделген тәртіппен және мерзімдерде өткізіледі.
3. Егер конкурс бір ғана конкурстық ұсыныстың келіп түсуіне байланысты өткізілмеді деп танылған жағдайда, қайталама конкурс кезінде осындай конкурстық ұсынысты тапсырған өтініш берушіден конкурсқа қатысу жарнасы және геологиялық ақпарат топтамасының құны алынбайды.
4. Егер қайталама конкурс қабылданған бір ғана конкурстық ұсыныстың болуы салдарынан өткізілмеді деп танылған жағдайда құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осындай конкурстық ұсынысты тапсырған конкурсқа қатысушымен конкурстық ұсыныста жазылғандардан нашар болмайтын талаптарда тікелей келіссөздер жолымен келісімшарт жасасуға құқылы.
55-бап. Конкурсты жарамсыз деп тану
1. Осы Заңда белгіленген қағидалардың бұзылуымен өткізілген конкурс мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Мыналар:
1) конкурстың жеңімпазын айқындауға ықпалын тигізген, осы Заңда белгіленген конкурс өткізу қағидаларының бұзылуы;
2) құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына оның конкурстың жеңімпазы туралы шешіміне әсер еткен, көрінеу жалған ақпарат беру фактісінің анықталуы;
3) конкурстың жеңімпазы болып танылған қатысушылар не заңды тұлға акционерлері құрамының келісімшарт жасасқан күнге дейін өзгеруі;
4) конкурсты өткізуге қатысушы лауазымды тұлғалардың конкурста жеңімпаз болып танылған тұлғаға конкурстың басқа қатысушылары (өтініш берушілері) алдында заңсыз басымдықтар беру және (немесе) талаптарды ырықтандыру фактісінің анықталуы конкурсты жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
2. Келісімшартты жасасқанға дейін конкурс жарамсыз деп танылған жағдайда келісімшарт жасалмайды. Келісімшарт жасалғаннан кейін конкурс жарамсыз деп танылған жағдайда конкурстың жеңімпазымен жасалған келісімшарт сот тәртібімен жарамсыз деп танылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша конкурс жарамсыз деп танылған жағдайда осындай конкурстың жеңімпазы деп жарияланған тұлға төленіп, қол қойылған бонусты қайтаруды талап етуге құқылы.
Құзыретті орган салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға конкурстың жеңімпазы болып жарияланған тұлғаның кінәсінсіз конкурсты жарамсыз деп тану фактісі туралы хабарлайды.
4. Мынадай жағдайларда:
1) конкурс жеңімпазы деп танылған заңды тұлғаның ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын не акцияларда айырбасталатын бағалы қағаздарын иеліктен шығару жөніндегі мәмілелер жасалғанда;
2) осындай заңды тұлғалардың әрқайсысында қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) кемінде тоқсан тоғыз пайызы белгілі бір тұлғаға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болған жағдайда, сондай-ақ, егер қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алушы салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген болса, мұндай басқа тұлғаның пайдасына конкурс жеңімпазы деп танылған заңды тұлғадағы қатысу үлесі (акциялар пакеті) берілгенде;
3) конкурс жеңімпазы деп танылған заңды тұлғадағы қатысу үлесі (акциялар пакеті) берілгенде, егер мұндай беру нәтижесінде тұлға тікелей немесе жанама түрде (үшінші тұлғалар арқылы) конкурс жеңімпазы деп танылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) 0,1-ден аз пайызына билік ету құқығын алатын болса, осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасының ережесі қолданылмайды.
5-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН ТІКЕЛЕЙ КЕЛІССӨЗДЕР НЕГІЗІНДЕ БЕРУ
56-бап. Тікелей келіссөздер объектілері
1. Барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бірлесіп өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, тікелей келіссөздер негізінде кең таралғандардан басқа пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін құзыретті орган айқындайды.
Осы Заңның 35-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда келісімшарттар конкурс өткізілмей-ақ, тікелей келіссөздер негізінде жасалады.
2. Тікелей келіссөздер негізінде барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын:
1) автомобильге жанармай құю стансаларын қоспағанда, мұнай мен газды сақтауға арналған жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі құрылыстарды;
2) жер астындағы тереңдігі үш метрден астам тоннельдерді, метрополитендерді, жерасты жолдары мен инженерлік құрылыстарды;
3) қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстарды;
4) қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды және өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызу үшін топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі қалдық қоймаларын, қойыртпақ қоймаларын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған келісімшарттар жасалады.
3. Тікелей келіссөздер негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге берілетін жер қойнауы учаскелерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайды.
57-бап. Тікелей келіссөздерді жүргізудің тәртібі мен шарттары
1. Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасу құқығына осы Заңда айқындалған тұлғалар ие болады.
Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін жүгінетін тұлға осы Заңмен жер қойнауын пайдаланушыларға қойылатын талаптарға сай болуға тиіс.
2. Пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді құзыретті органның жұмыс тобы жүргізеді. Жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын құзыретті орган бекітеді.
Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісінше жергiлiктi атқарушы органының жұмыс тобы жүргiзедi. Жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісінше жергiлiктi атқарушы органы бекiтедi.
3. Келісімшарт жасасуға үміткер тұлға тікелей келіссөздерге қатысу үшін өтінімді осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес құзыретті органға жібереді.
Осы Заңның 35-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдалануға құқық беру жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы құзыретті органнан хабарлама алған кезден бастап жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін жерді резервтеуді Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
4. Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім қабылданғаннан кейін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган өтініш беруші жүгінгеннен кейін бір ай ішінде берілетін жер қойнауы учаскесі бойынша геологиялық ақпарат топтамасын ақылы түрде береді.
5. Құзыретті орган өтініш берушіні тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы немесе тікелей келіссөздер жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабардар етуге міндетті.
Құзыретті орган өтініш берушіні тікелей келіссөздер жүргізілетін күн туралы хабардар етеді.
6. Тікелей келіссөздер осы Заңның 58-бабының талаптарына сәйкес ресімделген өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі құзыретті органның шешімімен ұзартылуы мүмкін.
7. Осы баптың ережелерi кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздердi жүргiзу кезiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарына қатысты қолданылады.
58-бап. Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім
1. Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім:
1) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, жарғылық капиталдағы үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтерді, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында заңды тұлғаның осындай қағаздарының айналымы туралы мәліметтерді, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтерді;
2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің аты мен тегін, заңды мекен-жайын, азаматтығын, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, өтініш берушінің салық органдарында тіркелуі туралы, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтерді;
3) өтініш берушінің мүддесін білдіретін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректерді;
4) ұлттық компанияларды қоспағанда, барлық өтініш берушілердің, сондай-ақ барлауға арналған келісімшарт негізінде өздері жүргізген коммерциялық табудың негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін жүгінетін тұлғалардың өтінімінде көрсетілетін өтініш берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы деректерді қамтуға тиіс.
Өтініш беруші құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының талабы бойынша тікелей келіссөздер жүргізудің негізіне қарай өзге де ақпаратты қосымша береді. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара )
2. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге мынадай мәліметтерді:
1) зиянды, улы заттарды, қатты және сұйық қалдықтарды көму объектілерінің, сарқынды және өнеркәсіптік суларды ағызатын жердің, оның ішінде объектінің орналасқан жерін, пайдалану кезеңін, ұстауға арналған шығындарды, жерасты сулары, қоршаған орта мен жер қойнауы мониторингінің қадағалау желісінің болуы мен орналасуының жалпы сипаттамасын;
2) объектілердің физикалық сипаттамасын - оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, жиып қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын;
3) қызметі зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың түзілуіне әкеп соғатын ұйымдар туралы мәліметтерді;
4) өнімнің атауы, ол түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің болуы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіле отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасын;
5) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын;
6) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қамтитын құжаттар қосымша берілуге тиіс.
3. Өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтінім мыналарды:
1) қол қойылған бонустың мөлшерін; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
2) кадрлардағы, сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтудың мөлшерлерін;
3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшерін көздеуге тиіс.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған өтінімінде жоғарыда аталған мәліметтерден басқа қолдануға ұсынылатын технологиялар туралы ақпаратты қамтитын технологиялық бағдарлама болуға тиіс.
4. Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар (не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) өтінімге қоса беріледі.
59-бап. Тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешімдер қабылдау
1. Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы не беруден бас тарту туралы шешім өтініш берушінің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі туралы куәландыратын деректердің негізінде қабылданады.
2. Құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешімі тікелей келіссөздердің хаттамасымен ресімделеді, оған жұмыс тобының барлық қатысушы мүшелері қол қояды.
Тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берген жағдайда тікелей келіссөздердің хаттамасына өтініш берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.
Тікелей келіссөздердің хаттамасына қол қойылған күн тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешім қабылданған күн болып есептеледі.
Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіні тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті.
3. Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған жағдайда өтініш берушімен келісімшарт осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда жасалады.
Өтініш беруші тікелей келіссөздер барысында ұсынған және құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары міндетті түрде тікелей келіссөздер хаттамасына, ал кейіннен келісімшартқа қосылады.
60-бап. Барлау сатысынан өндіру сатысына ауысу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын берудің ерекшеліктері
1. Барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орнын тапқан және бағалаған жер қойнауын пайдаланушының конкурс өткізілмей-ақ, тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған келісімшарт жасасуға айрықша құқығы болады.
2. Барлауға арналған келісімшарттың негізінде кен орындарын табу мен бағалауды жүргізген тұлға барлауға арналған келісімшарт қолданысының мерзімі ішінде не барлауға арналған келісімшарт аяқталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей өндіруге арналған келісімшарт жасасу жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы өтініммен құзыретті органға жүгінуге құқылы. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара )
3. Құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы өтінім келіп түскен күннен бастап екі айдан кешіктірмей, өндіруге арналған келісімшарттың мынадай талаптарын: 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
1) тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі және кадрлардағы жергілікті қамтудың көлемі;
2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшерін тікелей келіссөздер жолымен бірлесіп айқындайды.
Қолдануға ұсынылатын технологиялар туралы ақпаратты қамтитын технологиялық бағдарламаның болуы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын өндіруге арналған келісімшарттың қосымша шарты болып табылады.
4. Тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша тараптар хаттамаға қол қояды. Егер тараптар осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптар бойынша тікелей келіссөздер басталған күннен бастап үш ай ішінде келісімге келмесе, құзыретті орган өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқық беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
Егер өтініш берушінің кінәсінен тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде келісімшарт жасалмаса, өтініш беруші өндіруге арналған келісімшарт жасасуға айрықша құқығынан айырылады, ал жер қойнауының тиісті учаскесі (учаскелері) осы Заңда көзделген тәртіппен, барлауға арналған шығындарды осындай тұлғаға өтеу шартымен конкурсқа шығарылады не тікелей келіссөздер негізінде беріледі.
5. Құзыретті орган өтініш берушіге осы баптың 4-тармағына сәйкес тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда құзыретті орган жер қойнауының тиісті учаскесін (учаскелерін) үш ай ішінде конкурсқа шығарады.
Конкурс осы Заңның 4-тарауында көзделген тәртіппен өткізіледі. Келісімшарт жасасуға үміткер тұлғаның мынадай міндеттемелері:
1) осы баптың 3-тармағында көзделген, мына мөлшерлерден:
коммерциялық табу нәтижесінде өндіруге арналған келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздердің тараптарымен келісілген;
құзыретті органмен тікелей келіссөздер нәтижесінде кен орнын тапқан және бағалаған өтініш беруші бұрын қабылдамаған мөлшерлерден кем болмайтын міндеттемелері;
2) экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, келісімшарттық аумақты өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін жарамды күйде ұстау үшін қажетті шараларды қабылдау және конкурстың жеңімпазы анықталған күннен бастап өндіруге келісімшарт жасалғанға дейін тиісті келісімшарттық аумақта халық пен персонал үшін қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелері;
3) барлауға арналған келісімшарттың негізінде коммерциялық табуды жүргізген тұлғаға конкурсқа шығарылған жер қойнауы учаскесін табуға және бағалауға және осы баптың 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келісімшарттық аумақты өндіру бойынша бұдан әрі жүргізілетін операцияларды жүзеге асыру үшін жарамды күйде ұстауға жұмсалған шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемелері осындай конкурсқа қатысудың қажетті шарты болып табылады.
Мұндай өтеу мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми статистикалық ақпараты негізінде айқындалатын инфляция ескеріле отырып, тиісті шығындардың толық сомасын біржолғы төлеу тәртібімен жүзеге асырылады.
Мұндай шығындарды өтеу мерзімін құзыретті орган белгілейді және ол конкурстың жеңімпазымен келісімшарт жасалған күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.
Конкурстың жеңімпазы өзі өтейтін шығындардың аудитін жүргізуге құқылы. Конкурстың жеңімпазы мен барлауға арналған келісімшарттың негізінде кен орнын тапқан және бағалаған жер қойнауын пайдаланушы арасында өтелетін шығындардың мөлшері туралы дау туындаған жағдайда мұндай дау сот тәртібімен шешілуге тиіс.
6. Құзыретті органның тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара )
7. Егер осы баптың 5-тармағына сәйкес өткізілетін конкурс өткізілмеді деп танылса, құзыретті орган мен барлауға арналған келісімшарттың негізінде кен орнын табуды және бағалауды жүргізген тұлға осы баптың 3-тармағында көрсетілген шарттарды айқындау мақсатында тікелей келіссөздер жүргізуге тиіс.
Осындай шарттар бойынша келісімге қол жеткізілген жағдайда тікелей келіссөздер хаттамасына осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен қол қойылады және жобалау құжаттары мен келісімшарттың жобасын әзірлеу жүзеге асырылады.
Осы баптың 3-тармағында көрсетілген шарттар бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда құзыретті орган және барлауға арналған келісімшарттың негізінде кен орнын табу мен бағалауды жүргізген тұлға қол қойылған бонустың, тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы жергілікті қамтудың, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерлеріне қатысы бар қайталама конкурстың қажетті шарттарын бірлесіп айқындайды.
8. Қайталама конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда барлауға арналған келісімшарттың негізінде кен орнын табуды және бағалауды жүргізген тұлға тікелей келіссөздер барысында өзі ұсынған шарттарда онымен өндіруге арналған келісімшарт жасасуды талап етуге құқылы.
Бұл ретте құзыретті орган тікелей келіссөздер хаттамасы болған жағдайда мұндай тұлғамен өндіруге арналған келісімшарт жасасуға міндетті.
9. Осы баптың ережелері кең таралған пайдалы қазбаларды барлау сатысынан өндіру сатысына көшу кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына қатысты қолданылады.
10. Барлауға арналған келісімшарттың негізінде кен орнын тапқан және бағалаған және өндіруге арналған келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу туралы өтінім берген жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған тиісті келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін барлауға арналған келісімшартқа, жұмыс бағдарламасына және жобалау құжаттарына сәйкес міндеттемелерін атқаруды жалғастырады.
11. Барлауға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін өндіруге арналған келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу туралы өтінім берген жер қойнауын пайдаланушы:
1) келісімшарттық аумақтың бір бөлігі (бөліктері) қайтарылған жағдайда осы Заңның 111-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, оның ішінде барлау жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бұзылған жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілерді келісімшарттық аумақтың қайтарылатын бөлігінде (бөліктерінде) одан әрі пайдалану үшін жарамды жағдайға дейін қалпына келтіруге;
2) барлық келісімшарттық аумақта немесе қайтаруға жатпайтын келісімшарттық аумақтың бір бөлігінде (бөліктерінде) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу ниеті болған кезде - өндіруге арналған келісімшартты жасасқанға дейін экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, келісімшарттық аумақты (келісімшарттық аумақтың бөліктерін) өндіру бойынша одан әрі жүргізілетін операцияларды жүзеге асыру үшін жарамды күйде ұстау үшін қажетті шаралар қабылдауға және тиісті келісімшарттық аумақта (келісімшарттық аумақтың бөліктерінде) халық пен персонал үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
Барлауға арналған келісімшарттың негізінде кен орнын тапқан және бағалаған жер қойнауын пайдаланушымен тікелей келіссөздер негізінде өндіруге келісімшарт жасалмаған жағдайда оның келісімшарттық аумақты (келісімшарттық аумақтың бөліктерін) өндіру бойынша одан әрі жүргізілетін операцияларды жүзеге асыру үшін жарамды күйде ұстау жөніндегі міндеттемесі осы бапта белгіленген тәртіппен өткізілетін конкурстың жеңімпазын анықтау кезінде тоқтатылады.
12. Егер келісімшарт күшіне енгеннен кейін белгіленген мерзімде өндіруге арналған келісімшарт жасалған жер қойнауын пайдаланушы конкурс нәтижелері бойынша кен орнын тапқан және бағалаған тұлғаға барлауға арналған шығындарды осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес өтемесе, онда мұндай тұлға құзыретті органнан осы жер қойнауын пайдаланушымен жасалған келісімшартты дереу бұзуды немесе қайталама конкурс өткізуді талап етуге құқылы. Бұл ретте, кен орнын тапқан және бағалаған тұлға өндіруге арналған келісімшартты жасасқан және барлауға арналған шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерін осы баптың 5-тармағына сәйкес орындамаған тұлғадан залалды өтеуді талап етуге құқылы.
13. Тікелей келіссөздердің не осы бапқа сәйкес өткізілген конкурстың қорытындылары бойынша өндіруге арналған келісімшарт жасалғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 5-тармағы 2) тармақшасының және (немесе) 11-тармағының қағидаларына сәйкес жүргізілген шығыстары осындай өндіруге арналған келісімшарт бойынша шығыстарға жатқызылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелуге тиіс.
6-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН КЕЛІСІМШАРТ
61-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың түрлері
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін келісімшарттардың мынадай түрлері:
1) барлауды жүргізу үшін - барлауға арналған келісімшарт;
2) өндіруді жүргізу үшін - өндіруге арналған келісімшарт;
3) бірлескен барлау мен өндіруді жүргізу үшін - бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт;
4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды жүргізу және (немесе) пайдалану үшін - барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарт;
5) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргізу үшін - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) қолданылады.
Келісімшартты жасасу, орындау, өзгерту немесе тоқтату осы Заңға сәйкес жүргізіледі. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара )
2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшартты (шартты) қоспағанда, келісімшарттың талаптары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттардың ережелері ескеріліп айқындалуға тиіс және мынадай талаптарды:
1) анықтамаларды;
2) келісімшарттың мақсатын;
3) келісімшарттың қолданылу мерзімін;
4) келісімшарттық аумақты;
5) мүлікке және ақпаратқа меншік құқығын;
6) мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алу және реквизициялау құқығын;
7) тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттерін;
8) барлау немесе өндіру кезеңін (келісімшарт түріне қарай);
9) коммерциялық табуды;
10) пайдалы қазбаны өлшеуді;
11) мердігерлік жұмыстарды орындауды;
12) қаржыландыруды;
13) салық салуды;
14) бухгалтерлік есепті;
15) сақтандыруды;
16) консервациялауды немесе таратуды және тарату қорын;
17) жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды;
18) халықтың және персоналдың қауіпсіздігін;
19) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауаптылығын;
20) еңсерілмейтін күшті;
21) құпиялылықты;
22) құқықтар мен міндеттер беруді;
23) қолданылатын құқықты;
24) дауларды шешу тәртібін;
25) келісімшарт тұрақтылығының кепілдіктерін;
26) келісімшарттың қолданысын тоқтата тұру және тоқтату талаптарын;
27) келісімшарт тілін қамтуға тиіс.
Келісімшарт: қол қойылған бонусты төлеудің мөлшері мен талаптары бойынша; өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшері мен талаптары бойынша; кадрлардағы жергілікті қамту бойынша; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстардың мөлшері бойынша; тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша; жұмысқа тартылған шетелдік персоналға қатысты, мердігерлік жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, қазақстандық персонал үшін еңбекақы төлеудің тең жағдайларын қамтамасыз ету бойынша; Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға осы Заңда белгіленген шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелерді қамтуға тиіс.
Келісімшартта жер қойнауын пайдаланушының технологиялық процестің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мүлікті беру жөніндегі міндеттемелері, сондай-ақ осы Заңның 72-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті органның осындай мүлікті беру жөніндегі өкілеттіктерін көрсету қамтылуға тиіс.
Сол бойынша келісімшарт бұған дейін тоқтатылған жер қойнауы учаскесіне келісімшарт жасалған жағдайда жаңа жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын келісімшартта, осы Заңның 72-бабының 10-тармағына сәйкес берілген мүліктің құнын қоса алғанда, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы және сенімгерлікпен басқарушы бұған дейін жүргізген шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемелер, сондай-ақ сенімгерлікпен басқарушыға сыйақы төлеу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Келісімшарттың талаптары жер қойнауын пайдаланушының өзі қабылдаған, оның ішінде тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, келісімшартта көзделген салықтық емес сипаттағы төлемдер бойынша міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық төлемі (айыппұлдар, өсімпұлдар) мөлшерін қамтуға тиіс.
Көмірсутек шикізатын өндіруге арналған келісімшартта жер қойнауын пайдаланушының ілеспе газды қайта өңдеу (кәдеге жарату) жөніндегі міндеттемелері қамтылуға тиіс.
Келісімшарт басқа да ережелерді қамтуы мүмкін.
3. Келісімшарт талаптарының Қазақстан Республикасы үшін тиімділігі тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша не конкурстық ұсыныста белгіленген талаптардағыдан төмен болмауы керек.
4. Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша стратегиялық маңызы және (немесе) күрделі геологиялық құрылымы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына қатысты ғана жасалады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе:
барлауды жүргізу кезеңінде мұндай келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңдарында барлауға арналған келісімшарт үшін көзделген ережелер қолданылады;
кен орны табылып, бағаланғаннан және тиісті жобалау құжаттары белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған айрықша құқықтың негізінде келісімшартқа өндіру сатысымен байланысты өзгерістер енгізіледі, содан соң мұндай келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңдарында өндіруге арналған келісімшарт үшін көзделген ережелер қолданылады.
5. Геологиялық немесе тау-кендік бөлу және жұмыс бағдарламасы, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттарды (шарттарды) қоспағанда, келісімшартқа міндетті қосымшалар болып табылады.
6. Келісімшарттардың талаптарында Қазақстан Республикасы құқығының келісімшарттар бойынша қолданылатын құқық болып табылатыны міндетті түрде көзделуге тиіс.
7. Келісімшарт қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Келісімшарт тараптарының келісімі бойынша келісімшарттың мәтіні өзге тілге аударылуы да мүмкін.
8. Жер қойнауын пайдаланушылардың, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың талаптарын орындауын бақылауды құзыретті орган жүзеге асырады.
Кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдаланушылардың барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттар талаптарын орындауын бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыретті орган, ал кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттарға қатысты - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жазбаша түрде хабардар ете отырып, жер қойнауын пайдаланушының белгіленген мерзімде мұндай бұзушылықты жою жөніндегі міндетін атап көрсетеді.
9. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жасалады.
62-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасын дайындау
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасын конкурстың жеңімпазы не онымен келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға әзірлейді және ол келіссөздер арқылы құзыретті органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісіледі.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасы модельдік келісімшарттың, тікелей келіссөздер хаттамасының немесе жеңімпаздың конкурстық ұсынысының және белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттарының негізінде жасалып, бекітілген жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленеді.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасының ережелері келісімшарт талаптарына осы Заңда қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың жобасы осы Заңның талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының бағалау жұмыстарының жобасын әзірлеу жөніндегі міндеттемелерін көздеуге тиіс. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара )
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасы оған қол қойылғанға дейін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасына сонымен қатар құқықтық, экологиялық, экономикалық міндетті сараптамалар жасалуға тиіс.
Сараптама келісімшарт ережелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келу тұрғысынан жүргізіледі. Сонымен қатар келісімшарт талаптарының соның негізінде конкурс жеңіп алынған конкурстық ұсынысқа немесе тікелей келіссөздер талаптарына сәйкестігін тексеру, жобаны іске асырудың экономикалық жағынан мақсатқа сай болуы мен әлеуметтік мәнін бағалау экономикалық сараптаманың нысанасы болып табылады.
Сараптамалық қорытындыларды тиiстi мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік орган тиiстi сараптаманы жүргiзуге қажеттi құжаттардың толық пакетiн берген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
Экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сараптама нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол теріс немесе оң болуы мүмкін.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасуға үміткер тұлға мемлекеттік органның сараптамалық қорытындыда жазған ескертулерін жою мақсатында келісімшарт жобасын пысықтайды.
Аталған ескертулер жойылған жағдайда мемлекеттік орган қайталама сараптаманы жүргізеді. Мемлекеттік қайталама сараптама жобалау және өзге де құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін өзгерістер енгізілген жағдайларда да жүргізіледі.
Құқықтық және (немесе) экономикалық сараптаманың ескертулерімен келіспеген жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасуға үміткер тұлға өзінің дәлелді қарсылықтарын құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына оларды келісім комиссиясында қарау үшін жіберуге құқылы.
Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынылған қарсылықтарды қарау үшін он күндік мерзімде келісім комиссиясын құрады. Келісім комиссиясының құрамына құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының, ескертулер ұсынған мемлекеттік органдардың және келісімшарт жасасуға үміткер тұлғаның өкілдері кіреді. Келісім комиссиясы отырыс нәтижелері бойынша хаттамада көрсетілетін ұсынымдарды әзірлейді. Келісім комиссиясының ұсынымдары ескеріле отырып, келісімшарт қайталама сараптамаға жіберіледі. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара )
4. Келісімшарт жасасуға үміткер тұлға келісімшарттың және жұмыс бағдарламасының жобаларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келіскенге және қажетті сараптамалардың нәтижелерін алғанға дейін, бірақ жобалау құжаттарын белгіленген тәртіппен бекітуден ерте болмайтындай етіп, келісімшарттың және жұмыс бағдарламасының жобаларын құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына келісуге жіберуге құқылы.
Келiсiмшарт жобасын жұмыс бағдарламасымен сәйкестендіруді олар келiп түскен күннен бастап құзыреттi орган - бір ай iшiнде, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары он жұмыс күні ішінде жүргiзедi. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара )
5. Келісімшарттың және жұмыс бағдарламасының жобаларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келіскеннен, барлық қажетті сараптамалар жүргізілгеннен және келісімшарт жасасуға үміткер тұлға сараптамалық қорытындыларда көрсетілген барлық ескертулерді жойғаннан кейін келісімшарт жасасуға үміткер тұлға келісімшарт жобасын жұмыс бағдарламасымен, барлық бекітілген жобалау құжаттарымен, келісулердің және сараптамалардың нәтижелерімен қоса түпкілікті келісу үшін құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жібереді.
Келісімшарт жасасуға үміткер тұлға құжаттарды ұсынған күннен бастап келiсiмшарттың түпкілікті мәтіні мен жұмыс бағдарламасын сәйкестендіруді құзыреттi орган - екі айдан кешіктірмейтін мерзімде, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары он бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жүргiзедi.
63-бап. Жұмыс бағдарламасы
1. Жұмыс бағдарламасы келісімшарттың міндетті бөлігі (қосымшасы) болып табылады, белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттарының негізінде жасалады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
Жұмыс бағдарламасын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу келісімшарт жобасына сараптама жүргізумен бір мезгілде жүзеге асырылады. Жұмыс бағдарламасын келісу мерзімі жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жұмыс бағдарламасы келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайтын уақытты құрайды.
2. Жобалау құжаттарының көрсеткіштері өзгерген кезде, соның нәтижесінде жұмыс бағдарламасының көрсеткіштері өзгерсе, жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс.
Жобалау құжаттарына өзгерістер енгізуге байланысты жұмыс бағдарламасына өзгерістерді келісу жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның жобалау құжатын бекітуімен бір мезгілде жүргізіледі. Аталған өзгерістер жұмыс бағдарламасына жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы арасындағы келісімшартқа қосымша келісімге қол қою жолымен жұмыс бағдарламасы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі.
64-бап. Іздестіру жұмыстарының жобасы
1. Барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылғанға және ол тіркелгенге дейін конкурстың жеңімпазы не тікелей келіссөздер негізінде онымен келісімшарт жасалатын тұлға іздестіру жұмыстарының жобасын әзірлейді.
Іздестіру жұмыстарының жобасы аумақтарды зерттеудің іздестіру мен зертханалық-талдамалық зерттеулердің қазіргі заманғы және дәлділігі жоғары әдістерін қамтитын анағұрлым тиімді әрі қарқынды бағдарламасын қамтуға тиіс, олар жер қойнауы учаскесін тиімді әрі кешенді зерттеуді қамтамасыз етуге және пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумағын толық қамтуға тиіс.
Іздестіру жұмыстарының жобасы іздестіру жұмыстары сатысының бүкіл мерзімінде кен орнын іздестіру және табу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шығындар көрсетілген қаржылық бөлікті қамтуға тиіс.
2. Іздестіру жұмыстарының жобасына міндетті түрде мынадай:
1) мемлекеттік экологиялық;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) санитарлық-эпидемиологиялық міндетті сараптамалар жүргізілуге тиіс.
3. Іздестіру жұмыстарының жобасын әзірлеу мен келісу мерзімі тікелей келіссөздер негізінде онымен келісімшарт жасалатын тұлға үшін тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап немесе конкурстың жеңімпазы деп танылған тұлға үшін конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес не ұлттық басқарушы холдинг және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалар үшін көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жобалау жөніндегі жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыратын тұлғалар үшін өндіру жұмыстарын жүргізуге арналған жобалау құжаттарын әзірлеу мен келісу мерзімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында не ұлттық басқарушы холдинг және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалар үшін көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде белгіленген міндетті рәсімдер ескеріле отырып, құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде ұзартылуы мүмкін.
Іздестіру жұмыстарының жобасы алты жылға дейінгі мерзімге әзірленеді.
Құзыретті орган теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін осы Заңның 69-бабының 1-тармағына сәйкес ұзартқан жағдайда іздестіру жұмыстары жобасының қолданылу мерзімі ұзартылуға тиіс. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара )
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар бойынша орталық комиссия іздестіру жұмыстарының жобасын орталық комиссияға жоба келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша өңіраралық комиссия іздестіру жұмыстарының жобасын өңіраралық комиссияға жоба келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өңіраралық комиссиядан ұсыныстар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
5. Бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасында айқындалған жұмыстардың шарттары мен көлеміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда іздестіру жұмыстарының жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасы жасалады, оны осы баптың 4-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекітеді.
Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген сараптамалардың бірінің теріс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушының іздестіру жұмыстарының жобасына осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне рұқсат берілмеуі мүмкін.
Бағалау жұмыстарының жобасына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қарау және бекіту мерзімі іздестіру жұмыстарының жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасы орталық комиссияға немесе өңіраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап бір айдан аспауға тиіс.
6. Бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасы келісімшарт жасау және жасасу үшін негіз болып табылады.
Белгіленген тәртіппен бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасынсыз, сондай-ақ іздестіру жұмыстары жобасының талаптарын бұзып, кен орындарын іздестіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
65-бап. Бағалау жұмыстарының жобасы
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара )
1. Кен орны табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы бұл жөнінде құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына отыз жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
Бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсатты құзыреттi орган - бір ай iшiнде, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары он бес жұмыс күні ішінде береді.
Табуды растау мен бағалау мерзімдерін айқындауды құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы бойынша белгілейді. Коммерциялық табуды жер қойнауын пайдаланушы жариялайды.
2. Бағалау жұмыстарының жобасына міндетті түрде мынадай:
1) мемлекеттік-экологиялық;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) санитарлық-эпидемиологиялық міндетті сараптамалар жүргізілуге тиіс.
3. Бағалау жұмыстарының жобасы кен орны қорларын толық және кешенді бағалау мен есептеу, сондай-ақ кен орны жатқан қабаттың тау-кен-геологиялық жағдайларын, пайдалы қазбаны алудың технологиялық параметрлерін және оны игерудің экономикалық жағынан орындылығын айқындауға қажетті мерзімге әзірленеді.
Бағалау жұмыстарының жобасы бағалау жұмыстары сатысының бүкіл мерзімінде кен орнын зерттеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шығындар көрсетілген қаржылық бөлікті қамтуға тиіс.
4. Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстары тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын қамтуы мүмкін.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобалау құжаттарында белгіленген мерзімдер ішінде және көлемдерде пайдалы қазбаны өндіру процесінде де жүргізілуі мүмкін.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірудің көлемі мен мерзімдері жер қойнауын алдын ала сараптау нәтижелері бойынша айқындалады.
Көмірсутек шикізаты бойынша бағалау жұмыстары сынамалық пайдалану жобасын қамтуы мүмкін.
Сынамалық пайдалану жобасы бұрғыланған барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды көздейді.
Сынамалық пайдалануды жүргізу қажеттігі мен мерзімдері туралы ұсыныстарды орталық комиссия жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жібереді. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара )
5. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстарының жобасын және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын орталық комиссия тиісті жоба орталық комиссияға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
Сынамалық пайдалану жобасын орталық комиссия жоба орталық комиссияға келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстарының жобасын және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасын өңіраралық комиссия тиісті жоба өңіраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өңіраралық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
6. Бағалау жұмыстарының жобасын әзірлеу және келісу мерзімі бағалау жұмыстарының сатысына көшу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес айдан аспауға тиіс. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара )
7. Бекітілген жобаларда айқындалған жұмыс шарттары мен көлемдерін өзгерту және (немесе) толықтыру қажет болған жағдайда, бекітілген жобаларға өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың жобалары жасалады, оларды осы баптың 5-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекітеді.
Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген сараптамалардың бірінің теріс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушының мұндай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне рұқсат берілмеуі мүмкін.
Жобаларға өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекіту мерзiмi тиiстi өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың жобасы орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап - бір айдан, өңiраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиiс.
8. Белгіленген тәртіппен бекітілген бағалау жұмыстарының жобасынсыз, сондай-ақ бағалау жұмыстары жобасының талаптарын бұза отырып, кен орындарын бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
66-бап. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттары
1. Өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылғанға және ол тіркелгенге дейін конкурстың жеңімпазы не онымен келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға осы бапта белгіленген жобалау құжаттарының әзірленуін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша:
1) кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасы әзірленеді, ол мыналарды: тау-кен және өндіру жұмыстарының күнтізбелік кестесі мен берілген өнімділікті қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді және өндіруге ілеспелі басқа да өндіріс операцияларын; жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі, персоналдың жұмыс қауіпсіздігі жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды; бүлінетін жерлерді рекультивациялау жөніндегі шараларды, сондай-ақ жоспарланған жұмыстарды жылдарға бөліп қаржыландыру туралы мәліметтерді қамтуға тиіс;
2) техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді.
3. Көмірсутек шикізаты бойынша:
1) тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасы әзірленеді, ол кен орнын геологиялық-физикалық жағдайларда байқаудан өткізуді және технологияны байқаудан өткізу оң нәтиже берген жағдайда оны тұтастай кен орнында қолдануды талап ететін жаңа немесе бұрыннан белгілі технологияларды сынау мақсатында жекелеген кен орындарын немесе шоғырларды пайдалануға беру үшін жасалады; тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді жүргізудің мерзімі мен көлемі жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның шешімімен айқындалады;
2) игерудің технологиялық схемасы;
3) өнеркәсіптік игеру жобасы;
4) техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді.
Өнеркәсіптік әзірлеме жобасында ілеспе газды өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөнінде бөлім болуға тиіс. Техникалық-экономикалық негіздеме ілеспе газды пайдалану негіздемесін қамтуға тиіс.
4. Осы бапта көзделген жобалау құжаттары кен орнындағы пайдалы қазбалардың қорлары толық өңделгенге дейінгі мерзімге әзірленеді, ол -жиырма бес жылдан, ал пайдалы қазбалардың ірі және бірегей қорлары бар кен орындары бойынша қырық бес жылдан аспауға тиіс. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарының қолданылу мерзімін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиямен келісім бойынша пайдалы қазбалардың бекітілген қорларының көлеміне қарай ұзартуы мүмкін.
Осы бапта көзделген жобалау құжаттары жобалауға арналған қажетті лицензиялары бар жобалау ұйымын шарт негізінде міндетті түрде тарта отырып әзірленеді. Осындай жобалау ұйымымен жасалған шарт жобалау ұйымының авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі міндеттемелерін көздеуге тиіс.
Кен орындары қорларын жіктеу жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
5. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарына міндетті түрде мынадай:
1) мемлекеттік-экологиялық;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) санитарлық-эпидемиологиялық;
4) жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану саласындағы міндетті сараптамалар жүргізілуге тиіс.
Техникалық-экономикалық негіздеме міндетті түрде экономикалық сараптауға жатады.
6. Жобалау құжаттарын әзірлеу мен келісу мерзімі келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға үшін - тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап, немесе конкурстың жеңімпазы деп танылған тұлға үшін конкурстың қорытындылары жарияланған күннен бастап он сегіз айдан аспауға тиіс.
Жобалау жөніндегі жұмыстарды сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес не ұлттық басқарушы холдинг және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалар үшін көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асыратын тұлғалар үшін өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарын әзірлеу мен келісу мерзімі құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген міндетті рәсімдер ескеріле отырып, не ұлттық басқарушы холдинг және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалар үшін көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес ұзартылуы мүмкін. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара )
7. Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру жобасын орталық комиссия тиісті жоба орталық комиссияға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
Игерудің технологиялық схемасын және көмірсутек шикізатын тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік игеру жобаларын орталық комиссия технологиялық схема немесе көмірсутек шикізатын тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік игеру жобалары орталық комиссияға келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес күн ішінде бекітеді.
Осы бапта көзделген, кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жөніндегі жобалау құжаттарын өңіраралық комиссия тиісті жоба өңіраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өңіраралық комиссиядан ұсыныстар алынған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде бекітеді.
Жерасты суларын тәулігіне екі мың текше метрден астам көлемде өндіру кезінде, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес оларды қаттарға айдау үшін жерасты суларының кен орындарын игеру жобалары орталық комиссияға тиісті жоба келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде орталық комиссияда қаралады және оларды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде бекітеді. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара )
8. Бекітілген жобаларда айқындалған жұмыс шарттары мен көлемдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар қажет болған жағдайда бекітілген жобаларға өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың жобалары жасалады, оларды осы баптың 7-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекітеді.
Егер:
1) ұсынылып отырған өзгерістер және (немесе) толықтырулар кен орындарын игерудің оң практикасына сәйкес келмесе;
2) ұсынылып отырған өзгерістер және (немесе) толықтырулар жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі талаптарға сәйкес келмесе;
3) осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптамалардың бірінің теріс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушының өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне рұқсат берілмеуі мүмкін.
Жобаларға өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекіту мерзiмi тиiстi өзгерiстердің және (немесе) толықтырулардың жобасы орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап - бір айдан, өңiраралық комиссияға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиiс.
9. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған бекітілген жобалау құжаттары өндіруге арналған келісімшарт жасауға және жасасуға негіз болып табылады.
10. Белгіленген тәртіппен бекітілген, өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарынсыз, сондай-ақ осындай жобалау құжаттарының талаптарын бұзып, өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
67-бап. Қол қойылған бонусты төлеудің шарттары
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстың жеңімпазы, өзімен тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасалатын тұлға, сондай-ақ келісімшарт жасасқан тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қол қойылған бонусты төлейді. Бұл ретте ұлттық компания жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын келісімшарттар бойынша қол қойылған бонусты Қазақстан Республикасының пайдасына төлеуді, егер стратегиялық әріптеспен бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, оның осындай әріптесі жүргізеді.
2. Қол қойылған бонустың уақтылы және толық төленуін бақылау Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Егер конкурстың жеңімпазы болып жарияланған тұлға қол қойылған бонус сомасының елу пайызын төлеуді белгіленген мерзімде жүргізбесе, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды жүргізу жөніндегі комиссия (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия) мұндай тұлғаны конкурстың жеңімпазы деп тану туралы шешімінің күшін жоюға құқылы.
Егер келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға қол қойылған бонус сомасының елу пайызын төлеуді белгіленген мерзімде жүргізбесе, құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) мұндай тұлғамен тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасу туралы шешімнің күшін жоюға құқылы.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды жүргізу жөніндегі комиссия (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия) қол қойылған бонус сомасының елу пайызын төлеу жөніндегі міндетін орындамаған тұлғаны конкурстың жеңімпазы деп тану туралы шешімнің күшін жойған немесе құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) қол қойылған бонус сомасының елу пайызын төлеу жөніндегі міндетін орындамаған тұлғамен тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасу туралы шешімнің күшін жойған жағдайда, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады.
5. Конкурс жеңімпазының немесе келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлғаның кінәсінен келісімшарт белгіленген мерзімде жасалмаған жағдайда төленіп, қол қойылған бонус қайтарылмайды.
Құзыретті орган салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға конкурс жеңімпазының немесе келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлғаның кінәсінен келісімшарттың жасалмау фактісі туралы жазбаша хабарлайды.
68-бап. Келісімшартты жасасу және тіркеу
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт келісімшарттың талаптарын, жұмыс бағдарламасын белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттары негізінде құзыретті органмен түпкілікті келіскеннен кейін, сондай-ақ келісімшарт жасасуға мүмкіндік беретін міндетті сараптамалар нәтижелерін алғаннан кейін жасалады.
2. Барлау жүргізу үшін келісімшарт жасасу мерзімі құзыретті орган келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдаған және келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға үшін - тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап, немесе конкурстың жеңімпазы деп танылған тұлға үшін конкурстың қорытындылары жарияланған күннен бастап он сегіз айдан аспауға тиіс.
Өндіруді жүргізу үшін келісімшарт жасасу мерзімі құзыретті орган келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдаған және келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға үшін - тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап, немесе конкурстың жеңімпазы деп танылған тұлға үшін конкурстың қорытындылары жарияланған күннен бастап жиырма төрт айдан аспауға тиіс.
Егер конкурстың жеңімпазы немесе келісімшарт онымен тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға құзыретті органға келісімшарт жасасу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгініп, мұндай ұзартудың себептерін дәлелдесе, құзыретті орган келісімшарт жасасу мерзімін ұзартуы мүмкін.
Егер келісімшарт жасасуға үміткер тұлғаның кінәсінен келісімшарт белгіленген мерзімде жасалмаса, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады, бұл ретте осындай тұлға геологиялық ақпаратты сатып алуға, жобалау құжаттарын, жұмыс бағдарламаларын және келісімшарт жобасын әзірлеу мен келісуге жұмсаған шығындар өтелуге жатпайды. Құзыретті орган жер қойнауының тиісті учаскесін осы Заңда белгіленген тәртіппен конкурсқа шығаруға құқылы.
3. Келісімшарт құзыретті органда міндетті тіркеуге жатады және тіркелген кезінен бастап күшіне енеді.
Құзыретті орган келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізеді және келісімшарттың сақталуын қамтамасыз етеді.
Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар да келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізіліміне тиісті жазбалар енгізу жолымен құзыретті органда міндетті тіркеуге жатады. Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар олар тіркелген кезінен бастап күшіне енген деп танылады.
4. Келісімшарттың көшірмесі оны құзыретті органда тіркегеннен кейін міндетті түрде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
5. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) мәжбүрлеп алып қою жағдайларын қоспағанда, келісімшарт жасасу жер қойнауын пайдаланушы өтініш берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскесін ресімдеуі үшін негіз болып табылады.
Үшінші тұлғалардың меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте ресімделетін жер учаскесінің кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдаланушының жер учаскесін нақты пайдалану мерзімдері шегінде жер үстін бұза отырып, іс жүзінде пайдаланатын аумағымен шектеледі.
6. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттар жасасуды және тіркеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
69-бап. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
1. Барлауға арналған келісімшарт алты жылға дейінгі мерзімге жасалады.
Егер жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін алты айдан кешіктірмей, құзыретті органға келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен мұндай ұзартудың себебін негіздей отырып жүгінсе, құзыретті орган теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде барлауға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін екі жылға дейін ұзартуы мүмкін.
Кен орнын табу жағдайында жер қойнауын пайдаланушының барлауға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін оны бағалау үшін қажетті кезеңге ұзартуға құқығы бар.
Табуды бағалау үшін келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс.
2. Өндіруге арналған келісімшарт өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобада айқындалған мерзімге жасалады.
Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт міндеттерін бұзбаған жағдайда, егер жер қойнауын пайдаланушы жұмыстардың аяқталуына дейін алты ай қалғаннан кешіктірмей, құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен мұндай ұзартудың себебін негіздей отырып жүгінсе, құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өндіруге арналған келісімшарттың мерзімін ұзартады. Келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс.
3. Келісімшарттың қолданылу мерзімін өзгерту кезінде келісімшартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
70-бап. Келісімшарт қолданысының аумақтық аясы
1. Келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауының бір учаскесі немесе жер қойнауы учаскелерінің сабақтас та, бөлек те бірнеше учаскесі болуы мүмкін. Келісімшарттық аумақ шегінде бөлінетін жер қойнауының учаскесі (жер қойнауының учаскелері) белгілі бір тереңдікпен шектелуі мүмкін.
2. Бір келісімшарттық аумақ шегінде әртүрлі келісімшарттар бойынша екі немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген жағдайда келісімшарттық аумақ шегінде жұмыстар жүргізудің тәртібі осындай жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы келісіммен айқындалады.
Егер бір келісімшарттық аумақ шегінде әртүрлі келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы мәселе бойынша келісімге келе алмаса, келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін белгілеу құқығына құзыретті органмен жасалған келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен жасалған келісімшарт бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органмен жасалған келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы белгілеген келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін сақтауға міндетті.
Бір келісімшарттық аумақ шегінде құзыретті органмен жасалған әртүрлі келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны екі немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жағдайда келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін белгілеу құқығына келісімшарт онымен бұрынырақ жасалған жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
Келісімшарт онымен кешірек жасалған жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің келісімшарт онымен бұрынырақ жасалған жер қойнауын пайдаланушы белгілеген тәртібін сақтауға міндетті.
Бір келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүргізудің осы тармаққа сәйкес айқындалған тәртібі жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
3. Егер жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүргізу мүмкін болмаса немесе қиындық туғызса не жер қойнауын пайдаланушыға аралас немесе өзге де жер қойнауы учаскесіне сервитут берусіз оны шамадан тыс шығынға ұшыратуы мүмкін болса, сервитут алуға мүдделі тұлға (сервитут алуға үміткер) жер қойнауы учаскесіне сервитут белгіленуге тиіс жер қойнауын пайдаланушыға сервитут белгілеу туралы шарт жасасу ұсынысымен жүгінуге құқылы.
Сервитут алуға үміткер мен жер қойнауын пайдаланушы арасында сервитут белгілеу мүмкіндігі туралы немесе сервитут белгілеу туралы шарттың талаптары туралы келісімге қол жеткізілмесе, мүдделі тұлға сотқа жүгінуге құқылы.
Сервитут - құзыретті органда, ал егер жер қойнауы учаскесі кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған болса, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында тіркеуге жатады.
Егер сервитут белгілеу адамдардың өмірі мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қатер төндіретін, сондай-ақ жер қойнауы учаскесінде барлауды және (немесе) өндіруді жүргізудің мүмкін болмауына әкеп соғатын жағдайда, сервитут белгілеуге тыйым салынады.
Жер қойнауы учаскесіне сервитут белгіленген кезде, егер сервитут белгілеу туралы шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сервитуттың құқық иесі жер қойнауын пайдаланушыға сервитутпен байланысты залалды өтеуге міндетті.
Сервитут белгілеу туралы шартта немесе сот шешімінде сервитуттың құқық иесі жер қойнауын пайдаланушыға сервитут үшін төлейтін төлем көзделуі мүмкін.
Сервитут ол белгіленген мерзім өткеннен кейін не солар бойынша ол белгіленген негіздер тоқтатылған кезде не сервитуттың құқық иесі бас тартқан жағдайда тоқтатылады.
Сервитут мәмілелердің, оның ішінде сатып алу-сату және кепіл мәмілелерінің дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға оны қамтамасыз ету үшін осындай сервитут белгіленген құқықпен бірге ғана ауысуы мүмкін. Сервитут жер қойнауын пайдалану құқығын берген және жер қойнауын пайдалану құқығы сервитутпен жүктелген жер қойнауы учаскесіне қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.
Жер қойнауы учаскесінің бір бөлігіне сервитут белгілеу Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, жер учаскесіне сервитутты алу қажет болған жағдайда осындай сервитуттың туындауына негіз болады.
4. Егер пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізу кезінде табудың немесе кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңізде орналасуына қарамастан) геологиялық немесе тау-кендік бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінен шығып кеткені байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселені құзыретті орган немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізу кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болған жағдайда, келісімшарт жобасын келісу және оны жасасу үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде конкурс өткізілмей-ақ, келісімшарт талаптарын өзгерту жолымен шешуге тиіс.
5. Келісімшарттық аумақты қайтарудың талаптары мен тәртібі осы Заңда және келісімшартта айқындалады.
6. Келісімшарттық аумақтың бөліктерін қайтару келісімшарттық аумақтың қайтарылатын бөліктері тиісті геологиялық бөлуден шығарыла отырып, геологиялық бөлуді қайта ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.
71-бап. Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу
1. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, келісімшарт талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға тараптардың келісімі бойынша жол беріледі.
2. Тараптардың бірінің талабы бойынша келісімшарт талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға Қазақстан Республикасының заңдарында және келісімшартта көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жол беріледі.
3. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соғатын жағдайда, құзыретті орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімшарттың, оның ішінде бұрын жасалған келісімшарттың талаптарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге құқылы.
72-бап. Келісімшарттың қолданылуын тоқтату
1. Егер тараптар осы Заңның 69-бабында белгіленген тәртіппен келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, келісімшарт қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.
2. Келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ тараптардың бірінің талабы бойынша осы Заңда көзделген жағдайларда жол беріледі.
3. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:
1) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не жобалау құжаттарында белгіленген міндеттемелерді екі реттен көп бұзуды құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаса;
2) осы Заңның 36-бабының 5-тармағына сәйкес мұндай рұқсат ету талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, құзыретті органның рұқсатынсыз осы Заңның 36-бабының 1 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді берген кезде келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісімшарт талаптарының бұзылуы келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.
4. Осы Заңның 71-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті орган, егер:
1) құзыретті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге өз келісімін жазбаша түрде растамаса не оларды жүргізуден бас тартса;
2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісімі алынған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөніндегі келісімге келмесе;
3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөніндегі келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарттың талаптарына өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қол қоймаса, біржақты тәртіппен келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
5. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құзыретті орган келісімшарттың, оның ішінде бұрын жасалған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.
Келісімшарттың қолданылуы аталған негіз бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылған жағдайда құзыретті орган ол жөнінде жер қойнауын пайдаланушыны кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс.
6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не жобалау құжаттарында белгіленген міндеттемелерді екі реттен көп бұзуды құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісімшарт талаптарының бұзылуы келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.
7. Егер жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары нарықта қолданылатын бағалардың өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес басқа да мән-жайларға байланысты келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарын бекіту кезінде ескерілгендерден кем болып шықса, бірақ бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің келісімшартта, жұмыс бағдарламасында және жобалау құжаттарында көзделген нақты көлемі толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының мұндай азаюы келісімшарт талаптарын бұзу және келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
8. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшартты сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге немесе келісімшартта белгіленген негіздер бойынша келісімшартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы.
9. Келісімшарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
10. Құзыретті орган келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде ұлттық компания келісімшарттық аумақты сенімгерлікпен басқаруға қабылдайды. Технологиялық процестің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтарды бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге ұлттық компанияның уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол мүлікті ұлттық компанияға беруден бас тартқан жағдайда құзыретті орган осындай мүлікке қатысты оның сенім білдірген адамы ретінде іс-қимыл жасайды.
Құзыретті орган келісімшартта көзделген жер қойнауы учаскесін конкурсқа шығаруға немесе тікелей келіссөздер өткізуге міндетті.
73-бап. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданылуын қайта жаңғырту үшін негіздер
1. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:
1) келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға елеулі әсер еткен дәйексіз деректер негізінде келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдау фактісі анықталғанда, оның ішінде, егер келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдау күні жер қойнауын пайдаланушыда дәлелді себептер бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжаттар болмаса;
2) келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы не тиісті түрде орындалмауы, жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес себептер салдарынан, оның ішінде еңсерілмейтін күштің әсерінен болған себептер, яғни осындай жағдайлар кезінде келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауына не тиісті түрде орындалмауына тікелей әсер еткен төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар (дүлей зілзала құбылысы, әскери қимылдар және тағы сондайлар) анықталғанда және расталғанда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау және құзыретті органның бастамасы бойынша бұрын қабылданған келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы шешімнің күшін жою жолымен өз бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын сот қарауынан тыс тәртіппен қайта жаңғыртуға құқылы.
2. Өзімен жасалған келісімшарт тоқтатылған тұлғаның өтініші не құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап алты ай ішінде құзыретті органның келісімшартты қайта жаңғырту негіздерін дербес анықтауы құзыретті органның бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы мәселені құзыретті органның қарауы үшін негіз болып табылады.
3. Құзыретті органның келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешімі өзімен жасалған келісімшарт тоқтатылған тұлғадан өтініш келіп түскен не құзыретті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайларды анықтаған күннен бастап бір ай ішінде қабылданады.
4. Осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімді жою туралы шешім қабылданған жағдайда құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы осындай шешім қабылданған күннен бастап үш ай ішінде келісімшартқа қосымша келісімді белгіленген тәртіппен келіседі және жасасады, онда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту мәселелері, оның ішінде келісімшарт бойынша қызмет үзілісімен байланысты мәселелер және жауапкершілік мәселелері реттелуге тиіс. Құзыретті органның шешімі бойынша келісімшартқа қосымша келісімді келісу және жасасу үшін осы тармақта көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін.
5. Құзыретті органның барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешімі қабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде онымен жасалған келісімшарт бұрын тоқтатылған тұлғаның назарына жеткізіледі және осы баптың 4-тармағына сәйкес келісімшартқа қосымша келісімге қол қойылғанға дейін жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша қызметті қайта жаңғыртуына негіз болып табылады.
6. Осы баптың ережелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдаған кезде қолданылады.
74-бап. Келісімшартты жарамсыз деп тану
1. Мыналар:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жарамсыз деп танылуы;
2) осы Заңда белгіленген міндетті талаптардың келісімшартта болмауы;
3) құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына оның осы тұлғамен келісімшарт жасасу жөніндегі шешіміне әсер еткен көрінеу дәйексіз ақпарат берудің анықталуы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер келісімшартты жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
2. Жарамсыз деп танылған келісімшарт, оның жарамсыздығымен байланыстыларды қоспағанда, құқықтық салдарға әкеп соқпайды және оны жасасқан кезден бастап жарамсыз болады.
Келісімшартты жарамсыз деп тану жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру және қайта ресімдеу соның негізінде жүзеге асырылған шартты сот тәртібімен жарамсыз деп тану не бұзу нақ сол келісімшарттың емес, жер қойнауын пайдалану құқығын осындай беруге байланысты келісімшартқа қабылданған өзгерістер мен толықтырулардың жарамсыздығына әкеп соғады.
4. Келісімшартты жарамсыз деп тану осындай келісімшарттың негізінде берілген жер қойнауын пайдалану құқығы солардың нысанасы болып табылатын барлық кейінгі мәмілелердің жарамсыздығына әкеп соғады.
7-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
75-бап. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
Жер қойнауын пайдаланушының:
1) келісімшартта көзделген талаптарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі іс-әрекетті дербес жасауға;
2) егер келісімшартта не Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде минералдық шикізатты өз қалауынша пайдалануға;
3) келісімшарттық аумақта, ал қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттар негізінде келісімшарттық аумақта да, одан тысқары жерлерде де жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;
4) келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келіссөздерге бастамашылық жасауға;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға;
6) осы Заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып, құқықтарды немесе олардың бір бөлігін басқа тұлғаларға беруге;
7) осы Заңда немесе келісімшартта айқындалған жағдайларда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға құқығы бар.
76-бап. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
1. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды келісімшартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қойылатын талаптарды сақтауға;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) келісімшарттық аумақты тек қана келісімшартта көзделген мақсаттарда пайдалануға;
4) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға;
5) егер келісімшартта өзге мерзім көзделмесе, келісімшарт тіркелген күннен бастап барлауды немесе өндіруді жүргізуге кірісуге;
6) жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісімшарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауға;
7) персоналдың және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттары мен технологиялық схемалардың ережелерін сақтауға;
8) егер бұл қауіпсіздіктің ерекше жағдайларымен байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, келісімшарттық аумақ шегінде басқа адамдардың еркін жүруіне, жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануына кедергі жасамауға;
9) Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімді, олар конкурстың және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде пайдалануға;
10) егер осы көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді міндетті түрде тартуға;
11) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге;
12) Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру ісін келісімшартқа сәйкес жүзеге асыруға;
12-1) тауарларды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды нақты қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және (немесе) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.
Осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:
кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған түрлеріне қолданылмайды;
13) құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жұмыс бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат беруге;
14) Қазақстан Республикасының бақылаушы органдары лауазымды адамдарының қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде оларға қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына оларды кедергісіз өткізуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
15) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті ұсынуға;
16) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
17) сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын ұсынуға;
18) 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдағы кезеңдерге арналған орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын ұсынуға; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
19) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар мен тәртіп бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға;
20) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
21) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;
21-1) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар мен тәртіп бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі есепті ұсынуға;
22) Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есеппен расталған есептілікті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен ұсынуға;
23) егер мұндай қажеттілік туындаса, осы Заңның 78-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға, егер келісімшартта өзгеше белгіленбесе, тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге;
24) тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға;
25) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бүлінген жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге;
26) өз қызметінің экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;
27) міндетті экологиялық сақтандыру туралы шарт жасасуға;
28) келісімшарттық аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге;
29) жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
30) аффилиирленген және өзге де тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталындағы қатысу үлесін немесе акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі жасалған мәмілелер туралы мәміле жасалған күннен бастап бес күн мерзімде құзыретті органға хабарлауға;
31) осы Заңның 77-бабының 7-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінде тіркелуге;
32) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге;
33) құзыретті органның сұрау салуы бойынша ол белгілеген мерзімдерде жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауына қатысты мәліметтерді, ақпаратты және құжаттаманы ұсынуға;
34) ішкі құжаттаманы қоса алғанда, іс-қағаздарын жүргізуге, сондай-ақ қажет болған жағдайларда басқа тілдердегі аудармасын қоса бере отырып, жазбаша түрде жасалатын мәмілелерді қазақ және орыс тілдерінде жазуға міндетті.
2. Келісімшартта жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
77-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иелену
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оның ішінде мердігерлердің иеленуі мынадай тәсілдердің бірімен:
1) ашық конкурс;
2) бір көзден иелену;
3) баға ұсыныстарын сұрату;
4) электрондық сатып алу жүйесі арқылы;
5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иелену тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 3-тармақ 2010 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иелену жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі міндетті түрде пайдаланылып немесе жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналастырылған, жұмысы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен ілеспелі түрде жүргізілетін электрондық сатып алудың өзге де жүйелерін пайдалануы арқылы осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен жүргізіледі.
4. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен иелену кезінде сатып алуды жүргізу туралы хабарландыру, конкурстық өтінімдерді ашу, конкурсқа қатысуға жіберу, қорытындыларын шығару хаттамалары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімінде міндетті түрде орналастырылуға, сатып алуды жүргізу туралы және олардың қорытындылары туралы хабарландырулар аптасына кемінде үш рет жарияланатын және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде міндетті түрде жариялануға тиіс.
5. Жер қойнауын пайдаланушылар және олардың мердігерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленумен байланысты рәсімдерді осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруға міндетті.
6. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленудің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртібі бұзыла отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иелену жөніндегі шығыстар құзыретті орган келісімшарттық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының орындауы ретінде есепке алатын шығыстардан алып тасталады.
7. Осы баптың талаптары:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес иеленетін жер қойнауын пайдаланушыларға; 2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара )
3) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.
78-бап. Қазақстандық өндірушілерді қолдау
1. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердігерлері тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, олар жобалау құжатының және Қазақстан Республикасының техникалық ретттеу туралы заңнамасының талаптарына сай болған жағдайда, қазақстандық өндірушілерден осы Заңның талаптарына сәйкес сатып алуға міндетті.
2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы конкурстың жеңімпазын анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың - қазақстандық өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын жиырма пайызға шартты түрде азайтады. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
3. Келісімшарттық міндеттемелерді жергілікті қамту бөлігінде орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығындар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар туралы ақпарат құпия болып табылмайды.
79-бап. Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтін өндірістерді, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді тұрғызу мен бірлесіп пайдалану жөніндегі міндеттемелерді іске асыру
Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтін өндірістерді, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді тұрғызу мен бірлесіп пайдалану жөніндегі міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының іске асыруы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
80-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кездегі міндеттері
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндірістік объектілері мен жер учаскелері халық өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтірілуге тиіс, ал жер қойнауын пайдаланушылар жұмысының зардаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.
2. Барлауды немесе өндіруді, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін ақысыз беруге міндетті.
81-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жабдық пен өзге де мүлікке меншігі
1. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және өндірістік емес мүлікті қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы барлауды немесе өндіруді жүргізу үшін пайдаланатын жабдық пен өзге де мүлікке меншік құқықтарының ауысу мәселелері келісімшартта айқындалады.
2. Жабдыққа және өзге де мүлікке меншік құқығының Қазақстан Республикасына ауысуына қарамастан, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ мұндай жабдықты және өзге де мүлікті құзыретті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен кезден бастап бір жыл ішінде не келісімшартта өзгеше белгіленген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушыда мұндай жабдық пен өзге де мүлікті өз есебінен демонтаждау не келісімшарттық аумақтан әкету міндеті сақталады.
3. Жабдықтың және өзге де мүліктің тиесілігіне қарамастан, мұндай жабдық пен өзге де мүлікті демонтаждауды және келісімшарттық аумақтан әкетуді жер қойнауын пайдаланушы адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
8-тарау. МҰНАЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
82-бап. Мұнай операцияларын жүргізудің шарттары
1. Мұнай операцияларын жүзеге асырушы жер қойнауын пайдаланушы мұнай операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ келісімшартта айқындалған тәртіппен және шарттарда жүргізуге міндетті.
2. Жер қойнауын пайдаланушы барлауды немесе өндіруді жүргізу кезінде кен орындарын игерудің оң тәжірибесін және бекітілген жобалау құжаттарының талаптарын басшылыққа алуғa міндетті.
3. Барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының кен орындарының қорларын сынамалы пайдалануды жүргізуге құқығы бар.
Сынамалы пайдалануды жүргізу талаптары мен мерзімін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
4. Кен орнындағы мұнайдың қоры, сондай-ақ мұнайдың алыну деңгейі Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясында жер қойнауын мемлекеттік сараптауға және бекітуге жатады.
83-бап. Көмірсутек шикізаты кен орындарын барлау және сынамалы пайдалану
1. Барлау далалық геологиялық-геофизикалық зерттеулерді, құрылымдық бұрғылауды, іздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауды, байқаудан өткізу мен сынауды қамтиды. Барлау іздеу жұмыстарының бекітілген жобасы бойынша жүргізіледі, онда ұңғымалардың саны, орналасқан жері және бұрғылау мерзімі, олар шешетін міндеттер, қажетті зерттеулер кешені мен көлемі негізделеді.
2. Мұнай және газ-мұнай кен орындарындағы барлау процесінде осы Заңда белгіленген тәртіппен бекітілген сынамалы пайдалану жобасына сәйкес ұңғымаларды сынамалы пайдалану жүргізіледі.
3. Сынамалы пайдалануды сынамалы пайдалану жобасын белгіленген тәртіппен бекітпей, сондай-ақ сынамалы пайдалану жобасының талаптарын бұзып жүргізуге тыйым салынады.
84-бап. Көмірсутек шикізаты кен орындарын өнеркәсіптік игеру
1. Көмірсутектердің кен орны немесе шоғыры өнеркәсіптік игеру объектісі болып танылады, оны қабылданған игеру нұсқасына сәйкес пайдалану іске асырудың барлық мерзімінде рентабельді деп танылады.
2. Көмірсутектер кен орындарын игеруді жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Егер:
1) мұнай кен орнын барлау бойынша - жұмыстар орындалған, қажет болған жағдайда шоғырларды сынамалы пайдалану немесе кен орнының ауқымды учаскелерін тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру болса, ал газ кен орны бойынша кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жүргізілген болса;
2) көмірсутектер қорларының және олардың құрамындағы басқа да ілеспе компоненттерінің мемлекеттік сараптамасы жүргізілген болса және қорлар пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансына алынған болса;
3) жоба азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген болса;
4) өнеркәсіптік игеруге арналған жобалау құжаттары белгіленген тәртіппен бекітілген болса, көмірсутектердің кен орындарын (шоғырларын) өнеркәсіптік игеруге жол беріледі.
4. Кен орнын өнеркәсіптік игеру бекітілген тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасына, игерудің технологиялық схемасына және өнеркәсіптік игеру жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутек шикізатының кен орындарын өнеркәсіптік игеруді жүзеге асыру кезінде геологиялық және маркшейдерлік бақылаулардың және тиісті құжаттаманың толық, жүйелі және сапалы жүргізілуін, оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Өнеркәсіптік игеруді, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді тиісті жобалау құжаттарын белгіленген тәртіппен бекітпей, сондай-ақ жобалау құжаттарының талаптарын бұзып жүргізуге тыйым салынады.
7. Өнеркәсіптік игерумен байланысты жұмыстарды жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізбей және кен орнын игеруге бақылау жасамай жүзеге асыруға тыйым салынады.
8. Табиғи газды өндіруге арналған келісімшартта табылған кен орнынан өндірілетін табиғи газды жеткізіп беру жөніндегі мәмілелер жасалғанға дейін табиғи газды өндіруді бастауды талап етуге құзыретті органның құқығы жоқ екені, ал жер қойнауын пайдаланушының өндіруді бастауға міндетті емес екені көзделуі мүмкін. Бұл ретте, егер келісімшартта өзгеше көзделмесе, келісімшарттың қолданылу мерзімі табылған табиғи газ кен орнынан өндірілетін табиғи газды жеткізіп беру жөніндегі тиісті мәмілелер жасалған кезге дейін үзіледі.
Егер жер қойнауын пайдаланушы табиғи газды жеткізіп беру жөніндегі мәмілелерді бір жыл ішінде жасаспаса, құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының үшінші тұлғамен қисынды шарттар бойынша газ жеткізіп беруге, оның ішінде үшінші тұлға жер қойнауын пайдаланушымен мәміле жасасуға келіскен жағдайда, жеткізіліп берілетін газды отандық не шетелдік тұтынушыларға кейін қайта сату мақсатында шарт жасасуды талап етуге құқылы. Егер жер қойнауын пайдаланушы және құзыретті орган айқындаған мұндай үшінші тұлға осы мәселе бойынша келісімге келмеген жағдайда, олар бұл даудың сот тәртібімен шешілуін талап етуге құқылы.
85-бап. Ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу
1. Мынадай жағдайларды:
1) авариялық жағдай қатері немесе оның туындауы, персоналдың өміріне немесе халық денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнуі;
2) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орындарын сынамалы пайдалану кезінде;
3) технологиялық жабдықты іске қосу-баптау; технологиялық жабдықты пайдалану; технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу жағдайларын қоспағанда, ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда және бекітілген техникалық регламенттерде көзделген мұнай мен газды өндіруге, жинауға, дайындауға, өңдеуге және тасымалдауға, механизмдердің, жабдық пен құрылыстардың бүлінуіне байланысты іс-шаралардың барлық технологиялық кешені бойынша технологиялық жабдықтың жұмысындағы кез келген істен шығумен (ауытқумен) байланысты болған жағдайларда, ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатсыз жол беріледі.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы мұндай жағу туралы мұнай және газ саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарды он күн ішінде жазбаша хабарландыруға міндетті.
Мұндай хабарламада ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу себептері және жағылатын газдың көлемі туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның жер қойнауын зерделеу мен пайдалану және өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келiсiлген рұқсаты бойынша жол берiледi.
Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Ұңғыма объектілерін сынау кезінде газды жағуға бекітілген жобаға сәйкес әрбір ұңғыма объектісі үшін үш айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.
Кен орындарын сынамалы пайдалану кезінде газды жағуға үш жылдан аспайтын жалпы мерзімге рұқсат берілуі мүмкін.
5. Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде газды жағу іске қосу-баптау жұмыстарымен байланысты кезең ішінде жүзеге асырылады.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды жағу жабдықтарды пайдалану кезінде газды технологиялық еріксіз жағудың көлемінен асатын, реттелетін көлемде жүзеге асырылады.
6. Осы баптың 1-тармағының күші 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға, егер олар 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік органда бекітілген (келісілген) немесе 2006 жылғы 1 шілдеге дейін құзыретті органда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда келісілген болса, ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларды іске асыру мерзімдері аяқталғанға дейін қолданылмайды.
86-бап. Ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату және өңдеу
1. Ілеспе және (немесе) табиғи газды өңдемей және (немесе) кәдеге жаратпай мұнай-газ кен орындарын өнеркәсіптік игеруге тыйым салынады.
2. Көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаға зиянды барынша азайтуға, көмірсутек газын жағу көлемін барынша азайтуға, ілеспе газды, оны өңдеуді қоса алғанда, ұтымды және кешенді пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүргізуге міндетті.
3. Егер келісімшартта өзгеше белгіленбесе, ілеспе газ мемлекеттің меншігі болып табылады.
4. Ілеспе газды өңдеу жөніндегі міндеттемелер осы Заң қолданысқа енгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті органның арасындағы бөлек келісіммен ресімделеді және көмірсутек шикізатын өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа қосымша болып табылады.
5. Ілеспе газды өңдеу тиімсіз кейбір кен орындарында жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың келісуі бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның шешімімен оны технологиялық мұқтаждықтарға пайдалану, қат ішінің қысымын арттыру мақсатымен қатқа айдау, сондай-ақ сақтау мақсатымен қатқа кері айдау жолымен өңдемей кәдеге жаратуға рұқсат етіледі.
6. Көмірсутекті кен орнын өнеркәсіптік игеру жөніндегі жобалық құжаттамада ілеспе газды өңдеу (кәдеге жарату) жөніндегі бөлім міндетті түрде қамтылуға тиіс.
7. Мемлекеттің маңызды стратегиялық ресурсы ретінде ілеспе газды ұтымды пайдалануға қол жеткізу мақсатында көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мен мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ілеспе газды пайдалану жөніндегі жобаларды бірлесіп игеруді жүзеге асыра алады.
8. Жер қойнауын пайдаланушылар мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның бекітуіне және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісуге жататын ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламаларын көздеуге міндетті, олар ілеспе газды жағу немесе қатқа кері айдау (кәдеге жарату) көлемдерін қысқарту жолымен қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету мақсатында әр үш жыл сайын жаңартылып отыруға тиіс.
Бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді жер қойнауын пайдаланушы мұнай және газ, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдарға жыл сайын жіберуге тиіс.
9. Осы баптың 1-тармағының күші 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға, егер олар 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік органда бекітілген (келісілген) немесе 2006 жылғы 1 шілдеге дейін құзыретті органда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда келісілген болса, ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларды іске асыру мерзімдері аяқталғанға дейін қолданылмайды.
87-бап. Мұнай операцияларын жүргізу процесінде авариялар мен өзге де қауіпті оқиғаларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар
1. Мұнай операцияларын осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кен орындарын игерудің оң практикасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, мұнай операцияларын жүргізу процесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға, сондай-ақ мүлікті жоюға қатер төндіретін авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
2. Жер қойнауын пайдаланушы мұнай операцияларын жүргізу кезінде, сондай-ақ мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар бағдарламаларын әзірлеуге және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекітуге міндетті.
88-бап. Көмірсутек шикізатының кен орындарын жайластыру
1. Қажетті кәсіпшілік объектілерді және көмірсутектерді өндіру, дайындау, сақтау және өндіру мен сақтау орнынан магистральдық құбырға және (немесе) көліктің басқа түріне аудару орнына дейін тасымалдау үшін қажетті өзге де инфрақұрылым объектілерін салу белгіленген тәртіппен бекітілетін жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Көмірсутектер кен орындарын жайластыру объектілерін жобалау мен салу кезінде осы объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуі, ықтимал авариялық жағдайлардың зардаптарын шектеу мен мейлінше азайту жөніндегі қажетті шаралар қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Жайластыру объектілерін салу кезінде кен орнын игерудің қабылданған технологиялық нұсқасының жобалау көрсеткіштерінің өзгеруіне және өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың бұзылуына әкеп соқпас үшін оларды пайдалануға берудің жобалау құжатында белгіленген кезектілігі сақталуға тиіс.
89-бап. Шекара маңындағы кен орындарында барлау мен өндірудің ерекшеліктері
1. Егер жүргізілетін барлаудың немесе өндірудің нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушы кен орны шекара маңындағы кен орны болып табылатындығын анықтаған жағдайда, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл туралы құзыретті органға дереу хабарлауға міндетті.
2. Аумағында не құқықтық құзыретінде осы шекара маңындағы кен орнының бір бөлігі бар мемлекетпен Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық келісімдері болмаған жағдайда, құзыретті орган шекара маңындағы кен орнында мұндай мемлекетпен тиісті келісімге қол жеткізгенге дейін барлау мен өндіруді тоқтата тұруды талап етуге құқылы. Бұл ретте құзыретті орган барлау мен өндіруді жаңғыртуға рұқсат бергенге дейін келісімшарт өзінің қолданылуын үзген болып есептеледі.
3. Осы Заңның және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы өзге де заңнамасының нормалары шекара маңындағы кен орнында барлау мен өндіру жөніндегі қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Шекара маңындағы кен орындарында барлау мен өндіруді жүргізудің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тәртібі мен шарттары осы Заңның нормалары алдында басымдыққа ие болады.
90-бап. Кен орнында бірыңғай объект ретінде барлау немесе өндіру
1. Егер жер қойнауын пайдаланушы барлау немесе өндіру операцияларын жүргізетін кен орнының бір бөлігі басқа жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумағының шегінде болған жағдайда, онда мұндай жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің таңдауы бойынша:
1) осы кен орнында барлау және (немесе) өндіру құқығына ие тек бір ғана жер қойнауын пайдаланушы қалатындай немесе бір келісімшарттың негізінде ішінара құқыққа ие бірнеше жер қойнауын пайдаланушы қалатындай етіп жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде белгіленген беру рәсімдерін сақтай отырып, барлауға және (немесе) өндіруге арналған өздерінің құқықтарын беруге;
2) мұндай шартты құзыретті органмен алдын ала келісіп, жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер енгізе отырып, кен орнына бірыңғай тұтас нәрсе ретінде бірлескен барлау мен өндіруді жүргізу туралы шарт жасасуға міндетті.
2. Жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың 1-тармағын сақтамаған жағдайда, құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушылардан кен орнында бірыңғай объект ретінде бірлескен барлау немесе өндіру туралы шарт жасасуды сот тәртібімен талап етуге құқылы. Бірлескен барлау немесе өндіру туралы шартты жасасу кезінде бүкіл кен орны үшін бірыңғай жұмыс бағдарламасы әзірленеді, ол жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен міндетті түрде келісуге жатады.
3. Бірлескен барлауды немесе өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өздеріне келісімшартта, сондай-ақ жұмыс бағдарламасында жүктелген міндеттемелерді орындау жөнінде ортақ жауапкершілікте болады.
91-бап. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік белгіленген талаптарды сақтау, адам өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін орындау, жерүсті және жерасты құрылыстары мен жабдықтарын салу мен пайдаланудың қауіпсіз жағдайларын жасау, сондай-ақ ықтимал аварияларды болғызбау арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Мұнай, сондай-ақ оның өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
3. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезінде жер қойнауын пайдаланушы пайдаланатын жабдық пен өзге де мүлік техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
3-1. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға арналған арнаулы жабдық азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органда есепке қойылуға тиіс.
4. Мұнайды төгу және құю режімі, сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерде белгіленген өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келуге тиіс.
5. Мұнай өңдейтін зауыттарға өңдеу үшін жеткізілетін мұнай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге тиіс.
6. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шараларының кешені белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті жобалау құжатында көзделуге тиіс.
92-бап. Ұңғымаларды салу
1. Ұңғымаларды салу және оларды пайдалануға беру жөніндегі барлық операциялар ұңғымаларды салу жобасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Ұңғымаларды салу жобалары азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.
1. Мынадай:
1) газда күкіртті сутегінің көлемі алты пайыздан астам болатын;
2) тереңдігі бес мың метрден астам болатын құрлықта;
3) тереңдігі төрт мың метрден астам болатын теңізде;
4) сағалық қысымы отыз бес мегапаскальдан астам болатын ұңғымалар салынған жағдайда, ұңғымаларды салу жобаларын құзыретті орган бекітеді.
Ұңғымалардың өзге де түрлері бойынша құрылыс жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.
3. Ұңғымаларды салу жобалары құзыретті орган бекітетін ұңғымаларды салу жобаларын жасау жөніндегі арнаулы талаптар ескеріліп әзірленеді.
9-тарау. ТЕҢІЗДЕ ЖӘНЕ ІШКІ СУ АЙДЫНДАРЫНДА МҰНАЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУ
93-бап. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізудің жалпы шарттары
1. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды теңіз кеме қатынасына, балық аулауға және әдетте, теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын өзге де заңды қызметке кедергі және зиян келтірмейтіндей етіп жүзеге асыруға тиіс.
1-1. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді бұрғылау, өндіру, дайындау және тасымалдау жұмыстарын жүргізу өзінің авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы, мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға арналған арнаулы жабдығы мен техникасы және (немесе) мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен шарты болған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңізде қоршаған ортаны қорғаудың ең озық практикасын басшылыққа алуға міндетті.
3. Ұлттық компанияның тиісті келісімшартында кемінде елу пайыз мөлшерінде жер қойнауын пайдаланушы ретінде үлестік қатысу теңізде мұнай операцияларын жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстардың міндетті шарты болып табылады.
Теңіз түбінде мұнай операцияларын жүргізу үшін теңіз түбін пайдалану құқығы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсат беруі жолымен беріледі.
4. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңізде жүргізілген мұнай операцияларының нәтижесінде пайда болған теңіздің ластануы жағдайында қоршаған ортаға және жеке немесе заңды тұлғаларға келтірілген зиян үшін, егер зиянның еңсерілмейтін күштің немесе зардап шегушінің пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, кінәнің болуына қарамастан жауапты болады.
5. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекітуге міндетті.
Бұл бағдарламалар:
1) жүргізілетін мұнай операцияларына ішкі бақылау;
2) персоналды оқыту;
3) ұңғымаларды бақылауға алу, авариялық және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған және теңіз ластанған жағдайда қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету;
4) теңізде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тарту жөніндегі іс-шараларды қамтуға тиіс.
6. Теңіз ластанған жағдайда теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларға сәйкес қолданылған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл үшін өзінің қолжетімді барлық құралдармен теңіздің ластануын жою не оның деңгейін төмендету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға міндетті.
7. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұндай тұлғаның меншігіндегі не пайдалануындағы теңіз құрылыстарына инспекциялар жүргізу үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін, мұндай мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы инспекцияларды жүргізуге өкілетті болған жағдайда тасымалдауды өзінің есебінен ұйымдастыруға міндетті. Теңіз құрылыстарында мемлекеттік органдар өкілдерінің инспекцияларын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады және ол теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қалыпты қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.
8. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның жазбаша рұқсатын алмай теңіз құрылысын салуды немесе орналастыруды бастауға құқығы жоқ. Рұқсатты алу үшін мұндай жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға теңіз құрылысының жоспарланған орналастырылуына не құрылысының басталуына дейін өтініш жасауға міндетті. Өтініште жоспарланған теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың сипаты, мерзімі мен орналасатын жері қамтылуға тиіс. Құзыретті орган теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өтінішін қарауға және өтініш берген кезден бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шешім қабылдауға міндетті.
Теңіздегі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшін жұмыстар орындауды және (немесе) қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осы бапта белгіленген нормалар қолданылады.
9. Ішкі су айдындарындағы мұнай операцияларына теңіздегі мұнай операциялары үшін белгіленген осы Заңның ережелері қолданылады.
10. Теңізде мұнай операцияларын жүргізудің ерекшеліктері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарында көзделуге тиіс.
94-бап. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүргізу
1. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды судың деңгейі көтерілген жағдайда теңіздің ластануын болғызбайтындай не барынша азайтатындай етіп жүргізуге міндетті.
2. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болғызбау жөнінде арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жобалау құжаттары құрамында бекітуге міндетті. Бұл бағдарламалар:
1) барлау немесе өндіру объектілерін теңіз аясынан қорғаудың тиісті дәрежесімен жедел консервациялау жөніндегі;
2) сақтаудағы мұнайды, материалдарды, бұрғылау ерітінділерін және қоршаған ортаға зиян келтіретін өзге де заттарды су басқан аймақтан шығару жөніндегі;
3) теңіз ластанған жағдайда ластану ошақтарын оқшаулау және суды тазарту жөніндегі;
4) теңізді заңды пайдалануға және үшінші тұлғалардың өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыруына жол беретін іс-шараларды қамтуға тиіс.
95-бап. Теңізде барлау жүргізу мен өндіру шарттары
1. Теңізде барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы іздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауға келісімшарттық аумаққа барлық қажетті геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргізілген жағдайда ғана кірісуге құқылы.
2. Бұрын бұрғыланған ұңғыма бақылаудан алынған кезде, мұндай ұңғыманы бақылауға алу үшін өзге әдістерді қолдану мүмкін емес не қалыптасқан жағдайларда тиімсіз болып табылатын қысымды шығаруға арналған тығындау ұңғымасын бұрғылауды қоспағанда, іздеу, барлау, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы құзыретті органның жазбаша рұқсатынсыз бұрғылауға тыйым салынады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға мұндай тығындау ұңғымасын бұрғылаудың басталуы туралы осындай тығындау ұңғымасын бұрғылау туралы шешім қабылдауға әсер еткен нақты жағдайлар мен себептерді көрсете отырып, қисынды мерзімде жазбаша хабарлауға міндетті.
3. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыда не өзі тартатын мердігерде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған тиісті лицензия болған кезде, жер қойнауын пайдаланушының осы ұңғыманы бұрғылау кезінде пайда болатын тәуекелдерді міндетті сақтандыру жөніндегі міндеттемелерін сақтау фактісі болғанда, мұндай ұңғыманы бұрғылаудың жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және теңіз құрылысын салуға не орналастыруға мемлекеттік органның рұқсаты болған кезде ұңғыманы бұрғылауға рұқсат береді. Мұндай өтініште көрсетілген фактілерді растайтын тиісті құжаттар өтінішке қоса берілуге не тіркелуге тиіс.
4. Құзыретті органның рұқсаты болмаса, қат ішіндегі қысымды ұстап тұру үшін ілеспе және табиғи газды айдауға тыйым салынады. Құзыретті орган мұндай рұқсатты қат ішіндегі қысымды ұстаудың өзге де әдістері тиімсіз болған жағдайда және мұндай айдау қоршаған орта мен адам өмірі үшін қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейінде болса, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша берген мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде беруге құқылы.
5. Теңізде барлау мен өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының теңіз құрылысында не отыз минуттық қолжетерлік шектерінде теңізді тазалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті мөлшердегі тиісті жабдықтары, материалдары мен заттары болуға міндетті. Материалдарға, заттарға, олардың санына және оларға қолжетімділігіне нормативтер мен талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6. Барлау мен өндіруді жүргізу кезінде теңіздегі авариялық және өзге де қауіпті жағдайларды болғызбаудың осы Заңға сәйкес бекітілетін бағдарламалары теңіздің ластануы салдарынан болған ластану ошағын дереу оқшаулау және оны тазарту жөніндегі шараларды қамтуға тиіс.
96-бап. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану
1. Теңізде мұнай-газ құбырларын салуды және пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе тарту жөніндегі жұмысты құзыретті органның жазбаша рұқсатынсыз бастауға құқығы жоқ. Мұндай рұқсат осы Заңның 90-бабының 8-тармағында белгіленген жалпы тәртіппен беріледі.
2. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде жүргізілетін операциялардың адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен нормалардың сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану ерекшеліктері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарында көзделуге тиіс.
97-бап. Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салу
1. Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салынады.
2. Мұнайды уақытша (жиырма күннен аспайтын) сақтауды қоспағанда, мұндай мұнайды танкерлермен теңіз құрылыстарынан тікелей тасымалдау кезінде теңіз құрылыстарында мұнайды сақтау мен қоймада ұстауға тыйым салынады.
98-бап. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің теңізде мұнай операцияларын жүргізуге, ғылыми зерттеулер мен басқа да мақсаттарға арналған жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды қоршаған ортаның қорғалуы мен сақталуы жағдайында салуға, пайдалануға және іске қосуға рұқсат беру мен реттеуге құқығы бар.
2. Жасанды аралдардың, бөгеттердің, құрылыстар мен қондырғылардың төңірегіне қауіпсіздік аймақтары орнатылады, олар оның сыртқы шегінің әрбір нүктесінен бастап бес жүз метр арақашықтыққа созылып жатады. Аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, сондай-ақ оларды қоршаған қауіпсіздік аймақтары халықаралық кеме қатынасы мен балық шаруашылығы үшін елеулі мәні бар әдеттегі теңіз жолдарына кедергі болмайтын жерлерде орналасады.
3. Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды ұстау мен пайдалануға жауапты ұйымдар олардың күтілуін, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы ескертетін тиісті құралдардың болуын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, егер шаруашылық немесе өзге мақсаттарға пайдаланылмайтын болса, олар адамдардың қауіпсіздігіне қатер, кеме қатынасына немесе балық шаруашылығына кедергі келтірмейтіндей дәрежеге дейін демонтаждалуға тиіс.
5. Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелерге сәйкес жүргізіледі.
99-бап. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде қалдықтарды теңізге тастау мен көму
1. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде қалдықтарды теңізге тастауға және теңіз түбіне көмуге тыйым салынады.
2. Теңізге өндірістік және басқа да сарқынды суды ағызу мемлекеттік бақылаушы органдардың рұқсатымен және бақылауымен ғана олар белгіленген нормативтерге дейін тазартылған жағдайда жүзеге асырылады.
100-бап. Теңіздегі ғылыми зерттеулер
1. Теңiздегi ғылыми зерттеулер тек қана құзыретті органға зерттеулердің басталғандығы туралы хабарлама жасай отырып жүргiзiлуi мүмкін. Теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзудiң қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді қазақстандық та, шетелдік те жеке және заңды тұлғалар, шетелдік мемлекеттік және құзыретті халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
3. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу кезінде мынадай принциптер сақталуға тиіс:
1) теңіздегі ғылыми зерттеулер теңізді заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын басқа тұлғаларға өзін-өзі ақтамайтын кедергілер жасамауға тиіс;
2) теңіздегі ғылыми зерттеулер табиғат қорғау шаралары сақтала отырып ғылыми әдістермен және құралдармен тиісті түрде жүргізіледі;
3) теңіздегі ғылыми зерттеулер процесінде жиналған барлық деректер өңделген және талданған соң Қазақстан Республикасына берілуге тиіс және Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатынсыз еркін таратылмауға немесе жарияланбауға тиіс.
101-бап. Өндірілген мұнайды өлшеу
1. Келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу мен таразылауды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес жүргізеді.
2. Жер қойнауын пайдаланушы белгіленген тәртіппен уақыттың белгілі бір кезеңі сайын құзыретті орган өкілінің қатысуымен мұнайды таразылау мен өлшеу үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды жүйелі түрде сынаудан өткізіп отырады.
3. Егер сынаған немесе тексеріп қараған кезде жабдық немесе аспаптар ақаулы болып шығып, оның бұзылу мерзімін анықтау мүмкін болмаса, ақаулық мерзімі бұрынғы өлшеген кезден бастап ақау анықталған күнге дейінгі уақыттың жартысы ретінде айқындалады.
10-тарау. 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара )
11-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҰТЫМДЫ ӘРІ КЕШЕНДІ
ПАЙДАЛАНУ, ХАЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ ПЕРСОНАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
107-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдаланудың міндеттері
Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану:
1) халықтың денсаулығын және өмірін қорғауға;
2) жер қойнауының ресурстарын ұтымды әрі кешенді пайдалануға;
3) табиғи ландшафтарды сақтауға және бүлінген жерлерді, өзге де геоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтіруге;
4) жер сілкінуді, көшкінді, су астында қалуды, топырақтың шөгуін болдырмау мақсатында жер қойнауының үстіңгі бөліктерінің энергетикалық жай-күйін сақтауға;
5) су объектілерінің табиғи жағдайын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, технологиялық жүйелерді және басқа да іс-шараларды қамтиды.
108-бап. Жалпы экологиялық талаптар
Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында болжауды, жоспарлауды, жобалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар басымдық ретімен сақталуға тиіс.
109-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіз
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары мен экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негіз болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беруді және «Қоршаған ортаны қорғау» деген бөлімді қамтуға тиіс барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаларға ұсынуға міндетті.
110-бап. Жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар 1. Мыналар:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, оның ішінде өндіруге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін берілетін пайдалы қазбалар, кен орындары мен жер қойнауы учаскелері қорының ауқымы мен құрылымын нақтылы бағалау үшін жер қойнауын ілгерілей геологиялық зерттеудің толымдылығын қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды әрі кешенді пайдалануды қамтамасыз ету;
3) бай учаскелерді таңдап өндіруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөліп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;
4) кен орнын игеру кезінде сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан негізгі және онымен бір жерде жатқан пайдалы қазбалар қорларын және қосалқы компоненттерді, оның ішінде минералдық шикізатты өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алу;
5) бастапқы өңдеу деректері бойынша мемлекеттік баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетуді жою;
6) су жинау алаңдарында және ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жерасты сулары жинақталған жерлерде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;
7) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалануды және игеруді қиындата түсетін басқа да дүлей факторлардан қорғау;
8) жер қойнауының ластануын, әсіресе мұнайды, газды немесе басқа да заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде ластануын болғызбау;
9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, доғару, кен орнын игеру объектілерін консервациялау мен жою жөніндегі белгіленген тәртіпті сақтау;
10) қалдықтарды үю мен орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
11) ілеспе газды маңызды стратегиялық энергия көздерін, не мұнай-химия өнеркәсібі үшін шикізат ресурстарын алу және қоршаған ортаға зиянды барынша азайту мақсатында өңдеу жолымен оны барынша пайдалану жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстарды жобалау, пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеуді, барлауды және игеруді жүзеге асыру кезінде осы баптың 1-тармағында көзделген жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды және жер қойнауын қорғау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етуге міндетті.
111-бап. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлау мен өндіруге, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықты барлау мен өндіруге, сарқынды суларды ағызу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктарды, панельдерді, қазбаларды, әртүрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымаларын) қоспағанда, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қатысты жұмыстар жүргізілетін немесе жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілері жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде, сондай-ақ жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес пайдалы қазбалар қорлары толық өңделген жағдайда жоюға немесе консервациялауға жатады.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі. Өндіруді тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндірістік объектілерді жою немесе консервациялау басталғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін жүргізеді.
3. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау қағидаларының негізінде жобаны жобалау мен іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.
4. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстар құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісін алғаннан кейін геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттама жұмыстардың аяқталу кезінде толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға белгіленген тәртіппен сақтауға тапсырылады.
6. Объектіні жоюға немесе консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа жүргізеді.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және қолданылуы тоқтатылмаған, жер қойнауын пайдаланушы тарату қорына аударымдарды жүзеге асыра бастаған және оларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңінде шегерімге жатқызған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша көрсетілген аударымдар сомасы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа орналастырылуы тиіс. Арнаулы депозиттік шотқа орналастырылуы тиіс аударымдардың бұл сомасы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткен кен орындарын әзірлеу салдарын жою бағдарламасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы осындай кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорының қаражаты есебінен пайдаланған сомаға азайтылады.
Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген рұқсаты бойынша жүзеге асырады. Тарату қорын құрудың тәртібі, тарату қорына аударымдардың мөлшері, осындай төлемдердің кезеңділігі туралы шарттар келісімшартта белгіленеді.
112-бап. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелері
1. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелері ерекше күзетілетін құқықтық режимі болатын не дағдылы, бірегей және сирек кездесетін геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерді сақтауға арналған шаруашылық қызметі реттелетін режимі бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне жатады.
2. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерін қорғау мен пайдаланудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында айқындалады.
3. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерін өзге қажеттер үшін алып қоюға жол берілмейді.
4. Экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілер табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар тиісті учаскеде жұмысты тоқтатуға және ол туралы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
113-бап. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салу шарттары
1. Елді мекендерді, өндірістік кешендерді және басқа да шаруашылық объектілерді жобалауға және салуға тиісті аумақтың жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органы аумақтық бөлімшесінің болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытындысын алғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.
2. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салу, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерастықұрылыстарын орналастыру, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыстар салудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жүргізіледі.
3. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда өз бетінше салынып жатқан құрылыстар жұмсалған шығындардың және келісімшарттық аумақтың жерлерін рекультивациялауға және салынған объектілерді қайта бұзуға кеткен шығындардың өтемінсіз тоқтатылады.
114-бап. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу
1. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу мүмкіндігі туралы жалпы рұқсатты мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
2. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Кен орындарын пайдаланған кезде теңіздің қорықтық бөлігінде мұнай тасымалдау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген талаптар сақталған жағдайда құбырлар арқылы жүзеге асырылады.
115-бап. Жер қойнауын пайдалануда халықтың және персоналдың қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету
1. Жер қойнауын пайдаланушы заңнамада көзделген жұмыс жүргізу қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының орындалуын, сондай-ақ авариялардың, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіс.
2. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және өнеркәсіптік санитария қағидалары мен нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Мыналар:
1) жұмысқа - арнаулы дайындығы және біліктілігі бар адамдарды, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға тиісті арнаулы білімі бар адамдарды жіберу;
2) тау-кен және бұрғылау жұмыстарындағы адамдарды арнаулы киімдермен, дербес және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік талаптарына және санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану;
4) қопарғыш заттар мен қопару құралдарын есепке алу, тиісінше сақтау және жұмсау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;
5) жұмыстардың технологиялық циклын қамтамасыз етуге қажет және қауіпті жағдайларды болжауға жеткілікті геологиялық, маркшейдерлік және өзге де байқау кешенін жүргізу, қауіпті аймақтарды уақтылы анықтау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсіру;
6) кеніш атмосферасының жай-күйін, ондағы оттегі мөлшерін, зиянды және жарылғыш қауіпті газдар мен тозаңдарды ұдайы бақылау;
7) жұмысты жүргізудің қауіпсіз аймақтарының шектерін анықтайтын техникалық құжаттаманы және аварияларды жоюдың жоспарларын деректермен уақтылы толықтыру;
8) қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің жобалау жүйелерін, мұнай, газ және жерасты суы кен орындарын игеру мен жайластырудың жобаларын және технологиялық сызбаларын сақтау;
9) газдардың күтпеген жерден шығуын, судың, пайдалы қазбалардың және тау-кен жыныстарының сыртқа жарып шығып кетуін, сондай-ақ тау-кен соққыларын болжау және олардың алдын алу жөніндегі арнаулы іс-шараларды жүзеге асыру жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптары болып табылады.
5. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың лауазымды адамдары жұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.
6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақтарда халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда тиісті ұйымдардың басшылары ол туралы жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті.
7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақта халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға міндетті және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауіп жойылмайынша, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны қайта бастауға құқылы емес. Қауіпті болдырмау үшін өзге шараларды қолдану мүмкін болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қауіпті әсер ету аймағынан халық көшірілгеннен кейін ғана жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға құқылы.
8. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес шарт негізінде қызмет көрсетеді.
12-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҚОРҒАУ, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
116-бап. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау міндеті жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту бөлігінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) жер қойнауын қорғаудың мемлекеттік мониторингін;
2) жер қойнауын қорғау саласына жататын лицензиялық-келісімшарт талаптарының сақталуын бақылауды;
3) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және сарқынды суларды ағызуды бақылауды;
4) кен орнының және қоршаған ортаның басқа да объектілерінің бүлінуіне әкеп соғатын ластанудан, су басудан, өрттен және техногендік процестерден жер қойнауын сақтауды бақылауды;
5) жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау мен жоюды бақылауды;
6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық және өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды;
7) жер қойнауын пайдалану және минералдық шикізатты өңдеу кезінде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды;
8) минералдық шикізаттарды өндіру мен өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалау шешімдерінің сақталуын бақылауды қамтиды.
117-бап. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылауды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылау міндеті жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын іздеу және бағалау, өндіру кезінде минералдық шикізатты ұтымды әрі кешенді пайдалану, өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану үшін геологиялық зерттеу және жер қойнауы учаскелерін бағалау кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылау:
1) қорларды ашуды, дайындауды және қазып алудың толымдылығын қамтамасыз ететін, жер қойнауының бай учаскелерін таңдап игеруді болғызбайтын жер қойнауын геологиялық зерттеу мен пайдалануды, кен орындарын игерудің техникалық жобалары шешімдерінің сақталуын бақылауды;
2) пайдалы қазбалардың сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан қорлары мен оларды өндіру кезіндегі ысырапты есепке алудың дәйектілігін бақылауды қамтиды.
118-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жүргізілуін мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жүргізілуін мемлекеттік бақылауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады. Осы органдардың тексерулерді жүзеге асыратын лауазымды адамдары коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жүргізілуін мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара )
3. Тексерулер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
13-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫ
119-бап. Жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйін есепке алу
1. Жер қойнауының мемлекеттік қоры Қазақстан Республикасының жер қойнауларынан құралады.
2. Жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін:
1) жер қойнауының мемлекеттік мониторингі;
2) жер қойнауына мемлекеттік сараптама;
3) геологиялық ақпаратты мемлекеттік сақтау;
4) пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансын жасау;
5) мыналарға:
пайдалы қазбалар кен орындары мен көрініс-белгілеріне;
жер қойнауына зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін және сарқынды суларды ағызатын жерлерге;
техногендік минералдық түзілімдерге мемлекеттік кадастрлар жасау жүргізіледі.
3. Жер қойнауын пайдаланушылар бастапқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнаулы нысандарға сәйкес ұсынады.
120-бап. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі
1. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мен олардың өзгеруін уақтылы анықтау, келеңсіз процестер зардаптарын бағалау, олардың алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін бақылау жүйесі болып табылады.
2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
121-бап. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы
1. Жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануға жағдайлар жасау, жер қойнауын пайдалануға төлемдерді, жер қойнауын пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын анықтау мақсатында пайдалы қазбалардың, барланған кен орындарының қоры мемлекеттік сараптауға жатады.
2. Өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы өндіруді пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін ғана бастауға құқылы. Барланған пайдалы қазбалардың қорын игерудің рентабельділігі туралы мемлекеттік сараптаманың қорытындысы оларды мемлекеттік есепке қоюға негіз болып табылады.
3. Мемлекеттік сараптамаға ұсынылған геологиялық материалдар пайдалы қазбалар қорының мөлшері мен сапасын, олардың республика экономикасы үшін маңызын, өндірудің тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да жағдайларын объективті бағалауға мүмкіндік берген жағдайда мемлекеттік сараптама кен орнын геологиялық зерттеудің кез келген сатысында жүргізілуі мүмкін.
4. Барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жарамды жер қойнауы учаскелері туралы геологиялық ақпарат та мемлекеттік сараптауға жатады. Жер қойнауының мұндай учаскелерін жер қойнауын пайдалануға беруге геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптама жүргізгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
5. Жер қойнауына мемлекеттік сараптаманы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссиясының және пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, олардың құрамы, жұмыс регламенті мен іс қағаздарын жүргізуі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережеде айқындалады.
122-бап. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы
1. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасының жай-күйін есепке алу мақсатында жүргізеді.
2. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансында коммерциялық жолмен табылған пайдалы қазбалардың әр түрінің қорының мөлшері, сапасы мен зерттелу дәрежесі туралы, олардың орналасуы туралы, өндірістік игерілу дәрежесі, өндіру, ысырабы туралы және өнеркәсіптің пайдалы қазбалардың барланған қорларымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
3. Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа енгізу және оларды мемлекеттік баланстан шығару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы жөніндегі ақпаратты береді.
123-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастры
1. Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастрын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауының геологиялық зерттелуін, кен орындарының кешенді пайдаланылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу мақсатында жүргізеді.
2. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастры әрбір кен орны бойынша негізгі және онымен бір жерде жатқан басқа пайдалы қазбалардың және олардағы компоненттердің саны мен сапасын, кен орнын игерудің тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық, тағы басқа жағдайларын және оны геологиялық-экономикалық бағалауды сипаттайтын мәліметтерді, сондай-ақ пайдалы қазбалардың анықталған көрініс-белгілері бойынша мәліметтерді қамтиды.
3. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
124-бап. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастры
1. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты жедел алу, шешімдерді қабылдау, жер қойнауына зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін және сарқынды суларды ағызатын жерлердің жай-күйін жоспарлы бақылау мақсатында ұйымдастырады.
2. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастры көмілген заттардың және ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткіштері, көму мен ағызудың тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары көрсетіле отырып, олардың типтері мен түрлерін сипаттайтын мәліметтерді қамтиды.
3. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
125-бап. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастры
1. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен жүргізеді.
2. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастры сақтаудың сандық және сапалық көрсеткіштері, тау-кен техникалық және экологиялық жағдайлары көрсетіле отырып, техногендік минералдық түзілімдердің типтері мен түрлерін сипаттайтын үйме объект бойынша мәліметтерді қамтиды.
14-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
126-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзыла отырып жасалған, жер қойнауын пайдаланумен байланысты мәмілелер жарамсыз болып табылады.
Аталған мәмілелерді жасасуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықта болады.
127-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзумен келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан зиян келтірген тұлғалар, егер тек зиян еңсерілмейтін күштің немесе зардап шегушінің пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен өтеуге міндетті.
2. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды.
3. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес айқындайды.
128-бап. Дауларды шешу
1. Келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
2. Егер келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда тараптар дауларды Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шешуге құқылы.
15-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
129-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады. 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара )
2. Құзыретті органмен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға жобалау құжаттары болмаған жағдайларда қол қойған жер қойнауын пайдаланушылар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма төрт айдан аспайтын мерзімде олардың әзірленуін және белгіленген тәртіппен бекітілуін қамтамасыз етуге және осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз айдан кешіктірмей, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жобалау құжаттарының негізінде барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың жұмыс бағдарламаларын келісуге ұсынуға міндетті. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын жасалған келісімшарттар бойынша тараптар терминологияны бірізге келтіру, кадрлардағы жергілікті қамту, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес есептелген тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы, құзыретті орган бекітетін тәртіппен және нысандар бойынша жоспарланып отырған және нақты жүргізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпарат беру бөлігінде осы Заңда белгіленген талаптарды басшылыққа алуға міндетті.
4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген лицензиялар мен жасалған келісімшарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының олармен байланысты барлық актілері өз қолданысын сақтайды.
5. Жер қойнауын пайдалануға бұрын берілген және қолданыстағы лицензияларға қатысты лицензиялық органның - Қазақстан Республикасы Үкіметінің функциялары құзыретті органға жүктеледі.
6. Мұнай операцияларын жүргізуге арналған, 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған бір келісімшарттың шеңберінде бір бөлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бекіткен тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз немесе игерілген кен орындары тізбесіне енгізілген көмірсутек шикізатының бірнеше кен орындарында өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға мұндай кен орнына (кен орындарына) қатысты өндіруге арналған бөлек келісімшарт жасасу жөнінде жүгінуге құқылы. Мұндай келісімшарт бастапқы келісімшарттың аяқталуына дейін қалған мерзімге жасалуы мүмкін.
130-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2010 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 77-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күші жойылды деп танылсын:
1) «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат);
2) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 22, 170-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат).
Қазақстан Республикасының |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 24-і.
№ 291-ІV ҚРЗ