ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІ
(ЕРЕКШЕ БӨЛІМ)
Жалпы бөлім
Мазмұны
4-бөлiм. Мiндеттемелердiң жекелеген түрлерi
25-тарау. Сатып алу-сату
Параграф 1. Сатып алу-сату туралы жалпы ережелер
406-бап. Сатып алу-сату шарты
407-бап. Тауар туралы шарттың талабы
408-бап. Сатушының тауар беру жөніндегі мiндеттерi
409-бап. Тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi
410-бап. Сатушының тауар беру мiндетiн орындау кезi
411-бап. Тауардың кездейсоқ жойылу қаупiнiң ауысуы
412-бап. Сатушының сатылған тауарды сақтау жөніндегі мiндеті
413-бап. Сатушының үшiншi тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру мiндетi
414-бап. Сатып алушыдан тауарды алып қойған жағдайдағы сатушының жауапкершiлiгi
415-бап. Тауарды алып қою туралы талап арыз берiлген жағдайдағы сатып алушы мен сатушының мiндеттерi
416-бап. Тауар беру мiндетiн орындамаудың салдары
417-бап. Тауарға қатысты керек-жарақтар мен құжаттарды беру мiндетiн орындамаудың салдары
418-бап. Тауардың саны
419-бап. Тауардың саны туралы шарт талаптарын бұзудың салдары
420-бап. Тауарлардың түр-түрi
421-бап. Тауарлардың түр-түрi туралы шарт талаптарын бұзудың салдары
422-бап. Тауардың сапасы
423-бап. Тауардың жарамдылық мерзiмi
424-бап. Тауардың жарамдылық мерзiмiн есептеу
425-бап. Тауар сапасына кепiлдiк беру
426-бап. Кепiлдi мерзiмдi есептеу тәртібі
427-бап. Тауар сапасын тексеру
428-бап. Тиiстi сапасы жоқ тауар берудiң зардаптары
429-бап. Тауардың сатушы жауап беретiн кемшiлiктерi
430-бап. Берiлген тауардың кемшiлiктерiн анықтау мерзiмдерi
431-бап. Тауардың жиынтықтылығы
432-бап. Тауарлар жиынтығы
433-бап. Жиынтықталмаған тауарлар берудiң салдары
434-бап. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю
435-бап. Тауарды ыдыссыз және (немесе) буып-түюсiз не тиiстi ыдысқа салмай және (немесе) буып-түймей берудiң салдары
436-бап. Сатушыға шартты тиiсiнше орындамағаны туралы хабарлау
437-бап. Сатып алушының тауарды қабылдау мiндетi
438-бап. Тауардың бағасы
439-бап. Тауарға ақы төлеу
440-бап. Тауарға алдын ала ақы төлеу
441-бап. Кредитке сатылған тауарға ақы төлеу
442-бап. Тауарды кредитке сату кезiнде төлемдi бөлiп-бөлiп төлеу
443-бап. Тауарды сақтандыру
444-бап. Сатушының тауарға меншiк құқығының сақталуы
Параграф 2. Бөлшектеп сатып алу-сату
445-бап. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
446-бап. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны
447-бап. Тауардың көпшiлiкке арналған офертасы
448-бап. Сатып алушыға тауар туралы ақпарат беру
449-бап. Сатып алушының тауарды белгiлi бiр мерзiмде қабылдап алуы туралы талап қойылған шарт
450-бап. Тауарларды үлгiлерi бойынша сату
451-бап. Автоматтарды пайдалана отырып тауар сату
452-бап. Сатып алушыға тауар жеткiзiп беру туралы талап қойылатын шарт
453-бап. Тауардың бағасы және оған ақы төлеу
454-бап. Сапасы лайықты тауарды алмастыру
455-бап. Сатып алушының оған сапасы лайықсыз тауар сатылған жағдайдағы құқықтары
456-бап. Тауарды алмастыру, сатып алу бағасын кемiту және сапасы лайықсыз тауарды қайтару кезiнде баға айырмасының орнын толтыру
457-бап. Сатушының жауапкершiлiгi және мiндеттеменi заттай орындау
Параграф 3. Тауар жеткiзiлiмi
458-бап. Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
459-бап. Тауар жеткiзiлiмi шартын жасасу кезіндегі келiспеушiлiктердi реттеу
460-бап. Тауар жеткiзiлiмi шартының қолданылу мерзiмi
461-бап. Тауар жеткiзiлiмi кезеңдерi
462-бап. Тауарлар жеткiзiлiмiнiң тәртібі
463-бап. Тауарларды жеткiзiп беру
464-бап. Жетiспеген тауардың орнын толтыру
465-бап. Жетiспеушiлiктердiң орнын толтыру кезіндегі тауарлардың түр түрi
466-бап. Сатып алушының тауарды қабылдауы
467-бап. Сатып алушы қабылдамаған тауарды жауапкершiлiкпен сақтау
468-бап. Тауарларды таңдау
469-бап. Жеткiзiлетiн тауарлар үшiн есеп айырысу
470-бап. Ыдыс және буып-түю
471-бап. Сапасы лайықсыз тауар жеткiзiлiмiнiң салдары
472-бап. Жиынтықталмаған тауарлар жеткiзiлiмiнiң салдары
473-бап. Тауар жеткiлiксiз берiлiп, тауардың кемшiлiктерiн жою туралы немесе тауарды толық жиынтықтау туралы талаптар орындалмаған жағдайдағы сатып алушының құқықтары
474-бап. Тауарды жеткiлiксiз бергенi немесе тауар берудi кешiктiргенi үшiн тұрақсыздық айыбы
475-бап. Тауар берудiң бiрнеше шарттары бойынша бiртектес мiндеттемелердi өтеу
476-бап. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту
477-бап. Шарт бұзылған жағдайда залалды есептеу
Параграф 4. Келісімшарт жасасу
478-бап. Келісімшарт жасасу шарты
479-бап. Дайындаушының мiндеттерi
480-бап. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiнiң мiндеттерi
481-бап. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiнiң жауапкершiлiгi
Параграф 5. Энергиямен жабдықтау
482-бап. Энергиямен жабдықтау шарты
483-бап. Энергиямен жабдықтау шартын жасасу және ұзарту
484-бап. Энергия мөлшерi
485-бап. Энергия мөлшерi туралы шарт талаптарын бұзудың зардабы
486-бап. Энергияның сапасы
487-бап. Абоненттiң желiлердi, аспаптар мен жабдықтарды күтiп ұстау және пайдалану жөніндегі мiндеттерi
488-бап. Энергияға ақы төлеу
489-бап. Абоненттiң энергияны басқа тұлғаға беруi
490-бап. Шартты өзгерту және бұзу
491-бап. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша жауаптылық
492-бап. Энергиямен жабдықтау шартының ережелерiн жалғанған желi арқылы жабдықтау жөніндегі өзге де қатынастарға қолдану
Параграф 6. Кәсiпорынды сату
493-бап. Кәсiпорынды сату шарты
494-бап. Кәсiпорынды сату шартының нысаны
495-бап. Сатуға жататын кәсiпорынның құрамын белгiлеу және құнын бағалау
496-бап. Кредит берушiлердiң кәсiпорынды сату кезіндегі құқықтары
497-бап. Кәсiпорынды беру
498-бап. Кәсiпорынға құқықтардың ауысуы
499-бап. Кемшiлiктерi бар кәсiпорынды беру мен қабылдаудың салдары
500-бап. Кәсiпорынды сату шартына мәмiлелердiң жарамсыздық салдары туралы және шартты бұзу мен өзгерту туралы ережелердi қолдану
26-тарау. Айырбас
501-бап. Айырбас шарты
502-бап. Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар
503-бап. Айырбас шарты бойынша өзара тауар беру мiндеттемелерiн орындау
504-бап. Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы
505-бап. Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды алып қойғаны үшiн жауапкершiлiк
27-тарау. Сыйға тарту
506-бап. Сыйға тарту шарты
507-бап. Сый алушының сыйды алудан бас тартуы
508-бап. Сыйға тарту шартының нысаны
509-бап. Сыйға тартуға тыйым салу
510-бап. Сыйға тартуды шектеу
511-бап. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту
512-бап. Сыйға тартудың күшiн жою
513-бап. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту және сыйға тартудың күшiн жою мүмкiн болмайтын жағдайлар
514-бап. Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан зиян келтiру зардабы
515-бап. Сыйға тартуға уәде беру кезіндегі құқық мирасқорлығы
516-бап. Қайырмалдық
28-тарау. Рента және өмiр бойы асырауда ұстау
Параграф 1. Жалпы ережелер
517-бап. Рента шарты
518-бап. Рента шартының нысаны
519-бап. Рента төлеу үшiн мүлiктi иелiктен айыру
520-бап. Қозғалмайтын мүлiкке рента жүктеу
521-бап. Рентаның төленуiн қамтамасыз ету
522-бап. Рента төлеудiң мерзiмiн кешiктiргенi үшiн жауапкершiлiк
Параграф 2. Тұрақты рента
523-бап. Тұрақты рентаны алушы
524-бап. Тұрақты рентаның нысаны мен мөлшерi
525-бап. Тұрақты рентаны төлеу мерзiмдерi
526-бап. Төлеушiнiң тұрақты рентаны сатып алу құқығы
527-бап. Тұрақты рентаны рента алушының талабы бойынша сатып алу
528-бап. Тұрақты рентаның сатып алу бағасы
529-бап. Тұрақты рента төлемi ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi
Параграф 3. Ғұмырлық рента
530-бап. Ғұмырлық рента алушылар
531-бап. Ғұмырлық рентаның мөлшерi
532-бап. Ғұмырлық рентаны төлеу мерзiмдерi
533-бап. Ғұмырлық рента шартын рента алушының талап етуi бойынша бұзу
534-бап. Рента төлемi ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу қаупi
Параграф 4. Өмiр бойы асырауда ұстау
535-бап. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты
536-бап. Асырауда ұстауға беру жөніндегі мiндет
537-бап. Өмiр бойы асырауда ұстауды мерзiмдiк төлеммен ауыстыру
538-бап. Өмiр бойы асырауда ұстауды қамтамасыз ету үшiн берiлген мүлiктi иелiктен айыру және пайдалану
539-бап. Өмiр бойы асырауда ұстауды тоқтату
29-тарау. Мүліктік жалдау (жалға алу)
Параграф 1. Жалпы ережелер
540-бап. Мүліктік жалдау шарты
541-бап. Мүліктік жалдау объектiлерi
542-бап. Мүліктік жалдау шартының талаптары
543-бап. Жалға берушi
544-бап. Мүліктік жалдау шартының нысаны
545-бап. Мүліктік жалдау шартының мерзiмi
546-бап. Мүліктік жалдау шарты бойынша жасалатын төлем
547-бап. Мүлiктi жалға алушыға беру
548-бап. Жалға берушiнiң жалға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерi үшiн жауапкершiлiгi
549-бап. Жалға берiлетiн мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтары
550-бап. Жалға алған мүлiктi пайдалану
551-бап. Жалға алушының жалға алған мүлiкке билiк ету шегi
552-бап. Жалға берушiнiң жалға берiлген мүлiктi ұстап-тұтыну жөніндегі мiндеттерi
553-бап. Жалға алушының жалданған мүлiктi ұстап-тұтыну жөніндегі мiндеттерi
554-бап. Жалға алушының жалданған мүлiктен алынатын өнiмге, жемiстерге және өзге де кiрiстерге меншiк құқығы
555-бап. Мүлiктi жақсарту
556-бап. Тараптардың бiреуiнiң талап етуi бойынша мүліктік жалдау шартын өзгерту және бұзу
557-бап. Жалға алушының шартты жаңа мерзiмге жасасуға артықшылықты құқығы
558-бап. Мүліктік жалдау шартын қайта жаңарту
559-бап. Мүліктік жалдау шартының тараптар өзгерген кезде күшiн сақтап қалуы
560-бап. Қосымша жалдау шартының негiзгi мүлiк жалдау шартына тәуелдiлiгi
561-бап. Шарт тоқтатылған кезде жалға берушiге мүлiктiң қайтарылуы
562-бап. Мүлiктiң жалға алушының меншiгiне көшуi
563-бап. Жалға алушының құқықтарын қорғау
564-бап. Мүліктік жалдаудың жекелеген түрлерiнiң және жекелеген мүліктік түрлерiн жалдаудың ерекшелiктерi
Параграф 2. Лизинг
565-бап. Лизинг шарты
566-бап. Лизинг нысанасы
567-бап. Лизинг шартының елеулi талаптары
568-бап. Мүлiктi лизингке беру туралы сатушыны хабардар ету
569-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупi
570-бап. Лизинг шарты бойынша төленетiн төлемдер
571-бап. Лизинг алушыға лизинг шартының нысанасын беру
572-бап. Сатушының жауапкершiлiгi
Параграф 3. Кәсiпорынды жалдау
573-бап. Кәсiпорынды жалдау шарты
574-бап. Кәсiпорынды жалдау кезіндегі кредит берушiлердiң құқықтары
575-бап. Кәсiпорынды жалдау шартының нысаны
576-бап. Жалға алынған кәсiпорынды беру
577-бап. Жалға алушының кәсiпорынды ұстау және оны пайдалану бойынша шығындарды төлеу жөніндегі мiндеттерi
578-бап. Жалға алынған кәсiпорынның мүлкiн пайдалану
579-бап. Жалға алушының жалға алынған кәсiпорынға өзгерістер мен жақсартулар енгізуi
580-бап. Жалға алынған кәсiпорынды қайтару
Параграф 4. Үйлер мен ғимараттарды жалдау
581-бап. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты
582-бап. Ғимаратты немесе құрылысты жалдау шартының нысаны
583-бап. Жалдау ақысының мөлшерi
584-бап. Yйдi немесе ғимаратты беру
Параграф 5. Көлiк құралдарын жалдау
585-бап. Көлiк құралын экипажымен жалдау шарты
586-бап. Көлiк құралын экипажымен жалдау шартының нысаны
587-бап. Жалға берушiнiң көлiк құралын ұстау жөніндегі мiндетi
588-бап. Жалға берушiнiң көлiк құралын басқару мен техникалық пайдалану жөніндегі мiндеттерi
589-бап. Жалға берушiнiң көлiк құралын коммерциялық пайдалануға байланысты шығындарды төлеу жөніндегі мiндетi
590-бап. Көлiк құралын сақтандыру
591-бап. Көлiк құралын пайдалану туралы үшiншi тұлғалармен шарт жасасу
592-бап. Көлiк құралына келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
593-бап. Көлiк құралы келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
594-бап. Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн жалдаудың ерекшелiктерi
594-1-бап. Көлiк құралын экипажсыз жалдау шарты
594-2-бап. Көлiк құралын экипажсыз жалдау шартының нысаны
594-3-бап. Жалға алушының көлiк құралын күтіп ұстау жөніндегі мiндетi
594-4-бап. Жалға алушының көлiк құралын күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеу жөніндегі мiндетi
594-5-бап. Көлiк құралын пайдалану туралы үшiншi тұлғалармен жасалатын шарттар
594-6-бап. Көлiк құралымен келтiрiлген зиян үшiн жауапкершілік
594-7-бап. Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн жалдау ерекшелiктерi
Параграф 6. Прокат
595-бап. Прокат шарты
596-бап. Прокат шартының мерзiмi
597-бап. Мүлiктi жалға алушыға беру
598-бап. Жалға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерiн жою
599-бап. Мүлiктi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы
600-бап. Жалға алынған мүлiктi пайдалану
30-тарау. Тұрғын үйдi жалдау
601-бап. Тұрғын үйдi жалдау шарты
602-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты
603-бап. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты
31-тарау. Мүлiктi тегiн пайдалану
604-бап. Мүлiктi тегiн пайдалану шарты
605-бап. Несие берушi
606-бап. Мүлiктi тегiн пайдалануға беру
607-бап. Тегiн пайдалануға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерi үшiн жауапкершiлiк
608-бап. Тегiн пайдалануға берiлген мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтары
609-бап. Несие алушының мүлiктi ұстау жөніндегі мiндеттерi
610-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi
611-бап. Мүлiктi пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғаға келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
612-бап. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу
613-бап. Шарттан бас тарту
614-бап. Шарттағы тараптардың өзгеруi
615-бап. Шартты тоқтату
32-тарау. Мердiгерлiк
Параграф 1. Мердiгерлiк туралы жалпы ережелер
616-бап. Мердiгерлiк шарты
617-бап. Жұмысты мердiгердiң қарамағында орындау
618-бап. Материалдардың кездейсоқ жойылу қаупi
619-бап. Бас мердiгер және қосалқы мердiгер
620-бап. Жұмыстың орындалу мерзiмдерi
621-бап. Жұмыстың бағасы
622-бап. Мердiгердiң үнемi
623-бап. Жұмысқа ақы төлеу тәртібі
624-бап. Ұстап қалу құқығы
625-бап. Жұмысты тапсырысшының материалдарын пайдалана отырып орындау
626-бап. Тапсырысшы берген мүлiктiң сақталмағаны үшiн мердiгердiң жауаптылығы
627-бап. Тапсырысшының жұмыстарды орындау кезіндегі құқықтары
628-бап. Мердiгер тапсырысшыға Ескертуге мiндеттi мән-жайлар
629-бап. Тапсырысшының жәрдем көрсетуi
630-бап. Тапсырысшының орындалған жұмысты қабылдауы
631-бап. Мердiгерлiк нысанасы жойылған немесе жұмысты аяқтау мүмкiн болмаған жағдайдағы тараптар арасындағы есеп айырысу
632-бап. Жұмыстың сапасы
633-бап. Жұмыс сапасына кепiлдiк
634-бап. Кепiлдiк мерзiмiн есептеу тәртібі
635-бап. Мердiгердiң жұмыс сапасының тиiстi дәрежеде болмауы үшiн жауапкершiлiгi
636-бап. Жұмыс сапасының лайықсыздығы туралы талап арыздар жөніндегі мерзiмнiң ескiруi
637-бап. Мердiгердiң тапсырысшыға ақпарат беру мiндетi
638-бап. Тараптар алған ақпараттың құпиялылығы
639-бап. Тапсырысшыға материалдар мен жабдықтарды қайтарып беру
Параграф 2. Тұрмыстық мердiгерлiктiң ерекшелiктерi
640-бап. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты
641-бап. Тапсырысшы құқықтарының кепiлдiктерi
642-бап. Шарттың нысаны
643-бап. Тапсырысшыға жұмыстың нәтижелерi туралы ақпарат беру
644-бап. Тапсырысшыға жұмыс туралы ақпарат беру
645-бап. Жұмысты мердiгердiң материалынан орындау
646-бап. Жұмысты тапсырысшының материалынан орындау
647-бап. Жұмыстың бағасы және оған ақы төлеу
648-бап. Орындалған жұмыстан кемшiлiктер табудың зардабы
649-бап. Тапсырысшының орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеуiнiң зардабы
650-бап. Шарттағы тараптардың бiрiнiң қайтыс болуының зардабы
Параграф 3. Құрылыс мердiгерлiгiнiң ерекшелiктерi
651-бап. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты
652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлiсу
653-бап. Жүргiзiлетiн жұмыстардың қауiпсiздiгi үшiн жауаптылық
654-бап. Жобалау-сметалық құжаттама
655-бап. Жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу
656-бап. Жұмыстарды материалдық қамтамасыз ету
657-бап. Жұмысқа ақы төлеу
658-бап. Құрылыс салу үшiн жер учаскесiн беру
659-бап. Тапсырысшының құрылыс мердiгерлiгi шартындағы қосымша мiндеттерi
660-бап. Тапсырысшының шарт бойынша жұмыстың орындалуын бақылауы мен қадағалауы
661-бап. Мердiгердiң қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөніндегі мiндеттерi
662-бап. Тараптардың құрылысты консервациялау кезіндегі мiндеттерi
663-бап. Жұмыс нәтижелерiн тапсыру және қабылдау
664-бап. Мердiгердiң жұмыстардың сапасы үшiн жауаптылығы
665-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шартындағы сапа кепiлдiктерi
666-бап. Кемшiлiктердi тапсырысшының есебiнен жою
Параграф 4. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiктiң ерекшелiктерi
667-бап. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт
668-бап. Жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған бастапқы деректер
669-бап. Тапсырысшының мiндеттерi
670-бап. Мердiгердiң мiндеттерi
671-бап. Мердiгердiң кепiлдiктерi
672-бап. Жобалау-сметалық құжаттаманың және iздестiру жұмыстарының кемшiлiктерi үшiн мердiгердiң жауаптылығы
Параграф 5. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiктiң ерекшелiктерi
673-бап. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарттар
674-бап. Жұмыстарды орындау
675-бап. Жұмыстарды тапсыру, қабылдау және оған ақы төлеу
676-бап. Шарт туралы мәлiметтердiң құпиялылығы
677-бап. Тараптардың жұмыс нәтижелерiне құқықтары
678-бап. Тапсырысшының мiндеттерi
679-бап. Мердiгердiң (атқарушының) мiндеттерi
680-бап. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шартта нәтижеге жету мүмкiндiгi болмауының салдары
681-бап. Тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шартта жұмыс нәтижесiне жету мүмкiндiгi болмауының салдары
682-бап. Мердiгердiң (атқарушының) шартты бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi
33-тарау. Өтелмелi қызмет көрсету
683-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шарты
684-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын атқару
685-бап. Көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу
686-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бiржақты бас тарту
687-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық реттеу
34-тарау. Тасымалдау
688-бап. Жалпы ережелер
689-бап. Жүктi тасымалдау шарты
690-бап. Жолаушы тасымалдау шарты
691-бап. Кеме жалдау (чартер) шарты
692-бап. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар
693-бап. Көлiк ұйымдары арасындағы шарттар
694-бап. Тiкелей аралас қатынас
695-бап. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау
696-бап. Көлiк құралдарын беру, жүктi тиеу (түсiру)
697-бап. Кiре ақысы
698-бап. Жүктi, жолаушыны және (немесе) теңдеме жүктi жеткізу мерзiмi
699-бап. Жүкке билiк ету құқығы
700-бап. Жолаушылардың құқықтары
701-бап. Тасымалдау жөніндегі мiндеттемелердiң бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк
702-бап. Тасымалдаушының көлiктi бермегенi үшiн және жөнелтушiнiң берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн жауапкершiлiгi
703-бап. Тасымалдаушының тiкелей аралас қатынас кезіндегі жауапкершiлiгi
704-бап. Тасымалдаушының жолаушыны жөнелтудi кiдiрткенi үшiн жауапкершiлiгi
705-бап. Жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны және зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
706-бап. Жүктердi тасымалдау жөніндегі талаптар мен талап қоюлар
707-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
35-тарау. Көлiк экспедициясы
708-бап. Көлiк экспедициясы шарты
709-бап. Шарттың нысаны
710-бап. Экспедиторға берiлетiн құжаттар мен басқа да ақпарат
711-бап. Экспедитордың мiндеттерiн үшiншi тұлғаның атқаруы
712-бап. Ұстап қалу құқығы
713-бап. Көлiк экспедициясы шарты бойынша экспедитордың жауапкершiлiгi
714-бап. Көлiк экспедициясы шартын орындаудан бiржақты бас тарту
36-тарау. Заем
715-бап. Заем шарты
716-бап. Заем шартының нысаны
717-бап. Заем шартын жасасу
718-бап. Заем шарты бойынша сыйақы
719-бап. Заем нысанасын беру
720-бап. Нысаналы заем
721-бап. Заемшының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету
722-бап. Заем нысанасын қайтару
723-бап. Заем нысанасын мерзiмiнен бұрын қайтару туралы талапты қанағаттандыру мерзiмi
724-бап. Заем шартын даулау
725-бап. Заем шартында мiндеттеменi жаңалау
726-бап. Мемлекеттік заем шарты
727-бап. Банк заемы шарты
728-бап. Банк заемы шартының ерекшелiктерi
37-тарау. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг)
729-бап. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) шарты
730-бап. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру туралы шарттың нысаны
731-бап. Қаржыландыруды алу мақсатындағы берiлген ақшалай талап
732-бап. Клиенттiң қаржы агентiнiң алдындағы жауапкершiлiгi
733-бап. Талапты беруге тыйым салудың жарамсыздығы
734-бап. Ақшалай талапты кейiн беру
735-бап. Борышқордың қаржы агентiне ақшалай талапты орындауы
736-бап. Қаржы агентiнiң борышқордан алынған сомаларға құқықтары
737-бап. Борышқордың қарсы талаптары
738-бап. Қаржы агентi алған сомаларды борышқорға қайтару
738-1-бап. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде ақшалай талап етуді беру
38-тарау. Банктiк қызмет көрсету
Параграф 1. Жалпы ережелер
739-бап. Банктiк қызмет көрсету шарты
740-бап. Банктегi ақшаға билiк етудi шектеу
741-бап. Клиенттiң келісімiнсiз ақшаны алып қою
742-бап. Клиенттiң ақшасын алу кезектілігi
743-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктiк қызмет көрсетуi
744-бап. Банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу
745-бап. Банк құпиясы
746-бап. Клиенттерге банктiк қызмет көрсету шарттарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Параграф 2. Банктiк шот
747-бап. Банктiк шот шарты
748-бап. Банктiк шот шартының нысаны
749-бап. Клиенттiң ақшасына билiк ету
750-бап. Банктiк шот шарты бойынша банк орындайтын операциялар
751-бап. Ақшаны пайдаланғаны үшiн сыйақы
752-бап. Банктiк шот шартын бұзу
753-бап. Банктердiң банктiк шоттары
Параграф 3. Ақша аудару
754-бап. Ақша аудару туралы шарт
755-бап. Ақша аудару туралы шарттар жасасу
Параграф 4. Банк салымы
756-бап. Банк салымы шарты
757-бап. Банк салымдарының түрлерi
758-бап. Банк салымы шартының нысаны
759-бап. Банк салымы шартының қолданылу мерзiмi
760-бап. Банк салымы шарты бойынша сыйақы
761-бап. Банк салымы шарты бойынша сыйақы төлеудiң тәртібі
762-бап. Салымдарды енгізу
763-бап. Үшiншi тұлғалардың салымға ақша енгізуi
764-бап. Үшiншi тұлғалардың пайдасына салымдар
765-бап. Банк салымдарын қайтару
766-бап. Банк салымын қайтаруды қамтамасыз ету
767-бап. Банк салымы бойынша жасалған операциялар үшiн банк көрсеткен қызметтерге ақы төлеу
39-тарау. Сақтау
Параграф 1. Сақтау туралы жалпы ережелер
768-бап. Сақтау шарты
769-бап. Затты сақтауға қабылдау туралы шарт
770-бап. Затты сақтауға қабылдау мiндетi
771-бап. Заттарды иесiздендiрiп сақтау
772-бап. Сақтау шартының нысаны
773-бап. Сақтау мерзiмi
774-бап. Сақтаушыға сыйақы беру және оның шығындарын өтеу
775-бап. Сақтаушының заттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттерi
776-бап. Сақтау жағдайларын өзгерту
777-бап. Затты үшiншi тұлғаға сақтауға беру
778-бап. Сақтаушының заттың сақталмағандығы үшiн жауапкершiлiгi
779-бап. Сақтаушы-кәсiпкердiң жауапкершiлiгi
780-бап. Сақтаушының жауаптылық мөлшерi
781-бап. Затты алу мерзiмдерiн бұзудың зардабы
782-бап. Сақтаушыға келтiрiлетiн залалдардың орнын толтыру
783-бап. Сақтау туралы жалпы ережелердi оның жекелеген түрлерiне қолдану
Параграф 2. Сақтаудың жекелеген түрлерi
784-бап. Ломбардта сақтау
785-бап. Ломбардтан талап етiлмеген зат
786-бап. Құндылықтарды банкте сақтау
787-бап. Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау
788-бап. Ұйымдардың киімiлгiштерiнде сақтау
789-бап. Қонақүйде сақтау
790-бап. Даулы заттарды сақтау (секвестр)
Параграф 3. Тауар қоймасында сақтау
791-бап. Тауар қоймасы
792-бап. Ортақ пайдаланылатын тауар қоймасы
793-бап. Тауар қоймасының мiндеттерi
794-бап. Тауар иесiнiң тауар қоймасына қоятын талаптары
795-бап. Тауар қоймасының сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру
796-бап. Тауар қоймасының сақтау шартынан бас тартуы
797-бап. Қойма құжаттары
798-бап. Жай қойма куәлiгi
799-бап. Қос қойма куәлiгi
800-бап. Қос қойма куәлiгiн ұстаушының тауарға құқықтары
801-бап. Қойма және кепiл куәлiктерiн беру
802-бап. Қос қойма куәлiгi бойынша тауар беру
40-тарау. Сақтандыру
803-бап. Сақтандыру шарты
804-бап. Осы Кодекспен реттелетiн сақтандыру қатынастары
805-бап. Сақтандыру нысандары
806-бап. Мiндеттi және ерiктi сақтандыру
807-бап. Сақтандыру объектiсi
808-бап. Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердiң бұзылу зардабы
809-бап. Жеке және мүлiктiк сақтандыру
809-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру
810-бап. 2006.20.02. № 128 ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
811-бап. 2006.20.02. № 128 ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
812-бап. 2006.20.02. № 128 ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
813-бап. Сақтанушы
814-бап. Сақтандырушы
815-бап. Сақтандырылған адам
816-бап. Пайда алушы
817-бап. Сақтандыру жағдайы
818-бап. Сақтандыру сыйлықақылары
819-бап. Сақтандыру сомасы
820-бап. Сақтандыру төлемi
821-бап. Қос сақтандыру
822-бап. Топтық сақтандыру
823-бап. Ортақ сақтандыру
824-бап. Қайта сақтандыру
825-бап. Сақтандыру шартының нысаны
825-1-бап. Сақтандыру ережелерi
826-бап. Сақтандыру шартының мазмұны
826-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң мерзiмiн ұзарту
826-2-бап. Жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiру
826-3-бап. Бас полистi ресiмдеу жолымен шарт бойынша сақтандыру
827-бап. Сақтандыру шартының қолданылуы
828-бап. Сақтандырушының мiндеттерi
829-бап. Сақтандыру жағдайынан туындайтын залалдарды азайтуға бағытталған шығындардың орнын толтыру
830-бап. Сақтандыру құпиясы
831-бап. Сақтанушының мiндеттерi
832-бап. Шарт жасасу кезiнде сақтанушы беретiн мәлiметтер
833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау
834-бап. Шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаю салдары
835-бап. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыны хабардар ету
836-бап. Сақтанушыны ауыстыру
837-бап. Сақтандырылған адамды ауыстыру
838-бап. Пайда алушыны ауыстыру
839-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
840-бап. Сақтанушының залалдарды өтеу құқықтарының сақтандырушыға ауысуы (суброгация)
841-бап. Сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
842-бап. Сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатудың салдары
843-бап. Сақтандыру шартының жарамсыздығы
844-бап. Сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың салдары
845-бап. Өзара сақтандыру
41-тарау. Тапсырма
846-бап. Тапсырма шарты
847-бап. Тапсырманы сенім бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындау
848-бап. Сенім бiлдiрiлген өкiлдiң мiндеттерi
849-бап. Сенім бiлдiрушiнiң мiндеттерi
850-бап. Тапсырма шартындағы сыйақы
851-бап. Сенім ауысуы
852-бап. Тапсырма шартын тоқтату
853-бап. Тапсырма шартын тоқтатудың зардабы
854-бап. Тапсырма шартындағы құқықтық мирасқорлық
42-тарау. Басқаның мүддесiне тапсырмасыз iс-әрекет жасау
855-бап. Басқаның мүддесiне iс-әрекет жасау талаптары
856-бап. Мүдделi тұлғаға оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы хабарлау
857-бап. Мүдделi тұлғаның өз мүддесiне жасалған iс-әрекеттердi мақұлдауының салдары
858-бап. Мүдделi тұлғаның өз мүддесi үшiн жасалған iс-әрекеттердi мақұлдамауының салдары
859-бап. Басқаның мүддесiне iс-әрекет жасаған адамға залалдарын өтеу
860-бап. Басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер үшiн сыйақы
861-бап. Басқаның мүддесiне мәмiле жасау салдары
862-бап. Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасаудың салдарынан негiзсiз баю
863-бап. Басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттермен келтiрiлген зиянды өтеу
864-бап. Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасаған адамның есеп беруi
43-тарау. Комиссия
865-бап. Комиссия шарты
866-бап. Комиссиялық сыйақы
867-бап. Комиссионердiң үшiншi тұлғамен мәмiле жасау жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi
868-бап. Комиссиялық тапсырманы орындау
869-бап. Қосалқы комиссия
870-бап. Комитенттiң нұсқауларынан ауытқу
871-бап. Комиссияның нысанасы болып табылатын мүлiкке құқық
872-бап. Комиссионердiң өзiне тиесiлi соманы ұстап қалуы
873-бап. Комиссионердiң комитент мүлкiнiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауапкершiлiгi
874-бап. Өзiне мәмiле жасау
875-бап. Комитенттiң комиссия шарты бойынша орындалғанды қабылдауы
876-бап. Комиссиялық тапсырманы орындау жөніндегі шығындардың орнын толтыру
877-бап. Комитенттiң тапсырманың күшiн жоюы
878-бап. Комиссионердiң тапсырманы орындаудан бас тартуы
879-бап. Комиссия шартын тоқтату
880-бап. Комитенттiң мерзiмi көрсетiлмей жасалған шарттан бас тартуы
881-бап. Комиссионердiң мерзiмi көрсетiлмей жасалған шарттан бас тартуы
882-бап. Комиссия шартындағы құқықтық мирасқорлық
44-тарау. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару
883-бап. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару ұғымы және оның пайда болу негiздерi
884-бап. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару субъектiлерi
885-бап. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару объектiлерi
886-бап. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шарты
887-бап. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шартының нысаны
888-бап. Сенімгер басқарушының құқықтары мен мiндеттерi
889-бап. Сенімгер басқарушының бастамасымен сенімнiң ауысуы
890-бап. Сенімгер басқарушының жауапкершiлiгi
891-бап. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шартының тоқтатылуы
892-бап. Акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлiкпен басқару
893-бап. Инвестициялық қорлардың активтерiн сенімгерлiкпен басқару
894-бап. Кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сенімгерлiкпен басқару
895-бап. Мемлекеттік қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлiкпен басқару
45-тарау. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг)
896-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының ұғымы
897-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының нысаны
898-бап. Лицензиардың мiндеттерi
899-бап. Лицензиаттың мiндеттерi
900-бап. Шектеу шарттары
901-бап. Лицензиардың лицензиатқа қойылатын талаптар бойынша жауапкершiлiгi
902-бап. Кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензия
903-бап. Кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензияның лицензиардың лицензиатпен негiзгi шартына тәуелдiлiгi
904-бап. Лицензиар, лицензиат және қосалқы лицензиат қатынастарының ерекшелiктерi
905-бап. Фирмалық атау өзгерген кезде шарттың күшiн сақтауы
906-бап. Пайдалануға берiлген бiр немесе бiрнеше айрықша құқықтардың өзгеруi кезiнде шарт күшiнiң сақталуы
907-бап. Пайдалануға берiлген айрықша құқықтың тоқтатылу салдары
908-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының тоқтатылуы
909-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартындағы құқықтық мирасқорлық
46-тарау. Конкурстық мiндеттемелер
910-бап. Конкурстық мiндеттеменiң мазмұны
911-бап. Сыйақыға жария уәде беру
912-бап. Сыйақыға жария уәде берудiң күшiн жою
913-бап. Лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткізу ерекшелiктерi
914-бап. Ойындар мен бәс тiгудi өткізуге және оларға қатысуға байланысты талаптар
915-бап. Тендер
916-бап. Аукцион
47-тарау. Зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер
Параграф 1. Жалпы ережелер
917-бап. Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
918-бап. Зиян келтiрудiң алдын алу
919-бап. Қажеттi қорғану жағдайында зиян келтiру
920-бап. Аса қажеттi жағдайда зиян келтiру
921-бап. Заңды тұлғаның немесе азаматтың өз қызметкерi келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi
922-бап. Мемлекеттік органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
923-бап. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
924-бап. Өзiнiң жауаптылығын сақтандырған тұлғаның зиянды өтеуi
925-бап. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
926-бап. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
927-бап. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi
928-бап. Әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
929-бап. Әрекетке қабiлеттілігi шектеулi деп танылған азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
930-бап. Өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiнуге қабiлетсiз азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
931-бап. Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптілік көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
932-бап. Бiрлесiп келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
933-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы
934-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу әдiстерi
935-бап. Жәбiрленушiнiң кiнәсi мен зиян келтiрген адамның мүлiктiк жағдайын есепке алу
Параграф 2. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу
936-бап. Азаматтың шарттық және өзге де мiндеттемелердi орындау кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу
937-бап. Денсаулықты зақымдау арқылы келтiрiлген зиянды өтеудiң көлемi мен сипаты
938-бап. Денсаулықтың зақымдануы салдарынан жоғалтылған табысты (кiрiстi) анықтау
939-бап. Кәмелетке толмаған адамның денсаулығы зақымданған кезде зиянды өтеу
940-бап. Азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу
941-бап. Азамат қайтыс болған жағдайда келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерi
942-бап. Зиянды өтеу мөлшерiн өзгерту
943-бап. Күнкөрiс құнының артуына байланысты зиян өтемiнiң көбейтiлуi
944-бап. Зиянды өтеу жөніндегі төлемдер
945-бап. Заңды тұлға тоқтатылған ретте зиянды өтеу
946-бап. Жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу
Параграф 3. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу
947-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу негiздерi
948-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң кемшiлiгi салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапты тұлғалар
949-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң кемшiлiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу мерзiмдерi
950-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң кемшiлiктерi салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктен босату негiздерi
Параграф 4. Моральдық зиянды өтеу
951-бап. Моральдық зиянды өтеу
952-бап. Моральдық зиянды өтеу мөлшерi
48-тарау. Негiзсiз баю салдарынан туындайтын мiндеттемелер
953-бап. Негiзсiз байлықты қайтару мiндетi
954-бап. Негiзсiз байлықты қайтару туралы талаптардың азаматтық құқықтарды қорғау туралы басқа талаптармен арақатынасы
955-бап. Негiзсiз байлықты заттай қайтару
956-бап. Негiзсiз байлықтың құнын өтеу
957-бап. Құқықты басқа тұлғаға негiзсiз берудiң зардабы
958-бап. Жәбiрленушiге алынбаған табыстарды өтеу
959-бап. Қайтарылуға жататын мүлiкке шыққан шығындарды өтеу
960-бап. Қайтарылуға жатпайтын негiзсiз байлық
5-бөлiм. Интеллектуалдық меншiк құқығы
49-тарау. Жалпы ережелер
961-бап. Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi
962-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықтың пайда болу негiздерi
963-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар
964-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне айрықша құқықтар
965-бап. Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысуы
966-бап. Лицензиялық шарт
967-бап. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасау және пайдалану туралы шарт
968-бап. Айрықша құқық және меншiк құқығы
969-бап. Айрықша құқықтардың қолданылу мерзiмi
970-бап. Айрықша құқықтарды қорғау әдiстерi
50-тарау. Авторлық құқық
971-бап. Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi)
972-бап. Авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерi
973-бап. Авторлық қатынастарды құқықтық реттеу
974-бап. Авторлық құқық объектiлерi болып табылмайтын туындылар
975-бап. Ресми құжаттардың, мемлекеттік рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына құқық
976-бап. Авторлық құқықты қорғау белгiсi
977-бап. Автордың жеке мүлiктiк емес құқықтары
978-бап. Автордың мүлiктiк құқықтары
979-бап. Туындыны сақтауға беру
980-бап. Қазақстан Республикасының аумағында авторлық құқықтың қолданылуы
981-бап. Авторлық құқықтың қолданыла бастауы
982-бап. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi
983-бап. Туындының қоғам игiлiгiне ауысуы
984-бап. Авторлық құқықтарды басқару
51-тарау. Сабақтас құқықтар
985-бап. Сабақтас құқықтардың объектiлерi
986-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi
987-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылуы
988-бап. Сабақтас құқықтар субъектiлерiнiң құқықтарын реттеу
989-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi
990-бап. Шетелдiк азаматтар немесе шетелдiк заңды тұлғалар болып табылатын орындаушылардың, фонограммалар шығарушылардың, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының құқықтары
52-тарау. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге құқық
991-бап. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi құқықтық қорғау талаптары
992-бап. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалану құқығы
993-бап. Патентке және алдын ала патентке берiлетiн құқыққа билiк ету
994-бап. Авторлық құқық
995-бап. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң тең авторлары
996-бап. Қызметтiк өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер
997-бап. Автордың қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн сыйақы алуға құқығы
998-бап. Алдын ала патент пен патенттiң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы
999-бап. Алдын ала берiлетiн патент пен патенттiң қолданылу мерзiмi
1000-бап. Патенттiк құқықтарды беру туралы шарт
1001-бап. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензиялық шарт
1002-бап. Ашық лицензия
1003-бап. Алдын ала патент пен патенттi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
1004-бап. Оған дейiн пайдалану құқығы
1005-бап. Патент иесiнiң құқықтарын шектеу
53-тарау. Селекциялық жетiстiктерге құқық
1006-бап. Өсiмдiктердiң жаңа сорттарына және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқықты қорғаудың талаптары
1007-бап. Автордың селекциялық жетiстiк атауын айқындау құқығы
1008-бап. Селекциялық жетiстiк авторының сыйақы алуға құқығы
1009-бап. Патент иесiнiң селекциялық жетiстiкке құқығы
1010-бап. Патент иесiнiң мiндеттерi
1011-бап. Селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылу мерзiмi
1012-бап. Селекциялық жетiстiктердi пайдалануға жiберу
54-тарау. Интегралды микротәсiмдер топологиясына құқықтар
1013-бап. Интегралды микротәсiмдер топологиясына құқықтарды қорғау талаптары
1014-бап. Интегралды микротәсiмдер топологиясына айрықша құқық
1015-бап. Топологияларды тiркеу
1016-бап. Топологияны қолдануға айрықша құқықтың қолданылу мерзiмi
55-тарау. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы
1017-бап. Ашылмаған ақпаратты құқықтық қорғау талаптары
1018-бап. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк
1019-бап. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға құқықтың ауысуы
56-тарау. Азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетулерге қатысушыларды дараландыру құралдары
Параграф 1. Фирмалық атау
1020-бап. Фирмалық атауға құқық
1021-бап. Заңды тұлғаның фирмалық атауын тауар белгiсiнде пайдалану
1022-бап. Фирмалық атауға құқықтың қолданылуы
1023-бап. Фирмалық атауды иелiктен алу құқығы
Параграф 2. Тауар белгiсi
1024-бап. Тауар белгiсiн құқықтық қорғау талаптары
1025-бап. Тауар белгiсiн пайдалану құқығы
1026-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тауар белгiсiн құқықтық қорғау
1027-бап. Тауар белгiсiне құқықтың қолданылу мерзiмi
1028-бап. Тауар белгiсiн пайдаланбаудың салдары
1029-бап. Тауар белгiсiне құқықтың ауысуы
1030-бап. Тауар белгiсiн пайдалануға рұқсат беру
1031-бап. Тауар белгiсiне құқық беру туралы шарттар мен лицензиялық шарттардың нысаны және оларды тiркеу
1032-бап. Тауар белгiсiне құқықты бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Параграф 3. Тауар шығарылатын жердiң атауы
1033-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық қорғау талабы
1034-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығы
1035-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық қорғаудың қолданылу аясы
1036-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiктiң қолданылу мерзiмi
1037-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын заңсыз пайдалану үшiн жауапкершiлiк
6-бөлiм. Мұрагерлiк құқық
57-тарау. Мұрагерлiк туралы жалпы ережелер
1038-бап. Мұрагерлiк
1039-бап. Мұрагерлiктiң негiздерi
1040-бап. Мұраның құрамы
1041-бап. Ортақ бiрлескен меншiк болып табылатын мүлiкке мұрагерлiк
1042-бап. Мұраның ашылуы
1043-бап. Мұраның ашылу орны
1044-бап. Мұрагерлер
1045-бап. Мұрадан лайықсыз мұрагерлердi шеттету
58-тарау. Өсиет бойынша мұрагерлiк
1046-бап. Жалпы ережелер
1047-бап. Талап қойылған өсиет
1048-бап. Мұрагерлердi қосымша тағайындау
1049-бап. Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк
1050-бап. Өсиеттiң нысаны туралы жалпы ережелер
1051-бап. Нотариатта куәландырылған өсиет
1052-бап. Нотариатта куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер
1053-бап. Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту
1054-бап. Өсиеттiң құпиясы
1055-бап. Өсиетке түсiнiк беру
1056-бап. Өсиеттiң жарамсыздығы
1057-бап. Өсиеттiк бас тарту (легат)
1058-бап. Жүктеу
1059-бап. Өсиеттiң орындалуы
59-тарау. Заңды мұрагерлiк
1060-бап. Жалпы ережелер
1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi
1062-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң екiншi кезегi
1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң үшiншi кезегi
1064-бап. Кейiнгi кезектегi мұрагерлер
1065-бап. 2007.12.01. № 225 ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
1066-бап. 2007.12.01. № 225 ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
1067-бап. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк
1068-бап. Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар
1069-бап. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқық
1070-бап. Мұра алу кезіндегі ерлi-зайыптылардың құқықтары
1071-бап. Мұраны қорғау және заң бойынша мұрагерлiк кезiнде оны басқару
60-тарау. Мұра алу
1072-бап. Мұраны қабылдау
1072-1-бап. Мұра қабылдау тәсiлдерi
1072-2-бап. Мұраны қабылдау мерзiмi
1072-3-бап. Белгiленген мерзiмнiң аяқталуына қарай мұраны қабылдау
1072-4-бап. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлiк трансмиссия)
1073-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру
1074-бап. Мұрадан бас тарту құқығы
1075-бап. Өсиеттiк бас тартуды алудан бас тарту құқығы
1076-бап. Мұраны бөлу
1077-бап. Болмаған мұрагерлердiң құқықтары
1078-бап. Жекелеген мұрагерлердiң мұраға кiретiн мүлiкке басым құқығы
1079-бап. Мұралық үлестердiң үстелуi
1080-бап. Мұраның есебiнен төлеуге жататын шығындар
1081-бап. Мұра қалдырушының борыштарын кредит берушiлердiң өндiрiп алуы
1082-бап. Шаруа немесе фермер қожалығындағы мұрагерлiк
1083-бап. Иесiз қалған мұра
7-бөлiм. Халықаралық жеке құқық
61-тарау. Жалпы ережелер
1084-бап. Шетелдiк элемент шиеленiстiрген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиiстi құқықты анықтау
1085-бап. Заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау)
1086-бап. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау
1087-бап. Керi сiлтеме жасау және үшiншi елдiң құқығына сiлтеме жасау
1088-бап. Заңды айналып өтудiң салдары
1089-бап. Өзара түсiнiстiк
1090-бап. Жария тәртiп туралы ескерту
1091-бап. Императивтiк нормаларды қолдану
1092-бап. Көп құқықтық жүйелерi бар елдiң құқығын қолдану
1093-бап. Реторсиялар
62-тарау. Коллизиялық нормалар
Параграф 1. Тұлғалар
1094-бап. Жеке тұлғаның жеке заңы
1095-бап. Жеке адамның құқық қабiлеттілігi мен әрекетке қабiлеттілігi
1096-бап. Жеке адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану және оны қайтыс болды деп жариялау
1097-бап. Жеке адамның есiмi
1098-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тiркеу
1099-бап. Шет мемлекет органдары азаматтық хал актілерін куәландыруға берген құжаттарды тану
1100-бап. Заңды тұлғаның заңы
1101-бап. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттілігi
1102-бап. Мемлекеттің шетелдік элементі бар азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуы
1103-бап. Жеке мүлiктiк емес құқықтарды қорғау
Параграф 3. Мәмiлелер, өкiлдiк, талап мерзiмi
1104-бап. Мәмiленiң нысаны
1105-бап. Сенімхат
1106-бап. Талап мерзiмi
Параграф 4. Заттық құқықтар
1107-бап. Заттық құқықтарға қолданылатын құқық туралы жалпы ережелер
1108-бап. Заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы
1109-бап. Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi көлiк құралдары мен өзге де мүлiкке заттық құқықтар
1110-бап. Жолдағы қозғалатын мүлiкке заттық құқықтар
1111-бап. Заттық құқықтарды қорғау
Параграф 5. Шарттық мiндеттемелер
1112-бап. Шарт тараптарының келісімiмен құқық таңдау
1113-бап. Тараптардың келісімi болмаған кезде шартқа қолданылатын құқық
1114-бап. Шетелдiң қатысуымен заңды тұлға құру туралы шартқа қолданылатын құқық
1115-бап. Қолданылатын құқықтың күшiнде болатын саласы
Параграф 6. Шарттан тыс мiндеттемелер
1116-бап. Бiр жақты мәмiлелерден туындайтын мiндеттемелер
1117-бап. Зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер
1118-бап. Тұтынушыға келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
1119-бап. Негiзсiз баю
Параграф 7. Интеллектуалдық меншiк
1120-бап. Интеллектуалдық меншiкке құқықтар
Параграф 8. Мұрагерлiк құқық
1121-бап. Мұрагерлiк бойынша қатынастар
1122-бап. Адамдардың өсиет жасауға және оның күшiн жоюға қабiлеттілігi, өсиеттiң және оның күшiн жою актiсiнiң нысаны
1123-бап. Қозғалмайтын мүлiктi және мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi мүлiктi мұраға қалдыру
Параграф 9. Қорғаншылық және қамқоршылық
1124-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық
4 бөлім Міндеттемелердің жекелеген түрлері
25-тарау. Сатып алу-сату
1. Сатып алу-сату туралы жалпы ережелер
406-бап. Сатып алу-сату шарты
1. Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.
2. Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға, егер заң актілерінде оларды сатып алу-сатудың арнаулы ережелерi белгiленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.
2-1. Ислам банкінің банк қызметін жүзеге асыруы кезінде оның тауарларды сатып алу-сату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді.
3. Осы Кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда тауарлардың жекелеген түрлерiн сатып алу-сату ерекшелiктерi заң актілерінде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi.
4. Осы параграфта көзделген ережелер, егер бұл құқықтардың мазмұнынан немесе сипатынан өзгеше туындамаса, мүлiктiк құқықтарды сатуға қолданылады.
5. Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлерiне (бөлшек саудамен сатып алу-сату, тауарлар жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсiпорынды сату), егер осы Кодекстiң ережелерiнде бұл түрлердiң шарттары туралы өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6. Сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен мүлікті сату кезінде сот орындаушысы сатушы ретінде шығады.
407-бап. Тауар туралы шарттың талабы
1. Осы Кодекстiң 116-бабындағы ережелердi сақтай отырып, кез келген зат шарт бойынша сатып алу-сату тауары бола алады.
2. Шарт жасасқан кезде сатушының қолында бар тауарды, сондай-ақ заң актілерінде өзгеше белгiленбесе немесе тауардың сипатынан өзге жағдай туындамаса, сатып алушының болашақта шығаратын немесе сатып алатын тауарын сатып алу-сатуға шарт жасалуы мүмкiн.
3. Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкiндiк берсе, тауар туралы талап (елеулi талаптар) келісілген деп есептеледi.
408-бап. Сатушының тауар беру жөніндегі мiндеттерi
1. Сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бiрге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлерде немесе шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды (тауардың жиынтықтылығын, қауіпсіздігін, сапасын, пайдалану тәртібін және т.б. куәландыратын құжаттарды) беруге мiндеттi.
409-бап. Тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi
1. Сатушының сатып алушыға тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi шартта белгiленедi, ал егер шартта мерзiмдi белгiлеуге мүмкiндiк болмаса, осы Кодекстiң 277-бабында көзделген ережелерге сәйкес белгiленедi.
2. Егер мерзiм бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделiлiгi жоғалатындығы шарттан айқын туындайтын болса, сатып алу-сату шарты оны қатаң белгіленген мерзімде орындау талабымен жасалды деп танылады.
Сатушының мұндай шартты онда белгiленген мерзiм басталғанға дейiн немесе бiткеннен кейiн сатып алушының келiсуiнсiз орындауға құқығы жоқ.
Заң актілерінде немесе шартта сатып алу-сату шартын бөлiп орындау жағдайлары (шартты орындаудың аралық мерзiмдерi) белгiленуi мүмкiн.
410-бап. Сатушының тауар беру мiндетiн орындау кезі
1. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, сатушының сатып алушыға тауар беру мiндетi:
1) егер шартта тауарды жеткiзiп беру бойынша сатушының мiндетi көзделсе, сатып алушыға немесе ол атаған адамға тауарды берген;
2) егер тауар сол тауар орналасқан жерде сатып алушыға немесе ол атаған адамға берiлуге тиiс болса, сатып алушының билiгiне тауар берген кезiнде орындалған болып есептеледi.
Тауар шартта көзделген мерзiмде тиiстi жерде беруге дайын тұрған және сатып алушы шарт талаптарына сәйкес тауардың беруге дайын екендiгi туралы хабардар болған кезде тауар сатып алушының билiгiне берiлген болып есептеледi. Егер тауар таңбалау арқылы немесе өзгеше түрде шарт мақсаттары үшiн сәйкестендiрiлмесе тауар берiлуге дайын емес деп танылады.
2. Тауарды жеткiзiп беру немесе сатып алушыға оның орналасқан жерiнде тауар беру жөнiнде сатып алу сату шартынан сатушының мiндетi туындамаған жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды тасымалдаушыға немесе сатып алушыға жеткізу үшiн байланыс ұйымына берген кезде сатушының тауарды сатып алушыға беру мiндетi орындалған болып есептеледi.
411-бап. Тауардың кездейсоқ жойылу қаупiнiң ауысуы
1. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатушы заң актілеріне немесе шартқа сәйкес сатып алушыға тауар беру жөніндегі өз мiндетiн атқарды деп есептелетiн кезден бастап сатып алушыға ауысады.
2. Жолда келе жатқан кезде сатылған тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, егер шартта немесе iскерлiк айналым ғұрпында өзгеше көзделмесе, сатып алу-сату шарты жасалған кезден бастап сатып алушыға ауысады.
Егер шарт жасасқан кезде сатушы тауардың жоғалтылғанын немесе бүлiнгенiн бiлсе немесе бiлуге тиiс болса және бұл туралы сатып алушыға хабарламаса, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатып алушының талап етуi бойынша тауар бірінші тасымалдаушыға өткізілген кезден бастап сатып алушыға ауысатындығы туралы шарт талабын сот жарамсыз деп тануы мүмкiн.
412-бап. Сатушының сатылған тауарды сақтау жөніндегі мiндетi
Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығы сатып алушыға тауарды берместен бұрын ауысқан кезде сатушы тауарды бергенге дейiн оның нашарлауына жол бермей сақтауға мiндеттi.
Егер тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, сатып алушы сатушыға бұған қажеттi шығындарды өтеуге мiндеттi.
413-бап. Сатушының үшiншi тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру мiндетi
1. Сатып алушы үшiншi тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келiскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшiншi тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi.
Егер тауарға үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы сатып алушының бiлгендiгi немесе бiлуге тиiс екендiгi дәлелденбесе, сатушының бұл мiндеттердi орындамауы сатып алушыға сол тауардың сатып алу бағасын кемiтудi не шартты бұзуды және залалдарды өтеудi талап ету құқығын бередi.
2. Тауарды сатып алушыға беру кезiнде үшiншi тұлғалардың оған қатысты талаптары болып, ол жөнiнде сатушы білген жағдайда да, егер бұл талаптар кейiннен белгiленген тәртiппен заңды деп танылса, тиiсiнше осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер қолданылады.
414-бап. Сатып алушыдан тауарды алып қойған жағдайдағы сатушының жауапкершiлiгi
1. Шартты орындауға дейiн пайда болған негiздер бойынша үшiншi тұлғалар сатып алушыдан тауарды алып қойған кезде сатушы, егер сатып алушы осы негiздердiң болғаны туралы бiлгенiн немесе білуге тиіс екенін дәлелдей алмаса, сатып алушыға оның шеккен залалын өтеуге мiндеттi.
2. Үшiншi тұлғалардың сатып алушыдан сатып алған тауарын талап еткен жағдайда тараптардың сатушыны жауапкершiлiктен босату немесе жауапкершiлiгiн шектеу туралы келісімi жарамсыз болады.
415-бап. Тауарды алып қою туралы талап арыз берiлген жағдайдағы сатып алушы мен сатушының мiндеттерi
1. Егер үшiншi тұлға шарт орындалғанға дейiн туындаған негiздер бойынша сатып алушыға тауарды алып қою туралы талап арыз қойса, сатып алушы сатушыны бұл iске қатысуға тартуға мiндеттi, ал сатушы бұл іске сатып алушы тарапынан араласуға міндетті.
2. Егер сатушы iске қатыса отырып, сатылған тауарды сатып алушыдан алып қоюды болдырмайтынын дәлелдей алса, сатып алушының сатушыны iске қатысуға тартпауы сатушыны сатып алушы алдындағы жауапкершіліктен босатады.
3. Сатып алушы iске қатысуға тартқан, бiрақ оған қатыспаған сатушы сатып алушының iстi дұрыс жүргiзбегенiн дәлелдеу құқығынан айырылады.
416-бап. Тауар беру мiндетiн орындамаудың салдары
1. Егер сатушы сатып алушыға сатылған тауарды беруден бас тартса, сатып алушы сатып алу-сату шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Сатушы белгiлi бiр жеке затты беруден бас тартқан жағдайда сатып алушы сатушыға осы Кодекстiң 355-бабында көзделген талаптарды қоюға құқылы.
417-бап. Тауарға қатысты керек-жарақтар мен құжаттарды беру мiндетiн орындамаудың салдары
1. Егер сатушы өзi беруге тиiстi (осы Кодекстiң 408-бабының 2-тармағы) Тауарға қатысты керек-жарақтарды немесе құжаттарды сатып алушыға бермесе немесе беруден бас тартса, сатып алушы оларды беру үшiн оған қисынды мерзiм тағайындауға құқылы.
2. Сатушы тауарға қатысты керек-жарақтарды немесе құжаттарды аталған мерзiмде бермеген жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.
418-бап. Тауардың саны
Сатып алушыға берiлуге тиiс тауар саны шартта тиiстi өлшем бiрлiктерiне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделедi. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгiлеу жолымен келісілуi мүмкiн.
419-бап. Тауардың саны туралы шарт талаптарын бұзудың салдары
1. Егер сатушы шарт талаптарын бұза отырып, сатып алушыға тауар санын шартта белгіленгенінен кемірек берсе, сатып алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, не тауардың жетiспейтiн санын берудi талап етуге, не берiлген тауардан және оған ақы төлеуден бас тартуға, ал егер ақысы төленiп қойған болса, оған төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
2. Сатушы сатып алушыға тауарды шартта көрсетiлгенiнен артық мөлшерде берген жағдайда сатып алушы бұл туралы сатушыға осы Кодекстiң 436-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен хабарлауға мiндеттi. Егер сатып алушыдан хабар алынғаннан кейiн қисынды мерзiмде сатушы тиiстi тауарға билiк етпесе, шартта өзгеше көзделмегендiктен, сатып алушы бүкіл тауарды қабылдауға құқылы.
3. Сатып алушы тауарды шартта белгiленгенiнен артық мөлшерде қабылдаған жағдайда тиiстi тауарға ақы, егер тараптардың келісімiнде өзгеше баға белгiленбесе, шартқа сәйкес қабылданған тауар үшiн белгiленген баға бойынша төленедi.
420-бап. Тауарлардың түр-түрi
Егер сату-сатып алу шарты бойынша түрлерiне, үлгiлерiне, мөлшерiне, түстерi мен өзге де белгiлерiне (түр-түрi) қарай белгiленген тауарлар берiлуге тиiс болса, сатушы сатып алушыға тауарларды тараптар келiскен түр-түрi бойынша беруге мiндетті.
421-бап. Тауарлардың түр-түрi туралы шарт талаптарын бұзудың салдары
1. Сатушы шартта көзделген тауарлардың түр-түрiн шартқа сәйкес келмейтiн етiп берген кезде сатып алушы оларды қабылдаудан және ақы төлеуден бас тартуға, ал егер оларға ақы төленіп қойған болса, төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
2. Егер сатушы сатып алушыға түр-түрi шартқа сәйкес келетiн тауарлармен қатар, олардың түр-түрi туралы шарттың талаптарын бұза отырып тауарлар берсе сатып алушы өз қалауы бойынша:
1) түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келетiн тауарды қабылдап, қалған тауарлардан бас тартуға;
2) берiлген барлық тауарлардан бас тартуға;
3) түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды шартта көзделген түр-түріндегі тауарлармен алмастыруды талап етуге;
4) берiлген барлық тауарларды қабылдап алуға құқылы.
3. Түр-түрі шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарлардан бас тартқан немесе түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды алмастыру жөнiнде талап қойған жағдайда сатып алушы бұл тауарларға ақы төлеуден бас тартуға да, ал егер ақы төленіп қойған болса, төленген соманың қайтарылуын талап етуге құқылы.
4. Егер сатып алушы түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды алғаннан кейiн он бес күн мерзiмде өзiнiң тауарлардан бас тартатынын сатушыға хабарламаса, олар қабылданған болып есептеледi.
5. Егер сатып алушы түр-түрi шартқа сәйкес келмейтiн тауарлардан бас тартпаса, оларға сатушымен келісілген баға бойынша ақы төлеуге мiндеттi. Сатушы бағаны он бес күн мерзiмде келiсу жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда, сатып алушы тауарға шарт жасалған кезде әдетте сол сияқты мән-жайларда ұқсас тауарлар үшiн алынатын баға бойынша ақы төлейдi.
6. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың ережелерi қолданылады.
422-бап. Тауардың сапасы
1. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
2. Шартта тауардың сапасы туралы талаптар болмаған жағдайда сатушы сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті.
Егер сатушы шарт жасасу кезінде сатып алушыға тауарды сатып алудың нақты мақсаттары туралы хабарламаған болса, сатушы сатып алушыға осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауар беруге міндетті.
3. Тауарды үлгiсi бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша cатқан жағдайда сатушы сатып алушыға үлгіге және (немесе) сипаттамасына сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
4. Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгiленген тәртiпке сәйкес, мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы мiндеттi талаптарға сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
Сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім бойынша, заң актілерінде көзделген тәртіппен белгіленген міндетті талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келетiн тауар берiлуi мүмкiн.
5. Сатушы сатып алушыға беруге мiндеттi тауар оны сатып алушыға берер кезде, егер тауардың бұл талаптарға сәйкестiгiн айқындаудың өзгеше жағдайы шартта көзделмесе, осы бапта көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс және қисынды мерзiм шегінде әдетте осы тектес тауар пайдаланылатын мақсаттар үшін жарамды болуға тиіс.
423-бап. Тауардың жарамдылық мерзiмi
1. Заңдарда, ұлттық стандарттардың мiндеттi талаптарында немесе басқа да мiндеттi ережелерде бітуiне қарай тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңi (жарамдылық мерзiмi), сондай-ақ тауарда оның жарамдылық мерзiмi көрсетiлетiн жағдайлар белгіленуi мүмкiн.
2. Сатушы жарамдылық мерзiмi белгiленген тауарларды сатып алушыға жарамдылық мерзiмi бiткенге дейiн олардың мақсаты бойынша пайдалануға болатындай есеппен беруге мiндетті.
424-бап. Тауардың жарамдылық мерзiмін есептеу
Тауардың жарамдылық мерзiмi оның дайындалған күнiнен бастап есептелетiн, осы мерзiм iшiнде тауар пайдалануға жарамды болатын уақыт кезеңiмен, не ол басталғанға дейін тауар пайдалануға жарамды болатын күнмен белгiленедi.
425-бап. Тауар сапасына кепiлдiк беру
1. Шартта сатушының тауар сапасына кепiлдiк беруi көзделген жағдайда сатушы шартта белгіленген белгiлi бір уақыт кезеңi (кепiлдi мерзiм) iшiнде сатып алушыға осы Кодекстiң 422-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiстi тауар беруге мiндеттi.
2. Тауар сапасына кепiлдiк, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның барлық құрамдас бөлiктерiне де (жиынтықтаушы бұйымдарына) қолданылады.
426-бап. Кепiлдi мерзiмдi есептеу тәртібі
1. Кепiлдi мерзiм, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауар сатып алушыға берiлген кезден (осы Кодекстiң 410-бабы) есептеле бастайды.
2. Егер сатып алушының сатушыға байланысты мән-жайлар бойынша шартта кепiлдi мерзiм белгiленген тауарды пайдалану мүмкiндiгi болмаса, сатушы тиісті мән-жайларды жойғанға дейін кепiлдi мерзiм өтпей тұрады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 436-бабында белгiленген тәртiп бойынша сатып алушыға тауардың кемшiлiктерi туралы хабарланған жағдайда, кепiлдi мерзiм тауар ондағы байқалған кемшiлiктер себептi пайдаланыла алмаған уақытқа ұзартылады.
3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жинақтаушы бұйымға берiлген кепiлдi мерзiм негiзгi бұйымға берiлген кепiлдi мерзiмге тең болып есептеледі және негізгі бұйымға берілген кепілді мерзiммен бiр мезгiлде өте бастайды.
4. Егер шартта өзгеше көзделмесе тауарды (жиынтықтаушы бұйымды) алмастырған кезде кепілді мерзім қайтадан басталады.
427-бап. Тауар сапасын тексеру
1. Егер заңдарда немесе шартта тауардың сапасын тексеру көзделсе, ол соларда белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
Ұлттық стандарттарда, стандарттау жөніндегі өзге де нормативтiк құжаттарда тауарлардың сапасын тексеруге мiндеттi талаптар белгiленген жағдайларда сапаны тексеру оларда келтiрiлген нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
2. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен тауар сапасын тексеру талаптары көзделмесе, тауар сапасын тексеру iскерлiк айналым дағдыларына немесе әдетте шарт бойынша берiлуге тиiс тауарды тексеру жағдайларына қолданылатын өзге де талаптарға сәйкес жүргізілуге тиiс.
3. Егер заң актілерінде, ұлттық стандарттардың мiндеттi талаптарында, стандарттау жөніндегі өзге де нормативтiк құжаттарда немесе шартта сатушының сатып алушыға беретін тауарының сапасын тексеру (сынақ өткізу, талдау, қарап шығу және т.б.) мiндетi көзделген болса, сатушы сатып алушының талап етуi бойынша оған тауар сапасын тексерудi жүзеге асырғандығы жөнiнде дәлелдемелердi табыс етуге тиiс.
428-бап. Тиiстi сапасы жоқ тауар берудiң зардаптары
1. Егер сатушы тауардың кемшiлiктерi туралы айтпаған болса, тиiстi сапасы жоқ тауар берiлген сатып алушы өз қалауы бойынша сатушыдан:
1) сатып алу бағасын сол мөлшерде кемiтудi;
2) қисынды мерзiмде тауардың кемшiлiктерiн тегiн жоюды;
3) тауардың кемшiлiктерiн жоюға жұмсаған өз шығындарын өтеуді;
4) тиiстi сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетiн тауармен алмастыруды;
5) шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшiн төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
Шарттың сатып алушының осы тармақта көзделген құқықтардан бас тартуы туралы талаптары жарамсыз болып табылады.
2. Жиынтыққа кiретiн тауарлардың (осы Кодекстiң 432-бабы) бір бөлiгiнiң сапасы тиісті деңгейде болмаған жағдайда сатып алушы тауарлардың осы бөлiгiне қатысты, осы баптың 1-тармағында көзделген құқықты жүзеге асыруға құқылы.
3. Тиiстi сапасы жоқ тауарды сатушы оның дайындаушысы болмайтын жағдайда тауарды алмастыру немесе оның кемшiлiктерiн тегiн жою туралы талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкiн.
4. Егер осы Кодексте немесе басқа да заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, осы бапта көзделген ережелер қолданылады.
429-бап. Тауардың сатушы жауап беретiн кемшiлiктерi
1. Егер сатып алушы тауардағы кемшiлiктердiң өзiне берiлгенге дейiн пайда болғанын немесе сол кезге дейiн пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе, тауардың кемшiлiктерi үшiн сатушы жауап бередi.
Сатушы сатылған тауардың кемшiлiктерi үшiн олар жөнiнде өзi бiлмеген кезде де жауап бередi. Сатушыны жауапкершiлiктен босату туралы немесе оны шектеу туралы келісім жарамсыз болады.
2. Егер тауардағы кемшiлiктердiң олар сатып алушыға берілгеннен кейін сатып алушының тауарды пайдалану немесе оны сақтау ережелерiн бұзуы не үшiншi бiр тұлғалардың әрекеттерi немесе дүлей күштiң салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, сатушы сапа кепiлдiгiн берген тауарға қатысты тауардың кемшiлiктерi үшiн жауап бередi.
430-бап. Берiлген тауардың кемшiлiктерiн анықтау мерзiмдерi
1. Егер заң актілерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тауар кемшіліктері осы бапта белгіленген мерзімде анықталған жағдайда сатып алушы оның кемшiлiктерiне байланысты талаптар қоюға құқылы.
2. Егер тауарға кепiлдi мерзiм немесе жарамдылық мерзiмi белгiленбесе, сатылған тауардағы кемшiлiктер қисынды мерзiмде, бiрақ тауардың сатып алушыға берiлген күнiнен бастап екi жыл шегiнде табылған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта неғұрлым ұзақ мерзiм белгiленбесе, сатып алушы тауардың кемшiлiктерiне байланысты талаптар қоя алады. Тасымалдануға немесе почта арқылы жөнелтiлуге тиiстi тауардың кемшiлiктерiн анықтауға арналған мерзiм тауардың жеткiзiлетiн жерiнде алынған күнiнен бастап есептеледi.
3. Егер тауарға кепілді мерзім белгіленсе, сатып алушы кепілді мерзім ішінде тауардың кемшiлiктерiне байланысты талаптар қоюға құқылы.
Шартта негiзгi бұйымға қарағанда жиынтықтаушы бұйымдарға ұзақтығы қысқа кепiлдi мерзiм белгiленген жағдайда сатып алушы негізгі бұйымға белгіленген кепілді мерзім ішінде кемшіліктер табылған кезде жиынтықтаушы бұйымның кемшіліктері туралы талаптар қоюға құқылы.
Егер шартта негiзгi бұйымға белгiленген кепiлдi мерзiмге қарағанда жиынтықтаушы бұйымға ұзағырақ кепiлдi мерзiм белгiленсе, сатып алушы негiзгi бұйымға белгiленген кепiлдi мерзiмнiң өткенiне қарамастан, жиынтықтаушы бұйымның кемшiлiктерi оған белгiленген кепiлдi мерзiм iшiнде табылса, тауар кемшiлiктерi туралы талаптар қоюға құқылы.
4. Егер кемшiлiктер тауардың жарамдылық мерзiмi iшiнде табылса, сатып алушы жарамдылық мерзiмi белгiленген тауарға қатысты тауардың кемшiлiктерi туралы талаптар қоюға құқылы.
5. Шартта көзделген кепiлдi мерзiм екi жылдан кем болып, сатып алушы тауардың кемшiлiктерiн кепiлдi мерзiм өткеннен кейін, бiрақ тауардың сатып алушыға берiлген күнiнен бастап екi жыл шегiнде тапқан жағдайда, егер сатып алушы тауардың кемшiлiктерi тауар сатып алушыға берiлгенге дейiн немесе сол кезге дейiн пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе, сатушы жауап бередi.
431-бап. Тауардың жиынтықтылығы
1. Сатушы сатып алушыға жиынтықтылық туралы шарттың талаптарына сәйкес тауар беруге мiндеттi.
2. Шартта тауардың жиынтықтылығы белгiленбеген жағдайда сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы iскерлiк айналым дағдыларымен немесе әдетте қойылатын өзге де талаптармен белгiленетiн тауар беруге мiндеттi.
432-бап. Тауарлар жиынтығы
1. Егер шартта сатушының сатып алушыға белгiлi бiр жиынтықтағы тауарлар жинағын (тауарлар жиынтығын) беру мiндетi көзделсе, жиынтыққа енгiзiлген барлық тауарлар берiлген кезден бастап мiндеттеме орындалған болып есептеледi.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетiн барлық тауарды бiр мезгiлде беруге мiндеттi.
433-бап. Жиынтықталмаған тауарлар берудiң салдары
1. Жиынтықталмаған тауарлар берiлген жағдайда (осы Кодекстiң 431-бабы) сатып алушы өз таңдауы бойынша сатушыдан:
1) сатып алу бағасын сол мөлшерде кемiтудi;
2) тауарларды қисынды мерзiмде толымды жиынтықтауды;
3) жиынтықталмаған тауарды жиынтықталған тауармен алмастыруды;
4) шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген салдарлар, егер заңдарда не шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса сатушы сатып алушыға тауарлар жиынтығын (осы Кодекстiң 432-бабы) беру мiндеттемесiн бұзған жағдайда да қолданылады.
434-бап. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе және мiндеттеменiң мәнiнен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп беруге мiндеттi.
2. Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгiленбесе, тауар, осындай тауарға арналған әдеттегi әдiспен, ал бұлай болмағанда сақтау мен тасымалдаудың әдеттегi жағдайларында осы тектес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететiн әдiспен ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге тиiс.
3. Егер заңдарда белгiленген тәртiппен ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға тауарды осындай міндетті талаптарға сай келетiн ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп беруге мiндеттi.
435-бап. Тауарды ыдыссыз және (немесе) буып-түюсiз не тиiстi ыдысқа салмай және (немесе) буып-түймей берудiң салдары
1. Ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге тиіс тауар сатып алушыға ыдыссыз және (немесе) буып-түюсiз не тиiстi ыдысқа салынбай және (немесе) буып-түйiлмей берiлген жағдайда сатып алушы сатушыдан, егер шарттан, мiндеттеменiң мәнiнен немесе тауардың сипатынан өзгеше туындамаса, тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп берудi не тиiстi дәрежеде емес ыдысты және (немесе) буып-түйiлген орауышты алмастыруды талап етуге құқылы.
2. Сатушыға осы баптың 1-тармағында аталған талаптар қоюдың орнына, сатып алушы оған тиiстi сапасы жоқ тауар беруден туындайтын өзге де талаптар қоюға құқылы (осы Кодекстiң 428-бабы).
436-бап. Сатушыға шартты тиiсiнше орындамағаны туралы хабарлау
1. Сатып алушы шарттағы тауардың саны, түр-түрі, сапасы, жиынтықталуы, ыдысқа салынуы және (немесе) буып-түйiлуi туралы талаптардың бұзылғандығы жөнінде сатушыға заң актілерінде, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде немесе шартта көзделген мерзiмде, ал егер мерзiм белгiленбесе тауарлардың сипаты мен мақсатын негiзге ала отырып, шарттағы тиiстi талаптың бұзылуы байқалуға тиiс болғаннан кейiн қисынды мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
2. Сатып алушы осы баптың 1-тармағына көзделген мiндеттi орындамаған жағдайда, егер мұндай дер кезiнде хабарламау өзiнiң талаптарын қанағаттандырудың мүмкiн болмауына әкеп соққанын немесе шарт талаптарының бұзылуы туралы дер кезiнде хабарлаған жағдаймен салыстырғанда сатушыға өлшеусiз шығындар келтiретiнiн дәлелдесе, сатушы сатып алушының тиiстi талаптарын қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
3. Егер сатушы сатып алушыға берiлген тауарлардың шарт талаптарына сәйкес келмейтiндiгiн бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, оның сатып алушының осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттi орындамауына сiлтеме жасауына құқығы жоқ.
437-бап. Сатып алушының тауарды қабылдау мiндетi
1. Осы тараудың ережелерiне сәйкес тауарды ауыстыруды талап етуге немесе шартты орындаудан бас тартуға өзi құқылы болатын жағдайларды қоспағанда, сатып алушы өзіне сатушы берген тауарды қабылдауға мiндеттi.
2. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы әдетте қойылатын талаптарға сәйкес, тиісті тауар беруді және алуды қамтамасыз ету үшiн өз тарапынан қажеттi iс-қимылдар жасауға міндеттi.
3. Сатып алушы заң актілерін немесе шартты бұза отырып, тауарды қабылдамаған не қабылдаудан бас тартқан жағдайларда, сатушы сатып алушыдан тауарды қабылдауды талап етуге немесе шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
438-бап. Тауардың бағасы
1. Сатып алушы тауарға шартта көзделген баға бойынша, не ол шартта көзделмесе және оны шарт талаптарын негiзге ала отырып белгiлеу мүмкiн болмаса, осы Кодекстiң 385-бабының ережелерiне сәйкес белгіленетін баға бойынша ақы төлеуге, сондай-ақ өз есебінен заң актілеріне, шартқа немесе әдетте қойылатын талаптарға сәйкес төлемді жүзеге асыру үшiн қажеттi iс-қимылдар жасауға мiндеттi.
2. Баға тауардың салмағына қарай белгiленген кезде, егер шартта өзгеше көзделмесе, ол ыдыссыз таза салмағы бойынша айқындалады.
3. Егер шартта тауар бағасын (өзiндiк құн, шығынды және т.б.) көрсететiн көрсеткiштерге қарай тауар бағасының өзгеруі тиiс екендігі көзделсе, бірақ бағаны қайта қарау әдісі белгіленбесе, баға көрсеткіштердің шарт жасасу кезіндегі және тауар беру жөніндегі мiндеттi орындау кезіндегі арақатынасын негiзге ала отырып белгiленедi. Сатушы тауар беру жөніндегі мiндеттiң орындалуын кешiктiрiп алған жағдайда бағам көрсеткiштердiң шарт жасасу кезіндегі және шартта көзделген тауар берiлетiн күндегi, ал шартта мұндай күн көзделмесе, осы Кодекстiң 277-бабына сәйкес белгiленген күнгi арақатынасын негiзге ала отырып белгiленедi.
Егер осы Кодексте, басқа да заң актілерінде өзгеше белгіленбесе не ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, осы тармақта көзделген ережелер қолданылады.
439-бап. Тауарға ақы төлеу
1. Егер шарт пен заң актілері талаптарынан бағаны белгiлi бiр мерзiмде төлеу мiндетi туындамаса, сатып алушы оны өзiне тауар немесе сол тауарға арналған тауарға билiк ету құжаттары берiлгеннен кейін кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
2. Егер шартта берiлген тауар ақысын бөлiп-бөлiп төлеу көзделмесе, сатушыға сатып алушы берiлген тауардың толық бағасы мөлшеріндегі соманы төлеуге мiндеттi.
3. Егер сатып алушы шартқа сәйкес берiлген тауарға ақы төлемесе, сатушы одан тауар ақысын төлеудi және басқа бiреудiң ақшасын пайдаланғаны үшiн тұрақсыздық айыбын төлеудi талап етуге құқылы (осы Кодекстiң 353-бабы).
4. Егер сатып алушы шартты бұза отырып, тауарды қабылдаудан және оған төлеуден бас тартса, сатушы өз таңдауы бойынша тауарға ақы төлеуді талап етуге не шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
5. Сатушы шартқа сәйкес сатып алушыға ақы төленбеген тауарлардан басқа да тауарлар беруге міндетті болған жағдайларда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, ол бұрын берілген барлық тауарларға ақы толық төленгенге дейін сол тауарларды беруді тоқтата тұруға құқылы.
440-бап. Тауарға алдын ала ақы төлеу
1. Шартта сатушы тауарды бергенге дейін бағасын толық немесе ішінара төлеу (алдын ала төлеу) жөнінде сатып алушының міндеті көзделген жағдайларда сатып алушы ақыны шартта көзделген мерзімде, ал егер шартта мерзім көзделмесе, осы Кодекстің 277-бабына сәйкес белгіленген мерзімде төлеуге тиіс.
2. Сатып алушы тауарға алдын ала ақы төлеу жөнiнде шартта көзделген мiндеттi орындамаған жағдайда осы Кодекстiң 284-бабында көзделген ережелер қолданылады.
3. Алдын ала төленетiн ақы сомасын алған сатушы өзiнiң тауар беру жөніндегі мiндетiн белгiленген мерзiмде (осы Кодекстiң 409-бабы) орындамаған жағдайларда сатып алушы одан ақы төленген тауарды берудi немесе сатушы бермеген тауар үшiн алдын ала төленген ақы сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
4. Сатушы ақысы алдын ала төленген тауарды беру жөніндегі мiндетiн орындамаған және сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмеген жағдайда осы Кодекстің 353-бабына сәйкес тауар беру жүргізілуге тиіс болған күннен бастап сатып алушыға тауар беретін немесе оның алдын ала төлеген сомасы қайтарылатын күнге дейiн алдын ала төленген ақы сомасына тұрақсыздық айыбы төленуге тиiс. Шартта сатушының осы соманы алған күннен бастап алдын ала ақы төлеу сомасына тұрақсыздық айыбын төлеу мiндетi көзделуі мүмкiн.
441-бап. Кредитке сатылған тауарға ақы төлеу
1. Шартта сатып алушыға тауар берiлген соң белгiлi бiр уақыттан кейiн оған ақы төлеу (тауарды кредитке сату) көзделген жағдайларда сатып алушы ақыны шартта көзделген мерзiмде, ал егер шартта мерзiм көзделмесе, осы Кодекстiң 277-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде төлеуге тиiс.
2. Сатушы тауар беру жөніндегі мiндеттi орындамаған жағдайда осы Кодекстiң 284-бабында көзделген ережелер қолданылады.
3. Тауарды алған сатып алушы оның ақысын төлеу мiндетiн шартта белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайларда сатушы берiлген тауарға ақы төлеудi немесе ақы төленбеген тауарларды қайтаруды талап етуге құқылы.
Сатып алушы берiлген тауарға ақы төлеу жөніндегі мiндетiн шартта белгiленген мерзiмде орындамаған және осы Кодекс пен шартта өзгеше көзделмеген жағдайларда мерзiмi өткiзiлген сомаға осы Кодекстiң 353-бабына сәйкес, сатып алушы тауарға ақы төлеуге тиiс болған күннен бастап, оның тауарға ақы төлеген күнiне дейiн тұрақсыздық айыбы төленуге тиiс.
4. Шартта сатушының тауар берген күнiнен бастап, тауардың бағасына сәйкес келетiн сомаға сатып алушының тұрақсыздық айыбын төлеу мiндетi көзделуі мүмкiн.
5. Кредитке тауар сату оның сатылған күнiнде қолданылған бағасы бойынша жүргiзiледi. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, кредитке сатылған тауардың бағасында кейiннен жасалған өзгеріс қайта есеп айырысуға әкеп соқпайды.
442-бап. Тауарды кредитке сату кезiнде төлемдi бөлiп-бөлiп төлеу
1. Тауарды кредитке сату туралы шартта төлемді бөліп-бөліп төлеу көзделуi мүмкiн.
Егер сатып алу-сату шартында басқа да елеулi талаптармен қатар, баға төлемдердiң тәртібі, мерзiмi мен мөлшерi көрсетiлсе, төлемдi бөлiп-бөлiп төлеу талабымен тауарды кредитке сату туралы шарт жасалған болып есептеледi.
2. Сатып алушы бөлiп-бөлiп төлеу арқылы сатылған тауар үшiн кезектi төлемдi шартта белгiленген мерзiмде төлемесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы, сатып алушыдан алған төлем сомасы тауар бағасының жартысынан асатын жағдайларды қоспағанда, шартты орындаудан бас тартуға және сатылған тауардың қайтарылуын талап етуге құқылы.
443-бап. Тауарды сақтандыру
1. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сатып алу-сату шартында сатушының немесе сатып алушының тауарды сақтандыру мiндетi көзделуi мүмкiн.
2. Тауарды сақтандыруға мiндеттi тарап сақтандыруды шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырмаған жағдайда, екiншi тарап тауарды сақтандыруға және міндетті тараптан сақтандыруға жұмсалған шығындарды өтеуін талап етуге не шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
444-бап. Сатушының тауарға меншiк құқығының сақталуы
1. Тауардың ақысы төленгенге дейiн немесе өзге бiр мән-жайлар басталғанға дейiн сатушының сатып алушыға берiлген тауарға меншiк құқығы сақталатындығы шартта көзделген жағдайларда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе не ол тауардың мақсаты мен қасиеттерiнен туындамаса, сатып алушының өзiне меншiк құқығы көшкенге дейiн тауарды иелiктен айыруға немесе оған өзгеше түрде билiк етуге құқығы жоқ.
2. Берiлген тауардың ақысы шартта көзделген мерзiмде төленбеген немесе меншiк құқығы сатып алушыға көшетiн өзге де мән-жайлар басталмаған жағдайларда сатушы сатып алушыдан, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды өзiне қайтаруды талап етуге құқылы.
2. Бөлшектеп сатып алу-сату
445-бап. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзiне, отбасында, үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы).
446-бап. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны
Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның iшiнде сатып алушы қосылатын (осы Кодекстiң 389-бабы) формулярлардың немесе өзге де стандарттық нысандардың талаптарында өзгеше белгiленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар шегiн немесе тауарға ақы төленгенiн растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және оның талаптарын растайтын куәлiк айғақтарға сүйену мүмкiндiгiнен айырмайды.
447-бап. Тауардың көпшiлiкке арналған офертасы
1. Тауарларды көруге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе тауарлар сатылатын жерде сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер (сипаттамалар, каталогтар, фотосуреттер және т.б.) беру, сатушы тиістi тауарлардың сатуға арналмағандығын айқын көрсеткен жағдайларды қоспағанда, бағаның және сатып алу-сату шартының басқа да елеулі талаптарының көрсетілгенiне қарамастан, көпшiлiкке арнаған оферта болып танылады.
2. Тауардың оның жарнамасында, каталогтарында, сондай-ақ тауар сатылмайтын жерлерде тауардың беймәлім адамдар тобына арналған және тауардың сатып алу-сату шартының елеулi талаптары болмаған басқа да сипаттамаларында көрсетiлген ұсынымы көпшiлiкке арналған оферта деп танылмайды.
448-бап. Сатып алушыға тауар туралы ақпарат беру
1. Сатушы сатуға ұсынылатын тауар туралы сатып алушыға қажетті және анық ақпарат беруге мiндеттi. Бұл ақпарат заң актілерінде белгiленген талаптарға және әдетте бөлшек саудада осындай ақпарат берудiң мазмұны мен әдiсiне қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиiс.
2. Сатып алушы шарт жасалғанға дейiн, егер бұған тауардың сипатына байланысты тыйым салынбаса және бөлшек саудада қабылданған ережелерге қайшы келмесе, тауарды көруге, өзiнiң қатысуымен тауардың қасиеттерiн тексерудi немесе оның пайдаланылуын көрсетудi талап етуге құқылы.
3. Сатып алушыға тауар туралы тиісті ақпарат алуға мүмкіндік бермеген сатушы тауардың оны сатып алушыға бергеннен кейін пайда болған, сатып алушы өзiнде ақпараттың болжауына байланысты туындағанын дәлелдеген кемшiлiктерi үшiн де жауап бередi.
449-бап. Сатып алушының тауарды белгiлi бiр мерзiмде қабылдап алуы туралы талап қойылған шарт
1. Тараптар сатып алушының тауарды шартты белгiленген мерзiмде қабылдап алуы туралы талап қойылған шарт жасасуы мүмкiн, осы мерзiм iшiнде тауарды басқа сатып алушыға сатуға болмайды.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушының келмей қалуын немесе шартта белгiленген мерзiмде тауарды қабылдап алу үшiн өзге де қажеттi әрекеттер жасалмауын сатушы сатып алушының шартты орындаудан бас тартуы ретiнде қарастыруы мүмкiн.
3. Шартта белгiленген мерзiмде сатып алушыға тауар берудi қамтамасыз ету жөніндегі сатушының қосымша шығындары, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тауардың бағасына енгiзiледi.
450-бап. Тауарларды үлгiлерi бойынша сату
1. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты сатып алушының сатушы ұсынған тауар үлгiсімен (оның сипаттамасымен, тауарлар каталогымен және т.б.) танысуы негiзiнде жасалуы мүмкiн.
2. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шартта көрсетiлген жерге тауар жеткiзiлген кезден бастап, ал егер шартта тауар беретін орын белгіленбесе, азаматтың тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша сатып алушыға тауар жеткiзiлген кезден бастап шарт орындалған болып есептеледi.
3. Сатушы шартты орындау жөнiнде әрекет жасалуына байланысты қисынды шығындарды өтеген жағдайда сатып алушы тауар берiлгенге дейiн шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
451-бап. Автоматтарды пайдалана отырып тауар сату
1. Тауар сату автоматтарды пайдалана отырып жүргiзiлген жағдайларда автоматтардың иесi сатып алушыларға тауар туралы (атауы, саны, бір тауардың бағасы және т.б.) автоматқа орналастыру арқылы тауардың сатушысы туралы ақпарат жеткізуге немесе сатып алушыларға сатушының атауы (фирмалық атауы), оның орналасқан жерi, жұмыс режимi, сондай-ақ сатып алушының тауар алу үшiн жасайтын қажеттi әрекеттерi туралы өзге де әдiстермен мәлiметтер беруге мiндеттi.
2. Сатып алушы тауар алуға қажеттi әрекеттер жасаған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледi.
3. Егер сатып алушыға ақысы төленген тауар берiлмесе, сатушы тауардың сатып алушыға дереу берiлуiн немесе оның сатып алушының сол тауар үшiн төлеген ақша сомасының қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті.
452-бап. Сатып алушыға тауар жеткiзiп беру туралы талап қойылатын шарт
1. Сатып алушыға тауар жеткiзiп беру туралы талап қойылып шарт жасалған жағдайларда сатушы тауарды сатып алушы көрсеткен жерге шартта белгіленген мерзімде жеткізіп беруге міндетті.
2. Егер заң актілерінде, шартта өзгеше көзделмесе немесе ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатып алушыға, ал ол болмаған кезде шарттың жасалғандығын немесе тауарды жеткізіп берудің ресімделуін куәландыратын түбіртекті немесе өзге бір құжатты көрсеткен кез келген адамға тауар табыс етілген кезден бастап сатушы шартты орындады деп есептеледі.
453-бап. Тауардың бағасы және оған ақы төлеу
1. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе немесе ол міндеттеменің мәнінен туындама, сатып алушы шарт жасасу кезінде сатушы жариялаған баға бойынша тауарға ақы төлеуге міндетті.
2. Шартта тауарға алдын ала ақы төлеу (осы Кодекстің 440-бабы) көзделген жағдайларда сатып алушының шартта белгіленген мерзімде тауарға ақы төлемеуі, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, сатып алушының шартты орындаудан бас тартқаны деп танылады.
3. Тауарларды кредитке бөлшектеп сатып алу-сату, соның ішінде сатып алушының тауарларға төлемді бөліп-бөліп төлеу талабы қойылған шартына осы Кодекстің 441-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген ережелер қолданылмауға тиіс.
4. Сатып алушы тауарға ақыны бөліп-бөліп төлеудің шартта белгіленген кезеңі шегінде тауарға кез келген уақытта толық төлем жасауға құқылы.
454-бап. Сапасы лайықты тауарды алмастыру
1. Сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауар өзіне берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаған болса, сатып алынған тауарды сату орнында немесе сатушы хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері, нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жинақтылығы және т.б. бойынша соған ұқсас тауармен алмастырып алуға құқылы.
2. Сатушыдан алмастыруға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға қайтарып беруге және оған төленген ақша сомасын алуға құқылы.
3. Егер тауар пайдаланылмай, оның тұтыну қасиеттері сақталса және оның сол сатушыдан сатып алынғандығына дәлелдер болса, сатып алушының тауарды алмастыру немесе оны қайтару туралы талаптары қанағаттандырылуға тиіс.
4. Осы бапта аталған негiздемелер бойынша алмастырылуға немесе қайтарылуға жатпайтын тауарлардың тiзбесi заңдарда белгiленген тәртiппен айқындалады.
455-бап. Сатып алушының оған сапасы лайықсыз тауар сатылған жағдайдағы құқықтары
1. Сапасы лайықсыз тауар сатылған сатып алушы, егер сатушы оның кемшiлiктерiн айтпаған болса, осы Кодекстiң 428-бабының 1-тармағында көзделген әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы, бұл орайда сатып алушы сатушының талап етуi бойынша және оның есебiнен алынған сапасы лайықсыз тауарды қайтарып беруге тиiс.
2. Тауар үшiн төленген ақша сомасын сатып алушыға қайтарған кезде сатушының одан тауарды толық немесе iшiнара пайдаланудан, оның тауар түрiн жоғалтудан және т.б. болған тауар құнының төмендеген сомасын ұстап қалуға құқығы жоқ.
456-бап. Тауарды алмастыру, сатып алу бағасын кеміту және сапасы лайықсыз тауарды қайтару кезiнде баға айырмасының орнын толтыру
1. Сапасы лайықсыз тауарды шартқа сәйкес сапасы лайықты тауарға алмастыру кезiнде сатушының шартта белгiленген тауар бағасы мен тауарды алмастыратын немесе тауарды алмастыру туралы сот шешім шығарған кезде қолданылатын тауар бағасы арасындағы айырманың орны толтырылуын талап етуге құқығы жоқ.
2. Сапасы лайықсыз тауарды соған ұқсас, бiрақ көлемi, пiшiнi, сорты және т.б. жағынан өзгеше сапасы лайықты тауарға алмастырған кезде алмастырылатын тауардың айырбастаған кездегі бағасы мен сапасы лайықсыз тауардың орнына берілетін тауар бағасының арасындағы айырманың орны толтырылуға тиiс.
Егер сатушы сатып алушының талабын қанағаттандырмаса, бұл баға тауарды алмастыру туралы сот шешiм шығарған кезде белгiленедi.
3. Тауардың сатып алу бағасын соған орай кемiту туралы талап қойылған жағдайда бағасын арзандату жөнiнде талап қойылған кездегi, ал егер сатып алушының талаптары ерiктi түрде қанағаттандырылмаса, бағаны соған орай кемiту туралы сот шешiм шығарған кездегi тауар бағасы есепке алынады.
4. Сапасы лайықсыз тауарды сатушыға қайтарған кезде сатып алушы шартта белгiленген тауар бағасы мен сатып алушының талабын ерiктi түрде қанағаттандырған кездегi, ал егер талап ерiктi түрде қанағаттандырылмаса, сот шешiм шығарған кездегi тиістi тауар бағасы арасындағы айырманың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
457-бап. Сатушының жауапкершілігі және мiндеттеменi заттай орындау
Сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемесiн орындамаған жағдайда залалдарды өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеу сатушыны мiндеттемесiн заттай орындаудан босатпайды.
3. Тауар жеткiзiлiмi
458-бап. Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
Кәсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.
459-бап. Тауар жеткiзiлiмi шартын жасасу кезіндегі келiспеушiлiктердi реттеу
1. Тауар жеткiзілiмi шартын жасасу кезiнде тараптар арасында шарттың жекелеген талаптары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасасуды ұсынған және басқа тараптан осы талаптарды келісу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн iшiнде, егер өзге мерзiм тараптармен келісілмеген болса, шарттың тиiстi талаптарын келiсу жөнiнде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасасудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиiс.
2. Шарттың тиiстi талаптары бойынша ұсыныс алған, бiрақ тауар беру шартының талаптардың келiсу жөнiнде шара қолданбаған және осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде шарт жасасудан бас тарту туралы екінші тарапқа хабарламаған тарап шарт талаптарын келісуден жалтару туғызған залалдарды өтеуге міндетті.
460-бап. Тауар жеткiзiлiмi шартының қолданылу мерзiмi
1. Тауар жеткiзiлiмi шарты бiр жылға, бiр жылдан астам мерзiмге (ұзақ мерзiмдi шарт) немесе тараптардың келісімiнде көзделген өзге де мерзiмге жасалуы мүмкiн.
Егер шартта оның қолданылу мерзiмi белгiленбесе және ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, шарт бiр жылға жасалған деп танылады.
2. Егер ұзақ мерзiмдi шартта берiлуге тиiс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бiр жылға немесе неғұрлым ұзақ мерзiмге белгiленсе, шарттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн кейiнгі кезеңдерге арналған тиiстi талаптар тараптардың келiсу тәртібімен белгiленуге тиiс. Шартта келiсу тәртібі болмаған жағдайда шарт тиiсiнше бiр жылға немесе шарт талаптары келісілген мерзiмге жасалған болып танылады.
461-бап. Тауар жеткiзiлiмi кезеңдерi
1. Егер тараптар шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде тауарлардың жекелеген топтармен жеткiзiлiмiн көздеген болса және онда жекелеген топтардың жеткізілімі мерзімдері (жеткізілім кезеңдерi) белгiленбесе, заң актілерінен, iскерлiк айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, тауарлар ай сайын бiркелкi топтармен жеткiзiлiп отыруға тиiс.
2. Шартта тауар жеткiзiлiмi кезеңдерiн айқындаумен қатар, тауарлар жеткiзiлiмi (онкүндiк, тәулiктiк, сағаттық және т.б.) кестесi белгіленуі мүмкін.
3. Тауарлардың мерзiмiнен бұрын жеткiзiлiмi сатып алушының келiсуiмен жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Мерзiмiнен бұрын берiлген және сатып алушы қабылдап алған тауарлар келесi кезеңде берiлуге тиiс тауарлар санының есебiне енгiзiледi.
462-бап. Тауарлар жеткiзiлiмiнiң тәртібі
1. Тауар беруші сатып алушыға немесе шартта сатып алушы ретінде көрсетілген адамға шарт бойынша тауарды тиеп-жөнелту (беру) жолымен тауарлар жеткiзiлiмiн жүзеге асырады.
2. Шартта тауар берушіге тауарларды алушыларға тиеп-жөнелтуi туралы сатып алушының нұсқау (тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз) беру құқығы көзделген жағдайларда тауар берушi тауарларды тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазда көрсетiлген алушыларға тиеп-жөнелтудi (берудi) жүзеге асырады.
3. Тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны және оны сатып алушының тауар берушiге жiберу мерзiмi шартта белгiленедi. Егер шартта тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз жiберу мерзiмi көзделмесе, ол жеткiзiлiм кезеңi басталғанға дейiн отыз күннен кешiктiрiлмей тауар берушiге жiберiлуге тиiс.
4. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушының тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазының белгiленген мерзiмде табыс етiлмеуi тауар берушiге шартты орындаудан бас тартуға құқық бередi.
463-бап. Тауарларды жеткiзiп беру
1. Тауар берушi тауарларды жеткiзiп берудi оларды шартта көзделген көлiкке тиеп және шартта белгiленген жағдайларда жөнелту жолымен жүзеге асырады.
2. Егер шартта тауарды жеткiзiп берудiң қандай көлiк түрiмен немесе қандай жағдайларда жүзеге асырылатындығы белгiленбесе, көлiк түрiн таңдау немесе тауарды жеткiзiп беру жағдайларын белгiлеу құқығын заң актілерінен, iскерлiк айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамайтындықтан тауар беруші иеленеді.
464-бап. Жетiспеген тауардың орнын толтыру
1. Тауар жеткiзiлiмiнiң жекелеген кезеңiнде тауардың жетiспеуiне жол берген тауар берушi жетiспейтiн тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзiмi шегіндегі келесi кезеңде (кезеңдерде) орнын толтыруға мiндеттi.
2. Ұзақ мерзiмдi шарт бойынша тауар берушiнiң жекелеген тауар жеткiзiлімi кезеңiнде кем берген тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарлардың жетiспеуiне жол берiлген жыл iшіндегі келесi кезеңде (кезеңдерде) орны толтырылуға тиiс.
3. Тауар берушi шартта немесе сатып алушының тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазында аталған бiрнеше алушыға тауарларды тиеп-жөнелткен жағдайда алушының біреуіне шартта немесе тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазында көзделген санынан артық жіберілген тауарлар, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа алушылардағы жетiспеушiлiктердi өтеуге есептелмейдi және тауар берушi оның орнын толтыруға тиiс.
4. Сатып алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауар берушіге хабарлай отырып, жеткiзiлiм мерзімi өткен тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Тауар беруші хабар алғанға дейін берілген тауарды сатып алушы қабылдауға және оған ақы төлеуге мiндеттi.
465-бап. Жетiспеушiлiктердiң орнын толтыру кезіндегі тауарлардың түр түрі
1. Жеткіліксіз беріліп, орны толтырылуға тиісті тауарлардың түр-түрi тараптардың келісімi бойынша айқындалады. Келісім болмаған жағдайда тауар берушi жетiспеушiлiкке жол берiлген кезеңге арнап белгiленген түр-түрi бойынша жеткiлiксiз берiлген тауарлар санының орнын толтыруға мiндеттi.
2. Бiр атаудағы тауарлардың шартта көзделгенiнен көбiрек мөлшердегі жеткізілімі нақ сол түр-түріне кіретін басқа атаудағы тауарлардың жетпегенiн толтыруға есептелмейдi және сатып алушының алдын ала берген жазбаша келісімiмен жасалатын жағдайларды қоспағанда, оның орны толтырылуға тиiс.
466-бап. Сатып алушының тауарды қабылдауы
1. Сатып алушы (алушы) тауар жеткiзiлiмi шартына сәйкес берілген тауар қабылдауда қамтамасыз ететiн барлық қажеттi іс-әрекеттi жасауға мiндеттi.
2. Сатып алушы (алушы) қабылдаған тауар заң актілерінде, тауар жеткiзiлiмi шартында немесе iскерлiк айналым дағдыларында белгiленген мерзiмде қаралуға тиiс.
Сатып алушы (алушы) сол мерзiмде заң актілерінде, шартта немесе iскерлiк айналым дағдыларында белгiленген тәртiппен қабылданған тауардың саны мен сапасын тексеруге және тауардың байқалған сәйкессiздiктерi немесе кемшiлiктерi туралы тауар берушiге жазбаша түрде дереу хабарлауға мiндеттi.
3. Сатып алушы (алушы) көлiк ұйымынан жеткiзiлген тауарды алған жағдайда тауардың көлiк және жолдама құжаттарында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ көлiк ұйымынан осы тауарды көлiк қызметiн реттейтiн заң актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде кез келген ережелердi сақтай отырып, қабылдауға мiндеттi.
467-бап. Сатып алушы қабылдамаған тауарды жауапкершiлiкпен сақтау
1. Сатып алушы (алушы) заң актілеріне немесе тауар жеткiзiлiмi шартына сәйкес тауар берушi жiберген тауардан бас тартса, ол бұл тауардың сақталуын (жауапкершiлiкпен сақтауды) қамтамасыз етуге және тауар берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Тауар берушi сатып алушы (алушы) жауапкершiлiкпен сақтауға қабылдаған тауарды әкетуге немесе қисынды мерзiмде оған билiк етуге мiндеттi.
Егер тауар берушi осы мерзiмде тауарға билiк етпесе, сатып алушы тауарды сатуға немесе оны тауар берушiге қайтаруға құқылы.
3. Тауарды жауапкершiлiкпен сақтауға қабылдауға, тауарды сатуға немесе оны сатушыға қайтаруға байланысты сатып алушы (алушы) шеккен қажеттi шығындарды тауар берушi өтеуге тиiс.
Бұл орайда тауарды сатудан түскен сома сатып алушыға тиесілі сома шегеріле отырып тауар берушiге берiледi.
4. Сатып алушы заң актілерiнде немесе шартта белгiленбеген негiздерсiз тауар берушiден тауар қабылдамаған немесе оны қабылдаудан бас тартқан жағдайларда тауар берушi сатып алушыдан тауарға ақы төлеудi талап етуге құқылы.
468-бап. Тауарларды таңдау
1. Тауар жеткiзiлiмi шартында сатып алушының (алушының) тауарларды тауар берушiнiң орналасқан жерiнен алуы (тауарлар таңдауы) көзделуi мүмкiн.
2. Егер шартта таңдау мерзiмi көзделмесе сатып алушының (алушының) тауарлар таңдауы тауар берушiнiң тауарлар дайын деген хабарын алғаннан кейін қисынды мерзімде жүргізілуге тиіс.
3. Тауар жеткiзiлiмi шартында сатып алушының (алушының) тауар берушi орналасқан жерде тауар таңдауы көзделген кезде, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, сатып алушы берiлетiн тауарларды қарап-көрудi олар берiлетiн жерде жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Сатып алушының (алушының) шартта белгiленген тауар жеткізілімі мерзімінде, ал ол болмаған кезде - тауар берушінің тауарлардың дайын екендігі туралы хабарын алғаннан кейін қисынды мерзiмде тауарларды таңдамалы тауар берушiге шартты орындаудан бас тартуға немесе сатып алушыдан тауарларға ақы төлеудi талап етуге құқық бередi.
469-бап. Жеткiзiлетiн тауарлар үшiн есеп айырысу
1. Сатып алушы жеткiзiлетiн тауарларға шартта көзделген есеп айырысу тәртібі мен нысандарын сақтай отырып ақы төлейдi. Егер тараптардың келісімiнде есеп айырысудың тәртібі мен нысаны белгiленбесе, есеп айырысу төлем тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады.
2. Егер шартта тауардың жиынтыққа енетiн жекелеген бөлiктерiмен жеткiзiлiмi көзделген болса, шартта өзгеше белгiленбегендiктен, сатып алушы тауарға ақы төлеудi жиынтыққа енетiн соңғы бөлiктi тиеп-жөнелткеннен (таңдап алғаннан) кейiн жүзеге асырады.
3. Егер шартта алушының (төлеушiнiң) тауарға ақы төлеудi жүзеге асыратыны көзделсе және соңғысы ақы төлеуден негізсіз бас тартса не шартта белгiленген мерзiмде тауарға ақы төлемесе, тауар берушi сатып алушыдан жеткiзiлген тауарға ақы төлеудi талап етуге құқылы.
470-бап. Ыдыс және буып-түю
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы (алушы) тауар берушiге заң актілерінде белгiленген тәртiп пен мерзiмде тауар келiп түскен көп айналымды ыдысты және буып-түю құралдарын қайтаруға мiндеттi.
2. Басқа да ыдыс пен буып-түю заттары тауар берушіге шартта көзделген жағдайларда ғана қайтарылуға тиiс.
471-бап. Сапасы лайықсыз тауар жеткiзiлімінiң салдары
1. Өзiне сапасы лайықсыз тауар жеткiзiлген сатып алушы (алушы) тауар берушiге осы Кодекстiң 428-бабында көзделген талаптарды қоюға құқылы, бұған жеткiзiлген тауардың кемшiлiктерi туралы сатып алушының хабарын алған тауар берушi жеткiзiлген тауарды кешiктiрмей сапасы лайықты тауармен алмастырған жағдайлар қосылмайды.
2. Өзiне берiлген тауарды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын сатып алушы (алушы), егер тауар жеткiзiлiмi шартында өзгеше көзделмесе, тұтынушы қайтарған сапасы лайықсыз тауарды қисынды мерзiмде алмастыруды талап етуге құқылы.
472-бап. Жиынтықталмаған тауарлар жеткізілімінің салдары
1. Тауар жеткiзiлiмі шартының жағдайларын, заң актілерінiң талаптарын не әдетте жиынтықтауға қойылатын талаптарды бұза отырып, тауарлар берiлген сатып алушы (алушы) тауар берушiге осы Кодекстiң 433-бабында көзделген талаптарды қоюға құқылы, бұған жеткiзiлген тауарлардың жиынтықталмағандығы туралы сатып алушының хабарын алған тауар берушi тауарларды кешiктiрмей толықтырған не оларды жиынтықталған тауарлармен алмастырған жағдай қосылмайды.
2. Тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын сатып алушы (алушы), егер тауар беру шартында өзгеше көзделмесе, тұтынушы қайтарған жиынтықталмаған тауарларды қисынды мерзімде жиынтықталған тауарлармен алмастыруды талап етуге құқылы.
473-бап. Тауар жеткiлiксiз берiлiп, тауардың кемшiлiктерiн жою туралы немесе тауарды толық жиынтықтау туралы талаптар орындалмаған жағдайдағы сатып алушының құқықтары
1. Егер тауар берушi тауарларды шартта көзделген мөлшерде бермесе не сатып алушының сапасы лайықсыз тауарды алмастыру туралы немесе белгiленген мерзiмде тауарды толық жиынтықтау туралы талаптарын орындамаса, сатып алушы оларды сатып алу жөніндегі барлық қажеттi және қисынды шығындарды тауар берушiге жатқыза отырып, берiлмеген тауарларды басқа адамдардан сатып алуға құқылы.
Сатып алушының басқа адамдардың тауарлар сатып алуға жұмсаған шығындарын есептеу, тауар берушi оларды толық бермеген немесе тауарлардың кемшiлiктерiн жою туралы не тауарларды толық жиынтықтау туралы талаптар орындалмаған жағдайда, осы Кодекстiң 411-бабының 1-тармағында көзделген ережелер бойынша жүргiзiледi.
2. Сатып алушы (алушы) сапасы лайықсыз тауарларға және жиынтықталмаған тауарларға ақы төлеуден бас тартуға, ал егер мұндай тауарларға ақы төленiп қойған болса, төленген соманы тауарлардағы кемшiлiктер жойылғанға және тауарлар толық жиынтықталғанға дейін не олар алмастырылғанға дейін қайтаруды талап етуге құқылы.
474-бап. Тауарды жеткiлiксiз бергенi немесе тауар берудi кешiктiргенi үшiн тұрақсыздық айыбы
Тауарды жеткiлiксiз бергенi немесе берудi кешiктiргенi үшiн заң актілерінде немесе шартта белгiленген тұрақсыздық айыбы, егер заң актілерінде немесе шартта тұрақсыздық айыбын өндiрiп алудың өзгеше тәртібі белгіленбесе, шартта белгіленген күннен бастап, міндеттеменің нақты орындалған күніне дейін өндіріп алынуы мүмкін.
475-бап. Тауар берудiң бiрнеше шарттары бойынша бiртектес мiндеттемелердi өтеу
1. Тауар берушi сатып алушыға аттас тауарлар жеткізудi тауар жеткiзiлiмiнiң бiрнеше шарттары бойынша жүзеге асыратын және жеткiзген тауарлар саны тауар берушiнiң барлық шарттар бойынша мiндеттемелерiн өтеуге жетпейтін жағдайларда жеткiзiлген тауарлар тауар жеткiзiлiмiн жүзеге асыру кезiнде не жеткiзiлгеннен кейiн кешiктiрiлмей тауар берушi көрсеткен шарттың орындалу есебiне есептелуге тиiс.
2. Егер сатып алушы тауар жеткiзiлiмiнiң бiрнеше шарттары бойынша алған аттас тауарлар үшiн тауар берушіге ақы төлеген болса және төленген сома сатып алушының барлық шарттар бойынша міндеттемелерін өтеуге жетпесе, төленген сома тауарларға ақы төлеудi жүзеге асыру кезiнде не ақы төленгеннен кейiн кешiктiрiлмей сатып алушы көрсеткен шарттың орындалу есебiне есептелуге тиiс.
3. Егер тауар берушi немесе сатып алушы өздерiне осы баптың және 1 және 2-тармақтарына сәйкес берiлген құқықтарды пайдаланбаса, міндеттеменiң орындалуы орындау мерзiмi ертерек басталған шарт бойынша міндеттемелерді өтеуге есептеледі. Егер бірнеше шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі бір мезгілде басталса, орындауға берілген мерзім барлық шарттар бойынша міндеттемелердің өтелуіне бара-бар түрде есептеледі.
476-бап. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту
1. Тараптардың бiреуi (осы Кодекстiң 401-бабы 2-тармағының екiншi бөлiгi) шартты елеулi түрде бұзған жағдайда шартты (толық немесе iшiнара) орындаудан бiржақты бас тартуға немесе оны бiржақты өзгертуге жол берiледi.
2. Тауар берушiмен шарттың бұзылуы мына жағдайларда:
1) кемшiлiгi бар, сапасы лайықсыз тауар берiлiп, ол кемшiлiктердi сатып алушы үшiн қолайлы мерзiмде жою мүмкiн болмағанда;
2) тауар беру мерзiмдерi бiрнеше рет бұзылғанда елеулi деп ұйғарылады.
3. Сатып алушымен шарттың бұзылуы мына жағдайларда:
1) тауарларға ақы төлеу мерзімдері бірнеше рет бұзылғанда;
2) бiрнеше рет тауарлар таңдалып алынбағанда елеулi деп ұйғарылады.
4. Тараптардың келісімiмен шартты орындаудан немесе оны бiржақты өзгертуден бiржақты бас тартудың өзге де негiздерi көзделуi мүмкiн.
5. Бiр тарап шартты өзгерту немесе оны орындаудан бiржақты бас тарту туралы екінші тараптан хабар алған кезден бастап, егер хабарда шартты бұзудың немесе өзгертудiң өзге мерзiмi көзделмесе не тараптардың келісімiнде белгiленбесе, тауар жеткiзiлiмi шарты бұзылған немесе өзгертiлген деп есептеледi.
477-бап. Шарт бұзылған жағдайда залалды есептеу
1. Егер сатушының мiндеттеменi бұзуы салдарынан шарт бұзылғаннан кейiн сатып алушы тауарды қисынды мерзiмде шартта көрсетілгенінің орнына басқа адамнан неғұрлым жоғары, бірақ қисынды бағамен сатып алса, ол сатушыға шартта белгіленген баға мен орнына жасалған мәміле бойынша белгіленген баға арасындағы айырма түрінде залалды өтеу туралы талап қоя алады.
2. Егер сатып алушының мiндеттеменi бұзуы салдарынан шарт бұзылғаннан кейiн сатушы тауарды қисынды мерзiмде басқа адамға шартта көзделгенiнен неғұрлым төмен, бiрақ қисынды бағамен сатса, сатушы сатып алушыға шартта белгіленген баға мен орнына жасалған мәміле бойынша белгіленген баға арасындағы айырма түрінде залалды өтеу туралы талап қоя алады.
3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негiздер бойынша шарт бұзылғаннан кейiн бұзылған шарттың орнына мәмiле жасалмаса және осы тауардың ағымдағы бағасы болса, тарап шартта белгiленген баға мен шарт бұзылған кездегi ағымдағы баға арасындағы айырма түрiнде залалды өтеу туралы талап қоя алады.
Әдетте салыстырмалы мән-жайларда ұқсас тауарлар үшiн тауар беру жүзеге асырылуға тиiстi жерде алынатын баға ағымдағы баға деп танылады. Егер бұл жерде ағымдағы баға болмаса, басқа жерде қолданылған ағымдағы баға пайдаланылуы мүмкiн, ол тауарды тасымалдау жөніндегі шығындар айырмасы ескерiлетiн қисынды айырбас бола алады.
4. Осы баптың 1 және 3-тармақтарында көзделген талаптарды қанағаттандыру мiндеттемесiн орындамаған тарапты, осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы негiзiнде, екiншi тарапқа келтiрiлген өзге залалды өтеуден босатпайды.
4. Келісім-шарт жасасу
478-бап. Келісім-шарт жасасу шарты
1. Келісім-шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзi өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн - ұқсату немесе сату үшiн осындай өнiмдi сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге мiндеттенедi.
2. Осы параграфтың ережелерiмен реттелмеген келісім-шарт жасасу шарты бойынша қатынастарға тауар беру шарты туралы ережелер (осы Кодекстiң 458-477-баптары) қолданылады.
479-бап. Дайындаушының мiндеттерi
1. Егер келісім-шарт жасасу шартында өзгеше көзделмесе, дайындаушы өндiрушiден ауыл шаруашылық өнiмiн оның тұрған жерiнде қабылдауға және тасып әкетудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Ауыл шаруашылық өнiмiн қабылдау дайындаушы орналасқан жерде немесе ол көрсеткен өзге орында жүзеге асырылатын жағдайда дайындаушының келісім-шарт жасасу шартының талаптарына сәйкес келетiн және дайындаушыға шартта келісілген мерзiмде берiлген ауыл шаруашылық өнiмiн қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
Дайындаушы өнiм сапасын стандарттарға сәйкес дәл анықтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Келісім-шарт жасасу шартында ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатуды жүзеге асыратын дайындаушының өндiрушiге оның талап етуi бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатудан қалған қалдықтарды шартта белгiленген баға бойынша ақы төлете отырып қайтару мiндетi көзделуi мүмкiн.
480-бап. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiнiң мiндеттерi
Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi дайындаушыға өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн мөлшерi, сапасы мен түр-түрi келісім-шарт жасасу шартында көзделгендей етiп беруге мiндеттi.
481-бап. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiнiң жауапкершiлiгi
Мiндеттеменi орындамаған немесе мiндеттеменi тиiстi түрде орындамаған ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзiнiң кiнәсi болған жағдайда жауапты болады.
5. Энергиямен жабдықтау
482-бап. Энергиямен жабдықтау шарты
1. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
2. Энергиямен жабдықтау шарты жария болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы).
3. Тараптар үшiн мiндеттi болып табылатын энергиямен жабдықтау шартының талаптары осы Кодекске және басқа да заң актілеріне сәйкес белгiленедi.ҚР 08.01.03 ж. № 376-II Заңымен 483-бап өзгертілді
483-бап. Энергиямен жабдықтау шартын жасасу және ұзарту
1. Энергиямен жабдықтау шарты абонентпен онда энергиямен жабдықтаушы ұйымның желілеріне жалғанған қажетті жабдық болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалады.
2. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда белгiленген тәртiппен абоненттi жалғанған желiге алғаш рет iс жүзiнде қосылған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледi.
Егер тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, мұндай шарт белгiсiз мерзiмге жасалған болып есептеледi және осы Кодекстiң 490-бабында көзделген негiздер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
3. Мерзiм аяқталғаннан кейiн энергиямен жабдықтау шартын тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi болмаған жағдайда ол шартта көзделген дәл сондай мерзiмге және нақ сондай талаптар бойынша ұзартылған болып есептеледі. Шартты жаңа мерзiмге ұзартқан кезде тараптардың келісімi бойынша оның талаптары өзгертiлуi мүмкiн.
4. Егер шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн тараптардың бiрiнен жаңа шарт жасасу туралы ұсыныс енгiзiлсе, тараптардың қатынастары жаңа шарт жасалғанға дейiн бұрынғы жасалған шартпен реттеледi.
484-бап. Энергия мөлшерi
1. Энергиямен жабдықтаушы ұйым шартта көзделген мөлшерде және тараптар келiскен энергия беру режимiн сақтай отырып, абонентке жалғанған желі арқылы энергия беруге мiндеттi. Энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және абонент қабылдаған энергияның мөлшерi оның нақты тұтынылуы туралы есеп деректерiне сәйкес анықталады.
2. Энергия берудi шартта келісілмеген мөлшерде қамтамасыз етуге байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым шеккен шығындарды өтеген жағдайда шартта абоненттiң өзi алатын энергияның шартта белгіленген мөлшерін өзгертуге құқығы көзделуі мүмкін.
3. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда ол энергияны өзiне қажеттi мөлшерде пайдалануға құқылы. Энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және абонент алған энергия мөлшері есептеу аспаптарының көрсеткіштерімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде - есеп айырысу жолымен анықталады.
485-бап. Энергия мөлшерi туралы шарт талаптарын бұзудың зардабы
Егер энергиямен жабдықтаушы ұйым жалғанған желi арқылы абонентке энергияны шартта көзделгенінен аз мөлшерде берсе, заң актілерінде, шартта өзгеше көзделмесе немесе ол міндеттеменің мәнiнен туындамаса, осы Кодекстiң 419-бабында көзделген ережелер қолданылады.
486-бап. Энергияның сапасы
1. Энергиямен жабдықтаушы ұйым беретiн энергияның сапасы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген немесе шартта көзделген талаптарға сәйкес болуға тиiс.
2. Энергиямен жабдықтаушы ұйым энергияның сапасына қойылатын талаптарды бұзған жағдайда, егер заң актілерінде, шартта өзгеше көзделмесе немесе ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, осы Кодекстiң 491-бабында көзделген ережелер қолданылады.
487-бап. Абоненттiң желiлердi, аспаптар мен жабдықтарды күтiп ұстау және пайдалану жөніндегі мiндеттерi
1. Абонент өз пайдалануындағы энергетикалық желiлердiң, аспаптар мен жабдықтардың тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, энергияны тұтынудың белгiленген режимін сақтауға, сондай-ақ авариялар, өрт, энергия есептеу аспаптарының ақаулы болуы және энергияны пайдалану кезiнде туындайтын өзге де кемшiлiктер туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымға дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда энергетикалық желiлердiң, сондай-ақ энергия тұтынуды есептейтiн аспаптардың тиiстi техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мiндетi, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктеледi.
3. Энергетикалық желiлердiң, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйiне және оларды пайдалануға қойылатын талаптар заңдармен белгiленедi.
4. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерiн абонент пайдалануындағы энергетикалық желiлердiң, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйін және қауiпсiздiгiн бақылау үшiн аспаптарға жiберуге мiндеттi. Олардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі заңдармен белгiленедi.
488-бап. Энергияға ақы төлеу
1. Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, энергияға ақы төлеу есепке алу аспаптарының көрсеткіштерiне сәйкес анықталатын, абонент iс жүзiнде алған энергия мөлшерi үшiн, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.
2. Энергия үшiн есеп айырысу тәртібі заңдармен немесе тараптардың келісімiмен белгiленедi.
489-бап. Абоненттiң энергияны басқа тұлғаға беруi
1. Абонент жалғанған желi арқылы энергиямен жабдықтаушы ұйымнан өзi алған энергияны басқа тұлғаға (қосалқы абонентке) энергиямен жабдықтайтын ұйымның келiсуiмен ғана бере алады.
2. Абоненттiң қосалқы абонентке энергия беру жөніндегі шартына, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы параграфтағы ережелер қолданылады.
3. Қосалқы абонентке энергия беру кезiнде, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымның алдында абонент жауапты болады.
490-бап. Шартты өзгерту және бұзу
1. Абоненттiң энергетикалық қондырғыларының мемлекеттік энергетикалық қадағалау органы куәландырған қанағаттанғысыз жай-күйi авария қаупiн туғызатын немесе азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайды қоспағанда, энергияны үзiлiспен беруге, тоқтатуға немесе шектеп беруге тараптардың келісімi бойынша жол берiледi. Энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке энергияны үзiлiспен беру, тоқтату немесе шектеп беру туралы алдын ала ескертуге тиiс.
2. Энергиямен жабдықтау ұйымы жүйесiнде аварияның алдын алу немесе оны жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдану қажет болған жағдайда абоненттiң келiсуiнсiз және оған ескертпей, бiрақ оған дереу хабарлай отырып энергияны үзіліспен беруге, тоқтатуға немесе шектеп беруге жол беріледі.
3. Заңдарда үздiксiз циклды өндiрiс үшiн энергия берудегi үзіліске оның берiлуiн тоқтатуға немесе шектеуге жол берiлмейдi және заңдармен реттеледi.
4. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланушы азамат абонент болған жағдайларда, бұл туралы ол энергиямен жабдықтаушы ұйымға хабарлап, пайдаланған энергия ақысын толық төлеген кезде шарттан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы.
5. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтынуға пайдаланушы азамат абонент болған жағдайларда энергиямен жабдықтаушы ұйым шартты орындауды тоқтатқанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей абонентке ескерткен жағдайда өзi пайдаланған энергияға абоненттiң ақы төлемеуiне байланысты шарттың орындалуын бiр жақты тоқтатуға құқылы.
491-бап. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша жауаптылық
1. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайларда энергиямен жабдықтаушы ұйым мен абонент осыдан келтiрiлген нақты залалды өтеуге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы).
2. Егер заңдар негiзiнде жүзеге асырылған энергия тұтыну режимiн реттеу нәтижесiнде абонентке энергия беруде үзiлiс жасалған болса, энергиямен жабдықтаушы ұйым өзi кiнәлi болған жағдайда шарт мiндеттемелерiнiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшін жауапты болады.
492-бап. Энергиямен жабдықтау шартының ережелерiн жалғанған желi арқылы жабдықтау жөніндегі өзге де қатынастарға қолдану
1. Жалғанған желi арқылы жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қатынастарға, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, осы параграфтың ережелерi қолданылады.
2. Жалғанған желi арқылы газбен, мұнаймен және мұнай өнiмдерiмен, сумен, басқа да тауарлармен жабдықтау жөніндегі қатынастарға, егер заңдарда, шартта өзгеше белгiленбесе немесе ол мiндеттемелер мәнiнен туындамаса, осы параграфтың ережелерi қолданылады.
6. Кәсiпорынды сату
493-бап. Кәсiпорынды сату шарты
1. Кәсiпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алушының меншiгiне (осы Кодекстiң 119-бабы) беруге мiндеттенедi, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен мiндеттер қосылмайды.
2. Кәсiпорынның қызметкерлерi жөніндегі құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен сатушыдан сатып алушыға ауысады.
3. Фирмалық атауларды, тауар белгiлерiн, қызмет көрсету белгiлерiн және сатушыны дараландыратын басқа да құралдар мен оның өнiмдерiн, оның атқаратын жұмысын немесе көрсететiн қызметiн пайдалану құқықтары, сондай-ақ лицензия негiзiнде дараландыратын құралдарды пайдалану жөнiнде сатушыға тиесiлi құқықтар, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушыға ауысады.
4. Тиiстi қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негiзiнде алынған құқықтар, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынды сатып алушыға ауыспауға тиіс. Шарт бойынша берілетін кәсіпорынның құрамына оның арнайы рұқсаты (лицензиясы) болмауынан сатып алушы орындай алмайтын мiндеттемелердiң енгiзiлуi сатып алушыны кредит берушiлер алдындағы тиісті міндеттемелерден босатпайды. Міндеттемелерді орындамағаны үшін сатушы мен сатып алушы кредит берушілер алдында бірдей жауап береді.
5. Кәсіпорын бірыңғай мүліктік кешен болған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорынды сату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 494-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
494-бап. Кәсiпорынды сату шартының нысаны
1. Кәсiпорынды сату шарты, осы Кодекстiң 495-бабының 2-тармағында аталған құжаттарды мiндеттi түрде қоса отырып, тараптардың қолы қойылған бiр құжат дайындау жолымен жазбаша түрде жасалады.
2. 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 495-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
495-бап. Сатуға жататын кәсiпорынның құрамын белгiлеу және құнын бағалау
1. Сатуға жататын кәсiпорынның құрамы мен құны, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, тараптардың келісімiмен айқындалады.
2. Шартқа қол қойылғанға дейiн тараптар: түгендеу актiсiн, бухгалтерлiк балансты, кәсiпорынның құрамы мен құны туралы аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін, сондай-ақ кредит берушiлердi, олар қойған талаптардың сипатын, мөлшерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып, кәсiпорынның құрамына енгiзiлетiн барлық борыштың (мiндеттемелердiң) тiзбесiн жасап, қарауға тиiс.
Аталған құжаттарда көрсетiлген мүлiк, құқықтар мен мiндеттер, егер осы Кодекстiң 493-бабынан өзгеше туындамайтын болса және шартта өзгеше белгiленбесе, сатушыдан сатып алушыға ауысуға тиiс.
496-бап. Кредит берушiлердiң кәсiпорынды сату кезіндегі құқықтары
1. Сатушы сатылатын кәсiпорынның құрамына енгiзiлген мiндеттемелер жөнiнде кәсiпорын сатып алушыға берiлгенге дейiн оны сату туралы кредит берушiлерге жазбаша түрде хабарлауға тиiс.
2. Борышты аударуға өз келісімiн беру туралы сатушыға жазбаша хабарламаған кредит берушi кәсiпорынның сатылатындығы туралы хабар алған күннен бастап үш ай iшiнде мiндеттемелердi тоқтатуды немесе мерзiмiнен бұрын орындауды және сатушының осыдан келген залалдарды өтеуiн не кәсiпорынды сату шартын толық немесе оның тиiстi бөлiгiн жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiп бойынша кәсiпорынды сату туралы хабардар етiлмеген кредит берушi сатушының кәсiпорынды сатып алушыға бергендiгi туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап бiр жыл iшiнде, осы баптың 2-тармағында көзделген талаптардың қанағаттандырылуы туралы талап қоя алады.
4. Кәсiпорын сатып алушыға берiлгеннен кейiн кредит берушiнiң келiсуiнсiз сатып алушыға аударылып, берiлген кәсiпорынның құрамына енгiзiлген борыш үшiн сатушы мен сатып алушы бiрдей жауап бередi.
497-бап. Кәсiпорынды беру
1. Сатушының кәсiпорынды сатып алушыға беруi өткізу актiсi бойынша жүзеге асырылады, онда кәсiпорынның құрамы жөніндегі және кәсiпорынды сату туралы кредит берушiлерге хабарлау жөніндегі деректер, сондай-ақ берiлген мүлiктен табылған кемшiлiктер туралы мәлiметтер және оны жоғалтып алуға байланысты беру мiндеттерiн орындау мүмкiн болмайтын мүлiктердiң тiзбесi көрсетiледi.
2. Өткізу актiсiн жасауды және оны қол қоюға табыс етудi қоса алғанда, кәсiпорынды беруге дайындау сатушының мiндетi болып табылады, егер шартта өзгеше көзделмесе, соның есебiнен жүзеге асырылады.
3. Өткізу актiсiнде екi тарап қол қойған күннен бастап кәсiпорын сатып алушыға берiлген деп есептеледi.
Сол кезден бастап кәсiпорын құрамында берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатып алушыға ауысады.2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 498-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
498-бап. Кәсiпорынға құқықтардың ауысуы
1. Мемлекеттік тiркелуге жататын кәсiпорынның құрамына кiретiн мүлiкке құқық тiркелген кезден бастап сатып алушыға ауысады. Қалған мүлiкке құқықтар екi тарап табыстау актiсiне қол қойған кезден бастап ауысады.
2. 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Шартта сатып алушыға берiлген кәсiпорынға меншiк құқығы кәсiпорынға ақы төленгенше немесе өзге де мән-жайлар туғанға дейiн сатушының өзiнде қалдыру көзделген жағдайларда сатып алушы меншiк құқығы өзiне ауысқанға дейiн, берiлген кәсiпорынның құрамына кiретiн мүлiктер мен құқықтарды кәсiпорынның қызметiн мүлiктiк кешен ретiнде қамтамасыз ету үшiн қаншалықты қажет болса, соншалықты дәрежеде пайдалануға құқылы.
499-бап. Кемшiлiктерi бар кәсiпорынды беру мен қабылдаудың салдары
1. Кәсiпорынды өткізу актiсi бойынша құрамы шартта көзделгенге сәйкес келмейтiн кәсiпорынды сатушының беру және сатып алушының қабылдау салдары, соның iшiнде берiлген мүлiктердiң сапасына қатысты салдары, егер шарттан өзгеше туындамаса және ол осы баптың 2-4-тармақтарында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 413-415, 419, 422, 428, 432-баптарында көзделген ережелер негiзiнде айқындалады.
2. Кәсiпорынның анықталған кемшiлiктерi және жоғалған мүлiк туралы мәлiметтер көрсетiлген өткізу актiсi бойынша кәсiпорын берiлген және қабылданған жағдайларда (осы Кодекстiң 497-бабының 1-тармағы), егер мұндай жағдайларда өзге талаптар қою құқығы шартта көзделмесе, сатып алушы кәсiпорынның сатып алу бағасын тиiсiнше кемiтудi талап етуге құқылы.
3. Кәсiпорынның құрамында сатушының шартта немесе өткізу актiсiнде көрсетiлмеген борышы (мiндеттемелерi) өзiне берiлген жағдайда, егер сатушы шарт жасасу және кәсiпорынды беру кезiнде осы борыш (мiндеттемелер) туралы сатып алушының бiлгендiгiн дәлелдей алмаса, сатып алушы сатып алу бағасын кемiтудi талап етуге құқылы.
4. Сатушы берiлген кәсiпорынның құрамындағы мүлiктердiң жетпейтiндiгi немесе берiлуге тиiс мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң жоқ екендiгi туралы сатып алушыдан хабар алған жағдайда тиiсiнше сапалы емес мүлiктi кешiктiрмей алмастыруға немесе сатып алушыға жетпейтiн мүлiктi беруге тиiс.
5. Егер сатушы жауап беретiн кемшiлiктердiң салдарынан кәсiпорын сату шартында аталған мақсаттарға жарамсыз болып шықса және сатушы ол кемшiлiктердi осы Кодекске заң актілеріне немесе шартқа сәйкес белгiленген жағдайларда, тәртiп пен мерзiмде жоймаған болса, не кемшiлiктердi жою мүмкiн болмаса, сатып алушы сот тәртібімен кәсiпорынды сату шартын бұзуды немесе өзгертудi және тараптардың шарт бойынша орындаған нәрсесiн қайтарып берудi талап етуге құқылы.
500-бап Кәсiпорынды сату шартына мәмiлелердiң жарамсыздық салдары туралы және шартты бұзу мен өзгерту туралы ережелердi қолдану
Осы Кодекстiң мәмiлелердiң жарамсыздық салдары туралы және сатып алу-сату шартын бұзу мен өзгерту туралы, шарт бойынша бiр тараптан немесе екi тараптан алынғандарды заттай қайтаруды немесе өндiрiп алуды көздейтiн ережелерi, егер мұндай салдар сатушы мен сатып алушыға кредит берушiлердiң, басқа да адамдардың құқықтарын және заң актілерімен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзбайтын болса және қоғамдық мүдделерге қайшы келмесе кәсiпорынды сату шартына қолданылады.
26-тарау. Айырбас
501-бап. Айырбас шарты
1. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.
2. Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.
3. Осы тарауда көзделген ережелер, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса, құқықтарды айырбастауға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) қолданылады.
502-бап. Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар
1. Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр-бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөніндегі шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады.
2. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру мiндетiн орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi төлеуге тиiс.
503-бап. Айырбас шарты бойынша өзара тауар беру мiндеттемелерiн орындау
Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзiмдерi тұспа-тұс келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 284-бабы).
504-бап. Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы
Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде ауысады.
505-бап. Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды алып қойғаны үшiн жауапкершiлiк
Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды үшiншi тұлғалар алып қойған тарап осы Кодекстiң 414-бабында көзделген негiздемелер болған кезде басқа тараптан оның айырбасқа алған тауарын, ал тауарды заттай алу мүмкiн болмаған жағдайда оның құнын қайтаруды талап етуге құқылы
27-тарау. Сыйға тарту
506-бап. Сыйға тарту шарты
1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.
Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген ережелер қолданылады.
2. Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды.
Нақты сыйға тарту затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады.
3. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады.
Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады.2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 507-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
507-бап. Сый алушының сыйды алудан бас тартуы
1. Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған деп есептеледi.
2. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты тiркелген жағдайда сыйды алудан бас тарту да мемлекеттік тiркелуге тиiс.
3. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалған болса, сый берушi сый алушыдан сыйды алудан бас тартқаны үшiн өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.
508-бап. Сыйға тарту шартының нысаны
1. Сый алушыға сыймен қоса сыйға тарту осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызша жасалуы мүмкiн. Сыйды беру оны тапсыру, символдық беру (кiлттердi табыс ету және т.б.) не құқық белгiлейтiн құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты:
1) заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны заң актілерінде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен асатын;
2) шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етiлген жағдайларда жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда жарамсыз болады.
3. 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 509-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
509-бап. Сыйға тартуға тыйым салу
Құны заң актілерінде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:
1) жас балалар мен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкiлдерiнiң;
2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң және сол секiлдi мекемелердiң қызметкерлерiне олардың емдеуіндегі, асырауындағы не тәрбиесіндегі азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының;
3) мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сый тартуға жол берілмейді.
510-бап. Сыйға тартуды шектеу
1. Заты шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды тұлға, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң келісімiмен өзiнiң затын сыйлауға құқылы. Бұл шектеу құны заң актілерінде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға қолданылмайды.
2. Бiрлескен ортақ меншiктегi мүлiктi сыйға тартуға бiрлескен меншiктiң барлық қатысушыларының келісімi бойынша осы Кодекстiң 220-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып жол берiледi.
3. Сый берушiге тиесiлi талап құқықтарын үшiншi тұлғаға сыйға тарту осы Кодекстiң 339-343, 345, 346-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
4. Үшiншi тұлға алдында сый алушының мiндеттерiн орындау арқылы сыйға тарту осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
Үшiншi тұлға алдында сый берушiнiң сый алушы борышын өзiне аудару арқылы сыйға тартуы осы Кодекстiң 348-бабында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
5. Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенімхатында сый алушы аталмаса және сыйға тартатын заты көрсетiлмесе, ол жарамсыз болады.
511-бап. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту
1. Егер шарт жасалғаннан кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы шартты жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе, сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат немесе құқық беру уәдесiн немесе сый алушыны мүлiктiк мiндеттен босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат не құқық беру уәдесiн, не сый алушыны оған сыйға тартуды өзгерту құқығын берушi негiздемелер бойынша мүлiктiк мiндеттемеден босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы (осы Кодекстiң 512-бабының 1-тармағы).
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша сыйға тартушының сыйға тарту шартын орындаудан бас тартуы сый алушыға залалдарды өтеудi талап ету құқығын бермейдi.
512-бап. Сыйға тартудың күшiн жою
1. Егер сый алушы сыйға тартушының өмiрiне, оның отбасы мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының бiреуiне қастандық жасаса не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшін жоюға құқылы.
Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтiрген жағдайда сотта сыйға тартудың күшiн жоюды талап етуге сыйға тартушы мұрагерлерiнiң құқығы болады.
2. Егер сый алушының сыйға тартушы үшiн үлкен мүлiктiк емес құндылық болып саналатын сыйланған затты ұстауы оның бiржола жойылу қаупiн тудырса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн сот тәртібімен жоюды талап етуге құқылы.
3. Сот мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша, жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның оның кәсiпкерлiк қызметiне байланысты Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінің ережелерiн бұза отырып жасаған сыйға тартуының күшiн мұндай тұлғаны банкрот деп жариялаудың алдындағы бiр жыл iшiнде жоя алады.
4. Сыйға тарту шартында, сый берушi сый алушыдан ұзақ өмiр жүрген жағдайда, сыйға тартудың күшiн жою құқығы ескертiлуi мүмкін.
5. Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда, егер сыйланған зат сыйға тартудың күшi жойылған кезге дейiн сол күйiнде сақталса, сый алушы оны қайтаруға мiндеттi.
513-бап. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту және сыйға тартудың күшiн жою мүмкiн болмайтын жағдайлар
Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту туралы (осы Кодекстiң 511-бабы) және сыйға тартудың күшiн жою туралы (осы Кодекстiң 512-бабы) ережелер құны заң актілерінде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықтарға қолданылмайды (осы Кодекстiң 510-бабының 1-тармағы).
514-бап. Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан зиян келтiру зардабы
Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан сый алушы азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтiрiлген зиянды, егер бұл кемшiлiктер сый алушыға затты беруден бұрын пайда болғаны дәлелденсе және анық кемшiлiктер қатарына жатпаса, ал сыйға тартушы ол жөнiнде бiле тұра сый алушыға ескертпесе, осы Кодекстiң 47-тарауында көзделген ережелерге сәйкес сыйға тартушы өтеуге тиiс.
515-бап. Сыйға тартуға уәде беру кезіндегі құқық мирасқорлығы
1. Сыйға тарту шарты бойынша сыйға тартуға уәде берiлген сый алушының құқықтары, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауыспайды.
2. Сыйға тартуға уәде берген сыйға тартушының мiндеттерi, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауысады.
516-бап. Қайырмалдық
1. Жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырмалдық деп танылады.
Қайырмалдық азаматтарға, емдеу, тәрбие беру мекемелерiне, әлеуметтiк қорғау мекемелерiне және басқа да сол сияқты мекемелерге, қайырымдылық, ғылыми және оқу мекемелерiне, қорларға, мұражайлар мен басқа да мәдениет мекемелерiне, қоғамдық және дiни бiрлестiктерге, сондай-ақ мемлекетке және осы Кодекстiң 111 және 112-баптарында аталған азаматтық құқықтың басқа да субъектiлерiне жасалуы мүмкiн.
2. Қайырмалдықты алуға ешкiмнiң рұқсаты немесе келісімi талап етiлмейдi.
3. Азаматқа мүлiк қайырмалдыққа берілуге тиiс, ал заңды тұлғаларға қайырмалдық етушi осы мүлiктi белгiлi бiр мақсатқа пайдалануды ескертiп беруi мүмкiн. Мұндай талап болмаған жағдайда азаматқа мүлiктi қайырмалдыққа беру жай сыйға тарту болып есептеледi, ал басқа жағдайларда қайырмалдыққа берiлген мүлiктi сый алушы мүлiктi мақсатына сай пайдаланады.
Пайдалану үшiн белгiлi бiр мақсат белгiленген қайырмалдықты алушы заңды тұлға қайырмалдыққа берiлген мүлiктi пайдалану жөніндегі барлық операциялардың оқшауланған есебiн жүргізуге тиiс.
4. Егер мән-жайлардың өзгеруi салдарынан қайырмалдыққа берiлген мүлiктiң қайырмалдық берушi көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылуы мүмкiн болмаса, ол басқа мақсатқа қайырмалдық берушiнiң келісімiмен ғана, ал қайырмалдық берушi азамат қайтыс болған немесе қайырмалдық берушi заңды тұлға таратылған жағдайда - соттың шешiмi бойынша пайдаланылуы мүмкiн.
5. Қайырмалдыққа берiлген мүлiктiң қайырмалдық берушi көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылмауы немесе бұл мақсатты осы баптың 4-бабында көзделген ережелердi бұза отырып өзгертуi қайырмалдық берушiге, оның мұрагерлерiне немесе өзге де құқық мирасқорына қайырмалдықтың күшiн жоюды талап етуге құқық бередi.
6. Қайырмалдықтарға осы Кодекстiң 512 және 515-баптары қолданылмайды.
28-тарау. Рента және өмір бойы асырауда ұстау
1. Жалпы ережелер
517-бап. Рента шарты
1. Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттенедi.
2. Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзiмсiз (тұрақты рента) немесе өмiр бойы төлеу (ғұмырлық рента) мiндетiн бекiтуге жол берiледi. Ғұмырлық рента азаматты өмiр бойы асырап отыру жағдайларында белгiленуi мүмкiн.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 518-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
518-бап. Рента шартының нысаны
Рента шартын нотариат куәландыруға тиiс.
519-бап. Рента төлеу үшiн мүлiктi иелiктен айыру
1. Рента төлеу үшiн иелiктен айырылатын мүлiктi рента алушы рента төлеушiнiң меншiгiне ақы төлетiп немесе тегiн беруi мүмкiн.
2. Рента шартында мүлiктi ақы төлетiп беру көзделген жағдайларда тараптардың беру және төлеу жөніндегі қатынастарына сатып алу-сату шарты туралы ережелер (осы Кодекстiң 25-тарауы), ал мұндай мүлiк тегiн берiлетiн жағдайларда, егер осы тараудың ережелерiнде өзгеше белгiленбесе және шарттың мәнiне қайшы келмесе, сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 27-тарауы).
520-бап. Қозғалмайтын мүлiкке рента жүктеу
1. Рента жер учаскесiне, сондай-ақ оны төлейтiн етiп берiлген кәсiпорынға, үйге, ғимаратқа немесе басқа да қозғалмайтын мүлiкке құқық жүктейдi. Рента төлеушi осындай мүлiктi иелiктен айырған жағдайда оның рента шарты бойынша мiндеттемелерi мүлiктi сатып алушыға ауысады.
2. Рента жүктелiп берiлген, осы баптың 1-тармағында аталған мүлiктi басқа тұлғаның меншiгiне берген тұлға, егер осы Кодексте, басқа да заң актілерінде немесе шартта осы мiндеттеме бойынша бiрдей жауапкершiлiк көзделмесе, рента алушының рента шартының бұзылуына байланысты туған талаптары бойынша субсидиарлық жауапты болады (осы Кодекстiң 357-бабы).
521-бап. Рентаның төленуiн қамтамасыз ету
1. Жер учаскесi немесе басқа да қозғалмайтын мүлiк құқығы рента төлейтiн етiп берiлген кезде рента алушы рента төлеушiнiң мiндеттемесiн қамтамасыз ету үшiн осы мүлiктi кепiлге беру құқығын алады.
2. Рента төлеушiнiң мiндеттемелерiн (осы Кодекстiң 292-бабы) орындауды қамтамасыз ету не осы мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк тәуекелi рента алушының пайдасына сақтандыру мiндетiн белгiлейтiн талап ақша сомасын немесе өзге де қозғалатын мүлiктi рента төлейтiн етiп берудi көздейтiн шарттың елеулi талабы болып табылады.
3. Рента төлеушi осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған кезде, сондай-ақ рента алушы жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша қамтамасыз етуден айырылған немесе қамтамасыз ету талаптарын нашарлатқан жағдайда рента алушы рента шартын бұзуға және рента шартының бұзылуынан келтірілген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.
522-бап. Рента төлеудiң мерзiмiн кешiктiргенi үшiн жауапкершiлiк
Рента төлеу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн рента төлеушi рента алушыға, егер шартта тұрақсыздық айыбының өзгеше мөлшерi белгiленбесе, осы Кодекстiң 353-бабында көзделген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
2. Тұрақты рента
523-бап. Тұрақты рентаны алушы
1. Тек қана азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл олардың қызмет мақсаттарына сәйкес келсе, тұрақты рентаны алушылар бола алады.
2. Тұрақты рента шарты бойынша рента алушының құқықтары, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қойылатын талапқа жол беру және мұрагерлiк не құқық мирасқорлығы тәртібімен заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру арқылы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
524-бап. Тұрақты рентаның нысаны мен мөлшерi
1. Тұрақты рента шартта белгiленген мөлшерде ақшалай төленедi.
2. Шартта рентаны төлеу рентаның ақшалай сомасының құнына сәйкес келетiн заттар беру, жұмыстар атқару немесе қызметтер көрсету жолымен қарастырылуы мүмкiн.
3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның мөлшерi заң актілерінде белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне бара-бар өзгертiледi.
525-бап. Тұрақты рентаны төлеу мерзiмдерi
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақты рента әрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн төленедi.
526-бап. Төлеушiнiң тұрақты рентаны сатып алу құқығы
1. Тұрақты рента төлеушi рентаны сатып алу жолымен оны одан әрi төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Бұлайша бас тарту рента төлеушi рента төлеу тоқтатылғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей немесе шартта көзделген неғұрлым ұзақ мерзiмде жазбаша түрде мәлiмдеген жағдайда жарамды болады. Бұл орайда рента төлеу жөніндегі мiндеттеме, егер шартта сатып-алудың өзгеше тәртібі көзделмесе, рента алушы барлық сатып алу сомасын алғанға дейiн тоқтатылмайды.
3. Тұрақты рента төлеушiнiң оны сатып алу құқығынан бас тарту туралы шарт талабы жарамсыз болады.
Шартта тұрақты рентаны сатып алу құқығы рента алушының тiрi кезiнде не шарт жасалған кезден бастап отыз жылдан аспайтын өзге де мерзiм iшiнде жүзеге асырылмайтындығы көзделуi мүмкiн.
527-бап. Тұрақты рентаны рента алушының талабы бойынша сатып алу
Рента алушы:
1) егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента төлеушi оның төленуiн бiр жылдан астам уақытқа кешiктiрген;
2) рента төлеушi рентаның төленуiн қамтамасыз ету жөніндегі өз мiндеттемелерiн бұзған (осы Кодекстiң 521-бабы);
3) рента төлеушi төлемге қабiлетсiз деп танылған не оның шартта белгiленген мөлшер мен мерзiмде рента төлей алмайтынын айқын куәландыратын өзге де мән-жайлар пайда болған;
4) рента төлемi ретiнде берiлген қозғалмайтын мүлiк жалпы меншiкке түскен немесе бiрнеше тұлғалар арасында бөлiнген жағдайларда;
5) шартта көзделген басқа да жағдайларда төлеушiнiң рентаны сатып алуын талап етуге құқылы.
528-бап. Тұрақты рентаның сатып алу бағасы
1. Тұрақты рентаны сатып алу осы Кодекстiң 526 және 527-баптарында көзделген жағдайларда шартта белгiленген баға бойынша жүргiзiледi.
2. Шартта рента төлемi ретiне төлеу үшiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу рента төлемдерiнiң жылдық сомасына сәйкес баға бойынша жүзеге асырылады.
3. Шартта рента төлемiн төлеуге тегiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу бағасына рента төлемдерiнiң жылдық сомасымен қатар берiлген мүлiктiң бағасы да қосылады.
529-бап. Тұрақты рента төлемi ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi
1. Тұрақты рента төлемi ретiнде тегiн берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупін рента төлеушi мойнына алады.
2. Тұрақты рента төлемi ретiнде төлеу үшiн берiлген мүлiк кездейсоқ жойылған немесе кездейсоқ бүлiнген кезде төлеушi тиiсiнше рента төлеу жөніндегі мiндеттемесiн тоқтатуды немесе оны төлеу талаптарын өзгертудi талап етуге құқылы.
3. Ғұмырлық рента
530-бап. Ғұмырлық рента алушылар
1. Рента төлемi ретiнде мүлiк берген азаматтың өмiрi кезеңiне не ол көрсеткен басқа азаматтың өмiрi кезеңiне ғұмырлық рента белгiленуi мүмкiн.
2. Егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента алу құқығындағы үлестерi тең деп саналған бiрнеше азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгiлеуге жол берiледi.
Рента алушының бiреуi қайтыс болған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның рента алу құқығындағы үлесi тiрi қалған рента алушыларға ауысады, ал соңғы рента алушы қайтыс болған жағдайда рента төлеу мiндеттемесi тоқтатылады.
3. Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгiлейтiн шарт жарамсыз болады.
531-бап. Ғұмырлық рентаның мөлшері
1. Ғұмырлық рента шартта рента алушыға оның өмiр сүруi кезiнде мезгiл-мезгiл төленiп тұратын ақша сомасы ретінде белгiленедi. Тараптар өмiр бойы асырауда ұстау туралы шарт жасасқан жағдайларда шартта мұндай асыраудың ақшалай бағасы белгiленуге тиiс.
2. Егер ғұмырлық рента шартында өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның мөлшері бір айға шаққанда заң актілерінде белгіленген ең төменгі жалақыдан кем болмауға тиiс.
532-бап. Ғұмырлық рентаны төлеу мерзiмдерi
Егер шартта өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента әрбiр күнтiзбелiк ай аяқталғанда төленедi.
533-бап. Ғұмырлық рента шартын рента алушының талап етуi бойынша бұзу
1. Төлеушi шарт талаптарын елеулi түрде бұзған жағдайда рента алушы рента төлеушiден осы Кодекстiң 528-бабында көзделген талаптармен рентаны сатып алуды не шартты бұзуды талап етуге құқылы.
2. Егер пәтер, тұрғын үй немесе өзге де мүлiк ғұмырлық рента төлемi ретiнде тегiн иелiктен айырылса, рента төлеушi шарт талаптарын елеулi түрде бұзған кезде рента алушы осы мүлiктi оның құнын рентаның сатып алу бағасына есептей отырып қайтаруды талап етуге құқылы.
534-бап. Рента төлемі ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу қаупi
Ғұмырлық рента төлемi ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүлiнуi рента төлеушiнi шартта көзделген талаптар бойынша оны төлеу мiндеттемесiнен босатпайды.
4. Өмiр бойы асырауда ұстау
535-бап. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты
1. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзiне тиесiлi қозғалмайтын мүлiктi сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға мiндеттенген рента төлеушiнiң меншiгiне бередi.
2. Өмiр бойы асырауда ұстау шартына, егер осы параграфтың ережелерiнде өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента туралы ережелер қолданылады.
536-бап. Асырауда ұстауға беру жөніндегі мiндет
1. Рента төлеушiнiң асырауда ұстауға беру жөніндегі мiндетiне тұрғын үйге, тамақ пен киімге, күтiм жасауға және қажеттi көмекке деген қажеттерiн қамтамасыз ету енгiзiлуi мүмкiн.
Шартта рента төлеушiнiң салт-жора қызметiн көрсетуге ақы төлеуi де көзделуi мүмкiн.
2. Шартта жалпы асырауда ұстау көлемiнiң құны айқындалуға тиiс. Бұл орайда жалпы асырауда ұстау көлемi айына заң актілерінде белгiленген ең төменгi екi жалақы мөлшерiнен кем болмауы керек.
3. Азаматқа берiлетiн немесе берiлуге тиiстi асырауда ұстау көлемi туралы тараптар арасында туған дауды шешу кезiнде сот адалдық пен парасаттылық принциптерiн басшылыққа алуға тиiс.
537-бап. Өмiр бойы асырауда ұстауды мерзiмдiк төлеммен ауыстыру
Шартта асырауда ұстауға заттай берудi ақшалай мерзiмдiк төлеммен ауыстыру мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн.
538-бап. Өмiр бойы асырауда ұстауды қамтамасыз ету үшiн берiлген мүлiктi иелiктен айыру және пайдалану
1. Рента төлеушi өзiне өмiр бойы асырауда ұстауды қамтамасыз ету үшiн берiлген қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыруға, кепiлге беруге және өзге де әдiспен жүктеуге рента алушының алдын ала келісімi болғанда ғана құқылы.
2. Рента төлеушi өмiр бойы асырауда ұстауға берiлген кезеңде аталған мүлiктi пайдалану осы мүлiктiң құнын оның табиғи тозуынан тыс төмендетуге әкеп соқпау үшiн қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
539-бап. Өмiр бойы асырауда ұстауды тоқтату
1. Өмiр бойы асырауда ұстау мiндеттемесi рента алушы қайтыс болғанда тоқтатылады.
2. Рента төлеушi өз мiндеттемелерiн елеулi түрде бұзған кезде рента алушы өмiр бойы асырауды қамтамасыз етуге берiлген қозғалмайтын мүлiктi қайтаруды не осы Кодекстiң 528-бабында белгiленген жағдайда өзiне сатып алу бағасын төлеудi талап етуге құқылы. Бұл орайда рента төлеушiнiң рента алушыны асырауда ұстауға байланысты жасалған шығындарды өтеудi талап етуге құқығы жоқ.
29-тарау. Мүліктік жалдау (жалға алу)
1. Жалпы ережелер
540-бап. Мүліктік жалдау шарты
1. Мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.
2. Жалға алушы жалға алған мүлiкке осы Кодексте белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша иелiк етуге құқылы.
3. Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлiктi ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге түрлерi де мүліктік жалдау шарттарына жатады.2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 541-бап өзгертілді
541-бап. Мүліктік жалдау объектiлерi
1. Мүліктік жалдауға кәсiпорындар мен басқа да мүлiктiк кешендер, жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлiк құралдары және оларды пайдалану процесiнде өздерiнiң табиғи қасиеттерiн жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берiлуi мүмкiн.
2. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар мүліктік жалдау объектiсi болуы мүмкiн.
3. Заң актілерінде мүліктік жалдауға тапсыруға жол берiлмейтiн немесе шектеу жасалатын мүлiк түрлерi белгiленуi мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тұрғын үй-жайларды, жер учаскелерiн, жер қойнауы учаскелерiн және басқа да оқшауланған табиғи объектiлердi мүлiктiк жалдауға тапсыру ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.
5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде белгіленеді.
6. Мемлекеттік мүлікті концессия шарты негізінде мүліктік жалдауға тапсыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамалық актісінде белгіленеді.
542-бап. Мүліктік жалдау шартының талаптары
Мүліктік жалдау шартында жалға алушыға мүліктік жалдау объектiсi ретiнде берiлуге тиесiлi мүлiктi анықтауға мүмкiндiк беретiн деректер көрсетiлуге тиiс.
Шартта мұндай деректер болмаған кезде мүліктік жалдауға берiлуге тиесiлi объект туралы талап тараптармен келісілмеген деп, ал тиiстi шарт жасалмаған деп есептеледi.
543-бап. Жалға берушi
Мүліктік жалға беру құқығы оның меншiк иесiне тиесiлi.
Заң актілерінде уәкiлдiк берiлген немесе меншiк иесi мүлкiн жалға берудi тапсырған тұлғалар да жалға берушiлер бола алады.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 544-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
544-бап. Мүліктік жалдау шартының нысаны
1. Бiр жылдан астам мерзiмге жасалған, ал егер тараптардың бiреуi заңды тұлға болса, мерзiмiне қарамай-ақ, мүліктік жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.
2. 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Азаматтар арасындағы бiр жылға дейiнгi мерзiмге оны қоса алғанда мүліктік жалдау шарты ауызша түрде жасалуы мүмкiн.
4. Мүлiкке меншiк құқығының кейiннен жалға алушыға ауысуын көздейтiн мүліктік жалдау шарты сондай мүлiктi сатып алу-сату шарты үшiн көзделген нысанда жасалады.
545-бап. Мүліктік жалдау шартының мерзiмi
1. Мүліктік жалдау шарты шартта белгiленген мерзiмге жасалады.
2. Егер мүліктік жалдау шарты мерзiмi көрсетiлмей жасалса, ол белгiсiз мерзiмге жасалған деп есептеледi.
Қозғалмайтын мүлiктi жалдаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, әрбiр тарап екiншi тарапқа үш ай бұрын ескертiп, мұндай шарттан кез келген уақытта және өзге мүлiктi жалдаған жағдайда, бiр ай iшiнде бас тартуға құқылы.
3. Заң актілерінде мүліктік жалдаудың жекелеген түрлерi үшiн, сондай-ақ мүлiктiң жекелеген түрлерiн жалдау үшiн шарттың барынша ұзақ (шектi) мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда, егер шартта жалдау мерзiмi белгiленбесе және заң актілерінде белгiленген шектi мерзiм бiткенге дейiн тараптардың ешқайсысы шарттан бас тартпаса, шарт шектi мерзiмiнiң бiтуiне қарай тоқтатылады.
Бұл жағдайда заң актілерінде белгiленген шектi мерзiмнен асатын мүліктік жалдау шарты барынша ұзақ (шектi) мерзiмге тең етiп жасалған деп есептеледi.
546-бап. Мүліктік жалдау шарты бойынша жасалатын төлем
1. Жалға алынған мүлiктi пайдалану үшiн төлемдi, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шартта белгiленген тәртiп, мерзiм мен нысан бойынша жалға алушы төлейдi. Шартта олар айқындалмаған жағдайларда салыстырмалы мән-жайларда әдетте сол секiлдi мүлiктi жалға алған кезде қолданылатын тәртiп, мерзiм мен нысан белгiленген деп есептеледi.
2. Төлем барлық жалданылған мүлiк үшiн тұтас немесе оның құрамдас бөлiктерiнiң әрқайсысы бойынша жеке:
1) мерзiмдiк немесе бiржолғы енгiзiлетiн төлемдердiң тұрлаулы сомасында белгiленген;
2) жалданылған мүлiктi, өнiмдi, жемiстердi немесе кiрiстердi пайдалану нәтижесiнде алынған белгiлi бiр үлес;
3) жалға алушының белгiлi бiр қызмет көрсетулерi;
4) жалға алушының шартта келісілген затты жалға берушiнiң меншiгiне немесе жалдауына беруi;
5) жалға алушыға жалданылған мүлiктi жақсарту жөнiнде шартта келісілген шығындарды жүктеуi түрiнде белгiленедi.
Тараптар шартта мүлiктi немесе өзге де төлем нысандарын пайдалану үшiн аталған төлем нысандарын ұштастыруды көздеуi мүмкін.
3. Мүлiктi пайдаланғаны үшiн жасалатын төлем мөлшерi, егер тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, кем дегенде жылына бiр рет өзгертiлуi мүмкiн. Заң актілерінде мүліктік жалдаудың жекелеген түрлерi үшiн, сондай-ақ мүлiктiң жекелеген түрлерiн жалдау үшiн жасалатын төлем мөлшерін қайта қарауға өзге де ең аз мерзімдер көзделуі мүмкін.
4. Орталықтандырылып белгіленген баға мен тарифтер өзгертілген жағдайда тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша төлем мөлшерi қайта қаралуы мүмкiн.
5. Егер жалға алушы жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты шартта көзделген пайдалану жағдайлары немесе мүлiктiң жай-күйi едәуiр нашарлап кетсе, заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ол төлемдi тиiсiнше азайтуды талап етуге құқылы.
6. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлем төлеу мерзiмiн елеулi түрде бұзған жағдайда жалға берушi одан төлемдi жалға берушi белгiлеген мерзiмнен бұрын төлеудi талап етуге құқылы. Бұл ретте жалға берушiнiң төлемдi қатарынан екi мерзiмнен астам уақытқа мерзiмiнен бұрын төлеудi талап етуге құқығы жоқ.
547-бап. Мүлiктi жалға алушыға беру
1. Жалға берушi мүлiктi жалға алушыға шарт талаптары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес келетiн күйде беруге мiндеттi.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiк жалға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртібін куәландыратын және т.б. құжаттармен) бiрге берiледi.
Егер мұндай керек-жарақтар мен құжаттар берiлмеген болса, алайда жалға алушы мүлiктi оларсыз мақсатқа сәйкес пайдалана алмаса не шарт жасасу кезiнде үмiт етуге құқығы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылатын болса, ол өзiне жалға берушiден мұндай керек-жарақтар мен құжаттарды берудi немесе шартты бұзуды талап ете алады.
3. Егер жалға беруші жалға берiлген мүлiктi жалға алушыға шартта көрсетiлген мерзiмде бермесе, ал шартта мұндай мерзiм көрсетiлмесе, жалға алушы қисынды мерзiмде одан осы Кодекстiң 355-бабына сәйкес сол мүлiктi талап етуге немесе шартты бұзуды талап етуге құқылы.
548-бап. Жалға берушiнiң жалға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерi үшiн жауапкершiлiгi
1. Жалға берyшi жалға берiлген мүлiктiң оны пайдалануға толық немесе iшiнара кедергi жасайтын кемшiлiктерi үшiн, тiптi ол шарт жасалған кезде бұл кемшiлiктер туралы бiлмесе де, жауап бередi.
Осындай кемшiлiктер табылған жағдайда жалға алушы жалға берушiден өз қалауы бойынша:
1) мүлiктiң кемшiлiктерiн тегiн жоюды;
2) жалдау ақысын соған мөлшерлес азайтуды;
3) жалға берушiге бұл туралы алдын ала хабарлай отырып, сол кемшiлiктердi жою жолында өзi жасаған шығындар сомасын мүлiктi пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемнен ұстап қалуды;
4) шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
2. Жалға алушының талаптары туралы немесе оның мүлiктiң кемшiлiктерiн жалға берушiнiң есебiнен жою ниетi туралы хабарланған жалға беруші жалға алушының келісімімен жалға берілген мүлікті тез арада тиiстi жағдайда тұрған басқа осыған ұқсас мүлiкпен ауыстыра алады не мүлiктiң кемшiлiктерiн тегiн жоя алады.
3. Егер жалға алушының талаптарын қанағаттандыру немесе оның мүлiктi пайдаланғаны үшiн жасалатын төлемнен кемшiлiктi жоюға кеткен шығындарын ұстап қалу жалға алушыға келтiрiлген залалды өтеуге жетпесе, ол шығынның өтелмеген бөлiгiн өтеудi талап етуге құқылы.
4. Жалға берушi жалға берiлген мүлiктiң шарт жасасқан кезде айтылған немесе жалға алушыға бұрыннан белгiлi болған кемшiлiктерi үшiн жауап бермейдi.
549-бап. Жалға берiлетiн мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтары
1. Мүлiктi жалға беру бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтарын тоқтату немесе өзгерту үшiн негiз болып табылмайды.
2. Жалға берушi шарт жасасқан кезде жалға алушыға жалға берiлетiн мүлiкке үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепiл құқығы және т.б.) туралы ескертуге мiндеттi.
Бұл ереженi орындамау жалға алушыға мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлемдi азайтуды не шартты бұзуды талап етуге құқық бередi.
550-бап. Жалға алған мүлiктi пайдалану
Жалға алушы мүлiктi шарт талаптарына сәйкес, ал егер шартта мұндай талаптар белгiленбесе, мүлiктiң мақсатына сәйкес пайдалануға мiндеттi.
551-бап. Жалға алушының жалға алған мүлiкке билiк ету шегi
1. Егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, жалға алушы жалға берушiнiң келісімiмен жалға алған мүлiктi қосымша жалдауға (қосалқы жалға алу), мүліктік жалдау шарты бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруге (қайта жалға беру), жалға алған мүлiктi тегiн пайдалануға беруге, сондай-ақ осы құқықтарды кепiлге беруге және оларды шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде салуға құқылы. Аталған жағдайларда, қайта жалға берудi қоспағанда, жалға алушы жалға берушiнiң алдында шарт бойынша жауапты болып қала бередi.
2. Мүлiктi басқа тұлғаларға беру туралы шартты жалдау шартының мерзiмiнен асатын мерзiмге жасауға болмайды.
3. Қайта жалға беру шартына, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, мүліктік жалдау шарты туралы ережелер қолданылады.
552-бап. Жалға берушiнiң жалға берiлген мүлiктi ұстап-тұту жөніндегі мiндеттерi
1. Жалға берушi жалға берiлген мүлiкке тараптармен келісілген мерзiмдерде, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өз есебінен күрделi жөндеу жүргiзуге мiндеттi.
2. Жалға алушы жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайда болып, шұғыл қажеттілік туғызған жөндеудi, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушi қисынды мерзiмдерде өз есебiнен жүргiзедi.
3. Жалға берушiнiң күрделi жөндеу жөніндегі мiндеттерiн атқармауы жалға алушыға өз қалауы бойынша:
1) жөндеудi өз бетiнше жүргiзуiне және жөндеу құнын жалға берушiден өндiрiп алуына;
2) жөндеу құнын шарт бойынша төлемнiң есебiне есептеуiне;
3) шарт бойынша төлемдi тиiсiнше азайтуды талап етуiне;
4) шарттан бас тартуына құқық бередi.
553-бап. Жалға алушының жалданған мүлiктi ұстап-тұту жөніндегі мiндеттерi
Жалға алушы, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктi дұрыс күйде ұстап-тұтуға, ағымдағы жөндеудi өз есебiнен жүргiзуге және мүлiктi ұстап-тұтуға кететiн шығындарды көтеруге мiндеттi.
554-бап. Жалға алушының жалданған мүлiктен алынатын өнiмге, жемiстерге және өзге де кiрiстерге меншiк құқығы
Жалданған мүлiктi пайдалану нәтижесiнде жалға алушының алған өнiмi, жемiстерi және өзге де кiрiстерi, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, оның меншiгi болып табылады.
555-бап. Мүлiктi жақсарту
1. Жалданған мүлiктiң жалға алушы жүргiзген бөлiгiнiң ажыратылып жақсартылуы, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның меншiгi болып табылады.
2. Жалға алушы өз қаражаты есебiнен және жалға берушiнiң келісімiмен, жалданған мүлiкке зиян келтiрмей ажыратуға болмайтын жақсарту жүргiзсе, шартта өзгеше көзделмегендiктен, оның шарт тоқтағаннан кейiн осы жақсартудың құнын өтеттiрiп алуға құқығы бар.
3. Жалға алушының жалға берушiнiң келісімiнсiз жүргiзген ажыратуға болмайтын жақсартуының құны, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өтеуге жатпайды.
556-бап. Тараптардың бiреуiнiң талап етуi бойынша мүліктік жалдау шартын өзгерту және бұзу
1. Тараптардың біреуiнiң талап етуi бойынша мүліктік жалдау шарты осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе шартта көзделген жағдайларда сот тәртібімен өзгертiлуi немесе мерзімiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
2. Жалға берушiнiң талабы бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер жалға алушы мүлiктi шарт талаптарын немесе мүлiктiң мақсатын елеулi түрде бұзып, жалға берушiнiң мұндай iс-әрекеттi тоқтату туралы жазбаша ескертуiне қарамастан пайдаланса;
2) егер жалға алушы қасақана немесе абайсызда мүлiктi елеулi түрде нашарлатса;
3) егер жалға алушы мүлiктi пайдаланғаны үшiн шартта белгiленген төлем мерзiмiнiң өтуi бойынша екi реттен астам төлем жасамаса;
4) егер жалға алушы жалға алу шартында белгiленген мерзiмде мүлікті күрделі жөндеуден өткізбесе, ал ол шартта көрсетілмеген жағдайда - заң актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделi жөндеу мiндетi жалға алушыға жүктелген жағдайларда, оны қисынды мерзiмде өткiзбесе, мүліктік жалдау шарты бұзылып, мүлiк жалға берушiге қайтарылуы мүмкiн.
Жалға берушi жалға алушыға өз мiндетiн қисынды мерзiмде орындауға мүмкiндiк берiлгеннен кейiн ғана шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
3. Жалға алушының талап етуiмен шарт мынадай жағдайларда:
1) жалға берушi мүлiктi жалға алушыға пайдалануға бермеген не мүлiкті шарт талаптарына немесе мүлiктiң мақсатына сәйкес пайдалануға кедергi жасаған;
2) жалға беруші өзiне жүктелген мүлiктi күрделi жөндеу мiндетiн шартта белгiленген мерзiмде, ал ол шартта болмаған жағдайда - қисынды мерзiмде жүргiзбеген;
3) жалға алушыға берiлген мүлiкте оны пайдалануға кедергi келтiретiн кемшiлiктер болып, оны шарт жасалған кезде жалға берушi ескертпеген, жалға алушыға алдын ала белгiлi болмаған және мүлiктi көрген кезде немесе шарт жасаған кезде оның ақаусыздығын тексерген кезде оның байқалуы мүмкiн болмаған;
4) егер мүлiк жалға алушы жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайдалану үшiн жарамсыз күйде болған реттерде мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
557-бап. Жалға алушының шартты жаңа мерзiмге жасасуға артықшылықты құқығы
1. Өз мiндетiн лайықты түрде атқарған жалға алушының, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi бiткеннен кейiн басқа тұлғалардың алдында мүліктік жалдау шартын жаңа мерзiмге жасау үшiн басқадай тең жағдайларда артықшылықты құқығы болады. Жалға алушы мүліктік жалдау шартында көрсетiлген мерзiмде, ал егер шартта осындай мерзiм көрсетiлмесе, шарттың қолданылуы анықталғанша қисынды мерзiмде осындай шартты жасағысы келетiндiгi туралы жалға берушiге жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
2. Мүліктік жалдау шарты жаңа мерзiмге жасалған кезде шарт талаптары тараптардың келісімiмен өзгертiлуi мүмкiн.
3. Егер жалға берушi шартты жаңа мерзiмге жасасу жөнiнде жалға алушыдан бас тартса, бiрақ шарт мерзiмi бiткен күннен бастап бiр жылдың iшiнде басқа тұлғамен мүліктік жалдау шартын жасаса, жалға алушы өз таңдауы бойынша сотта осы жасалған шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi өзiне ауыстыруды және өзiмен шарт жасасуды жаңартудан бас тарту арқылы келтiрiлген залалды өтеудi не тек залалды өтеудi талап етуге құқылы.
558-бап. Мүліктік жалдау шартын қайта жаңарту
Егер жалға берушi тарапынан қарсылық болмаған жағдайда жалға алушы шарттың мерзiмi бiткен соң да мүлiктi пайдалана беретiн болса, шарт нақ сондай талаптармен белгiсiз мерзiмге қайта жаңартылған деп есептеледi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы қозғалмайтын мүліктік жалдау кезде, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, бұл туралы басқа тарапқа кем дегенде үш ай бұрын және өзге мүліктік жалдау кезде - бiр ай ішінде жазбаша түрде ескерте отырып, шарттан кез келген уақытта бас тарта алады.
559-бап. Мүліктік жалдау шартының тараптар өзгерген кезде күшiн сақтап қалуы
1. Жалға берiлген мүлiкке меншiк құқығының, шаруашылық жүргiзу құқығының немесе оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға ауысуы мүліктік жалдау шартын өзгертуге немесе бұзуға негiз болып табылмайды.
2. Қозғалмайтын мүлiктi жалға алушы болып табылатын азамат қайтыс болған жағдайда осы мүліктік жалдау шарты бойынша оның құқықтары мен мiндеттерi, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, оның мұрагерiне ауысады.
Мұндай мұрагерге шарттың қолданылу мерзiмiнiң қалған уақытында шарт жасасудан бас тартуға, шарт жасасу жалға алушының жеке басының қасиеттерiне байланысты болған жағдайды қоспағанда, жалға берушiнiң құқығы болмайды.
560-бап. Қосымша жалдау шартының негiзгi мүліктік жалдау шартына тәуелдiлiгi
1. Егер мүліктік жалдау шартында өзгеше көзделмесе, мүліктік жалдау шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату соған сәйкес жасалған қосымша жалдау шартын тоқтатуға әкеп соғады.
2. Егер мүліктік жалдау шарты осы Кодексте көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп табылса, оған сәйкес жасалған қосымша жалдау шарты да жарамсыз болып табылады.
561-бап. Шарт тоқтатылған кезде жалға берушiге мүлiктiң қайтарылуы
1. Мүліктік жалдау шарты тоқтатылғаннан кейiн жалға алушы мүлiктi алған кезіндегі күйiнде, қалыпты тозуын ескере отырып немесе шартта келісілген күйiнде оны жалға берушiге қайтаруға мiндеттi.
2. Егер шарт мерзiмi аяқталған соң қайтарылатын мүлiктiң жай-күйi осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, жалға алушы келтiрiлген шығынды жалға берушiге өтейдi. Егер жалға берiлген мүліктік шартта көзделген қызмет мерзiмiнен бұрын iстен шығып қалса, жалға алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушiге мүлiктiң қалдық құнын өтейдi.
3. Егер жалға алушы жалға алған мүлiктi қайтармаса немесе оны мезгілінде қайтармаса, жалға беруші барлық мерзімі өткізілген уақыт үшiн мүлiктi пайдалану ақысын төлеудi талап етуге құқылы. Аталған ақы жалға берушiге келтiрiлген шығындарды жабуға жетпесе, ол оны өтеудi талап ете алады.
4. Шартта уақытында қайтарылмаған жалға алған мүліктік үшiн тұрақсыздық айыбын төлеу көзделген жағдайда шығын, егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақсыздық айыбынан тыс толық сомада өндiрiлiп алынуы мүмкiн.
562-бап. Мүлiктiң жалға алушының меншiгiне көшуi
1. Мүліктік жалдау шартында жалға алынған мүліктік жалға алушының меншiгiне тараптардың келісімiнде белгiленген жағдайларда көшедi деп көзделуi мүмкiн.
2. Егер шартта жалға алынған мүлiктi сатып алу туралы ереже көзделмесе, ол тараптардың қосымша келісімiмен белгiленуi мүмкiн, бұл орайда олар мүлiктi пайдалануға бұрын төленген ақыны сатып алу бағасына есептеу туралы уағдаласуға құқылы.
3. Жалға алынған мүлiктi сатып алуға тыйым салу жағдайлары заң актілерімен белгiленуi мүмкiн.
563-бап. Жалға алушының құқықтарын қорғау
Жалға алушыға оның жалға алған мүлiкке құқықтары меншiк құқығын қорғаумен тең қамтамасыз етiледi.
Жалға берушi жалға алынған мүлiктi пайдалану қандай да болсын құқықтары жоқ үшiншi бiр тұлғаның күш көрсеткен iс-қимылдарымен бұзылғаны үшiн жалға берушiнiң алдында жауапты болмайды.
Жалға алушының талап қоюға және өзге де түрде өз атынан өзiне тиесiлi құқықтарды қорғауға құқығы бар.
ҚР 05.07.2000 ж. № 75-II Заңына сәйкес 564-бап толықтырылды
564-бап. Мүліктік жалдаудың жекелеген түрлерiнiң және жекелеген мүлiк түрлерiн жалдаудың ерекшелiктерi
Мүліктік жалдау шартының жекелеген түрлерiне және жекелеген мүлiк түрлерiн жалдау шарттарына (лизинг, кәсiпорындарды жалдау, үйлер мен ғимараттарды жалдау, көлiк құралдарын жалдау, прокат), егер заң актілерінде және осы Кодекстiң ережелерiнде олар туралы өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.
2. Лизинг
565-бап. Лизинг шарты
1. Лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi.
2. Лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлiктi таңдап алуды лизинг берушi жүзеге асырады деп көзделуi мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасының заң актілерімен лизинг шартының жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.
566-бап. Лизинг нысанасы
Yйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады.
Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
567-бап. Лизинг шартының елеулi талаптары
Лизинг шартында, осы Кодекстiң 542-бабында аталған талаптардан басқа, мынадай талаптар болуға тиiс:
1) мүлiктi сатушының атауы;
2) лизинг алушыға мүлiктi берудiң талаптары мен мерзiмi;
3) төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгi;
4) шарт мерзiмi;
5) егер шартта лизинг алушының меншiгiне мүлiктiң көшуi көзделсе, осындай көшудiң талаптары.
568-бап. Мүлiктi лизингке беру туралы сатушыны хабардар ету
Лизинг берушi лизинг алушы үшiн мүлiк сатып ала отырып, мүлiктiң белгiлi бiр тұлғаға лизинг ретiнде беруге арналғандығы туралы сатушыны хабардар етуге тиiс.
569-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупi
Лизингтiң нысанасы болып табылатын мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаyпi, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктi берген кезде лизинг алушыға ауысады.
570-бап. Лизинг шарты бойынша төленетiн төлемдер
Лизинг шартына сәйкес төленуге тиiстi мерзiмдiлiк төлемдерi мүлiктiң шарт жасасқан кездегi баға бойынша құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң амортизациясы ескерiле отырып есептелуi мүмкiн.
571-бап. Лизинг алушыға лизинг шартының нысанасын беру
1. Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушы лизинг алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, лизинг алушы орналасқан жерде тiкелей бередi.
2. Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiк осы шартта аталған мерзiмде лизинг алушыға берiлмеген жағдайда, егер мерзiмiн өткізуге лизинг берушi жауап беретiн мән-жайлар бойынша жол берiлген болса, лизинг алушы шартты бұзуды және шығынды өтеудi талап етуге құқылы.
572-бап. Сатушының жауапкершiлiгi
1. Лизинг алушы лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушыға - сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартынан туындайтын, атап айтқанда, мүлiктiң сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi түрде орындамаған басқа да жағдайларда туындайтын талаптарды тiкелей қоюға құқылы. Бұл орайда лизинг алушы аталған мүлiктi сатып алу-сату тарабы болғанда сатып алынған мүлiкке ақы төлеу мiндетiн қоспағанда, оны сатып алушы үшiн осы Кодексте көзделген құқықтары болады және міндеттемелердi мойнына алады.
Сатушымен қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi бiрлескен кредит берушi болады.
2. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны таңдау құқығы лизинг алушыда болған жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн жауап бермейдi. Сатушыны лизинг берушi таңдайтын жағдайда лизинг алушы сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды тiкелей өз қалауы бойынша бiрдей жауап беретiн мүлiктi сатушыға да, лизинг алушыға да қоюға құқылы.
3. Кәсiпорынды жалдау
573-бап. Кәсiпорынды жалдау шарты
1. Кәсiпорынды жалдау шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы үшiн кәсiпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпорынды толығымен бiртұтас мүлiк кешенi ретiнде пайдалануға (осы Кодекстiң 119-бабы), оның iшiнде құқық иесiнiң фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгiсiне, қорғалатын коммерциялық ақпаратқа құқығын, сондай-ақ жалға берушiнiң басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтағы объектiлердi - тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн және т.б. (айрықша құқықтар кешенiн) беруге мiндеттенедi.
2. Жалға берушiнiң тиiстi қызметпен айналысуға берiлген лицензия негізінде алған құқықтары, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жалға алушыға берiлмеуге тиiс. Шарт бойынша берiлетiн кәсiпорынның құрамына осындай арнаулы рұқсаты (лицензиясы) болмаған жағдайда жалға алушының орындауы мүмкiн болмайтын мiндеттемелердi енгізу жалға берушiнi кредит берушiлер алдындағы тиiстi мiндеттемелерден босатпайды.
3. Кәсiпорынның қызметкерлерiне қатысты құқықтар мен мiндеттер жалға берушiден жалға алушыға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен ауысады.
574-бап. Кәсiпорынды жалдау кезіндегі кредит берушiлердiң құқықтары
1. Жалға алушыға борыштарын аударғаны туралы жалға берушi өз кредит берушiлерiн жалдау шарты жасалғанға дейiн жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi, олар осындай аударумен келiспеген жағдайда хабарлама алған күннен бастап үш айдың ішінде жалға берушіден тиісті мiндеттемелердi тоқтатуын немесе мерзiмiнен бұрын орындауын және залалды өтеуін талап етуге құқылы. Егер көрсетiлген мерзiмде осы талаптардың ешқайсысы қойылмаса, кредит беруші тиiстi борышты жалға алушыға аударуға келісім бердi деп танылады.
2. Кәсiпорын жалға алушыға жалға берушiден мiндеттемелердi тоқтатуды немесе мерзiмiнен бұрын орындауды талап еткен кредит берушiлермен есеп айырысу аяқталғаннан кейiн ғана берiлуi мүмкiн.
3. Кәсiпорынды мүлiк кешенi ретiнде жалға бергеннен кейiн жалға берушi мен жалға алушы берiлген кәсiпорынның құрамына енгiзілген, жалға алушыға кредит берушiнiң келісімiнсiз аударылған борыштар бойынша бiрдей жауапты болады.2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 575-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
575-бап. Кәсiпорынды жалдау шартының нысаны
1. Кәсiпорынды жалдау шарты тараптар қол қойған бiрыңғай құжат жасау жолымен жазбаша түрде жасалады.
2. Кәсiпорынды жалдау шартының нысанын сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
3. 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
576-бап. Жалға алынған кәсiпорынды беру
Кәсiпорынды жалға алушыға беру өткізу актiсi бойынша жүзеге асырылады. Өткізу актiсiн жасау мен қол қоюға ұсынуды қоса алғанда, кәсiпорынды беруге дайындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушiнiң мiндетi болып табылады және соның есебiнен жүзеге асырылады.
577-бап. Жалға алушының кәсiпорынды ұстау және оны пайдалану бойынша шығындарды төлеу жөніндегі мiндеттерi
1. Кәсiпорынды жалға алушы шарттың бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде, егер шартта өзгеше көзделмесе, ағымдағы және күрделi жөндеудi қоса алғанда, кәсiпорынды тиiстi техникалық күйде ұстауға мiндеттi.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алынған кәсiпорынды пайдалануға байланысты шығындар жалға алушыға жүктеледi.
578-бап. Жалға алынған кәсiпорынның мүлкiн пайдалану
Жалға алушы жалға берiлген кәсiпорын мүлкiнiң құрамына кiретiн материалдық қазыналарды, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушiнiң келісімiнсiз сатуға, айырбастауға, уақытша пайдалануға не қарыз етiп беруге оларды қосалқы жалға өткізуге және шарт бойынша осындай құндылықтарға қатысты өз құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруге құқылы, мұндай жағдайда бұл кәсiпорынның құнын кемiтуге әкеп соқпауы және жалдау шартының басқа ережелерiн бұзбауы керек.
579-бап. Жалға алушының жалға алынған кәсiпорынға өзгерістер мен жақсартулар енгізуi
1. Егер кәсiпорынды жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы жалға берушiнiң келісімiнсiз жалға алынған мүлiк кешенiнiң құрамына оның құнын арттыратын өзгерістер енгізуге, оны қайта құруға, кеңейтуге, техникамен қайта жарақтандыруға құқығы.
2. Егер кәсiпорынды жалдау шартында өзгеше көзделмесе, кәсiпорынды жалдаушы жалға алынған мүлiктен ажыратуға болмайтын жақсарту құнының, мұндай жақсартуға жалға берушiнiң рұқсат етуiне қарамастан, өтемiн алуға құқылы.
3. Жалға берушi жалға алынған мүлiктен ажыратуға болмайтын жақсарту құнын өтеу мiндетiнен, егер ол жалға алушының осы жақсартуға шыққан шығысының жалға алынған мүлiк құнынан оның пайдаланылу қасиетiн жақсарту мөлшерiне сәйкес келмейтiндей екенiн немесе мұндай жақсартуларды жүзеге асыру кезiнде адалдық пен ақылға сыйымдылық принциптерiнiң бұзылғандығын дәлелдесе, сот арқылы босатылуы мүмкiн.
580-бап. Жалға алынған кәсiпорынды қайтару
Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда кәсiпорын тұтастай мүлiк кешенi ретiнде осы Кодекстiң 573, 574 және 576-баптарында көзделген ережелердi сақтай отырып жалға берушiге қайтарылуға тиiс. Өткізу актiсiн жасауды және оны қол қоюға табыс етудi қоса алғанда, кәсiпорынды жалға берушiге беруге дайындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, бұл жағдайда жалға алушының мiндетi болып табылады және соның есебiнен жүзеге асырылады.
4. Үйлер мен ғимараттарды жалдау
581-бап. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты
1. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты бойынша жалға берушi үйдi немесе ғимаратты жалға алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi.
2. Егер осы Кодекстiң кәсiпорынды жалдау туралы ережелерiнде өзгеше көзделмесе, кәсiпорындарды жалдауға осы параграфтың ережелерi қолданылады.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 582-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
582-бап. Yйдi немесе ғимаратты жалдау шартының нысаны
1. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты тараптар қол қойған бiрыңғай құжат ретiнде жазбаша нысанда жасалады.
2. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шартының нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
3. 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
583-бап. Жалдау ақысының мөлшерi
1. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шартында жалдау ақысының мөлшерi көзделуге тиiс. Тараптардың жалдау ақысының мөлшерi туралы жазбаша түрде келiскен талаптары болмаған жағдайда үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты жасалмаған деп саналады. Бұл орайда осы Кодекстiң 385-бабының 3-тармағында көзделген баға белгiлеу ережелерi қолданылмайды.
2. Үйдi немесе ғимаратты жалдау ақысы шартта үй (ғимарат) алаңының бөлiнiсiне немесе оның көлемiнiң өзге көрсеткiшiне белгiленсе, жалдау ақысы жалға алушыға берiлген үйдiң немесе ғимараттың нақты мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
584-бап. Yйдi немесе ғимаратты беру
1. Жалға берушiнiң үйдi немесе ғимаратты беруi және оны жалға алушының қабылдауы өткізу актiсi немесе тараптар қол қоятын өткізу туралы өзге де құжат бойынша жүзеге асырылады.
2. Үйдi немесе ғимаратты беру туралы құжатқа тараптардың бiрiнiң шартта көзделген талаптар бойынша қол қоюдан бас тартуы, тиiсiнше жалға берушiнiң мүлiктi беру жөніндегі мiндетiн орындаудан, ал жалға алушының мүлiктi қабылдаудан бас тартуы деп қаралады.
3. Жалданған үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты тоқтатылған жағдайда жалға алынған үй немесе ғимарат осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ережелер сақтала отырып, жалға берушiге қайтарылуға тиiс.
5. Көлiк құралдарын жалдау
585-бап. Көлiк құралын экипажымен жалдау шарты
1. Көлiк құралын (уақытша кеме жалдау) басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуiмен жалдау шарты (көлiк құралын экипажымен жалдау шарты) бойынша жалға берушi жалға алушыға ақы төлетiп көлiк құралын уақытша иелену мен пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуге мiндеттi.
2. Осы тараудың жалға алушының жалдау шартын жаңа мерзiмге жасасуға артықшылықты құқығы туралы және жалдау шартын белгісіз мерзімге қайта жаңарту туралы қағидалары (осы Кодекстiң 557 және 558-баптары) көлiк құралдарын экипажымен жалдау шартына қолданылмайды.
586-бап. Көлiк құралын экипажымен жалдау шартының нысаны
Көлік құралын экипажымен жалдау шарты оның мерзіміне қарамастан жазбаша түрде жасалуға тиiс.
587-бап. Жалға берушiнiң көлiк құралын ұстау жөніндегі мiндетi
Жалға берушi шарт қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде жалға берiлген көлiк құралын, ағымдағы және күрделi жөндеудi жүзеге асыру мен қажеттi керек-жарақтарын берудi қоса алғанда, тиiстi жағдайда ұстауға мiндеттi.
588-бап. Жалға берушiнiң көлiк құралын басқару мен техникалық пайдалану жөніндегі мiндеттерi
1. Жалға алушыға жалға берушi берген көлiк құралын басқару мен техникалық пайдалану бойынша көрсететiн қызметiнiң көлемi шартта аталған жалдау мақсатына сәйкес оның қалыпты және қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс. Көлік құралын экипажымен жалдау шартында жалға алушыға көрсетiлетiн қызметтiң неғұрлым кең ауқымы көзделуі мүмкiн.
2. Көлiк құралы экипажының құрамы және оның біліктілігi тараптар үшiн мiндеттi ережелер мен шарттың жағдайларына, ал егер тараптар үшiн мiндеттi ережелермен мұндай талаптар белгiленбесе, көлiк құралының осы түрiн пайдаланудың әдеттегi практикасы талаптарына және шарттың жағдайларына сай келуге тиiс.
3. Экипаж мүшелерi жалға берушiмен еңбек қатынастарын сақтап қалады. Олар жалға берушiнiң басқару мен техникалық пайдалануға қатысты өкiмдерiне және жалға алушының көлiк құралын коммерциялық пайдалануға қатысты өкiмдерiне бағынады.
4. Егер жалдау шартында өзгеше көзделмесе, экипаж мүшелерiнiң көрсеткен қызметiне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, сондай-ақ оларды ұстау жөніндегі шығындарды жалға берушi көтередi.
589-бап. Жалға берушiнiң көлiк құралын коммерциялық пайдалануға байланысты шығындарды төлеу жөніндегі мiндетi
Егер көлiк құралын экипажымен жалға беру шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы жанармайға және пайдалану процесiнде жұмсалатын басқа да материалдарға ақы төлеу жөніндегі, алымдарды төлеу жөніндегі шығындарды және көлiк құралын коммерциялық пайдалануға байланысты туындаған басқа да шығындарды көтередi.
590-бап. Көлiк құралын сақтандыру
Егер көлiк құралын экипажымен жалдау шартында өзгеше көзделмесе, көлiк құралын сақтандыру және (немесе) ол келтiруi мүмкiн немесе оны пайдалануға байланысты келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктi сақтандыру мiндетi мұндай сақтандыру мiндеттi болып табылатын жағдайда жалға берушiге жүктеледi.
591-бап. Көлiк құралын пайдалану туралы үшiншi тұлғалармен шарт жасасу
Жалға алушы жалға алынған көлiк құралын коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру шеңберiнде жалға берушiнiң келісімiнсiз өз атынан үшiншi тұлғалармен, егер олар жалдау шартында көрсетiлген көлiк құралдарын пайдалану мақсаттарына, ал егер мұндай мақсаттар белгiленбесе, - көлiк құралының мақсатына қайшы келмесе, тасымалдау шарты мен өзге де шарттар жасасуға құқылы.
592-бап. Көлiк құралына келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
Жалға алынған көлiк құралы жойылған немесе бүлiнген жағдайда, егер жалға берушi көлiк құралының жойылуы немесе бүлiнуi жалға алушы заң актілеріне немесе шартқа сәйкес жауап беретiн мән-жайлар бойынша болғанын дәлелдесе, жалға алушы жалға берушiге келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi.
593-бап. Көлiк құралы келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
Үшiншi тұлғаға жалға алынған көлiк құралы, оның тетiктерi, құрылғылары, жабдықтары және т.б. келтiрген зиян үшiн осы Кодекстiң 931-бабының ережелерiне сәйкес жалға алушы жауапты болады.2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 594-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
594-бап. Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн жалдаудың ерекшелiктерi
Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн оны басқару және техникалық пайдалану жөніндегі қызмет көрсетуімен жалдаудың осы параграфта көзделгендерден басқа ерекшелiктерi заң актілерімен белгіленуі мүмкiн.
594-1-бап. Көлiк құралын экипажсыз жалдау шарты
1. Көлiк құралын экипажсыз жалдау шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға көлiк құралын басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызметтердi көрсетпестен, оны уақытша иеленуге және пайдалануға ақы төлетiп бередi.
2. Жалдау шартын белгiсiз мерзiмге қайта жаңарту және жалға алушының жалдау шартын жаңа мерзiмге жасасуға (Азаматтық кодекстiң 557 және 558-баптары) артықшылықты құқығы туралы қағида көлiк құралын экипажсыз жалдау шартына қолданылмайды.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен Кодекс 594-2-баппен толықтырылды
594-2-бап. Көлiк құралын экипажсыз жалдау шартының нысаны
Көлiк құралын экипажсыз жалдау шарты оның мерзiмiне қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиiс.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен Кодекс 594-3-баппен толықтырылды
594-3-бап. Жалға алушының көлiк құралын күтіп ұстау жөніндегі мiндетi
Егер көлiк құралын экипажсыз жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы көлiк құралын экипажсыз жалдау шартының бүкiл мерзiмi iшiнде ағымдағы және күрделi жөндеудi жүзеге асыруды қоса алғанда, жалға алынған көлiк құралын тиiстi жағдайда ұстауға мiндеттi.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен Кодекс 594-4-баппен толықтырылды
594-4-бап. Жалға алушының көлiк құралын күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеу жөніндегі мiндетi
Егер көлiк құралын экипажсыз жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы жалға алынған көлiк құралын күтіп ұстауға, өз жауапкершiлiгiн сақтандыруды қоса алғанда, оны сақтандыруға жұмсалатын шығыстарды, сондай-ақ оны пайдалануға байланысты туындайтын шығыстарды көтередi.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен Кодекс 594-5-баппен толықтырылды
594-5-бап. Үшiншi тұлғалармен жасалатын көлiк құралын пайдалану туралы шарттар
Егер көлiк құралын экипажсыз жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы көлiк құралын экипажбен немесе экипажсыз жалдау шартының талаптарымен жалға алынған көлiк құралын жалға берушiнiң келісімiнсiз қосалқы жалға беруге құқылы.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен Кодекс 594-6-баппен толықтырылды
594-6-бап. Көлiк құралымен келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық
Үшiншi тұлғаларға көлiк құралымен, оның тетiктерiмен, құрылғыларымен, жабдықтарымен келтiрген зиян үшiн осы Кодекстiң 931-бабының қағидаларына сәйкес жалға алушы жауаптылықта болады.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен Кодекс 594-7-баппен толықтырылды
594-7-бап. Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн жалдау ерекшелiктерi
Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн оларды басқару және техникалық пайдалану бойынша қызметтерді көрсетпестен жалдау ерекшелiктерi өзге де заңнамалық актiлерде белгiленуi мүмкiн.
6. Прокат
595-бап. Прокат шарты
1. Прокат шарты бойынша тұрақты кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қозғалатын мүлiктi жалға берудi жүзеге асыратын жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлетiп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.
Прокат шарты бойынша берiлген мүлiк, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, тұтыну мақсатында пайдаланылады.
2. Прокат шарты жазбаша түрде жасалады.
3. Прокат шарты жария болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы).
596-бап. Прокат шартының мерзiмi
1. Прокат шарты бiр жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.
2. Жалға алушының мүлiктi жалға алу шартын жаңартуға басым құқығы туралы және мүліктік жалдау шартын белгiсiз мерзiмге жаңарту туралы ережелер (осы Кодекстiң 557, 558-баптары) прокат шартына қолданылмайды.
3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.
597-бап. Мүлiктi жалға алушыға беру
Прокат шартын жасасқан жалға берушi жалға алушының қатысуымен жалға берiлетiн мүлiктiң дұрыстығын тексеруге, сондай-ақ жалға алушыны мүлiктi пайдалану ережелерiмен таныстыруға не оған осы мүлiктi пайдалану туралы жазбаша нұсқаулықтарды беруге мiндеттi.
598-бап. Жалға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерiн жою
Жалға алушы жалға берiлген мүлiктiң оны пайдалануға толық немесе iшiнара кедергi келтiретiн кемшiлiктерiн тапқан жағдайда, жалға алушы кемшiлiктер туралы мәлiмдеген күннен бастап он күн мерзiмде жалға берушi, егер шартта одан неғұрлым аз мерзiм белгiленбесе, мүлiктiң кемшiлiктерiн ақысыз жоюға не осы мүлiктi соған ұқсас тиiстi күйдегi басқа мүлiкпен айырбастап беруге мiндеттi.
Егер жалға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерi жалға алушының мүлiктi пайдалану және ұстап-тұту ережелерiн бұзуы салдарынан болса, жалға алушы жалға берушiге мүлiктi жөндеу және тасымалдау құнын төлейді.ҚР 29.03.2000 № 42-II Заңына сәйкес 599-баптың 3-тармағы алып тасталды
599-бап. Мүлiктi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы
1. Прокат шарты бойынша мүлiктi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы, мерзiмдiк немесе бiржолғы енгiзiлетiн, тұрлаулы сомада белгiленген төлемдер түрiнде белгiленедi.
2. Жалға алушы мүлiктi мерзiмiнен бұрын қайтарған жағдайда жалға берушi мүлiктi пайдаланғаны үшiн алған ақының тиiстi бөлiгiн оған мүлiктi нақты қайтарған күннен кейiнгi күннен бастап есептеп қайтарады.
3. алынып тасталды
600-бап. Жалға алынған мүлiктi пайдалану
1. Прокат шарты бойынша жалға берiлген мүлiктi күрделi және ағымдағы жөндеу жалға берушiнiң мiндетi болып табылады.
2. Прокат шарты бойынша жалға алушыға берілген мүлікті қосымша жалға беруге, жалға алушының прокат шарты бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруiне, осы мүлiктi тегiн пайдалануға беруге, жалға алушының құқықтарын кепiлге салуға және оларды шаруашылық серіктестіктеріне, акционерлік қоғамдарға мүлік салымы, өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде енгізуге жол берiлмейдi.
30-тарау. Тұрғын үйді жалдау
601-бап. Тұрғын үйдi жалдау шарты
1. Тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша тұрғын үйдiң иесi немесе оның уәкiлеттi адамы (жалға берушi) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ақы төлеп пайдалануға беруге мiндеттенедi.
2. Тұрғын үйдi жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 602-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
602-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау шарты жергiлiктi атқарушы органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй беру туралы шешiмi негiзiнде жасалады.
2. Тұрғын үйдi беру талаптары, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шартын өзгерту мен бұзу негiздерi тұрғын үй заңдарында белгiленедi.
603-бап. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты
Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау талаптары, егер тұрғын үй заңдарында өзгеше көзделмесе, тараптардың келісімiмен белгiленедi.
31-тарау. Мүлікті тегін пайдалану
604-бап. Мүлiктi тегiн пайдалану шарты
1. Мүлiктi тегiн пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бiр тарап (несие берушi) екiншi тарапқа (несие алушыға) мүлiктi тегiн уақытша пайдалануға бередi, ал соңғысы мүлiктiң қалыпты тозуын ескере отырып, қандай күйде алса, сондай күйде немесе шартта ескертілген күйде қайтаруға мiндеттенедi.
2. Мүлiктi тегiн пайдалану шартына тиiсiнше осы Кодекстiң 541-бабының, 545-бабының 1-тармағының және 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнiң, 550-бабының, 555-бабының, 556-бабының 2-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларының, 558-бабының ережелерi қолданылады.
3. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартына Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктерге қоса осы Кодекстің ережелері қолданылады.
605-бап. Несие берушi
1. Мүлiктi тегiн пайдалануға беру құқығы оның меншiк иесiне және соған заң актілері немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген өзге адамдарға берiледi.
2. Коммерциялық ұйымның өз құрылтайшысы, қатысушысы, (акционерi), директоры, өзiнiң басқару немесе бақылау органдарының мүшесi болып табылатын адамға мүлiктi тегiн пайдалануға беруге құқығы жоқ.
606-бап. Мүлiктi тегiн пайдалануға беру
1. Несие берушi мүлiктi тегiн пайдалану шартының талаптары мен мүлiктiң мақсатына сай келетiн күйде беруге мiндеттi.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiк тегiн пайдалануға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртібін куәландыратын және т.б. құжаттармен) қоса берiледi.
Егер мұндай керек-жарақтар мен құжаттар берiлмесе, алайда оларсыз мүлiктi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаса не оны пайдалану несие алушы үшiн едәуiр дәрежеде құнын жойса, соңғысы сондай керек-жарақтар мен құжаттар берудi немесе шартты бұзуды және өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеудi талап етуге құқылы.
607-бап. Тегiн пайдалануға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерi үшін жауапкершілік
1. Мүлікті тегін пайдалануға берген несие беруші мүлікті беру кезінде қасақана немесе өрескел абайсыздықпен айтпай қалған осы мүлiк кемшiлiктерi үшін, егер бұл орайда несие алушыға нақты зиян келсе, жауапты болады.
2. Несие алушының талаптары туралы немесе оның мүлiктiң кемшiлiктерiн несие берушiнiң есебiнен жою ниетi туралы хабарландырылған несие берушi ақаулы затты тиiстi күйдегi соған ұқсас басқа затпен дереу ауыстыра алады.
3. Несие берушi мүлiктiң шарт жасаған кезде өзi айтқан кемшiлiктерi үшiн немесе несие алушыға алдын ала белгiлi болған не несие алушы шарт жасаған кезде немесе затты берген кезде мүлiктi қараған немесе оның дұрыстығын тексерген уақытта табылған кемшiлiктер үшiн жауап бермейдi.
608-бап. Тегiн пайдалануға берiлген мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтары
Мүлiктi тегiн пайдалануға беру бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтарын өзгертуге немесе тоқтатуға негiз болмайды.
Тегiн пайдалану шартын жасаған кезде несие берушi несие алушыға бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепіл құқығы және т.б) туралы ескертуге міндетті. Бұл міндетті орындамау несие алушыға шартты бұзуды және өзi шеккен нақты зиянды өтеудi талап ету құқығын бередi.
609-Бап. Несие алушының мүлiктi ұстау жөніндегі мiндеттерi
Несие алушы тегiн пайдалануға алған мүлiктi, егер тегiн пайдалану шартында өзгеше көзделмесе, ағымдағы және күрделi жөндеудi жүзеге асыруды қоса алғанда, дұрыс күйінде ұстап-тұтуға және оны ұстап-тұту жөніндегі барлық шығындарды өтеуге мiндеттi.
610-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi
Егер мүлiк оны несие алушы, тегiн пайдалану шартына немесе мүлiктi мақсатына сай пайдаланбағандықтан жойылса немесе бүлiнсе не оны несие берушiнiң келісімiнсiз үшiншi тұлғаға берсе, ол тегін пайдалануға алған мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн өз мойнына алады.
Егер несие алушы нақты мән-жайларды ескере отырып, өз мүлкiн құрбан етiп, мүлiктiң жойылуына немесе бүлiнуiне жол берiлмеуi мүмкiн болып, бiрақ өз мүлкiн сақтап қалуды жөн көрсе, ол мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупiн де мойнына алады.
611-бап. Мүлiктi пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғаға келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
Егер несие алушының немесе бұл мүлiк несие берушiнiң келісімiмен қолына тиген адамның зиянды қасақана немесе өрескел бейқамдықпен келтiргенiн дәлелдей алмаса, мүлiктi пайдалану салдарынан үшiншi тұлғаға келтiрiлген зиян үшiн несие берушi жауап береді.
612-бап. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу
1. Несие берушi тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды несие алушы:
1) мүлiктi шартқа немесе мақсатына сәйкес пайдаланбаған;
2) мүлiктi дұрыс күйiнде сақтау немесе оны ұстап-тұту жөніндегі мiндеттерiн орындамаған;
3) мүлiктiң жай-күйiне елеулі түрде нашарлатқан;
4) несие берушiнiң келісімiнсiз мүлiктi үшiншi тұлғаға берген жағдайларда талап етуге құқылы.
2. Несие алушы:
1) мүлiктi қалыпты пайдалануды мүмкiн етпейтiн немесе ауырлататын кемшiлiктерiн тапқан кезде, олардың бар екенi туралы шарт жасасу кезiнде бiлмеген және бiлу мүмкiн болмаса;
2) егер мүлiк ол жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайдалануға жарамсыз күйде болса;
3) егер шартты жасау кезiнде несие берушi оған берiлген мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы ескертпесе;
4) несие берушi мүлiктi беру не оның керек-жарақтары мен оған қатысты құжаттарды беру мiндетiн орындамаса, тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
613-бап. Шарттан бас тарту
1. Тараптардың әрқайсысы мерзiмi көрсетiлмей жасалған тегiн пайдалану шартынан, егер шартта хабарлаудың өзге мерзiмi көзделмесе, бұл туралы басқа тарапқа бiр ай iшiнде хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқылы.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, несие алушы мерзiмiн көрсетiп жасалған шарттан, осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiппен, кез келген уақытта бас тартуға құқылы.
614-бап. Шарттағы тараптардың өзгеруi
1. Несие берушi мүлiкке иелiктен айыруды жүргiзуге немесе оны үшiншi тұлғаға тегiн пайдалану үшiн беруге құқылы. Бұл орайда жаңа меншiк иесiне немесе пайдаланушыға бұрын жасалған тегiн пайдалану шартынан құқықтар ауысады, ал оның мүлiкке қатысты құқықтарына несие алушының құқықтары қосылады.
2. Несие берушi азамат қайтыс болған не несие берушi заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда несие берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi тегiн пайдалану шарты бойынша мұрагерге (құқық мирасқорына) немесе мүлiкке меншiк құқығы немесе мүлiк тегiн пайдалануға берiлген деп негiзге алынған өзге құқық ауысқан басқа тұлғаға көшедi.
Несие алушы - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның құқықтары мен мiндеттерi шарт бойынша оның құқық мирасқоры болып табылатын заңды тұлғаға көшедi.
615-бап. Шартты тоқтату
Тегiн пайдалану шарты, егер шартта өзгеше көзделмесе, несие алушы азамат қайтыс болған немесе несие алушы заңды тұлға таратылған жағдайда тоқтатылады.
32-тарау. Мердігерлік
1. Мердiгерлiк туралы жалпы ережелер
616-бап. Мердiгерлiк шарты
1. Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткізуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер тапсырысшының тапсырмасын орындау әдiстерiн дербес айқындайды.
3. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне (тұрмыстық мердiгерлiк, құрылыс мердiгерлiгi, жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк, ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк), егер осы Кодекстiң бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.
4. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерi бойынша қатынастар осы Кодекспен қатар мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерi туралы заң актілерімен де реттеледi.
617-бап. Жұмысты мердiгердiң қарамағында орындау
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң қарамағында: соның материалдарымен, күштерiмен және қаражатымен орындалады.
2. Мердiгер өзi берген материалдар мен жабдықтардың сапасы лайықсыз болғаны үшiн, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың құқықтары қосылған материалдар мен құралдарды бергенi үшiн жауапты болады.
618-бап. Материалдардың кездейсоқ жойылу қаупi
Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер шартта белгiленген жұмысты тапсыру мерзiмi басталғанға дейiн материалдардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн материалдарды берген тарап мойнына алады.
Жұмыс нәтижесiн беру немесе қабылдау уақытын өткiзiп алған кездегi тәуекелдi, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, уақытты өткiзiп алған тарап мойнына алады.
619-бап. Бас мердiгер және қосалқы мердiгер
1. Егер заң актілерінен немесе шарттан өзгеше туындамаса, мердiгер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердiгерлердi) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер - тапсырысшының алдында бас мердiгер, ал қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшы болады.
2. Бас мердiгер қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшының мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердiгердiң мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты болады.
3. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы мен қосалқы мердiгер бiр-бiрiншi өздерiнiң бас мердiгермен арадағы шарттарды бұзуына байланысты талаптар қоюға құқығы жоқ.
4. Бас мердiгердiң келісімiмен тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мұндай жағдайда үшiншi тұлға жұмысты орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн тiкелей тапсырысшының алдында жауапты болады.
5. Егер шарт бiр мезгiлде екi немесе одан да көп мердiгермен жасалса және мiндеттеме нысанасы бөлiнбейтiн болса, мердiгерлер тапсырысшыға қатысты ортақтасқан борышқорлар және тиiсiнше ортақтасқан кредит берушiлер болып танылады. Мiндеттеме нысанасы бөлiнетiн жағдайда, сондай-ақ заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде көзделген басқа да жағдайларда мердiгерлердiң әрқайсысы құқықтарға ие болып, тапсырысшыға қатысты өз үлесiнiң шегiнде мiндеттемелердi мойнына алады.
620-бап. Жұмыстың орындалу мерзiмдерi
1. Мердiгерлiк шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi мерзiмi көрсетiледi. Тараптардың арасындағы келісім бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi (аралық мерзiмдерi) де көзделуi мүмкiн.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi, сонымен қатар аралық мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапты болады.
2. Жұмыс орындаудың мердiгерлiк шартта көрсетiлген бастапқы, түпкi және аралық мерзiмдерi шартта көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша өзгертілуі мүмкін.
621-бап. Жұмыстың бағасы
1. Мердiгерлiк шартта орындалуға жататын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау әдiстерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар келісімге келмеген жағдайда бағаны тараптарға келтiрiлген қажеттi шығындарды ескере отырып, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi.
2. Жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн.
Жұмыс мердiгер жасаған сметаға сәйкес орындалған жағдайларда смета күшке ие болып, тапсырысшы оны растаған кезден бастап шарттың бiр бөлiгiне айналады.
Жұмыстың бағасы (смета) шамамен алынған немесе тұрлаулы болуы мүмкiн. Шартта басқа нұсқаулар болмаған кезде жұмыстың бағасы (смета) тұрлаулы деп есептеледi.
3. Егер қосымша жұмыс жүргiзу және осы себептен жұмыстың шамамен белгiленген бағасын (шамамен алынған сметаны) елеулi түрде өсiру қажет бола қалса, мердiгер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi. Жұмыстың бағасын (сметаны) өсiруге келiспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер өзiне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлiгiнiң бағасын төлеудi талап ете алады.
4. Шартта көрсетiлген бағаны (сметаны) өсiру қажеттiгi туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердiгер жұмысқа шартта белгiленген баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға мiндеттi.
5. Мердiгер тұрлаулы бағаны (тұрлаулы сметаны) көбейтудi, ал тапсырысшы оны азайтуды, оның iшiнде шартты жасау кезiнде орындалуға тиiс жұмыстардың толық көлемiн немесе бұл үшiн қажеттi шығындарды қарастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда да талап етуге құқығы жоқ.
Шарт жасасқаннан кейiн мердiгер беруге тиiстi материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшiншi тұлғалар көрсететiн қызметтердің құны едәуiр өскен кезде мердiгердiң белгiленген бағаны (сметаны) көбейтудi, ал тапсырысшы бұл талапты орындаудан бас тартқан жағдайда шартты бұзуды талап етуге құқығы бар.
622-бап. Мердiгердiң үнемi
1. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.
2. Мердiгерлiк шартта мердiгер алған үнемдi тараптар арасында бөлу көзделуi мүмкiн.
623-бап. Жұмысқа ақы төлеу тәртібі
1. Егер мердiгерлiк шартта орындалған жұмысқа немесе оның жекелеген кезеңдерiне алдын ала ақы төлеу көзделмесе, тапсырысшы мердiгерге жұмыс тиiстi түрде және келісілген мерзiмде, не тапсырысшының келісімiмен - мерзiмiнен бұрын орындалған жағдайда жұмыстың нәтижесiн түпкiлiктi тапсырғаннан кейiн келісілген бағаны төлеуге мiндеттi.
2. Мердiгер заң актілерінде немесе шартта көрсетiлген жағдайлар мен мөлшерде ғана аванс не кепiлпұл төлеудi талап етуге құқылы.
624-бап. Ұстап қалу құқығы
1. Шарттың орындалуына байланысты мердiгерге тиесiлi белгiленген бағаны не өзге соманы төлеу мiндетiн тапсырысшы орындамаған жағдайда мердiгердiң жұмыс нәтижесiн ұстап қалуға, сондай-ақ затты өңдеуге берiлген тапсырысшыға тиесiлi жабдықтарды, қолданылмаған материалдардың қалдықтарын және өзiнде тапсырысшының басқа да қалып қойған мүлкін тапсырысшы тиісті сомасын төлегенше ұстап қалуға құқығы бар.
2. Тапсырысшының осы кодекстiң 630-бабында көзделген мерзiм шегiнде байқаған кемшiлiктердi жою жөніндегі шығындарды жабу үшiн мердiгерге тиесiлi сыйақының бiр бөлiгiн ұстап қалуы шартта көзделуi мүмкiн.
625-бап. Жұмысты тапсырысшының материалдарын пайдалана отырып орындау
1. Мердiгер тапсырысшы берген материалды үнемдеп және есеппен пайдалануға, жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге не тапсырысшының келісімiмен, мердiгерде қалған пайдаланылмаған материалдың құнын ескере отырып, жұмыстың бағасын кемiтуге мiндеттi.
2. Мердiгер тапсырысшы берген материалдардың кемшiлiктерi себептi тиістi дәрежеде орындалмаған жұмыс үшiн, егер ол осы материалдарды тиiстi қабылдау кезiнде оның кемшiлiктердi анықтауы мүмкiн болмағанын дәлелдей алмаса, жауапты болады.
626-бап. Тапсырысшы берген мүлiктiң сақталмағаны үшiн мердiгердiң жауаптылығы
Мердiгерлiк шартты орындауға байланысты мердiгердiң иелiгiне өткен заттарды немесе өзге де мүлiктi өңдеу үшiн тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың сақталмағаны үшiн мердiгер жауапты болады.
627-бап. Тапсырысшының жұмыстарды орындау кезіндегі құқықтары
1. Тапсырысшы мердiгердiң қызметiне араласпай, кез келген уақытта жұмыстың барысы мен сапасын тексеруге құқылы.
2. Егер мердiгер шартты орындауға уақытылы кiрiспесе немесе жұмысты соншалықты баяу орындап, оны мерзiмiнде аяқтау көрiнеу мүмкiн болмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және шеккен залалдарын өтеудi талап етуге құқылы.
3. Егер жұмыстың орындалу барысында оның тиiстi дәрежеде орындалмайтыны анық болса, тапсырысшы мердiгерге кемшiлiктердi жою үшiн қисынды мерзiм белгiлеуге және мердiгер белгiленген мерзiмде ол талапты орындамаған жағдайда шарттан бас тартуға не жұмысты түзетудi мердiгердiң есебiнен үшiншi тұлғаға тапсыруға, сондай-ақ залалдарын өтеудi талап етуге құқылы.
4. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмысты өзiне өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырысшының шарттан бас тартқаны туралы хабарлама алғанға дейін орындаған жұмысы үшiн ақы төлеп, мердiгерлiк шарттан бас тарта алады. Тапсырысшы мердiгерге орындалған жұмыс үшiн төленген бағаның бөлiгi мен барлық жұмыс үшiн белгiленген бағаның арасындағы айырма шегiнде шарттың тоқтатылуынан келтiрiлген залалды өтеуге де мiндеттi.
628-бап. Мердiгер тапсырысшыға ескертуге мiндеттi мән-жайлар
1. Мердiгер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдiсi туралы нұсқауларын орындаудан тапсырысшы үшiн болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертiп, одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшiн қисынды мерзiмнiң аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердiгердiң өзiне немесе өзi тапсырысшыға тиiстi талаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ.
3. Егер тапсырысшы осы баптың 1-тармағында аталған мән-жайлар туралы мердiгер тарапынан уақытылы және негiзделген ескерту алғанына қарамастан, қисынды мерзiмде жарамсыз және сапасыз материалды ауыстырмаса, жұмысты орындау әдiсi туралы нұсқауды өзгертпесе немесе жұмыстың жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп төндiретiн мән-жайларды жою үшiн басқа да қажеттi шаралар қолданбаса, мердiгер шарттан бас тартуға және оның тоқтатылуынан келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
629-бап. Тапсырысшының жәрдем көрсетуi
1. Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген көлем мен тәртiп бойынша мердiгерге жұмыстың орындалуына жәрдем көрсетуге мiндеттi.
Тапсырысшы бұл мiндеттi орындамаған жағдайда мердiгер бос тұрыс не жұмыстың орындалу мерзiмiн ауыстыру не жұмыстың бағасын көтеру туғызған қосымша шығындарды қоса алғанда, келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы.
2. Мердiгерлiк шарт бойынша жұмысты орындау тапсырысшының iс-әрекетiнiң немесе қателiктерiнiң салдарынан мүмкiн болмаған жағдайларда мердiгер жұмыстың орындалған бөлiгiн ескере отырып, өзiне белгiленген бағаны төлетiп алу құқығын сақтайды.
630-бап. Тапсырысшының орындалған жұмысты қабылдауы
1. Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген мерзiмде және тәртiппен орындалған жұмыстың нәтижесiн мердігердiң қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге де кемшiлiктер анықталған жағдайда бұл туралы мердiгерге дереу мәлiмдеуге мiндеттi.
2. Жұмысты қабылдау кезiнде ондағы кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы, егер актiде не қабылдауды куәландыратын өзге де құжатта ол кемшiлiктер не оларды жою туралы кейiн талап қойылу мүмкiндiктерi айтылған жағдайда ғана оларға сiлтеме жасауға құқылы.
3. Жұмыстың нәтижесiн тексерусiз қабылдаған тапсырысшы оны қабылдаудың әдеттегi әдiсi кезiнде анықталуы мүмкiн жұмыс кемшiлiктерiне (көрiнеу кемшiлiктер) сiлтеме жасау құқығынан айрылады.
4. Жұмыс нәтижесiн қабылдағаннан кейiн әдеттегi қабылдау әдiсi кезiнде анықталуы мүмкiн емес (жасырын кемшiлiктер), оның iшiнде мердiгер қасақана жасырған шарттан ауытқуды немесе өзге де кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы олар анықталғаннан кейін қисынды мерзiмде бұл туралы мердiгерге хабарлауға мiндеттi.
5. Тапсырысшы анықтаған жасырын кемшiлiктер туралы мердiгерге хабарлау үшiн шектi мерзiм - бiр жыл, ал үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түрiне тәуелсiз мердiгердiң қасақана жасырған кемшiлiктерiне қатысты - жұмысты қабылдаған күннен бастап үш жыл болып табылады.
Заң актілерінде немесе шартта неғұрлым ұзақ мерзiмдер (кепiлдiк мерзiмдер) белгiленуi мүмкiн.
Егер шартқа сәйкес тапсырысшы жұмысты бөлiп-бөлiп қабылдаса, осы тармақта белгiленген мерзiм жұмыстың нәтижелерiн тұтасымен қабылдаған күннен басталады.
6. Тапсырысшы мен мердігердің арасында орындалған жұмыстың кемшіліктері немесе олардың себептерi жөнiнде дау туған кезде тараптардың кез келгенiнiң талап етуi бойынша сараптама тағайындалуға тиiс. Сараптама шартты бұзушылық немесе мердiгердiң iс-әрекетi мен анықталған кемшiлiктердiң арасында себептi байланыстар жоқ екенiн анықтаған жағдайларды қоспағанда, сараптаманы өткізу жөніндегі шығындарды мердiгер көтередi. Бұл жағдайларда сараптама жөніндегі шығындарды оны тағайындауды талап еткен тарап, ал егер сараптама тараптардың арасындағы келісім бойынша тағайындалса - екi тарап тең көтередi.
7. Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижелерiн қабылдаудан жалтарған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер шартқа сәйкес жұмыс тапсырысшыға өткізуге тиiстi күннен бастап бiр ай өткен соң және тапсырысшыға бұдан кейiн екi мәрте ескерткеннен кейiн жұмыстың нәтижесiн сатуға, ал алынған соманы мердiгерге тиесiлi барлық төлемдердi шегерiп, нотариус депозитiне тапсырысшының атына салуға құқылы.
8. Егер тапсырысшының орындалған жұмыс нәтижелерiн қабылдаудан жалтаруы жұмысты тапсыруды кешiктiруге әкеп соқса, дайындалған (өңделген) затқа меншiк құқығы өткiзiлген кезден тапсырысшыға көштi деп танылады.
631-бап. Мердiгерлiк нысанасы жойылған немесе жұмысты аяқтау мүмкiн болмаған жағдайдағы тараптар арасындағы есеп айырысу
Егер мердiгерлiк нысанасы оны тапсырғанға дейiн кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтаудың мүмкiн болмауы тараптардың кiнәсiнен болмаса, мердiгердiң жұмыс үшiн сыйақы талап етуге құқығы жоқ.
Егер мердiгерлiк нысанасының жойылуы немесе жұмысты аяқтаудың мүмкiн болмауы тапсырысшы жеткiзген материал кемшiлiктерiнiң немесе оның жұмысты орындау әдiсi туралы өкiмдерiнiң салдарынан болса, не тапсырысшы орындалған жұмысты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алғаннан кейiн болса, оның үстiне мердiгер осы Кодекстiң 628-бабы ережелерiн сақтаған болса, мердiгер жұмыс үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
632-бап. Жұмыстың сапасы
1. Мердiгер орындаған жұмыс шарт ережелерiне, ал олар болмаған немесе толық болмаған жағдайда - әдетте тиiстi тектес жұмысқа қойылатын талаптарға сай болуы тиiс.
2. Егер заң актілерінде немесе оларда белгiленген тәртiпте мердiгерлiк шарты бойынша орындалатын жұмысқа мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкер ретiнде iс-әрекет етушi мердiгер жұмысты осы мiндеттi талаптарды сақтай отырып орындауға мiндеттi.
Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.
633-бап. Жұмыс сапасына кепiлдiк
1. Заң актілерінде немесе шартта мердiгердiң тапсырысшыға жұмыс сапасына кепiлдiк беруi көзделген жағдайда мердiгер тапсырысшыға бүкiл кепiлдiк мерзiмiнiң iшiнде осы Кодекстiң 632-бабының талаптарына сай болуға тиiс жұмыс нәтижесiн беруге мiндеттi.
2. Жұмыс нәтижесiнiң сапасына кепiлдiк, егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс нәтижесiн құрайтын барлық элементтерге қолданылады.
634-бап. Кепiлдiк мерзiмiн есептеу тәртібі
Егер мердiгерлiк шартта өзгеше көзделмесе, кепiлдiк мерзімі орындалған жұмыс нәтижесiн тапсырысшы қабылдаған немесе қабылдауға тиiс болған кезден басталады.
635-бап. Мердiгердiң жұмыс сапасының тиiстi дәрежеде болмауы үшiн жауапкершiлiгi
1. Егер жұмысты мердiгер шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулармен немесе оны шартта көзделген не шартта тиiстi ережелер болмаған кезде - әдеттегi пайдалану үшiн оларды жарамсыз ететiн өзге де кемшiлiктермен орындаса, заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгiленбегендiктен, тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердiгерден:
1) қисынды мерзiмде жұмыстың кемшiлiктерiн өтемсiз жоюды;
2) жұмыс үшiн белгiленген бағаны мөлшерлес азайтуды;
3) тапсырысшының кемшiлiктердi жою құқығы шартта көзделсе, өзiнiң оларды жоюға шыққан шығыстарын өтеудi талап етуге құқылы.
2. Мердiгер өзi жауап беретiн жұмыстың кемшiлiктерiн жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрген зиянды өтей отырып, жұмысты тегiн қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкiн болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып беруге мiндеттi.
3. Егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшiлiктерi елеулi және жоюға келмейтiн болса не анықталған кемшiлiктер тапсырысшы белгiлеген қисынды мерзiмде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
4. Шартта белгiлi бiр кемшiлiктерi үшiн мердiгердi жауаптылықтан босату көзделуi мүмкiн. Егер тапсырысшы кемшiлiктер мердiгердiң кiнәлi iс-әрекетiнiң немесе әрекетсiздiгiнiң салдарынан пайда болғандығын дәлелдесе, аталған ереже қолданылмайды.
5. Жұмысты орындау үшiн материалдар берген мердiгер олардың сапасы үшiн сатушының сапасы лайықсыз тауарлар үшiн жауаптылығы туралы ережелер бойынша жауап бередi (осы Кодекстiң 428-бабы 1-тармағының 1) 3) және 5) тармақшалары).
636-бап. Жұмыс сапасының лайықсыздығы туралы талап арыздар жөніндегі мерзiмнiң ескiруi
Мердiгерлiк шарт бойынша орындалған жұмыс сапасының лайықсыз болуынан туындаған талаптар үшiн талап арыз қою мерзiмiнiң өтуi тапсырысшы осы Кодекстiң 630-бабында көзделген мерзiм шегiнде мәлiмдеген кемшiлiктер анықталған күннен басталады.
637-бап. Мердiгердiң тапсырысшыға ақпарат беру мiндетi
Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiмен бiрге, егер бұл шартта көзделсе немесе ақпараттың сипаты, онысыз жұмыстың нәтижелерiн шартта көрсетiлген мақсаттар үшiн пайдалану мүмкiн болмаса, шарттың нысанасын пайдалануға немесе өзгеше iске асыруға қатысты ақпаратты беруге мiндеттi.
638-бап. Тараптар алған ақпараттың құпиялылығы
Егер бiр тарап шарт бойынша өзiнiң мiндеттемесiн атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа шешімдер мен техникалық білiмдер туралы ақпарат, оның iшiнде құқықтық қорғауды пайдаланбайтын ақпарат, сондай-ақ коммерциялық құпия ретiнде қаралуы мүмкiн мәлiметтер алса, оны екiншi тараптың келісімiнсiз үшiншi тұлғаларға хабарлауға құқығы жоқ.
Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртібі мен талаптары тараптардың келісімiмен белгiленедi.
639-бап. Тапсырысшыға материалдар мен жабдықтарды қайтарып беру
Осы Кодекстiң 627-бабының 4-тармағының немесе 635-бабының 3-тармағының негiзiнде тапсырысшы мердiгерлiк шарттан бас тартқан жағдайда мердiгер тапсырысшы берген материалдарды, жабдықтарды, өңдеуге берiлген затты және өзге де мүлiктi қайтаруға не оларды тапсырысшы атаған тұлғаға беруге, ал егер бұл мүмкiн болмаса, материалдар, жабдықтар және тапсырысшыдан алынған өзге де мүлiк құнының орнын толтыруға мiндеттi.
2. Тұрмыстық мердiгерлiктiң ерекшелiктерi
640-бап. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады (осы Кодекстiң 387-бабы).
641-бап. Тапсырысшы құқықтарының кепiлдiктерi
1. Мердiгердiң тапсырысшыны тұрмыстық мердiгерлiк шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi енгізуге мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Бұл талап бұзылған жағдайда тапсырысшы мұндай жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Тапсырысшы өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырысшының шарттан бас тартуы туралы хабарлама алғанға дейiн орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеп, тұрмыстық мердiгерлiк шарттан бас тартуға құқылы және тапсырысшы мердiгердiң сол кезге дейiн жасаған шығындарын өтеуге мiндеттi. Тапсырысшыны бұл құқықтан айыратын шарт ережелерi жарамсыз болады.
642-бап. Шарттың нысаны
Егер заң актілерінде немесе шартта, оның iшiнде формулярлар ережелерiнде немесе тапсырысшы қосылатын өзге де стандартты нысандарда (осы Кодекстiң 339-бабы) өзгеше көзделмесе, тұрмыстық мердiгерлiк шарты мердiгердiң тапсырысшыға түбiртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi.
Тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактiсiн немесе оның ережелерiн растауда куәгерлiк айғақтарға сiлтеме жасау құқығынан айырмайды.
643-бап. Тапсырысшыға жұмыстың нәтижелерi туралы ақпарат беру
Тапсырысшыға жұмыстардың нәтижелерiн өткiзген кезде мердiгер оған дайындалған немесе қайта жасалған затты не орындалған жұмыстың өзге нәтижесiн тиiмдi және қауiпсiз пайдалану үшiн сақталуы қажет талаптар туралы, сондай-ақ тиісті талаптардан сақтамауын тапсырыс берушiнiң өзiне және басқа адамдарға келтiрiлуi мүмкiн зардаптары туралы хабарлауға мiндеттi.
644-бап. Тапсырысшыға жұмыс туралы ақпарат беру
1. Мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шарт жасалғанға дейiн тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлерi мен ерекшелiктерi туралы, жұмыстың бағасы мен оған ақы төлеудiң нысаны туралы қажеттi және сенімдi ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшыға оның өтiнiшi бойынша шартқа және тиiстi жұмысқа сәйкес басқа да мәлiметтердi хабарлап отыруға мiндеттi. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсырысшыға мердiгер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиiс.
2. Тапсырысшы мердiгерден алынған ақпараттың толық немесе сенімдi болмауының салдарынан тапсырысшы көздеген қасиеттерi жоқ жұмыстарды орындауға шарт жасалған жағдайларда тапсырысшы тұрмыстық мердiгерлiк шартты бұзуды және зиянды өтеудi талап етуге құқылы.
645-бап. Жұмысты мердiгердiң материалынан орындау
1. Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс мердiгердiң материалынан орындалатын болса, шартты жасау кезiнде тапсырысшы материал үшiн толық немесе тапсырысшы мердiгер орындаған жұмыстың нәтижесiн алған кезде түпкiлiктi есеп айырыса отырып, шартта көрсетiлген бөлiгi үшiн ақы төлейдi.
Шартқа сәйкес материалды мердiгер кредитке, оның iшiнде тапсырысшының материалға ақыны бөлiп-бөлiп төлеуi талабымен беруi мүмкiн.
2. Мердiгер берген материал бағасының шарт жасалғаннан кейiн өзгеруi қайта есептеуге әкеп соқпайды.
646-бап. Жұмысты тапсырысшының материалынан орындау
Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс тапсырысшының материалынан орындалатын болса, түбiртекте немесе шарт жасасу кезiнде мердiгер тапсырысшыға беретiн өзге де құжатта материалдың дәл атауы, саны, сипаты мен тараптардың келісімi бойынша белгiленетiн бағасы көрсетiлуге тиiс. Түбiртектегi немесе сол сияқты өзге де құжаттағы материалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дәлелдемелер ұсыну арқылы кейiн сотта дау айтуы мүмкiн.
647-бап. Жұмыстың бағасы және оған ақы төлеу
Тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмыстың бағасы тараптардың келісімiмен белгiленедi және ол мердiгер жарияланған прейскурантта көрсетiлгеннен жоғары болмауы керек. Тапсырысшы жұмысқа ақыны мердiгер оның нәтижесiн түпкiлiктi тапсырғаннан кейiн төлейдi.
Тараптардың келісімi бойынша жұмысқа тапсырысшы шарт жасасу кезiнде толық немесе аванс беру арқылы ақы төлеуi мүмкiн.
648-бап. Орындалған жұмыстан кемшiлiктер табудың зардабы
1. Тапсырысшы жұмыстың нәтижелерiн қабылдаған кезде немесе мердiгерлiк нысанасын пайдалану кезiнде кемшiлiктер тапқан жағдайда осы Кодекстiң 630-бабында көзделген жалпы мерзiмдердiң iшiнде, ал кепiлдi мерзiмдер болған кезде - сол мерзiмдердiң iшiнде осы Кодекстiң 635-бабында көзделген құқықтардың бiрiн жүзеге асыра алады.
2. Тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша орындалған жұмыстың кемшіліктерін тегін жою туралы талап, егер заң актілерінде белгіленген тәртiпте өзге мерзiм (қызмет мерзiмi) көзделмесе, ол кемшiлiктер тапсырысшының өзiнiң және басқа да адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi болған жағдайда тапсырысшы немесе оның құқық мирасқоры жұмысты қабылдаған кезден бастап үш жыл iшiнде қойылуы мүмкiн. Мұндай талап бұл кемшiлiктердiң қай уақытта анықталғанына қарамастан, оның iшiнде кепiлдiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн анықталған кезде де қойылуы мүмкiн.
Мердiгер аталған талапты орындамаған жағдайда тапсырысшы нақ сол мерзiм iшiнде не жұмыс үшiн төленген бағаның бiр бөлiгiн қайтаруды, не кемшiлiктердi өз күшiмен немесе үшiншi тұлғалардың көмегiмен жоюға кеткен шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
649-бап. Тапсырысшының орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеуiнiң зардабы
1. Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан өзгедей жалтарған жағдайда мердiгер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап екi ай өткен соң мердiгерлiк нысанасын қисынды бағаға сатуға, ал одан түскен соманы, мердiгерге тиесiлi барлық төлемдi шегерiп, осы Кодекстiң 291-бабына сәйкес тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған жағдайларда мердiгер мердiгерлiк нысанасына сатудың орнына оны ұстап қалу (осы Кодекстiң 624-бабы) немесе тапсырысшыдан келтiрiлген залалды өндiрiп алу құқығын пайдалана алады.
650-бап. Шарттағы тараптардың бiрiнiң қайтыс болуының зардабы
Тұрмыстық мердiгерлiк шарт тараптардың бiрiнiң қайтыс болуы негiзiнде тоқтатылған жағдайда (осы Кодекстiң 376-бабы) шарттың тоқтатылу зардабы тиiстi тараптың құқықтық мирасқоры мен оның келісім-шарт жасасушы агентiнiң арасындағы келісім бойынша, ал олар келісімге келмеген кезде орындалған жұмыстың мөлшерi мен оның бағасы, жұмсалған және сақталған материалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайлар ескерiле отырып сот арқылы айқындалады.
3. Құрылыс мердiгерлiгiнiң ерекшелiктерi
651-бап. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты
1. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келісілген бағаны төлеуге мiндеттенедi.
2. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты кәсiпорынды, үйдi (оның iшiнде тұрғын үйдi), ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға, сондай-ақ монтаждау, iске қосу-жөнге келтiру және салынып жатқан объектiмен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды орындауға жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы параграфтың ережелерi үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу кезiнде де қолданылады.
Егер мұның өзi шартта көзделген болса, мердiгер объектiнi пайдалануға берудi тапсырысшы объектiнi қабылдағаннан кейiн шартта көрсетiлген мерзiм iшiнде қамтамасыз етуге мiндеттеме алады.
3. Құрылысты толық аяқтау туралы шарт жасасу кезiнде мердiгер өзiне құрылыс және оны қамтамасыз ету жөніндегі барлық мiндеттеменi алады және шарт ережелерiне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объектiнi тапсыруға тиiс.
4. Аяқталмаған құрылыстың иесi оны тапсырысшыға тапсырғанға дейiн және оған төлем жасалғанға дейiн мердігер болып табылады.
5. Құрылыс, мердiгерлiгi шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиiсiнше тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшының құқықтары туралы ережелер қолданылады.
652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу
1. Құрылыс объектiсi жұмысты өткізудiң шартта белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн дүлей күштiң салдарынан қираған немесе бүлiнген кезде тапсырысшы, егер шартта өзгеше көзделмесе, орындалған және (немесе) қалпына келтiру жұмыстарының құнын төлеуге мiндеттi.
2. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмай қалу қаупiн олар өткiзiлгенге дейiн тапсырысшы көтередi.
3. Жұмыстың кездейсоқ қымбаттау қаупiн мердiгер көтередi.
4. Шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелдi мердiгердiң көтеретiндiгi көзделуi мүмкiн (құрылысты толық аяқтау).
5. Шартта мердiгердiң тәуекелдерiн сақтандыру көзделуi мүмкiн. Бұл жағдайда сақтандыру жөніндегі шығындар орындалған жұмыстар үшiн сыйақыны айқындау кезiнде ескерiлетiн құрылыс жөнiндегі шығыстарға енгiзiледi.
653-бап. Жүргiзiлетiн жұмыстардың қауiпсiздiгi үшiн жауаптылық
Жүргiзiлетiн жұмыстардың қауiпсiздiгi үшiн мердiгер жауапты болады.
654-бап. Жобалау-сметалық құжаттама
1. Мердiгер құрылысты және оған байланысты жұмыстарды жұмыстың көлемi мен мазмұнын және жұмысқа қойылатын басқа да талаптарды айқындайтын жобалау құжаттамасы мен жұмыстың бағасын айқындайтын сметаға сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.
Шартта өзге нұсқаулар болмаған кезде мердiгер жобалау-құжаттамасына және сметада (жобалау-сметалық құжаттамада) көрсетiлген барлық жұмыстарды орындауға мiндеттi деп түсiнiледi.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, шетел тілінде жасалған жобалау-сметалық және басқа техникалық құжаттама мердігерге мемлекеттік немесе орыс тiлдерiне аударылып берiледi. Өлшем бiрлiктерi заң актілерінде белгiленген метрикалық жүйеге сәйкес болуға тиiс.
3. Құрылыс мердігерлігі шартында жобалау-сметалық құжаттаманың құрамы мен мазмұны айқындалуға тиiс, сондай-ақ тараптардың қайсысы және қандай мерзiмде тиiстi құжаттаманы беру керек екенi көзделуге тиiс.
4. Құрылыс жүргiзу барысында жобалау-сметалық құжаттамада есептелiнбеген жұмыстарды және осыған байланысты қосымша жұмыстар жүргiзу мен құрылыстың сметалық құнын өсiру қажеттiгiн анықтаған мердiгер тапсырысшыға ол туралы хабарлауға мiндеттi.
Мердiгер өз хабарламасына тапсырысшыдан он күн iшiнде жауап алмаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта бұл үшiн өзгеше мерзiм көзделмесе, бос тұрыстан келтiрiлген залалдарды тапсырысшының есебiне жатқыза отырып, тиiстi жұмысты тоқтата алады.
5. Осы баптың 4-тармағында белгiленген мiндеттердi орындамаған мердігер, егер тапсырысшының мүдделерi үшiн шұғыл iс-қимыл жасау қажеттiгiн, атап айтқанда, жұмыстың iркiлуi салынып жатқан объектiнiң қирауына немесе бүлiнуiне әкеп соқтыратынына байланысты шұғыл iс-әрекеттiң қажеттiгiн дәлелдей алмаса, тапсырысшыдан қосымша жұмысты орындағаны үшiн ақы және осыдан туған залалдардың орнын толтыруды талап ету құқығынан айырылады.
6. Тапсырысшы қосымша жұмысқа және оған ақы төлеуге келісім берген кезде, жұмыс мердiгердiң кәсiби қызмет аясына кiрмейтiн не мердiгерге байланыссыз себептермен орындалмайтын болған жағдайларда ғана мердiгердiң аталған жұмысты орындаудан бас тартуға құқығы бар.
655-бап. Жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу
1. Тапсырысшы жобалау-сметалық құжаттамаға мердiгер үшiн қосымша шығындарға және (немесе) жұмыстың орындалу мерзiмiн ұзартуға байланысы жоқ өзгерістер енгізудi талап етуге құқылы.
2. Мердiгер үшiн қосымша шығындарды керек ететiн жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу тараптардың келісілген қосымша сметасының негiзiнде тапсырысшының есебiнен жүзеге асырылады.
3. Егер мердiгерге байланыссыз себептермен жұмыс құны сметадан кемiнде он процентке асып кетсе, ол сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы.
4. Жобалау-сметалық құжаттамадағы, мұндай құжаттама өзiнiң тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мердiгер жобалау-сметалық құжаттамада жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисынды шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
656-бап. Жұмыстарды материалдық қамтамасыз ету
1. Егер шартта тапсырысшының құрылысты тұтасымен немесе белгiлi бір бөлігінде материалдық қамтамасыз етуі көзделмесе, бөлшектер мен конструкцияларды қоса алғанда, құрылысты материалдармен, сондай-ақ жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi мердiгер мойнына алады.
2. Мiндетiне құрылысты материалдық қамтамасыз ету кiретiн мердігер өзі берген материалдарды (бөлшектерді, конструкцияларды) немесе жабдықтарды орындалатын жұмыстардың сапасын нашарлатпай пайдалану мүмкiн болмай қалатындығы анықталатын тәуекелге барады.
3. Тапсырысшы берген материалдарды (бөлшектердi, конструкцияларды) немесе жабдықтарды орындалатын жұмыстардың сапасын нашарлатпай пайдалану мүмкiн болмай қалатындығы анықталған жағдайларда мердiгер тапсырысшыдан оларды қисынды мерзiмде ауыстыруын талап етуге мiндеттi, ал бұл талап орындалмаған жағдайда мердiгер шарттан бас тартуға және тапсырысшыдан шарттың орындалған жұмыс бөлігіне бара-бар бағасын төлеуді, сондай-ақ осы сомамен жабылмаған залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
657-бап. Жұмысқа ақы төлеу
1. Орындалған жұмысқа ақыны тапсырысшы сметада көзделген мөлшерде заң актілерінде немесе шартта белгiленген мерзiмде және тәртiппен төлейдi. Заң актілерінде немесе шартта тиiстi нұсқаулар болмаған жағдайда мердігер орындаған жұмысқа ақы төлеу осы Кодекстің 623-бабына сәйкес жүргiзiледi.
2. Толық анықталатын құрылыс кезiнде шартта көрсетiлген баға, егер тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, тапсырысшы объектiнi қабылдап алған соң толық көлемiнде төленедi.
658-бап. Құрылыс салу үшiн жер учаскесiн беру
Тапсырысшы құрылыс салу үшiн жер учаскесiн шартта көрсетiлген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге мiндеттi. Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда жер учаскесiнiң көлемi мен күйi жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргiзiлуiн және мерзiмiнде аяқталуын қамтамасыз етуге тиiс.
659-бап. Тапсырысшының құрылыс мердiгерлiгі шартындағы қосымша мiндеттерi
Тапсырысшы құрылыс мердiгерлiгi шартында көзделген жағдайлар мен тәртiпте мердiгерге жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi үйлер мен ғимараттар беруге, мердiгердiң мекен-жайына жүктердiң тасымалдануын қамтамасыз етуге, энергиямен жабдықтау желiлерiн, су және бу құбырларын уақытша жүргiзуге, басқа да қызметтер көрсетуге мiндеттi. Ақы шартта көзделген талаптар бойынша төленедi.
660-бап. Тапсырысшының шарт бойынша жұмыстың орындалуын бақылау мен қадағалауы
1. Тапсырысшы құрылыс мердiгерлiгi шартында орындалып жатқан жұмыстың барысы мен сапасына, олардың орындалу мерзімінің (кестесінің) сақталуына, мердігер берген материалдардың сапасына, сондай-ақ тапсырысшының материалдарын мердiгердiң дұрыс пайдалануына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға құқылы, бұл орайда ол мердiгердiң жедел-шаруашылық қызметiне араласпайды.
2. Орындалып жатқан жұмысты бақылау мен қадағалау кезінде шарт талаптарын жұмыс сапасын нашарлататын ауытқуды немесе ондағы өзге де кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы ол туралы дереу мердігерге мәлімдеуге міндетті. Мұндай мәлімдеме жасамаған тапсырысшы кейін өзі анықтаған кемшіліктерге сілтеме жасау құқығынан айырылады.
3. Мердiгер құрылыс барысында тапсырысшыдан алған нұсқауларды, егер ондай нұсқаулар шарттың талаптарына қайшы келмесе және мердігердің жедел-шаруашылық қызметіне араласу болмаса, орындауға мiндеттi.
4. Жұмысты тиiстi дәрежеде орындамаған мердiгер оның орындалуына тапсырысшының бақылау мен қадағалау жасамағанына сiлтеме жасауға құқылы емес, бұған мұндай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру міндеті заң актілерінде немесе шартта тапсырысшыға жүктелген жағдайлар қосылмайды.
661-бап. Мердiгердiң қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөніндегі мiндеттерi
Егер қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу туралы тараптар үшiн мiндеттi тараптарды бұзуға әкелiп соғатын болса, мердiгердiң жұмысты жүзеге асыру барысында тапсырысшы берген материалдарды (бөлшектердi, конструкцияларды) және жабдықтарды пайдалануға немесе оның нұсқауларын орындауға құқығы жоқ.
662-бап. Тараптардың құрылысты консервациялау кезіндегі мiндеттерi
Егер тараптарға қатысы жоқ себептермен құрылыс мердігерлігі шарты бойынша жұмыс тоқтатылып, құрылыс объектiсі консервацияланса, тапсырысшы мердігерге консервацияланған кезге дейін толық орындалған жұмыс көлеміне ақы төлеуге, сондай-ақ жұмыстың тоқтатылуы мен құрылысты консервациялау қажеттігінен туған шығындарды өтеуге міндетті.
663-бап. Жұмыс нәтижелерін тапсыру және қабылдау
1. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша орындалған жұмысты не, егер бұл шартта көзделсе, жұмыстың бір кезеңін тапсыруға дайын екендігі туралы мердігердің хабарын алған тапсырысшы дереу оның нәтижелерін қабылдауға кірісуге міндетті.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдауды өз есебінен ұйымдастырады және жүзеге асырады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда жұмыс нәтижесін қабылдауға мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысуға тиіс.
3. Жұмыстың жекелеген кезеңдерін алдын-ала қабылдаған тапсырысшы оның мердігердің кінәсінсіз жойылу немесе бүліну қаупін мойнына алады, бұған оның ішінде шартта жұмысты мердігердің тәуекелімен орындау көзделген жағдайлар да кіреді.
4. Мердігердің жұмыс нәтижелерін тапсыруы және тапсырысшының оны қабылдауы екі тарап, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері де қол қойған актімен ресімделеді. Тараптардың бірі актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы белгі қойылып, актіге екінші тарап қол қояды. Жұмыс нәтижелерін бір жақты тапсыру немесе қабылдау актісін актіге қол қоюдан бас тарту себептерін сот негізсіз деп таныған жағдайда ғана сот жарамды деп тануы мүмкін.
5. Бұл заң актілерінде немесе шартта көзделген не құрылыс мердігерлігі шарты бойынша орындалатын жұмыстың сипатынан туындаған жағдайда, оның нәтижелерін қабылдауға алдын ала сынақ жұмыстары жүргізілуге тиіс. Мұндай жағдайларда жұмыс нәтижелерін қабылдау алдын ала жасалған сынақтың нәтижелері оң болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Тапсырысшы шартта көрсетілген мақсат үшін жұмыс нәтижелерін пайдалану мүмкін болмайтын кемшіліктер анықталған жағдайда және оларды мердігер, тапсырысшы немесе үшінші тұлға жоя алмайтын болса, жұмыс нәтижелерін қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Қабылдау кезінде өзге кемшіліктер анықталған жағдайда олар туралы осы баптың 4-тармағында көзделген актіде көрсетілуге тиіс.
7. Заң актілерінде көзделген жағдайларда салынған объектілерді мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Үкіметі салынған объектілерді мемлекеттік қабылдаудың тәртібін белгілейді және мемлекеттік органдардың аралық қабылдауларға қатысу мүмкіндігін айқындайды.
664-бап. Мердiгердiң жұмыстардың сапасы үшiн жауаптылығы
Мердiгер шартта, жобада және тараптар үшiн мiндеттi құрылыс нормалары мен ережелерінде көзделген талаптардан жол берілген ауытқулар үшін, сондай-ақ сондай-ақ құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамада көрсетiлген көрсеткiштерiне, оның iшiнде кәсiпорынның өндiрiстiк қуаты сияқты көрсеткiштерге жете алмағандығы үшiн тапсырысшының алдында жауапты болады.
Yйдi немесе ғимаратты қайта жаңғырту кезінде (жаңартқанда, қайта салғанда, қалпына келтiргенде және т.б.) мердiгерге үйдiң, ғимараттың немесе оның бөлігінің беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін төмендеткені немесе жойғаны үшін жауаптылық жүктеледі.
665-бап. Құрылыс мердігерлігі шартындағы сапа кепiлдiктерi
1. Егер құрылыс мердігерлігі шартында өзгеше көзделмесе, мердігер құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген көрсеткiштерге жеткiзiлуiне және шартқа сәйкес кепiлдi мерзiм iшiнде объектiнi пайдалану мүмкiндiгiне кепiлдiк бередi. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгедей кепiлдiк мерзiм көзделмесе, кепілдiк мерзiмi тапсырысшы объектiнi қабылдаған күннен бастап он жыл болады.
2. Кепілдiк мерзiмi шегiнде анықталған кемшiлiктер үшiн егер, объектiнiң немесе оның бөлiктерiнiң қалыпты тозуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзi немесе ол тартқан үшiншi тұлғалар жасаған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың дұрыс болмауының, объектіні тапсырысшының өзі немесе ол тартқан үшінші тұлғалар жөндеуді тиісті дәрежеде жүргізбеуі салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мердігер жауапты болады.
3. Мердiгер жауап беретiн кемшіліктердің (ақаулардың немесе шала істелген жұмыстың) салдарынан объект пайдаланыла алмаған барлық уақытқа кепiлдiк мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады.
4. Кепілдік мерзімнің ішінде осы Кодекстің 630-бабының 4-тармағында көрсетiлген кемшiлiктер анықталған кезде тапсырысшы олар анықталғаннан кейін қисынды мерзімде олар туралы мердігерге мәлімдеуге тиіс.
5. Құрылыс мердігерлігі шартында кепілдік мерзім анықталғанға дейiн сметада көрсетіліп, шартта көзделген жұмыс бағасының бiр бөлiгiн тапсырысшының ұстап қалу құқығы көзделуі мүмкін.
666-бап. Кемшіліктерді тапсырысшының есебінен жою
1. Құрылыс мердiгерлiгi шартында тапсырысшының талап етуi бойынша және тапсырысшының есебiнен мердiгер жауапты болмайтын кемшiлiктердi (ақаулар мен шала iстелген жұмыстарды) мердiгердiң жою мiндетi көзделуi мүмкiн.
2. Шарттың нысанасымен тiкелей байланысты болмаған немесе өзiне қатысы жоқ себептермен мердiгердiң орындауы мүмкiн болмаған жағдайда мердiгер осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстарды орындаудан бас тартуға құқылы.
4. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiктiң ерекшелiктерi
667-бап. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт
1. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт бойынша мердiгер (жобалаушы, iздестiрушi) тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) iздестiру жұмыстарын жүргiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенедi.
2. Егер заң актілерінде немесе жобалау және (немесе) іздестіру жұмыстарына арналған шартта өзгеше көзделмесе, жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған шартты орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмауының тәуекелi тапсырысшыға жүктеледi.
668-бап. Жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған бастапқы деректер
1. Жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырма, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшiн қажеттi бастапқы деректердi беруге мiндеттi. Тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалауға тапсырманы мердiгер дайындауы мүмкiн, бұл жағдайда тапсырма тапсырысшы оны бекіткен кезден бастап тараптар үшін міндетті болады.
2. Мердігер тапсырмадағы және іздестіру жұмыстарын жобалау мен орындауға арналған басқа да бастапқы деректердегi талаптарды сақтауға мiндеттi және одан тек тапсырысшының келісімiмен ғана ауытқуға құқылы.
669-бап. Тапсырысшының мiндеттерi
Жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарт бойынша, егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы:
1) мердiгерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін белгiленген бағаны төлеуге немесе оны жұмыстың жекелеген кезеңдерi аяқталғаннан кейiн бөлiп төлеуге;
2) мердiгерден алынған жобалау-сметалық құжаттаманы тек шартта көзделген мақсаттарға пайдалануға, жобалау-сметалық құжаттаманы үшiншi тұлғаларға бермеуге және ондағы деректердi мердiгердiң келісімiнсiз жария етпеуге;
3) мердiгерге шартта көзделген көлем мен жағдайда жобалау және iздестiру жұмыстарын орындауына қызмет көрсетуге;
4) мердігермен бiрге дайын жобалау-сметалық құжаттаманы құзыреттi мемлекеттік органдармен және жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарымен келiсуге қатысуға;
5) мердiгерге қатысы жоқ мән-жайлардың салдарынан жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған бастапқы деректердiң өзгеруiнен пайда болған қосымша шығындарды өтеуге;
6) жасалған жобалау құжаттамаларының немесе орындалған iздестiру жұмыстарының кемшiлiктерiне байланысты үшiншi тұлға тапсырысшыға қойған талап бойынша мердiгердi iске қатысуға тартуға мiндеттi.
670-бап. Мердiгердiң мiндеттерi
Жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған мердігерлік шарт бойынша мердiгер:
1) жұмыстарды шарт жасасу кезiнде жобалауға берiлген бастапқы деректерге сәйкес орындауға;
2) дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырысшымен, ал қажет жағдайда тапсырысшымен бірге құзыреттi мемлекеттік органдармен және жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарымен келiсуге;
3) егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшыға дайын жобалық-сметалық құжаттаманы және iздестiру жұмыстарының нәтижесiн бір мезгiлде беруге;
4) тапсырысшының келісімінсіз жобалау-сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуге міндетті.
671-бап. Мердігердің кепілдіктері
Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған мердігерлік шарт бойынша тапсырысшыға мердігер әзiрлеген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде үшінші тұлғалардың жұмыстардың орындалуына бөгет жасау немесе шектеу қою құқығының жоқтығына кепiлдiк бередi.
672-бап. Жобалау-сметалық құжаттаманың және iздестiру жұмыстарының кемшiлiктерi үшiн мердiгердiң жауаптылығы
1. Жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарт бойынша мердiгер құрылысты салу барысынан кейiн, сондай-ақ орындалған жобалау-сметалық құжаттама және iздестiру жұмыстары негiзiнде жасалған объектiнi пайдалану процесiнде анықталған кемшiлiктердi қоса алғанда, жобалау-сметалық құжаттаманың және iздестiру жұмыстарының кемшiлiктерi үшiн жауапты болады.
2. Жобалау-сметалық құжаттамада немесе iздестiру жұмыстарында кемшiлiктер анықталған жағдайда мердiгер тапсырысшының талабы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы тегiн қайта жасауға және тиiсiнше қосымша iздестiру жұмыстарын жүргiзуге, сондай-ақ, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, тапсырысшыға келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi.
3. Жобалау құжаттамасының кемшiлiктерiнен туындайтын талаптарды оны дайындау жөнiнде тапсырысшы болмаса да, жобалау құжаттамасын пайдаланатын тұлғаның қоюы мүмкiн.
5. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және
технологиялық жұмыстарға мердiгерлiктiң ерекшелiктерi
673-бап. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарттар
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердiгер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулердi жүргiзуге, ал тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарт бойынша - жаңа бұйымның үлгiсiн, оған конструкторлық құжаттаманы, жаңа технологияны жасауға немесе үлгi дайындауға міндеттенеді; тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге міндеттенеді.
2. Мердiгермен (атқарушымен) жасалған шарт зерттеу жүргiзудiң, үлгiлердi әзiрлеу мен жасаудың бүкiл циклын да, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерiн де қамтуы мүмкiн.
674-бап. Жұмыстарды орындау
1. Мердiгер (атқарушы) ғылыми зерттеулердi жеке өзi жүргiзуге мiндеттi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ол ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шартты орындауға тапсырысшының келісімiмен ғана үшiншi тұлғаларды тартуға құқылы.
2. Тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау кезiнде, егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер оларды орындауға үшiншi тұлғаларды қосалқы мердiгер ретінде тартуға құқылы.
675-бап. Жұмыстарды тапсыру, қабылдау және оған ақы төлеу
Мердiгер (атқарушы) толық аяқталған ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмысты тапсыруға, ал тапсырысшы оны қабылдауға және оған ақы төлеуге міндетті. Шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерін қабылдау және оларға ақы төлеу не ақы төлеудiң өзге де әдiсi көзделуi мүмкiн.
676-бап. Шарт туралы мәлiметтердiң құпиялылығы
Егер ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шартта өзгеше көзделмесе:
1) мердiгер (атқарушы) де, тапсырысшы да шарттың нысанасына, оның орындалу барысына және алынған нәтижелерге қатысты мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi. Құпия деп танылатын мәлiметтердiң көлемi шартта белгiленедi;
2) мердiгер аталған шарт бойынша алынған жұмыс нәтижелерiн тек тапсырысшының келісімiмен ғана патенттеудi жүзеге асыруға құқылы.
677-бап. Тараптардың жұмыс нәтижелерiне құқықтары
1. Тапсырысшының ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шарт бойынша өзiне берiлген жұмыс нәтижелерiн шартта көзделген шекте және жағдайда пайдалануға құқығы бар.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер (атқарушы) өзi алған жұмыс нәтижелерiн өзi үшiн пайдалануға құқылы.
3. Шартта мердiгердiң (атқарушының) жұмыс нәтижелерiн үшiншi тұлғаларға сату құқығы көзделуi мүмкiн.
678-бап. Тапсырысшының мiндеттерi
Ғылыми-зерттеу не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шарт бойынша тапсырысшы:
1) мердiгерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге және онымен жұмыс бағдарламасын (техникалық-экономикалық өлшемдердi) немесе тақырыптамасын келiсуге;
2) мердiгерге (атқарушыға) жұмысты орындауға қажеттi ақпарат беруге;
3) орындалған жұмыс нәтижелерiн қабылдауға және оларға ақы төлеуге (осы Кодекстiң 623-бабы) мiндеттi.
679-бап. Мердiгердiң (атқарушының) мiндеттерi
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шарт бойынша мердiгер (атқарушы):
1) жұмысты тапсырысшымен келісілген бағдарламаға (техникалық-экономикалық өлшемдерге) немесе тақырыптамаға сай орындауға және тапсырысшыға шартта көзделген мерзiмде жұмыс нәтижелерiн беруге;
2) интеллектуалдық меншiктi құқықтық қорғауға байланысты талаптарды сақтауға;
3) шартта немесе тапсырысшының техникалық тапсырмасында көзделген техникалық-экономикалық өлшемдерден ауытқуға соқтыруы мүмкiн техникалық құжаттамадағы өз кiнәсiнен жiберiлген кемшiлiктердi өз күшiмен және өз есебiнен жоюға;
4) тапсырысшыға күтiлетін нәтижелерге жету мүмкiн болмайтыны анықталғаны немесе жұмысты одан әрi жүргiзу орынсыз екенi туралы дереу хабарлауға;
5) тапсырысшыға осындай шарт негiзiнде берiлген нәтижелерге үшiншi тұлғаларда айрықша құқықтарының болмайтынына кепiлдiк беруге мiндеттi.
2. Егер ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шарттарда өзгеше көзделмесе, мердiгер (атқарушы):
1) жұмысты орындау кезiнде алынған ғылыми-техникалық нәтижелердi тапсырысшының келісімiнсiз жариялаудан тартынуға;
2) жұмысты орындау кезiнде алынған құқықтық қорғауға қабiлеттi нәтижелердi қорғау үшiн шаралар қолдануға және бұл туралы тапсырысшыға хабарлауға;
3) орындалған жұмыстарда қолданылған, құқықтық қорғауды иеленетiн ғылыми-техникалық нәтижелердi пайдалануға тапсырысшыға айрықша лицензия беруге мiндеттi.
680-бап. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шартта нәтижеге жету мүмкiндiгi болмауының салдары
Егер ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында мердігерге (атқарушыға) байланыссыз себептер салдарынан нәтижеге жетудің мүмкін еместiгi анықталса, тапсырысшы шартта көзделген нәтижелерге жетудiң мүмкiн еместiгi анықталғанға, дейiн жүргiзiлген жұмыс құнын төлеуге мiндеттi, бiрақ ол шартта көзделген жұмыстардың тиiстi бөлiгiнiң бағасынан аспауға тиiс.
681-бап. Тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шартта жұмыс нәтижесiне жету мүмкiндiгi болмауының салдары
Егер тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау барысында мердiгердiң кiнәсiнсiз жұмысты одан әрi жалғастыру мүмкiн болмайтыны немесе орынсыз екенi анықталса, тапсырысшы атқарушы шеккен шығындарды төлеуге мiндеттi.
682-бап. Мердiгердiң (атқарушының) шартты бұзғаны үшін жауапкершілігі
1. Мердігер (атқарушы) тапсырыс берушінің алдында ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шартты орындамағаны және тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн, егер шарттың бұзылуы мердiгердiң (атқарушының) кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жауапты болады.
2. Шартты бұзған мердiгер (атқарушы), егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушi шеккен залалды нақты зиян түріндегі жұмыстың құны шегiнде өтеуге мiндеттi.
33-тарау. Өтелмелі қызмет көрсету
683-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шарты
1. Өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.
2. Осы тараудың ережелерi байланыс қызметiн, медициналық, мал дәрiгерлiк, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсетуге, оқыту бойынша көрсетiлген қызметтерге, туристiк қызмет көрсетуге және осы Кодекстiң 32, 34, 35, 39, 41, 43, 44-тарауларында көзделген шарттар бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоспағанда, өзге де қызмет көрсетулерге қолданылады.
684-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын атқару
Егер өтелмелi қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, атқарушы қызметтi өзi көрсетуге мiндеттi.
685-бап. Көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу
1. Тапсырысшы өзiне көрсетiлген қызметтерге өтелмелi қызмет көрсету шартында көрсетiлген мерзiм мен тәртiпте ақы төлеуге мiндеттi.
2. Тапсырысшының кiнәсiнен орындау мүмкiн болмаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе өтелмелi қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметке ақы толық көлемiнде төленуге жатады.
3. Орындаудың мүмкiн болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер актiлерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы атқарушыға оның iс жүзiнде шыққан шығындарын өтейдi.
686-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бiржақты бас тарту
1. Тапсырысшы атқарушының iс жүзiнде шеккен шығыстарын өтеген жағдайда өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқығы.
2. Тапсырысшының кiнәсiнен болған жағдайды қоспағанда, атқарушы өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтiрiлген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.
687-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық реттеу
Мердiгерлiк туралы жалпы ережелер (осы Кодекстiң 616-639-баптары) және тұрмыстық мердiгерлiк туралы ережелер (осы Кодекстiң 640-650-баптары), егер осы Кодекстiң 683-686-баптарына, сондай-ақ өтелмелi қызмет көрсету шарты нысанасының ерекшелiктерiне қайшы келмесе, өтелмелi қызмет көрсету шартына қатысты қолданылады.
34-тарау. Тасымалдау
688-бап. Жалпы ережелер
1. Жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi тасу тасымалдау шартының негiзiнде жүргiзiледi.
2. Тасымалдаудың жалпы талаптары көлiк туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен және оларға сәйкес шығарылған ережелермен белгiленедi. Жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi көлiктiң жекелеген түрлерiмен тасымалдау талаптары, егер осы Кодекспен, көлiк туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен және оларға сәйкес шығарылған ережелермен өзгеше белгiленбесе, тараптардың келісімiмен белгiленедi.
689-бап. Жүктi тасымалдау шарты
1. Жүктi тасымалдау шарты бойынша бiр тарап (тасымалдаушы) өзiне басқа тараптың (жүк жөнелтушiнiң) сенiп тапсырған жүгiн белгiленген мекенге жеткізуге және жүктi алуға уәкiлеттi адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшiн шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге мiндеттенедi.
2. Жүк тасымалдау шарты көлiктiк құжатын, коносаменттi, тауар-көлiк құжатын немесе жүк тасымалдаудың көлiк туралы заң актілерінде көзделген өзге құжатын толтыру арқылы ресiмделедi.
690-бап. Жолаушы тасымалдау шарты
1. Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекенiне, ал жолаушы теңдеме жүктi тапсырған жағдайда теңдеме жүктi де апаратын мекенге жеткізудi және оны теңдеме жүктi алуға құқық берiлген адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгiн тапсырған кезде - теңдеме жүгiн алып баруға ақы төлеуге мiндеттенедi.
2. Жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты тиiсiнше жол жүру билетiмен және теңдеме жүк түбiртегiмен ресiмделедi. Жол жүру билетi мен теңдеме жүк түбiртегiнiң нысаны көлiк туралы заң актілерінде көзделген тәртiппен белгiленедi.
691-бап. Кеме жалдау (чартер) шарты
Кеме жалдау (чартер) шарты бойынша бiр тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме жүктi және жүктердi тасымалдау үшiн бiр немесе бiрнеше көлiк құралын толық немесе оның сыйымдылығының бiр бөлiгiн бiр немесе бiрнеше рейске ақы төлеттiрiп беруге мiндеттенедi.
Кеме жалдау шартын жасасу тәртібі, сондай-ақ оның нысаны мен түрлерi көлiк туралы заң актілерімен белгiленедi.
692-бап. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар
Жүйелi түрде тасымалдауларды жүзеге асыру қажет болған кезде тасымалдаушы мен жүк жөнелтушi тасымалдауларды ұйымдастыру туралы ұзартылған шарттар жасаса алады.
Жүктердi тасымалдауларды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы белгiленген мерзiмде жүктi қабылдауға, ал жүк жөнелтушi - келісілген көлемде тасымалдауға жүк берiп тұруға мiндеттенедi.
Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдау көлемдерi, мерзiмдерi, сапасы және көлiк құралдарын беру мен тасымалдауға жүктердi берудiң басқа да жағдайлары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың заң актілерінде көзделмеген өзге де жағдайлары белгiленедi.
693-бап. Көлiк ұйымдары арасындағы шарттар
Әртүрлi көлiк ұйымдары арасында жүктердi тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы шарттар (тораптық келісімдер, жүктердi орталықтандырылған түрде әкелу (әкету) шарты және басқалар) жасалуы мүмкiн.
Мұндай шарттарды жасасу тәртібі көлiк туралы заң актілерімен белгiленедi.
694-бап. Тiкелей аралас қатынас
Көлiк ұйымдарының жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi әртүрлi көлiк түрлерiмен бiрыңғай көлiк құжаты бойынша (тiкелей аралас қатынас) тасымалдау кезіндегі өзара қарым-қатынастары, сондай-ақ осындай тасымалдауларды ұйымдастыру тәртібі тiкелей аралас тасымалдау туралы заң актілеріне сәйкес тиiстi көлiк түрлерi ұйымдарының арасындағы жасалатын келісімдермен белгiленедi.
695-бап. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау
1. Коммерциялық ұйым жүзеге асыратын тасымалдау, егер заң актілерінен, өзге нормативтiк құқықтық актiлерден немесе осы ұйымға берiлген лицензиядан (патенттен) бұл ұйым жолаушыларды, жүктердi және (немесе) теңдеме жүктi кез келген азаматтың немесе заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға мiндеттi екенi туындайтын болса, жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау болып танылады.
2. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты жария шарт болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы).
696-бап. Көлiк құралдарын беру, жүктi тиеу (түсiру)
1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiге жүк тиеуге қабылданған өтiнiмде (тапсырыста), тасымалдау шартында белгiленген мерзiмде тиiстi жүкті тасымалдауға жарайтын күйінде ақаусыз көлiк құралдарын беруге мiндеттi.
Жүк жөнелтушi тиiстi жүктi тасымалдауға берiлген жарамсыз көлiк құралдарынан бас тартуға құқылы.
2. Жүктi тиеудi (түсiрудi) көлiк ұйымдары мен жүк жөнелтушi (жүк алушы) көлiк туралы заң актілерінде және оларға сәйкес шығарылған ережелерде белгiленген талаптарды сақтай отырып, шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырады.
3. Жүк жөнелтушiнiң (алушының) күшiмен және құралдарымен жүзеге асырылатын жүк тиеу (түсiру), егер мұндай мерзiмдер көлiк туралы заң актілерінде және оларға сәйкес шығарылған ережелерде белгiленбесе, шартта белгiленген мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс.
697-бап. Кiре ақысы
1. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүкті тасымалдау үшін тараптардың келісімiнде белгiленген ақы төленедi.
2. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi тасымалдауға ақы төлеу көлiк туралы заң актілерінде белгiленген тәртiппен бекітілетiн тарифтер негiзiнде айқындалады.
3. Жүк иелерiнiң талабы бойынша орындалатын және тарифтерде көзделмеген жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы тараптардың келісімi бойынша төленедi.
4. Тасымалдаушының өзiне тасымалдау үшiн берiлген жүктер мен теңдеме жүктi оған тиесiлi кiре ақысын және тасымалдау жөніндегі басқа да төлемдердi (осы Кодекстiң 292-бабы) қамтамасыз ету үшiн, егер заң актілерінде, тасымалдау шартында өзгеше белгiленбесе немесе міндеттеме мәнiнен туындамаса, ұстап қалуға құқығы бар.
698-бап. Жүктi, жолаушыны және (немесе) теңдеме жүктi жеткізу мерзiмi
Тасымалдаушы жүктi, жолаушыны және (немесе) теңдеме жүктi тиiстi пунктке көлiк туралы заң актілерінде айқындалған және оларға сәйкес тасымалдау ережелерiнде белгiленген мерзiмде жеткізуге мiндеттi.
Егер жүктi, жолаушыны немесе теңдеме жүктi жеткізу мерзiмi белгiленбесе және тараптар бұл мерзiмдi шартта көздемеген болса, жеткізу қисынды мерзiмде жүргiзiлуi тиiс.ҚР 06.12.2001 № 260-II Заңына сәйкес 564-бап 3-тармақпен толықтырылды
699-бап. Жүкке билiк ету құқығы
1. Жүк жөнелтушi немесе жүкке билiк ету құжатының иесi тасымалдаушыға тасымалдауды тоқтатуды немесе жүктi қайтаруды талап ете алады не басқа да өкiм бере алады. Бұл жағдайда тасымалдаушы жасалған тасымалға ақы төлеуді, сондай-ақ жасалған өкімге байланысты келтiрген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы.
2. Жүк баратын жерiне жеткеннен кейiн жүк алушыға жүктi берген кезде жүк жөнелтушi алдыңғы тармақта көрсетiлген құқықтардан айырылады.
3. Жүк алушы ерекше сақталу жағдайларын қажет ететiн (тез бүлiнетiн) жүктi алу жөніндегі мiндеттемелердi орындаудан жалтарған кезде, мұндай жүктi сақтау мүмкiн болмаған және оның бүлiнуiне әкеп соғуы ықтимал жағдайда жүк жөнелтушiнiң оған қалай иелiк ету керектiгi жөнiнде нұcқауы болмаса, тасымалдаушының жүктi сатуға құқығы бар.
Жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi соманы шегергеннен кейiн нотариустың атына депозит шартымен салынады.
700-бап. Жолаушылардың құқықтары
Көлiк туралы заң актілерінде көзделген тәртiп бойынша жолаушының:
1) өзiмен бiрге балаларды тегiн немесе өзге де жеңiлдiктi жағдайларда алып жүруге;
2) белгiленген нормалардың шегiнде өзiмен бiрге қол жүгiн ақысыз алып жүруге;
3) теңдеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға тапсыруға құқығы бар.
701-бап. Тасымалдау жөніндегі мiндеттемелердiң бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тасымалдау жөніндегі мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда, тараптар осы Кодексте, көлiк туралы заң актілерінде, өзге заң актілерінде, сондай-ақ тараптардың келісімiнде белгiленгендей жауапты болады.
2. Көлiк ұйымдарының жолаушылармен және жүк жөнелтушiлермен (жүк алушылармен) заң актілерінде белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы келісімдерi, жүктi тасымалдау кезiнде мұндай келісімдер жасау мүмкiндiгi көлiк туралы заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, жарамсыз болады.
702-бап. Тасымалдаушының көлiктi бермегенi үшiн және жөнелтушiнiң берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн жауапкершiлiгi
1. Тасымалдаушы қабылданған өтiнiмге (тапсырысқа) немесе өзге шартқа сәйкес жүктi тасымалдау үшiн көлiктi бермегенi үшiн, ал жөнелтyшi жүктi ұсынбағандығы не өзге себептер бойынша берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн көлiк туралы заң актілерінде, сондай-ақ тараптардың келісімiнде белгiленгендей жауапты болады.
2. Тасымалдаушы және жүктi жөнелтушi көлiк құралдары берiлмеген немесе уақтылы берiлмеген не көлiк құралдары пайдаланылмаған жағдайда, егер ол:
1) дүлей күштің;
2) көлiк туралы заң актілерінде көзделген тәртiппен белгiленген белгiлi бiр бағыттарда жүктердi тасымалдауды тоқтатудың немесе шектеудiң;
3) заң актілерiнде көзделген өзге де жағдайлардың салдарынан болса, жауаптылықтан босатылады.
703-бап. Тасымалдаушының тiкелей аралас қатынас кезіндегі жауапкершiлiгi
Тасымалдаушылар тiкелей аралас қатынаста жүктiң жоғалғаны, бүлiнгенi, зақымданғаны, кем шыққаны үшiн жүктi жөнелтушiнiң (жүк алушының) алдында ортақтасып жауап бередi.
Кешiктiргенi үшiн, егер кешiктiру тасымалдаушылардың кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, соңғы тасымалдаушы жауапты болады.
704-бап. Тасымалдаушының жолаушыны жөнелтудi кiдiрткенi үшiн жауапкершiлiгi
1. Жолаушыны тасымалдайтын көлiк құралын жөнелтудi кiдiрткенi немесе мұндай көлiк құралының баратын жерiне кешiгiп барғаны үшiн (қалалық және қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, егер кiдiрту немесе кешiгу дүлей күштiң салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлiк туралы тиiстi заң актілерінде белгiленген мөлшерде айыппұл төлейдi.
2. Жолаушы көлiк құралы жөнелтiлуiнiң кiдiруi себебiнен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға кіре ақысын толық көлемiнде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кiдiртуге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
705-бап. Жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны және зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
1. Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдауға қабылдап алған кезден бастап және алушыға, ол жүктi алуға уәкiлеттi адамға немесе теңдеме жүктi алуға уәкiлеттi адамға бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Егер тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) өзiнiң кiнәсiнен болмағандығын дәлелдемесе, ол жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны үшiн жауап бередi.
3. Жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген зиянды тасымалдаушы:
1) жүк немесе теңдеме жүк жоғалған немесе кем шыққан жағдайда жоғалған немесе кем шыққан жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны мөлшерiнде;
2) жүк немесе теңдеме жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құнының төмендеген сомасының мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi қалпына келтіру мүмкiн болмаған кезде - оның құны мөлшерiнде;
3) тасымалдауға құны жарияланып тапсырылған жүк немесе теңдеме жүк жоғалған жағдайда - жүктiң немесе қол жүгiнің жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi.
Жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны оның сатушының шотында көрсетiлген немесе шартта көзделген бағасының негiзiнде, ал шот болмаған немесе шартта баға көрсетiлмеген кезде, салыстырмалы мән-жайлар кезiнде әдетте осыған ұқсас тауарлар үшiн алынатын бағаны негiзге ала отырып белгiленедi.
4. Тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуынан, кем шығуынан немесе зақымдануынан (бүлiнуiнен) келтiрiлген белгiленген зиянның орнын толтыра отырып жөнелтушiге (алушыға), егер бұл ақы жүк құнына кiрмейтiн болса, жоғалған, кем шыққан, бүлiнген немесе зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау үшiн алынған кiре ақысын қайтарады.
5. Жүктiң немесе теңдеме жүктiң сақталмау себептерi туралы тасымалдаушы бiржақты тәртiппен жасаған құжаттар, (коммерциялық акт, жалпы фирманың актiсi және т.б.) дау туған жағдайда, жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге соттың бағалауына жатады.
706-бап. Жүктердi тасымалдау жөніндегі талаптар мен талап қоюлар
1. Тасымалдаушыға жүктi тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дейiн оған көлiк туралы заң актілерінде көзделген тәртiпте талаптар қойылуы мiндеттi.
2. Жүк тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi бiр жыл деп белгiленедi.
3. Осы баптың ережелерi жолаушыны және теңдеме жүктi тасымалдаудан туындайтын талаптарға қолданылмайды.
707-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
Жолаушының өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілуі салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша тасымалдаушының жауапкершiлiгi, егер заң актілерінде немесе шартта тасымалдаушының жоғары жауапкершiлiгi көзделмесе, осы Кодекстiң 47-тарауындағы ережелер бойынша белгiленедi.
35-тарау. Көлік экспедициясы
708-бап. Көлiк экспедициясы шарты
1. Көлiк экспедициясы шарты бойынша бiр тарап (экспедитор) сыйақы үшiн және басқа тараптың (клиенттiң - жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының немесе экспедитор қызметтеріне мүдделі өзге тұлғаның) есебiнен жүктi тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгiленген қызмет көрсетулердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүктi тасымалдау шартын (шарттарын) жасасуға мiндеттенедi.
Көлiк экспедициясы шартында қосымша қызметтер көрсету ретiнде экспорт немесе импорт үшiн талап етiлетiн құжаттарды алу, кедендiк және өзге шарттылықтарды орындау, жүктiң саны мен жай-күйiн тексеру, оны тиеу мен түсiру, клиентке жүктелетiн баждарды, алымдар мен басқа да шығындарды төлеу, жүктi сақтау, оны баратын жерiнде алу, сондай-ақ өзге де операцияларды орындау мен қызмет көрсетулер сияқты жүктi жеткізу үшiн қажеттi операцияларды жүзеге асыру көзделуi мүмкiн.
Клиенттің келісімiмен экспедитор клиенттің мүддесiн, тарифтер деңгейiн және жеткізу мерзiмдерiн ескере отырып, клиенттің жүгiн көлiктiң қай түрiмен тасымалдауды өзi белгiлей алады.
2. Осы тарауда реттелмеген бөлiгiнде экспедиция шартына қатысты қатынастарға, егер шарт талаптары бойынша экспедитор клиенттiң атынан iс-әрекет жасаса, осы Кодекстiң 41-тарауының ережелерi қолданылады, егер ол өз атынан iс-әрекет жасаса, осы Кодекстiң 43-тарауының ережелерi қолданылады.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 709-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
709-бап. Шарттың нысаны
1. Көлік экспедициясы шарты жазбаша түрде жасалады.
2. Клиент экспедиторға, егер ол оның мiндеттерiн атқаруға қажет болса, сенімхат беруге тиіс.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 710-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
710-бап. Экспедиторға берiлетiн құжаттар мен басқа да ақпарат
1. Клиент экспедиторға жүктiң қасиеттерi, оны тасымалдау ережелерi туралы құжаттарды, сондай-ақ экспедитордың шартта көзделген мiндеттердi орындауына қажеттi өзге де ақпаратты беруге мiндеттi.
2. Экспедитор клиентке алған ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, клиенттен қажеттi қосымша деректердi сұрауға мiндеттi.
3. Клиент қажеттi ақпаратты бермеген жағдайда, экспедитор осындай ақпарат берiлгенге дейiн өзiнiң тиiстi мiндеттерiн атқаруға кiрiспеуге құқылы.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпаратты беру жөніндегі мiндеттердi бұзуына байланысты экспедиторға келтiрген залалдары үшiн клиент жауапты болады.
711-бап. Экспедитордың мiндеттерiн үшiншi тұлғаның атқаруы
1. Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз мiндеттерiн жеке өзiнiң атқаруы мiндетi туындамаса, экспедитор өз мiндеттерiн орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы.
2. Мiндеттеменiң орындалуын үшiншi тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшiн клиенттiң алдындағы жауаптылықтан босатпайды.
712-бап. Ұстап қалу құқығы
Экспедитор жүктi тек оның экспедициялық қызмет көрсетулерi үшiн алуы тиiс сыйақының төленбеуiне байланысты ғана ұстап қалуға құқылы.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 713-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
713-бап. Көлiк экспедициясы шарты бойынша экспедитордың жауапкершiлiгi
1. Экспедиция шарты жөніндегі мiндеттердi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн экспедитор осы Кодекстiң 20-тарауындағы ережелерге сәйкес белгiленген негiздер мен мөлшер бойынша жауапты болады.
2. Егер экспедитор мiндеттi бұзу тасымалдау шарттарының тиiстi дәрежеде орындалмауынан пайда болғанын дәлелдесе, экспедитордың клиент алдындағы жауаптылығы да экспедитордың алдында тиiстi тасымалдаушы жауап беретiн ережелермен белгiленедi.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 714-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
714-бап. Көлiк экспедициясы шартын орындаудан бiржақты бас тарту
1. Клиент немесе экспедитор, бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзiмде ескерте отырып, көлiк экспедициясы шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту кезiнде бас тартуды мәлiмдеген тарап екiншi тарапқа шарттың бұзылуынан келтiрiлген залалды өтейдi.
36-тарау. Заем
715-бап. Заем шарты
1. Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.
2. Орындалуы ақша немесе тектiк белгiсiмен айқындалған заттарды беруге байланысты шарттарда заем, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе және тиiстi мiндеттемелердiң мәнiне қайшы келмейтiн болса, аванс, алдын ала ақы төлеу, тауарларға (жұмысқа және қызмет көрсетулерге) мерзiмiн ұзартып және бөлiп-бөлiп төлеу түрiнде беру көзделуi мүмкiн.
3. Заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсiпкерлiк қызмет ретiнде азаматтардан заем түрінде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар олар жасалған кезден бастап жарамсыз деп танылады.
Бұл тыйым салу заемшылар депозиттер қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиясы бар банктер болған жағдайларда, сондай-ақ шығарылуы заңдарда белгiленген тәртiппен тіркелген бағалы қағаздарға ақшаны айырбасқа қабылдау жағдайларында қолданылмайды.
716-бап. Заем шартының нысаны
1. Заем шарты осы Кодекстiң 151-152-баптарының ережелерiне сәйкес нысанда жасалуға тиiс.
2. Заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп танылады.
717-бап. Заем шартын жасасу
Заем шарты, егер осы Кодексте немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, ақша немесе заттар берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.
Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) беру көзделген жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, олардың бiрiншi бөлiгi берiлген кезден бастап шарт жасалды деп есептеледi.
718-бап. Қарыз шарты бойынша сыйақы
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қарыз нысанасын пайдаланғаны үшiн қарыз алушы шартта айқындалған мөлшерде қарыз берушiге сыйақы төлейдi.
2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының және кредиттік серіктестіктердің қарыз алушыларының құқықтарын қорғау қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты қарыз беруші алатын сыйақыны, комиссиялардың барлық түрлерін және өзге де төлемдерді қамтитын және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен есептелетін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
3. Егер қарыз шарты бойынша қарыз алушыға заттар берiлсе, сыйақы төлеу оның көлемi мен нысаны (ақшалай немесе заттай) шартта көзделген жағдайда жүргiзiледi.
4. Сыйақы төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi қарыз шартында белгiленедi.
Егер сыйақы төлеу тәртібі мен мерзiмдерi шартта белгiленбесе, ол ай сайын төленедi.
5. Егер қарыз алушы қарыз нысанасын мерзiмiнде қайтармаса, сыйақы қарыз нысанасын пайдаланған бүкiл кезеңге төленедi.
719-бап. Заем нысанасын беру
1. Заем нысанасын шартта көзделген мерзiмде, мөлшерде және жағдайда берiледi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заемшыға берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша қаражаты есептелген кезден бастап берiлген деп есептеледi.
2. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заемшы заем берудiң шартта белгiленген мерзiмiне дейін заем берушiнi бұл туралы хабардар ете отырып, заем алудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
3. Тектiк белгiлерiмен айқындалатын заттарды заемға берген кезде олардың саны, түр-түрi, жинақтылығы, сапасы, ыдысы және (немесе) буып-түйiлуi туралы шарттарды орындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып алу-сату шарттары туралы (осы Кодекстiң 406-492-баптары) ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
720-бап. Нысаналы заем
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасыз болады және заемшы алынған заем нысанасын өз қалауы бойынша пайдаланады.
2. Шарт заемшының заем нысанасын белгiлi бiр мақсатқа пайдалануы шартымен (нысаналы заем) жасалған жағдайда, заем берушiнiң заемның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал заемшы заем берушiнiң осындай бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Заемшы заем нысанасын нысаналы пайдалану жөніндегі мiндеттердi, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайда заем берушi заем нысанасының берiлмеген бөлiгiне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
721-бап. Заемшының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету
1. Заем нысанасын қайтару және сыйақы төлеу жөніндегі мiндеттемелердi орындау осы Кодексте көзделген әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда заемшы, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заем берушiге заемның қамтамасыз етiлуiн бақылауға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
2. Заемшы нысанасын қайтару және сыйақы төлеу жөніндегі қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамаған кезде, сондай-ақ заем берушi жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша қамтамасыз етудi жоғалтқан немесе оның шарттарын нашарлатқан жағдайда заем берушi заем нысанасының тиiсiнше ұсынылмаған бөлiгiне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
722-бап. Заем нысанасын қайтару
1. Заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заем берушiге берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша есептелген кезде қайтарылды деп есептеледi.
Егер заем нысанасын қайтару мерзiмi шартта белгiленбесе, оны заемшы ол туралы заем берушi талап еткен күннен бастап отыз күн iшiнде қайтаруы тиiс.
Сыйақы төлеу туралы шартсыз берiлген заем нысанасы мерзiмiнен бұрын қайтарылуы мүмкiн. Сыйақы төлеу шартымен берiлген заем нысанасы заем берушінің келісімімен не, егер ол шартта көзделсе, мерзімінен бұрын қайтарылуы мүмкін.
Егер шартта өзгеше белгiленбесе, заем бойынша сыйақы кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын төленуi мүмкiн.
2. Заем берушiнiң келісімiмен заемшының мiндеттемелерi: ақша заемы шарты бойынша - борыш есебiне тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды қабылдаумен; заттар заемы шарты бойынша - борыштың есебiне ақша қабылдаумен орындалуы мүмкiн. Аталған заттардың құны тараптардың келісімiмен айқындалады.
3. Егер шартта заемды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) қайтару көзделсе, заемшы заем нысанасының кезектi бөлiгiн қайтару үшiн белгiленген мерзiмдi бұзған жағдайда заем берушi заем нысанасының қалған барлық бөлiгiнiң тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
4. Егер шартта заем бойынша сыйақыны заем нысанасының өзiн қайтару мерзiмдерiнен бұрын төлеу көзделсе, сыйақыны төлеу үшiн белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда заем берушi заемшыдан заем нысанасын тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
723-бап. Заем нысанасын мерзiмiнен бұрын қайтару туралы талапты қанағаттандыру мерзімі
Заем берушi 720-баптың З-тармағында, 721-баптың 2-тармағында, 722-баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша заем нысанасын мерзiмiнен бұрын қайтару туралы талаптар қойған кезде заем нысанасын қайтарудың және ол бойынша сыйақыны төлеудiң жаңа мерзiмi осы Кодекстiң 722-бабының 1-тармағында белгiленген ереже бойынша есептеледi.
724-бап. Заем шартын даулау
1. Заемшы заем берушiден өзiнiң заем нысанасын (ақшаны немесе заттарды) iс жүзiнде алмағандығын немесе шартта көрсетiлгеннен аз мөлшерде немесе аз санда алынғанын дәлелдей отырып, заем шартын даулауға құқылы.
2. Заем шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс жағдайларда (осы Кодекстiң 716-бабы), шарт алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың, тараптар өкiлдерiнiң қаскүнемдiк келісімiнiң немесе ауыр мән-жайлар тоғысуының ықпалымен жасалған жағдайларды қоспағанда (осы Кодекстiң 159-бабының 9 және 10-тармақтары), оны куәгерлiк көрсетулер арқылы даулауға жол берiлмейдi.
725-бап. Заем шартында мiндеттеменi жаңалау
1. Сатып алу-сату, мүлiктi жалға алу немесе өзге негiздегi мәмiлелерден пайда болған кез келген мiндеттеме тараптардың келісімi бойынша заем шартымен ресiмделуi мүмкiн.
2. Мiндеттеменi заем шартына ресiмдеу жаңалау туралы талаптарды (осы Кодекстiң 372-бабы) сақтай отырып жүзеге асырылады және заем шарты үшiн көзделген (осы Кодекстiң 716-бабы) нысанда жасалады.
726-бап. Мемлекеттік заем шарты
1. Мемлекеттік заем шарты бойынша заемшы - мемлекет, ал заем беруші - азамат немесе заңды тұлға болады.
2. Мемлекеттік заемдар ерiктi болып табылады.
3. Мемлекеттік заем шарты заем игерушiнiң шығарылған мемлекеттік облигацияларды, сондай-ақ заем берушiнiң заемшыдан одан қарызға берілген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүліктік баламаны, белгiленген сыйақыны немесе өзге де мүлiктiк құқықтарды осы заемды айналымға шығару шарттарында көзделген мерзiмде алу құқығын куәландыратын басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды (құжаттық немесе құжаттық емес) алу жолымен жасалады.
4. Мемлекеттік заем шартынан туындайтын өз мiндеттемелерi бойынша, заемшы тиiстi қазынаның мүлкiмен жауап бередi.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем қатынастарына қатысу ерекшелiктерi заң актілерімен белгiленуi мүмкiн.
727-бап. Банк заемы шарты
1. Банк заемы шарты бойынша заем берушi заемшыға төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен қарызға ақша беруге мiндеттенедi.
1-1. Ислам банкі заем беруші болып табылатын банк заемы шарты бойынша ақша заемы мерзімділік және қайтарымдылық талаптары бойынша және ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы алынбай жүзеге асырылады.
2. Банк заемы шартына осы Кодекстiң 728-бабында көзделген ерекшелiктерiмен қоса заем шартына қатысты ережелер қолданылады.10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 728-бап өзгертілді; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 728-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
728-бап. Банктік қарыз шартының ерекшелiктерi
Банктік қарыз шартының мынадай ерекшелiктерi бар:
1) уәкiлеттi мемлекеттік органның ақшалай нысанда қарыз беруге лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға қарыз берушi ретінде әрекет етеді;
2) шарттың нысанасы алдағы уақытта берiлуi мүмкiн ақша болып табылады. Соңғы жағдайда, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, шарт жасалған кезiнен бастап (осы Кодекстiң 393-бабының 1-тармағы) күшiне енген болып есептеледi;
3) шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Жазбаша нысанды сақтамау банктік қарыз шартының жарамсыздығына әкеп соғады;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, шартта банктің немесе уәкілетті мемлекеттік органның ақшалай нысанда қарыз беруге лицензиясы бар өзге де заңды тұлғаның шарт талаптарын біржақты өзгерту құқығын көздейтін талап қамтылмайды;
5) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiк қарыз шартына осы Кодекстiң 722-бабы 2-тармағының ережелерi қолданылмайды;
6) осы Кодекстің 722-бабы 3 және 4-тармақтарының ережелері қарыз алушы қарыз нысанасының кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақы төлеу үшін белгіленген мерзімді күнтізбелік қырық күн мерзімнен асырып бұзған кезде банктік қарыз шартына қолданылады.
Банктерге осы банк эмитентi болып табылатын акциялармен қамтамасыз етiлген қарыздар беруге не осы акцияларды сатып алуға арналған қарыздар беруге тыйым салынады.
37-тарау. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг)
729-бап. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) шарты
1. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты бойынша бiр тарап (қаржы агентi) ақшаны басқа тараптың (клиенттiң) билiгiне бередi немесе беруге мiндеттенедi, ал клиент қаржы агентiне клиенттiң (кредит берушiнiң) осы үшiншi тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзiнiң ақшалай талабын қаржы агентiне бередi немесе беруге мiндеттенедi.
Борышқорға ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында да беруi мүмкiн.
2. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша қаржы агентінің мiндеттемелерi клиент үшiн бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және берудiң нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкiн.
3. Осы Кодекспен белгiленген (осы Кодекстiң 339-347-баптары) талаптарды беру туралы жалпы ережелер, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, ақшалай талапты берiп қаржыландыруға қолданылады.
730-бап. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру туралы шарттың нысаны
Ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты осы Кодекстiң 346-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып жазбаша түрде жасалуға тиiс.
731-бап. Қаржыландыруды алу мақсатындағы берiлген ақшалай талап
1. Төлем мерзiмi келген ақшалай талап (қойылып келген талап) та, болашақта туындайтын ақша алу (келешектегi талап) құқығы да қаржы беру нысанасы болуы мүмкiн.
Беру нысанасы болып табылатын ақша талабы клиенттiң қаржы агентiмен жасасқан шартында қолданылып келген ақшалай талапты шарт жасалған кезде, ал келешектегi талапты - ол туындаған кезден кешiктiрмей бiрыңғайландыруға мүмкiндiк беретiндей болып белгiленуге тиiс.
2. Қолданылып келген ақшалай талап шарт жасалған кезден бастап, егер онда өзгеше көзделмесе, қаржы агентiне ауысты деп есептеледi.
Келешектегi ақшалай талапты беру кезiнде шартта көзделген талапты берудiң нысанасы болып табылатын ақшаны борышкерден алу құқығының өзi пайда болғаннан кейiн қаржы агентiне ауысты деп есептеледi.
Егер ақшалай талапты беру белгiлi бiр оқиғамен байланысты болса, ол осы оқиға басталғаннан кейiн күшiне енедi. Мұндай жағдайда ақшалай талапты берудi қосымша ресiмдеу талап етiлмейдi.
732-бап. Клиенттiң қаржы агентiнiң алдындағы жауапкершiлiгi
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, беру нысанасы болып табылатын ақшалай талаптың жарамсыздығы үшiн қаржы агентiнiң алдында клиент жауапты болады.
2. Егер клиент ақшалай талапты беру құқығына ие болса және осы талапты беру кезiнде борышқордың ол талапты орындамауға құқығы болатын мән-жайлар оған белгiсiз болса, беру нысанасы болып табылатын ақшалай талап жарамды деп танылады.
3. Егер клиент пен қаржы агентiнiң арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, клиент қаржы агентi оны орындауды ұсынған жағдайда беру нысанасы болып табылатын талапты борышқордың орындамағаны немесе тиiстi түрде орындамағаны үшiн жауап бермейдi.
733-бап. Талапты беруге тыйым салудың жарамсыздығы
Қаржы агентiне ақшалай талапты беру, тiптi клиент пен оның борышқоры арасында оған тыйым салу немесе оны шектеу туралы келісім болғанда да жарамды болып табылады.
734-бап. Ақшалай талапты кейiн беру
Егер ақшалай талапты берiп қаржыландыру шартында өзгеше көзделмесе, қаржы агентiнiң ақшалай талапты кейiн беруiне жол берiлмейдi.
Шартта ақшалай талапты кейiн беруге жол берiлген жағдайларда оған тиiсiнше осы тараудың ережелерi қолданылады.
735-бап. Борышқордың қаржы агентiне ақшалай талапты орындауы
1. Борышқор қаржы агентiне ол клиенттен немесе қаржы агентiнен ақшалай талаптың аталған қаржы агентiне берiлгендiгi туралы жазбаша хабарлама алған жағдайда төлем жүргiзуге мiндеттi.
Хабарламада орындалуға жататын ақшалай талап нақты белгiленуге және төлем жүргiзiлуi тиiс қаржы агентi көрсетiлуi керек.
2. Борышқордың өтiнiшi бойынша қаржы агентi қисынды мерзiмде борышқорға ақшалай талаптың қаржы агентiне шындығында берiлгенiне дәлелдеме ұсынуға мiндеттi. Егер қаржы агентi бұл мiндеттi орындамаса, борышқор клиенттiң алдындағы өзінің міндеттемелерiн орындау үшiн оған аталған талап бойынша төлем жүргiзуге құқылы.
3. Борышқордың қаржы агентi алдында ақшалай талапты орындауы осы баптың ережелерiне сәйкес борышқорды клиенттiң алдындағы тиiстi мiндеттемелерiнен босатады.
736-бап. Қаржы агентiнiң борышқордан алынған сомаларға құқықтары
1. Егер ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты бойынша клиенттi қаржыландыру одан осы талапты қаржы агентiнiң сатып алуы жолымен жүзеге асырылса, соңғысы борышқордан талапты орындау үшiн алатын барлық сомаға құқықты иемденедi, ал клиент өзi алған сома қаржы агентi клиентке төлеген сомадан аз болғаны үшiн қаржы агентi алдында жауап бермейдi.
2. Егер қаржы агентiне ақшалай талапты беру клиенттiң агент алдындағы өзiнiң мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету әдiсi ретiнде жүзеге асырылса және талапты берiп қаржыландыру шартында өзгеше көзделмесе, қаржы агентi клиентке есеп табыс етуге және оған талапты берiп қамтамасыз етілген клиент мiндеттемелерi сомасынан асатын соманы беруге мiндеттi. Егер қаржы агентi борышқордан алған ақша клиенттiң қаржы агентiне талапты берумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерi сомасынан аз болып шықса, клиент мiндеттемелердiң қалған бөлiктерi бойынша жауапты болады.
737-бап. Борышқордың қарсы талаптары
Қаржы агентi борышқорға төлем жүргiзудi талап еткен жағдайда, борышқор осы Кодекстiң 370-бабына сәйкес талаптың қаржы агентiне берiлгенi туралы жазбаша хабарламаны өзi алған уақытта борышқорда болған, клиентпен арадағы шартқа негiзделген өзінің ақшалай талаптарын есепке алуға ұсынуға құқылы.
Егер клиент борышқор алдында мiндеттемелерi бар екенi туралы оған хабарламаса, қаржы агентi есепке алудан бас тартуға құқылы.
738-бап. Қаржы агентi алған сомаларды борышқорға қайтару
1. Клиент борышқормен жасалған шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн бұзған жағдайда, соңғысы агентке ауысқан талаптар бойынша өзi төлеген сомаларды, егер борышқордың осындай соманы тiкелей клиенттен алуға құқығы болса, қайтаруды қаржы агентiнен талап етуге құқығы жоқ.
2. Талапты берудiң нәтижесiнде қаржы агентiне төленген соманы тiкелей клиенттен алуға құқығы бар борышқордың қаржы агентiнен бұл сомаларды қайтаруды, егер соңғысының клиент алдындағы талаптың берiлуi бойынша оны қаржыландыруды жүзеге асырудағы мiндеттерiн орындамағаны не борышқордың алдындағы талаптың берiлуiне байланысты қаржыландыруға жататын мiндеттеменi клиенттiң орындамағанын бiле тұра қаржыландыруды жүргiзгенi дәлелденсе, дегенмен де талап етуге құқылы.2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 738-1-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 738-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
738-1-бап. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде ақшалай талап етуді беру
Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде ақшалай талап етудің берілуіне орай қаржыландыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленедi. Егер Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамалық актiсiнде өзгеше белгiленбесе, осы тараудың ережелерi жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерiне қолданылады.
38-тарау. Банктік қызмет көрсету
1. Жалпы ережелер
739-бап. Банктiк қызмет көрсету шарты
1. Банктiк қызмет көрсету шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) тапсырмасы бойынша банктiк қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетiлген қызметке ақы төлеуге мiндеттенедi.
2. Банктiк қызмет көрсету шарты:
1) банктiк шот шарты;
2) ақша аудару шарты;
3) банк салымы шарты;
4) заңдарда немесе тараптардың келісімiнде көзделген өзге де шарт түрлері болып бөлінеді.
2-1. Банкпен банк шоты шартын және (немесе) банк салымы шартын жасасқан кезде банк шоттары ашылады.
3. Банк клиенттiң өз ақшасына кедергiсiз билік ету құқығына кепiлдiк бере отырып, банк шотындағы ақшаны пайдалана алады.
740-бап. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу
1. Заңды тұлғалардың (уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) және азаматтардың банктердегі ақшаcына тек қана соттар, тергеу және анықтау органдары мен атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер және атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаcына тыйым салу мерзімі тиісті істерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс.
3. Тергеу және анықтау органдарының клиенттің ақшасына тыйым салу туралы шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
4. Клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүргізіледі.
5. Клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімі уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімі негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.
6. Клиенттің банк шоттарындағы ақшасына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банк уәкілетті мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін орындауға қабылдағаннан кейін ұсынылған шешімдері, осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осындай өкімнің күші жойылғаннан кейін орындалуға жатады.
7. Талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында клиенттің банк шоттарындағы ақшасына салынған тыйымдар осы Кодекстің 742-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарды қанағаттандыру мақсатында тыйым салу жағдайларын қоспағанда, бірінші кезектегі тәртіппен орындалады.
Бұл ретте банктің бұрын қабылданған уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімдерін және клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін орындауы талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында тыйым салынатын ақша сомасы шегінде тоқтатыла тұрады.
Талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында клиенттің банк шоттарындағы ақшасына біреуден көп тыйым салу кезінде олар банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалуға жатады.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы өзге де шешімдері және клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдері талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында салынған тыйым алып тасталғаннан кейін немесе оның күші жойылғаннан кейін банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалады.
741-бап. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою
Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшаларын олардың келісімінсіз алып қою тек қана заңды күшіне енген сот актісі негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
Мүлікті жария ету субъектілерінің банктердегі, Ұлттық пошта операторындағы ақшасын жария еткені үшін алымды олардың келісімінсіз алып қою «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда да жүзеге асырылады.
742-бап. Клиенттiң ақшасын алу кезектілігi
1. Клиенттiң банктегi ақшасы клиентке қойылған барлық талапты қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi болған жағдайда, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ақшаны алу клиенттiң немесе өзге тұлғалардың өкiмдерi түсу ретiне қарай (күнтiзбелiк кезектілік) жүзеге асырылады.
2. Клиенттiң банктегi ақшасы клиентке қойылған кезектi талапты қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда банк сомасы аталған талапты қанағаттандыруға жеткiлiктi, клиенттің пайдасына түсетiн ақшаны жинақтайды. Клиентке бiрнеше талап қойылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, банк клиенттiң ақшасын мынадай кезектілік бойынша алуды жүргiзедi:
1) бiрiншi кезекте адам өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттердi өтеу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтiн атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүзеге асырылады;
2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттiң мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына аудару жөніндегі мiндеттемелерi бойынша есеп айырысу үшiн ақша алып қоюды көздейтiн атқару құжаттары бойынша ақша алып қою жүргiзiледi;
3) үшiншi кезекте клиенттiң бюджет алдындағы мiндеттемелерi бойынша ақша алу жүргiзiледі;
4) төртiншi кезекте басқа да ақшалай талаптарын қанағаттандыру көзделген атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргiзiледi;
5) бесiншi кезекте клиентке қойылған басқа да талаптарды қанағаттандыру үшін күнтiзбелiк кезектілік тәртібімен ақша алу жүргiзiледi.
Бiр кезекке жататын талаптар бойынша банктен ақша алу тиiстi құжаттардың түскен уақыты бойынша кезектілікпен жүргiзiледi.
3. Клиент болып табылатын заңды тұлға тараған кезде кредит берушiлердiң талабын қанағаттандыру осы Кодекстiң 51-бабында көзделген кезектілікпен жүргiзiледi.
743-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктiк қызмет көрсетуi
Банктiк қызмет көрсетудiң жекелеген түрлерiн банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар көрсетуге құқылы.
Мұндай ұйымдардың банктік қызметтің жекелеген түрлерін көрсетуi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен белгіленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
744-бап. Банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу
Клиент банктiк қызмет көрсету шарты бойынша өзiне банк көрсеткен қызметтерге шартта көзделген ережелер мен тәртiп бойынша ақы төлейдi.
745-бап. Банк құпиясы
Банк құпиясын жария етпеуге банк кепiлдiк бередi.
Банк құпиясын құрайтын мәлiметтер тiзбесi және оны беру негiздерi банк қызметiн реттейтiн заң актілерімен белгiленедi.
746-бап. Клиенттерге банктiк қызмет көрсету шарттарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар клиенттерге банктiк қызмет көрсетуге байланысты бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының банк қызметiн реттейтiн заң актілерінде және банктiк қызмет көрсету шарттарында белгiленген шекте жауап бередi.
2. Банктiк шот
747-бап. Банктiк шот шарты
1. Банктiк шот шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) пайдасына түсетiн ақшаны қабылдауға, клиенттiң клиентке немесе үшiншi тұлғаларға ақшаның тиiстi сомаларын аудару (беру) туралы өкiмдерiн орындауға және банктiк шот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi.
Банктiк шот шарты бойынша клиентке немесе ол көрсеткен адамға клиенттiң банктегi ақшасына есеп жүргiзу мақсатында тараптар келiскен шарттар бойынша клиенттiң бiр ыңғайландырылған дербес коды берiледi. Клиенттiң бiр iзге түсiрiлген дербес кодын беру, жою, банктiң клиент ақшасына есеп жүргiзу тәртібі банктiк заңдармен белгiленедi.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар қызмет көрсету банктерiн өз бетiнше таңдайды және олар банктiк шот шартын бiр банкпен де, бiрнеше банкпен де жасауға құқылы.
3. Егер заң актілерінде немесе тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады.
748-бап. Банктік шот шартының нысаны
1. Банктiк шот шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.
2. Банктiк шот шартының жазбаша түрiн сақтау осы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
749-бап. Клиенттiң ақшасына билiк ету
1. Банк клиенттiң банктегi ақшасын алып қоюды егер заң актілерінде немесе банктiк шот шартында өзгеше көзделмесе, клиент өкімінiң негiзiнде жүзеге асырады.
Егер заңдарда немесе банктiк шот шартында өзгеше көзделмесе, банк клиенттiң ақшаны пайдалану бағытын белгiлеу мен бақылауға және оның өз қалауынша ақшаға билiк ету құқығына заңдарда көзделмеген шек қоюға құқығы жоқ.
2. Егер ақшаны азамат салған болса, банктегi ақшаға билiк ету құқығын не азаматтың өзi, не ол осы құқықты сенiп берген адам пайдаланады.
Егер ақшаны заңды тұлға салған болса, банктегi ақшаға билiк ету құқығын осы заңды тұлғаның басшысы және (немесе) ол уәкiлдiк берген өзге адамдар пайдаланады.
3. Банктегi ақшаға клиент атынан билiк етудi жүзеге асыратын адамдардың құқықтары клиент банкке заңдарда және шартта көзделген құжаттар ұсыну арқылы расталады.
4. Банктiк шот шартында банктегi ақшаға билiк етудiң тәртібі белгiленуге тиiс. Мұндай тәртiпке қойылатын талаптар банктiк заңдармен белгiленедi.2009.11.07 № 185-IV ҚР Заңымен 750-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
750-бап. Банктiк шот шарты бойынша банк орындайтын операциялар
1. Банктiк шот шартына сәйкес банк:
1) клиент талап еткен кезде ақшаның болуын қамтамасыз етуге;
2) клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға;
3) клиенттiң үшiншi тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы өкімін орындауға;
4) үшiншi тұлғалардың, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) банктiк шот шартында көзделсе, клиенттiң ақшасын алып қою туралы өкiмдерiн орындауға;
5) банктiк шот шартында белгiленген тәртiп бойынша клиенттен қолма-қол ақша алуды және оған берудi жүзеге асыруға;
6) клиенттiң талап етуi бойынша клиенттiң банктегi ақша сомасы және жүргiзiлген операциялар туралы ақпаратты шартта көзделген тәртiппен беруге;
7) клиентке шартта, заңдарда және банктiк тәжiрибеде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуге мiндеттi.
2. Банк клиенттiң пайдасына келiп түскен ақшаны қабылдауға, сондай-ақ клиенттiң ақшасын алып қоюды немесе оның ақшасын берудi, егер заң актілерінде және соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шығарған нормативтiк құқықтық актiлерде өзге мерзiмдер көзделмесе, оның бір ізге түсірілген дербес коды бойынша тиісті нұсқаумен банкке келiп түскен күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, сондай операцияларды көрсете отырып жүргiзуге мiндеттi.ҚР 29.11.1999 № 486-I Заңына сәйкес 751-бап өзгерді
751-бап. Ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы
Банктегi ақшаны пайдаланғаны үшiн банк шартта белгiленетiн мөлшер мен тәртiп бойынша сыйақы төлейдi.
752-бап. Банктiк шот шартын бұзу
1. Банктiк шот шарты, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, клиенттiң өтiнiшi бойынша кез келген уақытта бұзылады.
2. Банктік шот шартын бұзу клиенттің бір ыңғайландырылған дербес кодын жою үшiн негiз болып табылады.
3. Банкте қалған ақша клиентке берiледi не оның нұсқауы бойынша үшiншi тұлғалардың пайдасына аударылады (алып қойылады).
753-бап. Банктердiң банктiк шоттары
Осы тараудың ережелерi, егер заң актілерінде немесе оларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде өзгеше көзделмесе, банктердiң банктiк шоттарына қолданылады.
3. Ақша аудару
754-бап. Ақша аудару туралы шарт
1. Ақша аудару туралы шарт бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) тапсырмасы бойынша клиентке бiр-ыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшiншi тұлғаға ақша аударуға мiндеттенедi.
2. Банктiң клиентке бiр ыңғайландырылған дербес код бермей-ақ ақша аудару тәртібі банк қызметiн реттейтiн заң актілерімен белгiленедi.
755-бап. Ақша аудару туралы шарттар жасасу
Егер банк қызметін реттейтін заң актілерінде өзгеше көзделмесе, егер банк клиенттiң тапсырмасын клиент оған осындай банктiк қызмет көрсету туралы ұсыныс жасаған кезде орындауға қабылдаған жағдайда, банктік шот ашпай-ақ ақша аудару туралы шарт жасалған болып есептеледi.
4. Банк салымы
09.07.03 ж. № 482-II ҚР Заңымен ; 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 756-бап өзгертілді
756-бап. Банк салымы шарты
Банк салымы шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрi үшiн заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша салымды қайтаруға мiндеттенедi.
Салымдар түрiнiң әрқайсысы бойынша банктер клиенттiң ақшасын есепке алу мақсатында оған бiрыңғайландырылған дербес код бередi. Бiрыңғайландырылған дербес кодты беру, жою, клиенттiң ақшасына есеп жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленедi.
Банк салымдарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленуі мүмкін.
757-бап. Банк салымдарының түрлерi
1. Салымдарды қайтару талаптарына қарай олар мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) талап етiлмелi салым;
2) мерзiмдi салым;
3) шартты салым.
2. Талап етiлмелi салым салымшының бiрiншi талап етуi бойынша толық немесе iшiнара қайтарылуға тиiс.
Мерзiмдi салым белгiлi бiр мерзiмге салынады.
Шартты салым банк салымы шартында белгiленген мән-жайлар болғанға дейiн салынады.
3. Мерзiмдi салымды салымшы белгiленген мерзiм өткенге дейiн, ал шартты салымды банктiк салым шартында белгiленген мән-жайлар басталғанға дейiн талап еткен жағдайда салым бойынша сыйақы, егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе талап етiлмелi салым бойынша белгiленген мөлшерде төленедi.2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 758-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
758-бап. Банк салымы шартының нысаны
1. Банк салымы шарты жазбаша түрде және заң актілерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерінде және банктiк тәжiрибеде қолданылып жүрген іскерлік айналым дағдыларында белгіленген талаптарға сай жасалуға тиіс.
2. Салымшының талап етуi бойынша салымның жасалғанын куәландыратын құжат не оның атына, не белгiлi бiр үшiншi тұлғаның атына ресiмделуi мүмкiн.
3. Банк салымының жазбаша нысанын сақтамау осы құқықтың жарамсыздығына әкеп соғады.
759-бап. Банк салымы шартының қолданылу мерзiмi
1. Банк салымы шарты салым сомасы банкке келiп түскен күннен бастап жасалған болып саналады.
2. Талап етiлмелi банк салымы шарты мерзiмсiз болып табылады.
3. Салымшы мерзiмдi салымның сомасын оның мерзiмi өткеннен кейiн, сондай-ақ шартты салымның сомасын банк салымы шартты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар пайда болғаннан кейiн талап етпесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, банк салымы шарты талап етiлмелi салым шарттарымен ұзартылған болып саналады.ҚР 29.11.1999 № 486-I Заңына сәйкес; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 760-бап өзгертілді
760-бап. Банк салымы шарты бойынша сыйақы
1. Банк салымшыға банк салымы шартында белгiленетiн мөлшерде салым сомасына сыйақы төлейдi.
2. Банк салымы шартында көзделген салым мерзімін ұзарту жағдайларын қоспағанда, банктiң салым бойынша сыйақының мөлшерiн бiржақты тәртiппен өзгертуге құқығы жоқ.
761-бап. Банк салымы шарты бойынша сыйақы төлеудiң тәртібі
1. Банк салымы шарты бойынша банк сыйақыны банк салымы шартында белгiленген тәртiппен және мөлшерде төлейдi.
2. Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, банк салымы бойынша сыйақы салымшыға оның талап етуi бойынша әр тоқсан аяқталғаннан кейiн салым сомасынан бөлек төленедi, ал бұл мерзiмде талап етiлмеген сыйақының сомасы салымның сыйақы төленетiн сомасын арттырады.
Салымды қайтару кезiнде салымшыға сол кездегі оған тиесілі барлық сыйақы төленедi.
3. Талап етiлмелi салым бойынша салымшы салым бойынша өзiне тиесiлi сыйақыны салым сомасынан бөлек алуға құқылы.
Мерзiмдi салым бойынша да салымшы салым бойынша өзiне тиесiлi сыйақыны оның мерзiмi аяқталғанға дейiн салым сомасынан бөлек алуға құқылы, бiрақ бұл ретте, банк салымы туралы шартта өзгеше көзделмесе, сыйақының мөлшері банк талап етілмелі салым үшiн қолданатын мөлшерге сәйкес қайта есептелiнедi. Салым мерзiмiнiң аяқталуы бойынша салымшы өзiне тиесілі сыйақыны ол салымды талап ете ме немесе етпей ме оған қарамастан, толық мөлшерде алуға құқылы (осы Кодекстiң 759-бабының 3-тармағы).
Шартты салым бойынша салымшының оған тиесiлi сыйақыны салымның сомасынан бөлек алуы банк салымы шартында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Сыйақы салымды қайтару үшiн көздемеген мерзiмдерде және нысанда төленедi (осы Кодекстiң 765-бабы).
5. Салымды толық қайтару кезiнде салымшыға сол кездегi өзiне тиесiлi барлық сыйақы төленедi.
762-бап. Салымдарды енгізу
1. Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, салымшылар салымдарды қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз аудару арқылы да енгiзедi.
2. Талап етiлмелi салым кезiнде салымшы ақшаны кез келген сомада және кез келген кезеңде жекелеген жарналармен енгiзе алады. Бұл ретте жаңа түскен сомалар бойынша сыйақы есептеу, сыйақының банкке ақша түскен күнi қолданылған мөлшерiне қарай жүргiзiледi.
Мерзiмдi салымдар, сондай-ақ шартты салымдар кезiнде, егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, салымшы ақшаны бiр жолғы жарна түрiнде енгiзедi.
763-бап. Үшiншi тұлғалардың салымға ақша енгізуi
Банкке үшiншi тұлғалардан салымшының атына оның бiрыңғайландырылған дербес коды туралы қажеттi деректер көрсетiле отырып түскен ақша салымға енгiзiледi.
764-бап. Үшiншi тұлғалардың пайдасына салымдар
1. Банкке салым белгiлi бiр үшiншi тұлғаның атына енгiзiлуi мүмкiн.
Пайдасына салым енгiзiлетiн азаматтың атын (осы Кодекстiң 15-бабы) немесе заңды тұлғаның атауын (осы Кодекстiң 38-бабы) көрсету тиiстi банк салымы шартының елеулi талабы болып табылады.
Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың не сол кезде болмаған заңды тұлғаның пайдасына банк салымы шарты жарамсыз болады.
2. Үшiншi тұлға салымшының құқығынан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда банк салымы шартын жасаған тұлға салымға өзi енгiзген ақшаға қатысты салымшының құқықтарын пайдалана алады.
3. Үшiншi тұлғаның пайдасына шартты салым енгiзген жағдайда, ол банк салымы шартында көзделген талаптарды сақтаған кезде ғана оларға билiк етуге құқылы. Бұл талаптар басталғанға дейiн үшiншi тұлға салымға тек салым енгiзген тұлғаның жазбаша рұқсаты бойынша ғана билiк ете алады.
Салым бойынша талап, банк салымы шартында жазбаша түрде жазылуға, заң актілеріне қайшы келмеуге және салымды берудi қиындататын түсiнiксiздiгi болмауға тиiс.
Шартты салымды алу үшiн үшiншi тұлға банкке белгiленген талаптарды орындағандығын растайтын құжаттар табыс етедi.
Үшiншi тұлғаның пайдасына шартты салым енгiзген тұлғаның: үшiншi тұлға осы талаптың орындалғанын растайтын құжат ұсынбаған жағдайда, өзi белгiлеген талаптарды өзгертуге; үшiншi тұлға салым енгізу кезiнде көрсетiлген талапты орындамаған не ол банк салымы шартында көзделген талапты орындағанға дейін қайтыс болған жағдайда салымға билік етуге құқығы бар.
4. Yшiншi тұлғаның пайдасына шарт туралы ережелер (осы Кодекстiң 391-бабы), егер ол осы баптың ережелерiне қайшы келмесе, үшiншi тұлғаның пайдасына банк салымы шартына қолданылады.ҚР 29.03.2000 № 42-II Заңына сәйкес 765-бап жаңа 6-1-тармақпен толықтырылды; 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 765-бап өзгертілді
765-бап. Банк салымдарын қайтару
1. Банк салымды немесе оның бiр бөлiгiн салымшының алғашқы талап етуi бойынша:
1) талап етiлмелi салымдар бойынша - салымшы талаптарының келiп түсуi бойынша;
2) мерзiмдi салымдар бойынша - банк салымы шартында көзделген мерзiмнiң басталуы бойынша;
3) шартты салымдар бойынша - банк салымы шарты басталуымен салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар болған кезде беруге мiндеттi.
2. Салымшының мерзiмдi салымды мерзiмiнен бұрын қайтарып алуға құқығы бар.
Бұл ретте банк салымды немесе оның бiр бөлiгiн салымшының талабы келiп түскен кезден бастап бес күннен кешiктiрмей беруге мiндеттi.
3. Шартты салымдар бойынша салымшының банк салымы шарты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар басталғанға дейiн салымды қайтарып алуға құқығы бар. Бұл ретте банк салымды немесе оның бiр бөлiгiн осы баптың 2-тармағында көзделген мерзiмде беруге мiндеттi.
4. Салымшының мерзiмдi салымды мерзiмiнен бұрын алу құқығынан бас тартуы туралы банк салымы шартының, сондай-ақ шартты салымның ережелерi көзделген талаптар басталғанға дейiн жарамсыз болып табылады.
5. Шетел валютасымен енгiзiлген салым, егер заң актілерінде, банк салымы шартында немесе тараптардың қосымша келісімiнде өзгеше көзделмесе, нақ сондай валютамен қайтарылуға тиiс.
6. Банк салымшының салымды немесе оның бiр бөлiгiн қайтару туралы талабын осы баптың 2-3-тармақтарында көзделген мерзiмде орындамаған жағдайда сыйақыны төлеу банк салымы шартында көзделген талаптарда жалғастырылады.
6-1. Осы баптың ережелерi кепiл нысанасы болып табылатын салымдарға қолданылмайды.
7. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен банк салымын беру тоқтатыла тұруы мүмкін.
766-бап. Банк салымын қайтаруды қамтамасыз ету
Банк өзі алған салымдарды қайтаруды қамтамасыз ету үшін пайдалануға мiндеттi амалдар мен әдiстер заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерімен және банк салымы шартымен белгiленедi.
767-бап. Банк салымы бойынша жасалған операциялар үшiн банк көрсеткен қызметтерге ақы төлеу
Салымшы банк салымдары бойынша жасалған операциялар жөніндегі банк көрсеткен қызметтерге шартта көзделген тәртiппен ақы төлейдi.
39-тарау. Сақтау
1. Сақтау туралы жалпы ережелер
768-бап. Сақтау шарты
1. Сақтау шарты бойынша бiр тарап (сақтаушы) оған екiншi тараптың (жүк берушiнiң) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйiнде қайтаруға мiндеттенедi.
2. Сақтау шарты зат сақталуға берiлген кезден бастап жасалған деп танылады.
3. Қозғалмайтын мүлiктi күзетуге осы тараудың күшi қолданылмайды.
769-бап. Затты сақтауға қабылдау туралы шарт
1. Сақтауды кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыратын сақтаушы шарт бойынша өзiне жүк берушiнiң затын сақтауға қабылдау және жүк берушiнiң берген затын осы тараудың ережелерiне сәйкес сақтау мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн.
2. Шарт бойынша өзiне затты сақтауға қабылдау мiндеттемесiн алған сақтаушының бұл заттың өзiне сақтауға берiлуiн талап етуге құқығы жоқ. Алайда шартта көзделген мерзiмде затты сақтауға бермеген жүк берушi, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сақталмай қалуға байланысты келтiрiлген залалдар үшiн сақтаушының алдында жауапты болады.
3. Егер жүк берушi сақтаушының қызметiнен бас тартқандығы туралы қисынды мерзiмде мәлiмдеген болса, ол затты сақтауға бермегенi үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
4. Егер шартта өзгеше көзделмесе, шартта келісілген мерзiмде зат сақталуға өткізілмеген, ал бұл мерзiм шарт жасалған күннен бастап отыз тәулiк өткенге дейiн белгiленбеген жағдайларда сақтаушы затты сақтауға қабылдау мiндетiнен босатылады.
770-бап. Затты сақтауға қабылдау мiндетi
Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне қарай сақтауды жүзеге асыратын сақтаушының, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, техникалық мүмкіндік бола тұра затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайларда сақтау шарттары жария деп танылады (осы Кодекстің 387-бабы).
771-бап. Заттарды иесіздендіріп сақтау
1. Иесiздендiрiп сақтау кезiнде сақтауға алынған заттар басқа жүк берушiлердiң сол тектес және сапасы сондай заттарымен араласып кетуi мүмкiн. Жүк берушiге заттар сол тектес және сапасы сондай тең немесе тараптардың келісілген мөлшерiнде қайтарылады.
2. Заттарды иесiздендiрiп сақтау кезiнде, егер заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде белгiленсе, заттар осы тектес және сапасы сондай заттардан оқшау ұсталуға тиіс.
772-бап. Сақтау шартының нысаны
1. Сақтаушының нөмiрлер, жетондар және басқа да заңды деп танылған белгiлер беруi арқылы заттарды қысқа мерзiмге сақтауға сақтау камераларына және вокзалдардың, әуежайлардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың, театрлардың, мұражайлардың, стадиондардың, асханалардың және т.б. киім iлгiштерiне өткізулердi қоспағанда, сақтау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.
2. Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушiге сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледi.
3. Тұрмыстық қызмет көрсету түріндегі сақтау шарты ауызша нысанда жасалуы мүмкiн.
4. Сақтауға алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бірдейлігі туралы дау туған жағдайда куәгерлік айғақтарға жол берiледi.
5. Заттарды төтенше жағдайлар (өрт, су тасқыны және басқалар) кезiнде сақтауға өткізу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткiзiлген заттардың құнына қарамастан куәгерлiк айғақтар бойынша дәлелденуi мүмкiн.
773-бап. Сақтау мерзiмi
1. Егер зат талап етiлмелi сақтауға немесе мерзiмi көрсетiлмей өткiзiлген болса, сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегi сақталу мерзiмi өткен соң жүк берушiнiң заттарды қайтып алуын талап етуге құқылы, бiрақ жүк берушiге затты қабылдап алуға жететiндей қисынды мерзiм беруге мiндеттi.
2. Жүк берушi шарт бойынша сақтаудың өзге мерзiмi көзделгенде де кез келген уақытта сақтаушыдан затты талап етуге құқылы. Алайда бұл жағдайда жүк берушi, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтаушыға мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын, тоқтатылуынан туған залалдарды өтеуге мiндеттi.
774-бап. Сақтаушыға сыйақы беру және оның шығындарын өтеу
1. Сақтау шарты бойынша сақтаушыға берiлетiн сыйақы мөлшерi тараптардың келісімiмен белгiленедi. Заң актілерінде белгiленген жағдайларда сыйақының мөлшерi таксалар, ставкалар, тарифтер бойынша айқындалуы мүмкiн.
2. Тараптардың келiсуiмен немесе заң актілерімен сақтаудың тегiн түрi шарттастырылуы мүмкiн. Тегiн сақтау кезiнде жүк берушi сақтаушыға заттарды сақтау үшiн қажеттi, нақты жұмсалған шығындарды өтеуге мiндеттi.
3. Егер заңдарда немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмеген болса, сақтаушыға сақтағаны үшiн сыйақы сақтау аяқталған соң, ал егер кезең бойынша төлеу көзделген болса - әрбiр кезеңнiң аяқталуы бойынша төленуге тиiс. Егер сақтау, шартта белгiленген сақтау мерзiмiнен бұрын тоқтаса, сақтаушыға сыйақының соған мөлшерлес бөлiгi төленуi тиiс.
4. Егер шартта көзделген мерзiм өткеннен кейін сақтауда тұрған затты жүк беруші қайтарып алмаған болса, ол сақтаушыға затты бұдан әрi сақтағаны үшiн сол бұрынғы мөлшерде сыйақы төлеуге мiндеттi.
5. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтау бойынша шығындар сыйақының сомасына енгiзiледi. Төтенше шығындар сыйақының сомасына немесе шартта көзделген шығындардың құрамына кірмейдi деп ұйғарылады.
775-бап. Сақтаушының заттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерi
1. Сақтаушы өзiне берiлген заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн шартта көзделген, сондай-ақ басқа да қажеттi барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
2. Егер сақтау тегiн жүзеге асырылатын болса, сақтаушы сақтауға алынған затқа өз заты сияқты қамқорлық жасауға мiндеттi.
3. Зат оның табиғи бұзылуы немесе табиғи кемуi ескерiле отырып сақтауға қабылданған күйiнде қайтарылуға тиiс.
4. Шартта көзделген, сондай-ақ, егер затты пайдалану оның сақталуын қамтамасыз етуi үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, сақтаушының затты пайдалануға құқығы жоқ.
5. Сақтаушы затты қайтарумен қатар, егер шартта өзгеше көзделмеген болса, оны сақтау уақытында алынған нәтижелер мен кiрiстердi де беруге құқылы.
776-бап. Сақтау жағдайларын өзгерту
1. Затты сақтаудың сақтау шартында көзделген жағдайларын өзгерту қажет болған кезде сақтаушы бұл туралы жүк берушiге дереу хабарлауға және оның жауабын күтуге мiндеттi.
2. Заттың жоғалу және бүлiну қаупi туған жағдайда сақтаушы жүк берушiнiң жауабын күтпестен, сақтаудың шартта көзделген әдiсi мен орнын өзгертуге мiндеттi (осы баптың 1-тармағы).
3. Егер зат сақталу кезiнде бүлiнуге ұшыраса немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн және жүк беруші тарапынан шаралар қолдануды күтуге болмайтын басқа жағдайлар туындағанда, сақтаушы сақтау және сату бойынша өз шығындарын өтей отырып, затты немесе оның бiр бөлiгiн сатуға құқылы.
777-бап. Затты үшiншi тұлғаға сақтауға беру
1. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмеген болса, сақтаушының жүк берушiнiң келісімiнсiз, егер бұл орайда жүк берушiнiң мүдделеріндегі қажеттілік тумаса және сақтаушы оның келiсуiн алу мүмкiндiгiнен айырылса, затты үшiншi тұлғаға беруге құқығы жоқ. Заттың үшiншi тұлғаға берiлгендiгi туралы сақтаушы дереу жүк берушiге хабарлауға мiндеттi.
2. Сақтаушы затты сақтауға берген үшiншi тұлғаның iс-әрекетi үшiн жауап бередi.
778-бап. Сақтаушының заттың сақталмағандығы үшiн жауапкершiлiгi
Сақтаушы сақтауға алған заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi. Егер ол заттың жоғалуы, кем шыққаны немесе бүлiнуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдесе, жауаптылықтан босатылады.
779-бап. Сақтаушы-кәсiпкердiң жауапкершiлiгi
1. Сақтауды өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне орай жүзеге асыратын тұлға, тек заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлiнуi дүлей күштiң салдарынан не заттың өзiне тән ерекшелiгiнен, не жүк берушiнiң қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан болған жағдайларда ғана заттың сақталмағаны үшiн жауаптылықтан босатылады.
2. Егер шартта көзделген сақтау мерзiмi немесе осы Кодекстiң 773-бабында белгiленген тәртiппен сақтаушы көрсеткен мерзiм өткен соң жүк берушi затты қайтарып алмаған болса, оның тарапынан қасақана пиғыл немесе өрескел абайсыздық болғанда ғана сақтаушы бұл заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.
780-бап. Сақтаушының жауаптылық мөлшерi
1. Заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен жүк берушiге келтiрiлген шығындарды, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 350-бабына сәйкес сақтаушы өтейдi.
2. Егер шартта немесе сақтаушы берген өзге де жазбаша құжатта көрсетiлгендей сақтауға өткізу кезiнде затқа баға беру жүргiзiлген болса, сақтаушының жауаптылығы баға сомасының негiзiнде айқындалады.
3. Тегiн сақтау кезiнде жүк берушiге заттың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен келтiрiлген залалдар:
1) затты жоғалтқаны және оның кем шыққаны үшiн - жоғалған немесе кем шыққан заттың құны мөлшерiнде;
2) заттың бүлiнгенi үшiн - оның құны төмендеген соманың мөлшерiнде өтеледi.
4. Егер сақтаушы жауап беретін заттың бүлінуі салдарынан, зат сапасының соншалықты өзгергендiгiнен оны бастапқы мақсат бойынша пайдалану мүмкін болмайтын жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жүк берушi одан бас тартуға және сақтаушыдан бұл заттың құнын өтеуді, сондай-ақ басқа да залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
781-бап. Затты алу мерзiмдерiн бұзудың зардабы
1. Жүк берушi осы Кодекстiң 773-бабында көзделген мерзiм аяқталғаннан кейiн сақтауға берiлген затты қайтарып алуға мiндеттi.
2. Жүк берушi өз затын алудан жалтарған жағдайда сақтаушы кемiнде бiр ай бұрын ескерткеннен кейiн, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде көзделген тәртiппен затты сатуды талап етуге құқылы.
3. Затты сатудан түскен сомалар сақтаушыға тиесiлi сома шегерiлiп тастап жүк берушiге берiледi.
782-бап. Сақтаушыға келтiрiлетiн залалдардың орнын толтыру
Егер сақтаушы заттың сақтауға қабылдағанда бұл ерекшелiктер туралы бiлмесе және бiлуi тиiс болмаса, жүк берушi сақтаушыға заттың өз ерекшелiктерiнен туындаған залалдардың орнын толтыруға мiндеттi.
783-бап. Сақтау туралы жалпы ережелердi оның жекелеген түрлерiне қолдану
Егер осы Кодекстiң 784-802-баптарында көзделген сақтаудың жекелеген түрлерi туралы ережелерде және (немесе) басқа да заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, сақтау туралы жалпы ережелер оның жекелеген түрлерiне қолданылады.
2. Сақтаудың жекелеген түрлерi
784-бап. Ломбардта сақтау
1. Затты ломбардта сақтау шарты ломбардтың атаулы сақтау түбiртегiн беруiмен ресiмделедi.
2. Ломбардқа сақтауға өткізілетін зат тараптардың келісуі бойынша, осы тектес және сапасы сондай затқа, оны сақтауға қабылдау кезі мен жеріндегі саудада әдетте белгіленетін бағаларға сәйкес бағалануға тиiс.
3. Ломбард сақтауға қабылдаған затты оның осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген толық бағасының сомасына қарай жүк берушiнiң пайдасына сақтандыруға мiндеттi.
785-бап. Ломбардтан талап етiлмеген зат
1. Жүк берушi затты қайтарып алудан жалтарған жағдайда ломбард оны үш ай бойына сақтауға мiндеттi. Бұл мерзiм өткен соң ломбард талап етiлмеген затты осы Кодекстiң 781-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен сатуы мүмкiн.
2. Затты сатудан түскен сомадан сақтағаны үшiн ақы және ломбардқа тиесiлi өзге де төлемдер өтеледi. Қалған соманы ломбард сақтау түбiртегінiң иесiне оны көрсетуі бойынша қайтарады.
786-бап. Құндылықтарды банкте сақтау
1. Банк бағалы қағаздарды, қымбат металдарды, тастарды және өзге де құндылықтарды, сондай-ақ құжаттарды сақтауға қабылдай алады.
2. Құндылықтарды банкте сақтау шарты банктiң жүк берушiге атаулы сақтау құжатын беруiмен ресiмделедi, оны көрсету банктiң жүк берушiге немесе оның өкiлiне сақтаудағы құндылықтарды беруi үшiн негiз болып табылады.
3. Жеке банк сейфiн (сейфтiң ұясын, сақтауға арналған бөлек үй-жайды) пайдалану арқылы құндылықтарды сақтау шарты банктiң құндылықтарды сақтауға қабылдау жөнiнде iс-әрекет жасауы және жүк берушiге сейфтiң кiлтiн, жүк берушiнiң сәйкестендiрме карточкаларын, көрсетушiнiң сейфтi ашу мен одан құндылықтарды алу құқығын куәландыратын өзге де белгi немесе құжат беруi жолымен жасалады.
4. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк берушi кез келген уақытта сейфтен құндылықтарды алуға, оларды қайта қоюға, сақтаулы жатқан құжаттармен жұмыс iстеуге құқылы. Банктiң бұл орайда жүк берушiнiң құндылықтарды алғандығын және қайтарғандығын есепке алуға құқығы бар.
5. Жүк берушi сейфтегi құндылықтардың бiр бөлiгiн, оның ішінде уақытша алған жағдайда банк құндылықтардың қалған бөлігінің сақталуына жауапты болады.
6. Осы бапта белгiленген құндылықтарды банк сейфiнде сақтау ережелерi банк өз сейфін (сейфтің ұясын, сақтауға арналған бөлек үй-жайды) мүліктік жалдау талабымен басқа тұлғаға пайдалануға берген жағдайда қолданылмайды.
787-бап. Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау
1. Көлiк ұйымдарының қарамағындағы сақтау камералары жол жүру құжаттарының болуына қарамастан жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын сақтауға қабылдауға мiндеттi. Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жария шарт деп танылады (осы Кодекстiң 387-бабы).
2. Заттардың сақтау камерасына (автоматты камерадан басқа) қабылдануын растап жүк берушiге түбiртек немесе нөмiрлi жетон берiледi. Түбiртек немесе жетон жоғалған жағдайда сақтау камерасына өткiзiлген заттар жүк берушiге бұл заттардың оған тиесiлi екендiгiне дәлелдер көрсетуi бойынша берiледi.
3. Сақтау камерасына өткiзiлген заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен жүк берушi шеккен залалдардың сомасы, егер заттарды сақтауға өткізу кезiнде оған бағалау жүргiзiлген болса не егер тараптар өтелуге тиiстi залалдардың сомасына қатысты келісімге келген болса, жүк берушiге тәулiктiк мерзiмде төленедi.
4. Заттар сақтау камерасына арнайы ережелерде немесе тараптардың келісімiнде белгiленген шектердегi мерзiмге өткiзiледi. Көрсетiлген мерзiмде талап етiлмеген заттарды сақтау камерасы тағы да үш ай бойына сақтауға мiндеттi. Бұл мерзiм өткен соң талап етiлмеген заттар сатылуы, ал сатудан түскен сомалар осы Кодекстiң 181-бабына сәйкес бөлiнуi мүмкiн.
788-бап. Ұйымдардың киімiлгiштерiнде сақтау
1. Егер затты сақтауға өткізу кезiнде сақтағаны үшiн сыйақы беру айтылмаған болса, ұйымдардың киімiлгiштерiнде сақтау тегiн болады деп ұйғарылады.
2. Сақтаушы заттың киімiлгiште сақтауға қабылданғанын растап, жүк берушiге заттың сақтауға қабылданғандығын растайтын нөмiрлi жетон немесе басқа да таңба бередi.
3. Киiмiлгiшке өткiзiлген зат жетонды көрсеткен адамға берiледi. Бұл ретте сақтаушы жетонды көрсетушiнiң затты алуға өкiлеттiгiн тексеруге мiндеттi емес. Алайда сақтаушы жетонның оны көрсеткен адамға тиесiлi екендiгiне күмән келтiрсе, затты жетон көрсетушiге қайтаруды тоқтата тұруға құқылы.
4. Сақтаушы жүк берушi жетонды жоғалтып алғанда да киімiлгiштен затты беруге құқылы, бiрақ оның киімiлгiшке зат өткiзгендiгi фактiсi немесе оның жүк берушiнiкi екендiгi күмән тудырмауы немесе жүк өткізушi оны дәлелдеуi керек.
789-бап. Қонақүйде сақтау
1. Қонақүй сақтаушы ретiнде, онда тұратын адамның қонақүйге енгізген ақшасын, өзге де валюталық құндылықтары мен бағалы қағаздарын қоспағанда, жоғалу мен бүлiну дүлей күштiң, заттың өз ерекшелiктерi салдарынан не тұратын адамның өзiнiң, оның қасында жүргендердiң немесе оған келушiлердiң кiнәсiнен болған жағдайлардан басқа кезде, бұл туралы ерекше келісім жасамай-ақ, заттың жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап береді.
2. Қонақүй ақшаның, өзге де валюталық құндылықтар мен бағалы қағаздардың жоғалғаны үшiн олар сақтауға қабылданған жағдайда ғана жауап бередi.
3. Қонақүйде тұратын адам өз затының жоғалғанын немесе бүлiнгенiн байқаған бойда бұл туралы дереу қонақүй әкiмшiлiгiне мәлiмдеуге мiндеттi. Бұлай жасамаған жағдайда қонақүй заттың сақталмағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
4. Қонақүй мұндай жауапкершiлiктi өзiне алмайтындығы туралы хабарлама бергенмен, онда тұратындардың заттарын сақтау жөніндегі жауапкершiлiктен босатылмайды.
5. Осы баптың ережелерi мейманханаларға, демалыс үйлерiне, санаторийлерге, жатақханаларға және осы сияқты ұйымдарға, сондай-ақ ұйымға келушi азаматтардың сыртқы киімдерiн, бас киімдерiн және өзге де заттарын сақтау үшiн арнайы орын бөлінген ұйымдарға қатыста да қолданылады.
790-бап. Даулы заттарды сақтау (секвестр)
1. Секвестр туралы шарт бойынша затқа деген құқық жөнiнде араларында дау туған екi немесе бiрнеше адам даулы затты даудың шешiлуi бойынша соттың шешiмi не дауласып жүрген барлық адамның келiсуi (шарттық секвестр) бойынша бұл зат кiмге берiлсе, соған қайтаруды мiндетiне алатын үшiншi адамға бередi.
2. Даулы зат соттың шешiмi бойынша секвестр тәртібімен сақтауға берiлуi мүмкiн (сот секвестрi).
Сот секвестрi бойынша сақтаушы сот тағайындаған адам да, дауласушы жақтардың өзара келiсуi бойынша белгiленген адам да болуы мүмкiн. Екi жағдайда да, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сақтаушының келісімi талап етiледi.
3. Секвестр тәртібімен сақтауға қозғалатын да, қозғалмайтын да заттар берiлуi мүмкiн.
3. Тауар қоймасында сақтау
791-бап. Тауар қоймасы
Тауарлар сақтауды жүзеге асыратын және кәсiпкерлiк қызмет ретiнде сақтауға байланысты қызметтер көрсететiн коммерциялық ұйымдар тауар қоймасы деп танылады.
792-бап. Ортақ пайдаланылатын тауар қоймасы
1. Егер заң актілеріне сәйкес шектеулi адамдар тобынан тауарлар қабылдайтын қоймалар қатарына жатқызылмаған болса, тауар қоймасы ортақ пайдаланылатын қойма деп танылады.
2. Ортақ пайдаланылатын тауар қоймасымен жасалатын қоймада сақтау шарты жария шарт деп танылады (осы Кодекстiң 387-бабы).
793-бап. Тауар қоймасының мiндеттерi
1. Тауар қоймасы стандарттарда, техникалық талаптарда, технологиялық нұсқаулықтарда, сақтау жөніндегі нұсқаулықтарда, тауарлардың жекелеген түрлерiн сақтау ережелерiнде, қойма үшiн мiндеттi өзге де арнаулы нормативтiк құжаттарда белгiленген сақтау талаптарын (режимiн) сақтауға мiндеттi.
2. Тауар қоймасы сақтауға қабылдау кезiнде өз есебінен тауарларға тексеру жүргiзуге мiндеттi.
3. Тауар қоймасы, тауар иесiне тауарларды немесе олардың үлгiлерiн тексеру егер сақтау иесiздендiре отырып жүзеге асырылатын болса, байқап көру және тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қабылдауға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
4. Тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн сақтау жағдайын дереу өзгерту қажет болған жағдайда тауар қоймасы талап етiлген шұғыл шараларды өз бетiнше қабылдауға құқылы. Ол тауар иесiне қабылданған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi.
5. Тауардың бүлiнуi байқалған жағдайда қойма дереу акт жасауға және тауар иесiн оның тауар қоймасына мәлiмдеген мекен-жайы бойынша хабардар етуге мiндеттi.
794-бап. Тауар иесiнiң тауар қоймасына қоятын талаптары
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тауар иесi қоймадан тауар алу кезiнде дұрыс сақталмаудың салдарынан тауардың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi туралы, ал көзге байқалмайтын бүлiнулер туралы - оларды табу үшiн қажет әдеттегi мерзiм iшiнде тауар қоймасына мәлiмдеуге мiндеттi. Егер тауардың бүлiнгенi және кем шыққаны туралы тиiстi мерзiмде мәлiмденбеген болса, бұл залалдар оның қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан келтiрiлген жағдайларды қоспағанда, тауар қоймасы залалдар үшiн жауапты болмайды.
795-бап. Тауар қоймасының сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру
Қойманың жүк берушiнiң мүдделерiнде жүзеге асырылған (тауарларды сақтандыру, тиеу-түсiру жұмыстары, кеден баждарын төлеу және т.б.) қосымша операциялар бойынша, шартта көзделген немесе заң актілерінде көзделген шығындар ставкаларының орнын толтыруға құқығы бар. Бұл құқық сақталатын тауарды қойманың ұстап қалу құқығымен қамтамасыз етiледi.
796-бап. Тауар қоймасының сақтау шартынан бас тартуы
Егер жүк берушi елеулi зиян келтiруге қауiп төндiретiн тауарлардың қатерлi сипатын жасырса, тауар қоймасы сақтау шартын орындаудан бас тартуға құқылы.2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 797-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
797-бап. Қойма құжаттары
1. Тауар қоймалары тауарлардың сақтауға қабылданғандығын растап мынадай қойма құжаттарын:
1) жай қойма куәлiгiн;
2) қос қойма куәлiгiн беруi мүмкiн.
1-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда тауар қоймалары тауарлардың иесіздендіріліп сақтауға қабылданғанын растайтын қос немесе жай қойма куәлігін беруге міндетті.
2. Қос қойма куәлiгi, оның әр бөлiгi және жай қойма куәлiгi бағалы қағаздар болып табылады.
3. Қос және жай қойма куәлiгi кепiл нысанасы бола алады.
798-бап. Жай қойма куәлiгi
1. Жай қойма куәлiгi ұсынушының атына берiледi.
2. Жай қойма куәлiгiнде осы Кодекстiң 799-бабының 2-тармағының 2), 3), 5)-10) тармақшаларында көзделген мәлiметтер, сондай-ақ оның ұсынушыға берiлгендiгi көрсетiлуге тиiс.2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 799-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
799-бап. Қос қойма куәлiгi
1. Қос қойма куәлiгi мазмұны бойынша бiрдей және қажет болған жағдайда бiреуiн басқасынан айыруға болатын қойма куәлiгiнен және кепiлдiк куәлiктен (варранттан) тұрады.
2. Қос қойма куәлiгiнiң әр бөлiгiнде:
1) қос қойма куәлiгiнiң тиiстi бөлiгiнiң атауы;
2) тауарды сақтауға қабылдаған қойманың атауы мен мекен-жайы;
3) қойма тiзiлiмi бойынша қойма куәлiгiнiң ағымдағы нөмiрi;
4) сақтауға тауар қабылданған ұйымның атауы немесе азаматтың аты-жөнi, сондай-ақ тауар иесiнiң орналасқан жерi (тұрғылықты жерi);
5) тауардың атауы мен мөлшерi, тауарларға арналған орындардың саны;
6) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, қабылданған тауардың сомасы;
7) сақтауға алынған тауардың, егер бұлай белгiленетiн болса, сақталу мерзiмi;
8) сақтауға ақы төлеудiң тарифтерi мен тәртiбі;
9) қойма куәлiгiнiң берiлген күнi;
10) уәкiлеттi адамның қолы және тауар қоймасының мөрi көрсетiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қос қойма куәлігінің нысаны мен мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 800-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
800-бап. Қос қойма куәлiгiн ұстаушының тауарға құқықтары
1. Қос қойма куәлiгiн ұстаушының қоймада сақтаулы тауарға толық көлемде билiк етуге құқығы бар.
2. Кепiл куәлiгiнен бөлiп алынған қойма куәлiгiн ұстаушы тауарға билiк етуге құқылы, бiрақ оны кепiл куәлiгi бойынша берiлген кредиттi өтегенге дейiн қоймадан ала алмайды. Қойма куәлiгiн ұстаушы тапсыру жазбаларын (индоссамент) жасау және құжаттың өзiн беру жолымен, бiрақ тауардың орнын ауыстырмай, қоймаға қойылған тауарға меншiк құқығын басқаға беруді жүзеге асыра алады.
3. Кепiл куәлiгi бөлiп алынбаған қойма куәлiгiн индоссамент бойынша алған сатып алушы кепiлден бос қойма тауарының иесiне айналады. Кепiл куәлiгiнсiз қойма куәлiгін алу кезiнде тауарға меншiк құқығы кепiл құқығымен жүктемеленген болып ұйғарылады. Кепiл талаптары туралы (тауарға кепiлдiк құқығын белгiлеудiң сомасы мен мерзiмi туралы) мәлiметтердi, мүдделi тұлғалар айқын көре алатын қойма тiзiлiмiнен алуға болады.
4. Кепiл куәлiгiн ұстаушының осы куәлiк бойынша берiлген қарыздың және сол бойынша сыйақының мөлшерiнде тауарға кепiл құқығы болады. Тауарға кепiл құқығын белгілеу кезiнде бұл туралы қойма куәлiгiне белгi жасалады.
5. Сатып алушы немесе сатушы кепiлмен қамтамасыз ететiн тиiстi соманы кепіл ұстаушыға (кредиторға) немесе тауар қоймасына енгiзе отырып, тауарды кепiлден босата алады, оны тауар қоймасы кепiл куәлiгiн заңды ұстаушыға беруге мiндеттi.
6. Кепiл куәлiгiн ұстаушы оның кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптарын мерзiмiнде қанағаттандырмаған жағдайда заң актілерімен белгiленген тәртiппен оған кепiл куәлiгi бойынша берiлген тауарды сатуға және кепiл берушiнiң басқа да кредит берушiлерi алдындағы өз талаптарын артықшылықпен жабуға құқылы. Сатудан түскен сома жетпеген жағдайда кепiл куәлiгiн ұстаушы оның алынбаған бөлiгiн кепiл куәлiгiмен қамтамасыз етілген талаптарға ақы төлеу жөнінде бірге жауапты болатын барлық индоссанттардан өндiрiп алуы мүмкiн.
801-бап. Қойма және кепiл куәлiктерiн беру
Қойма куәлiгi мен кепiл куәлiгi беру жазбасы (индоссаменттер) бойынша бiрге немесе бөлек берiлуi мүмкiн.
802-бап. Қос қойма куәлiгi бойынша тауар беру
1. Тауар қоймасы қойма және кепiл куәлiктерiн (қос қойма куәлiгiн) ұстаушыға қоса алғандағы осы екi куәлiктiң орнына тауар бередi.
Кепiл куәлiгi жоқ, бiрақ ол бойынша қарыз сомасын енгiзген қойма куәлiгiн ұстаушыға тек тауар қойма куәлiгiне айырбастап және кепiл куәлiк бойынша барлық қарыз сомасының жарнасы талабымен берiледi.
2. Қойма және кепiл куәлiктерiн ұстаушы тауарды бөлiп-бөлiп берудi талап етуге құқылы. Бұл орайда бастапқы куәлiктердiң орнына оған қоймада қалған тауарларға жаңа куәлiктер берiледi.
3. Осы баптың талаптарына қарамастан кепiл куәлiгi жоқ және ол бойынша қарыз сомасын енгiзбеген қойма куәлiгiн ұстаушыға тауар берген тауар қоймасы кепiл куәлiгiн ұстаушының алдында ол бойынша барлық есептелетiн соманың төленуi үшiн жауапты болады.
40-тарау. Сақтандыру
803-бап. Сақтандыру шарты
1. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және жағдайларда өзге де төлемдерді жүзеге асыру жағдайлары көзделуі мүмкін.
2. Сақтандыру сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
804-бап. Осы Кодекспен реттелетiн сақтандыру қатынастары
Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесi кезiнде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары осы Кодекспен реттеледi.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 805-бап жаңа редакцияда
805-бап. Сақтандыру нысандары
1. Сақтандыру нысандары:
1) мiндеттілік дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;
2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;
3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады.
2. Сақтандыру қызметiн лицензиялау мақсатында заң актілерінде өзгеше жiктеу көзделуi мүмкiн.
806-бап. Мiндеттi және ерiктi сақтандыру
1. Міндетті сақтандыру - егер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын, заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
2. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Өз өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетiн азаматқа заң актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды.
Мiндеттi сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады.
4. Мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтанушы, егер сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, тараптардың келісімімен айқындалған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға мiндеттi.
5. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актілерде тәртібі мен талаптары белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу, егер осы заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
6. Ерiктi сақтандыру - тараптардың еркiн бiлдiруiне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімi бойынша белгiленедi.
807-бап. Сақтандыру объектiсi
1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның ішінде:
1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына;
2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;
3) мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне;
4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген мүліктік мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.
Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру объектiсi заң актілерімен айқындалады.
2. Сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделерi сақтандыруға жатпайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүліктік мүдделер объектiсi болатын сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 808-бап өзгерді
808-бап. Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердiң бұзылу зардабы
1. Заң актілеріне сәйкес пайдасына мiндеттi сақтандыру жүзеге асырылуы тиiс болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгiлi болса, осы мiндет жүктелген тұлғадан оны сот тәртібімен талап етуге құқылы.
2. Егер сақтандыру мiндетi жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе сақтандыру шартын заң актілерінде көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезiнде сақтандыру төлемi қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса, сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады.
3. Заң актілерімен сақтанушы болу мiндетi жүктелген тұлға осы Кодекстiң 806-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi, алайда одан жалтаратын сақтандырушыны заң актілерінде көзделген талаптарда сақтандыру шартын жасауға мәжбүр етудi сот тәртібімен талап етуге құқылы.
4. Сақтанушы ретiнде оны жүзеге асыруға мiндеттi тұлғалардың, сондай-ақ сақтандырушы ретiнде iс-қимыл жасауға мiндеттi сақтандыру ұйымының сақтандырудан жалтаруы заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
809-бап. Жеке және мүлiктiк сақтандыру
1. Азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттілігiн және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкiн.
2. Мүлікті және оған байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады.
3. Мүлiктi сақтандыру кезiнде мүлiктiң жоғалуы (жойылуы) тәуекелi, жетiспеуi немесе бүлiнуi және осы Кодекстiң 115-бабында көзделген өзге де мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар сақтандырылады.
4. Сақтанушының немесе пайда алушының мүлiктердi сақтандыруға мүддесi болмаған жағдайда жасалған мүлiктiк сақтандыру шарты жарамсыз болады.
5. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезiнде, үшiншi бiр адамдардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттардан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелiн сақтандырады.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес кодекс 809-1 баппен толықтырылды
809-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру
1. Сақтандыру жағдайы туған кезде, соның ішінде сақтандыру шартында белгіленген кезең не олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру жинақтаушы сақтандыру болып табылады.
2. Туындауының ықтималдық және кездейсоқ белгілері бар сақтандыру жағдайы туған кезде ғана сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады.
3. Аннуитеттік сақтандыру шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты.
4. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы мүмкiн.
5. Аннуитеттік сақтандыру шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады.
810-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред . қара)
811-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред . қара)
812-бап. . 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред . қара)
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 813-бап өзгерді
813-бап. Сақтанушы
1. Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.
3. Сақтанушы сақтандырудың ерiктi де, мiндеттi де нысандары бойынша сақтандырушыны таңдап алуға ерiктi.ҚР 18.12.2000 № 128-II ; 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 814-бап өзгертілді
814-бап. Сақтандырушы
Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемін жүргізуге мiндеттi тұлға.
Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 815-бап өзгерді
815-бап. Сақтандырылған адам
1. Сақтандырылған адам - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған адам болып табылады.
2. Заңнамалық актілермен сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыруды жүзеге асыру мiндетi жүктелуi мүмкiн. Өз еркiмен сақтандыру кезiнде сақтанушы үшiншi тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам ретінде айқындай алады. Бұл жағдайларда сақтандырылған адамның жеке басы және соған байланысты оның мүдделері (сақтандырылған адамды жеке сақтандыру) не сақтандырылған адамның мүлкі және мүліктік мүдделері (сақтандырылған адамның мүліктік сақтандырылуы) сақтандыру объектiсi болады.
Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам бұл мүлiктiң сақталуына мүдделi болуға тиiс.
3. Егер шарттың талаптары бойынша сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамға белгiлi бiр мiндеттер жүктелген болса, сақтанушы осы шартты жасасуға сақтандырылған адамның келісімін алуы тиіс.
Мiндеттi сақтандыру кезiнде, сондай-ақ топтастырып иесіздендірілген сақтандыру кезінде, шарт жасасу үшін оның өзі сақтандырылған адам ретiнде көрiнетiн үшiншi адамның келісімi талап етiлмейдi.
Өз еркiмен сақтандыру кезiнде адамдардың оның жеке басын немесе мүлкiн сақтандыру жөніндегі қарсылығы шарт жасасудың мүмкiн еместiгiне, ал егер ол жасалып қойған болса - шарттың бұзылуына әкеп соғады.
4. Сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндетi жүктелген жағдайда, аталған тұлға сақтанушыдан бұл мiндеттiң орындалуы туралы есеп талап етуге, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда - оның сақтандырылған адам болып табылатындығын дәлелдейтiн құжатты алуға құқылы.
Сақтанушы үшiншi адамды сақтандыру жөніндегі өз мiндетiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, соңғысы осы Кодекстiң 808-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
5. Кәмелетке толмаған азамат сақтандырылған болып табылатын жағдайда оның құқықтары осы Кодекстiң 22-24-баптарында көзделген тәртiппен iске асырылады.
6. Сақтандырылған адамның пайдасына шарт жасасу, сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.
Үшiншi адамды сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады.
7. Сақтандырылған адам шартқа сәйкес өзiне тиесiлi сақтандыру төлемiн алудан бас тартқан жағдайда сақтандыру төлемiн алу құқығы сақтанушыға көшедi.
8. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мұндай жағдайды көздемейтiн жеке басты сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта сақтандырылған адамды ауыстыру көзделмесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.
Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы болса, бұл шарт онда көзделген талаптармен орындалады.
Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мүлiктiк сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, сақтандырылған адамның құқықтары мен мiндеттерi сақтанушының келiсуiмен, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сол мүлiктiң және сақтандырылған адамның мүлiктiк құқықтарының мұрагерлерiне ауысады.
Егер сақтанушы қайтыс болған сақтандырылған адамды ауыстыруға келiспесе не мұрагерлер оның сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қабылдауға келiспесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.
9. Үшiншi адамның (сақтандырылған адамның) пайдасына жасалған сақтандыру шартына осы Кодекстiң 391-бабының осы бап ережелерiне қайшы келмейтiн бөлiгіндегі ережелерi қолданылады.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 816-бап өзгерді
816-бап. Пайда алушы
1. Пайда алушы - сақтандыру шартына немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға.
Заңды тұлға да, азамат та пайда алушы бола алады.
Пайда алушы жеке де, мүлiктiк те сақтандыру бойынша тағайындала алады.
Сақтандырудың мiндеттi түрi бойынша пайда алушы сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заң актілерімен айқындалады, ерiктi түрi бойынша оны сақтанушы тағайындайды.
2. Егер мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерінде немесе өз еркiмен сақтандыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады.
Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы сақтандырылған адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша келісімi бойынша тағайындалады.
Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетiлмесе, ол сақтандырылған адам деп ұйғарылады.
3. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред . қара)
4. алынып тасталды
5. Сақтандырылған адам бір мезгілде пайда алушы болып табылатын жағдайда соңғысына осы Кодекстiң 815-бабында көзделген ережелер қолданылады.
6. Сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса, соңғысының құқығы сақтанушыға ауысады.
Сақтандырылған болып табылатын пайда алушы қайтыс болған жағдайда осы Кодекстiң 815-бабының 8-тармағында көзделген зардап туындайды.
7. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы, сақтандыру шартында көзделген жағдай болып табылса, онда бұл сақтандырылған адам сақтанушы болмаған күнде де, болған күнде де, бірақ шартта пайда алушы көрсетiлмесе, сақтандырылған адамның мұрагерлерi пайда алушылар деп танылады.
8. Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемiн төлеу туралы талап қоюға құқылы.
9. Пайда алушының пайдасына шарт жасасу сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 817-бап өзгерді
817-бап. Сақтандыру жағдайы
1. Сақтандыру жағдайы - басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтiн оқиға.
2. Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлерi мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерімен, ал өз еркiмен сақтандыру бойынша - тараптардың келісімiмен белгiленедi.
3. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуi мүмкiн оқиғаларды қоспағанда, cақтандыру жағдайы ретiнде қарастырылатын оқиға, оның басталуының ықтимал және кездейсоқ белгiлерiне ие болуы тиiс.
4. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтiрген зияндарды дәлелдеу сақтанушының (пайда алушының, сақтандырылушының) мiндетiне жатады.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 818-бап өзгерді
818-бап. Сақтандыру сыйлықақылары
1. Сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында көзделген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемесiн қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы.
Сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншiк құқығымен тиесiлi болады.
2. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде олар заңнамалық актілермен белгіленеді.
Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заңдармен белгiленуi мүмкiн.
3. Тараптар сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн айқындау кезiнде, сақтандыру объектiсi мен сақтандыру тәуекелiнiң сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасы өлшемiнен өндiрiлетiн сақтандыру сыйлықақысының ставкасын белгiлейтiн сақтандырушы әзiрлеген сақтандыру тарифiн қолдана алады.
4. Шартта сақтандыру сыйлықақысын мерзiмдiк сақтандыру жарналары түрiнде бөлiп-бөлiп төлеу көзделуi мүмкiн.
5. Егер сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын бөлiп-бөлiп төлеу көзделген болса, шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды қоса алғанда, шартта кезекті сақтандыру жарналарын белгіленген уақытта төлемеудiң зардабы айқындалуы мүмкiн.
6. Егер сақтандыру жағдайы енгізу мерзiмi өтiп кеткен белгiлi бiр сақтандыру жарнасын төлеуден бұрын басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiнің мөлшерiн айқындау кезiнде мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарнасының сомасын есепке алуға құқылы.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 819-бап өзгерді
819-бап. Сақтандыру сомасы
1. Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiлерi сақтандырылған адам және сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауаптылығының шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы.
2. Сақтандыру сомасының мөлшерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде олар заң актілерінде белгiленген мөлшерден кем болмауы керек.
3. Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтандыру сомасы шарт жасалған кездегi оның нақты құнынан (сақтандыру құнынан) артық бола алмайды.
4. Тараптар, оны сақтанушы қасақана жаңылыстырғанын сақтандырушы дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шартында белгiленген мүлiк құнына талас тудыра алмайды. Егер сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан артық болса, онда ол сақтандыру сомасының шарт жасалған кезіндегі сақтандыру құнынан артылған бөлiгiнде жарамсыз болып табылады.
5. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред . қара)
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 820-бап өзгерді
820-бап. Сақтандыру төлемi
1. Сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiм туған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы.
Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемі біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртібі шартта белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.
3. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi.
Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша олар заң актілерімен белгіленуі мүмкін.
4. Мүлiктi және азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде сақтанушыға (сақтандырылған адамға) келтiрiлген нақты зиянның мөлшерiнен аспауы керек.
5. Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтанушыға (сақтандырылған адамға) әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша, сақтандырудың басқа шарттары бойынша оған тиесілi сомаларға қарамастан және зиянның орнын толтыру тәртібімен жүзеге асырылады.
6. Мүлiктiк сақтандыру шартының талаптарымен сақтандыру өтемiнiң сомасы шегiнде сақтандыру өтемiн зиянның заттай нысандағы өтемiмен ауыстыру көзделуi мүмкiн.
7. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезiнде сақтандырушы өзiне сақтанушыдан тиесiлi болатын сақтандыру сыйлықақыларына не сақтандыру жарналарына есеп жүргiзуге құқылы.
8. Егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерінде жауаптылықтың бұдан жоғары мөлшерi көзделмесе, сақтандыру төлемiн уақытында жүзеге асырмағаны үшiн сақтандырушы осы Кодекстiң 353-бабына сәйкес жауап бередi.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 821-бап өзгерді
821-бап. Қос сақтандыру
1. Қос (көпше) сақтандыру - белгiлi бiр объектiнi бiрнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру.
2. Мүлiктi қос сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы сақтанушының алдында онымен жасалған шарттың шегiнде жауапты болады, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы нақты зияннан аспауы тиiс.
Бұл ретте сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемiнде сақтандыру төлемiн алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемi нақты зиянды жаппайтын болса, сақтанушы жетпеген соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы.
Келтiрiлген зиянды басқа сақтандырушылар өтегендiктен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара босатылған сақтандырушы сақтанушыға шыққан шығындарды шегере отырып, сақтандыру сыйлықақыларының тиiстi бөлiгiн қайтаруға мiндеттi.
3. Жеке өзiн қос (көпше) сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы өзiнiң сақтанушы алдындағы сақтандыру мiндеттемелерiн, оларды басқа сақтандырушылардың орындағандарына қарамастан, өз бетiнше атқарады.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 822-бап өзгерді
822-бап. Топтық сақтандыру
1. Топтық сақтандыру кезiнде бiр сақтандыру шартымен бiр мезгiлде өздерi пайда алушы болып табылатын бiрнеше сақтандырылған адамдар қамтылады.
2. Топтық сақтандыру адамдардың белгiлi бiр санаттарын қамтитын жеке де, мүлiктiк те, дербестендiрiлген де, иесiздендiрiлген де болуы мүмкiн.
Иесiздендiрiлген сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамдар тобы сақтандыру шартында бұл оның әрбiр сақтандырылған адамға қатысты зардабын және оған тиесілі сақтандыру төлемiнің төлеу мөлшерiн дараландыру үшiн қажеттi шамада нақтылануға тиiс.
3. Жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiн ұжымдық сақтандыруы тек жеке сақтандыру түрiнде ғана болуы мүмкiн.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 823-бап өзгерді
823-бап. Ортақ сақтандыру
1. Сақтандыру объектiсi бiрнеше сақтандырушы (ортақ сақтандыру) бірлескен бір шарт бойынша сақтандырылуы мүмкін. Бұл орайда шартта әрбiр сақтандырушының келісілген үлестердегi құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын талаптары болуы тиiс.
Егер мұндай шартта әрбiр сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi айқындалмаған болса, олар сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн сақтанушының (пайда алушының) алдында ортақтасып жауап бередi.
2. Iрi немесе аса iрi тәуекелдердi бiрлесiп сақтандыру үшiн ортақ сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жай серiктестiктер (сақтандыру пұлдары) құра алады.
3. Ортақ сақтандырушылар арасында тиiстi келісім болған жағдайда, олардың бiреуi сақтанушының алдында тек өз үлесiмен ғана жауапты болып қала отырып, онымен өзара қатынаста барлық ортақ сақтандырушылардан өкіл болуы мүмкін.ҚР Заңымен 10.07.03 ж. № 483-II 824-бап толықтырылды (бұр. ред. қара)
824-бап. Қайта сақтандыру
1. Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз мiндеттерiнiң бәрiн немесе оның бiр бөлiгiн орындау тәуекелiн жабуды басқа сақтандырушыда (қайта сақтандырушыда) қайта сақтандыру жолымен қамтамасыз етуге құқылы.
2. Қайта сақтандырушымен қайта сақтандыру (қайта сақтанушы) шартын жасасқан сақтандырушы онымен жасаған сақтандыру шартына сәйкес сақтанушының алдында толық көлемде жауапты болып қалады.
3. Қайта сақтандыру талаптары Қазақстан Республикасының заң актілерімен және қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартымен айқындалады.
Қайта сақтандыру шарты осы Кодекстің сақтандыру шартына қойылатын талаптарына жауап беруге тиiс. Бұл жағдайда сақтандырушы сақтандырудың негiзгi шарты бойынша қайта сақтандыру шартында сақтанушы болып есептеледі.
4. Қайта сақтандыруды ұйымдастыру үшiн қайта сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралы шарттың негiзiнде жай серiктестiкке (қайта сақтандыру пулдары) бiрiге алады.
5. Екi немесе бiрнеше қайта сақтандыру шарттарын біртіндеп жасауға жол берiледi.ҚР 18.12.2000 № 128-II; 01.07.03 ж. № 445-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 825-бап өзгертілді
825-бап. Сақтандыру шартының нысаны
1. Сақтандыру шарты жазбаша нысанда:
1) тараптардың сақтандыру шартын жасасуы;
2) сақтанушыны бiр жақты тәртiпте (бiрiгу шарты) сақтандырушы әзiрлеген үлгiлiк шарттарға (сақтандыру ережелерiне) қосу және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi;
3) алынып тасталды
4) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред . қара)
2. Мiндеттi сақтандыру бойынша жазбаша шарттың нысаны Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерінде айқындалады, ал ерiктi сақтандыру бойынша - сақтандырушы айқындайды не тараптардың келісімiмен айқындалады.
3. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
ҚР 18.12.00 ж. № 128-II Заңымен бөлім 825-1-баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.30.12 № 234-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 825-1-бап өзгертілді
825-1-бап. Сақтандыру ережелерi
1. Сақтандырушы сақтандыру ережелерiн сақтандырудың әрбiр түрi бойынша әзiрлейдi және олар осы баптың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. Сақтандыру ережелерiнде:
1) сақтандыру объектiлерiнiң тiзбесi;
2) сақтандыру сомасын анықтау тәртібі;
3) сақтандыру жағдайларының тізбесі;
4) сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу;
5) сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi мен орны;
6) сақтандыру шартын жасасу тәртібі;
7) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
8) сақтанушының сақтандыру жағдайы туған кездегi iс-әрекетi;
9) сақтандыру жағдайының туғандығын және шығын мөлшерiн растайтын құжаттар тiзбесi;
10) сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары;
10-1) сақтанушыға немесе сақтандырылушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабарлау мерзімі;
11) сақтандыру төлемi немесе сақтандыру төлемiн жасаудан бас тарту туралы шешiмдi қабылдаудың мерзiмi;
12) сақтандыру шартын тоқтату талаптары;
13) дауларды шешу тәртібі;
14) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
15) қосымша талаптар болуға тиіс.
3. алынып тасталды
4. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім бойынша сақтандыру ережелерiнiң негiзiнде сақтандыру шартын жасасу кезiнде анықталатын қосымша талаптарды көздейтiн сақтандыру шарттары жасалуы мүмкiн.
5. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
826-бап. Сақтандыру шартының мазмұны
1. Сақтандыру шартында мыналар болуы тиiс:
1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттерi;
2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
3) сақтандыру объектiсiн көрсету;
4) сақтандыру жағдайын көрсету;
5) сақтандыру сомасының мөлшері (аннуитеттік сақтандыру шарттарын қоспағанда) және сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен мерзiмдерi;
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi;
7) шарттың жасалу күнi және қолданылу мерзiмi;
8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету;
9) шарттың (сақтандыру полисiнiң) номерi, сериясы;
10) шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;
11) сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшiн) төлеудiң шарты және оның мөлшерi.
11-1) сақтанушыны немесе сақтандырылушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабардар ету мерзімдері;
12) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (ол болған кезде), сақтанушының резиденттік белгісін және экономикасының секторын көрсету;
13) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (ол болған кезде), егер сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болмаса, сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шартында көрсетілген жағдайда, оның резиденттік белгісін және экономикасының секторын көрсету;
14) сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемі мен сақтандыру сыйақысының валюта түрі;
15) сақтанушының сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономика секторын көрсету;
16) егер сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болмаса, сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шартында көрсетілген жағдайда, оның сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономикасының секторын көрсету.
2. Тараптардың келісімi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
2-1. Франшиза - сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады.
Шартты франшиза кезінде сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан көп болса, залалды толық өтеуге тиіс.
Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сома шегеріле отырып өтеледі.
Франшиза сақтандыру сомасына қатысты процент бойынша не абсолютті мөлшерде белгіленеді.
3. Егер сақтандыру шартында заң актілерінде көзделгендермен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлататындай талаптар болса, осы заң актiсiмен белгiленген ережелер қолданылады.
4. Егер қайта сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңi сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша мiндеттемесi қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңiне сәйкес келуге тиiс.
5. Сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiс талаптардың толық еместiгi үшiн сақтандырушы жауапты болады.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес кодекс 826-1-баппен толықтырылды
826-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң мерзiмiн ұзарту
1. Сақтандыру жарнасын (алғашқысын қоспағанда) жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзімде алмаған сақтандырушы сақтанушыны сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабардар етуге мiндеттi.
2. Хабарламада:
1) сақтандыру жарнасын төлейтiн кезең (сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңi);
2) сақтандыру жарнасын төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн өсiмпұлдың мөлшерi;
3) сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңi iшiнде сақтандыру жарнасы төленбеген жағдайда шарттың қолданылуын бiржақты тәртiппен тоқтату құқығы болуға тиiс.
3. Сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңi 30 күнтiзбелiк күннен кем болмауға тиiс.
4. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңiнде сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы берешек сомасын ұстай отырып, сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi.
5. Сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабарлама сақтанушыға оның жiберiлгенiн растауға мүмкiндiк беретiн тәсiлмен жiберiледi.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес кодекс 826-2-баппен толықтырылды
826-2-бап. Жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiру
1. Егер жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы сақтанушының сақтандыру жарнасын төлемеуi негiзiнде тоқтатыла тұрса немесе тоқтатылса, сақтанушы:
1) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарналарын;
3) сақтандыру жарналарын осы Кодекстiң 353-бабында көзделген мөлшерде төлеудiң мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн өсiмпұлды төлеген кезде сақтандырушы шарттың қолданылуын қалпына келтiруге мiндеттi.
2. Сақтанушы шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе шарт тараптарының өз мiндеттемелерiн орындауын тоқтата тұрған күннен бастап бiр жыл iшiнде жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiруге құқылы.
3. Сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiрген кезде сақтандырылған адамның денсаулық жағдайына медициналық сараптама жүргiзуге құқылы.
Сақтандырылған адамның денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң және (немесе) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге құқылы. Сақтанушы шарттың қолданылуын жаңа талаптармен қалпына келтiруден бас тартқан жағдайда шартты қалпына келтiруге болмайды.
4. Егер жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылса және сақтандырушы сатып алу сомасын төлеген болса, сақтандырушы мұндай шарттың қолданылуын қалпына келтіруден бас тартуға құқылы.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес кодекс 826-3-баппен толықтырылды
826-3-бап. Бас полистi ресiмдеу жолымен шарт бойынша сақтандыру
1. Сақтанушының сақтандырушымен келісімi бойынша бiртектi мүлiктiң (тауарлардың, жүктердiң және т.с.с.) әр түрлi топтамаларын ұқсас жағдайларда белгiлi бiр мерзiм iшiнде жүйелi сақтандыру сақтандырудың бiр шарты - бас полис негiзiнде, оны сақтанушыға беру жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Сақтанушы осы баптың 1-тармағында аталған шарттың күшi қолданылатын мүлiктiң әрбiр топтамасына қатысты мұндай шартта көзделген мәлiметтердi сақтандырушыға ол көздеген мерзiмде хабарлауға, ал егер ол көзделмесе, оны алғаннан кейiн дереу хабарлауға мiндеттi. Сақтанушы, тiптi, мұндай мәлiметтердi алған кезде сақтандырушы өтеуге тиiстi шығынның болу мүмкiндiгi iске аспай қалса да, бұл мiндеттен босатылмайды.
3. Сақтанушының талап етуiмен сақтандырушы осы баптың 1-тармағында аталған шарттың күшi қолданылатын мүлiктiң жекелеген топтамалары бойынша сақтандыру полистерiн беруге мiндеттi.
Сақтандыру полисiнiң мазмұны бас полиске сәйкес келмеген жағдайда сақтандыру полисiне басымдық берiледi.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 827-бап өзгерді
827-бап. Сақтандыру шартының қолданылуы
1. Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлiп-бөлiп төлеу кезiнде, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
2. Сақтандыру шарты, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, алғашқы басталған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезден бастап қолданылуын тоқтатады.
3. Сақтандырып қорғаудың қолданылу мерзiмi, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзiмiне дәл келедi.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 828-бап өзгерді; 2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV (бұр.ред.қара) 828-бап өзгертілді
828-бап. Сақтандырушының мiндеттерi
1. Сақтандырушы:
1) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында немесе заң актілерінде белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;
1-1) егер сақтандыру шарты сақтанушыға сақтандырудың ерiктi түрлерi бойынша сақтандыру полисiн бере отырып қосылу шарты нысанында жасалған болса, сақтанушыны сақтандыру ережелерiмен таныстыруға және ережелердiң көшiрмесiн беруге;
2) сақтанушыға (сақтандырылған адам) сақтандыру жағдайы кезiнде олардың залалдарды азайту үшiн жұмсаған шығындарын өтеуге;
3) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
4) сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушi (пайда алушы) не олардың өкілі сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті барлық құжаттарды бермеген жағдайда, оларды сақтандыру шартында белгіленген мерзімде жетіспейтін құжаттар туралы хабардар етуге міндетті.
2. Сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заң актілерінде, сондай-ақ сақтандыру шартында сақтандырушының басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.ҚР 18.12.00 № 128-II; 01.07.03 ж. № 445-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 829-бап өзгертілді
829-бап. Сақтандыру жағдайынан туындайтын залалдарды азайтуға бағытталған шығындардың орнын толтыру
1. Мүлiктiк сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде, болуы мүмкiн залалдарды болдырмау немесе азайту үшiн сақтанушы (сақтандырылған адам) қалыптасқан жағдайларда қисынды және қолдан келетiн шаралар, оның iшiнде сақтандырылған мүлікті құтқару және сақтау шараларын қолдануға мiндеттi.
Сақтанушы (сақтандырылған адам) осындай шаралар қолдана отырып, егер олар сақтанушыға (сақтандырылған адамға) хабарланған болса, сақтандырушының нұсқауларын ұстануға тиiс.
2. Залалдарды болдырмау немесе азайту мақсатында сақтанушы (сақтандырылған адам) шеккен шығындар, егер мұндай шығындар қажет болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жүргiзiлген жағдайда, тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
Мұндай шығындар нақты мөлшерде өтеледi, алайда сақтандыру төлемiнiң және шығындар өтемiнiң жалпы сомасы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауы тиiс. Егер шығындар сақтанушының (сақтандырылған адамның) сақтандырушы нұсқаларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледi.
3. Болуы мүмкiн залалдарды азайту үшiн сақтанушының (сақтандырылған адамның) қисынды және қолдан келетiн шараларды қасақана қолданбауы салдарынан туындаған залалдар бөлiгiнде сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.ҚР 18.12.00 № 128-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 27.02.04 ж. № 527-II (01.04.04 ж. күшіне енеді); 2010.15.07. № 338-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 830-бап өзгертілді
830-бап. Сақтандыру құпиясы
1. Сақтандыру құпиясына сақтандыру сомасының, сатып алу сомасының мөлшерлерi туралы және төленген сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының сақтанушының, сақтандырылған адамның немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де талаптары туралы мәлiметтер жатады. Таратылу процесіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы мәлiметтер сақтандыру құпиясына жатпайды.
1-1. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамалық актілерде сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етудің өзге де талаптары мен тәртібі көзделуі мүмкін.
2. Сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларының, сақтандыру агентiнiң өз кәсiби қызметiнiң нәтижесiнде алған сақтандыру құпиясын құрайтын мәлiметтердi, кәсiби сақтандыру рыногының басқа қатысушысына не сақтандыру агентiне қайта сақтандыру шарттарын жасасуға немесе қосарлас сақтандыру жөніндегі қатынастарға байланысты ақпарат беру жағдайларын, сондай-ақ осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге құқығы жоқ.
3. Өздерiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыруына байланысты сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi алған лауазымды адамдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлерi, сақтандыру брокерлерi, сақтандыру агенттерi және басқа да адамдар оларды жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртiппен жауап бередi.
4. Сақтандыру құпиясын үшiншi адамға сақтанушының (сақтандырылған адамның, пайда алушының) жазбаша келісімi негiзiнде ашуға болады.
5. Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтер:
1) сақтанушының (пайда алушының) өкiлiне - нотариатта куәландырылған сенімхат негiзiнде;
2) анықтау және алдын ала тергеу органына - оның өндiрiсіндегі қылмыстық iстер бойынша; 2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сотқа - сот ұйғарымы немесе қаулысы негiзiнде оның өндiрiсіндегі iстер бойынша;
4) прокурорға - оның құзыретi шегiнде өзiнiң қарауындағы материалдар бойынша тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде; 2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға - «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртіппен;
5) уәкiлеттi мемлекеттік органға - сақтандыру қызметiн қадағалауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;
6) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заң актілеріне сәйкес өзге де тұлғаларға беріледі.
6. Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтер сақтанушы, сақтандырылған адам, пайда алушы қайтыс болған соң:
1) мұрагерлерге;
2) соттарға және нотариустарға - соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың мөрi басылған жазбаша сауалы негiзiнде олардың өндiрiсіндегі мұрагерлiк iстер бойынша берiледi. Нотариустың жазбаша сауалына сақтанушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс;
3) шетелдiк консулдық мекемелерге - олардың өндiрiсіндегі мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
7. Сақтандыру қызметiн жүзеге асырудың жалпы шарттары, ұсынылатын сақтандыру қызметтерiнiң тiзбесi, сақтандыру тарифтерi, сақтандыру мерзiмдерi, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының өзге де негiзгi талаптары ашық ақпарат болып табылады және сақтандыру құпиясы мен коммерциялық құпияның нысанасы бола алмайды.
8. Сақтандырушы сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi жария еткен жағдайда сақтанушы (сақтандырылған адам, пайда алушы) келтiрiлген шығынды өтеудi, ал тиiстi жағдайларда - моральдық нұқсанның орнын толтыруды талап етуге құқылы.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 831-бап өзгерді
831-бап. Сақтанушының мiндеттерi
1. Сақтанушы:
1) сақтандыру шарты белгiлеген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;
2) сақтандыру тәуекелiнiң жай-күйі туралы сақтандырушыны хабардар етуге;
3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарлауға;
4) сақтандыру жағдайынан туатын залалдарды азайту үшiн шаралар қолдануға (осы Кодекстiң 829-бабының 1-тармағы);
5) сақтандыру жағдайының басталғандығы үшiн жауапты адамнан талап ету құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi (осы Кодекстiң 840-бабы).
2. Сақтандыру шартында сақтанушының басқа да мiндеттерi көзделуі мүмкін.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 832-бап өзгерді
832-бап. Шарт жасасу кезiнде сақтанушы беретiн мәлiметтер
1. Шарт жасасу кезінде сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан (сақтандыру тәуекелінен) туындауы мүмкін залалдардың мөлшерiн айқындау үшiн елеулi мәнi бар сақтанушының өзiне белгiлi жағдайларды, егер бұл жағдайлар сақтандырушыға белгiсiз болса және белгiсiз болуға тиiстi болса, хабарлауға мiндеттi.
Қалай болғанда да сақтандырушы әзірлеген сақтандыру ережелерiнде немесе шарт жасасу кезеңiнде сақтанушыға жiберiлген сақтандырушының жазбаша сауалына нақты айтылған мән-жайлар елеулi деп танылады.
2. Егер сақтандыру шарты сақтандырушының қандай да бiр сұрақтарына сақтанушының берген жауаптарынсыз жасалған болса, соңғысы сақтанушының тиісті жағдайларда хабарламағандығын негiзге ала отырып, кейiннен шарттың бұзылуын немесе оны жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.
3. Егер шарт жасалып болған соң сақтанушының сақтандырушыға осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер бергендiгi анықталған болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды және осы Кодекстiң 844-бабының 1-тармағының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген салдарды қолдануды талап етуге құқылы.
Егер сақтанушы жасырып қалған мән-жай жоққа шығып қалған болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.01.07.03 ж. № 445-II ҚР Заңымен 833-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау
1. Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы сақтандырылатын мүлiктi қарап тексеруге және бағалауға, ал қажет болған кезде оның шынайы құнын анықтау мақсатында сараптама тағайындауға құқылы. Сақтандырылатын мүлiкке және келтiрілген зиянға сақтандырушы жүзеге асыратын бағалау сақтандырудың құрамдас бөлiгi болып табылады және қосымша лицензиялауды талап етпейдi.
2. Жеке сақтандыру шартын жасау кезiнде сақтандырушы оның нақты денсаулық жағдайына баға беру үшiн сақтандырылатын адамға тексеру жүргiзуге құқылы.
3. Сақтандырушының сақтандыру тәуекелiне осы баптың негiзiнде берген бағасы өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы үшiн мiндеттi емес.
4. Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн сақтанушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша сақтандырушы айқындайды. Қажет болған жағдайда келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) жүргiзедi. Келтiрiлген зиянды бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тараптар өзгеше дәлелдеуге құқылы.
5. Сақтандырудың міндетті түрлері кезінде сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 834-бап өзгерді
834-бап. Шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаю салдары
1. Мүлiктiк сақтандыру шартының қолданылуы кезеңiнде сақтанушы (сақтандырылған адам) шарт жасау кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзiне белгiлі болған елеулi өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелiн арттыруға елеулі ықпал жасайтындай болса, сақтандырушыға дереу хабарлауға мiндеттi.
Қалай болғанда да сақтандыру шартында айтылған өзгерістер елеулi деп танылады.
2. Сақтандыру тәуекелiн арттыруға әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабардар етілген сақтандырушы, шарттың талаптарын өзгертудi немесе тәуекелдiң артуымен мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеудi талап етуге құқылы.
Егер сақтанушы немесе сақтандырылған адам сақтандыру шартының талаптарын өзгертуге және сақтандырудың қосымша сыйлықақысын төлеуге қарсылық білдірсе, сақтандырушы осы Кодекстің 24-тарауында көзделген ережелерге сәйкес шартты бұзуды талап етуге құқылы.
3. Сақтанушы немесе сақтандырылған адам осы баптың тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайда сақтандырушы шартты бұзуды және шартты бұзудан болған залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
4. Егер сақтандыру тәуекелiн арттыруға әкеп соғатын мән-жайлар жоққа шығып қалған болса, сақтандырушының шартты бұзуды талап етуге құқығы жоқ.
5. Жеке сақтандыру кезiнде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiн өзгертудiң салдары, егер олар шартта тiкелей көзделген болса, басталуы мүмкiн.ҚР 18.12.00 № 128-II; 01.07.03 ж. № 445-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 835-бап өзгертілді
835-бап. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыны хабардар ету
1. Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне мәлiм болған соң оның басталғандығы жөнiнде сақтандырушыға немесе оның өкiлiне дереу хабарлауға мiндеттi. Егер шартта немесе Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiнде хабардар ету мерзiмi және (немесе) тәсiлi көзделсе, ол келісілген мерзiмде және шартта немесе Қазақстан Республикасының заң актiсiнде көрсетiлген тәсiлмен жасалуға тиiс.
Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, мұндай мiндет сақтандырылған адамға жүктеледi.
Егер жеке сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру жағдайы болып табылса, сақтандыру жағдайы туралы сақтандырушыға хабарлау мiндетi сақтанушыға, ал егер оның өзi бiр мезгiлде сақтандырылған адам болса - пайда алушыға жүктеледi. Бұл ретте сақтандырушыға хабарлаудың шартта белгiленген мерзiмi отыз күннен кем болмауы тиiс.
2. Пайда алушының барлық жағдайларда, мұны сақтанушының немесе сақтандырылған адамның жасаған-жасамағанына қарамастан, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға құқығы бар.
3. Егер сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушының дер кезiнде бiлгендiгi дәлелденбесе не бұл жөніндегі мәлiметтердiң сақтандырушыда болмауы оның сақтандыру төлемi мiндеттерiне ықпал етпейтiн болса, сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабар бермеу оған сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту құқығын бередi.
836-бап. Сақтанушыны ауыстыру
1. Мүлiктi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi мұрагерлiк тәртібімен осы мүлiктi қабылдаған адамға ауысады. Меншiк құқықтары (немесе өзге де заттық құқықтары) ауысуының басқа жағдайларында сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi, егер шартта немесе заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, сақтандырушының келiсуiмен жаңа меншiк иесiне (немесе өзге де заттық құқықтардың иесiне) ауысады.
2. Жеке сақтандыру шартын сақтандырылған адамның пайдасына жасаған сақтанушы қайтыс болған жағдайда, осы шартта айқындалған құқықтар мен мiндеттер оның келiсімiмен сақтандырылған адамға ауысады. Сақтандыру шарты бойынша міндеттерді сақтандырылған адамның орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оның құқықтары мен міндеттері заң актілеріне сәйкес оның құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі мiндеттердi жүзеге асырушы тұлғаларға ауысуы мүмкiн.
3. Заңды тұлға болып табылатын сақтанушыны қайта ұйымдастырған кезде, сақтандыру шарты қолданылу кезеңіндегі оның осы шарт бойынша құқықтары мен мiндеттерi сақтандырушының келiсуiмен, осы Кодексте айқындалған тәртiппен тиiстi құқықтық мирасқорға ауысады.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 837-бап өзгерді
837-бап. Сақтандырылған адамды ауыстыру
1. Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықты сақтандыру шарты бойынша (осы Кодекстiң 811-бабы) сақтанушының емес, өзге тұлғаның жауаптылығы сақтандырылған жағдайда, сақтанушы шартта өзгеше көзделмегендiктен, бұл туралы сақтандырушыға жазбаша хабарлап, сақтандыру жағдайы басталғанға дейін кез келген уақытта бұл тұлғаны басқасымен ауыстыруға құқылы.
2. Жеке сақтандыру, сондай-ақ мүлiктiк сақтандыру шартында аталған сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам тек өзінің (топтастырылған жеке сақтандыруды қоспағанда,)және сақтандырушының келісімі бойынша ғана басқа тұлғамен ауыстырылуы мүмкiн.
3. Егер үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерінiң талаптарынан туындайтын болса, сақтандырылған адамды ауыстыру заң актілерінде көрсетілген тәртiппен және соларға негiзделген шартпен жүзеге асырылады.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 838-бап өзгерді
838-бап. Пайда алушыны ауыстыру
1. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға денiн сақтандырылған адам болып табылмайтын, сақтандыру шартында аталған пайда алушыны, бұл жөнiнде сақтандырушыны жазбаша хабардар етіп, басқа адаммен ауыстыруға құқылы.
2. Пайда алушыны оның сақтанушымен жасаған келісімiнен туындайтын белгiлi бiр мiндеттердi сақтандыру шарты бойынша орындағаннан немесе сақтандырушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөніндегі талап қойғаннан кейін басқа адаммен ауыстыруға болмайды.
3. Сақтандырылған адам болып табылатын пайда алушыны ауыстыру осы Кодекстің 837-бабында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 839-бап өзгерді
839-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының, қажетті қорғану және аса қажетті жағдайда жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, сақтандыру жағдайын тудыруға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана жасалған іс-әрекетінің;
2) заң актілерінде белгiленген тәртiппен сақтанушының, сақтандырылған адамның және (немесе) пайда алушының қасақана жасалған қылмыстар немесе сақтандыру жағдайына себептi байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекетiнiң салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
Егер сақтандыру жағдайы жауаптылықта сақтандыру объектiсi болып табылатын тұлғаның кiнәсiнен болса, онда сақтандырушы азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылмайды .
Сақтандырушы сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер өлiм өзiн-өзi өлтiрудiң салдарынан болса және осы уақытқа дейiн сақтандыру шарты кемiнде екi жыл қолданылып келсе, жеке сақтандыру шарты бойынша төленуге тиiс сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылмайды.
2. Өз еркiмен сақтандыру шартында және мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмегендiктен, егер сақтандыру жағдайы:
1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк зақымданудың әсерi;
2) әскери қимылдардың;
3) азамат соғысының, алуан түрлі халық толқуларының, жаппай тәртiп бұзушылықтардың немесе ереуiлдердiң салдарынан басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
3. Мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмегендiктен, сақтандырушы алып қою, тәркілеу, реквизициялау, тұтқындау немесе мемлекеттік органдардың өкімімен сақтандырылған мүліктерді жою салдарынан болған залалдар үшін сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
4. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн мыналар да:
1) сақтанушының сақтандырушыға, сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлауы;
2) сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбауы (осы Кодекстiң 829-бабы);
3) сақтанушының залалдар келтiруге кiнәлi тұлғадан мүлiктiк сақтандыру бойынша залалдарға тиiстi өтем алуы;
4) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайын тексеруде және одан келген залалдардың мөлшерiн белгiлеуде сақтандырушыға кедергi жасауы;
5) сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабарламау (осы Кодекстiң 835-бабы);
6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталғандығы үшін жауапты адамға талап қою құқықтарынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға талап ету құқығын өткізу үшiн қажеттi құжаттарды беруден бас тартуы (осы Кодекстiң 840-бабы). Егер сақтандыру өтемi ендiгi төленiп қойған болса, сақтандырушы оның толық немесе iшiнара қайтарылуын талап етуге құқылы;
7) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайлар негiз болуы мүмкiн.
5. Сақтандырушыны сақтанушының алдындағы сақтандыру жауаптылығынан оның осы бапта көзделген заңсыз iс-қимылдарының себептерi бойынша босату, сақтандырушыны сонымен бiр мезгiлде сақтандырылған адамға немесе пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан да босатады.
6. Сақтандыру шартының талаптары бойынша, егер бұл заң актілеріне қайшы келмейтiн болса, сақтандыру төлемінен бас тартудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.
7. Сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және ол бас тартудың дәлелдi негiздерiмен жазбаша нысанда сақтанушыға хабарланады.
8. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргізуден бас тартуына сақтанушы сотқа шағымдануы мүмкін.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 840-бап өзгерді
840-бап. Сақтанушының залалдарды өтеу құқықтарының сақтандырушыға ауысуы (суброгация)
1. Егер мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға, сол төленген соманың шегiнде, сақтандыру нәтижесiнде өтелген залалдар үшiн жауапты адамға қоятын сақтанушының (сақтандырылған адамның) талап қою құқықтары ауысады. Алайда қасақана залал келтiрген адамға қойылған талап қою құқықтарының сақтандырушыға ауысуын жоққа шығаратын шарт талабы жарамсыз болады.
2. Сақтандырушыға ауысқан талап қою құқығы сақтанушы (сақтандырылған адам) мен залалдар үшiн жауапты адамның арасындағы қатынасты реттейтiн ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
3. Сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандыру төлемiн алған кезде сақтандырушыға барлық құжаттар мен айғақтарды беруге және оған талап қою құқықтарын жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi.
4. Егер сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандырушы төлеген шығындар үшiн жауап беретiн адамға талап қою құқықтарынан бас тартса немесе сақтанушының (сақтандырылған адамның) кiнәсiнен бұл құқықты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн толық немесе тиiсiнше оның бiр бөлiгiн жүзеге асырудан босатылады және артық төлеген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 841-бап өзгертілді; 2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 841-бап өзгертілді
841-бап. Сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Осы Кодексте көзделген мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiнен басқа, сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
1) сақтандыру объектiсi өмiр сүруiн тоқтатқан;
2) сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам қайтыс болғанда, ол ауыстырылмаған (осы Кодекстiң 815-бабының 8-тармағы);
3) сақтанушы мүлiктiк сақтандыру объектiсiн өз иелiгiнен шығарған, егер сақтандырушы сақтанушыны ауыстыруға қарсылық білдірсе, ал шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмеген осы Кодекстiң 836-бабының 1-тармағы);
4) өзiнiң кәсiпкерлiк тәуекелiн немесе осы қызметке байланысты азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандырған сақтанушы белгiленген тәртiппен кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан;
5) сақтандыру жағдайының басталу мүмкiндiгi жойылған және сақтандыру жағдайынан басқа жағдайлар бойынша сақтандыру тәуекелiнiң болуы тоқтатылған;
6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгізілген;
7) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртiппен беретiн сақтандыру полисiне енгiзiлген талаптар мен мәлiметтер өзгертілген;
9) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Аталған жағдайларда шартты тоқтату үшiн негiз ретiнде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап шарт тоқтатылған болып есептеледi, бұл туралы мүдделi тарап дереу екiншiсiн хабардар етуге тиiс.
1-1. Егер жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтанушы шарт жасасқан күннен бастап он төртінен отызына дейінгі кезеңде оны біржақты тәртіппен бұзса, онда сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының сомасынан алынған жиырма проценттен аспайтын, сақтандырушы көтерген шығыстар шегеріле отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтанушыға қайтаруға міндетті.
2. Сақтанушы сақтандыру шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы.
ҚР 18.12.00 ж. № 128-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 842-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 842-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
842-бап. Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары
1. Жинақтаушы емес сақтандыру шарты осы Кодекстiң 841-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының осы сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлiгiне құқығы бap. Сақтандырушыны тарату кезiнде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жинақтаушы сақтандыру шарты осы Кодекстің 841-бабының 1-тармағының 6) тармақшасында және осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сатып алу сомасы шартта белгіленген мөлшерде ғана және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес қайтарылуға тиіс.
2. Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде (осы Кодекстiң 841-бабының 2-тармағы), егер бұл осы Кодекстiң 841-бабының 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтарылуға жатпайды.
3. Сақтандыру шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы шарт талаптарының сақтандырушының кiнәсiне байланысты орындалмауынан болған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын оған толық қайтаруға мiндеттi.
843-бап. Сақтандыру шартының жарамсыздығы
1. Мәмiлелер жарамсыздығының осы Кодексте көзделген жалпы негiздемесiнен басқа, сақтандыру шарты мына жағдайларда, егер:
1) шарт жасасу кезiнде сақтандыру объектiсi болмаса;
2) құқыққа қарсы мүліктік мүдделер сақтандыру объектiсi ретiнде әрекет етсе (807-баптың 2-тармағы);
3) соттың заңды күшiне енген тиiстi шешiмiнiң негiзiнде тәркiленуге жататын мүлiк не қылмыстық жолмен алынған немесе қылмыстың нысанасы болып табылатын мүлiк сақтандыру объектiсi болып табылса;
4) басталу мүмкiндiгі мен кездейсоқтық белгiлерi жоқ (осы Кодекстiң 817-бабының 3-тармағы) және шарттың қолданылуы шегiнде амалсыз әрi нақты болуға тиiс оқиға сақтандыру жағдайы ретiнде көзделсе, бұл туралы тараптар немесе, кем дегенде, сақтанушы алдын ала білген болса;
5) сақтанушы шарт жасасу кезiнде заңсыз пайда табуды алдын ала мақсат еткен болса, оның iшiнде сақтандыру жағдайы басталған соң шарт жасалса;
6) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
7) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
8) сақтандырылған адамның келісімi мiндеттi болып табылатын жағдайларда, оның келісімi болмаса;
9) шарттың жазбаша нысаны сақталмаса (осы Кодекстің 825-бабының 3-тармағы), жарамсыз деп танылады.
2. Міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде сақтандырудың жекелеген түрлерiне қатысты шартты жарамсыз деп танудың басқа да негiздерiн қолдану көзделуi мүмкiн.ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 844-бап өзгерді
844-бап. Сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың салдары
1. Сақтандыру шарты жарамсыз деп танылған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға одан алған сақтандыру сыйлықақыларын не сақтандыру жарналарын қайтаруға, ал сақтанушы (пайда алушы) сақтандырушыға одан алған сақтандыру төлемiн қайтаруға мiндеттi.
Егер шарт сақтанушының заңсыз iс-әрекеттерiнiң салдарынан туындаған негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, ол туралы сақтандырушы шарт жасалған кезде, оны орындау процесiнде де бiлмесе және бiлуге тиiстi болмаса, сақтандырушы шыққан шығындарды шегере отырып, сақтанушыға шарттың аяқталмаған мерзiмi үшiн сақтандыру сақтандыру сыйлықақыларын не сақтандыру жарналарын қайтарады, ал егер сақтандыру төлемi жүргiзiлген жағдайда оның төленген соманы қайтаруды талап етуге құқығы бар.
Сақтандырушыға сақтандыру төлемiнен бас тартуда негiз беретiн себептер бойынша сақтандыру шарты жарамсыз деп танылған жағдайда (осы Кодекстiң 839-бабы) нақ сондай салдар туындайды.
2. Егер сақтандыру шарты қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған болса, осы Кодекстiң 157-бабының 4-6-тармақтарында көзделген салдар туындайды.
845-бап. Өзара сақтандыру
1. Азаматтар мен заңды тұлғалар қажеттi қаражатты өзара сақтандыру қоғамдарына бiрiктiру жолымен өзара негiзде осы Кодекстің 807-бабының 1-тармағында аталған өзінің мүліктік мүдделерін сақтандыра алады.
2. Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асырады және коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Өзара сақтандыруды жүзеге асырудың, өзара сақтандыру қоғамдарының құқықтық жағдайының ерекшелiктерi мен олардың қызметiнiң шарттары осы Кодекске және өзара сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес айқындалады.
3. Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін сақтандыруды мүшелік және сақтандыру шарттары негізінде жүзеге асырады.
4. Өзара сақтандыру жолымен мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға өзара сақтандыру туралы заң актілерінде көзделген жағдайларда жол берiледi.
5. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
41-тарау. Тапсырма
846-бап. Тапсырма шарты
1. Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенім бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенім бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенім бiлдiрушiде пайда болады.
2. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.
847-бап. Тапсырманы сенім бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындау
1. Сенім бiлдiрiлген өкiл өзiне берiлген тапсырманы сенім бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындауға мiндеттi. Сенім бiлдiрушiнiң нұсқаулары нақтылы, заңды және жүзеге асырыла алатын болуы тиiс.
2. Егер iстiң мән-жайы бойынша ол сенім бiлдiрушiнiң мүдделерi үшiн қажет болса және сенім бiлдiрiлген өкіл сенім бiлдiрушiден алдын ала сұрай алмаса не өзiнiң сауалына дер кезiнде жауап алмаса, сенім бiлдiрiлген өкiл сенім бiлдiрушiнiң нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенім бiлдiрiлген өкiл, хабарлау мүмкiн болысымен жол берiлген ауытқулар туралы сенім бiлдiрушiнi хабардар етуге мiндеттi.
3. Тараптардың келiсуiмен коммерциялық өкiл осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындаудан босатылуы мүмкiн.
848-бап. Сенім бiлдiрiлген өкiлдiң мiндеттерi
Сенім бiлдiрiлген өкiл:
1) өзiне берiлген тапсырманы өзi орындауға;
2) сенім бiлдiрушiге оның талап етуi бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәлiметтердi хабарлауға;
3) сенім бiлдiрушiге жасалған мәмiле бойынша алынғандардың бәрiн дереу берiп отыруға;
4) тапсырманы орындаған соң қолдану мерзiмi аяқталмаған сенімхатты кешiктiрмей сенім бiлдiрушiге қайтаруға және егер ол тапсырманың сипаты бойынша талап етiлетiн болса, ақтайтын құжаттарды қоса отырып есеп беруге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға мiндеттi.
849-бап. Сенім бiлдiрушiнiң мiндеттерi
1. Сенім бiлдiрушi, егер шартта өзгеше көзделмесе:
1) сенім бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi қаражатпен қамтамасыз етуге;
2) сенім бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау үшiн қажет болған шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.
2. Сенім бiлдiрушi шартқа сәйкес сенім бiлдiрiлген өкiл орындағанының барлығын кешiктiрмей қабылдауға мiндеттi.
3. Сенім бiлдiрушi тапсырманың орындалуы бойынша сенім бiлдiрiлген өкiлге осы Кодекстiң 850-бабының ережелерiне сәйкес сыйақы төлеуге мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сенім бiлдiрушiнің өзге де міндеттері көзделуі мүмкін.
850-бап. Тапсырма шартындағы сыйақы
1. Егер заң актілерінде немесе шартта көзделген болса, сенім бiлдiрушi сенім бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.
Егер тапсырма шарты тараптардың екеуiнiң немесе олардың бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенім бiлдiргiшi сенім бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.
2. Егер шартта немесе заң актілерінде шартты орындаудың өтелуi көрсетiлсе, бiрақ сыйақының мөлшерi көрсетiлмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады.
3. Сенім бiлдiрiлген өкiл барлық талап етiлген iс-әрекеттердi тиiстi түрде атқарғанын, бiрақ тапсырма оның кiнәсiнсiз орындалмай қалғанын дәлелдеген кезде сыйақы төленуге тиiс.
851-бап. Сенім ауысуы
1. Сенім бiлдiрiлген өкiл, егер бұл шартта көзделген болса не сенім бiлдiрiлген өкiл осыған сенім бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғау мақсатындағы мән-жайлармен мәжбүр болса, тапсырманы орындауды басқа адамға (орынбасарға) беруге құқылы.
2. Орындау сенімiн басқа адамға ауыстырған бойда сенім бiлдiрiлген өкiл бұл туралы сенім бiлдiрушiге дереу хабарлауға тиiс. Сенім бiлдiрушi, шартта мұндай орынбасар атап көрсетiлетiн жағдайларды қоспағанда, сенім бiлдiрiлген өкiл таңдаған орынбасардан бас тартуға құқылы.
3. Егер сенім бiлдiрiлген өкiлдiң орынбасары шартта атап айтылған болса, сенім бiлдiрiлген өкiл өзiнiң орынбасары жүргiзген iс үшiн жауап бермейдi.
4. Егер орынбасардың iс жүргiзуi шартта көзделсе, бiрақ онда орынбасардың аты атап көрсетiлмесе, сенім бiлдiрiлген өкiл өзiнiң орынбасарының кiнәлi iс-әрекетi үшiн жауап бермейдi.
5. Егер орынбасардың iс жүргiзуi шартта көзделмесе, сенім бiлдiрiлген өкiл өз орынбасарының кез келген iс-әрекетi үшiн жауап береді.
852-бап. Тапсырма шартын тоқтату
1. Тапсырма шарты міндеттердi тоқтатудың жалпы негiздерiмен қатар:
1) сенім бiлдiрушiнiң тапсырманы ауыстыруы;
2) сенім бiлдiрiлген өкiлдiң бас тартуы;
3) сенім бiлдiрушiнiң немесе сенім бiлдiрiлген өкiлдiң қайтыс болуы, олардың бiреуiн әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабiлетi шектеулi немесе хабарсыз кеттi деп танудың салдарынан тоқтатылады.
2. Егер сенім бiлдiрiлген өкiл тапсырма шартының тоқталғаны туралы бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса, онда сенім бiлдiрушiнiң нұсқауы бойынша жасалған оның iс-әрекетi сенім бiлдiрушiнi (оның құқықтық мирасқорын) үшiншi тұлғаға және сенім бiлдiрiлген өкiлге қатысты мiндеттейдi.
3. Сенім бiлдiрiлген өкiлмен жасалған шарттан бас тартқан, кәсiптер ретiнде iс-әрекет жасайтын тарап, егер шартта бұдан да ұзақ мерзiм көзделмесе, екiншi тарапқа шарттың тоқтатылғаны туралы бiр ай көлемiнде хабарлауы тиiс.
853-бап. Тапсырма шартын тоқтатудың зардабы
1. Егер тапсырма шарты сенім бiлдiрiлген өкiл тапсырманы толық орындағанға дейiн тоқтатылған болса, сенім бiлдiрушi сенім бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау кезiнде шыққан шығынын төлеуге, сенім бiлдiрiлген өкiлге сыйақы тиесiлi болған жағдайда, оның орындаған жұмысының көлемiне мөлшерлес сыйақы төлеуге мiндеттi. Сенім бiлдiрiлген өкiл тапсырманы оның тоқтатылғаны туралы бiлген соң немесе бiлуi тиiс болғанда орындаған болса, бұл ереже қолданылмайды.
2. Сенім бiлдiрушiнiң тапсырманы өзгертуi, кәсiпкер ретiнде iс-әрекет жасайтын сенім бiлдiрiлген өкiлмен шарт тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, сенім бiлдiрiлген өкiлге шарттың тоқтатылуымен келтiрiлген залалдардың өтелуi үшiн негiз болып табылмайды.
3. Сенім бiлдiрiлген өкiлдiң сенім бiлдiрушiнiң тапсырмасын орындаудан бас тартуы, сенім бiлдiрiлген өкiлдiң сенім бiлдiрушi өз мүдделерiн өзгеше қамтамасыз ету мүмкiндiгiнен айрылған кезде бас тартуы жағдайларын, сондай-ақ кәсiпкер ретiнде қызмет жасайтын сенім бiлдiрiлген өкiлдiң шартты тоқтатуы жағдайларын қоспағанда, шарттың тоқтатылуынан сенім бiлдiрушiге келтiрiлген залалдардың орнын толтыру үшiн негiз болып табылмайды.
854-бап. Тапсырма шартындағы құқықтық мирасқорлық
1. Сенім бiлдiрiлген өкiл қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi немесе мұрагерлiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету жүктелген өзге де тұлғалар сенім бiлдiрушiге тапсырма шартының тоқтатылғандығы туралы хабарлауға және сенім бiлдiрушiнiң мүлкiн қорғау үшiн қажеттi шаралар қолдануға, атап айтқанда, сенім бiлдiрушiнiң заттарын, сондай-ақ құжаттарын сақтауға және бұдан соң оларды өзiне беруге мiндеттi.
Сенім бiлдiрiлген өкiл болып саналатын заңды тұлғаның таратушысына да нақ осындай мiндет жүктеледi.
2. Өкiл ретiнде iс-әрекет ететiн заңды тұлғаны қайта құру кезiнде, сенім бiлдiрушi бұл туралы осы Кодекстiң 48-бабына сәйкес дереу хабардар етiлуге тиiс. Аталған жағдайда мұндай заңды ұйымның құқықтары мен мiндеттерi, егер сенім бiлдiрушi өзiнiң шарттан бас тартқандығы туралы қисынды мерзімде хабарламаса, оның құқықтық мирасқорына ауысады.
42-тарау. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау
855-бап. Басқаның мүддесiне iс-әрекет жасау талаптары
1. Мүдделi тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берiлген келісімiнсiз оның жеке басына немесе мүлкiне зиян келтiрiлуiн болдырмау, оның мiндеттемесiн орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделерi (басқаның мүддесi үшiн iс-әрекет жасау) мақсатындағы iс-әрекеттер iстiң мән-жайлары бойынша қажеттi қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделi тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және iс жүзіндегі немесе ықтимал ниеттерiне сүйенiп жасалуы тиiс.
2. Осы тарауда көзделген ережелер осындай iс-әрекеттер олардың қызмет мақсаттарының бiрi болып табылатын мемлекеттік органдар басқаның мүддесiне жасайтын iс-әрекеттерге қолданылмайды.
856-бап. Мүдделi тұлғаға оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы хабарлау
1. Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасайтын тұлға алғашқы мүмкiндiк туған жағдайда мүдделi тұлғаға бұл туралы хабарлауға және, егер күту тек мүдделi тұлғаға айтарлықтай зиян келтiрiлмейтiн болса, қисынды мерзiмнiң iшiнде жасалған iс-әрекеттердi мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешiмдi күтуге мiндеттi.
2. Егер бұл iс-әрекеттер оның қатысуымен жасалса, мүдделi азаматқа оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етiлмейдi.
857-бап. Мүдделi тұлғаның өз мүддесiне жасалған iс-әрекеттердi мақұлдауының салдары
Егер оның тапсыруынсыз өзiнiң мүддесiне iс-әрекеттер жасалған тұлға осы iс-әрекеттердi мақұлдаса, тiптi мақұлдау ауызша түрде жасалса да, тараптардың қатынасында бұдан әрi жасалатын iс-әрекеттердiң сипатына сәйкес тапсырма шарты немесе өзге де шарт туралы ережелер қолданылады.
858-бап. Мүдделi тұлғаның өз мүддесi үшiн жасалған iс-әрекеттердi мақұлдамауының салдары
1. Іс-әрекеттер жасаған тұлға оларды мүдделi тұлғаның мақұлдамағандығы белгiлi болған соң жасаған бөтен мүдделердегі iс-әрекеттер осы iс-әрекеттер жасаған тұлғаға қатысты да, үшiншi бiр тұлғаға қатысты да соңғысына мiндеттер жүктемейдi.
2. Қатерге ұшыраған адамның өмiрiне төнген қауiптi жою мақсатындағы iс-қимылға осы адамның еркiне қарсы, ал бiреудi асырау жөніндегі мiндеттердi орындауға - осындай мiндетi бар тұлғаның еркiне қарсы жол берiледi.
859-бап. Басқаның мүддесiне iс-әрекет жасаған адамға залалдарын өтеу
1. Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес басқаның мүддесiне іс-әрекет жасаған тұлғаға келтiрiлген қажеттi шығындар мен өзге де нақты зиянды, осы Кодекстiң 858-бабының 1-тармағында көрсетiлген iс-әрекеттерден туындаған шығындарды қоспағанда, мүдделi адам өтеуге тиiс.
Басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер болжанған нәтижеге жеткiзбеген жағдайда да қажеттi шығындар мен өзге де нақты зиянды өтеу құқығы сақталады. Алайда басқа тұлғаның мүлкiне залал келтiрудi болдырмау жағдайында өтеу мөлшерi мүлiктiң құнынан аспауы тиiс.
2. Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасаған тұлғаға мүдделi тұлғаның мақұлдауын алған соң жасаған iс-әрекеттерге байланысты келтiрiлген шығындары мен өзге де залалдар (осы Кодекстiң 857-бабы) тиiстi түрдегi шарт туралы ережелер бойынша өтеледi.
860-бап. Басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер үшiн сыйақы
Егер мұндай құқық заң актілерінде, мүдделi тұлғамен жасалған келісімде немесе іскерлік айналым дағдысында көзделсе, басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттерi мүдделi тұлға үшiн оң нәтижеге жеткiзген тұлға сыйақы алуға құқылы.
861-бап. Басқаның мүддесiне мәмiле жасау салдары
Басқаның мүддесiне жасалған мәмiле бойынша мiндеттер, ол осы мәмiленi мақұлдаған жағдайда және басқа тарап мұндай ауысуға қарсы болмаса не мәміле жасаған кезде мәміле басқаның мүддесіне жасалғандығын бiлген болса немесе бiлуi тиiс болса, мүддесiне мәмiле жасалған адамға ауысады.
Мәмiле бойынша мiндеттер мүддесiне осы мәмiле жасалған адамға ауысқан кезде, соңғысына осы мәмiле бойынша құқықтар да берiлуге тиiс.
862-бап. Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасаудың салдарынан негiзсiз баю
Егер басқа адамның мүдделерiн қамтамасыз етуге тiкелей бағытталмаған іс-әрекеттер, оның ішінде оны жасаған адам өз мүддесіне іс-әрекет жасағанын қате болжаған жағдайда да, басқа адамның негiзсiз баюына әкеп соқса, осы Кодекстiң 48-тарауында көзделген ережелер қолданылады.
863-бап. Басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттермен келтiрiлген зиянды өтеу
Басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттермен келтiрiлген зиянды мүдделi адамға немесе үшiншi бiр адамдарға өтеу жөніндегі қатынастар осы Кодекстiң 47-тарауында көзделген ережелермен реттеледi.
864-бап. Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасаған адамның есеп беруi
Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасаған адам мүддесiне iс-әрекеттер жасалған адамға, түскен кiрiстер мен жасалған шығындарды және өзге де залалдарды көрсетiп есеп беруге мiндеттi.
43-тарау. Комиссия
865-бап. Комиссия шарты
1. Комиссия шарты бойынша бiр тарап (комиссионер) екiншi тараптың (комитент) тапсыруы бойынша сыйақы үшiн комитент есебiнен өз атынан бiр немесе бiрнеше мәмiле жасауға мiндеттенедi.
2. Комиссия шарты жазбаша нысанда жасалуы тиiс.
866-бап. Комиссиялық сыйақы
Комитент комиссионерге сыйақы төлеуге, ал осы тараудың 868-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда шартта белгiленген мөлшерде қосымша сыйақы төлеуге де мiндеттi. Егер шартта бұл мөлшер көзделмесе және оның талаптарының негiзiнде оны белгiлеу мүмкiн болмаса, сыйақының мөлшерi осы Кодекстiң 385-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленедi.
Егер комиссия шарты комитентке байланысты себептермен орындалмаса, комиссионер комиссиялық сыйақы алу, сондай-ақ шыққан шығындарының орнын толтыру құқығын сақтап қалады.
867-бап. Комиссионердiң үшiншi тұлғамен мәмiле жасау жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi
1. Комитенттiң мәмiледе аты аталса немесе үшiншi тұлғамен мәмiле бойынша тiкелей қатынастарға кiрсе де, комиссионердiң үшiншi тұлғамен жасаған мәмiлесi бойынша комиссионер құқықтар иеленедi және мiндеттi болады.
2. Комитенттiң талабы бойынша комиссионер мәмiле жасалған үшiншi тұлғаны құқықтарды бергенi туралы ескерте отырып, осындай мәмiле бойынша оған құқықтар беруге мiндеттi. Соңғысының комиссионерге осы мәмiледен туындайтын өз талаптарының негiзiнде комитент талаптарына қарсылық бiлдiруге құқығы жоқ.
868-бап. Комиссиялық тапсырманы орындау
1. Комиссионер үшiншi адаммен жасаған мәмiледен туындайтын барлық мiндеттерiн орындауға және барлық құқықтарды жүзеге асыруға тиiс.
2. Комиссионер өзiне алған тапсырманы комитенттiң нұсқауларына сәйкес орындауға, ал шартта мұндай нұсқаулар болмаған кезде - іскерлік айналымының дағдыларына немесе әдетте комитент үшiн неғұрлым тиiмдi жағдайларда қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындауға мiндеттi. Егер комиссионер мәмiленi комитент көрсеткеннен гөрi тиiмдi жағдайлар бойынша жасаған болса, түскен олжа, шартта өзгеше көзделмесе, тараптарға тең бөлiнедi.
3. Комиссионер комитент есебiнен жасаған мәмiленi үшiншi тұлғаның орындамағаны үшiн, осы тұлғаны таңдауда комиссионер тиісті сақтық көрсетпеген не мәміленің орындалу кепілдігін өз мойнына алған (делькредере) жағдайларды қоспағанда, комитент алдында жауап бермейдi.
4. Комиссионермен жасалған мәмілені үшінші тұлға бұзған жағдайда комиссионер бұл туралы дереу комитентке хабарлауға және қажеттi дәлелдердi жинау мен қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Комиссионермен жасалған мәмiленi үшiншi тұлғаның бұзғандығы туралы хабарландырылған комитенттiң осындай мәмiле бойынша комиссионердiң ол адамға қойған талаптарын өзiне берудi талап етуге құқығы бар.
869-бап. Қосалқы комиссия
1. Комиссионер қосалқы комиссионердiң iс-әрекетi үшiн комитент алдында жауапты бола отырып, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа тұлғамен қосалқы комиссия шартын жасасуға құқылы.
Қосалқы комиссия шарты бойынша комиссионер, осы Кодекстiң 867-бабының 2-тармағында көзделген құқықтарды қоспағанда, қосалқы комиссионерге қатысты комитенттiң құқықтары мен мiндеттерiн иеленедi.
Заң қандай да бiр мәмiлелердi тек уәкiлдiк берiлген адамдармен ғана жасауға жол беретiн жағдайларда қосалқы комиссия шарты тек осындай тұлғамен жасалуы мүмкiн.
2. Комиссия шарты тоқтағанға дейiн, егер комитент комиссионермен жасаған шартта өзгеше көзделмесе, комитенттiң қосалқы комиссионермен тiкелей қатынас жасауға құқығы жоқ.
870-бап. Комитенттiң нұсқауларынан ауытқу
1. Комиссионердiң осы Кодекстiң 847-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда комитенттiң нұсқауларынан ауытқуға құқығы бар.
2. Мүлiктi комитентпен келiскен бағадан төмен сатқан комиссионер, егер ол мүлiктi келісілген бағамен сатуға мүмкiндiгі болмағанын және неғұрлым төмен бағамен сату бұдан да көп залалдан сақтағанын, сондай-ақ оның нұсқауларынан ауытқуға комитенттiң алдын ала келісімiн алуға мүмкiндiгi болмағанын дәлелдей алмаса, комитентке айырманы өтеуге мiндеттi.
3. Егер комиссионер мүлікті комитентпен келісілгеннен жоғары бағамен сатып алса, мұндай затты қабылдағысы келмейтiн комитент үшiншi тұлғамен мәмiле жасалғандығы туралы хабар алған бойда бұл жөнiнде комиссионерге кешiктiрмей мәлiмдеуге мiндеттi. Олай болмаған жағдайда комитент сатып алынған затты қабылдады деп танылады.
Егер комиссионер баға айырмасын өз есебiне алатынын хабарласа, комитенттің өзі үшін жасалған мәміледен бас тартуға құқығы жоқ.
871-бап. Комиссияның нысанасы болып табылатын мүлiкке құқық
1. Комиссионерге комитенттен келiп түскен не комиссионер комитенттiң есебiнен сатып алған мүлiк комитенттiң меншiгi болып табылады.
2. Комиссионер жасасқан мәмiле бойынша комитентке не үшiншi тұлғаға берiлуге тиiс мүлiктi комиссионер комиссия шарты бойынша өзiне тиесiлi сома төленгенге дейiн ұстап қалуға құқылы.
872-бап. Комиссионердiң өзiне тиесiлi соманы ұстап қалуы
Комиссионер комитенттiң есебiнен түскен барлық соманың iшiнен комиссияның шарты бойынша өзiне тиесiлi соманы ұстап қалуға құқылы.
873-бап. Комиссионердiң комитент мүлкiнiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауапкершiлiгi
1. Комиссионер өзіндегі комитент мүлкiнiң жоғалуына, кем шығуына немесе бүлiнуiне ұшыратқан әрбiр қателiгi үшiн комитент алдында жауап бередi.
2. Егер комиссионердiң комитент жiберген мүлікті не комитентке арнап комиссионерге келiп түскен мүлiктi қабылдауы кезiнде бұл мүлiктi сырттай қараған кезде бүлiну немесе өзге де ақаулар байқалған болса, сондай-ақ комиссионердегi комитенттiң мүлкiне бiреулер зиян келтiрген жағдайда, комиссионер комитенттiң құқығын қорғау шараларын қолдануға, қажеттi айғақтар жинауға және осылар туралы комитентке дереу хабарлауға мiндеттi. Аталған шарттар орындалған жағдайда комиссионер комитенттiң шеккен залалдары үшiн жауап бермейдi.
3. Комиссионер өз қарауында тұрған комитенттiң мүлкiн сақтандырмаған болса, бұл үшiн комитент оған мүлiктi сақтандыруды тапсырған немесе мүлiктi сақтандыру заң бойынша мiндеттi болған жағдайларда ғана жауап бередi.
874-бап. Өзiне мәмiле жасау
1. Егер комитент өзгеше талап қоймаса, комиссия шартын комиссионер оның өзi сатып алуға тиiс тауарды сатушы ретiнде өзi ұсыну немесе өзi сатуға тиiс тауарды сатып алушы ретiнде өзi қабылдау арқылы жүзеге асыруы мүмкiн.
2. Сатушы ретiнде өз бетiнше тауар ұсынған немесе оны сатып алушы ретiнде қабылдаған комиссионердiң жай комиссиялық ақы алуға құқығы бар және комиссиялық мәмiлелерден туындайтын шығындардың орнын толтыру жөнiнде шот ұсына алады.
875-бап. Комитенттiң комиссия шарты бойынша орындалғанды қабылдауы
Комитент:
1) комиссионерден шарт бойынша барлық орындалғанды қабылдауға;
2) өзi үшiн комиссионер сатып алған мүлiктi қарауға және осы мүлiкте байқалған кемшiлiктер туралы оған дереу хабарлауға;
3) комиссионердi комиссиялық тапсырманы орындау жөнiнде үшiншi тұлға алдында қабылдаған мiндеттемелерден босатуға мiндеттi.
876-бап. Комиссиялық тапсырманы орындау жөніндегі шығындардың орнын толтыру
1. Комитент комиссиялық сыйақы, ал тиiстi жағдайларда делькредере үшiн қосымша сыйақы төлеуден басқа, тапсырманы орындау барысында комиссионер жұмсаған сомалардың орнын толтыруға мiндеттi.
2. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, комиссионердiң өзіндегі комитент мүлiктерiн сақтау жөніндегі шығындардың орнын толтыруға құқығы жоқ.
877-бап. Комитенттiң тапсырманың күшiн жоюы
Комитент комиссионерге берген тапсырманың кез келген уақытта күшiн жоюға құқылы. Бұл орайда комиссионердiң тапсырманың күшiн жоюдан шеккен залалдары жалпы негiздерде өтеледi.
Тапсырманың күшi жойылған жағдайда комитент тапсырманың күшi жойылған кезден бастап бiр айдың iшiнде, егер шартта өзге мерзiм белгiленбесе, комиссионердегi мүлiкке билiк етуге мiндеттi. Егер комитент бұл мiндеттi орындамаса, комиссионер не мүлiктi сақтау үшiн өткізуге, не оны комитент үшiн неғұрлым тиiмдi бағамен сатуға құқылы.
878-бап. Комиссионердiң тапсырманы орындаудан бас тартуы
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, комитенттiң өз мiндеттерiн бұзуы тапсырманы комитенттің нұсқауларына сәйкес орындаудың мүмкiн болмауына әкеп соғатын немесе атқарудың мүмкiн болмауы комиссионер жауап бермейтін өзге де жағдайлардың салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда, комиссионердің өзiне алған тапсырманы орындаудан бас тартуға құқығы жоқ.
Комиссионер өзiнiң бас тартуы туралы комитентке жазбаша хабарлауға және өзіндегі комитент мүлкінің сақталуына шаралар қолдануға мiндеттi.
Комиссионердiң тапсырманы орындаудан бас тартқандығы туралы хабардар етiлген комитент, егер шартта өзге мерзiм белгiленбесе, бас тартуды алған күннен бастап бiр айдың iшiнде комиссионердегi мүлiкке билiк етуге мiндеттi. Егер ол бұл мiндеттi орындамаса, комиссионер мүлiктi сақтауға өткізуге не комитент үшiн мүмкiндiгiнше тиiмдi бағамен сатуға құқылы.
2. Комитенттiң өз мiндеттерiн бұзуы салдарынан тапсырманы орындаудан бас тартқан комиссионердiң комиссиялық сыйақыға, сондай-ақ шыққан шығындардың орнын толтыруға құқығы сақталады.
879-бап. Комиссия шартын тоқтату
1. Комитент комиссия шартында көзделген барлық тапсырмалардың күшiн жойған жағдайда, шарт тоқталады.
2. Комиссия шарты жалпы негiздермен қатар:
1) комиссионердiң шартты орындаудан бас тартуының;
2) комиссионердiң қайтыс болуы, оны әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен немесе дәрменсiз (банкрот) деп танудың салдарынан тоқтатылады.
880-бап. Комитенттiң мерзiмi көрсетiлмей жасалған шарттан бас тартуы
Комитенттiң мерзiмi көрсетiлмей жасалған комиссия шартынан, егер шартта хабарлаудың бұдан да ұзақ мерзiмi көзделмесе, бас тарту туралы комиссионерге бiр айдан кешiктiрмей хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқығы бар.
Бұл жағдайда комитент комиссионерге шарт тоқтатылғанға дейін ол жасаған мәмiлелер үшiн сыйақы төлеуге, сондай-ақ комиссионерге шарт тоқтатылғанға дейін ол шеккен шығындардың орнын толтыруға мiндеттi.
881-бап. Комиссионердiң мерзiмi көрсетiлмей жасалған шарттан бас тартуы
1. Комиссионердiң мерзiмi көрсетiлмей жасалған комиссия шартынан, егер шартта хабарлаудың бұдан да ұзақ мерзiмi көзделмесе, бас тарту туралы комитентке бiр айдан кешiктiрмей хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқығы бар.
Бұл жағдайда комиссионер өзіндегі комитент мүлкiнiң сақталуына шаралар қолдануға міндетті. Комитент шарт тоқтатылған кезге дейiн комиссионердегi мүлiкке билiк етуге мiндеттi. Егер ол бұл мiндеттi орындамаса, комиссионердiң не мүлiктi сақтауға өткізуге, не комитент үшiн неғұрлым тиiмдi бағамен сатуға құқығы бар.
2. Шарттан бас тартқан комиссионердiң комиссиялық сыйақы алуға және шарт тоқтатылған кезде өзiне тиесiлi шығындардың өтемiн алуға құқығы бар.
882-бап. Комиссия шартындағы құқықтық мирасқорлық
1. Заңды тұлға-комиссионер қайта ұйымдастырылған жағдайда, егер қайта ұйымдастырудың болғаны туралы хабарлама алған күннен бастап бiр айдың iшiнде комитент шартты бұзғаны туралы хабарламаса, оның құқықтары мен мiндеттерi құқықтық мирасқорларына ауысады.
2. Комитент-азамат қайтыс болған, ол әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жағдайда, сондай-ақ заңды тұлға-комитент таратылған жағдайда комиссионер комитенттiң мұрагерлерiнен немесе өкiлдерiнен тиiстi нұсқаулар келiп түскенше өзiне берiлген тапсырманы орындауды жалғастыруға мiндеттi.
44-тарау. Мүлікті сенімгерлікпен басқару
883-бап. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару ұғымы және оның пайда болу негiздерi
1. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруды белгiлеу кезiнде сенімгер басқарушы, егер шартта немесе заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өзiнiң иеленуiне, пайдалануына және билiк етуiне берiлген мүлiктi пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.
2. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару:
1) мәмiле (атап айтқанда, шарт бойынша, өсиеттi орындаушы (сенімгерлікпен басқарушы) тағайындалған өсиет бойынша);
2) сот актiсi (банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiнде банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған, әрекетке қабiлетсiз, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкiне қорғаншылық белгiленген кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда);
3) әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкiне қорғаншылық белгiлеген; кәсiпкер мемлекеттік қызметке кiрген кезде және заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда) негiзiнде пайда болады (белгiленедi).
3. Банк қызметін жүзеге асыру кезінде мүлікті сенімгерлікпен басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді.
4. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, концессиялар туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленеді.
884-бап. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару субъектiлерi
1. Меншiк иесi, сондай-ақ өзге де заттық құқық субъектiсi немесе мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруға беруге уәкiлеттi құзыреттi орган құрылтайшы бола алады.
2. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кез келген адам сенімгер басқарушы бола алады.
Сенімгер басқарушы тек оның келісімiмен тағайындалуы мүмкiн.
3. Сенімгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, сондай-ақ мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пайда алушы (мүддесi үшiн мүлiктi басқару жүзеге асырылатын тұлға) бола алады.
4. Егер заң актілерінде немесе мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шартында өзгеше көзделмесе, мүлiктi сенімгерлiкпен басқару құрылтайшысы пайда алушы болып табылады.
885-бап. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару объектiлерi
1. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және мүлiктiк құқықтарды қоса алғанда, кез келген мүлiк сенімгерлiкпен басқару объектiсi бола алады.
2. Сенiп тапсырылған мүлiктi сенімгер басқарушы өзiне меншiк (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) құқығымен тиесiлi мүлiктен бөлек есепке алуға тиiс.
3. Өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру процесiнде сенім бiлдiрiлген басқарушы сатып алған және (немесе) алған мүлiк сенiп берiлген мүлiк құрамына енгiзiледi.
4. Осы Кодекстiң 1081-бабында көзделген, сондай-ақ осы тұлғаның банкроттығы жағдайларын қоспағанда, құрылтайшының сенiмгерлiкпен басқаруға берген мүлкiне оның борыштары бойынша өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
5. Кепiлге салынған мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруға беру кепiл ұстаушыны осы мүлiктi өндiрiп алу құқығынан айырмайды.ҚР Заңымен 16.05.03 ж. № 416-II. 886-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
886-бап. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шарты
1. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шарты бойынша бiр тарап (сенімгерлiкпен басқару құрылтайшысы) екiншi тарапқа (сенімгер басқарушыға) мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруға бередi, ал екiншi тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделерi үшiн осы мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе көрсетiлген шартта өзгеше белгiленбесе, мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шартының қолданылу кезеңiнде сенімгерлiкпен басқару құрылтайшысы сенімгерлiкпен басқарылатын мүлiкке қатысты қандай да болсын iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Сенімгерлiкпен басқару шартында:
1) мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шартының нысанасы және мерзiмi;
2) сенімгерлiкпен басқаруға берiлетiн мүлiктiң құрамы;
3) пайда алушы туралы нұсқау;
4) сенімгер басқарушының есеп беру мерзiмдерi мен нысаны;
5) мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шарты тоқтатылған жағдайда сенiп тапсырылған мүліктi алатын адамды көрсету көзделуге тиiс.
Шарттардың жекелеген түрлерi үшiн заң актілерінде өзге де елеулi талаптар көзделуi мүмкін.
Шартта басқа талаптар да, оның iшiнде басқарушыға берiлетiн сыйақының мөлшерi мен нысандары көзделуi мүмкiн.
Шартта үшiншi тұлғалардың сенімгерлiкпен басқаруға берiлген мүлiкке құқығы көрсетiлуге тиiс.
3. Егер заң актілерінен немесе пайда болған қатынастар мәнiнен өзгеше туындамаса, мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шарты туралы нормалар мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруды белгiлеудiң өзге де негiздерi бойынша пайда болатын қатынастарға қолданылады.2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 887-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
887-бап. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шартының нысаны
1. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шарты жазбаша нысанда жасалады.
2. Қозғалмайтын мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шарты, қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт үшiн көзделген нысан мен тәртiп бойынша жасалады.
888-бап. Сенімгер басқарушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сенімгер басқарушының мүлiктi дұрыс басқару мақсатында сеніп тапсырылған мүлікпен меншік иесі жасай алатын кез келген iс-әрекеттi жүргiзуге құқығы бар.
Сенiп берілген мүлікке сенімгер басқарушының құқығы заң актілерімен, шартпен немесе мүлiктi сенімгерлiкпен басқару пайда болғанда негiзге алынған өзге де актiмен шектелуi мүмкiн.
Сенімгер басқарушы қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру мен кепiлге салуды сенімгерлiкпен басқаруды белгiлеу туралы актiде ол тiкелей көрсетiлген жағдайда ғана жасауға құқылы.
2. Сенімгер басқарушының мүлiктi сенімгерлiкпен басқару кезiнде өзi жасаған қажеттi шығындарды құрылтайшының (пайда алушының) есебiнен, не сенiп тапсырылған мүлiктiң есебiнен, не сенiп тапсырылған мүлiктi пайдаланудан түскен кiрiстiң есебiнен өтетiп алуға құқығы бар.
Егер мүліктi сенімгерлiкпен басқаруды белгiлеу туралы актiде көзделсе, сенімгер басқарушының сыйақы алуға құқығы бар.
3. Сенімгер басқарушының басқа бiреудiң заңсыз иеленуiнен өзiне сенiп тапсырылған мүлiктi қайтарып алуға, сондай-ақ оның басқару құқығын бұзушылықты жоюды, бұл құқық бұзушылық иеленудi бұзумен байланысты болмаса да, талап етуге құқығы бар.
4. Сенімгер басқарушы құрылтайшыға және пайда алушыға, мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шартында белгiленген мерзiм мен тәртiп бойынша өз қызметi туралы есеп бередi. Құрылтайшының және (немесе) пайда алушының талап етуi бойынша сенімгер басқарушының қызметi туралы есеп өзге жағдайда да дереу берiлуге тиiс.
5. Сенімгер басқарушының өзi үшiн белгiленген шектеулердi бұза отырып жасаған мәмiлесi, егер мұндай мәмiлеге қатысушы үшiншi тұлға ондай шектеулердi бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса, жарамды деп танылады. Бұл жағдайда сенімгер басқарушы құрылтайшы алдында шартқа және заң актілеріне сәйкес жауап бередi.
Сенімгер басқарушы өзiне берiлген құқықты асыра пайдаланып немесе өзi үшiн белгiленген шектеулерді бұзып жасаған мәмiле бойынша мiндеттеменi сенімгер басқарушы өз мүлкi есебiнен мойнына алады.2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 889-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
889-бап. Сенімгер басқарушының бастамасымен сенімнiң ауысуы
1. Сенімгер басқарушы мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруды жеке өзi жүзеге асырады.
2. Сенімгер басқарушы өзiне сенiп берiлген мүлiктi басқару үшiн қажеттi iс-әрекет жасауды, егер ол бұған мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруды құру туралы актi арқылы уәкiлеттi болса, не бұған пайда алушының мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты мән-жайлар себептi мәжбүр болса және бұл орайда құрылтайшының нұсқауларын сұрауға мүмкiндiгi болмаса, басқа адамға тапсыра алады. Бұл орайда сенімгер басқарушы өзi таңдап алған сенім бiлдiрiлушiнiң iс-әрекеті үшiн өзi жасағандай жауап бередi.
Сенімгер басқарушы сенімнiң ауысуы туралы дереу құрылтайшыға хабарлауға мiндеттi. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, бұл жағдайда құрылтайшы сенімгер басқарушыға бұрын жасалған шығындарын өтеп, ал егер сенімгерлiкпен басқару кәсiпкерлiк қызмет болса, шеккен залалдарын да өтеп, мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруды тоқтату туралы мәлiмдеуге құқылы.
890-бап. Сенімгер басқарушының жауапкершiлiгi
1. Мүлiктi тиiсiнше басқармаған жағдайда құрылтайшы немесе пайда алушы сотқа сенімгерлiкпен басқаруды тоқтату және залалдарды өтеу туралы талап қоя алады. Бұл орайда мiндеттердi тиiсiнше орындау үшiн өзiне қатысты барлық шараларды қолданғанын дәлелдей алмаса, сенімгер басқарушы мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшiн, кiнәлi деп саналады.
2. Сенімгер басқарушы үшiншi тұлғалардың алдында мүлiктi басқаруда тиiсiнше iс-әрекеттер жасамауы салдарынан келтiрiлген залалы үшiн өз мүлкiмен субсидиарлы жауапты болады.2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 891-бап өзгертілді
891-бап. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шартының тоқтатылуы
1. Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шарты мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiмен қатар:
1) сенімгер басқарушы-азамат қайтыс болғанда, оны өлдi деп жарияланғанда, оны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп танығанда; заңды тұлға-сенімгер басқарушы таратылғанда;
2) сенім бiлдiрiлген мүлiктi басқаруды жеке жүзеге асыру сенімгерлiкпен басқарушы үшiн мүмкiн болмауына байланысты сенімгер басқарушы немесе құрылтайшы бас тартқанда;
3) сенімгер басқарушыға залалдар және шартта көзделсе, сыйақы төленген жағдайда құрылтайшы шартты орындаудан бас тартқанда;
4) егер шартта көзделсе, кепiл ауыртпалығымен берiлген мүлiктi сыйақы бере отырып басқаруға беру туралы сенімгер басқарушыға хабарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда тоқтатылады.
2. Сенiп тапсырылған мүлiкке меншiк құқығының ауысуы мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруды тоқтатпайды.
3. Сенімгерлiкпен басқару шарты тоқтатылған кезде сенiп тапсырылған мүлiк шартта көрсетiлген тұлғаға сенімгерлiкпен басқаруға берiледi.
4. Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару тоқтатылады және сенiп тапсырылған мүлiк мүліктік массаға берiледi.
Құрылтайшы-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда сенiп тапсырылған мүлiк мұрагерлiк массаға келiп түседi.
5. Егер заң актілерінде немесе шартта өзге мерзiм көзделмесе, тараптардың бiрiнiң бастамашылығы бойынша шарт тоқтатылған кезде екiншi тарап (осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда) кемiнде үш ай бұрын хабардар етiлуi тиiс.
6. Бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқаруды тоқтату тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленеді.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 892-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
892-бап. Акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлiкпен басқару
1. Сенімгер басқарушының сенімгерлiкпен басқаруға берiлген және (немесе) сенiп тапсырылған мүлiктiң есебiнен не сенiп тапсырылған мүлiктi пайдаланудан түскен кiрiстiң есебiнен сатып алынған акциялармен және өзге де бағалы қағаздармен операциялар жасауды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды сенімгерлiкпен басқарушы туралы мәлiметтер бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашқан сенімгерлiкпен басқару құрылтайшысының шоты бойынша көрсетiлуге жатады.
3. Егер мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруды құру туралы актiде өзгеше көзделмесе, сенімдер басқарушы өзiне сенiп тапсырылған акцияларды (акцияны) басқару кезiнде:
1) акционерлік қоғамды басқаруға қатысады;
2) акцияларға тиесілі дивидендтер алады және оларды пайда алушыға бередi;
3) акционерлік қоғам таратылған жағдайда акцияға тиесiлi мүлiктi алады және оны шартқа сәйкес пайда алушыға немесе құрылтайшыға бередi;
4) акцияларды иелiктен айыруды және кепiлдiктi қоса алғанда, олармен өзге де операцияларды жүзеге асырады.
4. Бағалы қағаздарды сенімгерлiкпен басқарудың ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.ҚР 07.07.04 ж. № 577-II Заңымен 893-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
893-бап. Инвестициялық қорлардың активтерiн сенімгерлiкпен басқару
Инвестициялық қорлардың активтерiн сенімгерлiкпен басқару ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заң актiсiмен белгiленген шарттарда және тәртiппен жүзеге асырылады.
894-бап. Кәсіпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сенімгерлiкпен басқару
Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сенімгерлікпен басқару, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруды құру туралы актiде көзделген шарттар мен тәртiпте жүзеге асырылады.
895-бап. Мемлекеттік қызметшiнiң мүлкін сенімгерлiкпен басқару
Мемлекеттік қызметшiнiң кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын мүлкi заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша сенімгерлiкпен басқаруға берiлуге тиiс.
45-тарау. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)
896-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының ұғымы
1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша бiр тарап (кешендi лицензиар) екiншi тарапқа (кешендi лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенiн (лицензиялық кешен), соның iшiнде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалану үшiн шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектiлерiн (тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн, патент және т.б.) беруге мiндеттенедi.
2. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты белгiлi бір көлемде лицензиялық кешендi, лицензиардың iскерлiк беделi мен коммерциялық тәжiрибесiн (атап айтқанда, пайдаланудың мейлiнше аз және (немесе) мейлiнше кең көлемiн белгiлей отырып), белгiлi бiр қызмет аясына (лицензиардан алынған немесе пайдаланушы өндiрген тауарларды сату, өзге де коммерциялық қызметтердi жүзеге асыру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) қолданатын аумақты көрсетiп немесе көрсетпей пайдалануды көздейдi.
3. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген салаларында қолдану жөніндегі шектеу заң актілерімен белгiленедi.
897-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының нысаны
Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты жазбаша нысанда жасалуы тиiс.
898-бап. Лицензиардың мiндеттерi
Лицензиар шартта көзделген мерзiмдер мен көлемде лицензиатқа техникалық және коммерциялық құжаттаманы беруге және лицензиатқа шарт бойынша берiлген құқықтарды iске асыру үшiн оған қажеттi өзге де ақпаратты ұсынуға, сондай-ақ лицензиатты мұндай құқықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша оқытуға және оған консультация беруге мiндеттi.
Шартта лицензиардың басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
899-бап. Лицензиаттың мiндеттерi
Егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат:
1) шартта көзделген қызметтi iске асыру кезiнде шартта көрсетiлген лицензиардың лицензиялық кешенiн шартта көрсетiлген түрде пайдалануға;
2) лицензиарды өзiнiң өндiрiстiк аумағына жiберуге, оған қажеттi құжаттаманы беруге және оған берiлген айрықша құқықтардың дұрыс пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты алуға көмек көрсетуге;
3) лицензиардың пайдалануға берiлген айрықша құқықтардың сипатына, пайдалану әдiсi мен шарттарына қатысты барлық нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауға;
4) лицензиардың өндiрiс құпиясын және одан алынған коммерциялық жасырын ақпаратты жария етпеуге;
5) сатып алушыларды (тапсырыс берушiлердi) олар үшiн мейлiнше айқын әдiспен фирмалық атауын, тауар белгiсiн, қызмет белгiсiн немесе даралаудың өзгедей құралын кешенді кәсіпкерлік лицензиясы шарты негiзiнде пайдаланатындығы туралы хабардар етуге мiндеттi.
900-бап. Шектеу шарттары
1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында шектеу (эксклюзивтiк) талаптары, атап айтқанда:
1) лицензиардың лицензиатқа бекітілген аумақта қолдану үшiн басқа ұқсас кешендi кәсiпкерлiк лицензияларды бермеуi не осы аумақта тiкелей дербес қызметтi жүргiзуден тартыну мiндеттемесi;
2) лицензиаттың кешендi кәсiпкерлiк лицензияны пайдалану аумағында лицензиат лицензиарға тиесiлi айрықша құқықтарды пайдалана отырып жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметке қатысты лицензиармен бәсекеге түспеу мiндеттемесi;
3) лицензиардың бәсекелестерiнен (әлеуеттi бәсекелестерiнен) басқа да кешенді кәсiпкерлiк лицензияларды алудан лицензиаттың бас тартуы;
4) шарт бойынша берiлген айрықша құқықтарды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын үй-жайдың орналасқан жерiн, сондай-ақ оның сырты мен iшiн безендiрудi лицензиаттың лицензиармен келiсу мiндеттемесi көзделуi мүмкiн.
2. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының шектеу талаптары мынадай жағдайда:
1) лицензиардың лицензиат сататын тауардың бағасын немесе лицензиат орындайтын (көрсететiн) жұмыстардың (қызметтердiң) бағасын анықтауға, не аталған бағаның жоғарғы немесе төменгi шегiн белгiлеуге құқығы болғанда;
2) лицензиаттың белгiлi бiр санаттағы сатып алушыларға (тапсырыс берушiлерге) ғана не шартта белгiленген аумақта ғана орналасқан жерi бар (тұратын орны) ерекше сатып алушыларға (тапсырыс берушiлерге) тауарлар сатуға, жұмыстар орындауға немесе қызметтер көрсетуге құқығы болғанда жарамсыз деп табылады.
901-бап. Лицензиардың лицензиатқа қойылатын талаптар бойынша жауапкершiлiгi
Лицензиар кешендi кәсiпкерлiк лицензиялар шарты бойынша сататын (орындайтын, көрсететiн) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасының сәйкессіздігіне байланысты лицензиатқа қойылған талаптар бойынша субсидиарлы жауапты болады.
902-бап. Кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензия
1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында лицензиатқа берiлген барлық немесе жекелеген айрықша құқықтарды басқа тұлғаларға пайдалануға рұқсат ету құқығы лицензиармен келісілген немесе шартта белгiленген жағдайларда көзделуі мүмкiн.
2. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде пайдалану аумағы көрсетіліп немесе көрсетiлмей, лицензиаттың белгiлi бiр мөлшерде қосалқы лицензия беру мiндетi қамтылуы мүмкiн.
3. Егер кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензия шартының ерекшелiктерiнен өзгеше туындамаса, кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензия шарттарына лицензиардың лицензиатпен негiзгi шартының ережелерi қолданылады.
903-бап. Кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензияның лицензиардың лицензиатпен негiзгi шартына тәуелдiлiгi
1. Кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензия шартын, лицензиардың лицензиатпен негiзгi шартынан неғұрлым ұзақ мерзiмге жасауға болмайды.
2. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тоқтатылуы осыған сәйкес жасалған барлық кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензия шартын тоқтатады.
3. Егер заң актілерінде көзделген негiздер бойынша лицензиатпен лицензиардың негiзгi шарты жарамсыз деп табылса, осыған сәйкес жасалған кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензия шарттары да жарамсыз деп табылады.
904-бап. Лицензиар, лицензиат және қосалқы лицензиат қатынастарының ерекшелiктерi
1. Егер кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында өзгеше көзделмесе, ол мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде, кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензия шарты бойынша лицензиаттың құқықтары мен мiндеттерi лицензиарға ауысады.
2. Егер кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында өзгеше көзделмесе қосалқы лицензиаттардың iс-әрекетiмен лицензиарға келтiрiлген зиян үшiн лицензиат субсидиарлық жауапты болады.
905-бап. Фирмалық атау өзгерген кезде шарттың күшін сақтауы
Лицензиар өзiнiң фирмалық атауын өзгерткен жағдайда кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты сақталады, егер лицензиат шартты бұзуды және залалды өтеудi талап етпесе, лицензиардың жаңа фирмалық атауына қатысты қолданыла бередi. Шарттың қолданылуы сақталған жағдайда лицензиат лицензиарға тиесiлi сыйақыны мөлшерiне қарай азайтуды талап етуге құқылы.
906-бап. Пайдалануға берiлген бiр немесе бiрнеше айрықша құқықтардың өзгеруi кезiнде шарт күшiнiң сақталуы
Пайдалануға берiлген бiр немесе бiрнеше айрықша құқықтарды лицензиар өзгерткен жағдайда, егер лицензиат шартты бұзуды және залалдарды өтеудi талап етпесе, кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты сақталады және лицензиардың жаңа айрықша құқықтарына қатысты қолданылады. Лицензиат шарттың күшi сақталған жағдайда лицензиарға тиесiлi сыйақы мөлшерiне қарай азайтуды талап етуге құқылы.
907-бап. Пайдалануға берiлген айрықша құқықтың тоқтатылу салдары
Егер кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының қолданылу мерзiмiнде шарт бойынша пайдалануға берiлген кешенге кiретiн қандай да болсын айрықша құқықтардың қолданылу мерзiмi өтсе не мұндай құқық өзгеше негiз бойынша тоқтатылса, тоқтатылған құқыққа қатысты ережелердi қоспағанда, шарт сақталады, ал егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиарға тиiстi сыйақыны мөлшерiне қарай азайтуды талап етуге құқылы.
908-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының тоқтатылуы
1. Мерзiмi көрсетіліп жасалған кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес бұзылуы мүмкiн.
2. Шартта тараптар мерзiмсiз кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартынан, егер шартта хабарлаудың неғұрлым ұзақ мерзiмi көзделмесе, ол туралы басқа тарапты алты ай бұрын хабардар ете отырып, бас тартуға құқылы.
909-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартындағы құқықтық мирасқорлық
1. Лицензия кешенiне кiретiн қандай да болсын жекелеген айрықша құқықтың басқа тұлғаға ауысуы шартты өзгертуге немесе бұзуға негiз болып табылмайды. Жаңа құқық иеленушi басқаға ауысқан айрықша құқыққа қатысты құқықтар мен міндеттер бөлiгiнде шартқа кiредi.
2. Лицензиар-азамат қайтыс болған жағдайда кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша оның құқықтары мен мiндеттерi соңғысы тiркелген немесе мұрагерлiк ашылған күннен бастап алты айдың iшiнде кәсiпкер ретiнде тiркелетiн жағдайда мұрагерге ауысады. Өзге жағдайда шарт тоқтатылады.
Мұрагер тиiстi құқықтар мен мiндеттердi қабылдағанға дейiнгi немесе мұрагердi кәсiпкер ретiнде тiркегенге дейiнгi кезеңде лицензия кешенiн басқаруды белгiлi тәртiппен нотариус тағайындаған сенімгер басқарушы жүзеге асырады.
46-тарау. Конкурстық міндеттемелер
910-бап. Конкурстық мiндеттеменiң мазмұны
1. Осы тарау сыйақы беруге көпшiлiк алдында уәде беруден туындайтын конкурстық мiндеттемелердi және тендер, аукцион әрі саудаластықтың Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген өзге де нысандары негізінде туындайтын мiндеттемелердi реттейдi.
Конкурстық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының өзге заң актілерімен де регламенттелуi мүмкiн.
2. Конкурстық мiндеттемеде оның бастамашысы конкурстың өзi айқындаған нысанасы мен бастапқы шарттарының негiзiнде тұлғалардың белгiсiз немесе белгiлi бiр адамдар тобына оған қатысуға ұсыныс жасайды және конкурстың жеңiмпазына белгiленген сыйақы төлеуге және (немесе) онымен конкурстық мiндеттемелердiң мазмұнына сәйкес шарт жасасуға мiндеттенедi.
3. Конкурсқа қатысуға ұсынысты конкурстың бастамашысы тiкелей немесе конкурстың делдал-ұйымдастырушысы арқылы жасауы мүмкiн.
Делдалдың құқықтары мен мiндеттерi оның конкурстың бастамашысымен жасасқан шартымен айқындалады.
4. Конкурс бастамашысының конкурсқа қатысуға шақырған ұсынысы баспасөзде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында барлық тiлек бiлдiрушiлерге хабарлау жолымен жолданғанда - ашық немесе конкурсқа қатысуға шақырған ұсыныс конкурс бастамашысының таңдауы бойынша тұлғалардың белгiлi бiр тобына жолданғанда - жабық болуы мүмкiн.
5. Конкурстың бастамашысы конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушi тұлғаларға алдын ала iрiктеу жүргiзгенде ашық конкурс оған қатысушылардың біліктілігiмен байланыстырылуы мүмкiн.
911-бап. Сыйақыға жария уәде беру
1. Жұмысты жақсы орындағаны немесе өзге де нәтижелерге жеткенi үшiн ақшалай немесе өзгеше нысанда сыйақы төлеу туралы жария хабарлаған кез келген тұлға конкурс шарттарына сәйкес оның жеңiмпазы болып танылған кез келген тұлғаның алдында өз мiндеттемесiн орындауы тиiс.
2. Сыйақыға жария уәде беру тапсырманың мәнiн, нәтижелердi ұсынудың өлшемдерi мен тәртібін, сыйақының мөлшерi мен нысанын, сондай-ақ нәтижелердi жариялаудың тәртібі мен мерзiмдерiн көздейтiн шарттарды мiндеттi түрде қамтуға тиiс.
3. Сыйақы төлеу туралы шешiм мен оны төлеудiң өзi уәдеде белгiленген мерзiмдерде қабылдануға және iске асырылуға тиiс.
4. Егер конкурс ғылым, әдебиет немесе өнер туындысын жасауға арналып хабарланса, сыйақыға жария уәде беруде өзгеше белгiленбесе, жария уәде берген тұлға туындыны жасаушымен оған қаламақы төлей отырып, оны пайдалануға шарт жасасуға басым құқық алады.
5. Сыйақы туралы жария уәде берген тұлға, егер конкурс шарттарында өзгеше көзделмесе, сыйақы тағайындалмаған жұмыстарды олардың жасаушыларына қайтарып беруге міндетті.
912-бап. Сыйақыға жария уәде берудiң күшiн жою
1. Сыйақы төлеу туралы жария хабарлаған тұлға, бас тартуға жол берiлмейтiндiгi хабарландырудың өзiнде көзделген немесе содан туындайтын немесе сыйақыға уәде берiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн белгiлi бiр мерзiм берiлген немесе бас тарту туралы хабарланған кезде соған үн қосқан адамдардың ең болмағанда бiреуі мiндеттемеде көрсетiлген iс-әрекеттердi орындап қойған жағдайлардан басқасында, берiлген уәдеден сол нысанда бас тартуға құқылы.
2. Сыйақыға жария уәде берудiң күшiн жою сыйақы туралы хабарлаған тұлғаны үн қосқан адамның хабарландыруда көзделген iс-әрекеттердi жасауға байланысты шеккен шығындарын өтеуден босатпайды. Барлық жағдайларда өтеудiң мөлшерi хабарландыруда аталған сыйақыдан аспауға тиiс.
913-бап. Лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткізу ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiң, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң немесе уәкiлеттi мемлекеттік органнан лотереялар, тотализаторлар мен тәуекелге негiзделген басқа да ойындар өткізуге лицензия алған адамның осы ойындарға қатысушылармен арадағы қатынастары шартқа негiзделген. Мұндай шарт лотереялық билет, түбiртек немесе өзге құжат берумен ресiмделедi және ойынға қатысушы лотереялық билеттiң құнын немесе ойынға қатысудың өзге төлемiн төлеген кезден бастап жасалған болып танылады.
2. Лотерея, тотализатор немесе өзге де ойындар өткізу шарттарына сәйкес ұтыскер болып танылатын адамдарға ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы) ойындарды өткізудiң шарттарында көзделген мөлшерде, нысанда (ақшалай немесе заттай) және мерзiмдерде, ал егер бұл шарттарда мерзiм көрсетiлмесе - ойындардың нәтижелерi шыққан кезден бастап он күннен кешiктiрмей ұтысты төлеуге тиiс.
3. Ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы) осы баптың 2-тармағында аталған мiндеттерiн орындамаған жағдайда лотереяда, тотализаторда немесе өзге ойындарда ұтып алған қатысушы оған ұтысты төлеудi, сондай-ақ өзiне келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен 914-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
914-бап. Ойындар мен бәс тiгудi өткізуге және оларға қатысуға байланысты талаптар
Азаматтар мен заңды тұлғалардың тәуекелге негiзделген ойындар немесе бәс тiгу (құмар ойындар мен бәстер) ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға байланысты талаптары, ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді өткізудің шарттарын сақтаған кезде, осы Кодекстiң 913-бабында аталған қатынастардан туындайтын талаптарды қоспағанда, сот қорғауына жатпайды.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 915-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
915-бап. Тендер
1. Тендер нысанындағы саудаластық кезiнде оның бастамашысы (ұйымдастырушы) өзi ұсынған бастапқы шарттардың негізiнде тендер бастамашысы үшiн шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасуға (сатушы, сатып алушы, тапсырысшы, мердiгер, жалға берушi, жалға алушы және т.б. ретiнде) мiндеттенедi.
2. Тендерге қатысушылар, тендер шарттарында белгiленген мерзiмнiң шегiнде, тендер бастамашысына немесе оның ұйымдастырушысына тендермен ұйғарылған барлық құжаттаманы қоса бере отырып, өз ұсыныстарын жазбаша түрде жiбередi. Тендердiң шарттарында ұсыныстарды желiмделген конверттермен және девиздермен жiберу көзделуi мүмкiн.
Ұсыныстарды беру мерзiмдерiн бұзу, егер оның бастамашысы мерзiмiн өткiзiп алған тұлғаның тендерге қатысуға жiберiлгенi туралы жазбаша түрде хабарламасы, мерзiмiн өткiзiп алған тұлғаны тендерге қатысушылардың қатарынан шығаруға әкеп соғады.
3. Тендерге қатысушылардың арасынан оның жеңiмпазын таңдауды тендер бастамашысы немесе ол құрған тендер комиссиясы жабық немесе тендердiң шарттары бойынша ашық тәртiппен жүргiзедi.
4. Егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердiң талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса, оның бастамашысы тендердi өткiзiлмеген деп тануы мүмкiн.
5. Тендердiң жеңiмпазы мен оның бастамашысы тиiстi шарт жасасады. Тендердiң бастамашысы жеңiмпазбен тиiстi шарт жасасудан бас тартқан жағдайда тендердiң жеңiмпазы оған келтiрiлген залалдарды өтетiп алуға құқылы.
6. Тендердiң шарттарында тендерге әрбiр қатысушының тендер қорытындылары шығарылғаннан кейiн қатысушыларға қайтарылатын кепiлдiк жарна енгiзiлуi көзделуi мүмкiн. Егер тендерге қатысушы тендердiң мерзiмi өткенге дейiн өз ұсынысынан бас тартса немесе оны өзгертсе, кепiлдiк жарна қайтарылмайды.
Жеңiмпаз тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн жағдайларда тендер бастамашысымен тиісті шарт жасасудан бас тартса, кепiлдiк жарна жеңімпазға қайтарылмайды.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 916-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
916-бап. Аукцион
1. Аукцион нысанындағы саудаластық кезiнде сатушы аукционның затын ол үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынатын аукционға қатысушыға сатуға мiндеттенедi.
2. Аукцион сатушы жариялаған бағаны арттыру немесе кемiту талаптарымен өткiзiлуi мүмкiн.
3. Бағаны төмендетумен өткiзiлетiн аукцион шарттарында заттың сатылуы мүмкiн болатын ең төмен баға көзделуi мүмкiн.
4. Азаматтық айналымнан шығарылмаған кез келген қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлiк, оның iшiнде интеллектуалдық меншiк объектiлерi, импорттық, экспорттық және өзге де квоталар мен лицензияларды қоса алғанда, шарттар мен мүлiктiк құқықтар аукционның нысанасы болуы мүмкiн.
5. Аукционға қатысу туралы ұсыныстар аукцион заты, оның өтетiн орны мен уақыты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.
6. Аукционға қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғалар, егер оны өткізудiң шарттарында өзгеше белгiленбесе, аукцион басталғанға дейiн аукционға қатысуға өтiнiш беруге және кепiлдiк жарнаның белгiленген сомасын енгізуге тиiс.
7. Егер аукционға кемiнде екi қатысушы (сатып алушы) қатысса, ол өте алады.
8. Егер аукционның затын оған қатысушылардың бiрде-бiрiнiң сатып алғысы келмесе, бастапқы баға төмендетiлуi немесе аукционның заты осы аукционнан алып тасталуы мүмкiн.
9. Егер аукцион шарттарында өзгеше белгiленбесе, ең жоғары баға ұсынған аукционға қатысушымен оған аукционның затын сату туралы шарт жасалады.
10. Егер сатып алушы осы баптың 9-тармағында көзделген шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепiлдiк жарна қайтарылмайды, ал сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты қайтадан саудаластыққа қойылуы мүмкiн.
11. Аукционға қатысқан, бiрақ онда ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепiлдiк жарнаның сомасы қайтарылады.
Аукционның қандай да болсын затын сатып алған тұлғаға кепiлдiк жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының есебiне есептеледi.
47-тарау. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер
1. Жалпы ережелер
917-бап. Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
1. Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.
Заң актілерінде зиянды өтеу мiндетi зиян келтiрушi болып табылмайтын тұлғаға жүктелуi, сондай-ақ өтеудiң неғұрлым жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн.
2. Зиян келтiрушi, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегендiгiн дәлелдесе, оны өтеуден босатылады.
3. Заңды iс-әрекеттермен келтiрiлген зиян осы Кодексте және өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда өтелуге тиiс.
918-бап. Зиян келтiрудің алдын алу
1. Болашақта зиян келтiру қаупi мұндай қауiптi тудыратын iс-әрекеттерге тыйым салу туралы талап қоюға негiз бола алады.
2. Егер келтiрiлген зиян оны келтiрудi жалғастыратын немесе жаңадан зиян келтiру қаупiн туғызатын кәсiпорынды, ғимаратты пайдаланудың не өзге де өндiрiстiк қызметтiң салдарынан болса, сот зиянды өтеуден басқа, жауапкерге тиiстi қызметiн тоқтатуды мiндеттеуге құқылы.
Егер тиiстi қызметтiң тоқтатылуы қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, сот оны тоқтату туралы талаптан бас тарта алады. Мұндай қызметтi тоқтатудан бас тарту жәбiрленушiлердi осы қызметтен келтiрiлген зиянды өтеттiру құқығынан айырмайды.
919-бап. Қажеттi қорғану жағдайында зиян келтiру
Қажеттi қорғану жағдайында келтiрiлген зиян, егер бұл ретте оның шегiнен асып кетпесе, өтеуге жатпайды.
920-бап. Аса қажеттi жағдайда зиян келтiру
Аса қажеттi жағдайда, яғни зиян келтiрушiнiң өзiне немесе басқа тұлғаларға қатер туғызатын қауiптi жою үшiн келтiрiлген зиян, егер бұл қауiптi осы жағдайларда өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса, оны зиян келтiрген тұлға өтеуге тиiс.
Мұндай зиян келтiрiлген мән-жайларды ескере отырып, сот оны өтеу мiндетiн зиян келтiрушi мүддесiне iс-әрекет жасаған үшiншi бiр тұлғаға немесе үлестiк тәртiппен осы үшiншi тұлға мен зиян келтiрушiге жүктеуi, сондай-ақ осы үшiншi тұлғаны да, зиян келтiрушiнi де зиянды өтеуден толық немесе iшiнара босатуы мүмкiн.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 921-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
921-бап. Заңды тұлғаның немесе азаматтың өз қызметкерi келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi
1. Заңды тұлға немесе азамат өзiнiң қызметкерi еңбек (қызметтiк, лауазымдық) мiндеттерiн атқару кезiнде келтiрген зиянды өтейдi.
2. Зиян келтiруi салдарынан туындайтын мiндеттемелер туралы осы Кодекстiң ережелерiне қатысты қызметкерлер деп жұмысты еңбек шартының негiзiнде, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде орындаған, егер бұл ретте жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты тиiстi заңды тұлғаның немесе азаматтың тапсырмасымен және бақылауымен iс-әрекет жасаған немесе iс-әрекет жасауға тиiстi болған азаматтар танылады.
Шаруашылық серiктестiктер, акционерлік қоғамдар мен өндiрiстiк кооперативтер өздерiнiң қатысушылары (мүшелерi) серiктестiктiң, акционерлік қоғамның немесе кооперативтiң кәсiпкерлiк, өндiрiстiк немесе өзге де қызметiн жүзеге асыруы кезiнде соңғылары келтiрген зиянды өтейдi.
922-бап. Мемлекеттік органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
1. Мемлекеттік органдардың заң актілеріне сәйкес келмейтiн актілерді шығаруының салдарынан келтiрiлген зиян актiнi шығарған органдар мен лауазымды адамдардың кiнәсiне қарамастан, сот шешiмi негiзiнде өтелуге тиiс. Зиян мемлекеттік қазына есебiнен өтеледi. Қаржы органдары не арнайы тапсырма бойынша басқа органдар мен азаматтар қазына өкiлдерi болады.
2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өз органдары мен лауазымды адамдары келтiрген зиян үшiн сот тәртібімен жауап бередi.
3. Мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының әкiмшiлiк басқару саласындағы заңсыз iс-әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен) келтiрiлген зиян осы органдардың иелiгіндегі ақшаның есебiнен (осы Кодекстiң 917-бабы) жалпы негiздерде өтеледi. Олар жеткiлiксiз болған кезде зиян мемлекеттік қазынаның есебiнен субсидиарлық жолмен өтеледi.
923-бап. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшін жауапкершiлiк
1. Заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, қамау немесе еңбекпен түзеу түріндегі әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтiрiлген зиянды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдарының кiнәсiне қарамастан, заң актілерінде белгiленген тәртiппен толық көлемде мемлекет өтейдi.
2. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура органдарының өзге де заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген зиян осы Кодекстiң 922-бабында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өтеледi.
3. Судьялардың және басқа сот қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген зиян, осы баптың 1-тармағында көзделгеннен басқа ретте, осы Кодекстiң 922-бабының 3-тармағында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша өтеледi.
924-бап. Өзiнiң жауаптылығын сақтандырған тұлғаның зиянды өтеуi
Ерiктi немесе мiндеттi түрде сақтандыру тәртібімен өзінің жауаптылығын сақтандырған заңды тұлға немесе азамат, келтiрiлген зиянды толық өтеу үшiн сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен залалдың нақты мөлшерiнiң арасындағы айырманы өтейдi.2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 925-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
925-бап. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
1. Жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмағандар (жас балалар) келтiрген зиян үшiн, егер зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, оның заңды өкілдері жауап бередi.
2. Егер қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заңға орай өзiнiң қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса, егер зиян өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жас бала келтiрген зиянды сол мекеме өтеуге мiндеттi.
3. Егер жас бала оқу орнының, тәрбиелеу, емдеу немесе оны қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң, сондай-ақ шарттың негiзiнде қадағалауды жүзеге асыруға міндеттi адамның бақылауында болған уақытта зиян келтiрсе, зиян олардың қадағалауды жүзеге асырудағы кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, келтiрiлген зиян үшiн осы мекемелер мен адамдар, жауап бередi.
4. Заңды өкілдердің, оқу орындарының, тәрбиелеу, емдеу және өзге де мекемелердiң зиянды өтеу жөніндегі мiндетi жас баланың кәмелетке толуымен немесе оның зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлiк алуымен тоқтатылмайды.
Егер заңды өкілдері қайтыс болса немесе олардың, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында аталған басқа да азаматтардың жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi қаражаты болмаса, ал толық әрекет қабiлеттілігi болған зиян келтiрушiнiң өзiнде мұндай қаражат болса, сот жәбiрленушi мен зиян келтiрушiнiң мүлiктiк жағдайын, сондай-ақ басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды зиян келтiрушiнiң өзiнiң мүлкi есебiнен толық немесе iшiнара өтеу туралы шешiм қабылдауға құқылы.2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 926-бап өзгертілді
926-бап. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
1. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауап бередi.
2. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшiн жеткiлiкті мүлкі немесе өзге кiрiс көздерi болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлiгiн заңды өкілдері өтеуге тиiс.
Егер он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмаған адам тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып табылатын сол сияқты басқа да мекемеде болса, зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетiспей тұрған бөлiгiн сол мекемелер өтеуге мiндеттi.
3. Заңды өкілдердің және тиiстi мекеменiң зиянды өтеу жөніндегі мiндетi зиян келтiрушiнiң кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелетке толғанға дейiн зиянды өтеуге жеткiлiктi мүлiк немесе кiрiс көздерi пайда болса не ол кәмелетке толғанға дейiн әрекет қабiлеттілігiне ие болса тоқтатылады (осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы).
927-бап. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi
Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-анаға, егер баланың зиян келтiруге әкеп соқтырған мiнез-құлқы ата-ананың баланы тәрбиелеу жөніндегі мiндеттерiн дұрыс жүзеге асырмауының салдары болып табылады деп анықталса, сот ата-анаға ата-ана құқықтарынан айырылғаннан кейiн үш жыл бойы оның кәмелетке толмаған балалары келтiрген зиян үшiн жауаптылық жүктеуi мүмкiн.
928-бап. Әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
1. Әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиянды (осы Кодекстiң 26-бабы), егер олар зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, оның қорғаншысы немесе оны қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi ұйым өтейдi.
2. Қорғаншының немесе ұйымның әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиянды өтеу жөніндегі мiндетi оның әрекетке қабiлеттілігi қалпына келген жағдайда да тоқтатылмайды.
3. Егер қорғаншы қайтыс болса не оның зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi қаражаты болмаса, ал зиян келтiрушiнiң өзiнде мұндай қаражат болса, сот жәбiрленушi мен зиян келтiрушiнiң мүлiктiк жағдайын, сондай-ақ басқа да мән-жайларды, атап айтқанда, зиян келтiрушiнiң әрекетке қабiлеттілігiнiң қалпына келуiн ескере отырып, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды сол зиян келтiрушiнiң мүлкi есебiнен толық немесе iшiнара өтеу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
929-бап. Әрекетке қабiлеттілігi шектеулi деп танылған азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
Әрекетке қабiлеттілігi шектеулi деп танылған азаматтың спирттi iшiмдiктердi немесе есiрткi заттарды жөнсiз пайдалануы салдарынан келтiрген зиянды (осы Кодекстiң 27-бабы) зиян келтiрушiнiң өзi жалпы негiздерде өтейдi.
930-бап. Өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiнуге қабiлетсiз азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк
1. Өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiне алмаған немесе өзiне-өзi ие бола алмайтын жағдайда зиян келтiрген әрекетке қабiлеттi азамат, сондай-ақ он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерi келтiрген зиян үшiн жауап бермейдi.
Егер жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрiлсе, сот жәбiрленушi мен зиян келтiрушiнiң мүлiктiк жағдайын, сондай-ақ басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды өтеу жөніндегі мiндеттi зиян келтiрушiге толық немесе iшiнара жүктей алады.
2. Егер спирттi iшiмдiктердi, есiрткi заттарды пайдаланып немесе өзге әдiспен өзiн осындай жағдайға келтiрсе, зиян келтiрушi жауаптылықтан босатылмайды.
3. Егер зиянды жүйке ауруы және ақыл-ойының кемiстiгi салдарынан өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiне-өзi ие бола алмайтын адам келтiрсе, сот зиянды өтеу мiндетiн осы адаммен бiрге тұратын еңбекке қабiлеттiлерге: зиян келтiрушiнiң осындай жағдайын бiлген, бiрақ оны әрекетке қабiлетсiз деп тану және оған қорғаншылық жасау туралы мәселе қоймаған жұбайына, ата-анасына, кәмелетке толған балаларына жүктеуi мүмкiн.
931-бап. Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптілік көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
1. Қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптілікпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлiк ұйымдары, өнеркәсiп орындары, құрылыстар, көлiк құралдарының иелерi және т.б.), егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптілік көздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.
Зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенімхат, көздердi беру туралы құзыреттi органның өкімі арқылы және т.б.) жоғары қауiптілік көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.
2. Жоғары қауiптілік көздерiнiң иелерi қауiптілік көздерiнiң өзара iс-қимылының (көлiк құралдарының соқтығысуы және т.б.) салдарынан үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян үшiн осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша ортақ жауапты болады.
Жоғары қауiптілік көздерiнiң өзара iс-қимылы салдарынан олардың иелерiне келтiрiлген зиян жалпы негiздерде өтеледi. Бұл орайда:
1) бiр тараптың кiнәсiнен келтiрiлген зиянды осы тарап толық көлемiнде өтейдi;
2) екi немесе бiрнеше тараптың кiнәсiнен келтiрiлген зиян олардың әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiне сай өтеледi.
Тараптардың әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiн белгiлеу мүмкiн болмаған кезде жауаптылық олардың арасында тең бөлiнедi.
Зиян келтiруде тараптардың кiнәсi болмаған кезде олардың бiрде-бiреуiнiң зиянды өтеудi талап етуге құқығы жоқ. Тараптардың әрқайсысы мұндай жағдайда өзi шеккен шығындар тәуекелiн көтередi.
3. Жоғары қауiптілік көзiнiң иесi, егер қауiптілік көзi басқа тұлғалардың заңға қарсы iс-әрекеттерi салдарынан иеленушiнiң иелiгiнен шыққанын дәлелдесе, осы көз келтiрген зиян үшiн жауап бермейдi. Мұндай жағдайларда жоғары қауiптілік көзi келтiрген зиян үшiн ондай көздi заңға қайшы иеленушiлер жауап бередi. Жоғары қауiптілік көзiн оның иелiгiнен заңға қайшы алуда иеленушiнiң кiнәсi болған жағдайда жауаптылық иеленушiге де, жоғары қауiптілік көзiн иеленген тұлғаларға да жүктелуi мүмкiн.
932-бап. Бiрлесiп келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
Бiрлесiп зиян келтiрген тұлғалар жәбiрленушiнiң алдында ортақтасып жауап бередi.
Сот жәбiрленушiнiң арызы бойынша және оның мүдделерi үшiн бiрлесiп зиян келтiрген тұлғаларға үлестiк жауаптылық жүктеуге құқылы.
933-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы
1. Басқа адамның (еңбек (қызмет, лауазымдық) мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң, көлiк құралын жүргізушi адамның және т.б.) келтiрген зиянды өтеушiнiң, егер заң актілерінде өзгеше мөлшер белгiленбесе, төленген төлем мөлшерiнде осы адамға керi талап қоюға (регресс) құқығы бар.
2. Бiрлесiп келтiрiлген зиянды өтеген зиян келтiрушi, осы зиян келтiрушi кiнәсiнiң дәрежесiне сәйкес мөлшерде жәбiрленушiге төленген үлестi зиян келтiрушiлердiң әрқайсысынан талап етуге құқылы. Кiнәнiң дәрежесiн айқындау мүмкiн болмаған жағдайда үлестер тең деп танылады.
3. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының лауазымды адамдары келтiрген зиянды өтеген мемлекеттiң (осы Кодекстiң 923-бабының 1-тармағы) мұндай адамдардың кiнәсi соттың заңды күшiне енген үкімімен белгiленсе, осы адамдарға керi талап қоюға құқығы бар.
4. Осы Кодекстiң 925-928-баптарында аталған негiздер бойынша зиянды өтеген адамдардың зиян келтiрген адамға керi талап қоюға (регресске) құқығы жоқ.
934-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу әдiстерi
Зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, сот iстiң мән-жайына сәйкес зиян үшiн жауапты адамды келтiрген зиянды толық өтеуге немесе оны заттай өтеуге (тегi мен сапасы нақ сондай зат беруге, бүлiнген затты жөндеуге және т.б.) мiндеттейдi.
935-бап. Жәбiрленушiнiң кiнәсi мен зиян келтiрген адамның мүлiктiк жағдайын есепке алу
1. Жәбiрленушiнiң терiс пиғылы салдарынан пайда болған зиян өтеуге жатпайды.
2. Егер жәбiрленушiнiң өзiнiң өрескел абайсыздығы зиянның пайда болуына немесе ұлғаюына себеп болса, жәбiрленушi мен зиян келтiрушi кiнәсiнiң дәрежесiне қарай өтеу мөлшерi азайтылуға тиiс.
3. Жәбiрленушi өрескел абайсыздық жасап, зиян келтiрушiнiң кiнәсi болмаған жағдайда, оның жауапкершiлiгi кiнәсiне қарамастан туындаған кезде, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өтеу мөлшерi азайтылуға тиiс немесе зиянды өтеуден бас тартылуы мүмкiн. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда зиянды өтеуден толық бас тартуға жол берiлмейдi.
4. Жәбiрленушiнiң кiнәсi қосымша шығындарды өтеу кезiнде (осы Кодекстiң 937-бабы), азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу кезiнде (осы Кодекстiң 940-бабы), сондай-ақ жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу кезiнде (осы Кодекстiң 946-бабы) ескерiлмейдi.
5. Қасақана жасалған әрекеттермен зиян келтiрiлген реттердi қоспағанда, сот азаматтың мүліктік жағдайын ескере отырып, ол келтірілген зиянды өтеу мөлшерін азайта алады.
2. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу
936-бап. Азаматтың шарттық және өзге де мiндеттемелердi орындау кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу
Азаматтың шарттық мiндеттемелердi, еңбек (қызмет) мiндеттерiн, әскери қызмет мiндеттерiн орындауы кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян, егер заң актілерінде немесе шартта көтерiңкi жауаптылық көзделмесе, осы тараудың ережелерi бойынша өтеледi.
937-бап. Денсаулықты зақымдау арқылы келтiрiлген зиянды өтеудiң көлемi мен сипаты
1. Азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрiлген кезде жәбiрленушi жоғалтқан, онда болған немесе анық иелене алатын табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтiруден туындаған шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрi-дәрмектер сатып алуға, протез салғызуға, бөгде адамның бағып-күтуiне, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлiк құралдарын сатып алуға, басқа мамандыққа даярлауға және т.б.), егер жәбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж және оларды тегiн алмайды деп танылса, өтеуге жатады.
2. Жоғалтқан табысты (кiрiстi) анықтау кезiнде жарақаттануына немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрiлуiне байланысты жәбiрленушiге тағайындалған мүгедектiк бойынша жәрдемақы, денсаулығына зиян келтiргенге дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жәрдемақы түрлерi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерi өтеу есебiне қосылмайды. Зиянды өтеу есебiне жәбiрленушiнiң денсаулығы зақымданғаннан кейiн алатын табыс та есептелмейдi.
3. Осы бапқа сәйкес жәбiрленушiге тиесiлi өтемнiң көлемi мен мөлшерi заң актілерімен немесе шартпен көбейтiлуi мүмкiн.
ҚР 24.12.01 № 276-II Заңына сәйкес 938-бап өзгерді
938-бап. Денсаулықтың зақымдануы салдарынан жоғалтылған табысты (кiрiстi) анықтау
1. Өтеуге жататын жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбекке қабiлетiн, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуы дәрежелерiне сәйкес, еңбекке жарамдылығынан айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) проценттерiмен анықталады.
2. Жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) құрамына негiзгi жұмыс орны бойынша да, сондай-ақ қоса атқаратын жұмысы бойынша да, еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша еңбекке ақы төлеудiң жеке табыс салығы салынатын барлық түрлерi кiредi. Бiр жолғы сипаттағы төлемдер (пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақылар, жұмыстан босатылған кездегi шығу жәрдемақысы және т.б.) есептелмейдi. Уақытша еңбекке қабiлетсiздiк және жүктілік пен босануға байланысты демалыс кезеңi үшiн төленген жәрдемақы есептеледi. Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiстер, сондай-ақ авторлық қаламақы жоғалтылған табыстың құрамына кiредi, бұл орайда кәсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiс салық органы деректерiнiң негiзiнде енгiзiледi.
Табыстың (кiрiстiң) барлық түрлерi салықтар ұсталғанға дейiн есептелген сомаларда ескерiледi.
3. Орташа айлық табыс (кiрiс) денсаулыққа зақым келтiрудiң не еңбек қабiлетiн жоғалту басталардың алдындағы жұмыстың он екi айындағы табыстың (кiрiстiң) жалпы сомасын он екiге бөлу жолымен есептеледi. Зиян келтiрiлген кезде жәбiрленушi он екi айдан аз уақыт жұмыс iстеген жағдайда орташа айлық табыс (кiрiс) денсаулыққа зақым келтiрудiң алдындағы нақты жұмыс iстелген айларда тапқан табыстың (кiрiстiң) жалпы сомасын осы айлардың санына бөлу жолымен есептеледi.
Жәбiрленушi толық жұмыс iстемеген айлар оның қалауы бойынша толық жұмыс iстеген айлардың алдындағы айлармен ауыстырылады не оларды ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда есептен шығарып тасталады.
4. Жәбiрленушi зиян келтiрiлген кезде жұмыс iстемеген жағдайда оның қалауы бойынша жұмыстан босатылғанға дейiнгi табысы не осы жердегi оның біліктілігіндегі қызметкер сыйақысының жай мөлшерi ескерiледi, бiрақ ол заң актілерімен белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң он еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
5. Егер жәбiрленушiнiң табысында (кiрiсiнде) оған жарақат келтiрiлгенге немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiн оның мүлiктiк жағдайын жақсартатын тұрақты өзгерістер болса (атқаратын қызметi бойынша жалақысы арттырылса, бiршама жоғары ақы төленетiн жұмысқа ауыстырылса, оқу орнын бiтiргеннен кейiн жұмысқа тұрса және жәбiрленушiнiң еңбегiне ақы төлеудiң өзгертiлуiнiң тұрақтылығы немесе өзгеру мүмкiндiгi дәлелденген басқа жағдайларда), оның орташа айлық табысын (кiрiсiн) белгiлеу кезiнде ол алған немесе тиiстi өзгертуден кейiн алуы тиiс болған табыс (кiрiс) қана ескерiледi.
6. Келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған жұмыс беруші кәсібі мен біліктілігі дәл осындай қызметкердің орташа жалақысының мөлшерін ұлғайтқан кезде жәбірленушінің кәсіби еңбекке қабілетін, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке қабілетін жоғалтуы дәрежелеріне сәйкес келетін, ұлғайтылған орташа айлық табысының (кірісінің) пайыздарымен айқындалатын жоғалтылған табысты (кірісті) өтеу сомаларын қайта есептеу жүргізіледі.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 939-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
939-бап. Кәмелетке толмаған адамның денсаулығы зақымданған кезде зиянды өтеу
1. Жасы он төртке жетпеген және табысы жоқ кәмелетке толмаған адам (жас бала) жарақат алған немесе денсаулығы өзгедей зақымданған жағдайда зиян үшiн жауапты адамдар денсаулықтың зақымдануына байланысты шығындарды өтеуге мiндеттi.
2. Жәбiрленушiнiң он төрт жасқа толғаннан кейiн, сондай-ақ табысы (кiрiсi) жоқ он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағанға зиян келтiрiлген жағдайда зиян үшiн жауапты адамдар денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындардан басқа, еңбекке ақы төлеудiң заң актілерімен белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштi негiзге ала отырып, оның еңбек қабiлетiн жоғалтуына және еңбек қабiлетiнiң төмендеуiне байланысты зиянды да жәбiрленушiге өтеуге мiндеттi.
Егер денсаулығы зақымданған кезде кәмелетке толмаған адамның табысы болса, зиян осы табыстың мөлшерi негiзiнде, бiрақ еңбекке ақы төлеудiң заң актілерімен белгiленген кемiнде он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтеледi.
Еңбек қызметi басталғаннан кейiн жәбiрленушi өзi алатын табысты негiзге ала отырып, бiрақ кемiнде өзi атқаратын қызмет бойынша белгiленген сыйақының немесе өзiнiң жұмыс орны бойынша сол біліктіліктегi қызметкер табысының мөлшерiнде зиян өтемiнiң көбейтiлуiн талап етуге құқылы.2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 940-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
940-бап. Азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу
1. Азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласының, сондай-ақ ата-анасының бiреуі, зайыбы не еңбекке қабiлеттілігiне қарамастан жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, жасы он төртке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина органдарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуiне мұқтаж аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын (жас балаларды) күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесiнiң зиянды өтетiп алуға құқығы бар.
2. Қайтыс болған адамның асырауында болған және ол қайтыс болғаннан кейiн бес жылдың iшiнде еңбекке жарамсыз болып қалған адамдардың да зиянды өтетiп алуға құқығы бар.
Ата-аналарының бiреуi, зайыбы не жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның осы баптың 1-тармағында көрсетiлген балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын және күтудi жүзеге асыру кезеңiнде еңбекке жарамсыз болып қалған отбасының басқа мүшесi осы адамдарды күту аяқталғаннан кейiн зиянды өтетiп алу құқығын сақтап қалады.
3. Зиян: кәмелетке толмағандарға - он сегiз жасқа толғанға дейiн, он сегiздегi және одан да ересек жастағы оқушыларға - күндiз оқыту нысанындағы оқу орындарындағы оқуы аяқталғанға дейiн, бiрақ әрi кеткенде жиырма үш жасқа дейiн; елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан ер адамдарға - өмiр бойы; мүгедектерге мүгедектiк мерзiмiне; ата-аналарының бiреуiне, жұбайына не қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерiн, қарындастарын күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесiне - олар он төрт жасқа толғанға дейiн не денсаулық жағдайы өзгергенге дейiн өтеледi.
941-бап. Азамат қайтыс болған жағдайда келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерi
1. Азаматтың қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамдарға зиян оның көзi тiрi кезiнде өзiнiң асырауына алған немесе алуға құқылы қайтыс болған адамның табысының (кiрiсiнiң) осы Кодекстiң 938-бабының ережелерi бойынша есептелген үлесi мөлшерiнде өтеледi. Осы адамдарға зиянды өтеудi белгiлеген кезде қайтыс болған адамның кiрiстерiнiң құрамына оның табысымен қатар көзi тiрi кезiнде алып жүрген зейнетақысы, ғұмырлық жәрдем ақшасы мен осы сияқты басқа да төлемдер қосылады.
2. Зиянды өтеудiң мөлшерiн анықтаған кезде адамдарға асыраушының қайтыс болуына байланысты тағайындалған жәрдемақылар, асыраушы қайтыс болғанға дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жәрдемақы түрлерi, сондай-ақ табыс, стипендия, зейнетақы төлемдерi ескерiлмейдi.
3. Асыраушының қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамдардың әрқайсысына белгiленген өтемнiң мөлшерi, баланың асыраушы қайтыс болғаннан кейiн туылуы; қайтыс болған асыраушының балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын адамдарға өтемнiң тағайындалуы (тоқтатылуы) жағдайларын қоспағанда бұдан әрi қайта есептеуге жатпайды.
Өтемнiң көлемi мен мөлшерi заң актiсiмен немесе шартпен көбейiтiлуi мүмкiн.
942-бап. Зиянды өтеу мөлшерiн өзгерту
1. Еңбек қабiлетiн iшiнара жоғалтқан жәбiрленушi, егер оның еңбек қабiлетi оған өтем тағайындалған кезде өзiнде болған еңбек қабiлетiне қарағанда денсаулығына зақым келтiрiлуiне байланысты төмендеп кетсе, зиянды өтеу мiндетi жүктелген адамнан өтем мөлшерiн тиiсiнше көбейтудi кез келген уақытта талап етуге құқылы.
2. Жәбiрленушi денсаулығының зақымдануына байланысты зиянды өтеу мiндетi жүктелген адамдар, егер жәбiрленушiнiң еңбек қабiлетi зиян үшiн өтем тағайындаған кезде өзiнде болған еңбек қабiлетiне қарағанда артып кетсе, өтем мөлшерiн тиiсiнше төмендетудi талап етуге құқылы.
3. Егер зиянды өтеу мiндетi жүктелген азаматтың мүлiктiк жағдайы жақсарса, ал өтемнiң мөлшерi осы Кодекстiң 935-бабының 5-тармағына сәйкес төмендесе, жәбiрленуші зиянды өтеу мөлшерiн көбейтудi талап етуге құқылы.
4. Зиян келтiрiлген азаматтың талабы бойынша, егер зиянды өтеушiнiң мүлiктiк жағдайы зиянды өтеу тағайындалған кездегiмен салыстырғанда мүгедектiгіне не зейнет жасына толуына байланысты нашарласа, сот зиянды өтеу мөлшерiн төмендетуi мүмкiн (осы Кодекстiң 935-бабының 5-тармағы).2011.30.03. № 424-IV ҚР Заңымен 943-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
943-бап. Күнкөрiс құнының артуына байланысты зиян өтемiнiң көбейтiлуi
Азаматтарға денсаулығының зақымдануына немесе жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты төленетiн зиянды өтеу сомалары күнкөрiс құны артқан жағдайда заң актілерімен белгiленген тәртiппен индекстелуге тиiс.
Жалақының ең төменгi мөлшерi заң актілерімен белгiленген тәртiп бойынша артқан жағдайда жоғалтылған табысты (кірісті), жәбiрленушi денсаулығының зақымдануына және оның қайтыс болуына байланысты тағайындалған өзге төлемдердi өтеу сомалары жалақының ең төменгі мөлшерінің артуына бара-бар көбейтiледi (осы Кодекстiң 283-бабы).
Міндетті сақтандыру шарты бойынша төленетін жоғалтылған табысты (кірісті), жәбірленуші денсаулығының зақымдануына немесе оның қайтыс болуына байланысты тағайындалған өзге де төлемдерді өтеу сомалары өткен жылғы тұтыну бағаларының индексіне пропорционалды түрде ұлғайтылады.
944-бап. Зиянды өтеу жөніндегі төлемдер
1. Жәбiрленушiнiң еңбек қабiлетiнiң төмендеуiне немесе қайтыс болуына байланысты зиянды өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргiзiледi.
Дәлелдi себептер болған жағдайда сот зиян келтiрушiнiң мүмкiндiктерiн ескере отырып, өтемге құқығы бар азаматтың талабы бойынша оған тиесiлi төлемдердi бiр жолғы, бiрақ үш жылдан артпайтындай етiп тағайындауы мүмкiн.
2. Қосымша шығындарды өндiрiп алу медициналық сараптама қорытындысының негiзiнде белгiленген мерзiмдердiң шегiнде алдағы уақытқа, сондай-ақ қызмет көрсету мен мүлiктiң құнына алдын ала ақы төлеу қажет болған жағдайда (жолдама сатып алу, жол ақысын төлеу, арнайы көлiк құралдарына ақы төлеу және т.б.) жүргiзiлуi мүмкін.
3. Жәбiрленушi заң актілеріне сәйкес мiндеттеменi тоқтатуды немесе мерзiмiнен бұрын орындауды талап етуге құқығы болған жағдайларда, мұндай талап тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады.2011.30.03. № 424-IV ҚР Заңымен 945-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
945-бап. Заңды тұлға тоқтатылған ретте зиянды өтеу
1. Өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты болып танылған заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тиiстi төлемдердi төлеу жөніндегі мiндетiн оның құқықтық мирасқоры алады. Оған зиянды өтеу жөнiнде талаптар қойылады.
2. Өмір мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн белгіленген тәртiппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда тиiстi төлемдер заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген ережелер бойынша оларды жәбiрленушiге төлеу үшiн капиталдандырылуы тиіс.
3. Таратылатын заңды тұлғада мүлiктiң болмауы немесе жеткiлiксiз болуы себептi төлемдердi капиталдандыруды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайларда тағайындалған сомаларды жәбiрленушiге заң актілерінде белгiленген тәртiппен мемлекет төлейдi.
4. Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ай сайынғы төлемдер жүзеге асырылады.
946-бап. Жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу
Жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиян үшiн жауапты адамдар жерлеуге қажеттi шығындарды осы шығындарды көтерген адамға өтеуге мiндеттi.
Осы шығындарды көтерген азаматтардың жерлеуге арнап алған жәрдемақысы зиянды өтеу есебiне қосылмайды.
3. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу
947-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу негiздерi
Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) конструкциялық, рецептуралық немесе өзгедей жеткiлiксiздiгi салдарынан, сондай-ақ тауар (жұмыс, қызмет көрсету) туралы анық емес немесе жеткiлiксiз ақпараттың салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян, олардың кiнәсiне және жәбiрленушiнiң олармен шарттық қатынастарда болғандығына немесе болмағандығына қарамастан, сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) өтеуiне жатады. Осы ереже тек тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) тұтынушылық мақсаттарда сатып алған жағдайларда ғана қолданылады.
948-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң кемшiлiгi салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапты тұлғалар
1. Тауардың кемшiлiгi салдарынан келтірілген зиянды жәбiрленушiнiң таңдауы бойынша тауарды сатушы немесе дайындаушы өтеуге тиiс.
2. Жұмыстың немесе қызмет көрсетулердiң кемшiлiгi салдарынан келтiрiлген зиянды орындаушы өтеуге тиiс.
3. Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) қасиеттерi мен оларды пайдалану ережелерi туралы толық немесе анық ақпарат бермеудiң салдарынан келтiрiлген зиян осы баптың 1, 2-тармақтарының ережелерiне сәйкес өтелуге тиiс.
949-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң кемшiлiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу мерзiмдерi
1. Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) кемшiлiгiнен туындаған зиян, егер ол тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) жарамдылығының (қызметтiң) белгiленген мерзiмдерi iшiнде келтiрiлсе өтелуге, ал жарамдылық (қызмет) мерзiмi белгiленбесе - тауарды (жұмыс, қызмет көрсету) өндiрiлген күннен бастап он жыл iшiнде өтелуге тиiс.
2. Зиян:
1) егер заң актілерінiң талаптары бұзыла отырып жарамдылық (қызмет) мерзiмi белгiленбесе;
2) егер сатып алушы (тұтынушы) жарамдылық (қызмет) мерзiмi өткеннен кейiн қажеттi iс-әрекеттер туралы және аталған iс- әрекеттердi орындамаған жағдайда мүмкiн болатын зардаптар туралы ескертiлмесе, осы баптың 1-тармағында аталған мерзiмдер шегiнен тыс өтелуге тиiс.
950-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетiлердiң кемшiлiктерi салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктен босату негiздерi
Тауар сатушы немесе дайындаушы, жұмысты немесе қызмет көрсетудi орындаушы, егер зиян дүлей күштiң немесе тұтынушының тауарды (жұмыстың, қызмет көрсетудiң нәтижелерiн) пайдалану немесе оларды сақтау ережелерiн бұзуы салдарынан пайда болғанын дәлелдеген жағдайларда ғана жауапкершiлiктен босатылады.
4. Моральдық зиянды өтеу
951-бап. Моральдық зиянды өтеу
1. Моральдық зиян - жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).
2. Моральдық зиянды осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайлардан басқа реттерде, зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде зиян келтiрушi өтейдi.
3. Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда, егер:
1) зиян азаматтың өмiрi мен денсаулығына жоғары қауiптілiк көзi арқылы келтiрiлсе;
2) зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды қолданудың, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне орналастыру түрiнде әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтiрiлсе;
3) зиян ар-ожданына, қадiр-қасиетi мен iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер тарату арқылы келтiрiлсе;
4) заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өтеледi.
4. Заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтың мүлiктiк құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсiздiк) арқылы келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатпайды.
952-бап. Моральдық зиянды өтеу мөлшерi
1. Моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледi.
2. Моральдық зиянның мөлшерiн анықтаған кезде жәбiрленушiнiң iзгiлiк қасиетiне келтiрiлген адамгершiлiк залалдың ауырлығын субъективтi түрде бағалау да, сондай-ақ жәбiрленушiнiң жан азабы мен тән азабының дәрежесiн дәлелдейтiн объективтi деректер де: қол сұғу объектiсi болған игiлiктiң (өмiр, денсаулық, ар-ождан, қадiр-қасиет, бостандық, тұрғын үйге ешкiмнiң тимеуi және т.б.) өмірлiк маңыздылығы; құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтiру, мүгедектiкке әкеп соққан дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.); ұятқа қалдыратын жалған мәлiметтер тарату сипаты мен аясы; жәбiрленушiнiң өмiр сүру жағдайлары (қызмет, отбасы, тұрмыс, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және басқалары), өзге де назар аударуға тұратын мән-жайлар ескерiледi.
3. Моральдық зиян өтелуге тиiс мүлiктiк зиянға қарамастан өтеледi.
48-тарау. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер
953-бап. Негiзсiз байлықты қайтару мiндетi
1. Заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), осы Кодекстің 960-бабында көзделген жағдайлардан басқа ретте, негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi.
2. Егер мүлiк иеленiп алынған немесе жинақталған негiз кейіннен жоққа шыққанда да, осы баптың 1-тармағында белгiленген мiндет туындайды.
3. Осы тараудың ережелерi негiзсiз баю мүлiктi иеленушiнiң, жәбiрленушiнiң өзiнiң немесе үшiншi тұлғалардың пиғылының нәтижесi не оқиғаның салдары болып табылғанына қарамастан қолданылады.
954-бап. Негiзсiз байлықты қайтару туралы талаптардың азаматтық құқықтарды қорғау туралы басқа талаптармен арақатынасы
Осы Кодексте, басқа да заң актілерінде өзгеше белгiленбесе және тиiстi қарым-қатынастар мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi:
1) жарамсыз мәмiле бойынша орындалғандарды қайтару туралы;
2) меншiк иесiнiң мүлiктi бөгде бiреудiң заңсыз иеленуiнен сұратып алуы туралы;
3) мiндеттемедегi бiр тараптың екiншiсiне осы мiндеттемеге байланысты орындалғандарды қайтару туралы;
4) зиянды, оның iшінде байыған тұлғаның терiс пиғылынан келтiрiлген өтем туралы талаптарға да қолданылуға тиiс.
955-бап. Негiзсiз байлықты заттай қайтару
1. Мүлiктi иеленушiнiң негiзсiз байлығын құрайтын мүлiк жәбiрленушiге заттай қайтарылуға тиiс.
2. Мүлiктi иеленушi баюының негiзсiздiгi туралы ол бiлгеннен немесе бiлуге тиiстi болғаннан кейiн болған, оның iшiнде негiзсiз иеленiлген немесе жинақталған қандай болса да мүлiктiң кездейсоқ кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жәбiрленушiнiң алдында жауап бередi. Бұған дейiн ал тек жасырын ниетi мен өрескел абайсыздығы үшiн ғана жауап бередi.
956-бап. Негізсіз байлықтың құнын өтеу
1. Негiзсiз алынған немесе жинақталған мүлiктi заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда мүлікті иеленуші жәбiрленушiге осы мүлiктiң оны алған кездегi нақты құнын өтеуi, сондай-ақ егер мүлiктi иеленушi оның құнын баюдың негiзсiздiгi туралы бiлгеннен кейiн дереу өтемесе, мүлiк құнының кейiнгi өзгеруi арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуге тиiс.
2. Басқаның мүлкiн не басқаның қызмет көрсетулерiн негiзсiз уақытша пайдаланған (оны иелену ниетiнсiз) адам жәбiрленушiге пайдалану тоқтатылған кездегi және оның болған жеріндегі бағамен осындай пайдалану салдарынан жинақтағанын өтеуге тиiс.
957-бап. Құқықты басқа тұлғаға негiзсiз берудiң зардабы
Талаптарын беру арқылы немесе өзiне өзге де түрде тиесiлi құқығын жоқ немесе жарамсыз мiндеттеме негiзiнде басқа тұлғаға берген тұлға өзiнiң бұрынғы жағдайын қалпына келтiрудi, оның iшiнде берiлген құқықты куәландыратын құжаттардың өзiне қайтарылуын талап етуге құқылы.
958-бап. Жәбiрленушiге алынбаған табыстарды өтеу
1. Мүлiктi негiзсiз алған немесе жинақтаған тұлға мұндай баюдың негiзсiздiгi туралы бiлген немесе бiлуге тиiстi болған уақыттан бастап осы мүлiктен өзi алған немесе алуға тиiстi болған барлық кiрiстердi жәбiрленушiге қайтаруға немесе өтеуге мiндеттi.
2. Негiзсiз ақшалай баюдың сомасына ақшаны иемденушiге ақша алудың немесе жинақтаудың негiзсiздiгi туралы бiлген немесе бiлуге тиiстi болған уақыттан бастап бөгде ақшаны пайдаланғаны үшiн тұрақсыздық айыбы есептелуге тиіс.
959-бап. Қайтарылуға жататын мүлікке шыққан шығындарды өтеу
Негiзсiз алынған немесе жинақталған мүлiктi қайтарған (осы Кодекстiң 955-бабы) немесе оның құнын өтеген кезде (осы Кодекстiң 956-бабы) мүлiктi иемденушi өзi алған пайданы есептей отырып, кiрiстi қайтаруға өзi мiндеттi болған (осы Кодекстiң 958-бабы) уақыттан бастап мүлiктi ұстауға және сақтауға қажеттi шығындарды өтеудi жәбiрленушiден талап етуге құқылы. Шығындарды өтеу құқығы мүлiктi иемденушi қайтарылуға жататын мүлікті қасақана ұстаған жағдайларда жойылады.
960-бап. Қайтарылуға жатпайтын негiзсiз байлық
Негiзсiз байлық ретiнде:
1) егер мiндеттемеде өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындау үшiн оны орындау мерзiмi басталғанға дейiн берiлген мүлiк;
2) талап ету мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi орындау үшiн берiлген мүлiк;
3) азаматқа оның тарапынан терiс пиғыл болмаған жағдайда күнкөрiске арналған қаражат ретiнде (жалақы, авторлық сыйақы, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу, зейнетақы, алименттер және т.б.) берілген және иемденушi пайдаланған ақша сомасы және өзге де мүлiк;
4) егер иемденушi мүлiктiң қайтарылуын талап еткен тұлғаның мiндеттеменiң жоқтығы туралы бiлгендiгiн не мүлiктi қайырымдылық мақсатында бергенiн дәлелдесе, болмаған мiндеттеменi атқару үшiн берiлген ақша сомасы мен өзге мүлiк қайтарылуға жатпайды.
5 бөлiм Интеллектуалдық меншік құқығы
49-тарау. Жалпы ережелер
961-бап. Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi
1. Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне:
1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
2. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне:
1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
2) эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;
4) селекциялық жетiстiктер;
5) интегралдық микросызба топологиялары;
6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
7) осы Кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады.
3. Азаматтық айналымға қатысушыларды,тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына:
1) фирмалық атаулар;
2) тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi);
3) тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету);
4) осы Кодексте және заң актілерінде көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң басқа да дараландыру құралдары жатады.
962-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықтың пайда болу негiздерi
Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық оларды құру фактiсiнiң күшiмен не осы Кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша уәкiлеттi мемлекеттік органның құқықтық қорғауды беруi нәтижесiнен туындайды.
963-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар
1. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады.
Жеке мүлiктiк емес құқықтар, оның мүлiктiк құқығына қарамастан, авторға тиесiлi болады және оның мүлiктiк құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметiнiң нәтижелерiне ауысқан жағдайда өзiнде сақталып қалады.
2. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына (бұдан әрi - дараландыру құралдары) арналған құқық iргелерi осы құралдарға қатысты мүлiктiк құқықтарға ие болады.
3. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады.
Авторлық құқықты иелiктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды. Егер нәтиже екi немесе одан да көп адамның бiрлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады.
Тұтастай алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы интеллектуалдық меншiктiң жекелеген объектiлерiне қатысты заң актілерімен шектелуi мүмкiн.
964-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне айрықша құқықтар
1. Интеллектуалдық шығармашылық меншiк объектiсiн оның иесiнiң өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады.
Айрықша құқық объектiсiн басқа тұлғалардың пайдалануына тек құқық иесiнiң келісімiмен ғана жол берiледi.
2. Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықты иеленуші, егер ол осы Кодекстің және өзге де заң актілерінің ережелеріне қайшы келмесе, осы құқықты басқа адамға толық немесе iшiнара беруге, интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалануға рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы.
3. Айрықша құқықтарды шектеуге, осы құқықтарды жарамсыз деп тануға және оларды тоқтатуға (жоюға) осы Кодексте және өзге де заң актілерінде белгiленген жағдайларда, шектер мен тәртiп бойынша жол берiледi.
965-бап. Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысуы
1. Егер осы Кодексте немесе өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, интеллектуалдық меншiк объектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен және заңды тұлғаның - құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады.
Айрықша құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге мүлiктiк емес құқықтардың жүйеге асуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары жарамсыз болады.
2. Басқа адамға оның қолданылуы кезеңiнде шектеулi уақытқа айрықша құқық беруді көздейтін шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 966-бабы).
966-бап. Лицензиялық шарт
1. Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленушi тарап (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншiктiң тиiстi объектiсiн белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.
Лицензиялық шарт ақылы болып саналады.
2. Лицензиялық шартта лицензиатқа:
1) интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны басқа адамға беру құқығын сақтай отырып пайдалану құқығын (жай, ерекше емес лицензия);
2) интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, бірақ лицензияны басқа адамдарға беру құқығынсыз пайдалану құқығын (айрықша лицензия);
3) интеллектуалдық меншік объектісін пайдаланудың заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да жағдайларын беру көзделуi мүмкін.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензия жай (ерекше емес) деп ұйғарылады.
3. Лицензиаттың интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалану құқығын басқа адамға беруi туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт болып танылады. Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы.
Лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекетi үшiн, егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат жауапты болады.
967-бап. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасау және пайдалану туралы шарт
1. Автор шарт бойынша туындыны, өнертабысты немесе интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң өзге де нәтижесiн жасау және өзінің жұмыс берушісі болып табылмайтын тапсырысшыға оны пайдаланудың айрықша құқығын беруге өзiне мiндеттеме алуы мүмкiн.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шарт интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң жасалуға тиiстi нәтижесiнiң сипатын, сондай ақ оның пайдаланудың мақсаттарын не әдістерін белгілеуге тиiс.
3. Шарттың белгiлi бiр түрдегi не белгiлi бiр саладағы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасауға автордың құқығын шектейтiн талаптары жарамсыз болады.
968-бап. Айрықша құқық және меншiк құқығы
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетiлген материалдық объектiге меншiк құқығына қарамастан, айрықша құқық қолданылады.
969-бап. Айрықша құқықтардың қолданылу мерзiмi
1. Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқық осы Кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген мерзiм iшiнде қолданылады.
Заң актілерінде мұндай мерзiмдi ұзартудың мүмкiндiгi көзделуі мүмкін.
2. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне жеке мүліктік емес құқық мерзімсіз қолданылады.
3. Заң актілерінде көзделген жағдайларда айрықша құқықтың қолданылуы оны белгiлi бiр уақыт iшiнде қолданбаудың салдарынан тоқтатылуы мүмкiн.
970-бап. Айрықша құқықтарды қорғау әдiстерi
1. Айрықша құқықтарды қорғау осы Кодекстiң 9-бабында көзделген әдiстермен жүзеге асырылады. Айрықша құқықтарды қорғау:
1) пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою;
2) жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен;
3) заң актілерінде көзделген өзге әдiстермен де жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершілiк туралы жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 20-тарауы).
50-тарау. Авторлық құқық
971-бап. Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi)
1. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады.
2. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда:
1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.);
3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.);
4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);
5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, пакет, құрылыс және т.б.);
6) өзге де нысандарда қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес пайдаланылуы мүмкiн туындының бiр бөлiгi (оның атауын , кейіпкерлердің атауларын қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.
4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне қолданылмайды.
2005.22.11. № 90- III ҚР Заңымен 972-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
972-бап. Авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерi
1. Авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады:
1) әдеби туындылар ;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарийлiк туындылар;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар;
6) аудио-бейне туындылар ;
7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар;
11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiнді және объектілік кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.
3. Авторлық құқық объектiлерiне, сондай-ақ:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйiндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi);
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да iрiктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.
Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негіз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектілері болу-болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады
973-бап. Авторлық қатынастарды құқықтық реттеу
Авторлық қатынастар осы Кодекспен және авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы өзге де заң актілерімен, ал оларда көзделген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледi.
974-бап. Авторлық құқық объектiлерi болып табылмайтын туындылар
Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылмайды:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң шығару, әкiмшiлiк, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттік рәмiздер мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттік рәмiздер мен белгiлер);
3) халық шығармашылығының туындылары;
4) ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактiлер туралы хабарлар.
2005.22.11. № 90- III ҚР Заңымен 975 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
975-бап. Ресми құжаттардың, мемлекеттік рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына құқық
1. Ресми құжаттардың, мемлекеттік рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына авторлық құқыққа жобаларды жасаған адам (жасаушы) ие болады.
Ресми құжаттардың, рәмiздер мен белгiлердiң жобаларын жасаушылар, егер оны жасауға тапсырма берушi оған тыйым салмаса, ондай жобаларды жариялауға құқылы. Жобаны жариялаған жағдайда оны жасаушылар өз есiмiн көрсетуге құқылы.
2. Жобаны, жасаушының келісімiнсiз, егер бұл жобаны автор жарияласа немесе тиiстi органға жiберсе, оны ресми құжат дайындау үшiн құзыреттi органның пайдалануы мүмкiн.
Ресми құжаттарды, мемлекеттік рәмiздердi немесе белгiлердi жобаның негiзiнде дайындаған кезде оған ресми құжатты, мемлекеттік рәмiздi немесе белгiнi дайындауды жүзеге асырушы орган өз қалауы бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізуi мүмкiн.
3. Құзыретті орган жобаны қабылдағаннан кейін ол әзірлеушінің есімі көрсетілмей-ақ және авторлық сыйақы төленбестен пайдаланылуы мүмкін.
976-бап. Авторлық құқықты қорғау белгiсi
1. Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр данасына салынған және үш элементтен:
1) қоршауға алынған латынша «С» әрпiнен;
2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан);
3) туындының бiрiншi жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін.
2. Егер өзге дәлел болмаса, қорғау белгiсiнде көрсетiлген адам айрықша авторлық құқықтың иесi болып саналады.2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 977-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
977-бап. Автордың жеке мүлiктiк емес құқықтары
1. Туынды авторының мынадай жеке мүлiктiк емес құқықтары болады:
1) туынды авторы ретiнде танылу және оны пайдалану кезiнде осы туындыға басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);
2) туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық);
3) өз туындысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшiлiк алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келісімiнсiз кiмнiң болса да өзгерістер мен толықтырулар енгізуiнен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы).
Автордың келісімiнсiз оның туындысын шығарғанда безендiрулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсiнiктемелер немесе қандай да болсын түсiндiрмелер беруге тыйым салынады.
Автор қайтыс болғаннан кейiн оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетiлген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда автордың мұрагерлерi, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады.
4) қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған, туындыларды қоспағанда, туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (халыққа жария ету құқығы).
2. Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешiмiнен бас тартуға құқылы (керi қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған пайдасын қоса алғанда, пайдаланушыға осындай шешiм арқылы келтiрiлген залал өтелуi керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны керi қайтарып алатыны туралы көпшiлiкке хабарлауға мiндеттi. Бұл орайда ол туындының бұрын әзiрленген даналарын өз есебiнен айналыстан алып тастауға құқылы.
Осы тармақтың ережелерi қызметтiк туындыларға қолданылмайды.
3. Автордың бiреумен келісімi немесе автордың жеке мүлiктiк емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады.
2005.22.11. № 90- III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 978-бап өзгертілді
978-бап. Автордың мүлiктiк құқықтары
1. Авторға туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға айрықша құқықтар берiледi.
2. Автор туындыны пайдалану кезiнде үшiншi тұлғалардың мынадай iс-әрекеттердi жүзеге асыруына:
1) туындыны қайта жаңғыртуына (қайта жаңғырту құқығы);
2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде операциялар жасауына (тарату құқығы);
3) туындыны көпшiлiк алдында көрсетуiне (көпшiлiкке көрсету құқығы);
4) туындыны көпшiлiк алдында орындауына (көпшiлiк алдында атқару құқығы);
5) жалпыға бiрдей мәлiмдеу үшiн эфирге немесе кабель арқылы хабарлауды қоса алғанда туындыны көпшiлiкке хабарлауына (көпшiлiкке хабарлау құқығы);
6) туындыны эфирге беруiне (радио және теледидар арқылы тарату), оның iшiнде туындыны кабель немесе спутниктiк байланыс арқылы таратуына (эфирге хабарлау құқығы);
7) туындыны аударуына (аудару құқығы);
8) туындыны қайтадан жасауына, аранжировкалауына немесе басқаша түрде өңдеуiне (өңдеу құқығы);
9) қала құрылысы, сәулет, безендiру жобасын iс жүзiне асыруына;
10) заң актілеріне қайшы келмейтiн өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруына рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы.
3. Туындыға түпнұсқасындағыдай объективтi нысанда қайталап беру (туындыны басып шығару, дыбыс немесе бейне жазулар таралымы және т.б.) қайта жаңғырту болып табылады.
4. Егер заңды түрде жарияланған туындының даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға енгізілсе, онда Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды одан әрі таратуға автордың келісімінсіз және авторлық сыйақы төленбестен жол беріледі.
5. Туынды кiрiс келтiру мақсатымен сатылғандығына не оны сату бұған бағытталмағандығына қарамастан, пайдаланылған деп саналады.
6. Туындының (өнертабыстардың, өзге де техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шешiмдердiң) мазмұнын құрайтын ережелердi iс жүзiнде қолдану туындыны авторлық құқық мағынасында пайдалану болмайды.
979-бап. Туындыны сақтауға беру
1. Туындылардың қолжазбаларын, материалдық негiздегi басқа туындыларды, оның ішінде машинкаға басылғандарын сақтауға беру, егер осылайша сақтауға беру әркiмнiң кiруiне ашық қоймада (депозитарийде) жүргiзiлсе және депозитариймен жасалған шарт бойынша кез келген адамның туынды данасын алуына жол берiлсе, туындыны пайдалану деп танылады.
2. Туындыны сақтауға беру құқық иесiнiң депозитариймен туындыны пайдалану талаптарын белгiлейтiн шарты негiзiнде жүзеге асырылады. Мұндай шарт және депозитарийдiң пайдаланушымен шарты жария болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы).
980-бап. Қазақстан Республикасының аумағында авторлық құқықтың қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет жарияланған немесе жарияланбаған, бiрақ түпнұсқасы қандай болса да объективтi нысанда оның аумағында болған туындыға авторлық құқық Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Бұл жағдайда автор және (немесе) оның мұрагерлерi, сондай-ақ автордың басқа да құқықтық мирасқорлары өздерiнiң азаматтығына қарамастан авторлық құқық иесi болып танылады.
2. Туындысы шет мемлекет аумағында алғаш рет жарияланған немесе қандай болса да объективті нысанда болған Қазақстан Республикасы азаматтарының да, сондай-ақ олардың құқықтық мирасқорларының да авторлық құқығы танылады.
3. Халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқықты қорғау құқық иесіне берiлген жағдайда туындының шет мемлекет аумағында жариялану фактiсi тиiстi халықаралық шарттардың ережелерiне сай анықталады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында туындыны қорғау мақсатында туындының авторы туынды алғаш рет аумағында қорғауға алынған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады.
981-бап. Авторлық құқықтың қолданыла бастауы
Туындыға авторлық құқық оның жариялануына қарамастан туындыға үшiншi тұлғалардың қабылдауына қолайлы объективтi нысан берiлген кезден бастап қолданыла бастайды. Ауызша туындыға авторлық құқық оны үшiншi тұлғаға хабарлаған кезден бастап қолданылады.
Егер туынды осы Кодекстiң 980-бабының қолдануына келмейтiн болса, мұндай туындыға авторлық құқық, егер ол Қазақстан Республикасында жүзеге асырылса, туынды алғаш рет жарияланған кезден бастап қорғалады.2005.22.11. № 90- III ҚР Заңымен 982 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
982-бап. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi
1. Авторлық құқық автордың бүкiл өмiрi бойына және ол қайтыс болғаннан кейiн, автор қайтыс болғаннан кейiнгі келесi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде, жетпіс жыл бойы күшiнде болады.
2. Бiрлесiп шығарылған туындыға авторлық құқық серiктес авторлардың бүкiл өмiрi бойына және басқа да серiктес авторлардың ең соңғысы қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшінде болады.
3. Бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде жетпіс жыл бойы күшiнде болады.
Егер көрсетiлген мерзім iшiнде жасырын немесе бүркеншiк ат ашылса, осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм қолданылады.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мерзiм iшiнде авторлық құқық автордың мұрагерлерiне тиесiлi болады және мұрагерлiк бойынша ауысады, автормен, оның мұрагерлерiмен және одан кейiнгi құқықтық мирасқорларымен шарт бойынша құқық алған құқықтық мирасқорларына тиесiлi болады.
5. Автор қайтыс болғаннан кейін отыз жылдың ішінде алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiнгi жетпіс жыл бойы күшiнде болады.
6. Авторлық, автордың есiмi және туындыға қол сұқпаушылық мерзiмсiз қорғалады. 2005.22.11. № 90- III ҚР Заңымен 983 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
983-бап. Туындының қоғам игiлiгiне ауысуы
1. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн ол қоғамның игiлiгiне айналады.
2. Қоғамның игiлiгi болып табылатын туындыларды кез келген тұлға авторлық сыйақы төлеместен еркiн пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор есiмiне құқық және туындыға қол сұқпаушылық құқығы сақталуға тиiс.
984-бап. Авторлық құқықтарды басқару
1. Құқық иеленушi өзiне тиiстi құқықтарды өз қалауы бойынша жеке жүйеге асыруға құқылы. Өзге адамдар авторлық құқықтарды тек құқық иеленушiнiң келісімi бойынша және, өкiлдiктi заңды өкiл жүзеге асыратын осы Кодекстiң 977-бабында көзделген құқықтарды қоспағанда, оларға берiлген өкiлеттiк шегiнде ғана басқара алады.
2. Авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушiлер заң актілерінде белгiленген тәртiппен авторлық және сабақтас құқықтарды басқару жүктелетiн ұйымдар құра алады.
51-тарау. Сабақтас құқықтар
985-бап. Сабақтас құқықтардың объектiлерi
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетiлу әдiстерi мен нысандарына қарамастан қолданылады.
2005.22.11. № 90- III ҚР Заңымен 986 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
986-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi
1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқық субъектiлерi болып табылады.
2. Фонограмма жасаушы, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары осы тарауда көзделген құқықтарды фонограмма жазылған не эфирге немесе кабель арқылы берiлетiн туындының орындаушысымен және оның авторымен жасалған шарт бойынша алынған құқықтар шегінде жүзеге асырады.
3. Орындалған туынды авторларының құқықтары сақталған жағдайда орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарды жүзеге асырады.
4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу немесе қандай да бiр басқа формалды талаптарды сақтау талап етiлмейдi.
5. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы жариялау үшiн орындау жазбасының, фонограмманың әрбiр данасында және (немесе) ол сақталатын әрбiр қорапта орналасатын және үш элементтен:
1) қоршауға алынған латынша «Р» әрпiнен;
2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан);
3) орындау жазбасының, фонограмманың бiрiншi жарияланған жылынан тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы.
6. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есімі немесе атауы көрсетілген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.
2005.22.11. № 90- III ҚР Заңымен 987-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
987-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет орын алған орындаушының орындауға құқығы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Бұл жағдайда орындаушының және оның мұрагерлерiнiң, сондай-ақ азаматтығына қарамастан орындаушының өзге де құқықтық мирасқорларының құқықтары танылады.
Орындау алғаш рет шет мемлекеттiң аумағында жүзеге асырылған жағдайда да орындаушының, сондай-ақ оның құқықтық мирасқорларының құқығы танылады.
2. Егер фонограмма жазбасы алғаш рет Қазақстан Республикасында көпшiлiк алдында қайта жаңғыртылса немесе оның даналары көпшілікке таратылса, бұл фонограмма шығарушының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жерi немесе тұратын орны бар заңды тұлғалардың да фонограмма шығару құқықтары танылады.
3. Егер ұйымның Қазақстан Республикасының аумағында ресми орналасқан жері болса және хабарларды Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан таратқыштар көмегiмен жүзеге асырса, оның эфирлiк немесе кабельдiк хабар таратуды ұйымдастыру құқығы танылады.
4. Өзге де шетелдік орындаушылардың, фонограммалар шығарушылардың, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес қорғалады.
2005.22.11. № 90- III ҚР Заңымен 988 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
988-бап. Сабақтас құқықтар субъектiлерiнiң құқықтарын реттеу
Орындаушының, фонограмма шығарушының, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының айрықша және өзге де құқықтарының көлемi мен мазмұнын, сондай-ақ аталған субъектiлердiң айрықша құқықтарын шектеу жағдайлары мен шектерi және оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк заң актілерімен реттеледi.
2005.22.11. № 90- III ҚР Заңымен 989 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
989-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi
1. Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейiн немесе қойылғаннан кейiн жетпіс жыл бойы күшiнде болады. Орындаушының өз аты-жөнiне және орындауды немесе қойылымды бұрмалаудан қорғауға құқықтары мерзiмсiз қорғалады.
2. Фонограмма шығарушыға қатысты сабақтас құқықтар фонограмма алғаш рет жарияланғаннан кейiн жетпіс жыл бойы не, фонограмма бұл мерзiм iшiнде жарияланбаса, ол алғаш рет жазылғаннан кейiн жетпіс жыл бойы күшiнде болады.
3. Эфирлiк хабар тарату ұйымына қатысты сабақтас құқықтар мұндай ұйым эфирге алғаш рет хабар берудi жүзеге асырғаннан кейiн жетпіс жыл бойы күшiнде болады.
4. Кабельдік хабар тарату ұйымына қатысты сабақтас құқықтар мұндай ұйым кабель бойынша алғаш рет хабар берудi жүзеге асырғаннан кейiн жетпіс жыл бойы күшiнде болады.
5. Осы баптың 1-4-тармақтарында көзделген мерзiмдердi есептеу мерзiмi өтуiнiң басталуына негiз болатын заңды факт орын алған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан басталады.2005.22.11. № 90- III ҚР Заңымен 990 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
990-бап. Шетелдiк азаматтар немесе шетелдiк заңды тұлғалар болып табылатын орындаушылардың, фонограммалар шығарушылардың , эфирлiк және кабельдік хабар тарату ұйымдарының құқықтары
Шетелдiк азаматтар немесе шетелдiк заңды тұлғалар болып табылатын орындаушылардың, фонограммалар шығарушылардың , эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының құқықтары, егер олар өздерiнiң алғашқы қойылымын, орындауын, жазбасын немесе эфирге хабар таратуын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүзеге асырса, оның аумағында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қолданылады.
52-тарау. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық
991-бап. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні құқықтық қорғау талаптары
1. Өнертабысқа құқықтар - инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге құқықтар патентпен қорғалады.
2. Жаңа, өнертапқыштық деңгейi бар және өнеркәсiпте қолдануға болатын техникалық шешiм құқықтық қорғау берiлетiн өнертабыс болып танылады.
3. Жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болатын өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындау құқықтық қорғау берiлетiн пайдалы модель болып танылады.
4. Бұйымның сыртқы түрiн белгiлейтiн, жаңа, түпнұсқалық болатын көркемдiк-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады.
5. Инновациялық патент және патент алу құқығы туындайтын өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге қойылатын талаптар, мемлекеттік уәкiлеттi органның (бұдан әрi - патенттiк органның (ұйымның) оларды беру тәртібі заң актiсiмен белгiленедi.
6. Патентке қабiлетi жоқ техникалық шешiмдердiң, өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындаулардың, бұйымдардың көркемдiк-конструкторлық шешiмдерiнiң тiзбесi заң актілерімен белгiленедi.2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 992-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
992-бап. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалану құқығы
1. Патент иесiнiң өнiмдi қорғалған шешiмдердi қолдану арқылы өндiру, инновациялық патентпен немесе патентпен қорғалған технологиялық процестердi өз өндiрiсiнде қолдану, қорғанған шешiмi бар бұйымдарды сату немесе сатуға ұсыну, тиiстi бұйымдарды импорттау құқықтарын қоса алғанда, инновациялық патентпен немесе патентпен қорғалған өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқығы болады.
2. Осы Кодекске немесе басқа заң актілеріне сәйкес патент иесiнiң құқықтарын бұзу болып табылмайтын пайдалану жағдайларын қоспағанда, басқа адамдардың өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi патент иесiнiң рұқсатынсыз пайдалануға құқығы жоқ.
3. Патенттелген өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi қолданып жасалған бұйымдарды рұқсатсыз жасау, қолдану, импорттау, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзгедей енгізу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ өнертабысқа инновациялық патентпен немесе патентпен қорғалатын әдiстi қолдану немесе тiкелей өнертабысқа берiлген инновациялық патентпен немесе патентпен қорғалатын әдiс арқылы дайындалған бұйымды азаматтық айналымға енгізу не осы мақсатпен сақтау патент иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып танылады.
Өзгеше дәлелденбейiнше бұйым патенттелген әдiспен жасалған болып саналады.2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 993-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
993-бап. Патентке және инновациялық патентке берiлетiн құқыққа билiк ету
Патентті және инновациялық патентті алуға құқық, өтiнiмдi тiркеуден туындайтын құқықтар, патенттi және инновациялық патенттi иеленуге құқық, және патент пен инновациялық патенттен туындайтын құқықтар басқа тұлғаға толығымен немесе iшiнара берiлуi мүмкiн.
994-бап. Авторлық құқық
1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң авторына авторлық құқық және өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге арнайы ат қою құқығы берiледi.
2. Авторлық құқық және өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге басқа да жеке құқықтар қорғау құжатына негiзделген құқықтардың туындаған кезiнен бастап пайда болады.
3. Өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi авторына заң актілері арнайы құқықтарды, әлеуметтiк сипаттағы жеңiлдiктер мен артықшылықтарды бекітіп бере алады.
4. Өтiнiмде автор ретiнде көрсетiлген тұлға өзгеше дәлелденгенше автор болып есептеледi. Дәлелдемелер ретiнде құқық пайда болғанға дейiн орын алған фактiлер мен мән-жайлар ғана тартылуы мүмкiн.
995-бап. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң тең авторлары
1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң тең авторларының өзара қатынасы олардың арасындағы келісіммен белгiленедi.
2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi жасауға шығармашылық емес жәрдем (техникалық, ұйымдастырушылық немесе өзге де көмек, құқықтарды ресiмдеуге жәрдемдесу және т.б.) тең авторлыққа әкеп соқпайды.2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 996-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
996-бап. Қызметтік өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер
Қызметкер өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындаған кезде жасаған (қызметтiк өнертабыс) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге инновациялық патентке, патентке берiлетiн құқықты, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс берушi иеленедi.
997-бап. Автордың қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн сыйақы алуға құқығы
Авторға қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн берiлетiн сыйақының мөлшерi, төлеу талаптары және тәртібі оның және жұмыс берушiнiң арасындағы келісіммен белгiленедi. Келісімге қол жетпеген жағдайда шешiмдi сот қабылдайды. Егер қызметтiк өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi жасаудағы автор мен жұмыс берушiнiң үлесiн мөлшерлестiру мүмкiн болмаса, автордың жұмыс берушi алған немесе алуға тиісті пайдасының жартысына құқығы танылады.2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 998-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
998-бап. Инновациялық патент пен патенттiң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті орган берген өнертабысқа инновациялық патент, патент, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге патент қолданылады.
2. Шет мемлекет немесе халықаралық ұйым берген патенттер, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда қолданылады.
3. Егер белгiленген тәртiпте мәлiмденген шешiм тиiсiнше өнертабыстарға, пайдалы модельдерге немесе өнеркәсiптiк үлгiлерге Қазақстан Республикасының заң актілері қоятын талаптарға сай келсе, шетелдiк азаматтар мен шетелдiк заңды тұлғалар немесе олардың құқықтық мирасқорлары Қазақстан Республикасында инновациялық патент пен өнертабысқа патент, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге патент алуға құқылы.2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 999-бап өзгертілді
999-бап. Инновациялық патент пен патенттiң қолданылу мерзiмi
1. Инновациялық патент пен патент патенттiк органына (ұйымына) өтiнiм түскен күннен бастап қолданылады және заң актілерінде белгiленген талаптар сақталған жағдайда:
1) өнертабысқа инновациялық патент - үш жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ екі жылдан аспауы керек;
2) өнертабысқа патент - жиырма жыл бойы;
3) пайдалы модельге патент - бес жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек;
4) 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) өнеркәсiптiк үлгiге патент - он бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ бес жылдан аспауы керек.
2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау патент органына (ұйымына) өтiнiм келiп түскен күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау инновациялық патент немесе патент берілгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент немесе инновациялық патент беруден бас тартылған жағдайда қорғауға алынбаған болып есептеледі.
3. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң басымдығы заң актілерінде көзделген тәртiппен айқындалады.2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1000-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1000-бап. Патенттiк құқықтарды беру туралы шарт
Инновациялық патент пен патенттi алуға деген құқықты беру туралы, сондай-ақ инновациялық патент пен патенттi беру туралы шарттар жазбаша нысанда жасалуы тиiс және патенттiк органында (ұйымында) тiркелуге тиiс. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
1001-бап. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензиялық шарт
1. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және патенттiк органында (ұйымында) тiркелуге тиiс. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
2. Лицензиялық шарттың мазмұны осы Кодекстiң 966-бабында жазылған талаптарға сәйкес келуге тиiс.
1002-бап. Ашық лицензия
1. Патент иесi кез келген тұлғаға өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы патенттiк органына (ұйымына) өтiнiш бере алады.
2. Ашық лицензияны пайдалануға ниет бiлдiрген тұлға патент иесiмен төлем туралы шарт жасасуға мiндеттi. Мұндай шарттың талаптары туралы дауларды сот шешедi.
Ашық лицензияға құқық беру туралы патент иесiнiң өтiнiшi қайтарып алуға жатпайды.2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1003-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1003-бап. Инновациялық патент пен патентті бұзғаны үшін жауапкершiлiк
Патент иесiнiң талабы бойынша инновациялық патент пен патентті бұзу тоқтатылуы тиiс, ал оны бұзушы патент иесiне өзi келтiрген залалдарды өтеуге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабы). Патент иесi келтiрiлген залалдың орнына тәртiп бұзушыдан өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi заңсыз пайдалану салдарынан алынған кiрiстi өндiрiп алуға құқылы.2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1004-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1004-бап. Оған дейiн пайдалану құқығы
1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң басымдық алған күнiне дейiн Қазақстан Республикасының аумағында автордан тәуелсіз жасалған соған ұқсас шешімді адал ниетпен пайдаланған немесе осыған қажеттi дайындықтар жасаған кез келген тұлға пайдалану көлемiн кеңейтпестен оны әрi қарай тегiн пайдалану құқығын сақтайды.
2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi басымдық алған күнiнен кейiн, бiрақ өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптік үлгiге инновациялық патент немесе патент беру туралы мәлiметтер ресми жарияланған күнге дейiн адал ниетпен пайдалана бастаған тұлға патент иесінің талап етуi бойынша одан әрi пайдалануды тоқтатуға мiндеттi. Алайда мұндай тұлға патент иесiне өзiнiң осындай пайдалануы нәтижесiнде келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi емес.
1005-бап. Патент иесiнiң құқықтарын шектеу
Патент иесiнiң құқықтарын шектеу негiзi, патенттi тоқтату (жою) талаптары, оны жарамсыз деп тану, оның қолданылуын тоқтату, лицензияларды мәжбүрлеп беру және патенттердi мәжбүрлеп иелiктен алу заң актілерімен белгiленедi.
53-тарау. Селекциялық жетістіктерге құқық
1006-бап. Өсiмдiктердiң жаңа сорттарына және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқықты қорғаудың талаптары
1. Өсiмдiктердiң жаңа сорттарына және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқық (селекциялық жетiстiктер) патент берiлген жағдайда қорғалады. Патент арқылы патент иесiнiң селекциялық жетiстiктердi, оның басымдығын пайдалануына және селекционердiң авторлығына айрықша құқықты куәландырады.
Өсімдік шаруашылығында жасанды жолмен немесе сұрыптау жолымен алынған және оны қолда бар өсiмдiктер сорттарынан ерекшелендiретiн бiр немесе бiрнеше шаруашылық белгiлерi бар өсiмдiк сорты селекциялық жетiстiк деп танылады.
Мал шаруашылығында адам жасап шығарған және оны осы түрдегi жануарлардың өзге тұқымдарынан айыруға мүмкiндiк беретiн генеологиялық құрылымы мен қасиетi бар және бiр тұқым ретiнде көбейту үшiн сан жағынан жеткiлiктi тұқым, яғни шығу тегi ортақ жануарлардың саны көп тұтас тобы селекциялық жетiстiк деп танылады.
2. Селекциялық жетiстiктердi құқықтық қорғау талаптары, өсімдік сорттарында және жануарлар тұқымдарына патентті ресімдеу мен беру тәртібі заң актілерімен белгiленедi.
3. Осы тараудың ережелерінде және селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңдарда өзгеше көзделмесе, селекциялық жетiстiктерге құқықтар мен осы құқықтарды қорғауға байланысты қатынастарға тиiсiнше осы Кодекстiң 992-998, 1000-1004-баптарының ережелерi қолданылады.
1007-бап. Автордың селекциялық жетiстiк атауын айқындау құқығы
1. Селекциялық жетiстiктiң авторы оның заңдарда белгiленген талаптарға сай келуге тиісті атауын айқындауға құқылы.
2. Қорғалатын селекциялық жетiстiктердi өндiру, ұдайы өндіру, сатуға ұсыну, сату және өткізудің өзге де түрлері кезінде олар үшін тіркелген атауларды қолдану мiндеттi. Өндiрiлген және (немесе) сатылатын тұқымдарға, асыл тұқымды материалға тiркелгеннен өзгеше атау беруге жол берiлмейдi.
3. Тiркелген селекциялық жетiстiктiң атауын оған қатысы жоқ өсiрiлген және (немесе) сатылатын тұқымдар мен асыл тұқымды материалға беру патент иесi мен селекционердiң құқықтарын бұзу болып табылады.
1008-бап. Селекциялық жетiстiк авторының сыйақы алуға құқығы
1. Патент иесi болып табылмайтын селекциялық жетiстiктiң авторы патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде патент иесiнен селекциялық жетiстiктi пайдаланғаны үшiн сыйақы алуға құқылы.
2. Селекциялық жетiстiк авторына сыйақы төлеудiң мөлшерi мен талаптары оның өзi мен патент иесi арасында жасалған шартта белгiленедi. Бұл орайда сыйақының мөлшерi лицензияларды сатудан түскен түсiмдi қоса алғанда, патент иесi селекция жетiстiктерiн пайдаланғаны үшiн алатын жыл сайынғы түсiмдер сомасының кемiнде бес процентi болуға тиiс.
Сыйақы авторға, егер автордың патент иесiмен шартында өзгеше көзделмесе, селекциялық жетiстiк пайдаланылған әрбiр жыл аяқталғаннан кейін алты ай ішінде төленеді.
1009-бап. Патент иесiнiң селекциялық жетiстiкке құқығы
Селекциялық жетiстiк патентi иесiнiң осы жетiстiктi селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы заң актілерінде белгiленген шекте пайдалануға айрықша құқығы болады.
1010-бап. Патент иесiнiң мiндеттерi
Селекциялық жетiстiк патентiнiң иесi:
1) өндiрiсте пайдалануға жiберiлген сортты, тұқымды айналымға енгізуге;
2) өсiмдiктiң тиiстi сортын немесе жануарлардың тиiстi тұқымын патенттi қолдану мерзiмi iшiнде сорттың немесе тұқымның сараптама органы белгiлеген ресми сипаттамасында көрсетiлген белгiлерi сақталатындай етiп ұстауға мiндеттi.
1011-бап. Селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылу мерзiмi
Селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылуы патенттiк органға (ұйымға) өтiнiм берiлген күннен басталады және жиырма бес жыл бойына жалғасады.
Селекциялық жетiстiктердiң жекелеген түрлерi үшiн патенттi қолданудың неғұрлым ұзағырақ мерзiмi, сондай-ақ оларды патенттiк органның (ұйымның) ұзарту мүмкiндiгi селекциялық жетiстiктер туралы заң актілерімен белгiленуi мүмкiн.
1012-бап. Селекциялық жетiстiктердi пайдалануға жіберу
1. Құқықтық қорғау берiлген (патентi бар) селекциялық жетiстiктер мен өндiрiсте пайдалануға жiберiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлгенi туралы мәлiметтердi пайдалануға жол берiледi.
2. Өндiрiсте пайдалануға жiберiлген өсiмдiк сорттары мен жануарлардың тұқымдарын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізудi шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынақтың нәтижелерi бойынша, селекциялық жетiстiктерге сараптама мен сынақты басқаратын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
54-тарау. Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар
1013-бап. Интегралды микротәсiмдер топологиясына құқықтарды қорғау талаптары
1. Осы тарауда және өзге де заң актілерінде көзделген құқықтық қорғау интегралды микротәсiмдердiң түпнұсқа топологиясына ғана қолданылады.
Автордың шығармашылық қызметi нәтижесiнде жасалып, материалдық көздерде көрсетiлген интегралды микротәсiмдер мен олардың арасындағы байланыстардың элементтерi жиынтығының кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы интегралды микротәсiмнiң түпнұсқалық топологиясы деп танылады.
2. Осы бөлiмнiң баптарымен берiлген құқықтық қорғау топологияда iске асуы мүмкiн идеяларға әдiстерге, жүйелерге, технологияға немесе кодтандырылған ақпаратқа қолданылмайды.
3. Интегралды микротәсiмдер топологиясы құқығына және осы құқықтарды қорғауға байланысты қатынастарға тиiсiнше осы Кодекстiң 994-997-баптарының ережелерi қолданылады.
1014-бап. Интегралды микротәсiмдер топологиясына айрықша құқық
1. Интегралды микротәсiмдер топологиясы авторының немесе өзге де құқық иесiнiң бұл топологияны өз қалауы бойынша, атап айтқанда, мұндай топологияны басқа тұлғалардың тиісті рұқсатсыз пайдалануына тыйым салу құқығын қоса алғанда, мұндай топологиясы бар интегралды микротәсiм дайындау жолымен пайдаланудың айрықша құқығы болады.
2. Топологияның бiрнеше авторына немесе өзге де құқық иелерiне тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртібі олардың арасындағы шартпен белгiленедi.
3. Автордың рұқсатынсыз мынадай әрекеттердi жасау:
1) интегралды микротәсiмге енгізу арқылы немесе өзге де түрде, оның түпнұсқа болып табылмайтын бөлiгiн қоспағанда, топологияны тұтас немесе оның бөлiктерiн көшiрiп алу;
2) топологияны немесе осы топология бар интегралды микротәсiмдi қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату және өзге де айналымға енгізу айрықша құқықты бұзу болып табылады.
4. Топологияға құқық иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып табылмайтын әрекеттердiң тiзбесi заң актілерінде белгiленедi.
1015-бап. Топологияларды тiркеу
1. Интегралды микротәсiм топологиясының авторы немесе өзге де құқық иесi уәкiлеттi мемлекеттік органға өтiнiм беру жолымен топологияны тiркетуге құқылы.
2. Тiркеуге өтiнiм беру, егер топология қолданылған болса, оны алғаш рет қолданған күннен бастап екi жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Топологияны, сондай-ақ оларға құқықты толық немесе iшiнара беру туралы шарттарды тiркеу тәртібі заң актілерімен белгiленедi.
1016-бап. Топологияны қолдануға айрықша құқықтың қолданылу мерзiмi
1. Топологияны пайдалануға айрықша құқық топология тiркелген күннен бастап он жыл бойы күшiнде болады.
Егер топологияны тiркеу жүргiзiлмесе, аталған он жыл мерзiм осы топологияның немесе осы топология бар интегралды тәсiмнің дүние жүзiнiң кез келген елiнде алғаш рет пайдаланылғаны құжат арқылы расталған күннен бастап есептеледi.
2. Түпнұсқамен бiрдей басқа автор өз бетiмен жасаған топологияның пайда болуы осы баптың 1-тармағында аталған айрықша құқық мерзiмiн үзбейдi және тоқтатпайды.
55-тарау Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы
1017-бап. Ашылмаған ақпаратты құқықтық қорғау талаптары
1. Техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық ақпаратты, оның iшiнде үшiншi тұлғаларға белгiсiз (ашылмаған ақпарат) өндiрiстiк құпияларды (ноу-хау) заңды түрде иеленетiн тұлғаның, егер осы Кодекстiң 126-бабының 1-тармағында белгiленген талаптар сақталса, осы ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға құқығы бар.
2. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы осы ақпаратқа қатысты қандай да болсын шарттылықты орындауға (оны тiркеу куәлiк алу және т. б.) қарамастан туындайды.
3. Ашылмаған ақпаратты қорғау туралы ережелер, заң актілеріне сәйкес қызметтiк немесе коммерциялық құпия бола алмайтын мәлiметтерге (заңды тұлғалар туралы мәлiметтер, мүлiкке құқықтар және олармен мәмiлелер туралы мәлiметтер; статистикалық нысанда ұсынылуға жататын мәлiметтер және басқалары) қатысты қолданылмайды.
4. Ашылмаған ақпаратты қорғау құқығы осы Кодекстiң 126-бабының 1-тармағында көзделген талаптар сақталған жағдайда қолданыла бередi.
1018-бап. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Ашылмаған ақпаратты заңсыз негiзде алған немесе таратқан не оны пайдаланушы тұлға осы ақпаратқа заңды түрде иелік етушiге оны заңсыз пайдаланудан келтiрiлген залалдарды өтеуге мiндеттi.
2. Егер ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланушы тұлға оны таратуға құқығы жоқ тұлғадан алса, ол туралы ақпаратты алушы бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адал ниеттi алушы), ашылмаған ақпараттың заңды иесi адал ниеттi алушы оны пайдалану заңсыз екенiн бiлгеннен кейiн одан ашылмаған ақпаратты пайдаланудан келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
3. Ашылмаған ақпаратқа заңды иелiк етушi тұлға оны кiм заңсыз пайдаланса, содан оның пайдаланылуын дереу тоқтатуды талап етуге құқылы. Алайда сот ашылмаған ақпараттан адал ниеттi алушының оны пайдалануға жұмсаған қаражатын ескере отырып, оны айрықша тегiн лицензия талаптарымен одан әрi пайдалануға рұқсат беруi мүмкiн.
4. Ашылмаған ақпараттың мазмұнын құрайтын мәлiметтердi өз бетiнше және заңды түрде алған тұлға бұл мәлiметтердi тиiстi ашылмаған ақпарат иесінің құқықтарына қарамастан пайдалануға құқылы және мұндай пайдалану үшiн оның алдында жауап бермейдi.
1019-бап. Ашылмаған ақпараттан заңсыз пайдаланудан қорғауға құқықтың ауысуы
1. Ашылмаған ақпаратқа иелiк етушi тұлға осы ақпараттың мазмұнын құрайтын мәлiметтердiң бәрiн немесе оның бiр бөлiгiн лицензиялық шарт бойынша басқа тұлғаға бере алады (осы Кодекстiң 966-бабы).
2. Лицензиат шарт бойынша алынған ақпарат құпиясын қорғауға тиiстi шараларды қолдануға мiндеттi және лицензиар сияқты оны үшiншi тұлғалардың заңсыз пайдалануынан қорғауға да сондай құқығы болады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиялық шарт тоқталғаннан кейiн де, егер тиiстi мәлiметтер ашылмаған ақпарат болып қала беретiн болса, ақпараттың құпиялылығын сақтау мiндетi лицензиатқа жүктеледi.
56-тарау. Азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетулерге қатысушыларды
дараландыру құралдары
1. Фирмалық атау
1020-бап. Фирмалық атауға құқық
1. Заңды тұлғаның ресми бланкiлерде, баспа басылымдарында, жарнамада, маңдайшажазуларда, анықтамалықтарда, шоттарда, интернет-ресурстарда, тауарлар мен олардың қорабында және заңды тұлғаны даралауға қажеттi өзге де жағдайларда фирмалық атауды (осы Кодекстiң 38-бабы) пайдалануға айрықша құқығы бар.
2. Заңды тұлғаның фирмалық атауы оның жарғысы бекiтілген кезде айқындалады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атаумен Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiледi.
3. Тiркелiп қойған заңды тұлғаның фирмалық атауына ұқсас фирмалық атауды пайдалануға болмайды, өйткенi мұның өзi тиiстi заңды тұлғалардың ұқсап кетуiне, сондай-ақ олар шығаратын тауарлар немесе көрсететiн қызметтер жөнiнде жаңылыстыруға әкеп соғуы мүмкiн.
4. Егер бiр заңды тұлғаның фирмалық атауы кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын басқа заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тауар таңбасына (қызмет көрсету таңбасына) ұқсас немесе онымен араласып кету дәрежесiне дейiн бiрдей және осындай ұқсастық пен бiрдейлiктiң нәтижесiнде тұтынушыларды жаңылыстыруы мүмкiн болса, онда айрықша құқығы ерте пайда болған дараландыру құралы (фирмалық атау, тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы) басымдыққа ие болады. Осындай дараландыру құралының иеленушісi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған тауар таңбасына (қызмет көрсету таңбасына) құқықтық қорғау берудi жарамсыз деп тануды немесе фирмалық атауды пайдалануға тыйым салуды талап етуге құқылы.
1021-бап. Заңды тұлғаның фирмалық атауын тауар белгiсінде пайдалану
Заңды тұлғаның фирмалық атауы оған тиесілі тауар белгісінде пайдаланылуы мүмкiн.
1022-бап. Фирмалық атауға құқықтың қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаны белгiлеу ретiнде Қазақстан Республикасында тiркелген фирмалық атауға айрықша құқық қолданылады.
Шет мемлекетте тiркелген немесе кеңiнен танымал фирмалық атауға Қазақстан Республикасының аумағындағы айрықша құқық заң актілерінде көзделген жағдайларда қолданылады.
2. Заңды тұлғаның таратылуына және оның фирмалық атауының өзгертiлуiне байланысты фирмалық атауға құқықтың қолданылуы тоқтатылады.
1023-бап. Фирмалық атауды иелiктен алу құқығы
1. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған және кәсiпорын тұтасымен иелiктен алынған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның фирмалық атауын құқық иелiгiнен алуға және ауыстыруға жол берiлмейдi.
2. Фирмалық атауға құқықтың иесi басқа тұлғаға шартта келісілген әдістермен өз атауын пайдалануға рұқсат етуі (лицензия беруі) мүмкiн. Бұл орайда лицензиялық шартта тұтынушыны жаңылыстыруға жол бермейтiн шаралар көзделуге тиiс.
2. Тауар белгiсi
1024-бап. Тауар белгiсiн құқықтық қорғау талаптары
1. Тауар белгiсiн құқықтық қорғау оны тiркеудiң негiзiнде не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негiзiнде тiркеусiз берiледi.
Тiркелген не халықаралық шартқа орай тiркеусiз қорғалатын сөзбен жазылған, бейнеленген, көлемдiк белгiлер немесе бiр тұлғаның тауарларын немесе көрсететiн қызметтерiн екiншi тұлғаның бiртектес тауарлары мен қызметтерiнен ерекшелеу үшiн қолданылатын басқа да белгiлер тауар белгiсi (қызмет көрсету белгiсi) деп танылады.
Егер кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын бiр заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тауар таңбасы (қызмет көрсету таңбасы) басқа заңды тұлғаның фирмалық атауына ұқсас немесе онымен араласып кету дәрежесiне дейiн бiрдей және осындай ұқсастық пен бiрдейлiктiң нәтижесiнде тұтынушыларды жаңылыстыруы мүмкiн болса, онда осы Кодекстiң 1020-бабының 4-тармағында көзделген ережелер қолданылады.
2. Тауар белгiсi ретiнде тiркеуге жол берiлмейтiн белгiлер, тауар белгiлерiн тiркеу, олардың қолданылуын тоқтату және тiркелген жарамсыз деп тану тәртібі, сондай-ақ тiркелмеген тауар белгiлерiн құқықтық қорғауға жол берiлуi мүмкiн болатын жағдайлар тауар белгiлерi туралы заң актілерімен белгiленедi.
3. Тауар белгiсiне құқық куәлiкпен куәландырылады.
1025-бап. Тауар белгiсiн пайдалану құқығы
1. Тауар белгiсiне құқық иесiнiң өзiне тиесiлi белгiлердi қолдануға және билiк етуге айрықша құқығы бар.
2. Тауар белгiсiн кез келген айналымға енгізу: дайындау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, тауар белгiсiн немесе осы белгiмен белгіленген тауардан сату, маңдайшадағы жазуда, жарнамада, баспа өнімдерінде немесе өзге де іскерлік құжаттамада пайдалану тауар белгiсiн пайдалану болып саналады.
3. Тауар белгілері және тауар белгілерімен белгіленген тауарлар жарнамасының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
1026-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тауар белгiсiн құқықтық қорғау
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының патенттiк органы (ұйымы) немесе Қазақстан Республикасының бекітілген халықаралық шартына орай халықаралық ұйым тiркеген тауар белгiсiне құқықтық қорғау берiледi.
1027-бап. Тауар белгiсiне құқықтың қолданылу мерзiмi
1. Тауар белгiсiнiң басымдығы, егер тауар белгiлерi туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, патенттiк органға (ұйымға) өтiнiм түскен күн бойынша белгiленедi.
2. Тауар белгiсiне құқық өтiнiм тiркелген кезден бастап он жыл бойы күшiнде болады.
Тауар белгiсiне құқық иесiнiң тауар белгiсi қолданылуының соңғы жылы ішінде патенттік органға (ұйымға) берген арызы бойынша тауар белгiсiнiң қолданылу мерзiмiн он жылға ұзартудың тiркелуi мүмкiн. Ұзарту шектеусiз сан мәрте жүргiзiлуi мүмкiн.2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1028-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1028-бап. Тауар белгісін пайдаланбаудың салдары
Тауар белгiсiн дәлелсiз себептермен үш жыл бойы үздiксiз пайдаланбаған жағдайда кез келген мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша оның тiркелу күшiнiң жойылуы мүмкiн.
Тауар белгiсiн пайдалануға лицензиялық шарт жасасу оны пайдалану болып есептеледi.
1029-бап. Тауар белгісiне құқықтың ауысуы
1. Құқық иесi куәлiкте көрсетiлген барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер сыныптарына не олардың бiр бөлiктерiне қатысты тауар белгiсiне құқығын шарт бойынша басқа тұлғаға беруi мүмкiн.
2. Егер тауар белгiсiне құқық тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты жаңылыстыруға себепкер болса, ол белгiге құқықты беруге жол берiлмейдi.
3. Тауар белгiсiне құқықтың ауысуы, соның iшiнде оның шарт бойынша немесе құқықтық мирасқорлық тәртібімен берiлуi патенттiк органда (ұйымда) тiркелуге тиiс.
1030-бап. Тауар белгiсiн пайдалануға рұқсат беру
1. Құқық иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызмет көрсетулердiң барлық сыныптарына не олардың бөлiктерiне қатысты тауар белгiсiн пайдалану құқығын лицензиялық шарт бойынша басқа тұлғаға беруi мүмкiн (осы Кодекстiң 966-бабы).
2. Лицензиатқа тауар белгiсiн пайдалануға рұқсат ететiн лицензиялық шартта, лицензиат тауарларының немесе көрсететiн қызметiнiң сапасы лицензиар тауарларының немесе көрсететiн қызметтерiнiң сапасынан төмен болмайтындығы және лицензиардың осы шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар екендiгi туралы талапты қамтуға тиіс.
3. Тауар белгiсiне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда лицензиялық шарттың қолданылуы тоқтатылады.
4. Тауар белгiсiне құқықтың басқа тұлғаға ауысуы лицензиялық шарттың тоқтатылуына әкеп соқпайды.
1031-бап. Тауар белгiсiне құқық беру туралы шарттар мен лицензиялық шарттардың нысаны және оларды тiркеу
Тауар белгiсiне құқық беру туралы шарт немесе лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалып, патенттік органға (ұйымға) тiркелуге тиiс.
Жазбаша нысан мен тiркеу туралы талапты сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
1032-бап. Тауар белгiсiне құқықты бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Тауар белгiсiн не оған араласу дәрежесiне дейiнгi ұқсас белгілеудi заңсыз пайдаланушы тұлға тәртiп бұзуды тоқтатуға және тауар белгiсiнiң иесiне келтiрiлген залалдарды өтеуге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабы).
Тауар белгiсiн заңсыз пайдаланушы тұлға тауар белгiсiнiң дайындалған бейнелерін жоюға, тауардан немесе оның қорабынан заңсыз пайдаланылған тауар белгісін немесе олармен араласу дәрежесiне дейiн ұқсас белгiлеудi алып тастауға мiндеттi.
Осы баптың екiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарды орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда тиiстi тауар жойылуға тиiс.
3. Тауар шығарылатын жердiң атауы
1033-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық қорғау талабы
1. Тауар шығарылатын жердiң атауына, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны тiркеудiң негiзiнде құқықтық қорғау берiледi. Айрықша қасиет ерекшелiгiмен немесе негiзiнен географиялық объектiге тән табиғи жағдайлармен немесе өзге де факторлармен не табиғи жағдайлардың және сол факторлардың ұштасуымен айқындалатын тауарды белгiлеу үшiн пайдаланылатын елдiң, елдi мекеннiң, жердiң немесе басқа да географиялық объектiнiң атауы тауардың шыққан жерiнiң атауы (шыққан жерiн көрсету) деп танылады.
Тауар шығарылатын жердiң атауы географиялық объектiнiң тарихи атауы болуы мүмкiн.
2. Географиялық объектiнi бiлдiретiн немесе оның атауын беретін, бірақ Қазақстан республикасында тауар әзірленген жерге байланыссыз белгiлi бiр тауар түрiнiң белгiсi ретiнде жаппай қолдануға енiп кеткен белгi осы параграфтың ережелерiне сәйкес тауар шығарылатын жердiң атауы деп танылмайды және ол құқықтық қорғау мақсаты үшiн тiркелуге жатқызылмайды. Алайда бұл мұндай атауды адал пайдаланбаудан құқықтары бұзылған тұлғаны оларды заң актілерінде көзделген өзге де әдістермен, соның iшiнде терiс пиғылды бәсеке туралы ережелердiң негiзiнде қорғау мүмкiндiгiнен айырмайды.
3. Тауар шығарылатын жердiң атауын тiркеудi патенттiк орган (ұйым) жүзеге асырады.
Тiркеудiң негiзiнде тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығы туралы куәлiк берiледi.
Тiркеудiң және куәлiк берудiң, оларды жарамсыз деп танудың және тiркеу мен куәлiктiң қолданылуын тоқтатудың тәртібі мен талаптары тауар белгiлерi, қызмет көрсету белгiлерi және тауар шығарылатын жердiң атауы туралы заң актілерімен белгiленедi.
1034-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығы
1. Тауар шығарылатын жердің атауын пайдалану құқығын иеленушi тұлға осы атауды тауарға, оның қорабына, жарнамада, анықтамалықтарда, шоттарда орналастыруға және осы тауарды азаматтық айналымға енгізуге байланысты оны өзге де түрде пайдалануға құқылы.
2. Осы Кодекстiң 1033-бабының 1-тармағында аталған талаптарға сай келетiн тауарды белгiлеу үшiн тауар шығарылатын жердiң атауын бiрнеше тұлға бiрлесiп те, бiр-бiрiне тәуелсiз де тiркетуi мүмкiн. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығы мұндай тұлғалардың әрқайсысында болады.
3. Тауар шығарылатын жердiң тiркелген атауына бара-бар немесе ұқсас географиялық белгiлеудi ол алғаш тiркелген күнге дейiн кемiнде алты ай бұрын адал ниетпен пайдаланған тұлға патенттiк орган (ұйым) белгiлеген мерзiм iшiнде, бiрақ аталған тiркеу күнiнен бастап санағанда кемiнде жетi жыл бойы одан әрi пайдалану құқығын сақтайды.
4. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығын иелiктен алуға, оны беру туралы өзге де мәмiлелерге және оны лицензия негізінде пайдалануға беруге жол берілмейді.
1035-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық қорғаудың қолданылуы аясы
1. Қазақстан Республикасында республика аумағында орналасқан тауарлар шығарылатын жердің атауларына құқықтық қорғау берiледi.
2. Басқа мемлекеттегi тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық қорғау, егер осы атау тауар шығарылатын елде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген болса, осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасына берiледi.
1036-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiктiң қолданылу мерзiмi
Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiк патенттiк органға (ұйымға) өтiнiм түскен күннен бастап есептегенде он жыл бойы қолданылады.
Куәлiктiң қолданылу мерзiмi оның иесiнiң куәлiк қолданылуының соңғы жылы iшiнде берген өтiнiшi бойынша атауды пайдалануға құқық беретiн талаптардың сақталуы жағдайында он жылға ұзартылуы мүмкiн. Ұзартылу шектеусiз сан мәрте жүргiзiлуi мүмкiн.
1037-бап. Тауар шығарылатын жердiң атауын заңсыз пайдалану үшiн жауапкершiлiк
1. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалануға құқығын иеленушi тұлға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар бұл атауды заңсыз пайдаланушыдан оны пайдалануды тоқтатуды, тауардан, оның қорабынан, бланкiлерден және басқа да құжаттамадан заңсыз пайдаланылған атауды немесе олармен араласу дәрежесiне дейiн ұқсас белгiнi алып тастауды, атаудың немесе олармен араласу дәрежесiне дейiн ұқсас белгiнiң дайындалған бейнелерiн жоюды, ал егер бұл мүмкiн болмаса, тауарды және (немесе) оның қораптарын алып тастау мен жоюды талап ете алады.
2. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығын иеленушi тұлға осы құқықты бұзушыдан келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы (осы Кодекстiң 9-бабы).
6 бөлiм Мұрагерлік құқық
57-тарау. Мұрагерлік туралы жалпы ережелер
1038-бап. Мұрагерлiк
1. Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
2. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.
3. Мұрагерлiк осы Кодекспен, ал тiкелей өзi белгiлеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледi.
1039-бап. Мұрагерлiктiң негiздерi
1. Мұрагерлiк өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.
2. Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орын алады.2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1040-бап өзгертілді
1040-бап. Мұраның құрамы
1. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.
2. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер:
1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;
4) зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақылар мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының негізінде басқа да төлемдер алу құқығы;
5) заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi.
3. Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.
1041-бап. Ортақ бiрлескен меншiк болып табылатын мүлiкке мұрагерлiк
1. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушының қайтыс болуы оның меншiктегi үлесiн айқындау және ортақ мүлiктi бөлу не осы Кодекстiң 218-бабында белгiленген тәртiппен одан қайтыс болған қатысушының үлесiн бөлiп шығару үшiн негiз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне, ал мүлiктi заттай бөлу мүмкiн болмаған кезде - үлестiң құнына қатысты ашылады.
2. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушы ол қайтыс болғаннан кейiн осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын ортақ мүлiктегi өз үлесiне өсиет қалдыруға құқылы.
1042-бап. Мұраның ашылуы
1. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
2. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
3. Егер бiрiнен кейiн бiрi мұрагер болуға құқылы адамдар бiр күнде қайтыс болса олар бiр мезгiлде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлiкке шақырылады.
1043-бап. Мұраның ашылу орны
Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса - мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.
1044-бап. Мұрагерлер
1. Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.
2. Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн.2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1045-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1045-бап. Мұрадан лайықсыз мұрагерлердi шеттету
1. Мұра қалдырушыны немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өмiрiне қастандық жасалғаннан кейiн өздерiне қатысты өсиет қалдырған адамдар кiрмейдi.
2. Мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруға қасақана кедергi жасаған және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
3. Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнiнде өздерiне заң күшiмен жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.
4. Лайықсыз мұрагерлердi мұрагерлiктен шеттетуге негiз болатын мән-жайларды сот белгiлейдi.
4-1. Осы баптың негізінде мұрагерлікке құқығы жоқ немесе мұрагерліктен шеттетілген адам (лайықсыз мұрагер) мұраның құрамынан негізсіз алған барлық мүлікті қайтаруға міндетті.
Мұрагерлік мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде лайықсыз мұрагер оның нарықтық құнын өтеуге міндеті.
5. Осы баптың ережелері өсиеттік бас тартуға да қолданылады (осы Кодекстің 1057-бабы).
Лайықсыз бас тартушы үшін белгілі бір жұмысты орындау немесе оған белгілі бір қызмет көрсету өсиеттік бас тартудың нысаны болған жағдайда, ол өсиеттік бас тартуды орындаған мұрагерге атқарған жұмыстың немесе оған көрсетілген қызметтің құнын өтеуге міндетті.
6. Осы баптың ережелерi барлық мұрагерлерге, соның iшiнде міндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.
58-тарау. Өсиет бойынша мұрагерлік
1046-бап. Жалпы ережелер
1. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.
1-1. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды.
2. Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады.
3. Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.
4. Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды.
5. Мұра қалдырушы өзінің кез келген мүлкі, оның ішінде болашақта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да өкім бар өсиет жасауға құқылы.
Өсиет қалдырушы мұрагерлердің мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әртүрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады.
6. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес.
7. Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ.
1047-бап. Талап қойылған өсиет
1. Өсиет қалдырушы мұрагер мiнез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы.
2. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады.
3. Өсиетке енгiзiлген мұрагердiң денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективтi себептерге байланысты мұрагер үшiн орындалмайтын талаптар мұрагердiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
1048-бап. Мұрагерлердi қосымша тағайындау
1. Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан немесе осы Кодекстiң 1045-бабындағы тәртiппен лайықсыз мұрагер ретiнде мұрагерлiктен шеттетiлген жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындай алады (мұрагердi қосымша тағайындау).
2. Осы Кодекстiң 1044-бабына сәйкес мұрагер бола алатын кез келген адам қосымша тағайындалған мұрагер болуы мүмкiн.
3. Өсиет бойынша мұрагердiң қосымша тағайындалған мұрагерге пайдасы тимейтiн бас тартуына жол берiлмейдi.2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1049-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1049-бап. Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк
1. Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi осы Кодекстiң 1061-1064-баптарындағы тәртiппен мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлiнедi.
2. Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша мүлiктiң басқа бөлiгi өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi.
1050-бап. Өсиеттiң нысаны туралы жалпы ережелер
1. Өсиет оның жасалған жерi мен уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс.
2. Мыналар:
1) нотариатта куәландырылған өсиеттер;
2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше ресiмделген болып танылады.
3. Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет.
Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша оған нотариустың немесе өсиеттi куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзi қол қоя алмауының себебiн көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкiн.
4. Осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес өсиеттi жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезiнде куәлар қатысуға тиiс болған жағдайларда:
1) нотариус немесе өсиеттi куәландыратын өзге адам;
2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерi мен шөберелерi, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлерi;
3) толық әрекетке қабiлеттілігiн иеленбейтiн азаматтар;
4) сауатсыз және өсиеттi оқуға қабiлетсiз басқа да адамдар;
5) жалған жауап бергенi үшiн соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
1051-бап. Нотариатта куәландырылған өсиет
1. Нотариатта куәландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиiс. Өсиет қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т.б.) пайдалануы мүмкiн.
2. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиеттi өсиетке қол қойылғанға дейiн нотариус пен куәның қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға тиіс.
Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиеттi өзi оқи алмайтын болса, ол үшiн оның мәтiнiн нотариустың қатысуымен куә оқып бередi, ол туралы өсиет қалдырушының өсиеттi өзi оқи алмауының себептерi көрсетіліп, өсиетте тиiстi жазба жасалады.
3. Егер нотариат куәландырған өсиет куәның қатысуымен жасалса, өсиетте куәның тегi, аты және тұрақты тұратын жерi көрсетiлуге тиiс. Осындай мәлiметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгiзілуi тиiс.
4. Өсиет қалдырушының тiлегi бойынша нотариус өсиеттiң мазмұнымен таныспай-ақ оны куәландырады (құпия өсиет).
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупiмен, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екi куәның және нотариустың қатысуымен куәлар қол қоятын конвертке салынып, желiмденуге тиiс. Куәлар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желiмденедi.
5. Нотариус жоқ елдi мекендерде тұратын адамдардың өсиетiн заң актілерінде нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар куәландырады.
1052-бап. Нотариатта куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер
1. Нотариатта куәландырылған өсиеттерге:
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;
2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлердiң және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медицина бөлiмi жөніндегі орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;
3) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңiз кемелерiнде немесе iшкi жүзу кемелерiнде жүрген азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi;
4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi;
5) нотариустары және нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан мекендеріндегі әскери қызметшiлердiң өсиеттерi, сондай-ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi;
6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi теңестiрiледi.
2. Өсиет қалдырушы, осы баптың 1-тармағында көзделген өсиеттерге, өсиетке өзi де қол қоятын куәның қатысуымен қол қоюға тиiс.
Осы баптың 1-тармағында келтiрiлген лауазымды адамдар куәландырылған өсиеттiң бiр данасын нотариат туралы заңдарға сәйкес нотариустың сақтауына беруге мiндеттi.
Өсиеттiң нотариатта куәландырылуы туралы талаптарды қоспағанда, мұндай өсиеттердiң өзгелерiне тиiсiнше осы Кодекстiң 1051-бабының ережелерi қолданылады.
1053-бап. Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту
1. Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.
2. Өсиеттiң күшi:
1) нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш беру;
2) жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкiн.
3. Өсиет:
1) нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң белгiлi бiр бөлiгiн өзгерту туралы өтiнiш беру;
2) бұрын жасалған өсиетті бөлiктерi бойынша өзгертетiн жаңа өсиет жасау жолымен өзгертiлуi мүмкiн.
4. Бұрын жасалып, кейiнгi өсиет арқылы толық немесе iшiнара күшi жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегiнде соңғысының күшiн жойса немесе өзгертсе, қалпына келтiрiлмейдi.
1054-бап. Өсиеттiң құпиясы
Нотариустың, өсиеттi куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.
1055-бап. Өсиетке түсiнiк беру
Нотариус, өсиеттi орындаушы немесе сот өсиетке түсiнiк берген кезде ондағы сөздер мен тiркестердiң дәлме-дәл мәнi назарға алынады. Өсиеттiң қандай да болсын ережесiнiң дәлме-дәл мағынасы түсiнiксiз болған кезде ол осы ереженi басқа ережелермен және өсиеттiң тұтас мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1056-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1056-бап. Өсиеттiң жарамсыздығы
1. Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттiң жарамсыздығы осы Кодекстiң 4-тарауының мәмiлелердiң жарамсыздығы туралы ережелерiне де негiзделедi.
2. Өсиеттi жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың осы Кодекспен белгiленген тәртібінiң бұзылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүлiктiк зардап шеккен адамның талабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Егер сот мұра қалдырушының өз еркін білдіруін түсінуге әсер етпейді деп белгілесе, өсиетті жасау, қол қою немесе оны растау кезінде жіберілген емле қателері және техникалық сипаттағы басқа да елеусіз қателер өсиетті жарамсыз деуге негіз бола алмайды.
3. Өсиеттегi жекелеген өкiмдердiң жарамсыздығы өсиеттiң қалған бөлiгiнiң жарамдылығын қозғамайды.
4. Өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда, осы өсиет бойынша мұрадан айрылған мұрагер, осы Кодекстiң 1060-бабында белгiленген тәртiппен заң бойынша мұра алу құқығына ие болады.
1057-бап. Өсиеттiк бас тарту (легат)
1. Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебiнен өсиеттiк бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бiр немесе бiрнеше адамның (бас тартылушылардың) пайдасына қандай да болсын мiндеттеменi (өсиеттiк бас тарту) орындауды жүктеуге құқылы.
Заң бойынша мұрагерлер қатарына кiретiн адамдар да, кiрмейтiн адамдар да бас тартылушылар (легатарийлер) болуы мүмкін.
2. Өсиеттiк бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудiң құрамына кiретiн заттарды бас тартылушының меншiгiне, пайдалануына немесе өзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кiрмейтiн мүлiктi беру, ол үшiн белгiлi бiр жұмысты орындау, оған белгiлi қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкiн.
3. Өсиет қалдырушы өсиеттiк бас тартуды жүктеген мұрагер, оны тек оған ауысқан мұраның шын мәніндегі құны шегiнде және мұра қалдырушы қарыздарының өзiне артылған бөлiктерiн шығарып тастап орындауға тиiс.
Егер өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагердiң мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы болса, оның бас тартуды орындау мiндетi өзіне ауысқан мұраның оның міндетті үлесінің құнынан асатын құнымен шектеледi.
Егер өсиеттiк бас тарту барлық немесе бiрнеше мұрагерге жүктелсе, өсиетте өзгеше көзделмесе, ол мұрагерлердiң әрқайсысына мұрадағы үлесiне мөлшерлес салмақ салады.
4. Тұрғын үй немесе өзге де тұрғын үй-жай ауысатын мұрагерге өсиет қалдырушы тұрғын үй-жайды немесе оның белгiлi бiр бөлiгiн басқа адамға өмiр бойы пайдалануға беру мiндеттемесiн жүктеуге құқылы. Тұрғын үй-жайға меншiк құқығы кейiннен ауысқан жағдайда өмiр бойы пайдалану құқығы күшiн сақтайды.
Өмiр бойы пайдалану құқығы иелiктен айырылмайды, берiлмейдi және бас тартылушының мұрагерлерiне ауыспайды.
Бас тартылушыға берiлген өмiр бойы пайдалану құқығы, егер өсиетте өзгеше көрсетiлмесе, оның отбасы мүшелерiнiң тұруына негiз болмайды.
5. Өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагер қайтыс болған жағдайда немесе ол мұраны қабылдамаған жағдайда өсиеттiк бас тартуды орындау оның үлесiн алған басқа мұрагерге, не мүлiк иесiз қалса, мемлекетке ауысады.
Өсиеттiк бас тарту мұра ашылғанға дейiн немесе ашылғаннан кейiн бас тартылушы қайтыс болған жағдайда, бiрақ өсиет бойынша мұрагер оны қабылдап үлгерген кезге дейiн орындалмайды.
6. Бас тартылушы мұра қалдырушының борыштары үшiн жауап бермейдi.2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1058-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1058-бап. Жүктеу
1. Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге қандай да болсын әрекет жасау немесе кредит берушi ретiнде осы мiндеттi атқаруды талап ету құқығын ешкiмге ұсынбастан одан тартыну мiндетiн жүктей алады. Жалпыға пайдалы мақсатты жүзеге асыру үшін осындай мiндет мұра қалдырушы жүктеудi атқаруға мүлiктiң бiр бөлiгiн бөлiп шығарған кезде өсиеттi орындаушыға жүктелуi мүмкiн.
2. Мүлiктiк сипаты бар әрекеттер мәні болып табылатын жүктеуге, тиiсiнше осы Кодекстiң 1057-бабының қағидалары қолданылады.
3. Егер осы Кодексте көзделген мән-жайлар бойынша мұраның жүктеудi орындау мiндетi мойнында болған мұрагерге есептелетiн немесе оған тиесiлi үлесi басқа мұрагерлерге ауысса, жүктеудi орындау міндеті тоқтатылады.
1059-бап. Өсиеттiң орындалуы
1. Өсиет қалдырушы өсиеттi орындауды мұрагер болып табылмайтын, өсиетте өзi көрсеткен адамға (өсиеттi орындаушыға), өсиет жүктелген өкiлге тапсыра алады. Бұл адамның өсиеттi орындаушы болуға келісімi оның не өсиеттiң өзiне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берiлген өтiнiште көрсетiлуге тиiс.
Егер өсиетте оның орындаушысы көрсетiлмесе, мұрагерлер өзара келісім бойынша өсиеттi орындауды мұрагерлердiң бiрiне не басқа адамға тапсыруға құқылы. Мұндай келісімге қол жетпеген жағдайда бiр немесе бiрнеше мұрагердiң талап етуiмен өсиеттi орындаушыны сот тағайындауы мүмкiн.
Өсиеттi орындаушы өсиет бойынша мұрагерлердi бұл жөнiнде күнi бұрын хабардар етiп, өзiне өсиет қалдырушы жүктеген мiндеттердi атқарудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Өсиеттi орындаушы өз мiндеттерiнен мұрагерлердiң арызымен соттың шешiмi бойынша да босатылуы мүмкiн.
2. Өсиеттi орындаушы:
1) мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асыруға;
2) мұраның өз пайдасына ашылуы туралы барлық мұрагерлер мен бас тартылушыларды хабардар ету үшiн мүмкiн болған барлық шараларды қолдануға;
3) мұра қалдырушыға тиесiлi ақша сомасын алуға;
4) мұра қалдырушының еркi мен заң актілеріне сәйкес мұрагерлерге өздерiне тиесiлi мүлiктi беруге;
5) мұрагерлердiң оларға жүктелген өсиеттiк бас тартуды орындауын қамтамасыз етуге (осы Кодекстiң 1057-бабы);
6) өсиеттiк жүктеудi атқаруға не өсиет бойынша мұрагерлерден өсиеттiк жүктеудi атқаруды талап етуге (осы Кодекстiң 1058-бабы);
7) мұраны борыштардан тазартуға тиiс.
3. Өсиеттi орындаушы өз атынан сот iстерiне және мұраны басқару мен өсиеттi орындауға байланысты басқа iстерге араласуға құқылы, сондай-ақ мұндай iстерге қатысуға тартылуы мүмкiн.
4. Өсиеттi орындаушы мұраны борыштардан тазарту, мұра қалдырушыға тиесiлi сомаларды өндiрiп алу және барлық мұрагерлердiң мұраны иеленуге кiрiсуi үшiн қажеттi қисынды мерзiм iшiнде өз қызметiн жүзеге асырады.
5. Өсиеттi орындаушының мұраны басқару мен өсиеттi орындау жөніндегі қажеттi шығындарды мұраның есебiнен өтеуге құқығы бар. Өсиетте өсиеттi орындаушыға мұраның есебiнен сыйақы төлеу көзделуi мүмкiн.
6. Өсиет орындалғаннан кейiн өсиеттi орындаушы мұрагерлерге олардың талап етуi бойынша есеп беруге мiндеттi.
59-тарау. Заңды мұрагерлік
1060-бап. Жалпы ережелер
1. Заң бойынша мұрагерлер осы Кодекстiң 1061-1064-баптарында көзделген кезек тәртібімен мұрагерлiкке шақырылады.
2. Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.
Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
3. Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы кодекстiң 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады.
4. Осы Кодекстiң заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектілігi туралы және олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куәландырған келісімiмен өзгертiлуi мүмкін. Мұндай келісім оған қатыспайтын мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң құқықтарын қозғамауы тиiс.2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1061-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердің бірінші кезегi
1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.
2. Мұра қалдырушының немерелері мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1062-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1062-бап. Заң бойынша мұрагерлердің екінші кезегi
1. Егер бірінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екінші кезекте мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі - тең үлеспен алады.
2. Мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарының (сіңлілерінің) балалары (мұра қалдырушының немере іні-қарындастары, жиендері) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1063-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердің үшінші кезегi
1. Егер бірінші және екінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшінші кезекте мұра қалдырушының әкесімен бірге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.
2. Мұра қалдырушының немере аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1064-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1064-бап. Кейінгі кезектегі мұрагерлер
1. Егер бірінші, екінші және үшінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлік құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегі мұрагерлеріне жатпайтын, үшінші, төртінші және бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстары алады.
Туыстық дәрежесі туыстарды бір-бірінен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады. Мұра қалдырушының өзінің дүниеге келуі бұл қатарға жатпайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мұрагерлікке:
төртінші кезектегі мұрагерлер ретінде үшінші туыстық дәрежесіндегі туыстар - мұра қалдырушының арғы аталары мен әжелері;
бесінші кезектегі мұрагерлер ретінде төртінші туыстық дәрежесіндегі туыстар - мұра қалдырушының туған немере іні-қарындастарының, жиендерінің балалары (шөбере іні-қарындастары, жиеншарлары) және оның аталары мен әжелерінің туған аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері);
алтыншы кезектегі мұрагерлер ретінде бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстар - мұра қалдырушының шөбере іні-қарындастарының, жиеншарларының балалары, оның немере аға-інілері мен апа-қарындастарының (сіңлілерінің) балалары және оның екі атадан қосылатын аталары мен әжелерінің балалары шақырылады.
3. Егер алдыңғы кезектердегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша жетінші кезектегі мұрагерлер ретінде мұра қалдырушымен кемінде он жыл бір отбасында тұрған мұра қалдырушының өгей әкесіне не өгей шешесіне еріп келген аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері), өгей ұлдары, өгей қыздары, өгей әкесі және өгей шешесі шақырылады.
1065-бап. 2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
1066-бап. 2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1067-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1067-бап. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік
1. Мұра ашылғанға дейін немесе мұра қалдырушымен бір мезгілде қайтыс болған заңды мұрагердің үлесі осы Кодекстің 1061-бабының 2-тармағында, 1062-бабының 2-тармағында және 1063-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда ұсыну құқығы бойынша оның тиісті ұрпақтарына өтеді және олардың арасында тең бөлінеді.
2. Мұра ашылғанға дейін немесе мұра қалдырушымен бір мезгілде қайтыс болған және осы Кодекстің 1045-бабына сәйкес мұра алу құқығын иелене алмайтын мұрагердің ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұрагер болмайды.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1068-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1068-бап. Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке
жарамсыз адамдар
1. Егер мұра қалдырушымен бірге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болса, осы Кодекстің 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетілген, заң бойынша мұрагерлерге жататын, мұраның ашылу күніне дейін еңбекке жарамсыз болған, бірақ мұрагерлікке шақырылатын кезектегі мұрагерлердің тобына кірмейтін азаматтар заң бойынша осы кезектегі мұрагерлермен бірге және тең мұра алады.
2. Заң бойынша осы Кодекстің 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетілген мұрагерлер тобына кірмейтін, бірақ мұраның ашылу күніне дейін еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болған және онымен бірге тұрған мұрагерлер мұрагер болуға шақырылатын кезектегі мұрагерлермен бірге және тең мұра алады.
Заң бойынша басқа мұрагер болмаған кезде осы баптың 2-тармағында көрсетілген мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар сегізінші кезектегі мұрагерлер ретінде өз бетінше мұра алады.
1069-бап. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқық
1. Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына тиесiлi болатын үлестiң (мiндеттi үлес) кемінде жартысын мұраға алады.
2. Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсиет бойынша және (немесе) заң бойынша мұрадан алатынның барлығы, оның iшiнде әдеттегi үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардан тұратын мүлiктiң құны және мұндай мұрагердiң пайдасына белгiленген өсиеттiк бас тартудың құны, мiндеттi үлеске есептеледi.
3. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагер үшiн өсиетте белгіленген кез келген шектеулер мен жүктеулер өзіне ауысатын мұраның мiндеттi үлесiнен асатын бөлігіне қатысты ғана жарамды болады.
1070-бап. Мұра алу кезіндегі ерлi-зайыптылардың құқықтары
1. Ерлi-зайыптыларға өсиетке немесе заңға орай тиесiлi мұрагерлiк құқықтың мұра қалдырушымен некеде тұру жағдайына байланысты оның басқа да мүліктік құқықтарына, оның ішінде мүліктің некеде тұрғанда бірге тапқан бөлігіне меншiк құқығына қатысы жоқ.
2. Егер мұра қалдырушымен неке мұра ашылғанға дейiн iс жүзінде тоқтатылғандығы және ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, сот шешiмiмен ерлi-зайыптылар заң бойынша мұрагерлiктен шеттетiлуi мүмкiн.2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1071-бап өзгертілді
1071-бап. Мұраны қорғау және заң бойынша мұрагерлiк кезiнде оны басқару
1. Мүлiктiң бiр бөлiгi өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиеттi орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртібімен ауысатын бөлiгiн де қоса алғанда, барлық мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асырады.
Егер заң бойынша мұрагерлер мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртібімен ауысатын бөлiгiне қатысты көрсетiлген мiндеттердi атқару үшiн мұраны сенімгерлiкпен басқарушыны тағайындауды талап етпесе, тұтас алғанда бүкiл мұраны қорғау және оны басқару жөніндегі мiндеттердi осы Кодекстiң 1059-бабына сәйкес өсиет бойынша мұрагерлер немесе сот тағайындаған өсиеттi орындаушы жүзеге асырады.
2. Мұраны сенімгерлiкпен басқарушыны заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң өтiнiшiмен мұраның ашылған жерi бойынша нотариус тағайындайды. Мұраны басқарушыны тағайындаумен немесе оны таңдаумен келiспеген заң бойынша мұрагер сотта мұраны сенімгерлiкпен басқарушының тағайындалуына дау айтуға құқылы.
3. Егер заң бойынша мұрагерлер болмаса не белгiсiз болса, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мұраны сенімгерлiкпен басқарушыны тағайындау туралы нотариусқа жүгiнуге тиiс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың талап етуi бойынша мұраны сенімгерлiкпен басқарушы мұраның есебiнен оған қажеттi шығындар өтелiп, қисынды сыйақы төлене отырып керi шақырып алынуы мүмкiн.
4. Мұраны сенімгерлiкпен басқарушы заңды мұрагерліктiң ерекшелiктерiнен өзгеше туындамағандықтан, өсиеттi орындаушыға қатысты осы Кодекстiң 1059-бабында көзделген өкiлеттiктi жүзеге асырады.
5. Мұраны сенімгерлiкпен басқарушының мұра есебiнен мұраны қорғау және оны басқару жөніндегі қажеттi шығындарды өтеттiруге, ал егер оның мұрагерлермен келісімiнде өзгеше көзделмесе, сыйақы алуға да құқығы бар.
60-тарау. Мұра алу
1072-бап. Мұраны қабылдау
1. Мұрагер мұраны алу үшiн оны қабылдауға тиiс.
2. Мұрагердің мұраның бір бөлігін қабылдағаны өзіне тиесілі барлық мұраны қабылдағанын білдіреді.
Мұрагерді бір мезгілде бірнеше негіздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негіздердің бірі бойынша, оның бірнешеуі бойынша немесе барлық негіздер бойынша өзіне тиесілі мұраны қабылдай алады.
Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берілмейді.
3. Мұраны бір немесе бірнеше мұрагердің қабылдағаны мұраны қалған мұрагерлердің қабылдағанын білдірмейді.
4. Қабылданған мұра, оны іс жүзінде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай-ақ мұрагердің мұраға қалдырған мүлікке құқығы мемлекеттік тіркелуге тиісті болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттік тіркелген кезіне қарамастан, мұраның ашылған күнінен бастап мұрагерге тиесілі деп танылады.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1072-1-баппен толықтырылды
1072-1-бап. Мұра қабылдау тәсілдерi
1. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегі нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлікті беруге уәкілетті лауазымды адамға мұрагердің мұраны қабылдау туралы өтінішін не мұрагердің мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтінішін беру арқылы жүзеге асырылады.
Егер мұрагердің өтінішін нотариусқа басқа адам берсе немесе ол почта арқылы жіберілсе, өтініштегі мұрагердің қолын нотариус, нотариат әрекеттерін жасауға уәкілетті лауазымды адам (ocы Кодекстің 1051-бабының 5-тармағы) немесе осы Кодекстің 167-бабының 3-тармағына сәйкес сенімхатты куәландыруға уәкілетті адам куәландыруға тиіс.
Егер сенімхатта мұраны алуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұраны өкіл арқылы қабылдау мүмкін болады. Заңды өкілдің мұраны қабылдауы үшін сенімхат талап етілмейді.
2. Егер мұрагер мұрагерлікті іс жүзінде қабылдағанын куәландыратын іс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер:
мұраға алынған мүлікті иеленуге немесе басқаруға кіріссе;
мұраға алынған мүлікті сақтау, оны қол сұғудан немесе үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнінде шаралар қабылдаса;
мұраға алынған мүлікті ұстау шығыстарын өз есебінен жүргізсе;
өз есебінен мұра қалдырушының қарыздарын төлеген немесе мұра қалдырушыға тиесілі ақшаны үшінші тұлғалардан алған болса, өзгеше дәлелденгенге дейін мұрагер мұраны қабылдады деп танылады.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1072-2-баппен толықтырылды
1072-2-бап. Мұраны қабылдау мерзімi
1. Мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін.
Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күні ашылған жағдайда (осы Кодекстің 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың ішінде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешімінде өзге күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкін.
2. Егер мұрагерлік құқығы басқа адамдар үшін мұрагердің мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердің мұраны қабылдамауы немесе мұрагерді осы Кодекстің 1045-бабында белгіленген негіздер бойынша мұрадан шеттету салдарынан туындаса, мұндай адамдар оларда мұраға құқық туындаған күннен бастап алты айдың ішінде мұраны қабылдай алады.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1072-3-баппен толықтырылды
1072-3-бап. Белгіленген мерзімнің аяқталуына қарай мұраны қабылдау
Егер мұрагер мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді (осы Кодекстің 1072-2-бабы) дәлелді себептер бойынша өткізіп алған болса және мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагер бұл мерзімді өткізу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде сотқа жүгінген жағдайда осы мерзімді өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша сот бұл мерзімді қалпына келтіре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.
Мұрагер мұраны қабылдады деп танылған кезде сот барлық мұрагерлердің мұрагерлік мүліктегі үлестерін анықтайды және қажет болған жағдайда жаңа мұрагердің мұрадан өзіне тиесілі үлесін алу құқығын қорғау жөнінде шаралар белгілейді. Бұған дейін берілген мұраға құқық туралы куәліктерді сот жарамсыз деп таниды.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1072-4-баппен толықтырылды
1072-4-бап. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлік трансмиссия)
Егер заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны осы Кодекстің 1072-2-бабында белгіленген мерзімде қабылдап үлгермей, мұра ашылғаннан кейін қайтыс болса, онда мұраның оған тиесілі үлесін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне ауысады.
Қайтыс болған мұрагердің осы құқығын оның мұрагерлері мұраны қабылдауға арналған мерзімнің қалған бөлігі ішінде жалпы негіздерде жүзеге асыра алады.
Егер мерзімнің қалған бөлігі үш айдан аз болса, ол үш айға дейін ұзартылады.
Мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін, егер сот қайтыс болған мұрагердің мұрагерлерінің осы мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп тапса, онда сот оларды осы Кодекстің 1072-3-бабына сәйкес мұраны қабылдады деп тануы мүмкін.
Мұрагердің осы Кодекстің 1069-бабына сәйкес міндетті үлес ретінде мұраның бір бөлігін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне ауыспайды.
1073-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру
1. Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшiмен оған мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi.
2. Мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн берiледi.
Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiк кезiнде, егер нотариуста куәлiк берiлуiн сұраған адамдардан басқа тиiстi мүлiкке не бүкiл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлiк аталған мерзiм өткенге дейiн де берiлуi мүмкiн.2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1074-бап өзгертілді
1074-бап. Мұрадан бас тарту құқығы
1. Мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты айдың iшiнде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс.
2. Мұрадан бас тарту мұрагердiң мұраның ашылған жерi бойынша нотариусқа арыз беруiмен жасалады.
Егер сенімхатты бас тартуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұрадан өкiл арқылы бас тартуға болады.
3. Мұрадан бас тартуды кейiннен күшiн жоюға немесе қайтарып алуға болмайды.
4. Мұрагер өзiне сол үшiн берiлген мерзiм өткеннен кейiн мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырған мүлiктi iс жүзiнде иеленуге кiрiссе не оған билiк етсе, не оның осы мүлiкке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтiнiш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзiм өткенге дейiн де жоғалтады.
5. Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзiнiң өсиет бойынша немесе кез келген кезектегi заң бойынша мұрагердiң қатарындағы басқа адамдардың пайдасына, оның ішінде ұсыну құқығы бойынша мұра алуға шақырылған адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы.
Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердiң пайдасына мұрадан бас тартуға жол берiлмейдi.
6. Егер мұрагер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiкке шақырылса, ол осы негiздемелердiң бiреуi бойынша немесе екi негiздеме бойынша өзiне тиесiлi мұрадан бас тартуға құқылы.
7. Мұрагер мұраның басқа бөлiгi мұраға қалдырылуына қарамастан, үстелу құқығы бойынша өзiне тиесiлi мұрадан бас тартуға құқылы (осы Кодекстiң 1079-бабы).
8. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мұраның бiр бөлігінен бас тартуға, мұрадан ескерту жасап немесе шарт қойып бас тартуға жол берiлмейдi.
1075-бап. Өсиеттiк бас тартуды алудан бас тарту құқығы
1. Бас тартылушы өсиеттiк бас тартудан бас тартуға құқылы. Ішiнара бас тартуға, ескерту жасап, шарт қойып немесе басқа адамның пайдасына бас тартуға жол берiлмейдi.
2. Осы бапта көзделген құқық бiр мезгiлде мұрагер болып табылатын бас тартылушының мұрадан бас тарту құқығына байланысты емес.
3. Егер бас тартылушы осы бапта көзделген құқықты пайдаланса, өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагер оны орындау мiндетiнен босатылады.2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 1076-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1076-бап. Мұраны бөлу
1. Мұраны қабылдаған кез келген заң бойынша мұрагер мұраны бөлудi талап етуге құқылы.
Мұраны бөлу мұрагерлердiң келісімi бойынша оларға тиесiлi үлестерге сәйкес, ал келісімге қол жетпеген кезде - сот тәртібімен жүргiзiледi.
Егер мұраның құрамына мұраға қалдырушының құқықтары тіркелмеген және тіркелмесе туындаған деп есептелмейтін мүлік кірсе, мұрагерлер арасында мүлікті бөлу мұраға қалдырушының құқықтары заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелгеннен кейін жүргізіледі.
2. Осы баптың ережелерi барлық мұра немесе оның бiр бөлiгi мұрагерлерге нақты мүлiк көрсетiлмеген үлеспен өсиет етiлген жағдайда, мұрагерлердiң арасында мұраны өсиет бойынша бөлуге қолданылады.
1077-бап. Болмаған мұрагерлердiң құқықтары
1. Егер мұрагерлердiң арасында тұратын жерi белгiсiз адамдар болса, қалған мұрагерлер, өсиеттi орындаушы (мұраны басқарушы) және нотариус олардың тұратын жерiн анықтауға және оларды мұрагерлiкке шақыруға қисынды шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Егер тұратын жерi анықталған, мұрагерлiкке шақырылып, болмай қалған мұрагер осы Кодекстiң 1074-бабында көзделген мерзiм iшiнде мұрагерлiктен бас тартпаса, қалған мұрагерлер өздерiнiң мұраны бөлiсудi жүргiзу ниетi туралы хабардар етуге мiндеттi.
Егер осының алдындағы бөлiкте көзделген хабардар ету кезiнен бастап үш айдың iшiнде болмай қалған мұрагер мұраны бөлу туралы келісімге қатысу тiлегi туралы қалған мұрагерлердi хабардар етпесе, қалған мұрагерлер болмаған мұрагерге тиесiлi үлестi бөлек шығарып, өзара келісім бойынша бөлiстi жүргiзуге құқылы.
3. Егер мұра ашылған күннен бастап бiр жылдың iшiнде болмаған мұрагердiң тұратын жерi анықталмаса және оның мұрадан бас тартқандығы туралы мәлiметтер болмаса, қалған мұрагерлер бөлiстi осы баптың 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң ережелерi бойынша жүргiзуге құқылы.
4. Iште қалған, бiрақ әлi тумаған мұрагер болған кезде мұраны бөлу тек мұндай мұрагер туғаннан кейiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
Егер iште қалған мұрагер тiрi туса, қалған мұрагерлер оған тиесiлi мұралық үлестi бөлiп шығару арқылы ғана мұра бөлудi жүргiзуге құқылы. Жаңа туған баланың мүдделерiн қорғау үшiн бөлiске қатысуға қорғаншылық және қамқоршылық органның өкiлi шақырылуы мүмкiн.
1078-бап. Жекелеген мұрагерлердiң мұраға кiретiн мүлiкке басым құқығы
1. Мұра ашылғанға дейiнгi бiр жыл iшiнде мұра қалдырушымен бiрге тұрған мұрагерлер тұрғын үйдi, сондай-ақ үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысы заттарын мұраға алуға басым құқыққа ие болады.
2. Мұра қалдырушымен бiрге мүлiкке ортақ меншiк құқығы бар мұрагерлер ортақ меншiкте болған мүлiктi мұраға алуға басым құқыққа ие болады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған басым құқықты жүзеге асырған кезде бөлiске қатысатын басқа да мұрагерлердiң мүлiктiк мүдделерi сақталуға тиіс. Егер өздерiне тиесiлi үлестердi беру үшiн мұраны құрайтын мүлiк жеткiлiксiз болса, басым құқықты жүзеге асыратын мұрагер оларға тиiсiнше ақшалай немесе мүлiктiк өтемақы беруге тиiс.
1079-бап. Мұралық үлестердiң үстелуi
1. Мұрагер мұрадан бас тартқан не ол осы Кодексте аталған мән-жайлар бойынша шығып қалған жағдайда мұраның мұндай мұрагерге есептелуге тиiс бөлiгi мұрагерлiкке шақырылған заң бойынша мұрагерлерге түседi және олардың арасында өздерiнiң мұралық үлестерiне бара-бар бөлiнедi.
Егер мұра қалдырушы барлық мүлiктi өзi тағайындаған мұрагерлерге өсиет етсе, мұрадан бас тартқан немесе шығып қалған мұрагерге тиесiлi мұра бөлiгi өсиет бойынша қалған мұрагерлерге түседi және өсиетте өзгеше көзделмегендiктен, олардың арасында өздерiнiң мұралық үлестерiне бара-бар бөлiнедi.
2. Осы баптың 1-тармағындағы ережелер:
1) егер бас тартқан немесе шығып қалған мұрагердің орнына мұрагер қосымша тағайындалса;
2) мұрагер белгiлi бiр тұлғаның пайдасына мұрадан бас тартқан кезде;
3) заң бойынша мұрагерлiк кезiнде мұрагердiң бас тартуы немесе шығып қалуы келесi кезектегi мұрагерлердi мұрагерлiкке шақыруға әкеп соққан жағдайларда қолданылмайды.
1080-бап. Мұраның есебiнен төлеуге жататын шығындар
Мұра қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғызған қажеттi шығындарды, мұра қалдырушыны жерлеуге арналған шығындарды, мұраны қорғауға, басқаруға, өсиеттi орындауға, сондай-ақ өсиеттi орындаушыға немесе мұраны сенімгерлiкпен басқарушыға сыйақы төлеуге байланысты шығындарды өтеу туралы талаптар ол мұрагерлер арасында бөлiнгенге дейiн мұра есебiнен қанағаттандырылуға тиiс. Бұл талаптар барлық басқа, оның iшiнде кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптардың алдында мұраның құнынан басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс.
1081-бап. Мұра қалдырушының борыштарын кредит берушiлердiң өндiрiп алуы
Мұра қалдырушының кредит берушiлерi өздерiнiң мұра қалдырушының мiндеттемелерiнен туындайтын талаптарын өсиеттi орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлiк құнының шегiнде ортақ борышқорлар ретiнде жауап беретiн мұрагерлерге қоюға құқылы.2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1082-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1082-бап. Шаруа немесе фермер қожалығындағы мұрагерлiк
Шаруа немесе фермер қожалығының мүшесi қайтыс болған жағдайда мұра жалпы ережелер бойынша ашылады. Мұрагердiң осы мүлiкке жалпы меншiктегi оның үлесiне мөлшерлес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.24.12.01 № 276-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1083-бап өзгертілді; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1083-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1083-бап. Иесiз қалған мүлік
1. Егер өсиет бойынша да заң бойынша да мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса (осы Кодекстiң 1045-бабы), не олардың бәрi мұрадан бас тартса (осы Кодекстiң 1074-бабы), мұра иесiз қалған мүлік деп танылады.
2. Иесiз қалған мүлік мұраның ашылған жерi бойынша коммуналдық меншiкке ауысады.
Коммуналдық меншiкке түскен иесiз қалған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Коммуналдық меншiкке түскен иесiз қалған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Мұра ашылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн мұра ашылған жер бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші негiзiнде сот мұраны иесiз қалған мүлік деп таниды. Егер мұраны қорғауға және оны басқаруға байланысты шығындар оның құнынан асып түссе, мұра аталған мерзiм өткенге дейiн иесiз қалған мүлік деп танылуы мүмкiн.
4. Иесiз қалған мүлiктi қорғау және оны басқару осы Кодекстiң 1071-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Осы Кодекстің 1080 және 1081-баптарында көзделген қағидалар иесіз қалған мүлікке де қолданылады.
7 бөлім Халықаралық жеке құқық
61-тарау. Жалпы ережелер
1084-бап. Шетелдiк элемент шиеленiстiрген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиiстi құқықты анықтау
1. Шетелдiк азаматтардың немесе шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен не өзге де шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиiстi құқық осы Кодекстiң, өзге де заң актілерінiң, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың және танылған халықаралық ғұрыптардың негiзiнде анықталады.
2. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес қолданылуға тиiстi құқықты анықтау мүмкiн болмаса, шетелдiк элемент шиеленiстiрген азаматтық-құқықтық қатынастармен неғұрлым тығыз байланысты құқық қолданылады.
3. Осы бөлiмнiң сот қолдануға тиiстi құқықты анықтау туралы ережелерiн тиiсiнше қолданылуға тиiстi құқық туралы мәселенi шешуге өкілеттік берілген басқа органдар да қолданады.
1085-бап. Заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау)
1. Сот заң ұғымдарын саралауды (құқықтық саралау), егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, оларға сот елiнiң құқығына сәйкес түсiнiк беруге негiздейдi.
2. Егер заң ұғымдары сот елiнiң құқығына белгiсiз болса немесе басқа атаумен немесе басқа мазмұнмен белгiлi болса және сот елiнің құқығы бойынша түсiндiру арқылы анықтау мүмкiн болмаса, заңдылық ұғымдарды саралау (құқықтық саралау) кезінде шет мемлекеттiң құқығы да қолданылуы мүмкiн.
1086-бап. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау
1. Шетел құқығын қолданған кезде сот оның нормаларының мазмұнын олардың ресми түсіндірілуіне, қолданылу практикасына және тиiстi шет мемлекеттегi доктринаға сәйкес анықтайды.
2. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау мақсатында сот жәрдем және түсiнiк алу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне және Қазақстан Республикасының өзге де құзыреттi органдары мен мекемелерiне, соның iшiнде шетелдерде орналасқандарына белгiленген тәртiппен жүгiнуi не сарапшылар тартуы мүмкiн.
3. Iске қатысушы тұлғалар өз талаптарын немесе қарсылықтарын негiздеуде сiлтеме жасаған шетел құқығы нормаларының мазмұнын растайтын құжаттар табыс етуге және осы нормалардың мазмұнын анықтауда сотқа өзге де түрде жәрдемдесуге құқылы.
4. Егер осы бапқа сәйкес қолданылған шараларға қарамастан, шетелдiк құқық нормаларының мазмұны орынды мерзiмдерде анықталмаса, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
1087-бап. Керi сiлтеме жасау және үшiншi елдiң құқығына сiлтеме жасау
1. Осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес кез келген шетел құқығына сiлтеме жасау, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi елдiң коллизиялық емес, материалдық құқығына сiлтеме жасау ретiнде қарастырылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының құқығына керi сiлтеме жасау және үшiншi елдiң құқығына сiлтеме жасау осы Кодекстiң 1094-бабына, 1095-бабының, 3, 5-тармақтарына, 1097-бабына сәйкес шетел құқығы қолданылған жағдайларда қолданылады.
1088-бап. Заңды айналып өтудiң салдары
Қатынастарға қатысушылардың осы Кодекспен реттелетiн, осы бөлiмнiң қолданылуға тиiстi құқық туралы ережелерiн айналып өтiп тiгiстi қатынастарды өзге құқыққа жатқызуға бағытталған келісімдерi мен өзге де iс-әрекеттерi жарамсыз болады. Бұл жағдайда осы бөлiмге сәйкес қолданылуға тиiстi құқық қолданылады.
1089-бап. Өзара түсiнiстiк
1. Шетел құқығын өзара түсiнiстiк негiзiнде қолдану Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi шет мемлекеттегi ұқсас қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығын қолдануға болатын-болмайтындығына қарамастан, сот шетел құқығын қолданады.
2. Егер шетел құқығын қолдану өзара түсiнiстiкке байланысты болса, өзгеше дәлелденбегендiктен, ол бар деп ұйғарылады.
1090-бап. Жария тәртiп туралы ескерту
1. Шетел құқығы оны қолдану Қазақстан Республикасы құқықтық тәртібінiң негiздерiне (Қазақстан Республикасының жария тәртібіне) қайшы келерлiк жағдайларда қолданылмайды. Бұл жағдайларда Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
2. Шетел құқығын қолданудан бас тартуды тиiстi шет мемлекеттiң саяси немесе экономикалық жүйесiнiң Қазақстан Республикасының саяси немесе экономикалық жүйесiнен айырмашылығына ғана негiздеуге болмайды.
1091-бап. Императивтiк нормаларды қолдану
1. Норманың өзiнде көрсетiлуi салдарынан немесе азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн олардың ерекше маңызы болуына байланысты, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, Қазақстан Республикасы заңдарының тиiстi қатынастарды реттейтiн императивтiк нормаларының қолданылуына бұл бөлiм ережелерiнiң қатысы болмайды.
2. Осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес, қандай да болсын бiр елдiң құқығын қолданған кезде сот, егер сол басқа елдiң құқығына сәйкес мұндай нормалар, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, тиiстi қатынастарды реттеуге тиiс болса, басқа ел құқықтарының қатынаспен тығыз байланысы бар императивтiк нормаларын қолдана алады. Бұл орайда сот мұндай нормалардың мақсаты мен сипатын, сондай-ақ оларды қолданудың салдарын назарға алуға тиіс.
1092-бап. Көп құқықтық жүйелерi бар елдiң құқығын қолдану
Бiрнеше аумақтық немесе құқықтық жүйелер қолданылатын елдiң құқығы қолданылуға тиiс болған жағдайларда, осы елдiң құқығына сәйкес құқықтық жүйе қолданылады.
1093-бап. Реторсиялар
Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына арнайы шектеулерi бар мемлекеттердiң азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына қатысты Қазақстан Республикасы қарсы шектеулер (реторсиялар) белгiлеуi мүмкiн.
62-тарау. Коллозиялық нормалар
1. Тұлғалар
1094-бап. Жеке тұлғаның жеке заңы
1. Жеке тұлға азаматы болып табылатын елдiң құқығы оның жеке заңы болып саналады. Адамның екi немесе одан көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдiң құқығы оның жеке заңы болып саналады.
2. Азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын елдiң құқығы, ол адамның жеке заңы болып саналады.
3. Баспана берген елдiң құқығы босқынның жеке заңы болып саналады.2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 1095-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1095-бап. Жеке адамның құқық қабiлеттілігi мен әрекетке қабiлеттілігi
1. Жеке тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі оның жеке заңында анықталады. Бұл ретте шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтық құқық қабілеттілігін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.
2. Жеке адамның әрекетке қабiлеттілігi оның жеке заңымен анықталады.
3. Жеке адамның мәмiлелер мен зиян келтiру салдарынан пайда болатын мiндеттемелерге қатысты азаматтық әрекетке қабiлеттілігi мәмiле жасалған немесе зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелер пайда болған жердегi елдiң құқығы бойынша анықталады.
4. Жеке адамның жеке кәсiпкер болуға және соған байланысты құқықтары мен мiндеттерiнiң болуға қабiлетi жеке адам жеке кәсiпкер ретiнде тiркелген елдiң құқығы бойынша анықталады. Тiркелген елi болмаған жағдайда жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын негiзгi орнындағы елдiң құқығы қолданылады.
5. Жеке адамды әрекетке қабiлетсiз немесе қабiлетi шектеулi деп тану сот елiнiң құқығына бағынады.
1096-бап. Жеке адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану және оны қайтыс болды деп жариялау
Жеке адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану және оны қайтыс болды деп жариялау сот елiнiң құқығына бағынады.
1097-бап. Жеке адамның есімі
Жеке адамның есiм алу оны пайдалану және қорғау құқығы, егер осы Кодекстiң 15-бабының 5 және 7-тармақтарында, 1103 және 1120-баптарында көзделген ережелерден өзгеше туындамаса, оның жеке заңымен белгiленедi.
1098-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тiркеу
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тiркеу Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерінде жүзеге асырылады. Бұл орайда Қазақстан Республикасының заң актілері қолданылады.
1099-бап. Шет мемлекет органдары азаматтық хал актілерін куәландыруға берген құжаттарды тану
Шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары тиістi мемлекеттердің заңы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасаған азаматтың хал актілерін куәландыруға берген құжаттар жария етілген жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
1100-бап. Заңды тұлғаның заңы
Заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлғаның заңы болып саналады.
1101-бап. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлігi
1. Заңды тұлғаның азаматтық құқық қабiлеттілігi осы заңды тұлғаның заңымен анықталады.
2. Шетелдiк заңды тұлға өз органының немесе өкiлiнiң мәмiле жасауға өкiлеттiгiн шетелдiк заңды тұлғаның органы немесе өкiлi мәмiле жасаған елдiң құқығына белгiсiз шектеуге сiлтеме жасай алмайды.
3. Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып табылмайтын шетел ұйымдарының азаматтық құқық қабiлеттілігi ұйым құрылған елдiң құқығы бойынша анықталады.
Мұндай ұйымдардың қызметiне, егер Қазақстан Республикасының құқығын қолдануға болса, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады, егер Қазақстан Республикасының заңдарынан немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше туындамайтын болса, олар коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.2010.05.02. № 249-ІV ҚР Заңымен 1102-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1102-бап. Мемлекеттің шетелдік элементі бар азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуы
1. Мемлекет қатысатын шетелдік элементі бар азаматтық-құқықтық қатынастарға, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, осы бөлімнің ережелері жалпы негіздерде қолданылады.
2. Қазақстан Республикасы шетелдік элементі бар азаматтық-құқықтық қатынастарда, егер:
Қазақстан Республикасының халықаралық шартында;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болып табылмайтын жазбаша келісімде;
сотта мәлімдеме жасау немесе нақты іс қарау шеңберінде жазбаша хабардар ету арқылы өзгеше белгіленбесе, соттық иммунитетті, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитетті және сот актісін мәжбүрлеп орындатудан иммунитетті қоса алғанда, басқа мемлекет соттарының юрисдикциясынан өзіне және өзінің меншігіне қатысты юрисдикциялық иммунитетті пайдаланады.
2. Жеке мүлiктiк емес құқықтар
1103-бап. Жеке мүлiктiк емес құқықтарды қорғау
Жеке мүлiктiк емес құқықтарға мұндай құқықтарды қорғау туралы талап ету үшін негіз болған іс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған елдiң құқығы қолданылады.
3. Мәмiлелер, өкiлдiк, талап мерзiмi
1104-бап. Мәмiленiң нысаны
1. Мәмiленiң нысаны ол жасалған жердiң құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәмiленi, егер Қазақстан Республикасы құқығының талаптары сақталса, нысанның сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды.
2. Қатысушыларының кем дегенде бiреуi Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сыртқы экономикалық мәміле мәміленің жасалған жеріне қарамастан, жазбаша нысанда жасалады.
3. Қозғалмайтын мүлiкке қатысты мәмiленiң нысаны - осы мүлік орналасқан жердегі елдің құқығына, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiзілімге енгiзiлген қозғалмайтын мүлiкке қатысты болса, Қазақстан Республикасының құқығына бағынады.
1105-бап. Сенімхат
Сенімхаттың нысаны мен қолданылу мерзiмi осы сенімхат берiлген елдiң құқығы бойынша анықталады. Алайда сенімхат Қазақстан Республикасы құқықтарының талаптарын қанағаттандырса, оны нысаны сақталмауының салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды.
1106-бап. Талап мерзiмi
1. Талап мерзiмi тиiстi қатынастарды реттеу үшiн қолданылатын елдің құқығы бойынша анықталады.
2. Талап мерзiмi қолданылмайтын талаптар, егер тиiстi қатынасқа қатысушылардың кем дегенде біреуі Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болса, Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.
4. Заттық құқықтар
1107-бап. Заттық құқықтарға қолданылатын құқық туралы жалпы ережелер
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк құқығы мен басқа да қозғалмайтын және қозғалатын мүлiкке заттық құқықтар осы мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады.
2. Мүлiктiң қозғалмайтын немесе қозғалатын заттарға жататындығы, сондай-ақ мүлiктiң өзге де заңдық саралануы осы мүлiк орналасқан елдiң құқығы бойынша анықталады.
1108-бап. Заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы
1. Мүлiкке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, заттық құқықтың пайда болуы не тоқтатылуы үшiн негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған кезде сол мүлiк болған елдiң құқығы бойынша анықталады.
2. Егер тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, мәмiленiң нысанасы болып табылатын мүлiкке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, елдiң осы мәмiле бағындырылған құқығы бойынша анықталады.
3. Алыну мерзiмiнiң ескiруi салдарынан мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы аяқталған алу мерзiмiнiң ескiрген кезiнде болған елдiң құқығымен анықталады.
1109-бап. Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi көлiк құралдары мен өзге де мүлiкке заттық құқықтар
Мемлекеттік тiркелуге тиiстi көлiк құралдары мен өзге де мүлiкке заттық құқық осы көлiк құралдары немесе мүлiк мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген елдiң құқығы бойынша анықталады.
1110-бап. Жолдағы қозғалатын мүлiкке заттық құқықтар
Мәмiле бойынша жолда келе жатқан қозғалатын мүлiкке меншiк құқығы және басқа да заттық құқықтар, егер тараптардың келісімiнде өзгеше белгiленбесе, осы мүлiк жөнелтiлген елдiң құқығы бойынша анықталады.
1111-бап. Заттық құқықтарды қорғау
1. Меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға арыз берушінің таңдауы бойынша мүлік тұрған елдің құқығы немесе сот елiнiң құқығы қолданылады.
2. Қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға осы мүлiк тұрған елдiң құқығы қолданылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тiзiлiмiне енгізілген мүлікке қатысты Қазақстан республикасының құқығы қолданылады.
5. Шарттық мiндеттемелер
1112-бап. Шарт тараптарының келісімiмен құқық таңдау
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісімiмен таңдалған елдiң құқығымен реттеледi.
2. Тараптардың қолданылуға тиiстi құқықты таңдау туралы келісімi айқын көрсетiлуге немесе шарттың және оларды жинақтап қарайтын iстiң мән-жайларының ережелерiнен тiкелей туындауға тиiс.
3. Шарттың тараптары тұтас алғанда шарт үшiн де, оның жекелеген бөлiктерi үшiн де қолданылатын құқықты таңдай алады.
4. Шарттың тараптары қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезiнде де, одан кейiн де таңдап алуы мүмкiн. Тараптар шартқа қолданылатын құқықты өзгерту туралы да кез келген уақытта уағдаласа алады.
1113-бап. Тараптардың келісімi болмаған кезде шартқа қолданылатын құқық
1. Шарт тараптарының қолдануға тиiстi құқық туралы келісімi болмаған кезде ол шартқа:
1) сатып алу-сату шартында - сатушы;
2) сыйға тарту шартында - сыйға тартушы;
3) мүліктік жалдау (жалға алу) шартында - жалға беруші немесе жалдауға берушi;
4) мүлiктi тегiн пайдалану шартында - несие берушi;
5) мердiгерлiк шартында - мердiгер;
6) тасымалдау шартында - тасымалдаушы;
7) көлiк экспедициясы шартында - экспедитор;
8) қарыз немесе өзге де кредит шартында - кредит берушi;
9) тапсырма шартында - сенім бiлдiрiлген адам;
10) комиссияның шартында - комиссионер;
11) сақтау шартында - сақтаушы;
12) сақтандыру шартында - сақтандырушы;
13) тапсырма беру шартында - тапсырма берушi;
14) кепiлге салу шартында - кепiлге салушы;
15) айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта лицензиар болып табылатын тараптар құрылған, тұратын жерi немесе негiзгi қызмет орны бар елдiң құқығы қолданылады.
2. Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бойынша, сондай-ақ мүлiктi сенімгерлiкпен басқару туралы шарт бойынша құқықтар мен мiндеттемелерге сол мүлiк тұрған елдiң құқығы, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген мүлiкке қатысты Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
3. Шарт тараптарының қолданылуға тиiстi құқық туралы келісімi болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағындағы ережелерге қарамастан:
1) бiрлескен қызмет және құрылыс мердiгерлiгi туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдiң құқығы;
2) конкурстық сауда-саттықтың (тендердiң, аукционның) қорытындылары бойынша немесе биржада жасалған шартқа конкурстық сауда-саттық өткiзiлген немесе биржа орналасқан елдiң құқығы қолданылады.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарында атап келтiрiлген шарттарға, тараптардың қолданылуға тиiстi құқық туралы келісімi болмаған кезде, мұндай шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жерi немесе негiзгi қызмет орны болған елдiң құқығы қолданылады. Шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар орындауды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда шарт мейлiнше тығыз байланысты елдiң құқығы қолданылады.
5. Шарт бойынша орындауды қабылдауға қатысты, тараптар өзгеше келiспегендiктен, осындай қабылдау өткiзетiн орынның құқығы ескерiледi.
6. Егер шартта халықаралық айналымда қабылданған сауда терминдерi пайдаланылса, шартта өзге нұсқаулар болмаған жағдайда оларды iскерлiк айналымның тиiстi сауда терминдерiне қатысты қолданылып жүрген ғұрыптар жөніндегі қатынастарына қолдануға тараптар келiскен деп есептеледi.
1114-бап. Шетелдiң қатысуымен заңды тұлға құру туралы шартқа қолданылатын құқық
1. Шетелдiң қатысуымен заңды тұлға құру туралы шартқа осы заңды тұлға құрылатын немесе құрылған елдiң құқығы қолданылады.
2. Осы баппен реттелетiн қатынастар өзiне заңды тұлғаны құру және тоқтату оған қатысу үлесiн беру жөніндегі қатынастарды және заңды тұлғаның қатысушылары арасындағы олардың (соның iшiнде кейiнгi келісімдермен белгiленетiн) байланысты өзара құқықтары мен міндеттерiне басқа да қатынастарды қамтиды.
3. Осы баптың ережелерi шетел қатысатын заңды тұлға қатысушыларының өзара құқықтары мен мiндеттерi басқа құрылтай құжаттарымен белгiленген жағдайда да қолданылады.
1115-бап. Қолданылатын құқықтың күшiнде болатын саласы
1. Шартқа осы параграф ережелерiне орай қолданылатын құқық, атап айтқанда:
1) шартқа түсіндіруді;
2) тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;
3) шарттың орындалуын;
4) шартты орындамаудың немесе тиiсiнше орындамаудың салдарын;
5) шарттың тоқтатылуын;
6) шарт жарамсыздығының негiздерi мен салдарын;
7) шартқа байланысты талаптарды беру мен қарыз аударуды қамтиды.
2. Орындаудың әдiстерi мен рәсiмдерiне, сондай-ақ тиiсiнше орындалмаған жағдайда қолданылуға тиіс шараларға қатысты қолданылатын құқықтан басқа орындалу жүргiзiлетiн елдiң құқығы да назарға алынады.
6. Шарттан тыс мiндеттемелер
1116-бап. Бiр жақты мәмiлелерден туындайтын мiндеттемелер
Бiр жақты мәмiлелерден туындайтын мiндеттемелерге (марапаттауға жария уәде ету, бөтен адамның мүддесiне тапсырмасыз қызмет iстеу және басқалар) мәмiлелер жасалған жердiң құқығы қолданылады. Бiр жақты мәмiле жасау орны Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.
1117-бап. Зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер
1. Зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер жөніндегі құқықтар мен мiндеттер, зиянды өтеу туралы талап ету үшiн негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жай орындалған елдiң құқығы бойынша анықталады.
2. Шетелде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер жөніндегі құқықтар мен мiндеттер, егер тараптар сол бiр мемлекеттiң азаматтары немесе заңды тұлғалары болса, сол мемлекеттiң құқығы бойынша анықталады.
3. Егер iс-әрекет немесе зиянды өтеу туралы талап етуге негiз болған өзге де мән-жай Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша заңсыз болмаса, шетел құқығы қолданылмайды.
1118-бап. Тұтынушыға келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
Тұтынушының тауар сатып алуға немесе қызмет көрсетуге байланысты туындаған зиянды өтеу туралы талабына, тұтынушының таңдауы бойынша:
1) тұтынушы тұратын тұрғылықты жердегi елдiң құқығы;
2) өндiрушiнiң немесе қызмет көрсетушi тұлғаның тұрғылықты жеріндегі немесе орналасқан жеріндегі елдiң құқығы;
3) тұтынушы тауарды сатып алған немесе оған қызмет көрсетiлген елдiң құқығы қолданылады.
1119-бап. Негiзсiз баю
1. Негiзсiз баюдың салдарынан туындайтын мiндеттемелерге баю орын алған елдiң құқығы қолданылады.
2. Егер негiзсiз баю мүлiк сатып алынған немесе сақталған негiздiң болжауы салдарынан туындаса, қолданылатын құқық осы негiз бағындырылған елдiң құқығы бойынша анықталады.
3. Негізсіз баю ұғымы Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.
7. Интеллектуалдық меншiк
1120-бап. Интеллектуалдық меншiкке құқықтар
1. Интеллектуалдық меншiкке құқықтарға осы құқықтарды қорғау сұралатын елдiң құқығы қолданылады.
2. Интеллектуалдық меншiкке құқық өз нысанасы болатын шарттар осы бөлiмнiң шарттық мiндеттемелер туралы ережелерiне сәйкес анықталатын құқықпен реттеледi.
8. Мұрагерлiк құқық
1121-бап. Мұрагерлiк бойынша қатынастар
Мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаған болса, осы Кодекстiң 1122 және 1123-баптарында өзгеше көзделмегендiктен, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады.
1122-бап. Адамдардың өсиет жасауға және оның күшiн жоюға қабілеттілігі, өсиеттің және оның күшін жою актiсiнiң нысаны
Адамның өсиет жасауға және оның күшiн жоюға қабiлеттілігi, сондай-ақ өсиеттiң және оның күшiн жою актiсiнiң нысаны, егер мұра қалдырушы өсиетiнде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт жасаған кезде тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Алайда өсиет немесе оның күшiн жою, егер соңғысы акт жасалған жердiң талаптарын немесе Қазақстан Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса, нысанды сақтамауы салдарынан жарамсыз деп таныла алмайды.
1123-бап. Қозғалмайтын мүлiктi және мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi мүлiктi мұраға қалдыру
Қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегi елдiң құқығы бойынша, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген мүлiк - Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшiн жоюға қабiлеттілігi, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлiк өсиет етiп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталады.
9. Қорғаншылық және қамқоршылық
1124-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық
1. Кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық белгiленедi және олардың күшi өзiне қатысты қорғаншылық пен қамқоршылық белгiленетiн немесе алып тасталатын адамның жеке заңы бойынша жойылады.
2. Қорғаншының (қамқоршының) қорғаншылықты қамқоршылықты) қабылдау мiндетi қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалатын адамның жеке заңы бойынша белгіленеді.
3. Қорғаншы (қамқоршы) мен қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) адамның арасындағы құқықтық қатынастар мекемесі қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындаған елдің құқығы бойынша белгіленеді. Алайда қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) осы адам Қазақстан Республикасында тұратын болса, егер осы адам үшін бұл неғұрлым қолайлы болса, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына белгіленген қорғаншылық (қамқоршылық), егер Қазақстан Республикасының тиісті консулдық мекемесінің қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуге қарсы немесе оны тануға қарсы заңға негізделген қарсылықтары болса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
Н. Назарбаев |