ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК БАЖ СТАВКАЛАРЫ ТУРАЛЫ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкалары бекітілсін.

2. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1598 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2-1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ай сайын, айдың 20-күніне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетін келісімшарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсете отырып (келісімшарттар бойынша бөліністе), жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы хабардар етсін.

2-2. Осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингін (бұдан әрі - бағалар мониторингі) жүзеге асырсын және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне мұнай шикізатының орташа нарықтық бағасы туралы деректер берсін.

2-3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі ай ішінде:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi беретін шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкалары есебін жүзеге асырсын;

2) қажет болған жағдайда, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкаларының мөлшерін өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлесін.

3. Кедендік баждарды өзгерту және бекіту сыртқы сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың конъюнктурасына байланысты және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес жүргізіледі деп белгіленсін.

Кедендік баждардың ставкаларын қайта қарауға арналған өтінімдер осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберіледі.

4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.

5. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 7 маусымдағы

№ 520 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету

баждарының ставкалары

 

СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы1

өлш. бір.

Тауарларға қатысты кедендік баж ставкасы

Маусымдық кедендік баж ставкасы

Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкету2

ЕСАШ-ға қатысушы елдерге әкету3

1

2

3

4

5

6

2709 00 900 9

Шикі мұнай

-

80 доллар

80 доллар

 

2710 124

Жеңіл дистилляттар және өнімдер

-

168,88 доллар

168,88 доллар

 

2710 19 110 0,

2710 19 150 0,

2710 19 210 0,

2710 19 250 0,

2710 20 290 0

Орташа дистилляттар

-

168,88 доллар

168,88 доллар

 

2710 19 420 0,

2710 19 460 0

Ауыр дистилляттар: дизель отыны

 

168,88 доллар

168,88 доллар

1 тонна үшiн

200 евро

15 ақпан - 15 қазан аралығында

2710 20 110 0,

2710 20 150 0,

2710 20 900 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшiн

-

112,59 доллар

112,59 доллар

1 тонна үшiн

200 евро

15 ақпан - 15 қазан аралығында

2710 19 310 0,

2710 19 350 0,

2710 19 480 0,

2710 20 190 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

-

112,59 доллар

112,59 доллар

 

2710 19 510 1,

2710 19 510 95 -

2710 19 550 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отын

-

112,59 доллар

112,59 доллар

 

2710 19 620 1 -

2710 19 680 9,

2710 20 310 1,

2710 20 310 9,

2710 20 350 1,

2710 20 350 9,

2710 20 370 1,

2710 20 370 9,

2710 20 390 1,

2710 20 390 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отын:

өзге де мақсаттар үшiн

Мазуттар

-

112,59 доллар

112,59 доллар

1 тонна үшiн

15 евро

15 ақпан - 15 қазан аралығында

2710 19 710 0,

2710 19 750 0,

2710 19 820 0,

2710 19 840 0,

2710 19 860 0,

2710 19 880 0,

2710 19 920 0,

2710 19 940 0,

2710 19 980 0

Жағармайлар: өзгелері

-

112,59 доллар

0

 

2710 91 000 0,

2710 99 000 0

Өңделген мұнай өнімдер

 

112,59 доллар

0

 

2712 90 990 0

Мұнай вазелині

-

112,59 доллар

0

 

2713 20 000 0,

2713 90 100 0,

2713 90 900 0

Мұнай битумы;

битуминозды түрінен алынған мұнайды немесе мұнай өнімдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар

-

112,59 доллар

112,59 доллар

1 тонна үшін15 евро15 қазан -15 сәуір аралығында 

2715 00 000 0

Битум қоспасы

 

112,59 доллар

0

 

4101

Ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері

дана

1 тонна үшін 500 евро

20, бірақ 1 тонна үшін 200 евродан кем емес

 

4102

Қойлардың немесе қозылардың (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың жүні бар немесе жүнсіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері, осы топтағы 1в түсіндірмеде алынып тасталғаннан басқа

дана

1 тонна үшін 500 евро

20, бірақ 1 тонна үшін 200 евродан кем емес

 

4103

Түкті немесе түксіз (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген), бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген өзге де терілер, осы топтағы 1б немесе 1в түсіндірмелерде алынып тасталғандардан басқа

дана

1 тонна үшін 500 евро

20, бірақ 1 тонна үшін 200 евродан кем емес

 

5101

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн:

-

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

 

5102

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлардың қылы:

 

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

 

5103

Иіру қалдықтарын қосқанда, бірақ ыдыратылған шикізатты қоспағанда, жануарлардың жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары:

 

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

 

5104 00 000 0

Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан ыдыратылған шикізат

-

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

 

7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шикі құрамды құйма металдар):

-

15, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес

15, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес

 

7302

Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіру немесе бекіту үшін арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер:

-

20, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес

20, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес

 

7404 00

Қалдықтар және мыс сынықтары:

-

30, бірақ 1 тонна үшін 330 евродан кем емес

30, бірақ 1 тонна үшін 330 евродан кем емес

 

7601

Өңделмеген алюминий:

 

 

 

 

7601 20

- алюминий қорытпалары:

 

 

 

 

7601 20 100

- - бастапқы:

 

 

 

 

7601 20 100 1

- - - авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін

-

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес

 

7601 20 100 9

- - - өзгелері, алюмо-бериллий лигатурасынан басқа

-

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес

 

 

- - қайталама:

 

 

 

 

7601 20 910 0

- - - құйма немесе сұйық түрдегі

-

3 %, бірақ 1 тоннасы үшін 22 евродан кем емес

3 %, бірақ 1 тоннасы үшін 22 евродан кем емес

 

7602 00

Алюминий қалдықтары мен сынықтары

-

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес

 

86078

Теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері

-

20 %, бірақ 1 тоннасы үшін 15 евродан кем емес

20 %, бірақ 1 тоннасы үшін 15 евродан кем емес

 

 

Ескертпе:

1. Кедендiк әкету бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшiн тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшiн келтiрiлген. <5> сілтеме қарастырылған жағдайда ғана негіз болады.

2. Кеден одағына кіретін елдерді қоспағанда және кедендік әкету бажын төлеуден босатылу көзделген Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағы туралы Келісімге екіжақты және көпжақты келісілген елдер.

3. Тараптармен 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт және 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген.

Осы кедендік әкету баж ставкалары 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы елдермен келіссөздер аяқталуына дейін және мұнай өнімдері бойынша кедендік әкету баж ставкасын есептеу формуласын қарастыру бойынша 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттамада белгіленген.

4. Қазақстан Республикасы шегінен тысқары көрсетілген тауарларды әкету кезінде 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін 1 тонна үшін 400 доллар көлемінде кедендік әкету баж ставкасы қолданылады.

5. Кедендік әкету бажды төлеуден босатылатын ауыр дистиллятталған сұйық отынын қоспағанда.

6. Осы қаулымен белгіленген шикі мұнайға кедендік әкету баждарының ставкалары:

1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделеген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне;

2) роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне қатысты қолданылмайтыны белгіленсін.

7. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 1 тонна үшін 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға қатысты, мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:

КӘБС = Кх(Б-138,6), мұнда КӘБС - кедендiк әкету бажы ставкаларының мөлшерi;

К - шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 50 %-ы;

Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы.

Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент.

Жүргізілген кедендік әкету бажы ставкасының көлемін есептеу нәтижесі үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді.

Есепті тоқсанның қорытындылары ай сайын баға мониторингі бойынша шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы бір баррель үшін өткен аймен салыстырғанда 15 АҚШ долларынан астамға өзгерген жағдайда, мұнайдан жасалған тауарға кедендік әкету баждары ставкаларының мөлшері түзетіледі.

Егер алынған кедендік баж ставкасын есептеу нәтижесі бойынша қолданыстағыдан төмен болған жағдайда, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы болған кезде мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажының колданыстағы деңгейі сақталады.

Түзету коэффициентінің кестесі:

 

СЭҚ ТН бойынша тауардың жiктеуiшi

Түзету коэффициентi

К

2710 12

1,2

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 1,2 = 0,225

2710 19 110 0 -

2710 19 290 0

2710 19 420 0,

2710 19 460 0

1,2

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 1,2 = 0,225

2710 20 110 0,

2710 20 150 0,

2710 20 900 0

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15

2710 19 310 0,

2710 19 350 0,

2710 19 480 0,

2710 20 190 0

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15

2710 19 510 1,

2710 19 510 9 -

2710 19 550 9

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15

2710 19 620 1 -

2710 19 680 9,

2710 20 310 1,

2710 20 310 9,

2710 20 350 1,

2710 20 350 9,

2710 20 370 1,

2710 20 370 9,

2710 20 390 1,

2710 20 390 9

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15

2710 19 710 0,

2710 19 750 0,

2710 19 820 0,

2710 19 840 0,

2710 19 860 0,

2710 19 880 0,

2710 19 920 0,

2710 19 940 0,

2710 19 980 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2x0,8 = 0,15

2710 91 000 0,

2710 99 000 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

2712 90 990 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

2713 20 000 0,

2713 90 100 0,

2713 90 900 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

2715 00 000 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

 

8 Өзіне қатысты кедендік құнының 10 %-ы мөлшерінде, бірақ 1 тоннасы үшін кемінде 7,5 евро кедендік әкету бажының ставкасы қолданылатын СЭҚ ТН 8607 19 100 9 кодын қоспағанда.

 

 

Қосымша. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1598 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 7 маусымдағы

№ 520 қаулысына

1-қосымша

 

Кедендік әкелу баждарының ставкаларын қайта қарауға

өтінім

 

Өтінім беруші _______________________________________________________________________________________________

Мекен-жайы ________________________________________________________________________________________________

Телефон, факс, E-mail _________________________________________________________________________________________

Директор (басшы) ___________________________________________________________________________________________

Тіркеу күні __________________________________________________________________________________________________

Тіркеу орны _________________________________________________________________________________________________

Осы ақпарат мейлінше толық болып табылады және барлық қазіргі уақытта қол жетімді деректерден әзірленді. Ол кез келген қол жетімді тәсілмен тексерілуі мүмкін.

Мен берілген деректердің дұрыстығын куәландырамын.

 

Кәсіпорынның басшысы ___________________ ____________________

(ведомствоның)       қолы  күні

Мөрі

 

Бас бухгалтер ______________________ _________________________

қолы                            күні

Өтінімге мынадай ақпараттарды қоса беру қажет:

Тауардың атауы: ___________________________________________________________________________________________

СЭҚ ТН бойынша коды: ____________________________________________________________________________________

Кедендік баждың қолданыстағы ставкалары: ___________________________________________________________________

Кедендік баждың ұсынылған ставкалары: ______________________________________________________________________

1. Алдағы үш жылға жалпы сипаттағы мынадай деректерді көрсетіңіз:

1) табиғи және құндық мәнде (өлшем бірлігін көрсете отырып) тауар өндірісінің көлемі;

2) табиғи және құндық мәндегі (өлшем бірлігін көрсете отырып), оның ішінде экспортқа (елді көрсете отырып) тауарды өткізу көлемі;

3) өтініш беруші кәсіпорынның қуаттылықты іске қосу, %;

4) өтініш беруші кәсіпорынның рентабельділігі, %;

5) өтініш беруші кәсіпорынның пайдасы/залалы, мың теңге;

6) өтініш беруші кәсіпорынның (саладағы) жұмыспен қамтылғандар (еңбек етушілер) саны;

7) мемлекеттік бюджетке аударылған салықтар сомасы, оның ішінде ҚҚС, корпоративтік табыс салығы;

8) импорт пунктінен тұтынушыға дейінгі, ел ішіндегі өндіріс пунктінен тұтынушыға дейінгі орташаландырылған көлік шығыстары;

9) қайта қараудың мақсаттылығына негізделген қаралатын проблемаға қатысы бар қосымша мәлімет.

2. Әкелінетін кедендік бажының ставкасын төмендеткен жағдайда:

1) табиғи және құндық мәнде (өлшем бірлігін көрсете отырып) тауар өндірісінің көлемі;

2) табиғи және құндық мәндегі (өлшем бірлігін көрсете отырып), оның ішінде экспортқа (елді көрсете отырып) тауарды өткізу көлемі;

3) импортталған шикізат құнының үлесін көрсете отырып дайын өнімнің (дайын бұйымның) өзіндік құнының орташаландырылған құрылымы;

4) өтініш беруші кәсіпорынның қуаттылықты іске қосу, %;

5) өтініш беруші кәсіпорынның рентабельділігі, %;

6) өтініш беруші кәсіпорынның пайдасы/залалы, мың теңге;

7) өтініш беруші кәсіпорынның (саладағы) жұмыспен қамтылғандар (еңбек етушілер) саны;

8) мемлекеттік бюджетке аударылған салықтар сомасы, оның ішінде ҚҚС, корпоративтік табыс салығы;

9) импорт кезіндегі шығындар: кеден құны, кеден бажы, кеден алымы, акциздер, дайын өнімге және импортталатын шикізатқа ҚҚС;

10) орташаландырылған көлік шығыстары (импорт пунктінен

тұтынушыға дейін, ел ішіндегі өндіріс пунктінен тұтынушыға дейін);

11) өзге елдерден импортталатын соған ұқсас тауар (шикізат) бағасы және ішкі рыноктағы осы тауар бағасы сондай-ақ импорт көлемі мен импорттаушы елдер атауы;

12) қайта қараудың мақсаттылығына негізделген қаралатын проблемаға қатысы бар қосымша мәлімет.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 7 маусымдағы

№ 520 қаулысына

2-қосымша

 

Кедендік әкету баждарының ставкаларын қайта қарауға

өтінім

 

Өтінім беруші _____________________________________________________________________________________________

Мекен-жайы _____________________________________________________________________________________________

Телефон, факс, E-mail ______________________________________________________________________________________

Директор (басшы) ________________________________________________________________________________________

Тіркеу күні _______________________________________________________________________________________________

Тіркеу орны ______________________________________________________________________________________________

Осы ақпарат мейлінше толық болып табылады және барлық қазіргі уақытта қол жетімді деректерден әзірленді. Ол кез келген қол жетімді тәсілмен тексерілуі мүмкін.

Мен берілген деректердің дұрыстығын куәландырамын.

 

Кәсіпорынның басшысы ____________________ ______________________

(ведомствоның)         қолы  күні          

Мөрі

 

Бас бухгалтер ________________________ _____________________

қолы                             күні

Өтінімге мынадай ақпараттарды қоса беру қажет:

Тауардың атауы: ___________________________________________________________________________________________

СЭҚ ТН бойынша коды: ____________________________________________________________________________________

Кедендік баждың қолданыстағы ставкалары: ___________________________________________________________________

Кедендік баждың ұсынылған ставкалары: ______________________________________________________________________

Алдағы үш жылға жалпы сипаттағы мынадай деректерді көрсетіңіз:

1) табиғи және құндық мәнде (өлшем бірлігін көрсете отырып) тауар өндірісінің көлемі;

2) табиғи және құндық мәндегі (өлшем бірлігін көрсете отырып), оның ішінде экспортқа (елді көрсете отырып) тауарды өткізу көлемі;

3) қуаттылықты іске қосу, %;

4) өндірістің рентабельділігі, %;

5) пайда/залал, мың теңге;

6) саладағы жұмыспен қамтылғандар саны;

7) мемлекеттік бюджетке аударылған салықтар сомасы, оның ішінде ҚҚС, корпоративтік табыс салығы;

8) қайта қараудың мақсаттылығына негізделген қаралатын проблемаға қатысы бар қосымша мәлімет.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 7 маусымдағы

№ 520 қаулысына

2-1-қосымша

 

 

201_ жылғы _____ айындағы мұнайға арналған бағалар
мониторингiнiң нәтижелерi

 

КҮНІ

URALS (MED)

($/баррель)

Сю (орташа мәні URALS

(MED)

BRENT DTD)

($/баррель)

Cб (орташа мәні BRENT

(DTD)

С (орташа мәні BRENT (DTD)

URALS (MED)

 

min

max

min

max

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сатылатын шикi мұнайдың нарықтық бағасы «URALS (MED)», BRENT (DTD) күнделiктi түзетулерiнiң орташа арифметикалық мәнi ретiнде айқындалады.

URALS (MED) «min» - биржадағы бiр күн бұрынғы «URALS (MED)» ең төменгi нарықтық бағасы;

URALS (MED) «mах» - биржадағы бiр күн бұрынғы «URALS (MED)» ең жоғары нарықтық бағасы;

BRENT(DTD) «min» - биржадағы бiр күн бұрынғы «BRENT (DTD)» ең төменгi нарықтық бағасы;

BRENT (DTD) «mах» - биржадағы бiр күн бұрынғы «BRENT (DTD)» ең жоғары нарықтық бағасы;

 

С = (Сю + Сб)/2 = ___ АҚШ доллары,

 

мұнда,

С - шикi мұнайдың күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы;

Сю - биржадағы бiр күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгi және ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы;

Сб - биржадағы бiр күн бұрынғы «BRENT (DTD)» ең төменгi және ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы.

 

Б = (С + C1 +...+ Cn) / n х 7,5 = _______ АҚШ доллары,

 

мұнда,

Б - мониторинг кезеңiндегi шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бiр тонна үшiн);

Сn - мониторинг кезеңi iшiндегi мұндай түзетулер жарияланған күндердегi шикi мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы;

n - мониторинг кезеңi iшiндегi түзетулер жарияланған күндердiң саны;

7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициентi.

Мониторинг кезеңiнде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бiр) баррель үшiн ____ АҚШ долларын, бiр метрикалық тонна үшiн ____ АҚШ долларын құрады.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 7 маусымдағы

№ 520 қаулысына

3-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған

кейбір шешімдер тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 611-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 және 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 112 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 6, 65-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 338 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 184-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы № 531 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 28, 276-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 331-құжат).

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1128 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 516-құжат).

7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 732 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 26, 231-құжат).

8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 және 2009 жылғы 15 мамырдағы № 732 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 маусымдағы № 531 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 31, 291-құжат).

Добавить комментарий

Войти с помощью: