ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСI

 

 Мазмұны

 

Жалпы бөлім

 

1-бөлiм. Қылмыстық заң

1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы

2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi

3-бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi

4-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы

5-бап. Қылмыстық заңның керi күшi

6-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы

7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы

8-бап. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру

 

2-бөлiм. Қылмыс

9-бап. Қылмыс ұғымы

10-бап. Қылмыс санаттары

10-1-бап. Әкімшілік преюдиция

11-бап. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы

12-бап. Қылмыстардың жиынтығы

13-бап. Қылмыстың қайталануы

14-бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар

15-бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы

16-бап. Есi дұрыс еместiк

17-бап. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы

18-бап. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы

19-бап. Кiнә

20-бап. Қасақана жасалған қылмыс

21-бап. Абайсызда жасалған қылмыс

22-бап. Кiнәнiң екi нысанымен жасалған қылмыс үшiн жауаптылық

23-бап. Жазықсыз зиян келтiру

24-бап. Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу

25-бап. Аяқталған қылмыс

26-бап. Қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тарту

27-бап. Қылмысқа қатысу ұғымы

28-бап. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi

29-бап. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы

30-бап. Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы

31-бап. Қылмысқа қатысу нысандары

32-бап. Қажеттi қорғану

33-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру

34-бап. Аса қажеттiлiк

34-1-бап. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру

35-бап. Орынды тәуекел

36-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу

37-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау

 

3-бөлiм. Жаза

38-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары

39-бап. Жазаның түрлерi

40-бап. Айыппұл

41-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру

42-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту

43-бап. Түзеу жұмыстары

44-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу

45-бап. Бас бостандығын шектеу

46-бап. Абақтыда ұстау

47-бап. 2009 жылғы 10 шілдедегі № 177-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)

48-бап. Бас бостандығынан айыру

49-бап. Өлiм жазасы

50-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру

51-бап. Мүлiктi тәркiлеу

 

4-бөлім. Жаза тағайындау

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар

55-бап. Осы қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза тағайындау

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау

57-бап. Қатысумен жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау

58-бап. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау

59-бап. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау

60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау

61-бап. Жаза мерзiмдерiн қосу кезiнде оларды белгiлеу тәртiбi

62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу

63-бап. Шартты түрде соттау

64-бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту

 

5-бөлім. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату

65-бап. Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

66-бап. Қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату

67-бап. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

68-бап. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

69-бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

70-бап. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату

71-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру

72-бап. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру

73-бап. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату

74-бап. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеудi кейiнге қалдыру

75-бап. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмiнің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату

76-бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

77-бап. Соттылық

 

6-бөлім. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

78-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

79-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi

80-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау

81-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

82-бап. Тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары

83-бап. Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және оларды қолдану мерзімдері

84-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату

85-бап. Ескiру мерзiмi

86-бап. Соттылықты жою мерзiмi

87-бап. Осы бөлiмнiң ережелерiн он сегiзден жиырма бірге дейінгі жастағы адамдарға қолдану

 

7-бөлім. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

88-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негiздерi

89-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары

90-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерi

91-бап. Амбулаторияда мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу

92-бап. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу

93-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату

94-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейiн жаза тағайындау

95-бап. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

 

Ерекше бөлім

 

1-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыс

96-бап. Кісі өлтiру

97-бап. Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi

98-бап. Жан күйзелiсi жағдайында жасалған кісі өлтiру

99-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтіру

100-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру

101-бап. Абайсызда кiсi өлтiру

102-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу

103-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру

104-бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру

105-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)

106-бап. 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10 ҚР Заңымен алып тасталды

107-бап. Азаптау

108-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру

109-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру

110-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру

111-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру

112-бап. Қорқыту

113-бап. Адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу

114-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы

114-1-бап. Клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу

115-бап. Соз ауруын жұқтыру

116-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыруы

117-бап. Заңсыз аборт жасау

118-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу

119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру

120-бап. Зорлау

121-бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері

122-бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер

123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету

124-бап. Жас балаларды азғындату

125-бап. Адам ұрлау

126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру

127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру

128-бап. Адамды саудаға салу

129-бап. Жала жабу

130-бап. Қорлау

 

2-тарау. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар

131-бап. Кәмелетке толмағанды қылмыстық iске тарту

132-бап. Кәмелетке толмағанды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту

132-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту

133-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу

134-бап. Баланы ауыстыру

135-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету

136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау

137-бап. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау

138-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау

138-1-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу

139-бап. Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану

140-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағудан жалтару

 

3-тарау. Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар

141-бап. Азаматтардың тең құқығын бұзу

141-1-бап. Қинау

142-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу

143-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу

144-бап. Дәрігерлік құпияны жария ету

145-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу

146-бап. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау

147-бап. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу

148-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу

149-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)

150-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)

150-1-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі жасау

151-бап. Жиналыс, митинг, демонстрация, шерулер өткiзуге, тосқауылдарға тұруға немесе оларға қатысуға кедергi жасау

152-бап. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу

153-бап. Ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу

154-бап. 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10 ҚР Заңымен алып тасталды

155-бап. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi жасау

 

4-тарау. Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар

156-бап. Басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргiзу

157-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру

158-бап. Жаппай қырып-жою қаруын жасау немесе тарату

159-бап. Соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану

160-бап. Геноцид

161-бап. Экоцид

162-бап. Жалдамалылық

162-1-бап. Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу

163-бап. Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау

164-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру

 

5-тарау. Мемлекеттiң конституциялық құрылысына және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар

165-бап. Мемлекеттік опасыздық

166-бап. Шпионаж

166-1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қол сұғушылық

167-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық

168-бап. Билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы

169-бап. Қарулы бүлiк

170-бап. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру

171-бап. Диверсия

172-бап. Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету, тарату

173-бап. Мемлекеттік құпиялар бар құжаттарды, заттарды жоғалту

174-бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару

 

6-тарау. Меншiкке қарсы қылмыстар

175-бап. Ұрлық

176-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе ысырап ету

177-бап. Алаяқтық

177-1-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау

178-бап. Тонау

179-бап. Қарақшылық

180-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау

181-бап. Қорқытып алушылық

182-бап. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру

183-бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату

183-1-бап. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, өткізу, сақтау, сондай-ақ олардың шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өңдеу

184-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу

184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу

185-бап. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену

186-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу

187-бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру

188-бап. Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру

 

7-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар

189-бап. Алып тасталды

190-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк

191-бап. Заңсыз банктiк қызмет

192-бап Жалған кәсіпкерлік

192-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы

193-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыру (жылыстату)

194-бап. Кредиттi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану

194-1-бап. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану

195-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңыменалып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)

196-бап. Монополистік қызмет

197-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)

198-бап. Көрiнеу жалған жарнама беру

199-бап. Тауар таңбасын заңсыз пайдалану

200-бап. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету

201-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)

202-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзу

202-1-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi

203-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған мәлiметтер енгiзу

204-бап. Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi

205-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу

205-1-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтерді жоғалту

205-2-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау

205-3-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану

206-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату

207-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату

208-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану

209-бап. Экономикалық контрабанда

210-бап. 1998 жылғы 9 шілдедегі № 277 ҚР Заңына алып тасталды

211-бап. 1998 жылғы 9 шілдедегі № 277 ҚР Заңына алып тасталды

212-бап. 1998 жылғы 9 шілдедегі № 277 ҚР Заңына алып тасталды

213-бап. Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау

214-бап. Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару

215-бап. Оңалту және банкроттық кезіндегі заңсыз iс-әрекеттер

216-бап. Әдейi банкроттық

216-1-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу

217-бап. Жалған банкроттық

218-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу

219-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беру

220-бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану

221-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы

222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару

222-1-бап. Салық төлеушінің салық берешегі есебіне билік ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттері

223-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)

224-бап. Заңсыз сыйақы алу

225-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)

226-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету

226-1-бап. Рейдерлік

227-бап. 2014 ж. 23 сәуірдегі № 200-V ҚР Заңымен алып тасталды

227-1-бап. 2014 ж. 23 сәуірдегі № 200-V ҚР Заңымен алып тасталды

 

7-1-тарау. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

227-2-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге құқыққа сыйымсыз қол жеткізу

227-3-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру

227-4-бап. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу

227-5-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу

227-6-бап. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу

227-7-бап. Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату

227-8-бап. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату

227-9-бап. Құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну

227-10-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату

 

8-тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар

228-бап. Өкiлеттiктердi теріс пайдалану

229-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы

230-бап. Жеке күзет қызметi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалану

231-бап. Коммерциялық параға сатып алу

232-бап. Мiндеттерге салғырт қарау

 

9-тарау. Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар

233-бап. Терроризм актісі

233-1-бап. Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру

233-2-бап. Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу

233-3-бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизге өзге де жәрдемдесу

233-4-бап. Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру

233-5-бап. Террористік немесе экстремистік дайындықтан өту

234-бап. Адамды кепiлге алу

235-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу

235-1-бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу

235-2-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу

235-3-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу

235-4-бап. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу

236-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру

237-бап. Бандитизм

238-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау

239-бап. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темiр жол құрамын айдап әкету, сол сияқты қолға түсiру

240-бап. Теңiз қарақшылығы

241-бап. Жаппай тәртiпсiздiктер

242-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау

242-1-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату

243-бап. Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ пен әскери техника жасау кезiнде пайдаланылатын технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және қызметтердiң заңсыз экспорты

244-бап. Атом энергетикасы объектiлерiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу

245-бап. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу

245-1-бап. Сапасыз құрылыс

246-бап. Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу

246-1-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу

247-бап. Радиоактивтi материалдармен заңсыз жұмыс iстеу

248-бап. Радиоактивтi материалдарды ұрлау не қорқытып алу

249-бап. Радиоактивтi материалдармен жұмыс iстеу қағидаларын бұзу

250-бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы

251-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе бірге алып жүру

252-бап. Қаруды заңсыз жасау

253-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау

254-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе жарғыш құрылғыларды күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше атқармау

255-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды ұрлау не қорқытып алу

256-бап. Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу

257-бап. Бұзақылық

258-бап. Тағылық

 

10-тарау. Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыстар

259-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не сату

260-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу

261-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндiру

262-бап. Құрамында есiрткi заттар бар, егуге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру

263-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындау немесе өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы

264-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру

265-бап. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау қағидаларын бұзу

266-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецепттерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау

267-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды бұзу

268-бап. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру

269-бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету

269-1-бап. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру

270-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту

271-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық

272-бап. Дәрiлiк немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау

273-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату

273-1-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту

274-бап. Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату

275-бап. Өлгендердiң мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау

275-1-бап. Адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу

276-бап. Жануарларға қатыгездiк жасау

 

11-тарау. Экологиялық қылмыстар

277-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу

278-бап. Экологиялық тұрғыдан ықтимал қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру мен пайдалану кезiнде экологиялық талаптарды бұзу

279-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларының бұзылуы

280-бап. Ветеринариялық қағидаларды және өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидалардың бұзылуы

281-бап. Суларды ластау, бiтеу және сарқу

282-бап. Атмосфераны ластау

283-бап. Теңiз аясын ластау

284-бап. Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу

285-бап. Жердi бүлдiру

286-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу

287-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу

288-бап. Заңсыз аңшылық

289-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу

290-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер

291-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу

292-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау

293-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу

294-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнiнде шара қолданбау

 

12-тарау. Көлiктегi қылмыстар

295-бап. Темiр жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң қағидаларын бұзу

296-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы

297-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған орыннан кетiп қалу

298-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйiндегi адамды көлiк құралын жүргiзуге жiберу

299-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру

300-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу

301-бап. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату

302-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу

303-бап. Магистральдық құбыржолдарды салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу

304-бап. Құбыржолдарды қасақана зақымдау немесе қирату

304-1-бап. Құбыржолдарды абайсызда зақымдау немесе қирату

305-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi

306-бап. Халықаралық ұшу қағидаларын бұзу

 

13-тарау. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар

307-бап. Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану

307-1-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты заңсыз жария ету немесе өзгедей заңсыз пайдалану

308-бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану

309-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiгiн иемдену

310-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

310-1-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау

311-бап. Пара алу

312-бап. Пара беру

313-бап. Парақорлыққа делдал болу

314-бап. Қызметтiк жалғандық жасау

315-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк

316-бап. Салақтық

 

14-тарау. Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстар

317-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау

317-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау

317-2-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі кепілдіктерін бұзу

318-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау

319-бап. Депутаттың абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау

319-1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметіне кедергi жасау

320-бап. Билік өкiлiн қорлау

321-бап. Билік өкiлiне қатысты күш қолдану

321-1-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның заңды талаптарын орындамау

322-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету

323-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе сату

324-бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру

325-бап. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе сату

326-бап. Әскери қызметтен жалтару

327-бап. Озбырлық

328-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын билік өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiмен иелену

329-бап. Мемлекеттік Туды заңсыз көтеру

330-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан қасақана заңсыз өту

330-1-бап. Елден шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау

330-2-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру

330-3-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу

331-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту

332-бап. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану

333-бап. Байланыс желiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу және орындамау

334-бап. Жиналыстарды, митингтердi, тосқауылдарды, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу

335-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, кәсiпорынның, ұйымның жұмысына кедергi жасау

336-бап. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың қызметiне заңсыз араласуы

337-бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бiрлестiктер құру немесе олардың қызметiне қатысу

337-1-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру

338-бап. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарына жәрдем көрсету

338-1-бап. Төтенше жағдай режимін бұзу

 

15-тарау. Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстар

339-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргiзуге кедергi жасау

340-бап. Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге асыратын адамның өмiрiне қол сұғу

341-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi

342-бап. Сотты құрметтемеу

343-бап. Судьяға, алқабиге, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзетін адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу

344-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту

345-бап. Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату

346-бап. Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау

347-бап. Жауап беруге мәжбүр ету

347-1-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды

348-бап. Айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау

349-бап. Коммерциялық параға сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа арандату

350-бап. Көрiнеу әдiлетсiз үкiм, шешiм немесе өзгедей сот актiсiн шығару

351-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу

352-бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару

353-бап. Куәнiң немесе жәбiрленушiнiң жауап беруден бас тартуы

354-бап. Жалған жауап беруді немесе жауап беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу не оған мәжбүр ету

355-бап. Анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария ету

356-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету

357-бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз іс-әрекеттер

358-бап. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу

359-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару

360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау

361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу

362-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау

363-бап. Қылмысты жасырушылық

363-1-бап. Қылмысты жасыру

364-бап. Қылмыс туралы хабарламау

365-бап. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі адвокаттар мен өзге де адамдардың заңды қызметіне кедергі жасау

 

16-тарау. Әскери қылмыстар

366-бап. Әскери қылмыс ұғымы

367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау

368-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүр ету

369-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi

370-бап. Әскери қызметшiлердiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде олардың бiр-бiрiнiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу

371-бап. Әскери қызметшiге тiл тигiзу

372-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету

373-бап. Қашқындық

374-бап. Дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе өзге тәсiлмен әскери қызметтен жалтару

375-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару қағидаларын бұзу

376-бап. Шекаралық қызмет атқару қағидаларын бұзу

377-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу

378-бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзу

379-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың қағидаларын бұзу

380-бап. Билiктi терiс пайдалану

380-1-бап. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану

380-2-бап. Билiктiң әрекетсiздiгi

381-бап. Қызметке салақтық

382-бап. Батып бара жатқан әскери кеменi тастап кету

383-бап. Қарсыласқа соғыс жүргiзу құралдарын беру немесе тастап кету

384-бап. Өз еркiмен тұтқынға берiлу

385-бап. Тонаушылық

386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту

387-бап. Әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру

388-бап. Әскери мүлiктi абайсызда жою немесе бүлдiру

389-бап. Әскери мүлiктi жоғалту

390-бап. Айналадағылар үшін қауiп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау қағидаларын бұзу

391-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу

392-бап. Ұшу немесе оған даярлану қағидаларын бұзу

393-бап. Кеме жүргiзу қағидаларын бұзу

 

 

 

ЖАЛПЫ БӨЛIМ

 

1-бөлiм. Қылмыстық заң

 

1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.

2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.

 

2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi

1. Осы Кодекстiң мiндеттерi:

адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi.

 

3-бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi

Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады. Бiр қылмыс үшiн ешкiмдi де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

 

4-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы

Әрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгiленедi. Қоғамдық қауiптi iс-әрекет (әрекетсiздiк) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.

 

5-бап. Қылмыстық заңның керi күшi

1. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

2. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс.

3. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе осы әрекеттi жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның керi күшi болмайды.

 

6-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылуға тиiс.

2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады.

3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген де Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблiнде немесе әскери әуе кемесiнде қылмыс жасаған адам да, оның қай жерде болуына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерiнiң және иммунитеттi пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.

 

7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттiң заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негiздерде жауапты болады.

Осы Кодекстің ережелері, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, террористік немесе экстремистік қылмыс не бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасалған жағдайда қылмыстың жасалу орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.

2. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттiң аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасы мүдделерiне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасалған қылмысы үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы мәселенi шешу үшiн қылмыстық-құқықтық мәнi болмайды.

3. Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi шет мемлекеттiң аумағында жасаған қылмысы үшiн, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

4. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдiктер қылмысы Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

 

8-бап. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру

1. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке ұстап берiлмеуге тиiс.

2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке ұстап берiлуi мүмкiн.

 

2-бөлiм. Қылмыс

 

9-бап. Қылмыс ұғымы

1. Осы Кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берiлмейдi.

2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген қайсыбiр әрекеттiң белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамдық қауiптi емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтiрмеген және зиян келтiру қаупiн туғызбаған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыс болып табылмайды.

 

10-бап. Қылмыс санаттары

1. Осы Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптілік дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi.

2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

5. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

 

10-1-бап. Әкімшілік преюдиция

Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда үлкен қоғамдық қаупі жоқ қылмыс үшін, егер әрекет дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған болса, қылмыстық жауаптылық туындайды.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11-бап. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы

1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады.

2. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.

4. Жалғасатын қылмыс, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бiр қылмысты құрайтын бiрқатар бiрдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.

5. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады.

 

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңына сәйкес 12-бап толықтырылды

12-бап. Қылмыстардың жиынтығы

1. Осы Кодекстiң түрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi немесе одан да көп әрекеттердi жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам , егер жасалған әрекеттердiң белгiлерi осы Кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

2. Осы Кодекстiң екi немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгiлерi бар бiр iс-әрекет (әрекетсiздiк) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бiр әрекеттiң белгiлерi осы Кодекс бабының басқа әрекет үшiн неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр қылмыс үшiн осы Кодекстің тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

3. Егер белгiлi бiр және нақ сол әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.

 

13-бап. Қылмыстың қайталануы

1. Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

2. Қылмыстың қайталануы:

а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауiптi деп танылады.

3. Қылмыстардың қайталануы:

а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

в) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауiптi деп танылады.

4. Он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi.

5. Қылмыстардың қайталануы осы Кодексте көзделген негiздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.

 

14-бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар

1. Есi дұрыс, осы Кодексте белгiленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

2. Қылмыс жасаған адамдар шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бiрдей.

15-бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы

1. Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады.

2. Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар адам өлтiргенi (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiргенi (104-бап, екiншi бөлiк), зорлағаны (120-бап), нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттерi (121-бап), адам ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап, екінші, үшінші бөліктер), тонаушылық (178-бап, екінші, үшінші бөліктер), қарақшылық жасағаны (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап, екінші, үшінші бөліктер), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгенi (185-бап, екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктер), ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (187-бап, екiншi, үшiншi бөлiктер), терроризм актісі (233-бап), адамды кепiлге алғаны (234-бап), терроризм актiсі туралы көрiнеу жалған хабарлағаны (242-бап), қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (257-бап, екiншi, үшiншi бөлiктер), тағылық (258-бап), есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлердi қорлағаны (275-бап, екiншi бөлiк), көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіргені (299-бап) үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатады.

3. Егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiгiнде көзделген жасқа толса, бiрақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауiптілігiн толық көлемiнде түсiне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес.

16-бап. Есi дұрыс еместiк

1. Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауiптi әрекеттi жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауiптілігiн ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес.

2. Есi дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкiн.

17-бап. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы

бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы

1. Қылмыс жасаған кезiнде психикасының бұзылуы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауiптілігiн толық көлемiнде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есi дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

2. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдетушi мән-жай ретiнде ескередi және ол осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшiн негiз бола алады.

18-бап. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның

қылмыстық жауаптылығы

Алкогольдi iшiмдiктi, есiрткi заттарды немесе басқа да есеңгiрететiн заттарды пайдалану салдарынан мас күйiнде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

19-бап. Кiнә

1. Адам соларға қатысты өз кiнәсi анықталған қоғамдық қауiптi әрекетi (iс-әрекет немесе әрекетсiздiгi) және пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар үшiн ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

2. Объективтi айыптауға, яғни кiнәсiз зиян келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылыққа жол берiлмейдi.

3. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кiнәлi деп танылады.

4. Абайсызда жасалған әрекет ол Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады.

20-бап. Қасақана жасалған қылмыс

1. Тiкелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады.

2. Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық қауiптi зардаптары болуының мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала бiлсе және осы зардаптардың болуын тiлесе, қылмыс тiкелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

3. Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық қауiптi зардаптары болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, осы зардаптардың болуын тiлемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.

21-бап. Абайсызда жасалған қылмыс

1. Менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.

2. Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, бiрақ бұл зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен болғызбау мүмкiндiгiне сенсе, қылмыс менмендiкпен жасалған қылмыс деп танылады.

3. Егер адам қажеттi ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап бiлуге тиiс және болжап бiле алатын бола тұра өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн болжап бiлмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.

22-бап. Кiнәнiң екi нысанымен жасалған қылмыс үшiн жауаптылық

Егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын және адамның ниетiмен қамтылмаған ауыр зардаптар келтiрiлсе, мұндай зардаптар үшiн қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын ала бiлсе, бiрақ осыған жеткiлiктi негiздерсiз оларды болдырмауға менмендiкпен сенген жағдайда немесе егер адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлмесе, бiрақ болжауға тиiс және болжай алатын болған жағдайда ғана пайда болады. Тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана жасалған деп танылады.

23-бап. Жазықсыз зиян келтiру

1. Егер iс-әрекет жасаған адамның iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) және одан кейiн пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар оның ниетiмен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауiптi зардаптар келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

2. Егер әрекет жасаған адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптілігiн ұғынбаған және iстiң мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық қауiптi зардаптардың пайда болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлмесе және iстiң мән-жайы бойынша оларды алдын ала бiлуге тиiс болмаса немесе бiлуi мүмкiн болмаса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауiптi зардаптардың пайда болуын алдын ала бiлген адам оны болғызбауға жеткiлiктi негiзде сенген болса не өзiнiң психика-физиологиялық қасиеттерiнiң қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуiне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе де, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

24-бап. Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу

1. Тiкелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады.

2. Ауыр немесе ерекше ауыр қылмысқа дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылық басталады.

3. Тiкелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады.

4. Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшiн ғана басталады.

5. Қылмыс жасауға дайындалғаны және қылмыс жасауға оқталғаны үшiн қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң аяқталған қылмысқа арналған бабы бойынша, осы баптың тиiстi бөлiгiне сiлтеме жасай отырып басталады.

25-бап. Аяқталған қылмыс

Егер адам жасаған әрекетте осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi болса, қылмыс аяқталған деп танылады.

 

26-бап. Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту

1. Адамның дайындау iс-әрекеттерiн немесе қылмыс iстеуге тiкелей бағытталған дайындалу iс-әрекетiн тоқтатуы не iс-әрекеттi (әрекетсiздiктi) тоқтатуы, егер адам қылмысты ақырына дейiн жеткізу мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту деп танылады. Егер адам бiр қылмысты ақырына дейiн жеткізуден өз еркiмен және бiржола бас тартса, ол осы қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс.

2. Қылмысты ақырына дейiн жеткізуден өз еркiмен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

3. Қылмысты ұйымдастырушы мен қылмысқа айдап салушы, егер ол адамдар мемлекеттік органдарға хабарлаумен немесе өзге де қолданылған шаралармен орындаушының қылмысты ақырына дейiн жеткізуiне жол бермесе, қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс. Егер орындаушы қылмысты аяқтағанға дейiн оған күнi бұрын уәде берген жәрдемнен бас тартса немесе көрсетіліп үлгерген көмектiң салдарын жойса, қылмысқа көмектесушi қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс.

4. Егер ұйымдастырушының немесе айдап салушының осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған iс-әрекет орындаушының қылмысты орындауын болдырмауға әкелмесе, олардың қолданған шаралары жаза тағайындау кезiнде жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылуы мүмкiн.

27-бап. Қылмысқа қатысу ұғымы

Екi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бiрлесiп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.

2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

28-бап. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi

1. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесушi орындаушымен бiрге қылмысқа қатысушылар деп танылады.

2. Қылмысты тiкелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бiрге тiкелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекеттi абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.

3. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық жасаған адам, сол сияқты ұйымдасқан топты, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды), трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты (трансұлттық қылмыстық ұйымды) немесе тұрақты қарулы топты (банданы) құрған не оларды басқарған адам ұйымдастырушы деп танылады.

4. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндiрген адам айдап салушы деп танылады.

5. Кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың iзiн не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күнi бұрын уәде берген адам көмектесушi деп танылады.

 

29-бап. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы

1. Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы олардың әрқайсысының қылмыстың жасалуына қатысуының сипатымен және дәрежесiмен айқындалады.

2. Қоса орындаушылар өздерiнiң бiрлесiп жасаған қылмысы үшiн осы Кодекстiң 28-бабына сiлтеме жасамай, осы Кодекстiң нақ бiр бабы бойынша жауап бередi.

3. Ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушiнiң жауаптылығы, олар бiр мезгiлде қылмысты қоса орындаушылар болып табылатын жағдайларды қоспағанда, жасалған қылмыс үшiн жазаны көздейтiн бап бойынша, осы Кодекстiң 28-бабына сiлтеме жасай отырып басталады.

4. Орындаушы өзiне тәуелсiз мән-жайлар бойынша қылмысты ақырына дейiн жеткiзбеген жағдайда қылмыстың қалған қатысушылары қылмыс жасауға дайындалуға немесе қылмыс жасауға оқталуға қатысқаны үшiн жауапқа тартылады. Өзiне тәуелсiз мән-жайлар бойынша басқа адамдарды қылмыс жасауға көндiре алмаған адам да қылмыс жасауға дайындалғаны үшiн қылмыстық жауапқа тартылады.

5. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында арнайы аталған, қылмыстың субъектiсi болып табылмайтын, осы бапта көзделген қылмысты жасауға қатысқан адам осы қылмыс үшiн оны ұйымдастырушы, оған айдап салушы не жәрдемдесушi ретiнде қылмыстық жауапқа тартылады.

30-бап. Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы

Қылмысқа қатысушының басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшiн басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды.

2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

31-бап. Қылмысқа қатысу нысандары

1. Егер қылмыс жасауға екi немесе одан да көп орындаушы күнi бұрын сөз байласпай бiрлесiп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп танылады.

2. Егер қылмысқа бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады.

3. Егер қылмысты бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.

4. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.

4-1. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы екі және одан да көп мемлекеттің аумағында не бір мемлекетте жасаса, бірақ оны дайындау, жоспарлау, басқару немесе оның зардаптары басқа мемлекетте орын алса немесе бір мемлекетте, бірақ басқа мемлекеттер азаматтарының қатысуымен жасаса, ол трансұлттық ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.

4-2. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топтар бірлестігі екі және одан да көп мемлекеттің аумағында не бір мемлекетте жасаса, бірақ оны дайындау, жоспарлау, басқару немесе оның зардаптары басқа мемлекетте орын алса немесе бір мемлекетте, бірақ басқа мемлекеттер азаматтарының қатысуымен жасаса, ол трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.

5. Ұйымдасқан топты, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды), трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты (трансұлттық қылмыстық ұйымды) немесе тұрақты қарулы топты (банданы) құрған не басқарған адам осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін, сондай-ақ егер қылмыстар оның қаскүнемдiк ниетiмен қамтылса, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған барлық қылмыстар үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) басқа қатысушылары осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда, оларға қатысқаны үшiн, сондай-ақ өздерi дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.

6. Ұйымдасқан топ құру осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделмеген жағдайларда оны жасау үшiн құрылған қылмыстарға дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа әкелiп соғады.

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 32-бап өзгертілді

32-бап. Қажеттi қорғану

1. Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.

2. Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады.

3. Нәтижесiнде қол сұғушыға тым шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Адам өміріне қол сұғатын не:

қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін қаруды не өзге де заттарды немесе құралдарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен;

қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен не мұндай зорлық-зомбылықтың тікелей қатерімен;

тұрғын үйге немесе өзге де үй-жайға заңсыз басып кірумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.

 

33-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру

1. Қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкiндiгiн тыю үшiн ұстау кезiнде зиян келтiру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл орайда осы үшiн қажеттi шаралар шегiнен шығуға жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.

2. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтiрiлген зиян жағдай мәжбүр етпейтiн анық шектен тыс зиян қажетсiз келтiрiлген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптілік дәрежесiне және ұстаудың мән-жайына көрiнеу сай келмеуi ұстау шараларын асыра сiлтеу деп танылады. Бұлайша асыра сiлтеу қасақана зиян келтiрiлген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

3. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкiлеттiгi бар адамдармен бiрге жәбiрленушiлер мен басқа азаматтардың да құқығы бар.

34-бап. Аса қажеттілік

1. Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтiру, яғни белгiлi бiр адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зиян келтiру, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегiнен шығып кетушiлiкке жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.

2. Құқық қорғау мүдделерiне алды алынғанға тең немесе одан гөрi елеулi зиян келтiрiлген, төнген қатердiң сипаты мен дәрежесiне және қатер жойылған жағдайға көрiнеу сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттілік шегiнен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

16.03.01 ж. № 163-II ҚР Заңына сәйкес 34-1-баппен толықтырылды; 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 34-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

34-1-бап. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру

1. Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осындай органның тапсырмасы бойынша осы органмен ынтымақтасып жұмыс істейтін өзге адамның заңға сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын орындауы кезінде жасаған, осы Кодексте қорғалатын мүдделерге зиян келтірген әрекеті, егер бұл әрекет адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілетін зиянға қарағанда аздау болса, және егер оларды болғызбауды, ашуды немесе тергеуді, сол сияқты қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, ол қылмыс болып табылмайды.

2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адамның өміріне немесе денсаулығына қатер, экологиялық апат, қоғамдық қасірет немесе өзге де ауыр зардаптар қатерін төндіретін әрекет жасаған адамдарға қолданылмайды.

35-бап. Орынды тәуекел ету

1. Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшiн орынды тәуекел еткен ретте осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.

2. Егер аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз iс-әрекетпен (әрекетсiздiкпен) қол жеткiзiлмейтiн болса және тәуекелге жол берген адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн жеткiлiктi шаралар қолданса, тәуекел орынды деп танылады.

3. Егер тәуекел ету адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына көрiнеу қатер төндiруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзелiске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды.

36-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу

1. Егер күштеп мәжбүрлеудiң салдарынан адам өзiнiң iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудiң нәтижесiнде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.

2. Психикалық мәжбүрлеудiң нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудiң нәтижесiнде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiргенi үшiн соның салдарынан адам өзiнiң iс-әрекетiне басшылық жасау мүмкiндiгiн сақтаған қылмыстық жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 34-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.

37-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау

1. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау жөнiнде iс-әрекет жасаған адамның осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiруi қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтiрiлгенi үшiн заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам қылмыстық жауапқа тартылады.

2. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындағаны үшiн қасақана қылмыс жасаған адам жалпы негiздерде қылмыстық жауапқа тартылады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау қылмыстық жауаптылыққа ұшыратпайды.

3-бөлiм. Жаза

 

38-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары

1. Жаза дегенiмiз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

2. Жаза әлеуметтiк әдiлеттіліктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді

39-бап. Жазаның түрлерi

1. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi жазалар:

а) айыппұл салу;

б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығын шектеу;

ж) абақтыда ұстау;

з) 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

и) бас бостандығынан айыру;

к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.

2. Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:

а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.

3. Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негiзгi де, қосымша да түрлерi ретiнде қолданылуы мүмкiн.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40-бап өзгертілді

40-бап. Айыппұл

1. Айыппұл осы Кодексте көзделген шекте, заңмен белгiленген және жаза тағайындау сәтiне қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде тағайындалатын ақша өндiрiп алу.

2. Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен жиырма мыңға дейiнгi шегiнде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерiн жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүлiктiк жағдайын ескере отырып сот белгiлейдi.

3. Айыппұл жазалаудың қосымша түрi ретiнде осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкiн.

4. Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда, ол осы Кодекстің 42, 43-баптарында көзделген қағидалар сақтала отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне сәйкес келетін айыппұл сомасы үшін тиісінше бір ай түзеу жұмыстарына немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тарту есебінен қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен ауыстырылады.

 

25.09.03 ж. № 484-II  (бұр. ред. қара); 2005.08.07  № 67-III  (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 228-IV (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен  41-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-бап өзгертілді

41-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру

1. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында белгiлi бiр лауазымды атқаруға, не белгiлi бiр кәсiптiк немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.

2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы педагогтің не оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге де адамның осы Кодекстің 120-бабының үшінші бөлігінің д) тармағында және төртінші бөлігінде, 121-бабының үшінші бөлігінің г) тармағында және төртінші бөлігінде, 122-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 124-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін жазаның қосымша түрі ретінде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

3. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан қосымша жаза ретiнде айыру, егер сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптілік дәрежесiн және кiнәлi адамның жеке басын ескере отырып, оның белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкiн емес деп таныса, ол осы Кодекстiң Ерекше бөлiміндегі тиiстi бапта көзделмеген жағдайда да тағайындалуы мүмкiн.

4. Бұл жазаны бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретiнде тағайындау кезiнде ол жазалаудың аталған негiзгi түрлерiн өтеудiң барлық уақытына қолданылады, бiрақ бұл орайда оның мерзiмi олардың өтелген сәтiнен бастап есептеледi. Жазалаудың басқа негiзгi түрлерiне қосымша жаза түрi ретiнде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзiмi үкiм заңды күшiне енген сәттен бастап есептеледi.

Ескертулер.

1. 2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Осы Кодекстiң 164, 168-171, 233-1, 233-3, 233-4, 236-баптарында, 337-бабының екiншi және үшінші бөлiктерiнде, 337-1-бабында көзделген қылмыстар экстремизмнің белгiлерi бар қылмыстар деп танылады.

 

05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр.ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарына сәйкес 42-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 42-бап өзгертілді

42-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту

1. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлері жергілікті атқарушы органдардың немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілерімен белгіленеді.

2. Қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiн белгiленедi және күнiне төрт сағаттан аспайтын, егер сотталғанның тұрақты жұмыс орны болмаса немесе оқумен айналыспаса - күніне сегіз сағатқа дейінгі, бірақ аптасына 40 сағаттан көп емес уақытта өтеледi. Қоғамдық жұмыстардан әдейi жалтарған жағдайда олар осы Кодекстiң тиiсiнше 45 және 48-баптарында көзделген мерзiмдер шегiнде бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды өтеген уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың бiр күнi қоғамдық жұмыстардың төрт сағатына есептеледi.

3. Әскери қызметшiлерге, елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге, жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

43-бап. Түзеу жұмыстары

1. Түзеу жұмыстары екi айдан екi жылға дейiн мерзiмге белгiленедi және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледi.

2. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгiленген мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейiнгi шекте мемлекеттiң кiрiсiне ұстап қалу жүргiзiледi.

3. Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндiрiстен қол үзiп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстiң Ерекше бөлiміндегі тиiстi баптың санкциясымен айыппұл түрiнде жаза көзделмеген болса, бiр ай түзеу жұмысы үшiн заңмен белгiленген бiр айлық есептi көрсеткiшке тең айыппұл сомасының есебiнен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы мүмкiн. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезiнде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.

4. Түзеу жұмыстарына сотталған адам жазасын өтеуден әдейi жалтарған жағдайда сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзiмiн нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрiнде жазалауға ауыстыра алады.

44-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу

1. Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген, сотталған әскери қызметшiлерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген офицерлерге осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы қылмыс жасағаны үшiн, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген, сотталған әскери қызметшiлерге осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.

2. Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың үкімімен белгiленген, бiрақ жиырма проценттен аспайтын мөлшерде мемлекеттiң кiрiсiне ақша ұсталып қалады. Осы жазаны өтеу уақытында сотталған адамның лауазымын, әскери атағын көтеруге болмайды, ал жаза мерзiмi кезектi әскери атақ беру үшiн еңбек сiңiрген жылдар мерзiмiне есептелмейдi.

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 45-бап өзгертілді

45-бап. Бас бостандығын шектеу

1. Бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтеледі. Өзге жаза (қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту) бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін.

Сот бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындай отырып, сотталған адамға: мамандандырылған органға хабарламай түрақты түратын, жұмыс істейтін және оқитын жерін өзгертпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгілі бір жерлерге бармау, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінен кетпеу, басқа да жерлерге бармау міндеттерін орындауды жүктейді. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуіне ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жүғатын аурулардан емделу курсынан өтуді, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.

2. Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бүл ретте бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан айыру мерзіміне есептеледі.

3. Бас бостандығын шектеу ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшілерге, сондай-ақ түрақты түратын жері жоқ адамдарға қолданылмайды.

4. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде сот сотталған адамның мінез-қүлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның үсынысы бойынша сотталған адамға бүрын белгіленген міндеттердің күшін толық немесе ішінара жоя алады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

46-бап. Абақтыда ұстау

1. Абақтыда ұстау сотталған әскери қызметшіні тағайындалған жазаның барлық мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстауды білдіреді.

2. Абақтыда ұстау бір айдан үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.

 

47-бап. 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен алып тасталды  (бұр.ред.қара)

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңымен; 09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 48-бап өзгертілді  

48-бап. Бас бостандығынан айыру

1. Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жiберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегi түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.

2. Үкiм шығару кезiнде он сегiз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жалпы немесе күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.

3. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн бас бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейiн, ал аса ауыр қылмыстар үшiн жиырма жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына белгiленедi. Абайсызда жасалған қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру он жылдан аспауға тиiс. Қоғамдық жұмыстарға тартуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтiн мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезiнде бас бостандығынан айыру мерзiмдерiн iшiнара немесе толық қосқан жағдайда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмi осы Кодекстiң 49-бабының үшiншi бөлiгiнде, 69-бабының бесiншi бөлiгiнде және 75-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жиырма бес жылдан, ал үкiмдердiң жиынтығы бойынша отыз жылдан артық болмауға тиiс.

4. Өмір бойы бас бостандығынан айыру аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде белгіленуі мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығару кезінде алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.

5. Бас бостандығынан айыру:

а) абайсызда жасаған қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға - колония-қоныстарға;

б) қасақана кiшiгiрiм немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны үшiн бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға және қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу алты ай мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға - жалпы режимдегi түзеу колонияларына;

в) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы кезiнде және қылмыстардың аса қауiптi қайталануы кезiнде әйелдерге қатаң режимдегi түзеу колонияларына;

г) қылмыстардың аса қауiптi қайталануы кезiнде, сондай-ақ өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға - ерекше режимдегi түзеу колонияларына тағайындалады.

6. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың аса қауiптi қайталануы кезiнде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн түрмеде өтеу түрiнде, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкiн.

7. Үкiммен тағайындалған түзеу мекемесiнiң нысанын өзгертудi Қазақстан Республикасының құқықтық-атқарушылық заңдарына сәйкес сот жүргiзедi.

 

10.03.04 ж. № 529-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді

49-бап. Өлiм жазасы

1. Өлім жазасы - ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтініш ету құқығы беріледі.

2. Өлiм жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкiм шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.

3. Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.

4. Өлiм жазасы туралы үкiм ерте дегенде ол күшiне енген сәттен бастап бiр жылдан кейiн, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады.

5. Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

50-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру

1. Қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттау кезiнде сот айыпкердiң жеке басын ескере отырып, оны құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, біліктілік сыныбынан айыра алады.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi берген құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағы, сыныптық шенi, дипломатиялық дәрежесi немесе біліктілік сыныбы бар адамды қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттаған ретте сот үкiм шығарған кезде ол сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, біліктілік шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгізудiң орындылығы туралы мәселенi шешедi.

2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 51-бап өзгертілді

51-бап. Мүлiктi тәркiлеу

1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) не тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыстар жасағаны үшін, сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген мүлік тәркілеуге жатады.

Осы Кодекстің 193-бабында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін, сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа тұлғалардың меншігіне берген мүлік те тәркіленуге жатады.

Террористік қылмыстар жасағаны үшін, сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен табылған, террористік әрекетті қаржыландыруға пайдаланылған не пайдалануға арналған мүлік те тәркіленуге жатады.

2. Мүлiктi тәркiлеу пайдакүнемдiк ниетпен жасалған қылмыс үшiн белгiленедi және осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкiн.

3. Қылмыстық-атқарушы заңдарда көзделген тiзбеге сәйкес сотталған немесе оның асырауындағы адамдарға қажеттi мүлiк тәркiленбеуге тиiс.

 

 

4-бөлім. Жаза тағайындау

 

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi

1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында белгiленген шекте және осы Кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады.

2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiміндегі тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiміндегі тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз осы Кодекстiң 55-бабында белгiленедi.

3. Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптілік дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.

 

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 187-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 53-бап өзгертілді

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар

1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;

в) жүктілік;

г) айыпкердiң жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;

з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында, жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезiнде жеңiлдетушi ретiнде ескерiлуi мүмкiн.

3. Егер жеңiлдететiн мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көзделген болса, ол өзiнен-өзi жаза тағайындау кезiнде қайталап ескерiле алмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзімі немесе

мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғүрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екісінен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшінен аспауға тиіс.

5. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінің адамды кінәлі деп тануға негіз болған бабының санкциясында, осы баптың бірінші бөлігінің д) тармағында көзделген жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, жазаның әрқилы (балама) түрлері көзделсе, кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

5-1. Егер осы Кодекстің 7-тарауында көзделген, сол бойынша адам кінәлі деп танылған баптың санкциясында жазаның әрқилы (балама) түрлері көзделсе, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке қылмыспен келтірілген мүліктік залал толық көлемде өз еркімен өтелген кезде бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

Осы бөліктің ережелері осы Кодекстің 192-бабы екінші бөлігінің в) тармағында, 193-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 226-бабында, 226-1-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасаған адамдарға қолданылмайды.

6. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі қолданылған істер бойынша, жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қолданылған жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауға тиіс.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 54-бап өзгертілді

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар

1. Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру;

в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың), террористік топтың құрамында қылмыс жасау;

г) қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;

д) айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздың себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж) жүктілік жағдайы айыпкер үшiн алдын ала белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не айыпкерге тәуелдi адамға қатысты қылмыс жасау;

з) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

и) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинап қылмыс жасау;

к) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеушi құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрi-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетiп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауiптi әдiс қолданып қылмыс жасау;

л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртiп бұзушылық кезiнде қылмыс жасау;

м) алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;

н) адамның өзi қабылдаған антын немесе кәсiби антын бұза отырып қылмыс жасауы;

о) қылмыскердiң қызметi жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы;

п) өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау;

р) құқық қорғау органы қызметкерінің, судьяның өз қызмет жағдайын пайдаланып қылмыс жасауы.

2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көрсетiлген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде қайталап ескерiлмеуi керек.

3. Жаза тағайындау кезiнде сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.

 

55-бап. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi

неғұрлым жеңiл жаза қолдану

1. Әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, айыпкердiң рөлiне, оның қылмыс жасау кезіндегі немесе одан кейiнгi мiнез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және әрекеттiң қоғамдық қауiптілігi дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен тағайындалуы мүмкiн, не сот жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн.

2. Жазаны жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше мән-жай деп танылуы мүмкiн.

 

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау

1. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде соның себебiнен қылмыс ақырына дейiн жетпеген мән-жай ескерiледi.

2. Қылмысқа дайындалғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде аяқталған қылмыс үшiн тиiстi бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң жартысынан аспауы керек.

3. Қылмысқа оқталғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiміндегі тиiстi бапта ерекше қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнен ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң төрттен үшiнен аспауы керек.

4. Қылмыс жасауға дайындалғаны үшiн және қылмыс жасауға оқталғаны үшiн өлiм жазасы мен өмiр бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

57-бап. Қатысып жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау

1. Қатысып жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде оны жасауға адамның iс жүзiнде қатысу сипаты мен дәрежесi, осы қатысудың қылмыс мақсатына жету жөніндегі мәнi, оның келтiрiлген немесе келтiруi мүмкiн зиянының сипаты мен мөлшерiне ықпал ескерiледi.

2. Қатысушылардың бiреуiнiң жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау кезiнде ғана ескерiледi.

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 58-бап өзгертілді

58-бап. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау

1. Қылмыстардың жиынтығы кезiнде сот әрбiр қылмыс үшiн бөлек жаза (негiзгi және қосымша) тағайындап, түпкiлiктi жазаны жеңiлiрек, қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сiңiру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе iшiнара қосу жолымен белгiлейдi.

2. Егер қылмыстар жиынтығында тек ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар қамтылса, онда түпкілікті жаза қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен не қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен тағайындалады.

3. Егер қылмыстардың жиынтығында ауыр немесе аса ауыр қылмыс қамтылса, түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен не жазаларды iшiнара немесе толық қосу жолымен тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкiлiктi жаза жиырма жылдан аспауы керек.

4. Егер қылмыстардың жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы не өмiр бойы бас бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда бiр аса ауыр қылмыс қамтылатын болса, түпкiлiктi жазалау iшiнара немесе толық қосылып тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкiлiктi жазалау жиырма бес жылдан аспауға тиiс. Егер қылмыстардың жиынтығына кіретін қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалатын болса, онда түпкілікті жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе тиісінше өлім жазасы түрінде тағайындалады.

5. Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негiзгi жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстар үшiн тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкiн. Жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкiлiктi қосымша жаза осы Кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң сол жазалау түрi үшiн белгiленген ең жоғары мерзiмiнен немесе мөлшерiнен аспауы керек.

6. Егер сотталған адамның iсi бойынша сот үкiм шығарғаннан кейiн оның бiрiншi iс бойынша үкiм шығарылғанға дейiн жасаған басқа бiр қылмысқа айыпты екенi анықталса, жаза нақ сол ережелермен тағайындалады. Бұл жағдайда соттың бiрiншi үкімі бойынша өтелген жаза түпкiлiктi жазалау мерзiмiне есептеледi.

 

21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 2007.08.01. № 210-III (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  ҚР Заңдарымен 59-бап өзгертілді

59-бап. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау

1. Қылмыстардың қайталануы, қауiптi қайталануы және аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезiнде бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауiптілік дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзетушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптілік дәрежесi ескерiледi.

2. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi жасалған қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң үштен бірінен төмен, ал қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында - үштен екісінен төмен, ал қылмыстардың аса қауiптi қайталануы жағдайында - төрттен үшінен төмен болмауы керек.

3. Осы Кодекстiң 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар болған кезде қылмыстың қайталануы, қауiптi қайталануы немесе аса қауiптi қайталануы кезiнде жаза осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген ережелердi ескермей тағайындалады.

 

60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау

1. Егер сотталған адам үкiм шығарылғаннан кейiн, бiрақ жазаны толық өтегенге дейiн жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкiм бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлiгiн толық немесе iшiнара қосады.

2. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза, егер ол бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, осы Кодекстiң Жалпы бөлiміндегі осы жазалау түрi үшiн көзделген жазалардың ең жоғары мерзiмiнен немесе мөлшерiнен аспауы керек.

3. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі түпкiлiктi жаза жиырма бес жылдан аспауы керек. Егер адам үкiмдердiң жиынтығында осы Кодекстiң 58-бабының төртiншi бөлiгiнде аталған қылмыстардың бiреуiн болса да жасаған деп танылған үкiм қамтылатын болса, бас бостандығынан айыру түріндегі үкiмдер жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза отыз жылдан аспауы керек.

4. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза қайта жасалған қылмыс үшiн тағайындалған жазадан да, соттың оның алдындағы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлiгiнен де артық болуы тиiс.

5. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезiнде жазалардың қосымша түрлерiн қосу осы Кодекстiң 58-бабында көзделген ережелер бойынша жүргiзiледi.

 

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңына ; 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 61-бап өзгертілді

61-бап. Мерзiмдердi қосу кезiнде оларды белгiлеу тәртібі

1. Қылмыстардың жиынтығы және үкiмдердiң жиынтығы бойынша жазаларды iшiнара немесе толық қосу кезiнде бас бостандығынан айырудың бiр күнiне:

а) абақтыда ұстаудың бір күні;

б) бас бостандығын шектеудiң екi күнi;

в) түзеу жұмыстарының немесе әскери қызмет бойынша шектеудiң үш күнi;

г) қоғамдық жұмыстарға тартудың төрт сағаты сәйкес келедi.

2. Айыппұл салу белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, сондай-ақ мүлiктi тәркiлеу оларды бас бостандығын шектеумен, түзеу жұмыстарымен, бас бостандығынан айырумен қосқан кезде дербес орындалады.

 

05.05.00 ж. № 47-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 62-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-бап өзгертілді

62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу

1. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырудың, түзеу жұмыстарының, әскери қызмет бойынша шектеудiң, бас бостандығын шектеудiң, абақтыда ұстаудың, бас бостандығынан айырудың мерзiмi айлармен және жылдармен, ал қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзiмi сағатпен есептеледi.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жазаларды ауыстыру немесе қосу кезiнде, сондай-ақ жазаны есепке алу кезiнде мерзiм күндермен есептелуi мүмкiн.

3. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн қамауда ұстау бас бостандығынан айыру, абақтыда ұстау, түріндегі жаза мерзiмiнiң бiр күнiне бiр күн есебiмен, бас бостандығын шектеу түрiнде ұстауға - екi күнге бiр күн, түзеу жұмыстары мен әскери қызмет бойынша шектеуге - үш күнге бiр күн, ал қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау мерзiмiне - қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты қамауға ұсталған бiр күн есебiмен есептеледi.

3-1. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн үйде қамауда ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, абақтыда ұстау түріндегі жаза мерзiмiнiң бiр күнiне екi күн, бас бостандығын шектеу түрiнде ұстауға - бiр күнге бiр күн, түзеу жұмыстары мен әскери қызмет бойынша шектеуге - екi күнге бiр күн, ал қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау мерзiмiне - қоғамдық жұмыстардың екi сағаты үйде қамауда ұстаудың бiр күнi есебiмен есептеледi.

4. Сот үкімі заңды күшiне енгенге дейiн адамды қамауда ұстау уақыты мен Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде жасалған қылмыс үшiн сот үкімімен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақыты адам осы Кодекстiң 8-бабының негiзiнде ұстап берiлген жағдайда бiр күнге бiр күн есебiмен есептеледi.

5. Сот қарағанға дейiн қамауда ұсталған сотталушы адамға айыппұл, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау кезiнде сот қамауда ұсталған мерзiмдi ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңiлдетедi немесе оны осы жазаны өтеуден толық босатады.

6. Қылмыс жасалғаннан кейiн психикалық аурумен науқастанған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт жаза мерзiмiне есептеледi.

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.08.01. № 210-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 63-бап өзгертілді

63-бап. Шартты түрде соттау

1. Егер түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуi мүмкiн деген қорытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.

2. Шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптілік дәрежесiн, айыптының жеке басын, соның iшiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайларды ескередi.

3. Шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған адам мiнез-құлқымен өзiнiң түзелгенiн дәлелдеуге тиiс сынақ мерзiмiн белгiлейдi. Сынақ мерзiмi бiр жылдан үш жылға дейiнгi, ал кәмелетке толмағандарға алты айдан бір жылға дейінгі ұзақтықта тағайындалады.

Шартты түрде сотталғандағы сынақ мерзімі кезеңінде ауыр емес немесе орташа ауыр қылмысты қайталап жасаған кезде де кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау қолданылуы мүмкін.

4. Шартты түрде соттау кезiнде шектеулердің және жазаның мүлiктi тәркiлеуден басқа қосымша түрлерi қолданылуы мүмкiн.

4-1. Шартты түрде соттау кезінде кәмелетке толмаған балаға осы Кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.

5. ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

5-1. Сот шартты түрде соттауды тағайындағанда пробациялық бақылауды белгілейді және сотталған адамға белгілі бір міндеттерді орындауды: шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұрғылықты жерін, жұмыс, оқу орнын өзгертпеуді, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, венерологиялық аурудан немесе АИТВ/ЖИТС-тен емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктейді. Сот шартты түрде сотталған адамға оның түзелуіне ықпал ететін өзге де міндеттерді жүктей алады.

6. Шартты түрде сотталған адамның мiнез-құлқын бақылауды оған уәкiлдiк берiлген мамандандырылған мемлекеттік орган, ал әскери қызметшiлер жөнiнде әскери бөлiмдер мен мекемелердiң командованиесi жүзеге асырады.

7. ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

8. Қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi түрде қайталануы кезінде не адамды ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасалған қылмыс үшін соттаған кезде адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.

 

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 64-бап өзгертілді

64-бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту

1. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң түзелгенiн дәлелдесе, шартты түрде сотталушының мiнез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сот шартты түрде сотталудың күшiн жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы ете алады. Бұл орайда шартты түрде сотталудың белгiленген сынақ мерзiмiнiң кем дегенде жартысы өткен соң күшi жойылуы мүмкiн.

2. Егер шартты түрде сотталған адам өзiне сол үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаса (бүлдірсе), сондай-ақ дәлелсіз себептермен тіркелуге келмеген, шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын органның рұқсатынсыз тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, сондай-ақ сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындамаған жағдайда, сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген органның ұсынымы бойынша сынақ мерзiмiн ұзартып, күшейтілген, бiрақ бiр жылдан аспайтын пробациялық бақылау белгілей алады.

3. Шартты түрде сотталған адам осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықтарды сынақ мерзімі ішінде қайталап жасаған, сондай-ақ заңды талапқа бағынбаған, сол сияқты шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерін қорлаған не оларға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасаймын деп қорқытқан жағдайда не егер шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынса, сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органның ұсынымы бойынша шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы шығарады.

4. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзiмi iшiнде абайсызда қылмыс жасаған не ауыр емес қасақана қылмыс, ал шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адам ауыр емес, орташа ауыр қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы мәселенi сот жаңа қылмыс үшiн жаза тағайындалған кезде шешедi.

5. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзiмi iшiнде - орташа ауыр қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс, ал кәмелетке толмаған адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде сотталудың күшiн жойып, оған осы Кодекстiң 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады.

 

5-бөлім. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату

 

65-бап. Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

1. Бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейiн айыбын мойындап өз еркiмен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыс келтiрген зиянды өзгеше түрде қалпына келтiрсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

2. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам, егер ол ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарға басқа да қатысушыларды әшкерелеуге белсендi түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлар болған кезде басқа санаттағы қылмыс жасаған адам тек осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 66-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

66-бап. Қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату

Қоғамдық қауiптi қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан, сондай-ақ тұтқиылдан шабуылдау салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқан адамды сот iстiң мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

 

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен 67-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 67-бап өзгертілді

67-бап. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

1. Ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушiмен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.

2. Орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушiмен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және жәбірленушіге, арыз берушiге келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Адамның қайтыс болуымен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған баланы, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұл ретте оған осы Кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

4. Қылмыс қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірген жағдайларда осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам шын ниетпен өкінсе және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген зиянның орнын толтырған болса, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Осы баптың ережелері адам өліміне не екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, абайсызда қылмыстар жасаған, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.

 

68-бап. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

1. Қылмыс белгiлерi бар әрекет жасаған адамды, егер iстi сот қараған кезде жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауiптi емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

2. Бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның содан кейiнгi мүлтiксiз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауiптi деп есептеле алмайтындығы белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

 

2007.08.01. № 210-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 69-бап өзгертілді

69-бап. Ескіру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

1. Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзiмдер өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады:

а) кiшiгiрім қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл;

в) ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл;

г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн жиырма жыл.

2. Ескіру мерзiмi қылмыс жасаған күннен бастап және сот үкімі заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi.

3. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескіру мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан берi ескіру мерзімі тоқтатылмаса және мынадай мерзімдер:

а) кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін он жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл;

в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма жыл;

г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауапқа тартылмауға тиіс.

4. Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мерзiм өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзiмi тоқтатылады. Мұндай реттерде ескіру мерзiмi жаңа қылмыс жасаған күннен қайта басталады. Ескіру мерзiмi өткенге дейiн адам тағы да қылмыс жасаған өзге реттерде әрбiр қылмыс бойынша ескіру мерзiмi дербес өтедi.

2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Осы Кодекс бойынша өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға талап қою мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот талап қою мерзімінің бітуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылады, ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

6. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, экономикалық қызмет саласында, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.

 

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара);  2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 70-бап өзгертілді

70-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату

1. Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін адамды сот құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, қылмысымен келтірген залалын өтеу жөнінде шаралар қолданғаны үшін сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін. Бұл орайда ол адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

2. Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға жазасының өтелмеген қалған бөлігі ішінде тізбесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 178-2-бабында белгіленетін міндеттер жүктеледі.

3. Жазадан шартты түрде-мерзiмiнен бұрын босату сотталған адам:

а) кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемінде үштен бірін;

б) ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемінде жартысын;

в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін;

г) осы Кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің в), д) тармақтарында, төртінші бөлігінде, 121-бабы үшінші бөлігінің в), г) тармақтарында, төртінші бөлігінде көзделген қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін;

д) ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасалған қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.

4. Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзiмi алты айдан кем болмауы керек.

5. Сот тағайындаған өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрi өтеудi қажет етпейдi деп таныса және кемiнде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды iс жүзiнде өтесе, мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкiн.

6. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамның мiнез-құлқына бақылау жасауды босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша - ішкі істер органдары, ал әскери қызметшiлер жөнiнде - әскери бөлiмдер мен мекемелердiң командованиесi жүзеге асырады.

7. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде:

a) бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол үшін оған әкімшілік жаза қолданылса немесе өзіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 178-2-бабымен жүктелген және сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде сот осы баптың алтыншы бөлігінде аталған органдардың ұсынуы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазаның өтелмеген бөлігін орындау туралы қаулы ете алады;

б) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезiнде мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы мәселенi сот шешедi;

в) қылмыс қасақана жасалса, сот оған осы Кодекстiң 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудың күшiн жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады.

8. Өлiм жазасы түріндегі жаза кешiрiм жасау тәртібі бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған , жазасын өтеу кезеңінде қасақана қылмыс жасаған, террористік қылмыстар үшін сотталған адамға, сондай-ақ бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған  адамға мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату қолданылмайды.

 

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 71-бап өзгертілді

71-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру

1. Кiшiгiрiм, орташа ауыр және ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу кезіндегі мiнез-құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлiгiн оның жеңiл түрiмен ауыстыра алады. Бұл ретте, осы Кодекстің 122-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 124-бабының екінші, үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды қоспағанда, адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

2. Жазаның өтелмеген бөлігі, сотталған адам ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін жаза мерзімінің кем дегенде үштен бір бөлігін, ауыр қылмысы үшін немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен ерте босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлігі кезеңінде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзімінің жартысын нақты өтегеннен кейін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.

Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылмайды.

3. Жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот осы Кодекстiң 39-бабында аталған жаза түрлерiне сәйкес, осы Кодексте әрбiр жаза түрi үшiн көзделген шекте жазаның кез келген неғұрлым жеңiл түрiн таңдап алуы мүмкiн.

4. Террористік қылмыстар үшін сотталған адамдарға жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру қолданылмайды.

 

21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара) 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен ;  2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 72-бап өзгертілді

72-бап. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру

1. Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас балалары бар сотталған әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан асырмай кейінге қалдыруы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.

2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған сотталған адам баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса, немесе сотталып, жазасын өтеу кейiнге қалдырылған адамды бақылауды жүзеге асыратын орган екi рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейiн қоғамдық тәртiптi бұзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруды тоқтатып, сотталған адамды сот үкіміне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiбере алады.

3. Жазаны өтеуін кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген жағдайда не жүктілігi үзiлген жағдайда сот сотталған адамның мiнез-құлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруы, немесе сотталған адамды жазаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.

4. Егер сотталған адам жазаны өтеуден босату кезеңiнде жаңа қылмыс жасаса, сот оған осы Кодекстiң 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды.

 

 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен  73-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)  

73-бап. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату

1. Қылмыс жасағаннан кейiн оның өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауiптілігiн ұғыну не оған ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикасы бұзылу пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот оны одан әрi өтеуден босатады. Мұндай адамдарға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.

2. Жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегiшу адамды сот жазаны өтеуден босатуы мүмкiн немесе бұл жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн. Бұл орайда жасалған қылмыстың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы, науқасының сипаты және басқа мән-жайлар ескерiледi.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдар, егер осы Кодекстiң 69 және 75-баптарында көзделген ескіру мерзiмi өтпеген болса, олар сауыққан жағдайда қылмыстық жауапқа тартылып жазалануы мүмкiн.

4. Абақтыда ұстауға сотталған әскери қызметшiлер өздерiн әскери қызметке жарамсыз ететiн науқастануы жағдайында жазадан немесе жазасын одан әрi өтеуден босатылады. Оларға жазаның өтелмеген бөлiгi де неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен  74-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

74-бап. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеудi кейiнге қалдыру

1. Кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесiнiң ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшiн жазасын өтеуi аса ауыр зардапқа әкелiп соқтыруы мүмкiн болса, сот жазадан босатуы мүмкiн.

2. Террористік қылмыстар үшін сотталған адамдарды қоспағанда, ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жазасын өтеуiн сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған негiздер болған жағдайда үш айға дейiн мерзiмге кейiнге қалдыра алады.

2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 75-бап өзгертілді

75-бап. Айыптау үкімінiң ескіру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату

1. Қылмысы үшiн сотталған адам, егер айыптау үкімі оның заңды күшiне енген күнiнен бастап есептегенде, мынадай мерзiмдерде орындалмаған болса, жазаны өтеуден босатылады:

а) кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмысы үшiн сотталғанда - үш жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сотталғанда - алты жыл;

в) ауыр қылмысы үшiн сотталғанда - он жыл;

г) аса ауыр қылмысы үшiн сотталғанда - он бес жыл.

2. Егер сотталған адам жазаны өтеуден жалтарса, ескіру мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзiмiнiң өтуi адам ұсталған немесе айыбын мойындап келген кезден басталады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезiне қарай өткен ескіру мерзiмi есептелуге тиiс. Бұл орайда айыптау үкімі егер, оның шығарылған уақытынан бастап жиырма бес жыл өтсе және ескіру мерзiмi жаңа қылмыс жасау арқылы үзiлмеген болса, орындалмауы керек.

3. Егер адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мерзiм өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзiмi үзiледi. Мұндай жағдайда ескіру мерзiмiнiң өтуi жаңадан қылмыс жасаған күннен бастап қайта есептеледi.

4. Өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзiмiн қолдану туралы мәселенi сот шешедi. Егер сот ескіру мерзiмiн қолдану мүмкiн деп таппаса, өлiм жазасы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмiр бойы бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне, экономикалық қызмет саласында, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.

 

2007.08.01. № 210-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 76-бап өзгертілді

76-бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату

1. Рақымшылық жасау туралы актiнi адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнiнде Қазақстан Республикасының Парламентi шығарады.

2. Қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнiң негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн, не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан әрi өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.

3. Белгiлi бiр жеке адамға ол жөнiнде айыптау үкімі заңды күшiне енген жағдайда, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп отырған не өтеген адамға кешiрiм жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Президентi шығарады.

4. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам кешiрiм жасау кезiнде жазаны одан әрi өтеуден босатылуы мүмкiн не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы, не мұндай адам жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамнан кешiрiм жасау актiсiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.

2007.08.01. № 210-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 77-бап өзгертілді

77-бап. Соттылық

1. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшiне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезiне дейiн сотты болған деп есептеледi. Осы Кодекске сәйкес соттылық қылмыстың қайталануын айқындау кезiнде және жаза тағайындау кезiнде ескерiледi.

2. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады.

3. Соттылық:

а) шартты түрде сотталған адамдар жөнiнде - сынақ мерзiмi өтуi бойынша;

б) әскери қызмет бойынша шектеу немесе абақтыда ұстау түрiнде жазасын өтеген әскери қызметшiлер жөнiнде - iс жүзiнде жазаны өтеу бойынша;

в) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңiл түрiне сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн бiр жыл өтуi бойынша;

г) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн үш жыл өтуi бойынша;

д) ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн алты жыл өтуi бойынша;

е) аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн сегiз жыл өтуi бойынша жойылады.

4. Егер сотталған адам заңда белгiленген тәртiппен жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылса, онда соттылықты жою мерзiмi жазаның нақты өтелген мерзiмiн негiзге ала отырып, негiзгi және қосымша жаза түрлерiн өтеуден босатылған кезден бастап есептеледi.

4-1. Егер соттың үкімі бойынша адамға негізгі жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, онда соттылықтың жойылу мерзімі негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеу кезінен бастап есептеледі.

4-2. Адам әртүрлі ауырлық дәрежесіне жататын қылмыстар үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша сотталған кезде соттылық әрбір қылмыс үшін жеке жойылады, бұл ретте жойылу мерзімі қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы бойынша жазаны өтеу кезінен бастап есептеледі.

5. Егер сотталған адам жазаны өтегеннен кейiн өзiн мiнсiз ұстаса, сот оның өтiнiшi бойынша соттылықты жою мерзiмi өткенге дейiн одан соттылықты алып тастай алады.

Бұл норма ауыр немесе аса ауыр қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды.

6. Егер сотталған адам соттылықты жою мерзiмi өткенге дейiн тағы да қылмыс жасаса, соттылықты жою мерзiмi тоқтатылады. Бiрiншi қылмыс бойынша соттылықты жою мерзiмi соңғы қылмысы үшiн негiзгi және қосымша жазаны iс жүзiнде өтегеннен кейiн қайта есептеледi. Бұл жағдайда адам екi қылмыстың ең ауыры үшiн соттылық мерзiмi өткенге дейiн олар үшiн сотталған деп есептеледi.

7. Соттылықты жою немесе алу соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшiн жояды.

 

 

6-бөлім. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

 

78-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

1. Осы бөлімнің күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады.

2. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 79-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 79-бап өзгертілді

79-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi

1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi:

а) айыппұл;

б) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

г-1) бас бостандығын шектеу;

д) 09.12.04 ж. № 10-III алып тасталды (бұр. ред. қара)

е) бас бостандығынан айыру болып табылады.

2. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде тағайындалады.

3. Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

4. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрiн орындауының ұзақтығы күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.

5. Түзеу жұмыстары сот үкiм шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

5-1. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

6. 09.12.04 ж. № 10-III алынып тасталды (бұр. ред. қара)

7. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың біреуі ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін - он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

8. Кәмелетке толмай сотталған адамдар бос бостандығынан айыруды:

а) бас бостандығынан айыруға бiрiншi рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар жалпы режимдегi тәрбиелеу колонияларында;

б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар - күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларында өтейдi.

9. Қоғамдық қауiптілік сипатына және дәрежесiне, кiнәлi адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешiмнiң себебiн көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегi тәрбиелеу колониясында өтеуiн тағайындауы мүмкiн.

10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен қарым-қатынас кезiнде оның жеке басының белгiлi бiр ерекшелiктерiн ескеру туралы нұсқау беруi мүмкiн.

80-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау

1. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезiнде осы Кодекстiң 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмiрi мен тәрбиесiнiң жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескерiледi.

2. Кәмелетке толмаған жас жеңiлдететiн мән-жай ретiнде басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескерiледi.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 81-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 81-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

81-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

1. Кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бiрiншi рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған осы Кодекстiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

2. Кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшiн бiрiншi рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге осы Кодекстiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкiн.

3. Адамның қайтыс болуымен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған баланы сот осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

 

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 82-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

82-бап. Тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары

1. Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк әсерi бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн:

а) ескерту;

б) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

в) келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу;

г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүрiс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу;

д) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру;

е) жәбірленушіден кешірім сұрау міндеттемесін жүктеу.

2. Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде тәрбиелiк әсерi бар бiрнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы мүмкiн.

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 83-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

83-бап. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және оларды қолдану мерзімдері

1. Ескерту кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды түсiндiруден және осы Кодексте көзделген қылмыстарды қайталап жасаудың зардаптарын түсiндiруден тұрады.

2. Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк әсер ету және оның мiнез-құлқын бақылау жөнiнде мiндеттер жүктеуден тұрады.

3. Келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайын және оның тиістi еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледi.

4. Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүрiс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу, белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақыттың белгiлi бiр нысанын, оның iшiнде механикалық көлiк құрамын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеудi көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға білім беру мекемесiне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау, не мамандандырылған мемлекеттік органның көмегiмен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкiн. Осы тiзбе толық болып табылмайды.

5. Алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыруды сот орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмысты қасақана жасаған кәмелетке толмаған адамға тағайындауы мүмкін. Аталған ұйымдарда болу адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ түзетудi қамтамасыз етушi мамандандырылған мемлекеттік органның қорытындысы негiзiнде сот кәмелетке толмаған адам өзiнiң түзелуi үшiн бұдан әрi бұл шараны қолдануды қажет етпейдi деген тұжырымға келсе, мерзiмнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

6. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуды осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген мерзiм бiткеннен кейiн ұзартуға тек кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретiн немесе кәсiптiк даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол берiледi, бiрақ ол кәмелетке толғанға дейiнгiсiнен аспауы керек.

7. Кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуының тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

8. Кәмелетке толмаған бала келтірген зияны үшін жәбірленушіден өзі кешірім сұрайды;

9. Осы Кодекстің 82-бабы бірінші бөлігінің б) және г) тармақтарында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзімі кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған кезде ұзақтығы - алты айдан бір жылға дейін, орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - бір жылдан екі жылға дейін және ауыр қылмыс жасаған кезде екі жылдан үш жылға дейін белгіленеді.

10. Кәмелетке толмаған бала тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған жағдайда, егер осы Кодекстің 69-бабының 1-бөлігінде белгіленген ескіру мерзімі өтпесе, мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынысы бойынша сот бұл шараның күшін жояды және материалдар кәмелетке толмаған баланы қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жіберіледі.

 

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 84-бап өзгертілді

84-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға, бас бостандығын шектеуге немесе түзету жұмыстарына сотталған адамдарға:

а) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен бiрiн;

б) ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кемiнде үштен бiрiн;

в) адам өмiрiне қол сұғумен ұштаспаған аса ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;

г) адам өмiрiне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кемiнде үштен екiсiн нақты өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн.

85-бап. Ескіру мерзiмi

Осы Кодекстiң 69 және 75-баптарында көзделген ескіру мерзiмi кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуiнен босату кезiнде тең жартысына қысқартылады.

86-бап. Соттылықты жою мерзiмдерi

Он сегiз жасқа толғанға дейiн қылмыс жасаған адамдар үшiн осы Кодекстiң 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзiмдерi қысқартылады және тиiсiнше:

а) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiн өтегеннен кейiн төрт айға;

б) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн бiр жылға;

в) ауыр және аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн үш жылға тең болады.

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 87-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

87-бап. Осы бөлiмнiң ережелерiн он сегiз бен жиырма бір жас аралығындағы адамдарға қолдану

Он сегiз бен жиырма бір жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетiнiң сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда, оларға ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыруды қоспағанда, осы бөлiмнiң ережелерiн қолдана алады.

 

 

7-бөлім. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

 

88-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негiздерi

1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:

а) есi дұрыс емес жағдайда осы Кодекстiң Ерекше бөлiміндегі баптарда көзделген әрекеттердi жасаған;

б) қылмыс жасағаннан кейiн психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн емес болып бұзылған;

в) қылмыс жасаған және есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн;

г) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындауы мүмкiн.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiне не өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндiруiне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындаудың тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқарушылық кодексiмен және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен белгiленедi.

4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған және өзiнiң психикалық жағдайы бойынша қауiп келтiрмейтiн адамдар жөнiнде сот бұл адамдарды емдеу немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен психиатриялық-неврологиялық ұйымдарға жiберу туралы мәселенi шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына қажеттi материалдар жiбере алады.

 

89-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары

Осы Кодекстiң 88-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарды емдеу немесе олардың психикалық жағдайын жақсарту, сондай-ақ олардың осы Кодекстiң Ерекше бөлiміндегі баптарда көзделген жаңа әрекеттердi жасауын болғызбау медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары болып табылады.

90-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерi

1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының:

а) емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу;

б) жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

в) мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

г) интенсивтi қадағаланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерiн тағайындауы мүмкiн.

2. Есi дұрыс күйiнде жасалған қылмысы үшiн сотталған, бiрақ алкоголизмнен, нашақорлықтан (уытқұмарлықтан) емдеудi не психикасының есi дұрыстығын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеудi қажет ететiн адамдарға сот жазамен бiрге емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу түрiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.

91-бап. Емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу

Егер адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша психиатриялық стационарға орналастырып емдеудi қажет етпесе, осы Кодекстiң 88-бабында көзделген негiздер болған жағдайда емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкiн.

92-бап. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу

1. Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудiң, күтудiң, ұстаудың және қадағалаудың шарттарын талап ететiн болса, осы Кодекстiң 88-бабында көзделген негiздер болған жағдайда психиатриялық стационарда осындай мәжбүрлеп емдеу тағайындалуы мүмкiн.

2. Жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамдық қауiптi әрекетiнiң сипаты бойынша стационарлық емдеу мен қадағалауды қажет ететiн, бiрақ интенсивтi қадағалауды қажет етпейтiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

3. Мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетiнiң сипаты бойынша тұрақты қадағалауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

4. Интенсивтi қадағалайтын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамдық қауiптi әрекетiнiң сипаты бойынша өзiне немесе басқа адамдарға айрықша қауiптi болған тұрақты және интенсивтi қадағалауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 93-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

93-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертудi және тоқтатуды психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынуы бойынша сот белгiлейдi.

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгiленген адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізу үшiн негiздердiң бар екенi жөніндегі мәселенi шешу үшiн кемiнде алты айда бiр рет психиатр-дәрiгерлер комиссиясында куәландырылып отыруға тиiс.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшiн негiздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеменiң әкiмшiлiгi мәжбүрлеп емдеудi ұзарту үшiн сотқа қорытынды бередi. Мәжбүрлеп емдеудi бiрiншi ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен кейiн жүргiзiлуi мүмкiн, мәжбүрлеп емдеудi одан кейiн ұзарту жыл сайын жүргiзiледi.

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертудi немесе тоқтатуды адамның психикалық жай-күйi өзгерiп, бұрын тағайындалған шараны қолдану қажет болмай қалған немесе медициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болған жағдайда сот жүзеге асырады.

4. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеудi қолдану тоқтатылған жағдайда сот мәжбүрлеп емдеуде болған адам жөнiнде қажеттi материалдарды оны емдеу немесе психиатриялық-неврологиялық ұйымға жiберу туралы мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына беруi мүмкiн.

94-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейiн жаза тағайындау

1. Қылмыс жасағаннан кейiн немесе жазасын өтеу кезiнде өз iс-әрекетi үшiн өзiне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикалық аурумен науқастанған адамға, егер ескіру мерзiмi өтпесе немесе оны қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға негiз болмаса, ол сауыққаннан кейiн сот жаза қолдана алады.

2. Психикасы қылмыс жасағаннан кейiн бұзылған адам емделген жағдайда жаза тағайындау немесе оны жаңарту кезiнде адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бiр күнi бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiмен жазалау мерзiмiне есептеледi.

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңына сәйкес; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 95-бап өзгертілді

95-бап. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

1. Осы Кодекстiң 88-бабының бiрiншi бөлiгiнің в) тармағында көзделген жағдайда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы - бас бостандығынан айыру орнында, ал сотталған адам жөніндегі өзге де жаза түрлерi амбулаториялық-психиатриялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.

1-1. Осы Кодекстiң 88-бабының бiрiншi бөлiгiнің г) тармағында көзделген жағдайда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары - бас бостандығынан айыру орнында, ал өзге жазалау түрлеріне сотталғандарға қатысты денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.

2. Сотталған адамның стационарлық емдеудi талап ететiн психиатриялық жай-күйi өзгерген кезде сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесiне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңдарында көзделген тәртiп пен негiздер бойынша жүргiзiледi.

3. Аталған мекемелерде болған уақыт жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi. Сотталған адамның аталған мекемелерде одан әрi емделуi қажет болмай қалған кезде көшiрме Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңдарында көзделген тәртiп бойынша жасалады.

4. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының қолдануын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде сот жүргiзедi.

ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

1-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыс

 

96-бап. Адам өлтiру

1. Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру -

алты жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адам өлтіру:

а) екi немесе одан көп адамдарды;

б) осы адамның қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына не кәсiби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын;

в) дәрменсiз жағдайда екендiгi айыпкерге белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен ұштасқан;

г) жүктi екендiгi айыпкерге белгiлi әйелдi;

д) аса қатыгездiкпен жасалған;

е) көптеген адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған;

ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

з) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан;

и) бұзақылық ниетпен;

к) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерiмен ұштасқан;

л) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық не қанды кек себебi бойынша;

м) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатымен жасалған;

н) бірнеше рет жасалған адам өлтіру;

о) кәмелетке толмағандығы белгілі баланы өлтіру;

п) ұйымдасқан топпен адам өлтіру -

мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

97-бап. Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi

Анасының өзiнiң жаңа туған сәбиiн туып жатқан кезiнде, сол сияқты одан кейiнгi кезеңде психикасын бұзатын жағдайда немесе есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтiруi -

төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 98-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

98-бап. Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтiру

1. Жәбiрленушiнiң күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат iс-әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен) болған кенет пайда болған жан күйзелісі (аффект) жағдайында, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң жүйелi түрдегi заңға қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай-күйде адам өлтiру -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мән-жайлар кезiнде жасалған екi немесе одан да көп адамды өлтiру -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

99-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтіру

Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру -

екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

100-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру

Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру -

үш жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

101-бап. Абайсызда кiсi өлтiру

1. Абайсызда кiсi өлтiру -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда екi немесе одан көп адамды өлтiру -

бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

102-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткізу

1. Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткізу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткізу -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Кiнәлi адамға материалдық немесе өзге де тәуелдiлiктегi адамға қатысты жасалған дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 103-бап өзгертілді

103-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру

1. Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек-қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

б) адамның қызметтiк жұмысын немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;

в) кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi, сонымен бiрдей адамды ұрлауға немесе кепiлге алуға ұштасқан адамға қатысты;

г) аса қатыгездiкпен;

д) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;

е) жалдау бойынша;

ж) бұзақылық ниетпен;

з) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында;

и) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатында;

к) бірнеше рет жасалса, -

л) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса-

төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -

бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 104-бап өзгертілді

104-бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру

1. Адамның өмiрiне қауiптi емес және осы Кодекстiң 103-бабында көрсетiлген зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға немесе жалпы еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

б) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруға не кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;

в) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi адамға қатысты;

г) ұйымдасқан топпен;

д) бұзақылық ниетпен;

е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни жеккөру немесе араздық тұрғысында;

ж) бірнеше рет жасалса, -

з) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса-

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

105-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара)

 

106-бап. 09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 107-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

107-бап. Азаптау

1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер бұл осы Кодекстiң 103 және 104-баптарында көзделген зардаптарға әкеп соқпаса,

- елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) көрiнеу кәмелетке толмаған немесе кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi белгiлi не кiнәлiге материалдық немесе өзге тәуелдiлiктегi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрген адамға қатысты;

б) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

в) кiнәлiге жүктілік жағдайында екендiгi белгiлi әйелге қатысты;

г) азаптап;

д) жалдау бойынша;

е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында жасалған әрекет, -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 108-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 108-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

108-бап. Денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтiру

Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан күйзелісінiң (аффект) кенеттен туындауы жағдайында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, -

айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл төлеуге, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

109-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру

Денсаулыққа қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған қасақана ауыр зиян келтiру, -

бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

110-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру

Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану кезiнде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру -

екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 111-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 111-бап өзгертілді

111-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру

1. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру, -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтiру, -

төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. 09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiру, -

елу айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 112-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

112-бап. Қорқыту

Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерiнiң бар екендiгi кезiнде, -

айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен 113-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

113-бап. Адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу

1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты адамның органдары мен тініне қатысты заңсыз мәмілелер жасау -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттер:

а) кінәліге дәрменсіз күйде екендігі көрінеу белгілі адамға қатысты;

б) кәмелетке көрінеу толмаған адамға қатысты;

в) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

г) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен;

д) бірнеше рет;

е) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

ж) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты;

з) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;

и) өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;

к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалғанда, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен 114-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 114-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 114-бап өзгертілді

114-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы

1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл әрекет адам денсаулығына орташа ауыр зиян келтіруге әкеп соқса, -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соқтырған нақ сол әрекеттер, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекет, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, адам өліміне әкеп соқтырған әрекеттер, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекеттер, -

айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 114-1-баппен толықтырылды; 2009.16.07. № 186-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 114-1-бап өзгертілді

114-1-бап. Клиникалық зерттеулер жүргізудің және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу

1. Медицина қызметкерінің клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзуы, -

айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -

айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен 115-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 115-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 115-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

115-бап. Соз ауруын жұқтыру

Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның ауыр зардаптарға әкеп соқтырған осындай ауруды басқа адамға жұқтыруы, сондай-ақ екi немесе одан да көп адамға не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыруы, -

бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 116-бап өзгертілді

116-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы

1. Басқа адамды көрiнеу ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупiнде қалдыру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Өзiнде ВИЧ/ЖҚТБ бар екендiгi туралы бiлетiн адамның оны басқа адамға жұқтыруы, -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, екi немесе одан да көп адамға қатысты, не көрiнеу кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет, -

төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Медицина қызметкерiнiң, сол сияқты тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымы қызметкерiнiң өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауының салдарынан басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруы, -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

05.05.00 ж № 47-II ҚР Заңына ; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 117-бап өзгертілді

117-бап. Заңсыз аборт жасау

1. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық білімi жоқ адамның аборт жасауы, -

бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық білімi бар адамның заңсыз аборт жасауы, -

бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жыл мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

3. Тиiстi бейіндегі жоғары медициналық білімi жоқ адамның аборт жасауы не тиiстi бейіндегі жоғары медициналық білімi бар адамның бiрнеше рет заңсыз аборт жасауы, -

үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан заңсыз аборт жасау, -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 118-бап өзгертілді

118-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу

1. Заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге мiндеттi адамның дәлелдi себептерсiз науқасқа көмек көрсетпеуi, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -

елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Дәл сол әрекет, егер ол абайсызда науқастың өлуiне, не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 119-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру

1. Өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi жағдайдағы және сәбилiгiне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсiз күйiнiң салдарынан өзiн-өзi сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкiндiгiнен айырылған адамды көрiнеу көмексiз қалдыру, кiнәлi кiсiнiң ол адамға көмек көрсету мүмкiндiгi болған және ол адамға қамқорлық жасауға мiндеттi болған не оны өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күйде өзi қалдырған жағдайларда, -

елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiн мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Көмексiз қалдырған адамның абайсызда өлуiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -

айлық есептiк көрсеткiштің бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен ; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 120-бап өзгертілді; 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 120-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

120-бап. Зорлау

1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау -

үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Зорлауды:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалса;

в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса;

г) бірнеше рет жасалса -

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:

а) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқтырса;

б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;

в) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса;

г) қоғамдық зілзала жағдайларын пайдалана отырып немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса;

д) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса,-

сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге, ал д) тармағында көзделген жағдайларда,- белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар көрінеу он төрт жасқа толмаған жәбірленушіге қатысты жасалса,-

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге жазаланады.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 121-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 121-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

121-бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері

1. Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер, -

үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол іс-әрекеттерді:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасаса;

в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса;

г) бірнеше рет жасалса, -

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:

а) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқтырса;

б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;

в) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;

г) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса,-

сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге, ал г) тармағында көзделген жағдайларда,- белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты жасалса,-

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңына сәйкес 122-бап өзгертілді; 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 122-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 122-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

122-бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер

1. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектің немесе әйел мен әйелдің қатынасы немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер,-

үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге алуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Он алты жасқа толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам осы адамға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер,-

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған әрекеттер,-

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңына ; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 123-бап өзгертілді

123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету

Адамды бопсалау, құртамын деп қорқыту, мүлкiн бүлдiру немесе тартып алу жолымен не жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге тәуелдiлiгiн пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттердi жасауға мәжбүр ету -

айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

05.05.00 ж. № 47-II  ҚР Заңына сәйкес 124-бап өзгертілді; 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 124-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

124-бап. Жас балаларды азғындату

1. Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау, -

төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Он төрт жасқа толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам осы адамға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер,-

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған әрекеттер,-

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 127-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 125-бап өзгертілді

125-бап. Адамды ұрлау

1. Адамды ұрлау -

төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;

б) бiрнеше рет;

в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып;

г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;

д) кәмелетке толмағандығы көрiнеу адамға қатысты;

е) кiнәлiге жүктілік жағдайында екендiгi көрінеу әйелге қатысты;

ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

з) пайдакүнемдiк ниетте жасалса -

мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:

а) ұйымдасқан топ жасаса;

б) ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса;

в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Ұрланған адамды өз еркімен босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2. Осы Кодекстің осы бабында және 126, 128 және 133-баптарында адамды пайдалану деп:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы;

2) кінәлінің алынған табыстарды иемденіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;

3) адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу;

4) кінәлі және (немесе) басқа адам үшін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаудан өзіне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесі өкілеттіктерін кінәлінің жүзеге асыруына байланысты өзге іс-әрекеттер түсініледі.

 

2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 126-бап өзгертілді

126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру

1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;

б) бiрнеше рет;

в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;

г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылған заттарды қолданып;

д) кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты;

е) кiнәлiге жүктілік жағдайында екендiгi көрiнеу анық әйелге қатысты;

ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

з) пайдакүнемдiк ниетте;

и) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалса,-

мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:

а) ұйымдасқан топпен жасалса;

б) бас бостандығынан заңсыз айрылған адамды пайдалану мақсатында жасалса;

в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -

мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 127-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру

1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет, егер ол:

а) пайдакүнемдiк ниетпен жасалса;

б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса;

в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 09.07.03 ж. № 480-II Заңымен 128-бап толықтырылды; 2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 127-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 128-бап жаңа редакцияда

128-бап. Адамды саудаға салу

1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, алу, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

б) бірнеше рет;

в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыта отырып;

г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданылып;

д) жүкті күйде екендігі кінәліге көрінеу белгілі әйелге қатысты;

е) екі және одан да көп адамға қатысты;

ж) транспланттау немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алу мақсатында;

з) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасалған;

и) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып жасаған;

к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;

л) психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екені кінәліге көрінеу белгілі адамға қатысты;

м) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған нақ сол әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты мұндай әрекеттерді жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -

мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:

а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;

б) олар абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге де ауыр салдарларға әкеп соқса, -

мүлкi тәркiленіп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Осы Кодекстің осы бабы мен 133-бабында сатып алу-сату деп бір тарап (сатушы) екінші тарапқа (сатып алушыға) адамды белгілі бір сыйақы үшін беретін, құқыққа қайшы өтеулі мәміле түсініледі.

2. Өзге мәмілелер - сыйға тарту (адамды басқа тұлғаға өтеусіз беру), айырбастау (адамды бірдеңеге алмастыру), алмастыру (бір адамды басқа адамға ауыстыру), жалға беру (адамды төлемақы үшін уақытша иеленуге және пайдалануға беру), адамды тараптар арасында жасалған мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, адамды төлемақы нысанасы ретінде пайдалану, адамды мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында беру және басқалар.

3. Егер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ықпал ету құралдарының кез келгені пайдаланылған болса, жәбірленушінің жоспарланған пайдалануға берген келісімі назарға алынбайды.

4. Осы Кодекстiң 113-бабында, 125-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 126-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 128, 132-1, 133, 270 және 271-баптарында көзделген қылмыстар адам саудасына байланысты қылмыстар болып танылады.

 

ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 129-бап өзгертілді

129-бап. Жала жабу

1. Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

3. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 130-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

130-бап. Қорлау

1. Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту -

жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

2-тарау. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар

 

131-бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту

1. Кәмелетке толмаған адамды он сегiз жасқа жеткен адамның қылмыстық iске тартуы -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -

екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер -

бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) қылмыстық қызметіне кәмелетке толмаған адамды тартуға байланысты әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 132-бап өзгертілді

132-бап. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту

1. Кәмелетке толмаған адамды есеңгiрететiн заттарды тұтынуға  не уытқұмарлыққа не спирттiк iшiмдiктердi ұдайы тұтынуға, не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту -

жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі мiндеттер өзiне жүктелген өзге де адам жасаған нақ сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген бiрнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -

алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

132-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту

1. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту -

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Кәмелетке толмаған адамды күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту, оның тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы не оны алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуға тарту -

мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған не бірнеше рет жасалған әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Мыналар:

а) ұйымдасқан топ жасаған;

б) оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге адам жасаған, осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген нақ сол әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 127-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 133-бап жаңа редакцияда

133-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу

1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, алу, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -

мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

б) бірнеше рет;

в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыта отырып;

г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданылып;

д) екі және одан да көп адамға қатысты;

е) транспланттау немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алу мақсатында;

ж) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасалған;

з) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып жасаған;

и) кәмелетке толмаған адамды қылмыстар немесе қоғамға жат өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;

к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;

л) жүкті күйде екендігі кінәліге көрінеу белгілі кәмелетке толмаған әйел адамға қатысты;

м) психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екендігі кінәліге көрінеу белгiлi кәмелетке толмаған адамға қатысты;

н) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған нақ сол әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты мұндай әрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -

мүлкі тәркіленіп, он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер:

а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;

б) олар абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге де ауыр салдарларға әкеп соқса, -

мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 134-бап өзгертілді

134-бап. Баланы ауыстыру

1. Баланы қасақана ауыстыру -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасалған дәл сол әрекет -

үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 135-бап өзгертілді

135-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету

Бала асырап алушының еркiне қайшы қызметтiк те немесе кәсiптiк құпия ретiнде бала асырап алу фактiсiн сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуi -

айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

 

136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау

1. Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы, -

бір жүз жиырма сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Кәмелетке толған, еңбекке жарамды адамның сот шешімі бойынша өзінің еңбекке жарамсыз ата-анасын күтіп-бағуға қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы -

бір жүз жиырма сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 137-бап өзгертілді

137-бап. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі мiндеттердi орындамау

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi педагогтiң немесе оқу, тәрбие беру, емдеу немесе өзге мекеменiң басқа қызметкерiнiң орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы, егер бұл әрекет кәмелетке толмаған балаға қатал қараумен ұштасса -

елу айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе жүз сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екі жыл мерзімге дейін бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 138-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

138-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi тиiсiнше орындамау

1. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi қызметi бойынша өзiне осындай мiндеттер жүктелген адамның не осы мiндеттердi арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе мұндай мiндеттердi ерiктi түрде өзiне алған адамның тиiсiнше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда жас баланың өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнге мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

138-1-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу

1. Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану бөлігінде, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы -

айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден жеті жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

б) бірнеше рет;

в) екі және одан да көп адамға қатысты;

г) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасалған;

д) психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екені кінәліге көрінеу белгілі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 139-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

139-бап. Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану

Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты пайдакүнемдiк немесе қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) балаға зиян келтiру үшiн өзге арам мақсаттарға пайдалану немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) баланы қасақана қадағалаусыз немесе қажеттi көмексiз қалдыру қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi нұқсан келтiруге әкеп соқса -

елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңына ; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 140-бап өзгертілді; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 140-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

140-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағудан жалтару

Еңбекке жарамды адамның сот шешімі бойынша еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы, мұны дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда, -

бір жүз жиырма сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

 

3-тарау. Адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына

 қарсы қылмыстар

 

141-бап. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу

1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тілі, дiнге көзқарасына сенiмi, тұрғылықты жерi, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына себептерiмен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу -

айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған дәл сол әрекет -

айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

141-1-бап. Қинау

1. Тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның, немесе өзге лауазымды адамның не олардың айдап салуымен немесе үнсіз келісімімен басқа адамның, не олардың білуімен қиналушыдан немесе үшiншi адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату, не ол жасаған немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiруi, -

айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) адамдар тобымен немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен;

б) бiрнеше рет;

в) денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiре отырып;

г) кiнәлi адам жүктi әйелге қатысты көрiнеу жасаса немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса, -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Дәл сол әрекет жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өлiмiне әкеп соқса, -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

Лауазымды адамдардың заңды iс-әрекетi нәтижесiнде келтiрiлген тән зардабы және психикалық зардап қинау деп танылмайды.

 

142-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу

1. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру - айлық есептік көрсеткiштің төрт жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды қолдану міндеті жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер осы әрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе -

айлық есептiк көрсеткiштің жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып немесе өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасаған, осы баптың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мәлiметтердi көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармаларда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында тарату -

қылмыс жасау жарағы немесе құралы болып табылатын мүлкі тәркіленіп не онсыз айлық есептiк көрсеткiштің бiр мыңнан екі мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2009.07.12. № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 143-бап өзгертілді

143-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу

1. Жеке тұлғалардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге хабарларының құпиясын заңсыз бұзу -

бір жүзден екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Адам өзiнiң қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған құралдарды пайдаланып жасаған нақ сол әрекет -

бір мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не заңсыз пайдаланатын арнаулы техникалық құралдары тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, өндiру, өткізу немесе сатып алу -

бес жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 144-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

144-бап. Дәрігерлік құпияны жария ету

1. Медициналық қызметкердiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттіліксiз адам бойында ВИЧ/ЖҚТБ бар екенi туралы мәлiметтердi хабарлау арқылы пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтерді жария етуi -

айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 145-бап өзгертілді

145-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу

1. Тұрғын үйге онда тұратын адамның еркiнен тыс басып кіру -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен немесе адамдар тобы жасаған, немесе түнгi уақытта, немесе заңсыз тiнтуге ұласа жасалған әрекет, сол сияқты тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау -

бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер -

сегiз жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 146-бап өзгертілді

146-бап. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау

1. Сайлаушының өзiнiң сайлау құқығын немесе референдумға қатысу құқығын еркiн жүзеге асыруына кедергi жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргiзу жөніндегі комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидатты, партиялық тiзiмдердi тiркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерiн анықтауға байланысты мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау -

елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттер:

а) пара берiп сатып алумен, алдаумен, күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен сабақтасса;

б) адам өзiнiң лауазымын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;

в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалса ;

г) электрондық сайлау жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртібін бұзу жолымен жасалса, -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 147-бап өзгертілді

147-бап. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу

1. Сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгізу, дауыстарды көпе-көрiнеу қате есептеу не сайлаудың нәтижелерiн немесе референдум қорытындыларын көпе-көрiнеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы әрекеттердi Қазақстан Республикасы Президентiне кандидаттың сенiмдi өкiлi, немесе депутаттыққа кандидаттың сенiмдi өкiлi жасаса, сол сияқты сайлау комиссиясының, немесе референдум жүргiзу жөніндегі комиссияның мүшесi жасаса, -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Электрондық сайлау жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртібін бұзу жолымен жасалған дәл сол әрекеттер, -

жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II ; 2007.15.05 № 253-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 148-бап өзгертілді; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 148-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

148-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу

1. Қызметкермен еңбек шартын заңсыз тоқтату, соттың жұмыста қайта қалпына келтiру туралы шешiмiн орындамау, сол сияқты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келуiне әкеп соққан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын өзге де бұзу -

жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

2. Әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату, сол сияқты мүгедекпен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмағанмен оның кәмелетке толмағандығы себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе еңбек шартын негізсіз тоқтату -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

3. Басқару қызметiн атқарушы адамның ақша қаражатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байланысты жалақының толық көлемiнде және белгiленген мерзiмде төленуiн бiрнеше рет кiдiртуi -

үш жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

149-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

150-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

150-1-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі келтіру

Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергі келтіруі, сол сияқты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып олардың заңды қызметіне араласуы, мұны дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда -

жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 151-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

151-бап. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергi жасау

Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергi жасау не оларға қатысуға мәжбүрлеу, егер бұл әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытумен жасаса -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 152-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

152-бап. Еңбектi қорғау ережелерiн бұзу

1. Қауiпсiздiк техникасын, өндiрiстiк санитария ережелерiн немесе еңбектi қорғаудың өзге де ережелерiн осы ережелердi сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару не белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 153-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

153-бап. Ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу

Адамның өз қызмет бабын пайдаланып не күш көрсету немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы ереуiлге қатысуға немесе заңды ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуi -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

154-бап. 09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 155-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

155-бап. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi келтiру

1. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне оны ақпарат таратуға не оны таратудан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергi келтiру -

елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, сол сияқты күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыта отырып жасаған әрекет -

екi жылға дейiнгi мерзімге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

4-тарау. Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар

 

156-бап. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу, тұтандыру немесе жүргiзу

1. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу немесе тұтандыру -

жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Басқыншылық соғысты жүргiзу -

он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 157-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

157-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру

1. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру -

үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет -

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

158-бап. Жаппай қырып-жою қаруын өндiру немесе тарату

Химиялық, биологиялық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрiн өндiру, сатып алу немесе өткізу -

бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 159-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

159-бап. Соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану

1. Әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұрғындарға қатыгездiкпен қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшiру, басып алынған аумақта ұлттық мүлiктi тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған құралдар мен әдiстердi әскери жанжалда қолдану -

алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану -

он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен 160-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

160-бап. Геноцид

1. Геноцид, яғни ұлттық, этникалық, нәсiлдiк немесе дiни топты осы топтың мүшелерiн өлтiру, олардың денсаулығына ауыр зардап кетiру, бала тууға күш пен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп бiреуге беру, күштеп көшiру не осы топтың мүшелерiн қырып-жоюға есептелген өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы толық немесе iшiнара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер -

он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен мазмұн екінші бөлікпен толықтырылды

2. Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекеттер -

он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

161-бап. Экоцид

Өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де iс-әрекеттердi жасау -

он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

162-бап. Жалдамалылық

1. Жалдамалыны жалдануға азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оны қарулы жанжалда немесе соғыс қимылдарында пайдалану -

төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып немесе кәмелетке толмағанға қатысты жасаған дәл сол әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Жалдамалының қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына қатысуы -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, адам қазасына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан iс-әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не мүлкi тәркiленiп өлiм жазасына немесе мүлкi тәркiленiп өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Материалдық сыйақы алу немесе өзге де бас пайдасы мақсатында iс-әрекет жасайтын және қарулы қақтығысқа қатысушы тараптың азаматы болып табылмайтын, оның аумағында тұрақты тұрмайтын және ресми мiндеттердi орындау үшiн басқа мемлекет жiбермеген адам жалдамалы деп танылады.

 

162-1-бап. Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу

Қазақстан Республикасы азаматының жалдамалылық белгілері болмаған кезде шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе әскери әрекеттерге қасақана құқыққа сыйымсыз қатысуы -

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

163-бап. Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау

1. Шетелдiк мемлекеттiң өкiлiне немесе халықаралық қорғау аясындағы халықаралық ұйымның қызметкерiне немесе онымен бiрге тұратын оның отбасы мүшелерiне, сондай-ақ халықаралық қорғау аясындағы адамдардың қызметтiк немесе тұрғын үй-жайларына не көлiк құралдарына шабуыл жасау, сол сияқты осы азаматтарды ұрлау немесе бас бостандығынан күштеп айыру, егер осы әрекеттер соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленiстiру мақсатында жасалса -

мүлiктерi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бiрнеше рет не қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып, не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған, не денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен ұштасқан не абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен; 19.02.02 ж. № 295-II  Заңымен; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 164-бап өзгертілді

164-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру

1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана iс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасына, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдiгiн насихаттау, егер осы әрекеттер көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты насихаттайтын әдебиет пен өзге ақпарат жеткізгіштерді тарату жолымен жасалса -

бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамдар тобымен немесе бiрнеше рет жасалған, немесе күш көрсетумен не оны қолданамын деп қорқытумен ұштасқан, сол сияқты өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, адам не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған нақ сол iс-әрекеттер -

бес жүзден үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан iс-әрекеттер -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

5-тарау. Мемлекеттiң конституциялық құрылысына және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар

 

165-бап. Мемлекеттік опасыздық

1. Мемлекеттік опасыздық, яғни қарулы жанжал кезiнде жау жағына өтiп кетуден, сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргiзуден, шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне өзге де көмек көрсетуден көрiнген, Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында жасаған қасақана әрекет -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал ұрыс жағдайында ауырлататын мән-жайлар кезiнде - он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен мазмұн екінші бөлікпен толықтырылды

2. Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта, сол сияқты осы Кодекстiң 166 және 168-баптарында көзделген қылмыстарды жасаған адам, егер ол мемлекеттік органдарға ерiктi және дер кезiнде хабарлауымен немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделерiне залал келтiрудi болдырмауға жәрдемдессе және оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 166-бап өзгертілді

166-бап. Шпионаж

Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне зиян келтiре отырып пайдалану үшiн беру немесе жинау, егер осы әрекеттердi шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

166-1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қол сұғушылық

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне оның заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған қол сұғушылық, -

он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңына сәйкес 167-бап жаңа редакцияда

167-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау

Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне оның мемлекеттік қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау, -

он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 168-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 168-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

168-бап. Билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы

1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған, сол сияқты Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекеттер, -

он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Қазақстан Республикасының, оның уәкiлеттi органдарының немесе лауазымды адамдарының құзырындағы өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы, -

бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

169-бап. Қарулы бүлiк

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын құлату немесе күштеп өзгерту не Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу мақсатында қарулы бүлiк ұйымдастыру не оған белсендi түрде қатысу -

он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңына ; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 170-бап өзгертілді

170-бап. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру

1. Өкiметтi күштеп басып алуға, өкiметтi күштеп ұстауға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге немесе конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұтастығын және оның аумағының бiрлiгiн күштеп бұзуға жария түрде үндеу, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды осы мақсатта тарату -

үш жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған нақ сол әрекеттер -

бiр мыңнан бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

171-бап. Диверсия

Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға, немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 172-бап жаңа редакцияда; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 172-бап өзгертілді

172-бап. Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету, тарату

1. Құжаттарды ұрлау, мемлекеттік құпияларды бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын сатып алу немесе қорқыту, байланыс құралдары арқылы қолға түсiру, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кіру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану жолымен не өзге де заңсыз әдiспен мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтер жинау, сол сияқты мемлекеттiк құпияларды құрайтын, заңсыз алынған мәлiметтердi тарату мемлекетке опасыздық немесе шпиондық белгiлерi болмаған жағдайда -

белгiлi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен не қылмыстық, азаматтық iс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге байланысты, сол сияқты жедел-iздестiру шараларын дайындау немесе жүргiзу барысында мәлiм болған мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен не қылмыстық, азаматтық iс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге байланысты, сол сияқты жедел-iздестiру шараларын дайындау немесе жүргiзу барысында мәлiм болған қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, егер бұл iрi залал келтiруге немесе өзге де ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда -

екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

үш жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы Кодекстiң 172, 173 және 386-баптарында iрi залал деп қылмыс жасалу сәтiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетін сомада келтiрiлген залал танылады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 173-бап жаңа редакцияда; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 173-бап өзгертілді

173-бап. Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту

1. Адамның өзiне қызмет немесе жұмыс бабымен сенiп тапсырылған мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды, сол сияқты олар туралы мәлiметтер мемлекеттік құпияны құрайтын заттарды жоғалтуы егер аталған құжаттар немесе заттар оларды пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдарынан жоғалса және iрi залал келтiруге немесе өзге ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса,-

бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамның өзiне қызмет немесе жұмыс бабымен сенiп тапсырылған қызметтiк құпиясы бар құжаттарды, сол сияқты олар туралы мәлiметтер қызметтiк құпияны құрайтын заттарды жоғалтуы, егер аталған құжаттар немесе заттар оларды пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдарынан жоғалса және iрi залал келтiруге немесе өзге ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

174-бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен құрамалары қатарына жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырудан жалтару -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн толықтыру үшiн одан әрi шақырудан жалтару -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

6-тарау. Меншiкке қарсы қылмыстар

 

175-бап. Ұрлық

1. Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау -

екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлiк құралының салонына заңсыз кірумен;

г) мұнай-газ құбырынан жасалған ұрлық -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Мынадай:

а) 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

б) iрi мөлшерде жасалған ұрлық -

в) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

мүлкi тәркiленiп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Мынадай:

а) ұйымдасқан топ жасаған;

б) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық, -

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

1. Осы Кодекстiң баптарында ұрлық деп пайдакүнемдiк мақсатта бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады.

2. Осы Кодекстің 184, 184-1-баптарын қоспағанда, осы тараудың баптарында iрi мөлшер немесе iрi залал деп қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептi көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн мүлiктiң құны мен залалдың мөлшерi танылады.

2-1. Осы тараудың баптарында аса iрi мөлшер немесе залал деп қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен екі мың есе асып түсетiн мүлiктiң құны немесе залалдың мөлшерi танылады.

3. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Меншiк құқығында ұйымға тиесiлi немесе оның қарамағындағы бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, алаяқтық жасау, иемденiп алу немесе ысырап ету жолымен жасалған ұсақ-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны жасауға кiнәлi адам заңға сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Егер ұрланған мүлiктiң құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын болса, ұрлық ұсақ-түйек ұрлау деп танылады.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 176-бап өзгертілді

176-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету

1. Иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) қызмет бабын пайдаланып жасалған нақ сол әрекеттер -

бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды:

а) 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

б) iрi мөлшерде жасаған болса -

в) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

г) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса-

мүлкi тәркiленiп және үш жылға дейiнгi, ал г) тармағында көзделген жағдайларда - жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:

а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;

б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -

мүлкi тәркiленiп және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айырып, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 177-бап өзгертілді

177-бап. Алаяқтық

1. Алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу -

екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық -

жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Мынадай:

а) 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

б) iрi мөлшерде жасалған алаяқтық -

в) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

г) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам жасаған алаяқтық, егер ол өз қызмет бабын пайдаланумен ұштасса, -

мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:

а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;

б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

177-1-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау

1. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы немесе оның құрылымдық бөлімшесін құру, сол сияқты оның қызметіне басшылық жасау -

бір мыңнан үш мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттерді:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша;

б) бірнеше рет;

в) өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

г) ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге де мүлікті тарта отырып жасаса -

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкі тәркіленіп және үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу кұқығынан айыра отырып, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Нақ сол әрекеттерді:

а) ұйымдасқан топ;

б) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса;

в) аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге де мүлікті тарта отырып жасаса - мүлкі тәркіленіп және үш жылға дейінгі, ал б) тармағында көзделген

жағдайларда - жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Осы бапта қаржылық (инвестициялық) пирамида деп тартылған қаражатты қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, осы активтерді қайта бөлу және бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін, не оған құқығын тартудан табыс алу (мүліктік пайда табу) жөніндегі қызмет түсініледі.

2. Қаржылық (инвестициялық) пирамидаға қатысқаны туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ қылмысты ашуға немесе оның жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен тұлға, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Осы тармақтың ережелері қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрған тұлғаға қолданылмайды.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 178-бап өзгертілді

178-бап. Тонау

1. Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы;

б) бiрнеше рет;

в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

г) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Мынадай:

а) 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

б) iрi мөлшерде жасалған тонау -

в) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:

а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;

б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -

мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына ; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 179-бап өзгертілді

179-бап. Қарақшылық

1. Қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған;

г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған;

д) денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен жасалған қарақшылық -

мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Мынадай:

а) 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

б) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып;

в) мүлiктi iрi мөлшерде ұрлау мақсатында жасаған қарақшылық -

г) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:

а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;

б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

180-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау

1. Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды ұрлау, ұрлықтың жасалу тәсiлiне қарамастан -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттi:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) бiрнеше рет жасалса;

в) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған заттардың немесе құжаттардың жойылуына, бұзылуына немесе бүлiнуiне әкеп соқса -

мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 181-бап өзгертілді

181-бап. Қорқытып алушылық

1. Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе күш қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратумен не жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай жолмен:

а) күш қолдану;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

в) бiрнеше рет жасалған қорқытып алу -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Мынадай жолмен:

а) 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

б) жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтіре отырып;

в) iрi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасаған қорқытып алу -

г) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:

а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;

б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -

мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 182-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 182-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

182-бап. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру

1. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен меншiк иесiне немесе өзге мүлiк иеленушiге ұрлық белгiлерiнсiз мүлiктiк залал келтiруді:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша жасауы;

б) бiрнеше рет;

в) қызмет бабын пайдаланып жасау -

төрт жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) ұйымдасқан топпен жасалғанда;

б) iрi залал келтiргенде -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.06.10. № 343-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 183-бап өзгертілді

183-бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату

1. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi алдын ала уәделеспей сатып алу немесе сату -

елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) автомобильге, мұнай және мұнай өнімдеріне немесе ірі мөлшердегі өзге мүлікке қатысты;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаса;

в) бірнеше рет жасалса, -

г) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып немесе мүлкi тәркiленiп немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген ұйымдасқан топ немесе адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 183-1-баппен толықтырылды

183-1-бап. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу

1. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды ірі мөлшерде тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу

қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттерді:

а) бірнеше рет;

б) ұйымдасқан топ жасаса, -

сотталған адамның мүлкі тәркіленіп не онсыз, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 184-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 90-III Заңымен (бұр. ред. қара) 184-бап жаңа редакцияда; 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 184-бап өзгертілді; 2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен 184-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

184-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу

1. Авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет автордың немесе өзге де құқық иеленушiнің құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян, оның ішінде елеулі залалға әкеп соқтырған айтарлықтай зиян келтiрсе, -

жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын елеулі мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, -

бес жүзден жеті жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

3. Электрондық цифрлық форматтағы туындылардың және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналарын алмастыруға, сақтауға, тасымалдауға одан әрі қол жеткізу үшін интернет-ресурстарды ұйымдастыру, құру арқылы елеулі залал келтірген авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, -

алты жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жүз сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

4. Осы баптың екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген:

а) бiрнеше рет;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;

в) iрi мөлшерде немесе iрi залал келтiрген;

г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2005.22.11 № 90-III  ҚР Заңымен 184-1-баппен толықтырылды; 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 184-1-бап өзгертілді

184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу

1. Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің, селекциялық жетістіктің немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнін, олар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланғанға дейін автордың немесе арыз берушінің келісімінсіз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушіге елеулі залал келтірсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірсе, -

жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті немесе интегралдық микросхема топологиясын елеулі мөлшерде жасалған заңсыз пайдалану, -

бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:

а) бірнеше рет;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;

в) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген;

г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

1. Егер залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектілері даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе acca, осы Кодекстің 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер елеулі залал келтірген немесе елеулі мөлшерде жасалған деп танылады.

2. Егер залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектілері даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе acca, осы Кодекстің 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер ірі залал келтірген немесе ірі мөлшерде жасалған деп танылады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)  185-бап өзгертілді

185-бап. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену

1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) -

бес жүз айлық есептік көрсеткіштен екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданумен не дәл сондай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -

бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған не iрi зиян келтiрген әрекеттер -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданумен не сондай күш қолданбақшы болып қорқытумен жасалған әрекеттер -

алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 186-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 186-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

186-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу

1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолдану арқылы не күш қолданамын деп қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тiнтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесiне заңсыз кiрiп кету, сол сияқты бөтен бiреудiң жер учаскесiн заңсыз басып алу -

айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi адамның өз қызмет бабын пайдаланып жасауы, -

айлық есептiк көрсеткiштің бес жүзден сегiз жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 187-бап өзгертілді

187-бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру

1. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру, едәуiр зиян келтiрсе -

айлық есептiк көрсеткiштің елуден бір жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттер:

а) өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi әдiстермен жасалса;

б) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса;

в) жәбiрленушiнiң өзiнiң қызметтiк немесе қоғамдық борышын орындауымен байланысты не өзiнiң жақын туыстары жөнiнде нақ сондай себептермен жасалса;

г) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық себептер бойынша жасалса, -

екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

а) абайсызда адам өлiмiне;

б) тарих, мәдениет ескерткiштерiн, табиғат кешендерiн немесе мемлекет қорғауға алған объектiлердi, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жоюға немесе бүлдiруге әкеп соққан әрекеттер -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асып түсетiн зиян мөлшерi елеулi зиян деп танылады.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 188-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 188-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

188-бап. Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру

Отпен немесе өзге де аса қауiптi көздермен абайсыз жұмыс iстеу салдарынан болған не абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан бөтен адамның мүлкін жою немесе бүлдіру -

айлық есептiк көрсеткiштің екі жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

 

7-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар

 

189-бап. 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) .

 

190-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк

1. Кәсiпкерлiк қызметтi тiркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсiпкерлiктiң тыйым салынған түрлерiмен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен байланысты болса -

айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттi:

а) ұйымдасқан топ жасаса;

б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып;

в) бірнеше рет жасаса, -

айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан бір жарым мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады..

Ескертулер.

1. Осы Кодекстiң 190, 191, 205-2 және 205-3-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс - iрi мөлшердегi табыс деп, сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс аса iрi мөлшердегi табыс деп танылады.

2. Осы Кодекстiң 190-бабында құны бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын тауарлар саны едәуір мөлшердегi тауарлар деп танылады.

3. Осы тараудың 190, 191, 192-1, 205-2, 205-3, 215, 216, 217, 219 және 220-баптарында ірі залал деп қылмыс жасау сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада азаматқа келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.

4. Осы тараудың 194, 198, 199, 200, 202, 202-1, 203, 204, 205 және 218-баптарында ірі залал деп қылмыс жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада азаматқа келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 104-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 191-бап өзгертілді

191-бап. Заңсыз банктiк қызмет

1. Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеуден өткiзбей немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен ұштасса -

айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттi:

а) ұйымдасқан топ жасаса;

б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып жасаса;

в) бірнеше рет жасаса, -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 225-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 192-бап жаңа редакцияда; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 192-бап өзгертілді

192-бап. Жалған кәсіпкерлік

1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген жағдайда, -

алты жүз елуден екі мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл сала отырып не онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттерді:

а) бірнеше рет;

б) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаса;

в) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса,-

екі мыңнан бес мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:

а) ұйымдасқан топ;

б) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса,-

үш мыңнан алты мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Осы Кодекстің осы бабында және 192-1-бабында құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, заңсыз табыс табуға және (немесе) өзге де мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.

2. Осы бапта ірі залал деп азаматқа айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада келтірілген залал танылады.

 

2009.08.12. № 225-IV ҚР Заңымен 192-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 192-1-бап өзгертілді

192-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы

Жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы),-

бес жүзден екі мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

ҚР 16.03.01 № 163-II Заңына сәйкес 193-баптағы ескерту толықтырылды; ҚР 25.09.03 ж. № 484-II  ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 104-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 193-бап өзгертілді

193-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыру (жылыстату)

1. Қылмыстардан алынатын кірістер болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару жолымен мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту, егер мүлік қылмыстардан алынатын кірістер болып табылатыны белгілі болса, мұндай мүліктің шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, орнын ауыстыру тәсілін, оған құқықтарды немесе оның тиесілілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану -

мүлкі тәркіленіп, бес жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып не онсыз, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттер:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) әлденеше рет;

в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасалса, -

жеті жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:

а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;

б) ұйымдасқан топ;

в) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) немесе iрi мөлшерде жасаса, -

бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайларда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Осы бапта жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомаға жасалған мәмiлелер немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті пайдалану iрi мөлшер деп танылады.

2. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырудың дайындалып жатқаны не жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстардың немесе өзге де қылмыстың құрамдары болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

3. Осы бапта конверсиялау деп шарттарды елеулі қайта жасау, өзгерту, ақшаның және (немесе) өзге мүліктің біреуін басқасына ауыстыру түсініледі.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 194-бап өзгертілді

194-бап. Несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану

1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлдiк мүлкi туралы, немесе несиенiң, демеу қаржының несиелеудiң жеңiлдiктi шарттарын алуға арналған елеулi мәнi бар өзге де мән-жайлар туралы көпе-көрiнеу жалған мәлiметтердi банкке немесе өзге де несие берушiге беру арқылы жеке кәсiпкердiң немесе ұйым жетекшiсiнiң несие, демеуқаржы не несиелеудiң жеңiлдiктi шарттарын алуы, сол сияқты несиелеудi, демеуқаржы берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердi жоюға не бөлiнген несие мен демеу қаржы мөлшерлерiн шектеуге әкеп соғатын мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге несие берушiге хабарламау, егер осы әрекеттер ірі залал келтiрсе -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтiрсе -

айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 194-1-баппен толықтырылды

194-1-бап. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану

Қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитент органдарының (эмитенттің лауазымды адамдарының) осы эмитенттің облигацияларын шығару проспектісінде белгіленген, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың шарттары мен тәртібін бұзуға әкеп соқтыратын шешімдер қабылдауы, егер бұл әрекет облигация ұстаушыларға ірі залал келтіретін болса, - айлық есептік көрсеткіштің он мыңнан жиырма мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жыл мерзімге түзеу жұмыстарына, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

Осы бапта iрi залал деп қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен он мың есе асатын сомада келтiрiлген залал танылады.

 

195-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

196-бап. Монополистік қызмет

1. Нарық субъектілерінің монополиялық жоғары (төмен) немесе келісілген бағаларды белгілеуі және (немесе) ұстап тұруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінен сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қайта сатуға аумақтық белгісі, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, саны не бағасы бойынша шектеулер белгілеуі, тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ассортименті, олардың өткізілу немесе сатып алыну көлемі, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлуі, сондай-ақ бәсекелестікті шектеуге бағытталған өзге де әрекеттер, егер олар жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не нарық субъектісінің ірі мөлшерде табыс табуымен ұштасқан болса, -

айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Бірнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған, не адамның қызмет бабын пайдалануымен жасалған нақ сол әрекеттер, -

айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып, сол сияқты бөтеннің мүлкін жойып немесе бүлдіріп не оның мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытып жасалған, қорқытып алу белгілері жоқ әрекеттер -

айлық есептік көрсеткіштің екі мыңнан бес мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Осы бапта iрi мөлшердегi табыс деп сомасы екi жүз мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс танылады.

2. Осы бапта iрi залал деп қылмыс жасалған кезде жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бір мың есеге асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен он мың есеге асатын сомада келтiрiлген залал танылады.

 

2008.25.12 № 113-IV ҚР Заңымен 197-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

197-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 198-бап өзгертілді

198-бап. Көрiнеу жалған жарнама беру

Жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты пайдалануы пайдакүнемдiк ниетпен жасалса және ірі залал келтiрсе, мұны бір жыл ішінде дәл осындай әрекет жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда, -

 екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 104-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 199-бап өзгертілді

199-бап. Тауар таңбасын заңсыз пайдалану

1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауды, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілеулерді заңсыз пайдаланғаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адамның нақ сондай әрекет жасауы -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Қазақстан Республикасында тiркелген тауар таңбасына немесе тауардың шыққан орнының атауына қатысты ескерту маркалауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бiрнеше рет жасалса немесе ірі залал келтiрсе -

жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 200-бап өзгертілді

200-бап. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету

1. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi, құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктiк құпияны бiлетiн адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен, байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кіру, арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлдермен жинау -

жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi олардың иесiнiң келісімiнсiз, бұл құпия қызметiне немесе жұмысына байланысты сенiп тапсырылған адамның пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының мүддесiнде заңсыз жария етуi немесе пайдалануы, бұл әрекет ірі залал келтiрсе -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

201-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 202-бап өзгертілді; 2013.13.06. № 104-V ҚР Заңымен 202-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

202-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзу

Көрінеу анық емес ақпараты бар эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісін бекіту, сол сияқты эмиссиялық бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу анық емес есепті бекіту, егер бұл әрекеттер ірі залал келтірсе, -

айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бір жүз айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 202-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 202-1-бап өзгертілді

202-1-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi

Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамдарының бағалы қағаздарды ұстаушыларға не эмитентке ірі залал келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -

үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айыра отырып, не онсыз, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 104-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 203-бап өзгертілді

203-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған мәлiметтер енгізу

1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрiнеу жалған мәлiметтер енгізу -

үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

2. Ірі залал келтірген нақ сол әрекет -

айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 204-бап өзгертілді

204-бап. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi

Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының ірі залал келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарындағы бағалы қағаздардың саны мен түрлерi туралы және бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -

үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 205-бап өзгертілді

205-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн бұзу

1. Ірі залал келтiрген бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн бұзу -

бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Бiрнеше рет не адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет -

мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу не белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 205-1-баппен толықтырылды; 2013.13.06. № 104-V ҚР Заңымен 205-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

205-1-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтерді жоғалту

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтер қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сеніп тапсырылған адамның оларды жоғалтуы, егер жоғалту көрсетілген құжаттарды сақтаудың және олармен жұмыс істеудің белгіленген қағидаларын бұзу нәтижесінде болса, -

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

205-2-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау

1. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау, егер мұндай іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса, -

бес жүзден бір мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не алты айдан екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Мынадай:

1) бірнеше рет жасалған;

2) аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан;

3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол іс-әрекет -

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Осы бапта бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау деп «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға орныққан бағадан жоғары немесе төмен баға белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағаз саудасының көрiнiсiн жасауға бағытталған әрекеттерi түсініледі.

2. Осы Кодекстің 205-2 және 205-3-баптарында ірі залал деп сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын залал танылады.

 

205-3-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану

1. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратты заңсыз беру, инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы ұсынымдарды немесе ұсыныстарды үшінші тұлғаларға беру жөніндегі қасақана әрекеттер, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса, -

бес жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыруға не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған;

2) аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта инсайдерлік ақпарат деп бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары), олармен жасалатын мәмiлелер туралы, сондай-ақ бағалы қағаздарды (туынды қаржы құралдарын) шығарған (берген) эмитент, ол жүзеге асыратын қызмет туралы, коммерциялық құпияны құрайтын анық ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беймәлім, жария болуы бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) құнының өзгеруіне және олардың эмитентінің қызметіне ықпал етуі мүмкін өзге де ақпарат түсініледі.

 

2007.08.01. № 210-III ҚР Заңымен 206-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

206-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалған банкноттары мен мәнеттерiн, мемлекеттік бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа бағалы қағаздарды не шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау немесе сақтау, сол сияқты сату -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттер:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) ірі мөлшерде жасалса, -

мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 207-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

207-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату

1. Жалған төлем карточкаларын, сол сияқты бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын сату мақсатында жасау немесе сату -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бiрнеше рет жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 16.07.99 ж. № 430-1 Заңына сәйкес 208-бап жаңа редакцияда; ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 104-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 208-бап өзгертілді

208-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану

1. Айтарлықтай зиян келтiруге әкеп соққан акцизделетiн тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзу, -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiн айыра отырып, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi түзеу жұмыстарына, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiн айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Көрінеу жалған акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткізу мақсатында әзірлеу немесе сатып алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткізу, -

айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып, бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз, айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Осы бапта айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асатын сомада келтiрiлген залал елеулі залал деп танылады.

2. Егер келтірілген залалдың орнын өз еркімен толтырған адамның әрекетінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, ол осы баптың бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

ҚР 25.09.03 ж. № 484-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 209-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 209-бап өзгертілді

209-бап. Экономикалық контрабанда

1. Кеден одағының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстiң 250-бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәндi декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткізудiң арнайы ережелерi белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткізу -

мүлкі тәркіленіп не онсыз, бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;

в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып;

г) аса ірі мөлшерде;

д) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, -

мүлкi тәркiленiп бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:

а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;

б) ұйымдасқан топ жасаса, -

мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткізілген тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде және егер өткізілген тауарлардың құны бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады.

 

210-бап. ҚР 09.07.98 ж. № 277-1 Заңына сәйкес алынып тасталды

211-бап. ҚР 09.07.98 ж. № 277-1 Заңына сәйкес алынып тасталды

212-бап. ҚР 09.07.98 ж. № 277-1 Заңына сәйкес алынып тасталды

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 213-бап өзгертілді

213-бап. Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау

Ұйым басшысының немесе жеке кәсіпкердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден iрi мөлшерде қайтармауы -

он мыңнан жиырма мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көзделген әрекет, егер қайтарылмаған ұлттық және шетел валютасындағы қаражат сомасы он бес мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, iрi мөлшерде жасалған деп танылады.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 214-бап өзгертілді

214-бап. Кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару

1. Кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын немесе басқа кедендiк төлемдерiн төлеуден жалтару әрекетi iрi мөлшерде жасалған болса, -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып;

в) ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық сыбайластықпен (қылмыстық ұйыммен) жасалса -

жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Егер төленбеген кеден төлемдерiнiң құны бес мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, кеден төлемдерiн төлеуден жалтару iрi мөлшерде жасалған деп танылады.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бересінің сомасын, есептелген өсімпұлдарды, айыппұлдар сомасын өз еркімен төлеген адамның әрекетінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, ол осы баптың бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

2008.05.07 № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 215-бап өзгертілді

215-бап. Оңалту және банкроттық кезіндегі заңсыз iс-әрекеттер

1. Мүлiктi немесе мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшерi, тұрған жерi туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенiң иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызмет көрiнiс табатын бухгалтерлiк және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттi оңалту немесе банкроттық жағдайында немесе банкроттықты күнiлгерi бiле отырып, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы), лауазымды адамы, органдары, сол сияқты дара кәсiпкер жасап ірі залал келтiрсе -

бiр мыңнан бір жарым мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Өзiнiң іс жүзіндегі дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсіпкердің, сол сияқты банкроттық рәсімі немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару бойынша өкiлеттiк берiлген адамның басқа кредиторларға көрiнеу нұқсан келтiре отырып, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекет iрi залал келтiрген болса, -

жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

216-бап. Әдейі банкроттық

Әдейi банкроттық, яғни заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсіпкердің жеке мүддесі үшін немесе өзге де тұлғалардың мүддесі үшін іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде жасалған, iрi залалға әкеп соқтырған төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту -

жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

216-1-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы - жеке тұлғаның, ірі қатысушысы - заңды тұлғаның бірінші басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындайтын тұлғаның қасақана іс-әрекеті (әрекетсіздігі) -

айлық есептік көрсеткіштің үш мыңнан алты мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не айлық есептік көрсеткіштің екі мыңнан төрт мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2008.05.07 № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 104-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 217-бап өзгертілді; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 217-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

217-бап. Жалған банкроттық

Заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң әрекеттері және (немесе) қабылдаған шешімдері нәтижесінде кредиторларға тиесiлi төлемдерді кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу немесе борыштарын азайту, сол сияқты борыштарын төлемеу үшiн кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзiнiң төлем қабілетсіздігі туралы көрiнеу жалған хабарлау, егер бұл әрекет iрi залал келтiрсе, -

сегіз жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 218-бап өзгертілді

218-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу

Бухгалтерлiк есеп жүргiзуге уәкiлеттi адамның заңдарда көзделген мәлiметтердi құжаттаудан жалтаруы не осы адамның бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржы қызметi туралы көпе-көрiнеу жалған ақпаратты енгізуi, сол сияқты ірі залал келтiрген бухгалтерлік құжаттамаларды олардың сақталу мерзiмi аяқталғанға дейiн жоюы -

үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

 

219-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беру

Банк қызметкерлерінің заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктің іс жүзіндегі қаржы жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беруі, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге әкеп соқса, -

жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 220-бап өзгертілді

220-бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану

1. Банк қызметкерлерiнiң банктiң өз қаражатын және (немесе) банктiң тартылған қаражатын көпе-көрiнеу қайтымсыз несие беру немесе банкке көпе-көрiнеу пайдасыз мәмiлелер жасау үшiн пайдалануы, сол сияқты банк клиенттерiне не басқа адамдарға негiзсiз банк кепiлін немесе негiзсiз жеңiлдiк шарттарын беруi, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтiрсе -

бес жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Банк қызметкерлерiнiң клиенттердiң банк шоттары бойынша ақша сомаларын, оның iшiнде валюта қаражатын көпе-көрiнеу дұрыс аудармауы немесе көпе-көрiнеу уақтылы аудармауы, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтiрсе -

бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңымен; 16.03.01 ж. № 163-II ҚР Заңымен; 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 221-бап өзгертілді

221-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы

1. Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшердегі салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса, -

екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет -

бес жүзден үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, азаматтың салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңымен; 16.03.01 ж. № 163-II ҚР Заңымен 222-бап өзгертілді; 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен 222-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 222-бап өзгертілді

222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару

1. Декларация табыс ету міндетті болып табылса да, декларацияны табыс етпеу не декларацияға кірістер және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу жолымен, салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштің жеті жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет, -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде көзделген алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Ұйымның салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуі, егер төленбеген салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдер сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде жасалған деп және егер төленбеген салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдер сомасы елу мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған деп танылады.

 

 

222-1-бап. Салық төлеушінің салық берешегі шотына билік ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттері

Билік етуге салық органдары шектеу қойған мүлікті ысырап етуі, иеліктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлкіне билік ету шектелген адамның осындай мүлікті беруден бас тартуы, кредит ұйымдары қызметшісінің салық органдары шығыс операцияларын тоқтатып қойған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 223-бап өзгертілді

223-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 224-бап өзгертілді

224-бап. Заңсыз сыйақы алу

1. Мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның мемлекеттік қызметтердi атқаруға уәкiлеттi адамы болып табылмайтын қызметкерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамының, сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқару қызметтерiн атқармайтын қызметкерiнiң өз мiндеттерi шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткенi үшiн материалдық сыйақыны, жеңiлдiктердi немесе мүлiктiк сипаттағы қызмет көрсетулердi заңсыз алуы, егер бұл әрекеттер қорқытып алумен байланысты болса, -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Бiрнеше рет немесе iрi мөлшерде сыйақы алумен байланысты жасалған дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер адамның алған сомасы немесе оған көрсетiлген қызметтiң құны үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен асса, заңсыз сыйақы алу iрi мөлшерде жасалған деп танылады.

225-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 226-бап өзгертілді

226-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету

1. Күш қолданамын деп, бөтеннiң мүлкiн жоямын немесе бүлдiремiн деп, сол сияқты жәбiрленушi мен оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделерiне едәуiр зиян тигiзуi мүмкiн мәлiметтердi таратамын деп қорқыту арқылы мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаса -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) күш қолданып;

в) ұйымдасқан топпен жасалса -

бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен 226-1-баппен толықтырылды

226-1-бап. Рейдерлік

1. Заңды тұлғаға қатысу үлесіне меншік құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкі мен бағалы қағаздарын заңсыз иемденіп алу немесе жиналыстар мен отырыстардың хаттамаларына, олардан үзінділерге дауыс берушілердің саны, кворумы немесе дауыс беру нәтижелері туралы көрiнеу дәйексіз мәліметтерді енгізу не дауыстарды санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердің есебін көрiнеу дәйексіз жүргізу, акционердің, басқару органына қатысушының, оның мүшесінің немесе атқарушы орган мүшесінің дауыс беруге нақты қолжетімділігін бұғаттау немесе шектеу, жиналыстардың, отырыстардың өтуі туралы мәліметтерді хабарламау не жиналыстардың, отырыстардың өтетін уақыты мен орны туралы дәйексіз мәліметтерді хабарлау, көрiнеу жалған сенімхат бойынша акционердің, басқару органына қатысушының немесе оның мүшесінің атынан дауыс беру жолымен, бағалы қағаздарды сатып алудың басым құқығын бұзу, шектеу немесе нұқсан келтіру жолымен жоғары органның шешім қабылдауы кезінде дауыс беру нәтижелерін қасақана бұрмалау не құқықты еркін іске асыруға кедергі келтіру нәтижесінде заңды тұлғаның үстінен бақылау орнату, сол сияқты бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру кезінде не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі бұзушылыққа әкеп соққан өзге де заңсыз тәсілдермен қасақана кедергілер жасау, -

бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) қызмет бабын пайдаланып жасалған әрекеттер, -

бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Нақ сол әрекеттерді:

а) ұйымдасқан топ;

б) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам жасаса, егер олар оның қызмет бабын пайдаланумен ұштасса,-

мүлкі тәркіленіп және үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 227-бап өзгертілді

227-бап. 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2007.08.01. № 210-III ҚР Заңымен 227-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 227-1-бап өзгертілді

227-1-бап. 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

7-1-тарау. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

 

227-2-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге құқыққа сыйымсыз қол жеткізу

1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан, машиналық жеткізгіште қамтылатын, заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге қасақана құқыққа сыйымсыз қол жеткізу - екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

2. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет -

екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлiктерінде көзделген, абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

227-3-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру

1. Машиналық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, -

екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Мынадай:

1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты;

2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған дәл сол іс-әрекеттер -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) ұйымдасқан топ жасаған;

2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

227-4-бап. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу

1. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзуға бағытталған қасақана әрекеттер (әрекетсіздік) -

екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты;

2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған дәл сол іс-әрекеттер -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) ұйымдасқан топ жасаған;

2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

227-5-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу

1. Машиналық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, -

екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

2. Мынадай:

1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты;

2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған дәл сол іс-әрекеттер -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) ұйымдасқан топ жасаған;

2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

227-6-бап. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу

1. Машиналық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндіру арқылы, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді тарату не жариялануы жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді тарату қатерін төндіру арқылы беруге мәжбүрлеу -

екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамға немесе оның жақындарына күш қолданылып жасалған;

2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған;

3) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстардан немесе ұлттық ақпараттық жүйелерден ақпарат алу мақсатында жасалған дәл сол іс-әрекет -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) ұйымдасқан топ жасаған;

2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

227-7-бап. Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату

1. Машиналық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру, пайдалану, компьютердің, компьютерлік бағдарламаның, ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу мақсатында компьютерлік бағдарламаларды, бағдарламалық өнімдерді жасау немесе қолданылатын бағдарламаларға немесе бағдарламалық өнімдерге өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаларды қасақана пайдалану және (немесе) тарату -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған;

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;

3) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) ұйымдасқан топ жасаған;

2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

227-8-бап. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату

1. Азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе өздерінің меншік иесімен немесе иеленушімен қол жетімділігі шектелген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған;

2) пайдакүнемдік ниетпен жасалған;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) ұйымдасқан топ жасаған;

2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

227-9-бап. Құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну

1. Ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешендерді құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін ұсыну бойынша көрінеу құқыққа қарсы қызметтер көрсету -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол іс-әрекет -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

227-10-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату

1. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын өзгерту, ұялы байланыс абонентінің сәйкестендіру картасының телнұсқасын жасау, егер бұл әрекеттер өндірушінің немесе заңды иесінің келісімінсіз жасалса, -

үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

2. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентінің сәйкестендіру картасының телнұсқасын жасауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату -

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

8-тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар

 

228-бап. Өкiлеттiктердi теріс пайдалану

Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамның өз өкiлеттiктерiн осы ұйымның заңды мүдделерiне қарсы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса -

бес жүзден сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан төрт жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы Кодекстiң баптарында мемлекеттік орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы не мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам деп танылады.

2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 229-бап өзгертілді

229-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы

1. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитордың немесе аудиторлық ұйым жетекшісінің өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар, немесе ұйымдар үшiн пайда табу және артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе -

бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Көпе-көрiнеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлетi жоқ адамға қатысты не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -

жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 230-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

230-бап. Жекеше күзет қызметi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалану

1. Жекеше күзет қызметi басшысының немесе қызметшiсiнiң лицензияға сәйкес, өздерiне берiлген өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қарамастан асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Қару немесе арнаулы құралдар қолданып немесе ауыр зардап келтiрген дәл сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес; 2009.07.12. № 222-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 231-бап өзгертілді

231-бап. Коммерциялық сатып алу

1. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлiк беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн, сондай-ақ қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін оған мүлiктiк сипаттағы заңсыз қызмет көрсету -

бес жүзден сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер -

сегіз жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметiн атқаратын адамның заңсыз ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлiк алуы, сондай-ақ өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн, сондай-ақ қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін мүлiктiк сипатта көрсетiлген қызметтi пайдалануы -

бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттер, егер олар:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;

б) бiрнеше рет;

в) қорқытып алумен байланысты;

г) ірі мөлшерде жасалған болса, -

екі мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не алты жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың үшіншi және төртінші бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалған болса, -

үш мыңнан бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол қылмыстық iс қозғауға құқығы бар органға сатып алушылық туралы өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2. Бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда мүлiктi беру немесе алу, мүлiктiк сипаттағы қызметтер көрсету немесе мұндай қызметтердi сыйлық немесе сыйақы ретiнде пайдалану егер мүлiктiң немесе қызметтердiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болса, онша маңызды болмауы себептi қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк ретпен қудаланады.

3. Осы бапта заңсыз алынған ірі мөлшердегі ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлік деп бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны танылады.

4. Осы бапта заңсыз алынған аса ірі мөлшердегі ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлік деп екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны танылады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 232-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

232-бап. Мiндеттерiне адал қарамау

Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқарушы адамның қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн атқармауы немесе тиiстi дәрежеде атқармауы, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -

айлық есептiк көрсеткiштің жеті жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

9-тарау. Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар

 

233-бап. Терроризм актісі

1. Жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту, - төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) бірнеше рет;

б) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндiретін қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолдана отырып жасалса, -

жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:

а) жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивті материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және жаппай уландыруды, эпидемия мен эпизоотияны таратуды, сондай-ақ адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де іс-әрекеттерді жасауға немесе жасаймын деп қорқытуға ұштасса;

б) абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен төртінші бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өмiріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң өмiрiне қастандық жасау, - не халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға, жайларға, ғимараттарға шабуыл жасаумен, адамды кепілге алумен, жайларды, ғимараттарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су көлігін, жылжымалы темір жол құрамын не өзге де қоғамдық көлікті айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өміріне қол сұғу

он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен ескерту жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Ескертулер.

1. Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға септігін тигізсе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2. Осы Кодекстің 162, 163, 166-1, 167, 171, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 233-4, 233-5, 234, 238, 239-баптарында көзделген қылмыстар террористік қылмыстар деп танылады.

 

ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңына сәйкес 233-1 баппен толықтырылды; 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 233-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

233-1-бап. Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру

1. Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату, -

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып не бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған не бір топ адам жасаған нақ сол әрекеттер, -

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңына сәйкес 233-2 баппен толықтырылды

233-2-бап. Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу

1. Террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру (террористік топ), сондай-ақ оған басшылық ету, -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Террористік топтың қызметіне немесе ол жасаған терроризм актілеріне қатысу, -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2005.08.07  № 67-III ҚР  Заңымен 233-3-баппен  толықтырылды; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 233-3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 233-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 233-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

233-3-бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу

1. Жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік немесе экстремистік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік немесе экстремистік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік немесе экстремистік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті беруі немесе жинауы, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, демеушілік және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызмет көрсетуі -

мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бірнеше рет жасалған нақ сол әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

Күш қолдану қатерімен террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесуді жүзеге асырушы және ол туралы ерікті түрде мәлімдеуші, сондай-ақ қылмыстың ашылуына немесе жолын кесуге белсенді түрде жәрдемдескен адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

233-4-бап. Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру

1. Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру -

мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

233-5-бап. Террористік немесе экстремистік дайындықтан өту

Адамның террористік немесе экстремистік қылмыс жасаудың қыр-сыры мен дағдыларын игеруіне үйренушінің көрінеу бағытталған дайындықтан, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде дайындықтан өтуі -

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көзделген қылмысты жасаған адам, егер ол дайындықтан өткені туралы ерікті түрде хабарласа, осындай дайындықтан өткен, осындай дайындықты жүзеге асырған, ұйымдастырған немесе қаржыландырған басқа адамдарды анықтауға септігін тигізсе, оның өткізілген жері туралы ақпарат берсе, егер оның әрекеттерінде қылмыстың өзге құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

234-бап. Адамды кепiлге алу

1. Кепiлге алынған адамды босату шарты ретiнде мемлекеттi, ұйымды немесе азаматты қандай да бiр iс-әрекет жасауға немесе қандай да бiр iс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында адамды кепiлге немесе кепiлдiк ретiнде ұстау -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттер:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып;

г) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып;

д) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

е) айыптыға жүктілік жағдайы көрiнеу мәлiм әйелге қатысты;

ж) көпе-көрiнеу дәрменсiз күйдегi адамға қатысты;

з) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

и) пайдакүнемдiкпен немесе жалдау арқылы жасалса -

жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -

он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Кепiлге алынған адамды өз еркiмен немесе өкiметтiң талап етуi бойынша босатқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

ҚР 16.03.01 № 163-II Заңына сәйкес 235-бап өзгертілді; 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 235-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

235-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу

1. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру, сол сияқты оны басқару -

мүлкi тәркiленiп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топқа қатысу, -

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -

мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

Осы Кодекстің 235, 235-1, 235-2, 235-3, 237-баптарында ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға), трансұлттық ұйымдасқан топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандаға) қатысуын өз еркімен тоқтатқан және ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасайтын немесе жасаған қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсенді түрде жәрдемдескен адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

235-1-бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу

1. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру не оны басқару, сол сияқты ұйымдасқан топтар басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бірлестігін құру немесе дербес әрекет ететін ұйымдасқан топтардың қылмыстық іс-әрекеттерін үйлестіру -

мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ұйымдасқан топтар басшыларының қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға) қатысуы -

мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Қылмыстық іс-әрекеттерді үйлестіру, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып үйлестіру мақсатында ұйымдасқан топтар басшыларының, өзге де қатысушыларының жиналысына қатысу, -

мүлкi тәркiленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -

мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген әрекеттерді ұйымдасқан топтардың басшылары арасында жетекші орындағы адам жасаса, -

мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

1. Қылмыстық іс-әрекеттерді үйлестіру деп бірлесіп қылмыстар жасау мақсатында ұйымдасқан топтар арасында оларды келісуді (ұйымдасқан топтар басшыларының немесе өзге де қатысушыларының арасында тұрақты байланыстар орнатуды, қылмыс жасау үшін жоспарлар әзірлеп, жағдайлар жасауды, сондай-ақ қылмыстық ықпал ету аясын, қылмыстық әрекеттен түсетін табысты бөлісуді) түсіну керек.

2. Жетекші орындағы адам деп ұйымдасқан топтардың басшылары қылмыстық іс-әрекеттерді үйлестіру жөніндегі өкілеттіктерді берген адам танылады.

 

2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 235-2-баппен толықтырылды  

235-2-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу

1. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру, сол сияқты оны басқару -

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысу, -

мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -

мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 235-3-баппен толықтырылды  

235-3-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу

1. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру, сол сияқты оны басқару -

мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) қатысу -

мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -

мүлкi тәркiленiп, он жеті жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 235-4-баппен толықтырылды  

235-4-бап. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу

1. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру -

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) не трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) қатысушысының мүлікті жинауы, сақтауы, бөлуі, сондай-ақ қаржыландыру арналарын әзірлеуі,-

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -

мүлкi тәркiленiп, жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

1. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қылмыстық қызметін қаржыландыру деп қылмыстық әрекетін жүзеге асыру мақсатында ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға), трансұлттық ұйымдасқан топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандаға) мүлікті беруді, қаржылық қызмет көрсетуді түсіну керек.

2. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыруды күш көрсетіп қорқыту арқылы жүзеге асырған және бұл туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 236-бап өзгертілді

236-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құраманы ұйымдастыру

1. Заңсыз әскерилендiрiлген құрама (бiрлестiк, отряд, жасақ немесе өзге де топ) құру, сол сияқты ондай құраманы басқару -

екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Заңсыз әскерилендiрiлген құрамаға (бiрлестiк, отрядқа, жасаққа немесе өзге де топқа қатысу) -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Заңсыз әскери құрамаға қатысуын ерiктi түрде тоқтатқан және қаруы мен әскери жабдығын тапсырған адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 237-бап өзгертілді; 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 237-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

237-бап. Бандитизм

1. Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты (банданы) басқару -

мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысу -

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса -

мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 238-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

238-бап. Үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау

1. Үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттер:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып;

г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын басқа заттарды қолдана отырып;

д) пайдакүнемдiк ниетiмен немесе жалдау арқылы;

е) мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына қатысты жасалса, -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жеті жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

239-бап. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бiрдей қолға түсiру

1. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты осындай көлiк пен құрамды айдап әкету мақсатында басып алу -

екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттер:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып;

г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып жасалса -

жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -

сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

240-бап. Теңiз қарақшылығы

1. Теңiз немесе өзен кемесiне бөтеннiң мүлкiн басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып шабуыл жасау -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бiрнеше рет, не қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған дәл сол әрекет -

мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не абайсызда кiсi өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 241-бап өзгертілді

241-бап. Жаппай тәртiпсiздiктер

1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сол сияқты олардың өкiмет өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру -

төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаппай тәртiпсiздiкке қатысу -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру -

айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 19.02.02 ж. № 295-II ҚР Заңымен; 09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 242-бап өзгертілді

242-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау

Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, -

екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

242-1-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату

1. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату -

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған;

2) қызмет бабын пайдалана отырып;

3) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет -

бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі нұқсан немесе басқа да ауыр зардаптар келтірген іс-әрекеттер -

жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

1) ұйымдасқан топ жасаған;

2) төтенше жағдайда немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не көпшілік іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер -

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта ірі көлемдегі нұқсан деп азаматқа айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген сомасында келтірілген нұқсан не ұйым мен мемлекетке айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген сомасында келтірілген нұқсан танылады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 243-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

243-бап. Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезiнде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтердi заңсыз экспорттау

Жаппай зақымдау қаруын, олардың жеткізу құралдарын, қару жарақ және әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн және арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызмет көрсетулердi заңсыз экспорттау -

жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 244-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

244-бап. Атом энергетикасы объектiлерiнде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу

1. Атом энергетикасы объектiлерiн орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу, егер ол кiсi өлiмiне немесе қоршаған ортаның радиоактивтiк зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкiн болса -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе қоршаған ортаның радиоактивтiк зақымдануына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырған дәл сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 245-бап өзгертілді

245-бап. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу

1. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзгенде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -

бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2007.08.01. № 210-III ҚР Заңымен 245-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 245-1-бап өзгертілді

245-1-бап. Сапасыз құрылыс

1. Құрылыс ұйымдары басшыларының, жұмыс жүргізушілердің және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, электр станцияларын, тұрғын үйлерді немесе өзге де құрылыс объектілерін пайдалануға тапсыруы және (немесе) пайдалануға қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуі, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр зиян келтіруге әкеп соқса, -

бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 246-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

246-бап. Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу

1. Жарылыс қаупi бар объектiлерде немесе жарылыс қаупi бар цехтарда қауiпсiздiк ережелерiн бұзу, егер бұл кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкiн болса -

бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2012.06.01. № 529-ІV Заңымен 246-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

246-1-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу

1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -

айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекет -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңына сәйкес 247-бап жаңа редакцияда; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 247-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

247-бап. Радиоактивтi материалдармен заңсыз жұмыс iстеу

1. Радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, пайдалану, бүлдіру немесе көму, -

екі жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Радиоактивті материалдарды заңсыз өткізу, сондай-ақ өткізу мақсатымен радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)  248-бап өзгертілді

248-бап. Радиоактивтi материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу

1. Радиоактивтi материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу -

жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттер:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) адам өз қызмет бабын пайдаланып;

г) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдана отырып, не осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып жасалса -

мүлкi тәркiленiп не онсыз төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

а) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып;

б) ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер -

в) алып тасталды

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 249-бап өзгертілді

249-бап. Радиоактивтi материалдармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу

1. Радиоактивтi материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерiн және олармен жұмыс iстеудiң басқа да ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттердiң кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелуi мүмкiн болса, -

бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -

жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

31.05.02 ж. № 327-II ҚР Заңымен; 2005.08.07  № 67-III  ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен  (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 250-бап өзгертілді

250-бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы

1. Кедендiк бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалана отырып, тауарларды, атап айтқанда есірткі заттарды, психотроптық, күштi әсер ететiн, улы, уландырғыш, радиоактивтi немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрiлердi, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерiн, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтарды кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу не заңсыз өткізу-

мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалана отырып;

в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға  күш қолдана отырып;

г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ;

д) есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса, -

мүлкі тәркіленіп,жеті жылдан он екі жылға дейінгі  мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым)  жасаған әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, өте ірі мөлшерде жасалған, есірткі немесе психотроптық заттарға байланысты әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес; 2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 251-бап өзгертілді

251-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру

1. Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшы мылтығынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, бiреуге беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру -

айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл сала отырып не онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер -

үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi ұйымдасқан топ жасаса -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Суық қаруды алып жүру, аңшылық кәсiпшiлiкке байланысты болатын реттердi қоспағанда, қанжарларды, фин пышақтарын немесе басқа да суық қаруды заңсыз алып жүру немесе сату -

жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып не онсыз бiр жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара) Заңдарына сәйкес 252-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 252-бап өзгертілді

252-бап. Қаруды заңсыз жасау

1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн заңсыз жасау немесе жөндеу, сол сияқты оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын заңсыз жасау -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасалған немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер -

үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi ұйымдасқан топ жасаса -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Газ қаруын, суық қаруды, оның iшiнде лақтырғыш қаруды заңсыз жасау -

екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсетісішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 253-бап өзгертілді

253-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау

Атыс қаруын оны басқа адамның пайдалануы үшiн жағдай туғызған ұқыпсыз сақтау, егер ол ауыр зардаптарға әкеп соқса -

екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 254-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

254-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі мiндеттердi тиiсiнше атқармау

1. Атыс қаруын, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын күзету тапсырылған адамның өз мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, егер бұл олардың ұрлануына немесе жойылуына не өзге ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса -

екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Жаппай қырып-жоятын қаруды не жаппай қырып-жоятын қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды күзету жөніндегі мiндеттердi тиiсiнше орындамау, егер ол ауыр зардапқа әкеп соқса немесе олардың пайда болу қаупiн тудырса -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 255-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

255-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу

1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар немесе жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды ұрлау не қорқытып алу -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:

а) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса;

б) әлденеше рет;

в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану, не осындай күш қолданбақшы болып қорқыту арқылы;

г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалса -

мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:

а) ұйымдасқан топ жасаса;

б) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану немесе осындай күш қолданбаумен қорқыту арқылы жасалса -

в) алып тасталды

мүлкiн тәркiлеп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 256-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

256-бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу

1. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзуы, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекеттік iрi зиян келтiруге әкеп соқса -

жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бас бостандығын екi жылға дейiнгi мерзiмге шектеуге, не белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсыздан кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта iрi көлемдегi залал деп қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн сомада жеке адамға келтiрiлген залал не айлық есептiк көрсеткiштен бiр мың есеге асып түсетiн сомада ұйымға немесе мемлекетке келтiрiлген залал танылады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 257-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 257-бап өзгертілді

257-бап. Бұзақылық

1. Бұзақылық яғни қоғамды анық құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылық -

екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет, егер оны:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) өкiмет өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі мiндеттi атқарушы немесе қоғамдық тәртiптi бұзуға тыйым салушы өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;

в) бірнеше рет жасаса, -

жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдану әрекетi арқылы жасалған бұзақылық -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 258-бап өзгертілді

258-бап. Тағылық

Тағылық, яғни үйлердi немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық адамгершiлiктi қорлайтын өзге де iс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлiкте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру -

жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

10-тарау. Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыстар

 

259-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды  заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату

1. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1-1. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау -

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өңдеу, жөнелту не өткізу -

мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2-1. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өңдеу, жөнелту не өткізу-

мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізудi:

а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса;

б) әлденеше рет;

в) есiрткi заттарға немесе психотроптық  заттарға қатысты  өте  iрi мөлшерде ;  

г) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізудi:

а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса;

б) білім беру ұйымдарында жасаса;

в) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаса, -

мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өз еркiмен тапсырған немесе есiрткi заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған және есiрткi заттардың немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлiктi табуға белсендi көмек көрсеткен адам осы бап  және осы Кодекстің 250-бабы (есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты бөлігінде) бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2. Есірткі заттар мен психотроптық заттардың мөлшері «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қоса берілген Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды және прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде белгіленеді.

 

  2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен  260-бап өзгертілді  (бұр. ред. қара)  

260-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу

1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық  заттарды ұрлау не қорқытып алу -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттердi:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса;

б) әлденеше рет;

в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалану арқылы;

г) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -

мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, оларды:

а) ұйымдасқан топ;

б) iрi мөлшерде есiрткi заттар немесе психотроптық заттар жөнiнде;

в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -

мүлкiн тәркiлеп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген өте ірі мөлшерде есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты жасалған әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 261-бап өзгертілді  

261-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндiру

1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндiру -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;

б) әлденеше рет жасалса, -

в) 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен   алып тасталды (бұр. ред. қара)

г) 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен   алып тасталды (бұр. ред. қара)

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер:

а) көрінеу кәмелетке толмаған адамға не екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;

б) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалса, -

жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 262-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

262-бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру

1. Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сорттарын өсiру -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттер:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;

б) әлденеше рет;

в) iрi мөлшерде жасалса -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 263-бап жаңа редакцияда ; 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен  263-бап өзгертілді  (бұр. ред. қара)  

263-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы

1. Есiрткi заттар немесе психотроптық заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе ұқсатуға арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, ұқсату, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізу, -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды дайындау немесе ұқсату үшiн пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізу, -

алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, бiр адамның немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобының осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген немесе әлденеше рет жасаған әрекеттерi, -

бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Ұйымдасқан топ жасаған, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп, жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен  264-бап өзгертілді  (бұр. ред. қара)  

264-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау  немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру

1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау  немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру -

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған, немесе әлденеше рет жасалған, немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 265-бап өзгертілді

265-бап. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу

1. Есiрткi заттарды, психотроптық  немесе улы заттарды өндiру, жасау, ұқсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттi аталған ережелердi сақтау мiндетiне кiретiн адам жасаса -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Есiрткi заттардың, психотроптық немесе улы заттардың ұрлануына не өзге елеулi зиян келтiрiлуiне әкеп соққан дәл сол әрекет -

екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 266-бап толықтырылды; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 266-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 266-бап өзгертілді  

266-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау

1. Қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқса, -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адам өліміне әкеп соқтырған әрекет, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, лауазымды адам жасаған, адам өліміне әкеп соқтырған әрекеттер, -

айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 267-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

267-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелердi бұзу

1. Абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соққан санитария-эпидемиологиялық ережелердi бұзу -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 268-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

268-бап. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру

1. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына, не қоршаған ортаға қауiп төндiретiн оқиғалар, фактiлер немесе құбылыстар туралы ақпаратты халықты осындай ақпаратпен қамтамасыз етуге мiндеттi адамның жасыруы немесе бұрмалауы -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда адамның денсаулығына зиян келтiруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -

жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 269-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

269-бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету

1. Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтiң қауiпсiздiк талаптарына сай келетiндiгiн куәландыратын ресми құжатты заңсыз беру немесе пайдалану, егер бұл әрекеттер абайсызда адам өмiрiне зиян келтiруге әкеп соқса -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттер, егер олар:

а) жас балаларға арналған тауарлар, жұмыс немесе қызмет жөнiнде жасалса;

б) абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына зиян келтiрiлуiне әкеп соқса;

в) абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соқса -

жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -

төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 269-1-баппен толықтырылды

269-1-бап. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру

1. Ойын мекемесін заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті ұйымдастыру, сол сияқты ойын мекемесін көрінеу заңсыз ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін үй-жайлар беру -

бес жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салып не онсыз мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттер:

а) кәмелетке толмаған адамды пайдаланып немесе оның құмар ойындарына қатысуымен;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

в) ірі мөлшерде табыс алумен жасалған болса;

г) оларды өзінің қызмет жағдайын пайдаланған адам жасаған болса, -

бір мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салып не онсыз мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:

а) ұйымдасқан топ;

б) аса ірі мөлшерде табыс алумен;

в) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам өзі немесе сенімді адамы арқылы заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан жасаған болса, егер бұл әрекеттер мұндай қызметте жеңілдіктер мен артықшылықтар берумен немесе өзге нысандағы қамқоршылығымен байланысты болса, -

үш мыңнан он мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салып не онсыз мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта ірі мөлшердегі табыс деп бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы табыс, ал аса ірі мөлшердегі табыс деп бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы табыс танылады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара): 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 270-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 127-V ҚР Заңымен 270-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

270-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту

1. Күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту, тәуелдi жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкiн жою немесе бүлдiру арқылы не алдау арқылы жезөкшелiкпен айналысуға тарту -

мүлкі тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған не бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет -

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Ұйымдасқан топ жасаған нақ сол әрекет -

мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 271-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 127-V ҚР Заңымен 271-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

271-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық

1. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық -

мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

б) бірнеше рет;

в) көрінеу кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарта отырып жасалған нақ сол әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 272-бап өзгертілді 

272-бап. Дәрiлiк немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау

1. Есiрткi заттарға немесе психотроптық заттарға жатпайтын дәрiлiк немесе басқа құралдар мен заттарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жай беру -

екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi ұйымдасқан топ жасаса -

екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 273-бап өзгертілді 

273-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату

Порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, тарату, жарнамалау, сол сияқты порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, суреттердi немесе өзге де заттарды заңсыз сату -

бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сол сияқты оларды жасау немесе молықтыру құралдарын тәркiлеп, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 273-1-баппен толықтырылды

273-1-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту

1. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария көрсету немесе жарнамалау мақсатында жасау, сақтау немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу не тарату, жария көрсету немесе жарнамалау-

порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе қайта көрсету құралдарын тәркілеп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Жасы он сегізге толған адамның порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін орындаушылар ретінде кәмелетке толмағандарды тартуы, -

порнографиялық материалдарды және заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе қайта көрсету құралдарын тәркілеп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

а) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаған;

б) көрінеу жасы он төртке толмаған адамға қатысты жасалған;

в) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе көшірмесін шығару құралдарын тәркілеп, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 274-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

274-бап. Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату

Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын кино- және бейне материалдарды және басқа туындыларды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, таратуды, жарнамалау, көрсету, сондай-ақ қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын баспа басылымдарын, кино- немесе бейне материалдарды заңсыз сату -

бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды, сол сияқты оларды жасау немесе молықтыру құралдарын тәркiлеп, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 275-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 275-бап өзгертілді 

275-бап. Өлгендердiң мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау

1. Өлгендердiң мәйiттерiн қорлау не олар жерленген жерлердi, құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсiмдер өткізуге арналған зират үйлерiн жою, бүлдiру немесе аяққа басу -

жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттердi:

а) әлденеше рет;

б) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;

в) ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни өштiк не араздық тұрғысында;

г) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалса -

бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен 275-1-баппен толықтырылды

275-1-бап. Адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу

1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адам мәйітінің органдарын немесе тінін заңсыз алу сол сияқты адам мәйітінің органдары мен тініне қатысты мәмілелер жасасу -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттер:

а) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен;

б) бірнеше рет;

в) өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып жасалғанда, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 276-бап өзгертілді

276-бап. Жануарларға қатыгездiк жасау

1. Жануарларға олардың өлуiне немесе мертiгуiне әкеп соққан қатыгездiк жасау, егер бұл әрекет бұзақылық пиғылмен немесе жауыздық әдiстердi қолданып немесе жас балалардың көзiнше жасалса -

жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, немесе ұйымдасқан топ жасаған, немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -

бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

11-тарау. Экологиялық қылмыстар

 

277-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы

Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу кезiнде, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери және ғарыш қызметiне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшiн жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуiр ластануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 278-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

278-бап. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру мен пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы

1. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi зиян келтiру қаупiн төндiрсе -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, не өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсыздан адамдардың жаппай сырқаттануына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 279-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

279-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылуы

1. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттердi немесе токсиндерді жинап қою, жою немесе көму кезiнде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасына ұқсату, сақтау немесе көму үшiн заңсыз әкелу, егер бұлар адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi зиян келтiру қатерiн туғызса -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, не өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда адамдардың жаппай ауруына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекет -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 280-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

280-бап. Ветеринарлық ережелердi және өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердiң бұзылуы

1. Ветеринарлық ережелердi бұзу iндеттерге немесе өзге де зардаптарға әкеп соқса -

бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердi бұзу, ауыр зардаптарға әкеп соқса -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 281-бап өзгертілді

281-бап. Суларды ластау, бiтеу және сарқу

1. Жер бетi немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау, бiтеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерiн өзге де өзгерту, егер осы әрекеттер өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -

жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Адамның денсаулығына зиян келтiруге немесе өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 282-бап өзгертілді

282-бап. Атмосфераны ластау

1. Атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерiн немесе қондырғыларды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттер аса ірі мөлшерде зиян келтірумен ұштасып, ауаның табиғи қасиеттерiнiң ластануына немесе өзге де өзгеруiне әкеп соқса, -

жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 283-бап өзгертілді

283-бап. Теңiз аясын ластау

1. Құрғақтағы көздерден не көлiк құралдарынан немесе теңiзде тұрғызылған жасанды құрылыстардан адамның денсаулығы мен теңiздiң жанды ресурстары үшiн зиянды не теңiз аясын заңды пайдалануға кедергi келтiретiн заттар мен материалдарды көму немесе тастау ережелерiн бұзу салдарынан теңiз аясын ластау -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Адамның денсаулығына, өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмен қорғалатын мүдделерге елеулi зиян келтiрген дәл сол әрекеттер -

елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 284-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

284-бап. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфi туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы

1. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауiпсiздiк аймақтарын заңсыз құру, сол сияқты салынған құрылыстардың және теңiздегi кеме жүрiсiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерiн бұзу -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнiң немесе Қазақстан Республикасы айрықша экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиiстi рұқсатсыз жүргiзiлген зерттеу, барлау, игеру -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 285-бап өзгертілді

285-бап. Жердi бүлдiру

1. Жердi улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн, ынталандырғыштарды және өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтiк немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму кезiнде оларды ұстау ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге қызметтiң зиянды өнiмдерiмен бiлдiру, адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтiруге, жердiң табиғи қасиеттерiнiң нашарлауына әкеп соқса, -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 286-бап өзгертілді

286-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу

1. Кен өндiру кәсiпорындарын немесе пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын жобалау, орналастыру, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезiнде жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда өз бетiнше құрылыс салу, егер бұл әрекеттер едәуiр зиян келтiруге әкеп соқса -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттер өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, мемлекетке iрi көлемде нұқсан, халықтың денсаулығына зиян келуiне әкеп соқса -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адамдардың жаппай ауыруына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2009.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 287-бап өзгертілді

287-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу

1. Балық ресурстарын және басқа да жануарларын немесе өсiмдiктерiн заңсыз алу, егер бұл әрекет:

а) елеулi зиян келтiре отырып;

б) жарылғыш және химиялық заттарды, электр тогын, не балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерiн қолдана отырып жасалса, -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiне қатысты;

в) ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында;

г) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;

д) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;

e) өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралы пайдаланылып;

ж) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалса, -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiре отырып жасалған не ұйымдасқан топ жасаған әрекет, -

сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 288-бап өзгертілді

288-бап. Заңсыз аңшылық

1. Заңсыз аңшылық, егер бұл әрекет:

а) 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

б) механикалық көлiк құралын немесе әуе көлiгiн, жарылғыш заттарды, газдарды және жануарларды жаппай қырып-жоюдың өзге әдiстерiн қолданып;

в) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық ахуал аймақтарында жасалса -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып әлденеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiрiп не ұйымдасқан топ жасаған әрекет -

сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы тараудың баптарында қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асып түсетiн және одан да көп залал мөлшерi елеулi залал деп танылады. Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз есе асып түсетiн және одан да көп залал iрi көлемдегi залал деп танылады. Қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен елу мың есе асып түсетін және одан да көп залал аса ірі залал деп танылады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 289-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

289-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiн бұзу

Өндiрiстік процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезiнде, сондай-ақ аңшылық алаптары мен балық шаруашылығы тоғандарын пайдалану мен қорғау барысында жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiнің бұзылуы салдарынан жануарлар дүниесiнiң жаппай жойылуы немесе қырылуы ірі шығынға соқтырса -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 290-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 290-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

290-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер

Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттарын, сондай-ақ пайдаланылуына тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау, сол сияқты жою немесе олар мекендейтiн жерлердi жою, -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 291-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 291-бап өзгертілді

291-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу

1. Орман қорында ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуiн тоқтату дәрежесiне дейiн зақымдау, егер бұл әрекеттер елеулi зиян келтiрсе, -

жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;

в) iрi зиян келтiрiле отырып жасалса, -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, -

бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 292-бап өзгертілді

292-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау

1. Отты немесе өзге де қауiптiлігi жоғары көздердi ұқыпсыз қолдану салдарынан ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпе ағаштарды жою немесе зақымдау, егер осы әрекет аса ірі залал келтірсе -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпе ағаштарды өртеу, өзге де жалпы қауiптi әдiспен не зиянды заттармен, қалдықтармен, тастандылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан қасақана жою немесе зақымдау -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 293-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

293-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiнiң бұзылуы

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимi бұзылып, елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -

жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерiн қасақана зақымдау немесе жою, елеулi зиян келтiруге әкеп соқса -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

294-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнiнде шара қолданбау

Экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi адам өлiмiне, не адамдардың жаппай ауыруына, не қоршаған орта үшiн өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -

бес жүзден мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

12-тарау. Көлiктегi қылмыстар

 

295-бап. Темір жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзу

1. Темір жол, әуе, теңiз немесе су жолы көлiгi қозғалысы немесе пайдалану ережелерiн орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметiне байланысты осы ережелердi сақтауға мiндеттi адамның бұларды бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -

алты айдан екi жылға дейiнгi мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекет, егер ол осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген зардаптардың тууына әкеп соқпаса да олардың тууына көрiнеу қауiп төндiрсе, -

бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Темір жол, теңiз, өзен және әуе көлiгi құралдарының барлық түрлерi, оның iшiнде шағын өлшемдi теңiз және өзен кемелерi көлiк деп түсiнiледi.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 296-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

296-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы

1. Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын жүргiзушi адамның жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiрсе -

екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта тракторлар, мотоциклдер және өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар басқа механикалық көлiк құралдары деп түсiнiледi.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 297-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

297-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған орыннан кетiп қалу

Көлiк құралын жүргiзушi және жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзған адамның осы Кодекстiң 295-бабында көзделген зардаптар болған жағдайда жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы -

екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Зардап шеккендерге көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 298-бап өзгертілді

298-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлiк құралын жүргiзуге жiберу

1. Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлiк жабдықтарын сапасыз жөндеу, сол сияқты көлiк құралдарының техникалық күйiне жауапты адамның техникалық ақауы бар екенi белгiлi көлiк құралдарын пайдалануға шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiрсе, -

төрт жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Көлiк құралы иесiнiң немесе иеленушiсiнiң алкогольдiк, есiрткiлiк немесе өзге мастық күйдегi адамдарды көлiк құралдарын жүргiзуге жiберуi, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -

төрт жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 299-бап өзгертілді

299-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру

1. Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлiк жабдықтарын қасақана бұзу, зақымдау немесе өзге де тәсiлмен пайдалануға жарамсыз күйге келтiру, сол сияқты көлiк коммуникацияларына тосқауыл қою, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге, не iрi көлемде залал келтiруге не көлiкпен байланыстың қалыпты жұмысы бұзылуына әкеп соқса -

төрт жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекеттер -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -

алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы тараудың баптарында азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен жүз еседен асып түсетiн мөлшерде келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн мөлшерде келтiрiлген залал iрi көлемдегi залал деп танылады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 300-бап өзгертілді

300-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ережелердi бұзу

1. Жолаушының, жаяу адамның немесе жол қозғалысының басқа қатысушысының (осы Кодекстiң 295, 296-баптарында аталған адамдарды қоспағанда) жол қозғалысы қауiпсiздiгi немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса -

жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -

төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

301-бап. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату

Поезды стоп-кранмен не ауа тежегiш магистральдарын ажырату жолымен немесе өзге әдiспен қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату, егер бұл кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 302-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 302-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

302-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу

1. Жол, құрылыс және басқа да ұйымдарда басқару функцияларын атқаратын және жолдар мен жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалануға, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыруға жауапты адамдардың, денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiрген, осындай әрекетті жасағаны үшін оған бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адамның көлiкте қолданылатын тәртiпті сақтау және қозғалыс қауiпсiздiгi қағидаларын бұзуы, -

жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз, бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 303-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

303-бап. Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу

1. Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсіздiк ережелерiн бұзу, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге не iрi залал келтiруге әкеп соқса, -

екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -

төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 304-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

304-бап. Құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату

1. Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын қасақана зақымдау немесе қирату, -

екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса;

б) бірнеше рет жасалса;

в) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса, -

қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет:

а) қоршаған ортаны ластауға әкеп соқса;

б) ірі залал келтіруге әкеп соқса;

в) ұйымдасқан топ жасаса;

г) абайсызда адам өліміне әкеп соқса, -

сотталған адамның мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 304-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 304-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

304-1-бап. Құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату

1. Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын, белгіленген пайдалану режимінен ауытқуына әкеліп соққан не адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты қатерін төндірген, абайсызда зақымдау немесе қирату, -

айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге;

б) қоршаған ортаны ластауға;

в) ірі залал келтіруге;

г) абайсызда адам өліміне әкеп соқса, -

екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 305-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

305-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi

1. Теңiзде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға кеме капитанының, егер осы көмек көрсету өзiнiң кемесiне, оның экипажы мен жолаушылары үшiн елеулi қауiп келтiрмейтiн болғанда, көмек көрсетпеуi -

екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Теңiзде немесе су жолында соқтығысқан кемелердiң бiрiнiң капитанының басқа кеменi құтқару үшiн тиiстi шаралар қолданбауы абайсызда кеменiң опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, егер бұл шараларды өз кемесiне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрмей қолдану мүмкiн болса, -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 306-бап өзгертілді

306-бап. Ұшудың халықаралық ережелерiн бұзу

1. Рұқсатта көрсетiлген маршруттарды, қону орындарын, әуе қақпаларын, ұшу биiктiгiн сақтамау немесе халықаралық ұшу ережелерiн өзге де бұзу -

бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -

үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 13-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

13-тарау. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару

мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар

 

307-бап. Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану

1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -

бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -

бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -

екі мыңнан төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) мүддесінде жасалған әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамдарға лауазымды адамдар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшiлер жатады.

2. Мемлекеттік қызмет атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;

2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелiгiне кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар;

3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң қаражатынан төленетiн қызметшiлер;

4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.

3. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша өкiметтiң өкiлi қызметiн жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады.

4. Мемлекет қызметтерiн және мемлекеттік органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында , Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымдарды атқаратын адамдар, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң саяси лауазымдарын атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар деп түсiнiледi.

5. Осы Кодекстің 176-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында, 177-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында, 177-1-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 192-бабы екінші бөлігінің в) тармағында, 193-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 209-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 226-1-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 307-бабында, 308-бабы төртінші бөлігінің в) тармағында, 310 - 315-баптарында, 380-бабында, 380-1-бабы екiншi бөлiгiнiң в) тармағында, 380-2-бабында көзделген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылады.

 

2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 307-1-баппен толықтырылды

307-1-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты заңсыз жария ету немесе өзгедей заңсыз пайдалану

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған операциялар туралы қаржы мониторингі субъектілерінен алынған мәліметтер мен ақпаратты заңсыз жария етуі немесе өзгедей заңсыз пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса -

бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңына сәйкес 308-бап өзгертілді; 25.09.03 ж. № 484-II ҚР Заңымен 308-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 308-бап өзгертілді

308-бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану

1. Билiктi не лауазымдық өкiлеттiктi асыра пайдалану, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiгi шегiнен көрiнеу асып кететiн және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -

үш жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -

бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер не ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер:

а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;

б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы;

в) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалса, -

мүлкі тәркіленіп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 309-бап өзгертілді

309-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiгiн иемдену

Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшiнiң лауазымды адамның өкiлеттiгiн иемденуi және соған байланысты оның жасаған әрекетi азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -

елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

10.07.98 ж. № 283-1 ҚР Заңына сәйкес 310-бап өзгертiлдi; 25.09.03 ж. № 484-II ҚР Заңымен 310-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен 310-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 310-бап өзгертілді

310-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзінің немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер және артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, -

екі жүзден төрт жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекеттер, -

екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымдағы адам жасаған әрекеттер, -

төрт мыңнан алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Лауазымды адамның мемлекеттік емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бірлестіктерге лицензиялау жөніндегі өкілеттіктерді беруге әкеп соққан іс-әрекеттер жасауы, -

екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 310-1-баппен толықтырылды

310-1-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау

1. Дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарай шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей заңсыз араласу, егер бұл әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне ірі залал келтіруге әкеп соқса, -

бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттерді:

а) лауазымды адам;

б) алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы;

в) ұйымдасқан топ жасаса, -

бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз сағаттан жүз елу сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:

а) жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам;

б) аса ірі мөлшерде;

в) ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) мүддесінде жасаса, -

екі мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз елу сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Осы бапта азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асатын сомада келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен мың есе асатын сомада келтiрiлген залал iрi залал деп танылады.

2. Қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен мың есе асатын сомада азаматқа келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен он мың есе асатын сомада келтiрiлген залал аса iрi залал деп танылады.

 

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңымен ; 25.09.03 ж. № 484-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 311-бап өзгертілді

311-бап. Пара алу

1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзi немесе делдал арқылы пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы өзі немесе басқа адамдар үшін пайда түрiнде пара алуы, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса не ол қызметтiк жағдайына байланысты осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол берсе, -

жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адамның нақ сол әрекеттердi жасауы, сол сияқты заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiгi) үшiн пара алуы -

жеті жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер -

жеті жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:

а) қорқытып алу жолымен;

б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;

в) iрi мөлшерде;

г) әлденеше рет жасалса -

мүлкiн тәркiлеп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса,  —

мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

1. Бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны iрi мөлшердегi пара деп танылады.

2. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның бiрiншi рет сыйлық ретiнде мүлiк, мүлiкке немесе өзге мүлiктiк пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендiгiне байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік ретпен қудаланады.

3. Екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны аса ірі мөлшердегі пара болып танылады.

4. Осы Кодекстің осы бабына және 312-бабына қатысты лауазымды адамдарға осы Кодекстің 307-бабының ескертулерінде көрсетілген лауазымды адамдар, сондай-ақ  шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың лауазымды адамдары жатады.

25.09.03 ж. № 484-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 312-бап өзгертілді; 2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 312-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV Заңымен  (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 312-бап өзгертілді

312-бап. Пара беру

1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру —

жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара беру —

 бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру —

мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;

б) ірі мөлшерде;

в) әлденеше рет жасаса, -

мүлкі тәркіленіп жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса, —

мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға оның бұрын жасаған заңды іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты алғаш рет беру, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

2. Пара берген адам, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 313-бап өзгертілді

313-бап. Парақорлыққа делдал болу

1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе iске асыруға жәрдемдесу -

жеті жүзден екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ, немесе адам өзiнiң қызмет жағдайын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет -

бір мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не алты жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

25.09.03 ж. № 484-II ҚР Заңымен 314-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 314-бап өзгертілді

314-бап. Қызметтiк жалғандық жасау

1. Қызметтiк жалғандық жасау, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуi, не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруi, егер бұл әрекеттер өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған болса, -

жеті жүзден екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -

екі мыңнан төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаса, -

төрт мыңнан алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

25.09.03 ж. № 484-II ҚР Заңымен 315-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 315-бап өзгертілді

315-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк

1. Қызметтегi әрекетсiздiк, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -

жеті жүзден екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -

екі мыңнан төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -

төрт мыңнан алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 316-бап өзгертілді

316-бап. Салақтық

1. Салақтық, яғни лауазымды адамның қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн орындамауы немесе лайықты орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған дәл сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

14-тарау. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс

 

317-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау - бір мыңнан екi мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2010.14.06. № 290-IV ҚР Заңымен 317-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 317-1-бап өзгертілді

317-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау

1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру -

айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол әрекеттер, -

айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да болсын нысанда ықпал ету -

бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

317-2-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін бұзу

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын және қызметтік үй-жайларына, жеке және қызметтік көлік құралдарына, хат-хабарларына, олар пайдаланатын байланыс құралдарына қол сұғылмаушылық кепілдігін, банктік шоттарының банктік құпиялығы мен қол сұғылмаушылығы, сондай-ақ оларға тиесілі құжаттарға қол сұғылмаушылық кепілдігін қандай да болсын нысанда бұзу, -

бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 318-бап өзгертілді

318-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау

1. Қазақстан Республикасы Президентiн жария қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -

бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал ету -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Қазақстан Республикасы Президентінің жүргiзiп отырған саясаты туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соқпайды.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 319-бап өзгертілді

319-бап. Депутаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау

1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын оның депутаттық мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқаруға байланысты жария қорлау -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -

үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал ету -

екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Парламент депутатының депутаттық қызметi туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 319-1-баппен толықтырылды

319-1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметіне кедергi жасау

1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметіне оның өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына кедергi жасау мақсатында қандай да болмасын нысанда араласу, -

екi жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған нақ сол әрекет, -

үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 320-бап өзгертілді

320-бап. Өкiмет өкiлiн қорлау

1. Өкiметтiң өкiлiн оның өз қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде немесе оны атқаруына байланысты жария қорлау -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -

үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

1. Осы Кодекстiң осы бабында және басқа да баптарында өкiметтiң өкiлдерi деп, оған қызмет жағынан тәуелсiз адамдарға қатысты заңмен белгiленген тәртiпте өкiм ету өкiлеттiгi берiлген мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы танылады.

2. Өкiмет өкiлiнiң қызметтiк жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 321-бап өзгертілді

321-бап. Өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану

1. Өкiмет өкiлiнiң өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолдану немесе күш қолданбақ болып қорқыту -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға қатысты өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолдану -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.08.02 ж. № 346-II ҚР Заңымен 321-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 321-1-бап өзгертілді

321-1-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның заңды талаптарын орындамау

Прокурорлық қадағалау актілерін орындамау, сол сияқты оның қызметiне кедергi жасау, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -

бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 322-бап өзгертілді

322-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленушi лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленушi лауазымды адамға, сондай-ақ оның туыстарына қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi, осы мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк iс-әрекетiне байланысты белгiлi болған адамның жария етуi -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Дәл сол әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 323-бап өзгертілді

323-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу

Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын ресми құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе КСРО Мемлекеттік наградаларын заңсыз сатып алу немесе өткізу -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 324-бап өзгертілді

324-бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру

1. Азаматтың төлқұжатын, жеке басының куәлiгiн немесе жеке басының басқа маңызды құжатын ұрлау -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Пайдакүнемдiк мақсатта немесе өзге де жеке бастың мүддесiнде ресми құжаттарды, мөртаңбаларды, немесе мөрлердi ұрлау, жою, бүлдiру немесе жасыру -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 325-бап өзгертілді

325-бап. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу

1. Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын куәлiктi немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе сату -

екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған дәл сол әрекеттер -

төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Көрiнеу жалған құжатты пайдалану -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 326-бап өзгертілді

326-бап. Әскери қызметтен жалтару

1. Осы қызметтен босату үшiн заңды негiздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтару -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы;

б) ауруды сылтаурату жолымен;

в) құжаттарды бұрмалау немесе өзге де алдау арқылы жасалса -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер әскерге шақырылушы тергеу органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 327-бап өзгертілді

327-бап. Өзiнше билiк ету

1. Өзiнше билiк ету, яғни заңмен белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа тұлғаның немесе ұйымдардың таласын туғызатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне, не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi түрде зиян келтiретiн өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыруы -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзімге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған дәл сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған, не ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -

екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2005.08.07  № 67-III  ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 328-бап өзгертілді

328-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкiмет өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiмен иелену

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкiмет өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiнше иелену осы негiзде қылмыс жасаумен ұштасса -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Билiк өкiлеттiктерiн алу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иелену, -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 329-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

329-бап. Мемлекеттік туды заңсыз көтеру

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын сауда кемесiнде заңсыз көтеру -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.

 

22.02.02 ж. № 296-II ҚР Заңына сәйкес; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 330-бап өзгертілді

330-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан әдейi заңсыз өту

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан белгiленген құжатсыз және тиiстi рұқсатсыз әдейi заңсыз өту -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен, не күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

16.03.01 ж. № 164-II ҚР Заңына сәйкес 330-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 330-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

330-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау

Шетел азаматының және азаматтығы жоқ адамның оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы шешімді орындамауы, оған бір жыл ішінде дәл осындай әрекет жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған жағдайда, -

айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

22.02.02 ж. № 296-II ҚР Заңына сәйкес 330-2-баппен толықтырылды; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 330-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

330-2-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру

1. Көлік құралдарын не жалған құжаттар, не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ азаматтарға, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз келу, кету, өту үшін өзге де қызметтер көрсету жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру -

екі жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл осы әрекетті ұйымдасқан топ жасаса не өзінің қызмет өкілеттігін пайдаланып жасаса -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

22.02.02 ж. № 296-II ҚР Заңына сәйкес 330-3-баппен толықтырылды; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 330-3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

330-3-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу

1. Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмыс берушінің жұмысқа бірнеше рет қабылдауы -

бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жеті жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

2. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзуы -

жеті жүз айлық есептiк көрсеткiштен тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз қырық сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 331-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

331-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту мақсатында шекаралық белгiлердi алып тастау, орнын ауыстыру немесе жою -

екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бiрнеше рет жасалған немесе ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -

төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 332-бап өзгертілді

332-бап. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану

Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен айырым белгiлерiн, сол сияқты Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест атауын заңсыз пайдалану -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 333-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 333-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

333-бап. Байланыс желiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу және орындамау

1. Қалааралық байланыстың кабель желісінің бүлiнуiне әкеп соқтырған байланыс желiлерiн күзету қағидаларын бұзу, егер ол байланыстың үзiлуiне алып келсе, -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл оларды басып алуға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған болса, -

үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 334-бап өзгертілді

334-бап. Жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу

1. Жиналыс, митинг, пикет, көше шеруiн немесе демонстрация ұйымдастырушының жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзуы, егер бұл әрекет көлiк жұмысының бұзылуына алып келсе, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi түрде зиян келтiрсе -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Жиналысты, митингтi, пикеттi, көше шеруiн немесе демонстрацияны ұйымдастырушы жасаған заңсыз жиналыстарды, митингiлердi, пикеттердi, көше шерулерiн, және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингтерге, пикеттерге, көше шерулерiне немесе демонстрацияларға белсене қатысу, егер бұл әрекеттер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген зардаптарға алып келсе -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 335-бап өзгертілді

335-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау, кәсiпорынның, ұйымның жұмысына кедергi келтiру

Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау, сол сияқты осындай жағдайда ұйымдардың жұмысына кедергi келтiру -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 336-бап өзгертілді

336-бап. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың қызметiне заңсыз араласуы

1. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың заңды қызметiне кедергi жасауы немесе мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдардың функцияларын иемденуi, сол сияқты мемлекеттік органдарды саяси партиялар ұйымдарын құру, егер бұл әрекеттер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Қоғамдық бiрлестiктiң басшысы жасаған дәл сол әрекеттер -

бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңымен; 2005.08.07  № 67-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 337-бап өзгертілді

337-бап. Заңсыз қоғамдық  және басқа да бiрлестiктер құру немесе олардың қызметiне қатысу

1. Қызметi азаматтарға зорлық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтiрумен ұштасқан не азаматтардың азаматтық мiндеттерiн орындаудан бас тартуға немесе құқыққа қарсы өзге де әрекеттер жасауға түрткi болған дiни немесе қоғамдық бiрлестiктер құру немесе оған басшылық жасау, сол сияқты дiни негiздегi партия, не Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған көздерден қаржыландырылатын саяси партиялар немесе кәсiптiк одақтар құру немесе оған басшылық жасау -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нәсiлдiк, ұлттық, рулық, әлеуметтiк, таптық немесе дiни төзбеушiлiктi немесе артықшылықты уағыздайтын немесе оны iс жүзiнде жүзеге асыратын, конституциялық құрылысты күштеп құлатуға, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге немесе Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғушылыққа шақыратын қоғамдық бiрлестiк құру, сол сияқты осындай бiрлестiкке басшылық жасау -

екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде аталған бiрлестiктердiң қызметiне белсене қатысу -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не алты жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 337-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 337-1-бап өзгертілді

337-1-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру

1. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бар болғанда олардың қызметiн ұйымдастыру, -

үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бар болғанда олардың қызметiне қатысу, -

екi жүз айлық есептiк көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшіне енген сот шешiмi бар болғанда олардың қызметіне қатысуды өз еркiмен оқытқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 338-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

338-бап. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарына жәрдем көрсету

Басқа мемлекеттердiң саяси партияларын немесе кәсiптiк одақтарын қаржыландыру, үй-жай немесе мүлiк беру, сол сияқты өзге де жәрдем көрсету, егер бұл әрекеттер азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң, не қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiнiң елеулi түрде бұзылуына әкеп соқса -

үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

338-1-бап. Төтенше жағдай режимін бұзу

1. Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, төтенше жағдай кезінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулерді бұзу, сол сияқты жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін орындамау -

айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттерді:

а) лауазымды адам;

б) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

15-тарау. Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар

 

339-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргiзуге кедергi жасау

1. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне қандай да болмасын нысанда араласу -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Iстi жан-жақты, толық және объективтi тергеуге кедергi жасау мақсатында қандай да болмасын нысанда прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның қызметiне араласу -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -

бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз осындай мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2006.16.01. № 122-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 340-бап өзгертілді

340-бап. Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге асырушы адамның өмiрiне қол сұғу

Судьяға, алқабиге, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүзеге асырушы адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына, алдын ала тергеу жүргiзiлуiне, не үкiмдi орындауға, соттың шешiмiне немесе өзге сот актілеріне байланысты аталған тұлғалардың заңды қызметiне кедергi жасау, не iстеген қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған олардың өмiрiне қол сұғу -

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2006.16.01. № 122-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 341-бап өзгертілді

341-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi

1. Iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға, алқабиге, сол сияқты олардың туыстарына арына қатысты өлтiремiн деп, денсаулыққа зиян келтiрумен, мүлкiн бүлдiрумен немесе жоюмен қорқыту -

бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Алдын ала тергеу жүргiзiлуiне, iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына, не үкiмнiң орындалуына, соттың шешiмiне немесе өзге сот актілеріне байланысты прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзетiн адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына қатысты жасалған дәл сол әрекет -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өмiрi немесе денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолдана отырып жасалған әрекеттер -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамдарға өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолдана отырып жасалған әрекеттер -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2006.16.01. № 122-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 342-бап өзгертілді

342-бап. Сотты құрметтемеу

1. Сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген сотты құрметтемеу -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Судьяны және (немесе) алқабиді қорлаудан көрiнген дәл сол әрекет -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2006.04.07. № 151-III (бұр. ред. қара); 2006.16.01. № 122-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 343-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 343-бап өзгертілді

343-бап. Судьяға, алқабиге, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзушi адамға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жала жабу

1. Iстiң немесе материалдардың сотта қаралуымен байланысты судьяға немесе алқабиге қатысты жала жабу -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Алдын ала тергеу жүргiзілумен, сот сараптамасы жүргізілуімен не үкiмнiң орындалуымен, соттың шешiмiмен немесе өзге сот актiсiмен байланысты прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзушi адамға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жасалған дәл сол әрекет -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан әрекеттер -

төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

344-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту

1. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту, -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан дәл сол әрекет -

үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

345-бап. Қылмысты жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату

Прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның күдiктi немесе қылмыс жасады деп айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босатуы -

екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 346-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

346-бап. Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау

1. Көрiнеу заңсыз ұстау -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Көрiнеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау -

төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 347-бап өзгертілді

347-бап. Жауап беруге мәжбүр ету

1. Тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның тарапынан қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз iс-әрекеттер қолданылу жолымен күдiктiнi, айыпталған адамды, жәбiрленушiнi, куәгердi жауап беруге мәжбүр ету, сол сияқты адамның ерікті түрде жауап беруіне, жасалған қылмыс туралы өтініш беруіне кедергі келтіру не оны жауап беруден бас тартуға мәжбүр ету, не сарапшыны қорытынды беруге мәжбүр ету -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. алып тасталды

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен 347-1-баппен толықтырылды

347-1-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес; 2009.07.12. № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 348-бап өзгертілді

348-бап. Айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау

1. Азаматтық iс бойынша iске қатысушы адамның немесе оның өкiлiнiң айғақтарды бұрмалауы -

бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

1-1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерінің жедел-іздестіру материалдарын бұрмалауы, -

екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

1-2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдерді бұрмалауы, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Қылмыстық сот iсін жүргізу барысында алдын ала анықтау жүргiзушi адамның, тергеушiнiң, прокурордың , iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы маманның немесе қорғаушының айғақтарды бұрмалауы -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып ,үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3.Қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан айғақтарды бұрмалау-

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

25.09.03 ж. № 484-II ҚР Заңымен 349-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 349-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

349-бап. Коммерциялық сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа арандату

1. Коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару қызметтерiн атқарушы адамға қылмыс жасау айғақтарын қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келісімiнсiз ақша, мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беруге тырысу әрекеттерi -

жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға арандату, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер, -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 350-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

350-бап. Көрiнеу әдiлетсiз сот үкімін, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығару

1. Судьяның (судьялардың) көрiнеу әдiлетсiз сот үкімін, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығаруы -

бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бас бостандығынан айыруға соттың заңсыз үкiм шығаруымен байланысты немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

25.09.03 ж. № 484-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 351-бап өзгертілді

351-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткізу

1. Қылмыс жасағаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткізу -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, не жасанды айыптау айғақтарын жасаумен ұштасқан, не пайдакүнемдiк ниеттен туған дәл сол әрекет -

алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық) ұйымның мүддесiне жасалған әрекеттер -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

05.05.00 ж. № 47-II; 25.09.03 ж. № 484-II (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 352-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 352-бап өзгертілді

352-бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару

1. Сотта, не алдын ала анықтау жүргiзу немесе алдын ала тергеу кезiнде куәгердiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған жауаптар беруi немесе сарапшының, маманның көрінеу жалған қорытындылар беруі, сол сияқты дәл сондай жағдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаған көрiнеу қате аударма -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, айыптаудың айғағын жасанды түрде жасаумен ұштасқан, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсатта жасалған дәл сол әрекеттер -

үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 353-бап өзгертілді

353-бап. Куәгердiң немесе жәбiрленушiнiң жауап беруден бас тартуы

Куәгердiң немесе жәбiрленушiнiң сотта немесе алдын ала анықтау жүргiзу немесе алдын ала тергеу кезiнде жауап беруден бас тартуы -

елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

Ескерту. Адам өзiне, өзiнiң жұбайына (зайыбына) немесе өзiнiң туыстарына қарсы жауап беруден бас тартқаны үшiн, сондай-ақ дiни қызметшiлер сенiп сырын ашқан дiндестерiне қарсы жауап беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.

25.09.03 ж. № 484-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 354-бап өзгертілді

354-бап. Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету

1. Куәгердi, жәбiрленушiнi олардың жалған жауап беруi мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған жауап беруi мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның бұрыс аударманы жүзеге асыруы мақсатында сатып алу -

мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Куәгердi, жәбiрленушiнi жалған жауап беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны бұрыс аударуды жүзеге асыруға мәжбүр ету, сол сияқты аталған адамдарды бопсалаумен, өлтiремiн, денсаулығына зиян келтiремiн деп осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкiн жоямын деп қорқытумен ұштасқан, жауап беруден жалтаруға мәжбүр ету -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолданылып жасалған әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топпен не аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолданылып жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуына байланысты әрекеттер -

екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 355-бап өзгертілді

355-бап. Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария ету

Оларды жариялауға жол беруге болмайтыны туралы заңда белгiленген тәртiппен ескертiлген адамның алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария етуi, егер ол прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтау жүргiзушi адамның келісімiнсiз жасалған болса -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 356-бап өзгертілді

356-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету

1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету, егер бұл әрекеттi аталған мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк жұмысына байланысты белгiлi болған адам жасаса -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 357-бап өзгертілді

357-бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер

1. Хатталған, тыйым салынған немесе иелiк етуге шектеу қойылған мүлiктi осы мүлiк сенiп берiлген адамның жасаған ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасарып қалуы немесе заңсыз беруi, сол сияқты несие ұйымдары қызметкерiнiң тыйым салынған, не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Соттың үкімі немесе қаулысы бойынша тәркілеуге жататын мүлікті жасыру немесе иеленіп алу, сол сияқты соттың мүлікті тәркілеуді тағайындау туралы заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын орындаудан өзге де жалтару -

бір жүз сексен сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

358-бап. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу

1. Жазасын өтеушi немесе алдын ала қамаудағы адам жасаған бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданылып, не осындай күш қолданамын деп қорқытумен;

в) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттар қолданылып жасалса -

жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Қашқан сәтiнен бастап жетi күн мерзiмде бас бостандығынан айыру немесе қамау орнына өз еркiмен қайтып оралған адам, егер өзге жаңа қылмыс жасамаса және қашуы осы баптың екiншi бөлiгіндегі б) және в) тармақшаларында көзделген әрекеттермен ұштасып жатпаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

359-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару

Бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлген сотталған адамның шығу мерзiмi бiткеннен кейiн, сол сияқты айдауылсыз құқығын пайдаланушы, не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрi өтеуден жалтару мақсатында жасалған түзеу мекемесiне қайтып оралмауы -

екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 360-бап  жаңа редакцияда; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 360-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау

1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына әдейі бағынбауы -

екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет -

төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты күш қолданумен немесе өзіне қандай да бір қасақана жарақат салумен ұштасқан не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтасып бағынбауға қатысу -

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 361-бап  жаңа редакцияда 

361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің  қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе  олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу

1. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қатысты оның қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында оған қатысты күш қолданамын деп қорқыту -

екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану -

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, бір топ адамның алдын ала сөз байласуы бойынша не өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданып жасалған әрекеттер -

жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме қызметкерінің не оның жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының өміріне оның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамға қатысты оның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында қол сұғу -

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 362-бап толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 362-бап өзгертілді; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 362-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

362-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау

1. Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергі келтіру, мұны дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда, -

бір жүз сексен сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Билік өкілі, мемлекеттік қызметші, жергілікті өзін-өзі басқару органының қызметшісі, сол сияқты мемлекеттік мекеменің, коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметшісі жасаған дәл сол әрекеттер, -

бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, өндіріп алу қылмыс жасалу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын әрекеттер, сол сияқты олардың орындалуына кедергі келтіру -

төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгілеген әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзу, сол сияқты әкімшілік қадағалаудан жалтару мақсатында қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерінен өз бетімен кетіп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін қадағалаудағы адамның таңдап алған тұрғылықты жеріне демалыс және мереке күндерін есептемегенде бес тәулік ішінде бармауы -

бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 363-бап өзгертілді

363-бап. Қылмысты жасыру

Ауыр немесе аса ауыр қылмысты алдын ала уәде берместен жасыру -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары жасаған қылмысты күнi бұрын уәде берместен жасырғаны үшiн адам қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 363-1-баппен толықтырылды

363-1-бап. Қылмысты жасыру

1. Қылмыстық қудалау органының лауазымды тұлғасының анық дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өтініш немесе хабарлама берген адамға қатысты алдау, азғыру, қорқыту немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттер арқылы не аталған адамның өтінішін кез келген өзге тәсілмен жою немесе жасыру арқылы кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты тіркеуден қасақана жасыруы -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Дәл сол:

а) ауыр қылмысты жасыруға әкеп соққан;

б) адамдар тобы жасаған әрекеттер, -

бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Дәл сол:

а) аса ауыр қылмысты жасыруға не ауыр зардаптарға әкеп соққан;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекеттер, -

бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды тұлға немесе қылмыстық қудалау органының бастығы жасаған не осы адамдардың нұсқауымен жасалған бірінші не екінші немесе үшінші бөліктерде көзделген әрекеттер,-

бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 364-бап өзгертілді

364-бап. Қылмыс туралы хабарламау

Дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық белгiлi аса ауыр қылмыс туралы хабарламау -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостан