тіркелуі
заңды күшіне енген сот актісі негізінде
жарамсыз деп танылған салық төлеуші
(салық агенттері) туралы мәліметтерді
орналастыруға;
23)
мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті
есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі
пайдалану және өткізу тәртібінің
сақталуын, оның Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті
мемлекеттік органға берілуінің
толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ
ол өткізілген жағдайда бюджетке
ақшаның түсуінің толықтығы мен
уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;
24)
уәкілетті мемлекеттік органдар мен
жергілікті атқарушы органдардың
салықты және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді есептеу
дұрыстығы, алу толықтығы және аудару
уақтылылығы мәселелері жөніндегі
қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
25)
салық міндеттемесінің орындалуын
қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға
және салық төлеушінің (салық агентінің,
оператордың) салық берешегін осы
Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртіппен
өндіріп алуға;
25-1)
осы Кодекстің 14-бабы 1-1-тармағының 1)
және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар
туралы дерекқорды жүргізуге міндетті.
Осы
Кодекстің 14-бабы 1-1-тармағының 1)
тармақшасында және 2) тармақшасының
бірінші бөлігінде аталған тұлғалар
туралы мәліметтер дерекқорға енгізіледі.
Дерекқорды
жүргізу тәртібін, ақшаны және (немесе)
өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы,
оларды берген тұлғалар, алынған қаражат
сомасы туралы мәліметтерді және
орналастыруға жататын өзге де
мәліметтерді, сондай-ақ дерекқорға
енгізу және одан шығару тәртібін
уәкілетті орган айқындайды;
26)
салық төлеушінің (салық агентінің,
оператордың) салық органдары лауазымды
адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымын қарауға;
РҚАО-ның
ескертпесі! 1-тармақты
26-1) тармақшамен толықтыру көзделген
- ҚР 18.11.2015 № 412-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 26-2)
салық төлеушінің (салық агентінің,
оператордың) салықтық тексерудің
алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын
қарауға;
27)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық
туралы
кодексінде белгіленген тәртіппен
әкімшілік жауапкершілікке тартуға
міндетті.
2.
Салықтық тексеру барысында қылмыстық
құқық бұзушылық белгілерін көрсететін,
салықты және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді төлеуден
қасақана жалтару, сондай-ақ әдейі,
жалған банкроттық фактілері анықталған
кезде, салық қызметі органдары Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне
сәйкес процестік шешімді қабылдау
үшін тиісті құқық қорғау органдарына
олардың тергеуіне жататын материалдарды
жібереді.
3.
Салық органдары Қазақстан Республикасының
салық
заңнамасында
көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
21-бап.
Мүдделер қақтығысы
Салық
органдары лауазымды адамының жақын
туысы (ата-анасы, балалары, асырап
алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы
бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер
мен апалы-сіңлілілер (аға-қарындастар),
ата, әже, немерелер), жұбайы (зайыбы)
немесе жекжаты (ерлі-зайыптылардың
аға-інілері, апалы-сіңлілілер
(аға-қарындастар) ата-анасы мен балалары)
болып табылатын салық төлеушіге (салық
агентіне) қатысты, сондай-ақ қаржылық
жағынан тікелей немесе жанама
мүдделілігі бар болса, мұндай лауазымды
адамға қызметтік міндеттерін жүзеге
асыруына тыйым салынады.
22-бап.
Кеден органдарының салықтар алу
жөніндегі өкілеттігі
алып
тасталды
23-бап.
Жергілікті атқарушы органдардың
өкілеттігі
1.
Аудандық маңызы бар қалалардың,
кенттердің, ауылдардың, ауылдық
округтердің әкімдері (бұдан әрі –
әкімдер) салық төлеуші – жеке тұлға
төлейтін мүлік, көлік құралы салықтарын,
жер салығын жинауды ұйымдастырады.
2.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген
салықтарды жинау қатаң есептілік
құжаты болып табылатын квитанция
негізінде жүзеге асырылады. Квитанция
нысанын уәкілетті орган белгілейді.
3.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген
салықты жинауды ұйымдастыру кезінде
әкімдер:
1)
салық органдарынан салықтың сомасы
туралы хабарламаны алған күннен бастап
бес жұмыс күнінен кешіктірмей
көрсетілген хабарламаны салық төлеушіге
- жеке тұлғаға тапсыруды;
2)
салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген
кезде салық төлеушіге - жеке тұлғаға
осындай төлеу фактісін растайтын
квитанция беруді;
3)
банкке немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған
операциялық күннен кейінгі келесі
күннен кешіктірмей, салық сомасын
кейіннен бюджет есебіне жатқызу үшін
күн сайын өткізуді қамтамасыз етеді.
Егер күн сайынғы ақша түсімі республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген және
тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында
қолданыста болатын он еселенген айлық
есептік көрсеткіштен кем болса,
сондай-ақ елді мекенде банк немесе
банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған
кезде ақша өткізу үш операциялық күнде
бір рет жүзеге асырылады;
4)
қвитанциялардың дұрыс толтырылуын
және сақталуын;
5)
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен
және мерзімдерде салық органына
квитанцияларды пайдалану туралы,
сондай-ақ салық сомаларын банкке
немесе банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымға
тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз
етеді.
24-бап.
Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік
органдармен, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен, Автомобиль жолдарын
басқару жөніндегі ұлттық оператормен
және жергілікті атқарушы органдармен
өзара іс-қимылы
1.
Салық органдары уәкілетті мемлекеттік
және жергілікті атқарушы органдармен
өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес
бірлескен бақылау шараларын әзірлейді
және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды
қамтамасыз етеді.
2.
Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті
атқарушы органдар салықтық бақылауды
жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді
орындауда салық органдарына жәрдемдесуге
міндетті.
3.
Алып тасталды.
4.
Салық органдары мен жергілікті атқарушы
органдар салық жинауды жүзеге асыру
бойынша осы Кодекстің 23-бабында
белгіленген тәртіппен бір-бірімен
өзара іс-қимыл жасайды.
5.
Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті
атқарушы органдардың, Автомобиль
жолдарын басқару жөніндегі ұлттық
оператордың бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді алу және олар
бойынша мәліметтер табыс ету жөніндегі
өкілеттіктері осы Кодекстің ерекше
бөлігінде айқындалады.
6.
Салық органдары уәкілетті мемлекеттік
және жергілікті атқарушы органдармен
өзара іс-қимылды осы Кодексте белгіленген
тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге
асыруға құқылы.
6-1.
Салық органдары салықтық тексеру
барысында тексерілетін салық төлеушіге
қатысты еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар,
болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ
реттелмеген залалдар, болған, бірақ
мәлімделмеген залалдар бойынша
сақтандыру резервтері мөлшерінің
Қазақстан Республикасының сақтандыру
және сақтандыру қызметі туралы
заңнамасында белгіленген талаптарға
сәйкестігі туралы қорытынды алу
жөнінде Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды.
Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті
органның сұрау салуы бойынша мұндай
қорытындыны Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті
орган белгілеген тәртіппен табыс
етеді.
6-2.
Салық органдары өндірушілердің заңды
мекенжайларын, өндірушілердің
(импорттаушылардың) кеңейтілген
міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан
Республикасының аумағында өндірілген
өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен
түрлерін көрсете отырып, қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
мемлекеттік органға тоқсан сайын
өндірушілер бойынша ақпарат ұсынады.
25-бап.
Салық органдарының лауазымды адамдарын
материалдық қамтамасыз ету, құқықтық
және әлеуметтік қорғау
1.
Салық органдарының лауазымды адамы
қызметтік міндеттерін орындау кезінде
заңмен қорғалады.
2.
Салық органдары лауазымды адамының
заңды талаптарын орындамау, салық
органдары лауазымды адамының қызметтік
жұмысына байланысты оны немесе оның
отбасы мүшелерін қорлау, қорқыту,
оларға зорлық-зомбылық жасау немесе
олардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне
қол сұғушылық, салық органдары лауазымды
адамының қызметтік міндеттерін
орындауына кедергі келтіретін басқа
да іс-қимылдар Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген жауаптылыққа
әкеп соғады.
3.
Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына
байланысты салық органдары лауазымды
адамының денсаулығына орташа ауыр
зиян жасалған және келтірілген кезде,
оған республикалық бюджет қаражатынан
бес айлық жалақы мөлшерінде біржолғы
өтемақы төленеді.
4.
Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына
байланысты салық органдары лауазымды
адамының денсаулығына кәсіптік
қызметімен одан әрі айналысуына
мүмкіндік бермейтіндей ауыр зиян
жасалған және келтірілген кезде, оған
республикалық бюджет қаражатынан бес
жылдық ақшалай табысы мөлшерінде
біржолғы өтемақы, сондай-ақ оның
лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының
мөлшері арасындағы айырма (өмір бойы)
төленеді.
5.
Салық органдарының лауазымды адамы
қызметтік міндеттерін орындау кезінде
қайтыс болған жағдайда қаза тапқан
адамның отбасына немесе оның асырауындағы
адамдарға (мұрагерлеріне):
1)
қаза тапқан адамның соңғы атқарған
лауазымы бойынша республикалық бюджет
қаражатынан он жылдық ақшалай табысы
мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;
2)
Қазақстан Республикасында мүгедектігі
бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы
бойынша және жасына байланысты
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген мөлшерде
және тәртіппен асыраушысынан айрылуына
байланысты мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақы тағайындалады.
6.
Қызметтік міндеттерін орындауына
байланысты салық органдары лауазымды
адамының денсаулығы мен мүлкіне
келтірілген нұқсан, сондай-ақ салық
органдары лауазымды адамының отбасы
мүшелері мен жақын туыстарының
денсаулығы мен мүлкіне келтірілген
нұқсан Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес өтеледі.
2-БӨЛІМ.
САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ
4-тарау.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
26-бап.
Салық міндеттемесі
1.
Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының
салық заңнамасына сәйкес мемлекет
алдында туындайтын міндеттемесі салық
міндеттемесі деп танылады, оған орай
салық төлеуші салық органында тіркелу
есебіне тұруға, салық салу объектілерін
және (немесе) салық салуға байланысты
объектілерді айқындауға, салықты және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша
аванстық және ағымдағы төлемдерді
есептеуге және төлеуге, салықтық
нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін
қоспағанда, салықтық нысандарды салық
органына белгіленген мерзімде табыс
етуге міндетті.
2.
Мемлекеттің салық органы арқылы салық
төлеушіден (салық агентінен) оның
салық міндеттемесін толық көлемінде
орындауын талап етуге, ал салық
міндеттемесі орындалмаған немесе
тиісінше орындалмаған жағдайда осы
Кодексте көзделген тәртіппен оларды
қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді
және мәжбүрлеп орындату шараларын
қолдануға құқығы бар.
3.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Халықаралық көрмелер бюросы
арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017
халықаралық мамандандырылған көрмесін
өткізуге байланысты ресми қатысушыларға
арналған жеңілдіктер мен преференциялар
туралы келісімге сәйкес жеңілдіктер
мен преференцияларға құқығы бар
тұлғалар салық міндеттемесін:
1)
салық органында тіркеу есебіне қоюды;
2)
салық есептілігін ұсыну нысандарын,
мерзімдерін, тәртібін;
3)
бақылау-кассалық машиналарды қолдануды;
4)
қосылған құн салығын қайтару мерзімдерін;
5)
қызметі тоқтатылған кезде, салық
төлеушілерді мемлекеттік дерекқордан
алып тастауды айқындайтын, уәкілетті
орган бекітетін тәртіпке сәйкес
орындайды.
27-бап.
Салық салу объектісі және (немесе)
салық салуға байланысты объект
Мүлік
пен іс-әрекеттер салық салу объектісі
және (немесе) салық салуға байланысты
объект болып табылады, олардың болуына
байланысты және (немесе) олардың
негізінде салық төлеушінің салық
міндеттемесі туындайды.
28-бап.
Салық базасы
Салық
базасы салық салу объектісінің құн,
физикалық немесе өзге де сипаттамаларын
білдіреді, олардың негізінде салықтың
және бюджетке төленуге жататын басқа
да міндетті төлемдердің сомасы
айқындалады.
29-бап.
Салық мөлшерлемесі
1.
Салық мөлшерлемесі салық салу
объектісінің немесе салық базасының
өлшем бірлігіне салықты және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемді
есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің
шамасын білдіреді.
2.
Салық мөлшерлемесі салық салу
объектісінің немесе салық базасының
өлшем бірлігіне пайызбен немесе
абсолютті сомамен белгіленеді.
30-бап.
Салық кезеңі
Салық
кезеңі деп салықтың және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің
жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген
уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған
соң салық салу объектісі, салық базасы
айқындалады, салықтың және бюджетке
төленуге жататын басқа да міндетті
төлемдердің сомасы есептеледі.
5-тарау.
САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ
31-бап.
Салық міндеттемесін орындау
1.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе,
салық төлеуші салық міндеттемесін
орындауды дербес жүзеге асырады.
2.
Салық төлеуші салық міндеттемесін
орындау үшін мынадай іс-әрекеттер
жасайды:
1)
салық органында тіркелу есебіне
тұрады;
2)
салық салу объектілерін және (немесе)
салық салуға байланысты объектілерді
есепке алуды жүргізеді;
3)
салық салу объектілерін және (немесе)
салық салуға байланысты объектілерді,
салық базасы мен салық мөлшерлемелерін
негізге ала отырып, салықтың және
бюджетке төленуге жататын басқа да
міндетті төлемдердің, сондай-ақ осы
Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес олар
бойынша аванстық және ағымдағы
төлемдердің сомасын есептейді;
4)
салық тіркелімдерін қоспағанда,
салықтық нысандарды жасайды және
белгіленген тәртіппен салық органдарына
табыс етеді;
5)
салықтың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің есептелген
және есепке жазылған сомасын, осы
Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес
салық және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдер бойынша аванстық
және ағымдағы төлемдерді төлейді.
3.
Салық төлеуші салық міндеттемесін
Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында белгіленген тәртіппен
және мерзімдерде орындауға тиіс.
4.
Салық төлеуші салық міндеттемесін
мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
5.
Қолма-қол емес нысанда орындалатын
салық төлеушінің салықты және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді
төлеу жөніндегі салық міндеттемесі,
сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды
төлеу бойынша міндеттеме банктен
немесе банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан
салықтың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің сомасына
төлем тапсырмасының акцептін алған
күннен бастап немесе банкоматтар
немесе өзге де электрондық құрылғылар
арқылы төлемді жүзеге асырған күннен
бастап, ал қолма-қол нысанда - салық
төлеуші көрсетілген соманы банкке
немесе банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымға,
уәкілетті мемлекеттік органға,
жергілікті атқарушы органға енгізген
күннен бастап орындалған болып
саналады.
РҚАО-ның
ескертпесі! 6-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 6.
Осы Кодексте белгіленген жағдайларда
салық төлеушінің уәкілетті өкілі
салықты, бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді, әлеуметтік
аударымдарды, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аудару кезінде
төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші
салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің
атын (егер ол жеке басты куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе) немесе атауын
және оның сәйкестендіру нөмірін
көрсетеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 31-бапты
6-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР
18.11.2015 № 412-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
7.
Салық төлеушінің салық агенті
орындайтын, салық төлеу жөніндегі
салық міндеттемесі салық ұсталған
күннен бастап орындалған болып
есептеледі.
8.
Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі
салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар
төлеу бойынша міндеттеме осы Кодекстің
599-бабында белгіленген тәртіппен
есепке жатқызулар жүргізу арқылы
орындалуы мүмкін.
9.
Осы Кодексте, "Акционерлік қоғамдар
туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында көзделген жағдайларды,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасында және осы Кодекстің
308-1-бабында көрсетілген өнімді бөлу
туралы келісімдерде (келісімшарттарда),
Қазақстан Республикасының Президенті
бекіткен жер қойнауын пайдалануға
арналған келісімшартта төлеудің
заттай нысаны немесе шетел валютасымен
төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда,
салықтарды, бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі
салықтық міндеттеме, сондай-ақ өсімпұл
мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі
міндеттеме ұлттық валютамен орындалады.
32-бап.
Салық міндеттемесін орындау кезінде
салықты және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді есептеу
ерекшеліктері
1.
Төлем көзінен ұсталатын салықтың
сомасын есептеуді салық агенті жүзеге
асырады.
2.
Осы Кодекстің ерекше бөлімінде
көзделген жағдайларда салықтың және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің жекелеген түрлерінің
сомасын есептеу жөніндегі міндет
салық органына және уәкілетті
мемлекеттік органдарға жүктелуі
мүмкін.
33-бап.
Салық міндеттемесін орындау мерзімдері
Салық
міндеттемесін орындау мерзімдері осы
Кодексте белгіленеді. Бұл ретте, осы
Кодексте белгіленген мерзімнің өтуі
салық міндеттемесін орындау мерзімінің
басталуы айқындалған нақты оқиғадан
немесе заңдық іс-қимылдан кейін келесі
күні басталады. Мерзім осы Кодексте
белгіленген кезеңнің соңғы күнінің
соңында аяқталады. Егер мерзімнің
соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзім
келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.
34-бап.
Салық берешегін өтеудің тәртібі
Салық
берешегін өтеу мынадай тәртіппен
жүргізіледі:
1)
бересі сомасы;
2)
есептелген өсімпұлдар;
3)
айыппұлдар сомасы.
35-бап.
Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға
беру кезінде салық міндеттемесінің
орындалуы
1.
Сенімгерлікпен басқарушы өзіне
жүктелген міндеттерді жүзеге асыру
процесінде алынуға жататын (алынған)
табыстар, төленуге жататын (жүргізілген)
шығыстар және сатып алған және (немесе)
алған мүлік мүлікті сенімгерлікпен
басқару шарты бойынша сенімгерлікпен
басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушының табыстары, шығыстары
және мүлкі болып табылады.
Сенімгерлікпен
басқарушының сыйақы түріндегі табысы
мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
бойынша сенімгерлікпен басқару
құрылтайшысының не сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушының шығысы болып табылады.
Егер
салық міндеттемесін орындау
сенімгерлікпен басқару жүктелсе, онда
сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының
немесе пайда алушының табыстары мен
оның осы тармақта көзделген, осындай
құрылтайшының немесе пайда алушының
алдыңғы салық кезеңдері үшін шеккен
залалдары сомасына, сондай-ақ орындалуы
сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген
салық міндеттемесі сомасына азайтылған
шығыстары арасындағы оң айырма мүлікті
сенімгерлікпен басқару шарты бойынша
сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының
немесе сенімгерлікпен басқару
туындайтын өзге жағдайларда пайда
алушының сенімгерлікпен басқарудан
алынған таза табысы болып табылады.
Осы
тармақта көзделген шығыстардың мүлікті
сенімгерлікпен басқару шарты бойынша
сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының
немесе сенімгерлікпен басқару
туындайтын өзге жағдайларда пайда
алушының табыстарынан асып кетуі
мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
бойынша сенімгерлікпен басқару
құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушының сенімгерлікпен
басқарудан шеккен залалы болып
табылады.
2.
Мүлікті сенімгерлікпен басқаруды
құру туралы актіде көзделген сыйақы
сенімгерлікпен басқарушының
сенімгерлікпен басқарудан алынған
табысы болып табылады. Сенімгерлікпен
басқаруды жүзеге асыруға байланысты
шығыстар, егер көрсетілген актіде
сенімгерлікпен басқарушының шығыстарын
мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
бойынша сенімгерлікпен басқару
құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушының есебінен өтеу көзделмеген
болса, сенімгерлікпен басқарушының
шығыстары болып танылады.
3.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
бойынша сенімгерлікпен басқару
құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушының салық міндеттемесін
орындауды:
1)
қосылған құн салығынан және мүлік
салығын осы Кодекстің 409-бабына сәйкес
салық органдары есептейтін, жеке
тұлғалардың тұрғын үйі мен басқа да
объектілері бойынша мүлік салығынан
басқа, салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер бойынша –
осы баптың 4-тармағында көзделген
жағдайларды қоспағанда, мұндай
құрылтайшы немесе пайда алушы мүлікті
сенімгерлік басқаруды құру туралы
актінің негізінде сенімгерлік
басқарушыға жүктеуі мүмкін;
2)
қосылған құн салығы бойынша ол осы
Кодекстің 8-бөлімінде және
568-571-баптарында белгіленген жағдайларда
және тәртіппен сенімгерлікпен
басқарушыға жүктеледі.
Егер
салықты, бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді есептеу, төлеу
немесе ұстау жөніндегі салық
міндеттемесін орындау сенімгерлікпен
басқарушыға жүктелген болса, мұндай
сенімгерлікпен басқарушы осы Кодекстің
81-тарауында белгіленген тәртіппен
салық органында тіркелу есебіне тұруға
тиіс.
Бұл
ретте сенімгерлікпен басқарушы
сенімгерлік басқару шарты бойынша
салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді
есептеу, төлеу немесе ұстау жөніндегі
салықтық міндеттемелерді:
егер
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес сенімгерлікпен басқару құқығын
мемлекеттік тіркеу талап етілген
жағдайда, – мұндай құқық мемлекеттік
тіркелген;
егер
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес сенімгерлікпен басқару құқығын
мемлекеттік тіркеу талап етілмеген
жағдайда, – сенімгерлікпен басқару
шарты жасалған күннен бастап орындайды.
4.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
бойынша сенімгерлікпен басқару
құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушы мүлікті сенімгерлікпен
басқаруға берумен байланысты өзінде
туындайтын қосылған құн салығы бойынша
салық міндеттемесінен басқа салық
міндеттемесін мынадай жағдайлардың
кез келгенінде:
1)
салық міндеттемесін орындау
сенімгерлікпен басқарушыға
жүктелмесе;
2)
егер сенімгерлік басқарушы сенімгерлік
басқару туындаған күні және сенімгерлік
басқару кезеңінде осы Кодекстің 134,
135, 135-1, 181, 182-баптарының, 17 және
63-тарауларының ережелері қолданылатын
тұлғаларға жататын болса, осы Кодексте
белгіленген тәртіппен дербес орындайды.
5.
Сенімгерлікпен басқарушы мүлік
сенімгерлікпен басқаруға берілген
кездегі салық міндеттемесін орындау
мақсатында осы Кодекстің 58-бабына
сәйкес бөлек есепке алуды жүргізуге
міндетті.
6.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
бойынша сенімгерлікпен басқару
құрылтайшысының не сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушының мүлікті сенімгерлікпен
басқарушыға беруі осындай мүлікті
өткізуі болып табылмайды және ол
сенімгерлікпен басқарушының табысы
болып танылмайды.
7.
Сенімгерлікпен басқарушының
сенімгерлікпен басқарудың туындауына
негіз болатын құжаттың қолданылуы
тоқтаған кезде мүлікті қайтаруы
осындай мүлікті өткізу болып табылмайды
және ол мүлікті сенімгерлікпен басқару
шарты бойынша сенімгерлікпен басқару
құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушының табысы (залалы) болып
танылмайды.
8.
Сенімгерлікпен басқарушыға салық
және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер сомасын есептеу,
төлеу немесе ұстау, сондай-ақ мүлікті
сенімгерлікпен басқару шарты бойынша
сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы
немесе сенімгерлікпен басқару
туындайтын өзге жағдайларда пайда
алушы үшін салықтық нысандарды жасау
және табыс ету жөніндегі салық
міндеттемесі жүктелген жағдайда,
мұндай салық міндеттемесін орындау
сенімгерлікпен басқарушы болып
табылатын тұлғаның атынан, осы Кодекстің
ерекше бөлімінде сенімгерлікпен
басқарушы жататын тұлғалар үшін
белгіленген мөлшерлемелер бойынша
және тәртіппен жүргізіледі.
Бұл
ретте, егер осы Кодекстің 58 және
64-баптарында өзгеше белгіленбесе,
сенімгерлікпен басқарушы салықтық
нысандарды мүлікті сенімгерлікпен
басқару құрылтайшысының және (немесе)
пайда алушының мүддесінде жүзеге
асырылатын қызметті қоса алғанда,
тұтас бүкіл қызметі бойынша жасайды
және табыс етеді.
36-бап.
Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға
беру кезінде салық міндеттемесін
орындаудың ерекшеліктері
РҚАО-ның
ескертпесі! 1-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015
№ 412-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
1.
Осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында
көзделген декларацияны табыс ету
жөніндегі міндет жүктелген жеке
тұлғаның мүлікті сенімгерлікпен
басқаруға беруі кезінде осындай
декларацияны жасау және табыс ету
жөніндегі салық міндеттемесін осы
жеке тұлға орындайды.
2.
Заңды тұлға, дара кәсіпкер сенімгерлік
операциялар бойынша банктен алған
табысы бойынша, сондай-ақ заңды және
жеке тұлға мүлікті бейрезидент болып
табылатын сенімгерлікпен басқарушыға
сенімгерлікпен басқаруға берген кезде
салық міндеттемесін дербес орындайды.
3.
Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке
тұлғаның салық агенті болып табылатын
банк жүзеге асыратын сенімгерлік
операциялардан түскен табысы бойынша
салық міндеттемесін осындай банк
салық агентінің міндеттерін орындау
түрінде орындайды.
4.
Егер мүлікті сенімгерлікпен басқару
шарты бойынша және Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген
сенімгерлікпен басқару туындайтын
өзге жағдайларда сенімгерлікпен
басқару құрылтайшысының салық
міндеттемесін орындау толығымен
сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген
болса, сенімгерлікпен басқару
құрылтайшысының дара кәсіпкер ретінде
тіркелмеуге құқығы бар.
37-бап.
Таратылатын заңды тұлғаның салық
міндеттемесін, сондай-ақ бейрезидент
заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің,
тұрақты мекемесінің Қазақстан
Республикасындағы қызметін тоқтатқан
кезде салық міндеттемесін орындау
1.
Резидент заңды тұлға тарату туралы
шешім қабылданған күннен бастап үш
жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан
жері бойынша салық органына бұл туралы
жазбаша хабарлайды.
2.
Таратылатын заңды тұлға аралық тарату
балансы бекітілген күннен бастап үш
жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан
жері бойынша салық органына бір
мезгілде:
1)
құжаттық тексеру жүргізу туралы
салықтық өтінішті;
2)
таратудың салық есептілігін ұсынады.
3)
алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V
Заңымен (01.04.2016 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен;
4)
алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V
Заңымен (01.04.2016 бастап қолданысқа
енгізіледі).
РҚАО-ның
ескертпесі! 3-тармақтың
бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 3.
Таратудың салық есептілігі таратылатын
заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық
агенті болып табылатын салықтың,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары және әлеуметтік аударымдар,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдар және (немесе)
жарналар бойынша, құжаттық тексеру
жүргізу туралы салықтық өтініш табыс
етілген салық кезеңінің басынан бастап
осындай өтініш табыс етілген күнге
дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер
кезекті салық есептілігін табыс ету
мерзімі таратудың салық есептілігін
табыс еткеннен кейін басталса, осындай
кезекті салық есептілігін табыс ету
таратудың салық есептілігі табыс
етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі! 4-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 4.
Таратылатын заңды тұлға салық органына
таратудың салық есептілігі табыс
етілген күннен бастап күнтізбелік он
күннен кешіктірмей, таратудың салық
есептілігінде көрсетілген салықты,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және
(немесе) жарналарды төлейді, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аударады.
Егер
таратудың салық есептілігінің алдында
табыс етілген салық есептілігінде
көрсетілген салықты, бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік
аударымдарды, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аудару мерзімі
осы тармақтың бірінші бөлігінде
көрсетілген мерзім өткеннен кейін
басталатын болса, онда төлеу (аудару)
салық органына таратудың салық
есептілігі табыс етілген күннен бастап
күнтізбелік он күннен кешіктірілмей
жүргізіледі.
5.
Салық органдары құжаттық тексеруді
таратылатын заңды тұлғаның салықтық
өтінішін салық органы алғаннан кейін
жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей
бастауға тиіс.
6.
Таратылатын заңды тұлғаның салық
берешегі, оның ішінде осы баптың 4 және
11-тармақтарында көрсетілген негіздер
бойынша туындайтын салық берешегі
оның ақшасы есебінен, оның ішінде
мүлкін өткізуден алынған ақшасы
есебінен Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде белгіленген
кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл
ретте, осындай бейрезидент заңды тұлға
қызметі тоқтатылатын тұрақты мекеме,
құрылымдық бөлімше арқылы тұрақты
мекемелердің, филиалдардың, өкілдіктердің
тобы бойынша жиынтық түрде салық
міндеттемелерін орындаған жағдайда,
таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық
бөлімшелерінің, бейрезидент заңды
тұлғаның тұрақты мекемелерінің,
құрылымдық бөлімшелерінің де салық
берешегі өтеледі.
7.
Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі
салық берешегін толық көлемде өтеу
үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің
қалған бөлігін Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде белгіленген
жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның
құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.
8.
Егер таратылатын заңды тұлғада
салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың
артық төленген сомасы бар болса, онда
көрсетілген сома осы Кодекстің
599-бабында белгіленген тәртіппен
таратылатын заңды тұлғаның салық
берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға
жатады.
Егер
таратылатын заңды тұлғада салықтың
және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің қате төленген
сомасы бар болса, онда көрсетілген
сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген
тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
9.
Егер таратылатын заңды тұлғада қосылған
құн салығы бойынша тіркеу есебінен
шығарылған күнге дейін есепке
жатқызылатын қосылған құн салығының
осы Кодекстің 272-бабына сәйкес қайтаруға
жататын есепке жазылған салық сомасынан
асып кететін сомасы болса, көрсетілген
асып кеткен сома таратылатын заңды
тұлғаға осы Кодекстің 273, 600 және
603-баптарында белгіленген тәртіппен
қайтарылуға жатады.
10.
Таратылатын заңды тұлғада салық
берешегі болмаған жағдайда:
1)
салықтың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің қате
төленген сомасы осы Кодекстің
601-бабында белгіленген тәртіппен осы
заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
2)
салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың
артық төленген сомасы осы Кодекстің
602-бабында белгіленген тәртіппен осы
заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
3)
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің төленген сомасы осы
Кодекстің 606-бабында белгіленген
тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға
жатады.
РҚАО-ның
ескертуі! 4)
тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N
297-IV
Заңының 2-бабын қараңыз). 4)
айыппұлдардың төленген сомалары осы
Кодекстің 605-бабында белгіленген
негіздер бойынша және тәртіппен осы
заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның
ескертуі! 5)
тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N
297-IV
Заңының 2-бабын қараңыз). 5)
кеден органдары алатын кедендік
баждардың, салықтардың, кедендік
алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке
артық (қате) төленген сомалары Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасында
белгіленген тәртіппен осы заңды
тұлғаға қайтарылуға жатады.
РҚАО-ның
ескертпесі! 11-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 11.
Таратудың салық есептілігі табыс
етілген күннен бастап және таратудың
салықтық тексеруі аяқталған күнге
дейінгі кезеңде салықты және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді,
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
төлеу бойынша салық міндеттемесі,
міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару
бойынша міндеттер туындаған жағдайда,
таратылатын заңды тұлға осындай салық
міндеттемесін және міндетті осы
Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 3)
тармақшасында көрсетілген салық
органының хабарламасы негізінде
орындауға міндетті.
12.
Құжаттық тексеру аяқталғаннан кейiн
таратылатын заңды тұлға орналасқан
жерi
бойынша салық органына бiр
мезгiлде:
1)
тарату балансын;
2)
банктегi
бар шоттарының жабылғаны туралы
банктiң
және (немесе) банк операцияларының
жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын
табыс етеді.
3)
алып тасталды - ҚР 2012.12.24 N
60-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
Таратылатын
заңды тұлға осы тармақта көрсетілген
құжаттарды бір мезгілде мынадай
талаптар:
РҚАО-ның
ескертпесі! 1)
тармақша жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 1)
салық берешегiнің,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары және
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар
бойынша берешегінің болмауы;
2)
салықтардың, төлемдердің және
өсімпұлдардың артық төленген сомаларының
болмауы;
3)
салықтардың, бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар
мен айыппұлдардың қате төленген
сомаларының болмауы;
4)
есепке жатқызылатын қосылған құн
салығының осы Кодекстің 273 және
274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын
есептелген салық сомасынан асып
түсуінің болмауы;
5)
кеден органдары алатын кедендік
баждарды, салықтарды, кедендік алымдар
мен өсімпұлдарды есепке жатқызуды
және (немесе) артық (қате) төленген
сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған
орындалмаған салықтық өтініштің
болмауы сақталған жағдайда, құжаттамалық
тексеру аяқталған күннен бастап үш
жұмыс күні ішінде табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! Үшінші
бөліктің бірінші абзацы жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). Салық
берешегi,
мiндеттi
зейнетақы жарналары, мiндеттi
кәсiптiк
зейнетақы жарналары және әлеуметтiк
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешегi,
салықтардың, төлемдердiң
және өсiмпұлдардың
артық төленген сомалары, салықтардың,
бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi
төлемдердiң,
өсiмпұлдар
мен айыппұлдардың қате төленген
сомалары болған және (немесе) есепке
жатқызылатын қосылған құн салығы осы
Кодекстiң
273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға
жататын есептелген салық сомасынан
асып түскен жағдайда, таратылатын
заңды тұлға осы тармақта көрсетiлген
құжаттарды:
РҚАО-ның
ескертпесі! 1)
тармақша жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 1)
салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары және
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар
бойынша берешегі өтелген күннен;
2)
салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың
артық төленген сомалары қайтарылған
күннен;
3)
салықтардың, бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар
мен айыппұлдардың қате төленген
сомалары қайтарылған күннен;
4)
есепке жатқызылатын қосылған құн
салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына
сәйкес қайтарылуға жататын есептелген
салық сомасынан асып түсуді қайтарған
күннен;
5)
кеден органдары алатын кедендік
баждардың, салықтардың, кедендік
алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате)
төленген сомаларын қайтарған күннен
кейін келетін күннен бастап үш жұмыс
күні ішінде табыс етеді.
13.
Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан
Республикасындағы қызметі тоқтатылатын
құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ
бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты
мекемесінің салық міндеттемесін
орындауы осы бапта белгіленген
тәртіппен жүргізіледі.
14.
Таратылатын резидент заңды тұлғалар
осы Кодекстің 37-1 немесе 37-2-баптарында
белгіленген салық міндеттемелерін
орындаудың ерекшеліктерін таңдаған
жағдайда, осы баптың ережелері оларға
қолданылмайды.
37-1-бап.
Таратылатын резидент заңды тұлғалардың
жекелеген санаттарының салық
міндеттемесін орындау ерекшеліктері
1.
Осы бап бір мезгілде мынадай тиісті
шарттарға сәйкес келетін:
1)
қосылған құн салығын төлеуші болып
табылмайтын;
2)
ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру
(балық өсіру шаруашылығы) өнімін
өндірушілер және ауыл шаруашылығы
кооперативтері үшін арнаулы салық
режимін қолданбайтын (қолданбаған);
3)
қайта ұйымдастырылмаған немесе қайта
ұйымдастырылған заңды тұлғаның
құқықтық мирасқоры болып табылмайтын;
4)
тәуекелдерді бағалау жүйесі
іс-шараларының нәтижелері негізінде
салықтық тексерулер жоспарына
енгізілмеген таратылатын заңды
тұлғаның салық міндеттемесін орындау
ерекшелігін белгілейді.
Осы
бап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген
талап қою мерзімі ішінде осы тармақта
айқындалған шарттарға сәйкес келетін
заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
Осы баптың ережелері құрылған күнінен
бергі кезеңі осы Кодекстің 46-бабында
белгіленген талап қою мерзімінен аз
заңды тұлғаларға да қолданылады.
2.
Заңды тұлға тарату туралы шешім
қабылданған жағдайда өзінің орналасқан
жері бойынша салық органына бір
мезгілде:
1)
қызметті тоқтату туралы салықтық
өтінішті;
2)
осындай есепке алу болған жағдайда
қызметтің жекелеген түрлері бойынша
тіркелу есебінен шығару туралы салықтық
өтінішті;
3)
таратудың салық есептілігін;
4)
осы Кодекстің 648-бабында белгіленген
тәртіппен бақылау-кассалық машинасын
есептен шығару туралы салықтық өтінішті
табыс етеді.
Таратылатын
заңды тұлға бақылау-кассалық машинасын
салық органына есепке қойған жағдайда
осы тармақтың 4) тармақшасында
көрсетілген құжатты табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 3-тармақтың
бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 3.
Таратудың салық есептілігі таратылатын
заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық
агенті болып табылатын салықтардың,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары және әлеуметтік аударымдар
бойынша, қызметті тоқтату туралы
салықтық өтініш табыс етілген салық
кезеңінің басынан бастап осындай
өтініш табыс етілген күнге дейінгі
кезең үшін жасалады.
Егер
кезекті салық есептілігін табыс ету
мерзімі таратудың салық есептілігін
табыс еткеннен кейін басталса, осындай
кезекті салық есептілігін табыс ету
таратудың салық есептілігі табыс
етілген күннен кешіктірілмей
жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі! 4-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 4.
Таратылатын заңды тұлға салық органына
таратудың салық есептілігі табыс
етілген күннен бастап күнтізбелік он
күннен кешіктірмей, таратудың салық
есептілігінде көрсетілген салықтарды,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және
(немесе) жарналарды төлейді, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аударады.
Егер
таратудың салық есептілігінің алдында
табыс етілген салық есептілігінде
көрсетілген салықтарды, бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді,
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
аудару мерзімі осы тармақтың бірінші
бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен
кейін басталатын болса, онда төлеу
(аудару) таратудың салық есептілігі
салық органына табыс етілген күннен
бастап күнтізбелік он күннен
кешіктірілмей жүргізіледі.
5.
Салық органы таратылатын заңды тұлғаның
қызметін тоқтату туралы салықтық
өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс
күні ішінде осы Кодекстің 46-бабында
белгіленген талап қою мерзімі шегінде
заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру
жүргізілмеген кезең үшін:
1)
мемлекеттік уәкілетті органдарға –
қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның
мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен
жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ
салық органының сұратуын алған күнгі
жағдай бойынша оның мүлкі туралы
мәліметтерді табыс ету туралы;
2)
кеден органдарына – қызметі тоқтатылатын
заңды тұлға жасаған сыртқы сауда
мәмілелері туралы мәліметтерді табыс
ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері
және салықтар бойынша салық органының
сұратуын алған күнге берешегінің жоқ
екендігін растау туралы;
3)
банктерге және (немесе) банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарға – қызметі
тоқтатылатын заңды тұлғаның салық
органының сұратуы алынған күні банктік
шоттарындағы ақшаның қалдығы және
қозғалысы туралы мәліметтерді табыс
ету туралы сауал жібереді.
Салық
органының осы тармақта көрсетілген
сауалдары бойынша мәліметтер, егер
осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында
өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен
бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей
табыс етілуге жатады.
6.
Салық органы осы баптың 5-тармағында
көзделген барлық мәліметтерді алған
күннен бастап он жұмыс күні ішінде
камералдық бақылауды жүзеге асырады
және осы Кодексте белгіленген тәртіппен
қорытынды жасайды.
РҚАО-ның
ескертпесі! 6-тармақтың
екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). Қорытындыда
камералдық бақылаудың нәтижелері мен
салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер, міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша есеп
айырысудың жай-күйі көрсетіледі.
Қорытынды
кемінде екі данада жасалады және оған
салық органының лауазымды адамдары
қол қояды. Қорытындының бір данасы
қол қойылғаннан кейін үш күннен
кешіктірмей қолын қойдыра отырып
таратылатын заңды тұлғаға тапсырылады
немесе оған почта арқылы хабарламасы
бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
Салық
органы таратылатын салық төлеушіге
(салық агентіне) почта арқылы хабарламасы
бар хатпен жіберген қорытындыны почта
немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған
жағдайда, осы Кодексте белгіленген
негіздер бойынша және тәртіппен
куәгерлерді тарта отырып, салықтық
тексеріп-қарау жүргізілген күн осындай
қорытындыны тапсырған күн болып
табылады.
7.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша
бұзушылықтар анықталған жағдайда
таратылатын заңды тұлғаға қорытынды
алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен
кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауына
белгіленген тәртіппен камералдық
бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
тапсырылады.
Таратылатын
заңды тұлға камералдық бақылау
нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны
орындауды осы Кодекстің 587-бабында
белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Хабарлама
орындалмаған және (немесе) салық
органдары таратылатын заңды тұлғаға
қатысты салық төлеуші табыс еткен
түсіндірмелермен келіспеген жағдайда
құжаттық салықтық тексеру жүргізіледі.
Бұл ретте, құжаттық салықтық тексеру
осындай хабарламаны орындау және
(немесе) анықталған бұзушылықтар
бойынша келіспеу туралы түсіндірме
алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс
күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
8.
Таратылатын заңды тұлғаның салық
берешегі, оның ішінде осы баптың
4-тармағында көрсетілген негіздер
бойынша туындайтын салық берешегі
оның ақшасы есебінен, оның ішінде
мүлкін өткізуден алынған ақшасы
есебінен Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде белгіленген
кезектілік тәртібімен өтеледі.
9.
Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі
салық берешегін толық көлемде өтеу
үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің
қалған бөлігін Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде белгіленген
жағдайларда таратылатын заңды тұлғаның
құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.
10.
Таратылатын заңды тұлғада салық
берешегі болмаған жағдайда:
1)
салықтардың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің қате
төленген сомасы осы Кодекстің
601-бабында белгіленген тәртіппен осы
заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
2)
салықтардың, төлемақылардың, алымдар
мен өсімпұлдардың артық төленген
сомасы осы Кодекстің 602-бабында
белгіленген тәртіппен осы заңды
тұлғаға қайтарылуға жатады;
3)
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің төленген сомасы осы
Кодекстің 606-бабында белгіленген
тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға
жатады;
4)
айыппұлдардың төленген сомалары осы
Кодекстің 605-бабында белгіленген
негіздер бойынша және тәртіппен осы
заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
5)
кеден органдары алатын кедендік
баждардың, салықтардың, кедендік
алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке
артық (қате) төленген сомалары Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасында
белгіленген тәртіппен осы заңды
тұлғаға қайтарылуға жатады.
11.
Таратылатын заңды тұлға орналасқан
жерi
бойынша салық органына бiр
мезгiлде:
1)
тарату балансын;
2)
банктегi
бар шоттарының жабылғаны туралы
банктiң
және (немесе) банк операцияларының
жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын
табыс етедi.
РҚАО-ның
ескертпесі! 11-тармақтың
екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). Таратылатын
заңды тұлға салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешегі
болмаған жағдайда, камералдық бақылау
нәтижелері бойынша қорытынды алған
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде
осы тармақта көрсетілген құжаттарды
табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 12-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 12.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтар, салық
берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешек
болған жағдайда, таратылатын заңды
тұлға камералдық бақылау нәтижелері
бойынша анықталған бұзушылықтарды
жою шартымен салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешек
өтелген күннен бастап үш жұмыс күні
ішінде осы баптың 11-тармағында
көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 13-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 13.
Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген
құжаттар ұсынылғаннан және осы баптың
11 және 12-тармақтарында белгiленген
ережелер орындалғаннан кейiн
салық органы заңды тұлғаларды
мемлекеттiк
тiркеудi,
қайта тiркеудi,
заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын
мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық
бөлiмшелердi
есептiк
тiркеудi,
қайта тiркеудi,
есептiк
тiркеуден
шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк
органға таратылатын заңды тұлға
бойынша есебі салық органдарында
жүргізілетін берешектің жоқ (бар)
екендiгi
туралы мәлiметтерді
осы Кодекстiң
598-бабында белгiленген
тәртiппен
және мерзiмдерде
жiбередi.
37-2-бап.
Салықтар бойынша аудиторлық қорытындының
нәтижелері бойынша таратылатын
резидент заңды тұлғалардың және
қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің
жекелеген санаттарының салық
міндеттемесін орындау ерекшеліктері
1.
Осы бап бір мезгілде мынадай шарттарға
сәйкес келетін:
1)
таратылатын заңды тұлғаның және
қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің
осы Кодекстiң
46-бабында белгiленген
талап қоюдың ескіру мерзiмi
кезеңіндегі түзетулері ескеріле
отырып, жылдық жиынтық кірістерінің
жалпы сомасы республикалық бюджет
туралы заңда белгіленген және тиісті
қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста
болатын айлық есептiк
көрсеткiштің
120000 еселенген мөлшерінен аспайтын;
2)
салық органына қызметті тоқтату туралы
салықтық өтініш берілген күнге дейін
күнтізбелік жиырма күн бұрын аудиторлық
ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық
қорытындысы бар таратылатын резидент
заңды тұлғалардың және қызметін
тоқтататын дара кәсіпкерлердің
жекелеген санаттарының салық
міндеттемесін орындау ерекшеліктерін
белгілейді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 1-тармақтың
екінші бөлігіне өзгеріс енгізу
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). Бұл
ретте, егер салықтар бойынша аудиторлық
қорытындының нәтижелері бойынша
салықтарды және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді есептеу
және төлеу, міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару,
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналарды
есептеу және төлеу жөніндегі
міндеттемелер туындаса, мұндай
міндеттемелер таратылатын заңды
тұлғаның немесе қызметін тоқтататын
дара кәсіпкердің аудиторлық ұйым
салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны
осындай салық төлеушіге тапсырған
күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік
он күн ішінде орындауына жатады.
2.
Резидент заңды тұлға тарату туралы
шешім қабылданған жағдайда, дара
кәсіпкер қызметті тоқтату туралы
шешім қабылданған жағдайда өзі
орналасқан жердегі салық органына
бір мезгілде:
1)
қызметті тоқтату туралы салықтық
өтінішті;
2)
тіркеу есебі болған кезде жекелеген
қызмет түрлері бойынша осындай есепке
алудан шығару туралы салықтық өтінішті;
3)
таратудың салық есептілігін;
4)
аудиторлық ұйым жасаған салықтар
бойынша аудиторлық қорытындыны;
5)
алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V
(01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
6)
алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V
(01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
7)
осы Кодекстің 648-бабында белгіленген
тәртіппен
бақылау-кассалық
машинаны есептен шығару туралы салықтық
өтінішті табыс етеді.
Осы
тармақтың бірiншi
бөлiгiнiң
7) тармақшасында көрсетiлген
құжатты бақылау-кассалық машина салық
органында есепке қойылған жағдайда
таратылатын заңды тұлға немесе қызметін
тоқтататын дара кәсіпкер ұсынады.
РҚАО-ның
ескертпесі! 3-тармақтың
бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 3.
Таратудың салық есептілігі таратылатын
заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын
дара кәсіпкер төлеуші және (немесе)
салық агенті болып табылатын салықтардың,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары мен әлеуметтік аударымдар,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдар және (немесе)
жарналар бойынша қызметті тоқтату
туралы салықтық өтініш табыс етілген
салық кезеңінің басынан бастап осындай
өтініш табыс етілген күнге дейінгі
кезең үшін жасалады.
Егер
кезекті салық есептілігін табыс ету
мерзімі таратудың салық есептілігі
табыс етілгеннен кейін басталған
жағдайда, мұндай кезекті салық
есептілігін табыс ету таратудың салық
есептілігі табыс етілген күннен
кешіктірілмей жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі! 4-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 4.
Таратылатын заңды тұлға немесе қызметін
тоқтататын дара кәсіпкер салық органына
таратудың салық есептілігі табыс
етілген күннен бастап күнтізбелік он
күннен кешіктірмей, таратудың салық
есептілігінде көрсетілген салықтарды,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлейді, міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және
(немесе) жарналарды аударады.
Егер
таратудың салық есептілігінің алдында
табыс етілген салық есептілігінде
көрсетілген салықтарды, бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді
төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын,
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
аудару мерзімі осы тармақтың бірінші
бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен
кейін басталатын жағдайда, төлеу
(аудару) салық органына таратудың
салық есептілігі табыс етілген күннен
бастап күнтізбелік он күннен
кешіктірілмей жүргізіледі.
5.
Таратылатын заңды тұлғада немесе
қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде
салық берешегі болмаған кезде:
1)
салықтардың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің қате
төленген сомалары осы салық төлеушіге
осы Кодекстің 601-бабында белгіленген
тәртіппен қайтарылуға жатады;
2)
салықтардың, төлемақының, алым мен
өсімпұлдардың артық төленген сомалары
осы салық төлеушіге осы Кодекстің
602-бабында белгіленген тәртіппен
қайтарылуға жатады;
3)
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің төленген сомалары осы
салық төлеушіге осы Кодекстің
606-бабында белгіленген тәртіппен
қайтарылуға жатады;
4)
айыппұлдардың төленген сомалары осы
салық төлеушіге осы Кодекстің
605-бабында белгіленген негіздер бойынша
және тәртіппен қайтарылуға жатады;
5)
кеден органдары алатын кедендік
баждардың, салықтардың, кедендік
алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке
артық (қате) төленген сомалары осы
салық төлеушіге Қазақстан Республикасының
кеден заңнамасында белгіленген
тәртіппен қайтарылуға жатады.
6.
Салық органы осы баптың 2-тармағында
көрсетілген құжаттарды алған күннен
бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей,
осы Кодекстің 586-бабында айқындалатын
тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге
асыруға міндетті.
Салық
органдары камералдық бақылау нәтижелері
бойынша бұзушылықтарды анықтаған
жағдайда, таратылатын заңды тұлғаға
немесе қызметін тоқтататын дара
кәсіпкерге осы Кодекстің 84-тарауында
белгіленген тәртіппен бұзушылықтарды
жою туралы хабарлама тапсырылады.
Камералдық
бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны
орындауды таратылатын заңды тұлға
немесе қызметін тоқтататын дара
кәсіпкер осы Кодекстің 587-бабында
белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
РҚАО-ның
ескертпесі! 6-тармақтың
төртінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). Салық
төлеуші салық берешегін, міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешекті
төлеуді (аударуды) камералдық бақылау
нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
орындалған күннен бастап күнтізбелік
он күннен кешіктірмей жүргізеді.
7.
Хабарлама орындалмаған және (немесе)
салық органдары таратылатын заңды
тұлғаға немесе қызметін тоқтататын
дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші
табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген
жағдайларда, салық органы мұндай салық
төлеушіге қатысты анықталған, құжаттық
салықтық тексеруді тағайындау үшін
негіз болған фактілер мен мән-жайлар
бойынша аталған тексеруді жүргізеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 8-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
8.
Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында
белгіленген ережелер орындалған және
салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары мен
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар
бойынша берешек болмаған жағдайларда,
сондай-ақ салық органы жүргізген
камералдық бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды жойған
кезде таратылатын заңды тұлға орналасқан
жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1)
тарату балансын;
2)
банктегі бар шоттарының жабылғаны
туралы банктiң
және (немесе) банк операцияларының
жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын
табыс етеді.
Осы
тармақта көрсетілген құжаттарды
таратылатын заңды тұлға салық берешегі,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары мен
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар
бойынша берешек болмаған жағдайда,
осы баптың 2-тармағында көрсетілген
құжаттарды алған күннен бастап он бес
жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Камералдық
бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтар, салық берешегі, міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары мен әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешек
болған жағдайларда, таратылатын заңды
тұлға осы тармақта көрсетілген
құжаттарды камералдық бақылау
нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жойған жағдайда салық
берешегі, міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар
бойынша берешек өтелген күннен бастап
үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 9-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
9.
Осы баптың 8-тармағында белгiленген
ережелер орындалғаннан кейiн
салық органы заңды тұлғаларды
мемлекеттiк
тiркеудi,
қайта тiркеудi,
заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын
мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық
бөлiмшелердi
есептiк
тiркеудi,
қайта тiркеудi,
есептiк
тiркеуден
шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк
органға таратылатын заңды тұлға
бойынша есебі салық органдарында
жүргізілетін берешектің жоқ (бар)
екендiгi
туралы мәлiметтерді
осы Кодекстiң
598-бабында белгiленген
тәртiппен
және мерзiмдерде
жiбередi.
РҚАО-ның
ескертпесі! 10-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
10.
Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің
салық міндеттемесі салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешек
болмаған немесе өтелген, камералдық
бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтар толық көлемде жойылған
жағдайда камералдық бақылау жүзеге
асырылғаннан кейін орындалды деп
есептеледі.
11.
Осы баптың 10-тармағына сәйкес салық
міндеттемесі орындалған күн дара
кәсіпкерді салық органындағы тіркеу
есебінен шығару күні болып табылады.
12.
Салық органы осы баптың 11-тармағында
көрсетілген күннен бастап үш жұмыс
күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді
тіркеу есебінен шығару туралы шешім
қабылдайды.
Дара
кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару
туралы ақпарат уәкілетті органның
интернет-ресурсында орналастырылады.
РҚАО-ның
ескертпесі! 13-тармақтың
бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
13.
Салық органы осы баптың 6-тармағында
белгіленген, салық берешегiн,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешекті
төлеу (аудару) мерзімі өткеннен кейін
үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара
кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан
бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Дара
кәсіпкердің осы бапта белгіленген
ережелерді орындамауы да дара кәсіпкер
ретінде тіркеу есебінен шығарудан
бас тарту үшін негіз болып табылады.
Дара
кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан
бас тарту туралы ақпарат уәкілетті
органның интернет-ресурсында
орналастырылады.
38-бап.
Резидент заңды тұлғаның қызметі
тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің
салық міндеттемесін орындауы
1.
Резидент заңды тұлға өзінің құрылымдық
бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы
шешім қабылдаған жағдайда құрылымдық
бөлімшенің орналасқан жері бойынша
салық органына бір мезгілде:
1)
қызметті тоқтату туралы салықтық
өтініш;
2)
резидент заңды тұлғаның құрылымдық
бөлімшенің қызметін тоқтату туралы
шешімінің көшірмесін;
3)
егер осы бапта өзгеше көзделмесе,
құрылымдық бөлімшенің таратудың салық
есептілігін табыс етеді.
2.
Таратудың салық есептілігі заңды
тұлғаның қызметі тоқтатылатын
құрылымдық бөлімшесі дербес төлеуші
болып танылған салықтың, төлемақының
түрлері, міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар
бойынша, заңды тұлғаның құрылымдық
бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы
шешім қабылданған салық кезеңінің
басынан бастап қызметті тоқтату туралы
салықтық өтініш табыс етілген күнге
дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер
кезекті салық есептілігін табыс ету
мерзімі таратудың салық есептілігін
табыс еткеннен кейін басталса, осындай
кезекті салық есептілігін табыс ету
таратудың салық есептілігі табыс
етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.
3.
Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын
құрылымдық бөлімшесі осы баптың
2-тармағында көзделген таратудың салық
есептілігінде көрсетілген салықты,
төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және
(немесе) жарналарды төлеуді, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аударуды салық
органына таратудың салық есептілігі
табыс етілген күннен бастап күнтізбелік
он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер
таратудың салық есептілігінің алдында
табыс етілген салық есептілігінде
көрсетілген салықты, төлемақыларды,
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
аудару мерзімі осы тармақтың бірінші
бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен
кейін басталатын болса, төлеу (аудару)
таратудың салық есептілігі табыс
етілген күннен бастап күнтізбелік он
күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4.
Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын
құрылымдық бөлімшесі салықты,
төлемақыларды, міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және
(немесе) жарналарды дербес төлеуші
болып танылмаса, таратудың салық
есептілігі табыс етілмейді.
5.
Қызметі тоқтатылатын құрылымдық
бөлімшенің салық берешегі, міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешегі
осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды
тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.
6.
Салық берешегі, міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары, әлеуметтік аударымдар,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдар және (немесе)
жарналар бойынша берешек толық көлемде
өтелгеннен кейін қызметі тоқтатылатын
құрылымдық бөлімшені құрған заңды
тұлға осы құрылымдық бөлімшенің
орналасқан жері бойынша салық органына
банктің және (немесе) банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның қызметі тоқтатылатын құрылымдық
бөлімшенің банктегі бар шоттарының
жабылғаны туралы анықтамасын табыс
етеді.
39-бап.
Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп
шығу жолымен қайта ұйымдастырылған
кезде салық міндеттемесін орындау
1.
Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп
шығу жолымен қайта ұйымдастырылу
туралы шешім қабылдаған күннен бастап
үш жұмыс күні ішінде бұл туралы
орналасқан жері бойынша салық органына
жазбаша хабарлайды.
Тапсыру
актісі бекітілген күннен бастап үш
жұмыс күні ішінде қосылу, бірігу
жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды
тұлға сонымен бір мезгілде орналасқан
жері бойынша салық органына:
1)
таратудың салық есептілігін;
2)
алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V
(01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
3)
алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V
(01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
4)
тапсыру актісін табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 1-тармақтың
төртінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Таратудың
салық есептілігі қосылу, бірігу жолымен
қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға
салық төлеуші және (немесе) салық
агенті болып табылатын салықтар,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер түрлері, міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары және әлеуметтік аударымдар
бойынша осындай есептілікті тапсыру
міндетті туындаған салық кезеңі
басталған сәттен бастап оны салық
органына табыс ету күніне дейінгі
кезең үшін жасалады.
Таратудың
салық есептілігін табыс ету жөніндегі
міндеттеме – бірігу жолымен қайта
ұйымдастыру кезінде қайта құрылған
заңды тұлғаның құрамына кірген әрбір
заңды тұлғаға, қосылу жолымен қайта
ұйымдастыру кезінде қосылған заңды
тұлғаға жүктеледі.
Егер
кезекті салық есептілігін табыс ету
мерзімі таратудың салық есептілігі
табыс етілгеннен кейін басталатын
болса, мұндай кезекті салық есептілігін
табыс ету таратудың салық есептілігі
табыс етілген күннен кешіктірілмей
жүргізіледі.
Заңды
тұлға бөлініп шығу жолымен қайта
ұйымдастырылған кезде мұндай тұлға
бөлу балансы бекітілген күннен бастап
үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан
жері бойынша салық органына аталған
балансты табыс етеді.
1-1.
Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің
1) тармақшасында көрсетілген салық
есептілігін табыс етуді қоспағанда,
қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның
салық мiндеттемелерiн
орындау оның құқықтық мирасқорына
(құқықтық мирасқорларына) жүктеледi.
1-2.
Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын),
сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық
мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған
заңды тұлғаның салық берешегін өтеуге
қатысу үлесін белгілеу Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылады.
2.
Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы
осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының
(құқық мирасқорларының) салықты,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеу жөніндегі оның салық
міндеттемелерін орындау мерзімдерін
өзгертуіне негіз болып табылмайды.
3.
Егер қайта ұйымдастырылатын заңды
тұлғада салықтың, бюджетке төленетін
төлемақылар мен өсімпұлдардың артық
төленген сомасы бар болса, көрсетілген
сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген
тәртіппен қайта ұйымдастырылатын
заңды тұлғаның салық берешегін өтеу
шотына есептеуге жатқызылады.
Егер
қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада
салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар
мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы
бар болса, онда көрсетілген сома осы
Кодекстің 601-бабында белгіленген
тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
4.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада
салық берешегі болмаған жағдайда:
1)
салықтың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің қате
төленген сомасы ол (олар) қайта
ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі
үлесіне барабар түрде оның құқық
мирасқорына (құқық мирасқорларына)
осы Кодекстің 601-бабында белгіленген
тәртіппен қайтарылуға жатады;
2)
салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар
мен өсімпұлдардың артық төленген
сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру
кезінде алған мүліктегі үлесіне
барабар түрде оның құқық мирасқорына
(құқық мирасқорларына) осы Кодекстің
602-бабында белгіленген тәртіппен
қайтарылуға жатады;
3)
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің төленген сомасы ол (олар)
қайта ұйымдастыру кезінде алған
мүліктегі үлесіне барабар түрде оның
құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына)
осы Кодекстің 606-бабында белгіленген
тәртіппен қайтарылуға жатады.
4-1.
Заңды тұлға Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп
шығу жолымен қайта ұйымдастырылған
кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды
тұлғада – қосылған құн салығын
төлеушіде қайта ұйымдастырылу күніне
қалыптасқан, асып кеткен қосылған құн
салығы оның құқық мирасқорына (құқық
мирасқорларына) берілуге жатады.
Бұл
ретте бөлініп шығу жолымен қайта
ұйымдастырылатын заңды тұлғаның құқық
мирасқорына (құқық мирасқорларына)
берілуге жататын, асып кеткен қосылған
құн салығы құқық мирасқорына (құқық
мирасқорларына) берілетін негізгі
құралдардың қалдық құнының үлесіне
барабар айқындалады.
Негізгі
құралдардың қалдық құны бөлініп шығу
жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды
тұлғаның бөлу балансы негізінде
айқындалады.
Осы
тармақ бөлініп шығу жолымен қайта
ұйымдастырылатын заңды тұлға
акцияларының бақылау пакеті ұлттық
басқарушы холдингке тиесілі болған
жағдайда қолданылады.
5.
Алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 N
200-IV
(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
6.
Салық органы заңды тұлғаны мынадай
жолмен қайта ұйымдастыру туралы
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық
тізілімінің мәліметтерін алған күннен
бастап он жұмыс күні ішінде:
1)
бірігу - жаңадан құрылған заңды тұлғаның
құрамына кірген заңды тұлғалардың
жеке шоттары бойынша сальдоны жаңадан
құрылған заңды тұлғаның орналасқан
жері бойынша салық органына беру
актісі негізінде береді;
2)
қосылу - қосылған заңды тұлғаның жеке
шоты бойынша сальдоны аталған заңды
тұлға қосылған заңды тұлғаның орналасқан
жері бойынша салық органына беру
актісі негізінде береді;
3)
Алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N
167-IV
(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
4)
бөлініп шығу - жаңадан туындаған заңды
тұлғаны бөліп шығарған заңды тұлғаның
жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан
туындаған заңды тұлғаның орналасқан
жері бойынша бөліну балансы негізінде
береді.
Қайта
ұйымдастырылатын заңды тұлғаның жеке
шоты бойынша сальдоны беру тәртібі
осы Кодекстің 595-бабында белгіленеді.
39-1-бап.
Тұрақты мекеменің Қазақстан
Республикасында тиімді басқару орнының
(нақты басқару органының орналасқан
жерінің) болуына байланысты бейрезидент
заңды тұлғаға құқықтары мен міндеттерін
беру кезінде өзінің филиалын (өкілдігін)
ашпастан, салық міндеттемесін орындауы
1.
Бейрезидент заңды тұлға өзінде
Қазақстан Республикасында тұрақты
мекемесі болған кезде, филиалын
(өкілдігін) ашпастан және тиімді
басқару орнын (нақты басқару органының
орналасқан жерін) шет мемлекеттен
Қазақстан Республикасына ауыстыру
туралы шешім қабылдамастан салық
төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою
туралы салықтық өтініш бергеннен
кейін үш жұмыс күні ішінде тиімді
басқару орны (нақты басқару органының
орналасқан жері) Қазақстан Республикасында
болатын заңды тұлғаға мұндай тұрақты
мекеменің құқықтары мен міндеттерін
беру туралы осы Кодекстің 562-бабы
1-1-тармағына сәйкес мұндай тұрақты
мекеменің орналасқан жері бойынша
салық органына жазбаша хабарлауға
міндетті.
Көрсетілген
бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты
мекемесі салық төлеуші ретінде тіркеу
есебіне қойылған күннен бастап
күнтізбелік он бес күн ішінде салық
органына:
1)
тіркеу есебінен алу туралы салықтық
өтінішті;
2)
таратудың салық есептілігін;
3)
тапсыру актісін табыс етуге міндетті.
РҚАО-ның
ескертпесі! 1-тармақтың
үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Таратудың
салық есептiлiгi
салықтың, бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi
төлемдердің түрлерi,
мiндеттi
зейнетақы жарналары, мiндеттi
кәсiптiк
зейнетақы жарналары, әлеуметтiк
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша құралады,
олар бойынша құқықтары мен мiндеттерiн
беретiн
тұрақты мекеме мұндай есептiлiктi
табыс ету жөнiндегi
мiндеттеме
туындаған салық кезеңiнің
басынан бастап оны салық органына
табыс еткен күнге дейiнгi
кезең үшiн
төлеушi
және (немесе) салық агентi
болып табылады.
Егер
кезекті салық есептілігін табыс ету
мерзімі таратудың салық есептілігін
табыс еткеннен кейін басталған
жағдайда, осындай кезекті салық
есептілігін табыс ету таратудың салық
есептілігі табыс етілген күннен
кешіктірілмей жүргізіледі.
2.
Құқықтары мен міндеттерін заңды
тұлғаға беретін тұрақты мекеменің
салық міндеттемесін орындау тиімді
басқару орны (нақты басқару органының
орналасқан жері) Қазақстан Республикасында
болатын, шет мемлекеттің заңнамасы
бойынша құрылған осындай заңды тұлғаға
(құқық мирасқорына) жүктеледі.
3.
Тұрақты мекеменің құқықтары мен
міндеттерін заңды тұлғаға беруі тиімді
басқару орны (нақты басқару органының
орналасқан жері) Қазақстан Республикасында
болатын, шет мемлекеттің заңнамасы
бойынша құрылған заңды тұлғаның салық,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер төлеу бойынша өзінің салық
міндеттемесін орындау мерзімдерін
өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
4.
Құқықтары мен міндеттерін заңды
тұлғаға беретін тұрақты мекеменің
салық берешегі болмаған кезде
салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың
бюджетке артық (қате) төленген сомалары
тиімді басқару орны (нақты басқару
органының орналасқан жері) Қазақстан
Республикасында болатын, шет мемлекеттің
заңнамасы бойынша құрылған заңды
тұлғаға қайтарылуға жатады.
5.
Салық органы осы баптың 1-тармағында
көрсетілген құжаттарды алған күннен
бастап он жұмыс күні ішінде құқықтары
мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін
тұрақты мекеменің жеке шоты бойынша
сальдоны тұрақты мекеменің құқықтары
мен міндеттері берілген заңды тұлғаның
орналасқан жері бойынша салық органына
осы Кодекстің 595-бабында белгіленген
тәртіппен беру актісінің негізінде
береді.
40-бап.
Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған
кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін
орындауы
1.
Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта
ұйымдастыру туралы шешім қабылданған
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде
бұл туралы орналасқан жері бойынша
салық органына жазбаша түрде хабарлайды.
Заңды
тұлға бөлініп шығу жолымен қайта
ұйымдастырылған кезде бөліну балансы
бекітілген күннен бастап үш жұмыс
күні ішінде орналасқан жері бойынша
салық органына сонымен бір мезгілде:
1)
құжаттық тексеру жүргізу туралы
салықтық өтінішті;
2)
таратудың салық есептілігін ұсынады.
3)
алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V
(01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
4)
алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V
(01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
РҚАО-ның
ескертпесі! 2-тармақтың
бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
2.
Таратудың салық есептілігі қайта
ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеуші
және (немесе) салық агенті болып
табылатын салықтың, бюджетке төленетін
басқа міндетті төлемдердің түрлері,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары және
әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық
тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш
табыс етілген салық кезеңінің басынан
бастап осындай өтініш табыс етілген
күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер
кезекті салық есептілігін табыс ету
мерзімі таратудың салық есептілігін
табыс еткеннен кейін басталса, осындай
кезекті салық есептілігін табыс ету
таратудың салық есептілігі табыс
етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі! 3-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
3.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға
таратудың салық есептiлiгiнде
көрсетiлген
салықты, бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi
төлемдердi,
әлеуметтiк
аударымдарды, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды төлеудi,
мiндеттi
зейнетақы жарналарын, мiндеттi
кәсiптiк
зейнетақы жарналарын аударуды салық
органына таратудың салық есептiлiгi
табыс етiлген
күннен бастап күнтiзбелiк
он күннен кешiктiрмей
жүргiзедi.
Таратудың
салық есептiлiгiнiң
алдында табыс етiлген
салық есептiлiгiнде
көрсетiлген
салықты, бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi
төлемдердi,
әлеуметтiк
аударымдарды, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды төлеу, мiндеттi
зейнетақы жарналарын, мiндеттi
кәсiптiк
зейнетақы жарналарын аудару мерзiмi
осы тармақтың бiрiншi
бөлiгiнде
көрсетiлген
мерзiм
өткеннен кейiн
басталатын болса, төлеу (аудару)
таратудың салық есептiлiгi
табыс етiлген
күннен бастап күнтiзбелiк
он күннен кешiктiрмей
жүргiзiледi.
4.
Салық органы құжаттық тексеруді қайта
ұйымдастырылатын
заңды
тұлғаның өтінішін өзі алғаннан кейін
жиырма жұмыс күнінен
кешіктірмей
бастауға тиіс.
5.
Бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған
кезде құжаттық тексеру аяқталғаннан
кейін қайта ұйымдастырылатын заңды
тұлға өзінің орналасқан жері бойынша
салық органына сонымен бір мезгілде:
1)
бөліну балансын;
2)
банктің және (немесе) банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның банктегі бар шоттарының
жабылғаны туралы анықтамасын табыс
етеді.
3)
алып тасталды - ҚР 2012.12.24 N
60-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
Егер
қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада
бюджетке артық төленген салықтар,
төлемдер мен өсімпұлдар сомалары
болса, аталған сомалар осы Кодекстің
599-бабында белгіленген тәртіппен қайта
ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық
берешегін өтеу есебіне жатқызылады.
Егер
қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада
бюджетке қате төленген салықтар,
төлемдер мен өсімпұлдар сомалары
болса, онда аталған сомалар осы
Кодекстің 601-бабында белгіленген
тәртіппен есебіне жатқызылады.
Қайта
ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық
берешегі жоқ болса, онда:
1)
бюджетке қате төленген салықтар және
басқа да міндетті төлемдер сомалары
осы Кодекстің 601-бабында белгіленген
тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру
кезінде алған мүліктегі үлесіне
барабар оның құқық мирасқорына (құқық
мирасқорларына) қайтарылуға жатады;
2)
бюджетке артық төленген салықтар,
төлемдер мен өсімпұлдар сомалары осы
Кодекстің 602-бабында белгіленген
тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру
кезінде алған мүліктегі үлесіне
барабар оның құқық мирасқорына (құқық
мирасқорларына) қайтарылуға жатады;
3)
бюджетке төленген басқа да міндетті
төлемдер сомалары осы Кодекстің
606-бабында белгіленген тәртіппен ол
(олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған
мүліктегі үлесіне барабар оның құқық
мирасқорына (құқық мирасқорларына)
қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның
ескертуі! 4)
тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N
297-IV
Заңының 2-бабын қараңыз).
4)
кеден органдары алатын кедендік
баждардың, салықтардың, кедендік
алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке
артық (қате) төленген сомалары Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасында
белгіленген тәртіппен оның құқықтық
мирасқорына (құқықтық мирасқорларына)
ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде
алған мүліктің үлесіне барабар түрде
қайтарылуға жатады;
5)
артық (қате) төленген айыппұл сомалары
оның құқық мирасқорына (құқық
мирасқорларына) ол (олар) қайта
ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі
үлесіне барабар осы Кодекстің
605-бабында белгіленген тәртіппен
қайтарылуға жатады.
Қайта
ұйымдастырылатын заңды тұлға осы
тармақта көрсетілген құжаттарды
мынадай талаптар:
РҚАО-ның
ескертпесі! 1)
тармақша жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
1)
салық берешегiнің,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша
берешегінің болмауы;
2)
салықтардың, төлемдердің және
өсімпұлдардың артық төленген сомаларының
болмауы;
3)
салықтардың, бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар
мен айыппұлдардың қате төленген
сомаларының болмауы;
4)
кеден органдары алатын кедендік
баждарды, салықтарды, кедендік алымдар
мен өсімпұлдарды есептеуді және
(немесе) олардың артық (қате) төленген
сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған
орындалмаған салықтық өтініштің
болмауы бір мезгілде сақталған
жағдайда, құжаттамалық тексеру
аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні
ішінде табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! Алтыншы
бөліктің бірінші абзацы жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Қайта
ұйымдастырылатын заңды тұлға салық
берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтiк
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешегі,
салықтардың, төлемақы мен өсімпұлдардың
артық төленген сомалары, салықтардың,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың
қате төленген сомалары болған кезде
осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
РҚАО-ның
ескертпесі! 1)
тармақша жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
1)
салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары және
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар
бойынша берешегі өтелген күннен;
2)
салықтардың, төлемақылардың,
өсiмпұлдардың
артық төленген сомалары қайтарылған
күннен;
3)
салықтардың, бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi
төлемдердiң,
өсiмпұлдар
мен айыппұлдардың қате төленген
сомалары қайтарылған күннен;
4)
кеден органдары алатын кедендiк
баждардың, салықтардың, кедендiк
алымдар мен өсiмпұлдардың
артық (қате) төленген сомалары
қайтарылған күннен кейiн
келетiн
күннен бастап үш жұмыс күнi
iшiнде
табыс етедi.
6.
Салық органы сәйкестендіру нөмірлерінің
ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін
алған күннен бастап он жұмыс күні
ішінде осы Кодекстің 595-бабына сәйкес
бөліну балансы негізінде жаңадан
туындаған заңды тұлғалардың орналасқан
жері бойынша салық органына бөлінген
заңды тұлғаның жеке есепшоттары
бойынша сальдоны береді.
6-1.
Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің
2) тармақшасында көрсетілген салық
есептілігін табыс етуді қоспағанда,
қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның
салық мiндеттемелерiн
орындау оның құқықтық мирасқорына
(құқықтық мирасқорларына) жүктеледi.
6-2.
Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын),
сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық
мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған
заңды тұлғаның салық берешегін өтеуге
қатысу үлесін белгілеу Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылады.
7.
Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы
осы заңды тұлғаның құқық мирасқорына
(құқық мирасқорларына) оның салықтар,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер бойынша салық міндеттемесін
орындау мерзімін өзгертуге негіз
болып табылмайды.
41-бап.
Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің
салық міндеттемесін орындау
1.
Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы
шешім қабылданған күннен бастап бір
ай ішінде өзінің орналасқан жері
бойынша салық органына бір мезгілде:
1)
құжаттық тексеру жүргізу туралы
салықтық өтінішті;
2)
таратудың салық есептілігін ұсынады.
3)
алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі);
4)
алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V
(01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
5)
алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі);
6)
алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V
(01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
РҚАО-ның
ескертпесі! 2-тармақтың
бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
2.
Таратудың салық есептілігі қызметін
тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және
(немесе) салық агенті болып табылатын
салықтың, бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің түрлері,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары және
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар
бойынша, құжаттық тексеру жүргізу
туралы салықтық өтініш табыс етілген
салық кезеңінің басынан бастап осындай
өтініш табыс етілген күнге дейінгі
кезең үшін жасалады.
Егер
кезекті салық есептілігін табыс ету
мерзімі таратудың салық есептілігі
табыс етілгеннен кейін басталған
жағдайда, осындай кезекті салық
есептілігін табыс ету таратудың салық
есептілігі табыс етілген күннен
кешіктірілмей жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі! 3-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
3.
Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер
таратудың салық есептілігінде
көрсетілген салықты және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді,
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
аударуды салық органына таратудың
салық есептілігі табыс етілген күннен
бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей
жүргізеді.
Егер
таратудың салық есептілігінің алдында
табыс етілген салық есептілігінде
көрсетілген салықты және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді,
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
аудару мерзімі осы тармақтың бірінші
бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен
кейін басталатын болса, төлеу (аудару)
таратудың салық есептілігі табыс
етілген күннен бастап күнтізбелік он
күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4.
Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің
салықтық өтінішін салық органы алғаннан
кейін құжаттық тексеру жиырма жұмыс
күнінен
кешіктірілмей
басталуға тиіс.
5.
Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің
салық берешегі оның ақшасы есебінен,
оның ішінде мүлкін сатудан алынған
ақша есебінен Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде белгіленген
кезектілік тәртібімен өтеледі.
6.
Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде
салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың
артық төленген сомасы бар болса, онда
көрсетілген сома қызметін тоқтататын
дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу
шотына осы Кодекстің 599-бабында
белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға
жатады.
Егер
қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде
салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар
мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы
бар болса, онда көрсетілген сома осы
Кодекстің 601-бабында белгіленген
тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
7.
Қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде
салық берешегі болмаған жағдайда:
1)
салықтың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің қате
төленген сомасы осы Кодекстің
601-бабында белгіленген тәртіппен осы
дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;
2)салықтың,
бюджетке төленетін төлемақылар мен
өсімпұлдардың артық төленген сомасы
осы Кодекстің 602-бабында белгіленген
тәртіппен осы дара кәсіпкерге
қайтарылуға жатады;
3)
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің төленген сомасы осы
Кодекстің 606-бабында белгіленген
тәртіппен осы дара кәсіпкерге
қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның
ескертуі! 4)
тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N
297-IV
Заңының 2-бабын қараңыз).
4)
айыппұлдардың төленген сомалары осы
Кодекстің 605-бабында белгіленген
тәртіппен осы дара кәсіпкерге
қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның
ескертуі! 5)
тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N
297-IV
Заңының 2-бабын қараңыз).
5)
кеден органдары алатын кедендік
баждардың, салықтардың, кедендік
алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке
артық (қате) төленген сомалары Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасында
белгіленген тәртіппен осы дара
кәсіпкерге қайтарылуға жатады.
РҚАО-ның
ескертпесі! 8-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
8.
Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің
салық міндеттемесі құжаттық тексеру
аяқталғаннан кейін және салық берешегі,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешегі
болмаған немесе олар, оның ішінде
құжаттық тексеру нәтижелері бойынша
қалыптасқан берешегі осы Кодекстің
608-бабында белгіленген мерзімдерде
өтелген жағдайда орындалды деп
есептеледі.
9.
Осы баптың 8-тармағына сәйкес салық
міндеттемесінің орындалған күні дара
кәсіпкерді салық органындағы тіркелу
есебінен шығару күні болып табылады.
10.
Салық органы осы баптың 8-тармағына
сәйкес салық міндеттемесі орындалған
күннен бастап үш жұмыс күнінен
кешіктірмей дара кәсіпкер ретінде
тіркеу есебінен шығаруды жүзеге
асырады және уәкілетті органның
интернет-ресурсында дара кәсіпкердің
тіркеу есебінен шығарылғаны туралы
ақпаратты орналастырады.
РҚАО-ның
ескертпесі! 10-1-тармақтың
бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
10-1.
Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген
мерзімдерде өтелмеген салық берешегiнің,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешектің
болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу
есебінен шығарудан бас тартуға негіз
болып табылады.
11.
Осы баптың ережелері осы Кодекске
сәйкес қызметін тоқтату кезінде салық
міндеттемесін орындау ерекшеліктері
қолданылған жағдайда дара кәсіпкерлерге
қолданылмайды.
42-бап.
Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың,
жеке сот орындаушысының, адвокаттың,
кәсіби медиатордың салық міндеттемесінің
орындалуы
1.
Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы,
адвокат, кәсіби медиатор нотариаттық,
адвокаттық қызметті, атқарушылық
құжаттарды орындау, дауларды медиация
тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті
тоқтату туралы шешім қабылданған
күннен бастап бір ай ішінде өзінің
орналасқан жері бойынша салық органына
бір мезгілде:
1)
құжаттық тексеру жүргізу туралы
салықтық өтінішті;
2)
таратудың салық есептілігін табыс
етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 2-тармақтың
бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 2.
Таратудың салық есептілігі қызметін
тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот
орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор
төлеушілер және (немесе) салық агенттері
болып табылатын салықтардың, бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің
түрлері, міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары
және әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар
бойынша құжаттық тексеру жүргізу
туралы салықтық өтініш табыс етілген
салық кезеңінің басынан бастап осындай
өтініш табыс етілген күнге дейінгі
кезең үшін жасалады.
Егер
кезекті салық есептілігін табыс ету
мерзімі таратудың салық есептілігі
табыс етілгеннен кейін басталатын
болса, осындай кезекті салық есептілігін
табыс ету таратудың салық есептілігі
табыс етілетін күннен кешіктірілмей
жүргізіледі.
3.
Қызметін тоқтататын жекеше нотариус,
жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби
медиатор таратудың салық есептілігінде
көрсетілген салықтарды және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді
төлеуді салық органына таратудың
салық есептілігі табыс етілетін күннен
бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей
жүргізеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 3-тармақтың
екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Егер
таратудың салық есептілігінің алдында
табыс етілген салық есептілігінде
көрсетілген салықтарды және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді,
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
аудару мерзімі осы тармақтың бірінші
бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен
кейін басталатын болса, онда төлеу
(аудару) таратудың салық есептілігі
табыс етілген күннен бастап күнтізбелік
он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4.
Құжаттық тексеру қызметін тоқтататын
жекеше нотариустың, жеке сот
орындаушысының, адвокаттың, кәсіби
медиатордың салықтық өтінішін салық
органы алғаннан кейін жиырма жұмыс
күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
5.
Егер қызметін тоқтататын жекеше
нотариуста, жеке сот орындаушысында,
адвокатта, кәсіби медиаторда салықтардың,
төлемдер мен өсімпұлдардың артық
төленген сомалары болса, онда көрсетілген
сомалар қызметін тоқтататын жекеше
нотариустың, жеке сот орындаушысының,
адвокаттың, кәсіби медиатордың салық
берешегін өтеу есебіне осы Кодекстің
599-бабында белгіленген тәртіппен
жатқызылуға жатады.
Егер
қызметін тоқтататын жекеше нотариуста,
жеке сот орындаушысында, адвокатта,
кәсіби медиаторда салықтардың, бюджетке
төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың
қате төленген сомалары болса, онда
көрсетілген сомалар осы Кодекстің
601-бабында белгіленген тәртіппен
есепке жатқызылуға жатады.
6.
Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың,
жеке сот орындаушысының, адвокаттың,
кәсіби медиатордың салық берешегі
болмаған кезде:
1)
салықтардың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің қате
төленген сомалары осы жекеше нотариусқа,
жеке сот орындаушысына, адвокатқа,
кәсіби медиаторға осы Кодекстің
601-бабында белгіленген тәртіппен
қайтарылуға жатады;
2)
салықтардың, бюджетке төленетін
төлемдер мен өсімпұлдардың артық
төленген сомалары осы жекеше нотариусқа,
жеке сот орындаушысына, адвокатқа,
кәсіби медиаторға осы Кодекстің
602-бабында белгіленген тәртіппен
қайтарылуға жатады;
3)
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің төленген сомалары осы
жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына,
адвокатқа, кәсіби медиаторға осы
Кодекстің 606-бабында белгіленген
тәртіппен қайтарылуға жатады;
4)
айыппұлдардың төленген сомалары
қызметін тоқтататын осы жекеше
нотариусқа, жеке сот орындаушысына,
адвокатқа, кәсіби медиаторға осы
Кодекстің 605-бабында белгіленген
тәртіппен қайтарылуға жатады;
5)
кеден органдары алатын кедендік
баждардың, салықтардың, кедендік
алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке
артық (қате) төленген сомалары қызметін
тоқтататын осы жекеше нотариусқа,
жеке сот орындаушысына, адвокатқа,
кәсіби медиаторға Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасында
белгіленген тәртіппен қайтарылуға
жатады.
РҚАО-ның
ескертпесі! 7-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
7.
Қызметін тоқтатқан жекеше нотариустың,
жеке сот орындаушысының, адвокаттың,
кәсіби медиатордың салық міндеттемесі
құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін
және салық берешегі, міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары, әлеуметтік аударымдар,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдар және (немесе)
жарналар бойынша берешегі болмаған
немесе олар, оның ішінде құжаттық
тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан
берешегі осы Кодекстің 608-бабында
белгіленген мерзімдерде өтелген кезде
орындалды деп есептеледі.
8.
Осы баптың 7-тармағына сәйкес салық
міндеттемесі орындалған күн жекеше
нотариусты, жеке сот орындаушысын,
адвокатты, кәсіби медиаторды салық
органындағы тіркеу есебінен шығару
күні болып табылады.
9.
Салық органы осы баптың 7-тармағына
сәйкес салық міндеттемесі орындалған
күннен бастап үш жұмыс күнінен
кешіктірмей жекеше нотариус, жеке сот
орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор
ретінде тіркеу есебінен шығаруды
жүзеге асырады және уәкілетті органның
интернет-ресурсында жекеше нотариустың,
жеке сот орындаушысының, адвокаттың,
кәсіби медиатордың тіркеу есебінен
шығарылғаны туралы ақпаратты
орналастырады.
РҚАО-ның
ескертпесі! 10-тармақтың
бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
10.
Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген
мерзімдерде өтелмеген салық берешегінің,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешектің
болуы жекеше нотариус, жеке сот
орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор
ретінде тіркеу есебінен шығарудан
бас тартуға негіз болып табылады.
43-бап.
Қызметі тоқтатылған кезде дара
кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының
салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
1.
Осы бап бір мезгілде мынадай талаптарға
сәйкес келетін:
1)
қосылған құн салығын төлеуші болып
табылмайтын;
2)
алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
3)
тәуекелдерді бағалау жүйесі
іс-шараларының нәтижелері негізінде
салықтық тексерулер жоспарына
енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын
дара кәсіпкердің салық міндеттемесін
орындаудың ерекшелігін айқындайды.
Осы
бап осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында
белгіленген талап қоюдың ескіру
мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған
шарттарға сәйкес келетін дара
кәсіпкерлерге қатысты қолданылады.
Осы тармақтың ережелері дара кәсіпкерлер
ретінде мемлекеттік тіркелген күннен
басталған кезеңі осы Кодекстің
46-бабының 2-тармағында белгіленген
талап қоюдың ескіру мерзімінен аз
дара кәсіпкерлерге де қатысты
қолданылады.
2.
Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы
шешім қабылдаған жағдайда орналасқан
жері бойынша салық органына бір
мезгілде:
1)
қызметті тоқтату туралы салықтық
өтінішті;
2)
осындай есепке алу болған жағдайда
қызметтің жекелеген түрлері бойынша
тіркелу есебінен шығару туралы салықтық
өтінішті;
3)
таратудың салық есептілігін;
4)
алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
5)
алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
6)
осы Кодекстің 648-бабында белгіленген
тәртіппен бақылау-кассалық машинаны
есептен шығару туралы салықтық өтінішті
табыс етеді.
Қызметі
тоқтатылатын дара кәсіпкер
бақылау-кассалық машинаны салық
органында есепке қойған жағдайда осы
тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген
құжатты табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 3-тармақтың
бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 3.
Таратудың салық есептілігі қызметі
тоқтатылатын дара кәсіпкер салық
төлеуші (салық агенті) болып табылатын
салықтардың, бюджетке төленетін басқа
міндетті төлемдердің түрлері бойынша,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша, қызметті
тоқтату туралы салықтық өтініш табыс
етілген салық кезеңінің басынан бастап
осындай өтініш табыс етілген күнге
дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер
кезекті салық есептілігін табыс ету
мерзімі таратудың салық есептілігі
табыс етілгеннен кейін басталса,
осындай кезекті салық есептілігін
табыс ету таратудың салық есептілігі
табыс етілген күннен кешіктірілмей
жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі! 4-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 4.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер
таратудың салық есептілігінде
көрсетілген салықты, бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік
аударымдарды, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды төлеуді,
міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды
салық органына таратудың салық
есептілігі табыс етілген күннен бастап
күнтізбелік он күннен кешіктірмей
жүргізеді.
Егер
таратудың салық есептілігінің алдында
табыс етілген салық есептілігінде
көрсетілген салықтарды, бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді,
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
аудару мерзімі осы тармақтың бірінші
бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен
кейін басталатын болса, онда төлеу
(аудару) салық органына таратудың
салық есептілігі табыс етілген күннен
бастап күнтізбелік он күннен
кешіктірілмей жүргізіледі.
5.
Салық органы дара кәсіпкердің қызметін
тоқтату туралы салықтық өтінішін
алған күннен бастап үш жұмыс күні
ішінде:
1)
мемлекеттік уәкілетті органдарға –
қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер
болып табылатын жеке тұлғаның
мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен
жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ
қызметті тоқтату туралы салықтық
өтініш алынған күнгі жағдай бойынша
оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс
ету туралы;
2)
кеден органдарына – қызметі тоқтатылатын
дара кәсіпкер болып табылатын жеке
тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері
туралы мәліметтерді табыс ету туралы,
сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар
бойынша салық органының талаптарын
алған күннен бұрынғы емес күнге
берешегінің жоқ екендігін растау
туралы;
3)
банктерге және (немесе) банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарға – қызметі
тоқтатылатын дара кәсіпкердің қызметін
тоқтату туралы салықтық өтініші
алынған күнгі банктік шоттарындағы
ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы
мәліметтерді табыс ету туралы сауал
жіберуге міндетті.
Осы
тармақтың 1) және 2) тармақшаларында
көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ
банктік шоттардағы ақша қозғалысы
туралы мәліметтер салық органының
қызметті тоқтату туралы салықтық
өтінішті алған күніне дейін қызметі
тоқтатылатын дара кәсіпкерге салықтық
тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы
Кодекстің 46-бабында белгіленген талап
қою мерзімі шегінде табыс етіледі.
6.
Салық органының осы баптың 5-тармағында
көрсетілген сауалдары бойынша
мәліметтер, егер осы Кодекстің
581-бабының 12) тармақшасында өзгеше
көзделмесе, оларды алған күннен бастап
жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей
табыс етілуге тиіс.
7.
Салық органы барлық мәліметтерді
алған күннен бастап он жұмыс күні
ішінде камералдық бақылауды жүзеге
асыруға және осы Кодексте белгіленген
тәртіппен қорытынды жасауға міндетті.
РҚАО-ның
ескертпесі! 7-тармақтың
екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). Қорытындыда
камералдық бақылаудың нәтижелері мен
салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер, міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша есеп
айырысудың жай-күйі көрсетіледі.
Қорытынды
кемінде екі данада жасалады және оған
салық органының лауазымды адамдары
қол қояды. Қорытындының бір данасы
қол қойылғаннан кейін үш күннен
кешіктірмей қолын қойдыра отырып дара
кәсіпкерге тапсырылады немесе оған
почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс
хатпен жіберіледі.
Салық
органы дара кәсіпкерге почта арқылы
хабарламасы бар хатпен жіберген
қорытындыны почта немесе өзге байланыс
ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте
белгіленген негіздер бойынша және
тәртіппен салықтық тексеріп-қарау
жүргізілген күн осындай қорытындыны
тапсырған күн болып табылады.
8.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша
бұзушылықтар анықталған жағдайда
дара кәсіпкерге қорытынды алынған
күннен бастап бес жұмыс күнінен
кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауында
белгіленген тәртіппен камералдық
бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
тапсырылады.
Дара
кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері
бойынша анықталған бұзушылықтарды
жою туралы хабарламаны орындауды осы
Кодекстің 587-бабында белгіленген
тәртіппен жүзеге асырады.
Хабарлама
орындалмаған және (немесе) салық
органдары қызметі тоқтатылатын дара
кәсіпкерге қатысты салық төлеуші
табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген
жағдайда құжаттық салықтық тексеру
жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттық
салықтық тексеру осындай хабарламаны
орындау және (немесе) анықталған
бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы
түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін
он жұмыс күнінен кешіктірілмей
басталуға тиіс.
9.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің
салық берешегі көрсетілген дара
кәсіпкердің ақшасы есебінен, оның
ішінде мүлкін өткізуден алынған ақша
есебінен Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде белгіленген
кезектілік тәртібімен өтеледі.
10.
Егер қызметі тоқтатылатын дара
кәсіпкерде салықтардың, бюджетке
төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың
артық төленген сомасы бар болса,
көрсетілген сома осы Кодекстің
599-бабында белгіленген тәртіппен осы
дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу
шотына есепке жатқызылуға жатады.
Егер
қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде
салықтардың, бюджетке төленетін
төлемақылар мен өсімпұлдардың қате
төленген сомасы бар болса, көрсетілген
сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген
тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
11.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде
салық берешегі болмаған жағдайда:
1)
салықтардың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің қате
төленген сомасы осы Кодекстің
601-бабында белгіленген тәртіппен осы
салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
2)
салықтардың, бюджетке төленетін
төлемақылардың, алымдар мен өсімпұлдардың
артық төленген сомасы осы Кодекстің
602-бабында белгіленген тәртіппен осы
салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
3)
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің төленген сомасы осы
Кодекстің 606-бабында белгіленген
тәртіппен осы салық төлеушіге
қайтарылуға жатады;
4)
айыппұлдардың төленген сомасы осы
Кодекстің 605-бабында белгіленген
тәртіппен осы салық төлеушіге
қайтарылуға жатады;
5)
кеден органдары алатын кедендік
баждардың, салықтардың, кедендік
алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке
артық (қате) төленген сомасы Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасында
белгіленген тәртіппен осы салық
төлеушіге қайтарылуға жатады.
РҚАО-ның
ескертпесі! 12-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 12.
Салық төлеушi
салық берешегiн,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешекті
төлеуді (аударуды) камералдық бақылаудың
нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы қорытынды
жасалған немесе хабарлама орындалған
күннен бастап күнтізбелік он күннен
кешіктірмей жүргізеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 13-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). 13.
Дара кәсіпкер:
1)
камералдық бақылау нәтижелері бойынша
бұзушылықтар және салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар бойынша берешегі болмаған
кезде – қорытынды жасалған;
2)
камералдық бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтар болған және
салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешегі
болмаған кезде – осындай бұзушылықтарды
жою туралы хабарлама орындалған;
3)
салық берешегі болған кезде және
камералдық бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтар толық көлемде
жойылған жағдайда – салық берешегі,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешегі
өтелген күннен бастап дара кәсіпкер
ретінде тіркеу есебінен шығарылды
деп танылады.
Дара
кәсіпкерді осы тармақта белгіленген
тәртіппен тіркеу есебінен шығару
туралы ақпарат дара кәсіпкер ретінде
тіркеу есебінен шығарылған күннен
бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті
органның интернет-ресурсында
орналастырылады.
Осы
баптың 12-тармағында белгіленген
мерзімдерде өтелмеген салық берешегiнің,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешектің
болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу
есебінен шығарудан бас тартуға негіз
болып табылады.
Осы
тармаққа сәйкес тіркеу есебінен
шығарудан бас тартылған дара кәсіпкерлер
туралы ақпарат осы баптың 12-тармағында
белгіленген төлеу мерзімі өткен күннен
бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті
органның интернет-ресурсында
орналастырылады.
14.
Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
15.
Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
43-1-бап.
Дара кәсіпкерлердің жекелеген
санаттарының қызметін оңайлатылған
тәртіппен тоқтату
1.
Дара кәсіпкерлердің жекелеген
санаттарының қызметін оңайлатылған
тәртіппен тоқтату осы Кодекстің
586-бабында белгіленген камералдық
бақылау жүргізілмей:
1)
салық төлеушінің қызметті тоқтату
туралы салықтық өтінішінің не
2)
салық есептілігін табыс етуді тоқтата
тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы
салықтық өтініште немесе патент
құнының есеп-қисабында қамтылған
жазбаша келісімнің негізінде жүзеге
асырылады.
2.
Қызметін тоқтату туралы салықтық
өтінішті беру кезінде бір мезгілде
мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1)
қосылған құн салығын төлеуші ретінде
тіркеу есебінде тұрмайтын;
2)
бірлескен кәсіпкерлік нысанында
қызметті жүзеге асырмайтын;
3)
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін
арнаулы салық режимі қолданылмайтын
қызмет түрлері бойынша табыстар мен
шығыстардың, мүліктің бөлек есепке
алынуын қолданатын бірыңғай жер
салығын төлеушілер болып табылмайтын;
4)
осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында
көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін
жүзеге асырмайтын;
5)
тәуекелдерді бағалау жүйесі
іс-шараларының нәтижелері негізінде
салықтық тексерулер жоспарында жоқ;
РҚАО-ның
ескертпесі! 6)
тармақша жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
6)
салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешегі
жоқ Қазақстан Республикасының
азаматтары немесе оралмандар болып
табылатын дара кәсіпкерлер қызметті
оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға
жатады.
Осы
бап осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында
белгіленген талап қоюдың ескіру
мерзімі ішінде, осы тармақтың бірінші
бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында
айқындалған шарттарға сәйкес келетін
дара кәсіпкерлерге қатысты қызметті
тоқтату туралы салықтық өтініш беру
күніне немесе осы баптың 5-тармағында
белгіленген жағдайлар басталғанға
дейін қолданылады.
3.
Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің
1) тармақшасында көзделген негіз
бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен
тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің
орналасқан жері бойынша салық органына
бір мезгілде:
1)
қызметті тоқтату туралы салықтық
өтінішті;
2)
таратудың салық есептілігін;
3)
осы Кодекстің 648-бабында белгіленген
тәртіппен бақылау-касса машинасын
(ол болған кезде) есептен шығару туралы
салықтық өтінішті табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі! 3-тармақтың
екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Таратудың
салық есептілігі қызметін тоқтататын
дара кәсіпкер төлеуші және (немесе)
салық агенті болып табылатын салықтардың,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің түрлері бойынша, міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша, қызметті
тоқтату туралы салықтық өтініш табыс
етілген салық кезеңінің басынан бастап
осындай өтініш табыс етілген күнге
дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер
кезекті салық есептілігін табыс ету
мерзімі таратудың салық есептілігі
табыс етілгеннен кейін басталатын
болса, осындай кезекті салық есептілігін
табыс ету таратудың салық есептілігі
табыс етілетін күннен кешіктірілмей
жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі! 4-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
4.
Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің
1) тармақшасында көзделген негіз
бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен
тоқтату кезінде таратудың салық
есептілігінде көрсетілген салықтарды
және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді, әлеуметтік
аударымдарды, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аудару салық
органына таратудың салық есептілігі
табыс етілген күннен бастап күнтізбелік
он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер
таратудың салық есептілігінің алдында
табыс етілген салық есептілігінде
көрсетілген салықтарды және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді,
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
аудару мерзімі осы тармақтың бірінші
бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен
кейін басталатын болса, онда төлеу
(аудару) таратудың салық есептілігі
табыс етілген күннен бастап күнтізбелік
он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Салық
органы осы тармаққа сәйкес салық
міндеттемесі орындалған күннен бастап
үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара
кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды
жүзеге асырады және уәкілетті органның
интернет-ресурсында дара кәсіпкердің
тіркеу есебінен шығарылғаны туралы
ақпаратты орналастырады.
Салық
органы:
1)
осы баптың 2-тармағында көзделген
шарттарға сәйкес келмеген және (немесе)
осы баптың 3-тармағының талаптары
орындалмаған кезде – қызметті тоқтату
туралы салықтық өтініш берілген күннен
бастап үш жүмыс күні ішінде;
2)
осы тармақта көзделген талаптар
орындалмаған кезде – салықтарды және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және
(немесе) жарналарды төлеу, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аудару мерзімі
өткен күннен бастап үш жұмыс күні
ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу
есебінен шығарудан бас тартады және
уәкілетті органның интернет-ресурсында
ақпаратты орналастырады.
5.
Мынадай жағдайларда:
1)
патент негізіндегі арнаулы салық
режимін қолданатын және патенттiң
қолданылу мерзiмi
өткен немесе қызметті тоқтата тұру
кезеңі аяқталған күннен бастап
күнтізбелік алпыс күн ішінде патент
құнының кезекті есеп-қисабын табыс
етпеген;
2)
салық есептілігін табыс етуді тоқтата
тұрған және қызметті тоқтата тұру
кезеңі аяқталғаннан кейін осы Кодексте
белгіленген салық есептілігін табыс
ету мерзімі өткен күннен бастап
күнтізбелік алпыс күн ішінде салық
есептілігін табыс етпеген дара
кәсіпкерлер осы баптың 1-тармағы
бірінші бөлігінің 2) тармақшасында
көзделген негіз бойынша қызметті
оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға
жатады.
Осы
тармақта көрсетілген жағдайларда
дара кәсіпкердің орналасқан жері
бойынша салық органы:
осы
баптың 2-тармағында көзделген шарттарға
сәйкес келген кезде;
салық
органында тіркеу есебінде тұрған
бақылау-касса машинасы болмаған
жағдайда;
осы
тармақтың бірінші бөлігінің 1) және
2) тармақшаларында белгіленген
мерзімдердің біреуі өткен күннен
бастап үш жұмыс күні ішінде дара
кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен
шығаруды жүзеге асырады.
Дара
кәсіпкерді осы тармақта белгіленген
тәртіппен тіркеу есебінен шығару
туралы ақпарат осы тармақтың бірінші
бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында
белгіленген мерзімдердің біреуі өткен
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде
уәкілетті органның интернет-ресурсында
орналастырылады.
6.
Салық төлеуші:
РҚАО-ның
ескертпесі! 6-тармақтың
екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
осы
баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1)
тармақшасында көзделген негіз бойынша
қызметті оңайлатылған тәртіппен
тоқтату кезінде – салықтарды және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және
(немесе) жарналарды төлеу, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аудару күнінен;
осы
баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2)
тармақшасында көзделген негіз бойынша
қызметті оңайлатылған тәртіппен
тоқтату кезінде – соңғы патенттің
қолданылу мерзімі өткен (қызметті
тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда)
күннен;
осы
баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2)
тармақшасында көзделген негіз бойынша
қызметті оңайлатылған тәртіппен
тоқтату кезінде – салық есептілігін
табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта
бастау) туралы салықтық өтініште
көрсетілген қызметті тоқтата тұру
кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен
бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу
есебінен шығарылған болып танылады.
РҚАО-ның
ескертпесі! 7-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
7.
Салық органы осы бапқа сәйкес дара
кәсіпкердің қызметі тоқтатылғаннан
кейін талап қоюдың ескіру мерзімі
ішінде бұзушылықтарды анықтаған
жағдайда, дара кәсіпкер ретінде тіркелу
кезеңінде жүзеге асырылатын қызмет
бойынша салықтар және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша салық
міндеттемелерін есептеуді жеке тұлға
оларды төлеу жөнінде міндеттемелер
туындаған күні қолданыста болатын
Қазақстан Республикасының салық
заңнамасына сәйкес жүргізеді.
44-бап.
Хабарсыз кеткен деп танылған жеке
тұлғаның салық міндеттемесін орындау
1.
Жеке тұлғаның салық міндеттемесі ол
соттың күшіне енген шешімі негізінде
хабарсыз кеткен деп танылған кезден
бастап тоқтатыла тұрады.
2.
Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке
тұлғаның салық берешегін хабарсыз
кеткен деп танылған жеке тұлғаның
мүлкіне қорғаншылық жасау жөніндегі
міндет жүктелген адам өтейді.
3.
Егер хабарсыз кеткен деп танылған
жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін
өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда оның
салық берешегінің өтелмеген бөлігін
салық органы мүліктің жеткіліксіздігі
туралы сот шешімі негізінде есептен
шығарады.
4.
Сот адамды хабарсыз кеткен деп тану
туралы шешімнің күшін жойған кезде,
бұрын салық органы есептен шығарған
салық берешегінің күші осы Кодекстің
46-бабында белгіленген талап қою
мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен
қайта басталады.
45-бап.
Қайтыс болған жеке тұлғаның салық
берешегін өтеу
1.
Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі,
сондай-ақ оны соттың күшіне енген
шешімі негізінде қайтыс болды деп
жариялау күнгі жиналып қалған салық
берешегін оның мұрагері (мұрагерлері)
мұраға қалдырылған мүліктің құны
шегінде және мұраны алған күнгі ондағы
үлесіне барабар өтейді.
Егер
қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ
соттың күшіне енген шешімі негізінде
қайтыс болды деп жарияланған жеке
тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу
үшін жеткіліксіз болса, онда салық
берешегінің өтелмеген бөлігін салық
органы мүліктің жеткіліксіздігі
туралы сот шешімі негізінде есептен
шығарады.
2.
Егер мұрагер (мұрагерлер) кәмелетке
толмаған болса, онда жеке тұлғаның
қайтыс болған күнгі немесе оны қайтыс
болды деп жариялау күнгі жиналып
қалған салық берешегін өтеу бойынша
міндеттеме соттың күшіне енген шешімі
негізінде ғана осындай мұрагерге
(мұрагерлерге) мұраға қалдырылған
мүліктің құны шегінде және мұраны
алған күнгі ондағы үлесіне барабар
шекте жүктеледі.
3.
Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі
немесе оны соттың күшіне енген шешімі
негізінде қайтыс болды деп жариялау
күнгі жиналып қалған салық берешегі,
егер:
1)
кәмелетке толмаған мұрагер (мұрагерлер)
соттың күшіне енген шешімі негізінде
осындай берешекті өтеу жөніндегі
салық міндеттемесінен босатылса;
2)
мұрагері (мұрагерлері) жоқ болса,
өтелген болып саналады.
Сот
жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау
туралы шешімнің күшін жойған кезде
бұрын салық органы есептен шығарған
салық берешегінің күші осы Кодекстің
46-бабында белгіленген талап қою
мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен
қайта басталады.
4.
Осы баптың ережелері қайтыс болған
немесе соттың күшіне енген шешімі
негізінде қайтыс болған деп жарияланған
дара кәсіпкерге де, жекеше нотариусқа
да, жеке сот орындаушысына да, адвокатқа
да, кәсіби медиаторға да қолданылады.
46-бап.
Салық міндеттемесі мен талабы бойынша
талап қою мерзімі
1.
Салық міндеттемесі мен талабы бойынша
талап қою мерзімі:
1)
салық органы салықтың және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің
сомасын есепке жазуға немесе олардың
есептелген, есепке жазылған сомасын
қайта қарауға құқылы;
2)
салық төлеуші (салық агенті) салық
есептілігін табыс етуге міндетті,
салық есептілігіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізуге, салық есептілігін
кері қайтарып алуға құқылы;
3)
салық төлеуші (салық агенті) салықты
және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды
есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды
талап етуге құқылы;
4)
салық органы салықты және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді,
өсімпұлдарды есепке жатқызуды және
(немесе) қайтаруды жүргізуге міндетті
болатын уақыт кезеңі.
2.
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе,
салық міндеттемесі мен талабы бойынша
талап қою мерзімі бес жылды құрайды.
Талап қою мерзімінің өтуі, осы бапта
көзделген жағдайларды қоспағанда,
тиісті салық кезеңі аяқталғаннан
кейін басталады.
3.
Қызметін жер қойнауын пайдалануға
арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге
асыратын салық төлеушілер бойынша
салық органы жер қойнауын пайдалануға
арналған келісімшарттың қолданылу
мерзімі ішінде және жер қойнауын
пайдалануға арналған келісімшарттың
қолданылуы аяқталғаннан кейін бес
жыл ішінде үстеме пайда салығының,
салықтың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің сомасын,
сондай-ақ осы Кодекстің 94 және
107-баптарына сәйкес кен орындарын
әзірлеу салдарын жоюға арналған
шығыстар бойынша шегерімдер бөлігінде
корпоративтік табыс салығы және онымен
байланысты жылдық жиынтық табысты
түзету сомасын есепке жазуға немесе
олардың есептелген, есепке жазылған
сомасын қайта қарауға құқылы, оларды
есептеу әдістемесінде мынадай
көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің
ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың
ішкі нормасы немесе R-фактор
(табыстылық көрсеткіші) қолданылады.
3-1.
Осы Кодекстің 17-1-тарауын қолданған
кезде инвестициялық басым жобаны іске
асыруды көздейтін инвестициялық
келісімшарттың қолданылу кезеңі
ішінде және осы инвестициялық
келісімшарттың қолданылу мерзімі
өткен немесе қолданылуы өзгеше
тоқтатылған күннен бастап бес жыл
ішінде салықтардың және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің
сомаларын есептеуге, есепке жазуға
немесе олардың есептелген, есепке
жазылған сомаларын қайта қарауға
салық төлеуші міндетті, ал салық
қызметінің органы құқылы.
Осы
тармақтың ережелері қосылған құн
салығы және акциз бойынша салық
міндеттемесін орындауға қолданылмайды.
3-2.
Осы Кодекстің 273-1-бабын қолдану
мақсатында қосылған құн салығы бойынша
салық міндеттемесі мен талабы бойынша
талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі:
1)
өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен
құрылыстарды салу кезеңі үшін –
Қазақстан Республикасының аумағында
мұндай ғимараттар мен құрылыстар
алғаш рет пайдалануға берілген салық
кезеңі аяқталғаннан кейін басталады;
2)
геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу
және кен орнын жайластыру кезеңі үшін
– кең таралған пайдалы қазбаларды,
жерасты суларын және емдік балшықтарды
қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға
арналған тиісті келісімшарт шеңберінде
өндірілген пайдалы қазбалардың
экспорты басталатын күнге тура келетін
салық кезеңі аяқталғаннан кейін
басталады.
Бұл
ретте, егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға
дейін жүзеге асырылған болса, талап
қою мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан
басталады.
Осы
тармақта көрсетілген қосылған құн
салығын есепке жазу немесе оның
есептелген, есепке жазылған сомасын
қайта қарау мақсаттары үшін талап
қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық
төлеуші қосылған құн салығы бойынша
декларацияны қосылған құн салығының
асып кетуін қайтару туралы талаппен
ұсынған салық кезеңі аяқталғаннан
кейін басталады.
4.
Жалған кәсiпорын
деп танылған салық төлеушiмен
жасалған операциялар бойынша немесе
жеке кәсiпкерлiк
субъектiсiмен
іс жүзінде жұмыстар орындалмай,
қызметтер көрсетілмей, тауарлар
тиеп-жөнелтілмей жасалған шот-фактура
жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша
салықтың және бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi
төлемдердiң
есептелген сомасын есепке жазуды
немесе қайта қарауды салық қызметi
органы соттың үкiмi
немесе қаулысы заңды күшiне
енгеннен кейiн
салық мiндеттемесi
мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру
мерзiмi
шегiнде
жүргiзедi.
5.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе,
салық төлеуші (салық агенті) осы баптың
1-тармағында белгіленген қуынымның
ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға
жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын
кезең үшін қосымша салық есептілігін
табыс еткен жағдайда, көрсетілген
қуынымның ескіру мерзімі салықтарды
және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді есепке жазу және
(немесе) олардың есептелген сомасын
қайта қарау бөлігінде күнтізбелік
бір жылға ұзартылады.
Салық
төлеуші (салық агенті) осы баптың
1-тармағында белгіленген қуынымның
ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға
жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын
кезең үшін залалдарды ауыстыру
бөлігінде өзгерістерімен және
толықтыруларымен қосымша салық
есептілігін табыс еткен жағдайда,
көрсетілген қуынымның ескіру мерзімі
бюджетке төленетін корпоративтік
табыс салығын есепке жазу және (немесе)
есептелген сомасын қайта қарау
бөлігінде күнтізбелік үш жылға
ұзартылады.
6.
Осы Кодексте белгіленген тәртіппен
салық органдарының есепке жатқызуына
және (немесе) қайтаруына жататын салық
және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер, өсімпұлдар бойынша
есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды
жүргізу үшін талап қою мерзімі осы
Кодекстің 548-бабында белгіленген
жағдайды қоспағанда, салық кезеңі
аяқталғаннан кейін бес жыл болады.
Салық
төлеуші осы баптың 2 және 3-2-тармақтарында
көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі
шегінде ол бойынша қайтару туралы
талап ұсынған қосылған құн салығының
расталған асып кеткен сомасын салық
органдарының қайтару мақсаттары үшін
қайтаруды және (немесе) осы Кодекстің
600-бабында көзделген есепке жатқызуды
жүргізуге арналған талап қоюдың ескіру
мерзімі қайтаруға ұсынылған қосылған
құн салығының асып кеткен сомасының
анықтығы, оның ішінде тексеру
нәтижелеріне Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес шағым жасау
қорытындылары бойынша расталған салық
кезеңі аяқталғаннан кейін бес жылды
құрайды.
6-1.
Осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3)
тармақшасын қолдану кезінде салық
төлеуші, салық органы жеке тұлғаны
оқыту кезеңінің ішінде және жеке
тұлғаны оқыту аяқталған күннен бастап
бес жыл ішінде салық салынатын табысты
түзету сомасын, сондай-ақ корпоративтік
табыс салығы немесе жеке табыс салығы
сомасын қайта қарауға, есептеуге
немесе есепке жазуға құқылы.
7.
Салық міндеттемесі мен талабы бойынша
талап қоюдың ескіру мерзiмдерi
салық төлеушінің (салық агентінің)
Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен тексеру
нәтижелері туралы хабарламаға,
сондай-ақ салық органдары лауазымды
адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағым жасау кезеңінде өткен жағдайда,
талап қоюдың ескіру мерзiмi
арызды (шағымды) қарау нәтижелері
бойынша шығарылған шешім орындалғанға
дейін шағым жасалатын бөлігінде
ұзартылады.
7-1.
Салық міндеттемесі мен талабы бойынша
талап қоюдың ескіру мерзiмдерi
салық төлеушi
(салық агентi)
салықтық тексерудің алдын ала актiсiне
қарсылық берген кезеңде, сондай-ақ
оны салық органы қараған кезеңде өткен
жағдайда, салықтарды және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді
есепке жазу немесе олардың есептелген,
есепке жазылған сомасын қайта қарау
бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзiмi
Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен салық төлеушi
(салық агентi)
салықтық тексерудің алдын ала актiсiне
жазбаша қарсылық берген кезеңге,
сондай-ақ салық төлеушiнің
(салық агентінің) салықтық тексерудің
алдын ала актiсіне
жазбаша қарсылығын салық органы
қараған кезеңге тоқтатыла тұрады.
|