Қазақстан Республикасының
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
1.
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау.
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемесін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Осы Кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
2. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.
4-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі
Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
6-бап. Салық салудың айқындылығы принципі
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.
7-бап. Салық салудың әділдігі принципі
1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
8-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі
Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.
9-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принципі
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
10-бап. Салық саясаты
Салық саясаты - мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мөлшерлемелерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.
11-бап. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес
1. Салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлсіздіктер мен қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Консультациялық кеңес құруға құқылы.
2. Консультациялық кеңестің құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
12-бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар
1. Салық салу мақсатына орай осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) ақпаратты өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер - ақпаратты жинау мен қорытуды, ақпараттық массивтерді (деректерді), жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
2) арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі;
3) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, ислам бағалы қағаздары;
4) басқа да міндетті төлемдер – осы Кодексте белгіленген мөлшерде және жағдайларда жүргізілетін кедендік төлемдерін қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түріндегі міндетті ақша аударымдары;
5) бересі - тексеру нәтижелері туралы хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде көрсетілген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің сомасы;
6) борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа да бағалы қағаздар;
7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
8) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома;
9) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;
10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – теңгенің шетел валютасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілеген тәртіппен айқындалған бағамы;
10-1) веб-қосымша – салық төлеушінің электрондық салық қызметтерін алуына және салық міндеттемелерін орындауына арналған, уәкілетті органның дербестендірілген және санкциясыз қолжетімділіктен қорғалған интернет-ресурсы;
10-2) кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы – мынадай формула бойынша айқындалған бағам:
R= R1 + R2 + … + Rn
n, мұнда:
R – кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
R1, R2…, Rn – кезең ішінде кезеңнің әрбір күні алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған, тиісті валютаны айырбастаудың күн сайынғы нарықтық бағамы;
n – кезеңдегі күнтізбелік күндердің саны;
11) грант - белгі бір мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін өтеусіз негізде:
мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
қызметі қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипаттағы және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін мүлік;
12) гуманитарлық көмек - халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектер, өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік;
13) демеушілік көмек - осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде:
жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшін және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерін дамыту, білім және спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде;
коммерциялық емес ұйымдарға өздерінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін берілетін мүлік;
14) дивидендтер – бұл:
акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі түріндегі табыс;
заңды тұлғаны тарату кезінде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды түрде азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бөлігін құрылтайшыға, қатысушыға қайтару кезінде мүлікті бөлуден түсетін табыс;
исламдық қатысу сертификаттары бойынша төленуге жататын табыс;
акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілген баға арасындағы оң айырма;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған баға арасындағы теріс айырма;
заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, оның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында үшінші тұлға алдында туындайтын шығыстардың немесе міндеттемелердің заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлға өтейтін құны;
осы Кодекстің 163 – 165-баптарында көрсетілген табыстарды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс.
Осы тармақшада көрсетілген мүлікті бөлуден түсетін табыс мынадай тәртіппен айқындалады:
Т = Қа – Қк,
мұнда:
Т – мүлікті бөлуден түсетін табыс;
Қа – мүлікті бөлу кезінде алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің құны;
Қк – мүліктің заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құны.
Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі. Осы тармақшаның мақсаттары үшін өзара байланысты тараптар осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалады;
15) дизайнерлік қызметтер көрсету - көркемдік нысандарын, бұйымдардың сыртқы түрлерін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жөнінде көрсетілетін қызметтер; көркемдік конструкциялау;
16) жалған кәсіпорын - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылуы және (немесе) оған басшылық етілуі соттың заңды күшіне енген үкімімен не қаулысымен жалған кәсіпкерлік деп танылған жеке кәсіпкерлік субъектісі;
17) жеке тұлғаның жеке мүлкі – жеке тұлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
жеке тұлға кәсіпкерлік қызмет мақсаттарында пайдаланбайтын;
мүліктік және басқа да кірістерден жеке табыс салығын салу объектісі болып табылмайтын материалдық нысандағы заттары;
17-1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт. Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын берудің басқа түрлері де жатады;
18) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлғалар;
19) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі - филиал, өкілдік;
19-1) инвестициялық алтын – мынадай шарттарға сәйкес келетін алтын:
алтын монеталар үшін:
мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы болмайды;
алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесінің 900 мыңдық үлесіне тең немесе одан асады (бұл 900-сынамаға, 900 промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес келеді).
Бұл ретте алтын монета мынадай шарттардың біріне сәйкес болған кезде:
1800 жылға дейін соғылған;
"пруф" (proof) сапасымен бетінің айнадай болып шығуын қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған;
шығарылымының таралымы 1000 данадан аспаған;
оның нарықтық бағасы монета құрамындағы алтын құнының 80 пайызынан асқан жағдайда, оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады.
Монетаның құрамындағы алтынның құны алтын монетаны өткізу күні алтынның Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (баға белгіленімін) көрсетілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту арқылы айқындалады.
Қалған алтын үшін:
мұндай алтын аффинирленген болып табылады (мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесінің 995 мыңдық үлесіне тең немесе одан асады (бұл 995-сынамаға, 995 промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес келеді);
мұндай алтын ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келеді, өлшеуіш немесе стандартты құйма және (немесе) тілім түрінде дайындалып, мынадай таңбалау салынады:
стандартты құйма және (немесе) тілім үшін:
сериялық нөмірі (дайындалған жылы қамтылуы мүмкін);
дайындаушының тауар белгісі;
алтынның тазалығы (массалық үлесі);
егер сериялық нөмірге енгізілмеген болса, дайындалған жылы;
өлшеуіш құйма үшін:
металдың атауы;
дайындаушының тауар белгісі;
алтынның тазалығы (массалық үлесі);
құйманың массасы;
20) инжинирингтік қызметтер көрсету - инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау, өндірісті ұйымдастыру және басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсынымдар әзірлеу;
20-1) ислам бағалы қағаздары - ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;
20-2) кәсіби медиатор – Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес кәсіби негізде қызметін жүзеге асыратын медиатор;
21) келісімшарттық қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметі;
21-1) құпиялылық туралы келісім – геологиялық ақпаратты пайдалануға беруге негіз болған, жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган арасындағы шарт (келісім). Мұндай шартқа (келісімге), оның ішінде, ақпаратты алу туралы шарт (келісім) жатады;
22) келісімшарттан тыс қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелерінде тікелей көзделмеген кез келген өзге қызметі;
23) консультациялық қызметтер көрсету - басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелерді, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізу, персоналды басқару мәселелерін шешу мақсатында проблемаларды және (немесе) тұлғаның мүмкіндіктерін айқындау мен (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар, кеңестер және өзге де нысандағы консультациялар беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
24) қайырымдылық көмек – өтеусіз негізде:
демеушілік көмек түрінде;
жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде;
коммерциялық емес ұйымға оның жарғылық қызметін қолдау мақсатында;
әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымға, осы ұйымның осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында;
осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сай келетін, қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға берілетін мүлік;
24-1) жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау – салық агентінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде мүлікті бiр жыл өтеусіз беруі.
Осы тармақшада көзделген тұлғалар санаттарының тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды;
25) қатысу үлесі – акционерлік қоғамдар мен пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғаның бірлескен қызметке, заңды тұлғаның жарғылық капиталына үлестік қатысуы;
25-1) қыздырылатын темекісі бар өнімдер – темекінің жану процесінсіз электрондық немесе өзге де тәсілмен темекіні қыздыру нәтижесінде түзілген аэрозольді ішке тартуға арналған темекісі бар өнімдер;
26) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты (келісімшарт) бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға; мемлекеттік қызметші; мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі; осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын бейрезиденттің резидентке немесе Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын өзге бейрезидентке персоналды беруіне арналған келісімшарт бойынша жұмыс істеу үшін ұсынылған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
27) маркетингтік қызметтер көрсету - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысына үздік экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты көрсетілетін қызметтер;
27-1) мемлекет атынан алушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және (немесе) осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген салық міндеттемесін орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды алушы ретінде мемлекет атынан әрекет ететін заңды тұлға;
28) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
28-1) мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
29) өткізу - сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге де мүлікті тиеп жіберу және (немесе) беру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сондай-ақ кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру;
30) роялти – мыналар үшін:
пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік түзілімдерді қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтылымды, патенттерді, сызбаларды немесе модельдерді, тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз кемелерін және димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын әуе кемелерін, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем;
31) салық агенті – осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, заңды тұлға, оның ішінде бейрезидент заңды тұлға;
32) салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалу бөлігінде көрсетілген айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды;
33) салық режимі - осы Кодексте белгіленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы;
34) салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;
35) салық төлеуші – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
36) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;
37) салық төлеушінің электрондық құжаты - белгіленген электрондық форматта берілген, қабылданғаннан және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
38) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның салық төлеушіге тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі;
39) сыйақы - мыналарға:
кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;
кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;
кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;
қаржы лизингі шарты бойынша мүлікті беруге байланысты барлық төлемдер, оның ішінде:
мұндай мүлік алынған (берілген) құнды,
қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес коэффициентті (индексті) қолдану кезінде лизингтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне байланысты төлемдерді,
лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, осындай шартқа байланысты өзара байланысты тарапқа берілетін төлемдер;
салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша;
сақтандыру сомасының мөлшерін, сақтанушы үшін сақтандырушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен байланысты;
дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы төлейтін тұлға үшін оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төленетін төлем түріндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша;
вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, вексель бойынша;
репо операциялары бойынша – репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы айырма түріндегі;
исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер.
Осы тармақшаның мақсаттарында банктік шот шарттары бойынша төленетін сыйақылар да сыйақы болып танылады.
39-1) туроператордың көрсетілетін қызметтері – Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес өздері қалыптастырған туристік өнімді турагенттерге және туристерге өткізу жөніндегі туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның көрсетілетін қызметтері;
40) туынды қаржы құралы - құны болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды көздейтін шарттың базалық активінің шамасына (шаманың ауытқуын қоса алғанда) тәуелді болатын шарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және басқа да туынды қаржы құралдары, оның ішінде жоғарыда тізіп көрсетілген туынды қаржы құралдарының комбинациясын білдіретіндер жатады.
Туынды қаржы құралдарының базалық активтері тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстері пайыздық мөлшерлемелер және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе мән-жай, өзге де туынды қаржы құралдары болуы мүмкін;
41) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (бейрезидент заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпоративтік құралым осы Кодекстің мақсатына орай олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па - осыған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қарастырылады;
41-1) уәкілетті заңды тұлға – салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) үшінші тұлғаның осы Кодекске сәйкес билік етілуі шектелген және (немесе) кепілге салынған мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;
42) уәкілетті мемлекеттік органдар - салық органдарын және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өздерінің құзыреті шегінде осы Кодекске сәйкес салық органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
43) уәкілетті орган - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
44) ұтыстар — салық төлеушілердің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі табыстар;
45) электрондық салық төлеуші – осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш негізінде салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;
45-1) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол арқылы электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылады;
45-2) электрондық сигареттер – электрондық технологиялардың көмегімен картридждердегі, резервуарлардағы және электрондық сигареттерде пайдалануға арналған басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтықты қыздыратын және ішке тартуға арналған аэрозольді түзетін темекісіз өнімдер;
46) оператор - өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құратын немесе айқындайтын заңды тұлға;
47) тауарлардың импорты - Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, тауарларды Кеден одағының кеден аумағына әкелу, сондай-ақ тауарларды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу.
1-1. Осы Кодекстің мақсатында өзара байланысты тараптар деп мынадай талаптардың біреуіне не бірнешеуіне сәйкес келетін өзара қатынасы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар танылады:
1) бір тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа тұлғаның үлестес тұлғасы болып танылады;
2) бір тұлға басқа тұлғаның ірі қатысушысы болып табылады;
3) шартпен байланысты тұлғалар, оған сәйкес олардың біреуі басқасының қабылдайтын шешімін айқындауға құқылы;
4) заңды тұлға басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе лауазымды тұлғасының бақылауында болады;
5) бір заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы басқа заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы не лауазымды тұлғасы болып табылады;
6) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болады;
7) тұлға өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, осы тармақтың 2) – 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның не заңды тұлғалардың қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленеді, пайдаланады, оған билік етеді;
8) акционерлік қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға осы тармақтың 2) – 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылады;
9) жеке тұлға заңды тұлғаның ірі қатысушысының не лауазымды тұлғасының жақын туысы не жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, әпке-сiңлiлері (іні-қарындастары), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылады.
Осы тармақтың мақсатында ірі қатысушы деп, акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның мүлкіндегі үлесі он және одан да көп пайызды құрайтын қатысушы түсініледі.
Заңды тұлғаны бақылау заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі болып табылады.
2009 жылғы 1 қаңтардан кейін туындаған, ұлттық басқарушы холдингтің ірі акционер ретінде банктің жарғылық капиталына қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің лауазымды адамдарының осындай банктің басқару органына қатысуы өзара байланыстығының жалғыз негізі болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.
3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.
2-тарау.
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ. САЛЫҚТЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ӨКІЛДІК
13-бап. Салық төлеушінің құқықтары
1. Салық төлеуші:
1) салық органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға;
2-1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес салықтар бойынша аудит жүргізуге шарт жасасуға;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;
3) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;
4) салық органында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық нысанда салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға;
5) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің көшірмесін алуға;
6) салық органдарына салықтық бақылау нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс етуге;
7) салық органы салықтық өтініш алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;
8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент алған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама алуға;
8-1) есебі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органдарында жүргізілетін берешектің (бұдан әрі – есебі салық органдарында жүргізілетін берешек) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді сұрау салу бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде алуға;
9) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына көрсетілген ақпарат үшін өтініш жасалған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде алуға;
9-1) салықтық тексерудің алдын ала актiсіне жазбаша қарсылығын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуға;
10) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
11) салықтық құпияның сақталуын талап етуге;
12) осы Кодекске сәйкес салық органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді тегін алуға;
13) салықтық тексеру жүргізу барысында салық органдарының лауазымды адамында туындаған сұрақтарды жазбаша тіркеуге және осы сұрақтар көрсетілетін құжатты онымен келісуге;
14) берілуі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасында тікелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге;
15) қызметін тоқтатқан кезде салық міндеттемесін орындаудың осы Кодексте көзделген тәртіптерінің бірін таңдауға құқылы.
2. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.
2-1. Салық төлеуші жеке тұлғалардың көлік құралы салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерінің бар-жоғы туралы ақпарат беру мақсатында өзінің телефон нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайлары туралы мәліметтерді салық органына ұсынуға құқылы.
3. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
14-бап. Салық төлеушінің міндеттері
1. Салық төлеуші:
1) осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) салық органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;
3) нұсқама негізінде салық органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге;
3-1) салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт жасалған жағдайда, салық органдарының талап етуі бойынша мұндай шартты және салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны осы Кодекске сәйкес салық органдарына табыс етуге;
4) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;
5) бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға;
6) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың, тұрақты мекеменің, бейрезидент заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына (осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге;
7) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);
8) салық органдарын мынадай жағдайларда:
әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етуге міндетті.
1-1. Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері:
1) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:
заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;
қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;
аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті.
Осы тармақта көзделген талаптар:
1) мемлекеттік мекемелерге;
2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;
3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;
4) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;
5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;
6) адвокаттық, нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;
8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;
9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
15) төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивиденттердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.
1-2. Осы баптың 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, ақпарат пен материалдардың шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен дайындалғаны, таратылғаны және (немесе) орналастырылғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
2. Салық төлеуші осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
15-бап. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері
1. Салық агентінің, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші сияқты құқықтары бар және сондай міндеттері болады.
2. Салық агенті сондай-ақ:
1) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты дұрыс және уақтылы есептеуге;
2) салық төлеушіден тиісті салықты ұстауға және оларды осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке аударуға;
3) салық төлеушілерге төленген табыстардың, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салық сомасының есебін жүргізуге, оның ішінде әрбір салық төлеуші бойынша жеке-жеке жүргізуге;
4) тіркелу есебінде тұрған жері бойынша салық органына осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуге міндетті.
3. Салық агенті осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
16-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау
1. Салық төлеушіге (салық агентіне) оның құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына кепілдік беріледі.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
17-бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету
1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы қатысуға құқылы.
Осы тармақтың ережесі:
1) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін салықтық өтініш;
2) осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тасталған салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі;
3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш ұсынылған жағдайда қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) атынан өкілдік етуге уәкілеттік берілген тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) заңды өкілі болып танылады.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салық органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға өзге де қатысушылармен қатынастарда өз мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі болып танылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) - жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің уәкілетті өкілі нотариаттық куәландырылған сенімхат немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұндай салық төлеуші (салық агенті) берген нотариаттық куәландырылғанға теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда өкіл өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетіледі.
Салық төлеушінің (салық агентінің) — заңды тұлғаның не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті өкілі мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) құрылтай құжаттары және (немесе) оның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген сенімхаты негізінде әрекет етеді, онда өкіл өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетіледі.
4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзінің қатысуы оны өкіл алу құқығынан айырмайды, сол сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні (салық агентін) көрсетілген қатынастарға жеке өзінің қатысу құқығынан айырмайды.
5-тармақ
жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 №
412-V
Заңымен.
5. Салық төлеуші (салық агенті)
өкілінің Қазақстан Республикасының
салық заңнамасында реттелетін қатынастарға
сол салық төлеушінің (салық агентінің)
қатысуына байланысты жасаған іс-әрекеттері
(әрекетсіздігі) салық төлеушінің (салық
агентінің) аталған өкілге осы баптың
3-тармағында көрсетілген құжаттардың
негізінде берген өкілеттіктері
шеңберіндегі іс-әрекеттері (әрекетсіздігі)
болып танылады.
17-бапты
6-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР
18.11.2015 № 412-V
Заңымен.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР
2009.11.16 N
200-IV,
2010.06.30 N
297-IV;
03.12.2015 № 432-V
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
17-1-бап. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт)негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде салық қатынастарына оператор арқылы қатысу
1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға оператор арқылы қатысуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастардағы оператордың өкілеттігі, осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) сәйкес айқындалады.
3. Осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салық міндеттемелерін орындаған кезде, оператор осы Кодексте салық төлеушiлер (салық агенттерi) үшін көзделген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады, сондай-ақ оған осы Кодексте салық төлеушiлер (салық агенттерi) үшін көзделген салық әкімшілігін жүргізудің тәртібі қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуына байланысты осы жер қойнауын пайдаланушылардың атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша жасалған оператордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) осындай жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың атынан және (немесе) олардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін оператордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.
Ескерту. 2-тарау 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV Заңымен.
3-тарау. Салық органдары. Салық органдарының басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен.
18-бап. Салық органдарының міндеттері мен жүйесі
Ескерту. 18-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен.
1. Салық органдарының міндеттері:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналары), әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды (бұдан әрі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар) есептеудің, ұстап қалудың және аударудың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – әлеуметтік аударымдар) есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
2-1)
тармақша жаңа редакцияда көзделген -
ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен.
2-1) бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорына міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын (бұдан әрі –
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары)
есептеудің, ұстап қалудың және аударудың
толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз
ету;
1-тармақты
2-2) тармақшамен толықтыру көзделген -
ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен.
3) Қазақстан Республикасының
салық саясатын іске асыруға қатысу;
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын
қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының салық органдары өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі – салық органдары) болып табылады.
Салық органдарының жүйесі уәкілетті органнан және уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ ауданаралық аумақтық бөлімшелерінен тұрады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда, осы аймақтардың аумағында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері құрылуы мүмкін.
Салық органдарының уәкілетті орган бекіткен кодтары бар.
3. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен.
4. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық органына сатылы тұрғыда тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
5. Уәкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.
6. Салық органдарының рәмізі болады. Салық органдары рәмізінің сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV, 2011.07.21 № 467-IV; 21.06.2013 № 106-V; 29.09.2014 N 239-V; 07.11.2014 № 248-V; 16.11.2015 № 406-V Заңдарымен.
19-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен.
19-бап.
Салық органдарының құқықтары
1. Салық органдары:
1) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеуге және бекітуге;
2) салықтық бақылауды жүзеге асыруға;
3) салық салу мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
1-тармақты
3-1) тармақшамен толықтыру көзделген -
ҚР 18.11.2015 № 412-V
Заңымен.
3-2) Қазақстан Республикасының
халықаралық шартының негізінде шет
мемлекеттердің уәкілетті органдарымен
ақпарат, оның ішінде коммерциялық,
банктік және заңмен қорғалатын өзге де
құпияны құрайтын ақпарат алмасуға;
4) салық төлеуші (салық агенті, оператор) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агенті, оператордан) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бухгалтерлік және салық есептерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге;
5) тармақша жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен.
5) салық төлеушіден (салық
агентінен, оператордан) салықты және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді есептеудің дұрыстығын және
төлеудің (ұстап қалудың және аударудың)
уақтылылығын, міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеудің, ұстап қалу мен
аударудың және әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және (немесе)
жарналарды есептеу мен төлеудің толықтығы
мен уақтылығын растайтын құжаттарды,
салық төлеуші (салық агенті, оператор)
жасаған салықтық нысандар бойынша
жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ
салық төлеушінің (салық агентінің)
қаржылық есептілігін, оның ішінде
резидент — салық төлеушінің (салық
агентінің) Қазақстан Республикасынан
тысқары жерлерде орналасқан оның еншілес
ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса
алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде
міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген
болса, аудиторлық есепті қоса бере
отырып, шоғырландырылған қаржылық
есептілікті ұсынуын талап етуге;
6) салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге;
1-тармақты
6-1) тармақшамен толықтыру көзделген -
ҚР 18.11.2015 № 412-V
Заңымен.
7) нұсқама негізінде объектінің
тұрған жеріне қарамастан, салық салу
объектісі және (немесе) салық салуға
байланысты объект болып табылатын
мүлікті зерттеп-тексеруге, салық
төлеушінің (салық агентінің, оператордың)
мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа)
түгендеу жүргізуге;
8) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардан, бірыңғай тіркеушіден, брокерлерден және (немесе) дилерлерден, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарынан осы Кодекстің 581-бабының 1), 1-1), 1-2), 4) тармақшаларында және 583-1-бабында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға;
9) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер алуға;
10) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындауға;
11) салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;
12) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы соттарға қуынымдар беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қуынымдар беруге құқылы.
2. Салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жүктелген міндеттерді іске асыруды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
3. Салық органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
Ескерту.
19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2009.11.16 N
200-IV,
2010.06.30 N
297-IV,
2011.03.25 N
421-IV;
21.06.2013 № 106-V;
05.12.2013 № 152-V
Заңымен; 16.11.2015 № 406-V
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);
30.11.2016 № 26-VI
Заңдарымен.
20-бап. Салық органдарының міндеттері
1. Салық органдары:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтауға;
2) мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
3)
тармақша жаңа редакцияда көзделген -
ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен.
3) салық төлеушінің (оператордың)
– салық міндеттемесін, салық агентінің
(оператордың) салықтарды есептеу, ұстап
қалу және аудару жөніндегі міндетті
осы Кодексте белгіленген тәртіппен
орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
есептеудің толықтығы мен төлеудің
уақтылығын, міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалу мен аударудың
уақтылығын бақылауды жүзеге асыруға;
4)
тармақша жаңа редакцияда көзделген -
ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен.
4) салық төлеушілерді, салық
салу объектілерін және (немесе) салық
салуға байланысты объектілерді есепке
алуды, есептелген, есепке жазылған және
төленген салықты және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді, есептелген,
ұстап қалынған және аударылған міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын, есептелген және
төленген әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және (немесе)
жарналарды есепке алуды жүргізуге;
5) өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге;
6) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, салықтық нысандарды толтыру тәртібін түсіндіруге;
6-1) жыл сайын сауал салу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жылдық жиынтық табысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы және кәсіпкерлік субъектілерінің сәйкестендiру нөмiрi туралы мәліметтерді ұсынуға;
7) салық төлеушіге (салық агентіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық нысандағы салық есептіліктері мен салықтық өтініштерді табыс етуге қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін беруге;
8) нұсқама бойынша салықтық тексеруді жүргізуге;
9) өз құзыреті шегінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын, есепке жатқызылған қосылған құнға салықтың есептелген салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды, осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде айыппұлды қайтаруды жүргізуге;
1-тармақты
9-1) тармақшамен толықтыру көзделген -
ҚР 18.11.2015 № 412-V
Заңымен.
10) осы Кодекстің ережелеріне
сәйкес салықтық құпияны сақтауға;
11)
тармақша жаңа редакцияда көзделген -
ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен.
11) осы Кодексте көзделген
мерзімде және жағдайларда салық
міндеттемесінің, міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын ұстап қалу мен аудару және
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы
жөнінде салық төлеушіге (салық агентіне,
операторға) хабарлама және (немесе) осы
Кодексте белгіленген жағдайларда оның
көшірмесін тапсыруға;
12) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент алған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама ұсынуға;
12-1)
тармақша жаңа редакцияда көзделген -
ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен.
12-1) есебі салық органдарында
жүргізілетін берешектің жоқ (бар)
екендігі туралы мәліметтерді осы
Кодексте белгіленген тәртіппен және
мерзімдерде беруге;
13) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін және салықтық өтініштерді қабылдауға;
14) салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды талап етуге және өз құзыреті шегінде осы талаптардың орындалуын бақылауға;
15)
тармақша жаңа редакцияда көзделген -
ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен.
15) салық төлеушінің (салық
агентінің) салықтық өтінішін алған
күннен бастап екі жұмыс күнінен
кешіктірмей оның жеке шотынан салық
міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аудару және
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы
бойынша бюджетпен есеп айырысудың
жай-күйі туралы үзінді көшірме беруге;
16)
тармақша жаңа редакцияда көзделген -
ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен.
16) көрсетілген ақпарат үшін
салық органына өтініш жасалған күннен
бастап бір жұмыс күні ішінде өз құзыреті
шегінде салық төлеушіге (салық агентіне)
салықты және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге
жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды
төлеу жөніндегі төлем құжатын толтыру
үшін қажетті деректемелер туралы
мәліметтер, сондай-ақ салықты және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, бюджетке төленуге жататын
өсімпұлдар мен айыппұлдарды, әлеуметтік
аударымдарды, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аудару тәртібі
туралы ақпарат беруге;
17) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу фактісін растайтын құжаттардың немесе құжаттар көшірмелерінің бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға салық органдарының ақпараттық жүйесіне қолжетімділігін беруге;
19) электрондық салық төлеушіге өзінің жеке шотын көру қолжетімділігін беруге;
20)
тармақша жаңа редакцияда көзделген -
ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен.
20) салық төлеушінің талап
етуі бойынша – салық міндеттемесінің,
сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар бойынша
міндеттемелердің орындалуы жөніндегі,
салық агентінің талап етуі бойынша
салықты есептеу және аудару бойынша
міндеттің орындалуы жөніндегі есеп-қисапты
салыстыруды жүргізуге, жеке шотқа осы
Кодексте көзделген тәртіппен түзетулер
енгізуге;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
22) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында:
салық берешегі бар;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әрекетсіз деп танылған;
соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған;
тіркелуі заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған салық төлеуші (салық агенттері) туралы мәліметтерді орналастыруға;
23) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берілуінің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;
24) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
25) салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық берешегін осы Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға;
25-1) осы Кодекстің 14-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар туралы дерекқорды жүргізуге міндетті.
Осы Кодекстің 14-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында және 2) тармақшасының бірінші бөлігінде аталған тұлғалар туралы мәліметтер дерекқорға енгізіледі.
Дерекқорды жүргізу тәртібін, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтерді және орналастыруға жататын өзге де мәліметтерді, сондай-ақ дерекқорға енгізу және одан шығару тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
26) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын қарауға;
1-тармақты
26-1) тармақшамен толықтыру көзделген -
ҚР 18.11.2015 № 412-V
Заңымен.
26-2) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын қарауға;
27) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартуға міндетті.
2. Салықтық тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару, сондай-ақ әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес процестік шешімді қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.
3. Салық органдары Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV, 2010.06.30 N 297-IV; 21.06.2013 № 106-V; 04.07.2013 № 130-V Заңымен; 05.12.2013 № 152-V Заңымен; 16.05.2014 № 203-V; 03.07.2014 № 227-V; 28.11.2014 № 257-V; 16.11.2015 № 406-V; 03.12.2015 № 432-V; 26.07.2016 № 12-VI; 30.11.2016 № 26-VI Заңдарымен.
21-бап. Мүдделер қақтығысы
Салық органдары лауазымды адамының жақын туысы (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер), жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апалы-сіңлілілер (аға-қарындастар) ата-анасы мен балалары) болып табылатын салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты, сондай-ақ қаржылық жағынан тікелей немесе жанама мүдделілігі бар болса, мұндай лауазымды адамға қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.
22-бап. Кеден органдарының салықтар алу жөніндегі өкілеттігі
Ескерту. 22-бап алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен.
23-бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі
1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) салық төлеуші – жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықты жинауды ұйымдастыру кезінде әкімдер:
1) салық органдарынан салықтың сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген хабарламаны салық төлеушіге - жеке тұлғаға тапсыруды;
2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеушіге - жеке тұлғаға осындай төлеу фактісін растайтын квитанция беруді;
3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, салық сомасын кейіннен бюджет есебіне жатқызу үшін күн сайын өткізуді қамтамасыз етеді. Егер күн сайынғы ақша түсімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын он еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болса, сондай-ақ елді мекенде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша өткізу үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;
4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.
Ескерту.
23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2009.11.16 N
200-IV,
2011.07.05 N
452-IV;
29.09.2014 N
239-V;
02.11.2015 № 387-V
Заңдарымен.
24-бап. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы
Ескерту. 24-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен.
1. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
2. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органдарына жәрдемдесуге міндетті.
24-бапты
2-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР
18.11.2015 № 412-V
Заңымен.
3. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 №
257-V
Заңымен.
4. Салық органдары мен жергілікті атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша осы Кодекстің 23-бабында белгіленген тәртіппен бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.
5. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алу және олар бойынша мәліметтер табыс ету жөніндегі өкілеттіктері осы Кодекстің ерекше бөлігінде айқындалады.
6. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
6-1. Салық органдары салықтық тексеру барысында тексерілетін салық төлеушіге қатысты еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алу жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді.
6-2. Салық органдары өндірушілердің заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын өндірушілер бойынша ақпарат ұсынады.
Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V; 02.07.2014 N 225-V; 28.11.2014 № 257-V; 17.11.2015 № 407-V Заңдарымен.
3-тарауды
24-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР
18.11.2015 № 412-V
Заңымен.
25-бап. Салық органдарының лауазымды адамдарын материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және әлеуметтік қорғау
1. Салық органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңмен қорғалады.
2. Салық органдары лауазымды адамының заңды талаптарын орындамау, салық органдары лауазымды адамының қызметтік жұмысына байланысты оны немесе оның отбасы мүшелерін қорлау, қорқыту, оларға зорлық-зомбылық жасау немесе олардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне қол сұғушылық, салық органдары лауазымды адамының қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін басқа да іс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық органдары лауазымды адамының денсаулығына орташа ауыр зиян жасалған және келтірілген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
4. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық органдары лауазымды адамының денсаулығына кәсіптік қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей ауыр зиян жасалған және келтірілген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшері арасындағы айырма (өмір бойы) төленеді.
5. Салық органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне):
1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;
2) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
6. Қызметтік міндеттерін орындауына байланысты салық органдары лауазымды адамының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамының отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеледі.
2-БӨЛІМ.
САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ
4-тарау. ЖАЛПЫ
ЕРЕЖЕЛЕР
26-бап. Салық міндеттемесі
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
2. Мемлекеттің салық органы арқылы салық төлеушіден (салық агентінен) оның салық міндеттемесін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалар салық міндеттемесін:
1) салық органында тіркеу есебіне қоюды;
2) салық есептілігін ұсыну нысандарын, мерзімдерін, тәртібін;
3) бақылау-кассалық машиналарды қолдануды;
4) қосылған құн салығын қайтару мерзімдерін;
5) қызметі тоқтатылған кезде, салық төлеушілерді мемлекеттік дерекқордан алып тастауды айқындайтын, уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес орындайды.
Ескерту.
26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2011.07.21 № 467-IV
(2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі);
11.05.2017 № 65-VI
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
27-бап. Салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект
Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негізінде салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.
28-бап. Салық базасы
Салық базасы салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы айқындалады.
29-бап. Салық мөлшерлемесі
1. Салық мөлшерлемесі салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасын білдіреді.
2. Салық мөлшерлемесі салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.
30-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
5-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ
31-бап. Салық міндеттемесін орындау
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады.
2. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:
1) салық органында тіркелу есебіне тұрады;
2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;
3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық мөлшерлемелерін негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомасын есептейді;
4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық органдарына табыс етеді;
5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.
3. Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.
4. Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
5. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда - салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.
РҚАО-ның
ескертпесі!
6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
6. Осы Кодексте белгіленген
жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті
өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді, әлеуметтік
аударымдарды, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аудару кезінде
төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші
салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің
атын (егер ол жеке басты куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе) немесе атауын
және оның сәйкестендіру нөмірін
көрсетеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
31-бапты 6-1-тармақпен толықтыру көзделген
- ҚР 18.11.2015 № 412-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
7. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.
8. Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.
9. Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелерінде төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.
Ескерту.
31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2011.07.21 № 467-IV
(2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі);
21.06.2013 № 106-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т.
қараңыз); 16.11.2015 № 406-V
Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
32-бап. Салық міндеттемесін орындау кезінде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу ерекшеліктері
1. Төлем көзінен ұсталатын салықтың сомасын есептеуді салық агенті жүзеге асырады.
2. Осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерінің сомасын есептеу жөніндегі міндет салық органына және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктелуі мүмкін.
33-бап. Салық міндеттемесін орындау мерзімдері
Салық міндеттемесін орындау мерзімдері осы Кодексте белгіленеді. Бұл ретте, осы Кодексте белгіленген мерзімнің өтуі салық міндеттемесін орындау мерзімінің басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңдық іс-қимылдан кейін келесі күні басталады. Мерзім осы Кодексте белгіленген кезеңнің соңғы күнінің соңында аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.
34-бап. Салық берешегін өтеудің тәртібі
Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) бересі сомасы;
2) есептелген өсімпұлдар;
3) айыппұлдар сомасы.
Ескерту.
34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N
61-V
(2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
35-бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесінің орындалуы
1. Сенімгерлікпен басқарушы өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру процесінде алынуға жататын (алынған) табыстар, төленуге жататын (жүргізілген) шығыстар және сатып алған және (немесе) алған мүлік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары, шығыстары және мүлкі болып табылады.
Сенімгерлікпен басқарушының сыйақы түріндегі табысы мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының шығысы болып табылады.
Егер салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен басқару жүктелсе, онда сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының табыстары мен оның осы тармақта көзделген, осындай құрылтайшының немесе пайда алушының алдыңғы салық кезеңдері үшін шеккен залалдары сомасына, сондай-ақ орындалуы сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген салық міндеттемесі сомасына азайтылған шығыстары арасындағы оң айырма мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан алынған таза табысы болып табылады.
Осы тармақта көзделген шығыстардың мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстарынан асып кетуі мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан шеккен залалы болып табылады.
2. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудан алынған табысы болып табылады. Сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыруға байланысты шығыстар, егер көрсетілген актіде сенімгерлікпен басқарушының шығыстарын мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының есебінен өтеу көзделмеген болса, сенімгерлікпен басқарушының шығыстары болып танылады.
3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының салық міндеттемесін орындауды:
1) қосылған құн салығынан және мүлік салығын осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары есептейтін, жеке тұлғалардың тұрғын үйі мен басқа да объектілері бойынша мүлік салығынан басқа, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша – осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай құрылтайшы немесе пайда алушы мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актінің негізінде сенімгерлік басқарушыға жүктеуі мүмкін;
2) қосылған құн салығы бойынша ол осы Кодекстің 8-бөлімінде және 568-571-баптарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сенімгерлікпен басқарушыға жүктеледі.
Егер салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу немесе ұстау жөніндегі салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген болса, мұндай сенімгерлікпен басқарушы осы Кодекстің 81-тарауында белгіленген тәртіппен салық органында тіркелу есебіне тұруға тиіс.
Бұл ретте сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлік басқару шарты бойынша салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу немесе ұстау жөніндегі салықтық міндеттемелерді:
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлікпен басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілген жағдайда, – мұндай құқық мемлекеттік тіркелген;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлікпен басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілмеген жағдайда, – сенімгерлікпен басқару шарты жасалған күннен бастап орындайды.
4. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы мүлікті сенімгерлікпен басқаруға берумен байланысты өзінде туындайтын қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесінен басқа салық міндеттемесін мынадай жағдайлардың кез келгенінде:
1) салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен басқарушыға
жүктелмесе;
2) егер сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару туындаған күні және сенімгерлік басқару кезеңінде осы Кодекстің 134, 135, 135-1, 181, 182-баптарының, 17 және 63-тарауларының ережелері қолданылатын тұлғаларға жататын болса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес орындайды.
5. Сенімгерлікпен басқарушы мүлік сенімгерлікпен басқаруға берілген кездегі салық міндеттемесін орындау мақсатында осы Кодекстің 58-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.
6. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті сенімгерлікпен басқарушыға беруі осындай мүлікті өткізуі болып табылмайды және ол сенімгерлікпен басқарушының табысы болып танылмайды.
7. Сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудың туындауына негіз болатын құжаттың қолданылуы тоқтаған кезде мүлікті қайтаруы осындай мүлікті өткізу болып табылмайды және ол мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табысы (залалы) болып танылмайды.
8. Сенімгерлікпен басқарушыға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын есептеу, төлеу немесе ұстау, сондай-ақ мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы үшін салықтық нысандарды жасау және табыс ету жөніндегі салық міндеттемесі жүктелген жағдайда, мұндай салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын тұлғаның атынан, осы Кодекстің ерекше бөлімінде сенімгерлікпен басқарушы жататын тұлғалар үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.
Бұл ретте, егер осы Кодекстің 58 және 64-баптарында өзгеше белгіленбесе, сенімгерлікпен басқарушы салықтық нысандарды мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүддесінде жүзеге асырылатын қызметті қоса алғанда, тұтас бүкіл қызметі бойынша жасайды және табыс етеді.
Ескерту.
35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2011.01.19 N
395-IV
(2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi),
2011.07.21 № 467-IV
(2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі);
03.12.2015 № 432-V
Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа
енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
36-бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері
РҚАО-ның
ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
18.11.2015 № 412-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
1. Осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында көзделген декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаның мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруі кезінде осындай декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін осы жеке тұлға орындайды.
2. Заңды тұлға, дара кәсіпкер сенімгерлік операциялар бойынша банктен алған табысы бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлға мүлікті бейрезидент болып табылатын сенімгерлікпен басқарушыға сенімгерлікпен басқаруға берген кезде салық міндеттемесін дербес орындайды.
3. Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның салық агенті болып табылатын банк жүзеге асыратын сенімгерлік операциялардан түскен табысы бойынша салық міндеттемесін осындай банк салық агентінің міндеттерін орындау түрінде орындайды.
4. Егер мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының салық міндеттемесін орындау толығымен сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген болса, сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.
Ескерту.
36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N
200-IV
(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
37-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатқан кезде салық міндеттемесін орындау
1. Резидент заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бұл туралы жазбаша хабарлайды.
2. Таратылатын заңды тұлға аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін ұсынады.
3) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның
ескертпесі!
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
3. Таратудың салық есептілігі
таратылатын заңды тұлға төлеуші және
(немесе) салық агенті болып табылатын
салықтың, бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің түрлері, міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары және әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша, құжаттық
тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш
табыс етілген салық кезеңінің басынан
бастап осындай өтініш табыс етілген
күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
4. Таратылатын заңды тұлға
салық органына таратудың салық есептілігі
табыс етілген күннен бастап күнтізбелік
он күннен кешіктірмей, таратудың салық
есептілігінде көрсетілген салықты,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және (немесе)
жарналарды төлейді, міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын аударады.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Салық органдары құжаттық тексеруді таратылатын заңды тұлғаның салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға тиіс.
6. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі, оның ішінде осы баптың 4 және 11-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте, осындай бейрезидент заңды тұлға қызметі тоқтатылатын тұрақты мекеме, құрылымдық бөлімше арқылы тұрақты мекемелердің, филиалдардың, өкілдіктердің тобы бойынша жиынтық түрде салық міндеттемелерін орындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің, бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің, құрылымдық бөлімшелерінің де салық берешегі өтеледі.
7. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық берешегін толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.
8. Егер таратылатын заңды тұлғада салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен таратылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
Егер таратылатын заңды тұлғада салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
9. Егер таратылатын заңды тұлғада қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күнге дейін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 272-бабына сәйкес қайтаруға жататын есепке жазылған салық сомасынан асып кететін сомасы болса, көрсетілген асып кеткен сома таратылатын заңды тұлғаға осы Кодекстің 273, 600 және 603-баптарында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
2) салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
РҚАО-ның
ескертуі!
4) тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N
297-IV
Заңының 2-бабын қараңыз).
4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның
ескертуі!
5) тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N
297-IV
Заңының 2-бабын қараңыз).
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
РҚАО-ның
ескертпесі!
11-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
11. Таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару бойынша міндеттер туындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлға осындай салық міндеттемесін және міндетті осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық органының хабарламасы негізінде орындауға міндетті.
12. Құжаттық тексеру аяқталғаннан кейiн таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
1) тарату балансын;
2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.
3) алып тасталды - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды бір мезгілде мынадай талаптар:
РҚАО-ның
ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуінің болмауы;
5) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
Үшінші бөліктің бірінші абзацы жаңа
редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегi, салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетiлген құжаттарды:
РҚАО-ның
ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
1) салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары және
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар бойынша
берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуді қайтарған күннен;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
13. Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салық міндеттемесін орындауы осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
14. Таратылатын резидент заңды тұлғалар осы Кодекстің 37-1 немесе 37-2-баптарында белгіленген салық міндеттемелерін орындаудың ерекшеліктерін таңдаған жағдайда, осы баптың ережелері оларға қолданылмайды.
Ескерту.
37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2009.11.16 N
200-IV
(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2009.12.30 № 234-IV
(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2010.06.30 N
297-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан
қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б.
қараңыз), 2012.12.24 N
60-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2012.12.26 N
61-V
(2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі);
21.06.2013 № 106-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т.
қараңыз); 05.12.2013 № 152-V
Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа
енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
16.11.2015 № 406-V
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);
03.12.2015 № 432-V
(01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
37-1-бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
1. Осы бап бір мезгілде мынадай тиісті шарттарға сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;
2) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданбайтын (қолданбаған);
3) қайта ұйымдастырылмаған немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры болып табылмайтын;
4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындау ерекшелігін белгілейді.
Осы бап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы баптың ережелері құрылған күнінен бергі кезеңі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз заңды тұлғаларға да қолданылады.
2. Заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
3) таратудың салық есептілігін;
4) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
Таратылатын заңды тұлға бақылау-кассалық машинасын салық органына есепке қойған жағдайда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Салық органы таратылатын заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін:
1) мемлекеттік уәкілетті органдарға – қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ салық органының сұратуын алған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;
2) кеден органдарына – қызметі тоқтатылатын заңды тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді табыс ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар бойынша салық органының сұратуын алған күнге берешегінің жоқ екендігін растау туралы;
3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның салық органының сұратуы алынған күні банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жібереді.
Салық органының осы тармақта көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге жатады.
6. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасайды.
РҚАО-ның
ескертпесі!
6-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері мен салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.
Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей қолын қойдыра отырып таратылатын заңды тұлғаға тапсырылады немесе оған почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
Салық органы таратылатын салық төлеушіге (салық агентіне) почта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберген қорытындыны почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлерді тарта отырып, салықтық тексеріп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.
7. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда таратылатын заңды тұлғаға қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауына белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.
Таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда құжаттық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
8. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі, оның ішінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
9. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық берешегін толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.
10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
2) салықтардың, төлемақылардың, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
11. Таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
1) тарату балансын;
2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етедi.
РҚАО-ның
ескертпесі!
11-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Таратылатын заңды тұлға салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болмаған жағдайда, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
12. Камералдық бақылау
нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтар, салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешек
болған жағдайда, таратылатын заңды
тұлға камералдық бақылау нәтижелері
бойынша анықталған бұзушылықтарды жою
шартымен салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешек
өтелген күннен бастап үш жұмыс күні
ішінде осы баптың 11-тармағында көрсетілген
құжаттарды табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
13-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
13. Осы баптың 11-тармағында
көрсетiлген
құжаттар ұсынылғаннан және осы баптың
11 және 12-тармақтарында белгiленген
ережелер орындалғаннан кейiн
салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк
тiркеудi,
қайта тiркеудi,
заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын
мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық
бөлiмшелердi
есептiк
тiркеудi,
қайта тiркеудi,
есептiк
тiркеуден
шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк
органға таратылатын заңды тұлға бойынша
есебі салық органдарында жүргізілетін
берешектің жоқ (бар) екендiгi
туралы мәлiметтерді
осы Кодекстiң
598-бабында белгiленген
тәртiппен
және мерзiмдерде
жiбередi.
Ескерту.
5-тарау 37-1-баппен толықтырылды - ҚР
2012.12.26 N
61-V
(2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)Заңымен;
өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 N
102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т.
қараңыз); 16.11.2015 № 406-V
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);
03.12.2015 № 432-V
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
37-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
1. Осы бап бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) таратылатын заңды тұлғаның және қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңіндегі түзетулері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 120000 еселенген мөлшерінен аспайтын;
2) салық органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындысы бар таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктерін белгілейді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
1-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс
енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Бұл ретте, егер салықтар
бойынша аудиторлық қорытындының
нәтижелері бойынша салықтарды және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап
қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдар және (немесе)
жарналарды есептеу және төлеу жөніндегі
міндеттемелер туындаса, мұндай
міндеттемелер таратылатын заңды тұлғаның
немесе қызметін тоқтататын дара
кәсіпкердің аудиторлық ұйым салықтар
бойынша аудиторлық қорытындыны осындай
салық төлеушіге тапсырған күннен кейінгі
күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде
орындауына жатады.
2. Резидент заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, дара кәсіпкер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда өзі орналасқан жердегі салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) тіркеу есебі болған кезде жекелеген қызмет түрлері бойынша осындай есепке алудан шығару туралы салықтық өтінішті;
3) таратудың салық есептілігін;
4) аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны;
5) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен
бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
Осы тармақтың бірiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасында көрсетiлген құжатты бақылау-кассалық машина салық органында есепке қойылған жағдайда таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер ұсынады.
РҚАО-ның
ескертпесі!
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
3. Таратудың салық есептілігі
таратылатын заңды тұлға немесе қызметін
тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және
(немесе) салық агенті болып табылатын
салықтардың, бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары мен әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша қызметті
тоқтату туралы салықтық өтініш табыс
етілген салық кезеңінің басынан бастап
осындай өтініш табыс етілген күнге
дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, мұндай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
4. Таратылатын заңды тұлға
немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер
салық органына таратудың салық есептілігі
табыс етілген күннен бастап күнтізбелік
он күннен кешіктірмей, таратудың салық
есептілігінде көрсетілген салықтарды,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлейді, міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және (немесе)
жарналарды аударады.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын жағдайда, төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Таратылатын заңды тұлғада немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған кезде:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
2) салықтардың, төлемақының, алым мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
4) айыппұлдардың төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары осы салық төлеушіге Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
6. Салық органы осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Кодекстің 586-бабында айқындалатын тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
РҚАО-ның
ескертпесі!
6-тармақтың төртінші бөлігі жаңа
редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Салық төлеуші салық
берешегін, міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар бойынша
берешекті төлеуді (аударуды) камералдық
бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
орындалған күннен бастап күнтізбелік
он күннен кешіктірмей жүргізеді.
7. Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайларда, салық органы мұндай салық төлеушіге қатысты анықталған, құжаттық салықтық тексеруді тағайындау үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар бойынша аталған тексеруді жүргізеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
8. Осы баптың 4, 5 және
6-тармақтарында белгіленген ережелер
орындалған және салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары мен
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар бойынша
берешек болмаған жағдайларда, сондай-ақ
салық органы жүргізген камералдық
бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жойған кезде таратылатын
заңды тұлға орналасқан жеріндегі салық
органына бір мезгілде:
1) тарату балансын;
2) банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды таратылатын заңды тұлға салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек болған жағдайларда, таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
9. Осы баптың 8-тармағында
белгiленген
ережелер орындалғаннан кейiн
салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк
тiркеудi,
қайта тiркеудi,
заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын
мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық
бөлiмшелердi
есептiк
тiркеудi,
қайта тiркеудi,
есептiк
тiркеуден
шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк
органға таратылатын заңды тұлға бойынша
есебі салық органдарында жүргізілетін
берешектің жоқ (бар) екендiгi
туралы мәлiметтерді
осы Кодекстiң
598-бабында белгiленген
тәртiппен
және мерзiмдерде
жiбередi.
РҚАО-ның
ескертпесі!
10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
10. Қызметін тоқтатқан
дара кәсіпкердің салық міндеттемесі
салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешек
болмаған немесе өтелген, камералдық
бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтар толық көлемде жойылған
жағдайда камералдық бақылау жүзеге
асырылғаннан кейін орындалды деп
есептеледі.
11. Осы баптың 10-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күн дара кәсіпкерді салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.
12. Салық органы осы баптың 11-тармағында көрсетілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы шешім қабылдайды.
Дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
РҚАО-ның
ескертпесі!
13-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
13. Салық органы осы баптың
6-тармағында белгіленген, салық берешегiн,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешекті
төлеу (аудару) мерзімі өткеннен кейін
үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара
кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан
бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Дара кәсіпкердің осы бапта белгіленген ережелерді орындамауы да дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту.
5-тарау 37-2-баппен толықтырылды - ҚР
29.12.2014 № 269-V
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР
16.11.2015 № 406-V
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);
03.12.2015 № 432-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан
қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
38-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
38-бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы
1. Резидент заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;
2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесін;
3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, құрылымдық бөлімшенің таратудың салық есептілігін табыс етеді.
2. Таратудың салық есептілігі заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі дербес төлеуші болып танылған салықтың, төлемақының түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған салық кезеңінің басынан бастап қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.
3. Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі осы баптың 2-тармағында көзделген таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықты, төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды дербес төлеуші болып танылмаса, таратудың салық есептілігі табыс етілмейді.
5. Қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.
6. Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек толық көлемде өтелгеннен кейін қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлға осы құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.
Ескерту.
38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2009.12.30 № 234-IV
(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2011.07.21 № 467-IV
(2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2012.12.24 N
60-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
21.06.2013 № 106-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т.
қараңыз); 16.11.2015 № 406-V
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
39-бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау
1. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлайды.
Тапсыру актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қосылу, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға сонымен бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына:
1) таратудың салық есептілігін;
2) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) тапсыру актісін табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
1-тармақтың төртінші бөлігі жаңа
редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Таратудың салық есептілігі қосылу, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша осындай есептілікті тапсыру міндетті туындаған салық кезеңі басталған сәттен бастап оны салық органына табыс ету күніне дейінгі кезең үшін жасалады.
Таратудың салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме – бірігу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қайта құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген әрбір заңды тұлғаға, қосылу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қосылған заңды тұлғаға жүктеледі.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, мұндай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде мұндай тұлға бөлу балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына аталған балансты табыс етеді.
1-1. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін табыс етуді қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) жүктеледi.
1-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеуге қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі оның салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгертуіне негіз болып табылмайды.
3. Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу шотына есептеуге жатқызылады.
Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
4. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
2) салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
4-1. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада – қосылған құн салығын төлеушіде қайта ұйымдастырылу күніне қалыптасқан, асып кеткен қосылған құн салығы оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге жатады.
Бұл ретте бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге жататын, асып кеткен қосылған құн салығы құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілетін негізгі құралдардың қалдық құнының үлесіне барабар айқындалады.
Негізгі құралдардың қалдық құны бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның бөлу балансы негізінде айқындалады.
Осы тармақ бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған жағдайда қолданылады.
5. Алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Салық органы заңды тұлғаны мынадай жолмен қайта ұйымдастыру туралы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
1) бірігу - жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына беру актісі негізінде береді;
2) қосылу - қосылған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны аталған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына беру актісі негізінде береді;
3) Алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) бөлініп шығу - жаңадан туындаған заңды тұлғаны бөліп шығарған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан туындаған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша бөліну балансы негізінде береді.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны беру тәртібі осы Кодекстің 595-бабында белгіленеді.
Ескерту.
39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2009.07.04 N
167-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.
қараңыз), 2009.11.16 N
200-IV
(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2009.12.30 № 234-IV
(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2011.07.21 № 467-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б.
қараңыз); 21.06.2013 № 106-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т.
қараңыз); 05.12.2013 № 152-V
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
28.11.2014 № 257-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
03.12.2015 № 432-V
(01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
39-1-бап. Тұрақты мекеменің Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) болуына байланысты бейрезидент заңды тұлғаға құқықтары мен міндеттерін беру кезінде өзінің филиалын (өкілдігін) ашпастан, салық міндеттемесін орындауы
1. Бейрезидент заңды тұлға өзінде Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі болған кезде, филиалын (өкілдігін) ашпастан және тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына ауыстыру туралы шешім қабылдамастан салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын заңды тұлғаға мұндай тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттерін беру туралы осы Кодекстің 562-бабы 1-1-тармағына сәйкес мұндай тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлауға міндетті.
Көрсетілген бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесі салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде салық органына:
1) тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін;
3) тапсыру актісін табыс етуге міндетті.
РҚАО-ның
ескертпесі!
1-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Таратудың салық есептiлiгi салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша құралады, олар бойынша құқықтары мен мiндеттерiн беретiн тұрақты мекеме мұндай есептiлiктi табыс ету жөнiндегi мiндеттеме туындаған салық кезеңiнің басынан бастап оны салық органына табыс еткен күнге дейiнгi кезең үшiн төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің салық міндеттемесін орындау тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған осындай заңды тұлғаға (құқық мирасқорына) жүктеледі.
3. Тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беруі тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаның салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу бойынша өзінің салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
4. Құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің салық берешегі болмаған кезде салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
5. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің жеке шоты бойынша сальдоны тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттері берілген заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 595-бабында белгіленген тәртіппен беру актісінің негізінде береді.
Ескерту.
Кодекс 39-1-баппен толықтырылды - ҚР
2011.07.21 № 467-IV
(2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР
21.06.2013 № 106-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т.
қараңыз); 16.11.2015 № 406-V
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
40-бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы
1. Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша түрде хабарлайды.
Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде бөліну балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде:
1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін ұсынады.
3) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның
ескертпесі!
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
2. Таратудың салық есептілігі
қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға
төлеуші және (немесе) салық агенті болып
табылатын салықтың, бюджетке төленетін
басқа міндетті төлемдердің түрлері,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары және
әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық
тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш
табыс етілген салық кезеңінің басынан
бастап осындай өтініш табыс етілген
күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
3. Қайта ұйымдастырылатын
заңды тұлға таратудың салық есептiлiгiнде
көрсетiлген
салықты, бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi
төлемдердi,
әлеуметтiк
аударымдарды, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды төлеудi,
мiндеттi
зейнетақы жарналарын, мiндеттi
кәсiптiк
зейнетақы жарналарын аударуды салық
органына таратудың салық есептiлiгi
табыс етiлген
күннен бастап күнтiзбелiк
он күннен кешiктiрмей
жүргiзедi.
Таратудың салық есептiлiгiнiң алдында табыс етiлген салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аудару мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзiледi.
4. Салық органы құжаттық тексеруді қайта ұйымдастырылатын
заңды тұлғаның өтінішін өзі алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен
кешіктірмей бастауға тиіс.
5. Бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде:
1) бөліну балансын;
2) банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.
3) алып тасталды - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджетке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса, аталған сомалар осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебіне жатқызылады.
Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджетке қате төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса, онда аталған сомалар осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есебіне жатқызылады.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі жоқ болса, онда:
1) бюджетке қате төленген салықтар және басқа да міндетті төлемдер сомалары осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;
2) бюджетке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленген басқа да міндетті төлемдер сомалары осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның
ескертуі!
4) тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N
297-IV
Заңының 2-бабын қараңыз).
4) кеден
органдары алатын кедендік баждардың,
салықтардың, кедендік алымдар мен
өсімпұлдардың бюджетке артық (қате)
төленген сомалары Қазақстан Республикасының
кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен
оның құқықтық мирасқорына (құқықтық
мирасқорларына) ол (олар) қайта ұйымдастыру
кезінде алған мүліктің үлесіне барабар
түрде қайтарылуға жатады;
5) артық (қате) төленген айыппұл сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:
РҚАО-ның
ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
Алтыншы бөліктің бірінші абзацы жаңа
редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Қайта ұйымдастырылатын
заңды тұлға салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтiк
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешегі,
салықтардың, төлемақы мен өсімпұлдардың
артық төленген сомалары, салықтардың,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың
қате төленген сомалары болған кезде
осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
РҚАО-ның
ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
1) салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары және
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар бойынша
берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемақылардың, өсiмпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.
6. Салық органы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 595-бабына сәйкес бөліну балансы негізінде жаңадан туындаған заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша салық органына бөлінген заңды тұлғаның жеке есепшоттары бойынша сальдоны береді.
6-1. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін табыс етуді қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) жүктеледi.
6-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеуге қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) оның салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуге негіз болып табылмайды.
Ескерту.
40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2009.07.04 N
167-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.
қараңыз), 2009.11.16 N
200-IV
(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2009.12.30 № 234-IV
(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2010.06.30 N
297-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан
қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б.
қараңыз), 2012.12.24 N
60-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
21.06.2013 № 106-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т.
қараңыз); 05.12.2013 № 152-V
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
16.11.2015 № 406-V
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);
03.12.2015 № 432-V
(01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
41-бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау
1. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін ұсынады.
3) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
4) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
6) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның
ескертпесі!
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
2. Таратудың салық есептілігі
қызметін тоқтататын дара кәсіпкер
төлеуші және (немесе) салық агенті болып
табылатын салықтың, бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің түрлері,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары және
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар
бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы
салықтық өтініш табыс етілген салық
кезеңінің басынан бастап осындай өтініш
табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін
жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
3. Қызметін тоқтататын
дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде
көрсетілген салықты және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді,
әлеуметтік аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды
төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
аударуды салық органына таратудың салық
есептілігі табыс етілген күннен бастап
күнтізбелік он күннен кешіктірмей
жүргізеді.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін құжаттық тексеру жиырма жұмыс күнінен
кешіктірілмей басталуға тиіс.
5. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
6. Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
7. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;
2)салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның
ескертуі!
4) тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N
297-IV
Заңының 2-бабын қараңыз).
4) айыппұлдардың
төленген сомалары осы Кодекстің
605-бабында белгіленген тәртіппен осы
дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның
ескертуі!
5) тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N
297-IV
Заңының 2-бабын қараңыз).
5) кеден
органдары алатын кедендік баждардың,
салықтардың, кедендік алымдар мен
өсімпұлдардың бюджетке артық (қате)
төленген сомалары Қазақстан Республикасының
кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен
осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады.
РҚАО-ның
ескертпесі!
8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
8. Қызметін тоқтатқан дара
кәсіпкердің салық міндеттемесі құжаттық
тексеру аяқталғаннан кейін және салық
берешегі, міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар бойынша
берешегі болмаған немесе олар, оның
ішінде құжаттық тексеру нәтижелері
бойынша қалыптасқан берешегі осы
Кодекстің 608-бабында белгіленген
мерзімдерде өтелген жағдайда орындалды
деп есептеледі.
9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесінің орындалған күні дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады.
10. Салық органы осы баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.
РҚАО-ның
ескертпесі!
10-1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа
редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
10-1. Осы Кодекстің 608-бабында
белгіленген мерзімдерде өтелмеген
салық берешегiнің,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешектің
болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу
есебінен шығарудан бас тартуға негіз
болып табылады.
11. Осы баптың ережелері осы Кодекске сәйкес қызметін тоқтату кезінде салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері қолданылған жағдайда дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
Ескерту.
41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2009.11.16 N
200-IV
(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2010.06.30 N
297-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан
қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б.
қараңыз), 2012.12.26 N
61-V
(2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі);
21.06.2013 № 106-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т.
қараңыз); 05.12.2013 № 152-V
Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа
енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
16.11.2015 № 406-V
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);
03.12.2015 № 432-V
(01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
42-бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесінің орындалуы
1. Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор нотариаттық, адвокаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
2. Таратудың салық есептілігі
қызметін тоқтататын жекеше нотариус,
жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби
медиатор төлеушілер және (немесе) салық
агенттері болып табылатын салықтардың,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары және әлеуметтік аударымдар,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдар және (немесе)
жарналар бойынша құжаттық тексеру
жүргізу туралы салықтық өтініш табыс
етілген салық кезеңінің басынан бастап
осындай өтініш табыс етілген күнге
дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
3. Қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Егер таратудың салық
есептілігінің алдында табыс етілген
салық есептілігінде көрсетілген
салықтарды және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік
аударымдарды, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аудару мерзімі
осы тармақтың бірінші бөлігінде
көрсетілген мерзім өткеннен кейін
басталатын болса, онда төлеу (аудару)
таратудың салық есептілігі табыс етілген
күннен бастап күнтізбелік он күннен
кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Құжаттық тексеру қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
5. Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта, кәсіби медиаторда салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары болса, онда көрсетілген сомалар қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін өтеу есебіне осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жатқызылуға жатады.
Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта, кәсіби медиаторда салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
6. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегі болмаған кезде:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
4) айыппұлдардың төленген сомалары қызметін тоқтататын осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары қызметін тоқтататын осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
РҚАО-ның
ескертпесі!
7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
7. Қызметін тоқтатқан
жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының,
адвокаттың, кәсіби медиатордың салық
міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан
кейін және салық берешегі, міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешегі
болмаған немесе олар, оның ішінде
құжаттық тексеру нәтижелері бойынша
қалыптасқан берешегі осы Кодекстің
608-бабында белгіленген мерзімдерде
өтелген кезде орындалды деп есептеледі.
8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күн жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.
9. Салық органы осы баптың 7-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.
РҚАО-ның
ескертпесі!
10-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
10. Осы Кодекстің 608-бабында
белгіленген мерзімдерде өтелмеген
салық берешегінің, міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары, әлеуметтік аударымдар,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдар және (немесе)
жарналар бойынша берешектің болуы
жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы,
адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу
есебінен шығарудан бас тартуға негіз
болып табылады.
Ескерту.
42-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР
16.11.2015 № 406-V
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
1. Осы бап бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;
2) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
3) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың ерекшелігін айқындайды.
Осы бап осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады. Осы тармақтың ережелері дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен басталған кезеңі осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аз дара кәсіпкерлерге де қатысты қолданылады.
2. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
3) таратудың салық есептілігін;
4) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
5) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
6) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер бақылау-кассалық машинаны салық органында есепке қойған жағдайда осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
3. Таратудың салық есептілігі
қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер
салық төлеуші (салық агенті) болып
табылатын салықтардың, бюджетке төленетін
басқа міндетті төлемдердің түрлері
бойынша, міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар
бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық
өтініш табыс етілген салық кезеңінің
басынан бастап осындай өтініш табыс
етілген күнге дейінгі кезең үшін
жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
4. Қызметі тоқтатылатын
дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде
көрсетілген салықты, бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік
аударымдарды, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды төлеуді, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аударуды салық
органына таратудың салық есептілігі
табыс етілген күннен бастап күнтізбелік
он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Салық органы дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) мемлекеттік уәкілетті органдарға – қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;
2) кеден органдарына – қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді табыс ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар бойынша салық органының талаптарын алған күннен бұрынғы емес күнге берешегінің жоқ екендігін растау туралы;
3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші алынған күнгі банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жіберуге міндетті.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күніне дейін қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде табыс етіледі.
6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.
7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыруға және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасауға міндетті.
РҚАО-ның
ескертпесі!
7-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Қорытындыда камералдық
бақылаудың нәтижелері мен салықтар
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар бойынша
есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.
Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей қолын қойдыра отырып дара кәсіпкерге тапсырылады немесе оған почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
Салық органы дара кәсіпкерге почта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберген қорытындыны почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен салықтық тексеріп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.
8. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда дара кәсіпкерге қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.
Дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда құжаттық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
9. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық берешегі көрсетілген дара кәсіпкердің ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
10. Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
11. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылардың, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
4) айыппұлдардың төленген сомасы осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.
РҚАО-ның
ескертпесі!
12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
12. Салық төлеушi
салық берешегiн,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешекті
төлеуді (аударуды) камералдық бақылаудың
нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы қорытынды
жасалған немесе хабарлама орындалған
күннен бастап күнтізбелік он күннен
кешіктірмей жүргізеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
13-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
13. Дара кәсіпкер:
1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған кезде – қорытынды жасалған;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болмаған кезде – осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;
3) салық берешегі болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда – салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі өтелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
Дара кәсіпкерді осы тармақта белгіленген тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Осы баптың 12-тармағында белгіленген мерзімдерде өтелмеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.
Осы тармаққа сәйкес тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған дара кәсіпкерлер туралы ақпарат осы баптың 12-тармағында белгіленген төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
14. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
15. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту.
43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N
61-V
(2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР
21.06.2013 № 106-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т.
қараңыз); 05.12.2013 № 152-V
Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа
енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
16.11.2015 № 406-V
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
43-1-бап. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату
1. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату осы Кодекстің 586-бабында белгіленген камералдық бақылау жүргізілмей:
1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің не
2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.
2. Қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлері бойынша табыстар мен шығыстардың, мүліктің бөлек есепке алынуын қолданатын бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылмайтын;
4) осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
5) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарында жоқ;
РҚАО-ның
ескертпесі!
6) тармақша жаңа редакцияда көзделген
- ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
6) салық берешегi,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік
аударымдар, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешегі
жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары
немесе оралмандар болып табылатын дара
кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған
тәртіппен тоқтатуға жатады.
Осы бап осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру күніне немесе осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайлар басталғанға дейін қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін;
3) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-касса машинасын (ол болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
РҚАО-ның
ескертпесі!
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Таратудың салық есептілігі
қызметін тоқтататын дара кәсіпкер
төлеуші және (немесе) салық агенті болып
табылатын салықтардың, бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің түрлері
бойынша, міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар
бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық
өтініш табыс етілген салық кезеңінің
басынан бастап осындай өтініш табыс
етілген күнге дейінгі кезең үшін
жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
4. Осы баптың 1-тармағы
бірінші бөлігінің 1) тармақшасында
көзделген негіз бойынша қызметті
оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде
таратудың салық есептілігінде көрсетілген
салықтарды және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік
аударымдарды, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті
зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын аудару салық
органына таратудың салық есептілігі
табыс етілген күннен бастап күнтізбелік
он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Салық органы осы тармаққа сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.
Салық органы:
1) осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген және (немесе) осы баптың 3-тармағының талаптары орындалмаған кезде – қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жүмыс күні ішінде;
2) осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартады және уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырады.
5. Мынадай жағдайларда:
1) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және патенттiң қолданылу мерзiмi өткен немесе қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген;
2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген салық есептілігін табыс ету мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салық есептілігін табыс етпеген дара кәсіпкерлер осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.
Осы тармақта көрсетілген жағдайларда дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша салық органы:
осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде;
салық органында тіркеу есебінде тұрған бақылау-касса машинасы болмаған жағдайда;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдердің біреуі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады.
Дара кәсіпкерді осы тармақта белгіленген тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдердің біреуі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Салық төлеуші:
РҚАО-ның
ескертпесі!
6-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда
көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі). осы баптың 1-тармағы бірінші
бөлігінің 1) тармақшасында көзделген
негіз бойынша қызметті оңайлатылған
тәртіппен тоқтату кезінде – салықтарды
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және (немесе)
жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы
жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын аудару күнінен;
осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде – соңғы патенттің қолданылу мерзімі өткен (қызметті тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда) күннен;
осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде – салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған болып танылады.
РҚАО-ның
ескертпесі!
7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР
02.08.2015 № 342-V
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
7. Салық органы осы бапқа
сәйкес дара кәсіпкердің қызметі
тоқтатылғаннан кейін талап қоюдың
ескіру мерзімі ішінде бұзушылықтарды
анықтаған жағдайда, дара кәсіпкер
ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге
асырылатын қызмет бойынша салықтар
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,
әлеуметтік аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдар және (немесе) жарналар бойынша
салық міндеттемелерін есептеуді жеке
тұлға оларды төлеу жөнінде міндеттемелер
туындаған күні қолданыста болатын
Қазақстан Республикасының салық
заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Ескерту.
5-тарау 43-1-баппен толықтырылды - ҚР
28.11.2014 № 257-V
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР
27.04.2015 № 311-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
16.11.2015 № 406-V
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
44-бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау
1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі ол соттың күшіне енген шешімі негізінде хабарсыз кеткен деп танылған кезден бастап тоқтатыла тұрады.
2. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салық берешегін хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкіне қорғаншылық жасау жөніндегі міндет жүктелген адам өтейді.
3. Егер хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда оның салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.
4. Сот адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімнің күшін жойған кезде, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.
45-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу
1. Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі, сондай-ақ оны соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегін оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар өтейді.
Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.
2. Егер мұрагер (мұрагерлер) кәмелетке толмаған болса, онда жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі немесе оны қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегін өтеу бойынша міндеттеме соттың күшіне енген шешімі негізінде ғана осындай мұрагерге (мұрагерлерге) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар шекте жүктеледі.
3. Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі немесе оны соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегі, егер:
1) кәмелетке толмаған мұрагер (мұрагерлер) соттың күшіне енген шешімі негізінде осындай берешекті өтеу жөніндегі салық міндеттемесінен босатылса;
2) мұрагері (мұрагерлері) жоқ болса, өтелген болып саналады.
Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімнің күшін жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.
4. Осы баптың ережелері қайтыс болған немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болған деп жарияланған дара кәсіпкерге де, жекеше нотариусқа да, жеке сот орындаушысына да, адвокатқа да, кәсіби медиаторға да қолданылады.
Ескерту.
45-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2010.04.02 N
262-IV
(2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі);
28.11.2014 № 257-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
46-бап. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі
1. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі:
1) салық органы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;
2) салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс етуге міндетті, салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салық есептілігін кері қайтарып алуға құқылы;
3) салық төлеуші (салық агенті) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;
4) салық органы салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге міндетті болатын уақыт кезеңі.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі бес жылды құрайды. Талап қою мерзімінің өтуі, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.
3. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде үстеме пайда салығының, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын, сондай-ақ осы Кодекстің 94 және 107-баптарына сәйкес кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер бөлігінде корпоративтік табыс салығы және онымен байланысты жылдық жиынтық табысты түзету сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (табыстылық көрсеткіші) қолданылады.
3-1. Осы Кодекстің 17-1-тарауын қолданған кезде инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және осы инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен немесе қолданылуы өзгеше тоқтатылған күннен бастап бес жыл ішінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарауға салық төлеуші міндетті, ал салық қызметінің органы құқылы.
Осы тармақтың ережелері қосылған құн салығы және акциз бойынша салық міндеттемесін орындауға қолданылмайды.
3-2. Осы Кодекстің 273-1-бабын қолдану мақсатында қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу кезеңі үшін – Қазақстан Республикасының аумағында мұндай ғимараттар мен құрылыстар алғаш рет пайдалануға берілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады;
2) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңі үшін – кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталатын күнге тура келетін салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.
Бұл ретте, егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса, талап қою мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады.
Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талаппен ұсынған салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.
4. Жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша немесе жеке кәсiпкерлiк субъектiсiмен іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жасалған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомасын есепке жазуды немесе қайта қарауды салық қызметi органы соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмi шегiнде жүргiзедi.
5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген қуынымның ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, көрсетілген қуынымның ескіру мерзімі салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға ұзартылады.
Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген қуынымның ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін залалдарды ауыстыру бөлігінде өзгерістерімен және толықтыруларымен қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, көрсетілген қуынымның ескіру мерзімі бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік үш жылға ұзартылады.
6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық органдарының есепке жатқызуына және (немесе) қайтаруына жататын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу үшін талап қою мерзімі осы Кодекстің 548-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жыл болады.
Салық төлеуші осы баптың 2 және 3-2-тармақтарында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде ол бойынша қайтару туралы талап ұсынған қосылған құн салығының расталған асып кеткен сомасын салық органдарының қайтару мақсаттары үшін қайтаруды және (немесе) осы Кодекстің 600-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізуге арналған талап қоюдың ескіру мерзімі қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығы, оның ішінде тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасау қорытындылары бойынша расталған салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жылды құрайды.
6-1. Осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану кезінде салық төлеуші, салық органы жеке тұлғаны оқыту кезеңінің ішінде және жеке тұлғаны оқыту аяқталған күннен бастап бес жыл ішінде салық салынатын табысты түзету сомасын, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасын қайта қарауға, есептеуге немесе есепке жазуға құқылы.
7. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмдерi салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде өткен жағдайда, талап қоюдың ескіру мерзiмi арызды (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағым жасалатын бөлігінде ұзартылады.
7-1. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмдерi салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне қарсылық берген кезеңде, сондай-ақ оны салық органы қараған кезеңде өткен жағдайда, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық берген кезеңге, сондай-ақ салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексерудің алдын ала актiсіне жазбаша қарсылығын салық органы қараған кезеңге тоқтатыла тұрады.
8. Бейрезиденттің бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау немесе бейрезиденттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негізінде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге шағымын қарау немесе бейрезиденттің осы тармақта көрсетілген салық органының шешіміне шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге бейрезиденттің шағымын қарау кезеңінде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзімі өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.
9. Уәкілетті органның осы Кодекстің 226-бабына сәйкес өзара келісім рәсімін жүргізу кезеңінде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзімі шет мемлекеттің уәкілетті органы және (немесе) құзыретті органы өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылдаған шешім орындалғанға дейін ұзартылады.
10. Салықтық тексеру жүргізу уақытында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес сауалдар жолдаған жағдайда, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қою мерзімі сауалдар жолдау және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қою мерзімі оның тоқтатыла тұрғанын ескергенде жеті жылдан аспауға тиіс.
Ескерту.
46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2011.07.21 № 467-IV
(2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2012.12.26 N
61-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан
қараңыз); 05.12.2013 № 152-V
Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа
енгізіледі); 2014.06.12 № 209-V
(2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі);
03.07.2014 № 227-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
28.11.2014 № 257-V
(01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі);
03.12.2015 № 432-V
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
30.11.2016 № 26-VI
(01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
6-тарау.
Салықтар, бюджетке төленетін басқа да
міндетті
төлемдер және (немесе)
өсiмпұлдар
төлеу жөнiндегi
салық
мiндеттемесiн
орындау мерзiмдерiнiң
өзгертiлуi.
Салық
мiндеттемесiн
тоқтату негiздерi
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
47-бап. Жалпы ережелер
Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту:
1) салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде осы Кодекстің 47-1 – 51, 52 және 53-баптарында айқындалатын тәртіппен;
2) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсiмпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін осы Кодекстің 51-1 және
52-баптарында айқындалатын тәртіппен;
3) қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін осы Кодекстің 51-2-бабында айқындалатын тәртіппен;
4) импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін осы Кодекстің 51-3-бабында айқындалатын тәртіппен өзгерту арқылы жүргізіледі.
Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушіні осы Кодекстің 610-бабына сәйкес салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдарды төлеуден босатпайды.
Ескерту.
47-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі).
47-1-бап. Салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту
1. Салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа) және (немесе) өсiмпұлдарды төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін неғұрлым кеш, бірақ күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге ауыстыру салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту деп танылады.
Салық төлеушінің салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішінде салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімін ауыстыру себептері қамтылуға тиіс.
2. Өзгертілген мерзімдер бойынша салық міндеттемесін орындау құқығы басқаға берілуге жатпайды.
3. Осы бапта көзделген салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.
Ескерту.
6-тарау 47-1-баппен толықтырылды - ҚР
29.12.2014 № 269-V
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі).
48-бап. Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган
1. Осы Кодекстің 47-1-бабында көзделген, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы қабылдайды.
2. Осы Кодекстің 47-1-бабында көзделген, жергілікті бюджеттерге толық көлемде келіп түсетін салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеуші тіркеу есебіне алынған жердегі салық органы қабылдайды.
Ескерту.
48-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР
03.12.2015 № 432-V
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
49-бап. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін банк кепілдігі арқылы өзгерту тәртібі
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
1. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін банк кепілдігі арқылы өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық органына банк кепілдігі шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Өтінішке кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі.
Бұл ретте салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.
2. Банк кепілдігі кері қайтарып алынбайтын болуға тиіс. Банк
кепілдігі шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
3. Салық органы салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай:
1) салық төлеушімен келісілген, салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу мерзімін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
2) салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
4. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтың және (немесе) өсімпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.
5. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім салық төлеуші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда қабылданады.
Ескерту.
49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2009.11.16 N
200-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.
қараңыз); 2012.12.26 N
61-V
(2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
50-бап. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін мүлікті кепілге алу арқылы өзгерту тәртібі
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
1. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу арқылы өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық органына кепіл шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Өтінішке кепіл шарты және кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі қоса беріледі.
Бұл ретте салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.
2. Салық органы салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай:
1) салық төлеушімен келісілген, салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу мерзімін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
2) салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
3. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтың және (немесе) өсімпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.
4. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім салық төлеуші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда қабылданады.
Ескерту.
50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2009.11.16 N
200-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.
қараңыз); 2012.12.26 N
61-V
(2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
51-бап. Мүліктік кепіл шартын жасасу тәртібі
1. Мүліктік кепіл шарты салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға және салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органы арасында жасалады.
Бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеушінің кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініш берген күніне дейінгі күнтізбелік он бес күннен бұрын жасалмауға тиіс.
2. Мүліктік кепіл шарты мынадай талаптар сақталған кезде жасалады:
1) кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;
2) кепілге қойылатын мүлік өтімді болуға, жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны бюджетке төленуге жататын салықтың және өсімпұлдардың сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар:
тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
тыйым салынған мүлік;
мемлекеттік органдар қойған шектеулері бар мүлік;
үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері;
мүліктік құқықтар кепіл нысанасы бола алмайды;
3) кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мүліктік кепіл шартының міндетті мемлекеттік тіркелуі көзделген жағдайда салық төлеуші кепіл шартын жасасқаннан кейін оның тиісті тіркеуші органда тіркелуін қамтамасыз етеді және салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдайтын салық органына кепіл шартының тіркелгенін растайтын құжатты дереу табыс етеді.
Ескерту.
51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2009.11.16 N
200-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.
қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV
(2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
51-1-бап. Тексеру нәтижелері туралы
хабарламада көрсетілген салықтардың,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің және (немесе)өсімпұлдардың
есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі
салық міндеттемесін орындау мерзімдерін
өзгерту тәртібі
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген сомалармен келіскен және олар осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес болған жағдайларда, салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына табыс етеді. Өтінішке:
1) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеуді көздейтін салық міндеттемесін орындау графигі;
2) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган берген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне жататынын жазбаша растау қоса беріледі.
Егер салық төлеуші (салық агенті) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын ішінара төлеген болса, онда мұндай салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларының қалған бөлігін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті табыс етуге құқылы.
2. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту, егер жиынтығында мұндай сомалар:
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем болмаса;
орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 153000 еселенген мөлшерінен кем болмаса;
ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300000 еселенген мөлшерінен кем болмаса, осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Осы баптың ережелері мынадай шарттардың біріне сай келетін салық төлеушілерге:
салық төлеуші ретінде тіркелген күннен бастап осы баптың 1-тармағында көзделген өтініш беру күніне дейінгі кезең бес жылдан аз болса;
салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және (немесе) есепке жазылған сомаларының тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылғы түзетуді есепке алмай заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына (дара кәсіпкердің табысына) қатынасы ретінде айқындалатын салық жүктемесiнiң коэффициенті уәкілетті орган белгілеген орта салалық мәннен төмен болса, қолданылмайды.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініш салық органына өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылға корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталғанға дейінгі кезеңде табыс етілген кезде салық жүктемесiнiң коэффициенті өтініш беру күніне корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталған соңғы күнтізбелік жылға түзетуді есепке алмай, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және (немесе) есепке жазылған сомаларының заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына (дара кәсіпкердің табысына) қатынасы ретінде айқындалады.
4. Егер салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты осы баптың 1-тармағында белгіленген өтініш беру мерзімін өткізіп алған жағдайларда, мұндай салық төлеуші (салық агенті) өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында, осы тармақта аталған адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына өтініш және қолдаухат табыс етуге құқылы.
Осы тармақтың ережелері ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған уақытта оларды алмастыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру туралы қолдаухатқа:
осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңін растайтын;
осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса беріледі.
5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік отыз алты айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.
6. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай шешімдердің:
1) салық төлеушімен келісілген, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
2) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомалары бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту негіздерін көрсете отырып, одан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
7. Салық органы осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын осындай шешім қолданылатын мерзім ішінде бекітілген графикке сәйкес ай сайын тең үлестермен төлеуді жүргізуге міндетті.
8. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.
9. Салық төлеуші (салық агенті) осы тараудың ережелерін сақтамаған және (немесе) шарттарына сәйкес келмеген жағдайларда, тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
51-2-бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
1. Осы баптың ережелерін қайта құрылымдалатын ұйым сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарына сәйкес осындай ұйым кредиторлар алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүзеге асырған салық кезеңі үшін есептелген және төленуге жататын корпоративтік табыс салығына қолданады.
Осы баптың мақсаттары үшін, екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, қайта құрылымдалатын ұйым деп бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін салық төлеуші түсініледі:
1) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын резидент заңды тұлға болып табылады;
2) осындай заңды тұлғаның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін қайта құрылымдауды жүргізу "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
3) сот осындай заңды тұлғаның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім қабылдаған күні, банктерді қоспағанда, бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін ұйым болып табылады.
2. Осы Кодексте белгіленген салық төлеу мерзімін қайта құрылымдау жоспарында көзделген кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудың анағұрлым кеш, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген және төленуге жататын корпоративтік табыс салығын осы Кодекстің 142-бабында белгіленген төлеу мерзімі күнінен бастап он жылдан аспайтын мерзімге ауыстыру қайта құрылымдалатын ұйымның корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту деп танылады.
Бұл ретте корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы баптың 3-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде жүргізіледі.
Қайта құрылымдалатын ұйымның осы баптың ережелерін бір реттен көп қолдануына жол берілмейді.
3. Қайта құрылымдалатын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация табыс ету мерзімінен кешіктірмей, орналасқан жері бойынша салық органына осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгергені туралы хабарламаны табыс етуге міндетті.
Қайта құрылымдалатын ұйым хабарламамен бір мезгілде мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мақұлдаған қайта құрылымдау жоспарының нотариат куәландырған көшірмесін;
2) сот растаған қайта құрылымдауды жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін;
3) сот растаған қайта құрылымдау жоспарын бекіту туралы соттың заңды күшіне енген ұйғарымының көшірмесін табыс етеді.
4. Осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осындай салықты уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдар есептелмей, сондай-ақ салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкі кепілге алынбай және (немесе) банк кепілдігінсіз жүргізіледі.
5. Осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеуші осы баптың ережелерін сақтамаған кезде жүргізілмейді.
51-3-бап. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту тәртібі
Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:
1) қосылған құн салығы бойынша;
2) осы Кодекске сәйкес таңбалауға жататын импортталатын тауарлар бойынша акцизді қоспағанда, акциз бойынша жүргізіледі.
Осы баптың ережелері Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарлар бойынша қолданылмайды.
2. Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына табыс етілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға декларация импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертуге негіз болып табылады.
3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:
1) осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазарту үшін кеден органына Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттар табыс етілген;
2) егер тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде осы бапта көзделген, жанама салықтар бойынша төлеу мерзімін өзгертуді қолдануға құқығы жоқ тұлғалар санатына жатқызылмаған жағдайда жүргізіледі.
4. Осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту салық органының Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 20-күнгі мерзім бойынша жеке шотта есептелген салық сомасын көрсетуі арқылы беріледі.
5. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциз төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған жағдайда салық төлеушіні өзгертілген мерзім шегінде өсімпұлдарды төлеуден босатады.
52-бап.
Салықтар, бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар
төлеу жөнiндегiсалық
мiндеттемесiн
орындау мерзiмдерiн
өзгерту туралы шешiмнiң
қолданысын тоқтату
1. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы онда белгіленген қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылады.
2. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылады, оның ішінде:
1) салық төлеуші салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың бүкіл сомасын шешімде белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлеген жағдайда;
2) салық төлеуші салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау графигін бұзған жағдайда;
3) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салық органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Осы тармақшада көзделген жағдай басталған кезде мұндай салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық органы осы Кодекстің 51-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.
53-бап. Кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану және оны өткізу, сондай-ақ банк кепілдігінің орындалуын талап ету тәртібі
1. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүліктік кепілімен және (немесе) банк кепілдігімен қамтамасыз етілген салық міндеттемесін орындау графигі бұзылған жағдайда салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкіне өндіріп алуды қолданады не банк кепілдігінің орындалуын талап етеді.
2. Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге салған мүлікті өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу арқылы жүргізеді.
Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге салған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етілуі шектелген мүлкін өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
54-бап. Салық міндеттемесінің тоқтатылуы
1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі:
1) қайтыс болғанда;
2) күшіне енген сот шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялағанда;
3) "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдайларда, тәртіппен және шарттармен тоқтатылады.
2. Дара кәсіпкердің салық міндеттемесі дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.
3. Заңды тұлғаның салық міндеттемесі:
1) таратылғаннан кейін;
2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.
2.
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
3-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
55-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері
1. Қазақстан Республикасында мынадай:
1) салықтар:
корпоративтік табыс салығы;
жеке табыс салығы;
қосылған құн салығы;
акциздер;
экспортқа рента салығы;
жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
әлеуметтік салық;
көлік құралы салығы;
жер салығы;
мүлік салығы;
ойын бизнесі салығы;
тіркелген салық;
бірыңғай жер салығы;
2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
мемлекеттік баж;
алымдар;
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алымдар;
тіркеу алымдары;
автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;
аукционнан алынатын алым;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;
азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым;
мыналар:
жер учаскесін пайдаланғаны үшін;
үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;
қоршаған ортаға эмиссия үшін;
жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;
орманды пайдаланғаны үшін;
ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;
радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;
қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;
кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;
сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.
1-1. Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшін қосылған құн салығы, акциздер - жанама салықтар деп танылады.
2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.
7-тарау. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
56-бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы
1. Салықтық есепке алу - салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және салық есептілігін жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі.
Жиынтық салықтық есепке алу – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі осындай қызмет бойынша жиынтық түрінде де және бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының қатысу үлесі бойынша да жүзеге асыратын салықтық есепке алу.
2. Егер осы баптың 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.
2-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер уәкілетті орган бекіткен қағидаларға, осы тарауға және осы Кодекстің 7-1-тарауына сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды дербес және (немесе) бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушыларды жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі арқылы ұйымдастырады және мыналарды:
1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпараттың қалыптастырылуын;
2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып
жазылуын;
3) салық есептілігінің дәйекті жасалуын;
4) салықтық бақылау үшін салық органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты салық мақсатында қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын айқындайды.
4. Салық төлеуші (салық агенті), егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу саясатын дербес әзірлейді және бекітеді.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша дербес әзірленген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.
5. Салықтық есепке алу саясаты - салық төлеуші (салық агенті) қабылдаған, осы Кодекстің талаптарын сақтай отырып салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейтін құжат.
Салықтық есепке алу саясаты, осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.
6. Есепке алу құжаттамасы:
1) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес оны жүргізу бойынша міндеттеме жүктелген тұлғалар үшін - бухгалтерлік құжаттаманы;
1-1) осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер үшін – бастапқы есепке алу құжаттарын;
2) салықтық нысандарды;
3) салықтық есепке алу саясатын;
4) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.
57-бап. Салықтық есепке алу ережесі
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда есепке жазу әдісі бойынша теңгемен жүргізуді жүзеге асырады.
2. Есепке жазу әдісі – есепке алу әдісі, оған сәйкес операциялар мен өзге де оқиғалардың нәтижелері ақшаны немесе оның баламасын алған немесе төлеген күннен бастап емес, олардың жасалу фактісі бойынша, оның ішінде жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген, тауарлар мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген тұлғасына тиеп жіберілген және берілген күннен бастап танылады.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінің қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді анықтайды, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді.
4. Салық салу мақсатында бағамдық айырманы есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Тауарлық-материалдық қорларды салық салу мақсатына орай есепке алу, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде айырбас шарты бойынша операция, кепіл нысанасын кепіл ұстаушыға беру салық мақсатына орай тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету ретінде қарастырылады.
58-бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі
1. Осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші осындай қызмет түрлері бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек есепке алынуын жүргізуге міндетті.
1-1. Осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын азайтуды жүргізетін салық төлеуші осы бапқа сәйкес бөлек салықтық есепке алуды жүргізген кезде корпоративтік табыс салығын азайту жүргізілетін қызметті және өзге де қызметті жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстардың есепті салық кезеңі ішінде алынған (алынуға жататын) табыстардың жалпы сомасындағы үлес салмағы бойынша жалпы шығыстарды бөледі.
2. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 310-бабында көзделген тәртіппен келісімшарттан тыс қызметтен бөлек келісімшарттық қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатына орай салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
3. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға (келісімшарттық қызметке) жатпайды.
4. Осы Кодекстің 80-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі бірлескен қызметі және өзге қызмет бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
5. Сенімгерлікпен басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындаған өзге жағдайларда пайда алушының мүддесінде жүзеге асырылатын сенімгерлікпен басқару қызметі және өзге де қызмет бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
5-1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлға жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын табыстар пайда болған кезде, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режіміндегі салық міндеттемелерінен бөлек жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық міндеттемелерін есептеп шығару мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
5-2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстің 135-3-бабының 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлері және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
6. Салық төлеуші бөлек салықтық есепке алуды осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтай отырып, есепке алу құжаттамасының негізінде жүргізеді.
Салық төлеуші осы Кодексте бөлек салықтық есепке алу жөнінде талап белгіленген қызмет түрлері бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді біріктіре алмайды.
7. Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтық есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін, оның ішінде жалпы табыстар мен шығыстар түрлерінің тізбесін, осындай табыстар мен шығыстарды осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлері арасында бөлу әдістерін дербес белгілейді.
Бұл ретте салық төлеушінің жалпы табыстары мен шығыстары деп есептік салықтық кезеңнің табыстары мен шығыстары, оның ішінде жекелеген қызмет түрін жүзеге асырумен тікелей себептік-салдарлық байланысы болмайтын және толық көлемде осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлерінің біреуіне де жатқызылмайтын жалпы тіркелген активтер бойынша табыстар мен шығыстар түсініледі.
8. Егер салықтық есепке алу саясатында осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген жалпы табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбеген болса, онда салық органдары салықтық тексерулер жүргізу барысында мұндай табыстар мен шығыстарды осы Кодекстің 310-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен бөлуді жүзеге асырады.
59-бап. Есепке алу құжаттамасын жасауға және сақтауға қойылатын талаптар
1. Есепке алу құжаттамасы қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде жасалады және салықтық тексеру жүргізу кезінде салық органдарына табыс етіледі.
2. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тілінде жасайды.
Шет тілдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы оларды қазақ немесе орыс тіліне аударуды талап етуге құқылы.
3. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық нысанда жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық органдарының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген шот-фактураларды қоспағанда, осындай құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелерін табыс етуге міндетті.
4. Есепке алу құжаттамасы, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу құжаттамасы жасалған кезеңнен кейінгі салық кезеңінен бастап осындай құжаттама жатқызылған салықтың немесе басқа да міндетті төлемнің әрбір түрі үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
5. Тіркелген активтердің, оның ішінде қаржы лизингі бойынша берілген (алынған) активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтер бойынша амортизациялық аударымдар есептелетін соңғы салық кезеңі аяқталысымен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
6. Салық салу мақсатына орай амортизацияға жатпайтын активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтердің шығып қалуы немесе толық пайдаланылуы болған салық кезеңі аяқталысымен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
7. Салық төлеушіні (салық агентін) - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
60-бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар
1. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер белгіленуге тиіс:
1) салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі;
2) стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі;
3) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;
4) осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда осы Кодекстің 58-бабында белгіленген ережелерді сақтай отырып, бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге
асырған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;
6) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың осы Кодексте көзделген, салық төлеуші таңдап алған әдістері;
7) хеджирленетiн операцияларды жүзеге асырған жағдайда хеджирленетін тәуекелдерді, хеджирленетін баптарды және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдарын, хеджирлеу тиімділігінің дәрежесін бағалау әдістемесін айқындау саясаты;
8) ислам бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асырған жағдайда ислам бағалы қағаздары бойынша табыстарды есепке алу саясаты;
9) осы Кодекстің 120-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, тіркелген активтердің әрбір кіші тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;
10) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда - шот-фактураны жазып беретін құрылымдық бөлімшелер бойынша:
осындай құрылымдық бөлімшелерді сәйкестендіру үшін шот-фактураларды нөмірлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлімшелердің әрқайсысының коды;
шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлегенде пайдаланылатын цифрлардың ең жоғарғы саны;
11) шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлеуге қолданылатын цифрлардың ең үлкен саны.
Осы тармақтың 5), 9), 10) және 11) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
2. Бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша әзірлейді және бекітеді.
2-1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде салықтық есепке алу саясатында осы баптың 1-тармағының талаптарымен қатар жай серіктестік қатысушыларының және (немесе) оператордың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық міндеттемесін орындауының осы Кодекстің 308-1-бабының 3-тармағына сәйкес таңдап алынған тәсілін қамтуға тиіс.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларында көзделген, салықтық есепке алу саясатында белгіленген ережелердің күші күнтізбелік жылға қолданылады және салықтық тексеру жүргізілген салық кезеңдері бойынша өзгертуге жатпайды.
Қосылған құн салығын төлеуші таңдаған, осы Кодекстің
260-бабының 4-тармағында және (немесе) 262-бабының 5-1-тармағында көзделген қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі қосылған құн салығын есептеу мақсаттары үшін белгіленген салық кезеңіне қолданылады және салықтық тексеру жүргізілген салық кезеңдері бойынша өзгертуге жатпайды.
4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатында бұрын көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салықтық есепке алу саясатына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс.
5. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатына өзгерісті және (немесе) толықтыруды мынадай:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе есепке алу саясатының жаңа бөлімін бекіту;
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе қолданыстағы есепке алу саясатының бөліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.
6. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:
1) кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде -
тексерілетін салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына;
2) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
7-1-тарау.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік
есеп пен
қаржылық есептілік туралы
заңнамалық актісіне сәйкес
бухгалтерлік
есепке алуды жүргізуді және қаржылық
есептілік
жасауды жүзеге асырмайтын
дара кәсіпкерлердің салықтық есепке
алуды
жүргізу ерекшеліктері
60-1-бап. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізуі және салық міндеттемелерін айқындау және орындау тәртібі бөлігінде осы Кодекстің нормаларын қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
1) активтер – дара кәсiпкер бақылап отыратын, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн мүлік;
2) бастапқы eceпкe алу құжаттары – салықтық есепке алуды жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжат жүзіндегі растамасы;
3) биологиялық актив – ауыл шаруашылығы қызметінде пайдалануға арналған жануар немесе өсімдік;
4) капитал – дара кәсiпкердiң активтерінде барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiн қалатын үлес;
5) материалдық емес актив – физикалық пішіні жоқ, өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған, сәйкестендірілетін ақшалай емес актив;
6) мiндеттеме – дара кәсiпкердiң мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады;
7) негізгі қаражат – материалдық активтер, олар:
тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған;
бір жылдан астам уақыт бойы пайдаланылуы болжанатын материалдық активтер;
8) табыстар – есептi кезең iшiнде активтердiң түсуі немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаның жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеледі;
9) тауар-материалдық қорлар – сатуға, сондай-ақ өндірістік процесте, әкімшілік мақсаттар үшін немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде пайдалануға арналған активтер.
60-2-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары мен оларды жасау жөніндегі талаптар
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер бастапқы есепке алу құжаттарын қолданады, олардың нысандары мен жасау жөніндегі талаптарын уәкілетті орган бекітеді.
2. Салық тіркеліміндегі жазбалар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі.
60-3-бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері
1. Дара кәсіпкерлер шетел валютасымен жасалған операцияларды операция жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді. Бағамдық айырма салық салу мақсатында ескерілмейді.
2. Салықтық есепке алуда тауар-материалдық қорлар (бұдан әрі – қорлар) оларды дара кәсіпкер не ол уәкілеттік берген тұлға алған кезде, оның ішінде оларды дара кәсіпкер құрамынан өзге де активтерді ауыстыру арқылы негізгі құралдарды бөлшектеу нәтижесінде өндіргеннен кейін өзіндік құны бойынша танылады.
Қорлардың өзіндік құны қорларды сатып алуға, қайта өңдеуге арналған шығындарды және оларды ағымдағы жай-күйіне жеткізу және ағымдағы орналасу орындарына дейін жеткізіп беру мақсатында жүргізілген өзге де шығындарды қамтиды.
Сатып алуға арналған шығындар импорт баждарын, салықтарды (өтелетіндерінен басқа), тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстарды және тікелей сатып алуға байланысты басқа да шығыстарды қамтиды. Өнім беруші ұсынған сауда жеңілдіктері, өнім берушінің төлемдерді қайтаруы және өзге де осыған ұқсас жеңілдіктер мен қайтарулар шығындарды айқындаған кезде шегеріп тасталады.
Қорларды қайта өңдеу шығындары шикізатты дайын өнім етіп қайта өңдеумен тікелей байланысты шығындарды, оның ішінде еңбекке ақы төлеуге арналған тікелей шығындарды, сондай-ақ өндірістік үстеме шығыстарды қамтиды.
Салықтық есепке алудың мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құны қорлардың осындай бірлігіне осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген нақты шығындар бойынша айқындалады.
Дара кәсіпкер салықтық есепке алудың мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құнын орташа өлшемді құн әдісі бойынша айқындауға құқылы. Орташа өлшемді құн әдісі бойынша қорлардың өзіндік құны қорлардың кезең басындағы өзіндік құны мен кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) ұқсас қорлардың өзіндік құнының орташа мәні ретінде айқындалады. Бұл әдісті таңдауды дара кәсіпкер салықтық есепке алу саясатында көрсету арқылы жүзеге асырады.
Тауарлар өндіруді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер қорларды олардың келіп түсуі мен шығып қалуы кезінде салық тіркелімдерінде ескереді, олардың нысанын дара кәсіпкерлер өздері әзірлейді.
Қорлардың ішкі ауыстырылуы арқылы түсуі дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды. Қорлардың ішкі ауыстырылуы деп олардың дара кәсіпкер тағайындаған бір материалдық жауапты тұлғадан сол дара кәсіпкер тағайындаған басқа материалдық жауапты тұлғаға ауысуы түсініледі.
Дара кәсіпкердің қорларды сақтауға немесе алыс-беріс шикізаты ретінде беруі салықтық есепке алу мақсаттары үшін қорлардың шығып қалуы болып табылмайды.
Қорларды сақтауға алуды дара кәсіпкер сақтау шартының негізінде немесе егер дара кәсіпкер қорларды алған және осы қорларды берушілердің төлем талаптары шоттарының акцептінен және оларды төлеуден заңды негізде бас тартқан жағдайда, акцептен бас тарту туралы өтініштің негізінде жүзеге асырады. Осындай қорлардың құны дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды.
Мыналар:
1) актив ретінде тануды, оның ішінде қорларды басқа жаққа өткізген, өтемсіз берген, өндіріс процесінде, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде және басқа да мақсаттарда пайдаланған, жарғылық капиталға жарна ретінде берген кезде, айырбастаған кезде, түгендеу кезінде кемшіліктер анықталған, мүліктер ұрланған, бұзылған, сақтау мерзімдері өткен, моральдық тұрғыдан тозған және өзге де тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан кезде тануды тоқтату;
2) активті қайта сыныптау, оның ішінде негізгі құралдардың, өзге де активтердің құрамына аудару қорлардың шығып қалуы болып табылады.
8-тарау. САЛЫҚТЫҚ НЫСАНДАР
61-бап. Салықтық нысандар және оларды жасау тәртібі
1. Салықтық нысандар салық есептілігін, салықтық өтінішті және салық тіркелімдерін қамтиды.
2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық нысандарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілінде жасайды.
3. Қағаз жеткізгіште жасалған салықтық нысандарға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі қол қоюға, сондай-ақ олар салық төлеушінің (салық агентінің) не оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар өкілінің мөрімен куәландырылуға тиіс.
Салық тіркелімдерін қоспағанда, электрондық жеткізгіште жасалған салықтық нысандар салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс.
62-бап. Салықтық нысандарды сақтау мерзімі
1. Салықтық нысандар осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде салық төлеушіде (салық агентінде) сақталады.
2. Салық төлеушіні, салық агентін - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның салықтық нысандарын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
§ 1. Салық есептілігі
63-бап. Жалпы ережелер
1. Салық есептілігі – салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
Салық есептілігі уәкілетті орган бекіткен пішімді-логикалық бақылау талаптарына сәйкес жасалады.
2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстің 65 -67-баптарының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.
3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы есептілік – салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу мен аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;
2) кезекті есептілік – салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу мен аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда — салық кезеңінің қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.
Осы Кодекстің 37-1-тарауының мақсаттарына орай тауарларды импорттаған тұлға осындай тауарлар есепке қабылданған салық кезеңі үшін табыс ететін салық есептілігі импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі кезекті декларация болып табылады;
3) қосымша есептілік – осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
4) хабарлама бойынша қосымша есептілік – салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
5) тарату есептілігі – салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, сондай-ақ тіркеу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.
64-бап. Салық есептілігін жасау ерекшеліктері
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер әрбір қызмет түрі бойынша бөлек салық есептілігін жасайды.
Күнтізбелік жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан салық төлеушілер көрсетілген күнтізбелік жылда:
арнаулы салық режимін;
жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданған кезеңі үшін салық есептілігін жеке-жеке жасайды.
2. Осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қажеттілігі көзделген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте көзделген тәртіппен салық есептілігін жасайды.
3. Егер салық төлеуші олар үшін уәкілетті орган салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеуші санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылатын салық төлеушінің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша салық есептілігін жасауға тиіс.
65-бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
1. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:
1) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
2) коммерциялық емес ұйымдар;
3) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
4) ережелерінде салық режимінің тұрақтылығы тікелей көзделген, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
4-1) мыналарды:
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратындарды;
осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
5) өздеріне декларация толтыру және табыс ету жөніндегі міндет белгіленген, осы тармақтың 2), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетілмеген корпоративтік табыс салығын басқа да төлеушілер үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді.
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстардың корпоративтік табыс салығын, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетілімдерін, салық салынатын табысты (залалды), салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды, шеккен залалдарды, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын және салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасын декларациялауына арналған.
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсатына орай салық органдары пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) құн өсімінен түсетін табыстар (залалдар) жөніндегі;
2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша табыстар мен шығыстар, міндеттемелерді және талаптарды есептен шығару, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бойынша есептен шығару жөніндегі;
3) сыйақылар бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;
4) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бойынша белгіленуі мүмкін;
5) свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;
6) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруға байланысты есептен шығарылуға жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;
7) инвестициялық салық преференциялары жөніндегі;
8) салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, қайырымдылық көмекті алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;
9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалатын шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөніндегі;
10) шетелдік көздерден алынатын табыстар жөніндегі, жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық және есепке жатқызылу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;
11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемесін есептеу жөніндегі;
12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі ақпаратты;
13) корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен табыстар
мен шығыстар туралы есепті салыстыруды;
14) своп бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;
15) мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшылары және (немесе) сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылар бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, салық міндеттемесі туралы;
16) резиденттің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде орналасқан тұрақты мекемелері шегерімге жатқызатын, резиденттің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;
17) өздеріне қатысты осы Кодекстің 58-бабында және (немесе) 448-бабының 4-тармағында бөлек есепке алуды жүргізу көзделген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, қызмет түрлері бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу жөніндегі ақпаратты;
18) корпоративтiк табыс салығын төлеушінің халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептiлiгінде көрсетілуге тиісті мәліметтерді қамтуы мүмкін.
3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша мынадай:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшін - құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан алынатын табыстар және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөніндегі;
2) коммерциялық емес ұйымдар үшін:
өтеусіз алынған (берілген) мүлік бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі, кіру жарналары жөніндегі, мүшелік жарналар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз мүлікті берген және алған тұлғалар бойынша, кіру жарналарын, мүшелік жарналарды енгізген және алған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;
коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалатын шығыстар жөніндегі;
іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалатын шығыстар жөніндегі;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін:
Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар жөніндегі;
таза табысты бөлу және әрбір құрылтайшының, қатысушының үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған таза табыс жөніндегі;
салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жөніндегі, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын жеке есептеу жөніндегі;
салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша салық сомасын есептеу ерекшеліктері жөніндегі;
табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге, барлауға және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін;
4) банктер және лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін, сондай-ақ мұндай операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктері шегінде лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар жөніндегі;
құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыстар және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөніндегі (осы Кодекстің 106-бабына сәйкес шегерімге құқығы бар тұлғалар үшін);
жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру бойынша жарналар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
4. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомасы есеп-қисаптарының мынадай нысандарын:
1) декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын;
2) декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын;
3) резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты;
4) бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты бекітеді.
5. Осы баптың 4-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген есеп-қисаптар ағымдағы салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеуге арналған және оны осы Кодексте корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеу және төлеу бойынша міндеттеме белгіленген салық төлеушілер табыс етеді.
6. Осы баптың 4-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген есеп-қисаптарды салық агенттері салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланылатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты көрсету үшін табыс етеді.
Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай:
1) төленетін табыс сомасы;
2) төленген табыс сомасы;
3) корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі;
4) төлем көзінен ұсталатын салық сомасы;
5) іс жүзінде төленген салық сомасы туралы ақпарат қамтылуы
мүмкін.
бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай:
1) салық төлеуші туралы жалпы сәйкестендіру деректері;
2) салық салу объектілері, оның ішінде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектілері туралы;
3) салық мөлшерлемесі туралы;
4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;
5) Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңі туралы;
6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген салық сомасы туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.
66-бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
1. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және:
1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;
2) салық салынатын импорт сомасы;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар сатып алу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету сомасы;
4) есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы сомасы;
5) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;
6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі, оның ішінде салық кезеңінің аяғында асып кетуі;
7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуіне арналған.
Қосылған құн салығы жөніндегі декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуін қайтару жөніндегі талапты қамтуы мүмкін.
Бұл ретте есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығына есептелген сомадан асып кетуін қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.
2. Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымша салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар;
2) қосылған құн салығынан босатылатын өткізу бойынша айналымдар;
3) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және осындай резидент емес үшін төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы;
4) салық салынатын айналым мөлшерін және есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету жөніндегі;
5) сатып алушылар бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;
6) Қазақстан Республикасы аумағынан тауарларды импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштері бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін.
67-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен бірге бекітеді:
1) мыналар:
салық агенттері;
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ басқа да жарналарды төлеу жөніндегі агенттер;
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер болып табылатын салық төлеушілердің санаттары үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
2) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) салық төлеушілердің әрбір санаты:
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары;
осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстар алатын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде табыстар алған салық төлеушілер, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар үшін осы декларацияға жеке қосымшалармен бірге жеке табыс салығы бойынша декларация.
2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын, салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандарында:
1) жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдар және (немесе) жарналар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері;
2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірісінен жеке табыс салығын есептеу туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.
Бұл ретте шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшада кіріс алушылар бөлігінде мынадай:
салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;
салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;
салық мөлшерлемелері туралы;
халықаралық шарттарды қолдану туралы;
Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;
салық шегерiмдерi туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін;
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бойынша жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын есептеу;
4) жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.
Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.
3. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер табыс етеді.
Осы декларация салық төлеушілердің:
жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстарды;
шегерімге жатқызылған шығыстарды;
табыстар мен шегерімдерді түзетулерді;
салық салынатын табысты (залалды);
салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды;
шеккен залалдарды, есептелген салық сомасын декларациялауға арналған.
Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 1)-6), 8)-10), 12)-15) тармақшаларында көрсетілген;
2) осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
5. Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар табыс етеді.
Осы декларация салық төлеушілердің алған табыстарын, төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығының есептелген және төленген сомасын, төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығының ұсталған сомасын декларациялауына арналған.
Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу, Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) одан тысқары жерлерде меншік құқығында мүліктің бар екендігі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстар туралы;
2) мүліктік және өзге де табыстар туралы;
3) меншік құқығындағы мүлік туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
6. Жеке тұлғалардың басқа санаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны осы баптың 4 және 5-тармақтарында аталмаған жеке тұлғалар, оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыс алған жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.
Осы декларация жеке тұлғалардың табыстарын, салық шегерімдерін, жеке табыс салығының сомаларын есептеуді декларациялауға арналған.
Декларацияға қосымшалар табыстардың түрлері мен сомасы туралы, салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) мүліктік және өзге табыстар жөніндегі;
2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың табысы жөніндегі;
3) шет мемлекеттердегі көздерден алынған табыстар, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын елде алынған табыстар жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық сомасы және шетелдік салықты есепке жатқызу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымша өздерінен осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;
4) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі;
5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалардың табыстары жөніндегі және осындай шоттарда ақшаның бар екендігі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
67-1-бап. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері
1. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың жалға беру (пайдалануға) шарттары бойынша мынадай мәліметтерді:
1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде);
2) жалға алушы – дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауын;
3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнiн;
4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрiн;
5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) мен жасасқан күнiн;
6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның нақты кезеңін;
7) жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын және нақты төленген соманы көрсете отырып, жалға беру төлемінің сомасын және (немесе) өтелетін шығыстар сомасын;
8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсатын;
9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жерін;
10) өзге де мәліметтерді көрсетуге арналған.
Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімінде сауда объектісінің, оның ішінде сауда базарының:
1) стационарлық немесе стационарлық еместігі;
2) жалпы алаңы;
3) сауда алаңы;
4) сауда желісіне кіретіндігі (кірмейтіндігі) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi салық органына сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi – дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 31 наурыздан кешiктiрiлмейтін мерзімде табыс етiледi.
68-бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі
1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етеді.
2. Егер салық төлеуші уәкілетті орган олар үшін салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші салық есептілігін өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша табыс етуге тиіс.
3. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
1) өзі келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште табыс етуге құқылы.
Салық төлеушілер (салық агенттері), қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін және мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық есептілігін қағаз жеткізгіште "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынуға құқылы;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште;
3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда табыс етуге құқылы.
Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері:
мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша;
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының ережелері осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын, сондай-ақ осы Кодекстің 579-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.
4. Салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда екі дана етіп табыс етіледі. Салық есептілігінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
5. Салық есептілігінің электрондық пішімінің құрылымы, салық есептілігін электрондық нысанда жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтылым, салық есептілігін жасау жөніндегі пішімді-логикалық бақылаудың талаптары және осы бағдарламалық қамтылымды жаңарту салық есептілігін табыс ету мерзімі басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей тұрақты негізде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін салық төлеуші (салық агенті) салық органына, қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша есептілікті қоспағанда, келесі салық есептілігін табыс етуге құқылы емес.
Аяқталмаған салық кезеңі үшін табыс етілген таратудың салық есептілігі:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату туралы, бөлiну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешімді өзгерткен;
2) салық төлеуші дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарғанға дейін кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешімді өзгерткен;
3) осы Кодекстің 43-1-бабының 4-тармағында көзделген, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайларда, салық кезеңі үшін кезекті салық есептілігіне теңестіріледі.
Салық төлеуші таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап келесі салық кезеңдері үшін салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына табыс етуге міндетті.
7. Салық салу объектілері болмаған кезде, осы Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында, 185, 270, 296, 364, 437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігі табыс етілмейді.
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға қолданылады.
Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына (темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, электрондық сигареттерді пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықты көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 9) тармақшасына сәйкес салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлерге қолданылады.
8. Декларацияларға, есеп-қисаптарға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде табыс етілмейді.
69-бап. Салық есептілігін кері қайтарып алу тәртібі
1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішті салық төлеушінің (салық агентінің) тіркелу есебінің орны бойынша салық органына табыс етеді.
Осы баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осындай есептілікті табыс ету орны бойынша салық органына салық есептiлiгiн кері қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.
Салық есептілігі салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген салықтық өтініші негізінде, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептiлiгiнің барлық қосымша нысандарын ескере отырып, салық органының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінен кері қайтарып алуына жатады.
Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының негізінде табыс етілетін салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 68-бабының 2-тармағына сәйкес салық есептілігін табыс етуге міндетті.
Салықтық өтініште көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептілігін кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен:
1) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан кері қайтарылатын салық есептілігі жойылатын жою әдісімен;
2) бұрын табыс етілген салық есептілігіне салық төлеуші (салық агенті) мәлімдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгізілетін өзгерту әдісімен жүргізіледі.
2. Жою әдісімен мынадай:
1) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40, 41 және 42-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;
2) осы Кодекстiң 68-бабы 2-тармағының және 70-бабы 5-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi табыс еткен;
3) осы Кодекске сәйкес осындай салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттемесі жоқ салық төлеуші табыс еткен;
4) осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етілмеген деп есептелетін;
5) қуынымның ескіру мерзімі аяқталғаннан кейін салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн кері қайтарып алу жүргізіледі.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарып алынатын салық есептілігі бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген (азайтылған) сомаларына түзету жасауды жүзеге асырады.
Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сомаларға түзету жасауды осындай салық есептілігін табыс ету орны бойынша салық органы жүзеге асырады.
Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салық есептілігін кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.
3. Өзгерту әдісімен мынадай:
1) валютаның коды көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі және (немесе) күні көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;
3) резидент мәртебесі көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген салық есептілігін;
3-1) салық органының коды дұрыс көрсетілмеген;
3-2) салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген;
3-3) салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген;
4) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 37-1, 38, 40 – 43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргізілгеннен немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.
Салық есептiлiгiн өзгерту әдiсiмен кері қайтарып алу кезiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, оларды кейіннен салық есептiлiгi бойынша жеке шотта көрсетіп, кері қайтарылатын салық есептiлiгiнде көрсетілген сомаларға түзету жасауды жүзеге асырады.
4. Егер салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) – 5) тармақшаларында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етпесе, салық органы салық төлеушiге (салық агентiне) осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгiленген мерзiмде жiбередi.
5. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:
1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде – тексерілетін салық кезеңінің;
2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салық кезеңiнiң табыс етілген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.
6. Салық органдары мынадай мерзімдерде:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініші негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда – осындай өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) салық органының осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімі негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда – хабарламаны орындау үшін көзделген, осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық есептілігін кері қайтарып алуды жүргізуге және салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін кері қайтарып алу туралы хабарлама жіберуге міндетті.
7. Осы бап осы Кодекстің 276-22-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
70-бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен жүргізеді.
Табыс етілу мерзімі міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.
2. Қосымша салық есептілігінде:
1) бұрын табыс етілген салық есептілігінің сомасы өзгертілген кезде салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігі мен іс жүзіндегі салық міндеттемесінде көрсетілген сома арасындағы айырма;
2) бұрын табыс етілген салық есептілігіндегі қалған деректер өзгертілген кезде жаңа мән тиісті жолдар бойынша көрсетіледі.
3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс еткен кезде салық төлеуші (салық агенті) немесе осы Кодекстің 586 және 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомалары салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай бюджетке енгізілуге жатады.
4. Салық органы салық төлеушінің тарату, бөлу жолымен қайта ұйымдастыру немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші бойынша жүргізетін салықтық тексеру басталғанға дейін салық төлеуші (салық агенті) таратудың қосымша салық есептілігін табыс етуге құқылы.
5. Салық төлеушінің (салық агентінің):
1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) – тексерілетін салық кезеңінің;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдар және (немесе) жарналар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салық кезеңінің;
3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап ету бөлігінде;
4) аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталған салық кезеңіндегі айлар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
5) ағымдағы салық кезеңінде 20 қаңтардан кейін – алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
6) ағымдағы салық кезеңінде 20 желтоқсаннан кейін – алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
7) бейрезидент заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерге жатқызу әдісін өзгерту бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
71-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту
Мониторингке жататын ірі салық төлеуші осы Кодекстің 624-бабында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін күнтізбелік алпыс күнге дейін ұзартуға құқылы.
Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, мониторингтеуге жататын ірі салық төлеуші мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімі өткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеу орны бойынша салық органын хабардар етуге міндетті. Хабарлама уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылады.
72-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту
1. Салық төлеуші (салық агенті) мониторинг бойынша есептілікті және тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезіндегі жанама салықтар бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін электрондық нысанда табыс еткен кезде оны табыс ету мерзімін ұзартуға құқылы.
2. Салық төлеуші (салық агенті) осы бапқа сәйкес салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту үшін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тіркеу есебінің орны бойынша салық органына, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жібереді.
Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаны қағаз жеткізгіште немесе салық есептілігін қабылдау және өндеу жүйелері арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда жібереді.
Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға хабарлама жіберілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.
3. Салық есептілігін табыс ету мерзімі мынадай:
1) корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша – декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;
2) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің өзге түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша – декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.
Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту осы Кодекстің 141-бабында көзделген аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс ету мерзіміне қолданылмайды.
4. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімін өзгертпейді.
73-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы бапта белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде:
1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;
2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;
3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқығы бар.
Салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда, өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:
1) алдағы кезеңге арналған салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішті;
2) салық кезеңінің басынан бастап салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша салық есептілігін табыс етеді. Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі салықтық өтініш табыс етілгеннен кейін басталатын болса, онда осындай кезекті салық есептілігін табыс ету салықтық өтініш табыс етілетін күнге дейін жүргізіледі;
3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етеді. Егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын болса, осы тармақшада көрсетілген құжат табыс етіледі.
Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ұзартылуы ескерілген мерзімі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.
2. Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) жеке өзіне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.
4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім:
1) салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болған;
2) салық төлеуші (салық агенті):
осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін;
осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етпеген;
3) осы Кодекстің 579-бабына сәйкес салық органы салық төлеушіні әрекетсіз деп таныған жағдайларда қабылданады.
5. Салық органы салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етеді.
6. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) алған салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңіне салық есептілігін табыс етпеуге негіз болып табылады. Осы тармақта көрсетілген салық есептілігін табыс етпеу салық есептілігін нөлдік көрсеткіштерімен табыс етуге теңестіріледі.
7. Салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, аталған салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш пен салық есептілігін табыс етеді.
8. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімде көрсетілген, қызметті тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін, егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салық органына осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуге міндетті.
9. Салық төлеуші салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңінің аяқталу күнінен кешіктірмей салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш беруге құқылы.
Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш берілген кезде осы мерзім осындай өтініште көрсетілген, осы баптың 1-тармағының ережелері ескерілген кезеңге ұзартылады. Салықтық өтініш салық органының осындай өтінішті қабылдағаны туралы белгісі болған кезде қызметті қайта бастау күніне дейінгі алдағы салық кезеңдері үшін салық есептілігін табыс етпеуге негіз болып табылады.
10. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің қызметін тоқтата тұру кезеңі ішінде қызметін қайта бастау фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары аталған тұлғаларды хабардар етпей-ақ салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметі қайта басталған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.
Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметін қайта бастау болып танылады.
11. Осы баптың ережелері мына салық төлеушілерге:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;
2) ойын бизнесі салығын және (немесе) тіркелген салықты төлеушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға;
3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
12. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.
74-бап. Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі
1. Салық төлеушінің осы бапта белгіленген тәртіппен салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде:
1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;
2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға құқығы бар.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер қызметті тоқтата тұрған жағдайда, орналасқан жері бойынша салық органына патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейінгі алдағы кезеңге салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш береді. Салық есептілігiн табыс етуді тоқтата тұрудың ұзартылуы ескерiлген мерзімі салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз алты айдан аспауға тиiс.
2. Салық органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық өтініш берілген күні шығарылады.
3. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық төлеушіге немесе оның өкіліне жеке өзіне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.
3-1. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм өтініш берілген күні салық төлеушіде (салық агентінде) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.
4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салықтық өтініште көрсетілген күннен бастап қызметті қайта бастау күніне дейінгі кезең үшін патент құнының есеп-қисабын табыс етпеуге негіз болып табылады.
5. Салық төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған болып танылады.
6. Салық төлеуші салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңі аяқталған күннен кешіктірмей салық органына салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта қалпына келтіру) туралы салықтық өтініш беруге құқылы. Мұндай өтініш онда көрсетілген қызметті қайта бастау күніне дейін патент құнының есеп-қисабын табыс етпеуге негіз болып табылады.
7. Салық төлеуші қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге патент құнының есеп-қисабын салық органдарына беру арқылы қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметін қайта бастауға құқылы.
8. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде патент құнының есеп-қисабы табыс етілген кезде салық төлеуші осы есеп-қисапта көрсетілген қызметтің басталған күнінен қызметін қайта бастаған болып танылады.
9. Патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген салықтық өтінішті немесе патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген кезде, салық төлеуші осы Кодекстің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады.
9-1. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) өз қызметін тоқтата тұру кезеңінде қызметін қайта бастағаны фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары мұндай салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша хабардар ете отырып, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметті қайта бастаған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.
Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметті қайта бастау болып танылады.
10. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.
§ 2. Салықтық өтініш
75-бап. Жалпы ережелер
1. Салықтық өтініш – осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) өз құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында салық органына табыс ететін құжаты.
2. Салықтық өтініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
76-бап. Салықтық өтінішті табыс ету тәртібі
1. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық өтінішті осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етеді.
2. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салықтық өтінішті тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
1) өзі келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – қағаз жеткізгіште;
3) салық төлеушінің электрондық құжаты нысанында – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол берілетін электрондық нысанда табыс етуге құқылы.
Салық төлеушілер (салық агенттері) салықтық өтінішті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынуға құқылы.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп белгілейді.
3. Салықтық өтініш өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда көрсетілген салықтық нысан екі дана етіп жасалады, бір данасы салық органының белгісі қойылып, салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
4. Салықтық өтініштің электрондық форматының құрылымы, салықтық өтінішті электрондық нысанда жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етілім және осы бағдарламалық қамтамасыз етілімді жаңарту ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
5. Салықтық өтінішке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
§ 3. Салық тіркелімдері
77-бап. Салық тіркелімдері
1. Салық тіркелімі – салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсауы туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
Салық тіркелімдері осы Кодекстің 56-бабының 3-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинақтау мен жүйелеуге арналған.
Салықтық есепке алу деректерін қалыптастыру салық салу мақсатына орай пайдаланылатын ақпаратты хронологиялық тәртіппен көрсету арқылы және салықтық есепке алу деректерінің салық кезеңдері арасындағы (оның ішінде нәтижелері бірнеше салық кезеңдері ішінде ескерілетін, кейінгі салық кезеңдерінде салық салу объектісінің мөлшеріне әсер ететін немесе бірқатар жылдарға ауысатын операциялар бойынша) сабақтастығын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
Салық тіркелімдері арнаулы нысандар түрінде жүргізіледі. Уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдері нысандарын қоспағанда, салық тіркелімдерінің нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тәртібін салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітеді.
Салық тіркелімдерінде шаруашылық операцияларының көрсетілу дұрыстығын оларға қол қойған тұлғалар қамтамасыз етеді.
2. Салық тіркелімдері:
1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 56-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында белгілеген нысандар бойынша салық төлеуші (салық агенті) дербес жасайтын салық тіркелімдерін;
2) жасалу нысандары мен қағидаларын уәкілетті орган белгілейтін, салық төлеуші (салық агенті) жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.
3. Салық тіркелімдері мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:
1) тіркелімнің атауы;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
3) тіркелім жасалған кезең;
4) тіркелімді жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).
4. Уәкілетті орган:
1) салық салудан босатуды, корпоративтік табыс салығы, инвестициялық салық преференциялары бойынша салық салынатын табысты азайтуды қолдану;
2) тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) баланстық құндарын айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар;
3) туынды қаржы құралдары;
3-1) бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомалары;
3-2) қаржы лизингіне берілген мүлік жөніндегі;
3-3) осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген, борышкерлерге қойылатын талаптар мөлшерін азайтуларды есепке алу жөніндегі;
4) жазып берілген және төлеуші алған қосылған құн салығының шот-фактуралары жөніндегі;
5) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуын және оны өткізуін есепке алу жөніндегі;
7) шығу және келу туризмі бөлігінде – туроператордың көрсетілетін қызметтері;
8) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу жөніндегі, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
4-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер үшін уәкілетті орган:
1) табыстарды есепке алу;
2) сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді есепке алу;
3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар жөніндегі салық міндеттемелерін, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі міндеттемелерді есепке алу бойынша;
4) мыналар:
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;
жер үсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі салықтық міндеттемелерді есепке алу;
5) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.
4-2. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:
корпоративтік табыс салығы бойынша;
үстеме пайда салығы бойынша;
қосылған құн салығы бойынша;
пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша;
ірі салық төлеушінің ағымдағы және алдағы күнтізбелік жылдарға жоспарлайтын қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері туралы ақпарат қамтылатын салық тіркелімдерінің нысандарын белгілейді.
5. Салық тіркелімдері қағаз жеткізгіштерде жүргізілген жағдайда мұндай салық тіркелімдеріндегі қателерді түзету негізді болуға және енгізілген түзетулердің күні мен негіздемесі көрсетіле отырып, түзету енгізген жауапты адамның қолымен расталуға тиіс.
6. Егер осы Кодекстің 624-бабында өзгеше белгіленбесе, салық тіркелімдері құжаттық тексерулер жүргізу кезінде салық органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткізгіштерде және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын салық органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.
Салық төлеуші (салық агенті) салық тіркелімдерін электрондық нысанда жасаған кезде, салықтық тексеру барысында салық органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық тіркелімдерін электрондық жеткізгіштерде және осындай салық тіркелімдерінің көшірмелерін қағаз жеткізгіште де табыс етуге міндетті, бұл көшірмелер басшының және салық төлеушінің (салық агентінің) осы салық тіркелімдерін жасау үшін жауапты адамдарының (адамының) қолтаңбаларымен, сондай-ақ салық төлеушіде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталуға тиіс.
9-тарау. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
78-бап. Қаржы лизингі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:
1) лизинг шартында мүліктің лизинг алушының меншігіне берілуі және (немесе) лизинг алушыға мүлікті тіркелген баға бойынша сатып алу құқығының берілуі белгіленсе;
2) қаржы лизингінің мерзімі қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызмет мерзімінің жетпіс бес пайызынан асып кетсе;
3) қаржы лизингінің бүкіл мерзімі үшін лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының тоқсан пайызынан асып кетсе, қаржы лизингі болып табылады.
Лизинг нысаналарын қайталама лизингке беру де қаржы лизингі болып табылады.
Қайталама лизинг деп лизинг шарты (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – бастапқы лизинг шарты) тоқтатылған, бұзылған не лизинг нысаналары санының өзгеруіне байланысты ол өзгертілген жағдайда лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысаналарын басқа лизинг алушыға (лизинг алушыларға) лизингке мынадай талаптарды бір мезгілде сақтай отырып беру танылады:
бастапқы лизинг шартын бұзу, тоқтату не өзгерту күні мен қайталама лизинг шартын (шарттарын) жасасу күні осы Кодекстің 269-бабында белгіленген бір салық кезеңіне дәл келсе;
лизинг нысаналарының санына, лизинг төлемдеріне және лизинг мерзіміне арналған талаптарды қоспағанда, бастапқы лизинг шартында көзделген талаптар қайталама лизинг шартында (шарттарында) сақталса;
қайталама лизингке бастапқы лизинг шарты бойынша олардың жалпы санынан аспайтын мөлшерде лизинг нысаналары берілсе;
егер бастапқы лизинг шарты бойынша аннуитеттік төлем әдісі көзделген болса – қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасы лизингтік төлемдер сомасына азайтылған, лизинг шарты бұзылған күнге есептелген бастапқы лизинг шарты бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасынан аспаса;
егер бастапқы лизинг шарты бойынша тең үлестермен төлеу әдісі көзделген болса – қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны лизингтік төлемдер сомасына азайтылған, лизинг шарты бұзылған күнге есептелген бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының құнынан аспаса, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспаса;
лизинг нысаналары қайталама лизингке кемінде үш жыл мерзімге берілсе.
Мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг берушінің мүлікті лизинг алушыға өткізуі ретінде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер - лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлемдер ретінде қаралады.
Осы баптың мақсаттарында:
аннуитеттік төлемдер әдісі – лизингтік төлемдер тең уақыт аралығы арқылы тең сомалармен белгіленетін лизингтік төлемдерді есептеу әдісі;
тең үлестермен төлеу әдісі – лизинг бойынша сыйақыны қоспағанда, лизингтік төлемдер тең сомалармен белгіленетін лизингтік төлемдерді есептеу әдісі.
2. Егер лизинг шартында лизинг алушының қаржы лизингінің мерзімін ұзарту құқығы белгіленсе, онда қаржы лизингінің мерзімі іс жүзінде ұзарту жүзеге асырылған мерзімді ескере отырып айқындалады.
3. Қаржы лизингіне (лизинг бойынша) берілген (алынған) мүліктің құны лизинг шартын жасасу күні бойынша айқындалады.
Лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын лизинг нысанасы қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік болып табылады.
4. Мыналар қаржы лизингі болып табылмайды:
1) мынадай:
лизинг алушы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылған;
лизинг алушы – жеке тұлға соттың күшіне енген шешімі негізінде хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған І, ІІ-топтардағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ лизинг алушы – жеке тұлға қайтыс болған;
лизинг алушыда өндіріп алуды қолдануға болатын мүліктің, оның ішінде ақшаның, бағалы қағаздардың немесе табыстың болмауына байланысты лизинг берушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін, оның ішінде ақшасын, бағалы қағаздарын немесе табысын анықтау жөнінде сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
лизинг алушының мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табысына лизинг берушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
лизинг нысаналары қайталама лизингке берілген жағдайлардан басқа осындай шарттар жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг шарттары бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайдағы лизингтік мәмілелер;
2) лизинг шарты қолданылуының бірінші жылында олар бойынша лизингтік төлемдер сомасы (шарт бойынша және (немесе) іс жүзіндегі) лизинг нысанасы құнының 50 пайызынан астамын құрайтын лизингтік мәмілелер;
3) лизинг алушыны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, лизинг шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг алушы өзгерген лизингтік мәмілелер;
3-1) қайта құру арқылы оны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг беруші өзгерген лизингтік мәмілелер;
4) мүлікті қосалқы лизингке беру жөніндегі мәмілелер.
79-бап.
Ұзақ мерзімді келісімшарттар
80-бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, бірлескен қызметті жүргізу туралы уағдаластық не заңды тұлғаны құрмай бірлескен қызмет туралы шартқа екі және одан да көп қатысушыларды көздейтін уағдаластық (бұдан әрі – бірлескен қызмет туралы шарт) болған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодексте белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы бойынша тиісінше ескеріледі және оларға салықтар салынады.
2. Бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, өзінің қатысу үлесіне қатысты салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды есепке алуды дербес жүргізеді.
3. Бірлескен қызмет туралы шартта салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі болмаған жағдайда, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар алғашқы салық есептілігін табыс еткенге дейін осындай тәртіп және бірлескен қызмет нәтижесінде туындайтын салық міндеттемесі көрсетілетін, бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатын әзірлеп, бекітеді.
4. Бірлескен қызмет туралы шартта бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, осындай қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі анықталуы мүмкін.
5. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды салық мақсатына орай осы уәкілетті өкілдің өзге қызметі бойынша активтерден, міндеттемелерден, табыстар мен шығыстардан бөлек есепке алады.
6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет туралы шартта көзделген тәртіппен әрбір салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүзеге асырады.
Егер бірлескен қызмет туралы шарт талаптарында және (немесе) бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбесе, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) мұндай қатысушылардың уәкілетті өкілі көрсетілген бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес қатысу үлестеріне барабар жүзеге асырады.
Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлу нәтижелері жазбаша түрде ресімделуге, оларға бірлескен қызмет туралы шартқа барлық қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілі болған кезде ол қол қоюға, сондай-ақ мөрлермен бекітілуге (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда олар болған кезде) тиіс. Активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу нәтижелері туралы құжатты бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы құжаттық салықтық тексеру жүргізу кезінде салық органдарына табыс етеді.
Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілінде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, олардың негізінде активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу жүзеге асырылған барлық құжаттардың көшірмелері болуға тиіс.
4-БӨЛІМ.
КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ
10-тарау.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
81-бап. Төлеушілер
1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.
2. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес, көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.
3. Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
82-бап. Салық салу объектілері
Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:
1) салық салынатын табыс;
2) төлем көзінен салық салынатын табыс;
3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы.
11-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫС
83-бап. Салық салынатын табыс
Салық салынатын табыс осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табыс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
§ 1. Жылдық жиынтық ТАБЫС
84-бап. Жылдық жиынтық табыс
1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстің 198-бабында көрсетілген табыстардан тұрады.
Резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынатын табыстары осы бөлімде және осы Кодекстің 27-тарауында белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.
2. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:
1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;
2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;
3) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;
4) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;
4-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы;
5) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;
6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру;
7) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс;
8) инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде пайлық инвестициялық қор активтерін сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компаниялар үшін – Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық инвестициялық қорлар алған және мұндай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың кастодианы солай деп таныған инвестициялық табыстар;
9) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарды алыс-беріс шикізатынан өндірген тұлға үшін – алыс-беріс шикізатынан өңделген өнім болып табылатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін осындай тұлғаның орындау есебінен алуға жататын (алынған) өтем сомасы;
10) мемлекеттік мекемеден мемлекеттік кәсіпорын:
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілген негізгі құралдар;
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілетін негізгі құралдарды сатып алуға арналған ақша түрінде алған мүліктің құны.
11) мемлекет атынан алушы үшін – жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны және (немесе) ақшалай мәні;
12) есепке жазылған, бірақ төленбеген және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құру мақсаты үшін есепке алуға жататын сыйақы мөлшерінде – жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша сыйақы жөніндегі мiндеттемесiн стратегиялық әріптесінің барлау кезеңінде есептен шығарудан коммерциялық табуға дейінгі кіріс;
13) сот Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес коммуналдық меншікке түскен деп таныған, иесіз деп қабылданған және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алған электр желілерінің құны.
85-бап. Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар
1. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері:
1) өткізуден түсетін табыс;
1-1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табысы;
2) құн өсімінен түсетін табыс;
3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;
4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;
6) осы Кодекстің 106-бабының 1, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;
7) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;
8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;
9) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;
10) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс;
11) табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс;
12) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс;
13) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
14) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, танылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;
15) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
16) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;
17) дивидендтер;
18) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;
19) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады;
20) ұтыстар;
21) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;
22) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;
22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
23-1) мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілген негізгі құралдардың амортизациясына байланысты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес туындайтын табысы;
24) осы тармақтың 1)-23) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да табыстар енгізіледі.
2. Егер табыстардың бірнеше баптарында сол бір табыстар көрсетілуі мүмкін болса, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа бір рет енгізіледі.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаты үшін табысты тану, оны таныған күнді қоса алғанда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Табысты қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тану табысты осы Кодекске сәйкес анықтау және тану тәртібінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бір рет есепке алынады.
3. Егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелсе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары осы бөлімнің мақсатында осы салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.
4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес табыстарын түзетуге құқығы бар. Бұл ретте жылдық жиынтық табыс осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.
86-бап. Өткізуден түсетін табыс
1. Егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 87-98-баптарына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстардан, сондай-ақ осы Кодекстің 111-бабының 1-тармағында көрсетілген шығыстардың сомасынан аспайтын бөлікте осы Кодекстің 111-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстардан басқа, өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны өткізуден түсетін табыс болып табылады.
Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына қосылған құн салығының және акциздің сомасы енгізілмейді.
2. Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа осы бөлімнің мақсатында, сондай-ақ:
1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс;
2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс;
3) роялти;
4) мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға беруден) түсетін табыс жатады.
87-бап. Құн өсімінен түсетін табыс
1. Құн өсімінен түсетін табыс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;
2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;
3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы кезінде құралады.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс:
бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – тарату салық есептілігі табыс етілген салық кезеңінде;
бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – бөліну балансы бекітілген салық кезеңінде танылады.
2. Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге:
1) жер учаскелері;
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) орнатылмаған жабдық;
4) табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, бір жылдан астам қызмет мерзімі бар активтер;
4-1) осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес тіркелген активтерге жатқызылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
5) бағалы қағаздар;
6) қатысу үлесі;
6-1) инвестициялық алтын;
7) құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;
8) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер;
9) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүлік жатады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсім әрбір актив бойынша өткізу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсім әрбір актив бойынша заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған актив құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсім әрбір актив бойынша беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
4. Мыналардан:
осы Кодекстің 115-бабының 14) тармақшасында көрсетілген шығындарды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес шегерімдерге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);
осы Кодекстiң 100-бабы 12-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес шегерiмдерге жататын шығындардан (шығыстардан);
салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ 101 – 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдардан басқа, егер осы баптың 12-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейін арттыратын басқа да шығындардың жиынтық құны болып табылады.
4-1. Осы баптың 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны нөлге тең деп танылады.
4-2. Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген активтердің бастапқы құны деп мұндай активтердің шығып қалған күнгі қайта бағалануы мен құнсыздануы есепке алынбаған баланстық құны танылады.
5. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар, сондай-ақ қатысу үлесі бойынша:
1) өткізу кезінде - өткізілу құны мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;
2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған бағалы қағаз, қатысу үлесі құны мен бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің бастапқы құны арасындағы оң айырма;
3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде - беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма әрбір бағалы қағаз, қатысу үлесі бойынша құн өсімі болып танылады.
6. Борыштық бағалы қағаздар бойынша:
1) өткізу кезінде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткізілген күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, өткізілу құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерілмеген оң айырма;
2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - дисконттың амортизациясы және (немесе) берілген күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған борыштық бағалы қағаз құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерілмеген оң айырма;
3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткізілген күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн арасындағы купон ескерілмеген оң айырма әрбір бағалы қағаз бойынша құн өсімі болып танылады.
7. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында көзделген жағдайларда бағалы қағаздар мен қатысу үлестерінің құнын арттыратын сатып алуға байланысты шығындардың, оларды сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың жиынтығы, сондай-ақ жарғылық капиталға салымның құны осы баптың мақсатында бағалы қағаздар мен қатысу үлесінің бастапқы құны болып табылады.
7-1. Осы баптың мақсатында "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) бағалы қағаздарын жарғылық капиталды ұлғайтуға арналған іс жүзіндегі шығындарды ескере отырып сатып алудың бастапқы құны осындай акциялардың және (немесе) бағалы қағаздардың бастапқы құны болып табылады.
8. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ іс жүзінде енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
8-1. Бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар осы Кодекстің 137-бабының 2, 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, жылдық жиынтық табысқа қосылады.
9. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11. Осы баптың 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша құн өсімі әрбір актив бойынша:
1) өткізу кезінде - өткізу құны мөлшерінде;
2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған актив құны мөлшерінде;
3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде - беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген құн мөлшерінде айқындалады.
12. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусіз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес осы баптың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын арттыруға жататын шығындарды ескере отырып осы активтердің өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық табысқа енгізілген құны осы баптың мақсаты үшін бастапқы құн болып табылады.
88-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс
1. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табысқа:
1) салық төлеушiнiң мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен шығаруы;
2) салық төлеушi таратылған кезде тарату балансы бекiтiлген кезде кредитор талап етпеген мiндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару;
4) соттың заңды күшіне енген шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады.
2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін табыс сомасы салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес:
осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда есептен шығарылған;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда тарату балансын бекіткен күні төленуге жататын міндеттемелердің сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.
3. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған міндеттемелерге осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды.
4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.
5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа 2017 жылғы 1 қаңтарда "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) өзге де бағалы қағаздарын тікелей немесе жанама түрде иеленген заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуға байланысты туындаған берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.
6. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қатысты кредит (қарыз) бойынша борыш кешірілген жағдайда берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.
89-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыс
1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын, қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.
Көрсетілген күмәнді міндеттемелер осы Кодекстің 8-бөлімінде белгіленген тәртіппен есепке жатқызылудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
2. Күмәнді міндеттеме бойынша табыс:
1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;
4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:
сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;
сатып
алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін
қызметтер) бойынша орындау мерзімі
айқындалмаған міндеттемелер бойынша
тауарды берген, жұмыстарды орындаған,
қызметтерді көрсеткен күннен бастап
есептелетін үш жылдық кезең аяқталған
салық кезеңінде танылады.
89-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының:
1) сақтандыру сыйлықақылары (жарналары);
2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері;
3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу;
4) осы Кодекстің 90-бабының 3-тармағында және 95-бабында көрсетілген табыстарды қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша өзге табыстар түріндегі табыстары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыстары деп танылады.
2. Осы баптың ережелері сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде деп танылған осындай шарттарға қолданылмайды.
3. Есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері түріндегі табысы деп танылады.
4. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою (регресс) құқығы негізінде сақтандыру төлемдері бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының және (немесе) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымының шығыстарын өтеу сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы деп танылады.
Бұл ретте 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылатын осындай шарттар бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы мынадай формула бойынша айқындалады:
Т * (А/Б), мұнда:
Т – есепті салық кезеңінде алуға жататын (алынған) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табыс;
А – 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
Б – шарт күшіне енген күннен бастап есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары.
90-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің)мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.
1-1. Осы Кодекстің 106-бабының 1-1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, талап ету құқығын жаңарту, қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомалары;
4) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген, күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқықтарын сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомалары 2017 жылға келетін салық кезеңі үшін банктің жылдық жиынтық табысына кіреді.
1-2. Есепті салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резервтің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы теріс айырма провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге құқығы бар салық төлеушілерге қолданылады.
2. Мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен борышкер заңды тұлғаның таратылуына байланысты Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған;
2) борышкер — жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болған деп жарияланған;
2-1) борышкер — жеке тұлғаға I, II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ борышкер — жеке тұлға қайтыс болған;
3) осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында жауапты болатын борышкерде және борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алуды қолдануға болатын мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
4) соттың борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
5) борышкер — дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен алынған;
6) банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күні банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен банк борышкерден алуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын мынадай ұйымдарға:
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға;
күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқығын сатып алатын банктің еншілес ұйымына;
егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі мәмілеге қатысатын банктердің бірі өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, басқа банкке берген;
7) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасы талаптарына сәйкес төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салық кезеңінде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші бухгалтерлік есепте азайтқан;
8) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша салық кезеңінде кешірілген үмiтсiз берешектің жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша негізгі борыш сомасына арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайтқан жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең.
Осы тармақша, егер кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешек уәкiлеттi органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген негіздерде және тәртiппен кешірілген жағдайда қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату, сондай-ақ "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықтан ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің (қарыздың) сомасына сату кезінде кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату болып танылады.
9) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салық кезеңінде кешірілген жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшері азайған жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;
10) осы Кодекстiң 106-бабының 1-3-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салық кезеңінде кешірілген жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап мөлшері азайған жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;
11) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған, осы Кодекстiң 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредитке (қарызға) және ол бойынша сыйақыға байланысты үмітсіз берешекті кешірген жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды.
2-1. Кредит (қарыз) бойынша борыш осы тармақта белгіленген тәртіппен және жағдайларда кешірілетін жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомаларын шегеруге құқығы бар банк бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түскен табыс деп танымайды.
Осы тармақтың ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) борышқа қарсы құрған, мыналардан:
негізгі борыш бойынша берешектен;
2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы бойынша берешектерден тұратын кредит (қарыз) бойынша борышқа қолданылады.
Осы тармақ бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе;
2) кредит (қарыз) бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борыштары кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілсе;
3) кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борыштары кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген сома шегінде жүргізілсе;
4) кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан да көп құжат болса:
бейрезидентке берілген:
шет мемлекеттің құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш;
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге қатысты жойылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талап;
борышкерде және банк алдында борышкермен бірге ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алынуы мүмкін мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша қолданылған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, атқару құжатын аталған банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты;
шет мемлекет сотының борышты өндіріп алудан, кепілге қатысты жойылған құқықтарды қалпына келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы заңды күшіне енген шешімі;
шет мемлекет сотының борышкерді банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі және (немесе) конкурстық іс жүргізудің аяқталуы туралы ұйғарымы;
шет мемлекеттің құзыретті органының борышкерді немесе кепіл берушіні таратылуына байланысты заңды тұлғалардың тізілімінен шығару туралы құжаты;
резидентке берілген:
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды тұлғаға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз;
банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының шаралар жүргізгенін немесе қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат болса, кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру жағдайына қолданылады.
Осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы бейрезиденттерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша:
ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі борышты толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті негізгі борыш сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатқаннан кейін кредит бойынша өтелмеген борыш сомасын кешіру кезінде;
талап ету құқығын басқаға беру күні бейрезидент болып табылатын үшінші тұлғаға дисконтпен банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын беру кезінде, егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе банк не банктің мүдделерін білдіретін немесе осындай банктің мүдделерінде мүлікті басқару үшін шет мемлекеттің соты тағайындайтын тұлға арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса;
банктің басқару органы мыналардың:
Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасындағы қылмыстық және (немесе) азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімнің;
кредиттің (қарыздың) берілгенін растайтын шарттың түпнұсқасының болмауына байланысты шет мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіне алмайтындығын құжаттық растаған жағдайда;
борышты кешіру күні бейрезидент болып табылатын борышкерге кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы мен бағалаушы және борышкер немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борышының бір бөлігін кешірген кезде, егер:
кредит (қарыз) берілген шартқа борышкер қол қойған, борышының қалған бөлігін (бұдан әрі – борыш қалдығын) өтеу шартымен борышының бір бөлігін кешіруді көздейтін өзгеріс болған;
осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк:
осы Кодекстің 90-бабының 1-тармағына сәйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табысты борыш қалдығы мөлшерінде таныған;
табысқа осы Кодекстің 131 және 132-баптарында көзделген түзету жүргізбеген;
борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаған жағдайда;
5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюро және кредит тарихын қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес банк берген, кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы туралы ақпарат болса;
6) кредит (қарыз) бойынша бастапқы бухгалтерлік құжат болса, соның негізінде осындай кредит (қарыз) бойынша осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрылған болса;
7) кредит (қарыз) бойынша кредиттік тіркелімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берген ақпараты болса, талап етілмейді.
Бұл ретте кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде әрбір кредит (қарыз) бойынша:
1) кредит дерекнамасының нөмірі;
2) кредиттің (қарыздың) берілген күні;
3) қарыз алушының (қосалқы қарыз алушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы;
4) кредит (қарыз) бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы мен негізгі борыш бойынша кешірілуге жататын шекті борыш сомасы көрсетіледі.
Осы тармақтың ережелері банк жұмыскеріне, жұбайына (зайыбына) және банк жұмыскерінің жақын туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды.
2-2. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ережелер өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.
2-3. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған, осы Кодекстiң 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға берілген кредит (қарыз) бойынша борыш кешірілген жағдайда, бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасын провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танымайды.
2-4. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның кредит (қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап ету құқықтары басқаға берілген жағдайда, бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлға құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайды.
3. Есепті салық кезеңінің соңында еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған сақтандыру резервтерінің бұрын шегерімге жатқызылған мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.
91-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма;
2) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға берген күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым үшін борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі осындай мәміленің тарапы болып табылатын банктердің бірі – өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма мұндай талап ету құқығы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктен сатып алынған жағдайда, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
92-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс
Егер осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалған кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінің басындағы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) салық кезеңінде түскен тіркелген активтер құны ескерілген құндық балансынан, сондай-ақ салық кезеңінде жұмсалған және осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес ескерілетін кейінгі шығыстардан асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Осы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.
Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс осы Кодекстің 119-бабына сәйкес мұндай активтердің шығып қалуы орын алған салық кезеңінде танылады.
93-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндiруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс
Егер осы Кодекстiң 111-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететiн табыстардың мөлшерi салық кезеңiнiң басында салық кезеңiнде жұмсалған шығыстар ескерiлген жеке топтың мөлшерiнен асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Бұл топтың мөлшерi салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болады.
94-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөнiндегi іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін табыс
Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңінде кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңіне қалыптастырылған кен орындары салдарын жою қоры есебінен жүргізілген іс жүзіндегі шығыстары көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
Бұл
ретте жылдық жиынтық табысқа енгізілуге
жататын мұндай айырманың сомасы жер
қойнауын пайдаланушының жою қорының
қаражатын мақсатсыз пайдалануына
байланысты осы Кодекстің 107-бабына
сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған
келісімшарттың қолданылу кезеңінде
жер қойнауын пайдаланушы жүргізген
жылдық жиынтық табысты түзету сомасына
азайтылады.
95-бап. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар
1. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтемақы түрiнде алынған табыстарға:
1) бұрын шегерімге жатқызылған және кейiнгi салық кезеңдерiнде өтелген, күмәндi деп танылған талаптар сомасы;
2) мемлекеттiк бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сома;
3) осы Кодекстің 119-бабында көрсетілген сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру ұйымы немесе нұқсан келтірген тұлға төлеген нұқсанды өтеу сомасы;
4) бұрын шегерімге жатқызылған шығындарды өтеу бойынша алынған басқа да өтемақылар жатады.
Алынған өтемақы ол алынған салық кезеңiнiң табысы болып табылады.
1-1. Жеке тұлға олар бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының ережелерін қолданған оқыту шығыстарын өтеген болса, жеке тұлға мұндай өтеуді өзін оқыту аяқталған (еңбек шарты жасалған күнінен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған) салық кезеңін, сондай-ақ одан кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде жүргізген жағдайда, мұндай өтеу сомасы алдыңғы салық кезеңдерінің салық салынатын табысын азайтуға жатқызылған осындай шығыстар бөлігінде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша қайтаруына жататын немесе қайтарған және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан немесе қайтарылған сол салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады.
96-бап. Өтеусіз алынған мүлік
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның кірісі болып табылады.
2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.
3. Өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылады.
5. Осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды.
97-бап. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс
1. Әлеуметтік сала объектілеріне осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын, салық төлеушіге меншік құқығында тиесілі мүлік жатады.
2. Салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына мынадай қызмет түрлерін:
1) медициналық қызметті;
2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру саласындағы қызметті;
3) ғылым, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет саласындағы, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер көрсету саласындағы қызметті;
4) қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптар қызметкерлерінің және отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын үй қорының объектілерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуға жататын (алынған) табыстардың іс жүзінде келтірілген шығыстардан асып кетуі енгізіледі.
3. Қызметкерлердің қоғамдық тамақтануын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстар жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады.
98-бап.
Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде
сатудан түсетін табыс (залал)
1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
2. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырма ретінде айқындалады.
Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залалды ауыстыру осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
99-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету
1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:
1) мыналарды:
егер осы тармақтың 1-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтіндерді;
мұндай дивидендтер корпоративтік табыс салығын азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға (Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан ұйымды қоспағанда) төлейтіндерді қоспағанда, дивиденттер;
1-1) мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеуші тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының акцияларына немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік етсе;
технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының жарғылық капиталына қатысуы жиырма бес пайыздан астамды құраса, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiн дивидендтер;
2) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
2-1) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде алған кепілдікті жарналар сомасы;
3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
4) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен төленген кепілдікті және өтемақылық төлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
4-1) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысы аяқталғаннан кейінгі төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар;
6) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;
7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен акционерлiк инвестициялық қорлар алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген инвестициялық табыстар;
8) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;
9) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
10) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
11) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
12) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы;
12-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері;
13) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаны басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына арналған және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;
14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар;
15) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды (алуға жататынды) өткізуден түскен табыс;
16) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерв активтерін орналастыру нәтижесінде алынған, сондай-ақ қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын тұрақсыздық айыбы түрінде алған кірістері алып тастауға жатады.
Осы тармақшаның ережелері көрсетілген кірістер арнайы резервті ұлғайтуға бағытталған жағдайда қолданылады;
17) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған, Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың кірісі;
18) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегіндегі инвестициялық кірістері;
19) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғадан активтерді сатып алу үшін ғана нысаналы аударым түрінде бюджеттен алған кірісі алып тастауға жатады.
Банктің жылдық жиынтық табысынан екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан кредиттер (қарыздар) бойынша осындай ұйым бұрын басқаға берген талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған талап ету құқығын беруден түсетін кірістер алып тасталады.
Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Банктің жылдық жиынтық табысынан талап ету құқықтарын беруден түсетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтары мұндай ұйымға бұрын берілген ұйымнан сатып алуына байланысты алынған табыстар алып тасталады.
2. Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға жатады.
Салық төлеушi тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық кезеңiнің басынан бастап жүргiзедi.
§ 2. Шегерімдер
100-бап. Шегерімдер
1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
3. Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерiмге жатады.
4. Табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген нормалар шегiнде шегерiмге жатады.
5. Егер шығыстардың бір және сол түрі шығыстардың бiрнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есеп-қисабы кезiнде бiр-ақ рет шегерiледi.
6. Егер осы Кодекстің 103, 115-баптарында өзгеше белгіленбесе, танылған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары шегерімге жатады.
7. Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есепке жазылған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар құрылыс объектісінің құнына енгізіледі.
8. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі салықтық есепке алуды жүргізген жағдайда бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша шығыстарды шегерімге жатқызу осындай өкіл табыс еткен мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады.
9. Салық төлеушінің құрылысқа, тіркелген активтерді сатып алуға арналған шығындары және капитал сипатындағы басқа да шығындар осы Кодекстің 116-125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылады.
10. Осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде шеккен шығыстар шегерімге жатқызылуға жатады.
11. Егер мәміле талаптарында салық төлеушінің өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер сапасына кепілдік беруі көзделсе, онда салық төлеушінің мәміледе белгіленген кепілдік беру мерзімі ішінде өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жою жөнінде жүргізген іс жүзіндегі шығыстарының сомасы осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады.
12. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияның деректері бойынша есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнында ескеріледі.
Қосылған құн салығын төлеуші:
1) осы Кодекстiң 261 және 262-баптарына сәйкес есепке жатқызудың барабар әдiсін қолданған кезде есепке жатқызылуға тиісті емес;
2) табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылған тіркелген активтер, тауар-материалдық қорлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиіс;
3) амортизацияға жатпайтын активтердің жарғылық капиталға берілуін қоспағанда, осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген жағдайда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиісті қосылған құн салығын шегерімге жатқызуға құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шегерім осы Кодекстiң 261 және 262-баптарына сәйкес есепке жатқызудың барабар әдiсін қолданған кезде есепке жатқызылуға тиісті емес қосылған құн салығы туындайтын салық кезеңінде жүргізіледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген шегерімдер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталуға тиісті салық кезеңінде жүргізіледі.
Амортизацияға жатпайтын активтер бойынша осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиісті қосылған құн салығы осы Кодекстің 87-бабының 4-тармағына сәйкес есепке алынады.
Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы корпоративтік табыс салығын төлеуші болып табылған жағдайда және қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 271-1-бабы 3-тармағына сәйкес операторға жүктелген болса, онда осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген, оператордың қосылған құн салығы жөніндегі декларациясының деректері бойынша аталған жер қойнауын пайдаланушының үлесіне келетін мөлшердегі қосылған құн салығы шегерiмге жатқызылады.
Осы баптың ережелері құны осы Кодекстің 111-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.
13. Осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көрсетілген талаптар орындалғаннан және қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің есебіне жатқызылмаған, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға ұсынылмаған 2009 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі шегерімге жатқызылуға тиіс.
14. Салық төлеушi мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне жұмыскерлердің жыл iшiндегi орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, бiр жұмыскерге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасына Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен мiндеттi мүшелiк жарналардың шектi мөлшерiнен аспайтын мөлшерде төлеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүшелiк жарналары шегерiмге жатады.
14-1. Салық төлеушінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебіне жазған әлеуметтік аударымдары бойынша шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшерде шегерімге жатады.
14-2. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес:
1) есептік салық кезеңінде, есептік салық кезеңі және (немесе) есептік салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдері үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шегінде;
2) есептік салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде есептік салық кезеңі үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шегінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленген аударымдар бойынша салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.
15. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, төленуге жататыннан (төленгеннен) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын қолдану кезінде бухгалтерлік есепте активтердің және (немесе) міндеттемелердің өзгеруіне байланысты туындайтын шығыс, салық салу мақсатында шығыс ретінде қарастырылмайды.
16. Туынды қаржы құралдары жөніндегі шығыстар осы Кодекстің ережелеріне сәйкес ескеріледі.
16-1. Жарнамалау мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, мұндай тауарды беру жүзеге асырылған салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылуға жатады.
17. Егер сенімгерлікпен басқарушыға мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелсе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының шығыстары, осы бөлімнің мақсатында осы сенімгерлікпен басқарушының шығыстарына қосылады.
18. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес шегерімдерді түзетуге құқығы бар. Бұл ретте шегерімдердің сомасы осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.
101-бап. Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
Қызметтік іссапарлар кезінде шегерiмге жататын өтемақыларға:
1) жол жүру мен броньға (оның ішінде құнының төлену фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билетке) жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және кері қайтуға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
3) қызметкерге iссапарда болған уақытта салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін тәулікақы жатады.
Іссапарда болу уақыты:
жұмыс берушінің қызметкерді іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі;
жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген, іссапар орнына кету күні мен кері қайтып келу күнін негізге ала отырып іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады. Мұндай құжаттар болмаған кезде іссапар күндерінің саны салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатында көзделген, іссапар орнына кету күні мен кері қайтып келу күнін растайтын басқа да құжаттар негізге алына отырып айқындалады;
4) салық төлеуші келу визасын ресімдеген кезде жүргізген шығыстар (визаның, консулдық қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны) келу визасын ресімдеуге арналған шығыстарды (визаның, консулдық қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде айқындалады.
102-бап.
Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
1. Өкілдік шығыстарға мынадай:
1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау бойынша;
2) салық төлеушінің атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесінің, өзге де басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және (немесе) өткізу бойынша, өкілдік іс-шараларын өткізу кезінде олардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.
Өкілдік шығыстарға сонымен қатар:
1) осы Кодекстің 101-бабының 1) тармақшасына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыға жататын шығыстарды қоспағанда, өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуге;
2) өкілдік іс-шараларды өткізу барысында мұндай тұлғаларды тамақтандыруға;
3) ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететін қызметтерге ақы төлеуге;
4) өкілдік іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды жалдауға және (немесе) ресімдеуге арналған шығыстар да жатады.
2. Шақырылған адамдардың тұруына, мұндай тұлғалар үшін визалар ресімдеуге, бос уақытын, ойын-сауықты, демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар, сондай-ақ осы тармаққа сәйкес өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатқызылмайтын шығыстар өкілдік шығыстарына кірмейді және шегерімге жатпайды.
Өкілдік іс-шараларға қатысушылардың теміржол, теңіз және әуе көлігімен жүру шығыстары көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатпайды.
3. Мыналар:
1) салық төлеушінің өкілдік іс-шараны өткізу мақсатын және оны өткізуге жауапты тұлғаларды көрсете отырып, оны өткізу туралы жазбаша бұйрығы немесе жазбаша өкімі;
2) салық төлеуші бекіткен мұндай іс-шараның шығыстар сметасы;
3) жауапты тұлғалардың өткізілген өкілдік іс-шара туралы оның өткізілген күні мен орны, жүргізілген іс-шараның нәтижелері, қатысушылар құрамы, іс-шаралар бағдарламасы, іс жүзінде жүргізілген шығыстар көрсетілген есебі;
4) өкілдік шығыстардың негіздері мен жүзеге асырылуын растайтын бастапқы және өзге де құжаттар өкілдік шығыстардың шегерімін жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
4. Өкілдік шығыстар осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметкерлердің салық салуға жататын табыстары бойынша жұмыс берушінің салық кезеңіндегі шығыстары сомасының 1 пайызынан аспайтын мөлшерде шегерімге жатады.
103-бап. Сыйақы бойынша шегерімдер
1. Осы баптың мақсаты үшін мыналар:
1) осы Кодекстің 12-бабында айқындалған сыйақылар;
2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
3) өзара байланысты тарапқа берілетін кепілдік үшін төлем сыйақылар деп танылады.
1-1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шегерімге жатқызылуға тиіс сыйақы сомасы осы Кодекстің 57-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазу әдісімен айқындалады.
Осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1 және 3-тармақтарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс провизиялар (резервтер) құруға құқылы тұлғаға міндеттемелер бойынша төлемдер түріндегі сыйақы:
1) есепті салық кезеңінде және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде шығыс деп танылған шығыс сомасының шегінде есепті салық кезеңінде;
2) есепті салық кезеңінде шығыс деп танылған шығыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде нақты төленген мөлшерде шегерімге жатады.
2. Сыйақыны шегеру осы баптың 1-1-тармағында белгіленген ережелер ескеріле отырып, мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:
(А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),
мұнда:
А – Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген сомаларды қоспағанда, сыйақы сомасы;
Б – Д көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, өзара байланысты тарапқа төленетін сыйақы сомасы;
В – Б көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетін сыйақы сомасы;
Г – В көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, кепілдіктерді, кепілгерлікті немесе қамтамасыз етудің өзге нысанын орындаған жағдайда депозитке немесе қамтамасыз етілген кепілдікке, кепілгерлікке немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етуінің өзге нысанына берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақы сомасы;
Д – Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;
ШК – шекті коэффициент;
ЖК – жеке капиталдың орташа жылдық сомасы;
МС – міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.
А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде құрылысқа алынған және құрылыс кезеңіне есепке жазылған кредит (қарыз) үшін сыйақылар алып тасталады.
Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсаты үшін тәуелсіз тарап деп танылады.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсатына орай:
1) жеке капиталдың орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айының соңындағы жеке капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең. Жеке капиталдың орташа жылдық сомасының теріс мәні осы баптың мақсаты үшін нөлге тең деп танылады;
2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айындағы міндеттемелердің орташа арифметикалық ең көп сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:
салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
қызметкерлердің жалақысы және өзге де табыстары;
өзара байланысты тараптан алынатын табыстарды қоспағанда, болашақ кезеңдердің табыстары;
сыйақылар мен комиссиялар;
дивидендтер бойынша есепке жазылған міндеттемелер есеп-қисапқа алынбайды;
3) шекті коэффициент қаржылық ұйымдар үшін – 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін 4-ке тең.
4. Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы баптың 2-тармағының мақсатына орай осы тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бұл ретте, бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсатына орай осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлғадан тәуелсіз әрекет ететіндей түрде қарастырылады.
104-бап.
Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша
шегерім
Егер салық төлеушi бұрын табыс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлесе, онда жүргiзiлген төлемнiң шамасында шегерiм жасауға жол берiледi. Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде бұрын табысқа жатқызылған шама шегiнде жүргізіледі.
Осы бапта көзделген шегерімдерге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 88-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған міндеттемелерді төлеген жағдайда да қолданылады.
105-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім
1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған талаптар және талаптар туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып танылады. Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады.
Осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін аударылған:
1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыларды;
2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттер (қаржы лизингін қоспағанда) бойынша сыйақыларды;
3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті;
4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді төлеу жөніндегі талаптары күмәнді талаптар болып танылмайды.
2. Осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған талаптар шегерiмге жатады.
Салық төлеушiнiң күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде жүргізіледі:
1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы;
2) шегерімдерге жатқызу кезіне бухгалтерлік есепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызу.
3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, оған қосымша банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшiрмесiнiң болуы қажет. Салық төлеушi жоғарыда көрсетiлген шарттар сақталған кезде, банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшiне енген салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
4. Күмәнді талаптар бұрын тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс деп танылған табыстың мөлшері шегінде шегерімге жатқызылады.
105-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы мынадай есептелген шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайтаруға жататын (қайтарылған) сатып алу сомалары мен сақтандыру сыйлықақылары (жарналар);
3) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушыға төленуге жататын (төленген) сақтандыру сыйлықақылары (жарналар);
4) осы Кодекстің 106-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстар;
5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттеріне және сақтандыру брокерлеріне төлемдер;
6) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты өзге шығыстары.
2. Осы баптың ережелері сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған осындай шарттарға қолданылмайды.
3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылатын осындай шарттар бойынша:
1) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай формула бойынша айқындалады:
Р * (А/Б), мұнда:
Р – есепті салық кезеңінде төлеуге жататын (төленген) шығыстар;
А – 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде шығыстарды есептеу күніне дейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
Б – шарттың күшіне енген күнінен бастап есепті салық кезеңінде шығыстарды есептеу күніне дейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығыстарды шегеру халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап танылған сақтандыру сыйлықақысы (жарна) түріндегі табыс сомасынан аспауға тиіс.
106-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер
1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өздерiне қарсы провизия (резерв) құрылатын активтің, шартты міндеттеменің мөлшерін азайтады.
Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Осы тармақтың ережелері, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге:
1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге, сондай-ақ осындай депозиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;
2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда), сондай-ақ осындай кредиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;
3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;
4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша қолданылады.
Осы тармақтың ережелері:
өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банктің;
өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның пайдасына берілген активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша да қолданылады.
1-1. Күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердiң талап ету құқықтарын сатып алуға банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктердiң шегеруге құқығы бар.
Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
Бұл ретте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын бас банктен сатып алуға бас банктің еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі талаптарына сәйкес шығыстар сомасы шегерiмге жатады.
Банктердiң еншiлес ұйымдарға күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға берген активтерiн күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктердiң еншiлес ұйымдарға берген активтерiне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан сатып алынған активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес.
1-2.
Акцияларының бақылау пакеті ұлттық
басқарушы холдингке тиесілі ұлттық
даму институты болып табылатын банктерді
қоспағанда, банктердің есепті салық
кезеңінің соңында айқындалған серпінді
резерв мөлшері мен өткен салық кезеңінің
соңында айқындалған серпінді резерв
мөлшерінің арасындағы оң айырм
Серпінді
резервтің мөлшері уәкілетті органмен
келісу бойынша Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен
айқындалады.
1-3. Банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) қаржы лизингін;
2) өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген кредиттерді (қарыздарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен кредиттерге (қарыздарға) қарсы құрылған провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өздерiне қарсы провизия (резерв) құрылатын активтің, шартты міндеттеменің мөлшерін азайтады.
Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
1-4. Осы баптың 1-тармағының ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.
2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған сақтандыру резервтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.
Осы тармақтың ережелері олар бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.
3. Микроқаржы ұйымдарының өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерін қоспағанда, берілген микрокредиттер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.
Берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу тәртібін, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
4. Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:
банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);
құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;
өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасының шегерімі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегінде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін және мұндай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.
106-1-бап. Қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім
Сақтандыру,
қайта сақтандыру ұйымдарының осы
Кодекстің 89-1-бабына сәйкес бұрын табыс
деп танылған еңбек сіңірілмеген
сыйлықақылар, болмаған залалдар,
мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар,
болған, бірақ мәлімделмеген залалдар
бойынша қайта сақтандыру активтерінің
азайтылған сомасын есепті салық кезеңінің
соңында Қазақстан Республикасының
сақтандыру және сақтандыру қызметі
туралы заңнамасына сәйкес еңбек
сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған
залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген
залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген
залалдар бойынша құрылған қайта
сақтандыру активтерінің мөлшері мен
алдыңғы салық кезеңінің соңындағы
осындай активтердің мөлшері арасындағы
теріс айырма ретінде айқындалған
мөлшерде шегерімге жатқызуға құқығы
бар.
107-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табыстан салдарды жою қорына аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар. Көрсетілген шегерімге жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа іс жүзінде жүргізген аударымдардың мөлшерінде жол беріледі.
Салдарды жою қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленеді.
Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушының салдарды жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берілген немесе ол анықталған және жойылмаған және осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен асып кеткенде, жер қойнауын пайдаланушының сол салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
2. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңі ішінде кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға іс жүзінде шеккен шығыстары, салдарды жою қорының арнайы депозиттік шотта орналастырылған қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, сол шығыстарды шеккен салық кезеңінде шегерімге жатады.
3. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнайы депозиттік шотқа аударылған, қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдардың сомасын жылдық жиынтық табыстан шегеруге құқығы бар.
Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі, сондай-ақ қор қаражатын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган салық төлеушінің қалдықтарды орналастыру полигондарының салдарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берілген салық кезеңіндегі салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
108-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерім
Тіркелген активтерді сатып алуға, оларды орнатуға арналған шығыстардан және күрделі сипаттағы басқа да шығыстардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап- компаниялардан оларды одан әрі коммерцияландыруға бағытталған лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған шығыстары шегерімдерге жатады.
Осындай шығыстарды шегерімдерге жатқызуға іс жүзінде орындалған ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмысқа арналған техникалық тапсырма және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдап алу актілері немесе уәкілетті мемлекеттік орган заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеген лицензиялық шарт немесе басқаға беру шарты негіз болып табылады.
108-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының дербес кластерлік қорға ақша аудару жөніндегі шығыстарын шегеру
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорға ақша аударуға іс жүзінде шеккен шығыстарының сомасын төмендегідей тәртіппен айқындалған, бірақ оң айырма мөлшерінен аспайтын шегерімге жатқызуға құқылы:
есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің қорытындысы бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық кірістің бір пайызына тең сома,
алу
осы Кодекстің 108-бабына сәйкес есепті салық кезеңінде шегерімге жатқызылған шығыстар.
109-бап. Кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың сақтандыру сыйлықақылары мен жарналары бойынша шығыстарды шегеру
1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төлеуіне жататын немесе төлеген сақтандыру сыйлықақылары шегерімге жатады.
2. Жеке тұлғалардың депозиттерiне міндетті кепiлдік беру жүйесiне қатысушы банктер жеке тұлғалардың депозиттерiне кепiлдік беруге байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті, төтенше және қосымша жарналардың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.
4. Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы мақта өңдеу ұйымдары мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерді орындауға кепілдік берумен байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.
5. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерді орындауға кепілдік берумен байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.
110-бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру
1. Осы Кодекстің 163-бабының 2-бабында көрсетілген, жұмыс берушінің:
1) мыналардың:
тіркелген активтердің;
преференциялар объектілерінің;
амортизациялауға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енгізілетіндерді;
2) тауар-материалдық қорлардың өзіндік құнына енгізілетіндерді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, осындай тауар-материалдық қорлардың өзіндік құны арқылы шегерімдерге жатқызылатындарды;
3) осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес кейінгі шығыстар болып танылатындарды қоспағанда, салық салынуға жататын қызметкер табысы бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20) және 21) тармақшаларында көрсетілген қызметкер табысы бойынша шығыстары) шегерiмге жатады.
Шегерімге, оның ішінде жұмыс берушінің қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберілген шығыстары түріндегі қызметкердің табысы жатады.
2. Осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының 2), 3), 7), 9)-12), 14), 17) тармақшаларында айқындалған жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.
3. Салық төлеушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары бойынша төлеген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген шекте шегерімге жатады.
111-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерiмдерi
1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн нақты жүргізген, бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға, өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылатын бонустың сомалары, оның ішінде осы Кодекстің 315-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төленген қол қойылатын бонустың және коммерциялық табу бонусының сомалары, осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1-1), 2) – 5), 7) – 11), 11-1), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар және осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген шығыстарға:
1) осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 11-1), 2) – 5), 7) – 11), 11-1), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар жатады. Осындай шығындарға осы Кодекстің 118-бабының 2-тармағына сәйкес осы активтердің бастапқы құнына енгізілетін шығындар, сондай-ақ осындай активтер бойынша осы Кодекстің 122-бабына сәйкес жүргізілген кейінгі шығыстар;
2) басқа да шығыстар жатады. Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда осы тармақшада көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобына жататын шығыстардың мөлшері осындай шығыстарды корпоративтік табыс салығының мақсаттарына орай шегерімдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдардың сомасы салық кезеңінің соңында, осы тармақта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 пайыздан аспайтын амортизация нормасын қолдану арқылы есептеледі.
Көрсетілген тәртіп, егер жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде кен орнын табу мен бағалау негізінде жасалған өндіруге арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда да қолданылады. Барлауға арналған осындай келісімшарт бойынша соңғы салық кезеңінің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы осы өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерімге жатады.
Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы осы бапта белгіленген коммерциялық табудан кейін өндіруді бастағаннан соң жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті аяқтаған жағдайда соңғы салық кезеңінің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобының құндық балансы шегерілуге жатады.
Осы баптың және осы Кодекстің 111-1-бабының мақсаттары үшін коммерциялық табудан кейінгі өндіру:
1) барлауға арналған, сондай-ақ қорлары бекітілмеген пайдалы қазбаларды бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы қорларды бекіткеннен кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын;
2) қосымша геологиялық зерттеуді және геологиялық-экономикалық қайта бағалауды талап ететін қорларды қоса алғанда, пайдалы қазбалардың қорлары мемлекеттік баланста тіркелген және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – егер мұндай жұмыстар келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделсе және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен келісілген болса, осы келісімшарттар жасалғаннан кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын білдіреді.
1-2. Егер ұңғыма Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес оны сынау кезінде көмірсутегі шикізатының өнеркәсіптік ағынының алынбауына байланысты жойылған болса (бұдан әрі осы тармақтың мақсаты үшін – өнімсіз ұңғыма), онда осындай ұңғыманы салуға және жоюға нақты жүргізілген шығыстар қосылған құн салығы ескеріле отырып, мынадай тәртіппен шегерімге жатқызылады:
1) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе осындай шығыстардың бір бөлігі осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады;
2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден соң шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе осындай шығыстардың бір бөлігі осындай ұңғыма жойылған салық кезеңінде шегерімге жатқызылады.
Бұл ретте коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін жүргізілген өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар осы баптың 1-тармағына сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобынан алып тасталмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар ("Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша есепке жазылған, бірақ төленбеген сыйақыдан басқа) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арнап жасалған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша:
1) осы Кодекстің 99-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тастауға жататын табыстарды қоспағанда, геологиялық зерттеуді және өндіруге дайындық жұмыстарын жүргізу кезеңінде алынған;
2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін өндірілген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған;
3) жер қойнауын немесе оның бір бөлігін пайдалану құқығын іске асырудан алынған табыстарының сомасына азайтылады.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіп жер қойнауын пайдалану құқығын алуға байланысты салық төлеуші шеккен материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығыстарға да қолданылады.
111-1-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер
1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындау кезінде жер қойнауын пайдаланушы нақты шеккен амортизацияланатын активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар) жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды.
Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтерге:
1) блоктарда (полигондарда) салынған сорушы, айдаушы және технологиялық бақылау ұңғымалары, пайдалану-барлау ұңғымалары, оның ішінде олар бойынша геофизикалық зерттеулер шығындары;
2) пайдалану блоктарынан (полигондарынан) бастап өнімдік ерітінділерді қайта өңдеу учаскесінің өнеркәсіптік алаңындағы құм тоғанға дейін салынған технологиялық құбыржолдар, оның ішінде блоктардағы (полигондардағы) айдаушы және сорушы коллекторлар;
3) блоктар (полигон учаскелері) арасына салынған технологиялық құбыржолдар;
4) блоктарда (полигондарда) салынған технологиялық құбыржолдар;
5) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылданудың технологиялық тораптары;
6) блоктарда (полигондарда) салынған өнімдік ерітінділерді тарату тораптары;
7) блоктарда (полигондарда) салынған техникалық ерітінділерді қабылдау тораптары;
8) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылды және сұйық реагенттер қоймасын қабылдау тораптары, сондай-ақ қышқылөткізгіштер;
9) блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар технологиялық сорғы станциялары;
10) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар ерітінділерді айдауға арналған сорғылар;
11) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде салынған ұңғымаларда орнатылған басқару шкафтары бар батырып соратын сорғылар;
12) блоктарда (полигондарда) орнатылған немесе салынған энергетикалық жабдықтау объектілері: трансформаторлық кіші станциялар, компрессорлық станциялар, әуе электр желілері, кәбелдік желілер;
13) блоктарда (полигондарда) орнатылатын бақылау және процестерді автоматтандыру аппаратурасы;
14) блоктардағы (полигондардағы) ауа құбырлары;
15) блоктарға (полигондарға) және блоктар ішіндегі технологиялық кірме автожолдар;
16) блоктардағы (полигондардағы) құм тоғандар немесе өнімдік ерітінділер және сілтілендіру ерітінділері құйылатын ыдыстар;
17) блоктардағы (полигондардағы) құмның ұшырылып әкетілуіне қарсы қорғаныс жатады.
Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтер құнына активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар), сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай активтер құнына қосуға жататын басқа да шығындар (шығыстар) қосылады.
Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда, осы тармақта көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жекелеген тобына жатқызылатын шығыстардың мөлшері корпоративтік табыс салығының мақсаттары үшiн осындай шығыстарды шегерiмдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар) пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық кірістен шегерiледi.
Бұл ретте осы бапқа сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар сомасы салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебінің деректері бойынша есептелген активтердің осындай тобының амортизациялық аударымдар сомасы шегінде шегерімге жатқызылады.
Амортизациялық аударымдар сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған амортизацияланатын активтер тобын есепке алу әдісіне сәйкес блоктар немесе жалпы кен орны (полигон) бойынша мына формула бойынша айқындалады:
С1 + С2 + С3
S = ------------ * V4, мұнда:
V1 + V2 + V3
S – амортизациялық аударымдар сомасы;
С1 – амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңiнiң басындағы құны;
C2 – ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығындар (шығыстар);
С3 – жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, амортизацияланатын активтердің осы баптың 3-тармағында көрсетілген жекелеген тобының құны;
V1 – уран қорларының салық кезеңiнiң басындағы өндіруге дайын нақты көлемі;
V2 – салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі;
V3 – жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі;
V4 – салық кезеңінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген қорларының нақты көлемі.
2009 жылғы салық кезеңі үшін амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны деп 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығындар (шығыстар) сомасы танылады.
2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны көрсетілген активтер тобының алдыңғы салық кезеңінің соңындағы құны болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны,
қосу
ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, өндіруге дайындық жұмыстарына осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар),
қосу
осы баптың 3-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтердің тобын үшінші тұлғалардан сатып алу бойынша шығындар,
қосу
осы баптың 3-тармағында көрсетілген, жарғылық капиталға салым ретінде алынған амортизацияланатын активтер тобының құны,
алу
салық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар сомасы.
2009 жылғы салық кезеңі үшін уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі деп танылады.
2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын көлемі қорлардың алдыңғы салық кезеңінің соңындағы өндіруге дайын нақты көлемі болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі,
қосу
салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының нақты көлемі,
қосу
жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі,
алу
салық кезеңінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген қорларының көлемі.
Егер пайдалану блогы жұмысының бүкіл кезеңінде уранның өтелген қорларының нақты көлемінің саны осы пайдалану блогының уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемінің санынан аз болса, осы пайдалану блогы активтерінің амортизацияланатын тобы құнының қалған бөлігі салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде өндірудің және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құнына шығарылатын салық кезеңінде шегерімге жатқызылады.
Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жекелеген келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған соң жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтаған жағдайда амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің соңындағы құны осындай қызмет аяқталған салық кезеңіндегі шегерімге жатады.
3. Осы бапта белгiленген тәртiп амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген, жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған және (немесе) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, жекелеген тобына да қолданылады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын үшінші тұлғалардан сатып алуға байланысты келіп түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын оның сатып алу құны мұндай активтер тобының құны болып табылады.
Амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген тобын жарғылық капиталға салым ретінде алған кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салымның құны мұндай активтер тобының құны болып табылады.
112-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерім
1. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға іс жүзінде шеккен шығыстары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сома шегінде шегерімдерге жатқызылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, коммерциялық табудан кейін өндіру басталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сома шегінде осы Кодекстің 111-бабында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.
3. Осы баптың мақсатына орай жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен шығыстар деп:
1) қазақстандық кадрларды оқытуға:
Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған сомалар;
Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арнап мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат;
тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында жер қойнауын пайдалану саласымен тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша сатып алу түрінде Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру бөлігінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының міндеттерін орындау мақсатында салық төлеуші іс жүзінде шеккен шығыстар танылады;
2) өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға – өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға және қолдауға жұмсалған шығыстар, сондай-ақ осы мақсатқа арнап мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат танылады.
113-бап. Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегеру
Теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерімге жатады.
Бағамдық айырманың сомасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
114-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салық кезеңінде мыналар:
1) есепті салық кезеңінде, есепті салық кезеңі және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдері үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте;
2) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде, есепті салық кезеңі үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер шегерімге жатады.
Бұл ретте салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің төленген сомалары осы Кодекстiң 599 және 601-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызу жүргiзілгені ескеріле отырып айқындалады.
Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеу және есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Мыналар:
1) жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейін алып тасталатын салықтар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген корпоративтік табыс салығы мен заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтар;
3) жеңiлдiктi салық салынатын елдерде төленген салықтар;
4) үстеме пайдаға салынатын салық шегерімге жатпайды.
115-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар
Мыналар:
1) табыс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;
2) соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушілермен жасалған не сот азаматтық-құқықтық тәртіппен жарамды деп таныған мәмілелер бойынша шығыстарды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша сот қылмыстық деп анықтаған әрекет басталған күннен бастап жүргізілген шығыстар;
3) осы Кодекстің 579-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушімен оны әрекетсіз деп тану туралы бұйрық шығарылған күннен бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;
4) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттерді) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған мәміле (операция) бойынша шығыстар;
4-1) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша шығыстар;
5) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қоспағанда, бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұлдар);
6) осы Кодексте шегерімге жатқызу нормалары белгіленген шығыстардың көрсетілген нормаларды қолдана отырып есептелген шегерімнің шекті сомасынан асып кету сомасы;
7) Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және басқа да міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасында белгіленген мөлшерден тыс есептелген (есепке жазылған) және төленген, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы;
8) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін сатып алу, өндіру, салу, монтаждау, орнату жөніндегі шығындар және олардың құнына енгізілетін басқа да шығындар, сондай-ақ оларды пайдалану жөніндегі шығыстар;
9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші өтеусіз негізде беретін мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;
10) есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 267-бабын қолданатын салық төлеушіде туындайтын, салық кезеңі ішінде есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі;
11) осы Кодекстің 106, 107-баптарында көзделген шегерімдерді қоспағанда, резервтік қорларға аударымдар;
12) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша берілетін тауарлық-материалдық қорлардың құны;
13) өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының төленген қосымша төлемінің сомасы;
14) осы Кодекстің 87-бабына сәйкес салық төлеушінің амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына қосылатын шығындары;
15) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізумен байланысты шығыстар шегерімге жатпайды.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы:
осы ұйымның Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған ақша түріндегі;
Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен байланысты емес шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы емес.
§ 3. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
116-бап. Тіркелген активтер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар тіркелген активтерге жатады:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, түскен кезде халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында ескерiлген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;
2) концессия шартының шеңберiнде концедент концессионердің (құқық мирасқорының немесе концессия шартын iске асыру үшiн тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаның) иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;
3) осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
4) табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқару шарты бойынша немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.
2. Мыналар тіркелген активтерге жатпайды:
1) жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес салық салу мақсатына орай ескерілетін негізгі құралдар және материалдық емес активтер;
1-1) мыналарды:
осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді;
осындай активтерді қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әділ құны бойынша ескеруге орай амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоспағанда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін активтер;
2) жер;
3) мұражай құндылықтары;
4) сәулет және өнер ескерткіштері;
5) ортақ пайдаланымдағы құрылыстар: концессия шарты шеңберінде құрылған және (немесе) концессионер алған концессия объектілері болып табылатын автомобиль жолдарын қоспағанда, автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;
6) аяқталмаған күрделі құрылыс;
7) фильмқорына жататын объектілер;
8) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
9) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;
10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалы қызмет мерзімі белгісіз деп танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтер;
11) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жылдық жиынтық табыстан қосымша шегерімдер құқығы беріле отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;
11-1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылған құн бөлігінде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;
12) осы Кодекстің 118-бабының 13-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, осындай объектілер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішіндегі преференция объектілері;
13) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
14) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтер.
117-бап.
Құндық балансты айқындау
1. Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
рет N
|
топ N
|
Тіркелген активтердің атауы
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
І
|
Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар
|
2.
|
ІІ
|
Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықты қоспағанда, машиналар мен жабдық
|
3.
|
ІІІ
|
Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар
|
4.
|
ІV
|
Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық
|
І
топтың әрбір объектісі кіші топқа
теңестіріледі.
2. Әрбір кіші топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңінің басында және аяғында кіші топтың (І топтың), топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.
І топтың құндық балансы кіші топтардың негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша құндық баланстарынан және осы Кодекстің 122-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құралған кіші топтың құндық балансынан тұрады.
3. Осы Кодекстің 122-бабына сәйкес салық кезеңінде жүргізілген түзетулерді ескеретін, салық кезеңінің бас кезіндегі кіші топтардың құндық балансы I топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.
4. Тіркелген активтер:
1) І топ бойынша - әрқайсысы топтың құндық балансының жекелеген кіші тобын құрайтын тіркелген активтер объектілері бойынша;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – топтардың құндық баланстары бойынша ескеріледі.
5. Түскен тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 118-бабына сәйкес айқындалатын құнға ұлғайтады.
6. Шығып қалған тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалатын құнға азайтады.
7. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы:
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы
алу
алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы,
алу
осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады.
Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансының мәні теріс болмауға тиіс.
8. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы:
кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы
қосу
салық кезеңінде түскен тіркелген активтер
алу
салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер
қосу
осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер ретінде айқындалады.
9. Сенімгерлікпен басқарушы осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық баланстарын қалыптастыруға және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 58-бабының 5-тармағы негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
10. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін және (немесе) одан кейін пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылмаған құн бөлігінде топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық балансын қалыптастыруға міндетті.
118-бап.
Тіркелген активтердің түсімі
1. Тіркелген активтер түскен кезде, оның ішінде қаржы лизингі бойынша және тауарлық-материалдық қорлардың құрамынан аудару жолымен түскен кезде топтардың (кіші топтардың) құндық балансын көрсетілген активтердің бастапқы құнына ұлғайтады.
Тіркелген активтердің түсімін салық салу мақсатында тану түскен активтерді тіркелген активтердің құрамына енгізуді білдіреді.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тіркелген актив пайдалануға берілген күннен бастап салық төлеуші шеккен шығындар тіркелген активтердің бастапқы құнына қосылады. Мұндай шығындарға:
осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);
осы Кодекстің 100-бабы 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шегерімге жатқызылған шығындардан (шығыстардан);
салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ осы Кодекстiң 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдар шығындарынан (шығыстарынан);
бухгалтерлік есепте туындайтын және осы Кодекстің 100-бабының 15-тармағына сәйкес салық салу мақсатындағы шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа тіркелген активті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар жатады.
3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, сатуға арналған тауар-материалдық қорлардың немесе активтердің құрамынан аудару жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсім күніне айқындалған оның баланстық құны болып табылады.
Бұрын тіркелген актив ретінде тану тоқтатылған, сатуға арналған тауар-материалдық қорлардың немесе активтердің құрамынан аудару жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсім күніне айқындалған, осы Кодекстің 119-бабының 2-тармағында көрсетілген құннан аспайтын оның баланстық құны болып табылады.
4. Тіркелген активтер өтеусіз алынған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
4-1. Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеден осындай кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілген тіркелген активтерді алған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын нақты шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
5. Жарғылық капиталға салым ретінде алу кезінде осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
6. Салық төлеушінің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты тіркелген активтерді алу кезінде осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, алынған активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құны осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
Бірігу жолымен құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе оған басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы осы Кодекстiң 119-бабының 6-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес беру актiсiнде осындай құн көрсетiлген жағдайда салықтық есепке алу деректерi бойынша берiлетiн тiркелген активтердiң құнына ұлғайтылады.
7. Сенімгерлікпен басқарушы тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға алған кезде:
1) беретін тұлғаның осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда – осы Кодекстің 119-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн;
2) өзге жағдайларда – аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
8. Сенімгерлікпен басқару бойынша міндеттемелерді тоқтатуға байланысты сенімгерлікпен басқарушыдан тіркелген активтерді алған кезде:
1) сенімгерлікпен басқарушының осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда – осы Кодекстің 119-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған құн;
2) өзге жағдайларда – амортизациялық аударымдардың сомасына азайтылған, осы Кодекстің 119-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады. Бұл ретте, амортизациялық аударымдар есепті салық кезеңінің алдындағы сенімгерлікпен басқарудың әрбір салық кезеңі үшін алдыңғы кезеңдердегі амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, бастапқы құнға қолданылатын, тіркелген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген амортизацияның шекті нормасын негізге ала отырып, есептеледі.
9. Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалған құн, мұндай құн болмаған жағдайда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындаған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
10. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендент тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 13-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
11. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде тіркелген активтердің бастапқы құны салықтарды есептеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысу күніне, құнсыздану мен қайта бағалау есепке алынбай, халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған арнаулы салық режімінде пайдаланылған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес және биологиялық активтердің баланстық құны болып табылады.
Осы тармақтың ережелерін осы баптың 11-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер қолданбайды.
11-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын салық төлеушінің, сондай-ақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің ішінде салық кезеңдерінің кез келгенінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысуы кезінде амортизацияның есептік құнына азайтылған активті сатып алу құны осындай ауысу күніне тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін осы Кодекстің 115-бабының 1) – 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, арнаулы салық режімінде қолданылған негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алуға, өндіруге, олардың құрылысына, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады.
Осы тармақтың, осы Кодекстің 180-3-бабы 3-тармағының және 397-бабы 4-тармағының мақсаттары үшін реконструкциялау және жаңғырту деп нәтижелері бір мезгілде:
негізгі құрал конструкциясының өзгеруі, оның ішінде жаңаруы;
негізгі құралдың қызмет етуін үш жылдан астам мерзімге ұлғайту;
негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының осы негізгі құрал реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін уақытша пайдаланудан шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсаруы болып табылатын реконструкциялау және жаңғырту танылады.
Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсаттары үшін оның осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған құны осындай активті сатып алу құны болып табылады.
Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау туралы есепте айқындалған осы активке меншік құқығы туындаған күнгі активтің нарықтық құны активті сатып алу құны болып табылады.
Бұл ретте активтің нарықтық құны жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысу жүзеге асырылған салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
Амортизацияны есептеу сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы тармаққа сәйкес айқындалған активті сатып алу құнын,
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес актив жатқызылатын тіркелген активтер тобы үшін осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында көзделген амортизацияның шекті нормасына
көбейту
осындай салық төлеушінің активті толық пайдаланған жылының санына
көбейту керек.
Бұл ретте амортизацияны есептеу сомасы активті сатып алу сомасынан аспауға тиіс.
11-2. халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта бағалауды және осындай күнге құнсыздануды есепке алмай айқындалған, негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес активтердің баланстық құны 2012 жылғы 1 қаңтарда сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының тіркелген активтерінің бастапқы құны болып табылады.
12. Табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылуы уақытша тоқтатылуына байланысты бұрын шығып қалған І топтың тіркелген активтері табыс алуға бағытталған қызметте пайдалану үшін мұндай тіркелген активтерді пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде тіркелген активтердің I тобының құндық балансына осы Кодекстің 122-бабына сәйкес мұндай активтердің құнын ұлғайтуға жатқызылатын шығыстарды ескере отырып, шығып қалу құны бойынша енгізілуге жатады.
13. Преференцияларының күші жойылған активтер осы Кодекстің 125-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда топтың (кіші топтың) құндық балансына осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын бастапқы құны бойынша енгізілуге жатады.
14. Преференциялар объектісі осы баптың 13-тармағында көрсетілген активтерден басқа, осы Кодекстің 125-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайда осы объект пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі аяқталғаннан кейін топтың (кіші топтың) құндық балансына нөлдік құн бойынша енгізілуге жатады.
119-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, толық амортизация және (немесе) құнсыздану нәтижесінде тануды тоқтату жағдайларын қоспағанда, тіркелген активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтату, сондай-ақ сатуға арналған активтер құрамына ауыстыру осындай активтердің шығып қалуы болып табылады.
Тіркелген активтердің шығып қалуын салық салу мақсатында тану шығып қалған активтерді тіркелген активтердің құрамынан алып тастауды білдіреді.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіші топтың (топтың) құндық балансы шығып қалу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған шығып қалатын тіркелген активтердің баланстық құнына азайтылады.
3. Тіркелген активтерді, оның ішінде қаржы лизингі шарты бойынша оларды тауар-материалдық қорлардың құрамына ауыстырусыз өткізу кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы қосылған құн салығын қоспағанда, өткізу құнына азайтылады.
Егер мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркелген активтер объектілері бойынша анықталмаса, кіші топтың (топтың) құндық балансы өткізу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған шығып қалатын тіркелген активтердің баланстық құнына азайтылады.
4. Тіркелген активтерді өтеусіз беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.
5. Тіркелген активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құнға азайтылады.
6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосу, біріктіру, бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде тіркелген активтердің шығып қалуы кезінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген, берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.
Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаны салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркелген активтердің құнын:
1) I топтағы тіркелген активтер бойынша - осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген, тіркелген активтердің қалдық құнын;
2) II, III, ІV топтардағы тіркелген активтер бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен - осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасын беру актісінде көрсетуге құқылы.
Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша тіркелген активтердің құнына азайтылады.
7. Құрылтайшы, қатысушы мүлікті алған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы құрылтайшылардың, қатысушылардың келісімі бойынша анықталған құнға азайтылады.
8. Тіркелген активтерді жоғалту, жою, бүлдіру, ысырап ету кезінде:
1) тіркелген активтерді сақтандыру жағдайларында – кіші топтың (топтың) құндық балансы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымы сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құнға азайтылады;
2) І топтың тіркелген активтерін сақтандыру болмаған кезде – тиісті кіші топтардың құндық балансы тіркелген активтердің осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген қалдық құнына азайтылады;
3) І топтың тіркелген активтерінен басқа, тіркелген активтерді сақтандыру болмаған кезде шығып қалу көрсетілмейді.
9. Лизинг алушы қаржы лизингінің затын лизинг берушіге қайтарған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасына азайтылған, қаржы лизингінің затын сатып алу құны мен лизинг затын алған күннен бастап қайтару күніне дейін кезеңдегі лизингтік төлемдер сомасы арасындағы оң айырмаға азайтылады.
10. Тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде топтың (кіші топтың) құндық балансы:
1) І топ бойынша – тіркелген активтердің қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған баланстық құнға азайтылады.
11. Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару жөніндегі міндеттемелерді тоқтатқан кезде топтың (кіші топтың) баланстық құнын:
1) І топ бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша:
топтың барлық активтерін беру кезінде – осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасына;
қалған жағдайларда - осы Кодекстің 118-бабына сәйкес айқындалған, берілетін активтердің амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнына азайтады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар осы Кодексте тіркелген активтердің тиісті тобы үшін көзделген, алдыңғы кезеңдер үшін амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнға қолданылатын амортизацияның шекті нормасы негізге алынып, есепті салық кезеңінің алдындағы сенімгерлікпен басқарудың әрбір салық кезеңі үшін есептеледі.
12. Концессия шарты бойынша концессионерге тіркелген активтерді беру кезінде конценденттің тобының (кіші тобының) құндық балансы:
1) І топ бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған құнға азайтылады.
13. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендентке тіркелген активтерді беру кезінде концессионердің тобының (кіші тобының) құндық балансы:
1) І топ бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған құнға азайтылады.
14. Табыс алуға бағытталған қызметте тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатқан кезде:
1) маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бойынша – шығып қалу көрсетілмейді;
2) І топтың өзге тіркелген активтері бойынша – тиісті кіші топтардың құндық балансы осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына азайтылады. Кіші топтың құндық балансын азайту активті пайдаланудан уақытша шығарудың және пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейін оны пайдалануға берудің салықтық кезеңдері сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі;
3) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша шығып қалу көрсетілмейді.
Тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға мұндай активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, тіркелген активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады.
Осы тармақтың мақсатында маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін І топтың тіркелген активтері болып табылады:
мұндай активтер белгілі бір температуралық режимдерде пайдалану туралы техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарға байланысты есепті кезеңнің соңында пайдаланыла алмайды;
күнтізбелік жылдың белгілі бір, бірақ үш айдан кем емес кезеңі ішінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларға байланысты өндірістік процеске қатысады;
есепті салық кезеңінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған активтер.
120-бап.
Амортизациялық аударымдарды есептеу
1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар салықтық есепке алу саясатында көрсетілген, осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауға тиіс амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына қолдану жолымен анықталады:
рет N
|
топ N
|
Тіркелген активтердің атауы
|
Амортизацияның шекті нормасы (%)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
І
|
Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар
|
10
|
2
|
ІІ
|
Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық
|
25
|
3
|
ІІІ
|
Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар
|
40
|
4
|
ІV
|
Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары
|
15
|
2-1. Осы Кодекстің 117-бабының 10-тармағында көрсетілген топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) мұндай құндық баланстарына осы бапта белгіленген амортизацияның шекті нормаларын қолдану жолымен айқындалады.
3. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады.
4. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 81-149-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.
5. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, осы Кодекстің 123-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды:
тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 116-122-баптарында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызуға немесе
преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 123-125-баптарында белгіленген талаптар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.
6. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады.
Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) өздерін пайдалану ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылатын;
2) салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады.
7. Осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша салық төлеушілер амортизацияның мына нормаларын:
инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым – амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшеріндегі нормаларын;
өзге де салық төлеушілер – амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларын қолдану арқылы амортизациялық аударымдарды есептеуді жүргізеді.
121-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер
1. Өтеусіз беруді қоспағанда, кiші топтың (І топ бойынша) тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн кіші топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.
Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
2. Топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн тиісті топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шегерімге жатқызылады.
3. Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерiн өтеусіз берген кезде тиісті кiші топтың немесе топтың құндық балансы салық кезеңiнiң соңында нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
4. Салық төлеушi кiші топтың (топтың) салық кезеңі соңындағы құндық балансының республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және салық кезеңінің соңғы күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.
122-бап. Келесі шығыстар шегерімі
1. Келесі шығыстар деп осы баптың 2-тармағында көрсетілген активтерді пайдалану, жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту, ұстау және тарату кезінде шеккен, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары осы Кодекстің 107-бабына сәйкес шегерімге жататын тарату қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын қоспағанда, салық төлеушінің резервтік қорлары есебінен жүргізілетін іс жүзіндегі шығыстар түсіндіріледі.
2. Осы баптың 3 және 6-тармақтарында көрсетілгенде
рін сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын осы Кодекстің 87-бабының 4-тармағына сәйкес ұлғайтатын келесі шығыстарды қоспағанда, келесі шығыстар олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.
Мынадай активтерге:
1) тіркелген активтерге және (немесе)
2) мыналарда:
осы тармақтың 1) тармақшасында;
коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейінгі кезеңде - осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында;
осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 6), 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілетін және табыс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негізгі құралдарға, жылжымайтын мүлікке инвестицияларға, материалдық емес және биологиялық активтерге;
3) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтерге қатысты осы тармақтың ережелері қолданылады.
3. Осы бапта өзгеше көзделмесе, бухгалтерлік есепте осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 12) тармақшасында, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын келесі шығыстардың, сондай-ақ осы Кодекстің 125-бабының 5-тармағында көрсетілген келесі шығыстардың сомасы:
1) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады;
2) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің аяғында топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын қалыптастырады.
Осы Кодекстің 118-бабының 12-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады.
4. Жалға алушы жалға алынатын негізгі құралдарға қатысты жұмсаған келесі шығыстардың сомасы шегерімге жатқызылады.
5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар инвестициялық салық преференцияларын қолдануға құқығы бар салық төлеушінің таңдауы бойынша осы баптың 3-тармағына немесе осы Кодекстің 123-125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс.
6. Осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден бастап шеккен келесі шығыстардың бухгалтерлік есепте мұндай активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңінің соңында, оның ішінде мұндай сома салық кезеңінің соңында нөлге тең болған жағдайда осы Кодекстің 111-бабының 1-тармағында көзделген амортизацияланатын активтердің тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтады.
Осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады.
§ 4. Инвестициялық салық преференциялары
123-бап. Инвестициялық салық преференциялары
1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі – преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша осы бапқа және осы Кодекстің 124 , 125-баптарына сәйкес қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді.
Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының преференцияларды қолдануға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, егер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келсе:
1) осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген активтер немесе негізгі құралдар болып табылса;
2) преференцияларды қолданған салық төлеуші табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланса;
3) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;
4) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса;
5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілетін активтер болып табылмаса;
6) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жасалған инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық басым жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер болып табылмаса, преференция объектілеріне жатқызылады.
3. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар, мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде негізгі құралдар ретінде ескерілсе;
2) реконструкциялау, жаңғырту жүзеге асырылған соң пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған болса;
3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде пайдаланудан уақытша шығарылса;
4) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;
5) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.
Преференцияларды қолдану мақсаты үшін негізгі құралды реконструкциялау, жаңғырту – келесі шығыстардың бір түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:
негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңалау;
негізгі құралдың қызмет ету мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;
реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылады.
4. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін мыналардан:
сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
мәдени-ойын-сауыққа арналған ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
қонақ үй, мейрамхана ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға арналған басқа да ғимараттардан, қоғамдық тамақтану ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқа тұрғынжай емес ғимараттар (тұрғынжай емес ғимараттардың бөліктері) өндірістік мақсаттағы ғимараттарға жатады.
Преференцияларды қолдану мақсаты үшін: спортқа арналған құрылыстар мен демалу орындарынан, мәдени-ойын-сауық, қонақ үйге, мейрамханаға арналған, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер тұрағына немесе аялдауына арналған құрылыстардан басқа құрылыстар өндірістік мақсаттағы құрылыстарға жатады.
5. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін:
1) құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде – мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы ғимаратты (ғимарат бөлігін) пайдалануға беру актісіне қол қойғаннан кейін құрылыс жүргізушінің құрылыс объектісін тапсырысшыға беруі;
2) қалған жағдайларда – мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының ғимаратты (ғимарат бөлігін) пайдалануға беру актісіне қол қоюы Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан салынған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға берілуі болып табылады.
6. Мынадай талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келсе:
1) салық төлеушіге салық салу осы Кодекстің 5-бөліміне сәйкес жүзеге асырылса;
2) салық төлеуші осы Кодекстің 279-бабының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асырса;
3) салық төлеуші осы Кодекстің 63-тарауында көзделген арнаулы салық режимін қолданса, салық төлеушілердің преференцияларды қолдануға құқығы жоқ.
124-бап.
Преференцияларды қолдану
1. Преференцияларды қолдану мынадай әдістердің бірі:
1) объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісі;
2) объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісі бойынша жүзеге асырылады.
2. Объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерінің осы Кодекстің 125-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған бастапқы құнын пайдаланудың алғашқы үш салық кезеңі ішінде тең үлеспен немесе пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде біржолғы шегерімге жатқызуды білдіреді.
3. Объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерін салуға, өндіруге, сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілгенге дейін осындай шығындар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде оларды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды шегерімге жатқызуды білдіреді.
4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, егер преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде мына жағдайлардың бірінде:
1) салық төлеуші осы Кодекстің 123-бабының 2-4-тармақтары ережелерінің бұзылуына жол берсе;
2) преференцияларды қолданған салық төлеуші немесе мұндай салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры осы Кодекстің 123-бабының 6-тармағы ережелерінің кез келгеніне сәйкес келетін жағдай туындаса, преференциялар қолданылған кезінен бастап жойылады және салық төлеуші олар қолданылған әрбір салық кезеңі үшін преференциялар сомасына шегерімдерді азайтуға міндетті.
5. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер осы Кодекстің 123-бабының 2-тармағында белгіленген преференциялар объектілерін пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалану туралы талап осындай қайта ұйымдастыру салдарынан орындалмаған жағдайда, қайта ұйымдастырылған тұлғада преференцияларды жою жүргізілмейді.
Осы тармақ мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
1) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күніне ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса;
2) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға преференциялар қолданылған объектілерді қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға берсе;
3) преференция объектілерін беру қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылса, қолданылады.
125-бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші преференция объектілерін, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды есепке алуды солар бойынша преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде тіркелген активтерден бөлек жүзеге асырады.
Преференция объектілері және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңартуға жұмсалған келесі шығыстар преференциялар қолданылған әрбір объект бойынша ескеріледі.
2. Негізгі құрал болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құнына салық төлеуші осы объект пайдалануға берілген күнге дейін шеккен шығындар қосылады. Мұндай шығындарға объектіні сатып алуға, оны өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындар, сондай-ақ:
осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);
осы Кодекстің 100-бабы 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шегерімге жатқызылған шығындардан (шығыстардан);
салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ осы Кодекстiң 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдар шығындарынан (шығыстарынан);
бухгалтерлік есепке алуда туындайтын және салық осы Кодекстің 100-бабының 15-тармағына сәйкес салу мақсатындағы шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар жатады.
3. Осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген актив болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құны осы Кодекстің 118-бабының 9-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.
4. Солар бойынша преференциялар жойылған активтер осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда пайдалануға берілген күнінен бастап тіркелген активтер болып танылады және осы Кодекстің 117 және 118-баптарында көзделген тәртіппен осындай актив түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.
5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстар бойынша преференциялар жойылған кезде мұндай шығыстар осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен ескеріледі.
6. Преференциялар объектісі осы баптың 4-тармағында көрсетілгендерден басқа, преференциялар объектісі пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі өткен соң осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда тіркелген актив болып танылады және осы Кодекстің 117 және 118-баптарында көзделген тәртіппен осындай объект түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.
§ 5. Туынды қаржы құралдары
126-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында туынды қаржы құралдары:
1) хеджирлеу мақсатында;
2) базалық активті жеткізу мақсатында;
3) өзге де мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді.
2. Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 127, 128-баптарына және 136-бабының 3-тармағына сәйкес табыс немесе залал айқындалады.
3. Туынды қаржы құралы хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарында қолданылған жағдайда туынды қаржы құралын салықтық есепке алу осы Кодекстің 129 және 130-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстің 85-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген табыс осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары жөніндегі табыстар бойынша қалыптасады және ол мынадай тәртіппен айқындалады:
осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын және осы Кодекстің 127 және 128-баптарында белгіленген тәртіппен айқындалған туынды қаржы құралдары бойынша табыстардың жалпы сомасы
алу
осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша есепті салық кезеңіндегі залалдардың жалпы сомасы
алу
туынды қаржы құралдары бойынша алдыңғы салық кезеңдерінен ауыстырылған залалдар.
127-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс
1. Ол бойынша табыс осы Кодекстің 128-бабына сәйкес айқындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс туынды қаржы құралы бойынша түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.
Салық есебінің мақсаттары үшін мұндай табыс салық төлеушінің туынды қаржы құралы бойынша құқықтарды немесе міндеттемелерді орындаған күніне, олардың мерзімінен бұрын немесе өзгедей тоқтатылған күніне, олардың сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толығымен немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасасу күніне танылады.
2. Мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі аралық есеп айырысулар кезінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.
3. Мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі осы туынды қаржы құралы бойынша аралық есеп айырысулар кезінде төленуге жататын (төленген) төлемдер туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.
128-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралы бойынша табыс
1. Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін және орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге де көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша табыс осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып, түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.
Салықтық есепке алу мақсаты үшін осы тармақта көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша табыс осы тармақта көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша түсімдер есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша шығыстар есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша төленуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.
129-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Хеджирлеу – бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге де көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесінде ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтіліп отырған мәмілелерге байланысты ақша қаражатының ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.
2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (пайданы толық алмаудың) мөлшерін азайтуға алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп-қисап жасайды.
3. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылатын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал, хеджирлеу мәмілесінің нәтижесі салықтық есепке алуда танылған күні осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.
4. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылмайтын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал тиісінше жылдық жиынтық табысқа кіреді немесе мұндай табыс немесе залал осы Кодекстің 127 және 128-баптарына сәйкес танылған сол салық кезеңіндегі шегерімдерге жатады.
130-бап.
Салықтық есепке алудың базалық активті
беру жолымен орындалған кездегі
ерекшеліктері
1. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсатында қолданылатын болса, онда көрсетілген базалық активтерді сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төленуге жататын (шеккен) шығыстар және алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатпайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардан түскен түсімдер мен шығыстар салықтық есепке алу мақсатында осы Кодекстің базалық актив үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.
§ 5-1. Ұзақ мерзімді келісімшарттар
130-1-бап.
Жалпы ережелер
1. Келісімшарт бойынша көзделген өндіру, орнату, құрылыс басталған салық кезеңі шегінде аяқталмаған өндіруге, орнатуға, құрылысқа арналған келісімшарт (шарт) ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.
2. Салық кезеңінде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша келтірілген шығыстардың сомасы осы Кодекстің 100 – 125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс салық төлеушінің таңдауы бойынша іс жүзіндегі әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша айқындалады.
Табыстарды айқындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетіледі және келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгертілмейді.
4. Салықтық есепке алу әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жүргізіледі.
130-2-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде келтірілген шығыстар сомасынан кем емес табыс іс жүзіндегі әдісті қолдану кезіндегі есепті салық кезеңінде салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс болып табылады.
2. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданысы аяқталатын салық кезеңінен басқа, ұзақ мерзімді келісімшарт басталатын салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс бір мезгілде мынадай шарттарды сақтаған кезде:
1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңіндегі осындай келісімшарт бойынша шегерімге жатқызылатын шығыстардың сомасынан асатын болса;
2) алдыңғы салық кезеңдеріндегі салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес алдыңғы салық кезеңдеріндегі осындай келісімшарт бойынша табыстан асатын болса, осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайда салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған) табыстың мына мәндердің:
1) алдыңғы салық кезеңдеріндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс пен халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңдеріндегі осындай келісімшарт бойынша табыс арасындағы оң айырманың;
2) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс пен есепті салық кезеңінде шегерімге жатқызылатын осындай келісімшарт бойынша шығыстардың сомасы арасындағы оң айырманың ең азына кемітілген мөлшерде айқындалады.
4. Егер ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай келісімшарт бойынша табыстан асатын болса, онда ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде осы Кодекстің 132-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес осындай асып түсу мөлшерінде түзету жүргізіледі.
130-3-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі
1. Аяқтау әдісін қолданған кезде есепті салық кезеңіндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс мынадай тәртіппен айқындалады:
осы келісімшарт бойынша оның қолданылатын барлық кезеңі үшін алынуға жататын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыстың жалпы сомасы мен ағымдағы салық кезеңінде осындай келісімшартты орындау үлесінің көбейтіндісі минус алдыңғы салық кезеңдерінде салық салу мақсаттары үшін осындай ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзімді келісімшартты орындау үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:
А/(А+Б), мұнда:
А – алдыңғы және есепті салық кезеңдері үшін осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар;
Б – ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау үшін кейінгі салық кезеңдерінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуі тиіс, ұзақ мерзімді келісімшартты қолданудың кейінгі салық кезеңдерінде шегерімге жатқызылуға тиіс ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде осындай ұзақ мерзімді келісімшарттың орындалу үлесі бірге тең.
§ 6. Табыстар мен шегерімдерді түзету
131-бап. Жалпы ережелер
Түзету – осы Кодекстің 132-бабында белгіленген жағдайларда есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту.
132-бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету
1. Егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:
1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;
2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;
3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;
4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;
5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде;
6) ол бойынша табысты түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда;
7) осы Кодекстің 130-2-бабында көзделген, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаттарында ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде айқындалған, осындай келісімшарт бойынша табыстардан асып түскен жағдайда түзетуге жатады. Бұл ретте түзету табысты осындай асып түсу мөлшерінде азайту арқылы жүргізіледі.
2. Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор:
заңды тұлғадан:
дара кәсіпкерден;
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.
Осы тармақта көзделген табысты түзету:
1) салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймаған;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады.
Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда;
2) талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
3. Табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік кешен ретінде беруге байланысты азайтылған кезде жүргізілмейді.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.
Осы
баптың 1-тармағының 7) тармақшасына
сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету
ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу
мерзімі аяқталатын салық кезеңінде
жүргізіледі.
12-тарау.
САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТЫ АЗАЙТУ ЖӘНЕ
САЛЫҚ
ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ КЕЙБІР САНАТТАРЫН
САЛЫҚ САЛУДАН БОСАТУ
133-бап. Салық салынатын табысты азайту
1. Салық төлеушінің салық салынатын табысты мынадай шығыс түрлеріне:
1) салық кезеңінде ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрған салық төлеушілер – салық салынатын кірістің 3 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:
нақты шеккен шығыстардың осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;
алушысы:
коммерциялық емес ұйым;
әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым;
осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында айқындалған заңды тұлға болып табылатын, өтеусiз негiзде берiлген мүлiктiң құнын;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі қайырымдылық көмекті;
1-1) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушілер – салық салынатын кірістің 4 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:
нақты шеккен шығыстардың осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) кірістерден асып түскен сомасын;
алушысы:
коммерциялық емес ұйым;
әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым;
осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында айқындалған заңды тұлға болып табылатын, өтеусiз негiзде берiлген мүлiктiң құнын;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі қайырымдылық көмекті;
2) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызын;
3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар:
оқытуға ақы төлеуге іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;
оқитын адамға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ уәкілетті орган белгілеген нормалардан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды;
оқуға түскен кезде оқу орнына баруы және оқу аяқталғаннан кейін қайтуына іс жүзінде жұмсалған шығыстарды қамтиды.
Осы тармақшаның ережелері:
жеке тұлға оқыту шығыстарын жеке тұлғаның оқуы аяқталған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты жеке тұлғаның оқуы аяқталған күннен бастап үш ай ішінде жасалмаған жағдайда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;
жеке тұлға оқыту шығыстарын еңбек шарты бұзылған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты мұндай тұлғамен еңбек шарты жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған жағдайларда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;
жер қойнауын пайдаланушы мұндай оқыту шығыстарына қатысты осы Кодекстің 112-бабының ережелерін қолданған жағдайда қолданылмайды.
4) алушысы осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымы болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;
5) өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті орган берген өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжаты бар өнеркәсіптік меншік объектісін құруға байланысты ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға, сондай-ақ жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап- компаниялардан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған шығыстардың (шығындардың) осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылған сомасының елу пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижесін енгізу туралы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталған көрсетiлген жұмыстардың нәтижесi және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері Қазақстан Республикасының аумағында енгiзiлген жағдайда салық кезеңінде қолданылады.
6) осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көрсетілген салық салынатын табысты айқындау кезінде осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағына сәйкес шегеруге жатқызылуға тиіс жұмыскердің табыстары бойынша жұмыс берушінің есепті салық кезеңінде есепке жазылған шығыстарының бір еселік мөлшерінде азайтуға құқығы бар. Осы тармақшада көзделген азайту осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын табысқа қатысты жүргізіледі және оны, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар қолданады.
Осы тармақтың мақсаттарында өтеусіз берілген мүліктің құны:
ақша беру кезінде – берілген ақшаның мөлшерімен;
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде – осындай жұмыстарды орындауға, осындай қызметтерді көрсетуге жұмсалған шығыстардың мөлшерімен;
өзге де мүлік бойынша аталған мүліктің қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген, берілген мүліктің баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.
2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты:
1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есебіне жатқызу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай сыйақыны;
3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыны;
3-1) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден шеккен залалдарға азайтылған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;
3-2) агенттік облигацияларды өткізуден туындаған залалдарға азайтылған агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнын;
5) республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құнын;
6) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзуден туындаған залалдарға азайтылған, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар. Осы тармақша бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
7) өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кірістерге;
8) мемлекет атынан алушының:
мемлекет атынан алушы жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алған пайдалы қазбаларды өткізуден түскен;
жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеу түріндегі кірістеріне;
9) мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеу түріндегі кірісіне азайтуға құқығы бар.
3. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
134-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстiң мақсаты үшiн акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтерлер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетiн:
1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiндегі табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
ортақ мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің міндетті төлемдері;
тұтастай үйді қажетті пайдалануға міндетті және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне олардың келісімімен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің төлемдері;
үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері міндетті төлемдер мерзімін өткізіп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде есептелген өсімпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.
Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшері және оларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстар жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
5. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылатын сомасы салық төлеушiнiң таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдiс бойынша айқындалады.
6. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы барабар әдiс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып, коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасында айқындалады.
7. Салық төлеушi бөлек әдiс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
8. Осы баптың ережелері:
1) осы Кодекстің 135-1-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;
2) осы Кодекстің 135-бабына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып танылатын коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
135-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы бапқа сәйкес қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде, осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
2. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыстар және депозиттер бойынша сыйақылар ескеріле отырып, олардан алынатын табыстар осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құрайтын ұйымдар жатады.
Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері:
1) косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
2) білім беру қызметін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөнінде қызметтер көрсету;
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде іске асыруын қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтік қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет;
4) кiтапхана қызметi жатады.
Осы тармақта көзделген ұйымдардың табыстары олар көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.
3. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай талаптарға сай келетiн:
1) салық кезеңiнде мүгедектер саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрайтын;
2) салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 пайызын) құрайтын ұйымдар да жатады.
4. Қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзу жөнiндегi қызметтен табыстар алатын ұйымдар жатпайды.
5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстар осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
6. Осы тармақтың ережелерi осы Кодекстiң 135-1-бабына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып танылатын ұйымдарға қолданылмайды.
135-1-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
1) осы тармақтың 2) - 5) тармақшаларында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының бастамасы бойынша құрылған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
2) бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған;
жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын;
мынадай:
қосымша білім беру;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы;
3) бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам болып табылатын;
осындай қоғамның дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаға тиесiлi болатын;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келсе:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;
жылдық жиынтық кірісінде алған кірістерінің кемiнде 90 пайызын осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі кірістер, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
қосымша білім беруді;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;
ғылым саласындағы қызметті, атап айтқанда:
iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;
осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырудан алынған табыс құраса, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады.
Осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға алынған және жұмсалған, құрылтайшыдан түскен түсімдер де осы тармақшаның мақсаттары үшін жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар деп танылады;
5) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай талаптарға сай келсе:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады;
осындай ұйымның есепті салық кезеңіндегі табысы ол ғылым саласындағы мынадай:
ғылыми-техникалық;
инновациялық;
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу қызметі түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырған жағдайда салық салудан босатылады.
Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін осы тармақшада көрсетілген ғылым саласындағы қызмет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталады.
Егер ұйымдар мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
қосымша білім беруді;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;
осы қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырса оларға осы тармақша қолданылмайды;
6) егер ұйым бір мезгілде мынадай талаптарға сай келсе:
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;
тек қана мынадай жұмыстар мен қызметтерді көрсетсе:
кітапханалық қорды уақытша пайдалануға берсе, оның ішінде электрондық нысанда берсе;
ақпаратты өңдеу үшін компьютерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етілімдер мен жабдықтарды уақытша пайдалануға берсе;
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тек қана мынадай ұйымдарға:
осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына;
өзіне әкімшілік-шаруашылық қызметті қамтамасыз ету мен қызмет етілуін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің көрсетілуі мақсатында осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлға 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін құрған коммерциялық емес ұйымдарға ғана көрсетсе, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады.
2. Дербес бiлiм беру ұйымы бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымының алған таза табысы немесе мүлкi қатысушылар арасында бөлінген салық кезеңдерi бойынша осы тармақтың ережесi қолданылмайды.
135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға салық салу
1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның кірістері мұндай кірістер мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда, салық салудан босатылуға жатады:
1) екінші деңгейдегі банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, сондай-ақ өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғадан активтерді сатып алу және оларды өткізу;
2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның екінші деңгейдегі банктерден оларға қойылатын талап ету құқықтарын сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;
3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуі және өткізуі;
4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның заңды тұлғаларға талап ету құқықтарын екінші деңгейдегі банктерден сатып алу бойынша алынған мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру) немесе өтемін төлеп уақытша пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;
5) ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру.
Бұл ретте алынуға жататын кірістерді осы тармақта көрсетілген кірістерге жатқызу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын кірістер бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістер бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістерді алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша пропорционалды немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.
4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы пропорционалды әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістердің үлес салмағы негiзге алына отырып, кірістердің жалпы сомасында айқындалады.
5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістерге жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын кірістерге жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
135-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға салық салу
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізілген заңды тұлға Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көзделген тиісті қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменің аяқталатын күні тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы салынуға жатады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлері және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.
5. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осындай қызмет бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес.
135-4-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiге салық салу
1. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдаудан түскен кірістер бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiнің осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызметті жүзеге асырудан түскен кірістері жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрі және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.
4. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осындай қызмет бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес.
13-тарау. ЗАЛАЛДАР
136-бап. Залал ұғымы
1. Кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп:
1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, шегерiмдердiң жылдық жиынтық табыстан асып түсуі;
2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал танылады.
2. Бағалы қағаздарды өткiзуден шегетiн залал:
1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша – өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша – өткiзу күніндегi дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма болып табылады.
3. Туынды қаржы құралы бойынша залал шығыстардың осы Кодекстің 127 және 128-баптарына сәйкес айқындалатын түсімдерден асып түсуі ретінде айқындалады.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, туынды қаржы құралы бойынша залал құқықтардың орындалуы, мерзімінен бұрын немесе өзгеше тоқтатылу күніне, сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасау күніне танылады.
Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін, орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша залал осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 137-бабының 8-тармағында белгіленген тәртіппен ауыстырылады.
Хеджирлеу мақсатында қолданылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 129-бабына сәйкес есепке алынады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізуден шеккен залал осындай активтерді өткiзу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма болып табылады.
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал болып табылмайды.
137-бап. Залалдарды ауыстыру
1. Кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар осы салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін кейiнгi он жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады.
1-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізуден шеккен залалдар осындай активтердi өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.
Егер бұл залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмаса, онда олар келесі қоса алғандағы он жылға ауыстырылуы және осы Кодекстің 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыс есебінен өтелуі мүмкін.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түсетін табыстарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.
Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, онда олар, қоса алғанда келесі он жылға ауыстырылуы және, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар есебiнен өтелуі мүмкін.
3. Заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзуден туындаған залалдар заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі. Осы тармақ бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.
4. Өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден туындайтын залалдар өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.
4-1. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден туындайтын залалдар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.
4-2. Агенттік облигацияларды өткізуден туындайтын залалдар агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.
5. Егер осы баптың 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарында көрсетілген залалдар олар орын алған кезеңде өтеле алмаса, онда олар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.
6. Арнаулы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру және жобалық қаржыландыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалдары бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналымы мерзімі ішінде секьюритилендіру мәмілелерінде ауыстырылуы мүмкін.
7. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шеңберінде шеккен залалдар келесi салық кезеңдерiне ауыстырылмайды.
7-1. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы шеккен залалдары келесі салық салу кезеңдеріне көшірілмейді.
8. Осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша залалдар осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебінен өтеледі.
Егер осындай залалдар туындаған кезеңде оларды өтеу мүмкін болмаса, онда осы залалдар, қоса алғанда келесі он жылға ауыстырылуы және осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебiнен өтелуі мүмкін.
9. Осы баптың 10-тармағында көрсетілгенді қоспағанда, осы Кодексте осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметтен шеккен залалдары келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.
10. Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым шеккен залалдар осындай инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.
138-бап. Қайта ұйымдастыру кезінде залалдарды ауыстыру
1. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар қайта ұйымдастырылатын салық төлеушіде құқық мирасқорларының қатысу үлесі бойынша бөлінеді және осы Кодекстің 137-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылады.
2. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның залалдары құқық мирасқорына әрбір қайта ұйымдастыру кезінде бір рет беріледі және оларды құқық мирасқоры осы Кодекстің 137-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырады.
14-тарау.
КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ
ТӘРТІБІ
ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
139-бап. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу
1. Таза табысқа салынатын корпоративтiк табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы салық кезеңi үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
осы Кодекстiң 147-бабының 1 немесе 2-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар, сондай-ақ осы Кодекстiң 137-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыстың көбейтiндiсi,
алу
корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,
алу
салық кезеңiнде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,
алу
сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 3-тармағына сәйкес өткен салық кезеңдерiнен ауыстырылған сомасы,
алу
салық кезеңiнде сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы.
2. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы, бұл салықты төлем көзі ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде ұтыс, сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.
Осы тармақтың ережелері әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымға, депозиттер бойынша сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша коммерциялық емес ұйымға қолданылмайды.
3. Егер сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасынан артық болса, табыс көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төленуге жататын, есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы айырма кейінгі он салық кезеңін қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомаларын бірте-бірте азайтады.
140-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері
Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеуді осы
Кодекстің
451-бабында белгіленген ерекшеліктерді
ескере отырып жүргізеді.
141-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi осы Кодексте белгiленген тәртiппен ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді.
2. Мыналар:
1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;
2) егер осы баптың 11-тармағында өзгеше белгіленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер - әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде;
3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар - салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде;
4) осы Кодекстің 134-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін салық төлеушiлер;
5) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлер;
6) осы Кодекстің 135-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарына сай келетін салық төлеушілер;
7) осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін салық төлеушілер;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі және кейінгі кезеңдері үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейді.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменің аяқталу күніне тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.
2-1. Жылдық жиынтық табысты айқындау кезінде осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері ескерілмейді.
3. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезеңде төленуге жататын, осы баптың 4 және 4-1-тармақтарына сәйкес есептелген (есепке жазылған) корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 142-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде есепті салық кезеңінің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін теңдей үлестермен төленеді.
Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 6 және 7-тармақтарына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары ішінде теңдей үлестермен төленеді.
Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргізілетін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің түзетілген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталмаған есепті салық кезеңінің айларына тең бөлінеді.
4. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарынан кешіктірілмей, салық төлеушi орналасқан жердегі салық органына табыс етіледi.
Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бірі мөлшерінде есептеледі.
Егер салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуде аванстық төлемдер сомасын төмендетсе, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдер сомасын есепке жазуды осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен айқындалған аванстық төлемдер сомасы мен осындай есептеуде көрсетілген аванстық төлемдер сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 142-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы.
4-1. Егер салық төлеуші алдыңғы салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемесе, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі.
5. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары үшін салық төлеушi оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде табыс етедi.
6. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 139-бабының 1-тармағына және 199-бабына сәйкес өткен салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі.
7. Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу және төлеу бойынша осы бапта көзделген міндеттілік қолданылатын, алдыңғы салық кезеңінің қорытындылары бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушілер алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде салық органына ағымдағы салық кезеңіндегі корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етуге міндетті.
8. Салық төлеушілер есепті салық кезеңі ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын қоспағанда, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы. Бұл ретте, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы есепті салық кезеңіндегі табыстың болжамды сомасын негізге ала отырып жасалады және корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталмаған есепті салық кезеңінің айлары үшін табыс етіледі.
Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисаптарында көрсетілген түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының теріс мәні болмауы керек.
Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етілуі мүмкін.
9. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімін ұзарту кезіңде:
1) алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылған кезең үшін есептеледі;
2) салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын аванстық төлемнің болжамды сомасын негізге ала отырып, көрсетілген декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылатын кезең үшін аванстық төлемнің сомасын төлейді.
Көрсетілген декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылатын кезең үшін аванстық төлемдердің алдыңғы салық кезеңіне арналған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебімен есептелген сомасы мен алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылатын кезең үшін төленген аванстық төлем сомасы арасындағы оң айырма корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлем жөніндегі берешек деп танылады.
10. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта құрылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ егер бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде корпоративтік табыс салығын есептеген жағдайда, келесі екі салық кезеңі ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептейді.
Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ келесі екі салық кезеңі ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі және одан кейінгі кезең үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға ағымдағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып есептейді.
12. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 51-2-бабында көрсетілген салық төлеуші сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарына сәйкес кредиторлар алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүзеге асыратын салық кезеңі ішінде осындай салық төлеушіге қолданылмайды.
142-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi
1. Салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығын төлеудi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеудi тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.
2. Осы Кодекстің 141-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 148-бабында белгiленген салық кезеңi iшiнде, осы Кодекстiң 141-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешiктiрмей, әрбір ай үшін енгізуге мiндеттi.
3. Салық кезеңi iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңi үшiн корпоративтік табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебiне есепке жатқызылады.
Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдi декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
15-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ
143-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар
1. Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар:
1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;
2) осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, бейрезиденттердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын, осындай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;
2-1) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, бейрезиденттің филиалына, өкілдігіне немесе тұрақты мекемесіне төленетін табыстар;
3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төлейтін сыйақы;
4) осы Кодекстің 99-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген дивидендтер жатады.
2. Мыналар:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;
2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін сыйақы, дивидендтер, сондай-ақ орналастырылған зейнетақы активтері бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық инвестициялық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы;
2-1) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға төленетін сыйақы;
3) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
4) лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
5) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
6) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына секьюритилендіру мәмілелері үшін төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
7) резидент банкке, сондай-ақ өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;
8) резидент лизинг берушіге төленетін қаржы лизингі бойынша сыйақы;
9) репо операциялары бойынша сыйақы;
10) микроқаржы ұйымдарына төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;
11) мыналарға:
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға;
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетін борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
12) мыналарға:
үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) – 2) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына төленетін депозиттер бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, банктің еншілес ұйымына кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.
144-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі
1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын төленетiн табыс сомасына осы Кодекстiң 147-бабының 3-тармағында белгiленген мөлшерлемені қолдану жолымен айқындайды.
2. Салық агентi осы Кодекстiң 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, 143-бабында көрсетілген табыстарды төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты табысты төлеу нысаны мен орнына қарамастан, ұстап қалуға мiндеттi.
3. Заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің осындай құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп өз шешімімен тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) табыстардан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
144-1-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген табыстарынан корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 23-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
145-бап.
Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік
табыс салығын аудару тәртiбi
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтізбелік жиырма бес күннен кешiктiрмей, төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аударуға мiндеттi.
2. Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агентi орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргiзедi.
146-бап. Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығы жөнiндегi есеп-қисап
Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты төлем жүргізілген тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
16-тарау.
Салық мөлшерлемелері, салық кезеңі және
салық
декларациясы
147-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
2. Ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынған табыс деп ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға мынадай бағыттар бойынша берілген, оның ішінде бюджеттік субсидиялар танылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасы, технологиялық жабдық лизингі бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдыққа арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
2) өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы малының, құстар мен балықтар тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
4) мал шаруашылығының өнiмділігі мен өнiмiнің сапасын арттыру;
5) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;
6) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
7) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
8) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
10) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
11) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
12) ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату.
13) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық қаржы салу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу.
3. Бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
4. Бейрезиденттердiң осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 1) – 8), 10) – 29) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай бейрезиденттердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген табыстарға осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
5. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса осы Кодекстiң 199-бабында белгiленген тәртiппен 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
148-бап. Салық кезеңi
1. Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.
2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.
3. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
5. Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл ішінде қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асырған уақыт кезеңі салық кезеңіне енгізілмейді.
149-бап.
Салық декларациясы
1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзiнен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттi қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеушi, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
2. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.
4. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 427-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.
5-БӨЛІМ.
Арнайы экономикалық аймақтардың
аумағында қызметін
жүзеге асыратын
ұйымдарға және басым инвестициялық
жобаны
іске асыратын ұйымға салық салу
17-тарау.
АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ
АУМАҚТАРЫНДА
ҚЫЗМЕТIН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ
150-бап. Жалпы ережелер
1. Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) заңды тұлға орналасқан жері бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органында салық төлеуші ретінде тіркелсе немесе оны арнайы экономикалық аймақ аумағында салық органы болған кезде – ондай салық органында жер салығы, мүлік салығы немесе жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы салынатын объектінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою жүзеге асырылса, не заңды тұлға арнайы экономикалық аймақ аумағында салық органы болмаған кезде – құзыретіне арнайы экономикалық аймақ аумағы кіретін салық органының аумақтық бөлімшесінде орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелсе;
2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылса;
3) заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ болса;
4) "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса;
5) "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, - заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер арнайы экономикалық аймақ қатысушысының арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса, ол осы баптың қолданылу мақсаттары үшін қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Осы Кодекстің 151-1 – 151-10-баптарында көрсетілген экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметтің басым түрлерінің тізбесін және құрылысы қызметтің осы түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілердің тізбесін, сондай-ақ қызметтің басым түрлері мен құрылыс объектілерін көрсетілген тізбелерге енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына және экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сондай-ақ бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн заңды тұлға:
1) заңды тұлға орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тiркелсе;
2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылса;
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi жоқ болса;
4) мынадай шарттар сақталған жағдайда заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса, ол "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі мен таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітеді.
Осындай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;
3) арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;
4) осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін көзделген инвестициялық салық преференцияларын қолданатын (қолданған) ұйымдар;
4-1) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.
Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекстің Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін белгіленген ережелерін қолдануға құқылы емес.
4. Алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 362-V (01.01.205 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы бөлімде және осы Кодекстің 244-2 және 244-3-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым туралы мәліметтер арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген күннен кейін салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, мұндай ұйым, егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына осындай өзгерістер мен толықтырулар:
жер салығын, мүлік салығын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеген кезде қолданылатын коэффициенттерді және (немесе) мөлшерлемелерді;
корпоративтік табыс салығын есептеген кезде азайту мөлшерін алып тастауды және (немесе) өзгертуді көздейтін болса, осы тармақта көрсетілген күні қолданыста болған осы Кодекстің 17-тарауының ережелерін қолданады.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жасалған арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде, бірақ талап қою мерзімінен аспайтын мерзімде қолданылады.
151-бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
151-1-бап. Қызметiн "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және оларды пайдалануға беру;
4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және оларды пайдалануға беру;
5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметiн "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуі кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
151-2-бап. Қызметiн "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаз шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметiн "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
151-3-бап. Қызметiн "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаз шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметiн "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
151-4-бап. Қызметін "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасын қолдану мақсатында "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
тоқыма бұйымдарын өндіруді;
киім шығаруды;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіруді;
металлургия өнеркәсібін;
жиһаз шығаруды;
автокөлік құралдарын шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) ақпарат және байланыс;
3) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;
4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Осы Кодекстiң 150-бабының 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасын қолдану мақсатында "Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:
1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;
2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу.
3. Қызметiн "Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн "Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1 – 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
5. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталғанда:
жеңілдікті қолданудың ең ұзақ кезеңі – заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуметтік салық жөніндегі салық кезеңінен бастап 5 жыл болса;
корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары жылдық жиынтық табыстың кемінде 50 пайызын құраса;
корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының 90 пайызын Қазақстан Республикасы резидент қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шығыстары құраса, осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында, 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен ғана айналысатын қызметкерлердің кірістері түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша есептелген әлеуметтік салық пен осындай қызметкерлер бойынша "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы арасындағы айырма 100 пайызға азайтылады.
6. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған болса, салық төлеуші:
1) әлеуметтік салықты осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабында белгіленген тәртіппен есептеуге;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуметтік салық осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабына сәйкес есептелуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес әлеуметтік салық бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
7. Әртүрлі қызмет салаларында және аяларында қолдануға арналған, бұрын қолданылмаған немесе бұрын белгісіз болған жаңа қасиеттерге ие металл немесе металл емес негіздегі конструкциялық материалдар осы баптың мақсаттары үшін әртүрлі мақсаттағы жаңа материалдар болып табылады.
151-5-бап. Қызметiн "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаз шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметiн "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
151-6-бап. Қызметiн "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
1) туристік қызметтер көрсету;
2) мынадай талаптарды сақтаған:
салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты болмайтын;
салынуы және пайдалануға берілуі жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда, туристер орналасатын орындарды, санаторий және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру.
2. Қызметiн "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
151-7-бап. Қызметін "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаздар шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметін "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
151-8-бап. Қызметін "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаздар шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметін "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
151-9-бап. Қызметін "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаздар шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметін "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
151-10-бап. Қызметiн "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаздар шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.
2. Қызметiн "Тараз химиялық паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
152-бап. Салық кезеңi және салық есептiлiгi
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық кезеңi, салық есептiлiгiн берудің тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
17-1-тарау. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
152-1-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) жаңадан құрылған заңды тұлға инвестициялық басым жобаны іске асыруды және салықтар бойынша преференциялар беруді көздейтін инвестициялық келісімшартты Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасаса және инвестициялық басым жобаны іске асырса;
2) жүзеге асырылатын қызмет түрлері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне толық көлемде сәйкес келсе;
3) инвестициялық басым жобаны іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салық, алым және төлемақы мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан ұйым, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық төлеуші салық есептілігін инвестициялық басым жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға міндетті болатын салық міндеттемелерін осы инвестициялық келісімшартты жасасу күні қолданыста болған мөлшерлемелер бойынша айқындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-2-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.
3. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
4. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялар және салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі оны жасасқан күннен бастап күшін жояды.
Инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оны бұзу күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар мен төлемдер сомаларын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
152-2-бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
1. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым:
1) осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады;
2) топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген амортизацияның шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;
2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады.
2. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады;
2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды.
3. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейді.
Осы тармақтың ережелері:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілетін және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады;
2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1 күнінен басталады;
2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін сегіз жылдан кешіктірмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) жағдайларында қолданылмайды.
17-2-тарау.
Инвестициялық стратегиялық жобаны іске
асыратын
ұйымға салық салу
152-3-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін заңды тұлға:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес заңды тұлға:
инвестициялық стратегиялық жобаның іске асырылуын көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған инвестициялық келісімшартты 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін;
салықтар бойынша преференцияларды көздейтін, көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасаса;
2) заңды тұлғаның инвестициялық стратегиялық жоба бойынша жүзеге асырылатын қызметі инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келсе;
3) заңды тұлға осы Кодексте көзделген бөлек салықтық есеп жүргізу қағидаттарына сәйкес, инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінен тыс алған (шеккен) кірістері мен шығыстарынан бөлек, инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде берілген объектілерді пайдалану кезінде алған (шеккен) кірістері мен шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізсе, инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салықтар, алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық төлеуші салық есептілігін инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға міндетті болатын салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасасу күні қолданыста болған мөлшерлемелер бойынша айқындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-2-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.
3. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
4. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда салықтар бойынша преференциялар және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беру инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін, көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасасқан күннен бастап күшін жояды.
Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оның бұзылған күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар сомасын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.
152-4-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
1. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым:
1) инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтен түсетін, осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады;
2) инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметте пайдаланылатын тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген, амортизацияның шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісімде корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;
2) инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады.
2. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады;
2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан жеті жылдан кешіктірілмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін, немесе оның бөліктерін (ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға), өзге де негіздерде пайдалануға берілген жағдайларда қолданылмайды.
3. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға алғаш рет берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
Осы тармақтың ережелері:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынатын және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады;
2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынған айдың 1 күнінен басталады;
2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан жеті жылдан кешіктірілмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды.
6-БӨЛІМ.
ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ
18-тарау. ЖАЛПЫ
ЕРЕЖЕЛЕР
153-бап. Төлеушiлер
1. Осы Кодекстiң 155-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
154-бап. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшелiктерi
1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы тарауда, осы Кодекстiң 19-тарауында және 202-бабында белгiленген тәртіппен жүргізеді.
Осы тарауға және осы Кодекстің 19-тарауына сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу кезінде осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдері қолданылады.
2. Резидент шетелдік тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алатын табыстарға осы Кодекстiң 178-бабында және 27-тарауында белгiленген тәртіппен салық салуға жатады.
154-1-бап. Бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
Бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 25-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
155-бап. Салық салу объектiлерi
1. Жеке тұлғаның:
1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады.
2. Салық салу объектілері осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен осы бөлімде көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
3. Жеке тұлғаның табысы ретінде мыналар қарастырылмайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
2) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күні қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;
4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:
осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;
Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
7) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;
8) жұмыс берушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерiмдерге жатқызылмайтын шығыстары;
9) мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі;
10) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:
тұрғын үй жалдау бойынша;
осы тармақтың 4) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;
11) қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны;
13)
қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін
атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан
сақтандыру шарттары және қызметкердің
еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруымен
байланысты оның өміріне және (немесе)
денсаулығына келтірілген зиянды өтеу
бөлігінде жұмыс берушімен жасалған
аннуитетті сақтандыру шарттары бойынша
сақтандыру төлемдері;
14) материалдық
нұқсанды өтеудің сот шешiмi
бойынша тағайындалған сомасы;
15) төлем көзiнен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзiнен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;
16) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы есептемегені, ұстап қалмағаны, аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;
18) гуманитарлық көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
19) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жататын және меншік құқығында бір жыл және одан көп уақыт болатын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
20) меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;
24) егер көрсетілген шығыстар жалдау төлемінен бөлек жүргізілген жағдайда, дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаға тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде оның өтеген мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;
тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге шығыстары;
25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;
26) егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;
27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 102-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;
28) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде қызметкердің өз жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) беруден кейін басталған мынадай:
қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
асыраушысынан, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы жеке тұлғаның және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк (микроқаржы ұйымы) алдында ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғалардың мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін кірістері болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына) қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі қарыз, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші және алтыншы абзацтарының ережелері:
банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.
29-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым төлейтін, еркін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне өтуге байланысты ұлттық валютада (тенге) қабылданған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша біржолғы өтемақы түріндегі кіріс;
29-2) еркін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне өтуге байланысты тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы түріндегі табыс;
29-3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, 2004 жылғы 1 қаңтар – 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша жинақталған:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;
29-4) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы;
30) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
31-2) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек ұсыну;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен алынған материалдық пайда, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының даярлық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;
тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;
санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;
дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, оған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда.
37) мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде:
жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің есебінен мемлекетішілік және шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарлар үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылса;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның лауазымды адамының бұйрығы (өкімі) болса, жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінен алынған, оларға жол жүру мен тұруға ақы төлеу түріндегі кірістер;
156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар
1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлерi алып тасталады:
1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
2) жеке тұлғалардың лицензия негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар;
3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар;
4-1) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар;
4-2) агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар;
5) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
6) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
7) бiр мезгiлде мынадай:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің олар бойынша дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлеу күніне дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан азын құрайтын жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде салған мүлкін қоспағанда, заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғадағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтер бойынша қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын бір жүз пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлғадан алынған дивидендтер бойынша, осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін мұндай дивидендтер есепке жазылған жағдайда қолданылмайды;
8) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің, құқық қорғау органдары қызметкерінің (кеден органдарының қызметкерін қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты табыстары;
8-1) алынып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8-2) әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар басқа әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;
9) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай ұтыстарды есептеу күні қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50 пайызы шегiндегі лотерея бойынша ұтыстар;
10) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлем күні қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерiнде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын төлемдер;
12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн төлемдер;
13) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:
Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;
I, II, III топтардағы мүгедек;
мүгедек бала болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.
Егер жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болса, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс;
13-1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір тұлғаның жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшері шегіндегі бір жылғы табысы.
Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс деп жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан алған мынадай ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен табыс танылады:
тірі ірі қара мал;
тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар;
тірі түйелер және түйе тектілер;
тірі қойлар мен ешкілер;
тірі шошқалар;
тірі үй құсы;
тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы;
ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің, жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті;
сауын ірі қара малдың шикі сүті;
үй құсының жас немесе тоңазытылған еті;
картоп;
сәбіз;
қырыққабат;
баклажандар;
қызанақтар;
қиярлар;
сарымсақ;
пияз;
қант қызылшасы;
алмалар;
алмұрттар;
айва;
өріктер;
шие;
шабдалылар;
қара өріктер;
ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойлардың, ешкілердің түтілген жүні, терілері, иленбеген былғарысы.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында өнім түрлерін айқындау (осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген өнім түрінен басқа) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады;
13-2) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:
"мүгедек бала" санатындағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
"бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін – осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін асырап алушылардың бірі болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.
Осы тармақшаның ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын, тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынастарында болуына байланысты қолданылмайды;
14) алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
15) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар. Осы тармақша бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
15-1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) өзге де бағалы қағаздарын өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
16) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетін табыстар;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен төленетін (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа) мынадай:
инфляция деңгейі ескеріле отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының іс жүзінде енгізілген сомасы мен Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезіне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма түріндегі;
мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің, асырауындағылардың, мұрагерлері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде оларды алуға құқығы бар адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кездегі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзу фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарға көтермелеу түріндегі;
дүлей зілзалаларға немесе басқа да төтенше мән-жайларға байланысты шығындарды өтеу түріндегі;
еңбек шартының қолданылуы тоқтатылған кезде төленетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі өтемақы төлемдері түріндегі;
халықаралық жарыстарға жоғары нәтижелері үшін универсиада жүлдегерлері мен қатысушыларына және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде көтермелеу түріндегі;
зейнеткерлік жасқа толған, орнынан түскен судьяларға төленетін өмір бойы ай сайынғы қамтылым түріндегі төлемдер;
18) күнтізбелік жыл iшiнде әрбiр төлем түрi бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегiнде медициналық қызмет көрсетулерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшiн, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған төлемдер.
Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады;
19) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары;
20) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiндегі, сол елдегі табысы салық салуға жататын шетелдiктердің ресми табыстары;
21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;
22) жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақысы);
23-1) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақылары;
24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушiнiң шығыстары:
басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдеу кезінде – жұмыс берушінің қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;
қызметтік іссапарды ресімдемей:
қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде қызметкердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыс берушiнің:
қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;
24-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
25) осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жұмсалған, оқытуға бағытталған шығыстар;
26) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
26-1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күніне қолданылатын жалақының ең төмен мөлшері шегінде – Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілігі мен босануына, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысын жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасы шегеріле отырып, жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа, баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлердің демалысына төленетін жұмыс берушінің шығыстары түріндегі табыстар.
Егер жұмыс берушінің осы тармақшада көрсетілген шығыстары еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделген болса, осы тармақшаның ережелері қолданылады;
27) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттiк стипендиялар үшін белгiленген мөлшерде төленетiн стипендиялар;
27-1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және білім беру ұйымдарында білім алушыларға осындай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлейтін Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы стипендиялары мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары;
27-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және білім беру ұйымдарында білім алушыларға осындай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлейтін мемлекеттік атаулы стипендиялар;
27-3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарының оқуын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастырумен байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлеуге арналған төлемдер;
27-4) мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін жол жүру шығыстарының өтемақысы;
28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған мүлікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;
29) қайырымдылық көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
30) он алты жасқа толмаған балалар үшiн балалар лагерьлерiне жолдамалардың құны;
31) осы Кодекстiң 175-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн сақтандыру төлемдерi;
32) жұмыс берушi өз қызметкерлерiне мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлейтiн сақтандыру сыйлықақылары;
33) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi;
34) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
35) алып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
36) сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын резидент жеке тұлғадан алынған, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысы;
37) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген пайызсыз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
38) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;
39) осы Кодекстің 224-бабының 1-тармағында көрсетілген бейрезидент заңды тұлғадан алынған, пайдадан немесе оның бір бөлігінен бөлінген, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығы салынған дивидендтер;
40) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
41) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:
осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;
42) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:
жеке тұлғаны оқытуға, оның біліктілігін арттыруға немесе оны қайта даярлауға нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жұмсалған шығыстар;
қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына дейін баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
дербес білім беру ұйымының:
оқытылатын адам Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
оқытылатын адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомасы;
43) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жүргізген мынадай түрдегі төлемдер:
мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар;
жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде, бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жүргізілген шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жүргізілген шығыстар;
мынадай:
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тыс жерге жіберілген кезде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары;
келу визасын ресімдеу шығыстарын (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде келу визасын ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны).
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:
дайындық бөлімінде;
мынадай білім беру деңгейлері бойынша:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
күндізгі оқу нысаны бойынша мынадай білім беру деңгейлері:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;
44) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
45) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:
медициналық сақтандыруға;
46) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) өзге де бағалы қағаздарын сатып алу кезінде жеке тұлға алған табыс;
2. Осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларында көзделген кірістер жеке тұлға мынадай құжаттарды:
жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларын қолдануға осы бапта белгіленген шектерде түзету мөлшері көрсетілген өтінішін;
растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларын қолдануға негіз туындаған, тоқтатылған немесе бар болған салық кезеңдері кіретін күнтізбелік жылы салық салуға жататын кірістерден алып тасталады.
3. Осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларында көзделген нормаларды салық агенті жеке тұлғаның кірісіне жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстаған күннен кейін өтініш білдіруі себепті қолданбаған болса, онда жеке тұлға осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне осы баптың 2-тармағында көрсетілген, солардың негізінде салық агенті салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді жүргізетін құжаттарды ұсынуға құқылы.
4. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы;
2) жергілікті атқарушы органның жеке қосалқы шаруашылықта пайдаланылатын:
алаңы көрсетілген жер учаскесінің;
саны көрсетілген үй жануарларының;
саны көрсетілген үй құстарының болуы туралы растауын;
3) салық салуға жататын табыстарды түзетуді қолдануға арналған өтініш табыс еткен кезде, салық салуға жататын табыстардан алып тасталады. Бұл ретте құжаттар салық агентіне осындай түзету қолданылған күнтізбелік жылы кемінде бір рет табыс етіледі.
5. Осы баптың 1-тармағы 13-1) тармақшасының ережесін тек бір салық агенті – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым ғана қолданады.
157-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері
Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрайды.
158-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
2. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
159-бап. Салық кезеңі
1. Салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
19-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР
160-бап. Төлем көзінен салық салынатын табыстар
Төлем көзінен салық салынатын табыстарға олардың мынадай түрлері жатады:
1) қызметкердің табысы;
2) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.
161-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу
1. Жеке табыс салығын есептеуді салық агентi төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізедi.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агентi төлем көзiнен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешiктiрмей жүргізедi.
3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды табыс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жері бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.
Заңды тұлға өз шешімімен оның құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы.
Бұл ретте заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап күшіне енеді.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша салық агенттері деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаты үшін әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылады.
4. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.
5. Оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу мерзiмдерi осы Кодекстiң 438 және 446-баптарында белгiленген.
161-1-бап.
Мемлекеттік мекемелердің салықты
есептеу, ұстау және төлеу ерекшеліктері
1. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің табыстары бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің табыстары бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.
Бұл ретте, осы бапта белгіленген тәртіппен салық агенттері деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаты үшін әлеуметтік салық төлеушілер деп танылады.
Салықты төлеу салық агентінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттерде жүргізіледі.
2. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және төлеуді осы Кодекстің 161, 163-167-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
3. Салық агенті жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 162-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етеді.
162-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация
1. Осы Кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация салық төленетін жердегі салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей табыс етіледі.
1-1. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін және оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттері осы режимдер қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация табыс етпейді.
2-1. Құрылымдық бөлімшелері бар салық агенттері бөлімшенің орналасқан жеріндегі салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығының және әлеуметтік салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етеді.
§ 1. Қызметкердiң табысы
163-бап. Қызметкердiң табысы
1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жұмыс беруші қызметкердің есебіне жазған, салық салуға жататын табыстары мен осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қызметкердің мына табыстары, оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есепке алуында шығыстар (шығындар) ретінде танылған:
1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер меншігіне беруіне жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандағы ақша;
2) осы Кодекстің 164-бабына сәйкес қызметкердің заттай нысандағы табыстары;
3) осы Кодекстің 165-бабына сәйкес қызметкердің материалдық пайда түріндегі табыстары қызметкерлердің жұмыс беруші есепке жазған, салық салынуға жататын табыстары болып табылады.
3. Мыналар қызметкердің салық салуға жататын табыстары болып табылмайды:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
2) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
3) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс;
4) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;
5) қызметкерлерге олардан сатып алынған жеке мүлкі үшін төлемдер;
6) алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
164-бап.
Қызметкердiң
заттай нысандағы табысы
Қызметкердiң салық салынуға жататын, заттай нысандағы табысы мыналар болып табылады:
1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер меншігіне беруіне жататын тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және өзге мүліктің құны. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары және акциздер ескеріле отырып, мүліктің баланстық құны мөлшерінде айқындалады;
2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары және акциздер ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Қызметкер жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құны жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;
4) қызметкер үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң қызметкерге немесе үшінші тұлғаларға төлеуi.
165-бап.
Қызметкердiң
материалдық пайда түрiндегi
табысы
Қызметкердiң салық салынуға жататын материалдық пайда түріндегі табысы:
1) қызметкерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – қызметкерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
2) қызметкер борышының сомасын есептен шығару кезінде – жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы борышының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;
3) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде – жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің, оның ішінде жұмыскерлермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге шығыстары;
4) қызметкерге шығындарды өтеу кезінде – қызметкердің жұмыс берушiнің қызметiне байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің жұмсаған шығыстары болып табылады.
166-бап. Салық шегерiмдерi
1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл iшiндегi әрбiр ай үшiн мынадай салық шегерімдері қолданылады:
1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есепке жазу күні қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшеріндегі, табыс есебіне жазылатын тиісті айдағы сома. Бір жылдағы салық шегерімінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ағымдағы жылдың әрбір айының басында қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінің жалпы сомасынан аспауға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мөлшердегі мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы;
3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;
4) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақыларының (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда – мерзімдік сақтандыру жарналарының) сомасы;
5) Қазақстан Республикасының резидентi жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар;
6) осы баптың 6-тармағында белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар;
7) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомасы.
2. Егер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген салық шегерімінің сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған, қызметкердің бір айға айқындалған табысының сомасынан асып кетсе, онда асып кеткен сома қызметкердің салық салынатын табысын азайту үшін күнтізбелік жыл шегінде келесі айларға рет-ретімен ауыстырылады.
Салық кезеңi iшiнде жұмыс беруші өзгерген жағдайда, оның қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоспағанда, алдыңғы жұмыс берушіде жұмыс кезеңі ішінде құралған асып түскен сома жаңа жұмыс берушіде есептелмейді.
3. Егер жеке тұлға бір ай ішінде күнтізбелік он алты күннен аз уақыт қызметкер болса, онда қызметкердің табысын айқындау кезінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық шегерiмі жүргiзiлмейдi.
4. Осы баптың 1-тармағының 1), 3)-6) тармақшаларына сәйкес салық шегерiмі құқығы салық төлеушiге өзi берген өтiнiштің негiзiнде, жұмыс берушiлердің бiреуiнен ғана алатын табыстары бойынша берiледi.
5. Осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында белгіленген салық шегерiмі құқығы тиісті құжаттар:
1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт және ерікті зейнетақы жарналарын төлегенін растайтын құжат;
2) сақтандыру шарты және сақтандыру сыйлықақыларының (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда – мерзімдік сақтандыру жарналарының) төленгенін растайтын құжат;
3) тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізуге арналған банктік қарыз шарты және аталған қарыз бойынша сыйақылардың өтелгенін растайтын құжат;
4) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың төленгенін растайтын құжаттар болған кезде беріледі.
6. Егер:
1) осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ұсынылатын салық шегерімінің жалпы сомасы мен осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес ұсынылатын түзету сомасы, жиынтығында күнтiзбелiк бiр жылда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшерінен аспаса;
2) қызметкер медициналық қызметтер (косметологиялық қызмет көрсетуден басқа) алғанын және оларды төлеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжаттарды табыс етсе, салық төлеушіге осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген салық шегерімін жасау құқығы беріледі.
3) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
167-бап. Салықты есептеу және ұстау
Қызметкердiң төлем көзінен салық салынатын табысына жеке табыс салығының сомасы қызметкердің осы Кодекстің 163-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстiң 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледi.
§ 2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы
168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы
1. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын кірісі осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер және осы Кодекстің 166-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген салық шегерімі ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын кірісі ретінде айқындалады.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстары;
2) жеке тұлға табысының төлемі, оның ішінде:
жеке тұлға үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға төлеуі;
берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;
борышты кешіру;
мәміле шарттарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту;
репо операциялары бойынша сыйақы төлемі жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салынуға жататын табысы болып табылады.
2. Осы баптың мақсаты үшін мыналар салық салуға жататын табысқа жатқызылмайды:
1) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;
2) жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер;
3) осы Кодекстің 160-бабының 1) және 3)-6) тармақшаларында көрсетілген табыстар;
4) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
169-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаның салық агенттерінен алатын, осы Кодекстің 168-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
§
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан
және ерікті
жинақтаушы зейнетақы
қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері
170-бап. Зейнетақы төлемдері
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) салық төлеушілердің:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;
2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен салық салынатын табыс мыналарды:
1) осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулерді;
2) мынадай мөлшерлердегі:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есебіне жазу күні қолданыста болатын бір ең төменгі жалақы мөлшерінде;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есебіне жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақының он екі еселенген мөлшерiнде салық шегерiмдерiн қоспағанда, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.
3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен салық салынатын табыс салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.
171-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 170-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын, зейнетақы төлемдері түріндегі табыстың сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
§ 4. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс
172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар
1. Салық агенті дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде төлейтін, осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салынуға жататын табыс – төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін, сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза табысы да дивидендтерге жатады.
2. Жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі есепке жазылған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептеледі.
3. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен осы салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде салықтарды есептеу мен төлеуді осы Кодекстің 178 және 179-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.
§ 5. Стипендиялар
173-бап. Стипендиялар
Төлем көзінен салық салынатын стипендия түріндегі табыс осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын стипендия түріндегі табыс ретінде айқындалады.
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агенті:
білім беру ұйымдарында оқитындарға;
мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және басқа да жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы салық салуға жататын стипендия түріндегі табыс болып табылады.
Осы Кодекстің 160-бабының 1)-4) және 6) тармақшаларында көзделген табыстар салық салуға жататын стипендия түріндегі табыстар болып табылмайды.
174-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын стипендия түріндегі табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
§ 6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс
175-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс
1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша, төлем көзінен салық салынатын табыс осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс пен осы бапта көзделген жағдайларда және мөлшерде салық шегерімі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс:
1) сақтандыру сыйлықақылары мыналардың:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен. Осындай төлемдер бойынша жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлем көзінен салық салынатын табысты айқындау кезінде төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күні қолданыста болатын бір ең төменгі жалақы мөлшері сомасында салық шегерімі қолданылады;
жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен;
жұмыс берушінің жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша қызметкердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықтары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері;
2) осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда төленетін құнын төлеп сатып алу сомалары;
3) сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген қаражат есебінен төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кетуі болып табылады.
176-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлем көзінен салық салынатын, осы Кодекстің 175-бабына сәйкес айқындалатын табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
20-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН ТАБЫСТАР
177-бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Мынадай табыс түрлері төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға жатады:
1) мүліктік табыс;
2) дара кәсіпкердің табысы;
3) жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы;
4) басқа да табыстар.
Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысы мен адвокаттың табысы мүліктік табыс болып табылмайды.
Мүліктік табыс дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың табысы болып табылмайды.
178-бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу
1. Егер осы Кодекстің осы бабы мен 182 және 184-баптарында өзгеше белгіленбесе, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық кезеңі үшін төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді.
Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.
Төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыс пен осы Кодекстің 166-бабы 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріліп, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушіде төлем көзінен салық салынбайтын бірнеше табыс түрлері болған кезде салық төлеуші жеке табыс салығын есептеуді төлем көзінен салық салынбайтын барлық табыс түрлерінің сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргізеді.
3. Осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері, егер көрсетілген шегерімдер қызметкердің табысын айқындаған кезде жүргізілмеген болса, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады.
4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерінен басқа дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін дара кәсіпкердің табысы бойынша салықты есептеуді дербес жүргізеді. Салық сомасы дара кәсіпкердің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстары мен шығыстары сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған табысына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.
5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.
179-бап. Салық төлеу мерзімдері
1. Салық кезеңінің қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша дербес жүзеге асырады.
2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберлерде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді.
§ 1. Мүліктік табыс
180-бап. Мүліктік табыс
1. Жеке тұлғаның салық салынуға жататын мүліктік табысына:
1) жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 180-1-бабында көрсетілген мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;
2) жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 180-2-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;
3) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кірісі;
4) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 180-3-бабында көрсетілген өзге де активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс жатады.
2. Жеке тұлғаның шетел валютасымен алған (алуына жататын) мүліктік кірісі мүлікті өткізу бойынша мәміле жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.
180-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс
1. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс Қазақстан Республикасының аумағындағы мынадай мүлікті:
1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылдан аз уақытты құраған жағдайда, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаттары бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
5) инвестициялық алтынды;
6) осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген мүлікті қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;
7) бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;
8) бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) өткізу кезінде туындайды.
2. Егер осы баптың 3 – 7-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен салық төлеуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
5. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер бұдан бұрын осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе бұдан бұрын ол бойынша осы Кодекстің 96-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде табыс айқындалған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұдан бұрын табысқа қосылған құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
6. Жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік өткізілген жағдайларда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген, өткізілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда құн өсімінен түсетін табыс:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарында мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
2) осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жер қатынастары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган неғұрлым кеш күндердің біріне:
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық (бағалау) құны болып табылады;
3) осы баптың 1-тармағының 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.
7-1. Жеке тұлға осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағына осындай тұлға бұдан бұрын әкелген мүлікті өткізген жағдайда:
1) Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және (немесе) тіркемелер бойынша – Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге де құжатта көрсетілген баға (құн) және тауарлар декларациясында көрсетілген және осындай механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді әкелу кезінде төленген қосылған құн салығы мен акциз сомасы;
2) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және тіркемелер бойынша – Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге де құжатта көрсетілген баға (құн) және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық декларациясында көрсетілген және осы Кодексте белгіленген тәртіппен төленген қосылған құн салығы мен акциз сомасы оны сатып алу бағасы (құны) болып табылады.
8. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс:
1) сатып алу (салым) бағасы (құны) болған жағдайда – өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу (салым) бағасы (құны) арасындағы оң айырма болып табылады. Жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
2) мүлікті (салымды) сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.
Осы баптың және осы Кодекстің 180-2-бабының мақсатында заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
180-2-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс
1. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс Қазақстан Республикасының аумағындағы мынадай мүлікті:
1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылдан аз уақытты құраса, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап жарғылық капиталға салым ретінде беру күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаттары бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
5) инвестициялық алтынды;
6) осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;
7) бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;
8) бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) өткізу кезінде туындайды.
2. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кездегі құн өсімінен түсетін табыс осы баптың 3 – 7-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады.
3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен салық төлеушінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
5. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер бұдан бұрын осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе ол бойынша бұдан бұрын осы Кодекстің 96-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде табыс айқындалған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұдан бұрын табысқа қосылған құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
6. Жеке тұрғын үйді беретін тұлға салған жеке тұрғын үйді, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен жарғылық капиталға салым ретінде берілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнге нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
Бұл ретте осындай нарықтық құнды салық төлеуші мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүргізілген салық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
6-1. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария ету үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға оны жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып, айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда құн өсімінен түсетін табыс:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, жарғылық капиталға салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
2) осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жер қатынастары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган неғұрлым кеш күндердің біріне:
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық (бағалау) құны болып табылады;
3) осы баптың 1-тармағының 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүліктің бағасы (құны) мөлшерінде болып табылады.
8. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін табыс:
1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте, жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды заңды тұлғаның жарғылық капиталына салу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнының мөлшерінде айқындалған мүліктің бағасы (құны) болып табылады.
9. Сенім білдірілген тұлға механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен шығаруға құқық беретін, басқаруға арналған сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген, жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімге дейін мүліктік табысты айқындау үшін көлік құралының меншік иесіне осы көлік құралының өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу құнын және оның өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу күнін хабарлайды немесе көлік құралы меншік иесінің атынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету және жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындайды, бұл көлік құралы меншік иесінің салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
180-3-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс
1. Осы баптың мақсатында өзге активтерге тауар-материалдық қорлар және талаптар болып табылмайтын мынадай активтер жатады:
1) осы Кодекстің 180-1-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, негізгі құралдар;
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) орнатылмаған жабдық;
4) материалдық емес активтер;
5) биологиялық активтер;
6) егер дара кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған салықтық кезеңдерде осындай негізгі құралдар тіркелген активтер болып табылған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;
7) егер дара кәсіпкер бұдан бұрын жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер.
2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер өзге активтерді өткізген жағдайда өсім әрбір актив бойынша өткізу бағасы (құны) мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 115-бабының 1) – 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындар жиынтығы өзге активтердің бастапқы құны болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабының 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Егер өзге актив өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген осы активтің құны бастапқы құн болып табылады.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған өзге активті өткізу кезінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерде осы активке меншік құқығы туындаған күні мұндай активтің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны бастапқы құны болып табылады. Бұл ретте өзге активтің нарықтық құны осындай мүлік өткізілген салық кезеңіне арналған жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
6. Мынадай жағдайларда:
1) өзге активке меншік құқығы туындаған күні оның айқындалған нарықтық құны болмаған кезде;
2) осы баптың 5-тармағында белгіленген нарықтық құнды айқындау мерзімі сақталмаған кезде;
3) осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көзделген шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайларда;
4) осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша өзге активтің бастапқы құны нөлге тең болады.
§2.
Жекеше нотариустардың, жеке сот
орындаушыларының,
адвокаттардың,
кәсіби медиаторлардың табысы
181-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы
Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы тиісінше заң көмегін көрсеткені, нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырудан алынған барлық табыс түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің алынған сомалары болып табылады.
182-бап. Салықты есептеу және төлеу
1. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 166-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген салық шегерімі алып тастала отырып, алынған кіріс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы әрбір айдың қорытындылары бойынша, бір айда алынған кірістер бойынша есептеледі.
2. Есептелген салық сомасы табыстары бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады.
§ 3. Дара кәсіпкердің табысы
183-бап. Дара кәсіпкердің табысы
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, дара кәсiпкердiң салық салынатын табысы осы Кодекстiң 83 - 133, 136, 137 және 224-баптарына сәйкес корпоративтiк табыс салығы салынатын объектiнi айқындау үшiн белгiленген тәртiппен, сондай-ақ осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып және осы Кодекстің 166-бабының 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салықтық шегерімдермен айқындалады.
1-1. Осы баптың 1-тармағына сәйкес дара кәсіпкердің салық салынатын табысын айқындау кезінде осы Кодекстің 133-бабының 2-тармағы 2), 3), 3-1), 3-2), 6) және 7) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.
2. Егер осы Кодекстің 61-тарауында өзгеше тәртіп белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес салық салынатын табысын осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметпен қамтылған қызметкерлердің салық салынуға жататын, осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағына сәйкес шегеруге жатқызылатын табыстары бойынша салық кезеңінде есепке жазылған жұмыс беруші шығыстарының бір еселенген мөлшеріне азайтады.
§ 4. Басқа табыстар 184-бап. Басқа табыстар
1. Мыналар салық төлеушінің салық салуға жататын басқа да табыстарына жатады:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстар;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттерi болып табылмайтын, шет мемлекеттің дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары;
3) осы тармақтың 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, үй қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;
3-1) Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алынуға жататын) табыстары;
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлесті талап ету құқығын беруден түскен табыстар;
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасасылған еңбек шарттары (келісімшарттар) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары;
6) салық агенті болып табылмайтын тұлғалардан "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған медиаторлардың табыстары.
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түскен, салық салынуға жататын, олар бойынша төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді табыс етуіне байланысты жүргізілмеген табыстар.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген табыстарға салық салу осы Кодекстің 27-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
2-1. Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер осы баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңінің ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептеледі.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.
Осы баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.
Табыстың салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған (алынуға жататын), республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшерінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептелген сомасына азайтылған табыстар сомасы ретінде айқындалады.
Салық кезеңі ішінде бюджетке Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылмайды немесе есепке жатқызылмайды.
Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші осы Кодекстің 186-бабының 2-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, болатын жері бойынша жүзеге асырады.
3. Талап ету құқығын беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлесті талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.
4. Талап ету құқығын беру құны мен осындай құқықты бұрын сатып алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлесті талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.
21-тарау. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ
185-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер:
1) дара кәсіпкерлер;
2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар;
3) мүліктік табыс алған жеке тұлғалар;
4) басқа табыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
6) меншік құқығында:
шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер) мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жататын жылжымайтын мүлкі;
эмитенттері Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тіркелген бағалы қағаздары;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар жеке тұлғалар тапсырады.
2. "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар салық салу объектісі болып табылатын кірістері және Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлкі туралы декларацияны ұсынады.
3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салу объектісіне қосылатын табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етпейді.
186-бап. Декларацияны табыс ету мерзімдері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.
2. Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған, Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.
Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Бұл ретте, осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.
187-бап. Салық төлемінің расталмауы
Осы Кодекстің 185-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етуші салық төлеушілер жеке табыс салығын төлегенін растамаған жағдайларда, жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке табыс салығының төленгені расталмаған табыс сомасына қолдану жолымен жүргізіледі.
7-БӨЛІМ.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚ САЛУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
22-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
188-бап. Халықаралық салық салудың негізгі принциптері
1. Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстарынан салықтар төлейді.
2. Қазақстан Республикасында бейрезиденттер осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табыстардан салық төлейді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстардан да салық төлейді.
3. Резиденттер мен бейрезиденттер Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген өзге де салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді осындай міндеттемелер туындаған кезде төлейді.
189-бап. Резиденттер
1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.
2. Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үздіксіз он екі айлық кезеңде кемінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерін қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады.
3. Бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
1) жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;
2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;
3) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында кез келген уақытта тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін қолжетімді, оған және (немесе) оның отбасы мүшелеріне меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі болса, жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан деп қарастырылады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген:
1) мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жіберген адамдар, оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелері;
2) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралдарының экипаж мүшелері;
3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлімдердің, топтардың, контингенттердің немесе құрамалардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы;
4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының субъектілерінің меншігі болып табылатын объектілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтіндер;
5) оқу немесе практикадан өту мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген студенттер, тағылымдамадан өтушілер мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудің бүкіл кезеңінде;
6) сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңінде;
7) емделу немесе сауықтырудан өту, профилактикалық ем алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да кез келген өлшемдерге қарамастан, резидент жеке тұлғалар деп танылады.
5. Осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар да Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.
Нақты органның (директорлар кеңесінің немесе сол сияқты органның) негізгі басқару және (немесе) бақылау жүзеге асырылатын, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылданатын жиналысы өткізілетін орын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп танылады.
190-бап. Бейрезиденттер
1. Осы Кодекстің мақсатында мыналар:
1) осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне қарамастан, қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бейрезиденттер болып танылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар бейрезиденттер деп танылады.
2. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
191-бап. Бейрезиденттің тұрақты мекемесі
1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп қызметін жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметін сол арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы мынадай қызмет орындарының бірі танылады:
1) тауарларды өндіру, өңдеу, жинақтау, орау, буып-түю және (немесе) беру жүзеге асырылатын кез келген орын;
2) кез келген басқару орны;
3) жер қойнауын геологиялық зерттейтін, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруге дайындық жұмыстарын және (немесе) пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын және (немесе) пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өңдеуді бақылау және (немесе) қадағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін кез келген орын;
4) құбыржолға байланысты қызметті (оның ішінде бақылау немесе қадағалау) жүзеге асыратын кез келген орын;
5) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, ретке келтiруге және пайдалануға байланысты, сондай-ақ көлiк немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын;
7) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізу орны;
8) құрылыс қызметін және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын, сондай-ақ осы жұмыстардың орындалуын қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсететін кез келген орын;
9) осы баптың 4-тармағында аталған қызметті жүзеге асыратын өкілдікті қоспағанда, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері;
10) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында бейрезиденттің атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғаның орналасқан жері;
11) шет мемлекеттің не мұндай бірлескен қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейрезидентпен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан жері.
2. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 1-тармағында көзделмеген қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау кезінде, егер мұндай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасының аумағында бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген келесі он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен астам жалғасатын болса, осындай мақсаттар үшін бейрезидент жалдаған қызметші немесе басқа персонал арқылы қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау орны тұрақты мекеме деп танылады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін олар бойынша келісімшарттар (шарттар) өзара байланысты немесе өзара тәуелді болып табылатын жобалар байланысты жобалар деп танылады.
Бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:
1) мұндай келісімшарттар (шарттар) бойынша бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы қандай да бір салық агентіне немесе оның өзара байланысты тарапына бірдей немесе біртектес қызметтер (жұмыстар) көрсететін (орындайтын);
2) бір келісімшарт (шарт) бойынша қызметтер көрсету (жұмыстар орындау) аяқталған күн мен басқа келісімшарт (шарт) жасалған күн арасындағы уақыт кезеңі келесі он екі айдан аспайтын келісімшарттар (шарттар) өзара байланысты келісімшарттар (шарттар) деп танылады.
Бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы салық агентімен немесе оның өзара байланысты тарапымен жасаған келісімшарттар (шарттар) өзара тәуелді деп танылады, бейрезиденттің немесе оның өзара байланысты тарапының олардың біреуі бойынша міндеттемелерін орындамауы мұндай бейрезиденттің немесе оның өзара байланысты тарапының басқа келісімшарт (шарт) бойынша міндеттемелерді орындауына әсер етеді.
3. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген көрмелерде және жәрмеңкелерде өткізу кезінде, егер мұндай өткізу күнтізбелік он күннен астамға созылса және осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, бейрезидент Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.
4. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасының аумағында бейрезиденттiң негiзгi қызметiнен ерекшеленетiн дайындық және көмекшi сипаттағы қызметтi жүзеге асыруы, егер мұндай қызмет үш жылдан аспайтын болса және осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайды. Бұл ретте дайындық және көмекшi сипаттағы қызмет үшінші бір тұлғалар үшiн емес, резиденттiң өзi үшiн жүзеге асырылуға тиiс. Дайындық және көмекшi сипаттағы қызметке:
1) кез келген орынды бейрезидентке тиесiлi тауарды сақтау және (немесе) көрсету мақсатында ғана пайдалану;
2) тауарларды өткізбей, оларды сатып алу мақсатында ғана тұрақты қызмет орнын ұстау;
3) тұрақты қызмет орнын, егер мұндай қызмет осы бейрезиденттiң негiзгi қызметi болып табылмаса, ақпарат жинау, өңдеу және (немесе) тарату, бейрезиденттiң өткізетін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін жарнамалау немесе олардың нарығын зерделеу үшiн ғана ұстау жатады.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметiн тәуелдi агент (жеке немесе заңды тұлға) арқылы жүзеге асырса, онда мұндай бейрезидент, егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, тәуелдi агент ол үшiн жүзеге асыратын кез келген қызметке байланысты тұрақты мекемесi бар бейрезидент ретiнде қарастырылатын болады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін тұлға тәуелді агент деп танылады:
1) шарттық қатынастар негізінде Қазақстан Республикасында бейрезиденттің мүдделерін білдіруге, бейрезиденттің атынан және есебінен әрекет етуге және (немесе) белгілі бір заңды іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік беріледі;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған қызметті ол кеден өкілінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметі және өзге де брокерлік қызмет (сақтандыру брокерінің қызметін қоспағанда) шеңберінде жүзеге асырмайды;
3) оның қызметі осы баптың 4-тармағында санамаланған қызмет түрлерімен шектелмейді.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған бейрезидент заңды тұлғаның еншiлес ұйымы, егер еншiлес ұйым мен бейрезидент заңды тұлға арасында осы баптың 5-тармағының ережелерiне сай келетiн қатынастар туындаса, бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылады. Өзге жағдайларда бейрезидент заңды тұлғаның еншiлес ұйымы бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылмайды.
7. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаға, оның iшiнде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын бейрезидентке Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн бейрезидент бiр мезгiлде мынадай талаптарды орындаған кезде:
1) егер мұндай персонал өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және соның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;
2) шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн бейрезидент ұсынылған персоналдың жұмыс нәтижелерi үшін жауапты болмаса;
3) бейрезиденттiң шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден салық кезеңінде алатын табысы бейрезиденттiң осындай персоналды ұсыну бойынша көрсетілген кезеңдегі шығындарының жалпы сомасының он пайызынан аспайтын болса, Қазақстан Республикасында мұндай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.
Шетелдiк персоналдың табыстарын қоса алғанда, осындай қызметтер көрсетуге арналған шығындардың сомасын растау үшiн бейрезидент көрсетілетін қызметтерді алушыға бастапқы құжаттарының көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi. Осы тармақта белгіленген талаптарды орындау кезінде, шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызметтер көрсететін бейрезиденттiң табысынан корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін бейрезиденттiң мұндай қызметтерi Қазақстан Республикасынан тыс жерде көрсетілген қызметтер болып танылады.
8. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстiң 562-бабында белгiленген тәртiппен салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.
Егер бейрезидент бір салық органында тіркелуге жататын екі және одан да көп тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жағдайда, онда бейрезиденттің мұндай тұрақты мекемелерінің тобы бойынша жиынтық түрде бір тұрақты мекеме тіркелуге жатады.
Егер бейрезиденттің осы баптың 2, 3, 4, 5 немесе 7-тармақтарында көзделген қызмет түрлерінің бірін жүзеге асыратын тіркелген тұрақты мекемесі болса және ұқсас немесе осындай қызметті мұндай тұрақты мекеме тіркелген орыннан өзгеше орын бойынша жүзеге асырса, онда мұндай қызметті жүзеге асыру тұрақты мекеме құруға әкеп соғады және ұқсас немесе осындай қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап тіркелуге тиіс.
Егер бейрезидент қызметін мұндай бейрезиденттің тұрақты мекемесін салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастағаннан кейін келесі он екі айлық кезең ішінде қайта бастаса, онда мұндай бейрезидент тұрақты мекеме құрған деп танылады және мұндай қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Осы бөліктің ережелері, егер бейрезидент салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алынып тасталған мұндай бейрезиденттің тұрақты мекемесінің сондай немесе соған ұқсас қызметі болып табылатын, осы баптың 2, 3 немесе 4-тармақтарында аталған қызмет түрлерінің бірін жүзеге асырған жағдайда, қолданылады.
9. Бейрезиденттер қызметін Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жүзеге асырған жағдайда:
1) мұндай шартқа әрбір қатысушының қызметі осы бапта белгіленген ережелерге сәйкес келген кезде тұрақты мекеме құрады;
2) салық міндеттемесін орындауды мұндай шартқа әрбір қатысушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес жүзеге асырады.
10. Бейрезиденттiң салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркелмегенiне немесе әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өтпегенiне қарамастан, бейрезиденттiң қызметi осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.
11. Осы Кодекстi қолдану мақсатында бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнi ретiнде:
1) мыналарға:
Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге;
өз атынан Қазақстан Республикасында iс-әрекет жасауға өкiлеттiктер беруге;
өткізу мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлар сатып алуға;
Қазақстан Республикасында бiрлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге;
Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған келiсiмшарттың (шарттың, келiсiмнiң) бiрiн жасасу;
2) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғамен алғашқы еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шартты жасасу күнi не осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген келiсiмшарт талаптарын орындау үшiн қызметкердiң Қазақстан Республикасына келген күнi танылады. Бұл ретте бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнi осы тармақшада көрсетiлген алғашқы күндердiң бiрiнен бұрын бола алмайды;
3) осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға бейрезиденттің құқығын куәландыратын құжаттың күшіне енген күні танылады.
Осы тармақтың бiрнеше талаптары болған жағдайда, осы тармақта көрсетiлген күндердiң неғұрлым бұрынырағы Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыруды бастаған күн болып танылады.
12. Егер бейрезидент қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы баптың 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын филиал немесе өкiлдiк арқылы қызметiн жүзеге асырған жағдайда, онда бейрезиденттiң мұндай филиалына немесе өкiлдiгiне осы Кодекстiң бейрезиденттiң тұрақты мекемесi үшiн көзделген ережелерi қолданылатын болады. Бұл ретте мұндай филиалдың немесе өкiлдiктің осы Кодекстің 217-тармағына сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқықтары бар.
192-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары
1. Табыстардың мынадай түрлері бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары болып танылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтер көрсетуді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар.
Осы бөлімнің мақсатында:
сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;
банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасы резидентінің құрылымдық бөлімшесіне банк шоттарын ашу және жүргізу, аудару, кассалық операциялар, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша көрсетілген қызметтерді қоспағанда);
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі;
орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі қаржылық қызметтерді көрсету деп танылады;
4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер.
Осы тармақшаның ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында тіркелген бейрезиденттің осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызметтер көрсетуінен түсетін кірістеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған әуежай қызметінен түсетін кірістерге қатысты қолданылмайды;
5) мыналарды:
Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқық немесе мүлікпен жасалатын мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;
егер бейрезидент заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан да көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
6) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидентке борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар.
Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға берілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;
7) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезиденттен борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар.
Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері талап ету құқығын басқаға беру күніне негізгі борышты, оның ішінде негізгі борыштан жоғары соманы талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;
8) бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және санкциялардың басқа да түрлері;
9) резидент заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар;
10) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
11) эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар;
12) роялти нысанындағы табыстар;
13) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға беруден) түсетін табыстар;
14) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;
15) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар;
16) халықаралық тасымал жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар.
Әртүрлі мемлекеттерде орналасқан, біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын пункттер арасында жүзеге асырылатын теңіз, өзен немесе әуе кемесімен, автокөлік құралымен немесе темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны кез келген тасымалдаулар осы бөлімнің мақсатында халықаралық тасымалдар болып танылады.
Осы бөлімнің мақсатында мыналар:
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі пункттер арасында ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында ғана жүзеге асырылатын тасымал;
пайдалы қазбаларды құбыржолдармен тасымалдау халықаралық тасымалдар болып танылмайды;
16-1) теңіз тасымалы шартында (келісімшартта) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операцияларында кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі табыс;
17) Қазақстан Республикасының аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан түсетін табыстар;
18) бейрезидент жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстары;
18-1) бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алынуға жататын) табыстары;
19) өздеріне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты, мұндай міндеттерді нақты орындайтын жеріне қарамастан, басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелері алатын өзге де төлемдер;
20) жұмыс беруші болып табылатын резидент немесе бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты бейрезиденттің жеке тұлғаға төлейтін үстемақылары;
21) бейрезидент жеке тұлғаның жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары.
Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда деп, оның ішінде:
бейрезидент жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемі;
бейрезидент жеке тұлға өткізген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
бейрезидент жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады;
21-1) бейрезидент жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі табыстары.
Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда деп, оның ішінде:
бейрезидент жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемі;
бейрезидент жеке тұлғаға өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
бейрезидент жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады;
22) резидент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
23) қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино артистеріне, радио, теледидар қызметкеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;
24) егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент немесе бейрезидент төлейтін ұтыстар;
25) Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;
26) бейрезидент жеке тұлғаның резидент жеке тұлғадан өтеусіз алынған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүлік, оның ішінде жұмыстар, қызметтер түріндегі табыстары.
Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты жұмсалған шығыстар мөлшерінде айқындалады.
Өтеусіз орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қоспағанда, өтеусіз алынған мүліктің құны мүлікті беру күнгі мұндай мүлікті берген тұлғаның бухгалтерлік есебінің деректері бойынша оның баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.
Өтеусіз алынған мүліктің, сондай-ақ мұраға қалдырылған мүліктің құнын бухгалтерлік есеп деректерінен айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, берілген немесе мұраға енгізілген күніне мұндай мүліктің құны мынадай тәсілдердің бірімен:
мұндай мүлік алынған күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген құн негізінде;
көрсетілген бағалы қағазды мұраға алған (енгізілген) күні қазақстандық немесе шетелдік қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздың бағамдалуы негізінде белгіленеді.
Өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүліктің құнын осы тармақшада белгіленген тәртіппен айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, құн мүлікті бағалау туралы есептің негізінде айқындалады;
27) туынды қаржылық құралдар бойынша табыстар;
28) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын бейрезидент үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқарушы-резиденттен мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тағайындау туралы акт бойынша алынған табыстар;
28-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
29) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызмет нәтижесінде пайда болған басқа да табыстар.
Бұл ретте осы баптың 3), 4), 10) – 12), 21-1) және 24) тармақшаларының ережелері:
резиденттің;
егер төлемдер осындай тұрақты мекеменің қызметіне немесе мүлкіне байланысты болса, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің;
егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, бейрезиденттің филиалының, өкілдігінің табыстарды есептеуі және (немесе) төлеуі шартымен қолданылады.
2. Мыналар:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің табыстарынан есептелген және салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы;
2) өздеріне резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге органның) мүшелері жұмсаған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:
осындай шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде бронь үшін шығыстар төлемін қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және қайту жолына нақты жұмсалған шығыстар;
осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған, бірақ шетелде іссапарларда болған мемлекеттік қызметшінің отельдерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;
осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған шығыстар;
күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табысы болып табылмайды. Бұл ретте басқарушылық міндеттерді орындайтын орны тұрақты тұратын орнымен сәйкес келмеуге тиіс.
3) бейрезидент заңды тұлғаның:
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына;
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлері бойынша осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістері;
4) бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі кірістері бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірісі болып табылмайды.
23-тарау. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
193-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі
1. Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстарына шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынады.
Бұл ретте төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті осы Кодекстің 192-бабында көрсетілген, төлем көзінен салық салынатын табыстардың сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.
Төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыстар салығын есептеу мен ұстауды салық агенті:
1) есептелген және төленген табыстар бойынша – бейрезидент заңды тұлғаға табыстар төлеу күнінен кешіктірмей;
2) шегерімге жатқызылған, есептелген және төленбеген табыстар бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей жүргізеді.
1-1. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес айқындалады.
2. Төлем көзiнен корпоративтік табыс салығын бейрезидент заңды тұлғаға табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агентi ұстайды.
3. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:
1) дара кәсіпкерге;
2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға;
3) заңды тұлғаға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі.
Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға оның филиалы, өкілдігі немесе филиал немесе өкілдік ашпаған тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады;
4) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитент резидентіне;
5) осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған кезде, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі.
3-1. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің табыстарынан есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.
4. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша бейрезиденттің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу табысты төлеу деп түсініледі.
Осы бөлімнің мақсатында салық салу объектілерін осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес түзету кезінде пайда болатын дивидендтерге салық салу кезінде кірісті төлеу деп осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес кірісті айқындау түсініледі. Бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім кірісті төлеу күні болып табылады.
4-1. Бейрезиденттермен жасалған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жұмыстардың, қызметтердің алуан түрлерінің орындалуын, көрсетілуін көздейтін ережелер болған кезде, осы бапта белгіленген төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау тәртібі жұмыстардың, қызметтердің әр түріне жеке қолданылады. Бірыңғай өндірістік-технологиялық цикл шеңберінде бейрезидент орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің әрбір кезеңі бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау мақсатында жұмыстардың, қызметтердің жеке түрі ретінде қаралады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша бейрезиденттің жалпы табыстар сомасы Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға негізделіп бөлінуге тиіс.
Осы тармақтың ережелерін қолдану мақсатында бейрезидент Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға бейрезиденттің жалпы табыс сомасын бөлу негізділігін растайтын есептік құжаттаманың көшірмелерін қызметтер алушыға табыс етуге міндетті.
Осы баптың ережелеріне сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасында салық салынуға тиісті табысының сомасын төмендетуге әкеп соққан бейрезиденттің табысын негізсіз бөлген кезде, Қазақстан Республикасында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де бейрезиденттің жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған жиынтық табыс сомасы салық салуға жатады.
5. Мыналар:
1) осы тауар беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар беруге байланысты төлемдер салық салынуға жатпайды.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) осындай шығыстар бойынша сомалар жеке бөлінбей енгізілген болса, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстарды ескере отырып, шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасының негізінде айқындалады.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар енгізілген болса, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сома мұндай шығыстардан бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлар бойынша құн осындай шығыстардың құны есепке алынбай айқындалады;
2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
3) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бiр мезгiлде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер салық салынуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесiн құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кіріс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.
Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, мұндай дивидендтер бойынша қолданылмайды;
3-1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның дивидендтерді есепке жазу күнінің алдындағы 12 айдың ішінде көрсетілген кезеңде өзінің өндірістік қуаттарында өндірген минералдық шикізаттың кемінде 35 пайызын қайта өңдеуді (бастапқы өңдеуден кейін) жүзеге асыруы шарттары орындалған кездегі төлейтін дивидендтер салық салынуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын, бірақ аудит растаған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы есептілік күніне бөлінбеген пайданың 30 пайызынан аспайтын кіріс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың салым мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қойған кезінде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Кейіннен қайта өңдеуге бағытталған минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
1) минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;
2) бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруде пайдаланылған минералдық шикізат ескеріледі.
4) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша, оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегі табыстар;
5) осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
7) егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін кірістер.
Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
8) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
9) осы Кодекстің 216-бабында көрсетілген бейрезидент заңды тұлғаның шартты банктік салымдары бойынша сыйақылары;
10) біртұтас құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалданатын шикі мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер;
11) резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы;
12) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін табыстар;
13) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
14) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;
15) алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 337-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16) алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 337-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
17) банктің сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарында қамтылған, қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелер тізбесіне енгізілген міндеттемелерін бейрезидент кешірген жағдайларда, осындай міндеттемелер бойынша шегерімге жатқызылған, есепке жазылған және төленбеген сыйақылар түріндегі табыстар;
Осы тармақшаның ережелері дауыс беретін акцияларының 80 пайыздан астамын банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке қолданылмайды.
18) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы;
19) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы салық салынуға жатпайды.
6. Бейрезидент заңды тұлғаның өз табыстарын үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан, осы бейрезиденттің табыстарына төлем көзінен салық салынады.
194-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері
Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:
1) осы баптың 2)-6) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстар - 20 пайыз;
2) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген табыстар - 20 пайыз;
3) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 15 пайыз;
4) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 5 пайыз;
5) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар – 5 пайыз;
6) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти - 15 пайыз.
195-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын аударудың тәртібі мен мерзімдері
1. Бейрезидент заңды тұлғаның кірістерінен ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салық агенті бюджетке:
1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа кезде, кірістің есепке жазылған және төленген сомалары бойынша – кірісті төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша;
2) кірістің есепке жазылған, бірақ шегерімге жатқызу кезінде төленбеген сомалары бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бейрезиденттің кірістері шегерімге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңіндегі соңғы күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуға тиіс.
Осы тармақшаның ережесі өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;
3) алдын ала төлем төленген жағдайда – төленген алдын ала төлем сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс есепке жазылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуға тиіс.
2. Егер бейрезиденттің табысының есептелген сомасы осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда шегерімге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте бейрезидентке мұндай табысты төлеу осындай кезең өткеннен кейін жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығын салық агенті осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға тиіс.
3. Төлем көзінен табыс салығының сомасын бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан бюджетке аударуды салық агенті өзі орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға төлем көзінен табыс салығының сомасын бейрезиденттің табыстарынан бюджетке аударуды өзінің тұрақты мекемесі орналасқан жер бойынша жүргізеді.
196-бап. Салық есептілігін табыс ету
Салық агентi өзiнің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезиденттiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмде:
1) бірінші, екінші және үшінші тоқсандар үшін – бейрезидентке табыстар төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей;
2) төртінші тоқсан үшін – бейрезидентке табыстар төлеу жүргізілген және (немесе) бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 148-бабында белгіленген есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуге мiндеттi.
196-1-бап. Салық есептілігін табыс ету ерекшеліктері
Табыс салығын осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес есептейтін бейрезиденттер корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 149-бабында белгіленген мерзімде орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етеді.197-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстардан салықты есептеу, ұстау және аудару
1. Осы бап мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқық немесе мүлікпен жасалатын мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
3) резидент шығарған акцияларды және жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;
4) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, резидент заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;
5) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, бейрезидент заңды тұлға шығарған акцияларды және бейрезидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады.
Бұл ретте құн өсiмi мынадай тәртіппен:
1) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мүлікті өткiзу кезінде - мүлікті өткiзу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде;
2) акцияларды және қатысу үлестерiн өткiзу кезінде - осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.
1-1. Осы Кодекстің осы бабының және 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) заңды тұлға активтерінің құнындағы мүлкінің үлесі акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу немесе дивидендтерді төлеу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкі құнының (құндарының) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің осы бабының және 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнындағы мүлкінің үлесі қатысу үлестерін өткізу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін қатысу үлестері өткізілетін консорциумға қатысушылар иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны сомасының осындай қатысушылар активтерінің жалпы құны сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкінің құны:
1) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесінің;
2) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.
Дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның барлық активтері баланстық құнының сомасы осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құны болып танылады.
Активтердің баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе ондағы қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе осындай консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:
1) дивидендтер төлеген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнгі жеке қаржы есептілігінің;
2) дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күні жеке қаржы есептілігі болмаған кезде – дивидендтер төлеу немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығын сатып алушыға беру күнінің алдындағы соңғы есепті күнгі жеке қаржы есептілігінің деректері негізінде айқындалады.
2. Осы Кодекстің 193-бабының 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, бейрезиденттің осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстары осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.
2-1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мыналарды:
1) сәйкестендіру нөмірін және (немесе) резиденттік еліндегі оның аналогын және көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) өткізуші және сатып алушы заңды тұлғаның атауын және (немесе) жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
2) көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағаларын;
3) жасалған мәміле бойынша табыс төлеу күнін;
4) мәміле жасасқан жылдың алдындағы соңғы үш жылда ол өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәліметтерді;
5) басқа тұлғалармен мүлікті өткізуші тұлғаның үлестестігі туралы мәліметтерді (тікелей немесе жанама қатысу мөлшерін) көрсете отырып, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді.
2-2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан мәліметтер алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзіне сатылы тұрғыда тікелей бағынысты салық органына бір мезгілде хабарлай отырып, осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.
3. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаға акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алушы туралы, сондай-ақ мұндай акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағасы туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.
4. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізуші тұлға сатып алушыға - салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті.
Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етпеген жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.
5. Табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін салық агентіне жүктеледі.
Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің, сондай-ақ қызметі осы Кодекстің немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиалының, өкілдігінің болуына немесе болмауына қарамастан, салық агенті болып танылады.
5-1. Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде табыс алатын бейрезидент осындай табыс сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді.
6. Салық агенті болып табылатын бейрезидент осы Кодекстің 562-бабында белгілеген тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
7. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, бейрезидентке табысты төлеу кезінде ұстайды.
8. Салық агентi табыс салығының сомасын бюджетке аударуды осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi.
Осы баптың 5-1-тармағына сәйкес есептелген табыс салығын бюджетке аудару салық есептілігін тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін салық агенті осы Кодекстің 196 және 203-баптарында белгіленген мерзімде өзінің Қазақстан Республикасындағы тіркелу есебінің орны бойынша салық органына табыс етеді.
Табыс салығын осы баптың 5-1-тармағына сәйкес есептейтін бейрезиденттер табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 196-1 және 205-баптарында белгіленген мерзімде табыс етеді.
9. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнiң (салық төлеушінің) қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Бейрезиденттiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін осындай резидент заңды тұлға салық агентінен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агентi (салық төлеуші) аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның табысы болып танылмайды.
10. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бейрезидент үшiн құн өсiмiнен түсетін табыстардан табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлға осы тармаққа сәйкес табыс салығын төлеу кезінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
Бұл ретте бейрезидент үшiн төленген салық сомасы жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезiнде шегерiмге жатқызылмайды.
11. Салық агентi (салық төлеуші), осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 85 және 86-тарауларында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледі.
12. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24-тарау. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
198-бап. Салық салынатын табысты анықтау
1. Егер осы Кодекстің осы бабында және 200-бабында өзгеше белгіленбесе, бейрезидент заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, оның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін табысынан корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстің осы бабының және 83-149-баптарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
1-1. Алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 337-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық кірісін тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай кіріс түрлері:
1) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстар;
2) осы Кодекстің 85-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген табыстар;
3) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден, оның ішінде қызметшілер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алған табыстар;
4) бейрезидент заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің табыстарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алатын осы бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес табыстары құрайды.
Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық кірісіне осы Кодекстің 192-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістер қосылмайды.
3. Бейрезидент кәсіпкерлік қызметті өзінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс осындай тұрақты мекеменің табысы болып есептеледі.
Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып, айқындалады.
4. Қазақстан Республикасындағы бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесі өндірген тауарларды бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бөлімшесі өткізетін жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс бейрезидент заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесінің табысы болып есептеледі.
Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып, айқындалады.
5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістерді алуға бағытталған шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістерді алумен тікелей байланысты шығыстар, олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде жұмсалғанына қарамастан, шегерімге жатады.
6. Бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:
1) осы бейрезидент заңды тұлғаның меншігін немесе зияткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, гонорарлар, алымдар және басқа да төлемдер;
2) бейрезидент заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне көрсеткен қызметтері үшін табыстар;
3) осы бейрезидент заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне берген қарыздары бойынша сыйақылар;
4) бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;
5) құжатпен расталмаған шығыстар;
6) бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.
199-бап.
Таза табысқа салық салу тәртібі
1. Бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысына 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.
Таза табыс мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын табыс
алу
осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысты көбейту жолымен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы.
2. Таза табысқа корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.
3. Бейрезидент заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы қызметінен түсетін таза табысына корпоративтік табыс салығын төлеуді корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде жүргізуге міндетті.
200-бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі
1. Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесі біреуден артық болған жағдайда бейрезидент корпоративтік табыс салығын осы бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы оның тұрақты мекемелерінің тобы бойынша жиынтық түрде төлеуге құқылы.
Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға есепті салық кезеңінің алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей:
1) уәкілетті органды - тұрақты мекемелердің қайсысы корпоративтік табыс салығын есептеуді және төлеуді жүргізетіні туралы;
2) тұрақты мекемелері орналасқан жердегі салық органдарын — таңдап алынған тұрақты мекеме өзінің барлық тұрақты мекемелері бойынша бюджетке салық төлеуді жүргізетіні туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиіс.
Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің салық салынатын табыстарының жиынтығынан есептеледі.
Бұл ретте таңдап алынған тұрақты мекеме өзінің орналасқан жері бойынша бейрезидент заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемелерінің бүкіл тобы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша жалпы декларацияны табыс етуге тиіс.
2. Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 198-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген табыстарды төлеуді жүзеге асыратын салық агенті бір мезгілде:
1) бейрезидент заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғамен жасалған келісімшарт болмаған;
2) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша филиал, өкілдік ашпай бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі, тұрақты мекемесі жазып берген шот-фактура болмаған жағдайларда көрсетілген табыстардан корпоративтік табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды осы Кодекстің 194-бабының 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлеме бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай жүргізеді.
Салық агенті бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзінен ұстаған корпоративтік табыс салығы аталған бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салық міндеттемелерін өтеу шотына есепке алуға жатқызылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға тұрақты мекеме құрылған күннен бастап корпоративтік табыс салығын осы Кодекстің 198 және 199-баптарына сәйкес ретроспективті тәртіппен есептейді және тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына көрсетілген табыстарды қоса отырып, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс етеді.
Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы осы тармаққа сәйкес осындай бейрезидент заңды тұлғаның табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады. Азайту салық агентінің салықты ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Осы тармаққа сәйкес бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма қоса алғандағы келесі он салық кезеңіне ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын біртіндеп азайтады.
3. Осы Кодекстің 562-бабының талаптарын бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелмеген бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен алатын табыстарына осы Кодекстің 194-бабының 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлеме бойынша шегерімдерді жүзеге асырмастан, төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
Осы Кодекстің 562-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген, тұрақты мекеме арқылы қызметті жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға салық салу объектілерін және тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезеңде туындаған салық салуға байланысты объектілерді салықтың тиісті түрлері бойынша бастапқы ұсынылатын декларацияларда көрсетуге, салық агентінің салық міндеттемелерінен басқа, осыған байланысты туындаған салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін есептеуге және орындауға міндетті.
Бұл ретте тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезең үшін осындай бейрезидент заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетілген кезеңге осындай бейрезидент заңды тұлғаның табысынан осы тармаққа сәйкес төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.
Азайту салық агентінің салықты ұстауын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.
25-тарау. Бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
200-1-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары
1. Бейрезидент жеке тұлғаның мынадай табыстары салық салуға жатпайды:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде олардың банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша бейрезидент жеке тұлғаларға төленетін сыйақылар;
2) сыртқы сауда қызметі жөніндегі келісімшартқа байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді қоспағанда, осы сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізумен байланысты төлемдер;
3) резидент сатып алушылар төлеген сатып алу кезіндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылар сомалары;
4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелері:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын кіріс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.
Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, мұндай дивидендтер бойынша қолданылмайды;
5) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша оларды осы қордың басқарушы компаниясы сатып алған кездегі табыстар;
6) осындай дивидендтер мен сыйақылар есебіне жатқызу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
7) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
8) егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткізу күніне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.
Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
9) өткізу күні осы қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
10) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
11) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
12) Қазақстан Республикасында табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдер;
13) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:
осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын бейрезидент жеке тұлға алған материалдық пайда.
13-1) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы;
14) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы.
201-бап. Төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында айқындалған табыстарына осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген мөлшерлемелер бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай салынады.
Төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді және ұстауды салық агенті бейрезидент жеке тұлғаға табыстар төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Кіріс шетел валютасымен төленген кезде төлем көзінен салық салынатын кіріс мөлшері кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып теңгемен қайта есептеледі.
Бюджетке бейрезидент жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы тармаққа сәйкес салық ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.
1-1. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес айқындалады.
2. Осы баптың ережелеріне қарамастан, осы Кодекстің 200-1-бабы 1-тармағының 9), 10) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстің 197-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару осы Кодекстің 197-бабына сәйкес жүргізіледі.
3. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 163-бабы 2-тармағында айқындалған табыстарды қоса алғанда, төлем көзінен салық салынатын, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшаларында айқындалған табыстар сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді.
Төлем көзінен жеке табыс салығын салық агенті осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, бейрезидент жеке тұлғаға табыс төлеу күнінен кешіктірмей ұстайды.
Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті.
4. Салық агенті бейрезидент жеке тұлғаға табыс төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстайды.
5. Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын бейрезиденттің шетелдік персоналды ұсынуы кезінде мұндай персоналдың Қазақстан Республикасындағы қызметінен алынған табысына төлем көзінен жеке табыс салығы салынады.
Бұл ретте бейрезидент жеке тұлғалардың табыстары, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты мұндай персонал алатын өзге материалдық пайда жеке табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Егер ұсынылған персоналға табысты бейрезидент төлеген жағдайда, жеке табыс салығын есептеу мақсатында салық базасын осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағына сәйкес бейрезидент табыс ететін құжаттар негізінде салық агенті айқындайды.
Шетелдік персонал табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті бейрезидент заңды тұлғаға шетелдік персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер үшін табыс төленген кезде жүргізеді.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, шетелдік персоналдың осы тармаққа сәйкес айқындалған табыстарының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді.
Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті.
6. Төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:
1) дара кәсіпкерге;
2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға;
3) заңды тұлғаға, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі.
Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға оның филиалы, өкілдігі немесе филиал немесе өкілдік ашпаған тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады;
Осы тараудың мақсаттары үшін резидент заңды тұлға өз шешімімен осы Кодекстің 161-бабында белгіленген тәртіппен мұндай құрылымдық бөлімше төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өз құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы;
4) заңды тұлғаға, оның ішінде осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын бейрезидент оған шетелдік персоналды берген, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке;
5) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитент резидентіне;
6) осы баптың 6-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптар орындалмаған кезде бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі.
7. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің табыстарынан есептелген жеке табыс салығының сомасын салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.
202-бап.
Қазақстан Республикасында тұрақты
мекемесі жоқ бейрезидент заңды тұлғаның
шетелдік қызметкерлерінің табыстарына
салық салу тәртібі
1. Осы баптың ережелері, егер осы Кодекстің 201-бабының 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 163-бабында айқындалған табыстарды қоса алғанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20), 21) тармақшаларында айқындалған Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ бейрезидент заңды тұлғаның қызметкерлері болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың табыстарына салық салуға қолданылады. Бұл ретте осы баптың ережелері бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
1) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның жұмыскері болып табылса;
2) шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 189-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылса, қолданылады.
Егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылмаса, онда осы Кодекстің 163-бабында көрсетілген табыстарды қоса алғанда, мұндай тұлғаның осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20), 21) тармақшаларында көрсетілген табыстары салық салуға жатпайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірістерінен төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидент заңды тұлға соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін тұлғаға (оның ішінде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті деп танылады.
3. Жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық шегерімдері жүзеге асырылмай, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам мен бейрезидент заңды тұлға арасында жасалған еңбек шартында (келісімшартта) көрсетілген бейрезидент жеке тұлғаның табысынан жүргізіледі. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға салық агентіне Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен жасалған жеке еңбек шарттарының (келісімшарттардың) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін табыс етуге міндетті.
4. Салық агентi табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, бейрезидент заңды тұлғаға табыс төлеу күнінен кешіктірмей төлем көзiнен жеке табыс салығын есептейді және ұстайды.
5. Бюджетке шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы баптың 4-тармағына сәйкес салық ұсталуға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.
203-бап.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар
бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік
салық жөніндегі декларацияны табыс ету
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны салық агенті есепті салық кезеңдері кіретін тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тоқсан сайын салық төлеу орны бойынша салық органына табыс етеді.
204-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның табыстарына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі
1. Осы баптың ережелерi бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына қолданылады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бейрезидент жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағында көрсетiлген табыстарынан жеке табыс салығын есептеу салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай, табыстың есептелген сомасына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген мөлшерлемені қолдану жолымен жүргiзiледi.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығын төлеудi бейрезидент жеке тұлға салық кезеңi үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей дербес жүргiзедi.
4. Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер төлеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерiнде бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептеледі.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.
Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.
Табыстың салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған (алынуға жататын), республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшерінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептелген сомасына азайтылған табыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Салық кезеңі ішінде бюджетке бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылмайды немесе есепке жатқызылмайды.
Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші осы Кодекстің 205-бабында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, болатын жері бойынша жүзеге асырады.
205-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекске сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын табыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын бейрезидент жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу жағдайында, бейрезидент жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуге және ағымдағы салық кезеңі ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке табыс салығы бойынша декларация ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге осындай тұлға шыққан күнге дейінгі кезеңге табыс етіледі.
Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған, бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.
Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Бұл ретте осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.
26-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР БОЙЫНША АРНАУЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР
206-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы
1. Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын, қосарланған салық салуды болғызбау және табысқа немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі осы тараудың және осы Кодекстің 27-тарауының мақсатында - халықаралық шарт) ережелері осындай шарт жасасқан мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті осы халықаралық шарттың ережелерін халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесінде пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережесі қолданылмайды.
207-бап. Халықаралық шарттарды қолдану тәртібі
Халықаралық шарттардың ережелерін қолдану осы Кодексте және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
208-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа салық салу мақсатында бейрезидент заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызу әдістері
1. Егер Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезінде халықаралық шарттың ережелері бейрезидент заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын (бұдан әрі – бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары) шегеруге жол берген болса, мұндай шығыстардың сомасы, мынадай:
1) шығыстарды пропорционалды бөлу әдісінің;
2) шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісінің бірі бойынша анықталады.
Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде іс жүзінде шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары осы Кодекстің осы бабының және 209 – 211-баптарының мақсаттары үшін бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары болып танылады.
Бұл ретте мыналар:
қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келген бейрезидент заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі немесе бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекемесі тікелей шеккен, осы Кодекстің 100 – 111, 111-1, 112–122-баптарына сәйкес шегерімге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары);
бейрезидент заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері немесе тұрақты мекемелері басқа елдерде тікелей шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары (бұдан әрі – басқа елдердегі тұрақты мекемелердің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары);
бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тіркелген тұрақты мекеменің қызметіне байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарына енгізілуге жатпайды.
2. Басқару және жалпы әкімшілік шығыстар – ұйымды басқаруға, басқарушы персоналдың өндірістік процеске байланысты емес еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстар.
3. Бейрезидент заңды тұлға өз таңдауы бойынша есепті салық кезеңі ішінде бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың көрсетілген әдістерінің біреуін ғана қолданады.
Бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі бейрезидент заңды тұлғаның шегерімге жатқызылатын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтитын корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның қосымшасында көрсетіледі.
4. Бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме халықаралық шарттың талаптары сақталған және өзінде мынадай растайтын құжаттар:
1) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін бейрезидент заңды тұлғаның резиденттігін растайтын құжат;
2) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
3) бейрезидент заңды тұлғаның өзі құрылған және (немесе) осындай заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған, бейрезидент заңды тұлғаның атауы жазылған, мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ басшының қойған қолымен расталған қаржылық есептілігінің көшірмесі болған кезде ғана шегерімге жатқызады.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілікте бейрезидентзаңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының жалпы сомасы жеке жолмен бөлек көрсетілуге тиіс;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген қаржылық есептілікте көрсетілген басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын:
шығыстардың түрлері бойынша бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын;
Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын көрсете отырып таратып жазу;
5) бейрезидент заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (осындай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті жүзеге асырылған кезде) болған кезде ғана шегерімге жатқызады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қаржылық есептіліктерде есептік көрсеткішті анықтаудың таңдап алынған тәсіліне қарай мынадай деректер:
1) тұтастай алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;
2) тұтастай алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың жалпы сомасы;
3) тұтастай алғанда негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны ашып көрсетілуге тиіс.
Егер осы тармақта көрсетілген құжаттар шет тілде жасалса, осындай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.
5. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны беру кезінде белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына табыс етеді.
6. Осы бапта белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге қабылдамайды.
209-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдісі
1. Пропорционалды бөлу әдісін пайдалану кезінде осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарының сомасы бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары мен есептік көрсеткіш сомаларының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
2. Есептік көрсеткіш бейрезидент заңды тұлғаның таңдауы бойынша мына тәсілдердің бірі:
1) бейрезидент заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірісі сомасының бейрезидент заңды тұлғаның, тұтастай алғанда, көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық кірісінің жалпы сомасына арақатынасы;
2) орташа шаманы (ОШ) үш көрсеткіш бойынша анықтау:
бейрезидент заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірісі сомасының бейрезидент заңды тұлғаның, тұтастай алғанда, көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық кірісінің жалпы сомасына арақатынасы (К);
Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есептілігінде ескерілген негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының бейрезидент заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңіндегі негізгі құралдарының жалпы бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы (НҚ);
Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі есепті салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша шығыстар сомасының бейрезидент заңды тұлға тұтас алғанда осындай салық кезеңінде персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады (ЕТ).
Орташа шама мынадай формула бойынша айқындалады:
ОШ = (Т + НҚ + ЕТ) .
210-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдісін жекелеген жағдайларда қолдану кезінде есептік көрсеткішті есептеудің ерекшеліктері
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің ұзақтығы сәйкес келмеген не салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің басталу және аяқталу күндері сәйкес келмеген жағдайда көрсетілген салық кезеңдерінің тең ұзақтығы кезінде салық төлеуші тұрақты мекемеге шегерімге жатқызылуға тиіс басқару және жалпыәкімшілік шығыстар сомасын есептеу кезінде пайдаланылатын, бейрезидент заңды тұлғаның резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректерін түзетуге міндетті.
Салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректерін түзету үшін түзеу коэффициенті (К) қолданылады, ол салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңін Қазақстан Республикасындағы салық кезеңімен сәйкес келтіреді.
2. Коэффициент (К) салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі салық кезеңінің айлары санының салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының санына арақатынасы ретінде айқындалады.
Қазақстан Республикасындағы есепті салық кезеңінің шеңберіне салық төлеушінің резиденттік еліндегі екі салық кезеңі толық немесе ішінара кірген жағдайда екі коэффициент (К1, К2) қолданылады.
3. Салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректері мынадай түрде түзетіледі:
К1хҚЕ (РЕ)1 + К2хҚЕ(РЕ)2,
мұндағы К1 = СК (РЕ)1/СК (РЕ)3; К2 = СК (РЕ)2/СК (РЕ)3,
бұл ретте:
СК (РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі айларының саны;
СК (РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі айларының саны;
СК (РЕ)3 - салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының жалпы саны;
ҚЕ (РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі;
ҚЕ (РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі.
211-бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі
1. Бейрезидент заңды тұлға бас кеңсенің және Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі тұрақты мекемелердің кірістері мен шығындарын (басқару және жалпы әкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі пайдаланылады.
2. Егер бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары растайтын құжаттар негізінде айқындалатын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында тікелей шегілсе, сондай-ақ осы Кодекстің 208-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме оларды осы бапқа сәйкес шегерімге жатқызады.
3. Аталған шығыстар растайтын құжаттар және олардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы болған кезде ғана тұрақты мекеме шегерімге жатқызады.
4) Мыналар:
1) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында шеккен бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;
2) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде шеккен бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері;
3) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасында да және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде де шеккен бөлінетін шығыстарын есепке алу бойынша осы шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде жасалған салық тіркелімдері растайтын құжаттар болып табылады.
Салық тіркелімінің нысаны, оны толтыру тәртібі Қазақстан Республикасындағы қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның салықтық есепке алу саясатында бекітіледі.
212-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарын салық салудан толық босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi
1. Егер бейрезидент халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, мұндай бейрезидентке табыс төлеу кезінде немесе бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген табысын шегерімге жатқызу кезінде салық агентінің салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.
2. Осы бапта белгіленген халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі осы Кодекстің 212-1, 212-2, 213, 214 және 215-баптарында халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі белгіленген табыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 197-бабында айқындалған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында көзделген бейрезиденттің табыстарына салық салуға қатысты қолданылады.
3. Бейрезидент осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резиденттікті растайтын құжатты салық агентіне табыс еткен кезде халықаралық шарт қолданылады.
Бұл ретте резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент салық агентіне осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бірінші болып басталатын мына күндердің бірінен:
1) бейрезидентке кіріс төленген немесе бейрезиденттің төленбеген кірістері шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалған салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан;
2) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша жоспарлы салықтық тексеру жүргізілген күнтізбелік жылда аяқталатын, бейрезидентке табыс төленген тоқсанды мұндай салықтық тексеруді жүргізудің басталуынан;
3) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізілген күнтізбелік жылда аяқталатын, бейрезидентке табыс төленген тоқсанды мұндай салықтық тексеруді жүргізу аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді. Жоспардан тыс салықтық тексерудің аяқталған күні нұсқамаға сәйкес айқындалады.
4. Егер бейрезидент Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсеткен немесе жұмыстар орындаған жағдайда, халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында бейрезидент заңды тұлға осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжатпен бірге салық агентіне құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін не құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзінді көшірмелерді табыс етеді.
Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта) тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда, мұндай бейрезидент салық агентіне бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған шет мемлекет құжатын (актісін) табыс етеді.
Салық агенті табыс етілген құжаттардың және қызметтер көрсетуге немесе жұмыстар орындауға арналған шарттың (келісімшарттың) негізінде бейрезиденттің осындай шарттың (келісімшарттың) және олар болған кезде байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құру фактісін айқындайды.
Бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құру фактісі анықталған кезде, салық агенті Қазақстан Республикасында бейрезиденттің табыстарын салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.
5. Егер Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау бірлескен қызмет туралы шарттың шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда осындай шартқа қатысушы болып табылатын бейрезидент заңды тұлға халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжатпен қатар салық агентіне бірлескен қызмет туралы шарттың немесе бірлескен қызметке оның қатысу үлесін растайтын өзге құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етеді.
Егер бейрезидент осындай шарттың (келісімшарттың) және байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, салық агенті бейрезидент заңды тұлғаның табысына бірлескен қызмет туралы шартта көрсетілген бірлескен қызметке оның қатысу үлесіне барабар халықаралық шарттың немесе бірлескен қызметке оның қатысу үлесін растайтын өзге де құжаттың ережелерін қолдануға құқылы.
6. Салық агенті салық органына табыс етілетін салықтық есептілікте бейрезидентке есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемелерін және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге міндетті.
Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.
7. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл мемлекеттік бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толығымен төленбеуіне әкеп соққан кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
212-1-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден дивидендтер, сыйақылар және (немесе)роялти түрінде алған табыстарын салық салудан босатуға немесе оларға төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi
1. Дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрінде бейрезидентке табыс төлеу кезінде немесе шегерімге сыйақылар және (немесе) роялти түрінде бейрезиденттің төленбеген табыстарын жатқызу кезінде, егер мұндай бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушы болып табылатын және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылатын жағдайда салық агенті тиісті халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетілген салық мөлшерлемелерін дербес қолдануға құқылы.
Осы бөлімнің мақсатында табыстарды иелену, пайдалану, оларға билік ету құқығы бар және мұндай табысқа қатысты делдал, оның ішінде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлға түпкілікті (нақты) табыстарды алушы (иеленуші) деп түсінілуі керек.
2. Егер сыйақы төлеу түпкілікті (нақты) табысты алушыға (иеленушіге) делдал арқылы жүзеге асырылған жағдайда, салық агентінің бір мезгілде мынадай:
1) шартта (келісімшартта) делдал арқылы түпкілікті (нақты) сыйақы алушы (иеленуші) болып табылатын әрбір тұлға бойынша осындай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауын; бар болған жағдайда инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын); инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын)) көрсете отырып, сыйақы сомасы көрсетілген;
2) салық агентіне осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес түпкілікті (нақты) сыйақы алушы (иеленуші) болып табылатын адамдардың резиденттігін растайтын құжат ұсынылған талаптар сақталған кезде осындай түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен жасасқан тиісті халықаралық шартта көзделген, табыс салығынан босатуға немесе оның төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Бұл ретте, резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей салық агентіне табыс етіледі.
3. Салық агенті салық органына табыс етілетін салықтық есептілікте бейрезидентке есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемелерін және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге міндетті.
Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің – кірісті түпкілікті (нақты) алушының (иеленушінің) резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
Мұндай көшірме төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.
4. Салық агенті осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен бейрезидентке делдал арқылы сыйақы түрінде табыс төлеу кезінде халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімде аударылуға жатады.
5. Бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) табысының төлем көзінен ұсталған табыс салығын бюджетке салық агенті аударған жағдайда, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидентке қайтаруға құқығы бар.
Бұл ретте түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) бейрезидент салық агентіне:
1) делдалмен жасасқан, мұндай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауын, болған кезде инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірін (немесе оған ұқсасты), инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оған ұқсасты) көрсете отырып, мұндай бейрезиденттің сыйақы сомасы көрсетілген шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесін;
2) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, мұндай бейрезидентке кіріс сыйақы түрінде есепке жазылған кезеңдегі оның резиденттігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Бұл ретте, бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушыға (иеленушіге) артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.
6. Осы баптың 5-тармағының талаптарын орындау кезінде салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) сыйақы түрінде табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық мөлшерлемесін немесе салық салудан босату қолданылған кездегі азайтылған сомаға төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеуді табыс етуге құқылы.
Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
7. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толығымен төленбеуіне әкеп соққан кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
212-2-бап. Бейрезиденттiң депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын акциялары бойынша дивидендтер түріндегі табыстарын салық салудан ішінара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi
1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстарды бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушыға (иеленушіге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде бір мезгілде мынадай талаптар орындалған:
1) мыналарды:
базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті шығарған акциялар болатын депозитарлық қолхаттардың меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалардың тегін, атын, әкесінің атын (олар бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауын;
депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпаратты;
жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы мен деректемелерін немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін қамтитын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімінің болуы.
Депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін мына тұлғалар:
егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін ұйым; немесе
егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін өзге ұйым жасайды;
2) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша түпкілікті (нақты) дивидендтер алушы (иеленуші) болып табылатын адамдардың резиденттігін растайтын құжаттың болуы кезінде салық агентінің осындай түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен тиісті халықаралық шартта көзделген, табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Бұл ретте резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей салық агентіне табыс етіледі.
2. Салық агенті халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес есептелген (төленген) және ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін және халықаралық шарттардың атауын салық органына табыс етілетін салық есептілігінде көрсетуге міндетті.
Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мұндай көшірме төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде бейрезидентке табыстар төлеу кезінде салық агенті халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударылуға жатады.
4. Салық агенті бейрезиденттің табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға құқығы бар.
Бұл ретте бейрезидент салық агентіне:
1) базалық активі эмитент резиденттің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, мұндай бейрезидентке кіріс дивидендтер түрінде есепке жазылған кезеңдегі оның резиденттігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзім белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Бұл ретте бейрезидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.
5. Салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі бейрезиденттің табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық мөлшерлемесі қолданылған кездегі табыс салығының азаю сомасына төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеуді табыс етуге құқылы.
Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толығымен төленбеуіне әкеп соққан кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
213-бап. Халықаралық шартты тұрақты мекеме арқылы бейрезиденттiң халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түскен табыстарына салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі
1. Егер бейрезидент табысты түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстарға салық салудан босату бөлігінде оның халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.
Халықаралық шартты салық салудан босату бөлігінде қолдануға бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне резиденттігін растайтын, осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Салық төлеуші резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.
2. Бейрезидент корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда салық сомасын, мөлшерлемені және соның негізінде мұндай мөлшерлеме қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге міндетті.
3. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден (халықаралық шартқа сәйкес салық салынуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) жөніндегі қызметтер көрсетуден (салық салынуға жататын) түсетін табыстар сомасын бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.
4. Халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетумен байланысты шығыстардың сомасы тікелей немесе барабар әдіспен айқындалады.
Бұл ретте салық төлеуші өз таңдауы бойынша шығыстарды есептеудің көрсетілген әдістерінің бірін қолдануға құқылы. Таңдап алынған әдіс жыл сайын пайдаланылады және салық төлеуші орналасқан жердегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органының (уәкілетті органды қоспағанда) келісімі бойынша ғана, есепті салық кезеңі басталғанға дейін өзгертілуі мүмкін.
5. Тікелей әдіс халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетумен байланысты шығыстардың (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) қызметтерін көрсетумен (салық салуға жататын) байланысты шығыстардың бөлек есебін жүргізу негізінде тиісті шығыстарды айқындауды көздейді.
6. Барабар әдіс көрсетілген шығыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты бейрезиденттің шығыстарының үлесі мен жалпы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындауды көздейді. Үлес халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар сомасының Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың жалпы сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.
7. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толық төленбеуіне алып келген кезде салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
214-бап. Халықаралық шартты бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысқа салық салудан ішінара босатуға қатысты қолдану тәртібі
1. Егер бейрезидент халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болса және осындай халықаралық шартта бейрезиденттің таза табысына салық салудың осы Кодекстің 199-бабында белгіленген тәртіптен өзгеше тәртібі көзделген болса, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы таза табысына оның тиісті халықаралық шартта көзделген төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне резиденттігін растайтын, осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Бейрезидент резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.
2. Бейрезидент корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда таза табысқа салық сомасын, мөлшерлемені және оның негізінде мұндай мөлшерлеме қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге міндетті.
3. Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толық төленбеуіне алып келген кезде бейрезидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
215-бап. Халықаралық шартты салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан бейрезидент жеке тұлғаның алған табыстарына салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі
1. Егер бейрезидент жеке тұлға табысты түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, осы Кодекстің 204-бабында көрсетілген оның халықаралық шарттың ережелерін табыстарға салық салудан босату бөлігінде қолдануға құқығы бар.
Халықаралық шартты салық салудан босату бөлігінде қолдануға бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне резиденттігін растайтын, осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Бейрезидент салық төлеуші резиденттікті растайтын құжатты жеке табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде өзі болатын (тұрғылықты) жердегі салық органына табыс етеді.
2. Халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес есебіне жазылған (алынған) табыстардың және төленген (төлеуден босатылған) салықтардың сомасын және халықаралық шарттың атауын бейрезидент жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетеді.
3. Бейрезидент жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету кезінде резиденттігін растайтын құжаты болмаған кезде осы Кодекстің 204-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке табыс салығын төлеуді жүргізуге міндетті.
Бұл ретте тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар бейрезидент жеке тұлға бюджетке Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан түсетін табыс салығын төлеген жағдайда, осындай бейрезиденттің осы Кодекстің 217-бабында белгіленген тәртіппен төленген табыс салығын бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.
216-бап. Бейрезиденттің табыстарынан табыс салығын бюджетке немесе шартты банк салымына аудару тәртібі
1. Салық агенті осы Кодекстің 212, 212-1 және 212-2-баптарында белгіленген тәртіпті қолданбаған жағдайда, салық агенті бейрезидентке табысты төлеу кезінде осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында немесе 194-бабында айқындалған мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға және ұсталған табыс салығының сомасын осы Кодекстің 161, 195-баптарында белгіленген мерзімдерде бюджетке немесе бейрезидентке ашылған шартты банк салымына аударуға міндетті.
Табыс салығын шартты банк салымына аудару тәртібі бейрезиденттің тұрақты мекеме құруға алып келмейтін Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табысынан ұсталған табыс салығына ғана қолданылады.
2. Табыс алатын бейрезидент, салық агенті және салық агенті айқындаған резидент банк салық агентінің бейрезиденттің табысынан табыс салығын аударуының белгіленген мерзіміне дейін шартқа қатысушылармен келісілген нысан бойынша бейрезиденттің шартты банк салымын ашу туралы шарт жасасады.
3. Шартты банк салымы ұлттық немесе шетел валютасында ашылады. Шартты банк салымы шетел валютасында ашылған жағдайда, бюджетке табыс салығының және банктік сыйақылардың сомалары бюджетке салық аударылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтың бағамы бойынша қайта есептелген ұлттық валютада аударылады.
4. Шотында шартты түрдегі банк салымы орналастырылған банк есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, салық агенті орналасқан жердегі салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есепті тоқсан ішіндегі ақша қозғалысы туралы есепті ұсынуға міндетті. Есеп шартты түрдегі банк салымы орналастырылған шотта ақша қозғалысы болған тоқсандарға ұсынылады.
Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оны ұсыну салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына:
1) қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде шартты банк салымы туралы шартты (мұндай шарттың көшірмесі аталған салық органында сақталады);
2) шартты банк салымына аударылған табыс салығының сомалары көрсетілетін, осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс етуге міндетті.
6. Салық агенті орналасқан жердегі салық органы шартты банк салымы туралы шартты салық агенті табыс еткен кезден бастап күнтізбелік екі күн ішінде тіркеуге немесе оны тіркеуден бас тартуға міндетті. Бұл ретте талаптары осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін шартты банк салымы туралы шарт қана тіркелуге тиіс. Шартты банк салымы туралы шарт талаптарының осы баптың ережелеріне сәйкес келмеуі оны тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
7. Салық органы бейрезиденттің пайдасына шешім қабылдағанға дейін бейрезиденттің және салық агентінің шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасына билік етуге құқығы жоқ.
8. Осы баптың ережелері салық органында тіркелген шартты банк салымы туралы шартқа ғана қолданылады.
9. Осы Кодекстің 195-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзінен ұсталатын табыс салығын аудару күніне шартты банк салымы туралы шарт салық органында тіркелмеген жағдайда, бюджетке табыс салығын аудару белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
10. Салық агенті салық органына табыс етілетін есеп-қисапта есептелген (төленген) табыстардың және ұсталған салықтардың сомаларын, сондай-ақ солар бойынша табыс салығы есептелген мөлшерлемелерді көрсетуге міндетті.
11. Салық органы:
шартты банк салымдарына орналастырылған;
халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар бейрезидентке қайтарылған;
бюджетке аударылған табыс салығы сомаларының есебін жүргізуге міндетті.
217-бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртiбi
1. Бейрезиденттiң мынадай жағдайларда:
1) салық агентi бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстарынан табыс салығын шартты банк салымына немесе бюджетке аударғанда;
2) бейрезидент халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын қызметін филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырғанда;
3) салық төлеушi осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық төлегенде, осы бапта белгiленген тәртiппен халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес табыс салығын қайтарып алуға құқығы бар.
Бұл ретте бейрезидент осы Кодекстiң 219-бабында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, төленген табыс салығын халықаралық шарттың негiзiнде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтарып алуға салықтық өтiнiштi (бұдан әрi осы Кодекстiң осы бабының және 218-бабының мақсатында – өтiнiш) салық органына табыс етуге мiндеттi.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бейрезидент өтiнiштi салық агентiнің орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына екі данада табыс етедi.
Егер салық агентi орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша уәкiлеттi органға тікелей сатылы бағыныстағы салық органында тiркелген жағдайда, өтiнiштi осындай салық органына табыс етеді.
Өтінішті табыс ету тәсіліне қарай, салық органына оны ұсынған күн:
1) келу тәртібімен – салық органы өтінішті қабылдаған күн;
2) почта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен – салық органы өтінішті алған күн болып табылады.
3. Халықаралық шарттың талаптарын орындаған және Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен кезде, ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттар бойынша жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi қоспағанда, бейрезидент Қазақстан Республикасында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету аяқталғаннан кейiн өтiнiштi ұсынады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт оны жасасқан күннен бастап он екі ай кезең ішінде аяқталмаған жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарт болып табылады.
4. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтінішті салық органына табыс салығының сомаларын шартты банк салымына соңғы орналастырған күннен бастап немесе табыс салығын бюджетке соңғы аударған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезидент ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттар бойынша өтiнiштi салық органына осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiнен кешiктiрмей, келiсiмшарттың iс жүзiнде орындалуына қарай табыс етеді.
5. Салық органы мынадай:
1) бейрезидент өтінішті осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім өткен соң берген жағдайда, өтінішті қараудан бас тартады. Бұл ретте бейрезидент салық органына өтінішті қайта беруге құқылы емес;
2) резиденттігін растайтын құжат осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) бейрезидент осы Кодекстің 219-бабында айқындалған құжаттарды бермеген;
4) бейрезидент осы баптың 2-тармағының ережелерін сақтамаған жағдайларда, өтінішті қараудан бас тартады.
Бұл ретте салық органының өтінішті қараудан бас тартуы туралы шешімі өтініш пен табыс етілген құжаттар қоса тіркеле отырып, салық органы оларды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бас тарту себептері көрсетіле отырып, бейрезидентке қол қойғызып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Салық органы осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өтінішті қараудан бас тартқан жағдайда, бейрезидент өзі жол берген бұзушылықтарды жоятын болса, осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайтадан өтініш беруге құқылы.
6. Салық органы өтiнiштi бейрезидент ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы тармақта көзделген өтінішті қарау мерзімі мынадай:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген тақырыптық тексеру жүргізу;
2) салық органы осы баптың 7, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген сұрау салуды жіберген күннен бастап мұндай сұрау салуға жауап алған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.
7. Бейрезиденттің өтінішін қарау барысында салық органы басқа салық органдарына, мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің құзыретті органдарына, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге ұйымдарға қажетті ақпарат беру туралы, сондай-ақ салықты қайтарып алуға байланысты мәселелер бойынша бейрезидентке сұрау салу жіберуге құқылы.
8. Бейрезиденттің өтінішін қарау кезінде салық органы, осы баптың 10-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 89-тарауында көзделген тәртіппен бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтару мәселесі бойынша тақырыптық тексеру жүргізеді.
9. Егер бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында өкiлдiгi немесе филиалы болған жағдайда, өтiнiштi қарайтын салық органы бейрезиденттi оның осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiнің өтуі кезеңiнде салық мiндеттемелерін орындауы және Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесiнiң болуы не болмауы нысанасында жоспардан тыс кешендi салықтық тексеру жүргiзуге арналған сұрау салуды өкiлдiктiң немесе филиалдың орналасқан жерi бойынша салық органына жiберуге мiндеттi.
10. Салық агенті таратылған, банкрот болған жағдайда, салық органы өтініші қаралып жатқан бейрезиденттің резиденттiк елiнiң құзыреттi органына салық агентi мен бейрезиденттiң өзара қарым-қатынастары туралы ақпарат беру жөнінде сұрау салу жiберуге құқылы.
Бұл ретте осы баптың 11-тармағында көрсетілген шешім салық органдарының сұрау салуына бейрезиденттің резиденттiк елiнiң құзыреттi органынан алынған ақпарат және (немесе) таратылған немесе банкрот деп танылған салық агенті ұсынған, төлем көзінен ұсталған табыс салығы бойынша салық есептілігінің деректері негізінде қабылданады.
Шет мемлекеттің құзыретті органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жіберілген сұрау салу бойынша мәліметтер ұсынудан жазбаша бас тартқан немесе кемінде екі жылдан астам мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда, салық органы өтінішті қараудан бас тартуға міндетті. Бұл ретте салық төлеуші осы Кодекстің 226-бабының ережелеріне сәйкес өзара келісу рәсіміне бастамашылық жасауға құқылы.
11. Бейрезиденттің өтінішін қарау қорытындылары бойынша салық органы мынадай:
1) төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы;
2) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Салық органының шешімі жазбаша нысанда ресімделеді және оған басшы немесе оның орынбасары қол қояды.
Салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған кезде ұсынылған өтініште халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасы көрсетіледі және өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және салық органының мөрімен куәландырылады.
Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтаруға арналған өтінішті қарау нәтижелері бойынша салық органының шешімінде:
1) шешім қабылданған күн;
2) шешім қабылдаған салық органының атауы;
3) өтініш берген бейрезиденттің толық атауы;
4) болған жағдайда бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
5) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда – бюджеттен немесе шартты банк салымынан бейрезидентке қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;
6) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған және (немесе) мұндай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған шет мемлекеттің құзыретті органынан салық органының сұрау салуы негізінде алынған ақпарат көрсетілген негіздеме көрсетілуге тиіс.
12. Жоғары тұрған салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешімнің және бейрезиденттің өтінішінің көшірмелерін осындай салық органы бейрезиденттің табыстарынан төленген төлем көзінен табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына жібереді.
13. Бюджетке табыс салығы төленген және салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органы бейрезидентке осындай шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 602-бабында көзделген тәртіппен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бюджеттен табыс салығының сомасын қайтаруды жүргізеді.
14. Табыс салығын шартты банк салымына аударған және салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк бейрезидентке шартты банк салымынан төленетін табыс салығының өтiнiште көрсетiлген сомасын және есептелген банк сыйақылары сомасын қайтаруды жүргізеді. Бұл ретте салық органы куәландырған өтінішті банкке бейрезидент өз бетінше табыс етеді.
15. Салық органының шешімі бейрезиденттің өтінішінің бір данасы қоса тіркеле отырып, бейрезидентке қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Тапсыру күні немесе почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына бейрезиденттің белгі қойған күні салық органының шешімін бейрезиденттің алған күні болып табылады.
16. Бейрезидент осы баптың 11-тармағында көрсетілген салық органының шешімімен келіспеген жағдайда, оған салық органының шешімін алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде уәкілетті органға шағымдануға құқылы.
Бұл ретте бейрезидент:
1) уәкілетті органға – өтінішті қоспағанда, салық органы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ осы Кодекстің 219-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша нысандағы шағымды;
2) бейрезидент шешіміне шағымданған салық органына – уәкілетті органға жіберілген шағымның көшірмесін жіберуге тиіс.
Шағымда:
1) бейрезиденттің шағымға қол қойған күні;
2) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) не шағым беруші тұлғаның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
3) болған жағдайда бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
4) шешіміне бейрезидент шағымданған салық органының атауы;
5) шағым беруші бейрезидент өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
6) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
17. Уәкілетті орган бейрезидентке мынадай:
1) бейрезидент осы баптың 16-тармағында белгіленген мерзім өткен соң шағымды берген;
2) шағымның мазмұны осы баптың 16-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
4) бейрезидент осы Кодекстің 219-бабында белгіленген құжаттарды ұсынбаған;
5) бейрезидент осы баптың 11-тармағында көрсетілген салық органының шешіміне сотқа шағым (арыз) берген жағдайларда, шағым ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бейрезиденттің шағымын қараудан бас тартуы туралы шешім жібереді.
Уәкілетті орган осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шағымды қараудан бас тартқан жағдайда бейрезидент өзі жол берген бұзушылықтарды жоятын болса, шағымды қараудан бас тарту туралы шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде қайта беруге құқылы.
18. Уәкілетті орган шағымды бейрезидент ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
19. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ бейрезидентке оның өтінішін қарауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты ұсыну туралы сұрау салу жіберген жағдайда, бейрезиденттің шағымын қарау мерзімі осындай ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
20. Бейрезиденттің шағымын қараудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган мынадай:
1) төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы;
2) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Уәкілетті органның шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған басшы немесе оның орынбасары қол қояды және бейрезидентке қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Тапсыру күні немесе почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына бейрезиденттің белгі қойған күні салық органының шешімін бейрезиденттің алған күні болып табылады.
Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде мыналар:
1) шешім қабылданған күн;
2) өтініш берген бейрезиденттің толық атауы;
3) болған жағдайда бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
4) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда – мемлекеттік бюджеттен немесе шартты банк салымынан бейрезидентке қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;
5) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда – мұндай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органынан салық органының сұрау салуы негізінде алынған ақпарат көрсетілген негіздеме көрсетілуге тиіс.
21. Уәкілетті орган шешімінің көшірмесі шешіміне бейрезидент шағымданған салық органына жіберіледі.
Уәкілетті орган төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешіміне бейрезидент шағымданған салық органы бейрезиденттің осындай салық органына бұрын ұсынған өтінішінде халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасын көрсетеді. Осындай салық органының уәкілетті орган шешімінің көшірмесін алған күні өтінішті куәландыру күні болып табылады. Бұл ретте өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және осындай салық органының мөрімен куәландырылады және бейрезидентке қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы немесе келу тәртібімен жіберіледі.
Шешіміне бейрезидент шағымданған жоғары тұрған салық органы көрсетілген шешімнің көшірмесін және осындай бейрезиденттің куәландырылған өтінішін бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына жібереді.
22. Бейрезидент осы баптың 11 немесе 20-тармақтарында көрсетілген шешімге осы Кодекстің 218-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде сотқа шағым (арыз) берген жағдайда, шартты банк салымына орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді банкке жіберу сот шағымды (арызды) іске алған күннен бастап сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
218-бап.
Табыс салығын шартты банк салымынан
бюджетке аудару тәртібі
1. Салық органы шартты банк салымында орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді банкке мынадай мерзімде:
1) бейрезиденттен осы Кодекстің 217-бабының 16-тармағында көрсетілген шағымның көшірмесін алмаған жағдайда – бейрезидент осы Кодекстің 217-бабының 11-тармағында көрсетілген шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
2) бейрезидент осы Кодекстің 217-бабының 11-тармағында көрсетілген шешімге уәкілетті органға шағымданған жағдайда - бейрезидент осы Кодекстің 217-бабының 20-тармағында көрсетілген шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
3) сот осы Кодекстің 217-бабының 22-тармағында көрсетілген шағымды (арызды) толық не бір бөлігін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда – осындай шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде жіберуге міндетті.
Бұл ретте салық органдары немесе сот төлем көзінен ұсталған табыс салығын ішінара қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, инкассалық өкім бейрезидентке бас тартылған талаптар бөлігіне сәйкес келетін шартты банк салымында орналастырылған салық сомасына жіберіледі.
2. Бейрезидент осы Кодекстің 217-бабының 4-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін салық органына өтінішті табыс етпеген жағдайда, салық органы жоғарыда көрсетілген мерзім өткеннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банкке шартты банк салымында орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді жіберуге міндетті.
3. Салық органы инкассолық өкіммен бір мезгілде табыс салығының сомасы бейрезиденттің шартты түрдегі банк салымында орналастырылған кезден бастап бюджетке аударылғанға дейін банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша банкке жібереді.
4. Банк сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде салық органына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысандағы банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.
Банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оларды ұсыну салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Салық органы банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерді алғаннан кейін күнтізбелік екі күн ішінде банк сыйақылары сомаларын бюджетке өндіріп алуға арналған инкассалық өкімді банкке жіберуге міндетті.
6. Банк инкассалық өкімді алған күнінен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасын және есебіне жазылған банк сыйақыларын бюджетке аударуға міндетті.
7. Банктің кінәсінен шартты банк салымы туралы шарттың талаптары бұзылған және табыс салығының ұсталған сомалары бюджетке уақтылы аударылмаған кезде банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
8. Банктің шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасын бюджетке аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауы мүмкін болмаған жағдайда, төлем көзінен табыс салығын, банк сыйақыларын және бюджетке салықты уақтылы аудармағаны үшін айыппұл санкцияларын аудару жөніндегі міндеттеме салық агентіне жүктеледі.
219-бап.
Резиденттікті растайтын құжатқа және
төленген табыс салығын халықаралық
шарт негізінде бюджеттен немесе шартты
банк салымынан қайтаруға арналған
салықтық өтінішке қойылатын талаптар
1. Осы Кодекстің 217-бабы қолданылған жағдайда, төленген табыс салығын халықаралық шарттың негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтінішті бейрезидент салық органына мыналарды қоса тіркей отырып, табыс етеді:
1) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің) нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
2) бейрезидент заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, құрылтай құжаттарының нотариаттық куәландырылған көшірмелері не сауда тізілімінен (акционерлердің тізілімінен немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзінді көшірмелер;
Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта) тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда, мұндай бейрезидент бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған шет мемлекет құжатын (актісін) қоса береді;
3) алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтар сомаларын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелері;
4) осы баптың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резиденттікті растайтын құжат;
5) бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал болып табылатын бейрезидент жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін растайтын құжаттардың көшірмелері болған кезде қабылдайды.
2. Егер бейрезидент депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған табыстардан төленген табыс салығын халықаралық шарттың негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтінішті берсе, өтінішке мынадай құжаттар:
1) мыналарды:
бейрезиденттің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);
депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;
бейрезиденттің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), бейрезиденттің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамынан алынған шоттың көшірме үзіндісі;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентінің акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінен дивидендтің мөлшерін және дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күнді көрсете отырып, белгілі бір кезең үшін дивидендтер төлеу туралы шешімі;
3) келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюта шотынан көшірме үзінділер;
4) осындай бейрезиденттің резиденттігін растайтын, осы баптың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжат қоса беріледі.
3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалса, бейрезидент олардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариаттық куәландырылған аудармасын қоса беруге міндетті.
4. Осы бөлімнің ережелерін қолдану мақсатында бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат кіріс алушы бейрезиденттің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді, бұл:
осындай құжаттың түпнұсқасы;
осындай құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесі;
шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған, резиденттікті растайтын электрондық құжаттың қағаз көшiрмесi түрінде табыс етілуі мүмкін.
Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде бейрезидент Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.
Егер резиденттікті растайтын құжатта бейрезиденттің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, бейрезидент осындай құжат берілген (ресімделген) күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.
Шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылғанды қоспағанда, бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты кіріс алушы бейрезидент резиденті болып табылатын осындай құзыретті орган куәландырады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға:
1) бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған лауазымды адамның қолтаңбасы және органның мөрі;
2) резиденттікті растайтын құжаттың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрі жатады.
Егер:
1) резиденттікті растайтын құжат шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылса;
2) резиденттікті растайтын құжаттарды өзара танудың өзгеше тәртібі:
Қазақстан Республикасының халықаралық шартында;
осы Кодекстің 226-бабына сәйкес жүргізілетін өзара келісу рәсімі шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы арасында;
Еуразиялық экономикалық одақ органының шешімімен белгіленсе, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
220-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама
1. Резиденттік елінде Қазақстан Республикасында төленген салықтарды есепке жатқызуды немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар шегерімін алу мақсатында бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы салық органынан алуға құқығы бар.
2. Бейрезидент Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы алу үшін салықтық өтінішті төменде көрсетілген салық органына:
1) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға - салық агенті орналасқан жер бойынша;
2) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға - тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша;
3) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - салық агенті орналасқан жер бойынша;
4) Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстардан салықтарды дербес төлейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - Қазақстан Республикасында болатын (тұрғылықты) жері бойынша табыс етуге міндетті.
3. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы салық органы мынадай күндерден неғұрлым кеш:
салықтық өтініш берілген күннен;
бейрезиденттің есебіне жазылған табыстарының және төлеуге жататын салықтардың сомалары көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысанын бейрезидент салық төлеуші және (немесе) салық агенті табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей береді.
4. Бейрезиденттің салықтық өтініші деректерінің салық төлеушінің және (немесе) салық агентінің салық есептілігі нысандарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталған кезде, сондай-ақ салық төлемі болмаған немесе салық төлеушіде және (немесе) салық агентінде салық өтініші берілген күні бейрезиденттердің табысынан салықты аудару бойынша салықтық берешек болған жағдайда, салық органы бейрезидентке анықтама беруден жазбаша бас тартуды жібереді.
5. Бейрезидент салық органына салықтық өтінішті табыс етпеген жағдайда, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама берілмейді.
6. Бейрезидентке құжаттарды беру журналына қол қойғызып Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беріледі.
27-тарау.
РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТЕН
ТҮСЕТІН ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ
САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
221-бап. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстар
1. Осы Кодекстің мақсаты үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстар деп төленген жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар болып табылмайтын барлық табыс түрлері танылады.
2. Резидент - салық төлеуші Қазақстан Республикасындағы салық декларациясында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған, оның ішінде салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердегі көздерден алынған табыстарды көрсетуге міндетті.
221-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін табысын айқындау тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізу кезінде түсетін табысы мүлікті өткізу құны болып табылады.
2. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізу кезінде түсетін табысы мынадай мүлікті:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүлікке құқық немесе ол бойынша мәмілелер шет мемлекеттің құзыретті органында шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын;
2) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі, шет мемлекеттің құзыретті органында шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
2-1. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария еткені үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға оны өткізген жағдайларда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алынатын алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
3. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған бағалы қағаздарды өткізу кезінде түсетін табысы өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
4. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезінде түсетін табысы өткізу күнгі дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, купон есепке алынбаған өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
5. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған қатысу үлесін өткізу кезінде түсетін табысы өткізу құны мен оны сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
6. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай жағдайларда:
1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болса;
2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген болса, қолданылмайды.
7. Осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген табыстар жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, қолданылмайды.
8. Осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарының ережелері:
1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын);
2) мүлікті өткізу құнын;
3) мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органының тіркегенін растайтын құжаттар негізінде қолданылады.
222-бап.
Резидент - заңды тұлғаның Қазақстан
Республикасынан тысқары жерлерде табыс
алуға бағытталған қызметті жүзеге
асыруға байланысты шығыстарын шегерімге
жатқызу тәртібі
1. Резидент - салық төлеуші табыс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды осы Кодекстің 4 және 6-бөлімдерінің ережелерінде белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызады.
2. Резидент - салық төлеуші өзінің шет мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесіне Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де шеккен, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды осындай шет мемлекеттің салық заңнамасының ережелеріне сәйкес шегерімге жатқызады.
3. Резидент - заңды тұлғаның шет мемлекеттегі тұрақты мекемесінің салық салынатын табысын айқындау кезінде мұндай шет мемлекеттің салық заңнамасының немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес осындай салық салынатын табысты алу мақсатында Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерім жасауға жол беріледі.
4. Басқару және жалпыәкімшілік шығыстардың сомасы резидент - заңды тұлға сондағы көздерден табыс алған шет мемлекетте осындай шет мемлекеттің салық заңнамасында көзделген тәртіппен шегерімге жатады.
Егер резидент - заңды тұлға сондағы көздерден табыс алған шет мемлекеттің салық заңнамасында немесе халықаралық шартта басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерім жасауға жол берілсе, бірақ бұл ретте шет мемлекеттің салық заңнамасында мұндай шығыстарды шегерімге жатқызудың тәртібі көзделмеген болса, резидент - салық төлеуші көрсетілген шет мемлекеттегі басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды осы Кодекстің 208-211-баптарында көзделген тәртіппен шегерімге жатқызады.
223-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу
1. Табыстарға салынатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген салықтардың немесе резидент - салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан табыс салығының бірдей түрінің сомасы Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне осындай салықтың төленгенін растайтын құжат болған кезде есепке жатқызылуға жатады.
Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.
Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шет тілде жасалса, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.
Шет мемлекетте төленген салықтарды корпоративтiк немесе жеке табыс салығын төлеу шотына есепке жатқызу кезінде салық төлеуші осы тармақта көрсетілген анықтаманы камералдық бақылау жүргізу мақсатында салық органының талап етуі бойынша тапсыруға құқылы.
2. Шетелдік салықты есепке жатқызу Қазақстан Республикасында резидент - салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған;
2) осы Кодекстің 99-бабына сәйкес түзетуге жататын;
3) шет мемлекетте артық төленген салық сомасы шегінде шет мемлекеттегі осындай табыстардан салықтарды төлеу және (немесе) ұстау фактісіне қарамастан, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын табыстарынан берілмейді. Бұл ретте салықтың артық төленген сомасы салықтың іс жүзінде төленген сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төлеуге жататын салық сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
3. Осы бапта көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшері әрбір шет мемлекет бойынша жеке айқындалады.
Бұл ретте, салықтың есепке жатқызылатын сомасының мөлшері мынадай сомалардың:
1) резидент - салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан салықтың шет мемлекетте іс жүзінде төленген сомасының;
2) Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң осы тарауының және 4 немесе 6-бөлімдерінің ережелеріне, сондай-ақ халықаралық шарт ережелеріне сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан табыс салығы сомасының ең төменін білдіреді.
Салық төлеуші осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде көрсетілген табыс алынуға жататын (алынған) салық кезеңінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізеді.
Көрсетілген табыс осы Кодекске сәйкес танылатын салық кезеңінен басқа салық кезеңінде шет мемлекетте табысты таныған жағдайда, резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осындай табыс есептелген салық кезеңіне Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізуге құқылы.
4. Шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардан осы мемлекетте төленген табыс салығын есепке жатқызудың жалпы сомасын айқындау үшін резидент корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияға тиісті қосымшаны толтырады.
5. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
224-бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс
1. Осы баптың мақсаты үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген;
2) жарғылық капиталының немесе дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде Қазақстан Республикасының резидентіне тиесілі болатын бейрезидент заңды тұлға жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген бейрезидент болып табылады.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте (мемлекеттерде) орналасқан және (немесе) тіркелген бейрезиденттердің табысының бір бөлігі салық салынатын табысына қосылуға жатады, ал салық салынатын табыс болмаған жағдайда, осындай бейрезиденттердің жарғылық капиталының немесе дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде тиесілі Қазақстан Республикасы резидентінің залалын азайтады.
Осы тармақтың ережелері қатысу үлесі тікелей немесе жанама түрде 10 және одан да көп пайызды құрайтын заңды тұлғаны құрмайтын, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарына резиденттің қатысуына да қолданылады.
Осы тармақтың ережелері резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген бейрезиденттің жарғылық капиталына жанама түрде қатысуына және (немесе) резиденттің басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын осындай бейрезиденттің дауыс беретін акцияларына жанама түрде иелік етуіне қолданылмайды.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген бейрезиденттердің салық салынатын табысына қосуға жататын табысының, ал салық салынатын табысы болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы резидентінің залалын азайтатын бір бөлігі резиденттің осындай бейрезидент заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін және (немесе) дауыс беретін акцияларына иелік ету үлесін (бұдан әрі – шоғырландырылатын пайда) ескере отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
П = П1 х Ү1 + П2 х Ү2 + ... + Пn х Үn, мұнда:
П – шоғырландырылатын пайда;
П1, П2, Пn – жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір бейрезиденттің жеке қаржылық есептілігінде танылған салық салу кезеңінен кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы;
Ү1, Ү2, Үn – резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір бейрезиденттің жарғылық капиталына резиденттің тікелей немесе жанама түрде қатысу үлесі немесе резиденттің осындай бейрезиденттің дауыс беретін акцияларына тікелей немесе жанама түрде иелік ету үлесі.
Осы баптың мақсатында ұзақтығы осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын есепті салық кезеңінің ұзақтығына сәйкес келетін кезең есепті кезең болып танылады.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте және Қазақстан Республикасында ұзақтық немесе есепті кезең мен осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын есепті салық кезеңінің басталатын және аяқталатын күндері сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеуші түзету коэффициенттерін (К1, К2) қолдану арқылы табыстың мөлшерін былайша түзетуге міндетті:
П1, П2, Пn = Пу х К1 + Пу+1 х К2,
К1 = СК (СР)1
СК (СР)3,
К2 = СК (СР)2
СК (СР)3,
мұнда:
П1, П2, Пn - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір бейрезиденттің жеке қаржылық есептілігінде танылған салық салу кезеңінен кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы;
СК (СР)1 – Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте бір есепті кезеңдегі айдың саны;
СК (СР)2 – Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте кезекті есепті кезеңдегі айдың саны;
СК (СР)3 – жеңілдікті салық салынатын мемлекетте есепті кезеңдегі айдың жалпы саны;
Ту – жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген бейрезиденттің осындай мемлекетте бір есепті кезең үшін салық салынғаннан кейін табысының бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне қосылатын сомасы;
Ту+1 - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген бейрезиденттің осындай мемлекетте басқа есепті кезең үшін салық салынғаннан кейін бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне қосылатын табысының сомасы.
Осы баптың мақсатында резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген бейрезиденттің жарғылық капиталына жанама түрде қатысу немесе дауыс беретін акцияларына жанама түрде иелік ету үлесі (бұдан әрі – жанама түрде қатысу немесе иелік ету үлесі) мынадай формула бойынша айқындалады:
Х = Х1 * Х2 * ... * Хn * 100;
мұнда:
Х – жанама түрде қатысу немесе иелік ету үлесі, пайызбен;
Х1 – резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген бейрезиденттің жарғылық капиталына тікелей түрде қатысу немесе резиденттің осындай бейрезиденттің акцияларына тікелей түрде иелік ету коэффициенті;
X2,..., Хn – жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір бейрезиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа бейрезиденттің жарғылық капиталына тікелей түрде қатысу немесе жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір бейрезиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа бейрезиденттің акцияларына тікелей түрде иелік ету коэффициенті.
2. Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір бейрезиденттің салық салынғаннан кейінгі есепті кезеңнің пайда сомасы осындай бейрезиденттің жеке қаржылық есептілігімен расталуға тиіс, оның бір бөлігі Қазақстан Республикасында резиденттің салық салынатын табысына енгізілуі тиіс, ал салық салынатын табыс болмаған жағдайда оның залалын азайтатын пайда бөлігіне осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындау кезінде есептеледі.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір бейрезиденттің пайдасын оның жеке қаржы есептілігінің деректері бойынша осы баптың ережесін қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті осындай есептілік жасалған есепті кезең үшін валюта айырбасының орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып, теңгемен қайта есептейді.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына өзі жасаған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, жарғылық капиталының немесе дауыс беру акцияларының 10 және одан да көп пайызы оған тікелей немесе жанама тиесілі бейрезиденттер туралы анықтаманы табыс етуге міндетті. Мұндай анықтамада бейрезидент заңды тұлғалардың атауы туралы деректер, бар болса олардың инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірлері (немесе оның аналогы), инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлері (немесе оның аналогы) көрсетілуге тиіс.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса тіркей отырып, мынадай құжаттардың:
1) резидент заңды тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің (егер резидент заңды тұлғаның жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген еншілес ұйымы болған жағдайда);
2) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір бейрезиденттің жеке қаржылық есептілігінің;
3) егер жоғарыда аталған тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде осындай қаржылық есептілікке аудит жүргізу міндетті деп белгіленген жағдайда, осы тармақта көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің көшірмелерін де беруге міндетті.
4. Егер шет мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігі мынадай талаптардың бiрiне сай келген жағдайда:
1) мұндай мемлекетте немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте табыс салығының мөлшерлемесі 10 пайыздан аз мөлшердi құраса;
2) мұндай мемлекетте немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүлiктiң, кірістің нақты иесі немесе заңды тұлғаның (компанияның) нақты иелерi, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлерi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн заңдар болса, ол жеңілдікті салық салынатын мемлекет деп танылады. Уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органынан аталған халықаралық шартта алмасу көзделген мәлiметтердi беруден жазбаша бас тартуды алған немесе шет мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органы мұндай мәлiметтердi уәкiлеттi орган тиiстi сауалды жiбергеннен кейiн екi жылдан астам уақыт iшiнде бермеген жағдайларды қоспағанда, осы тармақшаның ережелерi Қазақстан Республикасы құзыреттi органдар арасында ақпарат алмасу туралы ережелердi көздейтiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттерге немесе мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктеріне қатысты қолданылмайды.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
5. Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасы резидентке берген және (немесе) резидент үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктерге, инвестициялық салық преференцияларына, барынша қолайлылық режимiне, сондай-ақ осы Кодексте көзделгендерден неғұрлым қолайлырақ өзге де салық салу шарттарына қарамастан қолданылады.
225-бап. Резиденттің халықаралық шартты шет мемлекетте қолдану тәртібі
1. Резидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте қызметін жүзеге асырған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент көрсетілген мемлекетте осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
2. Халықаралық шарттың ережелері осы Кодекстің 206-бабында белгіленген талаптар орындалған кезде резиденттің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алатын табыстарына қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішті табыс етеді.
Егер тұлға уәкілетті органға сатылы түрде тікелей бағынатын салық органында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген жағдайда, резиденттігін растауға арналған салықтық өтініш осындай салық органына табыс етіледі.
Бұл ретте төменде көрсетілген тұлғалар салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында орналасуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орнының (нақты басқару органы орналасқан жер) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін;
2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы – жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының көшірмесін;
3) резидент болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам:
шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің;
Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса);
Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
4. Резиденттігін растауға салықтық өтінішті қарау қорытындылары бойынша салық органы оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде:
1) тұлғаға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты береді.
Салық органы тұлғаның резиденттігін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап ету мерзімі шегінде резиденттігін растауға салықтық өтініште көрсетілген әрбір күнтізбелік жыл үшін растайды;
2) тұлғаның резиденттігін растаудан бас тарту туралы негізделген шешім шығарады.
Салық органы тұлға осы Кодекстің 189-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда, тұлғаға резиденттігін растаудан бас тартады.
4-1. Резиденттігін растайтын құжат жоғалған жағдайда, осындай құжатты берген салық органы резидент өтінішті табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде оның телнұсқасын береді.
5. Егер резидент шет мемлекеттегі табыстарға салық салу тиісті халықаралық шарттың ережелеріне қайшы келеді деп есептесе, ол шет мемлекеттің ішкі заңнамасында көзделген қорғану құралдарына қарамастан, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе уәкілетті органға халықаралық шарт ережелерінің өз табыстарына салық салуға қатысты қолданылуының заңдылығы туралы мәселені қарау туралы өтінішпен жүгіне алады.
226-бап.
Өзара келісу рәсімі
1. Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы, егер уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің іс-әрекеті осындай халықаралық шарт ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкеп соқтырады деп есептесе, халықаралық шарт ережелерін қолдану туралы мәселені қарау үшін Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
2. Өтініште резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының талаптары негізделген жағдаяттар және осы жағдаяттарды растайтын дәлелдер көрсетілуге тиіс.
Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осындай өтінішке Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте алған (алуға жататын) табыстары және (немесе) ұсталған салықтардың (олар ұсталған жағдайда) сомаларын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ:
1) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің);
2) заңды тұлғалар үшін – резидент заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) және мажоритарлық акционерлері көрсетілген құрылтай құжаттарының не сауда тізілімінен көшірме үзіндінің;
3) осы Кодекстің 225-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркеуге міндетті.
Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті осы тармақта көрсетілмеген өзге де құжаттарды табыс етуге құқылы.
3. Уәкілетті орган резиденттен немесе Қазақстан Республикасының азаматынан өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті қосымша құжаттарды жазбаша түрде табыс етуді талап етуге құқылы.
4. Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтiнiштi, егер халықаралық шартта өзге мерзiмдер белгiленбесе, шет мемлекетте халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес келмейтiн салық міндеттемесі туындаған күннен бастап осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi аяқталғанға дейін табыс етуге тиiс.
5. Уәкілетті орган:
1) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуге өтініш берген;
2) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтінішті осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін берген;
3) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды бермеген жағдайларда, өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына өтінішті қараудан бас тарту туралы жазбаша шешімді тапсырыс хатпен почта арқылы жібереді.
Уәкілетті орган осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтінішті қараудан бас тартқан жағдайда, резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы жасалған бұзушылықтарды жойса, олар осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайтадан өтініш беруге құқылы.
6. Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде оны қарайды.
7. Резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішін қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:
1) өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы;
2) өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шешімдердің бірін шығарады.
8. Уәкілетті орган:
1) резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішінде көрсетілген негіздер Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелеріне сәйкес келмеген;
2) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы дәйексіз ақпарат берген;
3) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтінішті қарау барысында осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайларда, өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына шешім шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы тапсырыс хатпен жіберіледі.
9. Өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына осындай рәсімді жүргізу туралы сұрау салу жібереді.
10. Уәкілетті орган резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтініші негізінде басталған шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуді:
1) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келісу рәсімін жүргізуді тоқтату туралы өтініш берген;
2) өзара келісу рәсімін жүргізу барысында резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының дәйексіз ақпарат беруі фактісі анықталған;
3) өзара келісу рәсімін жүргізу барысында резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайларда тоқтатады.
11. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының табыстарына салық салу мәселесі бойынша уәкілетті органның сұрау салуына соңғы жауап алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына өзара келісу рәсімін жүргізу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты жазбаша түрде почта арқылы тапсырыс хатпен жібереді.
12. Тұлға уәкілетті органға Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішпен резиденттік мәртебесін айқындау мәселесі бойынша жүгінуге құқылы.
Мұндай тұлға уәкілетті органға өтінішті осы Кодекстің осы бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 225-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттармен қоса табыс етеді.
Осы тармақтың мақсатында осы баптың 1 – 11-тармақтарында көзделген өзара келісу рәсімін жүргізу тәртібі қолданылады.
13. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы негізінде жүргізілген өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша қабылданған шешімді уәкілетті орган осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 8) тармақшаларында көрсетілген, оған байланысты аталған мемлекеттің бейрезиденті осындай рәсім жүргізуге бастама жасаған хабарламалардың бірін салық төлеушіге жіберген салық органына жазбаша түрде жібереді.
Өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша шығарылған шешім осы бапта белгіленген тәртіппен салық органдарының орындауы үшін міндетті.
227-бап. Салық жинаудағы көмек
1. Уәкілетті орган орындалмаған салық міндеттемесін орындау мақсатында халықаралық шарт ережелеріне сәйкес уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық талабын жіберу жолымен шет мемлекеттің құзыретті органынан жәрдем сұрауға құқылы. Салық талабы бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан, сондай-ақ бейрезиденттің тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстарынан салық міндеттемесін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда осы Кодексте белгіленген мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық ықтимал шаралары қолданылғаннан кейін ғана шет мемлекеттің құзыретті органына жіберіледі.
2. Шет мемлекеттің құзыретті органынан жәрдемдесуге сұрау салу келіп түскен кезде уәкілетті органның резиденттің шет мемлекетте туындаған салықтық міндеттемесінің атқарылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ретте уәкілетті орган халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резиденттің шет мемлекеттегі көздерден алынатын табыстарынан салық төлеудің заңдылығын қарайды және қорытынды шығарады.
3. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда уәкілетті орган халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резиденттің салықтық міндеттемелерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен атқаруын қамтамасыз етеді. Резидент салық төлеуші салық сомасын уәкілетті органның талабы бойынша халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес жіберілген салық жинауға жәрдемдесу туралы сұрау салуда көрсетілген шет мемлекеттің құзыретті органының шотына аударады.
4. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуларын өзара түсіністік принциптері негізінде қарайды.
5. Егер халықаралық шартта өзгеше айқындалмаса, осы баптың ережелері осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін қолданылады.
227-1-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін табыстар бойынша салық агентінің салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қайтару тәртібі
1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстар резидентке – табысты түпкілікті (іс жүзінде) алушыға (иеленушіге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төленген кезде бір мезгілде мынадай талаптар орындалған:
1) мыналар:
депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауы;
депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпарат;
депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы және деректемелері немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелу нөмірі мен күні қамтылатын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімі немесе депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжат болған;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаты болған кезде салық агентінің мұндай кірістерге осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен төлем көзінен табыс салығын салмауға немесе резидент жеке тұлғаның кірістеріне осы Кодекстің 158-бабының 2-тармағында көзделген табыс салығының мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжат салық агентіне осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей ұсынылады.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін, егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған болса, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленген ұйым жасайды.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес номиналды ұстау қызметтерін көрсететін мынадай тұлғалардың бірі:
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленген ұйым;
клиенттердің қаржы құралдары мен ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы бойынша өзіне міндеттемелер алу арқылы клиенттердің құжаттық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
бағалы қағаздарды номиналды ұстау бойынша қызмет көрсететін, сондай-ақ осындай ұстаушылардың бағалы қағаздары бойынша құқықтарды есепке алу мен растауды және бағалы қағаздарымен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын өзге де ұйым береді.
2. Салық агенті салық органына ұсынылатын салықтық есептілікте есепке жазылған (төленген) кірістердің және осы Кодекске сәйкес ұсталған, ұстаудан босатылған салықтардың сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.
3. Салық агенті осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен резидентке депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді бейрезидент - депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде осы Кодекстің ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде аударылуға тиіс.
4. Салық агенті резидент түпкілікті (нақты) табыс алушының табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, мұндай резидент осы Кодекске сәйкес төленген төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқылы.
Бұл ретте резидент өзі дивидендтер түрінде табыс алған кезең үшін салық агентіне:
1) депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың;
2) Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаттың;
3) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде табыс алынғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды резидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аударған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Бұл ретте резидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.
5. Салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі резиденттің табыстарынан табыс салығы ұсталған және аударылған салық кезеңі үшін резиденттер үшін көзделген салық мөлшерлемесі қолданылған немесе салық салудан босатылған кездегі азайту сомасында төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп-қисап тапсыруға құқылы.
Аталған жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
8-БӨЛІМ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
28-тарау.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
228-бап. Төлеушілер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:
дара кәсiпкерлер;
мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар;
қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;
сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;
2) Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 568, 569-баптарына сәйкес жүргізіледі.
229-бап.
Салық салу объектілері
Мыналар:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.
29-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ
230-бап. Салық салынатын айналымды айқындау
1. Мыналар:
1) осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша;
2) осы Кодекстің 241-бабында белгіленген жағдайда бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасаған айналым салық салынатын айналым болып табылады.
1-1. Шет мемлекет аумағында тұрақты мекеме ретінде тіркелген резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің өткізілу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайтын тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымы Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
1-2. Мынадай шарттардың бірі сақталған кезде:
бейрезидент заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен жасалған келісімшарт болса;
бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жазып берген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактура болса;
бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі болса;
бейрезидент заңды тұлғамен жасалған, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді осындай бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жүзеге асыратыны көзделген келісімшарт болса;
бейрезидент заңды тұлға қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде осындай бейрезидент заңды тұлға филиалының, өкілдігінің жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені көрсетілсе;
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін табыс бейрезидент заңды тұлғаның филиалына, өкілдігіне төленетін болса, бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды таниды.
2. Қосылған құн салығы осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған (оның ішінде негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша) тауарлар қалдықтары тұлғаны қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде салық салынатын айналым болып табылады.
Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылу нәтижесінде барлық жаңадан құрылған заңды тұлғалар немесе заңды тұлғаға қосылған басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қайта құрылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шарттарды орындаған жағдайда оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде қолданылмайды.
3. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарларға, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және ақшаны, оның ішінде шетел валютасындағы ақшаны қоспағанда, мүлік жатқызылады.
231-бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым
1. Тауарларды өткізу бойынша айналым:
1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:
тауарды сатуды;
кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен ретінде сатуды;
тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге айырбастауды;
тауарды өтеусіз беруді;
жұмыс берушінің тауарды қызметкерге жалақы есебінен беруін;
кепіл берушінің кепілге берілген мүлікті (тауарды) борыштың төленбеуі жағдайында беруін;
1-1) тауар экспортын;
2) тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастау шартымен тауарды тиеп-жөнелтуді;
3) мүлікті қаржы лизингіне беруді;
4) тауарды комиссия шарты бойынша немесе тапсырма шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;
5) Алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) бұрын экспорт кедендік рәсімінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жұмыстарды кез келген оның ішінде өтеусіз орындауды немесе қызмет көрсетулерді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:
1) мүліктік жалдау шарттары бойынша мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беруді;
2) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар беруді;
3) жұмыс берушінің қызметкерге жалақы есебінен жұмыстарды орындауын, қызмет көрсетулерін;
4) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізуге байланысты талап ету құқықтарын беруді;
5) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруді;
5-1) қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызметті;
6) кредит (қарыз, микрокредит) беруді білдіреді.
3. Мыналар:
1) мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру;
2) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүлікті қайтару;
3) егер осындай тауар бiрлiгiнiң құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, тауарды жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз беру;
4) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, қайта өңдеуі, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп-жөнелтуі. Көрсетілген тауарлар Кеден одағынан тысқары жерлерде дайындалған, қайта өңделген, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде өңдеу кедендік рәсімінде жүзеге асырылса, көрсетілген тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;
5) қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөнiндегi шартта (келiсiмшартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтаруға жататын ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыстың құны өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;
6) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт кедендік рәсімінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
7) егер мұндай әкету Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімінде ресімделсе, шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Кеден одағынан тысқары жерлерге әкету;
8) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланған және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiмшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасына беруге жататын мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi;
9) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
10) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және өзге де мүлкін оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) беруі;
11) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концессия объектісін концессия шарты шеңберінде пайдалану үшін кейіннен концессионерге (құқықтық мирасқорына немесе тек қана концессионердің концессия шартын іске асыру үшін арнайы құрған заңды тұлғаға) беруі;
12) жеке тұлғаның жеке мүлкін дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның өткізуі бойынша айналым;
13) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті сенімгерлікпен басқарушыға беруі;
14) сенімгерлікпен басқару туындауының негізі болып табылатын құжаттың қолданылуы тоқтатылған кезде сенімгерлікпен басқарушының мүлікті қайтаруы;
15) сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысты мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушыға беруі;
16) салымшының (клиенттің) банктік шот және (немесе) банктік салым шарттары бойынша есептелген және (немесе) оған төленген сыйақы сомасын алуы;
17) мүлікті Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес 2006 жылға дейін жасалған концессия шартының шеңберінде, егер мұндай шартта мүлікті жетілдіру және оған жөндеу жүргізу қажеттігі туралы талаптар қамтылса, табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының меншігіне өтеусіз беруі;
18) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидиясы;
19) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның тек қана осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаның қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен төлемдер алуы;
20) осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаның нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен осы тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген коммерциялық емес ұйым алған ақшаны осындай коммерциялық емес ұйымнан алуы;
21) концессионердің мемлекеттік меншіктегі объектіні тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, пайдалануды жүзеге асыруы;
22) концессионердің концессия объектісін тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, басқаруы;
22-1) Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың, трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен нысаналы аударымға бағытталған төлемдерді алуы өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
23) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге (өткізуге) байланысты оларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;
24) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторларының қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы алуы;
25) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сай келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрауыштарының өндірісін ынталандыру шеңберінде кәсіпорындардың қаржыландыруды алуы:
26) жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беруі;
27) салық төлеуші салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның өткізуі;
28) салық төлеуші салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның мұндай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақы үшін өткізу бойынша қызметтерді көрсетуі – өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
232-бап. Салық салынбайтын айналым
Мыналар:
1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;
2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны осы Кодекстің 236-бабына сәйкес айқындалады.
Кеден одағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 276-5-бабына сәйкес айқындалады.
233-бап.
Тапсырма шарттары бойынша жүзеге
асырылатын өткізу бойынша айналымдар
1. Сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету, сенім білдірілген адамның сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі, сондай-ақ сенім білдірілген адам үшінші тұлғамен жасаған мәміле бойынша сенім білдіруші үшін осындай үшінші тұлғаның сенім білдірушінің атынан және есебінен жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:
1) алып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент – сенiм бiлдiрушiден алынған тауарды тиеп-жөнелтуге қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды өткізуге сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзу;
3) осы Кодекстiң 271-1-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша айналымы болып табылады.
233-1-бап. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
1. Мыналар:
комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комиссионердің тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі;
комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі;
үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесі Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент комитенттен алған тауарларды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды өткізу комиссионердің өткізуі бойынша айналым болып табылады.
233-2-бап.
Көлік экспедициясы шарты бойынша жүзеге
асырылатын өткізу бойынша айналымдар
Көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушы және (немесе) басқа өнім берушілер көлiк экспедициясының шартында айқындалған жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі экспедитордың өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
234-бап.
Сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша
жүзеге асырылатын өткiзу
(сатып алу) бойынша айналымдар
Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару шартына немесе сенімгерлікпен басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжатқа сәйкес жүзеге асыратын тауарды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуы сенімгерлікпен басқарушының өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылады.
235-бап.
Бірлескен қызмет туралы шарттардың
шеңберінде жүзеге асырылатын өткізу
(сатып алу) бойынша айналымдар
1. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді өткізуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенім білдірілген адам жүзеге асыратын жағдайларда:
1) шот-фактура бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірінің атынан немесе беруші (сатушы) үшін бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелері көрсетіле отырып, сенім білдірілген адамның атынан жазылады;
2) шот-фактураларды жазып беру кезінде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.
2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазып беріледі.
3. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенім білдірілген адам осындай қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді сатып алған жағдайларда, берушіден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда мыналар:
1) бірлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) не сенім білдірілген адамның деректемелері;
2) сатып алу сомалары, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомалары бөлініп көрсетілуге тиіс.
4. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда жазып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер сатып алынатын бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін осындай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.
5. Осы баптың ережелері осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуі (сатып алуы) кезінде қолданылмайды.
236-бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткiзу орны
1. Мынадай орын:
1) егер тауарды берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны тауарды өткiзу орны болып танылады.
2. Мынадай орын:
1) егер жұмыстар, қызмет көрсетулерді жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы мүлiктiң орналасқан жерi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеу орны немесе мұндай мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі міндеттеме болмаған жағдайда - нақты орналасқан жері жылжымайтын мүлік орналасқан жер болып танылады.
Осы баптың мақсатында ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық көшеттер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың не мақсатқа арналғанына шамадан тыс нұқсан келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер , сондай-ақ құбырлар, электр беру желілері, ғарыш объектілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жылжымайтын мүлік болып танылады. Бұл ретте осы баптың мақсатында осы тармақшамен жылжымайтын мүлікке жатқызылмаған мүлік жылжымалы мүлік деп танылады;
2) егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстар, қызмет көрсетулер нақты жүзеге асырылатын орын.
Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;
3) егер осындай қызмет көрсетулер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы қызмет көрсетулерге жататын болса, нақты қызмет көрсетулер көрсетiлетін орын;
Осы тармақшаның мақсатында ойын-сауық саласындағы қызмет көрсетулерге ойын-сауық-демалу мақсатындағы қызмет көрсетулер жатады, олар ойын-сауық орындарында (ойын орын-жайлары, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, Интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг клубтары және кинотеатрлар, өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар) көрсетіледі;
4) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметі жүзеге асыратын орны.
Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюдың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
Егер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бейрезидент болса, ал алушы есептік тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның филиалы немесе өкілдігі болса, онда өткізу орны Қазақстан Республикасы деп танылады.
Осы тармақшаның ережелері мынадай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге:
зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған құқықтарды беруге;
консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін таратуды, интернет-ресурста орналастырылған бұқаралық ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуды қоспағанда, ақпарат беру және (немесе) өңдеу бойынша қызмет көрсетулерге;
персоналды беруге;
жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) мүліктік жалдауға (жалға беруге);
агенттiң тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi, сатып алу, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызмет көрсетулердi жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiмшартқа) негiзгi қатысушының атынан адамдар тарту жөнiндегi қызмет көрсетулерге;
байланыс қызметi көрсетулеріне;
сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруге;
радио және телевизиялық қызмет көрсетулерге;
жүк вагондары мен контейнерлерді жалға және (немесе) пайдалануға беру бойынша қызмет көрсетулерге қатысты қолданылады;
5) осы баптың осы тармағының 1) – 4) тармақшаларында және 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететiн тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа қызметтi жүзеге асыратын орны жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны болып танылады.
Осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюдың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
3. Егер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу басқа негiзгi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзуге қатысты көмекшi сипатта болса, осындай көмекшi өткiзу орны негiзгi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны болып танылады.
4. Жолаушылар мен багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер кезінде, ол:
жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінбейтін;
жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетілмейтін;
жолаушылар, тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданбайтын, талаптарға бір мезгілде сәйкес келген жағдайда жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайды.
5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезiнде бiр тармақшадағыдан артық көрсетілген жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсетулер орны осы тармақшалардың ішіндегі ретi бойынша бiрiншiсі болып айқындалады.
237-бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе:
1) егер шарт талаптарына сәйкес тауарды алушыға (сатып алушыға) немесе ол көрсеткен тұлғаға тауардың тұрған жерінде берілуге тиіс болса – тауарды алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған тұлғаның, оның ішінде мұндай тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаның иелігіне мұндай тауарды берудің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған күні;
2) егер шарт талаптарына сәйкес жеткізушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе:
жеткізуші (сатушы) айқындаған тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде ол сенім білдірген тұлғаға беру күні;
тауар жеткізушінің (сатушының) көлік құралына тиеу күні;
3) қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, мұндай тауарды беру фактісін растайтын шарттың, құжаттың тараптары болып табылатын жеткізуші (сатушы) мен алушы (сатып алушы) қол қойған күн тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
1-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Бұл ретте:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.
2. Кредит (қарыз, микрокредит) беру, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету, банк операцияларын жүзеге асыру кезінде мына күндердің неғұрлым ертерегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады:
1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазып берілген күн;
2) әрбiр төлем (есеп айырысу түріне қарамастан) алынған күн;
3) бухгалтерлік есепте жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету танылған күн.
2-1. Электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметтерiн көрсетуді, коммуналдық қызметтер көрсетудi, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау қызметтерін көрсетуді, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша тасымалдау қызметтерiн көрсетуді өткізген кезде жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күнтізбелік айдың соңғы күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
2-2. Жүзеге асырылуы кезінде құжаттар Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделетін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген неғұрлым кешірек күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
2-3. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда өткізу бойынша айналым жасау күні:
1) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткізу пунктінде іс жүзінде Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күн;
2) мына жағдайларда:
тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда;
тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні болып табылады.
3-1. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарлар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауарды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдаланбай, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде Кеден одағының кеден шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өткен күн;
2) тауарларды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.
4. Кепiл берушiге кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл беруші үшiн мына күндердiң бiрi:
1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепіл тұрғысынан кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу айналысы процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн;
2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепіл тұрғысынан кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде, осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көрсетілген салық салынатын айналым бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күн:
1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтініші немесе осы Кодекстің 37, 39, 39-1, 40 және 41-баптарында көрсетілген салықтық өтініші берілген күн;
2) салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстің 571-бабының 6-тармағында көрсетілген күн болып табылады.
6. Лизинг берушінің лизинг алушы негізгі құрал , жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруiн қоспағанда, қаржы лизингіне берген кезде өткізу бойынша айналым жасалған күні:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингінің шартында белгіленген кезең-кезеңдік лизингтік төлемді лизинг берушінің алу мерзімінің басталу күні;
2) егер қаржы лизингінің шарты бойынша лизинг берушінің лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, айналым жасау күні мүлікті қаржы лизингіне берген күн болып табылады;
3) қаржы лизингінің шартында көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген кезде, түпкілікті есеп айырысу күні қаржы лизингінің осы шарты бойынша өткізу бойынша айналым жасалған соңғы күн болып табылады.
7. Лизинг алушының (сатушының) негiзгi құрал , жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша лизинг беруші берген кезде өткiзу бойынша айналым жасау күнi мүлiктi қаржы лизингiне берген күн болып табылады.
7-1. Қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет бойынша нысаналы салым алынған күнтізбелік айдың соңғы күні өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
8. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттен жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген қол қою күні сатып алу бойынша айналым жасау күнi деп танылады.
10. Егер осы бапта айқындалған құжаттарда, осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында айқындалғандарын қоспағанда, бірнеше күн көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі құжатқа қол қойылған күн болып табылады.
11. Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактурада осы Кодекске сәйкес айқындалатын айналым жасау күні көрсетіледі.
12. Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактурада айналым жасау күні көрсетіледі, онда:
1) осы Кодекстің 265-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда – осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күн бойынша;
2) осы Кодекстің 265-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда – қосымша шот-фактура жазып берілген күн бойынша, бірақ осы Кодекстің 265-бабына сәйкес қосымша шот-фактура жазып берілуге тиіс болатын кезең аяқталған күннен кешіктірілмейтін күн бойынша айқындалады.
30-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
238-бап. Салық салынатын айналым мөлшерi
1. Егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгілеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi, мәмiле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгiзбей, өткiзiлетiн тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негiзiнде айқындалады.
2. Тауарлар өтеусіз берiлген кезде, сондай-ақ осы Кодекстiң 30-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, салық салынатын айналым мөлшерi, оларға қосылған құн салығы енгiзілмей, өткiзу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан бағалар деңгейi негiзінде айқындалады, бiрақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиіс.
Осы тармақтың мақсаты үшiн тауарларды өткiзу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны баланстық құн болып табылады.
2-1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің салық салынатын айналым мөлшерi осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындауға пайдаланылған, сатып алынуы кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде айқындалады.
Бұл ретте тіркелген активтер салық салынатын айналымға енгізу үшін өтеусіз пайдалануға берілген жағдайда, олардың құны мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ та = (ҚҚС са / Мпқ) * (Тн) / (ҚҚС%),
мұнда:
Қ та – өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға енгізілетін тіркелген актив құны;
ҚҚС са – тіркелген активтерді сатып алу кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
М пқ – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, күнтізбелік айлармен есептелген тіркелген активті пайдалы қолдану мерзімі;
Тн – есепті салықтық кезеңіне келетін, пайдалануға беру айларының нақты саны;
ҚҚС % – қосылған құн салығының пайдалануға беру күні қолданылатын, пайызға шаққандағы мөлшерлемесі.
3. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезінде, беру жүргізілу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3-1. Осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда салық салынатын айналым мөлшері:
кәсіпкерлiк қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шарт бойынша;
кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шарт бойынша сыйақы негізінде айқындалады.
4. Кепiл берушiге кепiлдіктегі мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi өткізілетін кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негізінде оған қосылған құн салығы енгiзiлмей, айқындалады.
5. Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен өткiзген кезде салық салынатын айналым мөлшерi, шарт талаптарында көзделген барлық тиесiлi төлемдер ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
6. Yшiншi тұлғалар үшiн төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезінде салық салынатын айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы қосылады.
7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
Алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша қызметтер көрсететін, осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетiн тауарды өндірушінің салық салынатын айналым мөлшерiне алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын осындай тауарларды берген кезде осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы енгізілмейді.
8. Тауарларды сатып алу күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық салық заңнамасына сәйкес олар бойынша сатып алу кезінде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын тауарларды өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгiленетiн баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
9. Қосылған құн салығынсыз сатып алынған жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын берген кезде өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 87-бабында көзделген тәртіппен жер учаскелерін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады.
9-1. Заңды тұлға жеке тұлғалардан сатып алған автомобильдерді жеке тұлғаға өткізген кезде өткізу бойынша айналым автомобильдерді өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
10. Қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
1) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне – қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлемнің қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген мөлшері негізінде;
2) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне – алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасы негізінде;
3) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне – қаржы лизингі шарты бойынша алынған (алынуға жататын), қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасы мен қосылған құн салығы енгізілмеген барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күндерге сәйкес келетін салық салынатын айналымдар мөлшерлерінің сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
11. Лизинг алушының (сатушының) негiзгi құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткiзу бойынша айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
12. Көлік экспедициясы шарты бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде экспедитордың салық салынатын айналымының мөлшері көлік экспедициясы шарты бойынша оның сыйақысы негізінде айқындалады.
12-1. Шығу туризмі бойынша туроператор қызметтерін көрсету кезінде салық салынатын айналым мөлшері туристік өнімді өткізу құны мен жолаушыларды сақтандыру, тасымалдау және олардың тұруы, оның ішінде егер тамақтану құны тұру құнына енгізілген болса, тамақтануы бойынша көрсетілетін қызметтердің құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.
13. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сату кезінде салық салынатын айналымның мөлшері бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сату кезінде берілген мүліктің:
1) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырмаға ұлғайтылған;
2) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырмаға азайтылған баланстық құнының негізінде айқындалады.
14. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, сенім білдірілген адамның сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі, сондай-ақ сенім берілген адам үшінші тұлғамен жасаған мәміле бойынша сенім білдіруші үшін осындай үшінші тұлғаның сенім білдірушінің атынан және есебінен жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде сенім білдірілген адамның салық салынатын айналымының мөлшері тапсырма шарты бойынша оның сыйақысы негізінде айқындалады.
15. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлға жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комиссионердің салық салынатын айналымының мөлшері оның комиссиялық сыйақысы негізінде айқындалады.
16. Мерзімді баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, оған қоса олардың жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердің интернет-ресурсында орналасқан өнімдерін өткізген кезде салық салынатын айналымның мөлшері есепті салық кезеңінде мерзімді баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің өткізілген бөлігіне келетін құны негізінде айқындалады.
17. Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда мүлікті қаржы лизингіне беру кезіндегі салықтан босатылған айналым мөлшері осы Кодекстің 237-бабының 6-тармағында көрсетілген айналым жасалған күннен бастап салық салынатын болып танылады.
18. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде тауарды әкетуді жүзеге асырған салық төлеушінің осы тауар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген кезде салық салынатын айналымының мөлшері қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетілген осы тауар құнының негізінде, әкелінген тауардың экспортты ресімдеген кезде қолданылған өлшем бірлігіндегі көлеміне пропорционалды айқындалады.
18-1. Қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет бойынша салық салынатын айналым мөлшері алынған нысаналы салым сомасы ретінде айқындалады.
19. Шетел валютасымен операция осы бөлімнің мақсатында айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледi.
20. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы бөлімнің салық салынатын айналым мөлшерін айқындау (оның ішінде оны түзету) жөніндегі ережелері салық салынбайтын айналым мөлшерін айқындау кезінде де қолданылады.
239-бап. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету
1. Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны қандай да бiр өзгерiске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi тиiстi түрде түзетіледi.
2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiн түзету:
1) кері импорттың кедендік рәсімінде әкелуді қоспағанда, бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарды тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәміленің шарттары өзгерген;
3) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн бағалар, өтемақылар өзгерген;
4) бағаны түсірген, сату бағасын түсірген;
5) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған;
6) осы Кодекстің 231-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.
3. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналымның мөлшерiн түзету бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, түзету жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттар болған;
2) салық салынатын айналым және қосылған құн салығы бойынша теріс (оң) мәні қамтылған қосымша шот-фактура немесе осы Кодекстің 263-бабы 15-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда бақылау-кассалық машинаның чегi болған кезде жүргізіледі.
Салық салынатын айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету осындай тауарларды өткізу, осындай жұмыстарды атқару, осындай қызметтерді көрсету бойынша бұрын көрсетілген айналым мөлшерінен аспауға тиіс.
4. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерін түзету осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған салық кезеңінде жүргізіледі.
Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын түзету сомасы өткізу айналымы жасалған күнге қолданыстағы мөлшерлеме бойынша айқындалады.
240-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету
1. Егер өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн талаптың бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің мынадай жағдайларда:
1) күмәндi талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңінің басынан бастап үш жыл өткен соң;
2) банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңінде салық салынатын айналым мөлшерін осындай талап бойынша азайтуға құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 105-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.
2. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін азайту, өткізу бойынша айналым жасау күні қолданыста болатын қосылған құн салығы мөлшерлемесін қолдана отырып, тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызмет көрсетулер бойынша бұған дейін көрсетілген салық салынатын айналым мөлшері шегінде жүргізіледі.
3. Өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төлемақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағына сәйкес өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi аталған төлемақы алынған сол салық кезеңiнде көрсетілген төлемақының құнына арттырылуға жатады.
241-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде салық салынатын айналым
1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, бейрезидент ұсынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер оларды өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға жатады.
2. Осы баптың мақсаты үшін жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының салық салынатын айналымының мөлшері, қосылған құн салығынан басқа салықтарды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында аталған сатып алынған жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны негізінде айқындалады.
3. Осы бапқа сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында көзделген мөлшерлемені салық салынатын айналым мөлшеріне қолдану арқылы айқындалады. Алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым осындай айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленедi.
5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжаты немесе уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстiң 256-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық бередi.
6. Егер:
1) берiлген жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстiң 248-бабында аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер болып табылса;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, импортталатын тауарлардың әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленіп, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қайтарылуға жатпайтын кедендік құнға енгізілсе;
3) жұмыстар мен қызметтер:
осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына;
осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына көрсетiлген жұмыстар, қызметтер болып табылса;
4) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстардың, қызметтердің құны осы Кодекстің 276-8-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, ол бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 37-1-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын болса;
5) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстің 230-бабының 1-2-тармағына сәйкес, бейрезидент заңды тұлға филиалының, өкілдігінің айналымы болып табылса, осы баптың ережелері қолданылмайды.
31-тарау. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар
242-бап. Тауарлар экспорты
Экспортқа тауарлар өткiзу бойынша айналымға нөлдiк мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Кеден одағының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
243-бап. Тауарлар экспортын растау
1. Мыналар:
1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт);
2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Кеден одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауарларға декларацияның көшірмесі тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
3) мынадай жағдайларда:
магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде;
тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға толық декларацияның көшiрмесi;
4) тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
Тауарларды магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру
актісі табыс етіледі;
5) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның зияткерлік меншiк объектiсiне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда, оның құнының растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
2. Кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімінде Кеден одағының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңделген өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау осы баптың 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар:
1) қайта өңдеу рәсімі кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсіміне өзгертiлетiн тауарларға декларацияның көшірмелері;
2) кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсімінде ресiмделген жүктің кедендiк декларациясы;
3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде кеден аумағында қайта өңдеу (тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімінде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған тауарларға декларацияның көшiрмесi;
4) тауарларға декларацияның көшірмесіне сәйкес шет мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеудің кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту енгізілетін сол декларацияның көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
3. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.
244-бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу
1. Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулерді іске асыру жөніндегі айналымға:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нөлдік мөлшерлемемен салық салынады.
2. Егер тасымалдауды ресiмдеу осы баптың 3-тармағында белгіленген бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен жүзеге асырылған болса, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымы жүзеге асырған жағдайда, Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды тасуы, тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауы басталған орын халықаралық тасымалдау басталған орын деп танылады.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасының аумағына, импортталатын тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымы жүзеге асырған жағдайда, оның көлігімен Қазақстан Республикасының аумағына жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) әкелген көлік ұйымы жүзеге асыратын тасымалдау халықаралық тасымалдауға жатады.
3. Осы баптың мақсаттары үшін:
1) жүктерді тасымалдау кезінде:
халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;
халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты;
әуе көлігінде – қағаз жеткізгіште жазылған жүкқұжат немесе электрондық нысандағы әуе жүкқұжаты;
теңіз көлігінде - коносамент немесе теңіз жүк құжаты;
көліктің екі немесе одан да көп түрлерімен (аралас тасымал) транзиттеу кезінде – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);
магистральдық құбыр жүйесі бойынша:
есеп-қисап кезеңi iшiнде экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларға декларацияның көшірмесі не есеп-қисап кезеңi iшiнде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға декларация;
орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдап алу-беру актiлерi;
шот-фактуралар;
2) жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде:
автомобиль көлігімен:
тұрақты тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;
тұрақты емес тасымалдау кезінде – жолаушылардың тізімі;
теміржол көлігімен:
Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және почта құжаттарын сату туралы есеп;
халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;
теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдау үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость және жол жүру мен тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;
әуе көлігімен:
бас декларация;
жолаушы манифесі;
карго-манифест;
лоджит (орталық-тиеу кестесі);
жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті мен багаж квитанциясы) бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттары болып табылады.
4. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.
Ескерту.
244-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2009.11.16 N
200-IV
(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2010.06.30 N
297-IV
(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2012.01.09 N
535-IV
(2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),
2012.06.22 N
21-V
(2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі);
05.12.2013 № 152-V
(01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
28.11.2014 № 257-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
27.10.2015 № 363-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
244-1-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу
1. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлемемен салық салынады.
Осы баптың ережелері халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін әуежайларға қатысты қолданылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттерді қоса алғанда, шет мемлекеттердің авиакомпаниялары шетелдік авиакомпаниялар деп танылады;
2) әуе кемесінің шет мемлекет шекарасын кесіп өтуі кезінде әуе кемесінің ұшуы халықаралық ұшу деп танылады;
3) тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзілістің болуына немесе болмауына қарамастан, тасымалдауды орындау кезінде жөнелту және межелі пункттері:
екі немесе одан да көп мемлекеттің аумағында;
егер екінші мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекет аумағында орналасқан әуемен тасымалдау халықаралық әуемен тасымалдау деп танылады.
Егер жөнелту және межелі пункттері Қазақстан Республикасының аумағы болып табылса, осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасы үшінші абзацының ережесі қолданылмайды.
3. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік мөлшерлемемен салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде - әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;
тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде - шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі).
Бұл ретте, өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
өзі тіркелген мемлекетті көрсете отырып, авиакомпанияның атауы;
әуе кемесінің болжамды қону күні.
Форс-мажорлық жағдайлар салдарынан шетелдік әуе кемесі қонған кезде осы тармақшада көзделген өтінім толтырылмайды.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін:
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады;
тұрақты рейс айқындамасына кірмейтін рейс тұрақты емес рейс деп танылады;
2) әуе кемесіне жанар-жағармай материалдары құйылғанын растайтын кеден органының белгісі бар, шетелдік әуе кемесіне май құюға арналған шығыс ордері немесе қойылатын талап, онда мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
авиакомпанияның атауы;
құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері;
әуе кемесіне май құйылған күн;
әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және май құюды жүзеге асырған әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің қолтаңбалары.
Осы тармақшаның ережелері Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде қолданылмайды;
3) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін шетелдік авиакомпанияның ақы төлеу фактісін растайтын құжат;
5) алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен уәкiлеттi орган бекiткен нысанда және тәртiппен өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бойынша) мөлшерiн растайтын қорытындысы.
Бұл ретте, Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамы осы тармақшада көзделген қорытындыны ұсынады.
244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
Осы баптың мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар деп еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы тауарлар түсініледі.
2. Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге жасалған шарт (келісімшарт);
2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
2-1. Салық органдары кеден органдарынан ақпараттық байланыс арналары арқылы алған электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға декларацияның көшірмесін табыс ету талап етілмейді.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы салық органының сұратуы бойынша тиісті арнайы экономикалық аймақтың басқару органы беретін, арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың пайдаланылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.
4. Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуы туралы құжатты береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжат қаржылық қамтамасыз ету болған кезде беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжатта қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда бюджет шығындары қаржылық қамтамасыз ету есебінен өтеледі.
Бюджет шығындарын өтеу мақсаттары үшін қалыптастырылатын қаржылық қамтамасыз ету мынадай тәсілдермен:
ақшамен;
банк кепілдігімен;
кепілдемемен;
мүлік кепілімен;
сақтандыру шартымен жүргізіледі.
Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілдерінің кез келгенін, оның ішінде екі немесе бірнеше тәсілді біріктіріп қолдану жолымен таңдап алуға құқылы.
5. Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органына басқарушы компанияда немесе дербес кластерлік қорда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде 205000 еселенген айлық есептік көрсеткішке барабар сомадағы қаржылық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, басқарушы компанияда немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ бюджет шығындарын қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
244-3-бап. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері
1. Егер осы Кодекстің 244-2-бабында өзгеше көзделмесе, "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру процесінде толығымен тұтынылатын тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
Осы баптың мақсаттары үшін құрылыс үдерісінде толығымен тұтынылатын тауарлар деп мұндай тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және олардың кедендік бақылауда болуы шартымен инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу үдерісіне тікелей тартылған тауарлар (электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда) түсініледі.
2. Осы бапқа сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілер құрылысын жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);
2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
2-1. Салық органдары кеден органдарынан ақпараттық байланыс арналары арқылы алған электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға декларацияның көшірмесін табыс ету талап етілмейді.
3. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару, осы бапқа сәйкес "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізеді. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұратуы бойынша астананың жергілікті атқарушы органы беретін, әкелінген тауарлардың инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.
244-4-бап.
Тазартылған алтынға салық салу
1. Алтын өндіруді және (немесе) шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушілердің бағалы металдар активтерін толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
2. Мыналар:
1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдар активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) тазартылған алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері осы баптың 1-тармағында көрсетілген, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.
Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 248-бабының 16) тармақшасында өз өндiрiсiнің шикiзаты деп тұлғаның дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізаты түсініледі.
245-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу
1. Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, олардың шарттарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған кұн салығы салынады.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Осы баптың мақсатында қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген және өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген, Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес келетін шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.
Осы тармақта аталған салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
1-1. Нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы осы Кодекстiң 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердiң аумағына өткізуі бойынша айналымға салынады.
Осы тармақта көрcетiлген қосылған құн салығын төлеушiлердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
1-2. Нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушінің бұрын осы салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Кеден одағына мүше осындай басқа мемлекет аумағында өңдеген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымға салынады.
Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған салық төлеушілерге:
1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындауға арналғаны көрсетіле отырып, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды беру шарты;
2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады.
3. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсаттың өткізілуін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты беруге арналған шарт (келісімшарт);
2) құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат санын есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу актісі;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбырлар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-тапсыру актісі.
Құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат санын есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілуін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) олардың негізінде өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;
4) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбырлар жүйесі арқылы әкетілген жағдайда, тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-тапсыру актісі беріледі;
5) аумағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жүзеге асырылған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі – оларды сатып алушыға өңдеу өнімдерінің тиеп жөнелтілгенін растайтын құжаттар;
6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына өткізілген өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
7) осы Кодекстің 276-13-бабының 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
Қайтарылуға жататын қосылған құн салығынан асып кеткен соманы айқындау кезінде Қазақстан Республикасының салық органының сұрау салуы бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттің салық қызметі өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырылған тексеру нәтижелері ескеріледі.
32-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ
246-бап. Салық салынатын импорттың айқындамасы
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, Кеден одағының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар (осы Кодекстің 255-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.
247-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi
Салық салынатын импорт мөлшерiне Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезiндегi салық және бюджетке төленетiн кеден төлемдерінің сомалары кіреді.
33-тарау.
ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНАН БОСАТЫЛҒАН
АЙНАЛЫМДАР
ЖӘНЕ ИМПОРТ
248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар
Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді:
1) почта төлемақысының мемлекеттік белгілерін;
2) акциздiк маркаларды (осы Кодекстiң 653-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);
3) уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызмет көрсетулерді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алынған мүлiкті;
4-1) осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін;
4-2) осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша уақытша иелік етуге және пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
4-3) өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанға ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым өткізетін мүлікті;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекемелерге немесе мемлекеттік кәсіпорындарға өтеусiз негiзде берілетін негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді;
6) жерлеу бюроларының салт-жора қызмет көрсетулерін, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін;
7) лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды тарату жөнінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды;
8) төлем қарточкаларымен және электрондық ақшамен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiнде қызмет көрсетулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулерді;
9) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу" кеден режимінде әкелінген тауарларды қайта өңдеу және (немесе) жөндеу жөніндегі қызмет көрсетулерді;
10) осы Кодекстің 244, 276-12-баптарына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауларға байланысты жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді, атап айтқанда: тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстыру), Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе жолтабанының ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру, Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi жөнелту жөнiндегi жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін; техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетудің, әуежай қызметінің көрсетілетін қызметтерін; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз порттарындағы көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында кешенді түрде көрсететін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесіне қатысушы ретінде көрсетілген вагондар (контейнерлер) операторы ұсынатын мынадай көрсетілетін қызметтер:
1) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісу;
2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;
3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтан басқару арқылы диспетчерлік ету осы бөлімнің мақсатында вагондар (контейнерлер) операторының көрсететін қызметтері болып табылады;
11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет көрсетулерді;
12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
13) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 пайызын мүгедектер құраса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 пайызын) құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың, сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетін тауарларды өндіру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерін;
14) алып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
15) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізген тауарларының, орындаған жұмыстарының, қызмет көрсетулерінің сапасына кепілдік беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, олардың қосалқы бөлшектері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызмет көрсетулерді;
16) егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, тазартылған қымбат бағалы металдарды – өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтынды, платинаны;
16-1) егер осы баптың 16) тармақшасында және осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, инвестициялық алтын бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес болған:
инвестициялық алтын құймалар мен тілімдер түрінде болған;
инвестициялық алтынмен мәміле қор биржасында жасалған кезде не мәміле тараптарының бірі:
екінші деңгейдегі банк;
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – заңды тұлға болған кезде;
17) осы Кодекстің 411 және 420-баптарында аталған қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетулерді;
18) осы Кодекстің 249-254-баптарында аталғандарды;
19) нотариаттық іс-әрекеттерді, адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерді;
20) төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен берілген ақшалай нысандағы қарыз операциялары;
21) бажсыз сауда дүкенінің кеден режиміне орналастырылған тауарларды өткізу бойынша айналымдар;
22) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен көрсетілетін бейрезиденттің қызметтер көрсетуі;
23) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын;
24) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды өткізуі;
25) келу туризмі бойынша туроператордың көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетілген заттардың тізбесі мен оларды іріктеу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
26) мемлекет атынан алушы үшін:
жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан өткізушінің өткізуі;
жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеу;
27) жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның шығыстарын өтеу қосылған құн салығынан босатылады.
28) 2016 жылғы 1 қарашаға дейін жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде еркін қойма аумағында шығарылған және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін көлік құралдарын;
29) бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:
тауар индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілсе;
осындай тауарды өндіру кезінде 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылғаны туралы индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның растауы болса, 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттан және (немесе) материалдардан ғана еркін қойма аумағында өндірілген және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін тауарды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. Растау нысанын индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
249-бап.
Жерге және тұрғын үй ғимараттарына
байланысты айналымдар
1. Тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) мүліктік жалдау (жалға беру), оның ішінде қосалқы мүліктік жалдау (жалға беру), мыналарды:
1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышында (бұдан әрі – Сыныптауыш) көзделген, тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізуді немесе мүліктік жалдауды (жалға беруді) қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) мүліктік жалдау (жалға беру) кезінде қолданылмайды;
2) Сыныптауышта көзделген тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) мүліктік жалдау (жалға беру) кезінде қолданылмайды.
3) тек тұрғын емес үй-жайдан тұратын тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін өткізуді немесе мүліктік жалдауды (жалға беруді) қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы мүліктік жалдау (жалға беру) қосылған құн салығынан босатылады.
Мыналар:
1) автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қоюға немесе сақтауға жер учаскесiн беру үшiн төлем;
2) қонақ үй қызметiн көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимараты (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі), тұрғын үй ғимаратына жатпайтын (жатқызылмайтын) ғимараты (ғимараттың бір бөлігі) орналасқан жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру, сондай-ақ осындай жер учаскесін мүліктік жалдау (жалға беру), оның ішінде қосалқы мүліктік жалдау (жалға беру) қосылған құн салығынан босатылмайды.
250-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.
2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операцияларға:
1) лицензия негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде өзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргізетін операциялар:
депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетілген металл шоттарын ашу және жүргізу;
аударым операциялары;
банктік қарыз операциялары;
кассалық операциялар;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
аккредитив ашу (ұсыну) және оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілгерлігін және өзге де міндеттемелерді беруі;
банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;
1-1) ислам банкінің лицензия негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары:
жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін пайызсыз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;
банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;
2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;
3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың қызмет көрсетулері;
4) туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетулері;
6) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсетулер ;
7) төлем карточкаларымен, электрондық ақшамен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;
8) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін басқару жөніндегі қызмет;
9) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын басқару бойынша қызмет көрсетулер ;
10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын тарту, зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есепке жатқызу бойынша қызмет көрсетулері;
11) қатысу үлесін сату;
12) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;
13) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі бойынша қызмет көрсетулер ;
14) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:
аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;
қарыз операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
кассалық операциялар;
кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілгерліктер және өзге де міндеттемелер беру;
15) инвестициялық алтынды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалар санаты үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған металл шоттары арқылы өткізу;
16) қарыз бойынша талап ету құқықтарын беру;
17) осы баптың 4-тармағында көрсетілген операциялар жатады.
3. Бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырған, қатысу үлесін өткізген кезде өткізу бойынша айналым бағалы қағаздарды, қатысу үлесін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады. Құнның өсімі осы Кодекстің 87-бабында көзделген тәртіппен айқындалады.
4. Ислам банктерінің мүлікті беруі:
1) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз;
2) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес ислам банкі алуға жататын кіріс бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың мақсатында ислам банкі алуға тиіс табысқа сатып алушыға өткізілетін тауарға үстеме баға сомасы жатады, ол ислам банкінің Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған коммерциялық кредит туралы шартының талаптарымен айқындалады.
Осы
тармақтың ережелері сатып алушы
коммерциялық кредит туралы шартты
орындаудан бас тартқан кезде ислам
банкінің тауарды үшінші тұлғаға өткізуі
жағдайларына қолданылмайды.
251-бап. Мүлікті қаржы лизингiне беру
Мүлiктi қаржы лизингіне беру лизинг берушi алуға тиісті сыйақы сомасы бөлiгiнде мынадай талаптар сақталған жағдайда:
1) мұндай беру осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптарға сай келсе;
2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алса, қосылған құн салығынан босатылады.
252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер
Қосылған құн салығынан:
1) осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің діни жоралар мен рәсімдер өткізуі бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар босатылады.
253-бап. Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар
Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі;
2) мәдени ұйымдар – театрлар, филармониялар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын (кәсіпкерлік қызметтен басқа);
3) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру, қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бiлiм беру;
4) мемлекеттiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына;
5) білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру ұйымдарының, сондай-ақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының кітапхана қорын уақытша пайдалануға беруі, оның ішінде электрондық нысанда беруі жөніндегі;
5-1) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымының осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына кітапхана қорын, оның ішінде электрондық нысанда уақытша пайдалануға беруі жөніндегі;
6) ақпарат тарату мен насихаттауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерін және мәдени құндылықтарды сақтау жөнiнде қызмет көрсетулерге, жұмыстарға қатысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.
253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдары көрсететін қызметтер
1. Осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін дербес білім беру ұйымдарының қызметі қосылған құн салығынан босатылады.";
254-бап. Медициналық және ветеринариялық қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер
1. Мыналар бойынша айналымдар:
1) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды өткізген;
2) протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өткiзген;
3) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанындағы көрсетілетін қызметтерді өткізген;
4) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы көрсететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы көрсетілетін қызметтерді өткізген;
5) мыналар:
ветеринария саласында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында көзделген, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызмет жүзеге асыруға арналған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринария ұйымдары ветеринария саласында көрсететін қызметтерді өткізген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
1. Мынадай тауарлар:
1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
2) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекiтілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін тауарлар;
4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнетін тауарлар;
5) шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасында акредиттелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;
6) салық төлеуден босатуды белгілейтiн кедендік рәсімінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялануға жататын тауарлар;
6-1) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін ғарыш объектілерінің, жербеті ғарыш инфрақұрылымының объектілері жабдықтарының импорты қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметінің мақсаттары үшін осындай ғарыш объектілері мен жабдықтарын әкелу туралы ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның растауы негізінде қолданылады;
7) мыналар:
Қазақстан Республикасы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелген;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде, Қазақстан Республикасы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
7-1) ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттар; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар және ветеринариялық техника, мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехника; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерiн шығаруға арналған шикiзат;
10) мемлекеттердiң, мемлекеттердің үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтыннан басқа, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:
қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;
қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:
импортталған инвестициялық алтынның салмағын
өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы)
көбейту
өткізілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамына
көбейту
тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды:
құймалар;
пластиналар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар түрінде өткізу кезінде қолданылады.
12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтын инвестициялық алтын импорты;
13) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты;
Осы тармақшада көрсетілген заттардың тізбесін және оларды іріктеу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
14) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
автокомпонент мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген, импорты қосылған құн салығынан босатылған моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттер тізбесіне енгізілсе;
осындай автокомпонентті әкелу Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген құжаттарда ресімделсе;
қосылған құн салығын төлеуші кеден органына талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін автокомпоненттерді пайдалану туралы міндеттемесін моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана берсе, инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттердің импорты қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналым үшін не ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын автокомпоненттер бойынша қосылған құн салығы Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, импортталатын тауарларды әкелген кезде олардың қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады;
15) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесіне енгізілсе;
шикізатты және (немесе) материалдарды әкелу Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделсе;
қосылған құн салығын төлеуші кеден органына талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдалану туралы міндеттемені ұсынса, инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.
16) 2016 жылғы 1 қарашаға дейін жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде еркін қойма аумағында шығарылған және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін көлік құралының құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар;
17) егер мұндай шикізат және (немесе) материалдар 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылса, осы Кодекстің 248-бабының 29) тармақшасында көзделген тізбеге енгізілген, еркін қойма аумағында өндірілген тауар құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1-ші күнінен бастап кезекті бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасымен екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген актив пайдалануға енгізілген айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналым үшін не ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) – 13) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
34-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ
256-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы
1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджетке төленетін жарнаға жатқызылуға жататын салық сомасын анықтау кезінде осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, егер олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ егер мынадай шарттар орындалса:
1) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) шот-фактура жазып берілген күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші салық салынатын айналым бойынша шот-фактура немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжат жазып берген болса;
3) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу жүргізілген болса;
қосылған құн салығы бюджетке төленген және кедендік рәсім шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;
3-1) Кеден одағына мүше болып табылатын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
жанама салықтар бойынша салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесі орындалған болса;
қосылған құн салығы осы Кодекстің 276-20-бабына сәйкес бюджетке төленген және қайтаруға жатпайтын болса;
4) осы Кодекстiң 241-бабында көзделген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеу жөнiндегі салық мiндеттемесi орындалған болса;
5) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою кезінде, осы тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қою күні тауарлар қалдықтары бойынша (негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
2. Мыналар:
1) осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөлiп көрсетіліп, жазып берілген шот-фактуралар бойынша өнiм берушiлерге төлеуге жататын;
2) осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қаржы лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ осы Кодекстің 238-бабының 10-тармағына сәйкес айналым жасау күні айқындалатын лизинг берушінің салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспайтын;
3) осы Кодекстiң 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
4) есепті салық кезеңінде алынған мерзімді баспа басылымдарының және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің, оған қоса олардың жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердің интернет-ресурсында орналасқан өнімдерінің құнына келетін бөлігінде осы Кодекстің 263-бабының 11-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
5) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресiмделген тауарлар декларациясында көрсетiлген, белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;
6) төлем құжатында немесе салық органы берген және осы Кодекстiң 241-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжатта көрсетiлген;
7) темiр жол немесе әуе көлiгінде тасымалдаушының - салық төлеушiнiң сәйкестендіру нөмiрi көрсетіле отырып берiлетiн жол жүру билетінде бөлек көрсетілген;
8) мынадай шарттар:
отырғызу талонының немесе тасымалдаушы берген, әуе көлігімен жол жүру фактісін растайтын құжаттың болуы;
электрондық билет құнының төлену фактісін растайтын құжаттың болуы шарттары бір мезгілде орындалған жағдайда әуе көлігінде тасымалдаушының - салық төлеушiнiң сәйкестендіру нөмiрi және қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәліктің нөмірі көрсетіле отырып берілетін электрондық билетте бөлек көрсетілген;
8-1) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
тасымалдаушы берген отырғызу талоны болса;
электрондық жол жүру құжаты құнының төлену фактісін растайтын құжат болса, салық төлеуші тасымалдаушының сәйкестендіру нөмірі мен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің нөмірі көрсетіле отырып, теміржол көлігінде берілетін электрондық жол жүру құжатында бөлек белгіленген;
9) есеп айырысуы банктер арқылы жүргiзiлетiн коммуналдық қызмет көрсетушi қолданатын құжаттарда көрсетiлген;
10) осы баптың 1-тармағының 5-тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың тиiстi тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге жасалған тауарлар қалдықтарын түгендеу тiзiмдемесінде көрсетiлген салық сомасы;
11) осы тармақшаның ережелерін ескере отырып, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органының құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжатында көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
Мұндай құжатта:
өткізілуі бойынша айналымдары салық салынбайтын айналымдарға жататын тауарлар бойынша "ҚҚС-сыз" деген белгі көрсетіледі;
қалған тауарлар бойынша мемлекеттік материалдық резервке осы тауарларды жеткізген кезде төленген салық сомасының шегінде және шығарылатын тауарлардың құнына оларды шығару күні қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығының сомасы кіргені айқындалса, қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
12) импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда көрсетілген және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасына сәйкес келетін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мынадай күндердің:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күнінің;
шот-фактураны жазып беру күнінің неғұрлым соңғысы тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Осы Кодекстің 241 және 276-20-баптарына сәйкес қосылған құн салығы төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортталған жағдайда төленген салық қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
3-1. Босатылған айналымның мақсаттары үшін сатып алынған, бірақ салық салынатын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша өнім берушілер жазып берген шот-фактуралардағы қосылған күн салығының сомасы олар салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылған салық кезеңінде осы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған күні қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есепке жатқызылуға жатады.
3-2. Аяқталмаған құрылыс объектісін өткізген жағдайда бұрын осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым түрінде өткізуге арналған осы объектінің құрылысы процесінде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған күн салығы аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған күні қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есепке жатқызылуға жатады.
3-3. Тұрғын үй ғимаратының құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталған, бірақ мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы тұрғын үй ғимаратын пайдалануға қабылдап алған күннен ерте емес салық кезеңінде осындай тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқылы, ол мынадай:
ҚҚСте = ҚҚСтғ*Sте/Sтғ формула бойынша айқындалады,
мұнда:
ҚҚСте – тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жай бойынша есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
ҚҚСтғ – тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы;
Sте – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын емес үй-жайлардың алаңы;
Sтғ – тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы.
3-4. Осы Кодекстің 237-бабының 2-тармағында көзделген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша (осы Кодекске сәйкес шот-фактураны жазып беру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда) қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
4. Егер шот-фактураны жазып беру осы Кодекстiң 263-бабының 7-1-тармағында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру күнi тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Осы Кодекстің 263-бабының 20-тармағында көрсетілген жағдайларда лизинг алушы қосылған құн салығын лизинг берушінің осы Кодекстің 237-бабының 6-тармағында көрсетілген өткізу бойынша айналымды жасаған күні тура келетін салық кезеңінде есепке жатқызады.
5. Қосылған құн салығын төлеушiде салық салынатын және салық салынбайтын, оның iшiнде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстің 260-бабында көзделген тәртiппен есепке жатқызылады.
6. Егер салық төлеушілердің мемлекеттік базасында тұрған салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағын қолданған болса, қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған сома мөлшеріне азайтылуға жатады.
7. Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурадағы қосылған құн салығын есепке жатқызу мақсаттары үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1) және 3) тармақшаларында көзделген деректемелерді көрсету міндетті болып табылмайды.
8. Осы бөлімнің мақсаттары үшін, алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін төленуге жататын қосылған құн салығы сомаларын есепке жатқызуға бірнеше негіз болған кезде қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызу неғұрлым ертеректегі негіз бойынша бір рет жүргізіледі.
257-бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы, егер:
1) осы тармақшада өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi.
Қосылған құн салығы, егер ол салық салынбайтын айналымның мақсаттары үшiн пайдалануға арналған (пайдаланылған), оның болуына байланысты салық төлеушi осы Кодекстiң 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданған (қолданатын) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жатқызылады.
Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін дербес білім беру ұйымдарының қызметі бойынша нысаналы салым қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды;
2) негізгі құралдар ретінде ескерілген (ескерілетін) жеңіл автомобильдерді;
3) шот-фактуралары осы Кодексте белгіленген талаптар сақталмай жазып берілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
4) төлемнің кезеңділігіне қарамастан, қосылған құн салығын ескере отырып, қолма-қол есеп айырысу төлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып берген күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды және осы Кодекстің 100-бабының 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.
1-1. Тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша қосылған құн салығы:
осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға дейін;
мұндай тұрғын үй ғимаратын мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдап алғанға дейін есепке жатқызылуға тиіс емес.
Тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша қосылған құн салығын осы Кодекстің 256-бабының 3-3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін тұрғын үй ғимаратын салуды жеке жүзеге асыратын қосымша құн салығын төлеуші:
осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға дейін;
мұндай тұрғын үй ғимаратын пайдалануға қабылдап алғанға дейін ескереді.
2. Мүлікті (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өтеусіз негізде алған кезде, осындай мүлікті алған тұлға осындай мүлікті өтеусіз берген тұлғаның төлеуіне жататын қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.
3. Қосылған құн салығының сомасы:
1) соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушімен жасалған не сот азаматтық-құқықтық тәртіппен жарамды деп таныған мәмілелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомаларын қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;
2) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттерді) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған мәміле (операция) бойынша;
3) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша;
4) комиссионер – комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша;
5) экспедитор – көлiк экспедициясы шарты бойынша міндеттерді атқару кезінде, осындай шарт бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушыдан және (немесе) басқа өнім берушілерден сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылмайды.
258-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету
1. Мынадай жағдайларда:
1) салық салынбайтын айналымның мақсаты үшін пайдаланылғандарды қоспағанда, салық төлеуші салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің болуына байланысты осы Кодекстің 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдісті қолданғанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша;
2) тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда) олар бойынша;
3) табиғи монополия субъектісі нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
4) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) жарғылық капиталға үлес ретінде берілген мүлік бойынша;
7-1) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындаған;
8) осы Кодекстің 239-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиеттерiнiң) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың бүлiнуiн бiлдiредi.
Салдары тауардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп түсініледі. Салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде шеккен тауарлар ысырабы жоғалту болып табылмайды.
3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған жағдайлар басталған сол салық кезеңiнде жүргiзiледi.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) – 3), 7) және 7-1) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету:
1) осы баптың 4-1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, тауар-материалдық қорлар бойынша – түзету жүзеге асырылған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін сол күнгі тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына қолдану жолымен айқындалатын қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде;
2) сатып алынған негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша – көрсетілген активтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін олардың түзетілу күнгі қайта бағалау мен құнсыздану ескерілмеген баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.
4-1. Осы баптың 1-тармағының 1) – 3), 7) және 7-1) тармақшаларында белгіленген жағдайлар басталған жекелеген активтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету осы тармақта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Бұл ретте осы тармақтың мақсаты үшін қосылған құн салығын төлеуші салған (құрған) негізгі құралдар, материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар жекелеген активтерге жатады.
Егер тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тек қосылған құн салығы қамтылған бағалар бойынша және қосылған құн салығы мөлшерлемесінің бірдей мөлшері бойынша сатып алынған болса, онда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген активті салуға (құруға) пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін жекелеген активтің түзетілу күнгі баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.
Қалған жағдайларда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген активті салуға (құруға) пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құнына қолдану арқылы есептелген қосылған құн салығының сомасын қосу жолымен айқындалады.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ топ 1, 2,… n = (Қ б х У топ 1, 2,… n),
мұнда:
Қ топ 1, 2,… n – қосылған құн салығының әртүрлі мөлшерлемелері бойынша сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құны;
Қ б – жекелеген активтің түзетілу күнгі баланстық құны;
У топ 1, 2, … n – жекелеген активтің бастапқы құнындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының үлес салмағы.
Тауарлардың әрбір тобы қосылған құн салығының қолданылған мөлшерлемесіне байланысты тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны бойынша жеке қалыптасады.
4-2. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету салық салынатын айналым мөлшерін түзету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің беруші жазып берген қосымша шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.
4-3. Егер өткізу бойынша осындай айналым жасалғанға дейін қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылған бөлінетін жер учаскесінің бір бөлігін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру жөніндегі өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылса, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жер учаскесіне тура келетін қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі, ол мына формула бойынша айқындалады:
ҚҚСтүз = ҚҚСеж/ Sжалпы*Sжер, мұндағы:
ҚҚСтүз – қосылған құн салығын түзету сомасы;
ҚҚСеж – бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
Sжалпы – жер учаскесінің оны бөлгенге дейінгі жалпы ауданы;
Sжер – иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын жер учаскесінің ауданы.
5. Осы Кодекстің 231-бабы 3-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 231-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда осы бапта көзделген түзету жүргізілмейді.
259-бап. Міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәндi мiндеттемелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету
1. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша міндеттемелер мөлшерінің бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері осы Кодекстің ережелеріне сәйкес күмәнді болып танылса, осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары негізінде есепке жатқызылған қосылған құн салығынан басқа, күмәнді міндеттемелер мөлшеріне сәйкес мөлшердегі тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы міндеттемелер туындаған күннен бастап үш жыл өткен соң есептен шығарылуға жатады.
2. Егер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталғаннан кейiн қосылған құн салығын төлеушi тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетілген бойынша салық сомасы ақы төленген сол салық кезеңiндегi есепке жатқызылуда қалпына келтiрiлуге жатады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген міндеттемелерді қоспағанда, міндеттемелерді есептен шығару кезінде, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
4. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме қосылған құн салығын төлеуші – өнiм берушi банкрот деп танылған күнге толық немесе ішінара қанағаттандырылмаса, онда осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен алып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеуші – өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.
5. Осы бапта көзделген түзету тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша түзету жүргізілетін айналым жасау кезінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші жазып беретін шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.
260-бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткізу бойынша айналымдар болған кезде қосылған құн салығын есепке жатқызу тәртібі
1. Салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша өнім берушіге төленуге жататын және импорт бойынша қосылған қүн салығы, осы Кодекстің 257-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, есепке жатқызылмайды.
2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушінің таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек әдіспен есепке жатқызылады.
3. Осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу бойынша айналымдар салық салудан босатылатын объектілер құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші салық салынатын айналымдардың және осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызудың бөлек әдісін қолдануға міндетті.
3-1. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдары осы Кодекстiң 253-1-бабының 2-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар және қалған айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызудың бөлек әдісін қолдануға міндетті.
4. Қосылған құн салығын төлеушіде:
салық салынатын айналымдар;
осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар;
басқа да салық салынбайтын айналымдар болған жағдайда, осы баптың 3-тармағын қолданатын қосылған құн салығын төлеуші, осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын айналымдарды қоспағанда, салық салынатын айналымдар мен салық салынбайтын айналымдар бойынша есепке жатқызудың пропорционалды әдісін қолдануға құқылы.
5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінде есепке жатқызудың барабарлық және бөлек әдістерін бір мезгілде пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушілер айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындаған кезде есепке жатқызудың бөлек әдісі қолданылатын айналымдарды ескермейді.
Бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызудың барабарлық әдісін қолданған кезде айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындау үшін салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың жалпы сомасы ескеріледі.
6. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы осы Кодекстің 100-бабының 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.
261-бап. Барабарлық әдiс
Барабарлық әдiс бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай айқындалады.
262-бап. Бөлек есептеу әдiсi
1. Бөлек есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын төлеушi салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшiн алған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
2. Есепке жатқызудың пропорционалды әдiсiн пайдаланатын банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының кепілдегі мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
2-1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, есепке жатқызудың пропорциялы әдiсiн пайдаланатын ұйымның:
мұндай банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.
2-2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, есепке жатқызудың барабар әдiсiн пайдаланатын банктің еншілес ұйымының:
күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша бас банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктің еншілес ұйымы алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.
2-3. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алуды басқа қызметтен бөлек жүргізеді. Туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу осы Кодекстің 248-бабының 25) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша бөлек жүргізіледі.
3. Қаржы лизингіне мүлiктi берген кезде, есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушінің мүлiктi қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
4. Лизинг берушінің қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты шығыстары салық салынатын айналым мақсаттары үшін шеккен шығыстар ретінде қаралады.
5. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.
5-1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушінің тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу-сату операциялары бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.
6. Есепке жатқызудың бөлек әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушілердің бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде жалпы айналымдағы салық салынатын айналымның үлес салмағын қолдануға құқығы бар.
35-тарау. ШОТ-ФАКТУРА
263-бап. Шот-фактура
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлейтін барлық төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат шот-фактура болып табылады.
1-1. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-2. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шот-фактураны электрондық нысанда:
1) Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, кеден қоймаларының иелері болып табылатын салық төлеушілер;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардағы салық төлеушілер;
2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген салық төлеушілер:
1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері болмаған жағдайда шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып береді.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс;
2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайда шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып береді.
Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазылып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық нысанда жазылып берілуге тиіс.
2-2. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда:
шот-фактураның нысаны;
шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
шот-фактураларды куәландыру тәртібі;
түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшеліктері;
шот-фактураларды сақтау тәртібі көрсетіледі.
Уәкілетті орган:
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.
2-3. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші осы баптың ережелерін ескере отырып, өзі дербес айқындайды.
3. Салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағында көзделген өзге құжатта:
1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн салығының сомасын;
2) салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша – "ҚҚС-сыз" белгісін көрсетеді.
4. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада:
1) шот-фактураның араб цифрларымен көрсетілетін реттiк нөмiрi;
1-1) шот-фактура электрондық нысанда жазып берілген жағдайда – айналым жасалған күн;
2) шот-фактураның жазып берiлген күні. Шот-фактура электрондық нысанда жазып берілген кезде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактура тіркелген күн жазып берілген күн болып табылады;
2-1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының орналасқан (тұрғылықты) жері көрсетілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының мекенжайы;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген атауы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;
3-1) осы Кодекстің 264-1-бабында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;
3-2) осы баптың 12-тармағы екінші бөлігінің 1) – 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурада:
Кеден одағы Комиссиясының шешімімен бекітілген валюта сыныптауышына сәйкес айқындалған валютаның әріптік коды;
өткізу бойынша айналым жасау күніне салық салынатын (салық салынбайтын) айналымды айқындау үшін пайдаланылатын валюта бағамы көрсетіледі;
4) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушi мен алушының сәйкестендіру нөмiрi;
5) қосылған құн салығын төлеуші – өнім берушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің сериясы мен нөмірі;
6) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің атауы;
7) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;
8) қосылған құн салығының мөлшерлемесі;
9) қосылған құн салығының сомасы;
10) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуге тиіс.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші немесе алушы заңды тұлға болып табылса, осы тармақтың 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлғаның деректемелері көрсетілуге тиіс.
Егер заңды тұлға атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі әрекет етсе және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактураларды жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізген болса, сондай-ақ егер заңды тұлға атынан құрылымдық бөлімше тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің алушы болса:
осы тармақтың 2-1), 3), 3-1) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада құрылымдық бөлімшенің деректемелерін көрсетуге жол беріледі;
осы тармақтың 5) тармақшасында белгіленген талаптарды орындау мақсатында құрылымдық бөлімшесі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын қосылған құн салығын төлеуші – заңды тұлғаның қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің сериясы мен нөмірі көрсетілуге тиіс.
6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі.
Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг беруші "Салық кодексінің 78-бабы сақталмаған" деген белгісі бар шот-фактура немесе қосымша шот-фактура жазып береді.
7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште – айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк жеті күннен кешiктiрiлмей;
электрондық нысанда – айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
7-1. Қосылған құн салығын төлеушi шот-фактураларды жазып беру кезінде:
электр энергиясын, суды, газды, жүйелік оператор көрсететін жүйелік көрсетілетін қызметтерді, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедициялық көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша тасымалдаудың көрсетілетін қызметтерін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есепке жазылған сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында аталған тұлғаларға бір жыл немесе бір жылдан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактура жазып беруге құқылы.
7-2. Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште – өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен кешіктірілмей;
электрондық нысанда – өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура:
заңды тұлғалар үшiн – басшысы мен бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен, сондай-ақ, егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен;
дара кәсiпкерлер үшiн – дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы жазылған мөрiмен (ол болған кезде), сондай-ақ қолтаңбасымен куәландырылады.
Шот-фактура салық төлеушiнiң бұйрығымен осыған уәкiлеттiк берiлген қызметкердiң қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкiн. Бұл ретте бұйрықтың көшiрмесi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылардың көрiп-танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiге шот-фактураға қол қоюға уәкiлеттi адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкiлеттi адам куәландырған көшiрмесiн беру талабымен жүгiнуге құқылы, ал өнiм берушi бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы жүгiнген күнi орындауға мiндеттi.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi, егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, салық төлеушi жазып берген шот-фактураны оның шешiмi бойынша заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлiмшесiнiң заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен куәландыруға құқылы.
Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкiлеттi өкiлi жазып берген шот-фактура осы Кодекстiң 308-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi өкiлдiң атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен, сондай-ақ осындай уәкiлеттi өкiл басшысының және бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен куәландырылады.
Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына және есептiк саясатқа сәйкес басшы немесе дара кәсiпкер бухгалтерлiк есептi жеке өзi жүргiзсе, бас бухгалтер қолтаңбасының орнына "көзделмеген" деп көрсетiледi.
Электрондық нысанда жазып берiлген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
9. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шот-фактурада салық салынатын айналымның мөлшері тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір атауы бойынша жеке көрсетіледі.
Шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 6) – 10) тармақшаларында көрсетілген деректер қамтылған құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күніне сілтеме, сондай-ақ оның атауы қамтылуға тиіс.
10. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазып беретін шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомасы енгізілместен, қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы негізінде көрсетіледі.
11. Интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзiмдi баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнімін өткізген жағдайда, шот-фактура:
1) өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей қағаз жеткізгіште;
2) өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей электрондық нысанда жазылып беріледі.
12. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі. Сыртқы сауда қызметі жүзеге асырылған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын және қосылған құн салығының сомасын шетел валютасымен қосымша көрсетуге тыйым салынбайды.
Мынадай:
1) өнімнің бөлінісі туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасасылған (жасалған) мәмілелер (операциялар) бойынша;
2) тауарларды осы Кодекстің 242, 276-11 және 276-13-баптарына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;
3) осы Кодекстің 244-бабына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;
4) осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасымен көрсету мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.
13. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура екі данада жазылады, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушыға беріледі.
14. Бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер енгізу, оның ішінде қателерді түзету мақсатында өзгерістер енгізу бұрын жазып берілген шот-фактураны жою және түзетілген шот-фактураны жазып беру арқылы жүргізіледі.
Бұл ретте түзетілген шот-фактурада бұрын жазып берілген шот-фактурада көрсетілгеннен өзге тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні көрсетуге жол берілмейді.
Осы Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесі қолданылмайды.
14-1. Түзетілген шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мынадай ақпаратты:
шот-фактураның түзетілгені туралы белгіні;
түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс.
14-2. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растау құжаттарының кез келгенінің:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны осы баптың 8-тармағына сәйкес қолтаңбасымен және мөрімен растауының;
немесе
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жолдауының және оның алынғаны туралы хабарламаның;
немесе
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай қол қойылған және:
заңды тұлғалар үшiн – егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрi;
дара кәсiпкерлер үшiн – мөрі болған кезде, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы қамтылған мөрi басылған шот-фактураны алғандығы туралы хатының болуы міндетті.
Электрондық нысанда жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.
15. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:
1) бухгалтерлік есеп жүргізген кезде негіз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, коммуналдық қызмет көрсеткені, байланыс қызметін көрсеткені үшін банктер арқылы есеп айырысу жүзеге асырылған;
2) жолаушы тасымалы жол жүру билетімен (осы тармақтың 3) және 3-1) тармақшаларында көзделгеннен басқа жағдайларда) ресімделген;
3) әуе көлігінде берілетін жолаушы тасымалдау электрондық билетпен ресімделген;
3-1) жолаушы тасымалы теміржол көлігінде берілетін электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;
4) осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жағдайларын қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзілген жағдайда сатып алушыға бақылау-кассалық машинаның чегi берiлген;
5) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;
6) осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген;
7) осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларын қоспағанда, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысу жүзеге асырылған жағдайларда талап етілмейді.
16. Осы баптың 15-тармағының 1), 2) 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi бұл талапты осы баптың ережелерiн ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды сенім білдірілген адамы арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.
Осы баптың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы өнім берушіге осындай өнім беруші көрсеткен тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында әуе көлігімен ұшу фактісін растау үшін өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші:
жеке тұлғаның әуе көлігімен ұшу фактісін растайтын құжатты немесе жазып берілуі осы баптың ережелері сақталып, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген адамы арқылы әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алушы дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде жүзеге асырылуға тиіс шот-фактураны тегін жазып беруге міндетті.
Осы баптың 15-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші көрсеткен тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында теміржол көлігімен жол жүру фактісін растау үшін шот-фактура жазып беруді талап ете отырып, осы өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты орындауға міндетті.
16-1. Осы баптың 16-тармағының талаптарын орындау мақсаттарында шот-фактураны жазып беру:
1) осы баптың 15-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда – айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, шот-фактуралар айналым жасау күнінен кешірек жазып берілген кезде, көрсетілетін қызметтерді беруші шот-фактураны жазып беру күнімен қатар айналым жасалған күні қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;
2) осы баптың 15-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны бойынша айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.
17. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 235-бабында белгіленген.
18. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар шеңберінде шот-фактуралар жазып берудің ерекшеліктері осы Кодекстің 264-1-бабында белгіленген.
19. Тапсырма шартына сәйкес келетін талаптармен өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураны жазып беруді сенім білдіруші (осы Кодекстің 233-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда - сенім білдірілген адам) осы бөлімде көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
20. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг берушi көрсетiлген сақталмау орын алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша – қосымша шот-фактураны жазып беруге мiндеттi, онда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi (қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасы қосылмаған) қамтылуға тиiс;
2) мүлiктi қаржы лизингі бойынша сыйақының есепке жазылған сомалары бөлiгiнде қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi, оларда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс.
21. Оператор осы Кодекстің 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың жеткізуші (сатып алушы) ретіндегі деректемелерін көрсете отырып, осы баптың талаптарына сәйкес жазып беріледі.
264-бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері
1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жүк тасымалдауға шот-фактураларды жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.
Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралардың негізінде жазып береді.
Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың негізінде жазып береді.
2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналымның мөлшері көлік экспедициясы шартының шеңберінде тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
Шот-фактурада:
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын;
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын қамтитын айналым көрсетіледі.
Көлік экспедициясы шарты бойынша сыйақының экспедитордың салық салынатын айналымының мөлшеріне қосылатын сомасы шот-фактурада бөлек жолмен жазып көрсетілуге тиіс.
3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда экспедитор шот-фактураны екі данада жазып бередi.
Шот-фактураның бірінші данасы көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа беріледі.
Шот-фактураның екінші данасы экспедиторда қалады.
3-1. Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедиторда тасымалдаушылар және (немесе) осындай шарттың шеңберінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашып көрсететін құжаттың болуы міндетті.
Бұл ретте мұндай құжат экспедиторда осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде сақталады.
Құжатта мынадай деректер көрсетілуге тиіс:
1) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің шот-фактурасының реттік нөмірі және жазып берiлген күні;
2) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы;
4) егер тасымалдаушы және (немесе) өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;
5) тасымалдаушы және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыратын, шот-фактурада көрсетілген салық салынатын айналым мөлшеріне қосылатын жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) өнім беруші жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны бөлек көрсетіледі.
4. Көрсетілген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.
264-1-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері
1. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізінде көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.
Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде көрсетіледі.
Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйқасының сомасы негізінде көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізуге комитент комиссионердің атына шот-фактураны жазып беру кезінде:
өнім берушінің деректемелері ретінде "комитент" мәртебесі көрсетіле отырып, комитент деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға комиссионер шот-фактура жазып беру кезінде өнім берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.
2. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке беру кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәміле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комитент атына шот-фактуралар жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссия шартының талаптарында комитент үшін комиссионер сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымда көрсетіледі;
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымда көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактураны комиссионер комитентке жазып беру кезінде:
өнім берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып комиссионер деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде "комитент" мәртебесі көрсетіле отырып комитент деректемелері көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3) және 4) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып беру кезінде алушының деректемелері ретінде комиссионер деректемелері көрсетіледі.
265-бап. Қосымша шот-фактураларды жазып беру
1. Өнім беруші қосымша шот-фактураны мына жағдайларда:
1) осы Кодекстің 239-бабына сәйкес салық салынатын айналым мөлшері түзетілген;
2) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес болған кезде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші шот-фактураны осы Кодекстің 263-бабында көзделген жағдайларда осындай шот-фактура жазып берілген күні қолданыста болған салық мөлшерлемесі бойынша есепке жазылған қосылған құн салығы сомасын көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күннен бұрын жазып берген;
шот-фактура жазып берілген күні қолданыста болған қосылған құн салығы мөлшерлемесі осындай шот-фактура бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күні қолданыста болған салық мөлшерлемесінен өзгеше болған жағдайларда жазып береді.
2. Қосымша шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы Кодекстің 263-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мына ақпаратты:
шот-фактураның қосымша болып табылатыны туралы белгіні;
қосымша шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
қосымша шот-фактура жазып берілетін шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда – салық салынатын айналым мөлшерінің түзетілуін және бұрын жазып берілген шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мен қосымша шот-фактура жазып берілген күндегі қосылған құн салығы сомасының арасындағы айырманы;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда – қосымша шот-фактура жазып берілген күндегі қосылған құн салығының мөлшерлемесін және қосымша шот-фактура жазып берілген күндегі қосылған құн салығының сомасын қамтуға тиіс.
3. Қосымша шот-фактура:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда, осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күннен ерте емес және:
қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен;
электрондық нысанда жазып берілген жағдайда, осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, салық мөлшерлемесін өзгертуді көздейтін заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір айдың ішінде жазып беріледі.
4. Қағаз жеткізгіште жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растау құжаттарының кез келгенінің:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны осы Кодекстің 263-бабының 8-тармағына сәйкес қолтаңбасымен және мөрімен растауының;
немесе
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жіберуінің және оның алынғаны туралы хабарламаның;
немесе
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай қол қойылған және:
заңды тұлғалар үшiн – егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрi;
дара кәсiпкерлер үшiн – мөрі болған кезде, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы қамтылған мөрi басылған шот-фактураны алғандығы туралы хатының болуы міндетті.
Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай қосымша шот-фактураны алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.
36-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
266-бап. Қосылған құн салығын есептеу
Қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есепке жазылған қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Бұл ретте:
1) оң айырма осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке төленуге жататын салық сомасы болып табылады;
2) теріс айырма есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі болып табылады.
267-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеу тәртібi
1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуді жүргізуге құқылы.
2. Осы баптың мақсаты үшін ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын мына қызмет түрлерін:
ет және ет өнімін өндіруді;
жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;
өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;
сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;
ұн-жарма өнеркәсібі өнімін өндіруді;
жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;
нан өндіруді;
балалар тағамын және емдәмдік тағам өнімін өндіруді;
крахмал-cірне өнеркәсібі өнімін өндіруді;
ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін қайта өңдеуді жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізуден алынуға жататын (алынған) кірістер құрайтын заңды тұлғалар жатады.
Осы тармақтың 1) тармақшасын қолдану мақсатында қызмет түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;
3) акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асырмайтын заңды тұлғалар жатады.
3. Бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында осы бап қолданылған кезде:
1) есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі – қосылған құн салығы сомасының асып кетуі) болмаған жағдайда – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген сомасы 70 пайызға азайтылады;
2) есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі болған жағдайда – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстің 66-бабына сәйкес есептелген сомасының есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының сомасынан асып кетуі 70 пайызға азайтылуға жатады.
3-1. Осы бапты қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға осы баптың ережелерін күнтізбелік жылға кіретін барлық салық кезеңіне қолдануға міндетті.
4. Мыналар:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер – заңды тұлғалар мына қызмет түрлері:
жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімдерін қайта өңдеу және өткізу;
мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімдерін қайта өңдеу және өткізу бойынша;
2) ауыл шаруашылығы кооперативтері мына қызмет түрлері:
осы кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу;
осы кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және осы өнімді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу бойынша осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуді жүргізеді.
5. Осы баптың мақсаттары үшін қолданылатын жылдық жиынтық табыс:
1) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес осы Кодекстің 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;
2) осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңі үшін айқындалады.
6. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, салық төлеуші:
1) осы баптың 3-тармағында белгіленген ережені қолданбай, осы Кодекстің 266-бабында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын есептеуге;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей осы баптың 3-тармағында белгіленген ережені қолданбай, қосылған құн салығы осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептеуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
268-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.
2. Осы Кодекстің 242-245-баптарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк мөлшерлеме бойынша салынады.
Осы Кодекстің 243-245-баптарына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу бойынша аталған айналым осы баптың 1-тармағында аталған мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
3. Жеке тұлғалар Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы алып өтетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде қосылған құн салығын төлеу кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемесі бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеу арқылы немесе жиынтық кедендік төлем түрінде жүзеге асырылады.
Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерінің, сондай-ақ жиынтық кедендік төлемнің мөлшері мен оларды төлеу тәртібі Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.
4. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстiң 238-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне қосылған құн салығының:
1) тауар-материалдық қорлар бойынша – тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күні қолданыста болған;
2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша – оларды сатып алған күні қолданыста болған мөлшерлемелері қолданылады.
269-бап. Салық кезеңi
Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.
270-бап. Салық декларациясы
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.
Қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды.
Осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор жай серіктестіктің (консорциумның) барлық қатысушылары бойынша жиынтық түрде келісімшарт қызметі бойынша қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс етеді.
2. Егер осы Кодекстің 68-бабында және осы тармақта өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Шот-фактураның нөмірін көрсетуге арналған ұялардың саны электрондық нысанда мыналарды:
1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);
2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.
Салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште де, электрондық нысанда де жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.
Егер қосылған құн салығын төлеуші:
салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электрондық нысанда ғана жазып берген жағдайда, онда салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі салық органдарына табыс етілмейді;
салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электрондық нысанда ғана алған жағдайда, онда салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына табыс етілмейді.
3. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі өзіне мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша табыс етеді.
4.
Осы Кодекстiң
571-бабының 4-тармағында көзделген
жағдайларда салық органының шешімі
бойынша тіркеу есебінен шығарылған
салық төлеуші, осындай есептен шығару
жүргізілген есепті салық кезеңінен
кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей,
қосылған құн салығы бойынша тарату
декларациясын орналасқан жері бойынша
салық органына табыс етуге міндетті.
Тарату декларациясы салық төлеуші
тіркеу есебінен шығарылған салық
кезеңінің басынан бастап оны осындай
есептен шығарған күнге дейінгі кезең
үшін толтырылады.
271-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлеуші бюджетке төленуге жататын салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей, әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.
1-1. Осы Кодекстің 571-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясында көрсетілген қосылған құн салығын төлеу қосылған құн салығын төлеушінің салық органына осындай декларацияны табыс еткен күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, оның орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы табыс етілген салық кезеңінің алдындағы салық кезеңі үшін табыс етілген, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталған жағдайда, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерді төлеу үшін айқындалатын күні төленеді.
Бұл ретте ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту осы Кодекстің 51-3-бабына сәйкес жүргізіледі.
271-1-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауының ерекшеліктері
1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметтің шеңберінде қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін:
қосылған құн салығының жай серіктестіктің аталған қатысушысына келетін үлесі бөлігінде қатысушының әрқайсысы;
не өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша, егер өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) талаптарында оператор осындай салық міндеттемесін орындауға уәкілетті болса, оператор орындауға тиіс.
2. Жай серіктестіктің (консорциумға) әрбір қатысушысының қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындауы кезінде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 235-бабының талаптарына сәйкес жазып беріледі;
қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде осындай қатысушының әрқайсысы тапсырады;
қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомалары жай серіктестіктің аталған қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде қатысушының әрқайсысының дербес шотында көрсетіледі;
қосылған құн салығының асып түскен бөлігін қайтару декларацияны табыс еткен жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына жүргізіледі;
салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін тапсыру осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына әрқайсысына қатысты қолданылады.
3. Оператор өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындаған кезде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 263-бабының талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен оператордың деректемелері көрсетіле отырып, жазып беріледі;
қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша оператор тапсырады;
қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомалары оператордың дербес шотында көрсетіледі;
қосылған құн салығының асып түскен бөлігін қайтару операторға жүргізіледі;
салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін тапсыру осы Кодексте салық төлеушілер (салық агенттері) үшін көзделген тәртіпке сәйкес операторға қатысты қолданылады және бұл ретте көрсетілген құжаттар өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша салық төлеуші ретінде жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына тапсырылды деп есептеледі.
4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетілуге және өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін өзгермеген күйінде қалуға тиіс.
37-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАС
272-бап. Қосылған құн салығын қайтару
1. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кетуi (бұдан әрi – қосылған құн салығының асып кетуi).
Осы тармақшада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасында:
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар;
салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде мұндай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды.
Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қалыптасқан, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы Кодекстің 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезiнде төленген, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомалары шегінде жүргізіледі.
Осы тармақшаның үшінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 274-бабында көзделген, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген тұрақты өткізуге жатқызу критерийлерін және:
осы баптың 3-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты;
осы тармақшаның үшінші бөлігінде көзделген, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кету сомаларын айқындау тәртібін белгілейді;
2) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға осы Кодекстің 275-бабында белгіленген тәртіппен төленген қосылған құн салығы;
3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктері, шет мемлекеттердің консулдық мекемелері, дипломатиялық және осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдар, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер – олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға осы Кодекстің 276-бабында белгіленген тәртіппен төлеген қосылған құн салығы;
4) бюджетке артық төленген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге бюджеттен қайтарылуға жатады.
2. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қалыптасқан, осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуі, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған немесе пайдаланылатын тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге байланысты қалыптасқан асып түсуді қоспағанда, бюджеттен қайтарылуға жатпайды.
Осы тармаққа сәйкес бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып түсуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлем шотына есептеледі. Импорт кезінде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстің 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотының есебіне жатқызу жүргізілмейді.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 273-1-бабына сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару кезінде қолданылмайды.
3. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған салық кезеңінің соңында қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай шарттар орындалатын болса:
1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, қайтарылуға жатады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.
3-1. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Күші жойылды - ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңымен.
5. Асып кеткен қосылған құн салығын қайтару қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
273-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару
1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге қайтару:
1) егер осы Кодекстің 274-бабында өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімде;
2) салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда аталған қайтару туралы оның талабының негізінде жүзеге асырылады.
2. Егер қосылған құн салығын төлеуші салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсетпесе, онда бұл асып кеткен сома алдағы қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебіне жатқызылады немесе қайтарылуға ұсынылуы мүмкін.
Бұл ретте қосылған құн салығын төлеушінің осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде, 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтаруға құқығы бар.
3. Егер осы Кодекстің осы бабының 4-тармағында және 274-бабында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына табыс етуге осы Кодексте белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап күнтізбелік жүз елу бес күннің ішінде жүргізіледі.
Осы тармақтың мақсатында:
1) шағым жасалу (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;
2) осы Кодекстің 635-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.
3) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Осы Кодекстің 274-бабының 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару салық органына қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс етуге осы Кодексте белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап елу бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Осы тармақтың мақсатында:
1) шағым жасалу (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;
2) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
3) осы Кодекстің 634-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.
5. Қосылған құн салығының асып кетуі:
1) мыналар:
шағын бизнес субъектілері;
шаруа немесе фермер қожалықтары;
ауыл
шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық
өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер
және ауыл шаруашылығы кооперативтері
үшін белгіленген арнаулы салық
режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды
жүзеге асыратын салық төлеушіге
2) осы
Кодекстің 267-бабының және 231-бабының
3-тармағы 18) тармақшасының ережелерін
қолданған салық кезеңдері үшін салық
төлеушіге қайтарылмайды.
6. Бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге осы Кодекстің 603-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылады.
Бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып кеткен сомасы қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің шотына есептеледі. Импорт кезінде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстің 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотына есепке жатқызу жүргізілмейді.
7. Салық төлеушінің декларацияда қосылған құн салығын қайтару талабы көрсетілген, бюджеттен қайтарылған және құжаттық салықтық тексеру жүргізу барысында расталмаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде бюджетке төлеуіне жатады.
Егер салық төлеушіге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы Кодекстің 603-бабының 4-тармағына сәйкес осы салық төлеушінің пайдасына бұрын өсімпұл есебіне жатқызу және аудару арқылы жүргізілген болса, салықтық тексеру кезінде расталмаған, салық төлеушіге бұрын аударылған және қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына келетін өсімпұл тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде бюджетке төленуге жатады.
8.
Осы баптың 7-тармағында көрсетілген
сомалар осы Кодекстің 603-бабының
4-тармағында көрсетілген мөлшерде салық
төлеушінің осы сомаларды аударған
күнінен бастап әр күн үшін өсімпұл
есептен шығарыла отырып бюджетке
төленуге жатады.
273-1-бап. Жекелеген жағдайларда
қосылған құн салығының асып кетуін
қайтару ерекшеліктері
1. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай салық төлеушіге құрылыс кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:
1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;
2) көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары;
3) тұрғын үй емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатқызылады.
Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы құрылыстарға, спорт пен демалыс орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер қоюға немесе орынтұрағына арналған, сондай-ақ мәдени-көңіл көтеру, қонақ үй, мейрамхана мақсаттарындағы құрылыстардан басқа құрылыстар жатқызылады.
Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылыстарға жатқызу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "толық аяқталған" құрылыс кезінде де қолданылады.
Бұл ретте құрылыс кезеңі деп құрылыстың басталуы мен ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
Осы баптың мақсаттары үшін мына күндердің ең ерте күні:
1) құрылысты жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн;
2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн құрылыстың басталуы деп танылады.
Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
1) салық төлеуші қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын немесе инвестициялық басым жобаны іске асыратын жаңадан құрылған ұйым болып табылса;
2) құрылыс осы Кодекстің 130-1-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарттың негізінде жүзеге асырылса;
3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар деп танылса;
4) ғимараттар, құрылыстар пайдалануға қабылданса, қолданылады.
Осы тармақта көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап ғимараттар, құрылыстар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып көрсетіледі.
2. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасасқан күн мен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
Осы тармақтың ережесі қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.
Салық төлеуші осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапты, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күнге тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 46-бабының ережелерін ескере отырып көрсетеді.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған жинақталған асып кеткен сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап теңдей үлестермен жиырма салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
4.
Осы баптың ережелері қайтарылуы осы
Кодекстің 272-бабына сәйкес жүзеге
асырылатын қосылған құн салығының асып
кеткен сомасына, сондай-ақ қосылған құн
салығының асып кетуін қайтарған кезде
осы Кодекстің 274-бабында көзделген
қосылған құн салығының асып кетуін
қайтарудың оңайлатылған тәртібін
қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге
қолданылмайды.
274-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі
1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі алдын-ала салықтық тексеру жүргізбей қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыру болып табылады.
2. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс еткен :
1) ірі салық төлеуші мониторингінде кемінде қатарынан он екі ай тұрған және қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ететін күнге салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.
Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бөліну, бөлініп шығу, қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылатын тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) өтеді.
Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылғанға дейін мониторингке жататын ірі салық төлеуші болып табылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.
Мониторингке жататын ірі салық төлеуші – заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бірігу немесе қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.
Осы тармақшаның төртінші бөлігінің ережелері мына шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
бірігу және (немесе) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың біреуі мониторингке жататын ірі салық төлеуші болса және осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келсе;
бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күні ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса, қолданылады.
Осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қатысты қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің жаңа тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылады.
Бұл ретте есепті салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшердегі қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады;
1-1) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетiлген, қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияны табыс ету күнi салық есептiлiгiн табыс ету бойынша орындалмаған салық мiндеттемелерi жоқ, осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарының қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;
3) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде осы бапта көзделген оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы жоқ төлеушілер санатына жатқызылмаған тұлғалардың қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдануға құқығы бар.
3. Оңайлатылған тәртіппен қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару мынадай мерзімдерде:
1) осы баптың 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында аталған қосылған құн салығын төлеушілерге – салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны салық органына табыс ету үшін осы Кодексте (ұзарту кезеңін ескере отырып) белгіленген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
2) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілерге – салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларация салық органына табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
275-бап. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару
1. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша:
1) грант алушыға – Қазақстан Республикасының грант беру туралы халықаралық шартына сәйкес бенефициар болып табылатын мемлекеттік органға, егер Қазақстан Республикасының аталған халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, орындаушыны тағайындаушыға;
2) орындаушыға – грантты іске асыру үшін грант алушы болып тағайындалған тұлғаға (бұдан әрі – орындаушы) төленген қосылған құн салығын қайтару жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, грант қаражаты есебiнен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға төленген қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары, егер бiр мезгілде мынадай шарттар сақталса:
1) грант қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алынған грант мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берілсе;
2) грант тек қана тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу үшін беріліп, олар сол мақсаттарда ғана сатып алынса;
3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүзеге асырылса, грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қайтарады.
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару грант алушыларға немесе орындаушыларға осы Кодекстің 599, 604-баптарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығының грант қаражаттары есебiнен төленгенін растайтын құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.
4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару үшін грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішке қоса грант алушы немесе орындаушы орналасқан жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекет үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесін;
2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушымен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін;
3) қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішпен жүгінуі кезінде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесін;
4) тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тиеп жөнелтілгенін және алынғанын растайтын құжаттарды;
5) қосылған құн салығының сомасын бөлек жазып көрсете отырып, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын ұсынушы жазып берген шот-фактураны;
6) жүкқұжатын, тауар-көлік жүкқұжатын;
7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатты;
8) белгіленген тәртіппен ресімделген, грант алушы немесе орындаушы орындаған және қабылдаған тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің актілерін;
9) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алғаны үшін ақының төленгенін, оның ішінде қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды табыс етеді.
Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтаруды қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын грант алушы немесе орындаушы да жүргізеді.
276-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне және олардың персоналына қосылған құн салығын қайтару
1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне (бұдан әрі – өкілдіктер) және дипломатиялық, осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға (бұдан әрі – персонал), олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер – олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарлар, орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін қосылған құн салығын қайтару, егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру кезінде өзара түсіністік принципін растайтын құжаттарда көзделген болса, жүргізіледі.
Қосылған құн салығын қайтаруды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бекіткен тізбеге енгізілген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады.
2. Өзара түсіністік принципі негізінде, бірқатар өкілдіктерге қатысты қосылған құн салығын қайтарудың мөлшері мен шарттары бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін.
Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі уәкілетті органның келісімі бойынша бекітеді.
3. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын қоса алғанда, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген әрбір жеке шот-фактурада және төлеу фактісін растайтын құжаттарда сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып беру күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерін құраған және одан асып түскен жағдайларда, өкілдіктерге қосылған құн салығы қайтарылады.
Осы тармақта белгіленген шектеулер байланыс, электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеуге қолданылмайды.
4. Салық органдары өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттар (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар) көшірмелерінің негізінде қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асырады.
Өкілдіктер персоналының мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген аккредитттеу құжаттарының көшірмелері қосымша табыс етіледі.
Өкілдіктер есепті тоқсан ішінде сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште тоқсан сайын жасайды, мөрмен куәландырылады және оған басшы не өкілдіктің соған уәкілеттік берген лауазымды адамы қол қояды.
Өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостар (тізілімдер) қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, өкілдік персоналы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасында болу мерзімінің аяқталу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына беріледі.
5. Өзара түсіністік қағидаты расталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымы Қазақстан Республикасында тіркелген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) ілеспе құжатпен бірге береді.
6. Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымынан жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық органдары жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тексергеннен кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына қосылған құн салығын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды.
Қосылған құн салығының сомаларын қайтарудан бас тартылған жағдайда, салық органдары қандай бұзушылықтар жіберілгенін және оларға қандай құжаттар бойынша жол берілгенін хабарлайды.
7. Өкілдіктер табыс еткен құжаттарда бұзушылықтар анықталған, оның ішінде қосылған құн салығының сомалары бөлек жазып көрсетілмеген жағдайда, салық органдары тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыға қарсы тексеру жүргізеді.
Егер қарсы тексеру жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар осы баптың 6-тармағында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жойылмаған болса, қосылған құн салығын қайтару бұзушылық анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.
Егер бұзушылықтар қарсы тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса табыс етілген қосымша жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде жүргізіледі.
Тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тоқсанның ішінде қайтаруға ұсынылмаған қосылған құн салығының сомасын өкілдіктер қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса табыс етілген жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде қайтаруға ұсынуы мүмкін.
8. Өкілдіктер құжаттарды салық органына мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жолдайды.
Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде өкілдіктің мөрі басылған мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасы табыс етіледі.
9. Қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары өкілдіктердің және (немесе) өкілдік персоналының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының банктерінде ашқан тиісті шоттарына жүргізеді.
37-1-тарау.
Кеден одағында тауарлардың экспорты
мен импорты,
жұмыстар орындау, қызметтер
көрсету кезінде
қосылған құн салығын
салу ерекшеліктері
276-1-бап. Жалпы ережелер
1. Осы тараудың ережелері Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында жасалған халықаралық шарттардың негізінде белгіленген және тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы бөлігінде салық салуды, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудада оған салықтық әкімшілік етуін реттейді.
Егер осы тарауда тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салу, сондай-ақ оның салықтық әкімшілік ету бөлігінде Кодекстің басқа тарауларындағыдан өзге нормалар белгіленсе, онда осы тараудың нормалары қолданылады.
Осы тарауда тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салуға, сондай-ақ оның салықтық әкімшілік етуіне қатысты реттелмеген мәселелер осы Кодекстің басқа тарауларымен, сондай-ақ осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актімен реттеледі.
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген.
Егер Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар көзделмесе, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады.
Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын өндіріп алуды Қазақстан Республикасының салық органдары салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылатын, осы Кодекстің 268-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жүзеге асырады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудада тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды салық органдары салық төлеуші табыс еткен салық есептілігінің, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы мемлекеттік органдардан және өзге де тұлғалардан алынған мәліметтердің және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырады.
Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
2. Осы тараудың мақсатында мүлікті лизинг (лизинг нысанасы) шарты бойынша үш жылдан артық мерзімге беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:
1) мүлікті (лизинг нысанасын) лизинг алушының меншігіне тіркелген баға бойынша беру лизинг шартымен анықталса;
2) лизинг мерзімі мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін пайдалы қызмет мерзімінің жетпіс бес пайызынан асса;
3) лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны лизингтің (лизинг нысанасы) бүкіл мерзімінде мүлік лизингі бойынша берілетін құнның тоқсан пайызынан асса, лизинг болып танылады.
Осы тараудың мақсатында мұндай беру лизинг берушінің мүлікті (лизинг нысанасын) сатуы және лизинг алушының осы мүлікті (лизинг нысанасын) сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл ретте, лизинг алушы - лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер тауарлар құнының бір бөлігінің лизинг алушыға ұсынылған кредит бойынша төлемдер ретінде қарастырылады.
Осы тараудың мақсатында лизингтік төлем деп сыйақыны есептегенде лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауар құнының бір бөлігі түсініледі.
Осы тараудың мақсатында жоғарыда көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда немесе олар бойынша лизинг шарты, осындай шарттар жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайда лизингтік мәмілелер лизинг деп танылмайды.
Осы тараудың мақсатында лизинг шарты бойынша сыйақы деп, осындай мүлік (лизинг нысанасы) алынған (берілген) құнды, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, мүлікті (лизинг нысанасын) лизингке беруге байланысты барлық төлемдер
276-2-бап. Кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер
Мыналар:
1) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар;
2) тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаушы тұлғалар:
резидент заңды тұлға;
егер ол шарттың (келісімшарттың) тарапы болып табылған жағдайда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
егер резидент-заңды тұлға мен Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тауарларды алушы болып табылса, осындай заңды тұлғаның тиісті шешімі негізінде резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға;
Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға;
қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға;
сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайда пайда алушылармен сенімгерлік басқару шарттары бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауарларын импорттаушы сенімгерлік басқарушылар;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдары; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер;
нотариаттық қызметті, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;
медиатордың қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын медиаторлар;
кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға Кеден одағына қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады. Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.
276-3-бап. Салық салу объектілері, салық салынатын айналымды айқындау
Егер осы Кодекстің 276-4-бабында өзгеше белгіленбесе, Кеден одағында қосылған құн салығы салынатын объектілер, сондай-ақ салық салынатын айналым осы Кодекстің 229, 230, 241-баптарына сәйкес айқындалады.
276-4-бап. Кеден одағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды және салық салынатын импортты айқындау
1. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлар экспорты тауарларды өткізу бойынша айналым болып табылады.
2. Егер осы Кодекстің 276-5-бабының 2-тармағының негізінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылса, осы Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сәйкес айналымдар оларды Кеден одағында өткізу бойынша айналым болып табылады.
3. Мыналар салық салынатын импорт болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлар (осы Кодекстің 276-15-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығын салудан босатылғандарды қоспағанда).
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын, әкелінген (әкелінетін) көлік құралдарына қатысты да қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдер болып табылатын тауарлар.
4. Мыналар:
1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттамалары өзгертілмей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу;
2) бұрын Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағына уақытша әкетілген тауарларды қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей, Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу салық салынатын импорт болып табылмайды.
Осы тармақтың ережелері тауарларды уақытша әкелу кезінде:
1) жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша;
2) көрмелер мен жәрмеңкелерге қолданылады.
Осы тармақтың ережелері өздері арқылы осы Кодекстің 244-бабының 2-тармағында көзделген халықаралық тасымалдар бойынша қызметтер көрсетілетін көлік құралдарына қолданылмайды.
Салық төлеуші осы тармақта көрсетілген тауарларды әкелу (әкету) кезінде салық органдарын хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай, қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелген кезде тауарларды уақытша пайдалануға алған Қазақстан Республикасының салық төлеушісінде хабарлама табыс ету жөніндегі міндет туындайды.
Осы тармақта көрсетілген тауарлар өткізілген жағдайда, осындай тауарларды әкелу салық салынатын импорт болып танылады және осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша осы Кодексте айқындалған тәртіппен және мөлшерде қосылған құн салығын салуға жатады.
Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын, оны салық органдарына табыс ету тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
5. Жанама салықтар Қазақстан Республикасының аумағына:
1) кәсіпкерлік қызметтен басқа мақсаттарда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың;
2) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін тауарлардың импорты кезінде алынбайды.
Салық төлеуші осы тармақшада көрсетілген тауарларды әкелу (әкету) кезінде осы баптың 4-тармағында көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде салық органдарын хабардар етуге міндетті.
276-5-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны
1. Тауарларды өткізу орны осы Кодекстің 236-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалады.
2. Егер:
1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тікелей осы мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікпен байланысты болса;
Осы тармақшаның ережелері жылжымайтын мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру), жалға алу және өзге де негіздермен пайдалануға беру бойынша қызметтер көрсетуге қатысты да қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін жер учаскелері, жер қойнауының учаскелері, оқшауланған су объектілері және жермен тығыз байланыстының барлығы, яғни пайдаланылу мақсатына мөлшерлес емес зиянсыз көшіру мүмкін болмайтын объектілер, оның ішінде ормандар, көпжылдық екпелер, ғимараттар, құрылыстар, құбырлар, электр беру желілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындар және ғарыш объектілері жылжымайтын мүлік деп танылады;
2) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымалы мүлікке, көлік құралдарына тікелей байланысты болса (жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға беру), лизинг бойынша және өзге де негіздерде пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерден басқа).
Осы тармақшаның мақсаты үшін осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар жылжымалы мүлік болып танылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін теңіз және әуе кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, аралас (өзен-теңіз) жүзу кемелері; жылжымалы теміржол немесе трамвай составының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда, автомобильдер; жүк контейнерлері; карьерлік самосвалдар көлік құралдары болып танылады.
3) мәдениет, өнер, оқу (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласындағы қызметтер осы мемлекеттің аумағында көрсетілсе;
4) осы мемлекеттің салық төлеушісі мыналарды:
консультациялық, заңгерлік, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік қызмет көрсетулерді, ақпаратты өңдеу бойынша қызмет көрсетулерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстарды;
ЭЕМ мен деректер қорлары (есептеу техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдері) үшін бағдарламаларды әзірлеу, оларды бейімдеу және түрлендіру, осындай бағдарламалар мен деректер қорын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істейтін жағдайда, персонал беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері сондай-ақ мынадай:
патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты растайтын өзге де құжаттарды, сауда таңбаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқаға беру;
көлік құралдарын мүліктік жалдауды (жалға беруді), лизингті және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру), лизингке және өзге де негіздерде пайдалануға беру;
осы тармақшада көзделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін басқа тұлғаны шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан тартатын тұлғаның қызметтер көрсетуі кезінде де қолданылады;
5) егер осы баптың 2-тармағының 1) - 4) тармақшаларында өзгеше көзделмесе, осы мемлекеттің салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағы болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға беру), лизингі және өзге негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.
3. Мыналар:
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен Кеден одағына мүше-мемлекеттердің салық төлеушісі арасында жасалған жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісімшарт);
жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орнын растайтын құжаттар болып табылады.
4. Егер салық төлеуші салық салу тәртібі осы тараумен реттелетін қызметтің, жұмыстың бірнеше түрін орындаса, көрсетсе және кейбір жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізудің басқа жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізуге қатысты қосымша сипаты бар болса, онда негізгі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны қосымша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
276-6-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау, салық салынатын импортты жасау күні
1. Тауарларды экспортқа өткізу кезінде қосылған құн салығын есептеу мақсатында тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын, тауарларды сатып алушыға (бірінші тасымалдаушыға) ресімделген бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттың жасалу уақыты бойынша алғашқы күн ретінде айқындалатын тиеп-жөнелту күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің импортталған тауарларды (оның ішінде олардың дайындалғаны туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларды), сондай-ақ алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын заттар, тауарлар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша алынған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы тараудың мақсаты үшiн:
1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте осындай тауарларды тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;
2) Қазақстан Республикасының аумағына мұндай тауарларды әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Салық төлеушіде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;
тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күн болып табылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) негізінде айқындалады, оның нысанын және ұсыну тәртібін уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесе отырып белгілейді. Салықтық әкімшілендіру мақсатында уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
тауарларды халықаралық және мемлекетаралық темір жол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бiрiншi өткiзу пунктiне (стансасына) әкелген күн;
тауарларды магистральдық құбыржолдары жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша тасымалдау кезінде – тауарларды тапсыру пунктiне әкелген күн;
халықаралық почта жөнелтілімдері бойынша тауарларды жөнелту кезінде – Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында почта штемпелі қойылған күн айқындалады.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу күні туралы мәліметтер болмаған кезде, осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.
Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте тауарларды тану (көрсету) болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.
Осы тармақтың екінші – жетінші бөліктерінде көрсетілмеген өзге де жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру міндеті көзделмеген тұлғалар үшін импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды алуды (не иеленуді) растайтын құжат жазып берілген күн бойынша айқындалады. Бұл ретте, тауарлардың жеткізілуін растайтын құжаттар болған кезде, тасымалдаушының тауарларды сатып алушыға берген күні импортталған тауарларды есепке алу күні болып танылады.
3. Лизинг шартында көзделген (төлемнің нақты мөлшері мен жүзеге асырылу күніне қарамастан) тауарлар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігін төлеу күні тауарларға (лизинг нысаналарына) меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша осы тауарларды (лизинг нысаналарын) Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
Егер лизинг шарты бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін күнге дейін белгіленсе, импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасаудың бастапқы күні болып табылады.
Егер лизинг алушы лизинг шартында көзделген лизингтік төлемдерді мерзімінен бұрын өтеуді үш жыл өткеннен кейін жүзеге асырса, түпкілікті есеп айырысу күні осы лизинг шарты бойынша салық салынатын импортты жасаудың соңғы күні болып табылады.
Осы Кодекстiң 276-1-бабының 2-тармағында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген сәттен бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты (келісімшарты) бұзылған жағдайда, импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжатқа қол қойылған күн жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күн болып танылады.
Егер жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізілетін болса, онда бірінші басталатын күн:
шот-фактура жазылған күн;
әрбір төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алған күн айналым жасау күні болып табылады.
Тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізу жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы олардың нәтижелерін өзінің өндірістік қызметінде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету күнінде пайдалана алатын жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді он екі ай және одан артық мерзімге жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді білдіреді.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын және Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) болып табылатын бейрезиденттен сатып алған жағдайда - жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі фактісін растайтын құжаттарға қол қою күні өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күні болып табылады.
276-7-бап. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау
1. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері, егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге алына отырып, өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады.
2. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға ауысуы көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша олардың (лизинг нысаналарының) экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауарлардың (лизинг нысаналарының) бастапқы құнының әрбір лизингтік төлемге тура келетін бір бөлігі мөлшерінде әрбір лизингтік төлемді төлеу үшін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген күнге айқындалады.
Бұл ретте тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құны деп сыйақыны есепке алмай, шартта көрсетілген лизинг нысанасының құнын түсіну керек.
3. Зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері - шартта (келісімшартта) көзделген берілетін (ұсынылатын) тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны көрсетілмеген жағдайда – тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шарттарда (келісімшарттарда) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны көрсетілмеген жағдайда бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны ретінде айқындалады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаты үшін тауарларға ілеспе құжаттар деп халықаралық автомобиль жүкқұжаты, темір жол көлігінің жүкқұжаты, тауар-көлік жүкқұжаты, бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты, багаж ведомосы, почта ведомосы, багаж түбіртегі, әуе жүкқұжаты, коносамент, сондай-ақ тауарларды құбыр жол көлігі және электр беру желілері арқылы өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өткізу кезінде пайдаланылатын өзге де құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесіп жүретін өзге де құжаттар; шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және буып-түю парақтары, сондай-ақ тауарлар туралы мәліметтер, оның ішінде тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар түсініледі.
4.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе,
өткізілген тауарлар бағасы ұлғайту
(азайту) жағына өзгерген кезде не
өткізілген тауарлардың саны (көлемі)
олардың тиісті сапасы және (немесе)
жасақталымы болмауы себепті қайтарылуына
байланысты азайған кезде тауарлар
экспорты кезіндегі салық салынатын
айналымның мөлшері шартқа (келісімшартқа)
қатысушылары экспортталған тауарлардың
бағасын өзгерткен (қайтаруды келіскен)
сол салық кезеңінде түзетіледі.
276-8-бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау
1. Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері сатып алынған тауарлардың құны негізінде айқындалады.
2. Осы баптың мақсаты үшін сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаттары негізінде айқындалады.
Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасы негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте, сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілмесе, онда аталған шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.
3. Тауарлардың салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы енгізіледі.
Лизинг шарттары бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің есептелген сомалары импортталған акцизделетін тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке алған күні енгізіледі.
4. Тауар алмасу (бартерлік) шарттары (келісімшарттары), сондай-ақ зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша алынған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау қағидатын ескере отырып, тауарлар құнының негізінде айқындалады.
Бұл ретте тауарлардың құны шартта (келісімшартта) көзделген тауарлар бағасының, шартта (келісімшартта) тауарлардың бағасы көрсетілмеген кезде - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген бағаның, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда бағасы көрсетілмеген кезде – тауарлардың бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасының негізінде айқындалады.
5. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері, акцизделетін қайта өңдеу өнімдері бойынша төленуге жататын акциздерді қоса алғанда, осы алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны негізінде айқындалады.
6. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшері, осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау принципі ескеріле отырып, сыйақы есепке алынбай, осы Кодекстің 276-6-бабы 3-тармағында белгіленген күні көзделген тауар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі мөлшерінде айқындалады.
Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысанасын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күніне дейін белгіленген болса, тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортын жасаудың алғашқы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері, сыйақы есепке алынбай, лизинг шарты (келісімшарты) бойынша барлық лизингтік төлемдер сомасы ретінде айқындалады, оны төлеу мерзімінің басталған күні лизинг шартына (келісімшартына) сәйкес тауарларды (лизинг нысаналарын) лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленеді.
Осы Кодекстің 276-1-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, салық салынатын импортты жасаудың соңғы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері лизинг шарты (келісімшарты) бойынша сыйақы есепке алынбаған барлық лизинг төлемдері мен сыйақы есепке алынбаған өтелген төлемдер сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің 276-1-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген кезден бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты (келісімшарты) бұзылған жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, салық салу мақсатында баға айқындау принципі ескерілген, олар бойынша бұрын жанама салықтар төленген лизинг шарты (келісімшарты) бойынша лизингтік төлемдердің сомасына азайтылған (сыйақы есепке алынбаған) тауарлардың (лизинг нысаналарының) құны негізінде айқындалады. Бұл ретте лизинг шартымен (келісімшартымен) көзделген сыйақы аталған жағдайлар басталғанға дейін салық салынатын импорт мөлшеріне енгізіледі.
7. Салық органдары Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.
Бұл ретте салық төлеуші жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпті және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін өз бетінше түзетеді.
8.
Импортталған тауарлар есепке қабылданған
ай өткеннен кейін шартқа (келісімшартқа)
қатысушылар осындай тауарлардың бағасын
ұлғайту жағына өзгерткен жағдайда,
салық салынатын импорттың мөлшері
тиісті түрде түзетіледі.
276-9-бап. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау
Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымның мөлшері осы Кодекстің 238 және 241-баптарына сәйкес айқындалады.
276-10-бап. Кеден одағындағы тауарлардың экспорты
1. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.
Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде осы Кодекстің 34-тарауына сәйкес қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
2. Осы баптың ережелері оларды дайындау туралы шарттар бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын, оларды дайындау бойынша жұмыстар орындалған Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілетін тауарларға қатысты да қолданылады.
3. Меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша, зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша, тауарларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.
276-11-бап. Тауарлар экспортын растау
1. Тауарлар экспортын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) өзгерістер, толықтырулар және оларға қосымшалар ескеріле отырып, солардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі – шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі немесе зат түрінде қарыз берілетін жағдайда – лизинг шарттары (келісімшарттары), зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);
2) аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы, жанама салықтардың төленгені және (немесе) оларды төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмесі) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда);
3) Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Тауарлардың магистральдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорты жағдайында тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі табыс етіледі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар.
Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша тауарлар экспорты, зат түрінде қарыз беру жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операциялар бойынша өздері алған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарт) бойынша оларды әкеткен жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған өзінің банк шоттарына тауарлардың (лизинг нысаналарының) бастапқы құнын өтеу бөлігінде лизингтік төлемнің түсуін растайтын құжаттарды салық органына табыс етеді;
5) зияткерлік меншік объектісіне құқық туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда - оның құны туралы зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның растамасы.
2. Осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттардың:
1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттардың (келісімшарттардың);
2) өңделетін өнімдердің экспорты жүзеге асырылатын шарттардың (келісімшарттардың);
3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындау фактісін растайтын құжаттардың;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикiзатын әкетуді растайтын тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің.
Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;
5) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің (аумағына өңделетін өнімдер импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салық міндеттемелерін орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште);
6) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан өңделетін өнімдерді әкетуді растайтын тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің негізінде жүзеге асырылады.
Егер өңдеу өнімдері аумағында алыс-берiс шикiзатын өңдеу бойынша жұмыстар орындалған Кеден одағына мүше-мемлекеттің салық төлеушісіне өткізілсе, - осындай өңделетін өнімдерді тиеп-жөнелтуді растайтын құжаттардың.
Өңделген өнімдерді магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда, тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
3. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспорттаған жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттардың:
1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттардың (келісімшарттардың);
2) оның негізінде өңдеу өнімдерінің экспорты жүзеге асырылатын шарттардың (келісімшарттардың);
3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындау фактісін растайтын құжаттардың;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикізатын әкетуді растайтын тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің.
Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;
5) өңдеу өнімдерінің Кеден одағы шегінен тысқары жерлерге әкетілуін растайтын тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің.
Өңделген өнімдерді магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда, тауарға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;
6) тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар, сондай-ақ осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, Кеден одағының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар тауарлар декларациясының;
7) мынадай жағдайларда:
тауарларды магистральдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
кезең-кезеңдік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендiк рәсiмiнде әкету кезiнде кедендiк декларациялауды жүргiзген Кеден одағына мүше мемлекеттiң кеден органының белгiлерi бар тауарлардың толық декларациясының;
7-1) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде ол бойынша кеден органдарынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы хабарлама болатын, сондай-ақ тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылатын электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясының негізінде жүзеге асырылады. Осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы болған кезде осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
4. Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
276-12-бап.
Кеден одағында халықаралық тасымалдарға
салық салу
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Кеден одағында халықаралық тасымалдарға салық салу осы Кодекстің 244-бабына сәйкес жүргізіледі.
2. Экспортталатын немесе импортталатын тауарларды Кеден одағында магистральдық құбыр жүйесі бойынша тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу Кеден одағының аумағындағы сатып алушыға не аталған тауарларды Кеден одағының аумағындағы сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға экспортталатын тауарларды беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған болса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшiн мыналар:
1) экспорттау жағдайында, тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
2) импорттау жағдайында, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
3) орындалған жұмыстардың актiлерi, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi;
4) шот-фактуралар растайтын құжаттар болып табылады.
4. Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің аумағынан сол немесе Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу мынадай құжаттармен:
1) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiлерiмен, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдап алу-беру актiлерiмен;
2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
276-13-бап.
Кеден одағында алыс-беріс шикізатын
өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу
1. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға, осы баптың 7-тармағында және осы Кодекстің 276-14-бабында көзделген, тауарларды өңдеу шарттары мен алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі сақталған жағдайда нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
2. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін кейіннен сол Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растау мыналар болып табылады:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
4) өңдеу өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындау);
5) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмесі) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда).
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда, осы тармақшада көрсетілген өтініш не өтініштер тізбесі табыс етілмейді;
6) осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
3. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған, өңделген өнімді кейіннен Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін мыналарды ұсынады:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған алыс-беріс шикізатын өңдеуге, дайын өнімді беруге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) алыс-беріс шикізатын және дайын өнімді қабылдап алу-тапсыру актілері;
4) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
5) Қазақстан Республикасының аумағынан өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
6) алыс-беріс шикізатының меншік иесінен алынған алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы;
8) осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасы аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар.
4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған, қайта өнімді кейіннен Кеден одағына мүше емес мемлекеттік аумағында өткізген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін мыналарды ұсынады:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
4) Қазақстан Республикасының аумағынан өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
5) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде ресімделетін тауарлар декларациясының Кеден одағына мүше мемлекеттің кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден органы растаған көшірмесі;
5-1) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі, тауарлар экспортын да растайтын құжат болып табылатын тауарлар декларациясы. Осы тармақшада көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы болған кезде осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында белгіленген құжатты табыс ету талап етілмейді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын, осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
5. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі өткізу үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.
7. Алыс-беріс шикізатын өңдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауарларды өңдеу шарттарына сәйкес келуге тиіс.
8. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы мынадай мәліметтерді:
1) сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар мен өңделетін өнімдердің атауын, сыныптамасын, олардың санын және құнын;
2) өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күнін және нөмірін, өңдеу мерзімін;
3) өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын;
4) өңдеу сипаттамасын;
5) өңдеуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
9. Тұлғаның дәлелді сұрау салуы бойынша салық органының рұқсатымен, егер олар өздерінің сипатталуы, саны, құны, сапасы және техникалық сипаттамасы бойынша өңделген өнімдерге сәйкес келетін болса, өңделген өнімдерді өңдеушінің бұрын өндірген тауарларымен ауыстыруға жол беріледі.
276-14-бап.
Алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі
1. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және ол алыс-беріс шикізатын есепке қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту күнінен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында салық салынатын импорт деп танылады және Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап оған осы тарауға сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиіс.
3. Көрсетілген баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында өткізу бойынша салық салынатын айналым деп танылады және осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағында және осы Кодекстің 276-11-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан алыс-беріс шикізаты әкетілген күннен бастап осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынуға жатады.
Осы тармақтың мақсаттарында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағына қайта әкелінбеген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімдерінің көлеміне келетін алыс-беріс шикізаты бойынша салық салынатын айналымның мөлшері халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясаты негізінде осындай өңдеу өнімдерінің өзіндік құнына енгізілген алыс-беріс шикізаты құнының мөлшерінде айқындалады.
Осы бапты қолдану мақсаттары үшін салық төлеушінің есепке алу саясатында белгіленген өзіндік құнды айқындау әдісі күнтізбелік бір жыл ішінде өзгертілуге жатпайды.
276-15-бап. Кеден одағында қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт
1. Мыналарды:
1) осы Кодекстің 33-тарауында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса;
2) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы Кодекстің 276-5-баптың 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілуін растайтын құжаттар болып табылады.
Осы тармақшада аталған қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2. Мынадай:
1) осы Кодекстiң 255-бабы 1-тармағының 1), 3) – 6), 6-1), 7) – 13), 16), 17) тармақшаларында көзделген тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақта көрсетiлген Кеден одағы шеңберiнде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Тауарды сатып алуға негіз болған, кепілдендірілген қызмет көрсетуді көздейтін шарт (келісімшарт), тауардың ілеспе құжаттары, шартқа (келісімшартқа) қатысушылар растаған кінә қою және ақау актісі кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде тауарлардың импортын растау болып табылады.
3) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
автокомпонент мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген, импорты қосылған құн салығынан босатылған моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттер тізбесіне енгізілсе;
қосылған құн салығын төлеуші салық органына талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін автокомпоненттерді моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана пайдалану туралы міндеттеме ұсынылса, инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттер қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.
Салық төлеуші импортталған тауарларды есепке алған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын автокомпоненттер бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады;
4) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесіне енгізілсе;
қосылған құн салығын төлеуші салық органына талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асыру кезінде ғана пайдалану туралы міндеттеме ұсынса, инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдар қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.
Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1-ші күнінен бастап кезекті бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасымен екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген актив пайдалануға енгізілген айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі.
Салық төлеуші импортталған тауарларды есепке алған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады.
3. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт бойынша қосылған құн салығынан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығы тауарды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінде төленуге жатады.
5. Қазақстан Республикасының лизинг алушы-салық төлеушісінің Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне лизинг шарты бойынша төлейтін сыйақысы қосылған құн салығынан босатылады.
276-16-бап. Кеден одағында қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы осы Кодекстің 34-тарауында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылады.
2. Кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Қазақстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіппен төленген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы есептелген және (немесе) есепке жазылған шегінде есепке жатқызылады.
Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығының сомасы бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы болып табылады, бірақ осы Кодекстің 276-8-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорттың көлеміне салық кезеңі үшін келетін қосылған құн салығының сомасынан артпайды. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңдері үшін есепке жазылған (есептелген), оның ішінде осы Кодекстің 599 және 601-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жолымен төленген қосылған құн салығының сомалары ағымдағы салық кезеңінде есепке жатқызылуға тиіс.
3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг алушы-салық төлеушісінің алуына жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі лизингке берген кезде, Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығының сомасы сыйақыны есепке алмай, әрбір лизингтік төлем бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына тура келетін бөлігінде айқындалады.
276-17-бап. Шот-фактура
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактураны жазып беру тәртібі, осы Кодекстің 35-тарауына сәйкес айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, басқа мемлекеттің аумағына кейіннен өңдеу өнімдері түрінде әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, шот-фактура әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалуын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жазып берілетін шот-фактура осы Кодекстің 263-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сай болуға, сондай-ақ мыналар:
1) өткізу бойынша айналым жасалған күн;
2) тұлғаны Кеден одағына мүше мемлекетте сатып алушы-салық төлеуші ретінде сәйкестендіретін нөмір көрсетілуге тиіс.
3) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
5. Қазақстан Республикасының салық төлеуші - лизинг берушісі Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің салық төлеушісі-лизинг алушысының алуына жататын тауарларды лизингке берген кезде шот-фактура лизинг шартында көрсетілген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде сыйақы есепке алынбай, әрбір лизингтік төлем күніне жазып беріледі.
Қазақстан Республикасының салық төлеуші-лизинг берушісінің сыйақы сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетілуге тиіс.
276-18-бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері
1. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың меншік иесі деп тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісімшартпен) көзделген тұлға түсінілуі керек.
2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса және бұл ретте тауарлар Кеден одағына мүше үшінші бір мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі төлейді.
3. Егер Кеден одағына мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі тауарларды комиссия шарты, Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне берілген тапсырма негізінде өткізсе және тауарлар Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – комиссионер, сенім білдірілген адам жүзеге асырады.
4. Егер Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған жағдайда, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі, тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған кезде қосылған құн салығын төлеуді оларды сатып алу-сатуға бейрезидентпен шарттар (келісімшарттар) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады.
Тауарларды сатып алу-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде, мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осындай сауда өткізілетіні туралы Кеден одағына мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылардың тізімін қоса алғанда, оны өткізу басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын орналасқан жеріндегі салық органын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
4-1. Егер Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына комиссионер, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі болып табылатын сенім білдірілген адам (оператор) бұдан бұрын импорттаған, олар бойынша жанама салықтар төленбеген тауарларды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған комиссия, тапсырма шарты (келісімшарты) бойынша сатып алса, онда жанама салықтарды төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауардың меншік иесі не тауарды импорттаған комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
5. Егер тауарлар Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен Кеден одағына мүше емес мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі не сенім білдірілген адам (оператор) төлейді.
276-19-бап.
Қазақстан Республикасының аумағына
тауарлардың импорты кезінде Кеден
одағында комиссия, тапсырма шарттары
бойынша қосылған құн салығын есептеу
ерекшеліктері
1. Комиссионер (сенім білдірілген адам) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген адамға) жүктеледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасын осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация көшірмесінің және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі негізінде есепке жатқызуға тиіс.
2. Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
3. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізуі бойынша айналым болып табылмайды.
4. Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – комиссионер (сенім білдірілген адам) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген адам) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура жеткізушінің "комиссионер" ("сенім білдірілген адам") деген мәртебесі көрсетіле отырып жазып беріледі.
Комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушыға жазып берген шот-фактурада осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 1) - 6) тармақшаларында белгіленген деректемелер, қосылған құн салығын есепке алмағанда тауарлардың құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетіледі.
Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетіледі.
Мұндай шот-фактураға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің комиссионерден (сенім білдірілген адамнан) алынған көшірмесі мен тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызуға негіз болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның көшірмесі қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы комиссионердің (сенім білдірілген адамның) есебіне жатқызылмайды.
5. Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген адам) есепке қабылдаған күн комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
Осы тармақтың мақсаты үшін комитенттің (сенім білдірушінің) комиссионердің (сенім білдірілген адамның) атына тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжатты жасау күні есепке қабылдау күні болып табылады.
6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген адамның) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.
276-20-бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі осы Кодекстің 36-тарауына сәйкес айқындалады.
2. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда табыс етуге міндетті.
Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациясымен бір мезгілде мынадай құжаттарды:
1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда не электрондық нысанда табыс етеді.
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нысанын, оны толтыру және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi;
2) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін, және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесінің орындалуын растайтын, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де төлем құжатын немесе уәкілетті орган берген, салық төлеушіге салық төлеу мерзімін өзгертуге құқық берілгендігін растайтын өзге де құжатты, немесе осы Кодекстің 276-15-бабының талаптарын ескере отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжаттарды табыс етеді.
Бұл ретте аталған құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібінде, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотының есебіне жатқызылуға тиісті импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының жеке шоттарында артық төленген төлемдер болған жағдайда, салық төлеуші салықтар мен төлемдердің басқа түрлері бойынша аталған артық төленген сомаларды есепке жатқызуға немесе есеп айырысу шотына қайтаруға өтініш бермеген болса, табыс етілмейді.
Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар есепті салық кезеңіне келетін, лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизингтік төлемнің мерзімі бойынша, осы тармақта белгіленген мерзімде табыс етіледі;
3) тауарлардың Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілгенін растайтын, тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттарды табыс етеді. Егер тауарлардың жекелеген түрлерінің өткізілуі, оның ішінде тауарлардың көлік құралдарын пайдаланбай өткізілуі үшін мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, көрсетілген құжаттар табыс етілмейді;
4) егер шот-фактураларды шығару (жазып беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды табыс етеді.
Егер шот-фактураларды шығару (жазып беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген болса не тауарлар Кеден одағына мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынса, онда шот-фактураның орнына сатушы шығарған (жазып берген), импортталған тауарлардың құнын растайтын өзге құжат табыс етіледі;
5) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында – лизинг шарттары (келісімшарттары), зат түрінде қарыз берілген жағдайда - қарыз шарттары, тауарларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар), алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі не Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізетін Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі берген (ұйымның басшысы (жеке кәсіпкер) қол қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған) Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі туралы мынадай мәліметтер:
тұлғаны Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіруші нөмір;
Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның (жеке кәсіпкердің) толық атауы;
Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) жері;
келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні;
ерекшелік нөмірі мен күні туралы және импортталған тауарды сатып алу туралы Кеден одағына мүше осы үшінші мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған шарт (келісімшарт) туралы ақпараттық хабарлама (осы Кодекстің 276-18-бабының 2 – 5-тармақтарында көзделген жағдайларда).
Егер одан тауар сатып алынатын Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізетін тауардың иесі болмаған жағдайда (комиссионер, сенім білдірілген адам болып табылса), онда осы тармақшаның екінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың иесіне қатысты да табыс етіледі.
Ақпараттық хабарлама шет тілінде табыс етілген жағдайда қазақ және орыс тілдеріне аудармасының болуы міндетті.
Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылған жағдайда ақпараттық хабарлама табыс етілмейді;
7) комиссия немесе тапсырма шарттары (келісімшарттары) (олар жасалған жағдайда);
8) комиссия немесе тапсырма шарттары бойынша Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар) (қосылған құн салығын комиссионер, сенім білдірілген адам төлейтін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 276-18-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда).
Бөлшек саудада сатып алу-сату жағдайында осы тармақтың 3) – 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) табыс етіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша оған уәкілеттік берілген өзге да адамдардың қолтаңбаларымен, сондай-ақ мөрімен куәландырылған көшірмелерде табыс етілуі мүмкін.
Бұл ретте көрсетілген құжаттардың көшірмелері соңғы парағына олардың жалпы саны көрсетіле отырып, тігілген, нөмірленген және соңғы парағын салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша оған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолтаңбаларымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ салық төлеушінің мөрімен куәландырылған кітап (кітаптар) түрінде табыс етілуі мүмкін.
Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1) – 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді. Кейіннен салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
Егер лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысанасын) әкелгеннен кейін басталған жағдайда, салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1), 3) - 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді. Бұл ретте салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште қосылған құн салығы бойынша салық базасын көрсетпейді.
Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің күні Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысаналарын) әкелген күнге дейін белгіленген жағдайда салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
Кейіннен салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
Импорталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысанын, оны жасау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
3-1. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі (төрт данада) және электрондық нысандағы өтінішті (өтініштерді):
1) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
2) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуден босатылған және (немесе) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төлеудің өзге тәсілімен тауарларды импорттайтын тұлғалар;
3) осы Кодекстің 276-22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеуші;
4) осы Кодекстің 276-8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда салық төлеуші табыс етеді.
3-2. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (өтініштер) электрондық нысанда ғана табыс етілген кезде, осы баптың 3-тармағының 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар табыс етілмейді.
Осы тармақтың ережесі осы баптың 3-1-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.
4. Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген жанама салықтардың сомасы тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкес келуі тиіс.
Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 276-8-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.
5. Тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде жанама салықтарды есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі келетін күнтізбелік ай болып табылады.
Бұл ретте салық кезеңі ішінде салық міндеттемесін орындауға жол беріледі.
6. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш ұсынылмаған жағдайда салық органдарына ұсынылмаған деп саналады.
Тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация табыс етілмеген жағдайда салық органдарына ұсынылмаған деп саналады.
7. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште салық органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай өтінішке тиісті белгі қою арқылы жүргізеді.
Осы баптың 3-2-тармағына сәйкес табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы электрондық нысандағы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге жанама салықтардың төлену фактісін растау туралы электрондық нысанда хабарламаны жіберу арқылы жүргізеді.
8. Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық қағаз жеткізгіштегі төлеушіге уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.
Осы баптың 3-2-тармағына сәйкес табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы электрондық нысандағы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге электрондық нысандағы уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда, салық төлеуші уәжді бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
10. Осы Кодекстің 276-8-бабының 8-тармағына сәйкес импортталған тауарлардың бағасы ұлғаю жағына өзгерген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлар бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда табыс етіледі.
Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште сатып алынған импортталған тауарлардың өзгертілген құны көрсетіледі.
Мыналар:
бағаны өзгерту туралы шарт (келісімшарт),
салық салынатын импорт бойынша және
қосылған құн салығы бойынша өзгертілген
мән қамтылған қосымша шот-фактура (егер
шот-фактураны шығару (жазып беру) Кеден
одағына мүше мемлекеттің заңнамасында
көзделген жағдайда) және (немесе)
импортталған тауарлар бағасының
өзгергенін растайтын өзге де құжат
импортталған тауарлар бағасының
ұлғайғанын растайтын құжаттар болып
табылады.
276-21-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттерге экспорты немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық органына осы Кодекстің 270-бабында көзделген қосылған құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде тауарларды (оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін) импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінен алынған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі өтінішті (өтініштерді), сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымша болып табылатын көрсетілген өтініштердің тізбесін табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген өтініш (өтініштер):
1) тауарлардың экспорты кезінде оларды өткізу бойынша;
2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстар орындалған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етіледі.
2. Салық төлеушісі тауарларды импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш электрондық нысанда ғана табыс етілген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органы тауарлар экспортын жүзеге асырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне осындай өтінішті алғаны туралы хабарлама жібереді.
Осы тармақта көрсетілген хабарлама осындай өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жіберіледі.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (өтініштер) салық органына қағаз жеткізгіште табыс етілмейді.
3. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімде қағаз жеткізгіште табыс етілмеген не электрондық нысанда келіп түспеген кезде қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 271-бабының 1-тармағында белгіленген төлеу мерзімінде осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық төлеуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығы сомаларын есепке жазуды салық органы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізеді.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомалары уақтылы және толық төленбеген жағдайда, салық органы мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын осы Кодексте айқындалған тәртіппен қолданады.
5. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін қағаз жеткізгіште табыс етілген не электрондық нысанда келіп түскен жағдайда, қосылған құн салығының төленген сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызылуға және қайтарылуға жатады.
Бұл ретте осы баптың 4-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлдың төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.
276-22-бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу
1. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш салық төлеушінің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына табыс етілген салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде кері қайтаруға жатады.
2. Салық төлеуші осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті мынадай жағдайларда:
1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш қате табыс етілгенде;
2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде, оның ішінде осы Кодекстің 276-23-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда;
3) осы Кодекстің 276-23-бабының 2-1-тармағында көзделген жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алғанда табыс етуге құқылы.
3. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен:
1) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан алып тастау әдісімен жүргізіледі, бұл әдіс қате табыс етілген немесе тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті толық көлемде қайтарылған, импортталған тауарлар бойынша табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер бойынша қолданылады;
2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті табыс ете отырып, бұрын табыс етілген өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүзеге асыратын ауыстыру әдісімен жүргізіледі.
Осы тармақтың мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, егер мұндай өтінішті табыс ету міндеті осы Кодексте көзделмеген жағдайда, қате табыс етілген деп есептеледі.
4. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізумен бір мезгілде салық төлеушi импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияны табыс етуге міндетті.
Осы тараудың мақсатында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация салық есептілігі болып табылады, оны импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық төлеуші болып табылатын тұлға осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар жататын кезең үшін бұрын табыс еткен салық есептілігіне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізген кезде табыс етіледі.
Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация хабарлама бойынша салық есептілігі болып табылады, осы тұлға салық төлеуші болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды салық органы анықтаған кезең үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс етеді.
7. Салық төлеушінің тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке:
1) салықтық тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген қосылған құн салығы және акциздер бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде – тексерiлетiн салық кезеңiнде;
2) салық төлеушінің шағымында көрсетілген қосылған құн салығы және акциздер бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салық кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.
8. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейдi.
276-23-бап. Тауарлардың импорты кезінде төленген қосылған құн салығының сомаларын түзету тәртібі
1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткенге дейін ішінара және (немесе) толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілмейді.
1-1. Алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін ішінара қайтарған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда, сондай-ақ кері қайтарып алынған өтініштің орнына табыс етілген, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілуге жатады.
2-1. Тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін толық қайтарған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда көрсетілуге жатады. Осындай тауарлар бойынша табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-22-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес алып тастау әдісімен кері қайтарып алынады.
3. Осы баптың мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті толық және (немесе) ішінара қайтарылуын растайтын құжаттар:
1) экспорттаушы салық төлеушімен және импорттаушы салық төлеушімен келісілген, тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті қайтарылуға жататын, импортталған тауарлардың саны туралы мәліметтерді қамтитын кінә қою;
2) тауарды қабылдап алу-беру актілері (қайтарылған тауарларды тасымалдау болмаған жағдайда);
3) көліктік құжаттар (тауардың ілеспе құжаттары) (қайтарылған тауарлар тасымалданған жағдайда);
4) жою актілері болып табылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері салық органына осы Кодекстің 276-20-бабы 3-тармағының 2) – 8) тармақшаларында көзделген құжаттармен бір мезгілде қағаз жеткізгіште табыс етіледі.
4. Қосылған құн салығын салуға мыналар жатпайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи зиян нормалары шегінде салық төлеуші тартқан тауарлар шығыны;
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған тауарлардың бүлінуі.
Осы баптың мақсаттары үшін тауарлар шығыны деп тауарлардың жойылуы немесе жоғалуы болған оқиға түсініледі. Тауардың бүлінуі тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, оның нәтижесінде осы тауар салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін емес.
9-БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
38-тарау.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
277-бап. Акциздердi қолдану
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 279-бабында көрсетілген тауарларға акциз салынады.
277-1-бап. Кеден одағында қолданылатын ұғымдар
Осы бөлімде қолданылатын ұғымдар Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген.
Егер
Кеден одағына мүше мемлекеттердің
арасында жасалған, Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттарда
осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар
көзделмеген болса, осы Кодекстің тиісті
баптарында, Қазақстан Республикасының
азаматтық және өзге де салаларындағы
заңнамасында көзделген ұғымдар
қолданылады.
278-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, осы Кодекстің 279-бабының 5)-7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстiң 279-бабында аталған акцизделетiн тауарлардың мүліктік массасын өткiзудi жүзеге асыратын;
6) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.
1-1. Кәсіпкерлік қызмет мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттайтын жеке тұлғалар да акциздерді төлеушілер болып табылады.
Акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып, бейрезидент заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.
3. Осы Кодекстің 279-бабы бірінші бөлігінің 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын салуды және шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.
279-бап. Акцизделетін тауарлар тізбесі
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар акцизделетін тауарлар болып табылады:
1) спирттің барлық түрлері;
2) алкоголь өнімі;
3) алынып тасталды - 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4) темекі бұйымдары;
4-1) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтық;
5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;
6) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлік құралдары;
двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
двигателiнiң көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
7) шикі мұнай, газ конденсаты;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.
Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды.
Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес айқындалған импортталатын тауарлардың қосымша тізбесінде көрсетілген тауарларға акциздер мөлшерлемелерін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
280-бап. Акциз мөлшерлемелері
1. Акциз мөлшерлемелері заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
2. Алкоголь өнiмiне акциздер мөлшерлемесі осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi.
3. Спирттің барлық түрiне және шарап материалына акциз мөлшерлемелері спирттің және шарап материалының бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
4. Акциз сомасын есептеу мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:
1) осы Кодекстің 279-бабының 1) – 4), 4-1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:
Р/с № |
КО СЭҚ ТН коды |
Акцизделетін тауарлардың түрлері |
Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен) |
|
2 |
3 |
4 |
1. |
2207-ден |
80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған) |
600 теңге/литр |
2. |
2207-ден |
Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) |
1,0 теңге/литр |
3. |
2208-ден |
80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа) |
100 % спирт 750 теңге/литр |
4. |
2207-ден |
Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті |
0 теңге/литр |
5. |
2208-ден |
Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер |
100 % спирт 75 теңге/литр |
6. |
3003, 3004-тен |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім |
100 % спирт 500 теңге/литр |
7. |
2208 |
Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан және сыра сусынынан басқа) |
100 % спирт 2000 теңге/литр |
8. |
2208 |
Коньяк, бренди |
100 % спирт 250 теңге/литр |
9. |
2204, 2205, 2206 00 |
Шараптар |
35 теңге/литр |
10. |
2204, 2205, 2206 00-ден |
Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа) |
170 теңге/литр |
11. |
2204, 2205, 2206 00-ден |
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын шарап материалы |
0 теңге/литр |
12. |
2203 00 |
Сыра және сыра сусыны |
39 теңге/литр |
13. |
2202 90 100 1 |
Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра |
0 теңге/литр |
14. |
2402-ден |
Фильтрлі сигареттер |
6200 теңге/ 1000 дана |
15. |
2402-ден |
Фильтрсіз сигареттер, папиростар |
6200 теңге/ 1000 дана |
16. |
2402-ден |
Сигариллалар |
6225 теңге/ 1000 дана |
17. |
2402-ден |
Сигаралар |
750 теңге/дана |
18. |
2403-тен |
Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі |
7345 теңге/килограмм |
19. |
2709 00-ден |
Шикі мұнай, газ конденсаты |
0 теңге/тонна |
20. |
8702-ден |
микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары |
100 теңге/текше см |
8703-тен |
қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, ең бастысы адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) |
||
8704-тен |
қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) |
||
21. |
2403 |
Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар) |
0 теңге/1 кг |
22. |
3824 |
Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық |
0 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға акциз мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.
39-тарау.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН,
ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРҒА
САЛЫҚ САЛУ
281-бап. Салық салу объектісі
1. Мыналар:
1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетін тауарларды өткізуі;
акцизделетiн тауарларды алыс-берістік негiзде қайта өңдеуге беруi;
алыс-берiстік, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды, қайта өңдеу өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
жарғылық капиталға жарнасы;
акцизделетін тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
өндірушінің акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
өндiрушiнің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;
2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткiзуi;
3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;
4) мүліктік массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген, акцизделген тауарларды өткiзуі;
5) акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы;
6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.
2. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қарастырылады.
3. Мыналар:
1) егер осы Кодекстiң 288-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;
2) этил спиртi мен алкоголь өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын квоталар шегiнде:
тиісті қызмет түріне лицензиясы болған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін;
өз қызметін бастағаны туралы белгіленген тәртіппен хабарлама жасаған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спиртіне;
3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 653-бабының 2-тармағында аталған акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;
4)
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген
медициналық мақсаттағы (бальзамдардан
басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз
салудан босатылады.
282-бап. Операция жасалған күн
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады.
2. Өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде көрсетілген тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген құжатта көрсетілген тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру күні операция жасау күні болып табылады. Қабылдап алу-беру актілерімен расталған, заттай мәндегі акцизделетін тауарларды автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не мұнай берушіге меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде тиесілі оның резервуарына немесе құю станцияларына құбыржол бойымен айдау арқылы нақты тиеп-жөнелту тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру деп түсініледі.
Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.
4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.
6. Акцизделетін тауарлар, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін тауарларды, акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оларды өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан акцизделетін тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.
Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алған күн болып табылады.
283-бап.
Салық базасы
Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің 279-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы берілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.
284-бап.
Әртүрлi
мөлшерлемелер белгiленген
жағдайда спирттің барлық түрiне
және шарап материалына салық салу
ерекшелiктерi
1. Осы Кодекстiң 280-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түрiне және шарап материалына әртүрлi акциз мөлшерлемелері белгiленген жағдайда, салық базасы сол бiр мөлшерлемемен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.
2. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер базалық мөлшерлемеден төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмiн өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнiмiн өндiрушiсi болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрi және шарап материалы үшiн белгiленген акциздің базалық мөлшерлемесі бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге жатады. Қайта есептеуді және акциз төлеудi спирт пен шарап материалын алушы жүргiзедi.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi емдiк және фармацевтiк препараттар шығару және медициналық қызмет көрсету үшiн сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Емдiк және фармацевтiк препараттарды шығарушылар мен спирттi акцизсiз алған мемлекеттiк медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушiлер болып табылады.
285-бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы
1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi.
Осы ереже одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн:
1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің), оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында нашарлауы акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi деп түсініледі;
2) оқиғаның нәтижесінде тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы акцизделетiн өнiмнiң жоғалуы деп түсініледі.
Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндіруші нормативтік және техникалық құжаттамамен
286-бап.
Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау
маркаларының бүлiнуi,
жоғалуы
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
Осы Кодекстің 653-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған, бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген мөлшерлемелер негізінде жүргізіледі.
2. Темекі бұйымдарының импорты кезінде берілген акциздік маркалар мен есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде төленген акциз сомалары мынадай жағдайларда:
1) акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;
2) бүлiнген акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, қайта есептеуге жатады.
3. Отандық өндірілген темекі бұйымдарына берілген акциздік маркалар бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
1) акциздік маркалар төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;
2) бүлінген акциздік маркаларды салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.
287-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемдері
1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетiн бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:
1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;
1-1) өзіне меншік құқығында тиесілі алыс-беріс шикізатты қайта өңдеу нәтижесінде бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және (немесе) дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында алған мұнай беруші;
2) осы Кодекстің 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және Қазақстан Республикасының аумағына меншікті бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және (немесе) дизель отынын одан әрi өткiзу мақсатында әкелуді жүзеге асырған салық төлеушi ұсынушылар болып табылған жағдайда, аталған тауарларды өткiзу көтерме сауда арқылы өткiзу саласына жатқызылады.
Көтерме саудада өткізу саласына бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге жөнелту де жатады.
2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында аталған ұсынушылар жүзеге асыратын:
1) алыс-беріс шикізаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушілердің тұлғаларға оларды өндiрiстiк мұқтаждар үшiн өткiзуі, сондай-ақ беруі;
2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткiзу;
3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану операциялары жатады.
288-бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу кезiнде осы Кодекстiң 281-бабының 3-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негiздiлiгiн растау үшiн салық төлеушi орналасқан жері бойынша салық органына операция жасалған күннен бастап алпыс жұмыс күнi ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:
1) экспортталатын акцизделетiн тауарларды ұсынуға арналған шартты (келісімшартты);
2) акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiсi бар тауарлар декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесiн табыс етеді.
Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргiзген кеден органының белгісі бар, тауарлардың толық декларациясы экспортты растау ретінде болады;
3) Кеден одағының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерiн табыс етедi.
Акцизделетiн тауарларды экспорт кедендік рәсімінде магистральдық құбыр жүйесiмен әкеткен жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;
4) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған банк шоттарына акцизделетiн тауарларды өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшiрмесiн табыс етедi.
2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге (Кеден одағына мүше мемлекеттерді қоспағанда) акцизделетiн тауарлардың экспорты кезінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген акцизделетiн тауарлар импортының елінде ресiмделген тауарлар декларациясының көшiрмесi қосымша табыс етіледі.
2-1. Акцизделетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған кезде осы Кодекстің 281-бабының 3-тармағына сәйкес акциздер төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына акциз жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-11-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Кодекстің 276-11-бабында көзделген құжаттарды табыс етеді.
Бұл ретте салық төлеуші акциз жөніндегі декларацияны қоспағанда, көрсетілген құжаттарды операция жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етуге құқылы.
2-2. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы да акцизделетін тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы болған кезде осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.
3. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу осы баптың 1, 2 және 2-1-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткiзу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды өткiзу үшiн осы тарауда белгiленген тәртiппен акциз салынуға жатады.
4. Осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін экспортқа акцизделетін тауарларды өткізу расталған жағдайда осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген акциздер сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызуға және қайтаруға жатады.
Бұл ретте акцизделетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспортқа өткізуді растамауға байланысты есептелген өсімпұлдардың төленген сомасы қайтаруға жатпайды.
289-бап. Акциз сомасын есептеу
Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.
290-бап. Салық базасын түзету
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық базасы акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салық кезеңінде түзетіледі.
Осы бапқа сәйкес салық базасының мөлшерін түзету түзетуге жататын акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негіздемені растайтын екі жақты актілердің және шартта (келісімшартта) аталған қайтару жағдайларын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттерден акцизделетін тауарлар импорты кезінде салық базасының мөлшерін түзету осы Кодекстің 276-23-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 279-бабының 4) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауар бойынша салық базасын акцизделетін тауар өндіруші, егер осындай акцизделетін тауар бойынша лицензияда көрсетілген өндірістің мекенжайынан өндірушінің ауыстырылуына байланысты бұрын акциз төленген жағдайда, экспортқа өткізілген акцизделетін тауар көлеміне түзетеді.
Осы тармақта көзделген салық базасын түзету осындай акцизделетін тауар экспортқа өткізілген салық кезеңінде жүргізіледі.
Бұл ретте осы түзету ескеріле отырып, салық базасының теріс мәні болуы мүмкін.
291-бап.
Салықтан шегерім жасау
1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасын осы бапта белгiленген шегерiмдерге азайтуға құқығы бар.
2. Осы бапқа сәйкес басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар бойынша Қазақстан Республикасында төленген акциз сомалары шегерімге жатады.
3. Мыналар:
1) акцизделетiн тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;
2) өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін;
3) алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегерімге жатады.
Спирттің барлық түрлеріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегерімге жатпайды.
4. Салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негізінде есептелген акциз сомасына шегерiм жасалады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу кезінде төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:
1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
2) төлем құжаттары немесе акцизделетін шикізатқа төлем жасалғанын растайтын бақылау-кассалық машинаның чектерін қоса бере отырып, кіріс-кассалық ордерге түбіртек;
3) акцизделетін шикізат ұсынудың тауар-көлік жүкқұжаттары;
4) акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген шот-фактура;
5) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
6) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.
6. Өз өндірісінде акцизделетін шикізат үшін төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:
1) төлем құжаттары немесе акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;
2) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
3) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін шикізаттың импорты кезінде Қазақстан Республикасында төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:
1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
2) төлем құжаттары немесе кедендік декларациялау кезінде акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;
3) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан акцизделетін шикізат импорты кезінде импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған тауарлар декларациясы немесе Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импорт кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;
4) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
5) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.
8. Алыс-берістік акцизделетін шикізаттан Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомасы да мынадай құжаттар:
1) алыс-берістік акцизделетін шикізаттың меншік иесі мен қайта өңдеушінің арасындағы алыс-беріс шикізатын өңдеу туралы шарт;
2) төлем құжаттары немесе алыс-берістік акцизделетін шикізат меншік иесінің акцизді бюджетке төлегенін растайтын өзге де құжаттар;
3) акцизделетін шикізатты босатуға арналған жүкқұжаты немесе қабылдап алу-беру актісі болған кезде шегерімге жатады.
9. Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу немесе оның импорты кезінде төлеген акциз сомалары осы шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарлар үшін есептелген акциз сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегерімге жатпайды.
292-бап.
Акциз төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға арналған акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.
2. Алыс-берістік шикiзат пен материалдардан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берiлген күнi төленедi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген шикi мұнайды, газ конденсатын өнеркәсiптiк қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берiлген күнi төленедi.
4. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, осы Кодекстiң 279-бабының 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.
5. Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін тиісті белгіні қою жолымен растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.
293-бап.
Акциз төленетiн
жер
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеу ол төленетін объектінің орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын акциз төлеушiлер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жерi бойынша төлейдi.
3.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің
аумағынан акцизделетін тауарлар
импортталған жағдайда акцизді төлеу
акциз төлеушінің орналасқан (тұрғылықты)
жері бойынша жүргізіледі.
294-бап. Салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер салық кезеңі ішінде жүргізген акциз салынатын операциялар бойынша акциздің есеп-қисабы (бұдан әрі бөлім бойынша - акциз бойынша есеп-қисап) жеке жасалады.
Акциз бойынша есеп-қисап негізінде құрылымдық бөлімше, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциздің сомасы айқындалады.
2. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшенің, салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына акциз бойынша есеп-қисапты осы Кодекстің 296-бабында белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектісі бар акциз төлеушілер барлық объектілері үшін акциз бойынша бір есеп-қисапты табыс етеді.
3. Ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз төлеудi акциз төлеушi заңды тұлға тiкелей өзiнiң банк шотынан төлейдi немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледi.
4. Дара кәсіпкерлер салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциз бойынша есеп-қисапты салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша табыс етеді.
295-бап. Салық кезеңi
Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.
296-бап. Салық декларациясы
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әрбір салық кезеңі аяқталған соң акциз төлеушілер өзiнің орналасқан жерi бойынша салық органдарына акциз жөнiндегі декларацияны есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
2. Акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етедi.
3. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттаушы салық төлеушілер орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, осы Кодекстің 276-20-бабының 5-тармағында белгіленген нысанда және тәртіппен, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны ұсынуға міндетті. Осындай декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.
Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-20-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органына ұсынылмаған болып саналады.
40-тарау. АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ
297-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық базасы
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады.
298-бап.
Импортталатын акцизделетiн
тауарларға акциз төлеу мерзiмдерi
1. Кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерін төлеу үшін айқындалған күні кеден iсi мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен төленеді.
2. Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн осы Кодекстің 653-бабына сәйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төленедi.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарлар импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады және акцизделетін тауарларды импорттау күніне қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда) акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.
Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталуы акциздерді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар, оларға байланысты төлеуден босату немесе төлеудің өзге де тәртібі ұсынылғандардан өзге мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, осы акцизделетін тауарларға осы Кодекстің 280, 297-баптарында және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен белгіленген тәртіппен және акциздердің мөлшерлемелері бойынша акциздер салуға жатады.
299-бап.
Акцизден босатылған акцизделетiн
тауарлардың импорты
1. Жеке тұлғалар Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды.
2. Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:
1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар;
2) Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйымдар және материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;
3) шет елдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;
4) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында босатылатын акцизделетін тауарлар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.
10-БӨЛІМ.
ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
41-тарау.
ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
300-бап. Төлеушілер
Мыналар:
1) осы Кодекстiң 308-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген келісімшарттар шеңберiнде өндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты көлемiн экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды;
мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган айқындаған көлемде және кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімімен бұрын орналастырылған шикі мұнайға экспорттың кедендік рәсімін қолданған, тізбесін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілейтін заңды тұлғаларды қоспағанда:
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері деп сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 субпозициясында сыныпталатын тауарлар танылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін заңды тұлға тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өндеу өнімдерін Қазақстан Республикасына іс жүзінде әкелуді жүзеге асырмаған жағдайда, мұндай заңды тұлға осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайдың барлық көлемі бойынша экспортқа рента салығын төлеуші болып табылады;
2) көмiрдi экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.
301-бап. Салық салу объектiсi
Жер қойнауын пайдаланушылық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің, көмірдің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады. Осы бөлімнің мақсаты үшін экспорт деп:
Осы бөлімнің мақсаттары үшін экспорт деп:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекет аумағына өткізу түсініледі.
Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемi мынадай тәртіппен:
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Кеден одағынан тыс жерге экспортқа өткізу кезінде – кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын, тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде;
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісінде көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде айқындалады.
302-бап. Есептеу тәртібі
1. Экспортқа нақты өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі және осы Кодекстің 334-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген, экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің құны шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Бұл ретте шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері үшін әлемдік баға шикі мұнайдың әлемдік бағасын негізге ала отырып айқындалады.
Шикі мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру орташа өлшемді баррельдеу коэффициентінің негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:
К барр. орт. = (V1 х К барр.1 + V2 х К барр.2 … + Vn х К барр.n) / V жалпы өткізу, мұндағы:
К барр. орт. – орташа-өлшемді баррельдеу коэффициенті;
V1, V2, …Vn – салық кезеңінде экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;
К барр.1, К барр.2 … + К барр.n – Қазақстан Республикасының аумағында маршруттың басында көлік ұйымының шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін тапсыру және қабылдау пунктіндегі есепке алу аспабының деректері негізінде ресімделген әрбір тиісті партия бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері. Бұл ретте баррельдеу коэффициенттері техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес өлшеудің стандартты шарттарына келтірілген экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің нақты тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып, белгіленеді;
n – салық кезеңінде экспортқа өткізілген шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері партияларының саны;
V жалпы өткізу – салық кезеңінде шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспортқа жалпы өткізілу көлемі.
Экспортқа нақты өткізілетін көмірдің көлемі негізінде есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
2. Экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 346-бабында белгіленген.
303-бап.
Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері
Шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспорты кезінде экспортқа рента салығы мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
Рет N
|
Әлемдік баға
|
Мөлшерлеме, %-пен
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
бiр баррель үшiн 20 АҚШ долларына дейін қоса алғанда
|
0
|
2.
|
бiр баррель үшiн 30 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
0
|
3.
|
бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
0
|
4.
|
бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
7
|
5.
|
бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
11
|
6.
|
бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
14
|
7.
|
бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
16
|
8.
|
бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
17
|
9.
|
бiр баррель үшiн 100 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
19
|
10.
|
бiр баррель үшiн 110 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
21
|
11.
|
бiр баррель үшiн 120 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
22
|
12.
|
бiр баррель үшiн 130 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
23
|
13.
|
бiр баррель үшiн 140 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
25
|
14.
|
бiр баррель үшiн 150 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
26
|
15.
|
бiр баррель үшiн 160 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
27
|
16.
|
бiр баррель үшiн 170 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
29
|
17.
|
бiр баррель үшiн 180 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
30
|
18.
|
бiр баррель үшiн 190 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
|
32
|
19.
|
бiр баррель үшiн 200 АҚШ долларына дейiн және одан жоғары
|
32
|
Көмірді экспорттау кезінде экспортқа рента салығы 2,1 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.
304-бап. Салық кезеңі
Күнтiзбелiк тоқсан экспортқа рента салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.
Егер тауарларға арналған уақытша және толық кедендік декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салық кезеңдеріне тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу бойынша міндеттемелер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңіне тура келетін салық кезеңінде туындайды.
305-бап. Төлеу мерзімдері
Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
306-бап. Салық декларациясы
Экспортқа рента салығы жөніндегі декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрiлмей табыс етіледі.
11-БӨЛІМ. ЖЕР
ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ
САЛУ
42-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.
2. Осы бөлім жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын есептеу және төлеу тәртiбiн, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.
3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерiн;
а) қол қойылатын бонусты;
б) коммерциялық табу бонусын;
в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;
2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;
3) үстеме пайда салығын қамтиды.
Осы бөлімдегі арнайы ұғымдар мен терминдердің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған маңызы бар.
4. Кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
308-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөнiндегi қызметке салық салу
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу осы Кодекстің 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер туындаған кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 198 – 200-баптарына сәйкес қосымша салық салуға жатады.
3. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келiсiмшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша, сондай-ақ рентабельдiгi төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебетi аз және қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, осындай кен орындары тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгiн, бір келiсiмшарт шеңберiндегi кен орындарының бір бөлігін) әзірлеу кезінде, осындай кен орындары (кен орындарының тобы, бір келiсiмшарт шеңберiндегi осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгi) бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдерді осы Кодексте белгіленгендерден ерекшеленетін тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша есептеген жағдайда, салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін осы Кодекстің 310-бабына сәйкес бөлек салық есебін жүргізуге мiндеттi.
Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдiк балшықты өндіру жөнiндегi келiсiмшарттарға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.
4. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келiсiмшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) әрбір қатысушы салық төлеуші болады.
5. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келiсiмшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келiсiмшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылар осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілін айқындауға міндетті.
Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі осы Кодекстің талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге міндетті.
Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүзеге асырылған жағдайда осындай уәкілетті өкіл ретінде оператор танылады.
Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілінің, оның ішінде оператордың өкілеттігі осы Кодекстің 17 немесе 17-1-баптарының талаптарына сәйкес расталуы тиіс.
6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша салық міндеттемелерін орындауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) және (немесе) осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жиынтық салық есебі деректерінің негізінде жүргізеді. Бұл ретте осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілік нысандарын ұсыну бойынша салық міндеттемелерін орындауды жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) дербес жүзеге асырады.
308-1-бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiмшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта айқындалған салық режимi мұндай келiсiмнiң (келiсiмшарттың) ережелеріне сәйкес оларға қатысты салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер үшiн сақталады, мұндай келiсiмнiң (келiсiмшарттың) белгiленген бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде тек қана оның тараптарына қатысты, сондай-ақ операторларға қатысты қолданылады, мұндай келiсiмнiң (келiсiмшарттың) тараптары болып табылмайтын тұлғаларға немесе операторларға қолданылмайды және тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
Төлем көзiнен ұсталуға жататын, жер қойнауын пайдаланушы салық агентi ретiнде әрекет ететiн салыққа қатысты салық мiндеттемелерiн орындау Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiмшартта) және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта төлем көзiнен ұсталатын салық салу тәртiбiн реттейтiн ережелердің болуына қарамастан, оларды төлеу жөнiндегi мiндеттемелер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келiсiмнiң (келiсiмшарттың) салық режимiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың салық режимiнде көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiмшартта) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде, олардың қолданылу мерзiмi аяқталғанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілгенге дейiн оларды бюджетке төлеудi жалғастырады.
2. Егер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) ережелерінде операторды айқындау көзделсе және осы келiсiм (келiсiмшарт) бойынша салық мiндеттемесiн орындауды оператор жүзеге асырса, онда мұндай оператор осы баптың 1-тармағына сәйкес осы келiсiмнiң (келiсiмшарттың) тараптарына қатысты қолданылатын салық режимiне сәйкес аталған келiсiмнiң (келiсiмшарттың) салық мiндеттемесiн орындайды.
3. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) шеңберінде жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың салық міндеттемелерін орындау төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуы мүмкін:
1) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауы дербес немесе аталған қатысушының үлесіне қатысты міндеттемелер бөлігінде ғана осындай қатысушының атынан және тапсырмасы бойынша оператор жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарда салық төлеуші ретінде – жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушының деректемелері, уәкілетті өкіл ретінде оператордың деректемелері көрсетіледі;
2) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауды өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша оператор жиынтық түрде жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарды жасау мен табыс етуді (кері қайтаруды) осы Кодекстің 8-тарауында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде оператордың деректемелерін көрсетіп, оператор жүзеге асырады.
4.
Егер жер қойнауын пайдалану бойынша
операцияларды орындау барысында
операторда салық заңнамасының талаптарына
сәйкес салық төлеушідегідей (салық
агентіндегідей) салық міндеттемелері
пайда болса, онда мұндай салық
міндеттемелерін оператор дербес
орындайды.
308-2-бап. Роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салық міндеттемесін заттай нысанда орындау тәртібі
1. Роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін ақшалай нысанда орындау мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
1) осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта роялтиді және (немесе) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының беруі көзделген;
2) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған кезде уақытша, толық немесе ішінара заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
2. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау үшін:
1) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не осындай келісімде және (немесе) келісімшартта көзделген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға береді;
2) мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, пайдалы қазбаларды дербес немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға арқылы өткізеді;
3) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелген мөлшерде ағымдағы төлемдерді айқындайды және бюджетке аударады;
4) жер қойнауын пайдаланушы, мемлекет атынан алушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша декларацияны (ағымдағы төлемдердің есебін) орналасқан жеріндегі салық органдарына осы Кодексте көзделген тәртіппен және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс етеді.
3. Күнтізбелік тоқсан салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемесін заттай нысанда орындауы үшін салық кезеңі болып табылады.
Салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды іс жүзінде өткізуден алынған ақшаны төлеу бөлігінде күнтізбелік жыл мемлекет атынан алушы үшін салық кезеңі болып табылады.
4. Салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етеді.
6. Мемлекет атынан алушы орналасқан жеріндегі салық органына:
1) салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етеді.
Осы Кодекстің 69-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін табыс етуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін оны кері қайтарып алуға жол берілмейді;
2) күнтізбелік жыл үшін салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
7. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ағымдағы төлемдерді қоспағанда, салық кезеңі ішінде мемлекет атынан алушы тоқсан сайын салықтарды заттай нысанда төлеу есебіне ағымдағы төлемдерді айқындайды және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударады.
Алдыңғы салық кезеңдері үшін алынған, бірінші тоқсанда өткізілген пайдалы қазбалар бойынша ағымдағы төлемдер алдыңғы күнтізбелік жылдың төртінші тоқсаны үшін заттай нысандағы ағымдағы төлемдердің қосымша есебінде көрсетілуге жатады және осы баптың 8-тармағында белгіленген мерзімде бюджетке аударылады.
Ағымдағы төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес өтелуге жататын, осындай өткізу бойынша шығыстар азайтыла отырып, тиісті салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақша мөлшерінде бюджетке аударылады.
8. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақшаны төлеуді мемлекет атынан алушы жүзеге асырады.
Заттай нысандағы салық міндеттемесінің күнтізбелік жыл үшін мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.
9. Төлеу (аудару) кезінде төлем құжаттарында мемлекет атынан алушының атауы мен сәйкестендіру нөмірі де көрсетіледі.
10. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемінің ақшалай мәнге аударылғандағы мөлшерінде айқындалады.
11. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі жер қойнауын пайдаланушы үшін салық кезеңінде берілуге жататын пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мен салық кезеңінде нақты берілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Пайдалы қазбалардың физикалық көлемі осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес айқындалған шартты бағалар қолданыла отырып, ақшалай мәнге аударылады.
Осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта шартты бағаларды айқындау тәртібі болмаған жағдайда, мұндай шартты бағалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.
12. Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелетін салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың есепті күнтізбелік жылда өткізуге жататын физикалық көлемі мен есепті күнтізбелік жылда нақты өткізілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін есепті күнтізбелік жылдағы орташа өлшемді нақты баға қолданыла отырып, бірақ осы баптың 11-тармағында көзделген орташа өлшемді шартты бағадан кем болмайтындай ақшалай мәнге аударылады.
309-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайтын қызметке салық салу
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау жер қойнауын пайдаланушыны салық міндеттемелері туындаған күні Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салық міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
310-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері
1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бөлігінде, сондай-ақ осы Кодекстің 307-бабының 4-тармағында айқындалған рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, сулы, шағын дебетті және игерілген кен орындарын (бір келісімшарт шеңберіндегі осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының тобын) әзірлеген кезде келісімшарт қызметі бойынша салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
2. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай терминдер:
1) тікелей табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен немесе келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;
2) жанама табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстары, оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарттармен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар және жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жататын тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын;
3) жалпы табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асыруымен байланысты және жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес және олардың арасында бөлуді талап ететін жалпы тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;
4) жалпы тіркелген активтер – келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асырумен байланысты және пайдалану ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес тіркелген активтерді;
5) жанама тіркелген активтер – пайдаланылу ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен ғана тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтерді;
6) өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құны – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, қарыздар бойынша шығындарды, пайдалы қазбаларды сақтау, тасымалдау, өткізу шығыстарын, жалпы әкімшілік пен пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты емес басқа да шығындарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысы бар өндіріс шығындарын білдіреді.
3. Жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды бекітілген салықтық есепке алу саясатына сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде және осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жүргізеді.
Жер қойнауын пайдаланушы бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін дербес әзірлейді және ол салықтық есепке алу саясатында (есепке алу саясаты бөлігінде) бекітіледі.
Жер қойнауын пайдаланушы алғашқы бекітілген салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бөлігінің) көшірмесін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзімде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Жер қойнауын пайдаланушы салықтық есепке алу саясатына (есепке алу саясатының бөлігіне) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды немесе салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бөлігінің) жаңа нұсқасы бекітілгеннен кейінгі он жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Осы тармақ ережелері сол сияқты осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағына сәйкес жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкіліне қатысты да қолданылады.
4. Келісімшарт қызметі бойынша бөлек салықтық есепке алу мынадай салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
1) корпорациялық табыс салығы;
2) қол қойылатын бонус;
3) коммерциялық табу бонусы;
4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
5) үстеме пайда салығы;
6) осы Кодекстің 308-1-бабының 1-тармағында айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық режимдері негізінде осы Кодексте белгіленген тәртіптен өзгеше есептелетін өзге де салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жүргізіледі.
5. Салық міндеттемесін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:
1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін келісімшарттан тыс қызметтен бөлек жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық есепке алуда көрсетуді;
2) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеуді;
3) корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді;
4) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығы жөніндегі бірыңғай декларацияны және жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша оған тиісті қосымшаларды табыс етуді;
5) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті.
6. Жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеген кезде жер қойнауын пайдалануға арналған қандай да бір нақты келісімшарт бойынша шеккен залалдары есептелмейді, жер қойнауын пайдаланушының оларды осы Кодекстің 137-бабының ережелерін ескере отырып, кейінгі салық кезеңдерінде жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша қызметтен алған табыстарының есебінен өтеуге құқығы бар.
6-1. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру (оның ішінде сыйақы жөніндегі) бойынша мiндеттемесiн стратегиялық әріптестің есептен шығаруынан болатын кіріс те келісімшарттық қызмет бойынша кіріс болып табылады.
7. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының барлық табыстары мен шығыстары тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді.
Жер қойнауын пайдаланушы табыстар мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігінің негізінде дербес жүзеге асырады.
Тікелей табыстар мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар келісімшарт қызметіне немесе келісімшарттан тыс қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс.
Жалпы табыстар мен шығыстар келісімшарт қызметі мен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатады және тікелей себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың және тиісті үлесімен келісімшарттан тыс қызметтің табыстары мен шығыстарына жатады.
Жанама табыстар мен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жатады және тиісті үлесімен себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың табыстары мен шығыстарына жатады.
Жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлу осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес және осы баптың 8-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
8. Жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) мен келісімшарттан тыс қызмет арасында жер қойнауын пайдаланушының осы тіркелген активтер бойынша шеккен шығыстары, оның ішінде амортизация, бойынша шығыстары және бұдан кейінгі шығыстары бөлінуге жатады.
Сыйақылар жөніндегі жалпы және жанама шығыстар бойынша осы кодекстің 103-бабына сәйкес айқындалған осындай сыйақылар жөніндегі шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады.
Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және (немесе) келісімшарттан тыс қызметіне жатқызылмайтын болса, бағамдық айырма бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.
Жалпы және жанама салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша шегерімге жатқызылуға тиіс салықтар сол салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің өздері тиісінше бөлінбей, осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес бөлінеді.
9. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір келісімшарт қызметі үшін жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлуді қызмет ерекшелігін немесе жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдістерінің негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуді; оның ішінде:
1) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін алған тікелей табыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;
2) салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісімшарттары бойынша пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлеміндегі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша;
3) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;
4) мына баптардың бірі бойынша – жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде осы бап бойынша шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекақы төлеу қоры немесе тіркелген активтердің құны бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша;
5) жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлердің жалпы орташа тiзiмдiк санына келісімшарт қызметіне қатысатын қызметкерлердің орташа тiзiмдiк санының үлес салмағы бойынша;
6) өзге де әдістерді ескере отырып, дербес жүргізеді.
Жалпы және жанама табыстар мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің осы тармақта белгіленген әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін.
Жалпы және (немесе) жанама табыстар мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу жоғарыда аталған әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмақтың маңызы үшін жер қойнауын пайдаланушы үлесінің жүзден бірге дейінгі пайызымен (0,01 %) айқындайды.
10. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында, өндірілген мұнайды және (немесе), бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты өткізуден түскен кіріс, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуы ескеріле отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ өндірілген мұнайдың, минералды шикізаттың және (немесе) бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өзіндік құнынан төмендетілмей айқындалады.
Егер Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес ұлттық оператор газды осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген орган бекіткен баға бойынша мемлекеттің басым құқығы шеңберінде сатып алса, онда мұндай газды өткізуден түскен кіріс осы Кодекстің 86-бабына сәйкес айқындалады.
Өндірілген мұнайды және (немесе) бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен қайта өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық немесе өзге технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай операция бойынша кірісті өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.
Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін болса, мұндай газды өндірудің өндірістік өзіндік құны мына формула бойынша айқындалады:
(Gр1 х 0,857)
C00р2424 = Сs24F х -------------------- х r , мұндағы:
O00р2424 + (Gs24р1 х 0,857)
____________________________________
GP1
СP – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны, мың текше метр үшін теңге;
СF – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын мұнай өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
GP1 – ол бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында өзіндік құнды айқындау көзделетін, ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың өндірілу көлемі, мың текше метр;
OP – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберінде шикі мұнайдың өндірілу көлемі, тонна;
0,857 – шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
r – мына формула бойынша айқындалатын құндық коэффициент:
GP2 х AEPG
r = -----------------, мұндағы:
OP х AEPO
GP2 – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың өндірілу көлемі, мың текше метр;
Op – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайдың өндірілу көлемі, тонна;
AEPG – сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, тауарлы газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлы газдың орташа өлшемді экспорттық бағасы, мың текше метріне теңге;
AEPO – сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың орташа өлшемді экспорттық бағасы, тоннасына теңге.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттан тыс қызметі бойынша жылдық жиынтық табысына осындай кейіннен өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден нақты алынған табыс пен жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша жылдық жиынтық табысына қосылатын, осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген табыс сомасы арасындағы оң айырмаға тең сома жатады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін шахта, кеніш, карьер, ұсату зауыты (қондырғысы), байыту фабрикасы, қайта өңдеу, өндiрiс немесе металлургия цехы (зауыты) заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.
11. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелерін қоспағанда, салық міндеттемелерін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы осы баптың ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мынадай түрлері:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге;
2) жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге;
3) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;
4) барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша туындаған салық міндеттемелеріне қолданылмайды.
12. Мұнай немесе тау-кен операцияларын жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын осы баптың 11-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша операциялар және (немесе) қызметтің нәтижелері жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуын жүргізу тәртібінің ерекшеліктері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті мұнай немесе тау-кен келісімшарттары бойынша салықтық есепке алуда көрсетілуге тиіс.
43-тарау. БОНУСТАР
311-бап. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi бонустар болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:
1) қол қойылатын бонус;
2) коммерциялық табу бонусы.
§ 1. Қол қойылатын бонус
312-бап. Жалпы ережелер
Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады.
313-бап.
Төлеушілер
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бірін:
1) барлауға арналған келісімшартты;
2) пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты;
3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеуші болып табылады.
Осы баптың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі тиісті келісімшарт аумағында барлауға арналған келісімшарттың шеңберінде коммерциялық табуға байланысты өндіруге құқық алуға айрықша құқығының негізінде келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.
314-бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
1. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшін мынадай мөлшерде жеке белгіленеді:
1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргізуге арналған келісімшарттар үшін:
мұнай келісімшарттары үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2800 еселенген мөлшері;
техногендік минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізатты барлауға арналған келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 280 еселенген мөлшері;
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшері;
2) өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар үшін:
мұнай келісімшарттары үшін:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшері;
егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;
Қа - әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған К2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
техногендік минералды құралымдарды игеруге арналған келісім шарттарды қоспағанда, минералды шикізат өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім шарттар үшін:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшері;
егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен минералды шикізаттың жиынтық қорының құны;
Қа - әлеуетті коммерциялық объектінің және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы минералды шикізаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға арналған келісімшарттар үшін - (Қ х 0,01%) ) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен кем емес.
Бұл ретте осы баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, осы баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, өндіруге арналған келісімшарттар үшін қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері осы Кодекстің 319 - 322-баптарына сәйкес есептеп шығарылған коммерциялық табу бонусының сомасынан аз болуына болмайды;
3) техногендік минералды құралымдарды қайта өңдеу келісімшарттары үшін - (Қ1 х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем емес;
4) сарқынды суларды ағызу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшері.
2. Пайдалы қазбалар қорларының құны:
1) осы тармақтың 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды қоспағанда, шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн – қол қойылатын бонус төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өндірілген табиғи газды жеткізудің ең төменгі көлемі туралы жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша табиғи газ үшін мына формула бойынша:
Қ = V1 * Б1 + V2 * Б2,
мұнда:
V1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге жататын А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен табиғи газ қорларының көлемі;
V2 – V1 қоспағанда, А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен табиғи газ қорларының көлемі;
Б1 – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;
Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;
Қа = V1 * Б1 + V2 * Б2,
мұнда:
V1 – әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы табиғи газ қорларының көлемі;
V2 – V1 қоспағанда, әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы табиғи газ қорларының көлемі;
Б1 – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;
Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;
2) осы Кодекстiң 338-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – қол қойылатын бонус төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес пайдалы қазбаның шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Конкурс шарттары жарияланған немесе тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннің алдындағы күні пайдалы қазбалардың тиісті түрлері бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда, пайдалы қазбалардың тиісті түрлерін өндіруге арналған келісімшарттар үшін қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген ең төменгі мөлшерде белгіленеді.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзыретті органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.
4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлшерін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер қойнауын пайдаланушымен тікелей келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган белгілейді және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгізіледі.
5. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус мөлшері мынадай тәртіппен:
1) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілсе – осындай қорлардың көлеміне қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тәртіппен пайдалы қазбалар түріне қарай;
2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілмесе:
мұнайға арналған келісімшарттар үшін – келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бонустың бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентін құзыретті орган немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы орган келісімшарт аумағы кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы алаңының бастапқы мөлшеріне қатынасы ретінде айқындайды;
минералды шикізат, кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бойынша келiсiмшарттар үшін пайдалы қазбалардың тиісті түрлері үшін осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төмен мөлшерде айқындалады.
Бұл ретте, егер келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентінің мәні 0,1-ден асқан жағдайда, оның кеңейтілу жағдайларының санына қарамастан, осындай асып кетуге келетін қол қойылатын бонус мөлшеріне 3 коэффициенті қолданылады.
315-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:
1) белгіленген соманың елу пайызы – салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңімпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;
2) белгіленген соманың елу пайызы – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
2. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұндай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алынған кезде қол қойылатын бонус Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес осындай рұқсат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.
316-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi.
§ 2. Коммерциялық табу бонусы
317-бап. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндiруге арналған және (немесе) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысындағы табу үшiн бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.
2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейді.
318-бап. Төлеушiлер
Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.
Осы Кодекстің мақсаты үшін коммерциялық табу туралы хабарлау тиісті келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның пайдалы қазба қорларын бекітуін білдіреді.
319-бап. Салық салу объектiсi
1. Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазбалар қорларының физикалық көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі болып табылады.
2. Барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табуға байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқық шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасалған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) осы жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде тиісті келісімшарт аумағында бұрын жариялаған;
2) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осындай келісімшарт жасасу кезінде мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптама қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде;
2) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
4. Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптама қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде;
2) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
5. Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушы хабарлаған әрбір коммерциялық табу кезінде, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында табу үшін, бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Осы
баптың және осы Кодекстің 320 және
323-баптарының мақсаттары үшін көмірсутек
шикізаты бойынша пайдалы қазба қорлары
– алынатын пайдалы қазбалар қорларын
білдіреді.
320-бап. Салық базасы
Осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган бекiткен пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнiң алдындағы күнге мынадай тәртiппен айқындалады:
1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн – коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы күні осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
2) осы Кодекстiң 338-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы күні осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес пайдалы қазбаның шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Коммерциялық табу бонусын төлейтін күннің алдындағы күні пайдалы қазбалардың тиісті түрлері бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондон металдар биржасында бағамдалатын немесе бағамдалуы Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында хабарланатын және жарияланатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар үшін қорлардың құны келісімшарттың осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген өндiруге арналған жоспарлы шығындардың 20 пайызға ұлғайтылған сомасы негiзiнде айқындалады.
321-бап. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібі
Коммерциялық табу бонусының сомасы салық салу объектісінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негізінде айқындалады.
322-бап. Коммерциялық табу бонусының мөлшерлемесі
Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша төленедi.
323-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзімдері
Коммерциялық табу бонусы бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзімдерде:
1) осы Кодекстің 319-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап 90 күннен кешіктірілмей;
2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде – осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы кен орнындағы пайдалы қазба қорларының қосымша көлемдерiн бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей;
3) бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарт бойынша кен орнында пайдалы қазбалар қорларын осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.
324-бап. Салық декларациясы
Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi.
44-тарау. ТАРИХИ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ТӨЛЕМ
325-бап. Жалпы ережелер
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады.
326-бап. Төлеушiлер
Келісімшарттарды жасасқанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады.
327-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі
1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептейді және бюджетке:
1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдерін қоспағанда, құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшерде тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем түрінде;
2) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу үшін құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшерде төлем түрінде төлеуге жатады.
2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бюджетке төлеу жөніндегі міндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары бойынша жасалуға тиіс болғанымен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиісті келісімдер жасалмаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған, өнімді бөлу туралы келісімді қоса алғанда, тарихи шығындар мөлшерін айқындайтын уәкілетті мемлекеттік органмен құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды.
328-бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері
1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет жұмсаған тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейінгі өндіру басталған кезден бастап орналасқан жері бойынша мынадай тәртіппен төлейді:
1) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлейді.
Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем 2010 жылғы 10 сәуірден кешіктірілмей төленеді;
2) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы келісімшарттың қолданылу мерзімінен аспайтын, бірақ он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.
Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.
2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы шетел валютасында бекіткен болса, онда:
1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртібін белгiлеу үшiн төлемнің теңгемен жалпы мөлшерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастаған есептi тоқсанның бірiншi күнiнің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген сома 2009 жылғы 1 қаңтардың алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi;
2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердiң сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетiлген сомасы мұндай күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарының алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбір күнтiзбелiк жылдың басында теңгемен қайта есептеледi.
3.
Пайдалы қазбалардың кен орындарына
оларды кейіннен өндіруді көздемейтін
барлау жүргізуге арналған келісімшарттар
бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша
төлем төленбейді.
329-бап. Салық декларациясы
1. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына 2010 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей тапсырады.
2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей тоқсан сайын тапсырады.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей тоқсан сайын тапсырады.
45-тарау. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУ САЛЫҒЫ
330-бап. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.
2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, осы баптың 3-тармағындағы көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді.
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн.
Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 346-бабында белгіленген.
4. Өндiрiлетiн минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндiру салығы, жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, мөлшерлемелер бойынша және осы тарауда белгіленген тәртіппен төленеді.
5. Салық кезеңінде өндірілген мұнайдың, жерасты суларының, емдік балшық пен пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының жалпы көлемінен пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында кен орындары бойынша есептен шығарылған (шығынды қайтару) қорлар құрамынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемі, сондай-ақ технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі алып тастауға жатады. Технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың тиісті түрлері (сорттары) үшін ұлттық стандарттарында аталған технологиялық сынап көрудің ең төменгі массасымен шектеледі және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделуге тиіс.
331-бап.
Төлеушілер
Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберінде мемлекеттік меншік болып табылатын техногендiк минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.
§ 1. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
332-бап. Салық салу объектісі
1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың жалпы көлемі:
1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін өткізілген шикі мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлеміне;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеуге берілген шикі мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлеміне
2-1) кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайға – салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін берген не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген шикі мұнайдың көлеміне бөлінеді.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін шикі мұнайды беруді не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін, сондай-ақ Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының тізбесін және олардың шикі мұнайды өңдеу шарттарын мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасына іс жүзінде әкелінбеген жағдайда, кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайдың барлығы пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай ретінде қаралады.
3) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген, салық кезеңі ішінде өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайдың және газ конденсатының көлеміне;
4) осы Кодекстің 346-бабына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген шикі мұнай мен газ конденсатына;
5) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газға бөлінеді.
Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттарында өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес осы келісімшарт шеңберінде:
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мұнай дайындауда отын ретінде;
технологиялық және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар үшін;
ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшін және бекітілген жобалық құжаттарға сәйкес мұнайды өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу орнына дейін тасымалдау кезінде;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын электр энергиясын өндіру үшін;
осы баптың 4-тармағында көзделген жер қойнауына кері айдау жағдайларын қоспағанда, бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін;
мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен жобалық құжаттарда көзделген көлемде өндіруші мұнай ұңғымаларын пайдаланудың газлифтілік (механикаландырылған) тәсілі мақсатында пайдаланылған табиғи газ танылады.
Өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт шеңберінде мұнай-газ аймақтарында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін пайдаланылған табиғи газ да танылады;
5-1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген сұйытылған мұнай газына сәйкес келетін көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газға бөлінеді. Бұл ретте, сұйытылған мұнай газының мұндай көлемін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді және Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті болып табылады.
5-2) жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газға;
6) тауарлы шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға – егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1), 2), 2-1), 3), 4), 5), 5-1) және 5-2) тармақшаларында көрсетiлген шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың жалпы көлемiне бөлiнедi.
2-1. Осы баптың 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газ көлемі деп мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарда көрсетілген көлемдер шегінде осындай пайдаланылған табиғи және (немесе) ілеспе газдың нақты көлемі танылады.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеу үшін не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда шикі мұнай мен газ конденсатының нақты көлемін және олардың тиісті көлемін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактісін растайтын коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттарының түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін - тиісті көлемі үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырған көшірмелері болуға міндетті.
Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері болмаған жағдайда шикі мұнай мен газ конденсатының тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай, газ конденсаты ретінде қаралады.
3-1. Жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеу үшін Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына бергенін не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізгенін растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда тауарлардың және олардың өңдеу өнімдерінің нақты көлемі және оларды тиісті кедендік рәсіммен орналастыру фактісін растайтын мынадай құжаттардың:
тауарларды және олардың өңдеу өнімдерін тиісті кедендік рәсіммен орналастыруды растайтын, тауарларға арналған декларациялардың;
тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжаттың;
нақты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілуге жататын шикі мұнай көлемі туралы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар бөлігінде шикі мұнайды өңдеу үшін әкетуге жататын, көрсетілген көлемнен алынатын өңдеу өнімдерінің көлемі туралы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган қорытындысының;
кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімін қолдану туралы есептердің;
тауарлар мен өңдеу өнімдеріне арналған коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттардың және (немесе) қабылдау-тапсыру актілерінің;
нақты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген шикі мұнай көлемінен алынған өңдеу өнімдерінің нақты әкелінген көлемі туралы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган қорытындысының түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері болуға міндетті.
Құжаттардың осындай түпнұсқалары немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелері болмаған жағдайда, шикі мұнайдың тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай ретінде қаралады.
4. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бекітілген жобалық құжаттарда көзделген мұнай алу коэффициентін ұлғайту мақсатында жер қойнауына кері айдалатын көлемде табиғи газ бойынша төленбейді.
333-бап. Салық базасы
Салық кезеңінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
334-бап. Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі
1. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде өндірілген шикі мұнайдың және газ конденсатының құны мынадай тәртіппен:
1) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не үшінші тұлғаға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемі мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының өнімнің бір бірлігі үшін нақты сатып алу бағасының көбейтіндісі ретінде;
2) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеуге алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеу үшін берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде;
2-1) жер қойнауын пайдаланушы Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін шикі мұнай берген не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген кезде – жер қойнауын пайдаланушы Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу ретінде берген не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген шикі мұнайдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейіндісі ретінде;
3) жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне шикі мұнай мен газ кондансатын заттай нысанда берген кезде - осы Кодекстің 346-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне шикі мұнай мен газ конденсатын заттай нысанда берген нақты көлемінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын беру бағасының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген тауарлы шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың құнын өндірілген тауарлы шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемі мен осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен салық кезеңінде есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындайды.
3. Шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы салық кезеңіндегі бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаты үшін бағаны бағамдау "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts Crude Oil Marketwire" дереккөзінде жарияланған ақпараттар негізінде салық кезеңінде "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайының стандартты сортының әрбірін жеке алғанда шетел валютасындағы шикі мұнай бағасын бағамдауды білдіреді.
Осы дереккөзде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар:
"Argus Media Ltd" компаниясының "Argus Crude" дереккөзінің деректері бойынша;
жоғарыда көрсетілген дереккөздерде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады.
Бұл ретте, шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін өндірілген шикі мұнайдың өлшемнің стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетілген сапасына келтірілген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып, баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес жүргізіледі.
Шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Р1+Р2+...+Рn
S = ------------- х Е, мұнда:
n
S - салық кезеңіндегі шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасы;
Р1 Р2..., Рn - салық кезеңі ішінде бағаларының бағамдалуы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Е – тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
n - салық кезеңіндегі бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.
Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:
Cn1 +Cn2
Рn =--------- ,мұнда:
2
Рn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Сn1 - "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайы стандартты сорты бағасының күнделікті бағамдалуының төменгі мәні (min);
Сn2 - "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайы стандартты сорты бағасының күнделікті бағамдалуының жоғарғы мәні (max).
Жер қойнауын пайдаланушы "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайының белгілі бір стандартты сортына шикі мұнайды және газ конденсатын жатқызуды шикі мұнайды беруге арналған шарттар негізінде жүргізеді. Беруге арналған шартта шикі мұнайдың стандартты сорты көрсетілмесе немесе жоғарыда көрсетілген стандартты сорттарға қатысы жоқ шикі мұнайдың сорты көрсетілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша берілген шикі мұнай көлемін әлемдік орташа бағасы салық кезеңі ішінде ең жоғары болып табылатын мұнайдың сондай сортына жатқызуға міндетті.
4. Табиғи газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бірлiктерiн бекітілген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыруды ескере отырып, салық кезеңiндегі бағалардың шетел валютасындағы күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін бағаны бағамдау "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts European Gas Daily" дереккөзінде жарияланған ақпарат негізінде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының салық кезеңі ішінде шетел валютасындағы бағамдалуын білдіреді.
Осы дереккөзде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға:
1) "Argus Media Ltd" компаниясының "Argus European Natural Gas" дереккөзінің деректері бойынша;
2) жоғарыда көрсетілген дереккөздерде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалған басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады.
Табиғи газдың әлемдік бағасы мына формула бойынша анықталады:
Р1+Р2+...+Рn
S = ------------- х Е, мұнда:
n
S - табиғи газдың салық кезеңіндегі әлемдік бағасы;
Р1 Р2,..., Рn - салық кезеңі ішінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Е – тиiстi салық кезеңiндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
n - салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.
Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:
Cn1 +Cn2
Рn = --------- ,мұнда:
2
Рn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Сn1 - "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының күн сайынғы бағамдалуының төменгі мәні (mіn);
Сn2 - "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының күнделікті бағамдалуының жоғарғы мәні (max).
5. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың, сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газдың құны мынадай тәртіппен:
1) жер қойнауын пайдаланушы өндірген табиғи газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген кезде - осы Кодекстің 341-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын салық кезеңінде қалыптасқан өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде;
2) осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес сұйытылған мұнай газын өндіру үшін өндірілген ілеспе газды пайдаланған кезде және (немесе) өндірілген табиғи газды өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған кезде – нақты көлемін шығару ретінде:
сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының;
жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының нақты көлемі ретінде;
3) Осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 5-2) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы өндірілген табиғи газды пайдаланған кезде – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілестіріле өндірілсе, табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны шикі мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде:
табиғи газдың бір мың текше метрі 0,857 тонна шикі мұнайға сәйкес келетін қатынасында айқындалады.
6. Шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың стандартты сорттарының әлемдік бағасын уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен әрбір салық кезеңі бойынша айқындайды және ол есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-ынан кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
335-бап. Салықты есептеу тәртібі
1. Бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы салық салу объектілерінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негізінде айқындалады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 336-бабында келтірілген шкалаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені қолданады.
Бюджетке төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеудің дұрыстығын және толық төленуін қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің алдағы жылға жоспарланған көлемі туралы анықтаманы ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 қаңтарына дейін табыс етуге міндетті.
Бұл ретте, шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің ағымдағы жылға жоспарланатын көлемі құзыретті органдармен келісілуге тиіс.
3. Егер есепті күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі жоспарланған көлемге сәйкес келмесе және пайдалы қазбаларды өндіру салығы мөлшерлемелерінің өзгеруіне әкеп соқса, жер қойнауын пайдаланушы есепті жылға есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету жасауға міндетті.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету есепті салық жылының соңғы салық кезеңіндегі декларацияда осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлеміне сәйкес келетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін есепті салық жылының 1-3 тоқсанындағы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияларда есептелген салық базасына қолдану жолымен жүргізіледі.
Жүргізілген түзетулерді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы есепті жылдың соңғы салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады.
336-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
Шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері, газ конденсатын қоса алғанда, тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді:
Рет №
|
Жылдық өндіру көлемі
|
Мөлшерлемелер, %-бен
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
250 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
5
|
2.
|
500 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
7
|
3.
|
1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
8
|
4.
|
2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
9
|
5.
|
3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
10
|
6.
|
4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
11
|
7.
|
5 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
12
|
8.
|
7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
13
|
9.
|
10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда
|
15
|
10.
|
10 000 000 тоннадан жоғары
|
18
|
Шикі мұнайды және газ конденсатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, оның ішінде заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығының, экспортқа рента салығының, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі есебіне мемлекет атынан алушыға өткізген және (немесе) берген жағдайда немесе "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 332-бабының 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіппен өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда, белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады.
Шикі мұнайды осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген тәртіппен өткізген және (немесе) берген жағдайда, белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасына нақты әкелу жүзеге асырылмаған жағдайда, осы бапта көзделген төмендету коэффициенті осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген барлық шикі мұнайға қолданылмайды.
Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10 пайызды құрайды.
Ішкі нарықта табиғи газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша төленеді:
Рет N
|
Жылдық өндіру көлемі
|
Мөлшерлемелер, %-пен
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
1,0 млрд. текше. м. дейін қоса алғанда
|
0,5
|
2.
|
2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда
|
1,0
|
3.
|
2,0 млрд. текше м.-ден жоғары
|
1,5
|
§
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды
қоспағанда, минералды
шикізатқа
пайдалы қазбаларды өндіру салығы
337-бап. Салық салу объектісі
Минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін, салық кезеңі ішінде нормаланған ысыраптардың көлемі шегеріле отырып, минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемі айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі болып табылады.
Нормаланған ысыраптардың көлемі осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасы негізінде белгіленеді.
338-бап. Салық базасы
1. Салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында минералды шикізат:
1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикізат;
2) құрамында бір мезгілде осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар және пайдалы қазбалардың басқа да түрлері бар минералдық шикізат;
3) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбаларды қоспағанда, басқа да пайдалы қазбалар бар минералды шикізат;
4) кен орнында есептен шығарылған қорлар (ысырапты қайтару) құрамынан өндірілген минералды шикізат;
5) кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін минералды шикізат болып бөлінеді.
3. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңінде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негізінде айқындалады.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға салық кезеңiндегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиісті салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтіндісі ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.
Осы баптың мақсаттары үшін бағаны бағамдау пайдалы қазбаның шетел валютасындағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген және "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының Metal Bulletin" журналында, "Metal-pagesLimited" баспасының "Metal-pages" журналында жарияланатын баға бағамдалуын білдіреді.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, орташа биржалық баға мынадай формула бойынша айқындалады:
Р1+Р2+...+Рn
S = ------------- х Е, мұнда:
n
S -пайдалы қазбаға салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;
Р1 Р2..., Рn - салық кезеңі ішінде Лондон металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Е – тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
n — салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.
Пайдалы қазбаға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:
C0n1 24fs24+Cn2
0 0Р24n = --------- ,мұнда:
2
Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Сn1 - пайдалы қазбаға Cash бағасының күн сайынғы бағамдалуы;
Сn2 — пайдалы қазбаға Cash Settlement бағасының күн сайынғы бағамдалуы.
Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңiндегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
Р1+Р2+...+Рn
S = ------------- х Е, мұнда:
n
S - алтынға, платинаға, палладийге салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;
Р1, Р2,..., Рn – салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері алтынға, платинаға, палладийға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Е – тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
n — салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.
Алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:
C0n1 24fs24+Cn2
0 0Р24n = --------- ,мұнда:
2
Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Сn1 — алтынға, платинаға, палладийге a.m. (таңертеңгі фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;
Сn2 - алтынға, платинаға, палладийге p.m. (кешкі фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы.
Күмiске орташа биржалық баға салық кезеңiндегі күмiске бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
Р1+Р2+...+Рn
S = ------------- х Е, мұнда:
n
S -күміске салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;
Р1, Р2,..., Рn – салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері күміске бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;
Е – тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
n - салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.
Пайдалы қазбаға орташа биржалық баға осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы әрбір пайдалы қазба түрінің барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлімшеге берілген көлемге қолданылады.
Салық жылының ішінде пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы әрбір пайдалы қазба түрінің нақты көлемін Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен бекітілген кен орындарын игерудің техникалық жобасындағы өндірудің күнтізбелік кестесі негізінде әзірленген жергілікті жобада көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың құрамы бойынша айқындайды.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар қорларының жылдық есептік баланстарының деректері бойынша пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының нақты салық салынатын көлемдерін нақтылауды ескере отырып, пайдалы қазбалардың нақты көлемдеріне түзету жүргізуге және есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тұрғылықты орны бойынша салық органына пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша қосымша декларация табыс етуге міндетті.
Жүргізілген түзету ескерілетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы ағымдағы салық кезеңінің осы салығы бойынша салық міндеттемесі болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша түпкілікті есеп-қисап есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін жүргізілуге тиіс;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбалардың құны:
осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен;
минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерінің құны - оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде, ал кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берген жағдайда - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны - бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері есепті салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген бағалардың ресми бағамдалуы бар пайдалы қазба түрлеріне қатысты қолданылады.
5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбаны қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізбеген жағдайда, олардың құны мұндай өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде айқындалады.
6. Келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қазбаларды өткізу мүлдем болмаған жағдайда:
1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерінің құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
Осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбаларды кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді нақты бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларына түзету енгізуге міндетті.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңіне жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесі болып табылады.
7. Осы баптың мақсатында салық кезеңі үшін өткізудің орташа өлшемді бағасы осы Кодекстің 341-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады.
339-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
Бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды және көмірді өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерде белгіленеді:
Рет №
|
|
Пайдалы қазбалардың атауы
|
Мөлшерлемелер, %-бен
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi
|
Хром кенi (концентраты)
|
16,2
|
Марганец, темір-марганец кенi (концентраты)
|
2,5
|
||
Темір кенi (концентраты)
|
2,8
|
||
Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс)
|
18,5
|
||
2.
|
Металдар
|
Мыс
|
5,7
|
Мырыш
|
7,0
|
||
Қорғасын
|
8,0
|
||
Алтын, күміс, платина, палладий
|
5,0
|
||
Алюминий
|
0,25
|
||
Қалайы, никель
|
6,0
|
||
3.
|
Құрамында металдар бар минералды шикізат
|
Ванадий
|
4,0
|
Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар
|
6,0
|
||
4.
|
Құрамында сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат
|
Ниобий, лантан, церий, цирконий
|
7,7
|
Галлий
|
1,0
|
||
5.
|
Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикізат
|
Селен, теллур, молибден
|
7,0
|
Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, гафний, рений, осмий
|
6,0
|
||
6.
|
Құрамында радиоактивті металдар бар минералды шикізат
|
Радий, торий
|
5,0
|
7.
|
Құрамында металл еместер бар минералды шикізат
|
Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар
|
0
|
Фосфориттер
|
4,0
|
||
Бор ангидриті
|
3,5
|
||
Барит
|
4,5
|
||
Тальк
|
2,0
|
||
Флюориттер
|
3,0
|
||
Воластонит
|
3,5
|
||
Шунгит
|
2,0
|
||
Графит және басқалар
|
3,5
|
||
|
Жарқырауық тас шикізаты:
|
|
|
8.
|
Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат
|
Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар
|
12,0
|
9.
|
Құрамында жасанды тастар бар минералды шикізат
|
Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар
|
3,5
|
10.
|
Құрамында техникалық тастар бар минералды шикізат
|
Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, циркон, асбест, слюда және басқалар
|
2,0
|
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін пайдалы қазбалардың барлық түріне және минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыздық мөлшерлеме бойынша төленеді.
Бұл ретте өндірілуі баланстан тыс қорлардың құрамынан рентабельділігі төмен кен орындарында жүзеге асырылатын, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданылатын редакциядағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарымен белгіленген мөлшерлеме және салық салу базасы бойынша есептелген роялти мөлшерінде белгіленетін пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізу жағдайларын қоспағанда, баланстан тыс қорлардың құрамынан, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін алынатын пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізген жағдайда өндіруге салық мөлшерлемесі 0 пайыз мөлшерінде салынатын қолданылмайды.
Сирек және жерде сирек кездесетін металдар (литий, берилий, тантал, иттрий, стронций, празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютенций) бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығы мөлшерлемелерінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
§ 3. Кең
таралған пайдалы қазбаларға, жерасты
сулары мен
емдік балшықтарға пайдалы
қазбаларды өндіру салығы
340-бап. Салық салу объектісі
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:
1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендік суларды сору үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдағанда;
2) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты суларын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланбаған жағдайда;
3) өзiнiң шаруашылық мұқтаждары үшiн мемлекеттік мекемелер өндiретін жерасты сулары бойынша төленбейді.
341-бап. Салық базасы
1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар көлемінің құны кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген жерасты суларының көлемі жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
Өткізудің орташа өлшемді бағасы мына формула бойынша айқындалады:
Б ор. = (V1 ө.п. х Б1ө. + V2 ө.п. х Б2 ө. … + Vn ө.п. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұндағы:
V1 ө.п., V2 ө.п., …, Vn ө.п. – салық кезеңінде өткізілетін кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың әрбір партиясының көлемдері;
Б1 ө., Б2 ө., …, Бn ө. – салық кезеңінде әрбір партия бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізудің нақты бағалары;
n – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар партиясының саны;
V жалпы өткізу – салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізудің жалпы көлемі.
Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған көлемдерге қолданады.
3. Кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар өткізілмеген жағдайда, есепті салық кезеңінде олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізу мүлдем болмаған кезде, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің нақты өлшемді орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомаларына түзетуді жүргізуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесі болып табылады.
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасын айқындау тәртібіне қолданылмайды.
342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
1. Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
Р/с № |
Пайдалы қазбалардың атауы |
Мөлшерлемелер, %-бен |
1 |
2 |
3 |
1. |
Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломит, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас |
2,5 |
2. |
Кенге жатпайтын өзге шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы |
4,7 |
3. |
Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында су бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпат жыныстары, шойтас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-далалық шпат), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас |
5,6 |
4. |
Емдік балшықтар |
10,6 |
2. Жерасты
суларына пайдалы қазбаларды өндіру
салығының мөлшерлемелері өндірілген
жерасты суларының 1 текше метрі үшін
республикалық бюджет туралы заңда
белгіленген және тиісті қаржы жылының
1 қаңтарында қолданыста болатын бір
айлық есептік көрсеткіштің мынадай
мөлшерінде белгіленеді:
Р/с № |
Пайдалы қазбалардың атауы |
Мөлшерлемелер, АЕК-пен |
1 |
2 |
3 |
1. |
Осы кестенің 2-12-жолдарында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы |
1,000 |
2. |
Табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес су тұтынушыларға және сумен жабдықтау жөніндегі ұйымдарға сумен жабдықтау қызметтерін көрсету үшін пайдаланған жерасты суы |
0,001 |
3. |
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісіне өткізген жерасты суы |
0,001 |
4. |
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол: |
|
4.1. |
пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде және (немесе) ол басқа жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде соңғысы пайдалану үшін көлемі есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келісілген құжатта көрсетілген, сумен жабдықтау жүйелері бойынша іс жүзінде берілген су шегінде пайдаланған жерасты суы |
0,003 |
4.2. |
жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлерге санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерді орындау үшін, оның ішінде санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды (кір жуатын, әжетхана, жуынатын, шомылатын орындарды) қамтамасыз ету үшін пайдаланған жерасты суы |
0,003 |
5. |
Өндірістік-техникалық жерасты сулары |
0,003 |
6. |
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол медициналық қызметті, жұмыскерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптардың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ жұмыскерлердің қоғамдық тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы Кодекстің 97-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін іске қосу кезінде ол пайдаланған жерасты суы |
0,003 |
7. |
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өңірдің әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік сала объектілерін күтіп-ұстау үшін ол пайдаланған жерасты суы |
0,003 |
8. |
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің жұмыс өндірісі объектісінде болу кезеңінде тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындау үшін ол пайдаланған жерасты суы |
0,003 |
9. |
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) оны қайта өңдеу үшін пайдаланған жерасты суы |
0,003 |
10. |
Санаторий-курорттық ұйым (санаторий, профилакторий) болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтер көрсету үшін ол пайдаланған жерасты суы |
0,003 |
11. |
Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес балаларға арналған сауықтыру лагері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және балаларға арналған сауықтыру лагерінің жұмыс істеу мақсаттары үшін ол пайдаланған жерасты суы |
0,003 |
12. |
Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындар өндіру үшін ол пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауыз су жерасты суы (4.2., 6, 7, 8, 9, 10, 11-жолдарда көрсетілген мақсаттарға пайдаланылған жерасты суын қоспағанда) |
0,250 |
3. Өндірілген
жерасты суын бөлек есепке алу болмаған
жағдайда, осы баптың 2-тармағында
белгіленген жерасты суларына пайдалы
қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін
қолдану мақсатында мөлшерлеменің ең
үлкен мөлшері қолданылады.
§ 4. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі
343-бап. Салық кезеңі
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
344-бап. Төлеу мерзімдері
Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
345-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей береді.
346-бап.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі
мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа
рента салығын заттай нысанда төлеу
тәртiбi
1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда, салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.
2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық немесе iшiнара жүргізілуі мүмкін.
3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде ақшалай мәнде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.
Міндеттемені орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеуі көзделетін қосымша келісім жасалған кезде онда:
1) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін мемлекет атынан алушы;
2) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін жеткізу пункті, шарттары және мерзімдері міндетті түрде көрсетіледі.
5. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбаларды салық төлеушінің беру мерзімдері осы Кодексте белгіленген осы салықтар мен төлемдерді ақшалай нысанда төлеу мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.
6. Мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының тиесілі сомасын осы Кодексте белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімдерінде ақшалай нысанда бюджетке аударады.
7. Мемлекет атынан алушы салық төлеушінің пайдалы қазбалардың тиiстi көлемін өзіне уақтылы әрі толық беруiне бақылауды дербес жүзеге асырады.
Салық төлеуші Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының бюджетке толық әрі уақтылы аударылуына салық төлеуші пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауапты болады.
8. Салық төлеуші және мемлекет атынан алушы осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшерлері және оларды заттай нысанда төлеу (беру) мерзімдері туралы есептілікті орналасқан жеріндегі салық органдарына осы Кодексте белгіленген мерзімдерде және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша табыс етеді.
46-тарау. ҮСТЕМЕ ПАЙДА САЛЫҒЫ
347-бап. Жалпы ережелер
1. Үстеме пайда салығы жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 347-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын төлеуші болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық кезеңінде есептеледі.
2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгіленген тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық салу объектісін, сондай-ақ салық салумен байланысты мынадай объектілерді:
1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты;
2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табысты;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табысты;
4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдерді;
5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын;
6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табыс салығының есеп айырысу сомасын айқындайды.
347-1-бап. Төлеушілер
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме табыс салығын төлеушілер болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:
1) осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген;
2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға, барлау мен өндіруге немесе өндіруге;
3)
барлауға және өндіруге байланысты емес
жерасты құрылыстарын салуға және
(немесе) пайдалануға арналған
келісімшарттардың негізінде жүзеге
асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын
пайдаланушылар осы тарауда белгіленген
үстеме салығын төлеушілер болып
табылмайды
348-бап. Салық салу объектісі
Осы Кодекстің 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер сомасының 25 пайызына тең сомадан асатын салық кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша осы Кодекстің 348-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін айқындалған жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объектісі болып табылады.
348-1-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс
1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс осы Кодекстің 348-2-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табыс пен осы Кодекстің 348-5-бабына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс осы Кодекстің 349-бабына сәйкес есептелген осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты тұрақты мекеменің таза табыс салығының есеп айырысу сомасына қосымша азайтылады.
348-2-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табыс
Осы тараудың мақсатында салық салынатын табыс осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына азайтуды ескере отырып, осы Кодекстің 348-3-бабына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстің 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
348-3-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс
Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табысты осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаты үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша айқындайды.
348-4-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер
1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шегерімдер:
1) осы Кодекстің 100 – 108, 109 – 114, 116 - 122-баптарына сәйкес есепті салық кезеңінде келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған шығыстардың;
2) мынадай шығыстар шегінде:
тіркелген активтерді сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған салық кезеңі ішінде нақты шеккен шығыстардың;
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген қолданыстағы тіркелген активтер бойынша бұрынғы салық кезеңдерінде үстеме пайда салығы мақсаты үшін шегерімге жатқызылмаған осы активтер құнының қалған сомасы шегінде;
тіркелген активтердің бухгалтерлік есепте баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тіркелген активтердің кейінгі салық кезеңі ішінде шеккен шығыстарының;
жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстің 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен шегерімге жатқызылатын шығыстарының;
3) осы Кодекстің 136 және 137-баптарына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бұрынғы салық кезеңдерінде жер қойнауын пайдаланушы шеккен залалдардың сомасы ретінде айқындалады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шығыстарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдерге жатқызу ағымдағы немесе кез келген келесі салық кезеңінде ішінара немесе толықтай жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Есепті салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімге жатқызылған осы шығыстар басқа да салық кезеңдерінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімге жатқызуға жатпайды.
3. Тиісті салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу кезінде осы баптың 2-тармағында белгіленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған шегерімдер сомасынан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңінің корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға міндетті.
4.
Егер белгілі бір шығыстар осы баптың
1-тармағында белгіленген шығыстардың
бірнеше түрінде көзделсе, үстеме пайда
салығын есептеу кезінде аталған шығыстар
бір рет қана шегеріледі.
348-5-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша салық кезеңі үшін осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеменің және осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ осы Кодекстің 136 және 137-баптарына сәйкес ауыстырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша залалдар сомасына азайтылған, осы Кодекстің 139-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтіндісі ретінде айқындалады.
349-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы
Осы тараудың мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңінде осы Кодекстің 147-бабының 5-тармағында белгіленген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салық мөлшерлемесінің және осы Кодекстің 199-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша есептелген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салық салу объектісінің көбейтіндісі ретінде айқындалады.
350-бап. Есептеу тәртібі
1. Салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің 351-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектісінің әрбір бөлігіне қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін жер қойнауын пайдаланушы:
1) салық салу объектісін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектілерді айқындайды;
2) осы Кодекстің 351-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомаларын мынадай тәртіппен:
1 - 6-деңгейлер үшін - осы Кодекстің 351-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген әрбір деңгей үшін пайыздың және үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының көбейтіндісі ретінде;
7-деңгей үшін:
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан көп болса - үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сома арасындағы айырма ретінде;
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан аз немесе соған тең болса - нөл ретінде айқындайды;
3) осы Кодекстің 351-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық кезеңінде алынған нақты таза табысты мынадай тәртіппен бөледі:
1-деңгей үшін:
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан асса, бірінші деңгей үшін бөлінген таза табыс бөлігі бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан аз болса, бірінші деңгей үшін бөлінген таза табыс бөлігі салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасына тең болады.
Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу келесі деңгейлер үшін жүргізілмейді;
2 - 7-деңгейлер үшін:
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөлігінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан асса немесе соған тең болса, осы деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі осы тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;
егер салық кезеңі ішінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөлігінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан аз болса, осы деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі осындай айырмаға тең болады. Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу келесі деңгейлерге арналып жүргізілмейді.
Таза табыс бөліктерінің деңгейлері бойынша бөлінген жалпы сома салық кезеңі ішінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыстың жалпы сомасына тең болуға тиіс;
4) үстеме пайда салығының тиісті мөлшерлемесін осы Кодекстің 351-бабына сәйкес таза табыстың әрбір деңгейі бойынша бөлінген бөлігіне қолданады;
5) осы Кодекстің 351-бабында көзделген барлық деңгей бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, салық кезеңі үшін үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.
351-бап. Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері, үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомасын есептеу үшін пайыздардың деңгейлері мен мөлшері
Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушы мынадай тәртіппен айқындалатын мөлшерлемелердің өзгермелі шкаласы бойынша төлейді:
Деңгей N
|
Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу шкаласы, шегерім сомасының пайызы
|
Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомасын есептеу үшін пайыз
|
Мөлшерлеме (%-пен)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
25 пайыздан кем немесе соған тең
|
25
|
белгіленбейді
|
2
|
25 пайыздан 30 пайызға дейін қоса алғанда
|
5
|
10
|
3
|
30 пайыздан 40 пайызға дейін қоса алғанда
|
10
|
20
|
4
|
40 пайыздан 50 пайызға дейін қоса алғанда
|
10
|
30
|
5
|
50 пайыздан 60 пайызға дейін қоса алғанда
|
10
|
40
|
6
|
60 пайыздан 70 пайызға дейін қоса алғанда
|
10
|
50
|
7
|
70 пайыздан жоғары
|
Осы Кодекстің 350-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес
|
60
|
352-бап. Салық кезеңі
1. Үстеме пайда салығы үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтізбелік жыл ішінде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.
3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жыл басталғаннан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.
4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
353-бап. Салықты төлеу мерзімі
Үстеме пайда салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді.
354-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.
12-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ
47-тарау.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
355-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар;
5) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын, филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне табыстар түрінде төленетін (төленуге жататын) жұмыс берушінің шығыстары бойынша әлеуметтік салық төлеуші деп тануға құқылы.
Бұл ретте резидент заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше әлеуметтік салық төлеуші деп танылса, резидент заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімшенің құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша дербес әлеуметтік салық төлеуші деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаты үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.
3. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін төленуге жататын әлеуметтік салықты төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін әлеуметтік салықты төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
Осы бапта белгіленген тәртіппен әлеуметтік салық төлеушілер деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаттары үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.
356-бап. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері
Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып;
2) оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін – осы Кодекстің 433-438-баптарына сәйкес;
3) патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін – осы Кодекстің 429-432-баптарына сәйкес;
4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – осы Кодекстің 445-447-баптарына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын төлеушілер жүргізеді.
357-бап. Салық салу объектiсi
1. Шағын бизнес субъектілеріне және ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілерге және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді, сондай-ақ осы Кодекстің 358-бабының 3-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушілер үшін төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.
2. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында және 2-тармағында аталған төлеушілер, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілерге және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ осы Кодекстің 358-бабының 3-1-тармағында аталған салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлер үшін жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында айқындалған табыстар түрінде резидент жұмыскерлерге, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20) және 21) тармақшаларында айқындалған кірістер түрінде бейрезидент жұмыскерлерге төлейтін шығыстары, сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері салық салу объектісі болып табылады.
Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 26), 26-1), 27), 29) – 32), 34), 41) тармақшаларында және 200-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында белгіленген табыстар, сондай-ақ:
1) гранттар қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Yкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықтар, стипендиялар;
3) алып тасталды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
4) жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші заңды тұлға таратылған, қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақы төлемдері;
5) жұмыс берушінің қызметкерлерге пайдаланылмаған ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақы төлемдері;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.
3. Егер осы баптың 2-тармағына сәйкес күнтізбелік ай үшін айқындалған салық салу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда, әлеуметтік салық салу объектісі осындай ең төменгі жалақы мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
4. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (міндеттерін) жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүргізілсе, осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасының ережелері қолданылады.
358-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салық 11 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.
2. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар өзi үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салықты есептейді.
Осы тармақтың ережесі:
1) салық төлеушінің осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуін уақытша тоқтата тұруы кезеңінде салық төлеушіге;
2) арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;
3) осы баптың 3-1-тармағында аталған салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
3. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстiң 135-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес 4,5 пайыз мөлшерлеме бойынша әлеуметтiк салықты есептейді.
3-1. Тек қана осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыратын, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер әлеуметтік салықты 6,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшін әлеуметтiк салық мөлшерлемелері осы Кодекстiң 445-бабында белгiленген.
5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық мөлшерлемелері осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген.
48-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
359-бап. Әлеуметтiк салықты есептеу тәртiбi
1. Осы Кодекстің 358-бабының 3 және 3-1-тармақтарында аталған тұлғаларды қоспағанда, осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған төлеушілер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 357-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
2. Осы Кодекстің 358-бабының 3-тармағында аталған төлеушілер салық кезеңі үшін әлеуметтік салықты есептеуді осы тармақта белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 357-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
3. Осы Кодекстің 358-бабының 3-1-тармағында аталған төлеушілер салық кезеңі үшін әлеуметтік салықты есептеуді осы тармақта белгіленген мөлшерлемелерді осы Кодекстің 357-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
4. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды, сондай-ақ осы Кодекстің 358-бабының 3-1-тармағында аталған салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар әлеуметтiк салықты есептеуді осы Кодекстiң 358-бабының 2-тармағында белгiленген мөлшерлемелерді осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
5. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтiк салық сомасы есептелген әлеуметтік салық пен "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
6. "Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтiк салықты осы Кодекстiң 151-4-бабының 5-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
360-бап. Әлеуметтiк салықты төлеу
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық кезеңінен кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 362-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
361-бап.
Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк
салықты есептеу ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік мекемелер салық кезеңіне есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.
2. Салық кезеңінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесі салық кезеңіне ауыстырылады.
3. Төлеуші осы Кодекстің 355-бабында айқындалған мемлекеттік мекемелер бойынша төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептеуді осы Кодекстің 359 және 360-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
4. Төлеуші жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 364-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етеді.
362-бап.
Құрылымдық бөлiмшелер бойынша салықты
есептеу және төлеу тәртiбi
1. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салықтың негiзінде есептеледi.
2. Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшiн тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық төлеудi құрылымдық бөлімшенің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
49-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
363-бап. Салық кезеңі
Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
364-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларация
1. Төлеушiлер жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
1-1. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлімшенің орналасқан жеріндегі салық органына құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етеді.
13-БӨЛІМ. КӨЛІК ҚҰРАЛЫ САЛЫҒЫ
50-тарау.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
365-бап. Салық төлеушiлер
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері;
2) салық салынатын табысына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша;
3) мемлекеттік мекемелер;
3-1) қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша – осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағына сәйкес келетін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері;
4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;
6) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
7) ауыл шаруашылығы құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдалану мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері осындай көлік құралдарын пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) жағдайларына қолданылмайды.
4. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған адамдар, көрсетілген тармақшаларда тізбеленген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына қарамастан, бiр көлiк құралы бойынша ғана (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.
6. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелері осы тармақшаның ережелерін қолдану құқығы бар жеке тұлғаның онда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына қарамастан, салық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.
7. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы бар адамның салық кезеңі ішінде меншік құқығында бірнеше автокөлік құралдары болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы ең көп автокөлік құралдарының біріне қатысты қолданылады.
8. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күніне дейін қолданылады.
Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.
366-бап. Салық салу объектiлерi
1. Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
2. Мыналар:
1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары;
3) Қазақстан Республикасы халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері;
4) мүлік салығын салу объектісі болып табылатын арнайы автомобильдер салық салу объектiлерi болып табылмайды.
51-тарау. Салық мөлшерлемелері, салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
367-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:
Рет |
Салық
салу объектісі |
Салық
мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
2 |
3 |
1. |
Двигателінің
көлемі мынадай жеңіл автомобильдер
(текше см.): |
|
1100-ге
дейін қоса алғанда |
1 |
|
1100-ден
жоғары 1500-ді қоса алғанда |
2 |
|
1500-ден
жоғары 2000-ды қоса алғанда |
3 |
|
2000-нан
жоғары 2500-ді қоса алғанда |
6 |
|
2500-ден
жоғары 3000-ды қоса алғанда |
9 |
|
3000-нан
жоғары 4000-ды қоса алғанда |
15 |
|
4000-нан
жоғары |
117 |
|
2. |
Мүлік
салығын салу объектілері болып
табылатындарды қоспағанда, жүк
көтергiштiгi мынадай жүк, арнайы
автомобильдер (тiркемелердi
есептемегенде): |
|
1
тоннаға дейін қоса алғанда |
3 |
|
1
тоннадан жоғары 1,5 тоннаға дейін қоса
алғанда |
5 |
|
1,5
тоннадан жоғары 5 тоннаға дейін қоса
алғанда |
7 |
|
5
тоннадан жоғары |
9 |
|
3. |
Тракторлар,
өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдері, жүріп
өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар
және жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарында жүруге арналмаған
басқа да автокөлік құралдары |
3 |
4. |
Автобустар: |
|
отыратын
12 орынға дейін қоса алғанда |
9 |
|
отыратын
12-ден жоғары 25 орынды қоса алғанда |
14 |
|
отыратын
25 орыннан жоғары |
20 |
|
5. |
Мотоциклдер,
мотороллерлер, мотошаналар, шағын
кемелер, қозғалтқышының қуаты: |
|
55
кВт-ға дейiн қоса алғанда (75 ат күшiне
тең) |
1 |
|
55
кВт-дан асатын (75 ат күшiне
тең) |
10 |
|
6. |
Катерлер,
кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар
(двигателінің қуаты мынадай ат күшіне
тең): |
|
160-қа
дейін қоса алғанда |
6 |
|
160-тан
жоғары 500-ді қоса алғанда |
18 |
|
500-ден
жоғары 1000-ды қоса алғанда |
32 |
|
1000-нан
жоғары |
55 |
|
7. |
Ұшу
аппараттары |
әрбір
киловатт қуаттан айлық есептік
көрсеткіштің 4 пайызы |
8. |
Мыналар: |
көлiк
құралының жалпы қуатының әрбір
киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң
1 пайызы |
Тар
табанды және кең табанды магистральдық
және станциялық жолдармен жолаушылар
тасымалдауды ұйымдастыру үшiн
пайдаланылатын моторлы-вагонды
жылжымалы құрам, сондай-ақ қалалық
рельстік көліктің көлік құралдары |
көлiк
құралының жалпы қуатының әрбір
киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң
1 пайызы |
Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргiзiледi:
Р/с
№ |
Салық
салу объектісі |
Салық
мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
2 |
3 |
1. |
Қозғалтқышының
көлемі мынадай жеңіл автомобильдер
(текше см.): |
|
3
000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда |
35 |
|
3
200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда |
46 |
|
3
500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда |
66 |
|
4
000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда |
130 |
|
5
000-нан жоғары |
200 |
Салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
1-1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
1) жеңiл автомобильдерге:
В санатындағы (ВЕ, В1 қоса алғандағы) автомобильдер;
жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (автомобиль-пикаптар);
рұқсат етiлген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орындарының саны бойынша В санатына (ВЕ қоса алғанда) қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретiн автомобильдер, оның iшiнде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;
2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, жүк автомобильдерiне С санатындағы (СЕ, С1Е, С1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады;
3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгiленбесе, арнайы автомобильдерге белгiлi бiр технологиялық процестердi немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдығы бар автомобильдер жатады;
4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, автобустарға D санатындағы (DЕ, D1Е, D1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады.
2. Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары 2000 текше сантиметрді қоса алғандағы, алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары 2500 текше сантиметрді қоса алғандағы, тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары 3000 текше сантиметрді қоса алғандағы, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3000-нан жоғары 4000 текше сантиметрді қоса алғандағы, жүз он жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 4000 текше сантиметрден жоғары көлемде болған кезде салық сомасы двигатель көлемінің тиісті төменгі шегінен асып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.
2-1. Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыш көлемі үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 1 500-ден жоғары 2 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2 000-нан жоғары 2 500-ді қоса алғанда текше сантиметр, тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2 500-ден жоғары 3 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда текше сантиметр, қырық алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда текше сантиметр, алпыс алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 5 000-нан жоғары текше сантиметр болған кезде қозғалтқыш көлемінің тиісті төменгі шегінен асқан әрбір бірлікке салық сомасы 7 теңгеге ұлғайтылады.
2-2. Осы баптың мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді әкелу күні оларды бастапқы мемлекеттік тіркеу күні болып есептеледi.
3. Пайдаланылу мерзіміне қарай ұшу аппараттарының салық мөлшерлемелеріне мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
1) 1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 2,0;
пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 3,0;
2) 1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуірден кейін сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 сәуірге дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 0,5;
пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 0,3.
4. Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралдарының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауда) көрсетілген шығарылған жылы негізге алына отырып есептеледі.
5. Жүк және арнайы автомобильдер бойынша салықты есептеу үшін көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) нұсқауда көрсетілген көлік құралының жүк көтергіштігінің көрсеткіші пайдаланылады. Егер көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқауда) жүк көтергіштігінің көрсеткіші көрсетілмесе, ол көлік құралының рұқсат етілген ең жоғарғы массасы мен көлік құралының жүктемесіз массасы (жабдықталған көлік құралының массасы) арасындағы айырма ретінде есептеледі.
368-бап.
Салықты есептеу тәртiбi
1. Салық төлеушi салық салу объектiсіне осы Кодекстің 367-бабына сәйкес салық мөлшерлемелерін қолдана отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.
1-1. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген көлік құралы салығының сомасын осы Кодекстің 451-бабына сәйкес 70 пайызға азайтады.
1-2. Көлік құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.
2. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:
1) беруші тарап үшiн:
салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.
3. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Жеке тұлғалар сатып алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірінші күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншік құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшiн есептейді.
5. Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.
Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Заңды тұлғалар салық кезеңінің басында меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған көлік құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді:
1) көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде туындаған және салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін тоқтатылмаған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
2) салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы:
тоқтатылған жағдайда – салық кезеңінің басынан бастап көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
туындаған және тоқтатылған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап мұндай көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
3) қалған жағдайларда – жылдық салық сомасы мөлшерінде есептейді. Бұл ретте, салық кезеңінің 1 шілдесінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салық кезеңінің басынан бастап көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Заңды тұлғалар салық кезеңінің 1 шілдесінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезеңде меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді есептемейді және ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын табыс етпейді. Бұл ретте, декларацияда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен есептелген салық сомасы көрсетіледі.
7. Есепті салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралы салығы бойынша есеп-қисаптар сальдосын айқындау мақсатында салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар автоматтандырылған режимде ұсынатын мәліметтердің негізінде есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде салық есептеуді жүргізеді.
369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі
1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
2. Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтізбелік он күннен кешiктiрмей көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi жүргiзедi.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.
Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгізілуге тиіс.
3-1. Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
4. Алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңі үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
52-тарау.
САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
370-бап. Салық кезеңi
Көлiк құралдары салығын есептеуге арналған салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
371-бап. Салық есептiлiгi
Төлеушілер - заңды тұлғалар көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей, сондай-ақ декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.
14-БӨЛІМ. ЖЕР САЛЫҒЫ
53-тарау.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
372-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
2) елдi мекендер жерлерiне;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);
5) орман қорының жерлерiне;
6) су қорының жерлерiне;
7) босалқы жерлерге тиесiлiгiне қарай қарастырылады.
2. Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендер жерлерi;
2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
3. Жердің мынадай санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;
2) орман қорының жерлерi;
3) су қорының жерлерi;
4) босалқы жерлер салық салуға жатпайды.
Аталған жерлер (босалқы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, олар осы Кодекстiң 385-бабында белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
4. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Жер салығы:
1) сәйкестендіру құжаттары: меншік құқығының актісі, тұрақты жер пайдалану құқығының актісі, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.
373-бап. Төлеушілер
1. Мынадай:
1) жеке меншiк құқығындағы;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше жер салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-анасының бipeуi, он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
тұрғын-үй қоры, соның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi;
өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;
гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
5) "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
6) жеке тұратын зейнеткерлер:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушілер пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
374-бап.
Жекелеген жағдайларда төлеушiнi
айқындау
1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.
Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеушi болып табылады.
2. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушының жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін:
1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде - жер учаскесін беру туралы мемлекеттік органдардың актілері;
2) қалған жағдайларда азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені нақты иеленуі және пайдалануы негіз болып табылады.
3. Лизинг алушы қаржы лизингiнің шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.
375-бап. Салық салу объектiсi
1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желiлерi, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi.
Бөлінген белдеудегi ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылғылар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi;
4) жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi;
5)
осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6)
тармақшасында көрсетілген ғимараттар,
құрылыстар орналасқан жер учаскелері.
376-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау
1. Темiр жолдар, оқшаулау белдеулерi, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темiр жол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiр жол көлiгiнің ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
2. Электр беру желiлерiнің тiректерi мен кiшi станциялар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесiнің ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
377-бап. Салық базасы
Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.
54-тарау. Салық мөлшерлемелері
378-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық мөлшерлемелері бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салық мөлшерлемелері белгiленедi:
Рет №
|
Бонитет балы
|
Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
1
|
2,4
|
2.
|
2
|
3,35
|
3.
|
3
|
4,35
|
4.
|
4
|
5,3
|
5.
|
5
|
6,25
|
6.
|
6
|
7,25
|
7.
|
7
|
8,4
|
8.
|
8
|
9,65
|
9.
|
9
|
10,8
|
10.
|
10
|
12,05
|
11.
|
11
|
14,45
|
12.
|
12
|
15,45
|
13.
|
13
|
16,4
|
14.
|
14
|
17,35
|
15.
|
15
|
18,35
|
16.
|
16
|
19,3
|
17.
|
17
|
20,45
|
18.
|
18
|
21,7
|
19.
|
19
|
22,85
|
20.
|
20
|
24,1
|
21.
|
21
|
26,55
|
22.
|
22
|
28,95
|
23.
|
23
|
31,35
|
24.
|
24
|
33,75
|
25.
|
25
|
36,2
|
26.
|
26
|
38,6
|
27.
|
27
|
41
|
28.
|
28
|
43,4
|
29.
|
29
|
45,85
|
30.
|
30
|
48,25
|
31.
|
31
|
72,35
|
32.
|
32
|
77,7
|
33.
|
33
|
82,95
|
34.
|
34
|
90,4
|
35.
|
35
|
93,8
|
36.
|
36
|
99,1
|
37.
|
37
|
104,4
|
38.
|
38
|
110
|
39.
|
39
|
115,3
|
40.
|
40
|
120,6
|
41.
|
41
|
144,75
|
42.
|
42
|
150,05
|
43.
|
43
|
155,35
|
44.
|
44
|
160,85
|
45.
|
45
|
166,15
|
46.
|
46
|
171,45
|
47.
|
47
|
176,8
|
48.
|
48
|
182,4
|
49.
|
49
|
187,7
|
50.
|
50
|
193
|
51.
|
51
|
217,1
|
52.
|
52
|
222,45
|
53.
|
53
|
227,75
|
54.
|
54
|
233,25
|
55.
|
55
|
238,55
|
56.
|
56
|
243,85
|
57.
|
57
|
249,15
|
58.
|
58
|
254,75
|
59.
|
59
|
260,05
|
60.
|
60
|
265,35
|
61.
|
61
|
289,5
|
62.
|
62
|
303,15
|
63.
|
63
|
316,3
|
64.
|
64
|
329,75
|
65.
|
65
|
343,05
|
66.
|
66
|
356,55
|
67.
|
67
|
369,8
|
68.
|
68
|
383,3
|
69.
|
69
|
396,6
|
70.
|
70
|
410,1
|
71.
|
71
|
434,25
|
72.
|
72
|
447,75
|
73.
|
73
|
460,95
|
74.
|
74
|
474,45
|
75.
|
75
|
487,8
|
76.
|
76
|
501,3
|
77.
|
77
|
514,55
|
78.
|
78
|
528,05
|
79.
|
79
|
541,35
|
80.
|
80
|
554,85
|
81.
|
81
|
579
|
82.
|
82
|
595,1
|
83.
|
83
|
611,05
|
84.
|
84
|
627,25
|
85.
|
85
|
643,35
|
86.
|
86
|
659,3
|
87.
|
87
|
675,5
|
88.
|
88
|
691,6
|
89.
|
89
|
707,55
|
90.
|
90
|
723,75
|
91.
|
91
|
747,85
|
92.
|
92
|
772
|
93.
|
93
|
796,1
|
94.
|
94
|
820,25
|
95.
|
95
|
844,35
|
96.
|
96
|
868,5
|
97.
|
97
|
892,6
|
98.
|
98
|
916,75
|
99.
|
99
|
940,85
|
100.
|
100
|
965
|
101.
|
100-ден жоғары
|
1013,3
|
3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аймақтардың жерлерiне бонитет балына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салық мөлшерлемелері белгiленедi:
Рет №
|
Бонитет балы
|
Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
1
|
2,4
|
2.
|
2
|
2,7
|
3.
|
3
|
2,9
|
4.
|
4
|
3,1
|
5.
|
5
|
3,35
|
6.
|
6
|
3,65
|
7.
|
7
|
3,85
|
8.
|
8
|
4,05
|
9.
|
9
|
4,35
|
10.
|
10
|
4,8
|
11.
|
11
|
7,25
|
12.
|
12
|
9,15
|
13.
|
13
|
11,1
|
14.
|
14
|
12,75
|
15.
|
15
|
14,65
|
16.
|
16
|
16,6
|
17.
|
17
|
18,55
|
18.
|
18
|
20,25
|
19.
|
19
|
22,2
|
20.
|
20
|
24,1
|
21.
|
21
|
26,55
|
22.
|
22
|
28,95
|
23.
|
23
|
31,35
|
24.
|
24
|
33,75
|
25.
|
25
|
36,2
|
26.
|
26
|
38,6
|
27.
|
27
|
41
|
28.
|
28
|
43,4
|
29.
|
29
|
45,85
|
30.
|
30
|
48,25
|
31.
|
31
|
50,65
|
32.
|
32
|
53,05
|
33.
|
33
|
55,45
|
34.
|
34
|
57,9
|
35.
|
35
|
60,3
|
36.
|
36
|
62,7
|
37.
|
37
|
65,15
|
38.
|
38
|
67,55
|
39.
|
39
|
69,95
|
40.
|
40
|
72,35
|
41.
|
41
|
74,8
|
42.
|
42
|
77,2
|
43.
|
43
|
79,6
|
44.
|
44
|
82
|
45.
|
45
|
84,45
|
46.
|
46
|
86,85
|
47.
|
47
|
89,25
|
48.
|
48
|
91,65
|
49.
|
49
|
94,1
|
50.
|
50
|
96,5
|
51.
|
51
|
98,9
|
52.
|
52
|
101,3
|
53.
|
53
|
103,75
|
54.
|
54
|
106,15
|
55.
|
55
|
108,55
|
56.
|
56
|
110,95
|
57.
|
57
|
113,4
|
58.
|
58
|
115,8
|
59.
|
59
|
118,2
|
60.
|
60
|
120,6
|
61.
|
61
|
123,05
|
62.
|
62
|
126,4
|
63.
|
63
|
129,1
|
64.
|
64
|
132,2
|
65.
|
65
|
135,1
|
66.
|
66
|
138,2
|
67.
|
67
|
141,1
|
68.
|
68
|
144,25
|
69.
|
69
|
147,45
|
70.
|
70
|
150,35
|
71.
|
71
|
153,45
|
72.
|
72
|
156,35
|
73.
|
73
|
159,4
|
74.
|
74
|
162,3
|
75.
|
75
|
165,45
|
76.
|
76
|
168,4
|
77.
|
77
|
171,55
|
78.
|
78
|
174,65
|
79.
|
79
|
177,55
|
80.
|
80
|
180,75
|
81.
|
81
|
183,55
|
82.
|
82
|
186,7
|
83.
|
83
|
189,6
|
84.
|
84
|
192,8
|
85.
|
85
|
195,9
|
86.
|
86
|
198,8
|
87.
|
87
|
201,9
|
88.
|
88
|
204,75
|
89.
|
89
|
207,95
|
90.
|
90
|
210,85
|
91.
|
91
|
210,9
|
92.
|
92
|
216,95
|
93.
|
93
|
220
|
94.
|
94
|
223,1
|
95.
|
95
|
226
|
96.
|
96
|
229,2
|
97.
|
97
|
231,9
|
98.
|
98
|
235,15
|
99.
|
99
|
238,05
|
100.
|
100
|
241,25
|
101.
|
100-ден жоғары
|
250,9
|
379-бап. Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері мынадай мөлшерде белгiленедi:
1) көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге;
2) көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге.
380-бап. Ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн пайдаланылатын жерлерге салынатын салық мөлшерлемелері
Елдi мекендер, өнеркәсiп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман және су қорлары жерлерінің құрамына кiретiн, ауыл шаруашылығы мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелерiне осы Кодекстiң 387-бабының 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с №
|
Елді мекеннің санаты
|
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)
|
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
Қалалар:
|
|
|
1.
|
Алматы
|
28,95
|
0,96
|
2.
|
Астана
|
19,30
|
0,96
|
3.
|
Ақтау
|
9,65
|
0,58
|
4.
|
Ақтөбе
|
6,75
|
0,58
|
5.
|
Атырау
|
8,20
|
0,58
|
6.
|
Қарағанды
|
9,65
|
0,58
|
7.
|
Қызылорда
|
8,68
|
0,58
|
8.
|
Көкшетау
|
5,79
|
0,58
|
9.
|
Қостанай
|
6,27
|
0,58
|
10.
|
Павлодар
|
9,65
|
0,58
|
11.
|
Петропавл
|
5,79
|
0,58
|
12.
|
Талдықорған
|
9,17
|
0,58
|
13.
|
Тараз
|
9,17
|
0,58
|
14.
|
Орал
|
5,79
|
0,58
|
15.
|
Өскемен
|
9,65
|
0,58
|
16.
|
Шымкент
|
9,17
|
0,58
|
17.
|
Алматы облысы:
|
|
|
18.
|
облыстық маңызы бар қалалар
|
6,75
|
0,39
|
19.
|
аудандық маңызы бар қалалар
|
5,79
|
0,39
|
20.
|
Ақмола облысы:
|
|
|
21.
|
облыстық маңызы бар қалалар
|
5,79
|
0,39
|
22.
|
аудандық маңызы бар қалалар
|
5,02
|
0,39
|
23.
|
Облыстық маңызы бар басқа қалалар
|
облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы
|
0,39
|
24.
|
Аудандық маңызы бар басқа қалалар
|
облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы
|
0,19
|
25.
|
Кенттер
|
0,96
|
0,13
|
26.
|
Ауылдар
|
0,48
|
0,09
|
Бұл ретте
елді мекендердің санаты техникалық
реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган бекіткен әкімшілік-аумақтық
объектілер сыныптауышына сәйкес
белгіленеді.
382-бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Елдi мекендердiң тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.
Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салық мөлшерлемелері бойынша салық салынуға жатады:
1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.
Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
2) қалған елдi мекендер үшiн:
көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.
Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
383-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері
1. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері бiр гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет
|
Бонитет
балы |
Базалық
салық мөлшерлемесі (теңге) |
Рет
|
Бонитет
балы |
Базалық
салық мөлшерлемесі (теңге) |
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
0
|
48,25
|
52.
|
51
|
2634,45
|
2.
|
1
|
91,67
|
53.
|
52
|
2690,23
|
3.
|
2
|
135,10
|
54.
|
53
|
2745,95
|
4.
|
3
|
178,52
|
55.
|
54
|
2801,72
|
5.
|
4
|
221,95
|
56.
|
55
|
2857,46
|
6.
|
5
|
265,37
|
57.
|
56
|
2913,24
|
7.
|
6
|
308,80
|
58.
|
57
|
2968,96
|
8.
|
7
|
352,22
|
59.
|
58
|
3024,73
|
9.
|
8
|
395,65
|
60.
|
59
|
3080,47
|
10.
|
9
|
439,07
|
61.
|
60
|
3136,25
|
11.
|
10
|
482,50
|
62.
|
61
|
3188,36
|
12.
|
11
|
530,75
|
63.
|
62
|
3247,75
|
13.
|
12
|
592,41
|
64.
|
63
|
3325,49
|
14.
|
13
|
654,08
|
65.
|
64
|
3364,61
|
15.
|
14
|
715,68
|
66.
|
65
|
3423,05
|
16.
|
15
|
777,35
|
67.
|
66
|
3489,25
|
17.
|
16
|
839,01
|
68.
|
67
|
3539,95
|
18.
|
17
|
900,67
|
69.
|
68
|
3598,39
|
19.
|
18
|
962,29
|
70.
|
69
|
3656,81
|
20.
|
19
|
1023,96
|
71.
|
70
|
3715,25
|
21.
|
20
|
1084,66
|
72.
|
71
|
3769,29
|
22.
|
21
|
1138,70
|
73.
|
72
|
3829,64
|
23.
|
22
|
1189,07
|
74.
|
73
|
3890,53
|
24.
|
23
|
1239,35
|
75.
|
74
|
3951,67
|
25.
|
24
|
1287,73
|
76.
|
75
|
4012,79
|
26.
|
25
|
1340,29
|
77.
|
76
|
4073,88
|
27.
|
26
|
1390,66
|
78.
|
77
|
4135,02
|
28.
|
27
|
1441,07
|
79.
|
78
|
4196,15
|
29.
|
28
|
1491,45
|
80.
|
79
|
4257,23
|
30.
|
29
|
1541,88
|
81.
|
80
|
4319,34
|
31.
|
30
|
1592,25
|
82.
|
81
|
4371,45
|
32.
|
31
|
1646,29
|
83.
|
82
|
4432,57
|
33.
|
32
|
1693,03
|
84.
|
83
|
4493,66
|
34.
|
33
|
1740,76
|
85.
|
84
|
4554,80
|
35.
|
34
|
1788,47
|
86.
|
85
|
4615,92
|
36.
|
35
|
1836,20
|
87.
|
86
|
4677,01
|
37.
|
36
|
1883,87
|
88.
|
87
|
4738,15
|
38.
|
37
|
1931,58
|
89.
|
88
|
4799,27
|
39.
|
38
|
1979,31
|
90.
|
89
|
4860,36
|
40.
|
39
|
2027,02
|
91.
|
90
|
4921,50
|
41.
|
40
|
2074,75
|
92.
|
91
|
4975,54
|
42.
|
41
|
2126,86
|
93.
|
92
|
5054,48
|
43.
|
42
|
2178,19
|
94.
|
93
|
5134,32
|
44.
|
43
|
2228,61
|
95.
|
94
|
5214,22
|
45.
|
44
|
2278,98
|
96.
|
95
|
5294,09
|
46.
|
45
|
2329,41
|
97.
|
96
|
5373,99
|
47.
|
46
|
2379,79
|
98.
|
97
|
5453,83
|
48.
|
47
|
2340,22
|
99.
|
98
|
5533,73
|
49.
|
48
|
2480,57
|
100.
|
99
|
5613,59
|
50.
|
49
|
2531,00
|
101.
|
100
|
5693,50
|
51.
|
50
|
2582,34
|
102.
|
100-ден
жоғары |
5790,00
|
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа да жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерлердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлер осы баптың 1-тармағында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.
3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа да жер пайдаланушыларға берiлген жерлер осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.
4. Магистральды темiр жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темiр жол көлiгi кәсiпорындарының жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
384-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық мөлшерлемелері
1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендету ескеріле отырып, көрсетілген жерлерге салық мөлшерлемелерін жалпы төмендету базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.
3. Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 383-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан жерлердi қоспағанда, әуежайлар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 381-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесi аэродром деп түсініледі.
385-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық мөлшерлемелері
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынады.
2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерi осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 383-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.
386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері
1. Елді мекендердің автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 81-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық мөлшерлемелері кемітілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.
2. Елдi мекендердiң казино орналасқан жерлерi осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекендердің жерлерi үшiн осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Елдi мекеннiң жерлерiне салықты есептеу кезiнде қолданылатын базалық мөлшерлемелерді жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық мөлшерлемесі төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
3. Елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекеннің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген мөлшерлемелерді ұлғайту жергілікті өкілді орган белгілейтін автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай жүргізіледі.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара арттыруға тыйым салынады.
4. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 381-бабының кестесіндегі 23 – 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстiң 381, 382, 383, 384 және 386-баптарында белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
5. Жергілікті
өкілді органдардың Қазақстан
Республикасының жер заңнамасына сәйкес
пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерге осы Кодекстің
378-бабында белгіленген жер салығының
базалық мөлшерлемелерін жергілікті
атқарушы органдардың ұсыныстары
негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға
құқығы бар.
387-бап. Базалық салық мөлшерлемелерін түзету
1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
Бұл ретте жергілікті өкілді орган жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жергілікті өкілді органның жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы шешімі ресми жариялануға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
1-1. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0,1 коэффициенттi қолданады:
1) балаларды сауықтыру мекемелерi;
2) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) осы Кодекстiң 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
4) қызметiнiң негiзгi түрi ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар.
3. Осы Кодекстiң 135-бабының 3-тармағында және 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициентiн қолданады.
3-1. Алып тасталды - ҚР 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
3-2. Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін бөлінген жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған;
2) осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.
3-3. Осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне бөлінген және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаларға жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.
4. Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бiрге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе оларды коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгiленген тәртіппен есептейдi.
4-1. Осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар жалға алғаны, пайдаланғаны үшін төлемақысы мемлекеттік бюджетке түсетін жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде осындай оъектілер бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.
5. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 17-тарауында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
6. Алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
55-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
388-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi
1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін жеке қолдану арқылы жүргiзіледi.
2. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мемлекет жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, жер салығы салық төлеушіге жер учаскесіне осындай құқықтар берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.
3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқасына ауыстыру кезiнде осындай ауыстыру жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
6. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде осындай өзгеріске байланысты аумағы басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасына ауыстырылған елді мекенде орналасқан жер учаскелері бойынша осындай өзгеріс жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен болған шекарадағы елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып айқындалады.
8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.
9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жалпы мүлікте үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.
Бұл ретте:
1) жалпы мүліктегі тұрғын үй меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуы тиіс;
2) жалпы мүліктегі тұрғын үй емес үй-жайдың (тұрғын үй емес ғимараттың бір бөлігінің) меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуы тиіс.
389-бап.
Заңды тұлғалардың салықты есептеу
тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi
1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы дербес есептейдi.
2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.
3. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.
Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
4. Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы айқындалады.
5. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңi ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомасын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Осы Кодекстің 373-бабының 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғаларға пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
7. Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша мiндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық мiндеттемелерiнiң өзгеру сомасына жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.
8. Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнің iшiнде берiлген жағдайда, салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің нақты кезеңi үшiн есептеледi.
Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушi ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн салық сомасын есептейдi. Одан кейiнгi төлеушi өзiнiң жер учаскесiне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшiн салық сомасын есептейдi.
Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезінде меншік құқығын беретін тұлғаның осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы мұндай тіркеу жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгiзілуге тиіс.
9. Салық төлеушi салық кезеңi үшін декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.
390-бап.
Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң,
төлеудің және салық есептілігін табыс
етудің ерекшелiктерi
1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшін жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.
2. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң бiр бөлiгiн не ғимараттың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бiр бөлiгi не ғимараттың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген салықтың базалық мөлшерлемелері бойынша есептелуге жатады.
4. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар (осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасы негiзінде, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргiзедi.
Осы тармақтың ережелері:
дара кәсіпкерлерге;
осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға) қолданылмайды.
2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берілген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстің 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
5. Дара кәсiпкерлер кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейді.
6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте жер салығы салық кезеңі үшін декларация ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешiктiрілмей төленуге жатады.
7. Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) жер салығын патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.
8. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы туындаған кезде олар мұндай құқық туындаған айдың бiрiншi күнінен бастап салық кезеңi аяқталғанға дейiн немесе мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күніне дейiн қолданылады.
Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы тоқтатылған кезде олар мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күнінен бастап қолданылмайды.
56-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ
392-бап. Салық кезеңi
Жер салығы есептеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
393-бап.
Салық есептілігі
1. Дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны - есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде тапсырады.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.
1-1. Егер осы баптың 1-тармағында және осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар жер салығы бойынша салық есептілігін салық органдарына табыс етпейді.
Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық төлеушiні тіркеу есебіне қойған айдан кейінгі айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
4. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.
5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.
15-БӨЛІМ.
МҮЛІК САЛЫҒЫ
57-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ
САЛЫНАТЫН
МҮЛІК САЛЫҒЫ
394-бап. Салық төлеушiлер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;
4) осы Кодекстің 395-бабында аталған тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңад