ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІ

 

 Мазмұны

 

1-бөлiм. Жалпы ережелер

1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу заңдары

1-бап. Азаматтық iс жүргiзу заңдарымен реттелетiн қатынастар

2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңдары

3-бап. Азаматтық сот iсiн жүргiзуде басым күшi бар құқықтық нормаларды қолдану

4-бап. Азаматтық iс жүргiзу заңының уақыт жағынан қолданылуы

 

2-тарау. Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң мiндеттерi мен принциптерi

5-бап. Азаматтық сот iсiн жүргiзудiң мiндеттерi

6-бап. Заңдылық

7-бап. Сот төрелiгiн тек қана соттың жүзеге асыруы

8-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сотта қорғау

9-бап. Жеке адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу

10-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы

11-бап. Меншiкке қол сұғылмаушылық

12-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi

13-бап. Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдiгi

14-бап. Сот iсiн жүргiзу тілі

15-бап. Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы

16-бап. Дәлелдемелердi iшкi сенім бойынша бағалау

17-бап. Куәлiк жауап беру мiндетiнен босату

18-бап. Бiлiктi заң көмегiн алуға құқықты қамтамасыз ету

19-бап. Сотта iстi қараудың жариялылығы

20-бап. Сотта iстi қарау барысында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

21-бап. Сот актілерінiң мiндеттілігi

22-бап. Iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану бостандығы

23-бап. Азаматтық сот iсiн жүргiзу принциптерiнiң мәнi

 

3-тарау. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық

24-бап. Азаматтық iстердiң соттарға ведомстволық бағыныстылығы

25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың шешуiне беру

26-бап. Сотқа ведомстволық бағыныстылықтың басымдығы

27-бап. Аудандық (қалалық) соттың және оған теңестiрiлген соттардың соттауына жататын азаматтық iстер

28-бап. 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 227-ІV ҚР Заңымен алып тасталды

29-бап. 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 227-ІV ҚР Заңымен алып тасталды

30-бап. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы

31-бап. Жауапкердiң тұрған жерi бойынша талап қою

32-бап. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу

33-бап. Ерекше соттылық

34-бап. Шарттық соттылық

35-бап. Өзара байланысты бірнеше iстiң соттылығы

36-бап. Iстi бір соттың жүргiзуiнен алып басқасына беру

 

4-тарау. Соттың құрамы, қарсылық бiлдiру

37-бап. Соттың құрамы

38-бап. Алқалы құрамдағы соттың мәселелердi шешу тәртібі

39-бап. Судьяның iстi қарауға қайта қатысуына жол берiлмейтiндiгi

40-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру үшiн негiздер

41-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық бiлдiру үшiн негiздер

42-бап. Қарсылықтар бiлдiру (өздiгiнен бас тарту) туралы мәлiмдемелер және оларды шешудiң тәртібі

43-бап. Қарсылық бiлдiру (өздiгiнен бас тарту) туралы мәлiмдеменi қанағаттандырудың салдары

 

5-тарау. Iске қатысушы тұлғалар

44-бап. Iске қатысушы тұлғалардың құрамы

45-бап. Азаматтық iс жүргiзу құқық қабiлеттілігi

46-бап. Азаматтық iс жүргiзу әрекет қабiлеттілігi

47-бап. Iске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

48-бап. Тараптар

49-бап. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгеру, талап қоюдан бас тарту, талап қоюды тану, бітімгершілік келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім

50-бап. Iске бірнеше талап қоюшының немесе жауапкердiң қатысуы

51-бап. Тиiстi емес жауапкердi ауыстыру

52-бап. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалар

53-бап. Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлiмдемейтiн үшiншi тұлғалар

54-бап. Iс жүргiзу құқық мирасқорлығы

55-бап. Прокурордың сот iсiн жүргiзуге қатысуы

56-бап. Басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердi қорғау үшiн сотқа жүгiну

57-бап. Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының iс бойынша қорытынды беру үшiн процеске қатысуы

 

6-тарау. Сотта өкiлдiк ету

58-бап. Iстi өкiлдер арқылы жүргiзу

59-бап. Тапсырма бойынша өкiлдiк ету

60-бап. Сотта өкiлдер бола алмайтын тұлғалар

61-бап. Өкiлдiң өкiлеттiктерi

62-бап. Өкiлдiң өкiлдiктерiн ресiмдеу

63-бап. Заңды өкiлдер

 

7-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу

64-бап. Дәлелдемелер

65-бап. Дәлелдеу мiндетi

66-бап. Дәлелдемелердi ұсыну

67-бап. Дәлелдемелердiң қатыстылығы

68-бап. Дәлелдемелерге жол беру

69-бап. Дәлелдемелер ретiнде жол беруге болмайтын нақты деректер

70-бап. Дәлелдемелердiң растығы

71-бап. Дәлелдеуден босатудың негiздерi

72-бап. Сот тапсырмалары

73-бап. Сот тапсырмасын орындау тәртібі

74-бап. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету

75-бап. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы өтiнiш

76-бап. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету тәртібі

77-бап. Дәлелдемелердi бағалау

78-бап. Тараптардың және үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi

79-бап. Куәнiң айғақтары

80-бап. Куәнiң мiндеттерi мен құқықтары

81-бап. Жазбаша дәлелдемелер

82-бап. Жазбаша дәлелдемелердi жинау тәртібі

83-бап. Сотқа жазбаша дәлелдемелер табыс ету мiндеттілігi

84-бап. Жазбаша дәлелдемелердi сақталып тұрған жерiнде қарау және зерттеу

85-бап. Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелердi қайтару

86-бап. Заттай дәлелдемелер

87-бап. Заттай дәлелдемелердi сақтау және қарау

88-бап. Тез бүлiнетiн заттай дәлелдемелердi қарау

89-бап. Заттай дәлелдемелерге билiк ету

90-бап. Дәлелдеу процесiндегi ғылыми-техникалық құралдар

91-бап. Сараптама тағайындау

91-1-бап. Үлгiлердi алу

91-2-бап. Дәрiгердiң немесе басқа маманның, сондай-ақ сарапшының үлгiлердi алуы

91-3-бап. Үлгiлердi алу кезiнде тұлғаның құқықтарын қорғау

92-бап. Сарапшының құқықтары мен мiндеттерi

93-бап. Сараптама жүргiзу тәртібі

94-бап. Жеке және комиссиялық сараптама

95-бап. Кешендi сараптама

96-бап. Сарапшының қорытындысы

97-бап. Қорытынды берудiң мүмкiн еместегi туралы хабарлама

98-бап. Қосымша және қайталама сараптама

98-1-бап. Сарапшыдан жауап алу

99-бап. Маманды iс жүргiзу әрекеттерiне қатыстыруға тарту

 

8-тарау. Сот шығындары

100-бап. Сот шығындары ұғымы және олардың құрамы

101-бап. Мемлекеттік баж

102-бап. Талап қою бағасы

103-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу

104-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату

105-бап. 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ ҚР Заңымен алып тасталды

106-бап. Мемлекеттік бажды қайтару

107-бап. Iс бойынша iс жүргiзуге байланысты шығындар

108-бап. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға төленуге тиiстi сомалар

109-бап. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға тиесiлi сомаларды төлеу

110-бап. Сот шығындарын тараптардың арасында бөлу

111-бап. Өкiлдiң көмегiне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу

112-бап. Уақыт ысырабынан келтiрiлген залалдарды өндiрiп алу

113-бап. Талап қоюдан бас тарту, бітімгершілік келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім кезінде сот шығындарын бөлу

114-бап. Тегін заң көмегін көрсету

115-бап. Тараптарға сот шығындарын өтеу

116-бап. Сот шығындарын мемлекетке өтеу

117-бап. Сот шығындарына байланысты мәселелер жөніндегі ұйғарымдарға шағым беру және наразылық келтiру

 

9-тарау. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiргенi үшiн мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары

118-бап. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiргенi үшiн мәжбүрлеу шаралары

119-бап. Ерiксiз келтiру

120-бап. Сот залынан шығарып жiберу

121-бап. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiргенi үшiн жауаптылық шаралары

122-бап. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiргенi үшiн мәжбүрлеу және жауаптылық шараларын қолдану. Оларға шағымдану және наразылық беру тәртібі

 

10-тарау. Iс жүргiзу мерзiмдерi

123-бап. Iс жүргiзу әрекеттерiн жасау мерзiмдерi

124-бап. Iс жүргiзу мерзiмдерiн есептеу

125-бап. Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң аяқталуы

126-бап. Iс жүргiзу мерзiмдерiн өткiзiп алу салдары

127-бап. Iс жүргiзу мерзiмдерiн тоқтата тұру

128-бап. Iс жүргiзу мерзiмдерiн ұзарту және қалпына келтiру

 

11-тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары

129-бап. Соттың хабарлаулары мен шақырулары

130-бап. Шақыру қағазының немесе өзге де хабарлаудың, шақырудың мазмұны

131-бап. Шақыру қағазын жеткізу

132-бап. Шақыру қағазын тапсыру

133-бап. Шақыру қағазын немесе өзге хабарлауды, шақыруды қабылдаудан бас тартудың салдары

134-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды ауыстыру

135-бап. Жауапкер болған жердiң белгiсiздiгi және оны iздестiру

 

12-тарау. 2001 жылғы 11 шілдедегі № 238-ІІ ҚР Заңымен алып тасталды

2-бөлiм. Бірiншi сатыдағы сотта iс жүргiзу

1-бөлiмше. Бұйрық арқылы iс жүргiзу

13-тарау. Бұйрық арқылы iс жүргiзу

139-бап. Сот бұйрығының негiзiнде берешектi өндiрiп алу

140-бап. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар

141-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны

142-бап. Мемлекеттік баж

143-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негiздерi

144-бап. Арыздағы кемшiлiктердi жою

145-бап. Сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзiмi

146-бап. Сот бұйрығының мазмұны

147-бап. Борышкерге сот бұйрығының көшiрмесiн жiберу

148-бап. Сот бұйрығының күшiн жою

149-бап. Өндiрiп алушыға сот бұйрығын беру

 

2-бөлiмше. Талап қою бойынша iс жүргiзу

14-тарау. Талап қою

150-бап. Талап арыздың нысаны мен мазмұны

151-бап. Талап арызға қоса тiркелетiн құжаттар

152-бап. Талап арызды қабылдау

153-бап. Талап арызды қабылдаудан бас тарту

154-бап. Талап арызды қайтару

155-бап. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру

156-бап. Қарсы талап қою

157-бап. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары

 

15-тарау. Талап қоюды қамтамасыз ету

158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету үшiн негiздер

159-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары

160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

161-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау

162-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудiң бір түрiн екiншi түрiмен ауыстыру

163-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудiң күшiн жою

164-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ұйғарымдарға шағымдану

165-бап. Талап қоюды қамтамасыз етумен келтiрiлген залалдарды жауапкерге өтеу

 

16-тарау. Iстi сотта қарауға әзiрлеу

166-бап. Iстi әзiрлеудiң мiндеттерi

167-бап. Iстi сотта қарауға әзiрлеу мерзiмдерi

168-бап. Iстi сотта қарауға әзiрлеу туралы ұйғарым

169-бап. Арыздың көшiрмелерiн және оған қоса тiркелген құжаттарды жауапкерге жiберу

169-1-бап. Талап арызға пiкiр

170-бап. Судьяның iстi сотта қарауға әзiрлеу жөніндегі iс-әрекеттерi

171-бап. Бірнеше талап қою талаптарын бірiктiру және ажырату

172-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату және iстi сотта қарауға әзiрлеген кезде арызды қараусыз қалдыру

173-бап. Iстi сотта iс қарауға тағайындау

 

17-тарау. Сотта iс қарау

174-бап. Азаматтық iстердi қараудың және шешудiң мерзiмдерi

175-бап. Сот отырысы

176-бап. Сот отырысында төрағалық етушi

177-бап. Сотта iс қараудың тiкелей және ауызша жүргiзiлуi

178-бап. Сот отырысындағы тәртiп

179-бап. Сот отырысында тәртiп бұзушыларға қолданылатын шаралар

180-бап. Сот отырысын ашу

181-бап. Процеске қатысушылардың келуiн тексеру

182-бап. Аудармашыға оның мiндеттерiн түсiндiру

183-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығару

184-бап. Сот құрамын жария ету және қарсылық бiлдiру құқығын түсiндiру

185-бап. Iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

186-бап. Соттың iске қатысушы адамдардың өтiнiштерiн шешуi

187-бап. Iске қатысушы адамдар мен өкiлдердiң сот отырысына келмеу салдарлары

188-бап. Сот отырысына куәнiң, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдарлары

189-бап. Iстi қарауды кейiнге қалдыру

190-бап. Iстi қарау кейiнге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу

191-бап. Сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

192-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың басталуы

193-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, жауапкердің талап қоюды мойындауы, тараптардың бітімгершілік келісімі және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім

194-бап. Iске қатысушы адамдардың түсiнiктемелерi

195-бап. Дәлелдемелердi зерттеу тәртібін белгiлеу

196-бап. Жауап беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу жалған жауап бергенi үшiн жауапкершiлiк жөнiнде куәға ескерту

197-бап. Куәдан жауап алу тәртібі

198-бап. Куәнiң жазбаша материалдарды пайдалануы

199-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу

200-бап. Куәнiң жауаптарын жария ету

201-бап. Құжаттарды зерттеу

202-бап. Азаматтардың жеке хат алысуын және телеграфтық хабарларын жария ету және зерттеу

203-бап. Заттай дәлелдемелердi зерттеу

204-бап. Орналасқан жерiнде қарау

205-бап. Дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрсету және оларды зерттеу

206-бап. Сарапшы қорытындысын зерттеу

207-бап. Маманның консультациясы (түсiндiрмесi)

208-бап. Дәлелдеменiң жалғандығын мәлiмдеу

209-бап. Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қорытындысы

210-бап. Iстi мәнi бойынша қарауды аяқтау

211-бап. Сот жарыссөздерi

212-бап. Репликалар

213-бап. Прокурордың қорытындысы

214-бап. Iстi мәнi бойынша қарауды қайта жалғастыру

215-бап. Соттың шешiм шығару үшiн кетуi

216-бап. Шешімді жария ету

 

18-тарау. Сот шешiмi және оны атқару тәртібі

217-бап. Шешiм шығару

218-бап. Шешiмнiң заңдылығы және негiздiлiгi

219-бап. Шешiм шығарған кезде шешiлетiн мәселелер

220-бап. 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен алып тасталды

221-бап. Шешiмнiң мазмұны

222-бап. Мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың және лауазымды адамдардың әрекеттерi (әрекетсiздiктерi) мен шешiмдерiн заңсыз деп тану туралы шешiм

223-бап. Ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм

224-бап. Атқару құжатының немесе өзге құжаттың күшi жойылды деп тану туралы шешiм

225-бап. Шартты жасасу немесе өзгерту туралы шешiм

226-бап. Мүлiктi немесе оның құнын алып беру туралы шешiм

227-бап. Жауапкердi белгiлi бір әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiм

228-бап. Бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шешiм

229-бап. Шешім жасау

230-бап. Шешiмдегi қате жазулар мен айқын арифметикалық қателердi түзету

231-бап. Қосымша шешiм

232-бап. Шешiмдi түсiндiру

233-бап. Шешiмдi орындау мерзiмiн кейiнге қалдыру және мерзiмiн ұзарту, шешiмдi орындаудың әдiсi мен тәртібін өзгерту

234-бап. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу

235-бап. Сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi

236-бап. Шешiмдi орындау

237-бап. Дереу орындауға жататын шешiмдер

238-бап. Соттың шешiмдi дереу орындауға жiберу құқығы

239-бап. Шешiмнiң орындалуын қамтамасыз ету

240-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын кейiнге қалдыру және мерзiмiн ұзарту, оны орындау әдiсi мен тәртібін өзгерту, бiтiмгершiлiк келiсiмдi бекіту

240-1-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару

240-2-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi қарау

240-3-бап. Апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатысы сотының шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi шешуi

240-4-бап. Сот орындаушысының ұсынуларын қарау

240-5-бап. Сот орындаушысының шешiмдi орындау кезiндегi әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау

240-6-бап. Шешiмдi орындаған кезде басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау

240-7-бап. Сот орындаушысының қаулысын санкциялау

241-бап. Iске қатысушы адамдарға сот шешiмiнiң көшiрмелерiн жiберу және беру

 

18-1-тарау. Аралық сот шешiмiн орындау

241-1-бап. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату

241-2-бап. Атқару парағын беру

241-3-бап. Атқару парағын беруден бас Тарту

 

19-тарау. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру

242-бап. Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру мiндетi

243-бап. Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру құқығы

244-бап. Iс жүргiзудi тоқтата тұру мерзiмдерi

245-бап. Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы ұйғарымына шағымдану немесе наразылық келтiру

246-бап. Iс жүргiзудi қайта бастау

 

20-тарау. Iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту

247-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi қысқартудың негiздемелерi

248-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi қысқартудың тәртібі мен салдары

 

21-тарау. Арызды қараусыз қалдыру

249-бап. Арызды қараусыз қалдырудың негiздемелерi

250-бап. Арызды қараусыз қалдырудың тәртібі мен салдары

 

22-тарау. Сот ұйғарымы

251-бап. Сот ұйғарымы және оны шығарудың тәртібі

252-бап. Ұйғарымның мазмұны

253-бап. Соттың жеке ұйғарымдары

254-бап. Iске қатысушы адамдарға сот ұйғарымының көшiрмесiн жiберу

 

23-тарау. Хаттамалар

255-бап. Хаттама жүргiзудiң мiндеттілігi

256-бап. Хаттаманың мазмұны

257-бап. Хаттама жасау

258-бап. Хаттамаға ескертпелер

259-бап. Хаттамаға жасалған ескертпелердi қарау

 

24-тарау. Сырттай iс жүргiзу және сырттай шешiм шығару

260-бап. Сырттай iс жүргiзу негiздемелерi

261-бап. Сырттай iс жүргiзу тәртібі

262-бап. Сырттай шешiмнiң мазмұны

263-бап. Сырттай шешiмнiң көшiрмесiн жiберу

264-бап. Сырттай шешiмге шағым жасау

265-бап. Сырттай шешiмнiң күшiн жою туралы арыздың мазмұны

266-бап. Соттың арыз қабылданғаннан кейiнгi iс-әрекеттерi

267-бап. Арызды қарау

268-бап. Соттың өкiлеттiгi

269-бап. Сырттай шешiмнiң күшiн жоюдың негiздемелерi

270-бап. Iстiң қайта қаралуы

271-бап. Сырттай шешiмнiң заңды күшi

 

3-бөлiмше. Ерекше талап қоюмен iс жүргiзу

25-тарау. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу

272-бап. Арыз беру

273-бап. Арызды қарау

274-бап. Соттың шешiмi және оның орындалуы

 

25-1-тарау. Жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу құқықтарын бұзатын шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айту жөніндегі арыздар бойынша iс жүргiзу

274-1-бап. Арыз беру

274-2-бап. Арызды қарау

274-3-бап. Арыз бойынша сот шешiмi және оның орындалуы

 

26-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы iстер бойынша iс жүргiзу

275-бап. Шағым беру

275-1-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға сотқа шағымдану мен наразылық келтiрудiң тәртібі

276-бап. Шағымды қарау

277-бап. Соттың шешiмi

 

27-тарау. Мемлекеттік өкiмет, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бірлестiктердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшiлердiң шешiмдерi мен әрекеттерiне (немесе әрекетсiздiгiне) дау айту туралы iс бойынша iс жүргiзу

278-бап. Арыз беру

279-бап. Мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бірлестiктердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшiлердiң сот арқылы дау айтуға жататын шешiмдерi, әрекетi (немесе әрекетсiздiгi)

280-бап. Сотқа арыз берiп жүгiнуге арналған мерзiм

281-бап. Арызды қарау

282-бап. Соттың шешiмi және оның орындалуы

 

28-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығына орай даулар туралы iс бойынша iс жүргiзу

283-бап. Арыз беру

284-бап. Арызды қарау

285-бап. Соттың арыз бойынша шешiмi

 

29-тарау. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен iс-әрекеттерiн заңсыз деп тану туралы жүгiнуi

286-бап. Наразылықтың қабылданбауына байланысты прокурордың жүгiнуi

287-бап. Прокурордың арызын сотта қарау

288-бап. Прокурордың арызы бойынша соттың шешiмi

 

4-бөлiмше. Ерекше iс жүргiзу

30-тарау. Жалпы ережелер

289-бап. Сот ерекше iс жүргiзу тәртібімен қарайтын iстер

290-бап. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қарау тәртібі

 

31-тарау. Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау

291-бап. Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер

292-бап. Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтауға қажетті шарттар

293-бап. Арыз беру

294-бап. Арыздың мазмұны

295-бап. Соттың арыз бойынша шешiмi

 

32-тарау. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау

296-бап. Арыз беру

297-бап. Арыздың мазмұны

298-бап. Судьяның арыз қабылдағаннан кейiнгi iс-әрекеттерi

299-бап. Прокурордың қатысуы мiндеттілігi

300-бап. Сот шешiмдерiнiң салдары

301-бап. Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың келу немесе жүрген жерiн анықтау салдары

 

33-тарау. Азаматты әрекет қабiлеттілігi шектеулi немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану

302-бап. Арыз беру

303-бап. Арыздың мазмұны

304-бап. Судьяның ресми өкiл-адвокат тағайындауы

305-бап. Азаматтың психикалық хал-жайын анықтау үшiн сараптама тағайындау

306-бап. Арызды қарау

307-бап. Арыз бойынша соттың шешiмi

308-бап. Азаматты әрекетке қабiлеттi деп тану

 

33-1-тарау. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жiберу туралы iстер бойынша iс жүргiзу

308-1-бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына және ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру

308-2-бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтiнiштi қарау

308-3-бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтiнiш бойынша сот шешiмi

 

34-тарау. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы iстер бойынша iс жүргiзу

309-бап. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу

310-бап. Арыз беру мерзiмi

311-бап. Арызды қарау

312-бап. Арыз бойынша сот шешiмi

 

34-1-тарау. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретiнде банк конгломератына кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы iстердi қарау

312-1-бап. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретiнде банк конгломератына кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы iстердi қарау

312-2-бап. Қайта құрылымдау туралы өтiнiш беру

312-3-бап. Өтiнiштi қарау

312-4-бап. Соттың өтiнiш бойынша шешiмi

312-5-бап. Қайта құрылымдау жоспарын соттың бекітуi

312-6-бап. Соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешiмi

 

35-тарау. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау

313-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау

 

36-тарау. Жылжымалы мүлiктi иесiз деп тану және жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк құқығын тану

314-бап. Арыз беру

315-бап. Арыздың мазмұны

316-бап. Арызды қарау

317-бап. Арыз бойынша сот шешiмi

 

36-1-тарау. Ұл (қыз) асырап алу туралы өтiнiштер бойынша iс жүргiзу

317-1-бап. Өтiнiш беру

317-2-бап. Өтiнiштiң мазмұны

317-3-бап. Судьяның өтiнiштi қабылдап алғаннан кейiнгi iс-әрекетi

317-4-бап. Өтiнiштердi қарау

317-5-бап. Соттың өтiнiш бойынша шешiмi

 

36-2-тарау. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористiк ұйым деп тану туралы, соның iшiнде оның өз атауын өзгерткенiн анықтау туралы өтiнiш бойынша iс жүргiзу

317-6-бап. Өтiнiш беру

317-7-бап. Өтiнiштiң мазмұны

317-8-бап. Соттың өтiнiш бойынша шешiмi

 

36-3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетiн ақпараты бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы өтiнiштер бойынша iс жүргiзу

317-9-бап. Өтiнiш беру

317-10-бап. Өтiнiштiң мазмұны

317-11-бап. Соттың өтiнiш бойынша шешiмi

 

36-4-тарау. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтініш бойынша іс жүргізу

317-12-бап. Өтініш беру

317-13-бап. Өтініштің мазмұны

317-14-бап. Өтінішті қарау

317-15-бап. Өтініш бойынша сот шешімі

317-16-бап. Шығарып жіберу туралы сот актісін орындауды тоқтата тұру

 

37-тарау. Азаматтық хал актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау

318-бап. Арыз беру

319-бап. Арыздың мазмұны

320-бап. Арыз бойынша сот шешiмi

 

38-тарау. Нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар

321-бап. Шағым беру

322-бап. Шағымды қарау

323-бап. Шағым бойынша сот шешiмi

 

39-тарау. Көрсетушiге берiлетiн жоғалған бағалы қағаздар және ордерлiк бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтiру (шақыртылып iс жүргiзу)

324-бап. Арыз беру

325-бап. Арыздың мазмұны

326-бап. Судьяның арыз қабылданғаннан кейiнгi iс-әрекеттерi

327-бап. Құжатты ұстаушының арызы

328-бап. Құжатты ұстаушыдан арыз келiп түскеннен кейiнгi судьяның iс-әрекеттерi

329-бап. Жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы арызды қарау

330-бап. Арыз бойынша сот шешiмi

331-бап. Мүлiктiң негiзсiз сатып алынғандығы туралы құжат ұстаушының талап қою құқығы

 

3-бөлім. Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу

39-1-тарау. Аралық соттардың шешiмдерiне шағым жасау туралы iстер бойынша iс жүргiзу

331-1-бап. Арыз беру

331-2-бап. Арызды қарау

 

40-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағымдану, наразылық келтiру

332-бап. Сот шешiмдерiне апелляциялық шағым беру мен наразылық келтiру құқығы

333-бап. Заңды күшiне енбеген шешiмдерге апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар

334-бап. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар беру (келтiру) тәртібі мен мерзiмдерi

335-бап. Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны

336-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру

337-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қайтару

338-бап. Бірiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты алғаннан кейiнгi әрекетi

339-бап. Апелляциялық шағымға қосылу

340-бап. Апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пiкiр

341-бап. Апелляциялық шағымнан бас тарту және наразылықты керi қайтарып алу

342-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, тараптардың бітімгершілік келісімі және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім

343-бап. Шешiмнiң, қаулының орындалуын тоқтата тұру

344-бап. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына шағым жасау, наразылық келтіру

345-бап. Iстi апелляциялық тәртiппен қараудың шектерi

346-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы

 

41-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстердi қарау

347-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы

348-бап. Iстi талқылауға дайындау

349-бап. Iстi қарау мерзiмдерi

350-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта iс жүргiзу

351-бап. Iстi талқылаудың басталуы

352-бап. Iске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуiнiң салдары

353-бап. Соттың iске қатысушы тұлғалар арыздарын шешуi

354-бап. Iске қатысушы адамдардың түсiнiктемелерi

355-бап. Дәлелдемелердi зерттеу

356-бап. Сот жарыссөзi

356-1-бап. Сот отырысының хаттамалары

357-бап. Сот актiсiн шығару және оны жариялау

358-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкiлеттiгi

359-бап. Апелляциялық сатыдағы сот актілері

360-бап. Апелляциялық қаулының, шешімнің мазмұны»;

361-бап. 2001 жылғы 11 шілдедегі № 238-ІІ ҚР Заңымен алып тасталды

362-бап. Iс апелляциялық тәртiппен қаралғаннан кейiн түскен апелляциялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі

363-бап. 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 227-ІV ҚР Заңымен алып тасталды

364-бап. Апелляциялық тәртiппен сот шешiмiнiң күшiн жоюдың не оны өзгертудiң негiздемелерi

365-бап. Материалдық құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы

366-бап. Iс жүргiзу құқығы нормаларының бұзылуы және дұрыс қолданылмауы

367-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту немесе арызды қарамай қалдыру арқылы шешiмнiң күшiн жою

368-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің күшіне енуі

369-бап. Iстi бірiншi сатыдағы сотқа қайтару

 

42-тарау. 2001 жылғы 11 шілдедегі № 238-ІІ ҚР Заңымен алып тасталды

 

42-1-тарау. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына және қаулыларына шағым жасау және наразылық келтіру

383-1-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына және қаулыларына кассациялық тәртіппен кассациялық шағым жасау және наразылық келтіру құқығы

383-2-бап. Кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын соттар

383-3-бап. Істі талап ету, кассациялық шағымды немесе наразылықты беру тәртiбi

383-4-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру мерзiмi

383-5-бап. Кассациялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны

383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру

383-7-бап. Судьяның кассациялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейiнгi iс-әрекетi

383-8-бап. Кассациялық шағымға қосылу

383-9-бап. Кассациялық шағымға немесе наразылыққа пiкiр

383-10-бап. Кассациялық шағымнан бас тарту және кассациялық наразылықты керi қайтарып алу

383-11-бап. Талап қоюдан бас тарту, тараптардың бітімгершілік келісімі және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім

 

42-2-тарау. Кассациялық сатыдағы сотта iс жүргiзу

383-12-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

383-13-бап. Iстi қараудың шектерi

383-14-бап. Кассациялық сатыда iстi қарау мерзiмдерi

383-15-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі

383-16-бап. Iске қатысушы тұлғалар мен өкiлдердiң сот отырысына келмеуiнiң салдарлары

383-17-бап. Iстi баяндау

383-18-бап. Iске қатысушы тұлғалардың түсiнiктемелерi

383-19-бап. Соттың iске қатысушы тұлғалардың арыздарын шешуi

383-20-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкiлеттiгi

383-21-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың шешімдерінің, қаулыларының және ұйғарымдарының кассациялық тәртіппен күшін жою негіздері

383-22-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актілері

383-23-бап. Кассациялық сатыдағы сот қаулысының заңды күшi

383-24-бап. Iс кассациялық тәртiппен қаралғаннан кейiн келiп түскен кассациялық шағымды қарау тәртібі

 

43-тарау. Қадағалау тәртібімен iс жүргiзу

384-бап. Сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуға жататын сот актілері

385-бап. Заңды күшiне енген сот актілеріне өтiнiш беруге, наразылық келтiруге құқығы бар тұлғалар

386-бап. Iстi қадағалау тәртібімен қарайтын соттар

387-бап. Iстердi талап етудiң және заңды күшiне енген сот актілерін қайта қараудың себептерi мен негiздерi

388-бап. Заңды күшiне енген сот актілеріне шағым жасау, наразылық келтiру мерзiмдерi

389-бап. Наразылық келтiру

390-бап. Наразылықтың мазмұны

391-бап. Сот актісіне дау айту туралы және қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштердің мазмұны

392-бап. Өтiнiштi немесе прокурор наразылығын қайтару

393-бап. Өтiнiштi алдын ала қарау

394-бап. Өтiнiштi алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша қабылданатын шешiмдер

395-бап. Қадағалау сатысы сотының отырысын тағайындау

395-1-бап. Сот актiсiн қайта қарау туралы өтiнiшке немесе наразылыққа пiкiр

396-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру

397-бап. Iстi қарау шектерi

398-бап. Iстi қадағалау сатысында қараудың тәртібі, қадағалау сатысындағы соттың шешiмдерi

399-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны

400-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының заңды күшiне енуi

401-бап. 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 227-ІV ҚР Заңымен алып тасталды

402-бап. 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-ІІІ ҚР Заңымен алып тасталды

403-бап. Сот шешiмiнiң, ұйғарымының, қаулысының күшi жойылғаннан кейiн iстi қарау

403-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын тағайындау

403-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының ұсынуды немесе наразылықты қарауының тәртібі

 

44-тарау. Заңды күшiне енген шешiмдердi, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнiнде iс жүргiзу

404-бап. Қайта қарау негiздерi

405-бап. Сот шешiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар

406-бап. Арыз беру

406-1-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны

406-2-бап. Арызды соттың iс жүргiзуiне қабылдау

406-3-бап. Сот актiсiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару

407-бап. Арыз беруге арналған мерзiмнiң есептелуi

408-бап. Арызды қарау

409-бап. Соттың iстi қайта қарау туралы ұйғарымы

 

4-бөлiм. Жойылған сот iсiн немесе атқару iсiн жүргiзудi қалпына келтiру

410-бап. Арыз беру

411-бап. Арызды қарау

412-бап. Арыз бойынша сот шешiмi

 

5-бөлiм. Халықаралық процесс

45-тарау. Шетелдiк тұлғалар қатысатын iстер бойынша iс жүргiзу

413-бап. Шетелдiк тұлғалардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi

414-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізуге әрекет қабілеттілігі

415-бап. Шетелдiк халықаралық ұйымның iс жүргiзу құқығына қабiлеттілігi

416-бап. Шетелдiк тұлғалар қатысатын iстер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының құзыретi

417-бап. Айрықша құзырет

418-бап. Соттылық

419-бап. Шарттық соттылық

420-бап. Құзыреттiң өзгермейтiндiгi

421-бап. Шетелдiк сотта iс жүргiзудiң маңызы

422-бап. 2010 жылғы 5 ақпандағы № 249-ІV ҚР Заңымен алып тасталды

423-бап. Сот тапсырмалары

424-бап. Шет мемлекеттердiң органдары берген құжаттарды тану

425-бап. Шетелдiк соттар мен төрелiк соттардың шешiмдерiн тану және орындау

425-1-бап. Төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындату

425-2-бап. Атқару парағын беру

425-3-бап. Атқару парағын беруден бас тарту

426-бап. Шетелдiк соттардың орындауды талап етпейтiн шешiмдерiн тану

 

45-1-тарау. Төрелiктiң шешiмдерiне шағым жасау туралы iстер бойынша iс жүргiзу

426-1-бап. Өтiнiш беру

426-2-бап. Өтiнiштi қарау

 

46-тарау. Шет мемлекеттiң және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетi

427-бап. Шет мемлекеттiң иммунитетi

428-бап. Соттық иммунитет

429-бап. Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасы сотының юрисдикциясына келiсуi

430-бап. Шет мемлекеттiң сотта iс қарауға қатысуы

431-бап. Қарсы талап қоюға қатысты иммунитеттен бас тарту

432-бап. Төрелiк iс қарауға қатысты иммунитеттен бас тарту

433-бап. Иммунитеттен бас тартуға келiсiмдi керi қайтарып алу

434-бап. Қазақстан Республикасының юрисдикциялық иммунитетiнiң бұзылуына байланысты даулар бойынша иммунитеттi қолданбау

435-бап. Кәсiпкерлiк қызметке байланысты даулар бойынша иммунитеттi қолданбау

436-бап. Заңды тұлғаларға қатысуға байланысты даулар бойынша иммунитеттi қолданбау

437-бап. Мүлiкке құқықтарға қатысты даулар бойынша иммунитеттi қолданбау

438-бап. Залалды (зиянды) өтеу туралы даулар бойынша иммунитеттi қолданбау

439-бап. Зияткерлiк меншiк құқықтары объектiлерiне қатысты даулар бойынша иммунитеттi қолданбау

440-бап. Еңбек даулары бойынша иммунитеттi қолданбау

441-бап. Теңiз кемелерiн және iшкi суда жүзетiн кемелердi пайдалануға байланысты даулар бойынша иммунитет

442-бап. Талап қоюды қамтамасыз етуден және сот актiсiн мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттер

443-бап. Егемендi билiктi жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын мүлiк

444-бап. Шет мемлекет қатысатын iстер бойынша сот iсiн жүргiзу

445-бап. Шет мемлекеттiң соттық иммунитетi туралы мәселенi шешу тәртібі

446-бап. Қазақстан Республикасы сотының шет мемлекет қатысатын даулар бойынша талап қоюды қамтамасыз ету және сот актiсiн мәжбүрлеп орындату туралы мәселелердi шешуi

447-бап. Өзара түсiнiстiк принципiн қолдану

448-бап. Осы Кодекстi қолдану мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының сотына жәрдемдесу

449-бап. Шет мемлекетке iс жүргiзу құжаттарын жiберу және тапсыру

450-бап. Сырттай шешiм шығару

Қосымша. 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 262-ІV ҚР Заңымен алып тасталды 

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңдары

 

1-бап. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қатынастар

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.

3. Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.

4. Егер азаматтық істер бойынша іс жүргізу барысында әкімшілік құқыққа сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажет болса, ол осы Кодекстің 26-бабының ережелеріне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

3-бап. Азаматтық сот ісін жүргізуде басым күші бар құқықтық нормаларды қолдану

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.

2. Осы Кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс нормалары мен өзге заңдардың арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.

3. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады және халықаралық шартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.

4-бап. Азаматтық іс жүргізу заңының уақыт жағынан қолданылуы

1. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.

3. Дәлелдемелердің жарамдылығы оларды алған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгіленеді.

2-тарау. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері

 

5-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

6-бап. Заңдылық

1. Cот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.

2. Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiн алған соң iс бойынша iс жүргiзу қайта басталады.

3. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады.

4. Сот істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілерді қолданады.

5. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.

6. Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.

7-бап. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы

1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.

2. Төтенше, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттар шешімінің заң күші болмайды және орындалуға тиісті емес.

3. Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс.

4. Азаматтық іс бойынша сот шешімдерін осы Кодексте көзделген тәртіппен тек тиісті соттар ғана тексеріп, қайта қарай алады.

8-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау

1. Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

2. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.

3. Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жоқ.

4. Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекімнің құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

9-бап. Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу

1. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.

2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

10-бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы

Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтар, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясына құқығы бар. Азаматтық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

11-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық

1. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды.

2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында адамдардың банктегі салымдарын және басқа мүлікті пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ оны алып қою осы Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша жүргізілуі мүмкін.

12-бап. Судьялардың тәуелсіздігі

1. Судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

2. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

3. Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгіленген.

13-бап. Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі

1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады.

2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында:

азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс;

заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына және басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.

3. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу талаптары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленеді.

14-бап. Сот ісін жүргізу тілі

1. Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.

2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

3. Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жөнді білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

4. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс материалдарының сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйленген сөздің басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.

5. Сот құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар білетін басқа тілге аударылып беріледі.

15-бап. Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы

1. Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.

2. Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.

3. Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

4. Сот тараптарға бірдей және құрметпен қарайды.

16-бап. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау

1. Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады.

2. Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.

17-бап. Куәлік жауап беру міндетінен босату

1. Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес.

2. Діни қызметшілер тәубаға келіп, өздеріне сенім білдірген адамға қарсы куәлік беруге міндетті емес.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда аталған адамдар жауаптар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшін қандай да болсын жауапқа тартылмайды.

18-бап. Білікті заң көмегін алуға құқықты қамтамасыз ету

1. Әр адамның азаматтық процесс барысында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар.

2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

19-бап. Сотта істі қараудың жариялылығы

1. Барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі.

2. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 179-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

3. Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.

4. Соттың жабық отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады.

5. Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.

6. Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса немесе куә болмаса, он алты жасқа толмаған азаматтар жіберілмейді.

7. Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып жүргізіледі.

8. Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.

20-бап. Сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Сотта істі қарау соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда жүргізіледі. Судьялар мен сот отырысы залында отырған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрағалық етуші істі қарау кезінде қатысқысы келетін адамдарға тексеру жүргізу, оның ішінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, жеке өздерін тексеру және олар алып келген заттарды тексеру туралы өкім бере алады.

21-бап. Сот актілерінің міндеттілігі

1. Сот азаматтық істер бойынша сот актілерін шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар мен бұйрықтар нысанында қабылдайды.

2. Заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулыларымен бұйрықтары, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп таныған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген сот актілері орындалуға жатпайды.

3. Сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.

4. Сот актілерін орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

22-бап. Іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы

1. Соттың әрекеттері мен шешімдеріне осы кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

2. Іске қатысушы адамдардың осы кодексте белгіленген тәртіппен шешімді жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар.

23-бап. Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні

Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.

3-тарау. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық

24-бап. Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы

1. Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.

2. Соттар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапқа билік бағыныстылығына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді қарайды.

Корпоративтік дауларға (бұдан әрі - корпоративтік даулар) коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдардың қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдардың және (немесе) дара кәсіпкерлердің қауымдастығы (одағы), Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері) олардың бір тарабы болып табылатын:

1) заңды тұлғаның құрылуына, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты;

2) акционерлік қоғамның акцияларын, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, кооператив мүшелерінің жарналарын қамтитын мұраға қалдырылған мүлікті бөлуге немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерін бөлуге байланысты туындайтын дауларды қоспағанда, акционерлік қоғамдар акцияларының, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, кооператив мүшелері жарналарының тиесілігіне, олардың ауыртпалықтарын анықтауға және олардан туындайтын құқықтарды іске асыруға байланысты;

3) заңды тұлғаның құрылтайшыларының, акционерлерінің, қатысушыларының, мүшелерінің (бұдан әрі - заңды тұлғаға қатысушылар) заңды тұлғаға келтірілген зиянды өтеу, заңды тұлғаның жасасқан мәмілелерін жарамсыз деп тану және (немесе) мұндай мәмілелердің жарамсыздығы салдарын қолдану туралы талаптары бойынша;

4) заңды тұлғаның басқару органдарының құрамына кіретін немесе кірген адамдарды тағайындауға немесе сайлауға, өкілеттіктерін тоқтатуға, тоқтата тұруға және олардың жауапкершіліктеріне байланысты, сондай-ақ

олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға, тоқтатуға, тоқтата тұруға байланысты осындай адамдар мен заңды тұлға арасындағы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар;

5) бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты;

6) акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды ескере отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін енгізуге байланысты туындайтын, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыруға және (немесе) айналымға шығаруға байланысты даулар;

7) акциялар шығарудың мемлекеттік тіркелуін заңсыз деп тануға байланысты;

8) заңды тұлғаға қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы;

9) заңды тұлғаның басқару органдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы даулар жатады.

3. Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылдаған актіге сотта дау айтылуы мүмкін.

4. Соттар осы Кодекстің 25-29-тарауларында тізбеленген ерекше талап қойылған іс жүргізу істерін қарайды.

5. Соттар осы Кодекстің 289-бабында тізбеленген ерекше іс жүргізу істерін қарайды.

6. Егер халықаралық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, соттар шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді де қарайды.

7. Заңмен соттардың құзыретіне жатқызылған басқа да істер соттарға ведомстволық бағынысты болады.

25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың шешуiне беру

Соттың ведомстволық қарауына жататын, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау тараптардың келісуі бойынша төреліктің немесе аралық соттың қарауына, бұған Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстiң 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес берiлуi мүмкiн.

 

26-бап. Сотқа ведомстволық бағыныстылықтың басымдығы

1. Біреулері - сотқа, ал басқалары сот емес органдарға ведомстволық бағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлық талаптар сотта қаралуға тиіс.

2. Нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы заңдарда қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.

27-бап. Аудандық (қалалық) соттың және оған теңестірілген соттардың соттауына жататын азаматтық істер

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 5-тармағында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі.

 

28-бап. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

29-бап. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

30-бап. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы

1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөніндегі, сондай-ақ корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi қарайды.

1-1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрілген әкiмшілік соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дауласу туралы iстердi қарайды.

1-2. Әскери соттар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жүрген азаматтардың әскери басқарудың лауазымды адамдары мен органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануы туралы азаматтық істерді қарайды. Әскери соттар, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару органдары, әскери бөлім болып табылса, басқа да азаматтық істерді қарауға құқылы.

1-3. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы даулар; ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы; Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істерді қарайды.

1-4. Мамандандырылған қаржылық сот өңірлік қаржы орталығы қатысушысының мүліктік немесе мүліктік емес даулары бойынша азаматтық істерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды.

2. Азаматтық iстердiң басқа мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылуы осы Кодекспен белгіленедi.

Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттауына жататын істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.

31-бап. Жауапкердің тұрған жері бойынша талап қою

Талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотта қойылады. Заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылады.

 

32-бап. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу

1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрған жері бойынша қойылуы мүмкін.

2. Заңды тұлғаға да талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша қойылуы мүмкін.

3. Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

4. Алименттер өндіріп алу туралы және әке болуды анықтау туралы талаптарды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша да қоя алады.

5. Мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды да талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады.

6. Орындалу орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар да шарттың орындалатын жері бойынша қойылуы мүмкін.

7. Некені бұзу туралы талаптар талап қоюшының кәмелетке толмаған балалары тұратын немесе денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайларда да оның тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.

8. Жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар талап қоюшының тұратын жері бойынша қойылуы мүмкін. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларға дау айту жөніндегі талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша да қойылуы мүмкін.

9. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу жері бойынша қойылуы мүмкін.

10. Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы алу туралы талаптар жауапкер тұрған немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

11. Осы Кодекстің 33-бабында белгіленген істің соттылығын қоспағанда, талап қоюшы осы бапқа сәйкес іс соттауына жататын бірнеше соттың арасынан біреуін таңдап алады.

 

33-бап. Ерекше соттылық

1. Жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады.

2. Мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұраны мұрагерлердің қабылдап алуына дейін қойылған талаптары мұраға қалдырылған мүлік немесе оның негізгі бөлігі орналасқан жердегі соттың соттауына жатады.

3. Тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жер бойынша қойылады.

4. Қазақстан Республикасының және оның меншігінің юрисдикциялық иммунитетін шет мемлекеттің бұзуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, талап қоюшының тұрған жері бойынша беріледі.

 

 

34-бап. Шарттық соттылық

Тараптар өзара келісім бойынша аталған істі қай соттың қарайтынын аумақтық жағынан өзгерте алады. Осы Кодекстің 33-бабында белгіленген істің соттылығын тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.

 

35-бап. Өзара байланысты бірнеше істің соттылығы

1. Әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап қоюшының таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналасқан жер бойынша қойылады.

Бір арызға бірiктiрiлген, әртүрлi соттардың соттауына жататын талаптар, егер бұл ретте осы Кодекстiң 171-бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы бұл талаптарды бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлiмделген талаптардың бірi соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады.

2. Дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және қай сотта сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа беріледі.

3. Қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, осы Кодексте белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беріледі.

36-бап. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру

1. Соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылдаған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс.

2. Егер:

1) тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;

2) бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдірілгеннен кейін, сондай-ақ назар аударуға тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса;

3) істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылданғаны анықталса;

4) сотқа талап қойылса, сот істі басқа соттың қарауына береді.

3. Істің сол соттың соттауына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Осы баптың екінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда істі беру жоғары тұрған сот судьясының ұйғарымымен жүзеге асырылады. Тараптың (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру - бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда шағымды қанағаттандырмай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі.

4. Істің соттылығы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. 

4-тарау. Соттың құрамы, қарсылық білдіру 

37-бап. Соттың құрамы

1. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.

2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 5-тармағында көзделген азаматтық істерді сот атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.

3. Iстердi кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады, оның міндетін тиісінше облыстық соттың төрағасы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тиісті алқасының төрағасы не олардың тапсырмасы бойынша судьялардың бірі атқарады.

 37-бап. Соттың құрамы

1. Бірінші, апелляциялық сатыдағы соттарда азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.

2. Iстердi кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады, оның міндетін алқа төрағасы не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірі атқарады.

38-бап. Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі

1. Істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық судьялар тең құқықтарды пайдаланады. Істі алқалы түрде қараған және шешкен кезде туындаған барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес.

2. Төрағалық етуші ұсыныстарды енгізеді, өз пікірін айтады және соңынан дауыс береді.

3. Көпшілік шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға міндетті және ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, ол төрағалық етушіге тапсырылады және мөр басылған конверттегі іске қоса тіркеледі. Ерекше пікірмен қадағалау сатысындағы сот осы істі қарау кезінде танысуға құқылы. Судьяның ерекше пікірінің бар екендігі туралы іске қатысушы адамдарға хабарланбайды және ерекше пікір соттың отырыс залында жарияланбайды.

 

39-бап. Судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол берілмейтіндігі

1. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға қатысқан судья осы істі апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.

2. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған сот актісі күшін жойған жағдайда апелляциялық сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.

3. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.

4. Кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға қатысқан судья, өзiнiң қатысуымен қабылданған қаулы күшiн жойған жағдайда, аталған сатыларда осы iстi қарауға қайта қатыса алмайды.

5. Қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттарда жаңадан қарау кезінде қатыса алмайды.

 

40-бап. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.

1. Егер судья:

1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;

2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;

3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.

2. Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.

 

41-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер

1. Осы Кодекстің 40-бабының бірінші бөлігінде аталған қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына да қолданылады.

2. Сонымен қатар сарапшы немесе маман не аудармашы, егер:

1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;

2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса;

3) олардың білікті емес екені байқалса, істі қарауға қатыса алмайды.

3. Прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды. Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін ол қайта тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.

 

42-бап. Қарсылықтар білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдемелер және оларды шешудің тәртібі

1. Осы Кодекстің 40, 41-баптарында аталған мән-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдіретінін мәлімдеуі мүмкін.

2. Өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу (қарсылық білдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.

3. Істі жеке-дара қараушы судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа судьясы, олар болмаған жағдайда - жоғары тұрған сот судьясы қарайды.

4. Істі соттың алқалы құрамда қарауы кезінде судьялардың біреуі өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың пікірін тыңдайды және, егер ол түсініктеме бергісі келсе, қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды және қарсылық білдіру туралы мәселені қарсылық білдірілген судьяның қатысуынсыз шешеді. Қарсылық білдіруді жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған кезде судья қарсылық білдірілген болып есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құрамына мәлімделген қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай көпшілік дауыспен шешеді.

5. Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарымға келіспеушілік туралы дәлелдер аппеляциялық, кассациялық шағымдарына немесе сот актісін сот қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтініштерге, наразылыққа енгізілуі мүмкін.

6. Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.

7. Өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәселе соттың ұйғарымымен шешіледі.

 

43-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдемені қанағаттандырудың салдары

1. Істі жеке-дара қараушы судья қарсылық білдірген (өздігінен бас тартқан) жағдайда бұл істі сол сотта басқа судья қарайды. Егер іс жүргізуінде жатқан сотта судьяны ауыстыру мүмкін болмаса, жоғары тұрған сот арқылы іс басқа бірінші сатыдағы сотқа беріледі.

2. Облыстық немесе оған теңестірілген сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында істі қарау кезінде судья өздігінен бас тартқан не қарсылық білдірген не соттың барлық құрамы қарсылық білдірген жағдайда, істі сол соттағы басқа судья немесе басқа құрамдағы судьялар қарайды.

3. Егер облыстық немесе оған теңестірілген сотта өздігінен бас тарту немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін не осы Кодекстің 39-бабында аталған себептермен осы істі қарау үшін соттың жаңа құрамын құру мүмкін болмаса, облыстық немесе соған теңестірілген сот іс бойынша тараптар болса, ол қаралатын сот ұйғарымы үшін іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілуге тиіс.

 

5 тарау. Іске қатысушы тұлғалар

 

44-бап. Іске қатысушы тұлғалардың құрамы

Тараптар: дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, ұйымдар немесе осы Кодекстің 56 және 57-баптарында көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар (осы Кодекстің 289-бабы) іске қатысушы тұлғалар болып танылады.

 

45-бап. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі

Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі) материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. 

46-бап. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі

1. Сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарға толық көлемде болады.

2. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін, сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша прокурорды тартуға міндетті.

3. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері, прокурор қорғайды.

4. Заңда көзделген жағдайларда, азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік, әкімшілік және өзге де құқық қатынастарынан және тапқан табысына немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістеріне билік етуге байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың өз құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өз басы қорғауға құқығы бар. Кәмелетке толмағандарға көмек көрсету үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін мұндай істерге қатысуға тарту соттың қалай шешуіне байланысты.

47-бап. Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

1. Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтініш жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтініштері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс.

2. Іске қатысушы адамдар, орындалмауы азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда көзделген салдарларды туғызатын жағдайда, өздерінің іс жүргізу міндеттерін атқарады.

48-бап. Тараптар

1. Талап қоюшы мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады. Өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады. Өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады.

2. Заңда көзделген жағдайларда заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар болуы мүмкін.

3. Басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге заң бойынша құқығы бар адамдардың өтініші бойынша мүдделері қозғалып іс басталған адамға сот пайда болған процесс туралы хабарлайды және ол адам сотқа талап қоюшы ретінде қатысады.

4. Азаматтық процесте мемлекет бір тарап болуы мүмкін.

5. Тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойынына алады.

49-бап. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгеру, талап қоюдан бас тарту, талап қоюды тану, бітімгершілік келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім

1. Талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол беріледі. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келісіммен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды және сот бекітеді.

2. Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын,бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін немесе тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітпейді.

50-бап. Іске бірнеше талап қоюшының немесе жауапкердің қатысуы

Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.

51-бап. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру

1. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады. Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі.

2. Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша қарайды.

52-бап. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске кірісе алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады.

53-бап. Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады. Олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінішімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін. Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады.

54-бап. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы

1. Даулы немесе шешіммен белгіленген құқық қатынастарынан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайларда (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, талапқа жол беру, борышты ауыстыру және материалдық құқық қатынастарындағы тұлғалардың басқа да өзгеру жағдайы) сот ол тарапты оның құқық мирасқорлығымен ауыстырады. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады.

2. Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.

55-бап. Прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы

1. Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.

2. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы бұл заңда көзделген, прокурордың осы іске қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда, сондай-ақ прокурордың бастамасы бойынша қозғалған, мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, жұмысқа қайтадан алу, жалақыны өндіріп алу, азаматты басқа тұрғын үй-жай берместен тұрғын үйден шығару, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша міндетті.

Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін процеске өз бастамасы бойынша немесе соттың бастамасы бойынша қатысуға құқылы.

Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері соттың қарауға белгіленген барлық істер туралы уақтылы хабарлауы арқылы қамтамасыз етіледі.

3. Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделердi қорғау туралы талап қойып, арыз беріп сотқа жүгінуге құқылы. Әлеуметтік саладағы шектелмеген адамдар тобының еңбек, тұрғын үй және өзге де құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз азаматтың мүдделерін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне және арызына қарамастан талап қоюы мүмкін.

4. Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.

5. Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаны істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.

6. Сот қарайтын дауда талап қоюшы немесе жауапкер ретінде прокуратура органдарының мүддесін білдіретін прокурор тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.

 

56-бап. Басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгіну

1. Заңмен көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар олардың өтінуімен басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып сотқа жүгіне алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қойылуы мүмкін.

2. Бөгде мүдделерді қорғау үшін талап қойған адамдар, бітімгершілік келісім және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Аталған органдар мен адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделеріне сай іс қозғалған адамды істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Егер мүдделеріне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса, үшінші тұлғалардың құқықтарына қысым жасалмаса, сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.

57-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы

1. Заңмен көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін өз бастамашылығы бойынша, іске қатысушы тұлғалардың бастамашылығы бойынша, сондай-ақ соттың бастамашылығы бойынша процеске қатыса алады.

2. Осы бапта көрсетілген органдар өз өкілдері арқылы осы Кодекстің 47-бабында көзделген іске қатысушы адамдардың барлық құқықтарын пайдаланады.

6-тарау. Сотта өкілдік ету

58-бап. Істі өкілдер арқылы жүргізу

1. Азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.

2. Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.

Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше ресімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

59-бап. Тапсырма бойынша өкілдік ету

Мына адамдар:

1) адвокаттар;

2) заңды тұлғалардың қызметкерлері - осы заңды тұлғалардың істері бойынша;

3) кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары - құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша;

4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;

5) заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;

6) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;

7) іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 60-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

60-бап. Сотта өкілдер бола алмайтын тұлғалар

1. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алмайды.

2. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды.

3. Адам, егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе айғақшы ретінде қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса, өкіл бола алмайды.

61-бап. Өкілдің өкілеттіктері

1. Сотта іс жүргізуге өкілеттіктер, қуыным арызға қол қоюды, медиация жүргізу туралы шарт жасасуды не iстi төрелікке немесе аралық сотқа беруді, қуыным талаптарынан толық немесе iшiнара бас тартуды және қуынымды мойындауды, қуыным нысанасын немесе негiзiн өзгертудi, бiтiмгершiлiк келiсiм жасасуды, өкiлеттiктердi басқа адамға берудi (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым жасауды, сот қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етудi, берiлген мүлiктi немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілге өкiлдiк берушiнiң атынан барлық iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға құқық бередi.

2. Өкілдің осы баптың бірінші бөлігінде аталған іс-әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.

62-бап. Өкілдің өкілдіктерін ресімдеу

1. Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.

2. Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруі тиіс (осы Кодекстің 59-бабының 3), 4) және 5) тармақшалары).

3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал ол өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке жүзеге асырған жағдайда - адвокаттар алқасының төралқасымен куәландырылады.

4. Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адамы береді.

5. Осы Кодекстің 59-бабының 6) және 7) тармақшаларында аталған өкілдің өкілеттігі сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына кіргізілген сенім білдірушінің сотта берген ауызша түрдегі өтінішінде көрініс табуы мүмкін.

63-бап. Заңды өкілдер

1. Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды сотқа көрсететін ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаншылары, патронат тәрбиелеушілері немесе оларды алмастыратын басқа да адамдар қорғайды.

2. Хабар-ошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша, оның өкілі ретінде хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам қатысады.

3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса, мұрагердің өкілі ретінде мұралық мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршы қатысады.

4. Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.

7-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу

64-бап. Дәлелдемелер

1. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

2. Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, іс жүргізу әрекеттерінің барысын және нәтижелерін көрсететін сот отырыстары хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

65-бап. Дәлелдеу міндеті

Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.2008.05.07. № 58-IV ҚР Заңымен 66-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

66-бап. Дәлелдемелерді ұсыну

1. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді.

2. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.

3. Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.

4. Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.

5. Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінішінде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.

6. Қажет болған жағдайда сот өтініш берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді. Корпоративтік даулар бойынша дәлелдемелерді сот қана талап етуге және олар тікелей сотқа жіберілуге тиіс.

7. Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті.

8. Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады.

9. Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.

10. Егер тарап сот сұратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.

67-бап. Дәлелдемелердің қатыстылығы

Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.

68-бап. Дәлелдемелерге жол беру

1. Егер осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, дәлелдемеге жол беруге болады деп танылады.

2. Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес.

69-бап. Дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайтын нақты деректер

1. Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:

1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдана отырып;

2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалана отырып;

3) осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты;

4) қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына байланысты;

5) іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;

6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;

7) дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиіс.

2. Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша сот белгілейді.

3. Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тәртіп бұзушылықтармен алынған нақты деректер тиісті тәртіп бұзушылықтардың және оларға жол берген адамдардың кінәлілігінің дәлелдемесі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

70-бап. Дәлелдемелердің растығы

Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі.

71-бап. Дәлелдеуден босатудың негіздері

1. Сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді.

2. Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.

3. Соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған тұлға әрекеттерінің азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.

4. Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін.

5. Егер тиісті құқықтық ресімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:

1) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;

2) адамның заңды білуі;

3) адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;

4) олардың бар екендігін растайын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып есептеледі.

72-бап. Сот тапсырмалары

1. Істі қараушы сот іске қатысушы адамның басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға тапсырма береді.

2. Істі қараушы сот іске қатысушы адамдардың Қазақстан Республикасының құқықтық көмек көрсету жөнінде келісімі бар басқа мемлекетте дәлелдемелер жинау туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда осы келісімнің ережелеріне сәйкес сот тапсырмасын жібереді.

3. Соттың тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын істің мәні, тараптар туралы мәліметтер қысқаша баяндалады, анықтауға жататын мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиіс дәлелдемелер көрсетіледі. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін міндетті және ол алынған сәттен он күнге дейінгі мерзімде орындалуға тиіс.

73-бап. Сот тапсырмасын орындау тәртібі

1. Соттың тапсырмасын орындау осы Кодексте белгіленген ережелер бойынша сот отырысында жүргізіледі. Іске қатысатын тұлғалар отырыстың өтетін уақыты мен орны туралы құлақтандырылады, алайда оған келмеу тапсырманы орындауға кедергі болып табылмайды.

2. Хаттамалар мен тапсырманы орындау кезінде жиналған барлық материалдар дереу істі қарап жатқан сотқа жіберіледі.

3. Егер іске қатысатын адамдар немесе тапсырманы орындаушы сотқа түсініктеме немесе айғақ беруші куәлер істі қарайтын сотқа келсе, олар жалпы тәртіпте түсініктеме мен айғақ береді.

74-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету

1. Өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.

2. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету куәлардан жауап алу, сараптама жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.

75-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініш

1. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініш сотқа дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі іс жүргізу әрекеттері жасалуға тиісті аумақ бойынша беріледі.

2. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініште қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, растау үшін осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар, өтініш берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ қамтамасыз етілетін дәлелдемелер қажет болып отырған іс көрсетілуге тиіс.

3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қарау нәтижесі бойынша сот ұйғарым шығарады. Мұндай өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жекеше шағым берілуі мүмкін.

76-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібі

1. Дәлелдемелерді қамтамасыз етуді осы Кодексте белгіленген ережелер бойынша судья жүргізеді.

2. Істің сотта туындауға дейін дәлелдемелерді қамтамасыз етуді заңдармен көзделген тәртіппен сотта нотариустар немесе консулдық мекемелердің лауазымды адамдары жүргізеді.

3. Өтініш беруші және іске қатысушы басқа тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қарауға кедергі болып табылмайды.

4. Хаттамалар және дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен жиналған нәрсенің бәрі іске қатысушы тұлғаларға хабарлана отырып, істі қараушы сотқа беріледі.

77-бап. Дәлелдемелерді бағалау

1. Әрбір дәлелдеме - қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағалануға тиіс.

2. Осы Кодекстің 16-бабына сәйкес судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.

3. Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.

78-бап. Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері

1. Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады.

2. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

3. Тараптың талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді екінші тараптың мойындауы ол тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған фактіні мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндалған болса, ол іске қосып тігіледі.

4. Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру мақсатымен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге тиіс.

79-бап. Куәнің айғақтары

1. Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды.

2. Куә ретінде:

1) балаларды тәрбиелеу туралы даулар бойынша істерді қоспағанда өзінің жастығына, дене немесе психикалық кемістігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар;

2) өкілдің немесе қорғаушының міндетін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы - азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс бойынша қорғаушылар;

3) шешім немесе үкім шығару кезінде мәселелерді істің мән-жайын кеңесу бөлмесінде талқылау кезінде туындаған мәселелер туралы - судья;

3-1) өз мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - төрешi немесе аралық судья;

3-2) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты оған белгілі болған мән-жайлар туралы - медиатор;

4) оларға тәубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы - дін қызметшілері;

5) заңда көрсетілген басқа адамдар жауап алуға жатпайды.

3. Адам өз-өзіне, зайыбына (жұбайына) және шеңбері заңмен белгіленетін жақын туыстарына қарсы сотта куәлік айғақ беруден бас тартуға құқылы.

4. Куәні шақыру туралы өтініш жасаған адам оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орнын хабарлауға, бұл куәдан жауап алу қажеттілігін негіздеуге міндетті.

80-бап. Куәнің міндеттері мен құқықтары

1. Куә ретінде шақырылған адам сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақ беруге міндетті.

2. Науқастығының, қарттығының, мүгедектігінің немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот куәдан өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін.

3. Көрінеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 352, 353-баптарында көзделген жауаптылықта болады.

4. Куәнің сотқа шақырылуына байланысты шығындарды өтеттіруге және уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Шығындар мен өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

81-бап. Жазбаша дәлелдемелер

Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады.

82-бап. Жазбаша дәлелдемелерді жинау тәртібі

1. Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың өтініші бойынша сот талап етуі мүмкін.

2. Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған немесе куәландырған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады. Құжаттарға, соның ішінде осы Кодекстің 66-бабында көзделген тәртіппен алынған, талап етілген немесе табыс етілген компьютерлік хабарламаны қамтитын материалдар, фото және кино түсірілімдер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады.

3. Соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтініш жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс.

4. Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі.

5. Сот жазбаша дәлелдеме талап ету туралы өтініш берген тұлғаға соңынан сотқа табыс ету үшін алу құқығын беретін сұрату бере алады.

83-бап. Сотқа жазбаша дәлелдемелер табыс ету міндеттілігі

1. Талап етілген жазбаша дәлелдемелерді табыс ету немесе оны сот белгілеген мерзімде табыс ету мүмкіндігі жоқ тұлғалар бұл туралы себептерін көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті.

2. Сот хабардар етілмеген жағдайда, сондай-ақ соттың жазбаша дәлелдемелерін табыс ету талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаса, іске қатысушы тұлғалар - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал соттың қайталама және одан кейінгі талаптарын орындамаған жағдайда, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұл салу өзінде жазбаша дәлелдемені ұстап отырған тұлғаны сот талап еткен затты беру міндетінен босатпайды.

3. Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа қалпында беріледі. Егер құжаттың көшірмесі берілсе, сот, қажет болған жағдайда, түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасында тек электрондық құжатты ғана пайдалануға жол берілмейтін жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған электрондық құжаттар түпнұсқадағы жазбаша құжаттармен бірдей болады.

 

84-бап. Жазбаша дәлелдемелерді сақталып тұрған жерінде қарау және зерттеу

Жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған ретте сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді беруді талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойылған жерде қарай алады және зерттей алады.

85-бап. Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелерді қайтару

1. Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істе жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады.

2. Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін, егер сот мүмкін деп тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін.

86-бап. Заттай дәлелдемелер

Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады.

87-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және қарау

1. Заттай дәлелдемелер істе сақталады немесе айрықша тізілім бойынша соттың заттай дәлелдемелер сақтау камерасына өткізіледі. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шара қабылдайды.

2. Сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада егжей-тегжейлі сипаттауға, ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге және мөрмен бекітілуге тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамасы іске қосып тігіледі.

3. Заттай дәлелдемелерді сақтау жөніндегі шығындар осы Кодекстің 110-бабына сәйкес тараптар арасында бөлінуі мүмкін.

88-бап. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарау

1. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді сот дереу қарап шығады және зерттейді, одан кейін оларды қарап шығуға әкелген адамға қайтарады.

2. Мұндай заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеу орны мен уақыты туралы іске қатысушы адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарау кезінде келе алса, хабарланады. Хабарланған іске қатысушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі келтірмейді. Қарап шығу және зерттеу деректері хаттамаға енгізіледі.

3. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап шығу, оның нәтижелерін жазу осы Кодекстің 87-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

89-бап. Заттай дәлелдемелерге билік ету

1. Осы Кодекстің 88-бабының бірінші бөлігінде көзделгендерден басқа, заттай дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін олар алынған адамдарға қайтарылады немесе сот бұл заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі немесе сот белгілеген тәртіппен өткізіледі.

2. Заң бойынша азаматтардың иелігінде бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға беріледі.

3. Заттай дәлелдемелер оларды сот қарап шығып зерттегеннен кейін, егер олар алынған тұлғалар өтініш жасаса және мұндай өтінішті қанағаттандыру істі дұрыс шешу үшін кедергі келтірмесе, іс жүргізу аяқталғанға дейін оларға қайтарылуы мүмкін.

4. Заттай дәлелдемелерге билік ету мәселелері бойынша сот ұйғарым шығарады.

90-бап. Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар

1. Іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды сот, тараптар, сондай-ақ сарапшы және маман өздері осы Кодексте көзделген іс жүргізу міндеттерін атқаруы кезінде пайдалана алады.

2. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маман шақыруы мүмкін.

3. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:

1) заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптеріне қайшы келмесе;

2) ғылымилығы жарамды болса;

3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса;

4) қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады.

4. Ғылыми-техникалық құралдарды жасырын қолданудың нәтижесі, мұндай қолдануға заңмен жол берілетін жағдайларды қоспағанда, дәлелдеме ретінде пайдаланылмайды.

5. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану тарап ұсынған анықтамамен белгіленеді немесе ғылыми-техникалық құралдардың деректері, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және оларды пайдаланудың нәтижелері көрсетіле отырып, сот жүргізген тиісті іс жүргізу әрекетінің хаттамасында не сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

6. Ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен алынған құжаттар мен басқа да материалдарды зерттеу, сақтау және оларға билік ету осы Кодекстің 87 және 89-баптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

91-бап. Сараптама тағайындау

1. Сараптама сарапшы арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізетін оның объектілерін зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы өзге адамдардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды.

2. Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведомстволық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ мамандардың жазбаша консультацияларының, бағалаушылар есептерінің болуы сарапшының қорытындысын ауыстырмайды және сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

3. Сот сараптаманы тараптың өтініші бойынша және өз бастамасы бойынша тағайындайды.

4. Сарапшы ретінде арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін. Сот сараптамасын жүргізу:

1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;

2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;

3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.

5. Іске қатысушы тұлғалар соттан сараптама ісін жүргізуді арнайы қажетті ғылыми білімі бар нақты адамға тапсыру туралы сұрай алады.

6. Сараптама жүргізу іске қатысушылар ұсынған тұлғалардың біріне тапсырылуы мүмкін. Соттың сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақырту талабы аталған адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті.

7. Іске қатысушы әрбір адам сарапшының алдына қойылуы тиіс мәселелерді сотқа қоюға құқылы. Сарапшы қорытынды беруге тиіс мәселелердің түпкілікті шеңберін сот айқындайды.Ұсынылған мәселелерді қабылдамауды сот дәлелдеуге міндетті. Соттың сараптама тағайындау туралы ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

8. Егер тарап сараптама жүргізуге қатысудан жалтарса немесе оны өткізуге кедергі келтірсе (сараптамаға келмесе, сарапшыларға зерттеу үшін қажетті материалдар бермесе, сотқа беруге мүмкіндік болмайтын немесе қиындық келтіретін өзіне тиісті объектілерді зерттеуге мүмкіндік бермесе), ал істің мән-жайлары бойынша мұндай тараптың қатысуынсыз сараптама жүргізу мүмкін болмаса, сот қай тараптың сараптамадан жалтарғанына, сондай-ақ ол үшін оның қаншалықты маңызы барлығына қарай анықтау үшін сараптама тағайындалған фактіні анықталған немесе жоққа шығарылған деп тануға құқылы.

9. Сараптаманың тағайындалуы туралы сот ұйғарым шығарады.

10. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымда: соттың атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; қаралатын іс бойынша тараптардың атауы; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ көрсетілген объектілерді зерттеу барысында толық немесе ішінара жою, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгерту мүмкіндігіне рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі көрсетіледі. Соттың сараптама тағайындау туралы ұйғарымы ол жіберілген және өз құзыретіне кіретін органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.

 

91-1-бап. Үлгілерді алу

1. Судья, егер үлгілерді зерттеудің іс үшін маңызы бар болса, оларды, оның ішінде тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы.

2. Үлгілерге материалдардың, заттардың, шикізаттардың, дайын өнімнің сынамалары да жатады.

3. Үлгілерді алу туралы дәлелді ұйғарым шығарылады, онда: үлгілерді алатын адам; үлгілер алынуы тиіс адам (ұйым); нақты қандай үлгілер және қандай санда алынуы тиіс екені; адам үлгілерді алу үшін қашан және кімге келуі тиіс екені; үлгілер алынғаннан кейін олардың қашан және кімге табыс етілуі тиіс екені көрсетілуі қажет.

4. Үлгілерді судьяның жеке өзі алуы, ал қажет болса, егер бұл әрекет үлгілер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешіндірумен байланысты болмаса және ерекше кәсіби дағдыны талап етпесе, дәрігердің немесе басқа маманның қатысуымен алуы мүмкін. Өзге жағдайларда үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман алуы мүмкін.

5. Үлгілерді алу құқығы судьяда, сарапшыда, дәрігерде немесе басқа маманда болады.

6. Yлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылатын жағдайларда, оны сарапшы жүргізуі мүмкін.

7. Yлгілер тараптардан, сондай-ақ үшінші тұлғалардан алынуы мүмкін.

8. Судья адамды өзіне шақырады, оны, қолхат ала отырып, үлгілерді алғаны туралы ұйғарыммен таныстырады, оған және осы іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

9. Судьяның жеке өзі немесе маманның қатысуымен қажетті әрекеттерді жүргізеді, үлгілерді алады, оларды орайды және мөр басады.

10. Yлгілерді алу нәтижелері іс жүргізу әрекеттерінің (сот отырысының) хаттамасында тіркеледі, онда жүргізілу ретін сақтай отырып, үлгілерді алу үшін жасалған әрекеттер, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа да әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілердің өздері жазылады. 

2006.04.07. № 151-III ҚР Заңымен 91-2-баппен толықтырылды

91-2-бап. Дәрігердің немесе басқа маманның, сондай-ақ сарапшының үлгілерді алуы

1. Судья өзінен үлгілер алынуға тиіс адамды, сондай-ақ тиісті тапсырмасы бар ұйғарымды дәрігерге немесе басқа маманға жібереді. Ұйғарымда осы іс жүргізу әрекетіне барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілуі тиіс.

2. Дәрігер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы бойынша қажетті әрекеттерді жүргізеді және үлгілерді алады. Yлгілер оралады және мөр басылады, одан кейін дәрігер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бірге судьяға жіберіледі.

3. Сарапшы зерттеу процесінде сынақ үлгілер дайындауы мүмкін, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды.

4. Судья мұндай үлгілерді дайындау кезінде қатысуға құқылы, оны өзі жасайтын хаттамада көрсетеді.

5. Сарапшы зерттеу жүргізгеннен кейін үлгілерді оралған және мөр басылған түрде өзінің қорытындысына қоса тіркейді.

6. Егер үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алған болса, онда ол ресми құжат жасап, оған іс жүргізу әрекетіне барлық қатысушылар қол қояды және іс материалдарына қоса тіркеу үшін судьяға беріледі.

7. Алынған үлгілер оралған және мөр басылған түрде хаттамаға қоса тіркеледі.

 

91-3-бап. Үлгілерді алу кезінде тұлғаның құқықтарын қорғау

Үлгілерді алу әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуы тиіс. Қатты ауыру сезінуін тудыратын күрделі медициналық рәсімдерді немесе әдістерді қолдануға үлгілер алынуға тиісті адам жазбаша келісім бергенде ғана, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, бұған қоса оның заңды өкілдерінің де келісімімен жол беріледі.

 

92-бап. Сарапшының құқықтары мен міндеттері

1. Сарапшының: сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге; соттың рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға; сот сараптамасын тағайындаған соттың келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, азаматтық іс үшін маңызы бар, сараптама тағайындау туралы ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге; сараптама жүргізу кезінде соттың және іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға; сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.

2. Сарапшы: соттан бөлек, іске қатысушы адамдармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; сараптамалық зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға; егер сараптама тағайындаған соттың бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.

3. Сарапшы: соттың шақыртуы бойынша келуге; өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстің 97-бабында көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сотқа жіберуге; жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеліп жатқан объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

4. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.

5. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.

 

93-бап. Сараптама жүргізу тәртібі

1. Сараптама сотта немесе зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкін еместігіне немесе қиындығына қарай соттан тыс жүргізіледі. Сараптама жүргізілген кезде сараптама тағайындаған соттың рұқсатымен сараптама объектілері зерттеу жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін. Аталған рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда немесе сот сарапшысының өтінішін қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы дәлелді ұйғарымда қамтылуға тиіс.

2. Сараптамалық зерттеу объектілерінің дұрыстығына және жол берілгендігіне сот кепілдік береді.

3. Сараптамалық зерттеу объектілері, егер олардың көлемдері және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға кедергісіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

4. Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, осындай қатысу соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Сот іске қатысушы адамдардың сараптама жүргізу кезінде қатысуы туралы өтінішті қанағаттандырған жағдайда, аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт туралы хабарланады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірілмейді.

5. Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар қатысқан жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын сот айқындайды.

6. Сараптама жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау туралы ұйғарымда нақты сарапшы көрсетілмесе, оны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды.

7. Сот сараптамасы органының басшысы: осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса, осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайы нақты сараптама міндеттерін шешуге мүмкіндік бермесе; сарапшының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодексте көзделген талаптар бұзыла отырып ұсынылса, дәлелдерді көрсете отырып, сотқа сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындамастан, оны жүргізу үшін ұсынылған объектілерді қайтаруға; сот алдында осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға құқылы.

Сот сараптамасы органы басшысының заңда көзделген өзге құқықтары да бар.

8. Сот сараптамасы органының басшысы: сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті объектілерді оны тағайындау туралы ұйғарымсыз талап етіп алдыруға; оны жүргізуге осы мекемеде жұмыс істемейтін адамдарды соттың келісімінсіз дербес тартуға; сарапшыға нақты сараптама бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.

9. Сот сараптамасы органының басшысы: сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымды және зерттеу объектілерін алысымен, заңның талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына жүргізуді тапсыруға; сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін бұзбастан, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне, сот сараптамасы объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды қамтамасыз етуге; сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

10. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылса, сот оны тағайындау туралы ұйғарым шығарылғанға дейін оның жеке басына және сарапшыдан бас тартуға осы Кодекстің 41-бабында көзделген негіздердің жоқ екендігіне көз жеткізуге тиіс.

11. Сот сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, оны сарапшыға тапсырады, оған осы Кодекстің 92-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Сот осы іс-әрекеттердің орындалуы жөнінде сараптама тағайындау туралы ұйғарымға белгі қояды, ол сарапшының қолымен куәландырылады. Сарапшы жасаған мәлімдеме және оның өтініші дәл осылайша бекітіледі. Сот сарапшының өтінішін қабылдамау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.

12. Сараптама жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 108-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.

 

94-бап. Жеке және комиссиялық сараптама

1. Сараптама жүргізуді сарапшы жеке не сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады.

2. Комиссиялық сараптама күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы кемінде екі сарапшы жүргізеді.

3. Комиссиялық сот сараптамасы жүргізілген кезде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді толық көлемінде тәуелсіз және дербес жүргізеді. Сараптамалық комиссияның мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, қорытындыға қол қояды не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің қорытындысымен сәйкес келмейтін сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды.

4. Соттың комиссиялық сараптама жүргізу туралы ұйғарымы сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы табыс етілген материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

95-бап. Кешенді сараптама

1. Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшылар өздерінің құзыреті шеңберінде жүргізеді.

2. Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, оны қандай көлемде жүргізгені және оның қандай қорытындыға келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды.

3. Әрбір сарапшы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жайлар туралы ортақ қорытынды (қорытындылар) тұжырымдайды. Ортақ қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелерді бағалауға құзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдайды және оған қол қояды. Егер комиссияның түпкілікті қорытындысына немесе оның бір бөлігінде сарапшылардың бірі (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактілер негіз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.

4. Сарапшылар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда зерттеулердің нәтижелері осы Кодекстің 94-бабының үшінші бөлігіне сәйкес ресімделеді.

5. Сот сараптамасы органына тапсырылған кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру оның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы сондай-ақ табыс етілген материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

96-бап. Сарапшының қорытындысы

1. Сарапшының қорытындысы - сот немесе тараптар сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша сараптама объектілерін арнаулы ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізілген зерттеуге негізделіп, осы Кодексте көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.

2. Сарапшы (сарапшылар) қажетті зерттеулер жүргізгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып, өз атынан қорытынды жасайды, оны өз (өздерінің) қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырып, сараптама тағайындаған сотқа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен расталады.

3. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманың жүргізілген мерзімдері және орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; сот туралы мәліметтер, сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгі; сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде процеске қатысқан қатысушылар және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі мен тұжырымы көрсетілуге тиіс.

4. Егер осы Кодекстің 97-бабында көрсетілген мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың бәріне немесе олардың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс.

5. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.

6. Осы Кодекстің 98-1-бабында көзделген тәртіппен жүргізілген жауап алу барысында сарапшының берген айғақтары ол бұрын берген қорытындыны түсіндіру, толықтыру не нақтылау бөлігінде ғана дәлелдемелер болып табылады.

7. Сарапшының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келіспеуі дәлелді болуға тиіс.

 

97-бап. Қорытынды берудің мүмкін еместегі туралы хабарлама

Егер сарапшының зерттеу жүргізгенге дейін оның алдына қойылған мәселелер өзінің арнайы білімдерінің шегінен тыс екеніне не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және олардың толықтырылуы мүмкін емес екеніне, не ғылым мен сараптама практикасының жай-күйі қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтініне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместегі туралы дәлелді хабарлама жазып, оны сотқа жібереді.

98-бап. Қосымша және қайталама сараптама

1. Қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттілігі туындаған кезде тағайындалады.

2. Қосымша сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

3. Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның қорытындылары күмән тудырған, не сараптама жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.

4. Қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда алдыңғы сараптаманың нәтижелеріне келіспеудің дәлелдері келтірілуге тиіс.

5. Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізілген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.

6. Қосымша және қайталама сараптама жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары табыс етілуге тиіс.

7. Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама бірнеше негіздер бойынша тағайындалып, олардың бірі - қосымша, ал басқалары қайталама сараптамаға жататын болса, мұндай сараптама қайталама сараптама жүргізу ережелері бойынша жүргізіледі.

 

98-1-бап. Сарапшыдан жауап алу

1. Сарапшыдан жауап алу, егер сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде айқын болмаса, толықтыру үшін қосымша зерттеулер жүргізу талап етілмейтін олқылықтары болса немесе сарапшы қолданған әдістер мен терминдерді нақтылау қажет болса, оның қорытындысы жарияланғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.

2. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты оған белгілі болған, оның қорытындысына қатысты емес мән-жайлар бойынша жауап алуға болмайды.

3. Өтініші бойынша сараптама тағайындалған тарап сарапшыдан бірінші болып жауап алады.

4. Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып талапкер, содан кейін жауапкер сұрақтар қояды.

5. Сот жауап алудың кез келген сәтінде сарапшыға сұрақ қоюға құқылы.

 

99-бап. Маманды іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыруға тарту

1. Сот ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға консультациялар (түсіндірмелер) беру және көмектесу арқылы дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету мақсатында сот отырысына немесе іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыру үшін істің нәтижесіне мүдделі емес, арнаулы білімі бар кәмелетке толған адамды маман ретінде тартуы мүмкін.

Сот тараптың өтініші бойынша да мамандарды тартуға құқылы. Іске қатысатын адамдар арнаулы білімі бар нақты адамды маман ретінде тарту туралы сотқа өтініш жасай алады.

2. Маманды тағайындау сот ұйғарымымен ресімделеді.

3. Маман ретінде шақырылған адамның: өзінің шақырылуы мақсатын білуге; егер арналуы білімі мен дағдысы болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; соттың рұқсатымен іс жүргізу әрекетіне қатысушыларға сұрақтар беруге; іс жүргізу әрекетіне қатысушылардың назарын дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдем көрсету кезінде, ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, сараптама тағайындау үшін материалдарды дайындау кезінде өзінің іс-әрекетіне байланысты мән-жайларға аударуға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелері көрсетілуінің толымдығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға; соттың іс-әрекетіне шағым жасауға; өзінің іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға байланысты өзіне келтірілген шығындарға өтем және іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.

4. Маман болып тағайындалған адам: соттың шақыруы бойынша келуге; арнаулы білімді, дағдылар мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот ісін қарауға қатысуға; консультациялар беруге, өзі орындаған әрекеттер бойынша түсініктемелер беруге міндетті.

8-тарау. Сот шығындары

100-бап. Сот шығындары ұғымы және олардың құрамы

Сот шығындары мемлекеттік баж бен іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.

101-бап. Мемлекеттік баж

Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгіленеді.

102-бап. Талап қою бағасы

1. Талап қою бағасы:

1) ақша қаражатын өндіріп алу туралы талап қоюларда - өндірілетін сомамен;

2) мүлікті талап ету туралы талап қоюларда - талап ету кезінде мүліктің тұрған жерінде нарық бағасы бойынша анықталатын, табылған мүліктің құнымен;

3) алименттер өндіріп алу туралы талап қоюларда - бір жыл ішіндегі төлемдердің жиынтығымен;

4) мерзімді төлемдер мен оларды беру туралы талап қоюларда - барлық төлемдер мен берулердің жиынтығымен, бірақ үш жылдан аспайтын жиынтығымен;

5) мерзімсіз және өмір бойы төлемдер мен берулер туралы талап қоюларда - үш жыл ішіндегі төлемдер мен берулердің жиынтығымен;

6) төлемдерді немесе берулерді азайту немесе көбейту туралы талап қоюларда - өтінуші азайтуға немесе көбейтуге үміт артатын жалпы сомамен, бірақ бір жылдан аспайтын сомамен;

7) төлемдер мен берулерді тоқтату туралы талап қоюларда - қалған төлемдер мен берулердің жиынтығымен, бірақ бір жылдан аспайтын жиынтығымен;

8) мүліктік жалдау (жалға алу) шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қоюларда - шарттың (келісім-шарттың) қолданылуының қалған мерзімінде мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін төлемдердің жиынтығымен, бірақ үш жылдан аспайтын жиынтығымен;

9) азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құрылыстарға меншік құқығы туралы талап қоюларда - талап қою жасалған күнгі құрылыс тұрған жердегі нарық бағасы бойынша белгіленген құрылыс құнымен айқындалады, бірақ ол түгендеу бағасынан кем болмауға, немесе ол болмаған кезде - сақтандыру шарты бойынша бағалаудан төмен болмауға, ал ұйымдарға тиесілі құрылыстар үшін құрылыстың баланстық бағасынан төмен болмауға тиіс бағасымен;

10) бірнеше дербес талаптардан тұратын талап қоюларда - барлық талаптардың ортақ сомасымен айқындалады.

2. Талап қоюдың бағасын талап қоюшы көрсетеді. Көрсетілген бағаның табылған мүліктің шын мәніндегі бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын талап арызын қабылдау кезінде судья айқындайды.

103-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу

1. Талап қою кезінде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда мемлекеттік баж мөлшерін сот істі шешу кезінде анықтаған талап қою бағасына сәйкес келетін бажды кейіннен қосымша өндіріп алу арқылы судья алдын ала белгілейді.

2. Істі қарау кезінде талап қою мөлшері ұлғайған жағдайда, баждың жетіспейтін сомасын талап қоюшы талаптың көбейген бағасына сәйкес қосымша төлейді.

104-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату

1. Мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

2. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алынып тасталды (өзгерістер 01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Осы Кодекстің 55, 56-баптарында аталған адамдар өздері қойған талаптан бас тартқан жағдайда мүддесінде осы талап қойылған талапкер, егер ол талапты қарауды талап етсе және мемлекеттік бажды төлеуден босатылмаса, жалпы тәртіппен мемлекеттік бажды төлеуге міндетті.

105-бап. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алынып тасталды (өзгерістер 01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

106-бап. Мемлекеттік бажды қайтару

Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.

 

107-бап. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шағындарға:

1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;

2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;

3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шағындар;

4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;

5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;

6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;

7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;

8) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;

9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;

10) сот қажет деп таныған өзге де шығындар жатады.

108-бап. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға төленуге тиісті сомалар

1. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сотқа келуге байланысты оларға келтірілген жол ақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі және іссапарға жіберілген адамдар үшін белгіленген мөлшерде тәулікақы төленеді. Сарапшы мен маманға сондай-ақ оларға тиесілі химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезінде олар жұмсаған басқа да шығын материалдарының құны, сонымен бірге олардың жұмысты орындау үшін құрал-жабдықтарды, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны және машиналық уақытты тұтынғаны үшін төлеген ақысы өтеледі.

2. Куә ретінде сотқа шақырылған жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін жері бойынша орташа жалақысы сақталады. Еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріліп және заңда белгіленген бір айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып, өтемақы алады.

3. Сарапшылар мен мамандар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, соттың тапсырмасы бойынша өздері орындаған жұмыс үшін сыйақы алады. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот анықтайды.

4. Сот сараптамасы органдары жүргізген сараптаманың ақысын төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға сомаларды, сондай-ақ сот сараптамасы органы жүргізген сараптамаға ақыны тиісті өтініш берген тарап төлейді. Егер аталған өтінішті екі тарап берсе немесе куәні шақырту, сараптаманы тағайындау, маманды тарту соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, талап етіліп отырған соманы тараптар тең бөліп төлейді.

6. Егер бұл жұмыс сарапшылар мен мамандардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, соттың тапсырмасы бойынша істеген жұмыстары үшін оларға төленуге тиесілі сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап сот депозитіне алдын ала төлеп қояды. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот белгілейді.

7. Сот сараптамасы органы сараптама жүргізгені үшін төленуге тиіс сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап, не өзіне сот осындай міндеттеме жүктеген тарап алдын ала төлеу нысанында тиісті бюджетке енгізеді.

8. Бір немесе екі тарап шығындарды төлеуден босатылған жағдайда сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі.

109-бап. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу

1. Куәларға, сарапшыларға және мамандарға тиесілі сомаларды олар өз міндеттерін орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ашылған шоттан сот төлейді.

2. Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Сыйақының мөлшерін тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып сот белгілейді.

110-бап. Сот шығындарын тараптардың арасында бөлу

1. Пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бұл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талап қоюшыға қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мөлшеріне бара-бар, ал жауапкерге - талап қою талаптарының талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне бара-бар беріледі.

2. алынып тасталды

3. Егер жоғары сатыдағы сот істі жаңадан қарауға берместен шығарылған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, ол тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді.

111-бап. Өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу

1. Пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екінші тарап келтірген шығындарды іс жүзінде өзі шеккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді. Ақшалай талап бойынша бұл шығындар қойылған талаптың қанағаттандырылған бөлігінің он процентінен аспауға тиіс.

2. Егер адвокат заң көмегін тарапқа судьяның (соттың) ұйғарымы негізінде тегін көрсетсе, сот осы бапта көрсетілген шығыстарды заң көмегін тегін көрсеткен адвокаттың пайдасына өндіріп береді.

 

112-бап. Уақыт ысырабынан келтірілген залалдарды өндіріп алу

Көрінеу теріс пиғылымен негізсіз талап қойған немесе қойылған талапқа қарсы дау білдірген не істі дұрыс және тез қарап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасаған тараптан сот екінші тараптың пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны өндіріп алуы мүмкін. Өтемақы мөлшерін нақты мән-жайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормасын негізге ала отырып, сот белгілейді.

113-бап. Талап қоюдан бас тарту, бітімгершілік келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім кезінде сот шығындарын бөлу

1. Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде оның шығарған шығындарын жауапкер өтемейді. Егер талап қоюшы талап қоюдан кейін оларды жауапкердің ерікті түрде қанағаттандыруы нәтижесінде өзінің талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша жауапкерден талап қоюшы шеккен бүкіл сот шығындарын және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өндіріп алады.

2. Егер тараптар бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді жасау кезінде сот шығындары мен өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды бөлу тәртібін көздемесе, сот бұл мәселелерді осы Кодекстің 111, 115-баптарында жазылған ережелерге лайықтап шешеді.

2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 123-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 114-бап жаңа редакцияда

114-бап. Тегін заң көмегін көрсету

1. Істі сот талқылауына дайындаған кезде судья немесе істі қараған кезде сот заңда көзделген мынадай:

1) асыраушысының қайтыс болуы, жұмыспен байланысты мертігуі немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы дауларды қараған;

2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын қуынушылар мен жауапкерлер үшін кәсіпкерлік қызметке байланысты емес дауларды қараған жағдайларда тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен, кепілдік берілген заң көмегіне ақы төлеу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, тұлғаның заң көмегіне ақы төлеуден босату және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішхатына осы тұлғаның заң көмегін тегін алу құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, судья немесе сот өтінішхатты қарау нәтижесі бойынша тұлғаны мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеуден және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелденген ұйғарым шығарады.

5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, соттың немесе судьяның тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы ұйғарымы дереу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі, олар сот белгілеген мерзімде адвокаттың сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

115-бап. Тараптарға сот шығындарын өтеу

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда сотқа басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы өтініштермен жүгінген тұлғаларға талап қоюдан толық немесе ішінара бас тартылған кезде (осы Кодекстің 55 және 56-баптары), жауапкерге республикалық бюджеттің қаражатынан олар жұмсаған сот шығындары толық немесе қойылған тараптардың талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне бара-бар өтеледі.

2. Мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қою қанағаттандырылған жағдайда талап қоюшыға ол жұмсаған сот шығындары республикалық бюджеттің қаражатынан өтеледі.

116-бап. Сот шығындарын мемлекетке өтеу

1. Төлеуден талап қоюшы босатылған істі қарауға байланысты шығындар мен мемлекеттік баж сот шығындарын төлеуден босатылмаған жауапкерден мемлекет кірісіне толық немесе талаптың қанағаттандырылған бөлігіне бара-бар мөлшерде өндіріліп алынады.

2. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот шығындарын төлеуден босатылмаған талап қоюшыдан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.

3. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, ал жауапкер сот шығындарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізілуге байланысты шығындар мемлекеттің кірісіне сот шығыстарын өтеуден босатылмаған талап қоюшыдан талап қою талаптарының қанағаттандырылудан бас тартылған бөлігіне бара-бар өндіріліп алынады.

4. Егер екі тарап та сот шығындарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар республикалық бюджеттің есебіне жатқызылады.

5. Өзіне тиесілі төлемдерді төлеуден жалтарған адамға іздеу жарияланған жағдайда іздеуді жүргізу жөніндегі шығындар сол адамнан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.

117-бап. Сот шығындарына байланысты мәселелер жөніндегі ұйғарымдарға шағым беру және наразылық келтіру

Сот шығындарына байланысты мәселелер жөніндегі ұйғарымға жекеше шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

9-тарау. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары

 

118-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу шаралары

1. Соттың іске қатысушы тұлғаларға, процестің басқа да қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдануының мақсаты сот төрелігі міндеттерін іске асыру болып табылады.

2. Сот мәжбүрлеу шаралары ретінде еріксіз келтіруді, сот залынан шығарып жіберуді қолданады.

 

119-бап. Еріксіз келтіру

1. Еріксіз келтіру - бұл жауапкерді, куәні, сарапшыны, маманды және аудармашыны олар сотқа келуден дәлелді себептерсіз жалтарған жағдайда, сотқа мәжбүрлеп әкелу.

2. Еріксіз келтіруді сот ұйғарымы бойынша сот приставтары немесе ішкі істер органдары жүзеге асырады.

 

120-бап. Сот залынан шығарып жіберу

Сот отырысында тәртіп бұзушыларға сот осы Кодекстің 179-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен сот залынан шығарып жіберуді қолданады.

 

121-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары

1. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот барлық адамдардың сот алдында теңдігінің конституциялық принципін және сот төрелігі міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.

2. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513-бабында көзделген іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасағаны үшін бұған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 648-бабының 1-1-бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

3. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін материалдарды прокурорға жібереді.

 

122-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шараларын қолдану. Оларға шағымдану және наразылық беру тәртібі

1. Заңға қарсы жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) үшін бір ғана мәжбүрлеу шарасы және (немесе) бір ғана жауаптылық түрі қолданылады.

2. Соттың мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұйғарымына (қаулысына) жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

 

10-тарау. Іс жүргізу мерзімдері

123-бап. Іс жүргізу әрекеттерін жасау мерзімдері

1. Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген мерзімдерде жасалады.

2. Егер іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзім заңда белгіленбеген жағдайда, оны сот тағайындайды.

124-бап. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу

1. Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлме-дәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы жағдайда әрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін.

2. Кезеңмен есептелетін іс жүргізу мерзімінің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады.

125-бап. Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы

1. Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімінің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімінің соңғы айының тиісті ай мен күнінде бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді. Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне тап келген жағдайда мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

2. Жасалуына мерзім белгіленген іс жүргізу әрекеті мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін почтаға, телеграфқа тапсырса немесе байланыстың өзге де құралдары бойынша берілсе, мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді.

3. Егер іс жүргізу әрекеті тікелей сотта немесе басқа ұйымда жасалуы тиіс болса; белгіленген ереже бойынша бұл ұйымдарда жұмыс аяқталатын немесе тиісті операциялар тоқтатылатын сағатта мерзім бітеді.

126-бап. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу салдары

1. Іс жүргізу әрекеттерін жасау құқығы заңда белгіленген немесе сот тағайындаған мерзімінің аяқталуымен жойылады. Іс жүргізу мерзімдері аяқталғаннан кейін берілген шағымдар мен құжаттарды, егер өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, сот қараусыз қалдырады және оларды берген адамға қайтарылады.

2. Іс жүргізу мерзімдерінің бітуі іс жүргізу міндеттерін орындаудан босатпайды.

127-бап. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру

1. Барлық аяқталмаған іс жүргізу мерзімдерінің ағымы іс жүргізуді тоқтата тұрумен тоқтатыла тұрады. Мерзімдерді тоқтата тұру іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар туындаған уақыттан басталады.

2. Іс жүргізу қайта басталған күннен бастап іс жүргізу мерзімдерінің ағымы жалғасады.

128-бап. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру

1. Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады.

2. Егер заңмен белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін. Егер мерзімді қалпына келтіру туралы арыз шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей берілсе, сот апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіруі мүмкін.

3. Өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш іс жүргізу әрекеттерін жасауға тиісті болатын сотқа беріледі. Сот бұл өтінішті мәселенің қаралатын орны мен уақыты хабарланатын іске қатысушы адамдардың қатысуымен қарайды, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешу үшін кедергі болып табылмайды.

4. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берумен қатар ол бойынша мерзімі өткізіліп алынған қажетті іс жүргізу әрекеттері жасалуға (құқық қорғау туралы талап қойылуға, шағым берілуге, құжаттар табыс етілуге және т.б.) тиіс.

4-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша процеске қатысушының мүмкіндігін шектеген заңды бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақтылы жасамау, сот ісін жүргізу тілін білмейтін іске қатысушы адамға сот актісінің аудармасы жоқ көшірмесін табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағымдану мерзімін дәл көрсетпеулер), сондай-ақ оған уақытында шағым немесе наразылық келтіруге объективті түрде кедергі жасаған өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жеке) шағым берудің, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіруге міндетті.

5. Соттың өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімін ұзартудан және қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

11-тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары

129-бап. Соттың хабарлаулары мен шақырулары

1. Сотқа қатысушы адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады.

2. Қажет болған жағдайларда, іске қатысушы адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар тапсырылғаны туралы хабарлай отырып, тапсырыстық хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша қысқа мәтіндік хабарлама арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.

3. Хабарлаулар мен шақырулар хабарландырылған немесе шақырылған адамның сотқа уақтылы келуі және іске даярлануы үшін жеткілікті мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.

4. Хабарлау немесе шақыру хабарландырылатын немесе шақырылатын адамға тарап немесе іске қатысатын басқа да адам көрсеткен мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша азамат іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Ұйымға арналған хабарлау немесе шақыру оның орналасқан жеріне жіберіледі.

 

130-бап. Шақыру қағазының немесе өзге де хабарлаудың, шақырудың мазмұны

1. Шақыру қағазында немесе өзге де хабарлауда, шақыруда мыналар болуға тиіс:

1) сотқа хабарланатын немесе шақырылатын адамды көрсету (тегі, аты, әкесінің аты және олар жолданатын адамның тұрғылықты жері не ұйымның атауы мен орналасқан жері);

2) соттың атауы мен нақты мекен-жайы;

3) келетін жері мен уақыты;

4) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жүргізілетін істің атауы;

5) адресат кім ретінде хабарланып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;

6) іске қатысушы тұлғаларға іс бойынша оларда бар барлық дәлелдемелерді табыс етуді ұсыну;

7) адресаттың болмауына байланысты шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны, шақыруды алған адамның оны алғашқы мүмкіндік болған кезде адресатқа тапсыруға міндеттілігін көрсету;

8) хабарланатын немесе шақырылатын адамның сотқа келмей қалу салдарын және оның келмеу себебін сотқа хабарлауға міндетті екенін көрсету;

9) шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды жіберуші адамның қолы. Хабарлау немесе шақыру туралы телефонограмма жіберген адам оны кімге және қай уақытта бергендігін көрсете отырып өзінің қол қоюымен куәландыруы тиіс.

2. Шақыру қағазымен бірге судья жауапкерге талап арыздың көшірмесі мен арызға қоса берілген құжаттардың көшірмесін жібереді. Талап қоюшыға жіберетін шақыру қағазымен бірге судья жауапкердің жазбаша түсініктемелерінің көшірмесін және оған қоса, егер олар сотқа түскен болса, оларға қоса тіркелген құжаттардың көшірмесін жібереді.

3. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарламада:

1) хабардар етілетін немесе сотқа шақырылатын адамды көрсету (хабарлама жолданатын адамның тегі, аты, әкесінің аты не ұйымның атауы);

2) соттың атауы мен нақты мекенжайы;

3) келетін жері мен уақытын көрсету;

4) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жүргізілетін істің қысқаша атауы;

5) адресат кім ретінде хабарланып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;

6) хабарлама жіберген адамның тегі мен аты қамтылуға тиіс.

Хабарламаның жіберілгендігін растайтын құжат істің материалдарына қоса тіркеледі.

 

131-бап. Шақыру қағазын жеткізу

1. Шақыру қағаздары хабардар етіліп, тапсырысты хатпен почта арқылы жеткізіледі немесе мұны судья тапсырған адамдар жеткізеді. Шақыру қағазын адресатқа тапсыру уақыты шақыру қағазының сотқа қайтарылуға тиісті түбіршегінде белгіленеді.

2. Сот іске қатысушы адамның келісімімен оның қолына хабарланатын немесе іс бойынша шақырылатын адамға тапсыру үшін шақыру қағазын беруі мүмкін.

3. Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні көрсетілген және адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының түбіршегін сотқа қайтаруға міндетті.

132-бап. Шақыру қағазын тапсыру

1. Шақыру қағазы жіберілген азаматқа табыс етіліп, сотқа қайтарылуға тиісті түбіршегіне оның өз қолы қойылады. Ұйымға жіберілген шақыру қағазы оның өкіліне немесе басқару қызметін атқаратын тиісті адамға табыс етіледі, ол шақыру қағазының түбіршегіне оны алғандығы жөнінде өзінің қызметін, тегін және аты-жөнін көрсетіп қол қояды.

2. Егер шақыру қағазын жеткізуші адам іс бойынша хабарланатын немесе шақырылатын азаматты тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмаса, онда шақыру қағазы олардың келісімімен - онымен бірге тұратын отбасының ересек мүшелерінің біріне, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй-пайдалану ұйымына, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органға немесе оның жұмыс орнындағы әкімшілікке тапсырылады. Бұл жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіршегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын, сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын қызметін көрсетуге міндетті. Шақыру қағазын қабылдап алған адам мүмкіндігінше кідіртпей шақыру қағазын адресатқа тапсыруға міндетті.

3. Адресат уақытша болмаған жағдайда, шақыру қағазын жеткізуші адам шақыру қағазының түбіршегіне адресаттың қайда кеткендігін және оның қашан қайтып келуі мүмкін екендігін белгілейді. Бұл мәліметтерді - тұрғын үй-пайдалану ұйымы, жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы орган немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшілік, ал оларда бұл мәліметтер болмаған жағдайда онымен бірге тұратын отбасының ересек мүшелерінің бірі растауға және куәландыруға тиіс.

133-бап. Шақыру қағазын немесе өзге хабарлауды, шақыруды қабылдаудан бас тартудың салдары

1. Адресат шақыру қағазын немесе өзге хабарлауды, шақыруды қабылдаудан бас тартқан жағдайда оны жеткізуші немесе табыс етуші адам сотқа қайтарылатын шақыру қағазына немесе хабарлауға, шақыруға тиісті белгі соғады. Адресаттың шақыру қағазын немесе хабарлауды, шақыруды қабылдаудан бас тартуы туралы белгіні тұрғын үй-пайдалану ұйымы, жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе шақырылған адамның тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы орган немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшілік куәландырады.

2. Шақырылған адамның шақыру қағазынан немесе өзге де хабарлаудан, шақырудан бас тартуы істі қарауға немесе жасалған жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасауға кедергі болмайды.

134-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды ауыстыру

Іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізген уақытта сотқа өз мекенжайының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының ауысқаны туралы хабарлауға міндетті. Мұндай хабарлау болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, шақыру сотқа белгілі соңғы мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжайы бойынша жіберіледі және адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмаса да немесе болмаса да, ұялы байланыстың бұл абоненттік нөмірін немесе электрондық мекенжайды пайдаланбаса да, жеткізілді деп есептеледі.

 

135-бап. Жауапкер болған жердің белгісіздігі және оны іздестіру

1. Жауапкердің іс жүзінде болған жері белгісіз болған жағдайда тұрғын үй-пайдалану ұйымының, жергілікті өзін-өзі басқару органының, немесе жауапкердің соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның соңғы белгілі жұмыс орны бойынша әкімшіліктің шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды алғанын куәландыратын жазбамен олар сотқа келіп түскеннен кейін сот істі қарауға кіріседі.

2. Мемлекет мүдделеріне орай, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының жарақат алуымен немесе денсаулықтың өзгедей зақымдануымен немесе қайтыс болуымен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша жауапкердің болған жері белгісіз болған жағдайда сот жауапкерді ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы арқылы іздестіру жариялауға міндетті. Соттың жауапкерді іздестіруді жариялауы істі қарауға кедергі болмайды.

Iздестiру шаралары барысында жауапкердiң жүрген жерi анықталған кезде оған сотқа шақыру туралы соттың шақыру қағазы табыс етiледi.

3. Жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу ішкі істер органының немесе қаржы полициясының мәлімдеуі бойынша сот бұйрығын беру жолымен жүргізіледі.

 

12-тарау ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен алып тасталды

2-бөлім. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу

 

1-бөлімше. Бұйрық арқылы іс жүргізу

 

13-тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу

 

139-бап. Сот бұйрығының негізінде берешекті өндіріп алу

1. Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.

2. Сот бұйрығының мазмұны осы Кодекстің 146-бабымен белгіленеді.

3. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

140-бап. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар

Сот бұйрығы:

1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;

2) егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;

3) егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;

4) егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

6) егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

7) егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса;

7-1) егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап мәлiмделген болса;

10) егер кепіл беруші-борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы мәлімдеген болса;

11) егер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса, шығарылады.

 

141-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны

1. Сот бұйрығын шығару туралы арыз осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылықтың жалпы ережелері бойынша сотқа беріледі.

2. Арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызда:

1) арыз берілетін соттың атауы;

2) өндіріп алушының аты, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;

3) борышкердің аты, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;

4) өндіріп алушының талаптары және ол негізделген мән-жайлар;

5) мәлім етілген талаптарды растайын қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Мүлік талап етілген жағдайда арызда осы мүліктің құны көрсетілуге тиіс.

4. Арызға өндіріп алушы немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл беретін арызға оның өкілеттігін куәландыратын құжат қоса тіркелуге тиіс.

142-бап. Мемлекеттік баж

1. алынып тасталды

2. Арызды қабылдаудан бас тартылған жағдайда өндіріп алушы енгізген мемлекеттік баж қайтарылады.

3. Сот бұйрығының күші жойылған жағдайда өндіріп алушы енгізген мемлекеттік баж қайтарылмайды.

4. Өндіріп алушы борышкерге талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен талап қойған жағдайда ол баждың төленуге тиісті шотына есептеледі.

143-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздері

1. Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды осу Кодекстің 153, 154-баптарында көзделген негіздер бойынша қабылдаудан бас тартады немесе қайтарады. Сонымен бірге, судья арызды, егер:

1) мәлім етілген талап осы Кодекстің 140-бабымен көзделмесе;

2) борышкер Қазақстан Республикасы соттарының юрисдикциясы шегінен тыс болса;

3) мәлім етілген талапты растайын құжаттар табыс етілмесе;

4) табыс етілген құжаттар негізінде шешу мүмкін емес құқық туралы даулардың болуы көзделсе;

5) арыздың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе;

6) арызға мемлекеттік баж төленбесе, қайтарады.

2. Судья сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн мерзім ішінде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

3. Арыз берушінің талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен осы талап бойынша талап арызды қою мүмкіндігіне өтінішті қабылдаудан бас тарту кедергі келтірмейді.

144-бап. Арыздағы кемшіліктерді жою

1. Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдауға және, егер арыз осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе немесе мемлекеттік баж төленбесе, өз ұйғарымымен өндіріп алушыға, кемшіліктерді жою немесе мемлекеттік бажды төлеу үшін үш күннен аспайтын мерзім белгілеуге құқылы.

2. Егер өндіріп алушы судьяның нұсқауларына сәйкес ол белгілеген мерзімде кемшіліктерді жойса, мемлекеттік бажды төлесе, арыз оны сотқа алғаш тапсырған күні берілген деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда судья осы Кодекстің 143-бабының екінші бөлігіне сәйкес арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

145-бап. Сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзімі

Мәлім етілген талаптың мәні бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн ішінде судья сот бұйрығын шығарады.

146-бап. Сот бұйрығының мазмұны

1. Сот бұйрығында:

1) жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;

2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні;

3) өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер мен сәйкестендiру нөмiрi немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері не Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен мәліметтер, банк реквизиттері мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;

4) борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны туралы мәліметтер мен жұмыс орнының банк реквизиттері (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), оның банк реквизиттері мен сәйкестендiру нөмiрi (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері не Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), банк реквизиттері мен сәйкестендiру нөмiрi;

5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;

6) өндіріп алынуға жататын ақша соммаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі;

7) егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері;

8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе тиісті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;

9) сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.

2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында осы баптың 1) - 5), 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, борышкердің туған күні мен туған жері, оның жұмыс орны, оларды күтіп-бағуға алимент алып берілетін әрбір баланың аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріп алынатын төлемдердің мөлшері және оны өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі.

3. Сот бұйрығына судья қол қояды.

147-бап. Борышкерге сот бұйрығының көшірмесін жіберу

1. Сот бұйрық шығарғаннан кейін судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді.

2. Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.

148-бап. Сот бұйрығының күшін жою

1. Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жойып, ол туралы ұйғарым шығарады. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымда судья өндіріп алушы мәлім еткен талаптың талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін екенін түсіндіреді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмесі оны шығарғаннан кейін үш күннен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі.

1-1. Егер борышкер болмаған жағдайда, құқықтары мен міндеттері сот бұйрығымен қозғалған тұлғадан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес келмейтіндігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.»

2. Сот бұйрығының күшiн жою туралы қаулы шағымдануға немесе наразылық келтiруге жатпайды.

149-бап. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру

1. Егер белгіленген мерзімде борышкерден сотқа қарсылық келіп түспесе, судья өндіріп алушыға оны орындауға көрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді.

2. Өндіріп алушының өтінуі бойынша сот бұйрығы тікелей соттың орындауы үшін жіберілуі мүмкін.

3. Тиісті бюджеттің кірісінде борышкерден мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы тікелей соттың орындауы үшін жіберіледі.

4. Өндіріп алушыға берілген сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізетін істе қалады.

2-бөлімше. Талап қою бойынша іс жүргізу

14-тарау. Талап қою

150-бап. Талап арыздың нысаны мен мазмұны

1. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.

2. Арызда:

1) арыз берілетін соттың атауы;

2) талап қоюшының атауы, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, сәйкестендiру нөмiрi мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;

3) жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса;

 4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;

5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер;

6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;

7) алынып тасталды

8) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндалуы мүмкін.

4. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтінішінде мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негіздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайын құжат қоса тіркелуге тиіс.

5. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны ұсынуға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды.

Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкілеттігі болған кезде талап арыз өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

 

151-бап. Талап арызға қоса тіркелетін құжаттар

1. Талап арызға:

1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі;

2) мемлекеттік баж төлеуді растайын құжат;

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;

4) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері;

5) алынып тасталды

6) оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;

7) талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтініші және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.

2. Электрондық құжат нысанында берілетін талап арызға осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.

Бұл ретте, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлемді жүзеге асыруды куәландыратын электрондық құжат мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжат болып табылады.

152-бап. Талап арызды қабылдау

1. Судья талап арыз түскен күннен бастап бес күн мерзімде оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқылы.

2. Талап арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

153-бап. Талап арызды қабылдаудан бас тарту

1. Судья талап арызды қабылдаудан, егер:

1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;

2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы болса;

3) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша төреліктің немесе аралық соттың қабылдаған шешімі болса және бұл жөнінде сотқа белгілі болса, бас тартады.

2. Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді.

3. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс.

4. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді.

5. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

154-бап. Талап арызды қайтару

1. Судья талап арызды, егер:

1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;

2) іс осы соттың соттауына жатпаса;

3) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;

4) арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;

5) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша iс болса;

5-1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктiң немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса;

6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;

7) бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе, қайтарып жібереді.

2. Судья арызды қайтару туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда арыз берушіге, егер іс осы соттың соттауына жатпайтын болса, қандай сотқа жүгіну не істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою қажет екендігін көрсетеді. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс.

3. Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.

4. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

155-бап. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру

1. Судья талап арыз осы Кодекстің 150-бабының талаптарына және 151-бабының 1) - 3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді.

2. Егер талап қоюшы судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырған күні берілген болып есептеледі. Олай болмаған жағдайда арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады.

3. Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықтарды жойса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.

4. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

156-бап. Қарсы талап қою

Жауапкер бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін алғашқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою талап қою туралы жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.

157-бап. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары

Судья қарсы талап қоюды, егер:

1) қарсы талап алғашқы талапты есепке алуға бағытталса;

2) қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюдың толық немесе қанағаттандыру бөлігінде болдырмаса;

3) қарсы және алғашқы талап қоюлардың арасында өзара байланыс болса және оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе, қабылдайды.

 

15-тарау. Талап қоюды қамтамасыз ету

 

158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету үшін негіздер

Іске қатысатын адамдардың, төрелiкте немесе аралық сотта талқылау тараптарының арызы бойынша сот қуынымды қамтамасыз ету үшін шаралар қолдана алады. Егер мұндай шараларды қолданбау соттың шешімін орындатуды қиындатса немесе мүмкін етпейтін болса, қуынымды қамтамасыз етуге істің кез келген кезеңінде жол беріледі.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты олар қайта құрылымдау жүргізген кезінде талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауға салынатын құқықтық актісінің, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.

 

159-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары

1. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:

1) жауапкерге тиесілі және оның өзінде немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу (банктің корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың ашық сауда-саттық әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке тыйым салуды қоспағанда).

Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға жол берілмейді.

Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағындағы корреспонденттік шотындағы ақшаға тыйым салуға Қазақстан Республикасының және оның меншігінің юрисдикциялық иммунитетін шет мемлекеттің бұзуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жол беріледі.

Жауапкерге тиесілі және банктегі ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салынатын ақша сомасы көрсетілуге тиіс. Тыйым салынатын ақша сомасын іс материалдарын негізге ала отырып, сот айқындайды;

2) жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;

3) басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған қатысты өзге де міндеттемелерді орындауына тыйым салу;

4) мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған жағдайда мүлікті өткізуді тоқтата тұру;

5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауға салынатын құқықтық актісінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұру;

6) борышкер сот тәртібімен дауға салатын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру болуы мүмкін.

2. Қажет болған жағдайларда сот осы Кодекстің 158-бабында аталған мақсаттарға сай келетін талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды қабылдауы мүмкін. Соттың талап қоюды қамтамасыз етудің бірнеше шараларын қабылдауы мүмкін. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында аталған тыйым салулар бұзылған жағдайда кінәлі адамдар әкімшілік жауаптылықта болады. Оның үстіне, талап қоюшы сот тәртібімен осы адамдардан талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындамаудан келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.

3. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары талап қоюшының мәлімдеген талаптарына шамалас болуға тиіс.

 

160-бап. Қуынымды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

Қуынымды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және iске қатысатын басқа да адамдарға, төрелiкте немесе аралық сотта талқылау тараптарына хабарламастан, сотқа келіп түскен күні шешеді. Қуынымды қамтамасыз ету туралы арызды қарап, судья ұйғарым шығарады.

 

161-бап. Қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау

Қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды сот тиісті органдар мен ұйымдарға орындау үшін жібереді.

Органдар мен ұйымдар ұйғарым келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұйғарымды жіберген сотты орындау нәтижелері жөнінде хабардар етеді.

Қамтамасыз ету шаралары қолданылған мүліктің тізбесі болмаған жағдайда соттың ұйғарымын орындау үшін сот орындаушысына жіберілуге тиіс.

 

162-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру

1. Iске қатысатын адамның, төрелiкте немесе аралық сотта талқылау тараптарының арызы бойынша қуынымды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыруға жол беріледі. Қуынымды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы мәселені сот іске қатысатын адамдарға арызды қарау уақыты мен орны туралы хабарлай отырып шешеді, алайда олардың келмей қалуы осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді. Қуынымды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы судья ұйғарым шығарады.

2. Ақшалай соманы өндіріп алу туралы талап қоюды қамтамасыз еткен жағдайда жауапкер талап қоюды қамтамасыз етуге сот қабылданған шаралардың орнына соттың депозиттік шотына талап қоюшы талап ететін соманы енгізуге құқылы.

163-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою

1. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот тараптардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмей қалуы талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы мәселені қарауға кедергі келтірмейді.

2. Талап қоюға қарсылық білдірілген жағдайда талап қоюды қамтамасыз етуде қабылданған шаралар шешім заңды күшіне енгенге дейін сақталады. Алайда, сот шешіммен бір мезгілде немесе өзінің қаулысынан кейін талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығаруы мүмкін. Талап қою қанағаттандырылған жағдайда оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өз күшін сот шешімі орындалғанға дейін сақтайды.

3. Қаржы ұйымын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы істі қарайтын мамандандырылған қаржылық сот, қаржы ұйымын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған жағдайда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім қабылдағанға дейін соттар қабылдаған талап-арызын қоюды қамтамасыз етудің күшін жоюға міндетті.

 

164-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға шағымдану

1. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі барлық ұйғарымға жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

2. Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамдарға хабарламай шығарылса, шағым беру мерзімі оған бұл ұйғарым белгілі болған күннен бастап есептеледі.

3. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға жеке шағым беру бұл ұйғарымның орындалуын тоқтатпайды.

4. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түріне ауыстыру туралы ұйғарымға жеке шағым беру немесе наразылық келтіру ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.

165-бап. Талап қоюды қамтамасыз етумен келтірілген залалдарды жауапкерге өтеу

Сот талап қоюды қамтамасыз етуге жол бере отырып, талап қоюшыдан жауапкер үшін мүмкін болатын залалдарды қамтамасыз етуді талап етуі мүмкін. Жауапкер талап қоюда бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін талап қоюшыға оның өтініші бойынша қабылданған оған талап қоюды қамтамасыз ету шараларымен келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.

16-тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу

166-бап. Істі әзірлеудің міндеттері

1. Арызды қабылданғаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс қарауға істі әзірлейді.

2. Сотта іс қарауға істі әзірлеудің әрбір іс бойынша міндетті міндеттері мыналар:

1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;

2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;

3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;

4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.

167-бап. Істі сот талқылауына әзірлеу мерзімдері

Азаматтық істерді сот талқылауына әзірлеу, егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, ерекше күрделі істер бойынша, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша айрықша жағдайларда, бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.

 

168-бап. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым

Судья істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарады және жүргізілуге тиісті әрекеттерді көрсетеді.

169-бап. Арыздың көшірмелерін және оған қоса тіркелген құжаттарды жауапкерге жіберу

1. Судья жауапкерге талап арыздың көшірмесін және талап қоюшының талаптарын негіздейтін оған қоса тіркелетін құжаттарды жібереді не тапсырады және өзі белгілеген мерзімде талап арызға пікір (қарсылық) білдіруді және өз пікірін (қарсылығын) негіздеуге дәлелдемелер беруді міндеттейді.

2. Жауапкердің пікірі мен дәлелдемелерді бермеуі істегі бар дәлелдемелер бойынша істі қарауға кедергі келтірмейді.

 

169-1-бап. Талап арызға пікір

1. Жауапкер сотқа талап қоюға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса тіркелген құжаттардың талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға жіберілгенін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, талап арызға пікірді табыс етеді.

2. Пікір - сотқа, көшірмелері іске қатысатын тұлғаларға олардың сот отырысы басталғанға дейін танысуына мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде ұсынылады.

3. Талап арызға жазбаша пікірді іске қатысатын өзге тұғалар да ұсынуға құқылы.

4. Пікірде:

1) талап қоюшының атауы, оның тұрған немесе тұрғылықты жері;

2) жауапкердің атауы, оның тұрған жері; егер жауапкер азамат болып табылса, оның тұрғылықты жері;

3) заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ қарсылықты негіздейтін дәлелдемелерге сілтеме жасай отырып, мәлімделген талаптардың мәні бойынша қарсылықтар;

4) пікірге қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

Пікірде істі дұрыс және уақтылы шешу үшін қажетті телефондардың, факстердің нөмірлері, электрондық почтаның мекенжайлары және өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

5. Пікірге жауапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркеледі.

 

170-бап. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері

Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жүргізеді:

1) талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

3) іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;

4) тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен шешу не осы дауды шешу үшін төрелікке немесе аралық сотқа жүгіну құқығын және мұндай әрекеттiң салдарларын түсiндiредi;

4-1) тараптардың кәсіби медиаторлар ұйымдарының медиация рәсімінің тәртібі мен қағидаттарының түсіндірмесін алуын қамтамасыз етеді;

5) оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;

6) куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;

7) тараптардың өтініші бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді;

8) тараптардың өтініші бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;

9) кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдары хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;

10) сот тапсырмаларын жібереді;

11) талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;

12) талапкердің өтініші бойынша оның берген арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады;

13) өзге де қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды.

171-бап. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және ажырату

1. Егер талаптарды ажыратып қарау неғұрлым дұрыс болса, судья талап қоюшы біріктірген талаптардан біреуін немесе бірнешеуін бөліп жеке іс жүргізуге алады.

2. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар бірнеше жауапкерге қойылған кезде судья, егер талаптарды ажыратып қарауды неғұрлым дұрыс деп тапса, бір немесе бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөлуге құқылы.

3. Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әртүрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы.

172-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, тоқтату және істі сотта қарауға әзірлеген кезде арызды қараусыз қалдыру

1. Осы Кодекстің 242, 243-баптарында, 247-бабының 1) - 5) тармақшаларында және 249-бабының 1) - 5), 8), 9) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған жағдайда оны сотта қарауға әзірлеу кезінде іс бойынша іс жүргізудің тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы не арыздың қараусыз қалдырылуы мүмкін.

2. Тараптарға мұндай іс жүргізу әрекеттерінің салдарлары түсіндіріледі.

173-бап. Істі сотта іс қарауға тағайындау

Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға және процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды.

17-тарау. Сотта іс қарау

 

174-бап. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері

1. Азаматтық істер істі сот талқылауына әзірлеу аяқталған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. Жұмысқа қайта алу туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде комиссиялардың шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер бір айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. Ереуiлдердi заңсыз деп тану туралы азаматтық iстер сотқа талап арыз келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қаралады және шешiледi.

2. Азаматтық істердің жекелеген санаттары үшін заңдарда өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін.

 

175-бап. Сот отырысы

Азаматтық істі қарау іске қатысушы адамдарды міндетті түрде хабардар ете отырып, сот отырысында жүргізіледі.

 

176-бап. Сот отырысында төрағалық етуші

1. Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады. Төрағалық етуші істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және объективті анықталуын, іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктің және тәртіптің сақталуын, процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруын және олардың өз міндеттерін орындауын, процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық жасайды, қаралатын іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастайды.

2. Процеске қатысушылардың қайсыбірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді.

3. Төрағалық етуші сот отырысында тиісті тәртіптің қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар қолданады. Оның өкімі процеске қатысушылардың барлығы үшін, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар үшін міндетті.

177-бап. Сотта іс қараудың тікелей және ауызша жүргізілуі

1. Істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: тараптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шағуға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино-, фотоматериалдарды көруге, ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдарының материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды.

2. Істі қарау ауызша жүргізіледі. Істі қарау процесінде судья ауысқан жағдайда істі қарау басынан бастап жүргізілуге тиіс.

178-бап. Сот отырысындағы тәртіп

1. Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады. Іс шешім шығарусыз аяқталатын сот шешімін немесе сот ұйғарымын сот отырысы залындағы жұрттың барлығы түрегеп тұрып тыңдайды.

2. Процеске қатысушылар судьяға түрегеп тұрып жүгінеді және өздерінің айғақтары мен түсініктемелерін айтады. Осы ережені орындамауға төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін.

3. Процеске қатысушылар, сондай-ақ сот отырысы залындағы барлық азаматтар белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

179-бап. Сот отырысында тәртіп бұзушыларға қолданылатын шаралар

1. Істі қарау кезінде тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды.

2. Тәртіпті қайталап бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстырады.

3. Іске қатыспайтын және істі қарау кезінде қатысушы азаматтар тәртіпті қайталап бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі.

4. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Істі қарау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.

180-бап. Сот отырысын ашу

1. Істі талқылау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етеді.

2. Сот аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланған жағдайда төрағалық етуші ол туралы хабарлайды.

 

181-бап. Процеске қатысушылардың келуін тексеру

1. Сот отырысының хатшысы осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенін, келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды.

2. Төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді.

182-бап. Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру

1. Төрағалық етуші аудармашыға - оның сот жүргізіліп отырған тілді білмейтін адамдардың түсіндірмелерін, айғақтарын, мәлімдемелерін, ал бұл адамдарға іске қатысушы адамдар мен куәлардың түсіндірмелерінің, айғақтарының, мәлімдемелерінің, жария етілетін және істе бар құжаттардың, дыбыс жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья өкімдерінің, сот қаулылары мен шешімдерінің мазмұнын аудару міндетін түсіндіреді.

2. Төрағалық етуші аудармашыға көрінеу дұрыс аударма жасамағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауапкершілік жөнінде ескертеді. Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Аудармашы сотқа келуден немесе өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жаза белгіленуі мүмкін.

183-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығару

Келген куәлар сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші жауап алынған куәлардың жауап алынбаған куәлармен сөйлеспеуіне шаралар қолданады.

184-бап. Сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру

1. Төрағалық етуші сот құрамын жария етеді, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы ретінде кімдердің қатысатынын хабарлайды және іске қатысушы адамдарға олардың қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді.

2. Қарсылық білдіру үшін негіздер, мәлімденген қарсылықты шешу тәртібі және осындай мәлімдеулерді қанағаттандыру салдарлары осы Кодекстің 40-43-баптарымен айқындалады.

185-бап. Iске қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

Төрағалық етушi iске қатысатын адамдар мен өкiлдерге олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен шешу не осы дауды шешу үшiн төрелікке немесе аралық сотқа жүгiну құқығын және мұндай әрекеттiң салдарларын түсiндiредi.

 

186-бап. Соттың іске қатысушы адамдардың өтініштерін шешуі

Іске қатысушы адамдардың және өкілдердің істі қарауға байланысты мәселелер жөніндегі өтініштері іске қатысушы басқа адамдардың пікірлері тыңдалған соң сот ұйғарымдарымен шешіледі.

187-бап. Іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот отырысына келмеу салдарлары

1. Іске қатысушы адамдар келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бұл себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.

2. Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса, істі қарау кейінге қалдырылады.

3. Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді деп танылған жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.

4. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жауапкер болмаған жағдайда, сырттай іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу себептері туралы мәліметтер жоқ болса не сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тапса, не жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, сот істі қарауға құқылы.

5. Тараптар соттан істі олардың қатысуынсыз қарау және оларға шешімнің көшірмесін жіберу туралы жазбаша өтінуге құқылы. Егер бұл істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады.

6. Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы адам өкілінің келмеуі істі қарауға кедергі бола алмайды. Іске қатысатын адамның өтініші бойынша сот оның өкілі дәлелді себептермен келмеуіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыра алады.

188-бап. Сот отырысына куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдарлары

1. Сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың істі олар жоқта қарау мүмкіндігі туралы пікірін тыңдап, сотта іс қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.

2. Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны ауыстыру мүмкіндігі болмаса, сот істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.

3. Егер шақырылған куә, сарапшы, маман немесе аудармашы сот отырысына сот дәлелді емес деп таныған себептер бойынша келмесе, олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Осы Кодекстің 119-бабына сәйкес олар сондай-ақ мәжбүрлеп келтірілуі де мүмкін.

4. Сотта айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә осы Кодекстің 17-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 353-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.

189-бап. Істі қарауды кейінге қалдыру

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер сот процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі, қарсы талап қою, қосымша дәлелдемелер ұсыну немесе талап ету, іске қатыстыруға басқа адамдарды тарту қажеттігі, өзге де әлдеқандай іс жүргізу әрекеттерін жасау қажеттігі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп тапса, істі қарауды кейінге қалдыруға жол беріледі.

2. Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жіберіледі.

190-бап. Істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу

Егер сот отырысына тараптар қатысып отырса, істі қарау кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға құқылы. Бұл куәларды жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға қажет болған жағдайларда ғана жол беріледі.

191-бап. Сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Төрағалық етуші сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сарапшыға көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

192-бап. Істі мәні бойынша қараудың басталуы

Iстi мәнi бойынша қарау төрағалық етушiнiң қуынушы өз талаптарын қолдайтыны-қолдамайтыны, жауапкер қуынушының талаптарын мойындайтыны-мойындамайтыны және тараптар iстi бiтiмгершiлiк келiсiммен аяқтауды немесе iстi төрелікке немесе аралық сотқа қарауға берудi не дауды медиация тәртібімен шешуді қалайтыны-қаламайтыны туралы мәселелердi анықтауынан басталады.

 

193-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, жауапкердің талап қоюды мойындауы, тараптардың бітімгершілік келісімі және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім

1. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімінің шарттары не дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оларға тиісінше талап қоюшы, жауапкер немесе екі тарап та қол қояды. Егер талап қоюдан бас тарту, жауапкердің талап қоюды мойындауы, тараптардың бітімгершілік келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сотқа жолданған жазбаша арыздарда жазылса, олар іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

2. Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға не талап қою мойындалғанға немесе тараптардың бітімгершілік келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілгенге дейін сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.

3. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау, тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады. Ұйғарымда тараптардың сот бекітетін бітімгершілік келісімінің немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары көрсетілуге тиіс.

4. Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады.

5. Сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауын қабылдамаған, бітімгершілік келісімін немесе тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітпеген жағдайда, сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.

194-бап. Іске қатысушы адамдардың түсініктемелері

1. Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, жауапкердің және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Прокурор, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар бірінші болып түсініктемелер береді. Іске қатысушы адамдар бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы.

2. Іске қатысушы адамдардың жазбаша түсіндірмелерін, сондай-ақ сот осы Кодекстің 73 және 76-баптарында көзделген тәртіппен алған түсіндірмелерді төрағалық етуші жария етеді.

195-бап. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу

Сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдап және олардың пікірлерін ескеріп, өзге дәлелдемелерді зерттеудің тәртібін белгілейді.

196-бап. Жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін жауапкершілік жөнінде куәға ескерту

1. Куәдан жауап алынғанға дейін төрағалық етуші куәнің жеке басын анықтайды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған айғақтар беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Куәға, сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден, ал діни қызметшілерге тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға да қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екені түсіндіріледі. Куә мынадай мазмұнда ант береді: «Сотқа іс бойынша өзіме белгілі болған барлық мән-жайды, тек қана шындықты, барлық шындықты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін.». Куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығының түсіндірілгені туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына тіркеледі.

2. Он алты жасқа толмаған куәға судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілмейді.

197-бап. Куәдан жауап алу тәртібі

1. Әрбір куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлі айғақ бермеген куәлар істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды.

2. Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және іс бойынша оған өзіне мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады.

3. Бұдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы.

4. Қажет болған жағдайда сот осы немесе келесі отырыста куәдан екінші рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді.

5. Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә істі қарау аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады.

198-бап. Куәнің жазбаша материалдарды пайдалануы

1. Жауап әлдеқандай цифрлармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда, куә жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдалана алады. Бұл материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетіледі және соттың ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.

2. Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етіледі. Бұл құжаттар сотқа көрсетіледі және оның ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.

199-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу

1. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнің жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пікірін айта алады.

2. Істің мән-жайын анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қатысушы қандай да бір адам шығарылуы мүмкін. Бұл адам сот отырысы залына қайта келгенде оған кәмелетке толмаған куәнің айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкіндігі берілуге тиіс.

3. Он алты жасқа толмаған куә сот бұл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады.

200-бап. Куәнің жауаптарын жария ету

Куәлардың осы Кодекстің 73, 74, 190-баптарында көзделген тәртіппен жиналған айғақтары сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар осы айғақтарға өз көзқарастарын білдіруге және олар бойынша түсініктемелер беруге құқылы.

201-бап. Құжаттарды зерттеу

Осы Кодекстің 73, 74, 75, 76-баптарында және 170-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен жасалған құжаттар немесе оларды қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі және - іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.

202-бап. Азаматтардың жеке хат алысуын және телеграфтық хабарларын жария ету және зерттеу

Азаматтардың жеке хат алысу және жеке телеграфтық хабар беру құпиясын қорғау мақсатында хат алысу мен телеграфтық хабарлар ашық сот отырысында тек хат алысқан немесе телеграфтық хабарлар алысқан адамдардың келісімімен ғана жария етілуі және зерттелуі мүмкін. Бұл адамдар келісім бермесе, олардың жеке хат алысулары мен жеке телеграфтық хабарлары жабық сот отырысында жария етіледі және зерттеледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.

203-бап. Заттай дәлелдемелерді зерттеу

1. Заттай дәлелдемелерді сот қарайды және олар - іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Заттай дәлелдемелер көрсетілген адамдар қарап шығуға байланысты қандай да бір мән-жайларға сот назарын аудара алады. Бұл арыздар сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

2. Осы Кодекстің 73, 76, 88, 89-баптарында және 170-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен жасалған заттай дәлелдемелерді қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.

204-бап. Орналасқан жерінде қарау

1. Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткізуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер олар орналасқан жерде қаралады және зерттеледі. Орналасқан жерінде қарау туралы сот ұйғарым шығарады.

2. Қарау уақыты мен орны туралы іске қатысушы адамдарға, олардың өкілдеріне хабарланады, алайда олардың келмеуі қарауды жүргізуге кедергі келтірмейді. Қажет болған жағдайларда сарапшылар, мамандар және куәлар шақырылады.

3. Қарау нәтижелері сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Хаттамаға қарау кезінде жасалған немесе тексерілген жоспарлар, тәсімдер, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ қарау кезінде жасалған құжаттардың және заттай дәлелдемелердің фотосуреттері, бейнежазбалар мен киноматериалдар қоса тіркеледі.

205-бап. Дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрсету және оларды зерттеу

1. Жеке сипаттағы дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрсету кезінде, сондай-ақ оларды зерттеу кезінде осы Кодекстің 202-бабында көзделген ережелер қолданылады. Дыбыс жазбаны жария ету, бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету сот отырысы залында не осы мақсат үшін арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі, сот отырысының хаттамасында материалдың ерекше белгілері және жария ету уақыты көрсетіледі. Осыдан соң сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдайды.

2. Қажет болған жағдайда дыбыс жазбасын жария ету және бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету толығымен немесе олардың әлдеқандай бөліктері қайталануы мүмкін.

3. Дыбыс және бейнежазбалардағы, киноматериалдардағы мәліметтерді анықтау мақсатында сот маманды іске тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы мүмкін.

206-бап. Сарапшы қорытындысын зерттеу

1. Сарапшы қорытындысы сот отырысында жария етіледі. Қорытындыны түсіндіру және оны толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкін.

2. Арызы бойынша сараптама тағайындалған адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң - іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптама жүргізу тапсырылған сарапшыға бірінші болып талап қоюшы мен оның өкілі сұрақ қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың кез келген сәтінде сұрақтар қоюға құқылы.

3. Осы Кодекстің 98-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот қосымша сараптама тағайындай алады.

4. Осы Кодекстің 98-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот қайталама сараптама тағайындай алады.

5. Қосымша сараптама тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 98-бабының екінші және алтыншы бөліктерінде, қайталама сараптама - осы Кодекстің 98-бабының төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

207-бап. Маманның консультациясы (түсіндірмесі)

1. Арнайы зерттеулер жүргізу талап етілмейтін жағдайларда маман coтқa ауызша немесе жазбаша нысанда консультация (түсіндірме) береді.

Маманның жазбаша нысанда берілген консультациясы сот отырысының (тиісті іс жүргізу әрекетінің) хаттамасына қосымша түрінде тіркеледі және сот отырысында жария етіледі. Ауызша консультация тікелей сот отырысының (ic жүргізу әрекетінің) хаттамасына енгізіледі.

2. Консультацияны түсіндіру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша маманды тартқан адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер сұрақтар қояды. Сот шақырған маманға бірінші болып талап қоюшы және оның өкілі сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте сұрақ қоюға құқылы.

208-бап. Дәлелдеменің жалғандығын мәлімдеу

1. Істегі дәлелдеменің жалған екені мәлімделген жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер қатарынан алып тастап, істі өзге дәлелдемелердің негізінде шешуді өтіне алады.

2. Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына алады.

3. Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, судья материалдарды бұл жөнінде прокурорға хабарлай отырып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді.

209-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы

Осы Кодекстің 57-бабының негізінде сот іске қатысуға жіберген мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы сот отырысында жария етіледі. Сот, сондай-ақ іске қатысушы адамдар мен өкілдер қорытындыларды түсіндіру және толықтыру мақсатында осы органдардың уәкілетті өкілдеріне сұрақтар қоя алады.

210-бап. Істі мәні бойынша қарауды аяқтау

Барлық дәлелдемелер қаралғаннан кейін судья іске қатысушы адамдар мен өкілдерден олардың іс материалдарын әлденелермен толықтыруға ниеттерінің бар-жоғын анықтайды. Мұндай мәлімдеулер болмаған жағдайда төрағалық етуші істі зерттеу аяқталды деп жариялап, сот соттағы жарыссөздерге көшеді.

211-бап. Сот жарыссөздері

1. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады.

2. Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң - жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаған үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлейді.

3. Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.

212-бап. Репликалар

Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты екінші рет сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығын үнемі жауапкер мен оның өкілі иеленеді.

213-бап. Прокурордың қорытындысы

Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.

214-бап. Істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру

1. Егер олар бұл мән-жайлар мен дәлелдемелерді істің мәні бойынша қарау аяқталмай тұрып өз мәлімдемелерінде көрсетпесе, сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ.

2. Егер сот сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөзі жалпы тәртіппен жүргізіледі.

215-бап. Соттың шешім шығару үшін кетуі

Сот жарыссөздерінен кейін, ал осы Кодекстің 213-бабында көзделген жағдайда прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші, бұл туралы сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды.

216-бап. Шешiмді жария ету

1. Соттың шешімі қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейін, судья сот отырысы залында сот шешімінің қарар бөлігін жария етеді және шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді.

2. Шешім шығарылған кезде судья іске қатысушы адамдарға және өкілдерге оның көшірмесін қашан алуға болатынын жариялауға міндетті.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер жасалғаннан кейін төрағалық етуші сот отырысын жабық деп жариялайды.

 

18-тарау. Сот шешімі және оны атқару тәртібі

217-бап. Шешім шығару

1. Істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы шешім нысанында шығарылады.

2. Шешім кеңесу бөлмесінде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Жұмыс уақытының аяқталуына қарай, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жариялауға құқылы.

218-бап. Шешімнің заңдылығы және негізділігі

1. Сот шешімі заңды және негізді болуға тиіс.

2. Сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

219-бап. Шешім шығарған кезде шешілетін мәселелер

1. Шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенін, осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды.

2. Сот істі талап қоюшы талаптардың шегінде шешеді. Алайда талап қоюшының келісуімен сот, егер бұл талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін қажет деп таныса, сондай-ақ көзделген басқа да жағдайларда, талап қоюшы мәлімдеген талаптардың шегінен шығуы мүмкін.

3. Сот іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтауды немесе дәлелдемелерді қосымша зерттеуді қажет деп тапса, істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Сот істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөздерін, ал осы Кодекстің 213-бабында көзделген жағдайда прокурордың қорытындысын да қайта тыңдайды.

220-бап. 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

221-бап. Шешімнің мазмұны

1. Шешім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.

2. Шешім кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.

3. Шешімнің кіріспе бөлігінде шешімнің шығарылған күні мен орны; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі.

4. Шешімнің сипаттау бөлігі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің наразылығын және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.

5. Шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің сот анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемелердің негіздері, және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.

6. Шешімнің қарар бөлігі талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы сот қорытындысын, сот шығындарының бөлінуін, шешімге шағым беру мерзімдері мен тәртібін көрсетуді, сондай-ақ өзге де қорытындыларды қамтуға тиіс.

7. Сот шешімді орындаудың белгілі бір тәртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданған жағдайда, бұл туралы шешімде көрсетіледі.

8. Судья шешімді жазбаша түрде жазады және оған қол қояды. Шешімге түзету судьялардың қол қоюының алдында айтылуға тиіс.

222-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздіктері) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы шешім

1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздіктері) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандыру кезінде сот дауға түсіп отырған әрекетті (әрекетсіздікті) немесе шешімді заңсыз деп таниды, азаматтың талабын қанағаттандыруды міндеттейді, оған қолданылған жауаптылық шараларын жояды не оның нұқсан келтірілген құқықтары мен бостандықтарын өзгедей әдіспен қалпына келтіреді. Нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімнің қарар бөлігінде ол қабылданған кезден бастап бұл акті қолданылмайды деп есептелетіні көрсетілуі мүмкін.

2. Соттың нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабарлама нормативтік құқықтық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.

223-бап. Ақша сомаларын өндіріп алу туралы шешім

Сот ақша сомаларын өндіріп алу туралы шешім шығарған кезде шешімнің қарар бөлігінде өндірілетін ақша сомасының мөлшерін және валюта түрін цифрмен және сөздермен көрсетеді.

224-бап. Атқару құжатының немесе өзге құжаттың күші жойылды деп тану туралы шешім

Өндіріп алу даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде нотариустың атқарушы жазбасының негізінде жүргізілетін атқару құжатының немесе өзге құжаттың күші жойылды деп тану туралы дау бойынша талап арызды қанағаттандыру кезінде шешімнің қарар бөлігінде атқарылуға тиісті емес құжаттың атауы, нөмірі, күні және есептен шығарылуға жатпайтын сома көрсетіледі.

225-бап. Шартты жасасу немесе өзгерту туралы шешім

Шарт жасасу немесе өзгерту кезінде туындаған дау бойынша қарар бөлігінде шарттың әрбір даулы жағдайы бойынша шешім көрсетіледі, ал шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы дау бойынша шарттың түрі және тараптар шарт жасасуға міндетті талаптар көрсетіледі.

226-бап. Мүлікті немесе оның құнын алып беру туралы шешім

Мүлік заттай алып берген кезде сот шешімде оның дербес - белгілі бір белгілерін және, егер шешімді орындау кезінде алып берілетін мүлік болмай қалса, жауапкерден өндірілуге тиіс мүліктің құнын көрсетеді.

227-бап. Жауапкерді белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттейтін шешім

1. Жауапкерді мүлік немесе ақша сомаларын берумен байланысты емес белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттейтін шешім шығарған кезде сот сол шешімде, егер жауапкер шешімді белгіленген мерзім ішінде орындамаса, онда талап қоюшының бұл әрекеттерді соттың ұйғарымы бойынша жауапкердің есебінен қажетті шығындарды өндіріп ала отырып жасауға құқылы екенін көрсете алады.

2. Егер аталған әрекеттерді тек жауапкер жасай алатын болса, сот шешімде шешім орындалуға тиіс мерзімді белгілейді.

228-бап. Бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шешім

1. Бірнеше талапкердің пайдасына шешім шығарғанда сот шешімнің олардың әрқайсысына қандай үлесі қатысты екенін көрсетеді немесе өндіріп алу құқығы ортақ болатынын көрсетеді.

2. Бірнеше жауапкерге қарсы шешім шығарғанда сот әр жауапкердің шешімнің қандай үлесін орындауға тиіс екенін көрсетеді немесе олардың жауаптылығының ортақ болатынын көрсетеді.

229-бап. Шешім жасау

Іс талқыланғаннан кейін дереу шешім шығарылады. Дәлелді шешім жасау бес күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі талқылау аяқталған отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жарияланған қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іс материалына тіркелуге тиіс.

 

230-бап. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету

1. Іс жөнінде шешім жарияланғаннан кейін шешім шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ.

2. Сот өз бастамашылығымен немесе іске қатысушы адамдардың арызы бойынша шешімде жіберілген қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзете алады. Түзетулер енгізу туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қаруға кедергі болмайды.

3. Шешімге түзетулер енгізу туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін.

231-бап. Қосымша шешім

1. Іс бойынша шешімге қаулы қабылдаған сот іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен мынадай жағдайларда:

1) іске қатысушы адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсініктемелер берген қандай да бір талап бойынша шешім шығарылмаса;

2) егер сот құқық туралы мәселені шеше отырып, алып берілген соманың, берілуге тиісті мүліктің мөлшерін немесе жауапкер жасауға тиісті әрекеттерді көрсетпесе;

3) егер сот шығындары туралы мәселені сот шешпесе;

4) егер сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi сот шешпесе, қосымша шешiм шығара алады.

2. Қосымша шешім шығару туралы мәселе шешім орындалатын мерзімнің шегінде қойылуы мүмкін. Мәселе сот отырысында қаралғаннан кейін сот қосымша шешім шығарады және оған шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты және орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі қосымша шешім шығару туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.

3. Қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

232-бап. Шешімді түсіндіру

1. Шешім түсініксіз болған жағдайда істі қараған сот іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот орындаушысының өтініші бойынша шешімді оның мазмұнын өзгертпей түсіндіруге құқылы. Шешімді түсіндіруге ол әлі орындалмаған және шешім мәжбүрлі түрде орындалуы мүмкін мерзім өткенге дейін жол беріледі. Сот шешімді түсіндіру туралы өтінішті, өтінішті өтініш қабылданған күннен бастап он күн мерзімде қарауға міндетті.

2. Шешімді түсіндіру туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысушы адамдарға, сондай-ақ қарау нысанасы оның түсіндіру туралы өтініші болған жағдайларда сот орындаушысына сот отырысының уақыты мен орны хабарланады, алайда олардың келмеуі шешімді түсіндіру туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.

3. Соттың шешімді түсіндіру туралы ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

233-бап. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімді орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту

1. Істі қараған сот іске қатысушы адамдардың арызы бойынша тараптардың мүліктік жағдайын немесе басқа да мән-жайларды негізге ала отырып, шешімнің орындалу мерзімін кейінге қалдыруға немесе оның мерзімін ұзартуға, сондай-ақ оны орындаудың әдісі мен тәртібін өзгертуге құқылы.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған арыздар сот отырысында қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарланады, бірақ олардың келмеуі соттың алдына қойылған мәселені шешуіне кедергі болмайды.

3. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, оны орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

234-бап. Алып берілген ақша сомаларын индекстеу

1. Сот мүдделі адамның арызы бойынша сот актісімен төлеттірілген ақшалай сомаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сот актісі орындалған күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып, тиісті индекстеу жүргізе алады.

2. Алып берілген сомаларды индекстеу туралы арыз сот отырысында қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі соттың алдына қойған мәселені шешуіне кедергі болмайды.

3. Алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

235-бап. Сот шешімінің заңды күшіне енуі

1. Бірінші сатыдағы соттың шешiмдерi, егер оларға шағым немесе наразылық келтiрiлмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтiру мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi.

1-1. Мамандандырылған қаржылық соттың қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімдері олар қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді және дереу орындалуға жатады.

1-2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі қабылданған күнінен бастап заңды күшіне енеді.

2. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Аппеляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, шешім, егер оның күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулыны жария еткен кезден бастап заңды күшіне енеді.

4. Шешім заңды күшіне енгенде тараптар және іске қатысушы басқа да адамдар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы негіздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды.

5. Егер жауапкерден мезгіл-мезгіл төлем өндіріп алу шешімі заңды күшіне енгеннен кейін төлемдердің мөлшерін айқындауға немесе олардың ұзақтығына әсер ететін мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы төлемдердің мөлшері мен мерзімдерін өзгертуді талап етуге құқылы.

236-бап. Шешімді орындау

1. Шешім, дереу орындалатын жағдайлардан басқа, ол заңды күшіне енгеннен кейін, заңмен белгіленген тәртіп бойынша орындалады.

2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша өтiнiшi бойынша сот оны аумағы бойынша атқарушылық iс жүргiзудiң тиiстi органына орындау үшiн жiбередi.

Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, алимент өндіріп алынған, тарабы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айрылуынан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына орындауға жолдайды.

3. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы жазылып, шешім шығарылғаннан кейін дереу орындауға жіберіледі.

4. Атқару парақтарын (бұдан әрi - атқару құжаттарын) бірiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтқан күннен бастап үш тәулiк iшiнде жазады және оларда:

атқару құжатын берген соттың атауы;

істің нөмірі және шешім шығарылған күн;

шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сөз);

шешімнің күшіне енген уақыты;

атқару құжаты берілген күн;

өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер мен сәйкестендiру нөмiрi, немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері не Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен мәліметтер, банк реквизиттері мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;

борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны мен жұмыс орнының банк реквизиттері туралы мәліметтер (егер істің материалдарында бар болса), оның банк реквизиттері мен сәйкестендiру нөмiрi (егер істің материалдарында бар болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері не Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен мәліметтер (егер істің материалдарында бар болса), банк реквизиттері мен сәйкестендiру нөмiрi көрсетілуге тиіс.

Атқару парағының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

5. Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Егер сот талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдаса, атқару құжатына талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар туралы құжаттардың көшірмелері, егер оның ішінде талапты қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүліктің тұрған жері және оның сақталуына жауапты тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттардың көшірмелері іс материалдарында бар болса, қоса тіркеледі. Егер атқару әртүрлі орындарда жүргізілетін болса не егер шешім бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылған болса, сот өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару орнын дәл көрсетіп не осы атқару құжаты бойынша атқарылуға тиіс шешімнің сол бөлігін көрсете отырып, бірнеше атқару құжатын жазады. Сот атқару парағына сот актiсiнiң көшiрмесiн не соттың мөрiмен куәландырылған оның үзiндi көшiрмесiн қоса тiркейдi.

6. Атқарушылық іс жүргізу органдары сот шешімі орындалған жағдайда он жұмыс күні ішінде шешім шығарған сотты бұл туралы хабардар етуге, не орындаудың белгіленген іс жүргізу мерзімі өткен соң орындалмаудың себептері туралы жазбаша ақпарат беруге тиіс.

Аткарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін сот шешімін орындаған борышкер шешім шығарған сотты бұл туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіс.

Сот атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына жіберген немесе егер өндіріп алушыға сот шешімінің орындалуы туралы хабарланғанға дейін атқарушылық құжат оған берілген жағдайда, борышкер өндіріп алушыны хабардар етеді.

 

237-бап. Дереу орындауға жататын шешімдер

Мынадай:

1) алимент алып беру туралы;

2) қызметкерге жалақы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы;

3) жұмысқа қайта орналастыру туралы;

4) мертігуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысынан айрылуынан келген зиянды, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы;

5) ереуілді заңсыз деп тану туралы;

6) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс.

 

238-бап. Соттың шешімді дереу орындауға жіберу құқығы

1. Егер айрықша жағдайлардың салдарынан шешімді орындаудағы кідіріс өндіріп алушыны елеулі зиянға әкеп соғуы мүмкін болса немесе шешімді орындау мүмкін болмаса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша шешімді дереу орындауға жібере алады.

2. Шешім дереу орындауға жіберілген кезде сот талап қоюшыдан сот шешімінің күші жойылған жағдайда шешімнің кері орындалуын қамтамасыз етуді талап ете алады.

3. Шешімді дереу орындау туралы мәселе, шешімі шығарылған кезде шешілмесе, сот отырысында қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны хабарланады, алайда олардың келмеуі сот шешімін дереу орындау туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.

4. Шешімді дереу орындау туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін. Шешімді дереу орындау туралы ұйғарымға жеке шағым, наразылық беру бұл ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.

239-бап. Шешімнің орындалуын қамтамасыз ету

Сот дереу орындауға жіберілмеген шешімді орындауды осы заңда белгіленген ережелер бойынша қамтамасыз ете алады.

Сот бұл іс-әрекеттерді сот қаулыларын орындауға құқығы бар органға атқару парағын орындау үшін жібергенге дейін жүргізеді.

240-бап. Сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, оны орындау әдісі мен тәртібін өзгерту, бітімгершілік келісімді бекіту

1. Іс бойынша шешімге қаулы қабылдаған немесе бұйрық шығарған сот, сондай-ақ сот қаулысы орындалатын жердегі сот өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық іс жүргізу бойынша мемлекеттік сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін емес ететін мән-жайлар болған кезде атқарушылық іс жүргізудегі тараптардың өтініші бойынша оны орындау тәсілін немесе тәртібін өзгерте алады.

Сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша сот қаулысын орындауды кейінге қалдыра алады немесе мерзімін ұзарта алады, сондай-ақ бітімгершілік келісімді бекіте алады.

2. Сот орындаушысының өтініші немесе атқару ісін жүргізудегі тараптардың арызы сот отырысында қаралады. Іске қатысушы тұлғаларға отырыс өтетін уақыт және орын хабарланады, алайда олардың келмеуі соттың алдына қойған мәселені шешуіне кедергі болмайды.

3. Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оның орындалу әдісі мен тәртібінің өзгеруі туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына жеке шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін.

4. Осы баптың ережелері бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту немесе тараптардың сот бекіткен бітімгершілік келісім немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім әдісін өзгерту жүргізілуі мүмкін.

240-1-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару

Заңды күшiне енiп, толық немесе iшiнара орындалған сот шешiмiнiң күшi жойылған және сот талап қоюдан толық немесе бір бөлiгiнде бас тарту туралы жаңа шешiм шығарған не iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы немесе талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарған жағдайда талапкерден күшi жойылған шешiм бойынша алғанының бәрi өндiрiлiп алынады (шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару).

240-2-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi қарау

1. Күшi жойылған шешiмдi орындау орын алған iс бойынша жаңа шешiм шығарған сот жауапкердiң жазбаша арызы бойынша орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселенi қарайды және бұл мәселенi жаңа шешiммен шешедi.

2. Егер сот iстi жаңадан қараған кезде күшi жойылған шешiм бойынша орындауды қайта бұрып атқару мәселесiн шешпесе, жауапкердiң шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызы iске қатысушы адамдарды, ал қажет болған жағдайда күшi жойылған шешiмдi орындаған органды да хабарландыра отырып, соттың бөлек отырысында қаралады. Аталған адамдар шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызды қараудың орны мен уақыты туралы хабарландырылады, алайда олардың сот отырысына келмей қалуы орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселенi шешу үшiн кедергi болмайды.

3. Шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағым немесе наразылық келтiрiлуi мүмкiн.

240-3-бап. Апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатысы сотының шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi шешуi

Апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сот бірiншi сатыдағы сот шешiмiмен бұрын күшi жойылған шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселе шешiлмеген iстi қараған кезде, бұл мәселенi iсте бірiншi сатыдағы соттың күшi жойылған шешiмiнiң орындалғаны туралы анық деректер болғанда ғана шешедi. Басқа жағдайда орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселе осы Кодекстiң 240-2-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен шешiледi.

240-4-бап. Сот орындаушысының ұсынуларын қарау

1. Судья сот орындаушысының ұсынуын сотқа келіп түскен күннен бастап он күн ішінде шешеді. Сот борышкерді және өндіріп алушыны сот орындаушысының ұсынуы келіп түскені туралы хабардар етеді, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болмайды. Судья сот орындаушысының ұсынуын қарап, ұйғарым шығарады.

Сот ұйғарымының көшірмесі борышкер мен өндіріп алушыға үш күн мерзімде жіберіледі.

2. Соттың ұйғарымына осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы немесе наразылық білдірілуі мүмкін.

 

240-5-бап. Сот орындаушысының шешімді орындау кезіндегi әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

1. Өндіріп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу процесіндегі әрекетіне (әрекетсіздігіне) не осындай іс-әрекеттер жасаудан бас тартуына шағым жасауы мүмкін. Шағым іс-әрекет жасалған (іс-әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының іс-әрекет жасау уақыты, орны туралы хабардар етілмеген өндіріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он күн ішінде сот орындаушысы қызмет көрсететін учаскедегі аудандық сотқа беріледі.

Жоғары тұрған органдарға және жоғары тұрған лауазымды тұлғаға бағыныштылық тәртібімен алдын ала жүгіну сотқа шағымды беру мен оны соттың қарауға қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.

2. Сот шағымды он күн мерзімде қарайды. Сот өндіріп алушыны, борышкерді және сот орындаушысын сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді, алайда олардың келмей қалуы шағымды шешу үшін кедергі болып табылмайды.

3. Сот шағымды негізді деп тауып, сот орындаушысы іс-әрекетінің күшін жою немесе оны жарамсыз деп тану туралы не сот орындаушысының жіберілген қателікті толық көлемде жоюға міндеттілігі туралы не өндіріп алушының немесе борышкердің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын өзгеше тәсілмен қалпына келтіру туралы шешім шығарады.

Егер аталған іс-әрекеттерді тек қана сот орындаушысы жасай алатын болса, сот шешімде мерзім белгілеуі мүмкін, шешім сол мерзім ішінде орындалуға тиіс.

4. Сот, егер шағым жасалған әрекет (әрекетсіздік) сот орындаушысының өкілеттігі шегінде заңға сәйкес жасалғанын және өндіріп алушы мен борышкердің құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылмағанын анықтаса, шағымды қанағаттандырудан бас тартады.

Соттың шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешіміне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

5. Егер сот шешімде өзгеше мерзім белгілемесе, шешімнің орындалғаны туралы сотқа, өндіріп алушыға немесе борышкерге сот шешімін алған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей хабарлануға тиіс.

 

240-6-бап. Шешімді орындаған кезде басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау

1. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салу ісін жүргізу кезінде мүліктің борышкерге немесе басқа тұлғаларға тиесілі болуына қарамастан тыйым салудың күшін жоюға негіз болып табылатын заң бұзушылыққа жол берген жағдайда, сот борышкердің немесе басқа тұлғалардың мүлікке тыйым салудың күшін жою туралы өтінішін осы Кодекстің 240-5-бабында көзделген тәртіппен қарайды. Осындай өтініш тыйым салынған мүлікті сатқанға дейін берілуі мүмкін.

Сот өндіріп алу қолданылған мүліктің тиесілігіне байланысты азаматтық құқық туралы басқа тұлғалар мәлімдеген дауды талап қою бойынша іс жүргізу ережелері бойынша қарайды.

2. Мүліктің меншік иелері немесе мүлікке шаруашылық жүргізу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген өзге де негіз бойынша иелік ететін тұлғалар мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар қоя алады.

3. Мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар борышкерге және өндіріп алушыға қойылады.

4. Егер мүлікке тыйым салу мүлікті тәркілеуге байланысты жүргізілсе, сотталған адам және республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрі пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыруға уәкілетті тиісті орган жауапкер ретінде тартылады. Талап қою талаптары негізді деп танылған жағдайда, егер тәркіленуге тиіс мүлік республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға уәкілетті органда тұрған болса және ол оны сауда ұйымдарына, басқа ұйымдарға сату, қайта өңдеу үшін не өтеусіз берген болса, онда ол мүлік заттай түрде қайтарылуға тиіс. Бұл жағдайда республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрі пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыруға уәкілетті органнан басқа аталған ұйымдар іске қатысуға тартылады және оларға мүлікті қайтару жөнінде міндет жүктеледі.

Егер мүлікті тәркілеуге байланысты тыйым салу жүргізілген мүлік сатылған немесе қайта өңдеуге жіберілген болса, мүлікті сатудан түскен сома талапкерге өтеледі.

5. Судья осы баптың бірінші бөлігіндегі аталған мүдделі тұлғалардың өтінішіне қарамастан, мән-жайды белгілеп, мүлікке тыйым салудың күшін жоюға міндетті.

 

240-7-бап. Сот орындаушысының қаулысын санкциялау

1. Заңмен белгіленген жағдайларда сот орындаушысы соттың санкциялауына жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулы шығарады. Қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған дәлелдер мен негіздер жазылуға тиіс.

2. Санкциялауға жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыны сот орындаушысы сотқа ұсынады. Қаулыға санкцияланатын іс-әрекеттерді қабылдаудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса тіркеледі.

3. Сот орындаушысының қаулысын сотқа материалдар түскен күні сот қарауға тиіс.

4. Сот орындаушысының қаулысын және оған қоса тіркелген атқарушылық іс жүргізу материалдарын қарап, сот атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді немесе санкция беруден бас тартады.

Санкция беру сот орындаушысының қаулысына судьяның қолымен расталатын «Санкциялаймын» деген сот мөртаңбасын қою арқылы жүзеге асырылады.

Санкция беруден бас тартқан жағдайда судья атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы дәлел келтірілген ұйғарым шығарады.

5. Соттың ұйғарымына осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағымдануға немесе наразылық білдіруге болады.

 

241-бап. Іске қатысушы адамдарға сот шешімінің көшірмелерін жіберу және беру

Іске қатысушы, сот отырысына келмеген тараптар мен басқа да адамдарға түпкілікті нысандағы шешім шығарылған күннен бастап бес күннен кешіктірілмей шешімнің көшірмелері жіберіледі немесе беріледі.

18-1-тарау. Аралық сот шешiмiн орындау

241-1-бап. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату

1. Егер аралық соттың шешiмi онда белгiленген мерзiмде ерiктi түрде орындалмаған жағдайда, аралық соттың шешiмi пайдасына шығарылған аралық сотта талқылау тарапы (өндiрiп алушы) аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы арызбен аралық сот дауды қараған жердегi не борышкердің тұрғылықты жеріндегі немесе заңды тұлғаның органы орналасқан жердегі, егер тұрғылықты жері немесе орналасқан жері белгісіз болса, онда борышкердің мүлкі орналасқан жердегі сотқа жүгiнуге құқылы.

2. Атқару парағын беру туралы арызға мыналар қоса тiркеледi:

1) аралық сот шешiмiнiң түпнұсқасы немесе көшiрмесi. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот шешiмiнiң көшiрмесiн осы аралық соттың төрағасы растайды, нақты дауды шешу үшiн аралық сот шешiмiнiң көшiрмесi нотариатта куәландырылуға тиiс;

2) заңда белгiленген тәртiппен жасалған аралық келісімнiң түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi.

3. Атқару парағын беру туралы арыз аралық соттың шешiмiн ерiктi түрде орындауға арналған мерзiм аяқталған күннен бастап үш жылдан кешiктiрiлмей берiлуi мүмкiн.

4. Белгiленген мерзiмiн өткiзіп алған не оған қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамай керi қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады, оған осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

5. Егер сот аталған мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса, атқару парағын беру туралы арызды беру мерзiмiн қалпына келтiруге құқылы.

6. Судья атқару парағын беру туралы арызды сотқа арыз түскен күннен бастап он бес күн iшiнде жеке-дара қарайды.

7. Өндiрiп алушының аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы түскен арызы, сондай-ақ оны соттың отырысында қарау орны мен уақыты туралы сот борышкердi хабардар етедi. Оның арызын қарау орны мен уақыты туралы өндiрiп алушы да хабардар етiледi. Егер борышкерден сот отырысына келуi мүмкiн болмауының дәлелдi себептерi көрсетіліп, арызды қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiм түспесе, борышкердiң немесе өндiрiп алушының сот отырысына келмей қалуы арызды қарауға кедергi болмайды.

8. Сот аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арызды қараған кезде аралық соттың шешiмiн мәнi бойынша қайта қарауға құқылы емес.

9. Сот арызды қарау нәтижелерi бойынша атқару парағын беру туралы не оны беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Атқару парағын беру туралы соттың ұйғарымы дереу орындалуға тиiс.

241-2-бап. Атқару парағын беру

1. Сот аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарған кезде атқару парағы осы Кодекстiң 236-бабының ережелерi бойынша берiледi.

2. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыз бойынша шығарылған соттың ұйғарымына осы Кодексте сот актілеріне шағым жасау үшiн көзделген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

241-3-бап. Атқару парағын беруден бас тарту

Сот, егер:

1) аралық соттың шешiмi өзiне қарсы қабылданған тарап сотқа:

аралық келісімнiң жарамсыз болып табылатындығының;

аралық соттың шешiмi аралық келісімде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша қабылданғанының немесе аралық келісімнiң шегінен шығатын мәселелер жөніндегі қаулылардан тұратындығының, сондай-ақ даудың аралық соттың ведомстволық қарауында еместігінiң дәлелдемелерiн табыс еткен жағдайда, аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Егер аралық соттың аралық келісімде қамтылатын мәселелер жөніндегі қаулылары мұндай келісімде қамтылмайтындардан бөлiнiп шығарылуы мүмкiн болса, онда аралық соттың аралық келісімде қамтылатын мәселелер жөніндегі қаулылардан тұратын шешiмiнiң сол бөлiгiн мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беруден бас тартуға болмайды;

аралық соттың құрамы немесе аралық сотта iс қарау Қазақстан Республикасының аралық сотта iс қарау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуiнің;

аралық соттың шешiмi өзiне қарсы қабылданған тарап аралық судьялардың сайлануы (тағайындалуы) туралы немесе аралық сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегенiнiң не аралық сотқа басқа да себептермен өз түсiндiрмелерiн бере алмағанының;

тараптардың бірiнiң аралық келісім жасау кезiнде әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi екендігінiң;

соттың немесе аралық соттың сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша заңды күшiне енген шешiмiнiң не талапкердiң талап қоюдан бас тартуына байланысты iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы соттың немесе аралық соттың ұйғарымы болғандығының;

соттың шешiм шығаруы сот үкімімен белгiленген қылмыс жасау нәтижесiнде мүмкiн болғандығының дәлелдемелерiн табыс еткен жағдайларда, аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады;

2) сот:

дау Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе осы дау бойынша аралық келісімдi тараптар бағындырған басқа құқыққа сәйкес аралық сотта iс қараудың нысанасы бола алмайтынын;

аралық соттың шешiмi осы баптың 1), 2) тармақшаларында белгiленген талаптар мен Қазақстан Республикасының жариялылық тәртібіне қайшы келетiнiн анықтаса, аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

19-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

242-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті

Сот:

1) егер даулы құқық қатынасы құқық мирасқорлығына жол беретін болса, істе тарап болып табылатын азамат қайтыс болғанда немесе заңды тұлға қайта құрылған, таратылған;

2) тарап әрекет қабілеттілігінен айырылған;

3) жауапкер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа әскерлері мен әскери құрамаларында болған немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа әскерлері және әскери құрамаларында жүрген талап қоюшылардың өтініші болған;

4) азаматтық, қылмыстық немесе әкiмшiлік сот iсiн жүргiзуде қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмаған;

5) егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиісті заң немесе басқа нормативтік құқықтық акті адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтындығын байқаған және осы актінің конституцияға сай еместігін тану туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасаған, сондай-ақ Конституциялық Кеңес басқа соттың бастамашылығымен осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық актінің конституциялылығын тексеріп жатқандығы белгілі болған;

6) құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасаған;

7) тараптар медиацияны жүргізу туралы келісім жасаған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті. Медиацияны жүргізу мерзімі ұзартылған кезде тараптар бұл туралы бірлескен жазбаша хабарламамен сотқа хабарлауы тиіс.

 

243-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы

Сот:

1) тарап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерінде және әскери құрамаларында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындауға тартылған;

2) заңды тұлғалардың өкілдері іске қатысқан жағдайларды қоспағанда, тарап істі қарау мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда болған;

3) заңды тұлғалардың өкілдері іске қатысқан жағдайларды қоспағанда, тарап емдеу мекемесінде болған немесе оның сотқа келуіне кедергі жасайтын ауруы болған және ол медициналық мекеменің құжатымен расталған;

4) жауапкер осы Кодекстің 135-бабында көзделген жағдайларда іздеуде болған;

5) сот сараптама тағайындаған;

6) қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету жөнінде сотқа тапсырылған өтінішті;

7) қорғаншылық және қамқоршылық орган бала асырап алу ісі жөнінде асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді белгіленген жағдайларда іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.

244-бап. Іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері

Іс бойынша іс жүргізу:

1) Осы Кодекстің 242-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда - шығып қалған адамның құқықтық мирасқоры анықталғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға өкіл тағайындалғанға дейін;

2) Осы Кодекстің 242-бабының 3) тармақшасында және 243-бабында көзделген жағдайларда - тарап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамында болуын тоқтатқанға дейін, ол мемлекеттік міндетті орындауды аяқтағанға дейін, қызметтік іссапардан оралғанға дейін, емдеу мекемесінен шыққанға немесе сырқатынан айыққанға дейін, жауапкер іздестіріліп болғанға дейін немесе сарапшының қорытындысы немесе қорғаншылық және қамқоршылық органның қорытындысы сотқа табыс етілгенге дейін;

3) осы Кодекстің 242-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда сот шешімі, үкімі, немесе соттың қаулысы шығарылғанға дейін;

4) осы кодекстің 242-бабының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімі күшіне енгенге дейін;

5) осы Кодекстің 242-бабының 6) тармақшасында, 243-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайларда - сот құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындағанға дейін;

6) осы Кодекстің 242-бабының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда - медиация тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

 

245-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына шағымдану немесе наразылық келтіру

Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін.

246-бап. Іс жүргізуді қайта бастау

Істі тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысушы адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамашылығымен іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысушы адамдарға азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері бойынша хабарлайды.

20-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту

247-бап. Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың негіздемелері

Сот, егер:

1) іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;

2) сол тараптардың арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе талап қоюшының өз талабынан бас тартуына немесе тараптардың бітімгершілік келісімін, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы соттың ұйғарымы болса;

2-1) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша төреліктің немесе аралық соттың қабылдаған шешімі болса;

3) талап қоюшы өз талабынан бас тартса және бас тартуды сот қабылдаса;

4) тараптар бітімгершілік келісімін жасаса және оны сот бекітсе;

4-1) тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе;

5) іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе;

6) іс бойынша тарап ретінде әрекет жасайтын ұйым қызметі тоқтатылуына және құқық мирасқорлары болмауына байланысты таратылса, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.

248-бап. Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың тәртібі мен салдары

1. Іс бойынша іс жүргізу сот ұйғарымымен қысқартылады.

2. Іс бойынша іс жүргізу қысқартылған жағдайда сол тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.

3. Осы Кодекстің 247-бабының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көзделген негіздерде іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды қайтару туралы және қуынымды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралар күшінің жойылғандығы туралы көрсетеді.

4. Соттың іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

21-тарау. Арызды қараусыз қалдыру

249-бап. Арызды қараусыз қалдырудың негіздемелері

Сот, егер:

1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпте қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса;

2) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;

3) арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;

4) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша бұрын қозғалған iс болса;

5) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктің немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса;

6) өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;

7) өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;

8) өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;

9) талап-арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;

10) көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе, арызды қараусыз қалдырады.

250-бап. Арызды қараусыз қалдырудың тәртібі мен салдары

1. Іс бойынша іс жүргізу арызды қараусыз қалдырған жағдайда соттың ұйғарымымен аяқталады. Бұл ұйғарымда сот осы Кодекстің 249-бабында аталған істі қарауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюды көрсетуге міндетті. Осы Кодекстің 249-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арызды қараусыз қалдыра отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды қайтаруды және талапты қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың тоқтатылатындығын көрсетеді.

2. Соттың арызды қараусыз қалдыру жөніндегі ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін.

3. Арызды қараусыз қалдыруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы.

4. Егер тараптар өздерінің сот отырысында болмауының дәлелді себептерін растайтын дәлелдемелер ұсынса, сот осы Кодекстің 249-бабының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша қуынушының немесе жауапкердің өтінішхаты бойынша арызды қараусыз қалдыру туралы өз ұйғарымының күшін жояды. Сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымның күшін жою туралы өтінішхатты ол сотқа келіп түскен кезден бастап он күн ішінде өтінішхатпен жүгінген адамның қатысуымен сот отырысында қарайды.

5. Соттың осындай өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан ұйғарымына жеке шағым берілуі мүмкін.

22-тарау. Сот ұйғарымы

251-бап. Сот ұйғарымы және оны шығарудың тәртібі

1. Іс мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот актісі ұйғарым түрінде шығарылады.

2. Ұйғарымды осы Кодекстің 217-бабында көзделген тәртіппен дербес іс жүргізу құжаты түрінде сот шығарады.

3. Күрделі емес мәселелерді шешкен кезде сот отырыс залынан шықпай-ақ ұйғарым шығара алады. Мұндай ұйғарым сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

4. Ұйғарым шығарылғаннан кейін дереу жарияланады.

252-бап. Ұйғарымның мазмұны

1. Ұйғарымда:

1) ұйғарымның шығарылған күні мен орны;

2) ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегі, аты-жөні;

3) іске қатысушы адамдар, даудың нысанасы немесе мәлімделген талап;

4) ұйғарым шығарылған мәселе;

5) соттың өз қорытындыларын шығару себептері және сот басшылыққа алып сілтеме жасаған заңдар;

6) соттың қаулысы;

7) егер ұйғарым бойынша шағымдануға болатын болса, шағым берудің тәртібі мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

2. Сот отырысы залында сот шығаратын ұйғарымда осы баптың 4)-6) тармақшыларында аталған мәліметтер болуға тиіс.

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 253-бап өзгертілді

253-бап. Соттың жеке ұйғарымдары

1. Сот отырысында заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны тиісті ұйымдарға, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдарға жіберуге құқылы, олар өздері қабылдаған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.

2. Қабылданған шаралар туралы хабарламау заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолдану тиісті адамдарды соттың жеке ұйғарымы бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлау міндетінен босатпайды.

3. Егер істі қарау кезінде сот тараптардың, процеске басқа қатысушылардың, лауазымды немесе өзге де адамдардың әрекетінен қылмыс белгілерін тапса, ол туралы прокурорға хабарлайды.

4. Мүдделерiне қатысы бар жеке ұйғарымға адамдар осы Кодекстiң 344-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен шағым бере алады.

254-бап. Іске қатысушы адамдарға сот ұйғарымының көшірмесін жіберу

Іске қатысушы, сот отырысына келмеген тараптар мен басқа адамдарға іс бойынша іс жүргізудің тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы туралы, не арыздың қараусыз қалдырылуы туралы сот ұйғарымының көшірмесі ұйғарым шығарылғаннан бастап бес күннен кешіктірілмей жіберіледі.

23-тарау. Хаттамалар

255-бап. Хаттама жүргізудің міндеттілігі

Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама жасалады.

256-бап. Хаттаманың мазмұны

1. Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке іс жүргізу әрекетінің хаттамасы істі қараудың немесе жеке іс жүргізу әрекетін жасаудың барлық елеулі сәттерін көрсетуге тиіс.

2. Сот отырысының хаттамасында:

1) сот отырысының жылы, айы, күні және орны;

2) сот отырысы басталған және аяқталған уақыт;

3) істі қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының тегі мен аты-жөні;

4) істің атауы;

4-1) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын және (немесе) стенографиялауды қолдануы туралы мәліметтер;

5) іске қатысушы адамдардың, өкілдердің, куәлердің, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер;

6) іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен мамандарға олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені туралы мәліметтер;

7) төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында соттың шығарған ұйғарымы;

8) іске қатысушы адамдардың және өкілдердің арыздары, өтініштері және түсініктемелері;

9) куәлардың айғақтары, сарапшылардың өз қорытындыларын ауызша түсіндірулері, мамандардың түсіндірмелері;

10) құжаттардың жария етілуі туралы мәліметтер, заттай дәлелдемелерді қараудың, дыбысжазбаларды тыңдаудың, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрудің деректері;

11) осы Кодекстің 57-бабы негізінде іске қатысушы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындылары туралы мәліметтер;

12) сот отырысы залында болған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны;

13) сот жарыссөздерінің мазмұны;

13-1) осы Кодекстің 55-бабы негізінде іске қатысқан прокурордың қорытындысы;

14) шешім мен ұйғарымдардың мазмұны жария етілгені және түсіндірілгені, оларға шағым беру тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы мәліметтер;

15) іске қатысушы адамдарға хаттамамен танысу және оған ескертулер беру құқықтарының түсіндірілгені туралы мәліметтер;

16) хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.

257-бап. Хаттама жасау

1. Хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды.

2. Әрбір сот отырысы бойынша немесе жеке іс жүргізу әрекеті бойынша жеке хаттама жасалады.

3. Хаттама компьютерлік, электрондық (дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда), машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады. Сот отырысын тіркеп жазудың қосымша материалдары сот отырысының хаттамасына тіркеледі және іс материалдарымен бірге сақталады.

4. Іске қатысушы адамдар мен өкілдер хаттаманың қандай да бір бөлігін жария ету туралы, өздері іс үшін елеулі деп есептейтін мән-жайлар жөніндегі мәліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтініш жасауға құқылы.

5. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін үш күннен кешіктірілмей, ал жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей дайындалып, оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау және оған қол қою бұдан да ұзақ мерзімде, бірақ сот отырысы аяқталғаннан кейін он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы мүмкін.

6. Хаттамаға төрағалық етуші және хатшы қол қояды. Барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар хаттамада айтылуға және олардың қол қоюымен куәландырылуға тиіс.

7. Сот іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті.

 

258-бап. Хаттамаға ескертпелер

Іске қатысушы адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының хаттамасы дайындалған және оған қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде онымен танысуға, хаттамада жіберілген қателіктерді немесе жасалған іс-әрекеттердің және олардың нәтижелерін тіркеудің (көрсетудің) толық еместігін көрсете отырып, бес күн ішінде оған жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертпелер беруге құқылы.

 

259-бап. Хаттамаға жасалған ескертпелерді қарау

1. Хаттамаға жасалған ескертпелерді оған қол қойған төрағалық етуші қарайды, ол ескертпелермен келіскен жағдайда олардың дұрыстығын куәландырады.

2. Төрағалық етуші берілген ескертпелермен келіспеген жағдайда олар істі қарауға қатысқан адамдарға хабарлана отырып, сот отырысында қаралады. Істі қарауға қатысқан адамдардың келмеуі хаттамаға ескертпелерді қарау үшін кедергі болып табылмайды. Ескертпелерді қарау нәтижесінде төрағалық етуші олардың дұрыстығын куәландыру туралы не олардың толық немесе ішінара қабылданбауы туралы ұйғарым шығарады. Соттың ұйғарымы шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды, бірақ ұйғарымға қарсылық аппеляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін. Барлық ескертпелер іске тіркеледі.

3. Хаттамаға жасалған ескертпелер олардың берілген күнінен бастап бес күн ішінде қаралуға тиіс.

4. Іс бойынша төрағалық етуші әлдебір объективті себептермен хаттамаға жасалған ескертпелерді қарай алмаған жағдайда, олар іс материалдарына тіркеледі.

 

24-тарау. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару

260-бап. Сырттай іс жүргізу негіздемелері

1. Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

2. Іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

3. Егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істің қаралуын кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарланған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.

4. Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады.

5. Талап қоюшы істің нысанасын немесе талаптың негіздемесін өзгерткен жағдайда сот істі соттың сол отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес.

261-бап. Сырттай іс жүргізу тәртібі

Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады.

262-бап. Сырттай шешімнің мазмұны

1. Сырттай шешімнің мазмұны осы Кодекстің 221-бабының ережелерінде белгіленеді.

2. Сырттай дәлелді шешім шығаруды кейінге қалдыруға жол берілмейді.

3. Сырттай шешімнің қарар бөлігінде жауапкердің бұл шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуге тиіс.

263-бап. Сырттай шешімнің көшірмесін жіберу

1. Сырттай шешімнің көшірмесі жауапкерге оның шығарылған күнінен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі.

2. Сырттай шешімнің көшірмесі сот отырысына қатыспаған талапкерге ол шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі.

264-бап. Сырттай шешімге шағым жасау

1. Жауапкер сырттай шешім шығарған сотқа өзі шешімнің көшірмесін алған кезден бастап бес күн ішінде бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы.

2. Сырттай шешімге тараптар бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал арыз берілген жағдайда - бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап он бес күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.

265-бап. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың мазмұны

1. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызда:

1) сырттай шешім шығарған соттың атауы;

2) арыз берген тараптың атауы;

3) жауапкердің сот отырысына дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мән-жайлар туралы мәліметтер және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәлелдемелер;

4) арыз беруші тараптың өтініші;

5) арызға қоса тіркелетін материалдардың тізбесі болуға тиіс.

2. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға тарап немесе өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қойып, ол іске қатысушы адамдардың саны бойынша көшірмелермен бірге сотқа табыс етіледі.

3. алынып тасталды

266-бап. Соттың арыз қабылданғаннан кейінгі іс-әрекеттері

Сот іске қатысушы адамдарға сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды, оларға арыздың және оған қоса тіркелген материалдардың көшірмесін жібереді.

267-бап. Арызды қарау

Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды сот оның сотқа келіп түскен кезінен бастап он күн ішінде сот отырысында қарайды. Сот отырысы өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарланған іске қатысушы адамдардың келмей қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды.

268-бап. Соттың өкілеттігі

Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы немесе сырттай шығарылған шешімнің күшін жою және істі мәні бойынша соттың сол құрамында немесе өзге құрамында қайта қарау туралы ұйғарым шығарады.

269-бап. Сырттай шешімнің күшін жоюдың негіздемелері

Егер жауапкердің сот отырысына келмей қалуына дәлелді себептер болып, олар туралы сотқа мезгілінде хабарлауға оның мүмкіндігі болмағанын сот анықтаса және ол шешімнің мазмұнына ықпал етуі мүмкін дәлелдемелерді табыс етсе, сырттай шешімнің күші жойылуға тиіс.

270-бап. Істің қайта қаралуы

Сырттай шешімнің күші жойылған жағдайда сот істі мәні бойынша қайта қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған жауапкер келмей қалған жағдайда, істі жаңадан қараған кезде сот шығарған шешім сырттай шешім деп танылмайды. Жауапкердің бұл шешімді сырттай іс жүргізу тәртібімен қайта қарау туралы қайталап арыз беруге құқығы жоқ.

271-бап. Сырттай шешімнің заңды күші

Сырттай шешім осы Кодекстің 235-бабының ережелері бойынша күшіне енеді.

3-бөлімше. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

25-тарау. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен

қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу

 

272-бап. Арыз беру

Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі осы Кодекстің 3-тарауы мен басқа да заңдарда белгіленген соттылыққа жататын іс бойынша арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

273-бап. Арызды қарау

1. Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бір ай iшiнде түскен арыз оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күнi және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиіс.

Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдеріндегі түзетулер қажеттiгi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы арыз келiп түскен күнi қаралуға тиiс.

2. Арызды сот арыз берушінің, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II; 09.07.04 ж. № 583-II (бұр.ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 274-бап өзгертілді

274-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы

1. Арыз негiздi деп танылған сот шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.

2. Сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және ол апелляциялық, кассациялық шағымдануға жатпайды. Ол тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.

25-1-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын

бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі арыздар бойынша іс жүргізу

 

274-1-бап. Арыз беру

1. Жергілікті атқарушы органның шешімімен, әрекетімен (әрекетсіздігімен) алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу үшін іріктеу рәсіміне қатысуда азаматтың құқығы бұзылып отыр деп есептеген азамат осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық бойынша сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

2. Арызды Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасына сәйкес, алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімімен азаматтарды таныстыру мерзімі аяқталған кезден бастап жеті күн мерзім ішінде сотқа беруге болады.

 

274-2-бап. Арызды қарау

1. Осы Кодекстің 274-1-бабында белгіленген мерзімдерде келіп түскен арыз - екі күн мерзімде, ал осы мерзім аяқталатын күні келіп түскен арыз дереу қаралуға тиіс.

2. Сот арыз иесінің, тиісті жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, аталған адамдардың сотқа келмей қалуы істі қарау және шешу үшін кедергі болып табылмайды.

 

274-3-бап. Арыз бойынша сот шешімі және оның орындалуы

1. Қылмыстық сот ісін жүргізуге алқаби ретінде қатысу үшін іріктеу рәсіміне қатысуға азаматтың құқығы бұзылуын анықтаған сот шешімі алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімдеріне түзетулер енгізу үшін негіз болып табылады.

2. Сот шешімі тиісті жергілікті атқарушы органға жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.

 

26-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың)

қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу

 

275-бап. Шағым беру

1. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 538-бабының 2) және 3) тармақшаларында аталған органдар (лауазымды адамдар) шығарған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі заңды күшiне енбеген қаулыларына әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған, жәбір көрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi мен қорғаушылары сотқа шағымдануы, сондай-ақ прокурор сотқа наразылық келтiруi мүмкiн.

2. Әкімшілік құқық бұзушылықтан зардап шеккен адам да сотта әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға дау айтуға құқылы.

3. алынып тасталды

4. Шағымда осы Кодекстің 150-бабында көзделген мәліметтер, сондай-ақ нақты алғанда қандай қаулыға шағым жасалып отырғаны туралы деректер, оның шығарылған, азаматқа көшірмесі тапсырылған немесе хабарланған күні көрсетілуге тиіс.

5. Сотқа шағым беру әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрады.

6. Мүдделі адамдардың жоғары тұрған органдарға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға бағыныштылық тәртібімен алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны мәні бойынша қарауы мен шешуі үшін міндетті шарт болып табылмайды.

7. Шағым беру мерзімінің өткізіліп алуы, әкімшілік жаза қолдану мерзімінің, сондай-ақ қаулының орындалу мерзімінің өтуі соттың шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімдер мен олардың істі дұрыс шешу үшін маңызын сот шағымның мазмұнына қарамастан тексереді.

275-1-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға сотқа шағымдану мен наразылық келтiрудiң тәртібі

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысына осы Кодекстiң 275-бабының бірiншi бөлiгiнде аталған адамдар қаулының көшiрмесi табыс етiлген күннен кейiн он күн iшiнде тiкелей сотқа шағым бере алады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына осы баптың бірiншi бөлiгiнде көрсетілген мерзiмдерде аталған адамдар сотқа шағым бере алады.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және сотқа бір мезгiлде түссе, онда шағымды сот қарайды.

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға прокурор қаулының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн ішiнде сотқа наразылық келтiруi мүмкiн.

276-бап. Шағымды қарау

1. Сот шағымды он күн мерзімде қарайды.

2. Сот прокурорға, шағым берген адамға, сондай-ақ іс әрекетіне шағым жасалып отырған әкімшілік органға немесе лауазымды адамға сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.

3. Істі қараған кезде сот әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының заңдылығы мен негізділігін тексереді, ол заң негізінде жүргізіліп отыр ма және оны соған уәкілетті орган немесе лауазымды адам жүргізіп отыр ма, адамды әкімшілік жауапқа немесе оған жүктелген міндетті орындауға тартудың белгіленген тәртібі сақталды ма, азамат заңдарға бұл үшін тиісті жауаптылық белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасады ма, ол осы құқық бұзушылық жасауға кінәлі ме дегенді анықтайды.

277-бап. Соттың шешімі

1. Сот азаматты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы немесе оқиғасы болмағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту негізсіз деп таныған жағдайда, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде аталған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын өзге де жағдайларда сот әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі қаулының күшін жою туралы және ол істі қысқарту туралы ұйғарым шығарады.

2. Сот жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының кім екенін, оның кінәсінің деңгейін, мүліктік жағдайын, жауапкершілікті жұмсартатын өзге де мән-жайларды ескере отырып, жазалау шарасын өзгертуге құқылы. Соттың әкімшілік жазаны күшейтуіне жол берілмейді.

3. Егер сот әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік жаза қолдану жөніндегі іс-әрекеті заңды және негізделген деп тапса, сот қаулыны өзгертпей қалдырады, ал арызды қанағаттандырмайды.

4. Егер сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыны әкімшілік орган немесе лауазымды адам өз құзыретін бұза отырып шығарғанын анықтаса, сот қаулының күшін жояды, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетпеген болса, жоғары тұрған органның, лауазымды адамның қарауына жібереді немесе, егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетсе, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.

5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысына жасалған шағым (наразылық) бойынша шығарылған заңды күшiне енген және енбеген сот ұйғарымдарына шағымдану Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.

27-тарау. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың,

лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері

мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу

278-бап. Арыз беру

1. Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) тікелей сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органдар мен ұйымдарға, лауазымды адамға алдын ала жүгіну сотқа арыз беруге және соттың оны мәні бойынша қарауға қабылдауына және шешуіне міндетті шарт болып табылмайды.

2. Арыз сотқа осы кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық ережелері бойынша беріледі. Аудандық соттардың сотта іс қарауына жатқызылған арыздарды азаматтың тұрғылықты жеріндегі сотқа не әрекетіне дау айтылып отырған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің орналасқан жеріндегі сотқа беріледі.

3. Арыз берушінің мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтер туралы хабардар болуының негізі бойынша Қазақстан Республикасынан шетелге кетуіне рұқсат беруден бас тартуға тиісті аудандық және кету туралы өтінішті қанағаттандырмау жөнінде шешім қабылданған жердегі соған теңестірілген сотта дау айтылады.

4. алынып тасталды

279-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сот арқылы дау айтуға жататын шешімдері, әрекеті (немесе әрекетсіздігі)

1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сотта дау айтылатын шешімдеріне, әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) нәтижесінде:

1) азаматтың және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылған;

2) азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн жүзеге асыруына кедергі жасалған;

3) азаматқа немесе заңды тұлғаға әлдебір мiндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылған алқалық және жеке-дара шешiмдер мен әрекеттер (әрекетсiздiк) жатады.

2. Осы тарауға сәйкес мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен лауазымды адамдардың мынадай шешімдері мен әрекеттеріне:

1) тексерілуі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілерге;

2) оларға қатысты заң сотқа шағымданудың өзгеше тәртібін көздейтiн жеке-дара және нормативтiк құқықтық актiлерге сотта дау айтуға болмайды;

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 280-бап өзгертілді

280-бап. Сотқа арыз беріп жүгінуге арналған мерзім

1. Азамат және заңды тұлға өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы.

2. Арыз беріп жүгінуге арналған үш айлық мерзімді өткізіп алу соттың арызды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімнің өткізіліп алу себептері сот отырысында арызды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және арыздың қанағаттандырылуынан бас тарту негіздемелерінің бірі болуы мүмкін.

281-бап. Арызды қарау

1. Арызды сот бір ай мерзiм iшiнде прокурордың, азаматтың, заңды тұлға өкiлiнiң шешімдері мен әрекеттеріне дау айтылып отырған мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, қоғамдық бірлестік, ұйым басшысының, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің қатысуымен қарайды.

2. Сот отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған жоғарыда аталған адамдардың қайсыбірінің сот отырысына келмей қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды. Алайда сот аталған адамдардың сот отырысына келуін міндетті деп табуы мүмкін.

282-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы

1. Сот арызды орынды деп танып, тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзуға жол берілген бұрмалаушылықты толық көлемінде жоюға міндеттілігі туралы шешім шығарады.

2. Егер сот дау айтылған шешімдер мен әрекеттер заңдарға сәйкес, мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің өкілеттігі шегінде шығарылып жасалғанын және азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылмағанын анықтаса, арызды қанағаттандырудан бас тартады.

3. Соттың шешімі жол берілген заң бұзушылықтарды жою үшін шешімдері мен әрекеттеріне дау айтылған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның басшысына, лауазымды адамға, мемлекеттік қызметшіге не бағыныштылығы бойынша жоғары тұрған органға, ұйымға немесе лауазымды адамға сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін үш күн ішінде жіберіледі.

4. Шешімнің орындалғаны туралы сотқа, азаматқа немесе заңды тұлғаға сот шешімі алынған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей хабарлануға тиіс. Сот шешімінің орындалмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдар заңда көзделген жауаптылықта болады.

28-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу

 

283-бап. Арыз беру

1. Өздерiне нормативтiк құқықтық актiнiң күшi қолданылатын, мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңда көзделген тәртiппен қабылданып, жарияланған нормативтiк құқықтық актiсiмен азаматтардың немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында кепiлдiк берiлген құқықтары және заңмен қорғалған мүдделерi бұзылып отыр деп санайтын азамат немесе заңды тұлға бұл актiнi заңға толық немесе жекелеген бөлiгiнде қайшы келедi деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.

2. Тексерілуі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына дау айту туралы арыздар сотта қаралуға тиісті емес.

3. Арыз осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген сотта қаралуға жататын іс бойынша беріледі.

4. Азаматтың және заңды тұлғаның арызы осы кодекстің 150-бабында көзделген талаптарға сай келуге және онда нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның атауы немесе лауазымды адам, оның қабылданған күні туралы қосымша деректер болып, осы акт немесе оның жекелеген ережелері арқылы азаматтың және заңды тұлғаның нақты қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылып отырғаны, дау туғызып отырған актінің Қазақстан Республикасы Конституциясының қандай баптарына, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының қандай ережелеріне қайшы келетіндігі көрсетілуге тиіс.

5. Арызға дау айтылып отырған актінің немесе оның бір бөлігінің көшірмесі қоса тіркеліп, нормативтік құқықтық актіні қандай бұқаралық ақпарат органы және оны қашан жарияланғаны көрсетіледі.

6. Сотқа арыз беру нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтатпайды.

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 284-бап өзгертілді

284-бап. Арызды қарау

1. Сотқа арызбен жүгiнген азаматқа немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органға (лауазымды адамға) сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарланады.

2. Іс арыз берілген күннен бастап он күн мерзімде азаматтың немесе заңды тұлға өкiлiнiң, прокурордың, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады. Алайда істің мән-жайларына байланысты сот істі сот отырысына келмеген кейбір мүдделі адамдар болмаған жағдайда да тыңдай алады.

3. Сот отырысында сот нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның құзыреттілігін, бүкіл нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына сәйкестігін тексереді.

4. Нормативтік құқықтық актіні заңға қайшы деп тану туралы арызды қараған кезде аталған актіні қабылдауға негіз болған мән-жайларды дәлелдеу міндетті актіні қабылдаған мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға жүктеледі.

285-бап. Соттың арыз бойынша шешімі

1. Арызды негізсіз деп тани келіп, сот оны қанағаттандырудан бас тарту жөнінде шешім шығарады.

2. Арыз негізді болған жағдайда сот өз шешімінде нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген бөліктерін акт қабылданған кезден бастап жарамсыз деп таниды, бұл туралы шешімнің қарар бөлігінде көрсетіледі.

3. Арыз қанағаттандырылған жағдайда сот шешімнің қарар бөлігінде бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы, егер жарамсыз деп танылған нормативтік құқықтық акт бұрын сол бұқаралық ақпарат құралында жарияланса, сот шешімі туралы сот белгілеген мерзімде хабарлама жариялауға міндетті екенін көрсетеді.

4. Нормативтік құқықтық акті тұтастай немесе оның жекелеген бөлігін жарамсыз деп таныған сот шешімі осы актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам үшін, дау айтылған нормативтік құқықтық актінің күші құқықтары мен бостандықтарына қолданылған азамат және белгісіз адамдар тобы үшін міндетті болып есептеледі. Оның преюдициялық күші бар және нормативтік құқықтық актінің заңдылығы туралы басқа азаматтар оның сот тексеруінің объектісі болмайтын бөлігінде ғана қайтадан дауласа алады.

29-тарау. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі

 

286-бап. Наразылықтың қабылданбауына байланысты прокурордың жүгінуі

1. Заңға сәйкес келмейтiн нормативтiк құқықтық актiге және (немесе) жеке қолданылатын құқықтық актiге, сондай-ақ мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның iс-әрекетiне прокурордың наразылығын заңсыз акт шығарған немесе заңсыз iс-әрекет жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда, прокурор наразылық келтiрiлген актiнi немесе iс-әрекеттi заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнедi. Сотқа арыз наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күн мерзімде немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін беріледі.

2. Прокурордың сотқа жүгінуі наразылық келтірілген актінің күшін сот қарағанға дейін тоқтата тұрады.

287-бап. Прокурордың арызын сотта қарау

1. Сот прокурордың арызын он күн мерзімде қарайды.

2. Прокурордың арызы оның қатысуымен және наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған органның, лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қаралады.

3. Сот отырысына наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған орган басшысының, лауазымды адамның немесе оның өкілінің келмеуі прокурордың арызын қарауға кедергі бола алмайды, алайда сот бұл адамның келуі міндетті деп тануы мүмкін.

288-бап. Прокурордың арызы бойынша соттың шешімі

1. Сот прокурор арызының негізді екендігін анықтай отырып, өтінішті қанағаттандыру және нормативтік құқықтық актіні, жеке қолданылатын құқықтық актiнi немесе iс-әрекеттi заңсыз деп тану туралы шешім шығарады.

2. Егер сот наразылық келтiрiлген актiнi немесе iс-әрекеттi заңға және органның немесе лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiне сәйкес деп таныса, ол арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм шығарады.

4-бөлімше. Ерекше іс жүргізу

30-тарау. Жалпы ережелер

289-бап. Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер

1. Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге:

1) заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы;

2) азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;

3) азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы;

3-1) кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы;

4) азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы;

4-1) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы;

5) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы;

5-1) заңды тұлғаларды оңалту туралы;

5-2) заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту туралы;

6) жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы;

7) азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы;

8) нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша;

9) бағалы қағаздар көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісін жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы;

10) бала асырап алу туралы;

11) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану туралы;

11-1) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы;

12) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы істер жатады.

2. Заңда ерекше іс жүргізу тәртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін.

290-бап. Ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібі

1. Ерекше жүргізілетін істерді осы Кодекстің 31-38-тарауларында белгіленген алыныстармен және толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды. Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды.

2. Егер істі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға осы Кодекстің 150, 151-баптарында көзделген талаптарды сот белгілеген мерзімде орындау қажет екендігі түсіндіріледі. Мүдделі адамдардың қарсылықтары болған жағдайда сот істі аумақтық сотта қарау ережелері бойынша басқа соттың қарауына беруі мүмкін.

3. Сот ұйғарымы белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда арыз қаралмай қалдырылады, ал мүдделі адамдарға олардың жалпы негіздерде талап қою құқығы түсіндіріледі.

31-тарау. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау

291-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер

1. Сот азаматтардың немесе ұйымдардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.

2. Сот мынадай фактілерді:

1) адамдардың туыстық қатынастарын;

2) адамның біреудің асырауында болуы;

3) тууды, бала асырап алуды, некелесуді, ажырасуды және қайтыс болуды тіркеу;

4) құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамдікі екендігі;

5) мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету;

6) жазатайым жағдай;

7) азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болу оқиғасын тіркеуден бас тартқан жағдайда адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуы;

8) мұрагерлікті қабылдау және мұрагерліктің ашылу орны;

9) егер заңдарда оларды анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, басқа да заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерді қарайды.

292-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға қажетті шарттар

Сот арыз берушінің осы фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін емес болған кезінде ғана заңдық маңызы бар фактілерді анықтайды.

293-бап. Арыз беру

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша арыз арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі сотқа берілетін, бұған жылжымайтын мүлік орналасқан жердегі сотқа берілетін жылжымайтын мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету фактісі қосылмайды.

294-бап. Арыздың мазмұны

Арызда арыз берішінің қандай фактіні және қандай мақсатпен анықтау қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

295-бап. Соттың арыз бойынша шешімі

Соттың шешімі фактіні растайтын құжат болып табылады, ал мемлекеттік органдар тіркеуге тиісті фактіге қатысты алғанда оны тіркеу немесе ресімдеу үшін негіз болып табылады, бұл орайда сол органдар беретін құжаттарды ауыстырмайды.

32-тарау. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты

қайтыс болды деп жариялау

296-бап. Арыз беру

1. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы арыз оны берушінің тұрғылықты жеріндегі не хабар-ошарсыз кеткен азаматтың соңғы мәлім болған тұрғылықты жеріндегі сотқа беріледі.

2. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы іс оның отбасы мүшелерінің, прокурордың, қоғамдық бірлестіктердің, қамқоршы және қорғаншы орган мен басқа да мүдделі адамдардың арызы бойынша басталуы мүмкін.

297-бап. Арыздың мазмұны

Арызда оны берушіге азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау қандай мақсат үшін қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ азаматтың хабар-ошарсыз кетуін растайтын мән-жайлар не хабар-ошарсыз кеткен адамның қаза табу қаупін төндірген немесе оны белгілі бір жазатайым жағдайдан қайтыс болды деп жорамалдауға негіз болатын мән-жайлар айтылуға тиіс. Әскери қызметшілер немесе соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз кеткен азаматтар жөнінде арызда соғыс қимылдарының аяқталған күні көрсетіледі.

298-бап. Судьяның арыз қабылдағаннан кейінгі іс-әрекеттері

1. Судья істі соттың қарауына әзірлеу кезінде қандай адамдардың жоқ адам туралы мәлімет бере алатынын анықтайды, сондай-ақ жоқ адам туралы соңғы мәлім болған тұрғылықты жері және жұмыс орны бойынша тиісті ұйымдардан ол туралы бар мәліметтерді сұрайды.

2. Судья арыз қабылдағаннан кейін іс қозғалғаны туралы арыз берушінің есебінен жергілікті газетте жарияланым беру туралы ұйғарым шығарады. Жарияланымда мыналар болуға тиіс:

1) азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болған деп жариялау туралы арыз келіп түскен соттың атауы;

2) арыз берушінің атауы және оның тұрғылықты жері (егер арыз заңды тұлғалардан келіп түссе, орналасқан жері);

3) жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған жері мен соңғы жұмыс орны;

4) азаматтың жүрген жерін білетін адамдарға жарияланым берілген күннен бастап үш ай мерзімде сотқа ол туралы хабарлауды ұсыну.

3. Арызды қабылдағаннан кейін судья қамқоршы және қорғаншы органға жоғалып кеткен азаматтың мүлкін күзету мен басқару үшін қамқоршы тағайындауды ұсына алады.

299-бап. Прокурордың қатысуы міндеттілігі

Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы істерді сот міндетті түрде прокурордың қатысуымен қарайды.

300-бап. Сот шешімдерінің салдары

1. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп таныған сот шешімі қамқоршы және қорғаншы органның хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкі орналасқан жерде осы мүлікке қамқоршы тағайындауға негіз болып табылады.

2. Азаматты қайтыс болды деп жариялаған сот шешімі азаматтық хал актілерін жазу органының азаматтың қайтыс болуы туралы жазуды азаматтық хал актілерін жазу кітабына енгізуге негіз болып табылады.

301-бап. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың келу немесе жүрген жерін анықтау салдары

Хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азамат келген немесе оның жүрген жері анықталған жағдайда сот жаңа шешіммен өзінің бұрын шығарған шешімінің күшін жояды. Бұл шешім мүлікке қамқоршылық жасауды алып тастауға және азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы оның қайтыс болуы туралы жазбаны жоюға негіз болып табылады.

33-тарау. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану

 

302-бап. Арыз беру

1. Азаматты спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға, психотроптық заттарға немесе солар тақылеттестерге құнығуы салдарынан әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы іс оның отбасы мүшелерінің, прокурордың, қамқоршы және қорғаншы органның арызы бойынша қозғалуы мүмкін.

2. Психикалық науқастану немесе психиканың бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы салдарынан азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс сотта онымен бірге тұратынына қарамастан отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының (ата-анасының, балаларының, аға-інілерінің, апа-қарындастарының), прокурордың, қамқоршы және қорғаншы органның, психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесінің арызы бойынша қозғалуы мүмкін.

3. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс қамқоршы белгілеу (тағайындау) жолымен әрекет қабілеттілігі шектеулі, әрекетке қабілетсіз адамның да, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың да мүдделерін қорғау мақсатында қозғалады.

4. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арыз сол азамат тұратын жердегі, ал егер адам психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесіне жатқызылса, сол мекеме орналасқан жердегі сотқа беріледі.

303-бап. Арыздың мазмұны

1. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арызда спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға, психотроптық заттарға немесе солар тақылеттестерге құнығып кеткен адамның өз отбасына материалдық жағынан ауыр жағдай жасайтындығын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.

2. Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арызда өз әрекеттерінің нақты сипаты мен маңызын түсінбеуі немесе не істегенін білмеуі салдарынан азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы болуын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.

2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 123-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 304-бап өзгертілді

304-бап. Судьяның ресми өкіл-адвокат тағайындауы

1. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арыз қабылданғаннан кейін судья процесте қозғалған іс бойынша азаматтың мүдделерін білдіру және қорғау үшін ресми өкіл-адвокат тағайындайды.

2. Ресми өкіл-адвокаттың заңды өкіл өкілеттігі болады. Заңға сәйкес мұндай адвокаттың заң көмегі бюджет қаражаты есебінен тегін көрсетіледі.

305-бап. Азаматтың психикалық хал-жайын анықтау үшін сараптама тағайындау

1. Судья азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы туралы деректер жеткілікті болған жағдайда істі соттың қарауына әзірлеу тәртібімен оның психикалық жай-күйін анықтау үшін сот-психикалық сараптама тағайындайды.

2. Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс қозғалған адам сараптамадан өтуден көрінеу жалтарған жағдайда сот психиатрдың қатысуымен өтетін сот отырысында азаматты сот-психиатриялық сараптама мәжбүрлеп жіберу туралы ұйғарым шығара алады.

3. Сот психиатриялық сараптаманы психиатриялық стационарларда жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының сот сараптамасы туралы заңнамасында белгіленген.

 

306-бап. Арызды қарау

1. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы істі сот, егер азаматтың денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, оның өзінің, прокурордың және қамқоршы және қорғаншы орган өкілінің қатысуымен қарайды.

2. Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істі сот қамқоршы және қорғаншы орган өкілінің және прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды. Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы ісі қаралып жатқан азамат, егер денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, сот отырысына шақырылуы мүмкін.

3. Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден арыз беруші босатылады.

4. Арыз берген отбасы мүшелерінің, жақын туыстардың, азаматты әрекетке қабілетсіз деп көрінеу негізсіз таныту мақсатымен теріс пиғылды әрекет жасағанын анықтаған сот олардан барлық сот шығындарын өндіріп алады.

307-бап. Арыз бойынша соттың шешімі

1. Егер азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тануға негіздердің болмау фактісін анықтаса, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

2. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған сот шешімі қамқоршы және қорғаншы органның әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматқа қорғаншы тағайындауына негіз болып табылады.

3. Азаматты әрекетке қабілетсіз деп таныған сот шешімі қамқоршы және қорғаншы органның әрекетке қабілетсіз азаматқа қамқоршы тағайындауына негіз болып табылады.

4. Қамқоршы және қорғаншы орган әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз азаматқа тиісінше қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғаны туралы сотқа он күн мерзім ішінде хабарлауға тиіс.

308-бап. Азаматты әрекетке қабілетті деп тану

1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 27-бабының екінші тармағында көзделген жағдайда сот азаматтың өзінің, оның отбасы мүшесінің, қорғаншының, қамқоршы және қорғаншы органның, психиатриялық диспансердің арызы бойынша азаматтың әрекет қабілеттілігі шектеулі екенінің күшін жою туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде оған белгіленген қорғаншылық күшін жояды.

2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 26-бабының үшінші тармағында көзделген жағдайларда сот қамқоршының, психиатриялық емдеу мекемесінің, отбасы мүшесінің, прокурордың, психиатриялық (психоневрологиялық) мекеменің, қамқоршы және қорғаншы органының арызы бойынша сот-психиатриялық сараптаманың тиісті қорытындысы негізінде сауыққан немесе денсаулығы едәуір жақсарған адамды әрекетке қабілетті деп тану туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылық күшін жояды.

 

33-1- тарау. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы істер бойынша іс жүргізу

 

308-1-бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына және ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру

1. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы өтінішті баланың тұрғылықты (болатын) жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа қорғаншылық және қамқоршылық органы не ішкі істер органы береді.

2. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы өтініште мән-жайлар баяндалуға және арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу үшін заңмен көзделген негіздердің бар екендігі туралы және кәмелетке толмаған баланың оны көрсетілген білім беру ұйымдарында ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін ауруының жоқ екендігі туралы куәландыратын құжаттар ұсынылуға тиіс.

 

308-2-бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтінішті қарау

1. Сотқа кәмелетке толмаған бала, оның заңды өкілдері, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, сондай-ақ соттың қалауы бойынша өзге де адамдар шақырылады.

2. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтінішті қарауға прокурордың қатысуы міндетті болып табылады.

3. Өтініш беруші кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға жіберу туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.

 

308-3-бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтініш бойынша сот шешімі

1. Судья кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтінішті мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша өтініш қабылданбайды не қанағаттандырылады.

2. Өтінішті қанағаттандыру туралы шешім кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына не ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру үшін негіз болып табылады.

3. Кәмелетке толмаған баланың арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына келу мерзімі шешім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.

 

34-тарау. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу

туралы істер бойынша іс жүргізу

309-бап. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу

1. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды прокурор психиатриялық мекеме орналасқан жердегі сотқа береді.

2. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеу тәртібімен жатқызу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиісті арызға психиатр дәрігерлер комиссиясының психиатриялық стационарға болу қажеттігі туралы дәлелді қорытындысы қоса тіркеледі.

310-бап. Арыз беру мерзімі

1. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз психиатр-дәрігерлер комиссиясы азаматты психиатриялық стационарға жатқызу қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезден бастап 72 сағат ішінде беріледі.

2. Істі қозғай отырып, судья сонымен қатар азаматтың психиатриялық стационарда болу уақытын арызды сотта қарауға қажетті мерзімге ұзартады.

311-бап. Арызды қарау

1. Азаматты мәжбүрлеу тәртібімен психиатриялық стационарға жатқызу туралы арызды судья іс қозғалған кезден бастап бес күн ішінде қарайды. Егер психиатриялық мекеме өкілінен алынған мәліметтер бойынша ол адамның психикалық хал-жайы оған психиатриялық мекеме үйінде жүргізілген сот отырысына жеке қатысуға мүмкіндік беретін болса, азаматтың өзін ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы іс бойынша сот отырысына жеке қатысуға құқығы бар.

2. Істің қозғалуына бастамашы болған психиатриялық мекеме өкілінің және ауруханаға жатқызу туралы мәселесі шешіліп жатқан адамның өкілінің арызды қарауға қатысуы міндетті.

312-бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Судья арызды мәні бойынша қарай келіп, шешім шығарады, онда арыз қабылдамай тасталады не қанағаттандырылады.

2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызуға және заңда белгіленген мерзімде оны психиатриялық стационарда одан әрі ұстауға негіз болып табылады.

 

34-1-тарау. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарау

 

312-1-бап. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарау

Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді осы Кодексте көзделген жалпы ережелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктерімен мамандандырылған қаржылық сот қарайды.

Осы тараудың ережелері бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.

 

312-2-бап. Қайта құрылымдау туралы өтініш беру

1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы өтінішті қаржы ұйымы мамандандырылған қаржылық сотқа береді.

2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау үшін заңмен көзделген негіздеме көрсетілуге тиіс қайта құрылымдау туралы өтінішке:

1) қаржы ұйымы директорлар кеңесінің қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі;

2) қаржы ұйымының қаржы ұйымын қайта құрылымдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жазбаша келісімі;

3) мынадай ақпарат:

қайта құрылымдауды жүргізудің тәртібі мен мерзімі;

қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелердің тізбесі;

қайта құрылымдау шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар;

активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынатын болжамды қаржылық нәтижелер;

қызметте қолданылатын шектеулер қамтылған қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарының жобасы қоса тіркеледі.

 

312-3-бап. Өтінішті қарау

Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы өтінішті ол соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бес күн ішінде қарайды.

 

312-4-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі

1. Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы өтінішті қарап, қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім шығарады, онда:

1) мыналардың:

қайта құрылымдау көзделетiн мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешiмдерiнiң;

қайта құрылымдауды жүргiзу туралы соттың шешiмi күшiне енгенге дейiн және қаржы ұйымын қайта құрылымдау кезеңiнде мәлiмделген, кредиторлардың алдында мiндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетiн қаржы ұйымы кредиторлары талаптарының орындалуы тоқтатыла тұрады;

2) қаржы ұйымын қайта құрылымдаудың мерзімі және қайта құрылымдауды жүргізуге, кредиторлар жиналысын шақыруға және өткізуге жауапты лауазымды адамдар белгіленген қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы нұсқау қамтылуға тиіс.

2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап:

1) мыналарды:

қайта құрылымдау көзделетін міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелік және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешімдерінің;

қайта құрылымдауды жүргізу туралы соттың шешімі күшіне енгенге дейін және қаржы ұйымын қайта құрылымдау кезеңінде мәлімделген кредиторлардың алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдау көзделетін қаржы ұйымы кредиторлары талаптарының орындалуы тоқтатыла тұрады;

2) қаржы ұйымының мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.

3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін мамандандырылған қаржылық сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және атқарушылық іс жүргізетін аумақтық органдарға жібереді.

 

312-5-бап. Қайта құрылымдау жоспарын соттың бекітуі

Қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдағаннан кейін қаржы ұйымы қайта құрылымдау жоспарын соттың бекітуіне ұсынуға міндетті. Қайта құрылымдау жоспарымен бірге қаржы ұйымы сотқа қаржы ұйымы кредиторлары жиналысының қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын мақұлдауы туралы хаттамасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынады.

 

312-6-бап. Соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі

1. Соттың қаржы ұйымын қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінішімен:

1) қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімімен көзделген қаржы ұйымын қайта құрылымдау мерзімінің өтіп кетуі;

2) қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенінің жүзеге асырылуы;

3) қаржы ұйымын қайта құрылымдау:

қаржы ұйымын қайта құрылымдау қаржы ұйымы қызметінің қаржылық нәтижелерін жақсартуға алып келмейтініне жеткілікті негіздердің болуы;

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен алынған қаржы ұйымы кредиторлары мақұлдауының болмауы;

қайта құрылымдау жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалмауы;

қайта құрылымдау кезеңінде уәкілетті орган қабылдаған нұсқамалардың орындалмауы жағдайында мерзімінен бұрын тоқтатылуы негіздері бойынша қабылданады.

Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенiн жүзеге асыру, орындалуына орай, қайта құрылымданған мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешiмдерi бойынша мiндеттемелердiң тоқтатылуына әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінішін сот оны іс жүргізуіне қабылдаған күннен бастап бес күн ішінде қарайды.

 

 

35-тарау. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау

 

313-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау

Сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.

 

 

36-тарау. Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану

 

314-бап. Арыз беру

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы арыз осы мүлікті иеленуге кіріскен жеке тұлға тұратын жердегі немесе ұйым орналасқан жердегі сотқа беріледі.

2. Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган сол мүлік орналасқан жердегі сотқа береді.

3. Егер коммуналдық мүлікті басқаруға құқық уәкілеттігі берілген орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы мүлікті есепке алған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін сотқа арызбен жүгінсе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, сот жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды кері қайтарады.

315-бап. Арыздың мазмұны

1. Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы арызда қандай мүліктің иесіз деп тануға жататындығы көрсетілуге, оның негізгі ерекше белгілері сипатталуға, сондай-ақ мүлікке меншік құқығын сақтау ниетін көздемей, сол мүлікті меншік иесінің тастап кетуін куәландыратын дәлелдер және арыз иесінің мүлікті иеленуге кіріскенін куәландыратын дәлелдер келтірілуге тиіс.

2. Коммуналдық мүлікті басқаруға құқық уәкілеттігі берілген органның жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызында қандай мүліктің иесіз деп танылатыны, оның иесіз мүлік ретінде қай уақытта есепке қойылғаны көрсетілуге, сондай-ақ осы мүлікке меншік құқығын сақтау ниетін көздемей, меншік иесінің осы мүлікті тастап кеткенін куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

316-бап. Арызды қарау

Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы немесе жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды сот арыз берушінің және іс бойынша барлық мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды.

317-бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Жылжымалы мүлік иесінің болмауын не иесінің оған меншік құқығын сақтау ниетін көздемей тастап кеткенін тани отырып, сот жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы және оны иеленуге кіріскен адамның меншігіне беру туралы шешім шығарады.

2. Жылжымайтын мүлік иесінің болмауын не оның меншік құқығын сақтау ниетін көздемей тастап кеткенін және белгіленген тәртіппен есепке алынғандығын таныған соң сот жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығын тану туралы шешім шығарады.

36-1 тарау. Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу

 

317-1-бап. Өтiнiш беру

Жасы кәмелетке толмаған ұл немесе қыз асырап алу (бұдан әрi - бала асырап алу) туралы өтінішті бала асырап алғысы келетін азаматтар баланың тұрғылықты (жүрген) жеріндегі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа бередi.

Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттауына жататын істерді баланың тұрғылықты (тұратын) жеріндегі аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.

 

317-2-бап. Өтініштің мазмұны

1. Баланы асырап алу туралы өтініште:

1) бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) фамилиясы, аты, әкесінің аты, олардың тұрғылықты жері;

2) асырап алынатын баланың фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты (жүрген) жері, асырап алынатын баланың ата-аналары, аға-інілері мен апа-қарындастарының бар-жоғы туралы мәліметтер;

3) бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) баланы асырап алу жөніндегі негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

4) баланы асырап алушылар (бала асырап алушы) баланың тууы туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізгісі келген жағдайда, асырап алынатын баланың фамилиясын, атын, әкесінің атын, туған күнін (баланы бір жасқа дейін асырап алған жағдайда), асырап алынатын баланың туған жерін өзгерту туралы, баланың тууы туралы акт жазбасына бала асырап алушыларды (бала асырап алушыны) ата-аналар (ата-ана) ретінде жазу туралы өтініш көрсетілуге тиіс.

317-3-бап. Судьяның өтінішті қабылдап алғаннан кейінгі іс-әрекеті

Судья істі сотта қарауға әзірлеу кезінде асырап алынатын баланың тұрғылықты (жүрген) жеріндегі қамқоршылық және қорғаншылық органдарын асырап алудың негізділігі туралы және асырап алудың баланың мүддесіне сәйкестігі туралы сотқа қорытынды беруге міндеттейді.

317-4-бап. Өтініштерді қарау

Баланы асырап алу туралы істерді сот баланы асырап алушылардың (баланы асырап алушының) өздерінің, қамқоршы және қорғаншы органдар өкілдерінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды.

Сот қажет болған жағдайларда, іске қатысуға асырап алынатын баланың ата-аналарын (ата-анасын) немесе өзге заңды өкілдерін, оның туысқандарын және басқа мүдделі адамдарды, сондай-ақ он жасқа толған баланың өзін тарта алады.

Сот баланы асырап алу туралы істерді соттың жабық отырысында қарайды.

317-5-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі

Баланы асырап алу туралы өтінішті қарап, сот өтінішті қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан толық бас тарту немесе бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) өздерін баланың ата-аналары (ата-анасы) ретінде оның тууы туралы акт жазбасына жазу туралы, сондай-ақ баланың туған күні мен жерін өзгерту туралы өтінішін қанағаттандыру бөлігінде бас тарту туралы шешім шығарады.

Баланы асырап алу туралы өтiнiш қанағаттандырылған жағдайда, бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) және асырап алынған баланың өзара құқықтары мен мiндеттерi сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап пайда болады.

Соттың заңды күшiне енген шешiмi баланы асырап алуды мемлекеттік тiркеу үшiн сот орналасқан жердегi азаматтық хал актілерін жазу органына, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органға жiберiледi.

36-2-тарау. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы өтiнiш бойынша iс жүргiзу

317-6-бап. Өтiнiш беру

1. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану туралы өтінішті прокурор осындай талапты мәлімдеген прокурордың тұрған жеріндегі немесе осындай материалдар табылған жердегі сотқа береді.

Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында террористiк қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымды террористiк ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы өтінiштi прокурор осындай талапты мәлімдеген прокурордың тұрған жеріндегі сотқа бередi.

 

317-7-бап. Өтiнiштiң мазмұны

Өтiнiште Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экстремистік немесе террористік деп танылуы мүмкiн қызметті шетелдiк немесе халықаралық ұйымның Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында жүзеге асыру фактiсiн не оның өз атауын өзгерту фактісін растайтын мән-жайлар жазылуға тиiс.

Прокурордың шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористiк ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы өтiнiшіндегі материалдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарынан алынған нақты деректердi де, соның iшiнде халықаралық соттардың және шет мемлекеттер соттарының сот шешiмдерiн де қамтуы мүмкiн.

 

317-8-бап. Соттың өтiнiш бойынша шешiмi

Соттың шешiмi Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйым туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органның арнайы есепке алу жүйесiне қосу үшiн негiз болады.

Прокуратура органдары Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы iстi қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.

 

 

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен кодекс 36-3-тараумен толықтырылды

36-3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық

актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану

туралы өтініштер бойынша іс жүргізу

 

317-9-бап. Арыз беру

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпараты бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы арызды шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнімінде заңды мүдделері қозғалған азаматтар және заңды тұлғалар, прокурор немесе уәкiлеттi орган арыз берушiнiң орналасқан жерi бойынша бередi.

 

317-10-бап. Өтініштің мазмұны

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы өтініште қандай ақпараттың осылай деп танылуға жататыны көрсетілуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ақпараттық өнімнің сәйкес еместігі туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс. Өтініште мазмұндалған ақпараттың таратылғанын растайтын фактілер өтініште мазмұндалуға тиіс.

 

317-11-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі

Сот Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп танып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұру не тоқтату туралы шешім шығарады.

Соттың шешімі тиісті мемлекеттік органға жіберіледі.

 

36-4-тарау. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтініш бойынша іс жүргізу

 

317-12-бап. Өтініш беру

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы өтінішті ішкі істер органдары шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болған және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа береді.

 

317-13-бап. Өтініштің мазмұны

1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтініште Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.

2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтінішке шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын растайтын құжаттар қоса беріледі.

 

317-14-бап. Өтінішті қарау

1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтінішті сот іс қозғалған кезден бастап он күн ішінде қарайды.

2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтініш шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралады.

3. Сот шығындарын, сондай-ақ шығарып жіберу бойынша шығындарды шығарып жіберілетін шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар не Қазақстан Республикасына шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар көтереді. Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды өтеуге қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

317-15-бап. Өтініш бойынша сот шешімі

1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі қабылданған күнінен бастап заңды күшіне енеді және шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу үшін негіз болып табылады.

2. Шешімде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс мерзім көрсетіледі.

3. Сот шешімі орындау үшін ішкі істер органдарына жіберіледі.

 

317-16-бап. Шығарып жіберу туралы сот актісін  орындауды тоқтата тұру

Сот көрсеткен, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс болатын мерзімге дейін шағым немесе наразылық келіп түскен жағдайда, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі шағымды немесе наразылықты қарағанға дейін тоқтатыла тұрады.

 

 

37-тарау. Азаматтық хал актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау

 

318-бап. Арыз беру

Егер құқық туралы дау болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу органдары жасалған жазбаға түзетулер енгізуден бас тартса, сот азаматтық хал актілерін жазу кітаптарындағы жазулардың жаңсақтықтарын анықтау туралы істі қарайды. Азаматтық хал актілерін жазу кітаптарындағы жазбаның жаңсақтығын анықтау туралы арыз оны берушінің тұратын жеріндегі не азаматтық хал актілерін жазу органы орналасқан жердегі сотқа беріледі.

319-бап. Арыздың мазмұны

Арызда азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы жазудың жаңсақтығы неде екендігі, қашан болғаны және азаматтық хал актілерін жазудың қандай органы жасалған жазбаны түзетуден немесе өзгертуден бас тартқандығы көрсетілуге тиіс.

320-бап. Арыз бойынша сот шешімі

Азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы жазбаның жаңсақтығын анықтаған сот шешімі азаматтық хал актілерін жазу органдарының мұндай жазбаны түзетуіне немесе өзгертуіне негіз болып табылады.

38-тарау. Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды

жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар

321-бап. Шағым беру

1. Жасалған нотариаттық іс-әрекетті немесе нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуды дұрыс емес деп есептейтін мүдделі адам бұл жөнінде нотариус немесе нотариаттық іс-әрекет жасайтын орган орналасқан жердегі аудандық сотқа шағым беруге құқылы.

2. Заңдарда аталған лауазымды адамдардың өсиеттер мен сенімхаттарды дұрыс куәландырмауына немесе оларды куәландырудан бас тартуына шағымдар тиісті аурухана, басқа да стационарлық емдеу-профилактикалық мекеме, халықты әлеуметті қорғау мекемесі, тиісті халықты әлеуметтік қорғау органы, экспедиция, госпиталь, әскери-оқу мекемесі, әскери бөлім, құрама, мекеме, ұйым, бас бостандығынан айыру орны орналасқан жердегі сотқа беріледі.

3. Қазақстан Республикасының жалауымен жүзіп жүрген теңіз кемесі немесе ішкі сулардағы жүзу кемесі капитанының өсиетті дұрыс куәландырмауына немесе оны куәландырудан бас тартуына шағымдар кеме тоқтайтын порт жеріндегі сотқа беріледі.

4. Шағым сотқа арыз жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы немесе нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы арыз берушіге белгілі болған күннен бастап есептелетін он күн мерзімде беріледі.

322-бап. Шағымды қарау

Шағымды сот арыз берушінің, нотариустың немесе шағым беріліп отырған нотариаттық іс-әрекетті жасаған немесе нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартқан басқа бір лауазымды адамның қатысуымен қарайды, алайда олардың келмеуі істі шешуге кедергі болмайды.

323-бап. Шағым бойынша сот шешімі

Арыз берушінің шағымын қанағаттандырған сот шешімі жасалған нотариаттық іс-әрекеттің күшін жояды немесе мұндай іс-әрекетті жасауға міндеттейді.

39-тарау. Көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы

қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру (шақыртылып іс жүргізу)

 

324-бап. Арыз беру

1. Бағалы қағаздарды көрсетушіге берілетін бағалы қағазды немесе ордерлік бағалы қағазды (бұдан әрі - құжат) жоғалтқан адам заңда көрсетілген жағдайларда соттан жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы және ол жөніндегі құқықтарды қалпына келтіру туралы өтініш жасай алады. Тиісінше сақтамау салдарынан немесе басқа да себептермен құжаттың төлем төлеу белгілері жоғалтылған жағдайда да құжат жөніндегі құқықтардың қалпына келтірілуі мүмкін.

2. Жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы арыз құжатты берген мекеме (адам) орналасқан жердегі сотқа беріледі.

325-бап. Арыздың мазмұны

Арызда жоғалған құжаттың ерекше белгілері, оны берген мекеменің (адамның) атауы көрсетілуге, сондай-ақ құжат жоғалған кездегі мән-жайлар жазылуға тиіс.

326-бап. Судьяның арыз қабылданғаннан кейінгі іс-әрекеттері

1. Судья арыз қабылданғаннан кейін құжат берген мекемеге (адамға) ол бойынша төлем жүргізуге немесе ақша беруге тыйым салу туралы ұйғарым шығарады және ұйғарымның көшірмесін құжатты берген мекемеге (адамға), тізілімді ұстаушы мен тіркеушіге жібереді.

2. Судья арыз беруші есебінен жергілікті газетке жарияланым беру туралы да ұйғарым шығарады.

3. Жарияланымда:

1) құжаттың жоғалуы туралы арыз келіп түскен соттың атауы;

2) арыз берген адамды көрсету және оның мекен-жайы;

3) құжаттың атауы мен ерекше белгілері;

4) жоғалғаны туралы мәлімделген құжатты ұстаушыға жарияланым шыққан күннен бастап үш ай мерзімде сотқа осы құжатқа өз құқықтары туралы арыз беруге жасалған ұсыныс болуға тиіс.

4. Ұйғарым шығарудан бас тартуға, сол сияқты ұйғарымның өзіне де жеке шағым, наразылық беруге болады.

327-бап. Құжатты ұстаушының арызы

Жоғалғаны туралы мәлімделген құжатты ұстаушы жарияланым шыққан күннен бастап үш ай мерзім өткенге дейін ұйғарым шығарған сотқа құжатқа деген өз құқықтары туралы арыз беруге және бұл орайда құжаттың түпнұсқасын табыс етуге міндетті.

328-бап. Құжатты ұстаушыдан арыз келіп түскеннен кейінгі судьяның іс-әрекеттері

1. Жарияланым шыққан күннен бастап үш ай мерзім өткенге дейін құжатты ұстаушыдан арыз келіп түскен жағдайда сот құжатты жоғалтқан адамның арызын қарамай қалдырады және құжатты берген мекемеге (адамға) ол бойынша төлем төлеу мен ақша беруге тыйым салынатын мерзім белгілейді. Бұл мерзім екі айдан аспауға тиіс.

2. Сонымен бірге сот арыз берушіге оның сол құжатты талап ету туралы құжатты ұстаушыға жалпы тәртіппен талап қою құқығын, ал құжатты ұстаушыға оның қолданылған тыйым салу шаралары арқылы келтірілген залалдарды арыз берушіден өндіріп алу құқығын түсіндіреді.

3. Соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

329-бап. Жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы арызды қарау

Егер құжатты ұстаушыдан осы Кодекстің 328-бабында көрсетілген арыз келіп түспесе, жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы істі судья жарияланым шыққан күннен бастап үш ай мерзім өткеннен кейін қарайды.

330-бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Арыз берушінің өтініші қанағаттандырылған жағдайда сот жоғалған құжатты жарамсыз деп танитын шешім шығарады. Бұл шешім арыз берушіге жарамсыз деп танылған құжаттың орнына қосымша немесе жаңа құжат беруге негіз болып табылады.

2. Төлемдік белгілерін жоғалтқан құжаттар жөніндегі құқықты қалпына келтіру туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда сот жаңа құжат беру туралы шешім шығарады.

331-бап. Мүліктің негізсіз сатып алынғандығы туралы құжат ұстаушының талап қою құқығы

Әлдебір себептермен осы құжатқа өз құқығы туралы уақытында мәлімдемеген құжат ұстаушы құжатты жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жоғалған құжаттың орнына жаңа құжат алу құқығы берілген адамға мүліктің негізсіз сатып алынғандығы немесе сақталғандығы туралы талап қоя алады.

39-1-тарау. Аралық соттардың шешiмдерiне шағым жасау туралы iстер бойынша iс жүргiзу

 

331-1-бап. Арыз беру

1. Аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арызды аралық сотта талқылау тараптары, іске қатысуға тартылмаған, бiрақ құқықтары мен мiндеттерiне қатысты аралық сот заңда көзделген негiздер бойынша шешiм қабылдаған үшiншi тұлғалар аралық сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап отыз күн iшiнде бере алады.

2. Аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арыз аралық сот дауды қараған жердегi сотқа беріледі.

3. Егер шешімге шағым жасау үшін осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталса және осы Кодекске сәйкес оны қалпына келтіруге негіздер болмаса, судья арызды қайтарады.

 

331-2-бап. Арызды қарау

1. Сот аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арызды осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша iс қозғалған кезден бастап он күн iшiнде қарайды.

Судьяның үшінші тұлға шағым берген кезде қосымша дәлелдемелер беру қажет болған жағдайда, іс бойынша іс жүргізуді отыз күнге дейінгі мерзімге ұзартуға құқығы бар.

2. Сот аралық сотта талқылау тараптарына, сондай-ақ үшінші тұлғалар аралық соттың шешіміне шағым берген жағдайда үшінші тұлғаларға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған тұлғалардың келмей қалуы істі қарауға кедергі болып табылмайды.

3. Сот істі қараған кезде мәлімделген талаптар мен қарсылықтарға негіздеме ретінде сотқа ұсынылған дәлелдемелерді зерттеу арқылы аралық сот шешімінің күшін жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздердің бар немесе жоқ екендігін анықтайды.

4. Сот аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арызды қарау нәтижелерi бойынша аралық сот шешiмiнiң күшiн жою не арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығара алады. Мүдделi тұлғалар соттың ұйғарымына шағым жасауы мүмкiн.

 

 

3-бөлім. Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу

40-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру

 

332-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым беру мен наразылық келтіру құқығы

1. Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық берілуі мүмкін.

2. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі.

3. Наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.

4. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар да апелляциялық шағым беруге құқылы.

333-бап. Заңды күшіне енбеген шешімдерге апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар

Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара қарайды.

 

334-бап. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар беру (келтіру) тәртібі мен мерзімдері

1. Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі (келтіріледі). Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 338-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс.

2. Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі (келтіріледі). Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.

3. Шағым, наразылық сот шығарған шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап он бес күн ішінде берілуі (келтірілуі) мүмкін.

4. Істі қайта қарау кезінде шығарылған шешімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

335-бап. Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны

1. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:

1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;

2) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы;

3) шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы;

4) істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;

5) заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;

6) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету;

7) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген құжаттардың тізімі;

8) шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.

2. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтініштің де болуы мүмкін.

3. Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.

4. алынып тасталды

336-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру

1. Осы Кодекстің 334-бабының екінші бөлігінде және 335-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым немесе наразылық берілген (келтірілген) кезде судья ұйғарым шығарады, сол арқылы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдырады және шағым немесе наразылық берген (келтірген) адамға кемшіліктерді түзетуге мерзім тағайындайды.

2. Егер шағым немесе наразылық берген (келтірген) тұлға белгіленген мерзімде ұйғарымдағы нұсқауларды орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғашқы табыс етілген күнінде берілген болып есептеледі. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

337-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қайтару

Апелляциялық шағым немесе наразылық судьяның ұйғарымымен оларды берген (келтірген) тұлғаға мына жағдайларда:

1) шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның ұйғарымдағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;

2) шағымды немесе наразылықты берген (келтірген) тұлғаның өтініші бойынша;

3) егер шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кетсе және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы өтініш болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда;

4) егер шағымды немесе наразылықты апелляциялық шағым немесе наразылық беруге (келтіруге) құқығы жоқ тұлға берсе (келтірсе) қайтарылады.

338-бап. Бірiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты алғаннан кейiнгi әрекетi

1. Мерзімінде берілген және осы Кодекстің 334-бабының екінші бөлігінің және 335-бабының талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін судья:

1) шағымның, наразылықтың және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамдарға жіберуге;

2) шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жіберуге міндетті.

3) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткенге дейін істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қатысушы тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға білдірілген қарсылықтармен танысуға құқылы.

339-бап. Апелляциялық шағымға қосылу

Апелляциялық шағымды берген тұлғамен процесте бір жақта болған бірге қатысушылар мен үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру жолымен қосылуға құқылы.

340-бап. Апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікір

1. Іске қатысушы тұлға шағымға немесе наразылыққа қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысушы басқа тұлғаларға жібереді.

Апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса беріледі.

2. Пікір сот белгілеген, онымен сот отырысы басталғанға дейін танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мерзімде жіберіледі.

3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркеледі.

 

341-бап. Апелляциялық шағымнан бас тарту және наразылықты кері қайтарып алу

1. Апелляциялық шағым берген тұлға сот қаулы шығарғанға дейін одан апелляциялық сатыдағы сотта бас тартуға құқылы. Апелляциялық наразылық келтірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы сот іске қатысушы адамдарға хабарлайды.

2. Егер шешімге басқа адамдар шағым жасамаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды және наразылықты қайтарып алуды қабылдау туралы апелляциялық іс жүргізуді қысқартатын қаулы шығарады.

342-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, тараптардың бітімгершілік келісімі және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім

1. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, тараптардың апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған бітімгершілік келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім апелляциялық сатыдағы сотқа жолданған жазбаша арыздарда көрсетілуге тиіс.

2. Тиісінше талап қоюшының немесе тараптардың арыздарын қарау тәртібі және талаптан бас тартуды қабылдау немесе қабылдамау, бітімгершілік келісімін және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту немесе бекітпеу салдары осы Кодекстің 193-бабының ережелері бойынша белгіленеді. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту кезінде апелляциялық саты бірінші сатыдағы шешімнің күшін жояды және осы Кодекстің 247-бабының 3), 4) тармақшаларына сәйкес іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.

343-бап. Шешімнің, қаулының орындалуын тоқтата тұру

Апелляциялық сатыдағы судья кассациялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлғаның өтініші бойынша бірінші сатыда қабылданған, осы Кодекстiң 237-бабында аталған iстер бойынша шешiмдерден басқа, шешімнің орындалуын тоқтата тұрады.

344-бап. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына шағым беру, наразылық келтіру

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ сот ұйғарымы, істің әрі қарай ілгерілеу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына, осы Кодекстің 332-бабында аталған тұлғалар жеке шағым, наразылық беруі (келтіруі) мүмкін. Егер ұйғарым іске қатыспайтын тұлғалардың мүдделеріне қатысты болса, олар да сот ұйғарымына шағым жасауға құқылы.

2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына жеке шағымдар мен наразылықтар берілмейді, бірақ бұл ұйғарымдарға қарсылықтар апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.

3. Шешім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға шағым жасалған, наразылық келтірілген жағдайда іс жоғары тұрған сот сатысына шешімге шағым беруге белгіленген мерзім өткен соң ғана жіберіледі. Бұл ретте, егер шешімге апелляциялық шағым жасалса, наразылық келтірілсе, жеке шағымды, наразылықты тексеру істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысында жүргізіледі.

4. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық сол ұйғарымды шығарған сотқа беріледі. Судья жеке шағымды немесе наразылықты алған соң істі апелляциялық сатыдағы сотқа жіберуге міндетті. Қарау нәтижелері бойынша:

1) ұйғарымды - өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру;

2) ұйғарымның күшін толық немесе бір бөлігінде жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру;

3) ұйғарымның күшiн толықтай немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселені мәні бойынша шешу;

4) ұйғарымды өзгерту туралы ұйғарым шығарылады.

5. Істі одан әрі жылжыту мүмкіндігіне кедергі келтіретін ұйғарымдарды қоспағанда, апелляциялық сатының жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.

 

345-бап. Iстi апелляциялық тәртiппен қараудың шектерi

1. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде сот бірiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.

2. Апелляциялық сатыдағы сот мәлiмделген талап қою шегiнде жаңа фактiлердi анықтап, тараптың дәлелдi себептер бойынша бірiншi сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкiндiгi болмаған жаңа дәлелдемелердi зерттей алады.

346-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы

Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 253-бабында белгіленген жағдайда және тәртіппен жеке ұйғарым шығаруы мүмкін.

 

41-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау

 

347-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы

Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді.

348-бап. Істі талқылауға дайындау

1. Апелляциялық шағымы немесе наразылығы бар істі алған апелляциялық сатыдағы судья бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 338-бабының талаптарын орындағанын тексереді және апелляциялық шағымда немесе наразылықта баяндалған талаптар мен өтініштерді ескере отырып, он күн мерзімде осы Кодекстің 170-бабында көзделген іс-әрекеттерді жүргізіп, істі қарауға тағайындайды.

2. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын тұлғаларға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарлайды.

 

349-бап. Істі қарау мерзімдері

Апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қаралуға тиіс.

Егер жаңа материалдарды, дәлелдемелерді зерттеуге және жаңа шешiм шығаруға қажеттілік болса, онда апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралуға тиіс.

 

350-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу

1. Апелляциялық сатыдағы сотта істер бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 41-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

2. Осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор қатысады.

Апелляциялық сатыдағы сот прокурорға:

1) апелляциялық сатыда қаралуға жататын істер туралы;

2) істер бойынша қабылданған, апелляциялық сатыда қаралған шешімдер туралы хабарлайды.

3. Апелляциялық сатыдағы сот тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша талап етіліп алынған, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша зерделеп, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алады.

 

351-бап. Істі талқылаудың басталуы

Төрағалық етуші сот отырысын ашып: қандай іс, кімнің шағымы және (немесе) наразылығы бойынша және қай соттың шешіміне орай қаралуға жататынын хабарлайды. Төрағалық етуші іске қатысатын тұлғалардың және өкілдердің қайсысы келгенін анықтайды, келген тұлғалардың жеке басын анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттігін тексереді.

 

352-бап. Іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуінің салдары

1. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбаған іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.

2. Осы бапта аталған, істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған адамдардың келмеуі істі талқылауға кедергі болмайды. Алайда сот бұл жағдайда да келмеу себебін дәлелді деп тани отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.

3. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот iске қатысушы адамдарға соттың қайта өткiзiлетiн отырысында iстiң қаралу уақыты мен орны жайында тиiсiнше хабарлайды. Бұл жағдайда iстi талқылау басынан бастап жүргiзiледi.

353-бап. Соттың іске қатысушы тұлғалар арыздарын шешуі

1. Іске қатысушы тұлғалардың апелляциялық сатыдағы істі қарауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздар мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді.

2. Тараптар зерттеген кезде өздеріне бірінші сатыдағы сот бас тартқан дәлелдемелерді талап ету туралы өтініш жасауға құқылы.

3. Мәлімделген өтініштерді шешу осы Кодекстің 186-бабының ережелері бойынша жүргізіледі, бұл орайда апелляциялық сатыдағы соттың өтінішті бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмағандығын негізге алып, оны қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.

354-бап. Іске қатысушы адамдардың түсініктемелері

Соттың отырысына келген іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін сот тыңдайды. Апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Екі тарап та шешімге шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді.

355-бап. Дәлелдемелерді зерттеу

1. Дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі мен шектерін іске қатысушы тұлғалардың пікірлерін ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот белгілейді.

2. Тараптардың түсініктемелерінен кейін сот істе бар және тараптар жаңадан табыс еткен, дәлелдi себептермен олар бірiншi сатыдағы соттың қарауына табыс ете алмаған дәлелдемелерді тексереді. Сотқа қосымша дәлелдемелер табыс еткен тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және қосымша дәлелдемелер табыс ету қажеттiгi қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге мiндеттi.

3. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысушы, сот отырысына келмеген адамдардың түсініктемелерін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы.

3-1. Тараптар өздеріне бірінші сатыдағы сот жауап алуға рұқсат бермеген куәларды шақыру және олардан жауап алу туралы және зерттеуге рұқсат бермеген дәлелдемелерді талап ету туралы өтініштер мәлімдеуге құқылы.

4. Егер бұл түсініктемелер мен айғақтарға тараптар дау шығарса, аталған адамдар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін.

356-бап. Сот жарыссөзі

1. Іс мәні бойынша қаралып біткен соң төрағалық етушi тараптар мен өкілдерден олардың жасайтын өтініштері мен толықтырулары туралы сұрайды. Сот бұл өтініштерді шешіп, содан соң сот жарыссөзіне көшеді.

2. Сот жарыссөзі осы Кодекстің 211-бабында көзделген ережелер бойынша өткізіледі, бұл орайда апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам бірінші болып сөйлейді. Шешімге екі тарап та шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді.

3. Сот жарыссөзі және прокурордың қорытынды сөзiн тыңдау аяқталғаннан кейін судья соттың актісін қабылдауға арналған кеңесу бөлмесіне кетеді.

 

356-1-бап. Сот отырысының хаттамалары

1. Апелляциялық сатыдағы сот істі бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша қарай келіп, істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды зерттеу, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алу қажет болған жағдайларда сот отырысының хаттамасын жүргізеді.

2. Апелляциялық сатыдағы сот сондай-ақ өз бастамасы немесе тараптардың өтініші бойынша сот отырысының хаттамасын жүргізуге құқылы.

 

357-бап. Сот актісін шығару және оны жариялау

1. Апелляциялық сатының сот актісін шығаруы және оны жариялауы осы Кодекстің 216, 217, 218-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.

2. Сот осы баптың бірiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, сот актісінің қарар бөлiгiн шығара алады. Бұл жағдайда дәлелді сот актісі iстi қараған күннен бастап бес күн мерзiмде жазылып, оған судья қол қояды.

 

358-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі

Апелляциялық сатыдағы сот:

1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастауға;

2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;

3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;

4) 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) осы Кодекстің 247 және 249-баптарында көзделген негіздер бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қарамай тастауға құқылы.

359-бап. Апелляциялық сатының сот актілері

1. Апелляциялық сатыдағы сот мынадай актілерді шығарады:

1) осы Кодекстің 341-бабының екінші бөлігі мен 358-бабының 1), 2), 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда қаулы;

2) осы Кодекстің 358-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда шешім;

3) ұйғарым.

2. Апелляциялық сатыдағы соттың дәлелді актісі ол қабылданған күннен бастап бес күн ішінде шығарылуға тиіс.

 

360-бап. Апелляциялық қаулының, шешімнің мазмұны

1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында: апелляциялық қаулының шығарылған күні мен орны; апелляциялық қаулыны шығарған соттың атауы; сот құрамы; тараптар; іске қатысушы басқа тұлғалар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап; талап қоюлардың және оларға қарсылықтардың мәні; бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайы; бірінші сатыдағы сот шешім немесе ұйғарым шығарған кезде басшылыққа алған себептер көрсетілуге тиіс.

2. Бұдан басқа, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:

1) апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлғаның атауы;

2) шағым немесе наразылық берген тұлғаның талаптары, олардың негіздемелері;

3) апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыруының, оның күшін жоюының не оны өзгертуінің негіздері;

4) апелляциялық сатыдағы соттың өз тұжырымдарын жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;

5) апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдары көрсетіледі.

3. Жаңа уәждердің болмауына байланысты шағымдар, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде апелляциялық қаулының дәлелдеу бөлігінде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодекспен көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Апелляциялық шағымда, наразылықта бірінші сатыдағы соттың қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтірілген жағдайда, қаулының дәлелдеу бөлігінде жаңа уәждер негізсіз деп танылған негіздемелер көрсетілуге тиіс.

4. Осы Кодекстің 358-бабының 3) тармақшасымен көзделген жағдайда қабылданған апелляциялық шешімнің мазмұны осы Кодекстің 221-бабының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

5. Осы Кодекстің 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот кеткен қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы мәселені қарауға, қосымша шешім, қаулы шығаруға немесе шығарылған шешімнің, қаулының мәнін өзгертпей оны түсіндіруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген мәселелер жөніндегі шешімі, қаулысы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

361-бап. ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 361-бап алып тасталды

 

362-бап. Іс апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін түскен апелляциялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі

1. Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіргеннен кейін берілген апелляциялық шағым немесе наразылық басқа шағымдар бойынша іс қаралғаннан кейін апелляциялық сатыдағы сотқа түскен жағдайда, сот мұндай шағымды немесе наразылықты өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.

2. Апелляциялық сатыдағы сот өзінің бұрын шығарған актісінің күшін жояды және аталған шағымда немесе наразылықта оның күшін жоюдың негізі көзделсе, істі толық көлемінде қарайды.

363-бап. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

364-бап. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюдың не оны өзгертудің негіздемелері

1. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге:

1) іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы;

2) бірінші сатыдағы сот белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;

3) бірінші сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі;

4) материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.

2. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күшін бір ғана үстірт пікірлер бойынша жоюға болмайды.

365-бап. Материалдық құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы

Материалдық құқық нормалары, егер сот:

1) қолданылуға тиісті заңды қолданбаса;

2) қолданылмауға тиісті заңды қолданса;

3) заңды дұрыс түсіндірмесе;

4) заңға ұқсас қалыпты немесе құқыққа ұқсас қалыпты дұрыс қолданбаса, бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі.

366-бап. Іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы және дұрыс қолданылмауы

1. Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші мына жағдайларда, егер:

1) істі бұл істі қарауға құқығы жоқ судья қараса;

2) сот, істі сот отырысының уақыты мен орны хабарланбаған, іске қатысушы адамдардың біреуі болмаған жағдайда қараса;

3) істі қарау кезінде сот ісі жүргізіліп отырған тіл туралы ереже бұзылғанда;

4) сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселелерді шешкенде;

5) шешімге судья қол қоймағанда немесе шешімде көрсетілгеннен басқа судья қол қойғанда;

6) істе сот отырысының хаттамасы болмағанда;

7) істе осы Кодекстің 255-бабына сәйкес жасалуы міндетті жеке іс жүргізу іс-әрекетінің хаттамасы болмағанда шағым, наразылық дәлелдеріне қарамастан жойылуға тиіс.

2. Басқа да іс жүргізудің бұзылуы орын алған жағдайда, егер бұл бұзушылық істі дұрыс шешпеуге әкеп соқтырса немесе әкеп соқтыруы мүмкін болса, шешімнің күші жойылуға тиіс.

367-бап. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе арызды қарамай қалдыру арқылы шешімнің күшін жою

Осы Кодекстің 247, 249-баптарында аталған негіздер бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе арызды қарамай қалдыру арқылы сот шешімінің күші апелляциялық тәртіппен жойылуға тиіс.

368-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күшіне енуі

Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.

 

369-бап. Істі бірінші сатыдағы сотқа қайтару

Апелляциялық сатыдағы сот істі қарағаннан кейін оны бірінші сатыдағы сотқа қайтарады.

42-тарау ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен алып тасталды

 

42-1-тарау. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына

 және қаулыларына кассациялық тәртіппен шағымдану және наразылық келтіру

 

383-1-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағымдану және наразылық келтіру құқығы

1. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымдану және наразылық келтіру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа тұлғаларға тиесілі.

2. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ соттар олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім, қаулы немесе ұйғарым шығарған тұлғалар да кассациялық шағым беруге құқылы.

3. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық наразылық келтіру құқығы істі осы сатыларда қарауға қатысқан прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына наразылық келтіруге құқылы.

 

383-2-бап. Кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын соттар

Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестірілген сот кемінде үш судья құрамында қарайды.

 

383-3-бап. Істі талап ету, кассациялық шағымды немесе наразылықты беру тәртiбi

Кассациялық шағымдар мен наразылықтар iске қатысушы адамдардың санына сәйкес көшiрмелерiмен қоса тiкелей кассациялық сатыдағы сотқа жолданады және берiледi. Прокурордың кассациялық наразылығы, шағымы азаматтық іспен бірге кассациялық сатыдағы сотқа жіберіледі.

Қажеттi жағдайларда сот кассациялық шағым немесе наразылық берген адамды, шағымға немесе наразылыққа қоса тiркелген жазбаша дәлелдемелердiң көшiрмелерiн iске қатысушы адамдардың санына сәйкес ұсынуды мiндеттей алады.

Азаматтық істі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры не оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап ете алады. Сот прокурордың істі талап ету туралы сұрау салуын ол сотқа келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей және заңды күшіне енген сот актілерін орындау үшін іс жүргізу әрекеттері орындалғаннан кейін ғана орындайды. Сұрау салулар байланыс арналарын пайдалану арқылы жіберілуі мүмкін.

Істі талап еткен жағдайда кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатты прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарауға тиіс.

 

383-4-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру мерзімі

1. Кассациялық шағым немесе наразылық бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімі, қаулысы, ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде берілуі мүмкін.

2. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілген шағым немесе наразылық қараусыз қалдырылады және шағымды немесе наразылықты берген тұлғаға кері қайтарылады.

 

383-5-бап. Кассациялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны

1. Кассациялық шағымда немесе наразылықта:

1) шағым немесе наразылық жолданған соттың атауын;

2) шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның атауын;

3) шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған шешімнің, қаулының және ұйғарымның көрсетілуін;

4) шешімнің, қаулының және ұйғарымның дұрыс еместігі, сондай-ақ шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның өтініші неге саятындығының көрсетілуін;

5) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша материалдардың тізбесін қамтуға тиіс. Кассациялық шағымға шағым берген тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Кассациялық наразылыққа прокурор қол қояды.

2. Егер кассациялық шағымданған өкілдің істі жүргізуге берілген сенімхатында кассациялық шағым беру құқығы арнайы айтылмаса немесе ол бірінші сатыдағы сотта істі талқылау уақытында процеске қатыспаса, кассациялық шағымға өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.

 

 

383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру

1. Кассациялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғалардың қолы қойылмаған, шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған қаулы, шешім және ұйғарым көрсетілмеген немесе барлық қажетті көшірмелер қоса тіркелмеген кассациялық шағым немесе наразылық берілген кезде облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады және шағым немесе наразылық берген тұлғаға кемшіліктерді жою үшін мерзім тағайындайды.

2. Егер шағымды немесе наразылықты берген тұлға ұйғарымдағы нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғаш тапсырылған күні берілген деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда шағым немесе наразылық берілмеген деп есептеледі және соттың ұйғарымымен шағым немесе наразылық берген тұлғаға қайтарылады.

 

383-7-бап. Судьяның кассациялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейінгі іс-әрекеті

Облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы кассациялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін:

1) азаматтық істің материалдарын талап етіп алдыруға;

2) пікір беру мерзімін бере отырып, іске қатысушы тұлғаларға шағымның немесе наразылықтың және оларға қоса тіркелген жазбаша материалдардың көшірмелерін жіберуге;

3) іске қатысушы тұлғаларға кассациялық шағымның немесе наразылықтың қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлауға;

4) қарауға тағайындалған істер туралы прокурорға хабарлауға міндетті.

 

383-8-бап. Кассациялық шағымға қосылу

Процесте кассациялық шағым берген тұлғаның жағында әркет еткен тараптар және үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру арқылы қосыла алады.

 

383-9-бап. Кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір

1. Іске қатысушы тұлға кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікірді, шағымдарға қатысты қарсылықтарды растайтын құжаттарды қоса тіркеп, іске қатысушы басқа тұлғаларға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді. Кассациялық сатыға жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.

2. Пікір сот отырысы басталғанға дейін онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде жіберіледі.

3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжаттар қоса тіркеледі.

 

383-10-бап. Кассациялық шағымнан бас тарту және кассациялық наразылықты кері қайтарып алу

1. Кассациялық шағым берген тұлға одан бас тартуға құқылы. Алайда сот осы Кодекстің 8-бабының төртінші бөлігінде белгіленген негіздер бойынша бас тартуды қабылдамай тастауға және істі кассациялық тәртіппен қарауға құқылы.

2. Кассациялық наразылық келтірген прокурор, сондай-ақ жоғары тұрған прокурор сот отырысы басталғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы сот іске қатысушы тұлғаларға хабарлайды.

3. Егер шешімге басқа тұлғалар шағымданбаса немесе наразылық бермесе, сот шағымнан бас тартуды қабылдау туралы және наразылықты кері қайтарып алған кезде кассациялық іс жүргізуді қысқартатын ұйғарым шығарады.

 

383-11-бап. Талап қоюдан бас тарту, тараптардың бітімгершілік келісімі және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім

1. Кассациялық шағым немесе наразылық берілгеннен кейін жасалған талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, тараптардың бітімгершілік келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім кассациялық сатыдағы сотқа жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс. Сот талап қоюдан бас тарту қабылданғанға дейін, бітімгершілік келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілгенге дейін талап қоюшыға немесе тараптарға олардың іс жүргізу іс-әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.

2. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдау, тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекіту кезінде кассациялық саты шығарылған шешімнің күшін жойып, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады. Егер сот осы Кодекстің 49-бабы екінші бөлігінің негізінде талап қоюдан бас тартуды, бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді қабылдамаса, ол істі кассациялық тәртіппен қарайды.

 

42-2-тарау. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу

 

383-12-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған, заңды күшіне енген шешімдердің, қаулылардың және ұйғарымдардың заңдылығы мен негізділігін тексереді.

 

383-13-бап. Істі қараудың шектері

1. Істі кассациялық тәртіппен қараған кезде сот істе бар материалдар бойынша шағымның, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші және апелляциялық сатының сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді.

2. Кассациялық сатыдағы сот мәлімделген талап қоюдың шегінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға дәлелді себептермен табыс етілмеген жаңа дәлелдемелерді зерттейді.

 

383-14-бап. Кассациялық сатыда істі қарау мерзімдері

Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым немесе наразылық бойынша істі ол келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қарауға тиіс.

 

383-15-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі

1. Төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай істің, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қандай соттың қаулысына, ұйғарымына орай қаралуға жататынын хабарлайды. Істі сот талқылауына дайындау бөлігінде сот осы Кодекстің 180, 189-баптарын басшылыққа алады.

2. Осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, кассациялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор қатысады.

 

383-16-бап. Іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына келмеуінің салдарлары

Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі болып табылмайды.

 

383-17-бап. Істі баяндау

Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау судьялардың біреуінің баяндамасымен басталады. Баяндамашы істің мән-жайын, бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының мазмұнын, кассациялық шағымның, наразылықтың уәждерін және оларға келіп түскен пікірлерді баяндайды, сондай-ақ шешімнің дұрыстығын тексеру үшін соттың қарауы қажет болатын өзге де деректерді хабарлайды.

 

383-18-бап. Іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелері

Сот баяндамадан кейін сот отырысына келген, іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін тыңдайды. Кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап шағымданған жағдайда талап қоюшы бірінші болып сөйлейді.

 

383-19-бап. Соттың іске қатысушы тұлғалардың арыздарын шешуі

Іске қатысушы тұлғалардың кассациялық сатыда істі талқылауға байланысты барлық мәселелер жөніндегі арыздары мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді.

 

383-20-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

Сот істі кассациялық тәртіппен қарап:

1) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімін, қаулысын және ұйғарымын - өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;

2) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаса, бірінші сатыдағы сотқа немесе егер кассациялық саты бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың жіберген қателіктерін түзете алмаса, апелляциялық сатыдағы, бірақ судьялардың өзге құрамындағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешімнің шығарылуға тиіс екені туралы алдын ала шешуге құқылы емес;

3) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және осы Кодекстің 247, 249-баптарында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не арызды қараусыз қалдыруға;

4) бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін жоюға;

5) егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау немесе қосымша тексеру талап етілмесе, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілсе, істі жаңадан қарауға жіберместен, бірінші сатыдағы соттың шешімінің немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының күшін жойып, шешімді қаулыны, ұйғарымды өзгертуге немесе жаңа сот актісін шығаруға құқылы.

 

383-21-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдерінің, қаулыларының және ұйғарымдарының күшін кассациялық тәртіппен жоюдың негіздері

Соттардың заңды күшіне енген шешімдерінің, қаулыларының және ұйғарымдарының күші осы Кодекстің 364-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша кассациялық тәртіппен жойылуға жатады.

 

383-22-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актілері

1. Кассациялық сатыдағы соттың актілері қаулылар нысанында шығарылады.

2. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында:

1) қаулының шығарылған күні мен орны;

2) қаулы шығарған соттың атауы мен құрамы;

3) кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға;

4) шағым жасалған бірінші және/немесе апелляциялық сатылардағы соттың актісінің, кассациялық шағымның немесе наразылықтың және оларға берілген жазбаша пікірлердің, кассациялық сатыда істі қараған кездегі қатысушы тұлғалар түсініктемелерінің қысқаша мазмұны;

5) соттың тұжырымдар жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;

6) кассациялық шағымды немесе наразылықты қараудың нәтижелері бойынша тұжырымдар көрсетілуге тиіс.

3. Жаңа уәждердің болмауына байланысты шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған кезде кассациялық қаулының дәлелдеу бөлігінде сот актісіне өзгерістер енгізу немесе оны жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағымда, наразылықта бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтірілген жағдайда, дәлелдеу бөлігінде жаңа уәждерді негізсіз деп танудың негіздері көрсетілуге тиіс.

4. Кассациялық сатының қаулысы бес күннің ішінде түпкілікті нысанда жасалып болуға тиіс. Іс материалдарына қоса тіркелетін қаулының қарар бөлігін жария етуге жол беріледі.

5. Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазулар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе мәнін өзгертпей, шығарылған қаулыны түсіндiруге құқылы. Кассациялық сатыдағы соттың аталған мәселелер бойынша қаулысы шығарылған күннен бастап күшіне енеді.

 

383-23-бап. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысының заңды күші

Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.

 

383-24-бап. Іс кассациялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен кассациялық шағымды қарау тәртібі

1. Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген кассациялық шағым кассациялық сатыдағы сотқа істі басқа шағымдар бойынша қарағаннан кейін келіп түскен жағдайда, сот мұндай шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.

2. Егер мұндай шағымды қараудың нәтижесінде кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарылған кассациялық актінің заңсыздығы немесе негізсіздігі туралы тұжырымға келсе, онда оның күші жойылып, жаңа сот актісі шығарылады.

 

43-тарау. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу

384-бап. Сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуға жататын сот актілері

1. Жергілікті және өзге де соттардың заңды күшіне енген сот актілерін, оларға шағым жасалудың кассациялық тәртібі сақталған жағдайда, іске қатысушы адамдардың өтініштері және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тәртібімен қайта қарауы мүмкін.

Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген айрықша жағдайларда, заңды күшіне енген бірінші сатыдағы соттың шешімі немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімі немесе қаулысы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының жергілікті және өзге соттарының заңды күшіне енген, кассациялық тәртіппен шағым берілмеген актілері сот қадағалауы тәртібімен тексеруге жатпайды.

3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқасының қаулысы, егер қабылданған қаулы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін айрықша жағдайларда сот қадағалауы тәртібімен тексерілуі мүмкін.

 

385-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтініш беруге, наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар

1. Осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтініштерді тараптар және олардың өкілдері, іске қатысушы басқа да тұлғалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасына беруі мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актісіне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына наразылық келтіруге құқылы.

3. Наразылық осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өз бастамалары бойынша да, өтініші бойынша да келтірілуі мүмкін. Өтініш наразылыққа қоса тіркеледі.

4. Өтінішті, наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін оны сотқа тиісінше арыз беру жолымен жүгінген тұлға кері қайтарып алуы мүмкін. Сот іске қатысушы тұлғаға наразылықтың кері қайтарып алынғаны туралы хабарлайды. Өтініш пен наразылықты кері қайтарып алу қадағалау сатысында іс жүргізудің қысқартылуына әкеп соғады.

4-1. 2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

5. Осы Кодекстің 393-395-баптарында көзделген ережелер прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және тікелей қадағалау сатысында қаралады. Сот кеңесу бөлмесінде осы Кодекстің 387-бабында көзделген істі қадағалау тәртібімен қайта қарау негіздерінің бар-жоғы туралы мәселені шешеді, содан кейін прокурор наразылығын мәні бойынша қарайды. Аталған негіздер болмаған кезде сот істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

 

386-бап. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттар

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық сатының заңды күшіне енген қаулысына осы Кодекстің 385-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың өтініштері және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша істерді, сондай-ақ осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың актілерін кемінде бес судья құрамында қарайды.

2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы Кодекстің 384-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды.

 

387-бап. Істерді талап етудің және заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараудың себептері мен негіздері

1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары азаматтық істі қадағалау тәртібімен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.

2. Осы Кодекстің 385-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтініштері, сол сияқты осы Кодекстің осы бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлардың өз құзыреті шегіндегі бастамасы істерді талап етуге себеп болып табылады.

2-1. Сот прокурордың істі талап ету туралы сұрау салуын ол сотқа келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей орындайды. Сұрау салулар байланыс арналары пайдаланыла отырып жіберілуі мүмкін.

Істі талап еткен жағдайда қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінішті прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарауға тиіс.

3. Заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық не іс жүргізу құқығының нормаларын елеулі түрде бұзу заңды күшіне енген шешімдерді, қаулыларды және ұйғарымдарды қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады.

4. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, кассациялық қаулыларын, егер Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі оларды шығаруда негізге алынған акт конституциялық емес деп таныған жағдайда олар қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.

388-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасау, наразылық келтіру мерзімдері

1. Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш, наразылық беруге болады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін, осы Кодекстің 387-бабының төртінші бөлігінде көзделген негіз бойынша сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қайта қарау жағдайларында қолданылмайды.

3. Егер қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініш прокурорға белгіленген мерзім сақтала отырып берілсе, бірақ ол бойынша шешім қабылданбаса, сот наразылық келтіру мерзімін ұзартады. Наразылықта бұл туралы көрсетілуге тиіс.

389-бап. Наразылық келтіру

1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры себебі мен негіздері болған ретте наразылық келтіріп, оны іспен және өтінішпен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.

2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы наразылықтың көшірмелерін іске қатысушы тұлғаларға жібереді.

 

390-бап. Наразылықтың мазмұны

Наразылықта:

1) наразылық келтіріп отырған соттың атауы болуға;

2) наразылық келтіріп отырған сот актілері көрсетілуге;

3) сот актілері шығарылған істің мәні баяндалуға;

4) заңсыз сот актісінің шығарылуына әкеп соққан, материалдық не іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі бұзылуы неде екені, не сот актісі шығарылғанда негізге алынған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп тануы көрсетілуге;

5) наразылық келтірген лауазымды адамның ұсынысы немесе қорытындысы болуға тиіс.

391-бап. Сот актісіне дау айту туралы және қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштердің мазмұны

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілетін сот актісіне дау айту және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштер:

1) өтініш жолданатын соттың атауын, өтініш жолданатын лауазымды адамның аты-жөнін;

2) өтініш беруші тұлғаның атауын; оның тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін және істегі іс жүргізу жағдайын;

3) сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының мазмұнын көрсетуді, сондай-ақ іске қатысушы тұлғалардың тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін көрсете отырып атап тізбеленуін;

4) істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қарайтын соттардың көрсетілуін және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын;

5) соттың дау айтылатын, наразылық беру ұсынылатын шешімінің, ұйғарымының, қаулысының көрсетілуін;

6) материалдық не іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі түрде бұзылуы неде екенінің және өтініш берген тұлғаның өтінуі неден тұратынын көрсетуді қамтуға тиіс.

2. Егер өтінішті іске қатыспаған тұлға берсе, дау айтылатын шешім, ұйғарым, қаулы арқылы осы тұлғаның қандай құқықтарының бұзылғаны көрсетілуге тиіс.

3. Егер дау айтылған сот актісіне тиісті сот сатысына шағым жасалмаған болса, өтініш беруші апелляциялық не кассациялық шағым бермеу себептерін көрсетуге міндетті.

4. Егер өтініш бұрын қадағалау сатысына берілген болса, онда өтініште бұл туралы және шағым бойынша қабылданған сот шешімі туралы көрсетілуге тиіс.

5. Өтінішке оны берген тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішке сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса тіркелуге тиіс.

6. Өтінішке іс бойынша шығарылған шешімнің, ұйғарымның, қаулының сот растаған көшірмелері қоса тіркелуге тиіс.

 

392-бап. Өтінішті немесе прокурор наразылығын қайтару

1. Өтінішті немесе прокурор наразылығы мынадай негіздер бойынша:

1) өтініш немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 390, 391-баптарының талаптарына сай келмесе;

2) өтініш немесе прокурор наразылығы заңды күшіне енген осы сот актісіне осы Кодекстің 385-бабына сәйкес шағым жасауға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар тарапынан берілсе;

3) өтініш немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 388-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе және оны қалпына келтірудің дәлелді себептері болмаса;

4) өтініш немесе прокурор наразылығы оларды мәні бойынша қарағанға дейін кері қайтарып алынса;

5) өтініш немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына соттылық ережесін бұза отырып берілсе;

6) процестің осы қатысушысының арызы бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы қаулы болса, олар берген тұлғаларға қайтарылуға тиіс.

2. Өтінішті немесе прокурор наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған жағдайда оларды жалпы негізде қайтадан беруге болады.

 

393-бап. Өтінішті алдын ала қарау

1. Сот актісіне сот қадағалауы тәртібімен дау айту туралы өтінішті үш судья алдын ала зерделейді және қарайды, олардың біреуі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы тағайындаған баяндамашы болып табылады. Қажет болған жағдайда азаматтық іс талап етіліп алынуы мүмкін.

2. Өтініш келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде, ал іс сұратылған жағдайда - іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.

3. Өтініш алдын ала қаралатын күн туралы прокурорға, сондай-ақ шағым берген адамға хабарланады, алайда олардың келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғауға негіз бар немесе жоқ екені туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.

 

394-бап. Өтінішті алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша қабылданатын шешімдер

1. Өтінішті алдын ала қараудың нәтижелері бойынша судьялар:

1) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау және өтінішті азаматтық істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;

2) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы;

3) өтінішті қайтару туралы қаулы шығарады.

2. Соттың өтінішті алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында:

1) қаулының шығарылған күні мен орны;

2) өтінішті қараған және қаулы шығарған тиісті сот судьяларының тегі мен аты-жөні;

3) дау туғызған сот актісін көрсете отырып қаулы шығарылған іс;

4) өтініш жасаған тұлғаның атауы;

5) өтініште келтірілген дәлелдер;

6) қадағалау іс жүргізуін қозғаудың немесе одан бас тартудың не өтінішті оларды берген адамдарға қайтарудың негіздері көрсетілуге тиіс;

7) қаулының қарар бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі жазылады.

3. Өтінішті алдын ала қараудың нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі өтінішті берген адамға жіберіледі.

 

395-бап. Қадағалау сатысы сотының отырысын тағайындау

1. Қадағалау сатысы дау айтылған сот актісін, наразылықты қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы сот қаулысын алғаннан кейін тараптарға өтініштің, қадағалау ісін жүргізуді қозғау туралы қаулының көшірмелерін, сот отырысы өткізілетін күнді, уақытын, орнын көрсете отырып істің қадағалау сатысында қаралатыны туралы хабарлама жібереді.

2. Қадағалау сатысындағы іс қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулымен бірге қадағалау сатысына берілген не прокурор наразылығы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралуға тиіс.

 

395-1-бап. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішке немесе наразылыққа пікір

1. Іске қатысушы тұлға қайта қарауға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркеп, сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішке немесе наразылыққа пікірді іске қатысушы басқа тұлғаларға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жіберуге құқылы.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің көшірмесі жіберілгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.

2. Пікір Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өтінішті немесе наразылықты қарауды бастағанға дейін пікірмен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде жіберіледі.

3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкілдің қолы қойылған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге құжат қоса тіркеледі.

 

396-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры iстi сұратып алумен бір мезгiлде қадағалау тәртібімен тексеру үшiн сот актiсiнiң орындалуын үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.

 

397-бап. Істі қарау шектері

1. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша өтініштің, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығын тексереді.

2. Қадағалау сатысындағы сот заңдылық мүдделерін көздеп, өтініштің немесе наразылықтың шегінен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген шешімнің заңдылығын толық көлемінде тексеруге құқылы. Сот осы Кодекстің 25-29-тарауларында көзделген істер бойынша бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар шығарған қаулылардың заңдылығын толық көлемінде тексереді.

398-бап. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі, қадағалау сатысындағы соттың шешімдері

1. Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің өтініші (наразылығы) бойынша қайта қаралып отырғанын, сот құрамына кімдердің енетінін және сот отырысы залында іске қатысушы адамдардан кім келіп отырғанын жариялауымен ашылады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, өтініш (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Iстi қарау кезiнде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы мiндеттi.

2. Мәлімделген қарсылықтар мен өтініштер шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда төрағалық етуші өтінішті (наразылықты) берген адамға сөз береді. Егер мұндай адамдар бірнешеу болса, олар өздері ұсынатын сөз сөйлеу кезегін сот назарына жеткізеді. Егер олар келісімге келе алмаса, сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.

3. Өтініш (наразылық) беруші адам, өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің заңсыз, негізсіз болып табылатынына себептер мен дәлелдерді айтып береді. Содан кейін төрағалық етуші сот белгілеген тәртіппен іске қатысушы басқа адамдарға сөз береді.

Сотқа қатысушы адамдар сөз сөйлегеннен кейiн прокурор iс бойынша қорытынды бередi.

4. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы шешімді өзгеріссіз, ал өтінішті, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;

1-1) осы Кодекстің 387-бабында көзделген негіздердің болмауына байланысты істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы;

2) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың шешімінің күшін толық немесе бір бөлігінде жояды және істі апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотқа немесе, егер іс апелляциялық сатыдағы сотта қаралмаған болса, бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді. Қадағалау сатысындағы сот қаулыда көрсетілмеген не онда жоққа шығарылған мән-жайларды анықтауға немесе оларды дәлелденген деп есептеуге, қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, істі жаңадан қарау кезінде материалдық құқықтың қай нормасы қолданылуға тиіс және қандай қаулының қабылдануға тиіс екендігі туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес;

3) бірінші, апелляциялық сатыдағы және кассациялық сатылардағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;

4) іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;

5) бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.

399-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны

1. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялар қол қояды.

2. Қадағалау сатысындағы сот осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе бұдан бұрын қадағалау сатысы шығарған қаулыны түсіндiруге құқылы.

400-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының заңды күшіне енуі

Қадағалау сатысындағы сот қаулылары олар қабылданған кезден бастап заңды күшіне енеді.

401-бап. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

402-бап. 2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

403-бап. Сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші жойылғаннан кейін істі қарау

1. Қадағалау тәртібімен сот актілерінің күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға тиіс.

2. Бұрын қабылданған сот актілерінің апелляциялық, кассациялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен күші жойылғаннан кейін шығарылған жаңа сот актілеріне өтініш, наразылық олардың күшін жойған себептерге қарамастан, жалпы негіздерде берілуі, келтірілуі мүмкін.

 

403-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын тағайындау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы келіп түскеннен кейін Жоғарғы Соттың Төрағасы жалпы отырысты шақырады. Жалпы отырыстың хатшысы жалпы отырыстың мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жалпы отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабарлайды.

 

403-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының ұсынуды немесе наразылықты қарауының тәртібі

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ұсынуды немесе наразылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде қарайды.

2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы немесе Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ұсынуды немесе наразылықты енгізудің осы Кодекстің 384-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндайды.

3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер болған кезде істі мәні бойынша қарау үшін сот отырысын тағайындайды.

4. Істі мәні бойынша қарау судьяның ұсынудың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен не прокурордың наразылықтың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен басталады. Істі одан әрі қарау осы Кодекстің 398-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

 

44-тарау. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен

қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу

 

404-бап. Қайта қарау негіздері

Заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін. Шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін:

1) арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар;

2) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;

3) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттері;

4) белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшін жою;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің соттың сот актісін шығаруы кезінде қолданған заңын немесе өзге нормативтік құқықтық актісін конституциялық емес деп тануы негіздер болып табылады.

 

405-бап. Сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар

1. Бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген шешімін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот қайта қарайды.

2. Бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы ұйғарымдарды, шешімдерді, қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауды шешімді өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған сот жүргізеді.

406-бап. Арыз беру

1. Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша қайта қарау туралы арызды іске қатысқан адамдар, құқықтары мен заңды мүдделерін шығарылған сот актісі қозғаған өзге де мүдделі тұлғалар немесе прокурор шешім, ұйғарым немесе қаулы шығарған сотқа береді.

2. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады.

 

406-1-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны

1. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арыз берген тұлға немесе оның уәкілетті өкілі арызға қол қояды.

2. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызда:

1) арыз берілген соттың атауы;

2) арыз берген тұлғаның және іске қатысатын басқа тұлғалардың атауы, олардың тұрған жері немесе тұрғылықты жері;

3) арыз беруші жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтініш жасап отырған сот актісін қабылдаған соттың атауы; сот актісінің қабылданған күні; даудың нысанасы;

4) арыз берген тұлғаның талаптары; осы Кодекстің 404-бабында көзделген және осы мән-жайлардың ашылуын немесе анықталуын растайтын құжаттарға сілтеме жасала отырып, арызданушының пікірі бойынша жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы мәселені қою үшін негіз болған жаңадан анықталған мән-жайлар;

5) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Арызда іске қатысатын тұлғалардың телефон, факс нөмірлері, электронды почтаның мекенжайлары және өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

3. Арыз берген тұлға іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жіберуге міндетті.

4. Арызға:

1) жаңадан анықталған мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) арызданушы қайта қарау туралы өтініш жасаған сот актісінің көшірмесі;

3) іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және құжаттардың көшірмелері жіберілгенін растайтын құжат;

4) тұлғаның арызға қол қою өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.

 

406-2-бап. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау

1. Арыздың мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды сақтай отырып берілген сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз тиісті соттың іс жүргізуіне қабылданады.

2. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені ол сотқа келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде тиісті соттың судьясы жеке-дара шешеді.

3. Тиісті соттың судьясы арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады.

4. Ұйғарымда арызды қарау жөніндегі сот отырысын өткізудің күні мен орны көрсетіледі.

5. Ұйғарымның көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жіберіледі.

 

406-3-бап. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару

1. Егер тиісті соттың судьясы арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:

1) арыздың осы Кодекстің 405-бабында белгіленген қағидалар бұзыла отырып берілгенін;

2) арыздың белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және оны қалпына келтіру туралы өтініштің жоқ екенін немесе арыз берудің өткен мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;

3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз беруші берген сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды оған қайтарады.

2. Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады.

Ұйғарымның көшірмесі арызбен және оған қоса тіркелген құжаттармен бірге ұйғарым шыққан күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.

3. Арызды қайтару туралы соттың ұйғарымына шағым жасалуы, наразылық берілуі мүмкін.

 

407-бап. Арыз беруге арналған мерзімнің есептелуі

Арыз беруге арналған мерзім:

1) осы Кодекстің 404-бабының 1-тармақшасында көзделген жағдайларда - іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар анықталған күннен бастап;

2) осы Кодекстің 404-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қылмыстық іс жөніндегі үкім заңды күшіне енген күннен бастап;

3) осы Кодекстің 404-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда - сот үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген немесе мемлекеттік немесе өзге де орган қайта қаралатын шешім, ұйғарым немесе қаулы негізге алынған үкімге, шешімге, ұйғарымға немесе қаулыға өз мазмұны бойынша қайшы келетін қаулы шығарған күннен бастап есептеледі.

408-бап. Арызды қарау

Сот жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды сот отырысында қарайды. Арыз берушіге және іске қатысушы адамдарға отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болмайды.

409-бап. Соттың істі қайта қарау туралы ұйғарымы

1. Сот шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарай келіп, не арызды қанағаттандырады және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жояды, не оны қайта қараудан бас тартады.

2. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актісінің күшін жою туралы және сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағымдануға және наразылық беруге болады.

3. Шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күші жойылған жағдайда сот істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.

 

4-бөлім. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру

 

410-бап. Арыз беру

1. Азаматтық іс бойынша толық не бөлігінде жойылған, шешім шығару немесе қысқарту арқылы аяқталған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді сот осы бөлімде белгіленген тәртіппен жүргізеді.

2. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы іс іске қатысушы адамдардың не прокурордың арызы бойынша қозғалады.

3. Сот ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз даудың мәні бойынша шешім не іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым шығарған сотқа беріледі.

4. Жойылған атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз атқарылатын жеріндегі сотқа беріледі.

5. Арызда: арыз беруші нақ қандай іс жүргізуді қалпына келтіруді өтінетіні, мәні бойынша соттың шешім қабылданғаны немесе іс бойынша іс жүргізу қысқартылғаны, онда арыз берушінің іс жүргізуде қандай жағдайда болғаны, іс бойынша тағы да кімдердің қатысқаны және іс жүргізуде қандай жағдайда болғаны, олардың орналасқан немесе тұратын жері, арыз берушіге жоғалған іс жүргізудің мән-жайларынан ненің белгілі екені туралы, іс жүргізу құжаттары көшірмелерінің немесе ол туралы мәліметтердің жатқан жері, нақты қандай құжаттарды арыз беруші қалпына келтіруді қажет деп есептейтіні, оларды қалпына келтіру қандай мақсат үшін қажет екені көрсетілуге тиіс.

6. Сақталып қалған және іске қатысты құжаттар немесе олардың көшірмелері, тіпті олар белгіленген тәртіппен куәландырылмаса да, арызға қоса тіркеледі.

7. Жойылған істі қалпына келтіру туралы арызға мемлекеттік баж төленбейді.

411-бап. Арызды қарау

1. Арызда жойылған істі қалпына келтіру туралы мәселе бойынша сотқа жүгіну мақсаты көрсетілмеген жағдайда сот арызды қозғалыссыз қалдырады және арыз берушінің оны жазуына қажетті мерзім береді.

2. Егер арыз беруші көрсеткен жүгіну мақсаты оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты болмаса, сот істі қалпына келтіру туралы іс қозғаудан бас тартады, не, егер ол іс қозғалған болса, оны дәлелді ұйғарыммен қарамай тастайды.

3. Жойылған сот ісін жүргізу мәні бойынша қаралғанға дейін осы тарауда белгіленген тәртіппен қалпына келтіруге жатпайды. Талап қоюшы мұндай жағдайда жаңадан талап қоюға құқылы. Сот ісін жүргізудің жоғалтылуына байланысты жаңа талап қою бойынша іс қозғау туралы сот ұйғарымында осы мән-жайлар міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

4. Істі қарау кезінде сот іс жүргізудің сақталған бөліктерін, іс жүргізу жоғалғанға дейін істен азаматтар мен ұйымдарға берілген құжаттарды, бұл құжаттардың көшірмелерін, іске қатысы бар басқа да материалдарды пайдаланады.

5. Іс жүргізу іс-әрекеттерін жасау кезінде қатысқан адамдардан, ал қажет болған жағдайларда - жоғалған іс бойынша істі қараған сот құрамына кірген адамдардан, сондай-ақ сот шешімін орындаған адамдардан соттың куә ретінде жауап алуына болады.

412-бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Іс жүргізуді қысқарту туралы соттың шешімі немесе ұйғарымы, егер олар іс бойынша шығарылса, міндетті түрде қалпына келтірілуге тиіс.

2. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы жойылған сот шешімін немесе ұйғарымын қалпына келтіру туралы сот шешімінде сотқа табыс етілген және жойылған іс бойынша процеске барлық қатысушылар қатысқан сот отырысында зерттелген қандай нақты деректер негізінде сот қалпына келтірілетін сот актісінің мазмұны анықталды деп есептейтіні көрсетіледі.

3. Жойылған іс жүргізуді қалпына келтіру туралы іс бойынша шешімнің дәлелдеме бөлігінде қандай дәлелдемелерді соттың зерттегені және жойылған іс бойынша қандай іс жүргізу іс-әрекеттері жасалғаны дәлелденгені туралы да сот қорытындысы көрсетіледі.

4. Жойылған іс бойынша сот қаулысын дәлме-дәл қалпына келтіру үшін жиналған материалдар жеткіліксіз болған жағдайда сот ұйғарымымен іс жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды қарауды тоқтатады және іске қатысушы адамдарға жалпы тәртіппен талап қою құқығын түсіндіреді.

5. Жойылған іс бойынша сот қаулысын қалпына келтіру туралы арызды қарау оның сақталу мерзімімен шектелмейді. Алайда орындау мерзімі біткен және сот қалпына келтірмейтін атқару парағын ұсыну үшін оны орындау мақсатында жойылған іс жүргізуді қалпына келтіру туралы арызбен жүгінген жағдайда сот арыз бойынша іс жүргізуді де қысқартады.

6. Егер шешім орындалса, жойылған атқару ісі қалпына келтіріледі.

7. Сот шешімін орындау туралы акт орындау кезінде сот орындаушысы жасаған және актіде көрсеткен іс-әрекеттердің мәні көрсетіле отырып, сот шешімімен қалпына келтіріледі.

8. Шешім орындалғанға дейін атқару ісі жойылып, атқару қағазының дубликаты берілуі мүмкін жағдайда, сот жойылған атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы іс қозғаудан дәлелді ұйғарыммен бас тартады.

9. Жойылған істі қалпына келтіру туралы арыз бойынша сот қаулыларына заңда белгіленген тәртіппен шағым жасалады.

10. Көрінеу жалған арыз берілген жағдайда жойылған іс жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз бойынша іс қозғауға байланысты сот шығындары арыз берушіден өндіріліп алынады.

5-бөлім. Халықаралық процесс

45-тарау. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу

413-бап. Шетелдік тұлғалардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік және халықаралық ұйымдардың (бұдан әрі - шетелдік тұлғалар) өздерінің бұзылған немесе даулы болып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқығы бар.

2. Шетелдік тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен және ұйымдарымен бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндеттерін орындайды.

3. Соттарда шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша сот ісін жүргізу осы Кодекске және өзге де заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының іс жүргізу құқықтарына арнайы шектеулер қойылатын мемлекеттердің шетелдік тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасы соған сәйкес шектеулер белгілеуі мүмкін.

414-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізуге әрекет қабілеттілігі

1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізуге әрекет қабілеттілігі олардың жеке заңы бойынша айқындалады.

2. Азаматтың жеке заңы өзі азаматы болып табылатын мемлекеттік құқығы болып табылады. Егер азаматта шет мемлекеттің азаматтығымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтығы да болса, оның жеке заңы Қазақстан Республикасының заңы болып есептеледі. Мұндай адамда шет мемлекет азаматтығының болуын Қазақстан Республикасының соттары танымайды.

3. Азаматта бірнеше шет мемлекеттің азаматтығы болса, бұл адам неғұрлым тығыз байланыстағы мемлекеттің құқығы оның жеке заңы болып табылады.

4. Азаматтығы жоқ адамның тұрғылықты тұратын жері бар мемлекеттің заңы сол адамның жеке заңы, ал мұндай болмаған жағдайда - оның әдетте тұрып жатқан мемлекетінің заңы болып табылады.

5. Өзінің жеке заңы бойынша іс жүргізу әрекетіне қабілетті болып табылмайтын адам, егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес іс жүргізу қабілетіне ие болса, ол Қазақстан Республикасының аумағында іс жүргізу әрекетіне қабілеті бар деп танылуы мүмкін.

415-бап. Шетелдік халықаралық ұйымның іс жүргізу құқығына қабілеттілігі

1. Шетелдік ұйымның іс жүргізу құқығына қабілеттілігі ұйым соған сәйкес құрылған шет мемлекеттің заңы бойынша белгіленеді. Бұл заң бойынша іс жүргізу құқығына қабілеті жоқ шетелдік ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында құқық қабілеті бар деп танылуы мүмкін.

2. Халықаралық ұйымның іс жүргізу құқығына қабілеті ұйым соған сәйкес құрылған халықаралық шарт, оның құрылтай құжаттары немесе Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органымен келісім негізінде белгіленеді.

416-бап. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының құзыреті

1. Егер Қазақстан Республикасының аумағында жауапкер-ұйым орналасқан болса немесе жауапкер-азаматтың тұрғылықты жері болса, шетелдік тұлғалар қатысатын істі Қазақстан Республикасының соттары қарайды.

2. Қазақстан Республикасының соттары, сондай-ақ шетелдік тұлғалар қатысатын істерді мына жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік тұлғаның басқару органы, филиалы немесе өкілдігі болғанда;

2) жауапкердің Қазақстан Республикасы аумағында мүлкі болғанда;

3) алиментті өндіріп алу туралы және әке екенін анықтау туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болғанда;

4) мертігу, денсаулыққа өзге де зақым келтіру немесе асыраушысының қайтыс болуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы іс бойынша зиян Қазақстан Республикасы аумағында келтірілгенде немесе талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болғанда;

5) мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы іс бойынша зиянды өтеу туралы талап қоюға негіз болған іс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар Қазақстан республикасының аумағында орын алғанда;

6) талап қою, оның толық немесе ішінара орындалуы Қазақстан Республикасы аумағында орын алуға тиіс болған немесе орын алған шарттан туындағанда;

7) талап қою Қазақстан Республикасы аумағында орын алған негізсіз баюдан туындағанда;

8) неке бұзу туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болғанда немесе ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болғанда;

9) ар-ожданды, абыройды және іскерлік беделді қорғау туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болған жағдайларда қарайды.

3. Қазақстан Республикасының соттары, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өз құзыретіне жатқызылса, басқа істерді де қарайды.

417-бап. Айрықша құзырет

1. Қазақстан Республикасы соттарының айрықша құзыретіне:

1) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлік құқығына байланысты істер;

2) тасымал шартынан туындайтын тасымалдаушыға талап қою жөніндегі істер;

3) егер ерлі-зайыптылардың екеуінің де Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некесін бұзу туралы істер;

4) осы Кодекстің 25-29-тарауларында көзделген істер жатады.

2. Қазақстан Республикасының соттары ерекше іс жүргізу ісін:

1) фактілерді анықтау туралы іс бойынша арыз берушінің Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты жері болған немесе анықталуы қажетті факт Қазақстан Республикасының аумағында орын алған немесе орын алатын;

2) әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы мәселе қойылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматы болған не Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері болған;

3) хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы мәселе қойылған азамат Қазақстан Республикасының азаматы болған не Қазақстан Республикасының аумағында соңғы белгілі тұратын жері болған және бұл орайда Қазақстан Республикасының аумағында белгілі тұратын жері болса және мұнда Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері немесе орналасқан орны бар азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін анықтау осы мәселенің шешілуіне байланысты болған;

4) иесіз деп тану туралы арыз берілген зат Қазақстан Республикасы аумағында болған;

5) бағалы қағазды жоғалды деп тану туралы және оған тиісті құқықтарды (шақыртып іс жүргізу) қалпына келтіру туралы берілген арызды Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе орналасқан азамат немесе ұйым берген;

6) жаңсақтығын анықтау туралы арыз берілген азаматтық хал актілерін жазуды Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазу органдары жасаған;

7) шағым жасалып отырған нотариаттық іс-әрекеттерді (оларды жасаудан бас тартуды) Қазақстан Республикасының нотариусы немесе басқа органы жасаған жағдайларда қарайды.

418-бап. Соттылық

Қазақстан Республикасының заңдарымен Қазақстан Республикасы соттарының құзыретіне жатқызылған істердің соттылығы осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық ережелері бойынша анықталады.

419-бап. Шарттық соттылық

Шетелдік соттың құзыреті осы Кодекстің 33-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тараптардың жазбаша келісіммен көзделуі мүмкін. Мұндай келісім болған жағдайда сот жауапкердің өтінішімен, егер мұндай өтініш істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін мәлімделсе, арызды қарамай тастайды.

420-бап. Құзыреттің өзгермейтіндігі

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыреттілік ережелерін сақтай отырып, Қазақстан Республикасының соты іс жүргізуге қабылданған іс ол кейіннен тараптардың азаматтығы, тұрғылықты жері өзгеруіне және құзыретке әсер ететін басқа да мән-жайларға байланысты басқа мемлекет сотының соттауына жатқызылса да, мәні бойынша шешіледі.

421-бап. Шетелдік сотта іс жүргізудің маңызы

1. Егер сол мәселе туралы және сол негіздер бойынша сол тараптар арасындағы дау жөнінде Қазақстан Республикасының сот шешімдерін өзара тану және сот шешімдерін орындауды көздейтін халықаралық шарты бар шет мемлекеттің соты бұрын шешім шығарып қойған болса, Қазақстан Республикасының соты арызды қарамай тастайды, ал іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.

2. Егер шет мемлекеттің сотында сол тараптар арасындағы, сол мәселе туралы және сол негіздер бойынша шешімді Қазақстан Республикасында танылуға тиісті дау жөнінде бұрын қозғалған іс болса, Қазақстан Республикасының соты арызды қарамай тастайды, ал іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері бұл іс Қазақстан Республикасы соттарының айрықша құзыретіне жатқызылатын жағдайларды қозғамайды.

422-бап. 2010.05.02. № 249-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

423-бап. Сот тапсырмалары

1. Қазақстан Республикасының соттары өздеріне Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында көзделген тәртіппен берілген жеке іс жүргізу іс-әрекеттерін жасау (хабарламалар мен басқа да құжаттар тапсыру, тараптардан, куәлардан түсініктемелер алу, жергілікті жерде сараптама және тексеріс жүргізу және т.б.) туралы шетелдік соттардың тапсырмаларын орындайды, бұған:

1) тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының егемендігіне қайшы келетін немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төндіретін;

2) тапсырманы орындау сот құзыретіне кірмейтін жағдайлар қосылмайды.

2. Шетелдік соттардың жеке іс жүргізу іс-әрекеттерін орындау туралы тапсырмаларын атқару, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

3. Қазақстан Республикасының соттары жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін орындау туралы шетелдік соттарға тапсырмалар мен өтініш жасауы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасы соттарының шетелдік соттарымен қарым-қатынас жасау тәртібі Қазақстан Республикасының заңында және халықаралық шарттарында белгіленеді.

424-бап. Шет мемлекеттердің органдары берген құжаттарды тану

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалған, Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарына немесе шетелдік азаматтарға қатысты шет мемлекеттердің заңдары бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдары белгіленген нысанмен берген, жасаған немесе куәландырған құжаттарды Қазақстан Республикасының соттары, егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, консулдық жариялау болған жағдайда қабылдайды.

425-бап. Шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін тану және орындау

1. Егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзара түсіністік негізінде бұл көзделген болса, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдері Қазақстан Республикасында танылады және орындалады.

2. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін танудың және орындаудың шарттары мен тәртібі заңда белгіленеді.

3. Шетелдік соттың немесе төрелік соттың шешімі шешім заңды күшіне енген кезден бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындауға берілуі мүмкін. Дәлелді себептермен өткізіліп алынған мерзімді осы Кодекстің 128-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының соты қалпына келтіруі мүмкін.

425-1-бап. Төрелiктің шешiмiн мәжбүрлеп орындату

1. Егер төреліктің шешiмi онда белгiленген мерзiмде ерiктi түрде орындалмаған жағдайда, төреліктің шешiмi пайдасына шығарылған төрелікте талқылау тарапы (өндiрiп алушы) төреліктің шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы арызбен төрелік дауды қараған жердегi не борышкердің тұрғылықты жеріндегі немесе заңды тұлғаның органы орналасқан жердегі, егер тұрғылықты жері немесе орналасқан жері белгісіз болса, онда борышкердің мүлкі орналасқан жердегі сотқа жүгiнуге құқылы.

2. Атқару парағын беру туралы арызға төрелiктiң тиiстi түрде расталған түпнұсқа шешiмi немесе соның тиiстi түрде расталған көшiрмесi, сондай-ақ төрелiктің түпнұсқа келісімi немесе оның тиiстi түрде расталған көшiрмесi қоса берiледi. Егер төрелiктің шешiмi немесе келісімi шетел тілінде жазылса, тарап осы құжаттың мемлекеттік тiлдегi немесе орыс тiліндегі тиiстi түрде расталған аудармасын табыс етуге тиiс.

3. Атқару парағын беру туралы арыз төрелiктiң шешімiн ерiктi түрде атқаруға арналған мерзiм аяқталған күннен бастап үш жылдан кешіктiрiлмей берiлуi мүмкiн.

4. Белгiленген мерзiмiн өткiзiп алған не оған қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамай керi қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады, оған осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

5. Егер, сот аталған мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса, атқару парағын беру туралы арызды беру мерзiмiн қалпына келтiруге құқылы.

6. Судья атқару парағын беру туралы арызды сотқа арыз түскен күннен бастап он бес күн iшiнде жеке-дара қарайды.

7. Өндiрiп алушының төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы түскен арызы, сондай-ақ оның соттың отырысында қаралу орны мен уақыты туралы сот борышкердi хабардар етедi. Оның арызын қарау орны мен уақыты туралы өндiрiп алушы да хабардар етiледi. Егер борышкерден сот отырысына келуi мүмкiн болмауының дәлелдi себептерi көрсетіліп, арызды қарауды кейiнге қалдыру туралы ұсыныс түспесе, борышкердiң немесе өндiрiп алушының сот отырысына келмей қалуы арызды қарауға кедергi болмайды.

8. Сот төрелiктің шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арызды қараған кезде төрелiктiң шешiмiн мәнi бойынша қайта қарауға құқылы емес.

9. Сот арызды қарау нәтижелерi бойынша атқару парағын беру туралы не оны беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Атқару парағын беру туралы соттың ұйғарымы дереу орындалуға тиiс.

425-2-бап. Атқару парағын беру

1. Сот төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарған кезде атқару парағы осы Кодекстiң 236-бабының ережелерi бойынша берiледi.

2. Төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыз бойынша шығарылған соттың ұйғарымына осы Кодексте сот актілеріне шағым жасау үшiн көзделген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

425-3-бап. Атқару парағын беруден бас тарту

Егер, сот:

1) бұл тарап:

сот төрелiк келісім тараптарының бірiн әрекетке қабiлетсiз не әрекетке қабiлетi шектеулi деп немесе төрелiк келісімдi тараптар оны бағындырған заң бойынша, ал мұндай нұсқау болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жарамсыз деп тануының;

оған төрешiнiң тағайындалғаны туралы немесе төрелiк iс қарау туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегенiнiң немесе сот дәлелдi деп таныған басқа да себептер бойынша өз түсiндiрмелерiн бере алмағанының;

төрелiктiң шешiмi төрелiк келісімде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша шығарылғанының не төрелiк келісімнiң шегінен шығатын мәселелер жөніндегі қаулылардан тұратындығының, сондай-ақ даудың төрелiк соттың ведомстволық қарауында еместiгiнiң дәлелдемелерiн сотқа табыс етсе, төрелiктің шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Егер төрелiк келісімде қамтылатын мәселелер жөніндегі төрелiктiң шешiмiн осындай келісімде қамтылмайтын мәселелер жөніндегі шешiмнен бөлiп шығаруға болатын болса, онда төрелiктің төрелiк келісімде қамтылмайтын мәселелер жөніндегі шешiмi бар сол бөлігінiң ғана күшi жойылуы мүмкiн;

төрелiк құрам немесе төрелiк iс қарау рәсiмi тараптардың келісімiне және төрелiктiң регламентiне сәйкес келмегенiнiң дәлелдемесiн сотқа табыс етсе;

2) сот төрелiктiң шешiмi Қазақстан Республикасының жариялылық тәртібіне қайшы келетiнiн немесе төрелiктiң шешiмi шығарылған дау Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша төрелiк iс қараудың нысанасы бола алмайтынын анықтаса, төрелiктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

426-бап. Шетелдік соттардың орындауды талап етпейтін шешімдерін тану

Шетелдік соттардың өз сипаты бойынша орындауды талап етпейтін мынадай шешімдері:

1) соты шешім шығарған мемлекет азаматтарының ғана жеке мәртебесін қозғайтын;

2) егер неке бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған болса, Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдіктер арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы;

3) егер некенің бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылардың екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған болса, Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы шешімдері Қазақстан Республикасында танылады.

45-1-тарау. Төрелiктiң шешiмдерiне шағым жасау туралы iстер бойынша iс жүргiзу

 

426-1-бап. Өтінішхат беру

1. Төрелік шешiмiнің күшін жою туралы өтінішхатты төрелікте талқылау тараптары, іске қатысуға тартылмаған, бiрақ құқықтары мен мiндеттерiне қатысты төрелік шешiм қабылдаған үшiншi тұлғалар төрелiк шешiмнің көшірмесін алған күннен бастап үш ай iшiнде бере алады.

2. Төреліктің шешiмiне шағым жасау туралы өтінішхат төрелік дауды қараған жердегi сотқа беріледі.

3. Егер шешімге шағым жасау үшін осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталса және осы Кодекске сәйкес оны қалпына келтіруге негіздер болмаса, судья өтінішхатты қайтарады.

 

426-2-бап. Өтінішхатты қарау

1. Сот төреліктің шешiмiне шағым жасау туралы өтінішхатты осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша iс қозғалған кезден бастап он күн iшiнде қарайды.

Судьяның үшінші тұлға шағым берген кезде қосымша дәлелдемелер беру қажет болған жағдайда, іс бойынша іс жүргізуді отыз күнге дейінгі мерзімге ұзартуға құқығы бар.

2. Төрелікте талқылау тараптарының біреуінің өтінішхаты бойынша істі сот талқылауына дайындаған кезде судья дәлелдемелерді талап ету үшін осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша төреліктен не бірінші сатыдағы тиісті соттан іс материалдарын талап ете алады.

3. Сот төрелікте талқылау тараптарына, сондай-ақ үшінші тұлғалар төреліктің шешіміне шағым берген жағдайда үшінші тұлғаларға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған тұлғалардың келмей қалуы істі қарауға кедергі болып табылмайды.

4. Сот істі қараған кезде төрелік шешімінің күшін жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздердің бар немесе жоқ екендігін анықтайды.

5. Сот төрелiктiң шешiмiне шағым жасау туралы өтiнiшхатты қарау нәтижелерi бойынша төрелiк шешiмiнiң күшiн жою не өтiнiшхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығара алады. Мүдделi тұлғалар соттың ұйғарымына шағым жасауы мүмкiн.

 

 

46-тарау. Шет мемлекеттің және оның меншігінің юрисдикциялық иммунитетi

 

427-бап. Шет мемлекеттің иммунитетi

Шет мемлекет Қазақстан Республикасында, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, соттық иммунитетті, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитетті және сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитетті қоса алғанда, юрисдикциялық иммунитетті пайдаланады.

 

428-бап. Соттық иммунитет

Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес шет мемлекет, егер ол соттық иммунитеттен бас тартуға келіссе не осы Кодекстің 434-бабына сәйкес шет мемлекетке иммунитет қолданылмайтын болса, сондай-ақ, егер ол мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асырғандағыдан өзге қызметті жүзеге асырса, оның ішінде осы Кодекстің 435-441-баптарында көрсетілген жағдайларда соттық иммунитетті пайдаланбайды.

 

429-бап. Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасы сотының юрисдикциясына келісуi

1. Егер шет мемлекет тиісті мәселеге немесе іске қатысты, атап айтқанда:

1) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болып табылмайтын жазбаша келісімде;

3) Қазақстан Республикасының сотында мәлімдеме жасау немесе нақты іс қарау шеңберінде жазбаша хабардар ету арқылы Қазақстан Республикасы сотының юрисдикцияны жүзеге асыруына тікелей келісім білдірсе, ол соттық иммунитеттен бас тартуға келіскен деп танылады.

2. Шет мемлекеттің соттық иммунитеттен бас тартуға келісуі оның талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитет пен сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттен бас тартуға келісуі ретінде қарастырылмайды.

3. Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға келісуі оның соттық иммунитеттен бас тартуға келісуі ретінде қарастырылмайды.

 

430-бап. Шет мемлекеттің сотта іс қарауға қатысуы

1. Егер шет мемлекет Қазақстан Республикасының сотында өзінің бастамасымен қозғалған істі қарау тарабы болып табылса, немесе Қазақстан Республикасының сотында істің мәнін қарауға қатысса, немесе істің мәні бойынша қандай да бір өзге іс-әрекетті қолданса, осы мемлекет соттық иммунитеттен бас тартуға келіскен деп танылады. Алайда, егер мемлекет ол осындай іс-әрекет қолданғанға дейін иммунитет туралы мәлімдеуге негіз болатын фактілер өзіне белгілі болуы мүмкін болмағанын сотта дәлелдесе, ол осы фактілер өзіне белгілі болғаннан кейін дереу солардың негізінде иммунитетке сүйене алады.

2. Егер шет мемлекет Қазақстан Республикасының сотында істі қарауға қатысса немесе иммунитетке сүйену немесе іс қараудың нысанасы болып табылатын мүлікке қатысты өз құқығына дәлелдемелер келтіру мақсатында қандай да бір іс-әрекет қолданса, соттық иммунитеттен бас тартқаны ретінде қарастырылмайды.

3. Шет мемлекет өкілінің Қазақстан Республикасының сотына куәлік айғақтар беру үшін келуі осы мемлекеттің соттық иммунитеттен бас тартуға келісуі ретінде қарастырылмайды.

4. Егер шет мемлекет Қазақстан Республикасының сотында істі қарауға қатыспаса, бұл мән-жай өзінен-өзі оның соттық иммунитеттен бас тартуға келіскені ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

 

431-бап. Қарсы талап қоюға қатысты иммунитеттен бас тарту

1. Қазақстан Республикасының сотына талап қойған шет мемлекет осы мемлекеттің алғашқы талап қоюындағы сияқты сол құқықтық қатынастарға немесе фактілерге негізделген кез келген қарсы талапқа қатысты соттық иммунитеттен бас тартуға келіскен деп танылады.

2. Қазақстан Республикасының сотына қарсы талап қойған шет мемлекет алғашқы талап қоюына қатысты соттық иммунитеттен бас тартуға келіскен деп танылады.

 

432-бап. Төрелік іс қарауға қатысты иммунитеттен бас тарту

Егер шет мемлекет туындаған немесе болашақта туындауы мүмкін дауларды өзінің қатысуымен төрелікте қарауға жазбаша нысанда келісім білдірсе, Қазақстан Республикасы сотының төрелікке қатысты функцияларды жүзеге асыруына қатысты мәселелер бойынша оның осы дауларға байланысты соттық иммунитеттен бас тартуға ерікті түрде келіскені деп танылады.

 

433-бап. Иммунитеттен бас тартуға келісімді кері қайтарып алу

1. Шет мемлекеттің соттық имунитеттен, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитет пен сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттен бас тартуға келісуі, осындай келісуді кері қайтарып алуға жол беру дауға қатысушы басқа тараппен келісімде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, кері қайтарылып алынбайды.

2. Шет мемлекеттің соттық иммунитеттен бас тартуға келісуі сотта іс қараудың барлық сатыларында қолданылады.

 

434-бап. Қазақстан Республикасының юрисдикциялық иммунитетінің бұзылуына байланысты даулар

бойынша иммунитетті қолданбау

Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттің Қазақстан Республикасы мен оның меншігінің юрисдикциялық иммунитетін бұзуына байланысты даулар бойынша осындай шет мемлекет Қазақстан Республикасында соттық иммунитетті, сол сияқты талап қоюды қамтамасыз етуден және сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитетті пайдаланбайды.

 

435-бап. Кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша иммунитетті қолданбау

1. Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы кезінде туындаған даулар бойынша соттық иммунитетті осы мемлекет Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.

2. Шет мемлекет жасаған немесе мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асырған кездегіден өзге түрде онымен байланысты болатын кәсіпкерлік қызметтен тыс азаматтық-құқықтық мәмілелерден туындаған даулар бойынша соттық иммунитетті осы мемлекет Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.

3. Шет мемлекет жасаған немесе ол байланысты болатын мәміле оның егеменді билігін жүзеге асыруымен байланысты қызмет болып табыла ма деген мәселені шешу кезінде Қазақстан Республикасының соты осындай мәміленің сипаты мен мақсатын назарға алады.

 

436-бап. Заңды тұлғаларға қатысуға байланысты даулар

бойынша иммунитетті қолданбау

Шет мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында құрылған немесе негізгі қызмет орны бар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға өзінің қатысуына қатысты даулар бойынша соттық иммунитетті Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.

 

437-бап. Мүлікке құқықтарға қатысты даулар бойынша иммунитетті қолданбау

Шет мемлекет:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікке өзінің құқықтарына, сондай-ақ осы мүлікке байланысты өзінің міндеттемелеріне;

2) мүлікке осы мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асырумен байланысты емес негіздер бойынша туындайтын өзінің құқықтарына қатысты даулар бойынша соттық иммунитетті Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.

 

438-бап. Залалды (зиянды) өтеу туралы даулар бойынша иммунитетті қолданбау

Шет мемлекет, егер талап Қазақстан Республикасының аумағында толық немесе ішінара орын алған іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) немесе мән-жайлармен мүлікке залал келтіруден туындаса, осы мемлекеттің өмірге және (немесе) денсаулыққа келтірілген зиянды және мүлікке келтірілген залалды өтеуі туралы даулар бойынша Қазақстан Республикасында соттық иммунитетті пайдаланбайды.

 

439-бап. Зияткерлік меншік құқықтары объектілеріне қатысты даулар бойынша иммунитетті қолданбау

1. Шет мемлекет зияткерлік меншік объектілеріне өзінің құқықтарын белгілеуге және жүзеге асыруға қатысты даулар бойынша соттық иммунитетті Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.

2. Шет мемлекет зияткерлік меншік объектілеріне басқа адамдардың құқықтарын осы мемлекеттің ықтимал бұзуына қатысты даулар бойынша соттық иммунитетті Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.

 

440-бап. Еңбек даулары бойынша иммунитетті қолданбау

1. Шет мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында толық немесе ішінара орындалған немесе орындалуға тиіс жұмысқа қатысты осы мемлекет пен қызметкердің арасында туындаған еңбек даулары бойынша соттық иммунитетті Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.

2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережесі:

1) қызметкердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайды қоспағанда, іс қарау қозғалған кезде қызметкер оны жұмысқа қабылдаған мемлекеттің азаматы болып табылатын;

2) қызметкер мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау үшін жалданған;

3) еңбек шартын жасасу немесе қайта жаңарту дау нысанасы болып табылатын жағдайларда қолданылмайды.

 

441-бап. Теңіз кемелерін және ішкі суда жүзетін кемелердi пайдалануға байланысты даулар бойынша иммунитет

1. Теңіз кемесінің немесе ішкі суда жүзетін кеменің меншік иесі болып табылатын не осы кемені пайдаланатын шет мемлекет, егер кеме талап қоюға негіз болған фактілер туындаған кезде мемлекеттік коммерциялық емес мақсаттардан гөрі өзге мақсаттарда пайдаланылса, осы кемені пайдалануға немесе осы кемемен жүк тасымалдауға қатысты даулар бойынша соттық иммунитетті Қазақстан Республикасында пайдаланбайды.

2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережесі:

1) әскери корабльдерге және әскери-қосалқы кемелерге, сондай-ақ мұндай корабльдер мен кемелердің бортында тасымалданатын жүкке;

2) мемлекетке тиесілі және осы жүк қандай кемемен тасымалданатынына қарамастан, тек ғана мемлекеттік коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын немесе пайдаланылуға арналған жүкке қатысты қолданылмайды.

3. Осы баптың қолданылу мақсаты үшін кемені пайдалануға қатысты даулар деп, атап айтқанда:

1) кемелердің соқтығысуына, порттық және гидротехникалық құрылыстардың бұзылуына немесе басқа да суда жүзетін кеме аварияларына;

2) көмек көрсетуге құтқару жұмыстары мен жалпы аварияға;

3) кемеге қатысты жеткізілімдерге, жөндеу және басқа да жұмыстарға, қызметтер көрсетуге;

4) теңіз ортасының ластануы салдарларына;

5) суға батқан мүлікті көтеруге қатысты даулар түсініледі.

 

442-бап. Талап қоюды қамтамасыз етуден және сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттер

Шет мемлекет:

1) шет мемлекет осы Кодекстің 429-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәсілдердің бірі арқылы осы бапта көрсетілген юрисдикциялық иммунитеттің түрлерінен бас тартуға тікелей келісім білдірген;

2) шет мемлекет Қазақстан Республикасының сотында іс қараудың нысанасы болып табылатын талапты қанағаттандырған жағдайда мүлікті резервке қойған немесе өзгедей түрде белгілеген;

3) шет мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкі мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асырудан өзге мақсаттарда пайдаланылатын және (немесе) пайдалануға арналған жағдайларды қоспағанда, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитетті және сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитетті пайдаланады.

 

443-бап. Егеменді билікті жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын мүлік

Мемлекеттің егеменді билігін жүзеге асырудан өзге мақсаттарда шет мемлекет пайдаланатын және (немесе) пайдалануына арналған мүлік ретінде (осы Кодекстің 442-бабының 3) тармақшасы), атап айтқанда, шет мемлекеттің мынадай мүлкі қарастырылмайды:

1) шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің немесе оның консулдық мекемелерінің, арнайы миссиялардың, халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар органдарындағы не халықаралық конференциялардағы шет мемлекет делегацияларының функцияларын жүзеге асыруы үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуға арналған мүлік (оның ішінде банк шотындағы ақша);

2) әскери мүлік және (немесе) Қазақстан Республикасы таныған бітімгершілік операцияларда пайдаланылатын мүлік;

3) сатуға қойылмаған не сатуға арналмаған мәдени құндылықтар немесе мұрағаттық құжаттар.

 

444-бап. Шет мемлекет қатысатын істер бойынша сот ісін жүргізу

Егер осы Кодексте немесе басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, шет мемлекет қатысатын істерді Қазақстан Республикасының соттары, заңды тұлғаларға, атап айтқанда шетелдік заңды тұлғаларға қатысты қолданылатын соттылық туралы ережені қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізу ережелері бойынша қарайды.

 

445-бап. Шет мемлекеттің соттық иммунитеті туралы мәселенi шешу тәртібi

Шет мемлекеттің соттық иммунитетті пайдаланатыны немесе пайдаланбайтыны туралы мәселені Қазақстан Республикасының соты тараптарды шақыра отырып, сот отырысында шешеді.

 

446-бап. Қазақстан Республикасы сотының шет мемлекет қатысатын даулар бойынша талап қоюды қамтамасыз ету және сот актісін мәжбүрлеп орындату туралы мәселелерді шешуi

1. Қазақстан Республикасының соты талап қоюды қамтамасыз ету және шет мемлекетке қатысты шығарылған сот актісін мәжбүрлеп орындату туралы мәселелерді шет мемлекетте тиісінше талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитеттің және сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттің болуына немесе болмауына қарай шешеді.

2. Шұғыл шаралар қабылдамау сот актісін орындауды қиындатуы мүмкін немесе атап айтқанда, сот актісін орындауға жол бермеу мақсатында мүлікті жою, бүлдіру, орнын ауыстыру ықтималдығының едәуір дәрежесіне немесе өзгедей иелік етуге байланысты мүмкін етпейтін жағдайларда, Қазақстан Республикасының соты шет мемлекет тиісті иммунитетті пайдаланады деп пайымдауға өзінде жеткілікті негіздер болмаған кезде, тараптың өтініші бойынша талап қоюды қамтамасыз ету туралы және сот актісін мәжбүрлеп орындату туралы шешім қабылдауға құқылы. Мұндай шешім қабылдау шет мемлекетті тиісті иммунитеттің болуына сүйене отырып, оған дау айту құқығынан айырмайды.

3. Шет мемлекеттерге қатысты шығарылған сот актілерін мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының негізінде жүзеге асырылады.

 

447-бап. Өзара түсіністік принципін қолдану

1. Шет мемлекетке қойылған талапты Қазақстан Республикасының сотында қарау кезінде сот талап қоюшының немесе іске қатысушы басқа тұлғаның өтініші бойынша өзара түсіністік принципін қолданады.

2. Кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтен тыс азаматтық-құқықтық мәмілелерден туындаған даулар бойынша тиісті шет мемлекетте Қазақстан Республикасына берілетін юрисдикциялық иммунитеттің көлемін дәлелдеу өзара түсіністік принципін қолдану туралы өтініш білдірген тұлғаға жүктелуі мүмкін.

3. Егер өзіне қатысты юрисдикциялық иммунитет туралы мәселе туындаған шет мемлекетте осы Кодекске орай шет мемлекетке берілетінге қарағанда Қазақстан Республикасына юрисдикциялық иммунитет неғұрлым шектелген көлемде берілетіні дәлелденсе, онда Қазақстан Республикасының соты көрсетілген мәселені шешу кезінде өзара түсіністік негізінде Қазақстан Республикасының тиісті шет мемлекетте юрисдикциялық иммунитетті қандай көлемде пайдаланатынын негізге алуға құқылы.

 

448-бап. Осы Кодексті қолдану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының сотына жәрдемдесу

1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы сотының сұратуы бойынша немесе өз бастамасы бойынша осы Кодекстің шет мемлекетке қатысты қолданылуына байланысты, атап айтқанда, өзіне қатысты юрисдикциялық иммунитет туралы мәселе туындайтын тарап шет мемлекет болып табылады ма, мемлекеттің егемендік билігін жүзеге асыру жөніндегі қызмет орын алды ма, шет мемлекетте Қазақстан Республикасының юрисдикциялық иммунитеті қандай көлемде беріледі деген мәселелер бойынша қорытынды береді.

2. Қазақстан Республикасының соты дау нысанасы болып табылатын мәселелер бойынша жәрдемдесу және түсіндіру үшін Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі өзге де органдар мен ұйымдарға белгіленген тәртіппен жүгінуі немесе сарапшыларды тартуы мүмкін. Алынған қорытындылар мен түсіндірмелер істегі бар дәлелдемелердің жиынтығы ескеріліп, Қазақстан Республикасы сотының бағалауына жатады.

 

449-бап. Шет мемлекетке іс жүргізу құжаттарын жіберу және тапсыру

1. Шет мемлекетке оған қатысты Қазақстан Республикасының сотында іс қозғалғаны туралы хабарламаны және өзге де сот құжаттарын жіберу дипломатиялық арналар арқылы жүзеге асырылады. Тиісті мемлекеттің сыртқы істерін жүргізетін атқарушы билік органының оларды алған күні осы құжаттардың тапсырылған күні болып есептеледі.

2. Қазақстан Республикасы соттарының шет мемлекетке құжаттарды тапсыру туралы және Қазақстан Республикасының сотында оған қатысты қозғалған іске байланысты өзге де іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсырмалары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және Қазақстан Республикасының құқықтық көмек көрсетуді регламенттейтін халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен ресімделеді.

 

450-бап. Сырттай шешім шығару

Қазақстан Республикасының сотында іс қарауға қатыспаған шет мемлекетке қатысты шешім, егер сот:

1) осы Кодекстің 449-бабының талаптары сақталғанын;

2) шет мемлекетке оған қатысты іс қозғалғаны туралы құжаттарды тапсыру туралы тапсырма жіберілген күннен бастап кемінде алты ай өткенін;

3) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мемлекет соттық иммунитетті пайдаланбайтынын анықтаған жағдайда шығарылуы мүмкін.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

 

Қосымша 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Leave a Reply

Login with: