Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы


Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) әртараптандыру - зейнетақы активтерiн жоғалтып алу тәуекелін азайту мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес оларды түрлi қаржы құралдарына орналастыру;

2) баспасөз басылымы - тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымдары;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

4) ең төмен зейнетақы - республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерi;

5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры - ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;

6) ерiктi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың өзінің бастамасы бойынша салатын ақшасы;

7) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - бiр тараптан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және екiншi тараптан салымшы (зейнетақы төлемдерiн алушы) жасасатын, ерікті зейнетақы жарналарына, жинақтарына және зейнетақы төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;

8) ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;

9) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын өзiнiң меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

10) жеке зейнетақы шоты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты;

11) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған, лицензиясының қолданысы осы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатылатын заңды тұлға;

12) зейнетақы - уәкiлеттi ұйымнан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;

13) зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерiн, аударымдарын қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мақсаттарға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;

14) зейнетақы аннуитетi шарты - сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) соған сәйкес сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенетін, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) пайдасына өмiр бойы немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенетін сақтандыру шарты;

15) зейнетақы жинақтары - шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы;

16) зейнетақы төлемдерi:

уәкiлеттi ұйымнан - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне барабар жүзеге асырылатын ақша төлемдері;

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан - зейнетақы төлемдерiн алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;

17) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - уәкiлеттi ұйымнан зейнетақы төлемдерi тағайындалған және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке тұлға;

18) инвестициялық декларация - инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық қызметтiң мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерiн, зейнетақы активтерiнің хеджирленуі мен әртараптандырылуы талаптарын айқындайтын құжат;

19) инвестициялық портфель - зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдарының жиынтығы;

20) инвестициялық портфельді басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетін, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы не қызметтің осыған ұқсас түрін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын шетелдік ұйым;

21) инвестициялық табыс - зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған (алуға жататын) ақша;

22) кастодиан-банк - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үшін - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды, солар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, құжаттық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асыратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін екінші деңгейдегі банк;

23) кастодиандық шарт - кастодиан-банк пен оның клиентi жасасатын, кастодиандық қызмет көрсету бойынша клиентке көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін айқындайтын сақтау және тапсырма беру шарты;

23-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры - әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер жүргізетін заңды тұлға;

24) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуы бойынша берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;

25) мiндеттi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңға сәйкес салынатын ақша;

26) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек - осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұстап қалынған (есебiне жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары;

27) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - салымшы (алушы) талаптарын ұсынылған шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдай алатын қосылу шарты;

28) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемесi арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын, өкiлдiктерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға;

29) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - мiндеттi зейнетақы жарналары салымшысының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлем мөлшерi;

30) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;

31) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салатын ақша;

32) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - қызметкердің зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы төлейтін төлемнің мөлшерi;

33) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшысы -қызметкердiң пайдасына өзінің меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыс беруші;

34) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

35) пруденциялық норматив - ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгiленетiн экономикалық талаптар;

36) сақтандыру ұйымы - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

37) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;

38) уәкiлеттi орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

39) уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;

40) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;

41) үлестес тұлғалар - шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бiр-бiрiнiң (тұлғалардың бiрiнің) қабылдайтын шешiмдерiне ықпал етуге, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң құрамында ұлттық басқарушы холдингтiң болуы тұлғаларды бiр-бiрiне қатысты үлестес деп айқындау үшiн негiз болып табылмайды.

2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

4-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер

1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейiнгi кезеңдерде зейнетақы төлемдерi осы Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

2. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi:

1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатын;

2) осы Заңның 11-бабына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына;

3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға беріледі.

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiн, сондай-ақ мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуына қарамастан беріледі.

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiне кезең-кезеңiмен жақындатыла отырып, республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленедi.

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен беріледі.

Осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған кезде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар азаматтардың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылады.

3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.

4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын және (немесе) жүзеге асыратын органдарда осы құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi. Бұл жағдайда оларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға құқық беретін лауазымынан босатылған күннен бастап төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы Заңның осы бабының 1 және 3-тармақтарының және 15-бабы 5-тармағының талаптары қолданылады.

5-бап. Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк

1. Мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен, алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иемдену кезiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

2. Зейнетақы жинақтарының сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:

1) міндетті зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы;

3) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты тиісті талаптарды белгілеу арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттеу;

4) тиісті нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды белгілеу арқылы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;

5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлеріне және басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтауға қойылатын талаптарды белгілеу;

8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары мен ақшаны ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен үлестес емес кастодиан-банктерде ғана сақтауына қойылатын талаптарды белгiлеу;

9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты мен зейнетақы активтерiн бөлек есепке алуды жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;

10) зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде әртараптандыруға және тәуекелдердi азайтуға қойылатын талаптарды белгiлеу;

11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiн белгілеу;

12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жыл сайын жүргiзудiң мiндеттiлiгi;

13) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдар алдындағы тұрақты есептілігі;

14) салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат берiп отыру;

15) салымшыға (алушыға) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан өзiнiң зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру мүмкiндiгiн беру;

16) салымшының (алушының) таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын толық көлемде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;

17) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледi.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi зейнетақымен қамсыздандыру саласында:

1) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекiтедi;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және аудару тәртiбi мен мерзiмдерiн бекiтедi;

4) судья терiс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшiн қосымша белгiленген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекiтедi;

5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiтедi;

6) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекітеді;

6-1) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

6-2) баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;

6-3) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын бекітеді;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру , қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қабылдайды;

8) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

7-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi

Орталық атқарушы орган:

1) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;

2) Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерлерiн жыл сайын арттыру тәртiбiн әзiрлейдi;

3) Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу үшiн сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн әзiрлейдi;

4) толық маусым iшiндегi жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн бiр жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн әзiрлейдi;

5) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн әзiрлейдi және бекітеді;

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және аудару тәртiбi мен мерзiмдерiн әзiрлейдi;

7) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты тұрған жерi белгiсiз бұрынғы қызметкерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзiрлейдi;

8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсынуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн әзiрлейдi;

9-1) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

9-2) баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді;

9-3) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына тиісті қаржы жылындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асырады;

9-4) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын әзірлейді;

9-5) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кадрлар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

8-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

4) осы Заңның 35-бабының 2-тармағында аталған сенім білдірілгендерге қойылатын талаптарды және оларды таңдап алу тәртібін белгілейді;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2-тарау. ОРТАЛЫҚТАН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

9-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

Азаматтарға осы Заңда белгiленген жағдайлар басталған кезде Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн алу құқығына кепiлдiк берiлген.

Зейнеткерлік жасқа толған зейнеткерлерге өздеріне еңбек сiңiрген жылдары үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн қайта тағайындату құқығы берiледi.

10-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар азаматтар санаттары

1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:

1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарға;

2) осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толғандарға;

3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленедi.

2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алушы, оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Орталықтан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15,7 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болып табылатын, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Орталықтан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 36,6 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.»

11-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау

1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау:

2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

Бұл ретте Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін әйелдерге тағайындау:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

2. Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз - 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

1) ерлердің - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстағы еңбек өтілі кемінде жиырма бес жыл болған жағдайда, 50 жасқа толғанда;

2) әйелдердің - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстағы еңбек өтілі кемінде жиырма жыл болған жағдайда, 45 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы бар.

3. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқығы бар.

4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1 - 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:

1) ерлерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде жиырма бес жыл еңбек өтілі болғанда және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан ерлерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi кезеңдегі қызметi, осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары төленбеген жағдайда, есептеледi;

2) әйелдерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі болғанда және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi кезеңдегі қызметi, осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары төленбеген жағдайда, есептеледi.

5. Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері осы баптың 1 - 3-тармақтарында аталған азаматтар санаттарына олардың Орталықтан зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдарға қызметтен босатылған кезден бастап тағайындалады.

6. Жасына байланысты толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, толық зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға болған еңбек өтіліне барабар үлес ретiнде есептеледi. Бұл ретте осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi кезеңдегі қызметi, осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары төленбеген жағдайда, есептеледi.

12-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн төлеу кезеңi

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған айына қоса жүзеге асырылады.

13-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн

Еңбек өтілін есептеу

1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:

1) еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;

2) әскери қызмет;

3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;

4) мемлекеттiк қызмет;

5) кәсiпкерлiк қызмет;

6) басқа адамның көмегіне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;

7) атом сынақтары, экологиялық зілзалалар салдарынан зардап шеккен немесе адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратын 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;

8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;

9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;

10) еңбекке қабілетті азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша басып алынған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен әкетілген адамдардың (жасына қарамастан), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) ұсталған уақыты;

11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;

12) бұрынғы кеңестік мекемелердiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;

13) офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар, келiсiмшарт бойынша қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ 10 жылдан аспайтын кезеңi;

14) арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерi зайыбының (жұбайының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде оның қызметкермен бiрге тұрған, бiрақ 10 жылдан аспайтын кезеңi;

15) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында, оның ішінде даярлық курстарында, арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында оқу;

16) ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан, әскерилендiрiлген күзеттегі, арнаулы байланыс органдарындағы және тау-кен-құтқару бөлiмдерiндегі қызмет;

17) әлеуметтiк сақтандыруға аударымдар төлеген жағдайда өзге де жұмыс.

2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:

1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болуы, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емделуде болған уақыт - әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерін тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмдерiн есептеу үшiн белгiленген тәртiппен;

2) әскери бөлiмдердегi жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретiндегi жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет - екi есе мөлшерде;

3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйек пен 1944 жылғы 27 қаңтар аралығындағы қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс - үш есе мөлшерде;

4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйек пен 1944 жылғы 27 қаңтар аралығындағы қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты - екi есе мөлшерде;

5) Ұлы Отан соғысы кезеңiнде басқа мемлекеттердiң аумақтарына зорлықпен әкетілген адамдардың, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты - екi есе мөлшерде;

6) қылмыстық жауапқа заңсыз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеген, арнаулы қоныстандыру орындарында бас бостандығын шектеумен мәжбүрлеп еңбекке тартылған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты - үш есе мөлшерде;

7) Семей ядролық сынақ полигонына іргелес жатқан аудандарда 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шiлде аралығы кезеңіндегі жұмыс және әскери қызмет - үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлде мен 1992 жылғы 1 қаңтар аралығындағы жұмыс және әскери қызмет - бiр жарым есе мөлшерде;

8) алапеске қарсы және обаға қарсы мекемелерде, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөнiндегi инфекциялық аурулар мекемелеріндегi жұмыс - екi есе мөлшерде, сот медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жұмыстар тiзбесi бойынша - бiр жарым есе мөлшерде;

9) су көлiгiндегi толық навигациялық кезең iшiндегі жұмыс бiр жылғы жұмыс болып есептеледi;

10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалары ұйымдарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс өтіліне есептеледi.

14-бап. Еңбек өтілін растау

1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады.

2. Еңбек кiтапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не сот шешiмi негiзiнде белгіленеді.

3. Осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 5) және 17) тармақшаларына сәйкес қызметтi жүзеге асырған азаматтардың еңбек өтілі Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн жүргізілген сақтандыру жарналарын төлегенi туралы құжаттармен расталады.

15-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу

1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемде есептеу осы Заңның 16-бабына сәйкес айқындалатын орташа айлық табыстың 60 пайызы есебiнен жүргiзiледi.

2. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табыс негiзге алына отырып жүзеге асырылады.

«Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде алынған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi.

3. «Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi жұмыс берушi беретiн табыс туралы анықтамамен расталатын табысқа сәйкес белгiленедi.

Зейнетақы төлемдерiн есептеу зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш жасаған күнге уәкiлеттi орган белгiлеген, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген табыс мөлшерi негiзге алына отырып жүргiзіледi.

4. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн талап етілетін еңбек өтілінен артық жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 пайызға арттырылады, бiрақ ол зейнетақы төлемдерін есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 пайызынан аспайды.

2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара ); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара ) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң, әскери қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасының iшкi iстер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, прокуратура, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдары қызметкерлерiнiң және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдардың және көрсеткiштердiң № 1 тiзiмi бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерi бойынша жеңiлдiктi шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдерi мөлшерiн қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленетін айлық есептiк көрсеткiштiң 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан аспайды.

16-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн табысты айқындау

1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекақы төлеудiң барлық түрлерi және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн өзге де табыстар енгiзiледi.

2. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылдағы жұмыстан түскен табыс қатарынан күнтiзбелiк 36 айдағы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады.

3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 41 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

17-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш беру тәртiбi

1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есебіне жазу үшiн қажеттi еңбек өтілі мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жерi бойынша Орталыққа берiледi.

2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындауды Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын орган жүргiзедi.

3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын орган зейнетақы тағайындау мәселелерi бойынша түсiндiрме беруге және азаматтардың тиiстi құжаттарды ресiмдеуiне жәрдем көрсетуге мiндеттi.

18-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды қарау мерзiмдерi

1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды қарауды Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын орган құжаттар тапсырылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл жөнінде өтініш берушiге хабарлайды.

3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан бас тартылған жағдайда, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын орган бас тартудың себептерiн жазбаша түрде негiздеуге және ұсынылған құжаттарды өтініш берушiге қайтаруға мiндеттi.

4. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға болады.

19-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау мерзiмдерi

1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерi Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.

2. Өтініш пен қажеттi құжаттарды Орталыққа бiр мезгiлде берген күн Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш берген күн болып есептеледi.

20-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк монополия

1. Орталық мемлекеттiк монополияға жататын мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн, жәрдемақыларды, бiржолғы және өзге де төлемдердi төлеудi ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру;

3) салымшы зейнетақы төлемдерiне құқық алу кезінде нақты енгiзген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерiн келесi қаржы жылына инфляцияның болжамды деңгейiн ескере отырып айқындау;

4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алу;

5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;

6) жеке сәйкестендiру нөмiрi және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ және (немесе) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке қайтару;

7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Орталыққа оның өтініші бойынша қайтару;

8) агенттердiң Орталықтың шотына аударылған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) солардың өсімпұлдары бойынша төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыру және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсыну;

9) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органның төлемдердi тағайындауы үшiн зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар iстерiнiң макетiн қалыптастыру;

10) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру және оларды дербестендiрiлген есепке алу;

11) зейнетақы жарналарын және (немесе) солар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара iс-қимыл жасау;

12) орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру;

13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, Орталықтың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын пайдаланушылар болып табылатын орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қолжетімділігін ұйымдастыру;

14) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Орталықтың қызмет түрлерi бойынша ақпараттық қызметтер ұсыну;

14-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;

14-2) баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;

15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерi.

2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

21-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi

1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерi ағымдағы айға жүргізіледі. 2. Жұмыс iстейтiн зейнеткерлердiң осы Заңның 15-бабының 5-тармағында және 64-бабында көзделген шектеулер мен жағдайлар ескеріле отырып, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн толық мөлшерде алуға құқығы бар.

3. Зейнетақы төлемдерi нотариат куәландырған сенiмхат бойынша жүргізілуі мүмкiн.

4. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.

22-бап. Өткен уақыт үшiн Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн алу

1. Есептелген, бiрақ алушы талап етпеген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алуға өтiнiш берер алдындағы үш жылдан аспайтын уақыт үшiн төленедi.

2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органның немесе Орталықтың кiнәсiнен уақтылы алынбаған зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмдерi шектелмей төленедi.

23-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу

1. Зейнетақы тағайындау кезiндегi қателiктер салдарынан зейнетақының артық төленген сомаларын алушының өтiнiшi негiзiнде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табыстарынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен жүргізілуі мүмкiн.

2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жүргізіледі.

3. Төленуге тиiс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды.

3-тарау. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН ТӨЛЕУ

24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу

1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиiс.

2. Мыналар:

1) осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар;

2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада аталған адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

3. 2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара )

3-1. Агент осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлердің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар босатылады.

1) зейнетақы төлемдерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған;

2) осы Заңның 65-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерi тағайындалған әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар босатылады.

5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленедi.

6. Ұстап қалынған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын Орталыққа:

1) заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер (шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар қызметкерлерге төленген табыстардан - табыстар төленетін айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей;

2) дара кәсiпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi және шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өзінің пайдасына - есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей;

3) арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде;

4) оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде;

5) патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара

кәсiпкерлер - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде;

6) Орталық - әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей аударады.

7. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есебіне жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.

8. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.

9. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері белгiсiз бұрынғы қызметкерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттер 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн есебіне жазылған өсiмпұлмен қоса, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджетке аударады. Бұл ретте 2005 жылғы 1 қаңтардан кейiн есебiне жазылған өсiмпұл есептен шығаруға жатады.

Бюджетке аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) өсiмпұлдар сомаларын - бұрынғы қызметкерлер, ал олар қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда мұрагерлерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес талап ете алады.

10. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агенттер ретінде қаралуы мүмкін.

25-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын қызметкердiң ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

2. Қазақстан Республикасының судьялары үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бюджет қаражаты есебiнен судьяның ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы жарналары қосымша белгiленедi.

Судья терiс себептер бойынша қызметiнен босатылған кезде көрсетілген жарналар алып қойылады және бюджетке аударылады.

2-1. Баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.

Аталған алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың 10 пайызын құрайды.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасы бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан және баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан тұрады.

Агент міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау тоқтатылады.

3. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, мiндеттi зейнетақы жарналары мәлiмделетiн табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап есептелуге және төленуге жатады.

Адвокаттың, жеке сот орындаушысының, жекеше нотариустың, сондай-ақ дара кәсiпкердің өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өзі дербес айқындайтын табысы мәлiмделетiн табыс болып табылады.

26-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды жүзеге асыру тәртібі

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары жойылған кезде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.

27-бап. Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі

1. Салымшы - жеке тұлғалар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан кезде өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерiктi зейнетақы жарналарын өзінің табысы есебiнен енгiзедi.

2. Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы ерікті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға құқылы.

3. Жеке және заңды тұлғалар алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарының салымшылары болуы мүмкiн.

4. Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшiн жауаптылық

1. Нақты төлем жасалған және қызметкер табыс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндіріп алады немесе оларды әрбір мерзімін өткізіп алған күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.

2. Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банк шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.

Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.

Егер мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сомадан аспаған жағдайда, мұндай хабарлама жiберiлмейдi.

3. Агент хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын қызметкерлердің тізімдерін ұсынуға міндетті.

Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.

Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда клиенттiң ақшасын алып қоюды банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.

Агенттiң банк шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органдарының ұлттық валютада шығарған инкассолық өкiмдерi негiзiнде агенттiң шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргiзiледi.

4. Салық органдарының өкiмi бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдар мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.

Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) агент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін ұсынбаған және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің тізімдерін ұсынбаған және олар бойынша берешек болған жағдайда осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сома шегінде жүргізіледі;

2) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда - осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізіледі.

Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкiмiнің күшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы жояды.

5. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.

7. Салық қызметi органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында агенттiң сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегi туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзiмде өтелмеген берешегі бар агенттердiң тiзiмдерiн жариялайды.

29-бап. Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтер ұсыну

1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.

Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.

2. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда осы Заңның 24-бабының 2 - 4-тармақтарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарға қатысты міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде мәліметтер көрсетілмейді.

3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.

4. Агент есептелген, ұсталған (есебiне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына және өздерінің пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлерге ұсынуға мiндеттi.

4-тарау. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН ТӨЛЕНЕТІН ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ

30-бап. Зейнетақы жинақтарын төлеуді ұйымдастыру

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы шоттарында зейнетақы жинақтары бар алушыларға жүргізіледі.

2. Осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарында, 24-бабының 4-тармағында аталған адамдардың, сондай-ақ мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң өзінің таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерi түрiнде және (немесе) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетiнiң шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебiнен сақтандыру төлемдерi түрiнде aлуға құқығы бap.

Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) белгіленген кесте бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiнің сомасы ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмауға тиіс.

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры деректемелері алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішінде көрсетілетін алушының банк шотына зейнетақы төлемдерін аударады.

Айырбастау сомаларын қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу салымшының (алушының) зейнетақы жинақтары есебінен жүзеге асырылмайды.

31-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерi

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдардың:

1) осы Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталған кезде;

2) ерлер - елу бес жасқа және әйелдер елу жасқа толғанда, осы Заңның 59-бабының 2-тармағына сәйкес ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде;

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң;

4) осы Заңның 65-бабының 1-тармағында аталғандардың;

5) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы бар.

2. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

32-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерi

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

1) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстардағы жұмыс өтілі кемiнде бес жыл болған және осы Заңның 59-бабының 4-тармағына сәйкес ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде елу жасқа толған;

2) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдардың міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.

2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

33-бап. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерi

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.

2. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

5-тарау. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

34-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін ұйымдастыру

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.

Өзге тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға тыйым салынады.

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атауы «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қамтуға тиіс.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «БЖЗҚ» деген аббревиатураны пайдаланып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, заңды тұлғаларға өзінің атауында «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қандай тілде болмасын толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тыйым салынады.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционері болып табылады.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының органдарын, олардың функциялары мен өкілеттіктерін, олардың шешімдерді қалыптастыруы мен қабылдауының тәртібін осы Заң, Қазақстан Республикасының Үкіметі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысы және ішкі құжаттары айқындайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің құрамына дауыс беру құқығымен тұрақты негізде уәкілетті органның өкілі кіреді.

8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының:

1) ерікті зейнетақы жарналарын тартуға;

2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;

3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотта салымшының (алушының) мүддесін білдіруге;

4) өзінің мұқтажы үшін иемденген мүлікті жалға беруге;

5) Қазақстан Республикасының аумағында филиалдары мен өкілдіктерін ашуға;

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры:

1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;

3) зейнетақы жинақтарын және төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға;

4) салымшыға (алушыға) жылына кемiнде бiр рет, сондай-ақ оның сұратуы бойынша кез келген сұралатын күнге өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақы алмай ақпарат беруге және осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес тұрғылықты жерінің өзгергенi туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) өткен жылдың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жiбермейді;

5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялауға;

6) салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметі мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер көрсетуге;

7) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

8) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға;

9) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына аударуға;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасуға;

11) салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға;

12) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгiлеген және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен және мерзімдерде қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті, уәкiлетті орган айқындаған тәртіппен өзге де есептілік пен өзінің қызметi туралы ақпаратты жариялауға және өзінің интернет-ресурсында орналастыруға мiндеттi. Бұл ретте, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарналар бойынша табысқа кепiлдiктер немесе уәделер қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;

13) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің қарауы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті ұсынуға;

14) өзінің барлық салымшыларына (алушыларына) теңдей жағдайларды қамтамасыз етуге;

15) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы Орталықпен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;

16) өзінің қызметінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға;

17) ақпарат сақтауға арналған резервтік орталығының болуы;

18) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, кемінде үш жылда бір рет бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету аудитін жүргізуге;

19) ішкі аудит қызметінің болуы міндетті.

10. Салымшылардың (алушылардың) құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:

1) осы Заңда көзделген қызмет түрлерін қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

2) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;

3) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада өзінің қызметкерлеріне қаржылай көмекті қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен өтеусіз негізде қаржылай көмек көрсетуге;

4) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді кепiлге беруге;

5) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;

6) қарыз қаражатын тартуға;

7) қарыздарды кез келген тәсілдермен беруге;

8) кез келген түрдегі кепілгерліктер мен кепілдіктерді беруге;

9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен еңбек шартын жасаспаған адамдарды осы баптың 9-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындау үшін тартуға;

10) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар құруға және оның қызметіне қатысуға тыйым салынады.

35-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа және осы Заңға сәйкес өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерін басқаруға қажетті іс-қимылдарды жасауды басқа тұлғаға тапсыра алады. Бұл ретте сенімгерлік басқарушы өзi таңдап алған сенiм білдірілушінің іс-әрекеті үшiн оны өзі жасағандай жауап бередi.

3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы бекітеді.

36-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің функциялары:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және тұжырымдау;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және осы тізбені мақұлдау;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау болып табылады.

3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің отырыстары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес туралы ережеде белгіленген мерзімдерде өткізіледі.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің шешімі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады.

37-бап. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшының (алушының) бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен шарттары

1. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың (алушылардың) құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін және өзге де құқықтық қатынастарын белгілейтін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әзірлейді.

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша жасалған салымшының өтініші негізінде жүзеге асырылады.

3. Салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініші негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу үшін Орталыққа электронды хабарлама жібереді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталықтың міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілгені туралы электронды хабарламасын алған күннен бастап салымшы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

38-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарда сақталады және есепке алынады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында уәкілетті орган айқындайтын шетелдік кастодиандарда шоттар ашуға құқылы.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операцияларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен есепке алуды жүргізеді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйі туралы ай сайын хабардар етеді.

39-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) және агенттердің құқықтары мен міндеттері

1. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алушылардың:

1) өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының іс-қимылына сот тәртібімен шағымдануға;

3) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға;

4) өздерінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұраға қалдыруға;

5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетер кезінде зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алуға;

6) өздерінің зейнетақы жинақтарының есебінен сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;

7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Агенттердің Орталықтан қызметкердің жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен алуға құқығы бар.

3. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу үшін жеке тұлға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беруге міндетті.

4. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алушылар:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осындай барлық өзгерістер туралы хабарлауға;

2) осы Заңда көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;

3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

5. Агенттер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде және тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) және төлеуге міндетті.

40-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы (алушы) арасында ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгілік шартқа сәйкес жазбаша нысанда жасалады.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібі мен оның үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

6-тарау. ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

41-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін ұйымдастыру

1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады.

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға уәкілетті орган берген лицензия негізінде жүзеге асырады және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптармен ерікті зейнетақы жарналарын тартады.

2. Қазақстан Республикасының резиденттері-жеке тұлғалар, заңды тұлғалар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және (немесе) акционерлері бола алады.

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы «ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қамтуға тиіс.

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «ЕЖЗҚ» деген аббревиатураны пайдаланып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, заңды тұлғаларға өзінің атауында «ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қандай тілде болмасын толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тыйым салынады.

4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) ерікті зейнетақы жарналарын тартуға ;

2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;

3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен салымшының (алушының) жазбаша өтініші бойынша сотта оның мүддесін білдіруге;

4) өзінің мұқтажы үшін иемденген мүлікті жалға беруге;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған, активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға;

6) уәкiлеттi орган беретін лицензия негiзiнде бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті дербес жүзеге асыруға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

5. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) алушыларға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен зейнетақы төлемдерін жүргізуге;

2) зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;

3) салымшыға (алушыға) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген тәртіппен оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беруге және осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсу бойынша айқындалады;

4) салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге;

5) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

6) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға;

7) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен аударуға;

8) уәкілетті орган белгiлеген және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен және мерзімдерде қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті, уәкiлетті орган айқындаған тәртіппен өзге де есептілік пен өзінің қызметi туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және өзінің интернет-ресурсында орналастыруға мiндеттi. Бұл ретте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына жарналар бойынша табыстарға кепiлдiктер немесе уәделер қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

6. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына:

1) салдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе инвестициялық декларацияда белгiленген талаптар бұзылатын мәмiлелер жасасуға;

2) осы бапта белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

3) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;

4) зейнетақы активтерiн иелiктен өтеусiз шығару жөнiнде инвестициялық шешiмдер қабылдауға;

5) өзінің мiндеттемелерiн немесе үшiншi тұлғалардың зейнетақы портфелін басқару жөнiндегi қызметпен байланысты емес мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн зейнетақы активтерiн пайдалануға;

6) өзiне тиесiлi активтердi зейнетақы активтерiнiң құрамына сатуға (беруге);

7) активтердi кредитке сатуға;

8) инвестициялық декларацияға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу жағдайларын қоспағанда, зейнетақы активтерiнiң есебiнен қайтарылуға жататын ақшаны немесе өзге де мүлiктi қарыз шарттарының талаптарымен алуға;

9) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және инвестициялық декларацияға сәйкес шығыстардың орнын толтыру мен сыйақы алу жағдайларын қоспағанда, өзi басқаратын зейнетақы активтерiн иемденуге;

10) жарнамада және бұқаралық ақпарат құралдарында ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір жылға жетпейтін кезең ішіндегі табыстылығы туралы ақпаратты көрсетуге;

11) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді кепiлге беруге;

12) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;

13) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының борыштық бағалы қағаздарды иемденуін қоспағанда, кез келген тәсілмен қарыз беруге тыйым салынады.

7. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциялық нормативтер белгіленеді. Пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері, есептеу әдістемесі, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны ұсыну мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

42-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы (алушы) арасында ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгілік шартқа сәйкес жазбаша нысанда жасалады.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібі және оның үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

43-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн кастодиан-банкте сақтау және есепке алу

1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi кастодиандық шартқа сәйкес ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен үлестес емес кастодиан-банктің шоттарында сақталады және есепке алынады.

2. Кастодиандық шарт кастодиан-банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады.

3. Үлгілік кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

4. Кастодиан-банк ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкiлеттi орган мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ете отырып, оның тапсырмаларын бұғаттауға (орындамауға) мiндеттi.

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктің бақылау жасауын жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

5. Кастодиан-банк зейнетақы активтерiн шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық табыс алу жөнiндегi барлық операцияларды есепке алуды жүргiзедi және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйi туралы ай сайын хабардар етеді.

6. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бiр кастодиан-банкi болуға тиiс.

7. Кастодиандық шарт ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органының тиiстi шешiмi негiзiнде шартты бұзудың белгіленген күнiне дейiн күнтізбелік жиырма күн ішінде кастодиан-банкті хабардар ете отырып және зейнетақы активтерiн жаңа кастодиан-банкке беру рәсiмiн аяқтай отырып, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының талабы бойынша бiржақты тәртіппен бұзылады.

8. Жаңа кастодиан-банкпен кастодиандық шарт жасасқан кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы екi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде тиiстi жарияланымдар арқылы өзінің салымшылары мен агенттерiн хабардар етедi.

9. Кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейiнгi мерзiмге ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, бұрынғы және жаңа кастодиан-банктер арасында бұрынғы кастодиан-банктің оған келiп түсетiн зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан-банкке аударуы туралы тиiстi шарт жасалады.

44-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары мен инвестициялық декларациясы

1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында:

1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды өзгерту және тоқтату тәртiбi;

2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен шарттары;

3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылар (алушылар) алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi;

4) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабарлау тәртiбi;

5) салымшыларға (алушыларға) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының және кастодиан-банктің акционерлері туралы мәліметтер ұсыну;

6) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылар (алушылар) арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшелiктерi қамтылады.

2. Зейнетақы активтерін инвестициялау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне және инвестициялық декларацияға сәйкес дербес жүзеге асырылады.

3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын және инвестициялық декларацияны, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органы бекiтедi.

45-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру

1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша қосылу нысанында жүзеге асырылады. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

Мемлекеттің, Ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) уәкiлеттi органның қатысуымен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзу ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.

Уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсаты ол берілген күннен бастап тоғыз ай бойы қолданыста болады.

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар:

1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;

2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың болжамды шарттарын, тәртібі мен мерзiмдерiн белгілейтін құжат;

3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қоса беріледi.

Уәкiлеттi орган ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхатты құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап үш ай iшiнде қарауға тиiс.

2. Қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде екі баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшыларын (алушыларын) алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

3. Қайта ұйымдастырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға құқылы.

4. Қосылатын ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерi мен міндеттемелері қайта ұйымдастырылған ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен берiлуге тиiс.

46-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту

Мынадай негiздердiң кез келгенi:

1) көзделiп отырған қайта ұйымдастырудың салдарынан салымшылар (алушылар) мүдделерiнің бұзылуы;

2) көзделiп отырған қайта ұйымдастырудың салдарынан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

3) уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруға рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі бойынша уәкiлеттi органның ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тартуы жүргізіледі.

47-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын тарату

1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры:

1) уәкiлеттi органның өзі белгiлеген тәртiппен берген рұқсаты болған кезде ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылады.

2. Ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратуды жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

48-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде тарату

1. Ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшхатын уәкiлеттi орган тиiсiнше ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап үш ай iшiнде қарауға тиiс.

Өтiнiшхатқа мынадай құжаттар:

1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi;

2) ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорында ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң жоқ екендiгiн растайтын құжат;

3) ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң жоқ екендiгiн куәландыратын бухгалтерлiк баланс пен оған түсiндiрме жазба;

4) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісі;

5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы қорларын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар қоса берiлуге тиiс. Осы тармақшада көрсетілген құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшхатына және ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорында ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң, сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында бар бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған барлық лицензиялар бойынша міндеттемелердің жоқ екендiгiн растайтын құжатқа ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының бiрiншi басшысы қол қоюға және олар ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының мөрiмен расталуға тиiс.

2. Ерiктi түрде таратылуға рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган өзінің шешiмiн негiздеуге және бас тартуды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi мен акционерлерiнiң назарына жеткiзуге тиіс.

3. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiз бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.

49-бап. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның қолданысын тоқтату ерекшеліктері

1. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиядан айырылған жағдайда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың (алушылардың) ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

2. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өтініші негізінде жүзеге асырылады және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы қызмет түрі бойынша барлық міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана жүргізіледі.

3. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

7-тарау. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ЖӘНЕ ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

50-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсiмпұл ретiнде түскен қаражат және комиссиялық сыйақыны шегерiп тастағанда залалдардың орнын толтыру есебiнен қалыптастырылады.

2. Жеке және заңды тұлғалардың зейнетақы активтерiне құқықтары осы Заңда көзделген заттық құқықтар қатарына жатады.

3. Салымшының (алушының), Орталықтың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi тек мына мақсаттарға ғана:

1) тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын және инвестициялық декларацияда айқындалатын қаржы құралдарына орналастыруға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға;

3) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртiппен зейнетақы аннуитетi шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыруға;

4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыруға;

5) қате есепке жатқызылған зейнетақы жарналарын және өзге де қате есепке жатқызылған ақшаны қайтаруға;

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңда белгiленген жағдайларда және мөлшерде комиссиялық сыйақы төлеуге пайдаланылуы мүмкiн.

5. Алушы, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар және осы Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемнің сомасына қосылады.

51-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы есепке алу және есептiлiк

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға меншікті қаражаты және зейнетақы активтерi бойынша қаржылық есептілік пен бастапқы статистикалық деректердi бөлек бередi.

2. Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын есепке алу уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен бөлек жүргiзіледi.

3. Жеке зейнетақы шотында зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғалуын қамтамасыз ету үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын бағдарламалық қамтамасыз ету түріндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер пайдаланылады.

Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

4. Салымшылардың (алушылардың) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізеді.

5. Зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық табыстың салымшылар (алушылар) есебіне жазылуына бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бухгалтерлiк есепке алуда және есептілік жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын құжаттардың тiзбесi мен олардың сақталу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

52-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін құрады, онда:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері және функционалдық міндеттері, олардың жауапкершілігі;

2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдер;

3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттер;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры органдарының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынуының ішкі рәсімдері;

5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлері қамтылуға тиіс.

Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

53-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақылары

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы:

1) инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан;

2) зейнетақы активтерінің айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.

2. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шектi шамасы:

1) инвестициялық табыстың 15 пайызынан;

2) зейнетақы активтерiнiң айына 0,05 пайызынан аспайтын шекте белгiленедi.

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысын алу тәртібі және оның шамасы ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленеді.

3. Комиссиялық сыйақының шамасы жылына бiр реттен артық өзгертiлмеуге тиіс.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы жыл сайын бекітеді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры комиссиялық сыйақының шамасын кемінде екi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау арқылы салымшыларға (алушыларға) күнтiзбелiк жыл басталғанға дейін бiр айдан кешіктірмей хабарлауға тиiс.

54-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитi

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқығы бар аудиторлық ұйым жүргiзедi.

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi коммерциялық құпияны құрамайды.

3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігі бойынша;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша жыл сайынғы аудиторлық есебi бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiне қатысты бухгалтерлік есепке алуды жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау тәртiбiнің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарына сәйкестiгі тұрғысынан тексеруді қамтиды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудиті бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

55-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды:

1) басқарушы орган - директорлар кеңесін;

2) атқарушы орган - басқарманы қалыптастырады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, уәкілетті органға ұсынылатын құжаттарға қол қою құқығы бар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып танылады.

2. Мынадай:

1) жоғары білімі жоқ;

2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс өтілі және (немесе) қаржылық қызметтер және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызметтер ұсыну және (немесе) оларды реттеу саласында және (немесе) экономика және қаржы саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарда жұмыс өтілі жоқ;

3) мінсіз іскерлік беделі жоқ (кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы);

4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы-жеке тұлға, ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы болып табылған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін он жыл бойы қолданылады;

5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы қолданылады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

3. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл жұмыс өтілі болуы қажет.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс өтілінің болуы талап етілмейді.

Осы тармақта айқындалған жұмыс өтіліне қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

4. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күнінен бастап өзінің лауазымын уәкілетті органның келісуінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.

Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

Уәкілетті органның келісуінсіз бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.

Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды олар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

6. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге лауазымға ауыстырған жағдайларда, аталған адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тарту алынғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі реттен көп емес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

7. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, аталған адам уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай өткеннен кейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындала (сайлана) алады.

8. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін мынадай негіздер:

1) келісім беруге негіз болған, анық емес мәліметтердің айқындалуы;

2) уәкілетті органның басшы қызметкерге және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдануы;

3) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзуы;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;

5) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алу үшін негіз болып табылады.

Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып алған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

56-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына жариялаған күнгi шындыққа сай келмейтiн қызметті жарнамалауға тыйым салынады.

2. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оның тоқтатылуын немесе теріске шығарылуын жариялауды талап етуге құқылы.

Бұл талап уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда, уәкiлеттi орган жарнамада қамтылған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға не мұндай жарнаманы жариялаған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының есебiнен оларды нақтылауға құқылы.

3. Зейнетақы активтерi бойынша табыстылық туралы ақпарат тиiстi инвестициялық табыс алынған кезеңдi көрсетіп қана берілуі мүмкiн.

57-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясы

1. Зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары туралы және оның қозғалысы туралы мәлiметтердi қамтиды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары және Орталық зейнетақы жинақтарының құпиялылығына кепiлдiк бередi.

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Орталықтың, халыққа қызмет көрсету орталықтарының лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтерге қол жеткізген өзге де адамдар зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшiн осы баптың 3 - 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

3. Зейнетақы жинақтарының құпиясы зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделген жазбаша келiсуi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.

4. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар:

1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына - олардың жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша;

2) соттарға - сот ұйғарымының негiзiнде олардың жүргізуіндегі iстер бойынша;

3) сот орындаушыларына - сот орындаушысының сот санкция берген қаулысы негізінде олардың жүргізуіндегі атқарушылық құжаттар бойынша;

4) салық органдарына - тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;

5) уәкілетті органға - салымшының (алушының) өтінішіне байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша;

6) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өзінің құзыретi шегіндe тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;

7) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға - «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;

8) салымшының (алушының) өкілдеріне - нотариат куәландырған сенiмхат немесе сот шешімінің негiзiнде;

9) Орталыққа - салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты алу кезіндегі инфляция деңгейін есепке ала отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуын есептеу үшiн;

10) орталық атқарушы органға - салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;

11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға;

12) халыққа қызмет көрсету орталықтарына - салымшының (алушының) не нотариат куәландырған сенімхат немесе сот шешімі бойынша оның өкілінің өтініші негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін берiлуi мүмкiн.

5. Жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, жазбаша сұрау салу бойынша өсиетте аталған адамдарға, соттардың жүргізуіндегі мұрагерлік iстер бойынша ұйғарым негізiнде соттарға берiледi.

6. Жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы анықтамалар салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге олардың жүргізуіндегі мұрагерлiк iстер бойынша беріледi.

58-бап. Уәкілетті орган қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялар

1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығын айқындаған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:

1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;

2) акционерлер алдында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы мәселе қоюға;

3) міндеттеме-хатты ұсыну туралы талап жіберуге;

4) міндетті түрде қол қойылуға тиіс жазбаша келісім жасауға құқылы.

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттеме-хатында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды мойындау фактісі, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басшылығының қатаң айқындалған мерзімдерде оларды жою және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасын мұндай бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі кепілдемесі қамтылуға тиіс.

3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және уәкілетті орган арасында Қазақстан Республикасының заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою және осы бұзушылықтарды жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды бекіту қажеттілігі туралы жазбаша келісім жасалады.

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға міндеттеме-хаттың, жазбаша келісімнің немесе жазбаша нұсқаманың осы құжаттарда көрсетілген мерзімде орындалғандығы туралы хабарлауға міндетті.

5. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

6. Уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына бұрын қолданған ықпал ету шараларына қарамастан, оларға санкциялар қолдануға құқылы.

7. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шаралар қолдануға:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұлдар салуға және оларды өндіріп алуға;

2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға не одан айыруға;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде, сонымен бір мезгілде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері (қызметкерлері) лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 55-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.

8. Уәкілетті орган ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге мынадай негіздердің кез келгені бойынша тоқтата тұруға құқылы:

1) лицензия беруге негіз болған ақпараттың анық еместігі;

2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің басталуын лицензия берілген кезден бастап бір жылдан астам уақытқа кідіртуі;

3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдай) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;

4) уәкілетті орган белгілеген нормативтерді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдай) бұзуы;

5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында және (немесе) инвестициялық декларациясында көзделген ережелерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдай) бұзуы;

6) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамауы;

7) уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімге қол қоюдан бас тартуы;

8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүргізілген аудит туралы аудиторлық ұйым есебінде көрсетілген бұзушылықтарды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудиторлық есепті алған күнінен бастап үш ай ішінде жоймауы;

9) есептілік пен мәліметтерді ұсынбау немесе көрінеу анық емес есептілік пен мәліметтерді ұсыну;

10) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдай) бұзуы.

9. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру жаңа салымшыларды (алушыларды) тартуға тыйым салуға әкеп соғады.

10. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы уәкілетті орган қабылдаған шешімді ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы күнтізбелік он күн ішінде салымшылардың (алушылардың) назарына жеткізеді.

11. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың себептерін белгіленген мерзімде жоймауы уәкілетті органның лицензиядан айыруына негіз болып табылады.

12. Өзіне қатысты уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын немесе санкциялар қолданған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның шешімдеріне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Уәкілетті органның аталған шешімдеріне шағымдану олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

8-тарау. САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ТӨЛЕНЕТІН САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

59-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері

1. Осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарында және 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған адамдар мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл ретте сақтандыру ұйымынан төленетiн айлық сақтандыру төлемiнің мөлшері зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күні қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайды.

2. Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан кезде зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар.

Осы тармақта аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы төлейдi. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шарты, егер айлық сақтандыру төлемiнің мөлшерi зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күні қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерiнен төмен болмаған жағдайда, жасалады.

3. Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан өзінің зейнетақы жинақтарының 50 пайызынан аспайтын мөлшерін пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан кезде ғана осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі салымшыға (алушыға) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа толғанда белгіленген кесте бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

4. Осы Заңның 32-бабының 1-тармағы 1) тармақшасында аталған адамдардың міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқығы бар. Бұл ретте сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күні қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайды.

5. Егер осы баптың 2 және 4-тармақтарында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) ол осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа толғанда, белгіленген кесте бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

6. Сақтандыру ұйымы деректемелері зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілетін сақтанушының банк шотына сақтандыру төлемдерін аударады.

Сақтандыру төлемдерінің сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

60-бап. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу

1. Зейнетақы аннуитетiнiң үлгiлік шартын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.

2. Зейнетақы аннуитетi шарты сақтанушы (алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында осы Заңның талаптарымен айқындалған мерзiмге жасалады.

3. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасушы адам сақтандыру ұйымын таңдауға ерiктi.

4. Зейнетақы аннуитетi шарты алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде жасалады.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап зейнетақы аннуитетi шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.

6. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан адамның оны жасасқан күнінен бастап екi жыл бойы бұзуға құқығы жоқ.

Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитетi шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға болады. Зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде:

онда көзделген сатып алу сомасы, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстары сомасы шегерiлiп төленген сақтандыру сыйлықақысы сомасынан кем болмауға тиіс;

жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күні қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайды.

7. Егер осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарында, 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, осы айырма салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде осы Заңда белгіленген тәртіппен төленеді не салымшы (алушы) оны басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін пайдаланады.

61-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері

1. Сақтанушының:

1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

2) егер осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарында, 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен осы шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткіліксіз болса, ерікті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ салымшының (алушының) ақшасын пайдалануға;

3) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабын жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартуға;

4) зейнетақы аннуитеті шарты жоғалған жағдайда оның көшірмесін алуға құқығы бар.

2. Сақтанушы:

1) зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осы шарттың түпнұсқасын ұсына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;

2) зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелік он күн iшiнде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын ұсына отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитетi шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан бiржақты тәртiппен бас тартуға мiндеттi.

3. Сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру сыйлықақысының сомасын бiр рет және толық көлемде алады.

4. Сақтандыру ұйымы:

1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;

2) екі данасы сақтанушыға берiлетін зейнетақы аннуитетi шартын үш данада ресiмдеуге;

3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде зейнетақы аннуитетi шартында көрсетілген сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;

4) зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтанушыға мерзімін өткізіп алған әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 пайызы мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;

5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда, отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

62-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару тәртiбi

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мiндеттемелердің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алушының алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

63-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша Сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемдерінің есеп-қисаптарын жүзеге асыру

1. Сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемiнің есеп-қисабын уәкiлеттi орган белгiлеген әдiстемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсiз сарапшы жүзеге асырады.

2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша iс жүргiзуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері мерзімдік сақтандыру төлемдерін және сақтанушының қалауы бойынша біржолғы сақтандыру төлемін қамтиды.

Мерзімдік сақтандыру төлемдері осы Заңның 60-бабының талаптарына сәйкес зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімі бойынша ай сайын, тоқсан сайын немесе өзге де тәртіппен, бірақ жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

Сақтандыру ұйымы бірінші мерзімдік сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

4. Біржолғы сақтандыру төлемі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына ауыстырылатын зейнетақы жинақтарының сомасына қарай, мынадай:

1) егер ауыстырылатын зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 7000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының 10 пайызынан аспайтын;

2) егер ауыстырылатын зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 7000 еселенген мөлшерінен асатын, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 15000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының 20 пайызынан аспайтын;

3) егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 15000 еселенген мөлшерінен асатын болса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерлерде белгіленеді.

Біржолғы сақтандыру төлемі бірінші зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде бір рет жүзеге асырылады.

5. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтерді сақтандыру ұйымына осы сақтандыру ұйымымен еңбек шартын жасасқан адамдар ғана көрсете алады.

6. Осы баптың 4-тармағында көзделген талаппен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтер көрсеткені үшін сақтандыру ұйымы төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшерін сақтандыру ұйымы біржолғы сақтандыру төлемін есепке алмай есептейді.

9-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алу құқығы

1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған мына:

1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;

2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына байланысты, өзінің еркі бойынша және денсаулық жағдайына байланысты қызметтен шығарылған;

3) офицерлердің, прапорщиктердің (мичмандардың), арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдарының, сондай-ақ әскери қызметтi келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен шығарылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, олардың кемiнде он екі жылы мен алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

2. Қызметтен шығарылған және 1998 жылғы 1 қаңтарға он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы болмаған кезде Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде тағайындалады.

3. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.

4. Құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тiркелген, осы санаттағы адамдар үшiн әскери және құқық қорғау қызметтерiнде болудың шектi жасына сәйкес келетін жасқа толған кезде еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

65-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері

1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері:

1) осы Заңның 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он және одан да көп жыл болған кезде - толық көлемде;

2) осы Заңның 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан аз болған кезде толық емес көлемде тағайындалады.

2. Орталықтан толық көлемде төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 50 пайызы есебімен белгіленеді.

3. Орталықтан толық емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдарының және еңбек өтілінің әрбір жылы үшін осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 2 пайызы есебімен белгіленеді.

4. Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте жиырма бес жылдан асатын еңбек сiңiрген жылдарының әрбір жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның - 2 пайызына, еңбек өтілінің әрбір жылы үшiн 1 пайызына ұлғайтылады. Жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтiлiнiң әрбір жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 1 пайызына ұлғайтылады.

5. Осы баптың 1 - 4-тармақтарына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалған ақшалай қамтылымның 65 пайызынан аспауға тиіс. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға төленетін айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 109 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.

66-бап. Еңбек сіңірген жылдарды есептеу

Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргізіледі.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдар күнтізбелік жылдар бойынша есептеледі.

67-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері

1. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күнге айқындалады.

2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені бойынша айлықақы (қосымша ақы) кіреді.

3. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары (кеден органдарын қоспағанда) қызметкерлерін, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.

68-бап. Зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру мерзімдері

1. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тағайындалған, бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қамтылым төленген күннен кейін жүзеге асырылады.

2. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру алушылардың жалақысының немесе басқа да табысының болуына қарамастан, толығымен жүргізіледі.

3. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға жеке зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы шартына сәйкес жүргізіледі.

4. Әскери қызметшілер арасынан, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және Қазақстан Республикасының ішкі істер, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура, Кеден комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын арнаулы мемлекеттік органдардың және прокуратура органдарының, ішкі істер органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет және Әділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе Орталықтан төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы етіп қайта тағайындаған жағдайда зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді.

5. Әскери қызметшілер арасынан, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе Орталықтан төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы етіп қайта тағайындаған жағдайда зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді.

69-бап. Зейнетақыларды төлеу қаражаты және тәртібі

1. Әскери қызметшiлер арасынан, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері арасынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе құқық қорғау органдарындағы және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі бар әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы қызмет өтілі бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызмет, құқық қорғау органдарындағы және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі он жылдан аз әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы Заңның 67-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қамтылым мөлшерінің 20 пайызы мөлшерiнде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.

Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы жинақтары негiзге алына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы баптың 4-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы жинақтары негiзге алына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жүзеге асырылады.

70-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар

1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.

2. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын мiндеттi зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.

71-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы болған адамдарға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар

1. 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында бюджет қаражаты есебiнен төленедi.

2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.

3. Осы Заңның 11-бабында белгiленген жағдайлар болған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiмен ауыстырылуы мүмкiн.

4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау шарттары, тәртiбi және олардың мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.

10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

72-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

73-бап. Өтпелі ережелер

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құрады.

2. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен кесте бойынша жүзеге асырылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiн беру бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорының, бұрынғы кастодиан-банктің, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, Орталықтың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған зейнетақы активтерi мен мiндеттемелердi қабылдау-тапсыру актiлерiмен ресiмделедi.

Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге салымшылар (алушылар) алдында зейнетақы активтері бойынша берешегі бар жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылатын күнге дейін оны өтеуге міндетті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беруге байланысты шығыстар жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жасалған жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бергенге дейін уәкілетті органға ұсынады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудиторлық есебінде орындаушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігі туралы тәуелсіз пікірі және аталған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты есепке алуды жүргізу және есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

3. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру аяқталғанға дейін:

1) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын жинақтаушы зейнетақы қорларынан сақтандыру ұйымдарына аудару;

2) кестеде айқындалған мерзімдерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды қоспағанда, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына ауыстыру тоқтатылады.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияларының қолданысы зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне осы баптың 2-тармағында аталған барлық уәкілетті өкілдер қол қойған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 2-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген салымшылармен (алушылармен) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық шарттар бойынша құқық мирасқоры болып табылады.

Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін салымшылар (алушылар) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

6. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыруға;

2) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей уәкілетті органға лицензиялардың бланкілерін қайтаруға міндетті.

7. Жинақтаушы зейнетақы қорлары осы бапта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға құқылы.

8. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға арналған лицензияның бланкін уәкілетті органға қайтарғаннан кейін инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беру туралы уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.

Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар келіп түскен кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.

9. Зейнетақы жинақтары осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген салымшыларға осы Заңның 39-бабының 3-тармағында және 40-бабында белгіленген талаптар қолданылмайды.

10. Жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым) тараптардың бірі болып табылатын, жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақымен қамсыздандыруға, жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) қызметін ұйымдастыруға, жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысына, жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) есепке алуы мен есептілігіне, зейнетақы жинақтарының құпиялылығына және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға байланысты құқықтық қатынастар жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым) лицензиясының қолданысы тоқтатылған күнге дейін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес реттеледі.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін айқындайтын нормалары 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

11. Зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияларының қолданысы осы Заңға сәйкес тоқтатылатын, инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия алмаған жинақтаушы зейнетақы қорлары, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес таратылуға жатады.

Мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

74-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

1. Осы Заң:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылған күннен бастап қолданысқа енгізілетін 34-баптың 1-тармағын ;

2) осы Заңның 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін айқындайтын нормаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. 28-баптың 4-тармағының қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтата тұру кезеңінде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

«4. Салық органдарының өкімі бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн ұсынбаса және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.

Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің күшiн шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.».

3. Осы Заңның 73-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 3, 15-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Президенті

Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы маусымның 21-і.
№ 105-V

Добавить комментарий

Войти с помощью: