ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫННЫҢ
КОДЕКСІ
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕН ІСІ ТУРАЛЫ

  

 

Мазмұны

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

1-бөлім. Негізгі ережелер

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу)

2-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті

3-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы

4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

5-бап. Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленетін мерзімдерді есептеу тәртібі

 

2-тарау. Қазақстан Республикасының кеден органдары

6-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі

7-бап. Кеден органдары қызметінің принциптері

8-бап. Кеден органдарының негізгі міндеттері

9-бап. Кеден органдарының құқықтары

10-бап. Кеден органдарының міндеттері

11-бап. Кеден органдарының орналасатын жерлері

12-бап. Кедендік операциялар жүргізілетін орындар

13-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты

14-бап. Кеден органдарының талаптарын орындаудың міндеттілігі

15-бап. Кеден органдарының құқық қорғау қызметі

16-бап. Кеден органдары алған ақпаратқа көзқарас

17-бап. Кеден органдарының шешіміне, кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану

 

3-тарау. Кеден органдарының өзге мемлекеттік органдармен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және кеден ісі саласындағы басқа да тұлғалармен өзара қарым-қатынасы

18-бап. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы

19-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары мен салық қызметі органдарының өзара іс-қимылы

20-бап. Көліктің жекелеген түрлерінде кедендік бақылау жүргізу рналастыру шарттары

21-бап. Кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және басқа да тұлғалармен өзара іс-қимылы

22-бап. Кеден органдарының шет мемлекеттердің кеден және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы

 

4-тарау. Ақпараттандыру және консультация беру

23-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру

24-бап. Кеден органдарының консультация беруі

 

5-тарау. Кеден органдарының кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара қарым-қатынасы

25-бап. Кеден өкілі

26-бап. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттары

27-бап. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу тәртібі

28-бап. Кеден өкілдерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

29-бап. Кеден өкілінің құқықтары

30-бап. Кеден өкілінің міндеттері

31-бап. Кеден өкілінің жауапкершілігі

32-бап. Кедендік декларациялау жөніндегі маман

33-бап. Кедендік тасымалдаушы

34-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу шарттары

35-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу тәртібі

36-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізілімінен шығару үшін негіздер

37-бап. Кедендік тасымалдаушының міндеттері

38-бап. Кедендік тасымалдаушының жауапкершілігі

39-бап. Уақытша сақтау қоймасының иесі

40-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары

41-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі

42-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру

43-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

44-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері

45-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің жауапкершілігі

46-бап. Кеден қоймасының иесі

47-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары

48-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі

49-бап. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру

50-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

51-бап. Кеден қоймасы иесінің міндеттері

52-бап. Кеден қоймасы иесінің жауапкершілігі

53-бап. Бажсыз сауда дүкенінің иесі

54-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары

55-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі

56-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру

57-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

58-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің міндеттері

59-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің жауапкершілігі

60-бап. Еркін қойма иесі

60-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы

 

6-тарау. Уәкілетті экономикалық оператор

61-бап. Уәкілетті экономикалық оператор

62-бап. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары

63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі, уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері

64-бап. Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі

65-бап. Уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнайы оңайлатулар

66-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпараттарды табыс ету

 

7-тарау. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар

67-бап. Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары

68-бап. Декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың меншігіндегі бағдарламалық өнімдер

69-бап. Декларанттарға және кеден өкілдеріне кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға рұқсат беру

70-бап. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары

71-бап. Ақпаратты және ақпараттық процестер мен ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің құқықтарын қорғау

72-бап. Кеден органдарының ақпарат алмасуы

 

8-тарау. Кедендік статистика

73-бап. Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасы

74-бап. Арнаулы кедендік статистика

75-бап. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын құжаттар және мәліметтер

 

9-тарау. Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы. Тауарларды сыныптау

76-бап. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы

77-бап. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу

78-бап. Тауарларды сыныптау

79-бап. Алдын ала шешім қабылдау тәртібі

80-бап. Алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш

81-бап. Алдын ала шешім қабылдау және оның қолданылу мерзімдері

82-бап. Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтару

83-бап. Алдын ала шешімдердің жариялылығы

84-бап. Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиямен әкелу көзделген, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау тәртібі

85-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау мерзімі

86-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданылу мерзімі

87-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту немесе оның қолданылуын тоқтату

88-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданысы тоқтатылған кезде тауарларды сыныптау

89-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдердің есебі

90-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту

 

10-тарау. Тауарлар шығарылған ел

91-бап. Тауарлар шығарылған ел туралы жалпы ережелер

92-бап. Тауарлар шығарылған елді растау

93-бап. Тауардың шығарылған жері туралы декларация

94-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат

95-бап. Тауарлар шығарылған елді растайтын құжаттарды табыс ету

96-бап. Тауарлардың шығарылған елді айқындау кезінде оларды кедендік рәсімдермен орналастырудың қосымша шарттары

 

11-тарау. Тауарлардың кедендік құны

97-бап. Кедендік құн туралы жалпы ережелер

98-бап. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау

99-бап. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау

100-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері

101-бап. Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны жөніндегі әдіс

102-бап. Қосымша есепке жазу

103-бап. Бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны жөніндегі әдіс

104-бап. Біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны жөніндегі әдіс

105-бап. Құнды шегеру әдісі

106-бап. Құнды қосу әдісі

107-бап. Резервтік әдіс

108-бап. Тауарлардың кедендік құнын декларациялау

109-бап. Тауарлардың кедендік құнын бақылау

110-бап. Тауарлардың кедендік құнына қатысты шешім

111-бап. Тауарлардың кедендік құнын түзету

112-бап. Қосымша тексеру жүргізу

 

2-бөлім. КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАР

 

12-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар туралы жалпы ережелер

113-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар

114-бап. Кедендік баж ставкаларының түрлері

115-бап. Кедендік алымдар

116-бап. Кедендік алымдардың түрлері

117-бап. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым

118-бап. Кедендік алып жүру үшін кедендік алым

119-бап. Алдын ала шешім үшін төлем

120-бап. Төлеушілер, кедендік алымдарды төлеу мерзімдері мен тәртібі

 

13-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер

121-бап. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер

122-бап. Кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер

123-бап. Тарифтiк преференциялар

 

14-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу

124-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған база (салықтық база)

125-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу (есепке жазу)

126-бап. Кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын қолдану

127-бап. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін шетел валютасын қайта есептеу

 

15-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу және есептеу мерзімдері мен тәртібі

128-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер

129-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы. Кедендік баждарды, салықтарды төлемеу жағдайлары

130-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы мен тоқтатылуы және тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде оларды төлеу мерзімдері

131-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері

132-бап. Талап қоюдың өту мерзімі

133-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту

134-бап. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту ұғымы және талаптары

135-бап. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім және оның қолданылу мерзімі

136-бап. Ұсынылған кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу сомаларын өтеу мерзімдері

137-бап. Кедендік бажды төлеудің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімнің қолданысын тоқтату

138-бап. Кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу және аудару тәртібі

139-бап. Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бюджетке кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды аудару бөлігіндегі міндеттері

140-бап. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың төленуін бақылау

141-бап. Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын есепке алу

142-бап. Кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша берешектің жоқтығы және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі

 

16-тарау. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету

143-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің жалпы шарттары

144-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдері

145-бап. Қамтамасыз ету сомаларын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу

146-бап. Банк кепілдігін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қолдану

147-бап. Кепілгерлік шартын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қолдану

148-бап. Мүліктік кепілді кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қолдану

149-бап. Сақтандыру шартын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қолдану

150-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету

151-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау

152-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу

 

17-тарау. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өзге де ақшаның артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу)  

153-бап. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары

154-бап. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу)

155-бап. Кедендік баждарды, салықтарды қайтарудың өзге де жағдайлары

156-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қайтару

 

18-тарау. Кедендік баждар, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу

157-бап. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алудың жалпы ережелері

158-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұлдар есептеу

159-бап. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама

160-бап. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі

161-бап. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомалары есебінен өндіріп алу

162-бап. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

163-бап. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

164-бап. Берешек пен өсімпұлды өтеу есебіне төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару

165-бап. Берешек пен өсімпұлды төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу

166-бап. Төлеушінің берешегі мен өсімпұлын оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу

167-бап. Төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен өндіріп алу

168-бап. Төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешектің есебіне өткізу тәртібі

169-бап. Төлеушіні банкрот деп тану

170-бап. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

171-бап. Берешек пен өсімпұлды өтеу тәртібі

172-бап. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алуды үмітсіз деп тану және есептен шығару

 

19-тарау. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу нәтижелері туралы хабарламаға шағымдану тәртібі

173-бап. Шағымдану құқығы

174-бап. Берешекті өтеу туралы хабарламаға жасалған шағымды қарайтын органдар

175-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері

176-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны

177-бап. Шағымды қараудан бас тарту

178-бап. Шағымды қарау тәртібі

179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

181-бап. Кеден органы шешімінің нысаны мен мазмұны

182-бап. Кеден органына және (немесе) сотқа шағым берудің салдары

 

3-БӨЛІМ. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ

 

20-тарау. Кедендік бақылау туралы жалпы ережелер

183-бап. Кедендік бақылау жүргізудің принциптері

184-бап. Кедендік бақылау жүргізу

185-бап. Кедендік бақылаудағы тауарлар

186-бап. Кедендік бақылау аймақтары

187-бап. Кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну

188-бап. Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау

189-бап. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымы кезіндегі кедендік бақылау

190-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде маманның қатысуы

191-бап. Кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем ету үшін басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тарту

192-бап. Кеден одағының кедендік шекарасында кеден органдары мен мемлекеттік бақылаушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл

193-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезінде заңсыз зиян келтіруге жол бермеу

194-бап. Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату

195-бап. Кеден органдарының кедендік бақылау жүргізу кезінде тұлғалар туралы ақпарат жинауы

196-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезінде техникалық құралдарды, су және әуе кемелерін пайдалану

197-бап. Кедендік бақылау үшін қажетті тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар

198-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын, үй-жайлар мен басқа да орындарды сәйкестендіру

 

21-тарау. Кедендік бақылау жүргізу нысандары мен тәртібі

199-бап. Кедендік бақылау нысандары

200-бап. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру

201-бап. Ауызша сауалнама

202-бап. Түсіндірмелер алу

203-бап. Кедендік қадағалау

204-бап. Кедендік қарау

205-бап. Кедендік тексеріп қарау

206-бап. Жеке кедендік тексеріп қарау

207-бап. Тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру

208-бап. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау

209-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу

210-бап. Тауарларды есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті тексеру

211-бап. Кедендік тексеру

 

22-тарау. Кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі

212-бап. Өзара әкімшілік көмек

213-бап. Кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу

214-бап. Кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара тану

215-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінің кеден органының тапсырмасы бойынша кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізуі

 

23-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі

216-бап. Тәуекелдерді басқару жүйесінің жалпы ұғымдары және қолданылу мақсаттары

217-бап. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

218-бап. Тәуекелді талдау объектілері

219-бап. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша кеден органдарының қызметі

 

24-тарау. Кедендік тексерулерді жүргізу тәртібі

220-бап. Камералдық кедендік тексеру

221-бап. Көшпелі кедендік тексеру

221-1-бап. Кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау

222-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігі

223-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

224-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

225-бап. Кедендік тексеру жүргізу мақсаттары үшін құжаттар және мәліметтер ұсыну

 

25-тарау. Кедендік бақылау жүргізу кезіндегі кедендік сараптама

226-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

227-бап. Кедендік сараптама тағайындау

228-бап. Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі мен мерзімі

229-бап. Кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) тарту тәртібі

230-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) құқықтары мен міндеттері

231-бап. Декларанттың, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлғаның және олардың өкілдерінің кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары

232-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы

233-бап. Кедендік сараптаманың түрлері

234-бап. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері

235-бап. Сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық

236-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік сарапшыларын тарта отырып, кедендік сараптама жүргізу

 

26-тарау. Кедендік бақылау жүргізу кезінде тауарларды және оларға арналған құжаттарды ұстау

237-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезінде ұстауға жататын тауарлар мен құжаттар

238-бап. Ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды сақтау мерзімдері

239-бап. Ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды қайтару

240-бап. Сақтау мерзімі өткен ұсталған тауарлармен жасалатын іс-әрекеттер

241-бап. Сақтау мерзімі өткен ұсталған тауарларды сатудан түскен сомаларға билік ету

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

 

4-бөлім. КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯНЫ БЕРУ АЛДЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР

 

27-тарау. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер

242-бап. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу

243-бап. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындары

244-бап. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау

245-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету

246-бап. Жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған тауарлар

247-бап. Мүдделі тұлғалардың тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуы

 

28-тарау. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі

248-бап. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келу орны және уақыты

249-бап. Авария, еңсерілмейтін күш әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде қолданылатын шаралар

250-бап. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі туралы хабарлама

251-бап. Тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралына қарай кеден органына ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер

252-бап. Келу орындарында жасалатын кедендік операциялар

253-бап. Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына келген кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

 

29-тарау. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуі

254-бап. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кету орны мен уақыты

255-бап. Кету орындарында жасалатын кедендік операциялар

256-бап. Тауарларға Кеден одағының кедендік аумағынан кету кезінде қойылатын талаптар

257-бап. Авария, еңсерілмейтін күш әсерi немесе өзге де мән-жайлар кезінде қолданылатын шаралар

258-бап. Шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

 

30-тарау. Тауарларды уақытша сақтау

259-бап. Тауарларды уақытша сақтау туралы жалпы ережелер

260-бап. Тауарларды уақытша сақтау орындары

261-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі

262-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің міндеттері

263-бап. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру

264-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару

265-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын өзге де орындарда уақытша сақтау

266-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттар

267-бап. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар

268-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі

269-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен жасалатын операциялар

270-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

 

5-бөлім. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РӘСІММЕН ОРНАЛАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР

 

31-тарау. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар туралы жалпы ережелер

271-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасаудың және тауарларды кедендік тазартудың тәртібі

272-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру

273-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты

274-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер

275-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мүдделі тұлғалардың және олардың өкілдерінің қатысуы

276-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі тәртібі

 

32-тарау. Тауарларды кедендік декларациялау

277-бап. Тауарларды кедендік декларациялау туралы жалпы ережелер

278-бап. Кедендік декларация

278-1-бап. Электрондық құжат түрінде берілетін кедендік декларацияны куәландыру

279-бап. Тауарларға арналған декларация

280-бап. Транзиттік декларация

281-бап. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттарды табыс ету

282-бап. Кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес кедендік декларациялау кезінде табыс етілетін қосымша құжаттар

283-бап. Кедендік декларацияны беру мерзімдері

284-бап. Декларант

285-бап. Декларанттың құқықтары

286-бап. Декларанттың міндеттері

287-бап. Декларанттың жауапкершілігі

288-бап. Кедендік декларацияны беру және тіркеу

289-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту және толықтыру

290-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алу

291-бап. Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау

292-бап. Тауарларды толық емес кедендік декларациялау

293-бап. Тауарларды мерзімдік кедендік декларациялау

294-бап. Тауарларды уақытша кедендік декларациялау

295-бап. Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін тауарды жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрінде кедендік декларациялау ерекшеліктері

 

33-тарау. Тауарларды шығару

296-бап. Тауарларды шығару үшін негіздер және тауарларды шығару тәртібі

297-бап. Тауарларды шығару мерзімі

298-бап. Кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару

299-бап. Құжаттарды, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін зерттеу не сарапшының қорытындысын алу қажет болған кезде тауарларды шығару

300-бап. Қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде тауарлар шығару

301-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлар

302-бап. Тауарларды шығарудан бас тарту

 

34-тарау. Тауарларды және (немесе) көлік құралдарын мемлекет меншігіне айналдыру

303-бап. Тауарларды және (немесе) көлік құралдарын мемлекет меншігіне айналдыру

304-бап. Тауарларды және (немесе) көлік құралдарын сот шешімі бойынша мемлекет меншігіне айналдыру тәртібі

305-бап. Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды мемлекет меншігіне айналдыру тәртібі

 

6-бөлім. КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР

 

35-тарау. Кедендік рәсімдер туралы жалпы ережелер

306-бап. Кедендік рәсімдердің түрлері

307-бап. Кедендік рәсімді таңдау және өзгерту

308-бап. Кедендік рәсіммен орналастыру

309-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті

310-бап. Кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылау

311-бап. Кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілік

312-бап. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алып қою (тыйым салу) салдарлары

 

36-тарау. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі

313-бап. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінің мазмұны

314-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

315-бап. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы, тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

 

37-тарау. Экспорт кедендік рәсімі

316-бап. Экспорт кедендік рәсімінің мазмұны

317-бап. Тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

318-бап. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

 

38-тарау. Кедендік транзит кедендік рәсімі

319-бап. Кедендік транзит туралы жалпы ережелер

320-бап. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

321-бап. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары

322-бап. Кедендік алып жүру

323-бап. Кедендік транзит мерзімі

324-бап. Тауарларды жеткізу орны

325-бап. Тауарларды тасымалдау кезінде халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік пломбалармен және мөрлермен жабдықтау

326-бап. Тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта түсіру) және олармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ кедендік транзит кезінде халықаралық тасымалдау көлік құралдарын ауыстыру

327-бап. Тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсімі кезіндегі міндеттері

328-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігі

329-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау

330-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімі кезіндегі авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де жағдайлар кезінде қолданылатын шаралар

331-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

332-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Кеден одағының тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

 

39-тарау. Кеден қоймасы кедендік рәсімі

333-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің мазмұны

334-бап. Тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

335-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау мерзімі

336-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен жасалатын операциялар

337-бап. Кеден қоймалары және олардың түрлері

338-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау

339-бап. Кеден қоймасында сақтаған кезеңде еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жарамсыз болған, бүлінген немесе бұзылған тауарларды өзге кедендік рәсімге орналастыру

340-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы

341-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

342-бап. Тауарлар кеден қоймасында сақталғаннан кейін олар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кедендік баждарды, салықтарды есептеу ерекшеліктері

 

40-тарау. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі

343-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны

344-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырудың шарттары

345-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар

346-бап. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру

347-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі

348-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжат

349-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары

350-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар және өндірістік ысыраптар

351-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың қалдықтары

352-бап. Балама тауарлармен ауыстыру

353-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы

354-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

355-бап. Шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері

 

41-тарау. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі

356-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны

357-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

358-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялар

359-бап. Кеден одағының тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру

360-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі

361-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат

362-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары

363-бап. Қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыру

364-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы

365-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

366-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері

367-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері

 

42-тарау. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі

368-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны

369-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

370-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар

371-бап. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру

372-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі

373-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат

374-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары

375-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар және өндірістік ысыраптар

376-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың қалдықтары

377-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы

378-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

379-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері

380-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері

 

43-тарау. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімі

381-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің мазмұны

382-бап. Тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

383-бап. Уақытша әкелінген тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер

384-бап. Тауарларды уақытша әкелу мерзімдері

385-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы және оны тоқтата тұру

386-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде және ішінара шартты түрде босату

387-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

388-бап. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері

 

44-тарау. Уақытша әкету кедендік рәсімі

389-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімінің мазмұны

390-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

391-бап. Уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және билік ету жөніндегі шектеулер

392-бап. Тауарларды уақытша әкету мерзімдері

393-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы

394-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

395-бап. Уақытша әкетілген тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері

 

45-тарау. Кері импорт кедендік рәсімі

396-бап. Кері импорт кедендік рәсімінің мазмұны

397-бап. Тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

398-бап. Тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер

399-бап. Кедендік әкету баждары сомаларын қайтару (есепке алу)

 

46-тарау. Кері экспорт кедендік рәсімі

400-бап. Кері экспорт кедендік рәсімінің мазмұны

401-бап. Тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

402-бап. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдау ерекшеліктері

403-бап. Бұрын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер

404-бап. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

405-бап. Кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасын қайтару (есепке алу)

 

47-тарау. Бажсыз сауда кедендік рәсімі

406-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің мазмұны

407-бап. Тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

408-бап. Бажсыз сауда дүкендері

409-бап. Бажсыз сауда дүкендеріндегі тауарларды өткізу және кедендік бақылау тәртібі

410-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің аяқталуы

411-бап. Бажсыз сауда кеден рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

 

48-тарау. Жою кедендік рәсімі

412-бап. Жою кедендік рәсімінің мазмұны

413-бап. Тауарларды жою кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

414-бап. Жою кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері

415-бап. Жою кедендік рәсімінің аяқталуы

 

49-тарау. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімі

416-бап. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімінің мазмұны

417-бап. Тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

418-бап. Тауарлардан мемлекет пайдасына бас тартудың тәртібі

 

50-тарау. Арнайы кедендік рәсім

419-бап. Арнайы кедендік рәсімнің мазмұны

 

7-бөлім. Тауарлардың жекелеген санаттарын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларға

қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері

 

51-тарау. Халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері

420-бап. Халықаралық почта жөнелтімдері

421-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберу ерекшеліктері

422-бап. Халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері

423-бап. Халықаралық почта жөнелтімдерін кедендік бақылау

424-бап. Халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды қолдану

 

52-тарау. Шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының тауарларды өткізу ерекшеліктері

425-бап. Осы тараудың қолданылу аясы

426-бап. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің тауарларды өткізуі

427-бап. Шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі басшысының және шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық персоналы мүшелерінің тауарларды өткізуі

428-бап. Шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің әкімшілік техникалық персоналы мүшелерініңтауарларды өткізуі

429-бап. Шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық персоналының мүшелеріне әкімшілік техникалық және қызмет көрсететін персоналының мүшелеріне берілетін кедендік жеңілдіктердің қолданылуы

430-бап. Шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің және олардың қызметкерлерінің тауарларды өткізуі

431-бап. Шет мемлекеттердің дипломатиялық почтасын және консулдық сағдиянын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу

432-бап. Шетелдік дипломатиялық және консулдық курьерлерге арналған кедендік жеңілдіктер

433-бап. Шет мемлекеттер өкілдеріне және делегацияларының мүшелеріне арналған кедендік жеңілдіктер

434-бап. Кеден одағының кедендік аумағы арқылы транзитпен өтетін шет мемлекеттердің дипломатиялық персоналы мүшелерінің, консулдық лауазымды адамдарының, өкілдерінің және делегацияларының өкілдері мен мүшелерінің тауарларды өткізуі

435-бап. Мемлекетаралық және үкіметаралық халықаралық ұйымдарға, олардың жанындағы шет мемлекеттер өкілдіктеріне, сондай-ақ осы ұйымдар мен өкілдіктердің персоналына арналған кедендік жеңілдіктер

 

53-тарау. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қолданылатын шаралары

436-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөнінде шаралар қолдануының негіздері

437-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушінің құқықтарын қорғау мерзімі

438-бап. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу тәртібі

439-бап. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу және оларды кедендік тізілімнен алып тастау тәртібі

440-бап. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру

441-бап. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне және Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруы

442-бап. Мүліктік зиян (шығын) үшін жауаптылық

443-бап. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы кеден органы шешімінің күшін жою

444-бап. Ақпарат беру, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу

445-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауына қатысты қосымша ережелері

 

54-тарау. Тауарларды құбыржол көлігімен және электр беру желілерімен өткізу

446-бап. Осы тараудың қолданылу аясы

447-бап. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды әкелу, әкету және кедендік декларациялау ерекшеліктері

448-бап. Электр беру желілерімен өткізілетін тауарларды әкелу, әкету және кедендік декларациялау ерекшеліктері

449-бап. Электр энергиясын және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орындары

450-бап. Электр энергиясын және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды сәйкестендіру

451-бап. Электр энергиясын және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар транзитін кедендік декларациялау

 

55-тарау. Тауарларды, жолаушылар мен багажды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу

452-бап. Осы тараудың қолданылу аясы

453-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу тәртібі

454-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкелу

455-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімдері

456-бап. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен жасалатын операциялар

457-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкету

458-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкету мерзімдері

459-бап. Уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарымен жасалатын операциялар

460-бап. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкелу

461-бап. Жабдықтарды және қосалқы бөлшектерді уақытша әкелу және уақытша әкету

462-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын, қосалқы бөлшектерді және жабдықтарды кедендік декларациялау

 

56-тарау. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу ерекшеліктері

463-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі терминдер

464-бап. пайдалануға арналған тауарларды өткізу туралы жалпы ережелер

465-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәсілдері

466-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жасалатын кедендік операциялар

467-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау

468-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау кезінде құжаттарды табыс ету

469-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде қос дәліз жүйесін қолдану

470-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша әкелу

471-бап. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарларды уақытша әкетуі

472-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар мен салықтарды төлеу

473-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың кедендік құны

474-бап. Жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін өткізетін көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен отын

 

57-тарау. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері

475-бап. Осы тараудың қолданылу аясы

476-бап. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері

477-бап. Керек-жарақтарды пайдалану

 

8-бөлім. Кеден органдарында қызмет өткеру тәртібі

 

58-тарау. Кеден органдарында қызмет өткеру тәртібі

478-бап. Кеден органдарындағы қызмет

479-бап. Кеден органдарына қызметке қабылдау

480-бап. Жаңадан қабылданғандардың кеден органдарында қызмет өткеру ерекшеліктері

481-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарын қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі

482-бап. Кеден органы лауазымды адамының анты

483-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының нысанды киімі

484-бап. Алып тасталды

485-бап. Алып тасталды

486-бап. Алып тасталды

487-бап. Алып тасталды

488-бап. Алып тасталды

489-бап. Кеден органының лауазымды адамын ротациялау тәртібі

490-бап. Кеден органдарында қызметті тоқтату үшін негіздер

 

59-тарау. Алып тасталды

491-бап. Алып тасталды

492-бап. Алып тасталды

493-бап. Алып тасталды

494-бап. Алып тасталды

495-бап. Алып тасталды

 

60-тарау. Кеден органдарының лауазымды адамдарын материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау

496-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарына еңбекақы төлеу

497-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарын көтермелеу

498-бап. Кеден органы лауазымды адамының демалысы

499-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарын зейнетақымен қамсыздандыру

500-бап. Алып тасталды

501-бап. Алып тасталды

502-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарына, оның ішінде зейнеткерлікке шыққан адамдарға медициналық қызмет көрсету

 

61-тарау. Кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының жауаптылығы

503-бап. Кеден органдарының жауаптылығы

504-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының жауаптылығы

 

 

Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған.

 

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

1-бөлім. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу)

1. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие Кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.

2. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу Кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Кеден ісін іске асыру кезіндегі мемлекеттік басқару саласы кеден ісінің аясы болып табылады.

 

2-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті

1. Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;

2) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

2) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;

3) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттіктерін айқындайды;

4) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;

5) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;

6) кедендік әкімшілік етуді жүзеге асырады;

7) тауарлар мен көлік құралдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;

8) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы хабардар етуді, оның ішінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар етуді тұрақты негізде қамтамасыз етеді;

9) кедендік статистиканы жүргізеді;

10) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және мыналардан:

1) осы Кодекстен;

2) қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күні қолданылатын кеден ісі саласындағы кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары қолданылады.

3. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілген кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен күні қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.

Егер Кеден одағының кедендік шекарасын тауарлар іс жүзінде кесіп өткен күн белгіленбесе, белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.

 

4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) авария - тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) әдеттегі жағдайлары кезіндегі табиғи өзгерістерді, сондай-ақ осындай жағдайлардағы төтенше және болдырмау мүмкін болмайтын жағдайларды (еңсерілмейтін күшті) қоспағанда, кедендік бақылаудағы көлік құралдары және (немесе) өзге де тауарлар ұшыраған, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларында көзделмеген сандық және (немесе) сапалық өзгерістеріне әкеп соқтырған, меншік иесінің және (немесе) мұндай өзгерістер кезінде иелігінде тауарлар болған тұлғаның қасақана іс-қимылынан болмаған, салдары бойынша техникалық, технологиялық немесе өзге де сипаттағы зиянды оқиға;

2) декларант - тауарларды декларациялайтын не оның атынан тауарлар декларацияланатын тұлға;

3) жеке пайдалануға арналған тауарлар - кедендік шекара арқылы алып жүрілетін немесе алып жүрілмейтін багажда, халықаралық почта жөнелтімдерінде немесе өзге де тәсілмен өткізілетін жеке адамдардың жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге мұқтаждықтарына арналған тауарлары;

4) жөнелтуші кеден органы - тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын кеден органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;

5) кедендік баж - кеден органдары тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем;

6) кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету - осы Кодексте айқындалатын уақыт кезеңі ішінде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендік операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету;

7) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету - Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді кеден органдарының алдында орындау кепілдігінің тәсілі;

8) кедендік бақылау - Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы;

9) кедендік декларация - белгіленген нысан бойынша жасалған, тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын құжат;

10) кедендік инфрақұрылым - өткізу пунктінің кедендік инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы, сондай-ақ өткізу пунктін материалдық-техникалық жарақтандыру;

11) Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу - тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберуді, кеден органдары шығарғанға дейін құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, нәтижесінде олар кез келген тәсілмен Кеден одағының кедендік аумағына келген, Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізуге байланысты іс-әрекеттерді жасау;

12) Кеден одағының кедендік аумағынан тауарларды әкету - тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберуді, Кеден одағының кедендік шекарасынан іс жүзінде өткізілгенге дейін құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмен Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге бағытталған іс-әрекеттерді жасау;

13) Кеден одағының кедендік шекарасынан өту - адамның Кеден одағының кедендік аумағынан шығуға, Кеден одағының кедендік аумағына кіруге тікелей бағытталған іс-әрекеті және (немесе) адамның кедендік бақылау аймағында болуы, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасынан іс жүзінде өткізу;

14) Кеден одағының комиссиясы - Кеден одағының тұрақты жұмыс істейтін бірыңғай реттеуші органы;

15) Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы - Кеден одағына мүше мемлекетте тұрақты тұратын жері бар жеке тұлға, оның ішінде Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген дара кәсіпкер; заңды тұлға, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылмайтын құрылым;

16) кеден органының қызмет аймағы - оның шегінде кеден органы кедендік бақылаудағы халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын аумақ;

16-1) Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган - кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

17) кедендік рәсім - тауарларды Кеден одағының кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде пайдалану және (немесе) оған билік ету талаптары мен шарттарын кеден мақсаттары үшін айқындайтын нормалардың жиынтығы;

18) кедендік декларациялау - декларанттың кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және (немесе) тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі;

19) кедендік құжаттар - кедендік мақсаттар үшін ғана жасалатын құжаттар;

20) кедендік операциялар - Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тұлғалар мен кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер;

21) кедендік төлемдер - Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуіне байланысты осы Кодекске сәйкес төлеушінің бюджетке төлеуіне жататын кедендік әкелу мен әкету баждары, кедендік алымдар;

22) Кеден одағының кедендік аумағы - Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы, оны Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтары, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің айрықша экономикалық аймақтары және құрлықтық қайраңдары, жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар және және оларға қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттер айрықша юрисдикцияға ие өзге де объектілер құрайды;

23) Кеден одағының кеден кодексі - 2009 жылғы 27 қарашада Минск қаласында Кеден одағының кеден кодексі туралы шартпен қабылданған халықаралық нормативтік құқықтық акт;

24) Кеден одағының кедендік шекарасы - Кеден одағына мүше мемлекеттердің айрықша экономикалық аймақтарындағы және құрлықтық қайраңдарындағы жасанды аралдардың, қондырғылардың, құрылыстардың және оларға қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттер айрықша юрисдикцияға ие өзге де объектілердің шектерін қоса алғанда, Кеден одағы кедендік аумағының шектері;

25) Кеден одағының тауарлары - Кеден одағының кедендік аумағындағы:

толығымен Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген;

Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген және осы Кодекске және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағының тауарлары мәртебесін алған;

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген тауарлардан және (немесе) шетелдік тауарлардан жасалған және осы Кодекске және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағының тауарлары мәртебесін алған тауарлар;

26) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары - Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттар;

27) кеден өкілі - Кеден одағының кеден заңнамасына және осы Кодекске сәйкес декларанттың немесе өзге мүдделі тұлғаның атынан және тапсырмасы бойынша кедендік операцияларды жасайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;

28) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға - кеден өкілдерінің; кедендік тасымалдаушылардың; уақытша сақтау қоймалары, еркін қоймалар, кеден қоймалары, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

29) коммерциялық құжаттар - шот-фактура (инвойс), арнайы тізбелер, тиеу және орау парақтары мен сыртқы сауда және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты мәмілелерді жасауды растау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар;

30) көліктік (тасымалдау) құжаттар - коносамент, жүк құжаты немесе тауарларды тасымалдау шартының бар екенін растайтын және мұндай тасымалдау кезінде оларға ілесіп жүретін өзге де құжат;

31) көлік құралдары - кез келген су кемесін, әуе кемесін, автомобиль көлік құралын, тіркемені, жартылай тіркемені, теміржол көлік құралын (теміржол қозғалмалы құрамы, теміржол қозғалмалы құрамының бірлігі) немесе оларға арналған техникалық паспорттармен немесе техникалық формулярлармен көзделген қосалқы бөлшектері, керек-жарақтар мен жабдықтары, егер олар көрсетілген көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары, салқындату және өзге де техникалық сұйықтар бар контейнерді қамтитын тауарлар санаты;

32) қазақстандық тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адам, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дара кәсіпкер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға;

33) қылмыстар және әкімшілік құқық бұзушылықтар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша кеден органдары қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын қылмыстар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары әкімшілік процесс жүргізетін (іс жүргізуді жүзеге асыратын) әкімшілік құқық бұзушылықтар;

34) межелі кеден органы - қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтайтын кеден органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге де кеден органы;

35) мынадай:

қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қоспағанда, су кемелерін, әуе кемелерін және поездарды жүру жолында немесе аралық аялдама не тұрақ пункттерінде қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті;

осы керек-жарақтардың сатылуына немесе сатылмауына қарамастан, өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін лихтерлер мен баржаларды (бұдан әрі - су кемелері) қоса алғанда, теңіз (өзен) кемелерінің, ішкі суларда жүзетін кемелердің, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелердің, су асты қанаттары бар кемелердің, ауа жастығындағы кемелердің және шағын көлемді кемелердің, әуе кемелерінің бортында жолаушылар мен экипаж мүшелерінің немесе поездарда жолаушылар мен поезд бригадасы қызметкерлерінің тұтынуына арналған;

су кемелерінің, әуе кемелерінің бортында тұтыну мақсатынсыз, осы кемелердің жолаушылары мен экипаж мүшелеріне сатуға арналған керек-жарақтар - тауарлар;

36) мүдделі тұлғалар - тауарларға қатысты мүдделері кеден органдарының шешімдерімен, іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) тікелей және жеке қозғалатын тұлғалар;

37) өткізу пункті - теміржол, автомобиль, су не әуе қатынасының шегінде орналасқан, адамдарды, тауарлар мен көлік құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге арналған, кедендік инфрақұрылымы бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгіленген Кеден одағы кедендік шекарасының Қазақстан Республикасының аумағындағы учаскесі;

37-1) өткізу пунктінің кедендік инфрақұрылым объектілері - бақылаушы органдардың жұмыс істеуіне, кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметтік қызмет көрсетуге, жеке тұлғаларды, тауарларды, көлік құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу үшін жағдайлар жасауға арналған үйлер, құрылыстар, ғимараттар, өткізу пунктінің аумақтары;

38) почта операторы - Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасына және Дүниежүзілік почта одағының актілеріне сәйкес почта қызметі саласында қызмет көрсетуге құқығы бар Қазақстан Республикасының тұлғасы;

39) салықтар - тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салығы және акциз (акциздер);

40) тарифтік емес реттеу шаралары - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Кеден одағы комиссиясының шешімдерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген сандық және экономикалық сипаттағы өзге де тыйым салу мен шектеулерді енгізу жолымен жүзеге асырылатын тауарлармен сыртқы сауданы реттеу шараларының кешені;

41) тасымалдаушы - тауарларды және (немесе) жолаушыларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) Кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға;

42) тауар - Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде ақпарат жеткізгіштер, Кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы және энергияның өзге де түрлері, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;

43) тауарларды алушы - тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге міндетті болатын, тауарлардың ілеспе құжаттарында көрсетілген тұлға;

44) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу - тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу немесе тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкету;

45) тауарларды шығару - кеден органдарының мүдделі тұлғаларға тауарларды мәлімделген кедендік рәсім талаптарына сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес пайдалануға рұқсат беретін әрекеті;

46) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу - тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы белгіленген жерлерден тыс немесе осы жерлердегі кеден органдары жұмысының белгіленбеген уақытында, не кедендік бақылаудан жасырып, не тауарларды дұрыс декларацияламай немесе декларацияламай, не тауарлар туралы дұрыс емес мәліметтер бар құжаттарды пайдалана отырып және (немесе) жалған не басқа тауарларға жататын сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып өткізу, сол сияқты осылай өткізуге тырысу;

47) тауарларға ілеспе құжаттар - Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға арналған коммерциялық және көлік құжаттары;

48) тауар партиясы - кеден органына бір немесе бірнеше көлік құжаты бойынша бір мезгілде ұсынылатын және бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының атына жолданатын тауарлар, сондай-ақ бір почта жүкқұжаты бойынша жөнелтілетін не багаж ретінде бір тұлға өткізетін тауарлар;

49) тұлға - жеке және (немесе) заңды тұлға, сондай-ақ, егер осы Кодекстен өзгеше туындамаса, заңды тұлға болып табылмайтын құрылым;

50) тыйым салу мен шектеу - тарифтік емес реттеу шараларын, тауарлармен сыртқы саудаға қатысты және ұлттық мүдделердің негізінде енгізілетін шараларды, тауарлармен сыртқы саудадағы тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін, экспорттық бақылау, оның ішінде әскери мақсаттағы, техникалық реттеу өнімдеріне қатысты шараларды қамтитын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын шаралар кешені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Кеден одағы комиссиясының шешімдерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік, фитосанитарлық және радиациялық талаптар;

50-1) уәкілетті заңды тұлға - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы заңды тұлға;

51) халықаралық почта жөнелтімдері - Кеден одағының кедендік аумағының шегінен тыс жерге жөнелту үшін қабылданған, Кеден одағының кедендік аумағына келіп түсетін не осы аумақ арқылы транзитпен өтетін және Дүниежүзілік почта одағының актілерінде көзделген ілеспе құжаттары бар почта жөнелтімдері;

52) халықаралық тасымалдың көлік құралдары - жүктерді тиеу, түсіруге, өңдеуге және қорғауға арналған арнайы жабдығы, материалдық-техникалық жабдықтау және жарақтандыру заттары, сондай-ақ көлік құралын жүру жолында жөндеуге, оған техникалық қызмет көрсетуге немесе оны пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері мен жабдығы бар, жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багаждарды халықаралық тасымалдауды бастау және (немесе) аяқтау мақсатында Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін немесе оның шегінен тыс жерге әкетілетін көлік құралдары;

53) шартты шығару − тауарларды пайдалану және билік ету жөніндегі шектеулерді сақтау шартымен тауарларды шығару;

54) шетелдік тауарлар - Кеден одағының тауарлары болып табылмайтын тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес шетелдік тауарлар мәртебесін алған тауарлар;

55) шетелдік тұлға - Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылмайтын тұлға;

56) экспресс-жүк - халықаралық почта жөнелтімдерімен жөнелтілетін тауарларды қоспағанда, ұйымның электронды ақпараттық жүйесін және дара жүкқұжатқа сәйкес мүмкін болатын ең аз және (немесе) бекітілген уақыт аралығы ішінде аталған тауарларды алушыға дейін жеткізу мақсатында тасымалдауды қадағалауды пайдалана отырып, жылдамдықпен тасымалдау шеңберінде көліктің кез келген түрімен тасымалданатын тауар.

2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін өзге де ұғымдар осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мағынада пайдаланылады.

3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасы азаматтық және басқа салалары заңнамасының терминдері, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының осы салаларында олар қалай пайдаланылса, сол мағынада пайдаланылады.

 

5-бап. Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленетін мерзімдерді есептеу тәртібі

1. Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларында белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақыт кезеңінің өтуімен айқындалады.

Мерзім болуға тиіс оқиға немесе жасалуға тиіс іс-әрекет көрсетіле отырып та айқындалуы мүмкін.

2. Егер Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында уақыт кезеңімен айқындалған мерзімнің басталуын және аяқталуын анықтау үшін мерзімдерді есептеудің арнайы тәртібі белгіленбесе, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында осы баптың 3-8-тармақтарында көзделген ережелер қолданылады.

3. Уақыт кезеңімен айқындалған мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе оқиғаның болуы анықталған күннен кейінгі келесі күні басталады.

4. Жылдармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде аяқталады.

5. Айлармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде аяқталады.

Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

6. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін болса, одан кейінгі жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.

7. Егер мерзім қандай да бір іс-әрекетті жасау үшін белгіленсе, ол мерзімнің соңғы күнінде сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін.

Бірақ, егер бұл іс-әрекет ұйымда жасалатын болса, онда мерзім осы ұйымда белгіленген ережелер бойынша тиісті операциялар тоқтатылған сағатта аяқталады.

Мерзімнің соңғы күнінде сағат жиырма төртке дейін почта операторына тапсырылған жазбаша мәлімдемелер және хабарламалар мерзімінде берілген деп есептеледі.

8. Мерзім жұмыс күндерімен есептелген жағдайда, жұмыс күндері деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істемейтін күн деп жарияланған мереке күндеріне келмейтін аптаның дүйсенбіден жұмаға дейінгі күндері түсініледі.

Егер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында және кеден органдары орналасқан өзге орындарда кеден органдарының жұмыс уақыты болып жұмыс істемейтін күндер белгіленсе, осы кеден органдарының жұмыс күндерімен есептелетін кедендік операцияларды жасау мерзімі жұмыс істемейтін күндерді қамтиды.

 

 

2-тарау. Қазақстан Республикасының кеден органдары

 

6-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі

1. Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі - кеден органдары) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден ісін жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік органдар болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі:

1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан;

2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша) бөлімшелерінен;

3) кедендерден;

4) кеден бекеттерінен;

5) Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен;

6) мамандандырылған кеден мекемелерінен тұрады.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кедендік ақпараттық-есептеу орталығы, кедендік зертханалар, кинологиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған кеден мекемелері, жоғары кәсіби және қосымша білім беретін білім мекемелері, сондай-ақ қызметі осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуге жәрдемдесетін мемлекеттік кәсіпорындар құрылады.

4. Кеден органдарының кеден органдарына тән танымдық туы және танымдық белгісі болады.

Кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасын және қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді.

 

7-бап. Кеден органдары қызметінің принциптері

Кеден органдарының қызметі:

1) заңдылық;

2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

3) баршаның заң алдындағы теңдігі;

4) жариялылық принциптерінде құрылады.

 

8-бап. Кеден органдарының негізгі міндеттері

Кеден органдары Кеден одағының кедендік аумағында мынадай негізгі міндеттерді шешуді:

1) Кеден одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесуді;

2) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының орындалуын қамтамасыз етуді;

3) кедендік операциялар жасауды және кедендік бақылау жүргізуді, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізуді;

4) кедендік төлемдерді және салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждарды өндіріп алуды, олардың есептелуінің дұрыстығын және уақтылы төленуін бақылауды, өз құзыреті шегінде оларды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды;

5) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуді;

6) өз құзыреті шегінде кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасауды;

7) өз құзыреті шегінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді;

9) өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік аумағында зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуді;

10) кедендік статистиканы жүргізуді;

11) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді әзірлеуге қатысуды және іске асыруды;

12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

13) кедендік декларациялау мен кедендік бақылауды жүзеге асыруды және жетілдіруді, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасауды;

14) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ берешектерді өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдауды;

15) кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысуды;

16) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысуды;

8-6аптың 17)-19) тармақшалары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

17) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізуді;

18) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік және санитарлық-карантиндік бақылау жүргізуді;

19) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау органдарының қызметтерін үйлестіруді;

20) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен және өзге органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты;

21) осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді.

 

9-бап. Кеден органдарының құқықтары

Кеден органдары:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, декларанттардан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан және тексерілетін тұлғалардан қажетті ақпаратты, сондай-ақ кеден ісі саласына қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

2) кедендік бақылау жүргізу кезінде білімнің әр түрлі салаларының мамандарын тартуға;

3) Кеден одағының кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазба жасауға, киноға және фотосуретке түсіруге;

7) кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге жіберуге;

8) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеуге, жасауға, иеленуге және пайдалануға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды, сондай-ақ арнаулы иттерді қоса алғанда, тауарларды иеленуге;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күшін, арнаулы құралдарды және атыс қаруын қолдануға;

11) «Жедел-iздестiру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жедел-iздестiру қызметін жүзеге асыруға;

12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамалар жасауға;

13) кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға;

14) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

10-бап. Кеден органдарының міндеттері

1. Кеден органдары:

1) декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын сақтауға және мемлекет мүдделерін қорғауға;

2) кеден органының және (немесе) кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға;

3) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау жолымен сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесуге;

4) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыруға;

5) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыруға;

6) өз өкілеттігі шегінде декларанттарға және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға өз құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге;

7) кедендік төлемдер мен салықтардың толық өндіріп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;

8) өз құзыреті шегінде осы Кодексте белгіленген мерзімдерде шешімдер қабылдауға және декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың Кеден одағы және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтауы және міндеттерді орындауы бойынша олардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

9) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға;

10) өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік шекарасын күзетуді және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қызметіне, кеден органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелеріне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;

12) өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және оларды анықтау жөнінде жұмыс жүргізуге;

13) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;

14) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Кеден одағының кедендік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

15) өтініштерді уақтылы, объективті және жан-жақты қарауды және кеден ісі саласына келіп түсетін сауалдар мен ұсыныстарды ескере отырып, жауап беруді немесе тиісті іс-әрекеттер жасауды қамтамасыз етуге;

16) кеден ісі саласында ақпарат және консультация беруді өтеусіз жүзеге асыруға;

17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде аталған органдардың келісімімен өзара іс-қимыл жасауға;

18) кеден ісін жетілдіру және кедендік әкімшілік жүргізудің тиімді әдістерін енгізу мақсатында сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасауға;

19) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді табыс етуге;

19-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөніндегі ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынуға;

20) белгіленген мерзімдерде бюджетке төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын, сондай-ақ өсімпұлды өндіріп алуға;

21) Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыруға;

22) мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;

23) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша қолда бар материалдарды Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына беруге міндетті.

 

11-бап. Кеден органдарының орналасатын жерлері

1. Кеден органдарының орналасатын жерлерін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық тасымал тауарлары мен көлік құралдарын кедендік бақылауды жүзеге асыру қажеттігін ескере отырып, тауарлар партиясының көлемін және Қазақстан Республикасы көліктік әлеуетінің даму қарқынын негізге ала отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тікелей кеден органдарына тиесілі үй-жайларда орналасады.

3. Кеден органдары кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темiржол станцияларының аумағында және (немесе) үй-жайларында, халықаралық почта алмасу орындарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға тиесiлi аумақта және (немесе) үй-жайларда орналасуы мүмкiн.

Көрсетілген жағдайларда қажетті аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен шарт негізінде беріледі.

 

12-бап. Кедендік операциялар жүргізілетін орындар

Осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялар осы Кодекстің 186-бабында айқындалған кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.

 

13-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты

1. Кеден органдарының жұмыс уақытын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты шекарадағы өзге де бақылаушы органдардың жұмыс режимімен, көрсетілген өткізу пункттері орналасқан теңіз және өзен порттарының, әуежайлардың, темір жол станцияларының жұмыс режимімен, сондай-ақ шет мемлекеттің шектес өткізу пункттеріндегі кеден органдары мен өзге де бақылаушы органдардың жұмыс уақытымен үйлестіріледі.

 

14-бап. Кеден органдарының талаптарын орындаудың міндеттілігі

1. Кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес осы талаптар өздеріне қатысты қойылатын барлық тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басқа да іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

15-бап. Кеден органдарының құқық қорғау қызметі

1. Кеден органдары контрабанда туралы, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуден жалтару туралы істер бойынша анықтау органдары болып табылады, олар бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қарауына жатады.

2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен қылмыс деп танылған, олар бойынша іс жүргізу кеден органдарының қарауына жататын құқыққа қарсы әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған тұлғаларды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарының сауал салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.

Кеден органдары жедел-іздестіру қызметін «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырады.

3. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік процесті жүргізеді (іс жүргізуді жүзеге асырады) және тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартады.

 

16-бап. Кеден органдары алған ақпаратқа көзқарас

1. Кеден одағының кеден заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары алған кез келген ақпаратты олар тек кеден мақсаттары үшін, оның ішінде қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу үшін ғана пайдаланады.

2. Кеден органдарының, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратқа қол жетімділік алған өзге де тұлғалардың мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты және басқа да жабық ақпаратты, осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жария етуге, жеке мақсатта пайдалануға не үшінші тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға беруге құқығы жоқ.

Кеден органдары өздеріне берілген ақпаратты, егер мұндай ақпарат мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешу үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) және басқа да жабық ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының тәртібімен және талаптарын сақтай отырып, осы органдарға береді.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары өздеріне берілген ақпаратты өтініштер бойынша:

1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына - тіркелген тергеуге дейінгі тексеру материалдары, сондай-ақ іс жүргізуіндегі қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша прокурордың тексеру жүргізу туралы қаулысының негізінде;

2) соттарға - олардың талап етуі бойынша;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда бірлескен актілерде айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына;

4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға - «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес береді.

4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да мемлекеттік органға ақпаратты беру жағдайларын қоспағанда, осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған кез келген ақпарат жария етуге және таратуға жатпайды.

 

17-бап. Кеден органдарының шешіміне, кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану

Кез келген тұлға кеден органдарының шешімдеріне, кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен шағымдануға құқылы.

 

 

3-тарау. Кеден органдарының өзге мемлекеттік органдармен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және кеден ісі саласындағы басқа да тұлғалармен өзара қарым-қатынасы

 

18-бап. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы

1. Кеден органдары өз функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен дербес және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, сондай-ақ бірлескен актілердің негізінде тиісті мемлекеттік органдардың немесе аталған органдардың келісімімен жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады.

 

19-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары мен салық қызметі органдарының өзара іс-қимылы

Кеден органдары мен салық қызметі органдары өзара іс-қимыл кезінде кедендік және (немесе) салықтық бақылау жүргізу үшін қажетті ақпаратпен, оның ішінде кеден және салық органдарының интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алмасады.

Кеден органдары мен салық қызметі органдарының өзара іс-қимыл тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

20-бап. Көліктің жекелеген түрлерінде кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдарының басқа да тұлғалармен өзара іс-қимылы

1. Кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары ұлттық темір жол компаниясымен, темір жол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен, Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

2. Кеден органдары мен аталған заңды тұлғалардың өзара іс-қимыл тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және кеден іс саласындағы уәкілетті орган мен көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бірлескен актілерінде айқындалады.

 

21-бап. Кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және басқа да тұлғалармен өзара іс-қимылы

1. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді жетілдіру және кедендік әкімшілік жасаудың тиімді әдістерін енгізу мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар кеден ісі мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестердің жұмысына қатысады.

2. Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің және кедендердің жанынан құрылады.

Кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестер туралы үлгі ережені кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің мүшелері осы Кодекстің 32-бабы 3-тармағында айқындалған біліктілік емтихандарын кеден органдары өткізген кезде қатысуға құқылы.

 

22-бап. Кеден органдарының шет мемлекеттердің кеден және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы

Кеден органдары өз функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.

 

 

4-тарау. Ақпараттандыру және консультация беру

 

23-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру

1. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру ресми және өзге де мерзімдік баспасөз басылымдарында Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтік-құқықтық актілерін жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олар туралы ақпаратты телевизия және радио арқылы жалпы жұрттың назарына жеткізу жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру ауызша түсіндірулер мен хабарландырулар, ақпараттық стендтер, табло, буклеттер және өзге де баспа материалдары, сондай-ақ бейне-, дыбыс және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдар пайдаланыла отырып, оның ішінде көпшіліктің қолы жетімді және тегін таныстырылатын мынадай жерлерде:

1) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде;

2) әуежайларда, теміржол және автомобиль станцияларында, су порттарында;

3) халықаралық тасымалдарды орындайтын көлік құралдарында;

4) осы Кодексте айқындалатын кедендік бақылау аймақтарында, сондай-ақ кеден органдары айқындайтын өзге де жерлерде жүзеге асырады.

2. Кеден органдары тұлғалардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпаратқа олардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

 

24-бап. Кеден органдарының консультация беруі

1. Кеден органдары мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер және кеден органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша консультация береді.

2. Кеден органдарының консультация беруі ауызша және жазбаша нысандарда тегін жүзеге асырылады. Кеден органы мүдделі тұлғаның жазбаша сауал салуы бойынша ақпаратты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жазбаша нысанда, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей беруге міндетті.

3. Консультация беру кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары кеден органының атынан кедендік декларацияларды және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылуға жататын өзге де құжаттарды тексермейді, сондай-ақ мұндай кедендік декларациялар мен құжаттарды жасамайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды толтыруға байланысты консультациялар, мүдделі тұлға табыс еткен ақпаратты тексермей, ауызша нысанда жүргізіледі.

4. Консультация беру кезінде кеден органының лауазымды адамы:

1) кеден органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша консультация жүргізуге;

2) мүдделі тұлғалар табыс еткен құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;

3) мүдделі тұлғалардың құжаттарына өкімдік жазбалар жазуға, кеден органдарына нұсқау беруге немесе қандай да бір өзге де тәсілмен кеден органының кейінгі шешімдеріне немесе кеден органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде оның лауазымды адамының іс-әрекетіне ықпал етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария етуге жатпайтын мәліметтерді хабарлауға құқылы емес.

5. Консультацияларды жүргізу кезінде мүдделі тұлғаларға берілген ақпарат тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органының немесе оның лауазымды адамының шешім қабылдауы немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасауы үшін негіздеме болып табылмайды.

 

5-тарау. Кеден органдарының кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге

асыратын тұлғалармен өзара қарым-қатынасы

 

25-бап. Кеден өкілі

1. Осы Кодекстің 26-бабында айқындалған талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кеден өкілі болып табылады.

Заңды тұлға кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін кеден өкілі болып танылады.

Кеден өкілдерінің тізілімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

2. Кеден өкілі декларанттың немесе өзге де мүдделі тұлғалардың атынан немесе тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік операциялар жасайды.

3. Кеден өкілдерінің декларанттармен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қарым-қатынасы шарт негізінде құрылады.

4. Кеден өкілдерінің тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей, көрсетілген интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.

5. Кеден өкілдерінің кедендік операцияларды тікелей жүзеге асыратын қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары және мұндай адамдарға кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру шарттары осы Кодекстің 32-бабында айқындалады.

6. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі үшін осы Кодекске сәйкес белгіленген декларант немесе өзге де мүдделі тұлғалар кедендік операцияларды жасаған кездегі жағдайлардан қолайлылығы кемірек жағдайлар белгіленбеуге немесе сол кезде қойылатын талаптардан неғұрлым қатаң талаптар қойылмауға тиіс.

 

26-бап. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттары

Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу үшін заңды тұлға мынадай шарттарға сәйкес келуге тиіс:

1) бұл тұлғаның штатында осы Кодекстің 32-бабына сәйкес берілетін біліктілік аттестаты бар, кедендік декларациялау жөніндегі кемінде екі маманның болуы қажет;

2) өкілдік берілетін тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру немесе осы тұлғалармен шарттарды бұзу салдарынан басталуы мүмкін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы қажет. Сақтандыру сомасының мөлшері шартта белгіленеді;

3) осындай қамтамасыз етуді ұсынған күнгі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, кемінде бір миллион евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынуы қажет.

 

27-бап. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу тәртібі

1. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш еркін нысанда толтырылады және онда:

1) кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органға қолдаухат;

2) өтініш берушінің атауы, орналасқан жері туралы, ашылған банктік шоттары туралы мәліметтер, сондай-ақ өтініш беруші өтініш берген күні кеден өкілі ретінде өз қызметін солар арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отырған оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және орналасқан жері;

3) өтініш берген күні өтініш берушінің штатындағы кедендік декларациялау жөніндегі мамандар туралы мәлімет;

4) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы мәлімет;

5) өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәлімет болуға тиіс.

1-1. Заңды тұлға кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы өтінішті электрондық құжат нысанында беруге құқылы.

2. Мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;

2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден органы түпнұсқаны өтініш берушіге қайтаруға міндетті) не нотариат куәландырған көшірмесі;

3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

4) өтініш берушінің қызметкерлері болып табылатын кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың біліктілік аттестаттарының көшірмелері;

5) кедендік декларациялау жөніндегі мамандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар не олармен жасалған еңбек шарттары;

6) осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;

7) банктерден оларда ашылған шоттар туралы растау;

8) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты өтінішке қоса беріледі.

2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан оларда қамтылған ақпаратты алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.

3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті қоса берілетін құжаттармен бірге ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.

4. Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

5. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген барлық құжаттар табыс етілмеген немесе өтініш беруші осы Кодекстің 26-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш беруші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.

6. Тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.

 

28-бап. Кеден өкілдерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

1. Кеден өкілдерінің тізілімінен шығару үшін мыналар:

1) осы Кодекстің 26-бабында белгіленген кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттарының сақталмауы;

2) кеден өкілінің оны кеден өкілдерінің тізілімінен шығару туралы өтініші;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;

4) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.

2. Кеден өкілдерінің тізілімінен шығару туралы шешім шығару себебі көрсетіле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.

3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат аталған тұлғаға жазбаша нысанда жіберіледі.

4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1)-2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кеден өкілдерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайтадан берілген өтінішін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қарайды.

 

29-бап. Кеден өкілінің құқықтары

1. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста өзінің мүддесін білдіруге уәкілеттік беретін тұлғамен бірдей құқықтарға ие болады.

2. Кеден өкілі өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

өкілдік беретін тұлғадан кедендік мақсаттар үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпараты не басқа жабық ақпараты бар құжаттар мен мәліметтерді талап етуге және осындай құжаттар мен мәліметтерді осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде алуға;

осы Кодекстің 7-тарауында белгіленген тәртіппен кедендік мақсаттар үшін кеден органдары қажетті ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу, деректерді электрондық жолмен беру үшін пайдаланатын олардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуге құқылы.

 

30-бап. Кеден өкілінің міндеттері

1. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілінің міндеттері Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларында белгіленген талаптар мен шарттарға негізделген.

Кеден өкілінің міндеттеріне мәлімделген кедендік рәсімдердің талаптары мен шарттарын сақтауға байланысты кедендік операциялар жасау, сондай-ақ Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес оларға өкілдік беруші тұлғаларға ғана жүктелетін өзге міндеттерді жасау кірмейді.

2. Өкілдік берілген тұлғадан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не басқа да жабық ақпаратты кеден өкілі және оның қызметкерлері, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеуге немесе өз мақсаттары үшін пайдаланбауға, өзге тұлғаларға бермеуге тиіс.

3. Кеден өкілі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен кеден органдарына есептілік, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілік табыс етуге міндетті.

4. Кеден өкілінің кеден органдарының алдындағы міндеттері өкілдік беретін тұлғамен жасалған шартпен шектелмейді.

5. Міндеттер барлық кеден өкілі үшін бірдей болып табылады. Жекелеген кеден өкілдері үшін айрықша (эксклюзивтік) құқықтар және жеке-дара сипаттағы өзге де артықшылықтар беруге тыйым салынады.

6. Кеден өкілі кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

30-баптың 7-тармағы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

7. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкіліне кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндет кедендік баждар мен салықтарды төлеушімен бірге туындайды.

 

31-бап. Кеден өкілінің жауапкершілігі

Кеден одағы және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамаларының талаптарын сақтамағаны үшін кеден өкілі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

32-бап. Кедендік декларациялау жөніндегі маман

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган берген біліктілік аттестаты бар кедендік декларациялау жөніндегі маман кеден өкілінің атынан кедендік декларациялау жөніндегі іс-әрекеттерді жасау құқығына ие.

Кеден өкілі мен кедендік декларациялау жөніндегі маманның қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде құрылады. Кедендік декларациялау жөніндегі маман еңбек шарты жасалған кезден бастап кеден өкілінің атынан кедендік декларациялау жөніндегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.

2. Кеден өкілі кедендік декларациялау жөніндегі маманның кеден органдары алдындағы міндеттерін шектей алмайды.

3. Кедендік декларациялау жөніндегі маман аттестатын алу үшін біліктілік емтиханын тапсыру қажет.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған кеден органдары кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, біліктілік емтихандарын өткізеді.

Біліктілік емтихандарын өткізу мерзімдері кеден органының интернет-ресурсына орналастырылады.

Біліктілік емтихандары кемінде айына бір рет өткізіледі.

4. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін оны жүргізгенге дейін, осы баптың 3-тармағының 2 бөлігінде айқындалған еркін нысандағы өтінішті кеден органына табыс ету қажет. Өтінішке:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) техникалық және кәсіптік немесе жоғарғы білімін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

3) 3,5х4,5 сантиметр көлеміндегі екі түрлі-түсті фотосы қоса беріледі.

5. Біліктілік емтихандарын тапсырған кезде осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген кеден органдары біліктілік емтихандарын тапсырған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестаттарын беруді жүргізеді.

6. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестаты немесе бейджі жоғалған (бүлінген), сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген жағдайда, бұрын кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестатын берген кеден органына:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) 3,5х4,5 сантиметр көлеміндегі екі түрлі-түсті фото қоса берілген еркін нысандағы өтінішті табыс ету қажет.

7. Бағдарламаны әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және оны бекітуді, аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеуді, біліктілік аттестатының, бейджінің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

8. Кедендік декларациялау жөніндегі маман аттестатының қолданылу мерзімі екі жылды құрайды.

Қолданылу мерзімі тоқтатылғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестаты жарамсыз деп есептеледі.

8-1. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты аттестаттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда, маман қолданылу мерзімі аяқталуынан екі ай бұрын қолданыстағы аттестатты қоса бере отырып, осы баптың 4-тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш беруге құқылы. Емтиханды сәтті тапсырған жағдайда жаңасын тіркеген сәттен бастап қолданыстағы аттестат жарамсыз болады.

9. Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш беруші табыс еткен толық емес немесе дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, аттестаттың күші жойылады.

10. Біліктілік аттестатының күшін жою туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілік аттестатын беру туралы қайтадан берілген өтінішті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган күшін жою туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.

 

33-бап. Кедендік тасымалдаушы

1. Осы Кодекстің 34-бабында айқындалған талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кедендік тасымалдаушы болып табылады.

Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілгеннен кейін кедендік тасымалдаушы болып танылады.

Кедендік тасымалдаушылар тізілімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

2. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес Кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асырады.

3. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурсына орналастырылады.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей аталған Интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.

4. Кедендік тасымалдаушылардың мәртебесі құжатпен расталады, оның нысаны мен қолданылу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжатты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган береді.

 

34-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу шарттары

Мыналар:

1) заңды тұлғаның кеден органына өтініш берген күніне дейін кемінде екі жыл бойы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруы;

2) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді енгізу күніндегі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, кемінде екі мың евроға баламалы сомаға осындай қамтамасыз етуді ұсыну;

3) егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, көрсетілген құжаттың болуы;

4) тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдарының меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, оралымды басқаруында, жалға алынған болуы;

5) кеден органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттің болмауы;

6) кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-407, 410-412, 414, 415, 427-429, 434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;

7) әрбір көлік құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болуы осы тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.

Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді.

 

35-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу тәртібі

1. Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы өтініш еркін нысанда толтырылады және онда:

1) кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органына қолдаухат;

2) өтініш берушінің атауы, орналасқан жері туралы, ашылған банк шоттары туралы мәліметтер;

3) жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру мерзімі туралы мәлімет;

4) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы мәлімет;

5) егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, аталған құжаттың болуы туралы мәлімет;

6) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы көзделетін иелігіндегі халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдары туралы мәлімет (жалпы саны, техникалық сипаттамалары);

7) әрбір көлік құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың бар екендігі туралы мәлімет қамтылуға тиіс.

1-1. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылардың тiзiлiмiне енгiзу туралы өтінішті электрондық құжат нысанында беруге құқылы.

2. Мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;

2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден органы түпнұсқаны өтініш берушіге қайтаруға міндетті) не нотариат куәландырған көшірмесі;

3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

4) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар;

5) осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;

6) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы көзделетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

7) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәліктердің көшірмелері;

8) егер, қызметтің мұндай түрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, көрсетілген құжаттың көшірмесі;

9) қызмет аймағына тұлға тіркелген кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің осы Кодекстің 34-бабы 1-тармағының 4) және 7) тармақшаларында айқындалған шарттарға сәйкестігіне қорытындысы өтінішке қоса беріледі.

2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан оларда қамтылған ақпаратты алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.

3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті қоса берілетін құжаттармен бірге ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.

4. Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

5. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген барлық құжаттар табыс етілмеген немесе өтініш беруші осы Кодекстің 34-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш беруші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.

6. Тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.

 

36-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізілімінен шығару үшін негіздер

1. Кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен шығару үшін мыналар:

1) осы Кодекстің 34-бабының 2) - 4) және 7) тармақшаларында белгіленген кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттарының сақталмауы;

2) кедендік тасымалдаушының осы Кодекстің 37-бабының 1) - 3) тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы;

3) кедендік тасымалдаушының өзін кедендік тасымалдаушылар тізілімінен шығару туралы өтініші;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;

5) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.

2. Кедендік тасымалдаушылар тізілімінен шығару туралы шешім, шығару себебі көрсетіле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.

3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат аталған тұлғаға жазбаша нысанда жіберіледі.

4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша кедендік тасымалдаушылар тізілімінен шығарылған жағдайда, аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайтадан берілген өтінішін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.

 

37-бап. Кедендік тасымалдаушының міндеттері

Кедендік тасымалдаушы:

1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;

2) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен табыс етуге;

3) осы Кодекстің 331 және 332-баптарында көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға;

4) тауарларды жөнелтушіден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не басқа да жабық ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеуге не өз мақсаттары үшін пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге;

5) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген кезінде өзі мәлімдеген мәліметтер өзгергені туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

 

38-бап. Кедендік тасымалдаушының жауапкершілігі

Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кедендік тасымалдаушы осы Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

39-бап. Уақытша сақтау қоймасының иесі

1. Осы Кодекстің 40-бабында айқындалған шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының аумағында құрылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уақытша сақтау қоймасының иесі болып табылады.

Заңды тұлға уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін уақытша сақтау қоймасының иесі болып танылады.

2. Уақытша сақтау қоймасының иесі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.

3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміндегі ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жібереді.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.

 

40-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары

1. Мыналар:

1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, оралымды басқаруында немесе жалға алынған, уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сай келетін:

көлік құралдарының аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың қойма аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы;

қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспаптарының болуы;

техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;

тауарларды тексеріп қарау үшін орындардың, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған және соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған орындары бар жабық алаңдардың болуы;

жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон немесе асфальт төсемі болуға тиіс;

аумақта қойма қызметіне байланысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен имараттар орналаспауға тиіс;

жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір почта мекенжайы бойынша орналасуға және барлық периметрі бойынша бірыңғай үздіксіз қоршауы болуға тиіс үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың болуы;

2) сақтауда тұрған басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан туындауы мүмкін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері шартта белгіленеді;

3) кеден органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы;

4) кеден органына өтініш берген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400, 405, 410-412, 414, 415, 417, 430, 434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.

2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылатын болса, мұндай шарт уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кемінде бір жыл мерзімге берілген күнге жасалуға тиіс.

 

41-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі

1. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш еркін нысанда толтырылады және онда:

1) қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қолдаухат;

2) өтініш берушінің атауы туралы, тұрған жері туралы, ашылған банктік шоттары туралы мәлімет;

3) өтініш берушінің иелігіндегі және уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар туралы, олардың тұрған жері, жайластырылуы, жабдықталуы және материалдық-техникалық жарақтануы туралы мәлімет;

4) өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәлімет;

5) қажетті тиеу-түсіру тетіктерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспаптарының болуы туралы мәлімет қамтылуға тиіс.

2. Мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;

2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден органы түпнұсқаны өтініш берушіге қайтаруға міндетті) не нотариат куәландырған көшірмесі;

3) құрылтай құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

4) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар;

5) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

6) уақытша сақтау қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары мен сызбалары;

7) қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабының бар екенін растайтын құжаттар;

8) уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты өтінішке қоса беріледі.

3. Өтінішті қоса берілетін құжаттармен бірге қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.

4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарауды жүргізеді.

5. Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

6. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген барлық құжаттар табыс етілмеген немесе өтініш беруші осы Кодекстің 40-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.

Өтініш беруші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.

7. Тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.

 

42-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру

1. Уақытша сақтау қоймасы иесінің жазбаша өтініші бойынша ол жүзеге асыратын қызмет алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.

2. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім аталған тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастыруға жол берілмейді.

4. Уақытша сақтаудағы халықаралық тасымалдаудың тауарлары мен көлік құралдары осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзге уақытша сақтау орындарына орналастырылуға және (немесе) басқа кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуге тиіс.

5. Уақытша сақтау қоймасы иесінің жазбаша өтініші бойынша ол жүзеге асыратын қызмет (осы Кодекстің 40-бабында айқындалған шарттарды сақтаған кезде) аталған тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен қайта басталады.

6. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы немесе аталған қойма иесінің тиісті қызметті қайта бастауы туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай ақпарат аталған қойма иесіне жазбаша нысанда жіберіледі.

 

43-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

1. Уақытша сақтау қоймасының иелерінің тізілімінен шығару үшін:

1) осы Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының сақталмауы;

2) уақытша сақтау қоймасы иесінің осы Кодекстің 44-бабының 1) - 5), 7) және 8) тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы;

3) уақытша сақтау қоймасы иесінің өзін уақытша сақтау қоймасы иесінің тізілімінен шығару туралы өтініші;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;

5) қайта құрылуды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.

2. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы шешім шығару себептері көрсетіле отырып, қызметі қойма құрылған аймақтағы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.

3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат аталған қойма иесіне жазбаша нысанда жіберіледі.

4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1)-4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайтадан берген өтінішін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қарайды.

 

44-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері

Уақытша сақтау қоймасының иесі:

1) тауарларды уақытша сақтау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;

2) уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;

3) сақтауда тұрған тауарлардың есебін жүргізуге және олар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен кеден органдарына ұсынуға;

4) уақытша сақтау қоймасының қызметкерлері болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкілеттігі жоқ бөгде адамдарды сақтауда тұрған тауарларға кеден органының рұқсатынсыз жібермеуге;

5) сақтауда тұрған тауарларға кеден органы лауазымды адамдарының қол жетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;

6) уақытша сақтау қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда уақытша сақтау қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай шешім туралы хабарлауға;

7) осы Кодекстің 270-бабында көзделген жағдайларда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауға;

8) заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергендігі туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде хабардар етуге міндетті.

Уақытша сақтау қоймасының аумағы тек осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

 

45-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің жауапкершілігі

Уақытша сақтау қоймасының иесі тауарларды уақытша сақтау кезінде өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

46-бап. Кеден қоймасының иесі

1. Осы Кодекстің 47-бабында айқындалған талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кеден қоймасының иесі болып табылады.

Заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін кеден қоймасының иесі болып танылады.

2. Кеден қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.

3. Кеден қоймасы иесінің декларанттармен немесе өзге мүдделі тұлғалармен қатынасы шарт негізінде құрылады.

4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кеден қоймалары иелерінің тізіліміндегі ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.

 

47-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары

1. Мыналар:

1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, оралымды басқаруында немесе жалға алынған, уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сай келетін үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың болуы:

ашық үлгідегі қоймалар үшін - қойма аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған аумаққа көлік құралдарының кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың және аумаққа (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы;

қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспаптарының болуы;

техникалық жарамды кіреберіс жолдардың болуы;

тауарларды тексеріп қарау үшін орындардың, соның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған және соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған жабық алаңдардың болуы;

жапсарлас тиеу-түсіру алаңын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленуге және бетон немесе асфальт төселуге тиіс;

аумақта қойма қызметімен байланысты емес ғимараттар (құрылыстар) мен имараттар орналаспауға тиіс;

жапсарлас тиеу-түсіру алаңын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайы мен алаң) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір почта мекенжайы бойынша орналасуға және барлық периметрі бойынша бірыңғай үздіксіз қоршауы болуға тиіс;

2) басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан туындауы мүмкін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының бар болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері шартта белгіленеді.

3) кеден органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы;

4) кеден органына өтініш берген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400, 405, 410-412, 414, 415, 417, 423, 430, 434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы заңды тұлғаларды кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.

2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылатын болса, мұндай шарт уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күні кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс.

 

48-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі

1. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш еркін нысанда толтырылады және онда:

1) қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қолдаухат;

2) өтініш берушінің атауы туралы, тұрған жері туралы, ашылған банктік шоттары туралы мәлімет;

3) кеден қоймасының типі туралы мәлімет;

4) өтініш берушінің иелігіндегі және кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар туралы, олардың тұрған жері, жайластырылуы, жабдықталуы және материалдық-техникалық жарақтануы туралы мәлімет;

5) өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәлімет;

6) қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспаптарының бар екендігі туралы мәлімет болуға тиіс.

2. Мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;

2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден органы түпнұсқаны өтініш берушіге қайтаруға міндетті) не нотариат куәландырған көшірмесі;

3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

4) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар;

5) кеден қоймасы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

6) кеден қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары, сызбалары;

7) қажетті тиеу-түсіру механизмдерін және арнаулы техниканы, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығын, ал арнаулы сақтау орнында газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспаптарын иелену құқығын растайтын құжаттар;

8) кеден қоймасы иесінің жауапкершілігін сақтандыру шарты өтінішке қоса беріледі.

3. Өтінішті қоса берілетін құжаттармен бірге қызмет аймағында қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.

4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне қарауды жүргізеді.

5. Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

6. Кедендік қоймалар иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген барлық құжаттар табыс етілмеген немесе өтініш беруші осы Кодекстің 47-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.

Өтініш беруші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.

7. Тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартылған жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.

 

49-бап. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру

1. Кеден қоймасы иесінің жазбаша өтініші бойынша ол жүзеге асыратын қызмет алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.

2. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім аталған тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап тауарларды кеден қоймасына орналастыруға жол берілмейді.

4. Уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдары осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзге уақытша сақтау орындарына орналастырылуы және (немесе) басқа кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуге тиіс.

5. Кеден қоймасы иесінің жазбаша өтініші бойынша ол жүзеге асыратын қызмет (осы Кодекстің 47-бабында айқындалған шарттар сақталған кезде) аталған тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен қайта басталады.

6. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы немесе аталған тұлғаның тиісті қызметті қайта бастауы туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай ақпарат жазбаша нысанда қойма иесінің назарына жеткізіледі, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

 

50-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

1. Кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін:

1) осы Кодекстің 47-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының сақталмауы;

2) кеден қоймасы иесінің осы Кодекстің 51-бабының 1) - 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы;

3) кеден қоймасы иесінің өзін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы өтініші;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;

5) қайта құрылуды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін негіз болып табылады.

2. Кеден қоймаларының иелерін тізілімнен шығару туралы шешім, шығару себептері көрсетіле отырып, қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.

3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат жазбаша нысанда қойма иесінің назарына жеткізіледі, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

4. Тұлғаны осы баптың 1) - 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығарған жағдайда, аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайтадан берген өтінішін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қарайды.

 

51-бап. Кеден қоймасы иесінің міндеттері

1. Кеден қоймасының иесі:

1) кеден қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;

2) кеден қоймасында тауарларды сақтауға қатысты осы Кодексте белгіленген шарттар мен талаптарды сақтауға;

3) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

4) кеден қоймасында сақтауда тұрған тауарлардың есебін жүргізуге және мұндай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есептілікті кеден органдарына ұсынуға;

5) кеден қоймасының қызметкерлері болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкілеттігі жоқ бөгде адамдарды сақтауда тұрған тауарларға кеден органының рұқсатынсыз жібермеуге;

6) сақтауда тұрған тауарларға кеден органы лауазымды адамдарының қол жетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;

7) кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай шешім туралы хабарлауға;

8) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жоғалуын қоспағанда, оларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз тауарларды берген жағдайда осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер туындаған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлеуге;

9) заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергендігі туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

Кеден қоймасының аумағы тек осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

 

52-бап. Кеден қоймасы иесінің жауапкершілігі

Кеден қоймасының иесі кеден қоймасында тауарларды сақтау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

53-бап. Бажсыз сауда дүкенінің иесі

1. Осы Кодекстің 54-бабында айқындалған шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы бажсыз сауда дүкенінің иесі болып табылады.

Заңды тұлға бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін бажсыз сауда дүкенінің иесі деп танылады.

2. Бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды сақтауды және Кеден одағының кедендік аумағынан кететін жеке тұлғаларға, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге не дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдар мен олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне бөлшек саудада сатуды жүзеге асырады.

3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміндегі ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.

 

54-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары

Мыналар:

1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, оралымды басқаруында немесе жалға алынған, бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға жауап беретін үй-жайлардың болуы:

сауда залы жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жол жүруі кезінде әкететін тауарларын кедендік декларациялау жүргізу үшін белгіленген орыннан тыс жерлерде болуға тиіс;

бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын жүзеге асыруға арналған орындар, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және тауарларды сатуға әзірлеу (орамасын ашу, ыдысынан босату және басқалары) жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған жеке қоршалған орындар болуға тиіс;

2) егер бөлшек саудаға арналған тіркеу немесе рұқсат құжаттарын алу міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе, ол құжаттардың болуы;

3) кеден органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттеменің болмауы;

4) кеден органына өтініш берген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400, 405, 409-415, 423, 429, 434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы заңды тұлғаларды бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады;

5) осы Кодекстің 409-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

55-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі

1. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш еркін нысанда толтырылады және онда:

1) қызмет аймағында осындай дүкен құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы қолдаухат;

2) өтініш берушінің атауы туралы, тұрған жері туралы, ашылған банктік шоттары туралы мәлімет;

3) өтініш берушінің иелігіндегі және бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға арналған үй-жайлар туралы, олардың тұрған жері, жайластырылуы туралы мәлімет;

4) егер бөлшек саудаға арналған тіркеу немесе рұқсат құжаттарын алу міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе, ол құжаттардың болуы туралы мәлімет қамтылуға тиіс.

2. Мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;

2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден органы түпнұсқаны өтініш берушіге қайтаруға міндетті) не нотариат куәландырған көшірмесі;

3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

4) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар;

5) бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға жарамды үй-жайларға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

6) бажсыз сауда дүкені ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары, сызбалары;

7) егер бөлшек саудаға арналған тіркеу немесе рұқсат құжаттарын алу міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделсе, ол құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері өтінішке қоса беріледі.

3. Өтінішті қоса берілетін құжаттармен бірге қызмет аймағында бажсыз сауда дүкені құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне қарауды жүргізеді.

5. Тізілімге енгізу туралы шешім орталық кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

6. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген барлық құжаттар табыс етілмеген немесе өтініш беруші осы Кодекстің 54-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.

Өтініш беруші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.

7. Тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартылған жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.

 

56-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру

1. Бажсыз сауда дүкені иесінің жазбаша өтініші бойынша ол жүзеге асыратын қызмет алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.

2. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім аталған тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызмет аймағына дүкен құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап тауарларды бажсыз сауда дүкеніне орналастыруға жол берілмейді.

4. Бажсыз сауда дүкенінде тұрған тауарлар осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзге бажсыз сауда дүкендеріне орналастырылуға және (немесе) басқа кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуге тиіс.

5. Бажсыз сауда дүкені иесінің жазбаша өтініші бойынша ол жүзеге асыратын қызмет (осы Кодекстің 54-бабында айқындалған шарттар сақталған кезде) аталған тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен қайта басталады.

6. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру немесе қайта бастауы туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай ақпарат жазбаша нысанда қойма иесінің назарына жеткізіледі, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

 

57-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен шығару үшін негіздер

1. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен шығару үшін:

1) осы Кодекстің 54-бабының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының сақталмауы;

2) бажсыз сауда дүкені иесінің осы Кодекстің 58-бабында көзделген міндеттерді сақтамауы;

3) бажсыз сауда дүкені иесінің өзін бажсыз сауда дүкені иесінің тізілімінен шығару туралы өтініші;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;

5) қайта құрылуды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.

2. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен шығару туралы шешім, шығару себептері көрсетіле отырып, қызмет аймағына дүкен құрылған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.

3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат жазбаша нысанда дүкен иесінің назарына жеткізіледі.

4. Тұлғаны осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен шығарған жағдайда, аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайтадан берген өтінішін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.

 

58-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің міндеттері

Бажсыз сауда дүкенінің иесі:

1) осы Кодекске сәйкес бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған және өтпеген тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;

2) осы Кодексте белгіленген шарттар мен талаптарды сақтауға;

3) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

4) бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың түсу және осы дүкенде оларды өткізу есебін жүргізуге, сондай-ақ кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен табыс етуге;

5) осы Кодекстің 411-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер туындаған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеуге;

6) заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергендігі туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

Бажсыз сауда дүкенінің аумағы тек осы Кодексте белгіленген талаптарға ғана сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

 

59-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің жауапкершілігі

Бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда дүкендеріндегі тауарларды сақтау және өткізу жөніндегі талаптарды, сондай-ақ бажсыз сауда кедендік рәсімінің талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 60-бап өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

60-бап. Еркін қойма иесі

Кеден органдарының еркін қойма иелерімен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленеді.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 60-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

60-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы

Кеден органдарының арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгiленедi.

 

 

6-тарау. Уәкілетті экономикалық оператор

 

61-бап. Уәкілетті экономикалық оператор

1. Осы Кодекстің 62-бабында көрсетілген шарттарға сай келетін, осы Кодекстің 65-бабында көзделген арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқылы заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператор болып табылады.

2. Заңды тұлғаға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік беру арқылы береді және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі беріледі.

Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

 

62-бап. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары

Мыналар:

1) осы тармақшаның екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылатын күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір миллион евроға баламалы сомаға кемінде бір жыл мерзімге осы Кодекстің 16-тарауында көзделген тәртіппен осындай қамтамасыз етудің болуы;

Тауарларды өндіру қызметін жүзеге асыратын және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған критерийлерге сәйкес келген кезде кедендік әкету бажы қолданылмайтын тауарларды экспорттайтын тұлғалар мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша жүз елу мың евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынады;

2) кемінде екі жыл сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру;

3) кеден органына өтініш берген күні Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегінің болмауы;

4) кеден органына өтініш берген күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектердің (бересінің) болмауы;

5) кеден органына өтініш берген күні өтініш берушінің, құрылтайшылардың, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлердің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес өтелмеген соттылығының болу фактілерінің болмауы;

6) өтініш берушінің кеден органына өтініш берген күні бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы;

7) кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін, мынадай талаптарға сай келетін:

кедендік декларацияларды декларациялаудың, бақылаудың және есепке алудың, оның ішінде кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен сәйкес келетін бағдарламалық өнімді міндетті түрде қолдана отырып, автоматтандырылған жүйесі бар;

бөгде адамдардың рұқсатсыз қол жеткізуінен құжаттарды сақтау және компьютер жүйесін қорғау мақсатында қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық технологиялық шараларды қамтамасыз ететін;

тауарлар мен көлік құралдарының іс жүзіндегі санының құжаттар бойынша деректермен сәйкес келмеуін анықтау үшін ішкі бақылау жүйесі бар тауарлардың есебін жүргізу жүйесінің болуы заңды тұлғаға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары болып табылады.

 

63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі, уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері

1. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік алу үшін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға осындай тұлғаның уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесін беру шарттарына сәйкестігін растайтын мәліметтері бар, заңды тұлға басшысының қолы қойылған және мөрмен куәландырылған өтінішті, сондай-ақ мынадай құжаттарды:

құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін толтырылған сауалнаманы;

осы Кодекстің 144-бабына сәйкес кедендік төлемдердің, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растайтын құжаттардың бірін ұсынады.

2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарау кезінде ондағы мәліметтерді тексереді, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне өтініш берушінің уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкестігіне осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.

Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш және көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәлікті беру жөнінде не бас тарту себебі көрсетіле отырып, мұндай куәлікті беруден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.

Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәлікті беру жөніндегі шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.

Өтініш беруші өтініште, сауалнамада мәліметтерді толық көрсетпеген не осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш және оған қоса берілетін құжаттар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бас тарту себебін көрсете отырып, куәлікті беруден бас тарту туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.

3. Уәкілетті экономикалық оператор:

1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алған кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергендігі және (немесе) толықтырылғаны туралы мұндай өзгерістер және (немесе) толықтыруларды растайтын тиісті құжаттарды ұсыну жолымен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлауға;

2) кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аяқталған кезде уәкілетті экономикалық оператор мұндай мерзім аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, кеден ісі саласындағы уәкілетті органға көрсетілген бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін ұзарту не кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету туралы жаңа құжаттарды ұсынуға;

3) осы Кодекстің 62-бабы 7-тармағының талаптарын сақтауға міндетті.

4. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданылуы:

1) Уәкілетті экономикалық оператор Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш берген;

2) берешектерді төлеген кезге дейін, осы Кодекстің 160-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар төлеу бойынша берешектері болған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түбегейлі шешім шығарылғанға дейін өтініш берушіге, құрылтайшыларға, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалу фактілері болған;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түбегейлі шешім шығарылғанға дейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434, 438-баптары бойынша әкімшілік іс жүргізудің қозғалу фактілері болған;

5) осы баптың 3-тармағында белгіленген міндеттер орындалмаған кезде тоқтатыла тұрады.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оны жазбаша хабардар етеді.

5. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің күші:

1) уәкілетті экономикалық оператор өзін уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінен шығару туралы өтініш берген;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта ұйымдастырылған;

4) өтініш беруші, құрылтайшылар, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылған;

5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434, 438-баптары сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған кезде жойылады.

6. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

64-бап. Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлар тізілімін жүргізеді және ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей оны кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз етеді.

Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінің және осындай тізілімге енгізу туралы куәліктің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

65-бап. Уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнайы оңайлатулар

1. Уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнайы оңайлатулар берілуі мүмкін:

1) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге аумақтарында тауарларды уақытша сақтау;

2) кедендік декларацияны бергенге дейін осы Кодекстің 298-бабына сәйкес тауарларды шығару;

3) тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге де аумақтарында жүргізу;

4) кеден органдарына Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі көзделген тауарлар, осындай тауарларды өткізетін халықаралық тасымалдың көлік құралдары, Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың әкеліну немесе мұндай аумақтан әкетілу уақыты мен орны, Кеден одағының кедендік аумағына келетін немесе мұндай аумақтан кететін жолаушылар туралы алдын ала ақпараттарды электронды түрде табыс ету;

5) егер декларант ретінде уәкілетті экономикалық оператор болса, кедендік транзит рәсімдерін жүзеге асырған кезде кеден органдары осы Кодекстің 321-бабында көзделген кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етудің ұсынылуын талап етпейді.

2. Осы бапта көзделген арнайы оңайлатулар уәкілетті экономикалық оператор осындай арнайы оңайлатуларды қолдану көзделетін тауарлардың декларанты болуға құқылы болған жағдайларда ғана қолданылады.

3. Осы бапта көзделген арнайы оңайлатулар қолданылмайтын тауарлар тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

 

66-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпараттарды табыс ету

1. Уәкілетті экономикалық операторлар, тасымалдаушылар, оның ішінде кедендік тасымалдаушылар, кеден өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар кеден органдарына Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі көзделген тауарлар, мұндай тауарларды өткізетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың әкеліну немесе мұндай аумақтан әкетілу уақыты мен орны, Кеден одағының кедендік аумағына келетін немесе мұндай аумақтан кететін жолаушылар туралы алдын ала ақпараттарды электронды түрде табыс ете алады.

2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің, шет мемлекеттердің кеден органдарымен (қызметтерімен) алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

3. Кеден органдарына алдын ала ақпаратты міндетті түрде беру жағдайлары, оны беру көлемі, тәртібі және кедендік мақсаттар үшін пайдалану Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады.

 

7-тарау. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар

 

67-бап. Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары

1. Кедендік операциялар ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологияларды, оның ішінде ақпарат берудің электронды тәсіліне негізделген технологияларды, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып жасай алады.

2. Ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологияларды енгізу тиісті халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.

3. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары әзірлеген, шығарған немесе сатып алған ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдаланады.

4. Кедендік мақсаттар үшін ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды, оларды қамтамасыз ету құралдарын және ақпараттарды қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарын пайдалану шарттары мен тәртібін, сондай-ақ ақпарат алмасудың электронды тәсіліне негізделген ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде оларға қойылатын талаптарды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

68-бап. Декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың меншігіндегі бағдарламалық өнімдер

1. Осы Кодексте көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдер сәйкес болуға тиіс талаптарды Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейді. Аталған талаптар кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады.

2. Бағдарламалық өнімдердің Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін ғана оларды кедендік мақсаттар үшін пайдалануға жол беріледі.

3. Бағдарламалық өнiмдерге тексеру жүргiзу үшiн осы баптың 1-тармағында аталған тұлға кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға мыналар қамтылған бағдарламалық өнiмге тексеру жүргiзу туралы өтiнiш бередi:

1) өтiнiш берушi туралы мәлiметтер: жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және оның тұрғылықты жерi (мекенжайы); заңды тұлға үшiн - атауы және орналасқан жерi (мекенжайы); сәйкестендiру нөмiрi;

2) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi; заңды тұлға үшін - Бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

Өтінішке оны жасаған адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, мөрмен куәландырады.

4. Өтінішпен бірге мынадай құжаттар:

1) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

2) бағдарламалық өнімдерге бағдарламалық және пайдалану құжаттамаларының жиынтығы;

3) бағдарламалық өнімді әзірлеу кезінде лицензияланған бағдарламалық құралдардың пайдаланылғанын растайтын құжаттар;

4) әзірленген бағдарламалық өнім арқылы кедендік құжаттарды толтырудың ережелеріне сәйкес ресімделген кедендік құжаттардың электронды көшірмелерінің үлгілері қоса берілуге тиіс.

5. Өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініште көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды және тексереді.

6. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілердің тізілімін жүргізеді, онда мынадай мәліметтер:

1) бағдарламалық өнімді әзірлеуші болып табылатын тұлғаның атауы;

2) бағдарламалық өнімнің атауы;

3) бағдарламалық өнім нұсқаларының нөмірі;

4) электронды кедендік құжаттардың түрі қамтылады.

7. Кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілерді тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (не оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірілмей өтініш берушінің мекенжайына жіберіледі. Бағдарламалық өнімді әзірлеушіні тізілімге енгізуден бас тартылған жағдайда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бас тарту себептері туралы аталған тұлғаны жазбаша нысанда хабардар етеді. Өтініш беруші ескертулерді жойғаннан кейін осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес құжаттарды қайтадан табыс етуге құқылы.

8. Кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілерді тізілімге енгізу және шығару туралы ақпарат тиісті бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады.

9. Бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптар өзгерген жағдайда жариялануға және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылуға жатады.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бұрын тексерген бағдарламалық өнімді өз қызметінде пайдаланатын тұлға оларды осы тарауда көзделген тәртіппен жаңадан белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

 

69-бап. Декларанттарға және кеден өкілдеріне кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға рұқсат беру

1. Декларант немесе кеден өкілі кеден ісі саласындағы уәкілетті органның кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған рұқсатын алу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органға мынадай мәліметтер:

1) өтініш беруші туралы мәлімет: жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және оның тұратын жері (мекенжайы); заңды тұлға үшін - атауы және орналасқан жері (мекенжайы); сәйкестендіру нөмірі;

2) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi; заңды тұлға үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі қамтылған кедендiк құжаттардың электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға рұқсат беру туралы өтiнiш бередi.

Өтінішке оны жасаған адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, мөрмен куәландырады.

2. Өтінішпен бірге мынадай құжаттар:

1) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның меншігіндегі кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді пайдалану жағдайларын қоспағанда, бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілер тізіліміне енгізілген тұлғамен жасалған шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса берілуге тиіс.

3. Өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініштегі мәліметтерді, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды және тексереді.

4. Көрсетілген мәліметтер мен құжаттар белгілеген талаптарға сәйкес келген жағдайда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш берген тұлғаны осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде өз шешімі туралы жазбаша хабардар етеді. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның жазбаша шешімінде берілген код көрсетіледі, кейіннен оны өтініш берген тұлға әрбір қалыптастырған кедендік құжаттардың электронды көшірмесінде белгіленген жиекке жазады.

5. Өтініш берушіге берілген код кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан басқа, өзге тұлғалар өткізетін тауарларға кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін пайдаланылмайды.

6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілмеген жағдайда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған рұқсатты беруден бас тартады және осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде өтініш берушіге бұл туралы жазбаша хабарлайды.

7. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның берілген код көрсетілген жазбаша шешімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:

1) өтініш беруші осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптарды бұзған;

2) өтініш беруші бағдарламалық өнімдерді әзірлеушімен шарттың күшін жойған және бұл туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органға хабарламаған кезде кері қайтарып алуы мүмкін.

8. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның осы берілген код көрсетілген жазбаша шешімін кері қайтарып алу өтініш берушіге берген кодтың күшін жоюға және мұндай кодпен қалыптастырылған кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қабылдаудан бас тартуға әкеп соғады.

9. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өзгерген кезде декларант немесе кеден өкілі мәліметтер өзгерген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органды болған өзгерістер туралы жазбаша хабардар етеді.

10. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтініш берушіге берілген кодтың қолданылу мерзімі шектелмейді.

 

70-бап. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары

1. Кедендік операцияларды жүргізу кезінде табыс етілетін құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ оларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар негізінде қалыптастырылған кеден органдарының ақпараттық ресурстарына қол жетімділік шектеулі болады. Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру тәртібі және оларға қол жетімділік Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасымен айқындалады.

Кеден органдарының ақпараттық ресурстары деп кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде жасалатын, өңделетін және жинақталатын деректер базасы қамтылатын құжатталған ақпараттың ұйымдастырылған жиынтығы түсініледі.

Кеден органдарының Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты ақпараттық ресурстары ашық және жалпыға бірдей қол жетімді болып табылады.

Жалпыға бірдей қол жетімді ақпараттық ресурстар кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады.

2. Тұлғалардың кеден органдарының иелігіндегі, шектеулі қол жетімді ақпараттық ресурстардағы ақпаратты алу тәртібі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасымен айқындалады.

 

71-бап. Ақпаратты және ақпараттық процестер мен ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің құқықтарын қорғау

1. Ақпаратты және ақпараттық процестер мен ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Қорғау бағдарламалық өнімдермен, ақпараттық жүйелермен және ақпараттық технологиялармен үйлесімді және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде сертификаттауға жататын ақпаратты қорғаудың арнаулы бағдарламалық-техникалық құралдарын енгізу және пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

3. Ақпаратты қорғау құралымен қамтамасыз етілетін ақпаратты қорғау деңгейі ақпараттың санатына сәйкес келуі тиіс. Ақпаратты қорғау деңгейінің белгілі бір санатқа сәйкес келуін иелігінде ақпараттық ресурстары бар кеден органдары қамтамасыз етеді.

Ақпаратты қорғау және ақпарттық қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

 

72-бап. Кеден органдарының ақпарат алмасуы

Кеден органдары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда шет мемлекеттердің кеден органдарымен, сондай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдармен халықаралық ақпарат алмасуға қатысады.

 

 

8-тарау. Кедендік статистика

 

73-бап. Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасы

1. Тауарлармен сыртқы сауданың жай-күйін, қарқынын және даму үрдісін талдау мақсатында кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін қалыптастыру үшін тауарлардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі туралы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүргізеді.

2. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген әдіснамаға сәйкес жүргізеді.

3. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін:

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарына және өзге де ұйымдарына;

халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен халықаралық ұйымдарға табыс етеді.

4. Кеден одағының комиссиясы Кеден одағының тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ұйымдарға ұсынады.

5. Кеден органы Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.

6. Кеден органдары мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) не басқа да жабық ақпаратты қамтымайтын тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін, оларды алуға мүдделі Қазақстан Республикасының ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда ұсына алады.

 

74-бап. Арнаулы кедендік статистика

1. Кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен арнаулы кедендік статистика жүргізіледі.

2. Кеден органдары арнаулы кедендік статистиканың деректерін кедендік мақсаттар үшін ғана қолданады.

 

75-бап. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын құжаттар және мәліметтер

1. Статистикалық мақсаттар үшін тұлғалардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес ұсынатын құжаттары мен мәліметтері пайдаланылады.

2. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын мәліметтерге осы Кодекстің 16-бабының ережелері қолданылады.

 

 

9-тарау. Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы.

Тауарларды сыныптау

 

76-бап. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы

Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі - Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы) сыртқы экономикалық қызметтің сыртқы сауда және өзге де түрлерін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын жүзеге асыру, кедендік статистиканы жүргізу үшін қолданылады.

 

77-бап. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу

1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына негізделеді.

2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Кеден одағының комиссиясы бекітеді.

3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешімдерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған өзгерістер енгізу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы жариялайды.

4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын техникалық жүргізу Кеден одағы Кеден кодексінің 51-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

78-бап. Тауарларды сыныптау

1. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде олар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша сыныпталуға жатады.

2. Кеден декларациясында мәлімделген тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді, бақылау-өткізу пункттерінің және мамандандырылған кедендік мекемелердің лауазымды адамдарын қоспағанда, кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалатын жағдайларда, тауарларды шығарғанға дейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.

Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы осы Кодекстің 21 және 24-тарауларында белгіленген тәртіппен жүргізілетін тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.

3. Тауарларды шығарғанға дейін де, оларды шығарғаннан кейін де тауарлардың дұрыс сыныпталмауы анықталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында айқындалған кеден органының лауазымды адамы тауарларды сыныптауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдайды.

4. Тауарларды сыныптау деп қарастырылатын тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша нақты тауарлық позицияларға, субпозицияларға және кіші субпозицияларға кезең-кезеңмен жатқызу түсініледі.

Тауарларды сыныптау мына негізгі критерийлердің:

1) тауар орындайтын функция;

2) тауар жасалған материал негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте, тауарлардың өңделу дәрежесін ескере отырып, оларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсініктеме берудің негізгі ережелерін және бөлімдерге, топтарға ескертпелерді (оның ішінде тауарлық позицияларға, субпозицияларға ескертпелерді), сондай-ақ ерекше сыныптау мәселелерін түсіндіретін қосымша ескертпелерді қолдану негізінде тауарлық субпозицияларға бірдей жатқызу принципі сақталады.

5. Тауарларды сыныптау кезінде кеден органдары, декларанттар немесе кеден өкілдері түсініктеме берудің негізгі ережелерін; бөлімдерге, топтарға, позицияларға ескертпелерді; Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсініктемені; Дүниежүзілік кеден ұйымының Үйлестірілген жүйесі жөніндегі комитетінің Сыныптау бойынша пікірлер компендиумін; кеден ісі саласындағы уәкілетті органның тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешімдерінің электрондық базасын; Кеден одағы комиссиясының және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау бойынша түсініктемесін қолданады.

6. Тауарларды сыныптау кезінде кеден органдары декларант табыс еткен жөнелтуші елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін, егер декларант мұны табыс ете алатын жағдайда, тәуелсіз сарапшы ұйымдардың қорытындыларын, анықтамаларын, сондай-ақ тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерді назарға алады.

7. Кедендік декларациялау үшін кедендік декларация берген кезде декларант Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарды сыныптайды және кедендік декларацияда тауардың кодын мәлімдейді.

8. Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде декларант кедендік декларацияда тауарлардың кодын дұрыс мәлімдеген болса, онда кеден органының лауазымды адамы қосымша құжаттарды табыс етуді сұрамай, тауарлардың сыныпталуы бойынша мәліметтерді тексеруді аяқтайды.

9. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарлардың дұрыс сыныпталмауы анықталған жағдайда, кеден органының лауазымды адамы тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдау үшін бір жұмыс күні ішінде декларанттан қосымша құжаттарды жазбаша сұрайды.

Қосымша құжаттар декларантты жазбаша хабардар еткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылады.

Кеден органы декларант сұрау салынған құжаттарды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім шығарады және бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны декларантқа поштамен жібереді.

10. Тауарларды сыныптау үшін қосымша құжаттар сұралған жағдайда, кеден органы декларанттың жазбаша өтініші бойынша:

кедендік баждар мен салықтарды төлеу қамтамасыз етілген кезде - кедендік баждар мен салықтар салынатын;

кеден органының жазбаша сұрау салуында белгіленген мерзімде сұратылған құжаттарды беру бойынша декларанттың міндеттемесі болған кезде кедендік баждар мен салықтар салынбайтын тауарлардың шартты шығарылуын жүзеге асырады.

Кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасының мөлшері ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі мәлімделген кезде төлеуге жататын кедендік баждар мен салықтардың сомасынан аз болмауға тиіс.

Кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тауарлар шартты шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем болмауға тиіс.

11. Декларант кеден органының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімімен келіскен жағдайда, декларант кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес өзгертуге немесе толықтыруға тиіс.

12. Кеден органының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімі екі дана етіп ресімделеді және оған тауарларды кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қояды.

13. Кеден органының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімінің орындалуы міндетті болып табылады.

14. Кеден органы қабылдаған тауарларды сыныптау жөніндегі шешіммен келіспеген жағдайда, декларант немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға не олардың өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органының немесе кеден органы лауазымды адамының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.

15. Тауарларды сыныптау жөніндегі шешімге шағым жасалған кезде шағым жасаған тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын, тауарлардың сынамасын және үлгілерін, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және тауарларды бірдей сыныптауға мүмкіндік беретін ақпаратты ұсынады.

16. Кеден органдарының тауарларды сыныптау жөніндегі шешімдерінің бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады, олардың типографиялық тәсілмен орындалған, кеден органының кодын қамтитын есептік сериясы және нөмірі болады.

17. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы тарауға сәйкес тауарларды сыныптау жөнінде алдын ала шешімдер қабылдайды және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында жариялауды қамтамасыз ете отырып, тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау бойынша түсіндірулер береді.

Тауарларды сыныптау жөнінде алдын ала шешімдер тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында декларациялау кезінде міндетті болып табылады.

18. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімдердің деректер қорын жүргізуді жүзеге асырады.

 

79-бап. Алдын ала шешім қабылдау тәртібі

1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімді қабылдау тәртібі осы Кодекстің 80-83-баптарымен айқындалады.

2. Алдын ала шешім тауардың белгілі бір маркасын, моделін, артикулі мен модификациясын қамтитын әрбір атауына қабылданады.

3. Алдын ала шешімнің нысаны Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

4. Өтініш беруші алдын ала шешімді жоғалтқан жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушінің жоғалтқан алдын ала шешімге сілтемесі бар жазбаша өтінішінің негізінде жазбаша өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші бұрын алған алдын ала шешімнің телнұсқасын береді.

5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 213-бабына сәйкес тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімдермен ақпараттық алмасуды жүзеге асырады.

 

80-бап. Алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш

1. Алдын ала шешімді тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда - өтініш беруші) жазбаша түрде немесе электрондық құжат түрінде берген өтініші негізінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі қабылдайды.

2. Тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініште тауарлардың толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы, негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары және тауарларды бірдей сыныптауға мүмкіндік беретін өзге де ақпарат болуға тиіс. Қажет болған жағдайда осы алдын ала шешімді қабылдау үшін өтініш берушінің мөрімен куәландырылған бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, төлқұжаттары, тауарлардың сынамалары мен үлгілері және басқа да құжаттары табыс етіледі.

3. Егер өтініш беруші табыс еткен мәліметтер алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні кеден органына алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қосымша ақпарат беру қажеттілігі туралы хабардар етеді. Қосымша ақпарат өтініш берушіге жазбаша хабарланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етілуге тиіс. Егер ақпарат белгіленген мерзімде берілмесе, алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш қабылданбайды.

 

81-бап. Алдын ала шешім қабылдау және оның қолданылу мерзімдері

1. Алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде алдын ала шешім қабылданады.

Осы Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім тоқтатыла тұрады және сұрау салынған мәліметтерді қамтитын соңғы құжат алынған күннен бастап қайта жаңартылады.

2. Егер осы Кодекстің 82-бабына сәйкес алдын ала шешім өзгертілмесе, кері қайтарылмаса не оның қолданысы тоқтатылмаса, ол қабылданған күннен бастап үш жыл бойы қолданылады.

 

82-бап. Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтару

1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өзі қабылдаған алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы шешім қабылдай алады.

Алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы шешім өтініш берушіге алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.

2. Егер кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш беруші алдын ала шешімді қабылдау үшін жалған немесе қолдан жасалған құжаттар, дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтер ұсынғанын анықтаса, алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданады.

Алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім осындай алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

3. Алдын ала шешімді өзгерту:

кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі немесе өтініш беруші алдын ала шешім қабылдау кезінде жіберілген кемшіліктерді анықтаған;

Кеден одағының комиссиясы тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау жөнінде шешімдер немесе түсініктемелер қабылдаған жағдайларда жүргізіледі.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің алдын ала шешімді өзгерту туралы шешімі осы шешімді өзгерту туралы шешімде көрсетілген мерзімде күшіне енеді.

4. Алдын ала шешім:

соларға қатысты алдын ала шешім қабылданған тауарлардың сыныпталуына әсер ететін Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізілген;

Дүниежүзілік кеден ұйымы Кеден одағына мүше мемлекеттер қолданатын тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдаған;

Кеден одағының комиссиясы тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау жөнінде шешімдер немесе түсініктемелер қабылдаған жағдайларда қайтарып алынады.

Алдын ала шешімді қайтарып алу туралы шешімді кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Кеден одағы комиссиясының шешімдері мен түсініктемелері жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдайды және осындай шешімдермен бір мезгілде күшіне енеді.

5. Алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату, оны өзгерту немесе қайтарып алу туралы шешім осындай шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей кеден органдарының назарына жеткізіледі.

 

83-бап. Алдын ала шешімдердің жариялылығы

Мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не мүдделі тұлғаға қатысты басқа да жабық ақпаратты қоспағанда, алдын ала шешімдер Кеден одағы комиссиясының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

 

84-бап. Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиямен әкелу көзделген, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау тәртібі

1. Декларациялау ерекшеліктері осы Кодексте көзделген, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиямен әкелу көзделген, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді (бұдан әрі - жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім) тұлғаның жазбаша өтініші негізінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.

2. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім өтініш берушіге мына шарттар бір мезгілде сақталғанда:

сыртқы сауда шарты (келісімшарты) өтініш берушінің атынан жасалған;

өтініш беруші тауарларды алушы болып табылған кезде беріледі.

3. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау жөнінде өтініш:

нотариат куәландырған сыртқы сауда шартын (келісімшартын);

өтініш беруші туралы мәліметті;

тауар туралы мәліметті (атауы, тауардың құрамдас бөліктерінің тізбесі);

тауарды жеткізу мерзімін;

тауар орналастырылатын кедендік рәсімді;

тауарды декларациялау жүзеге асырылатын кеден органының атауын қамтуға тиіс.

Өтінішке құжаттар қоса беріледі, олардың негізінде жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданады (жұмыс істеу принципі мен функцияларын көрсете отырып, тауардың және оның құрамдас бөліктерінің техникалық сипаттамасы, монтаждау немесе жинау тәсілдерінің сипаттамасы, тауар және оның құрамдас бөліктері жасалған материалдардың сипаттамасы, жинақтау сызбалары, схемалары, мүмкін болса тауардың фотосуреттері, өндірушілердің каталогтары, бейне материалдар, егжей-тегжейлі ерекшелігі).

4. Өтініш кедендік декларациялау үшін тауардың бірінші партиясы табыс етілгенге дейін беріледі.

5. Егер өтініш беруші табыс еткен құжаттар мен мәліметтер жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдауға жеткіліксіз болса, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қосымша ақпарат беру қажеттілігі туралы хабарлайды.

Қосымша ақпарат өтініш берушіге жазбаша хабарланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етілуге тиіс.

Егер ақпарат белгіленген мерзімде берілмесе не өтініш беруші тауарды жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді табыс етуден бас тартса, мұндай тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау жөніндегі өтініш қайтарылады.

Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініш:

егер тауардың құрамдас бөліктері құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде сыныптау ережелеріне сәйкес аяқталған немесе жинақталған тауардың коды бойынша сыныпталатын тауарды құрмаса;

өтініште және оған қоса берілетін құжаттарда бір-біріне қайшы келетін ақпарат болған кезде қайтарылады.

 

85-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау мерзімі

1. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылданады.

Осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағына сәйкес қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім тоқтатыла тұрады және сұратылған мәліметтерді қамтитын соңғы құжатты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган алған күннен бастап жаңартылады.

2. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

86-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданылу мерзімі

Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді және қатарынан күнтізбелік он екі айдан аспауға тиіс.

 

87-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту немесе оның қолданылуын тоқтату

1. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту:

1) кеден органдары орындауға міндетті тауарлардың жекелеген түрлері жөніндегі шешімді және түсініктемені кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қабылдаған;

2) жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдаған кезде немесе өтініш беруші құжаттар дайындаған кезде жіберілген қателер, әріп қателері анықталған;

3) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы өзгертілген жағдайларда жүргізіледі.

Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту туралы шешім жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту туралы шешімде көрсетілген күннен бастап күшіне енеді.

2. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданысын тоқтату:

1) егер кеден органы өтініш берушінің жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау үшін жалған немесе қолдан жасалған құжаттар немесе дұрыс емес мәліметтер бергенін анықтаған;

2) егер кедендік декларация Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген мерзімде тапсырылмаған;

3) егер өтініш беруші тауар жеткізуден жазбаша түрде бас тартқан, оның ішінде шартты түрде шығарылған тауардың құрамдас бөліктері болған жағдайларда жүргізіледі.

Егер шартты түрде шығарылған тауардың құрамдас бөліктері сыныптау ережесіне байланысты жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімде көрсетілген аяқталған немесе жинақты тауардың сыныптау кодына жататын болса, жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданбайды.

Сыныптау туралы шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім сыныптау туралы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

88-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданысы тоқтатылған кезде тауарларды сыныптау

Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданысы тоқтатылған кезде тауардың жеткізілетін жеке құрамдас бөліктері Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларында белгіленген тәртіппен кедендік декларация тапсырыла отырып, кедендік декларациялауға жатады. Бұл ретте, машинаның көрсетілген құрамдас бөліктері Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес жеке тауарлар ретінде сыныпталады.

 

89-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдердің есебі

Жинақталмаған түрдегі түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдердің есебін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

90-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту

1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі кемінде күнтізбелік отыз күн ішінде берілген өтініш берушінің жазбаша өтініші болған кезде көрсетілген шешімнің қолданылу мерзімін тауардың жекелеген құрамдас бөліктерін толығымен жеткізу кезеңіне ұзартады.

2. Өтініш беруші кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтінішінде мына мәліметтер:

оған сәйкес Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының бірыңғай коды бойынша тауардың жекелеген құрамдас бөліктерін кедендік декларациялау жүзеге асырылатын жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің нөмірі мен қабылданған күні;

оған сәйкес Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының бірыңғай коды бойынша тауардың жекелеген құрамдас бөліктерін кедендік декларациялау жүзеге асырылатын шарттың деректемелері;

жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы берілген шешімнің қолданылу мерзімінде тауардың барлық жекелеген құрамдас бөліктерін кедендік декларациялауды аяқтаудың мүмкін еместігіне негіз болған себептер;

тауардың жекелеген құрамдас бөліктерін кедендік декларациялауды жүзеге асыратын кеден органының атауы;

тауардың жекелеген құрамдас бөліктерінің соңғы партиясын әкелу аяқталатын мерзім көрсетілуге тиіс.

3. Әкелінген тауардың жекелеген құрамдас бөліктерін шартты шығару үшін табыс етілген ресімделген кедендік декларациялардың көшірмелері алдын ала сыныптау шешімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішке қоса беріледі.

4. Алдын ала сыныптау шешімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш кеден ісі саласындағы уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қаралады.

5. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім екі дана етіп ресімделеді.

Бірінші данасы өтініш берушіге жіберіледі. Екінші данасы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиямен әкелу көзделген, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден органына жіберіледі.

 

 

10-тарау. Тауарлар шығарылған ел

 

91-бап. Тауарлар шығарылған ел туралы жалпы ережелер

1. Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген критерийлерге сәйкес тауарлар толығымен өндірілген немесе жеткілікті түрде өңделген (қайта өңделген) ел тауарлар шығарылған ел болып есептеледі. Бұл ретте тауарлар шығарылған ел деп елдер тобы, не елдердің кеден одақтары не, егер тауарларды шығарған елді айқындау мақсаты үшін оларды бөліп көрсету қажеттілігі болса, елдің өңірі немесе бөлігі түсініледі.

2. Тауарлар шығарылған елді айқындау кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану тауарлар шығарылған елге байланысты болған барлық жағдайларда жүргізіледі.

3. Тауарлар шығарылған елді айқындау тауарлар шығарылған елді айқындау ережелерін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тауарлар шығарылған ел туралы алдын ала шешім қабылдай алады.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе орталық кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тұлғаның (өтініш берушінің) өтініші бойынша тауарлар туралы мәліметтер болған кезде тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдайды.

Тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдерді кеден ісі саласындағы уәкілетті орган преференциалдық және преференциалдық емес режимдерді қолданған кезде қабылдайды. Тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдау нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

92-бап. Тауарлар шығарылған елді растау

1. Тауарлар шығарылған елді растауда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттардың табыс етілуін талап етуге құқылы.

2. Тауарлардың шығарылған жері туралы декларация немесе тауарлардың шығарылған жері туралы сертификат тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болып табылады.

 

93-бап. Тауардың шығарылған жері туралы декларация

1. Тауарлардың шығарылған жері туралы декларация, тауарларды шығарған елді айқындауға мүмкіндік беретін мәліметтер көрсетілген жағдайда, тауарларды әкетумен байланысты тауарларды шығарған ел туралы дайындаушы, сатушы немесе жөнелтуші жасаған мәлімдемелерді білдіреді. Мұндай декларация ретінде коммерциялық немесе тауарға қатысы бар кез келген басқа құжаттар пайдаланылады.

2. Егер тауарлардың шығарылған жері туралы декларацияда тауарларды шығарған ел туралы мәліметтер қолданылуы тауарларды шығарған елді айқындау ережелері мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгеннен өзгеше критерийлерге негізделсе, тауарларды шығарған ел осы халықаралық шарттарда айқындалған критерийлерге сәйкес айқындалады.

 

94-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат

1. Тауарлардың шығарылған елі туралы куәландыратын және осы елдің немесе, егер әкету елінде сертификат тауарлар шығарылған елден алынған мәліметтер негізінде берілсе, әкету елінің уәкілетті органдары немесе ұйымдары берген құжат тауардың шығарылған жері туралы сертификат болып табылады.

Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификатта тауарлар шығарылған ел туралы мәліметтер, қолданылуы тауарлар шығарылған елді айқындау ережелері мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгеннен өзгеше критерийлерге негізделсе, тауарлар шығарылған ел осы халықаралық шарттарда айқындалған критерийлерге сәйкес айқындалады.

2. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде, егер көрсетілген сертификат келісімшарт талаптары бойынша, тауарларды әкелу елінің ұлттық ережелері бойынша қажет болса немесе, егер көрсетілген сертификаттың болуы халықаралық шарттарда көзделсе, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары немесе ұйымдары тауарлардың шығарылған жері туралы сертификатты береді.

Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты берген уәкілетті органдар мен ұйымдар оның көшірмесін және соның негізінде тауарлардың шығарылған жері расталған өзге де құжаттарды берілген күнінен бастап кемінде бес жыл сақтауға міндетті.

3. Тауардың шығарылған жері туралы сертификат кедендік декларациямен және Қазақстан Республикасына кедендік рәсіммен әкелінетін тауарларды орналастыру кезінде табыс етілетін басқа да құжаттармен бір мезгілде табыс етіледі. Сертификат жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген телнұсқа қабылданады.

4. Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификат Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген оны ресімдеуге және (немесе) толтыруға қойылған талаптарды бұза отырып ресімделсе, кеден органы тарифтік преференциялар беру үшін негіз ретінде мұндай сертификатты қараудан бас тарту туралы шешімді дербес қабылдайды.

5. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы қосымша құжаттар немесе нақтылау мәліметтерін сұрап тауарлардың шығарылған жері туралы сертификатты берген елдің уәкілетті органдары мен ұйымдарына өтініш беруге құқылы. Мұндай өтініш тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде мәлімделген тауарлардың шығарылған елі туралы мәліметтердің негізінде оларды шығаруға кедергі келтірмейді.

 

95-бап. Тауарлар шығарылған елді растайтын құжаттарды табыс ету

1. Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде, егер Қазақстан Республикасының аумағында осы тауарлар шығарылған елге Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес тарифтік преференциялар берілетін жағдайда, тауарлар шығарылған елді растайтын құжат беріледі. Аталған жағдайда, тауарлар шығарылған елді растайтын құжат кеден органына кедендік декларация табыс етумен бір мезгілде табыс етіледі. Бұл ретте, тарифтік преференциялар беру Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес анықталған нысан бойынша тауардың шығарылған жері туралы сертификат беру қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін.

Кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын және (немесе) тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға әсер ететін тауарлар шығарылған ел туралы мәлімделген мәліметтер дұрыс емес екендігінің белгілері анықталған кезде, кеден органдары тауарлардың шығарылған елін растайтын құжатты табыс етуді талап етуге құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан:

1) Кеден одағының кеден заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлары Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі немесе оның аумағы арқылы транзитке тыйым салынған ел тауарлар шығарылған ел болып табылатын белгілерді Кеден одағы анықтаған жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық босатыла отырып, кедендік транзит кедендік рәсіміне немесе уақытша әкелу кедендік рәсіміне мәлімделсе;

2) егер жеке тұлғалар тауарларды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларына сәйкес Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізсе;

3) егер Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, бір алушының атына бір уақытта және бір тәсілмен және бір жөнелтуші жөнелткен тауарлардың жалпы кедендік құны Кеден одағының комиссиясы бекіткен сомадан аспаса;

4) Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тауарлардың шығарылған елін растайтын құжатты беру талап етілмейді.

 

96-бап. Тауарлардың шығарылған елді айқындау кезінде оларды кедендік рәсімдермен орналастырудың қосымша шарттары

1. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмаған кезде, егер оларды табыс ету тарифтік преференциялар беру үшін міндетті болып табылса, осындай тауарларға қатысты осы баптың 2- тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, басқа мемлекеттерге (мемлекеттер топтарына) берілетін режимнен қолайлылығы кем емес режим (бұдан әрі - ұлтқа неғұрлым қолайлы режим) беру туралы өзара шарттық міндеттемелері бар шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) аумағынан шығарылған тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждар төлеуге жатады.

2. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмаған өзге де жағдайларда не табыс етілген құжаттардың тиісті тұрғыда ресімделмеген белгілері табылған және (немесе) тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар немесе нақтылайтын мәліметтер табыс етілгенге дейін дұрыс емес мәліметтері бар болған жағдайда:

1) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі онымен ұлтқа ең қолайлы режимді беру туралы өзара шарттық міндеттемелер жоқ шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) болып табылатын белгілерін анықтаса, тауарларға қатысты ұлтқа ең қолайлы режимді беру туралы өзара шарттық міндеттемелер жоқ шет мемлекеттің (шет мемлекеттері топтарының) аумағынан шығарылған тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеуге жатады, не көрсетілген ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады;

2) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі тауарларды әкелуге шектеу қойылған ел болып табылатынын көрсететін белгілерді анықтаса, декларант белгіленген шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттарды табыс еткен немесе арнайы, демпингке қарсы не өтемдік бажды төлеуді қамтамасыз еткен жағдайда кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру жүзеге асырылады. Арнайы, демпингке қарсы баждың не өтемдік баждың төленуін қамтамасыз ету, әкелінетін кедендік баждардың төленуін қамтамасыз ету үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі;

3) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі, оның тауарлары Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған ел екенін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда, кедендік ресімдеуге тауарларды орналастыру жүзеге асырылмайды.

3. Осы баптың 1-тармағында және 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы тауарлардың шығарылған елі расталған жағдайда, тарифтік преференциялар беру режимі немесе ұлтқа ең қолайлы режим қолданылады (қалпына келтіріледі). Бұл жағдайда кедендік әкелу баждарының төленген сомалары осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

 

11-тарау. Тауарлардың кедендік құны

 

97-бап. Кедендік құн туралы жалпы ережелер

1. Осы тараудың ережелері Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифін қолдану мақсатында тауарлардың кедендік құнын айқындаудың бірыңғай қағидаларын, сондай-ақ Кеден одағының тауар айналымын реттеу үшін енгізілетін (енгізілуі мүмкін) кедендік-тарифтік реттеуден ерекшеленетін өзге де шараларды қолдануды реттейді. Аталған ережелер тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде Кеден одағының кедендік шекарасынан іс жүзінде кесіп өткен жағдайда қолданылады және мұндай тауарларға қатысты өткен кезінде мәлімделген кедендік рәсімнің нормалары қолданылады.

2. Тауарлардың кедендік құнын - декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі, ал осы Кодексте белгіленген жағдайларда кеден органы айқындайды.

3. Егер тауарларды декларациялау кезінде олардың кедендік құнының нақты шамасын есептеу үшін қажетті нақты мәліметтерді растайтын құжаттардың жоқ болуына байланысты оны айқындау мүмкін болмаса, тауарлардың кедендік құнының нақты шамасын айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда оны декларанттағы құжаттар мен мәліметтер негізінде мәлімдеуге және мәлімделген кедендік құнды негізге ала отырып, кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеуге жол беріледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік құнды айқындау жағдайлары, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау және бақылау тәртібі, мұндай жағдайлар үшін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

4. Осы тараудың ережелері Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қолданылмайды.

5. Осы тараудың мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мынадай мағынаға ие:

«әкелінетін тауарлар» - Кеден одағының кедендік аумағына әкелу мақсатында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар;

«белгілі бір сыныптағы немесе түрдегі тауарлар» - бірдей немесе біртекті тауарларды қоса алғанда, жасалуы экономикалық қызметтің тиісті түріне жататын тауарлардың бір тобына немесе қатарына жататын тауарлар;

«бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қабылданған принциптері» - белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолданылатын бухгалтерлік есеп қағидаларының жүйесі;

«бірдей тауарлар» - барлық жағынан да, оның ішінде физикалық сипаттары, сапасы мен репутациясы жағынан бірдей тауарлар. Сыртқы түріндегі елеусіз айырмашылықтар, егер бұл тауарлар басқа жағынан осы абзацтың талаптарына сәйкес болса, тауарларды бірдей деп танымау үшін негіз болып табылмайды. Егер тауарлар олар бағаланатын (әкелінетін) елдің өзінде шығарылмаса немесе, егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп әрлеу, дизайн, экскиздер, сызбалар және өзге де сол сияқты жұмыстар Кеден одағының кедендік аумағында орындалған болса, олар бірдей тауарлар деп есептелмейді. «Өндірілген» («өндірілді») деген ұғым тауарларға қатысты «өндіріп алынған», «өсірілген», «жасалған» (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзып бөлшектеу арқылы) деген ұғымды білдіреді. Бағаланатын тауарларды өндіретін тұлғадан өзге тұлға өндірген бірдей тауарлар сол өндірушінің бірдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға келмейді деп есептелген жағдайда ғана назарға алынады;

 «біртекті тауарлар» - барлық жағынан бірдей емес, бірақ ұқсас сипаттамары бар және осындай материалдардан өндірілген ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сияқты функцияларды орындауға мүмкіндік береді және оларды коммерциялық өзара ауыстыруға болады. Тауарлар біртекті болып табыла ма дегенді анықтау кезінде сапа, репутация және тауар таңбасының болуы сияқты сипаттамалары ескеріледі. Егер тауарлар бағаланатын (әкелінетін) тауарлар өндірілген елде өндірілмесе немесе осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп әрлеу, дизайн, экскиздер, сызбалар және соған ұқсас өзге де жұмыстар Кеден одағының кедендік аумағында орындалған болса, олар біртекті деп есептелмейді. «Өндірілген» («өндірілді») деген ұғым тауарларға қатысты «өндіріп алынған», «өсірілген», «жасалған» (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзып бөлшектеу арқылы) деген ұғымды білдіреді. Бағаланатын тауарларды өндірушіден өзге тұлға өндірген біртекті тауарлар сол өндірушінің бірдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға келмейді деп есептелген жағдайда ғана қаралады;

«Кеден одағының кедендік аумағына тауарлар келетін орын» - тиісті Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасын іс жүзінде кесіп өткеннен кейін тауарлар жеткізілуге тиіс Кеден одағының кедендік аумағы арқылы өткізу пункті. Кедендік құнды анықтау мақсатында осы ұғымды нақтылау Кеден одағы органдарының бірлескен шешіміне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін;

«өзара байланысты тұлғалар» - мына шарттардың ең болмағанда біріне сай келетін:

1) бірі бірінің қызметкері немесе директоры (басшылары) болып табылатын;

2) заңды түрде танылған іскер әріптестер болып табылатын, яғни шарттық қатынастармен байланысты, пайда алу мақсатында әрекет ететін және бірлескен қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтеретін;

3) жұмыс беруші және қызметкер, қызметші болып табылатын;

4) екеуінің де айналысқа шығарылған дауыс беретін акцияларының бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін, бақылайтын немесе ұстаушы болып табылатын қандай да бір тұлға;

5) олардың бірі басқасын тікелей немесе жанама бақылайтын;

6) олардың екеуін де үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақылайтын;

7) олардың екеуі үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақылайтын;

8) туысқан немесе бір отбасының мүшелері болып табылатын тұлға.

Бірлескен кәсіпкерлік немесе өзге қызметте әріптестер болып табылатын және бұл орайда олардың бірі басқасының айрықша (жалғыз) агенті, айрықша дестрибьюторы немесе айрықша концессионері болып табылатын тұлғалар, бұл қалай ұсынылса да, егер осы аталған тұлғалар көрсетілген жағдайлардың біріне сай келсе, осы тараудың мақсаттары үшін өзара байланысты деп есептелуге тиіс;

 «үшінші елдер» - 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттер.

6. Егер тұлға басқа тұлғаға қатысты заңды түрде немесе іс жүзінде шектеулерді немесе нұсқамаларды қолданатын болса, ол осы тұлғаны бақылаушы тұлға деп есептеледі.

 

98-бап. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау

1. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құны экспортқа сату кезінде іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс мәміле бағасының негізінде айқындалады.

2. Тауардың кедендік құнын айқындау кезінде мәміле бағасына, егер бұрын енгізілмеген болса, мынадай шығыстар:

1) тауарды әуежайға, портқа немесе Кеден одағының кедендік аумағынан әкететін өзге жерге дейін жеткізу жөніндегі шығыстар:

тасымалдау құны;

тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу және ауыстырып тиеу жөніндегі шығыстар;

2) сақтандыру құны;

3) сатушы шеккен шығыстар;

комиссиялық және брокерлік сыйақылар;

егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес контейнерлер немесе айналымға көп түсетін басқа да ыдыстар бағаланатын тауарлармен біртұтас зат ретінде қаралса, олардың құны;

буып-түю материалдары мен буып-түю жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түю құны;

4) бағаланатын тауарларды сатудың шарты ретінде сатушының тікелей немесе жанама түрде төлеуіне жататын, бағаланатын тауарларға байланысты лицензия бергені үшін роялти және алымдар, егер мұндай роялти және алымдар іс жүзінде төленген немесе төленуге тиісті бағаға қосылмаған болса;

5) кейіннен қайта сатудан сатушыға тікелей немесе жанама түрде түсетін кірістің бір бөлігі, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерде алынған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын кіріс;

6) егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге байланысты сатушыға өтем төлеуге жатпаса, Қазақстан Республикасының аумағында алынатын салықтар енгізіледі.

3. Тауардың кедендік құнын айқындау кезінде, бұрын мәміле құнына енгізілген және құжатпен расталуы мүмкін жағдайда, мынадай төлемдер мен шығыстар:

1) жабдықтарды монтаждау, жинау, жөндеу немесе мұндай жабдықтарды Кеден одағының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін техникалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстар;

2) тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін оларды жеткізу жөніндегі шығыстар;

3) тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін оларды жеткізуді сақтандыру құны;

4) импорт елінде төленетін кедендік баждар мен салықтар мәміле бағасынан алып тасталады.

4. Мәміле бағасы болмаған кезде, әкетілетін тауарлардың кедендік құны әкетілетін тауарды өндіруге немесе иеленіп алуға, сақтауға және тасымалдауға байланысты шығындар туралы экспорттаушы-сатушының бухгалтерлік құжаттамасының декларант берген үзінді көшірмесі негізге алынып айқындалады. Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген шығыстар да ескеріледі.

5. Әкетілетін тауардың мәлімделген кедендік құнын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай тауардың кедендік құнын кеден органдары бірдей немесе біртекті тауарлар бойынша қолда бар мәліметтер негізінде не тәуелсіз сараптама нәтижелері негізінде айқындайды.

 

99-бап. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау

1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ, 1994) кедендік мақсаттар үшін тауарларды бағалау жөніндегі принциптері мен ережелері ескеріле отырып, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге (Мәскеу, 2008 жылғы 25 қаңтар) сәйкес айқындалады.

2. Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, егер тауарлар кедендік шекараны іс-жүзінде кесіп өтсе және мұндай тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін алғаш рет кедендік рәсіммен орналастырылса, Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны айқындалады. Кедендік рәсімдер өзгерген кезде, Кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткеннен кейін тауарларды кедендік рәсіммен алғаш орналастыру кезінде кеден органы кедендік декларацияны қабылдаған күні кедендік шекара арқылы өткізілген тауарлардың кедендік құнын айқындау мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес айқындалған тауарлардың кедендік құны тауарлардың кедендік құны болып табылады.

 

100-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері

1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау мынадай:

1) әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленің құны жөніндегі;

2) бірдей тауарлармен жасалатын мәмiленің құны жөніндегі;

3) бiртекті тауарлармен жасалатын мәмiленің құны жөніндегі;

4) құнды шегеру;

5) құнды қосу;

6) резервтік әдістерін қолдану жолымен жүргізіледі.

2. Әкелінетін тауарлармен жасалған мәмiленің құны жөніндегі әдіс тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негізгі әдісі болып табылады.

3. Негізгі әдісті пайдалану мүмкін болмаған жағдайда тізіп көрсетілген әдістердің әрқайсысы рет-ретімен қолданылады. Бұл ретте алдыңғы әдісті пайдалану арқылы тауардың кедендік құнын айқындау мүмкін болмаса, онда әрбір келесі әдіс қолданылады. Декларанттың өтініші бойынша құнды шегеру және қосу әдістері кері ретпен қолданылады.

4. Осы баптың 1-тармағында көзделген, қолданылатын әдістердің қандай да бірі бойынша тауарлардың кедендік құнын айқындауға арналған ақпарат Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу принциптеріне сәйкес келетін тәсілмен әзірленуге тиіс.

5. Тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға қатысты мәлімет дұрыс, саны айқындалатын және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуге тиіс. Тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімі жалпыға бірдей қолданылатын болуға, яғни тауарлардың жеткізілу көзіне (тауарлардың шығарылған елі, түрі, мәмілеге қатысушылар және басқалар) қарай ерекшеленбеуге тиіс.

6. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімдері демпингке қарсы шарлар ретінде қолданылмауға тиіс.

 

101-бап. Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны жөніндегі әдіс

1. Мынадай жағдайларда:

1) мыналарды:

Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірлескен шешімімен белгіленген;

тауарлардың қайта сатылуы мүмкін географиялық өңірді шектеу;

тауарлардың құнына елеулі әсер етпейтін шектеулерді қоспағанда, тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге арналған сатып алушының құқығына қатысты шектеулері жоқ;

2) тауарлардың сатылуы немесе олардың бағасы қандай да бір шарттарға немесе міндеттемелерге тәуелсіз болған, олардың тауар бағасына ықпалын сан жағынан айқындау мүмкін болмайтын;

3) осы Кодекстің 102-бабының ережелеріне сәйкес қосымша есепке жазу жүргізілуі мүмкін болатын жағдайлардан басқа, келесі сатудан түскен кірістің немесе түсімнің ешқандай да бөлігі, өзге тәсілдермен билік ету немесе тауарларды сатып алушының пайдалануы сатушыға тікелей және жанама тиесілі болмаса;

4) сатып алушы мен сатушы өзара байланысты тұлғалар болып табылмайтын немесе әкелінетін тауарлармен мәміле құны осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік мақсаттар үшін қолайлы болған ретте сатып алушы мен сатушы өзара байланысты тұлғалар болып табылатын жағдайларда Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың мәміле құны, яғни бұл тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін оларды сату кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын және осы Кодекстің 102-бабының ережелеріне сәйкес толықтырылған мәміле бағасы тауарлардың кедендік құны болып табылады.

2. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс баға сатып алушы сатушыға немесе сатушының пайдасына тікелей жүзеге асырған немесе жүзеге асыруына жататын осы тауарлар үшін барлық төлемдердің жалпы сомасы болып табылады.

3. Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыс фактісі өзінен өзі тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін негіз болып табылмауға тиіс. Бұл жағдайда сату кезіндегі ілеспе мән-жайларға талдау жасалуға тиіс. Егер көрсетілген өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға ықпал етпесе, мәміле құны тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін қолайлы деп танылуға тиіс.

Сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылған жағдайда және бұл ретте тауарды декларациялаушы тұлға берген немесе кеден органы өзге тәсілмен алған ақпарат негізінде сатушы мен сатып алушының өзара байланысы іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс бағаға ықпал ету белгілері анықталса, онда кеден органы тауарды декларациялаушы тұлғаға осы белгілер туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Тауарды декларациялаушы тұлға сатушы мен сатып алушының өзара байланысының іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс бағаға ықпалы жоқтығын дәлелдеуге тиіс.

4. Осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда өзара байланысты тұлғалар арасында тауарларды сату кезінде әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны қабылданады және, егер тауарды декларациялаушы тұлға әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны әкелінетін тауар Кеден одағының кедендік шекарасынан өткен уақыт кезеңінде немесе соған сәйкес кезеңде орын алған мынадай тексеру шамасының біріне:

1) сатушымен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғалардың сатып алушыларға Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін бірдей немесе біртекті тауарларды сатуы кезінде мұндай тауарлармен жасалған мәміле құнына;

2) осы Кодекстің 105-бабының талаптарына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртекті тауарлардың кедендік құнына;

3) осы Кодекстің 106-бабының талаптарына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртекті тауарлардың кедендік құнына жақындығын дәлелдегенде ғана тауардың кедендік құны осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.

5. Осы баптың 4-тармағының ережелеріне сәйкес салыстыруды жүргізген кезде тауарды декларациялаушы тұлға табыс еткен сатудың коммерциялық деңгейіндегі, тауарлар санындағы, осы Кодекстің 102-бабында көрсетілген қосымша есепке жазудағы айырмашылықтар туралы, сондай-ақ әдетте сатушы мен сатып алушы өзара байланысты емес тұлғалар болған сату кезінде сатушы шегетін шығыстардың, егер сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылған сату кезінде сатушы шекпейтін шығыстармен салыстырғандағы айырмашылықтары туралы мәліметтер ескеріледі.

6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген тексеру шамалары тауарларды декларациялаушы тұлғаның бастамасы бойынша тек салыстыру мақсатында ғана пайдаланылады және тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде пайдаланыла алмайды.

7. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс баға Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға жатады, осыған байланысты сатып алушының сатушыға дивидендтер немесе өзге де осындай төлемдер аударуы, егер олар әкелінетін тауарлармен байланысты болмаған жағдайда, кедендік құнның бір бөлігі болып табылмайды.

8. Кеден одағының кедендік аумағына ақпарат тасығыштарды (магнитті дискілер, магнитті таспалар, компакт-дискілер, флоппи-дискілер және басқалар) оларға жазылған ақпаратпен бірге әкелген кезде кедендік құнға, аталған тасығыштарға жазылған ақпарат мәміле нысанасы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты тасығыштың құны ғана қосылады.

 

102-бап. Қосымша есепке жазу

1. Әкелінетін тауарлардың олармен жасалатын мәміле құны бойынша кедендік құнын айқындау кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға мыналар қосылады:

1) сатып алушы жүзеге асырған немесе жүзеге асыруға жататын мөлшердегі, бірақ әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосылмаған мынадай:

бағаланатын (әкелінетін) тауарларды сатып алумен байланысты оны шетелде ұсыну жөнінде қызмет көрсеткені үшін, сатып алушы өз агентіне (делдалға) сатып алу үшін төлейтін сыйақыны қоспағанда, делдалдарға (агенттерге) берілетін сыйақылар және брокерлерге берілетін сыйақылар;

егер ыдыс кедендік мақсаттар үшін әкелінетін тауарлармен біртұтас зат ретінде қаралатын болса, ыдысқа жұмсалған;

буып-түю материалдарының және буып-түю жөніндегі жұмыстың құнын қоса алғанда, буып-түюге жұмсалған шығыстар;

2) бағаланатын (әкелінетін) тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін өндіруге және сатуға байланысты пайдалану үшін сатып алушы сатушыға тегін немесе төмен бағамен тікелей немесе жанама берген мынадай тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің:

әкелінетін тауарларды құрайтын шикізаттардың, материалдардың, бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың және сол сияқты заттардың;

әкелінетін тауарларды өндіру кезінде пайдаланылған құрал- саймандардың, мөртабандардың, қалыптардың және басқа сол сияқты заттардың;

әкелінетін тауарларды өндіру кезінде жұмсалған материалдардың;

Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде орындалған және әкелінетін тауарларды өндіру үшін қажетті жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп безендіру, дизайн, эскиздер мен сызбалардың әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс бағаға қосылмаған мөлшердегі тиісті түрде бөлінген құны;

3) кейіннен сату, өзгеше тәсілмен билік ету немесе әкелінетін тауарларды пайдалану нәтижесінде алынған кірістің немесе түсімнің сатушыға тікелей немесе жанама тиесілі болатын бөлігі;

4) тауарларды әуежайға, теңіз портына немесе Кеден одағының кедендік аумағына келетін өзге де жерге дейін тасу (тасымалдау) жөніндегі шығыстар;

5) тауарларды әуежайға, теңіз портына немесе Кеден одағының кедендік аумағына келетін өзге де жерге дейін тасумен (тасымалдаумен) байланысты оларды тиеу, түсіру немесе қайта тиеу және өзге де операцияларды жүргізу жөніндегі шығыстар;

6) осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген операциялармен байланысты сақтандыруға жұмсалатын шығыстар;

7) бағаланатын (әкелінетін) тауарларға жататын және бағаланатын тауарларды сату шарттары ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама шығарған немесе шығаруға тиіс, осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс бағаға қосылмаған мөлшердегі зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін (патенттер, тауар таңбалары, авторлық құқықтар үшін төлемдерді қоса) лицензиялық және өзге де сол сияқты төлемдер қосылады.

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға:

Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды ұдайы өндіру (тираждау) құқығы үшін төлемдер;

егер әкелінетін тауарларды бөлу немесе қайта сату құқығы үшін төлемдер тауарларды әкету үшін Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды сатудың шарттары болып табылмаса, мұндай төлемдер қосылмауға тиіс.

2. Төменде тізіп көрсетілген шығыстарды:

өнеркәсіптік қондырғылар, машиналар немесе жабдықтар сияқты бағаланатын (әкелінетін) тауарларға қатысты Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлар келгеннен кейін жүргізілетін құрылысқа, тұрғызуға, жинауға, монтаждауға, қызмет көрсетуге немесе техникалық жәрдем көрсетуге жұмсалатын шығыстар;

тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына келгеннен кейін жүзеге асырылатын оларды тасу (тасымалдау) жөніндегі шығыстар;

бағаланатын (әкелінетін) тауарларды әкелумен немесе сатумен байланысты Кеден одағының кедендік аумағында төленетін кедендік төлемдер мен салықтар іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс бағадан бөліп алынған, тауарды декларациялаушы тұлға мәлімдеген және ол құжатпен растаған жағдайда бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнына қосылмауға тиіс.

3. Осы баптың 1-тармағында көзделген әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс бағаға үстеме дұрыс, саны жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпарат негізінде жүргізіледі. Қосымша есепке жазу үшін қажетті мұндай ақпараттар болмаған жағдайда, әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле құны жөніндегі әдіс қолданылмайды.

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардан басқа, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде нақты төленген немесе төленуге тиіс бағаға үстеме жүргізілмейді.

5. Нақты төленген немесе төленуге тиіс бағаға үстемені жүзеге асыру кезінде:

1) әкелінетін тауарларды өндіру кезінде пайдаланылатын құрал-саймандар, мөртабандар, нысандар және басқа сол сияқты заттардың құнын бөлу тауарлардың бірінші партиясының кедендік құнына немесе тауарларды декларациялаушы тұлға айқындаған декларацияланған тауарлардың мөлшерінен кем болмайтын өзге де тауар мөлшерінің кедендік құнына осы барлық құнды жатқызу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай бөлу тауарларды декларациялаушы тұлғалардың қолында бар құжаттарға байланысты нақты жағдайларда қолданылатын ақылға қонымды тәсілмен және бухгалтерлік есептің жалпыға ортақ принциптеріне сәйкес жүргізілуге тиіс.

Бұл ретте, егер сатып алушы сатып алушымен байланысты емес тұлға болып табылатын сатушыдан затты сатып алған болса, оларды сатып алу жөніндегі шығыстар не, егер заттарды сатып алушы өндірген болса, оларды жасау жөніндегі шығыстар көрсетілген заттардың құны деп танылады. Егер көрсетілген заттарды сатып алушының бұрын сатып алғанына немесе өндіргеніне қарамастан, осы сатып алушы пайдаланған болса, олардың пайдаланылуы ескеріле отырып, құнын алу (айқындау) үшін сатып алудың немесе өндірудің бастапқы бағасы азайтылуға жатады;

2) Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде орындалған, сатып алушылар сатып алған немесе жалға алған, әкелінетін тауарларды өндіру үшін қажетті жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп безендіру, дизайн, эскиздер мен сызбаларға қатысты үстеме мұндай элементтерді сатып алуға немесе жалға алуға жұмсалған шығыстар бөлігінде жүргізіледі, егер сатып алушы республикалық немесе коммуналдық меншіктегі элементтерді табыс еткен болса, қосымша есепке жазу олардың көшірмелерін алуға жұмсалған құн (шығындар) бөлігінде жүргізіледі.

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша қосымша есепке жазу жүргізілген кезде тікелей тауарлардың (заттардың) құнынан басқа сатушыға берумен (жеткізумен) байланысты (егер көзделген болса, оларды қайтаруды қоса) шығыстардың бәрі ескеріледі.

 

103-бап. Бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны жөніндегі әдіс

1. Егер Кеден одағының кедендік аумағына аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 101-бабына сәйкес айқындау мүмкін болмаса, бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінген уақыт кезеңінде немесе соған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес кезеңде Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сатылған және Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны осындай тауарлардың кедендік құны болып табылады.

Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы баптың негізінде айқындау үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың коммерциялық деңгейімен бірдей деңгейде және шын мәнінде сол мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде, бірақ өзге мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде, бірақ сол мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Осы бөлікте көрсетілген ақпарат тауарларды сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) мөлшеріндегі айырмашылықтар ескерілетін құнның тиісті түзетуі жүргізіле отырып қолданылады.

Мұндай түзету бірдей тауарлармен жасалған мәміле құнын ұлғайтуға немесе азайтуға әкеп соғатынына қарамастан, түзетудің негізділігі мен дәлдігі құжатпен расталатын мәліметтер негізінде жүргізіледі. Мұндай мәліметтер болмаған кезде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны жөніндегі әдіс пайдаланылмайды.

2. Осы бапқа сәйкес бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындаған кезде, қажет болған жағдайда, осы Кодекстің 102-бабының 1-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көзделген шығыстардағы елеулі айырмашылықтарды есепке алу үшін бірдей тауарлармен жасалған мәміле құнына бағаланатын және бірдей тауарларға қатысты оларды тасу (тасымалдау) арақашықтығынан және көлік түрлерінің айырмашылықтарынан туындайтын түзетулер жүргізіледі.

3. Егер бірдей тауарлармен жасалған мәміленің біреуден артық құны айқындалса (осы баптың 1-2-тармақтарына сәйкес тиісті түзетулер ескеріле отырып), онда бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төмені қолданылады.

 

104-бап. Біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны жөніндегі әдіс

1. Егер Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 101 және 103-баптарына сәйкес айқындау мүмкін болмаса, әкелінетін тауарлар әкелінген уақыт кезеңінде немесе соған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес кезеңде Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сатылған және Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген бағаланатын (әкелінетін) тауарлар немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны осындай тауарлардың кедендік құны болып табылады.

Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы баптың негізінде айқындау үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың коммерциялық деңгейімен бірдей деңгейде және шын мәнінде сол мөлшерде сатылған біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде, бірақ өзге мөлшерде сатылған біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде бірақ сол мөлшерде сатылған біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Осы бөлікте көрсетілген ақпарат тауарларды сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) мөлшеріндегі айырмашылықтар ескерілетін құнның тиісті түзетуі жүргізіле отырып қолданылады.

Мұндай түзету ол біртекті тауарлармен жасалған мәміле құнын көбейтуге немесе азайтуға әкеп соғатынына қарамастан, түзетудің негізділігі мен дәлдігі құжатпен расталатын мәліметтер негізінде жүргізіледі. Мұндай мәліметтер болмаған кезде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс пайдаланылмайды.

2. Осы бапқа сәйкес бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындаған кезде, қажет болған жағдайда, осы Кодекстің 102-бабының 1-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көзделген шығыстардағы елеулі айырмашылықтарды есепке алу үшін біртекті тауарлармен жасалған мәміле құнына бағаланатын және біртекті тауарларға қатысты оларды тасу (тасымалдау) арақашықтығынан және көлік түрлерінің айырмашылықтарынан туындайтын түзетулер жүргізіледі.

3. Егер біртекті тауарлармен жасалған мәміленің біреуден артық құны айқындалса (осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес тиісті түзетулер ескеріле отырып), онда бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төмені қолданылады.

 

105-бап. Құнды шегеру әдісі

1. Егер бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 101, 103 және 104-баптарына сәйкес айқындау мүмкін болмаса, тауарды декларациялаушы тұлғаның өтініші бойынша осы баптың және 106-баптың қолданылу тәртібі кері қолданылуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, олардың кедендік құны осы бапқа сәйкес айқындалады.

2. Егер бағаланатын (әкелінетін) тауарлар немесе бірдей немесе біртекті тауарлар Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінген күйінде сатылатын болса, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бағаланатын (әкелінетін) тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен уақыт кезеңінде немесе оған сәйкес кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына осындай сатуды жүзеге асыратын тұлғалармен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғалар сататын бағаланатын, бірдей немесе біртекті тауарлардың ең көп жиынтық мөлшері бойынша тауар бірлігінің бағасы, мынадай сомалар:

1) әдетте делдалға (агентке) төленетін немесе төленуге жататын сыйақыны не әдетте пайда табу және коммерциялық және басқару шығыстарын жабу үшін әдетте Кеден одағының кедендік аумағында бір сыныптағы тауарларды немесе тауар түрлерін сатуға байланысты орын алған мөлшерде жүргізілетін бағаға үстемені;

2) Кеден одағының кедендік аумағында тасуды (тасымалдауды) және сақтандыруды жүзеге асыруға жұмсалған кәдуілгі шығыстарды және осындай операцияларға байланысты өзге де шығыстарды;

3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелумен және (немесе) сатумен байланысты төлеуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың және өзге де салықтардың сомалары шегерілген жағдайда қолданылады.

3. Егер бағаланатын да (әкелінетін де), бірдей де, біртекті де тауарлар әкелінетін тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасынан кесіп өткен уақыт кезеңінде немесе соған сәйкес кезеңде Кеден одағының кедендік аумағында сатылмаса, мұндай тауарлардың кедендік құны тиісінше бағаланатын (әкелінетін), немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлармен бірдей, немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлармен біртекті тауарлар Кеден одағының кедендік аумағында осындай тауарлар бірлігінің бағасын белгілеу үшін жеткілікті мөлшерде, әкелінген кездегідей жай-күйінде, тауарлардың келген күніне қатысты күннен ең ерте, бірақ осы күннен кейін тоқсан күннен кешіктірілмей, Кеден одағының кедендік аумағында сатылатын тауарлар бірлігі бағасының негізінде айқындалады.

4. Егер бағаланатын да (әкелінетін де), бірдей де, біртекті де тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген кездегідей жай-күйінде Кеден одағының кедендік аумағында сатылмаса, тауарларды декларациялаушы тұлғаның мәлімдеуі бойынша, бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны осы баптың 2-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құн шегерілген жағдайда бұл тауарларды Кеден одағының кедендік аумағында сатып алған тұлғалармен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғаларға қайта өңдегеннен (өңдегеннен) кейін сатылатын олардың неғұрлым көп жиынтық мөлшері сатылатын осындай тауарлар бірлігінің бағасы негізінде айқындалады.

Қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құнды шегеру қайта өңдеу (өңдеу) құнына қатысты дұрыс, саны айқындалған және құжатпен расталған ақпарат негізінде жүргізіледі.

5. Егер:

тауарлар өзінің дара белгілерін жоғалтуына қарамастан, қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құн мөлшерін дәл айқындау мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, бағаланатын (әкелінетін) тауарлар одан әрі қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде өзінің дара белгілерін жоғалтатын болса;

бағаланатын (әкелінетін) тауарлар өзінің дара белгілерін жоғалтпайтын болса, бірақ Кеден одағының кедендік аумағында сатылатын тауарлардың соншалықты елеусіз бөлігін құрайтындықтан, бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың құны сатылатын тауарлардың құнына елеулі әсер етпейтін болса, осы баптың 4-тармағының ережесі кедендік құнды айқындау үшін пайдаланылмайды.

Осы баптың 4-тармағын қолдану мүмкіндігі нақты мән-жайларға байланысты әрбір жеке жағдайда айқындалады.

6. Бағаланатын (әкелінетін) немесе бірдей, немесе біртекті тауарларды Кеден одағының кедендік аумағында сату қаралған кезде Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарларды өндіруге және беруге байланысты осы Кодекстің 102-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді пайдалану үшін тікелей немесе жанама, тегін немесе төмен бағамен беретін тұлғаға сату есепке алынуға тиіс емес.

7. Осы баптың мақсаты үшін пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының (тауарларды өткізу жөніндегі тікелей және жанама шығыстар) сомасы осы шығыстарды жабатын, сондай-ақ бағаланатын (әкелінетін) сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сатуға байланысты пайда табуды қамтамасыз ететін тауарлар бағасына үстеме ретінде қаралады.

Пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасы тұтас есептеледі және өндіруші ұсынған немесе оның атынан ұсынылған мәліметтер негізінде айқындалады. Егер осы мәліметтер Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде кәдуілгі пайда мен коммерциялық және басқару шығыстары туралы кеден органдарының қарауындағы мәліметтермен сәйкес келмесе, кеден органы кәдуілгі пайда мен жалпы шығыстар сомасын өзінде бар мәліметтер негізінде анықтай алады.

Егер кеден органы пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасын өзінде бар мәліметтер негізінде анықтаса, кеден органы мұндай деректер көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есепті жазбаша түрде көрсетуге міндетті.

8. Осы баптың мақсаты үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлар өндірілген елде сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сату туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлар және олар салыстырылатын тауарлар сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлар болып табыла ма деген мәселе тиісті мән-жайлар ескеріле отырып, әрбір нақты жағдайда жеке шешіледі. Бұл ретте, оларға қатысты ақпарат берілуі мүмкін бағаланатын (әкелінетін) тауарларды қоса алғанда, сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың мүмкін болатын неғұрлым шағын тобын немесе бірқатарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу үшін сату қарастырылады.

 

106-бап. Құнды қосу әдісі

1. Осы бапқа сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде тауарлардың есептік құны негіз ретінде қабылданады, ол:

1) материалдарды дайындау немесе сатып алу жөніндегі шығыстарды және әкелінетін тауарларды өндіруге, сондай-ақ өндіруге байланысты өзге де операцияларға жұмсалатын шығыстарды;

2) пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін экспорт елінде өндірілетін бағаланатын тауарлардың сол сыныбындағы немесе түріндегі тауарларды сату кезінде әдетте ескерілетін сол шамаға балама сомасын;

3) осы Кодекстің 102-бабының 1-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көрсетілген элементтердің құнын қосу жолымен айқындалады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар тауарларды өндіруші табыс еткен немесе оның атынан табыс етілген және өндірушінің коммерциялық құжатымен расталған, мұндай құжаттар тауарлар өндірілген елде қолданылатын бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей принциптеріне сай келген жағдайда бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың өндірісі туралы мәліметтер негізінде айқындалады.

3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар, егер кедендік мақсат үшін ыдыс әкелінетін тауарлармен біртұтас зат ретінде қаралса, ыдысқа жұмсалған шығыстарды; буып-түю материалдары мен буып-түю жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түю құнын; әкелінетін тауарлар өндірісіне байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей және жанама берген, осы Кодекстің 102-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген әрбір заттың тиісті түрде бөлінген құнын (осы Кодекстің 102-бабы 5-тармағының ережесіне сәйкес - тиісті құрамдас бөліктер бойынша) қамтуға тиіс. Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде орындалған және Кеден одағының кедендік аумағында өндірілген әкелінетін тауарлардың өндірісі үшін қажетті жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп безендіру, дизайн, эскиздер мен сызбалар құны осы заттардың құнын өндіруші төлеген дәрежеде ғана қамтуға тиіс. Бұл ретте шығыстар есеп айырысу құнын айқындау кезінде қайтадан есепке алынбауға тиіс.

Коммерциялық және басқару шығыстары ретінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына енгізілмейтін Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін тауарларды өндіру мен сатудың тікелей және жанама шығындары есепке алынуға тиіс.

4. Пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасы тұтастай есепке алынады және өндіруші табыс еткен немесе оның атынан табыс етілген мәліметтер негізінде айқындалады. Егер бұл мәліметтер кеден органдарының қарамағында бар, Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде кәдуілгі пайда мен коммерциялық және басқару шығыстары туралы мәліметтермен сәйкес келмесе, кеден органы кәдуілгі пайда мен жалпы шығыстар сомасын өзінде бар мәліметтер негізінде анықтай алады.

Егер кеден органы пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасын өзінде бар мәліметтер негізінде анықтаса, кеден органы мұндай деректер көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есепті жазбаша түрде көрсетуге міндетті.

5. Осы баптың мақсаты үшін тауарлар әкелінетін елде өндірілген сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сату туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлар және олармен салыстырылатын тауарлар сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлар болып табыла ма деген мәселе тиісті мән-жайлар ескеріле отырып, әрбір нақты жағдайда жеке шешілуге тиіс. Бұл ретте, оларға қатысты ақпарат берілуі мүмкін бағаланатын (әкелінетін) тауарларды қоса алғанда, сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың мүмкін болатын неғұрлым шағын тобын немесе бірқатарын Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сату қарастырылады.

6. Кеден органдары Кеден одағына мүше мемлекеттердің резиденті болып табылмайтын қандай да бір тұлғадан құжаттарды және оның коммерциялық құжаттарында бар бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың өндірісі және сатылуы туралы мәліметтерді табыс етуін талап етуге құқылы емес. Алайда, осы баптың ережелеріне сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін тауарларды өндіруші берген ақпаратты өндірушінің келісімімен Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары басқа елде тексеруі мүмкін. Шетелдік өндірушілер табыс еткен немесе олардың атынан табыс етілген құжаттар мен мәліметтерді тексеруді кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және жалпыға бірдей қабылданған халықаралық принциптер мен нормаларға сәйкес жүргізеді.

 

107-бап. Резервтік әдіс

1. Егер тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 101, 103 - 106-баптарына сәйкес айқындау мүмкін болмаса, бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің принциптерімен және ережелерімен үйлесетін тәсілдерді пайдалану арқылы Кеден одағының кедендік аумағында бар деректер негізінде айқындалады.

2. Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың осы бапқа сәйкес пайдаланылатын әдістері осы Кодекстің 101, 103 - 106-баптарына көзделген нақ сондай әдістер болып табылады, алайда, осы бапқа сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде оларды қолдануда икемділікке жол беріледі. Атап айтқанда мыналарға жол беріледі:

бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлар өндірілген елден өзге елде өндірілген бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны негізге алынуы мүмкін;

бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміле құнының негізінде айқындау кезінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың уақыт кезеңінде немесе соған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес кезеңде бірдей немесе біртекті тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сатылуға және Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуге тиіс екендігі туралы осы Кодекстің 103 немесе 104-баптарында белгіленген талаптардан ақылға қонымды ауытқуға жол беріледі;

бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін осы Кодекстің 105 және 106-баптарына сәйкес айқындалған олармен бірдей немесе біртекті тауарлардың кедендік құны негізге алынуы мүмкін;

бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 105-бабында жазылған әдіс негізінде айқындау кезінде осы Кодекстің 105-бабының 3-тармағында белгіленген күнтізбелік тоқсан күн мерзімнен ауытқуға жол беріледі.

3. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың осы баптың ережелеріне сәйкес айқындалған кедендік құны бұрын айқындалған кедендік құнға барынша мүмкін болған дәрежеде негізделуге тиіс.

4. Осы бапқа сәйкес тауарлардың кедендік құны:

1) Кеден одағының кедендік аумағында өндірілген Кеден одағының ішкі нарығындағы тауарлардың бағасы;

2) кедендік мақсаттар үшін баламалы екі құнның неғұрлым жоғарғысы қабылдануын көздейтін жүйе;

3) әкету елінің ішкі нарығындағы тауарлардың бағасы;

4) кедендік құнды осы Кодекстің 106-бабына сәйкес айқындау кезінде тауарлардың есеп айырысу құнына енгізілуге жататын шығыстардан өзге шығыстар;

5) әкетілетін елден үшінші елдерге берілетін тауарлардың бағасы;

6) ең төменгі кедендік құн;

7 еркін немесе жалған құн негізінде айқындалуға тиіс емес.

Егер кеден органы осы бапты қолданатын болса, онда кеден органы пайдаланылған деректер көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген егжей-тегжейлі есепті жазбаша түрде көрсетуге міндетті.

 

108-бап. Тауарлардың кедендік құнын декларациялау

1. Декларант тауарлардың кедендік құнын декларациялауды осы Кодекстің осы тарауына және 32-тарауына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау шеңберінде жүзеге асырады.

2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі, тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жай-күйі мен шарттары туралы мәліметтерді мәлімдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады.

Әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жай-күйі мен шарттары туралы мәліметтерді мәлімдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер кедендік құн декларациясында мәлімделеді және кедендік мақсаттар үшін қажетті мәлімет болып табылады.

Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау нысандары және оларды толтыру қағидасы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

Кедендік құнды декларациялау тауарға арналған декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.

Егер кедендік құн декларациясы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жағдайларда толтырылмаса, әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет тауарларға арналған декларацияда мәлімделеді. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет дұрыс емес болуы мүмкін не тиісті дәрежеде расталмаған екендігін көрсететін белгілер анықталған кезде кеден органы кедендік құн декларациясын табыс етуді дәлелді түрде талап етуге құқылы.

4. Тауарлардың мәлімделетін кедендік құны және оны айқындауға қатысты табыс етілетін мәліметтер дұрыс, саны айқындалған және құжатпен расталған ақпараттарға негізделуге тиіс.

5. Декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі кедендік құн декларациясында көрсетілген дұрыс емес мәліметтер көрсеткені және осы Кодекстің 286-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

109-бап. Тауарлардың кедендік құнын бақылау

Тауарлардың кедендік құнын бақылауды кеден органы тауарлар шығарылғанға дейін де, шығарылғаннан кейін де, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, кедендік бақылауды жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.

Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

 

110-бап. Тауарлардың кедендік құнына қатысты шешім

Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру нәтижесі бойынша кеден органы тауарлардың мәлімделген кедендік құнын қабылдау туралы не осы Кодекстің 111-бабының ережелеріне сәйкес тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдайды, ол Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген тәртіппен және нысандарда декларанттың назарына жеткізіледі.

 

111-бап. Тауарлардың кедендік құнын түзету

1. Егер кеден органы немесе декларант тауарлардың кедендік құны туралы мәлімделген мәліметтердің дұрыс еместігін, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі дұрыс таңдалмағанын және (немесе) тауарлардың кедендік құны дұрыс айқындалмағанын анықтаса, кеден органы тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешімді тауарларды шығарылғанға дейін де, шығарылғаннан кейін де кедендік құнды бақылауды жүзеге асыру кезінде қабылдайды. Кеден органы қабылдаған тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешімде негіздеме және оны орындау мерзімі қамтылуға тиіс.

2. Кеден органы тауарлардың мәлімделген кедендік құнын олар шығарылғанға дейін түзету туралы шешім қабылдаған кезде декларант дұрыс емес мәліметтерді түзетуді жүзеге асыруға және түзетілген мәліметтер ескеріле отырып есептелген көлемде кедендік баждарды, салықтарды осы Кодекстің 297-бабында белгіленген тауарлар шығару мерзімдерінен аспайтын мерзімде төлеуге міндетті.

Егер декларант тауарларды шығару мерзімінен аспайтын мерзімде дұрыс емес мәліметтерді түзетуді жүзеге асырмаса және толықтырып есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлемесе, кеден органы тауарларды шығарудан бас тартады.

3. Кеден органы тауарлар шығарылғаннан кейін олардың кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдаған кезде декларант дұрыс емес мәліметтерді түзетуді жүзеге асырады және түзетілген мәліметтер ескеріле отырып есептелген көлемде кедендік баждарды, салықтарды төлейді.

Декларант бұл шешімімен келіспеген жағдайда кеден органы тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзетуді және төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды қайта есептеуді жүзеге асырады.

4. Тауарлар шығарылғанға дейін де, шығарылғаннан кейін де тауарлардың кедендік құнын түзету және төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды қайта есептеу, сондай-ақ оларды төлеу мерзімі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген тәртіппен және нысандар бойынша жүзеге асырылады.

 

112-бап. Қосымша тексеру жүргізу

1. Кеден органы тауарлар шығарылғанға дейін олардың кедендік құнына бақылау жүргізген кезде тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтің дұрыс емес болуы мүмкін не мәлімделген мәліметтің тиісті дәрежеде расталмаған екендігін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда, кеден органы осы Кодекске сәйкес қосымша тексеру жүргізеді, оны жүргізу мерзімі мен тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

Кеден органы осы Кодекстің 151-бабына сәйкес айқындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді декларант қамтамасыз еткен жағдайда тауарларды шығару жүзеге асырылады.

Кеден органының шешімі негізді болуға және онда тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтің дұрыс емес болуы мүмкін не мәлімделген мәліметтердің тиісті дәрежеде расталмаған екендігін көрсететін нақты белгілердің тізбесі болуға тиіс. Қосымша тексеруді жүргізу туралы шешімді ақырына дейін жеткізудің тәртібі, мерзімі мен нысаны Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

Кеден органы қосымша тексеру нәтижелері бойынша тауарлардың кедендік құнына қатысты шешім қабылдағанға дейін тауарлардың кедендік құнын бақылау аяқталмаған деп есептеледі.

2. Егер тауарларды шығару үшін осы Кодекстің 297-бабында белгіленген мерзімде қосымша тексеруді жүргізу мүмкін болмаса, онда қосымша тексеру жүргізу туралы шешім тауарларды шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды. Кеден органдары осы Кодекстің 151-бабының 5-тармағына сәйкес есептеген кедендік баждарды, салықтарды төлеудің қамтамасыз етілуін декларант берген жағдайда тауарларды шығару жүзеге асырылады.

3. Тауарлардың кедендік құны туралы мәлімделген мәліметтерге қосымша тексеру жүргізу үшін кеден органы декларанттан қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және оларды табыс ету үшін мерзім белгілеуге құқылы, ол мерзім бұл үшін жеткілікті болуға, бірақ осы Кодекстің 268-бабында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.

Декларант кеден органы сұратқан қосымша құжаттар мен мәліметтерді табыс етуге не оларды табыс етудің мүмкін еместігінің себептерін көрсетіп, жазбаша нысанда түсініктеме беруге міндетті.

Декларанттың тауарлардың кедендік құнын айқындаудың өзі таңдаған әдісін пайдаланудың заңдылығын және өзі ұсынған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын дәлелдеуге құқығы бар.

4. Егер декларант кеден органы сұратқан құжаттарды, мәліметтерді және (немесе) оларды табыс ету мүмкін еместігінің себептері туралы түсініктемені табыс етпесе, не мұндай құжаттар мен мәліметтер осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосымша тексеру жүргізу үшін негіздерді жоймайтын болса, кеден органы қосымша тексеру нәтижелері бойынша өзінде бар ақпараттар негізінде және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау мәселелерін реттейтін Кеден одағына мүше мемлекеттер халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдайды.

5. Егер қосымша тексеру нәтижелері бойынша кеден органы тауарлардың декларант мәлімдеген кедендік құнын қабылдау туралы шешім қабылдаса, онда қамтамасыз ету сомасын қайтару (есепке жатқызу) осы Кодекстің 154-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

2-бөлім. КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАР

 

12-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар туралы жалпы ережелер

 

113-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар

1. Кедендік төлемдер мен салықтарға:

1) кедендік әкелу бажы;

2) кедендік әкету бажы;

3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;

4) Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын акциз (акциздер);

5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады.

2. Төлеушiлер, кедендiк баждарды есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.

3. Төлеушілер, кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салықтарын, акциздерді есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.

4. Төлеушiлер, кедендiк алымдарды төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп алу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы Кодексте айқындалады.

5. Кеден органдары алатын арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді және, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын алу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен алынады.

6. Жеке тұлғалар жеке мақсаттары үшін өткізетін тауарларға қатысты осы бөлім осы Кодекстің 56-тарауына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

 

114-бап. Кедендік баж ставкаларының түрлері

Кедендік баж ставкалары мынадай түрлерге:

1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленген - адвалорлық;

2) заттай көрінісіндегі физикалық сипаттамаларына (саны, массасы, көлемі немесе өзге сипататтамаларына) қарай белгіленген - өзіндік ерекше;

3) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген түрлерді ұштастыратын құрамдастырылған болып бөлiнедi.

 

115-бап. Кедендік алымдар

1. Тауарларды шығарумен, тауарларды кедендік алып жүрумен байланысты іс-әрекеттер жасағаны, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де іс-әрекеттер жасағаны үшін кеден органдары өндіріп алатын міндетті төлемдер кедендік алымдар болып табылады.

2. Кедендік алымдардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

3. Кедендік алымдардың мөлшері кедендік алымдар белгіленген іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдарының шамамен алынған шығындарының құнынан аспауға тиіс.

 

116-бап. Кедендік алымдардың түрлері

Кедендік алымдарға:

1) тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар;

2) кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар;

3) алдын ала жасалған шешім үшін төленетін ақы жатады.

 

117-бап. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым

Тауарларды кедендік декларациялау үшін бюджетке төленген кедендік алым төлеушіге қайтаруға жатпайды.

 

118-бап. Кедендік алып жүру үшін кедендік алым

Бірнеше автомобиль көлік құралымен өткізілетін тауарларды кедендік алып жүру кезінде кедендік алым сомасы көрсетілген көлік құралдарының санына барабар бөлінеді.

 

119-бап. Алдын ала шешім үшін төлем

Кеден органының осы Кодекстің 79 және 91-баптарына сәйкес тауарларды сыныптау жөнінде және тауарлардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде ақы өндіріп алынады.

 

120-бап. Төлеушілер, кедендік алымдарды төлеу мерзімдері мен тәртібі

1. Декларант немесе осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік алымдарды төлеу бойынша міндеттер жүктелген өзге де тұлғалар кедендік алымдарды төлеушілер болып табылады.

2. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым кедендік декларацияны бергенге дейін немесе сонымен бір мезгілде төленеді.

3. Кедендік алып жүру үшін кедендік алым кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірілмей төленеді.

4. Кеден органы алдын ала шешім қабылдағаны үшін ақыны төлеуші көрсетілген шешім өзіне берілгенге дейін енгізеді.

5. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және иелік ету бойынша шектеулерді бұзған күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулер бұзылған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу кезінде тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі кедендік шекара арқылы тауарларды өткізген күн болып есептеледі. Егер заңсыз өткізілген күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

6. Төлеушінің кедендік төлемді кедендік алым бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне аванспен енгізуге құқығы бар.

7. Кедендік транзит кедендік рәсімімен шығарылған тауарларды қоспағанда, кедендік алымдар тауарлар шығарылатын кеден органында немесе аумағында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған аумақта төленеді (өндіріліп алынады).

8. Кедендiк алымдарды бюджетке аудару осы Кодекске сәйкес айқындалған кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлдарды аудару үшін көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

 

 

13-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер

 

121-бап. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер

1. Осы Кодексте кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп:

1) тарифтік преференциялар;

2) тарифтік жеңілдіктер (кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер);

3) салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер;

4) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер түсініледі.

2. Тауарларды кедендiк декларациялағаны үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп түсініледі.

3. Тарифтік преференциялар Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес табыс етіледі.

Тарифтік жеңілдіктердің түрлері, оларды беру тәртібі мен жағдайлары Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.

Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес қабылданған Кеден одағы органдарының шешімдерімен тарифтік жеңілдіктерді беру Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны анықталған жағдайларда, тарифтік жеңілдікті Қазақстан Республикасының Үкіметі береді.

Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендiк алымдар бойынша жеңілдіктер осы Кодекске сәйкес айқындалады.

Салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

4. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтар мен кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер оларды салудан босату түрінде беріледі.

5. Кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер, осы Кодекстің 122-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сипатта бола алмайды.

6. Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерінде кедендік алымдар бойынша жеңілдіктер беруге тыйым салынады.

 

122-бап. Кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер

1. Кедендік алымдарды салудан:

1) жүктердi, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама пункттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдарының авариясын (бұзылуын) жоюға байланысты шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк;

2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн Қазақстан теңіз кемелерінің немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi;

3) ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылық болып табылатын банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;

4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін басқа тауарлар;

5) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн (медициналық мақсаттар үшін арнайы жасалған жеңіл автомобильдерден басқа) тауарлар;

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерін жасау үшін әкелетiн шикізат;

7) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналының жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алым салудан босатылатын тауарлар;

8) мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік ресіміне мәлімделген тауарлар;

9) мемлекеттердің, мемлекет үкіметтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған халықаралық ұйымдардың желісі арқылы берілген гранттардың қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар босатылады.

2. Осы бапта көрсетілген кедендiк алымдар салудан босату үшін құжаттарды табыс ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

123-бап. Тарифтiк преференциялар

1. Мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкаларын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында берілетін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.

2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығарылатын тауарлар, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағынан көрсетілген мемлекеттерге әкетілетін және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады.

3. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығатын тауарларға төмендетілген ставкалар бойынша кедендік баждар салынады. Мұндай мемлекеттердің және тауарлардың тізбесі, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейі Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен бекітіледі.

4. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және преференциялар жүйесін пайдаланатын неғұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен бекітіледі.

 

 

14-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу

 

124-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған база (салықтық база)

1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар кедендік баждарды, салықтарды салудың объектісі болып табылады.

2. Тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың заттай көрінісіндегі физикалық сипаттамасы (саны, тауар тұтынылғанға дейін және бөлшек сауда үшін ұсынылғанға дейін тауардан ажырамайтын, оның алғашқы буып-түюі ескерілген массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) тауарлардың түрлеріне және қолданылатын ставкаларының түрлеріне қарай кедендік баждарды есептеуге арналған база болып табылады.

3. Салықтарды есептеуге арналған салықтық база Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

 

125-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу (есепке жазу)

1. Осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер баждарды, салықтарды дербес есептейді.

2. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеуді (есепке жазуды) кедендік баждар, салықтар төленуге тиісті кеден органы жүргізеді.

3. Төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларын есептеу, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

4. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын кедендік баждардың сомасы, кедендік баждарды және кедендік баж ставкаларының тиісті түрін есептеуге арналған базаны қолдану арқылы анықталады.

5. Төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын салықтардың сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

6. Осы Кодекстің 138-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайда, кедендік баждардың, салықтардың сомалары, олар төленуге тиіс Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес есептеуге жатады.

7. Шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтарының жалпы сомасы, осы шетелдік тауарларға қатысты өзге кедендік рәсім мәлімделген жағдайда кеден органы кедендік декларацияны қабылдаған күні қолданыста болған кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын шетелдік тауарларға қолданған кезде кедендік баждар, салықтар ставкаларының өзгеруі салдарынан кедендік баждардың, салықтардың сомасы ұлғаятын жағдайларды қоспағанда, шетелдік тауарлар осы Кодекстің 121-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер есепке алынбай, ішкі тұтынуға шығарылған жағдайда төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан асып кетуіне болмайды.

8. Шартты шығарылған тауарлар кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатылған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда төленуге тиісті кедендік төлемдер мен салықтарды есепке жазу үшін, осы Кодекстің 158-бабына сәйкес өсімпұлдар төленіп, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған кедендік төлемдер мен салықтардың ставкалары қолданылады.

9. Кеден органы кеден ісі саласында құқық бұзушылықты анықтаған кезде, кедендік баждарды, салықтарды есептеуді кеден органы осы Кодекстің 158-бабына сәйкес өсімпұлдар төлей отырып жүргізеді.

 

126-бап. Кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын қолдану

1. Осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған ставкалар қолданылады.

2. Егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендік әкелу баждарын есептеу мақсаттары үшін Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалар қолданылады.

3. Кедендік әкету баждарын есептеу мақсаттары үшін, Кеден одағының комиссиясы үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждарын қолдану мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, қалыптастыратын тауарлардың жиынтық тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар қолданылады.

4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған не Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактілері анықталған кезде салықтарды есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген ставкалар қолданылады.

5. Салықтарды есептеу мақсаттары үшін, егер Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында айқындалған тәртіппен кедендік транзит рәсімімен орналастырылған тауарлардың Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналастырылғаны белгіленген (расталған) болса, осы Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген ставкалар қолданылады.

 

127-бап. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін шетел валютасын қайта есептеу

Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу үшін, оның ішінде кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған кезде төленуге жататын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, төлеуші, егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кеден органының кедендік декларацияны тіркеген күнінде, не төлеуші тауарларды негізгі кедендік ресімдеуге байланысты емес кедендік төлемді жүзеге асырған күні айқындалған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта ауыстырудың нарықтық бағамын қолдана отырып, шетел валютасын ұлттық валютаға және (немесе) ұлттық валютаны шетел валютасына қайта есептеуді жүргізеді.

 

 

15-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу және есептеу мерзімдері мен тәртібі

 

128-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер

Декларант немесе өздеріне осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөнінде міндет жүктелген өзге де тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер болып табылады.

 

129-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы. Кедендік баждарды, салықтарды төлемеу жағдайлары

1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер осы Кодекстің 130, 253, 258, 270, 298, 315, 318, 331, 332, 341, 354, 365, 378, 387, 394, 404, 411 және 472-баптарына сәйкес туындайды.

2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер мынадай:

1) осы Кодексте белгіленген мөлшерлерде кедендік баждар, салықтар төленген немесе өндіріп алынған;

2) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оған билік ету жөніндегі шектеулермен ұштаспаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді бере отырып, тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған;

3) авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде шетел тауарлары жойылған (қайтарымсыз жоғалған);

4) егер кедендік баждардың, салықтардың төленбеген сомасының мөлшері кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бес евроға балама сомадан аспаған;

5) егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастыруға кедендік декларация тіркелгенге дейін туындаса, тауарлар осы кедендік рәсіммен орналастырылған;

6) тауарлар мемлекет меншігіне айналдырылған;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлардан, оның ішінде тауарлар құны есебінен өндіріп алынған;

8) мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды осы кедендік рәсімге орналастыруға кедендік декларацияны тіркеген кезде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты тауарларды шығарудан бас тартылған;

9) осы Кодексте айқындалған тәртіппен оны өндіріп алу үмітсіз деп танылған және есептен шығарылған;

10) осы Кодексте кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтату байланыстырылатын мән-жайлар туындаған жағдайларда тоқтатылады.

3. Кедендік баждар, салықтар:

1) тиісті кедендік рәсім талаптары сақталған кезде, осындай төлеуді көздемейтін кедендік рәсімдермен тауарларды орналастыру кезінде;

2) жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін нарықтық валюта бағамы бойынша жалпы кедендік құны екі жүз евроға баламалы сомадан аспайтын, бір көлік (тасымалдау) құжаты бойынша бір жөнелтушіден бір алушының мекенжайына тауарларды әкелу кезінде;

3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларда тауарларды жеке пайдалану үшін өткізу кезінде;

4) егер осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес тауарлар кедендік баждар, салықтар салудан босатылса (кедендік баждар, салықтар салынбаса) және осыған байланысты босату берілу талаптары сақталған кезде төленбейді.

4. Осы Кодекстің 306-бабының 1-тармағының 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен тауарларды орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы мен тоқтатылуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.

 

130-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы мен тоқтатылуы және тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде оларды төлеу мерзімдері

1. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлеу жөніндегі міндет тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде туындайды.

Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде туындайды.

2. Егер тауарларды заңсыз өткізген тұлға және тауарларды заңсыз өткізуге қатысатын тұлғалар мұндай өткізудің заңсыз екендігін білсе немесе білуге тиіс болса, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет оларда бірге туындайды, ал тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде, егер заңсыз әкелінген тауарларды меншігіне немесе иелігіне алған кезде олардың заңсыз әкелінгенін білген немесе білуге тиіс болған тұлғаларда да туындайды.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізуі кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.

4. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде - тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі анықталған күн кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы дұрыс емес декларациялаумен заңсыз өткізу жағдайында, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, кеден органының тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждар, салықтар:

1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде - кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген және тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер бұл күн анықталмаса, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған күні қолданыста болған валюталардың нарықтық бағамы негізге алынып есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференцияларды және жеңілдіктерді есепке алмай, осындай тауарларды ішкі пайдалану үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтарының сомаларына сәйкес келетін мөлшерде;

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде - кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген және тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер бұл күн анықталмаса, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған күні қолданыста болған валюталардың нарықтық бағамы негізге алынып есептелген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференцияларды және жеңілдіктерді есепке алмай, осындай тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төлеуге жататын кедендік әкету баждарының тиісті сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.

Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы дұрыс емес декларациялаумен заңсыз өткізу жағдайында кедендік баждар, салықтар, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні мәлімделген кедендік рәсіммен осындай тауарларды орналастыру кезіндегі дұрыс мәліметтер негізінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады. Бұл ретте, кедендік декларациялау кезінде іс жүзінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары қайта төленбейді (өндіріп алынбайды), ал кедендік баждардың, салықтардың артық төленген (өндіріп алынған) сомалары осы Кодекстің 17 және 18-тарауларына сәйкес қайтарылуға жатады.

6. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезіндегі кедендік баждар, салықтар осы тарауға сәйкес есептеледі.

Егер төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын анықтау тауарлардың сипаты, олардың атауы, саны, шығарылған елі және кедендік құны туралы нақты мәліметтерді кеден органына табыс етпегендіктен мүмкін болмаса, кедендік баждардың, салықтардың сомалары кедендік баждар, салықтар ставкаларының неғұрлым көп шамасы, сондай-ақ тауарлардың қолда бар мәліметтері негізінде анықталуы мүмкін саны және (немесе) құны негізге алынып анықталады.

Тауарлар туралы дәлме-дәл мәліметтер кейіннен анықталған кезде кедендік баждардың, салықтардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын осы Кодекстің 17 және 18-тарауларына сәйкес қайтару не төленбеген сомаларын өндіріп алу жүргізіледі.

 

131-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері

1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері осы Кодекстің 130130, 253, 258, 270, 298, 315, 318, 331, 332, 341, 354, 365, 378, 387, 394, 404, 456 және 472-баптарында белгіленген.

2. Осы Кодекстің 306-бабы 1-тармағының 15) және 16) тармақшаларына сәйкес тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.

3. Осы Кодекстің 136, 293 және 294-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар тауарларды шығарғанға дейін төленеді.

4. Осы Кодекстің 283-бабына сәйкес белгіленген кедендік декларацияны беру мерзімі бұзылған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі кедендік декларация беруге арналған мерзім біткен күні аяқталады.

5. Шартты түрде шығарылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату беруге негіз болған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған кезде тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді бұзған күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулерді бұзған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

6. Тұлға шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік баждар, салықтар салудан босату беруге негіз болған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану ниеті туралы өтініш жасаған кезде, аталған өтінішті кеден органында тіркеу күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі.

 

132-бап. Талап қоюдың өту мерзімі

1. Кеден органдарының талаптары бойынша немесе төлеушінің талаптары бойынша:

1) кеден органы төлеушіге кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың сомасын есепке жазуға немесе төлеуші есептеген соманы қайта қарауға құқылы;

2) төлеуші кеден органдарынан кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың сомасын есептеуді және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;

3) төлеуші кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың сомасын төлеуге міндетті;

4) кеден органы төлеушінің өтініші бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары бар екендігі туралы растау құжатын беретін;

5) төлеуші Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш беруге құқылы болатын уақыт кезеңі талап қоюдың өту мерзімі болып табылады.

2. Кеден органдарының және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың өту мерзімі бес жыл болады.

Талап қоюдың өту мерзімі:

1) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік декларациялау аяқталған күннен бастап;

2) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің ақшаны уақытша орналастыру есебіне қамтамасыз ету сомасын енгізу түрінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде немесе кеденде тіркелген күннен бастап;

3) кеден органы тауарларды сыныптау жөнінде, тауарлардың шығарылған елін растау туралы алдын ала шешімдер қабылдаған күннен бастап;

4) кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған күннен бастап есептеледі.

3. Кеден органы таңдап алынған кедендік рәсімге сәйкес кедендік бақылауда тұрған тауарлар бойынша тауарлардың кедендік бақылауда тұру кезеңі ішінде және тауарлардың кедендік бақылауда тұру кезеңі аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде төленуге тиіс кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың сомаларын есепке жазуға немесе қайта қарауға құқылы.

4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қою мерзімі - кедендік бақылау жүргізу кезеңінде, оның ішінде тауар шығарылғаннан кейін өтіп кеткен жағдайда, төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тексеру нәтижелеріне және (немесе) жоғары тұрған кеден органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезеңіндегі талап қоюдың өту мерзімі кеден органының кедендік бақылау нәтижелері бойынша шығарған шешімі орындалғанға дейін, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан, шағым және (немесе) талап қою қаралғаннан кейін ұзартылады.

 

133-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту

1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу нысанында жүргізіледі.

2. Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгертудің негіздемесі, талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.

3. Салықтарды төлеу мерзімдерін өзгертудің негіздемесі, талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.

 

134-бап. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту ұғымы және талаптары

1. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту деп осы Кодексте белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру танылады.

2. Кедендік баждарды төлеу мерзімдері өзгерген кезде пайыз қосып есептелмейді.

3. Бұл ретте төлеушіге кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзарту құқығын беру - мерзімін ұзарту, ал төлеушіге кедендік баждарды көрсетілген бөліп-бөліп төлеу кестесіне сәйкес тең үлестермен кезең-кезеңмен төлеу құқығын беру бөліп-бөліп төлеу болып табылады.

4. Кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзартуды немесе бөліп-бөліп төлеуді Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған негіздердің ең болмағанда бірі болған жағдайда төлеушіге кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі не кеден ұсынады.

5. Кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзарту немесе бөліп-бөліп төлеу ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты және кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз еткен жағдайда осы Кодекстің 16-тарауында көзделген тәртіппен беріледі.

 

135-бап. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім және оның қолданылу мерзімі

1. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім төлеушінің жазбаша өтініші және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылданады.

Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы өтініште көрсетілетін мәліметтер тізбесі Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалады.

2. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім жазбаша нысанда жасалады, оған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің не кеденнің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды. Осы шешім көрсетілген кеден органы кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзарту немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімді қабылдаған күннен кейінгі келесі күннің аяқталуынан кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі.

Кедендік баждарды бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімге бөліп-бөліп төлеуді ұсынған кеден органының келісімі бойынша төлеуші жасаған кезең-кезеңмен төлеу кестесі қоса беріледі. Көрсетілген кесте кедендік баждарды төлеу мерзімін белгілейді және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

3. Төлеу мерзімін кейінге қалдыруға немесе бөліп-бөліп төлеуге мәлімделген кедендік баж сомасын есептеп шығару үшін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін және кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы өтініш кеден органында тіркелген күні қолданыста болған валюталардың нарықтық бағамы қабылданады.

4. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсынудан бас тарту туралы шешімде мұндай бас тартудың себебі туралы мәлімет қамтылуға тиіс.

Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған жағдайларда жойылуға жатады. Бұл ретте мұндай шешімді жойған кеден органы кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді алу туралы өтініш берген тұлғаны жазбаша нысанда хабардар етеді.

 

136-бап. Ұсынылған кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу сомаларын өтеу мерзімдері

1. Кедендік бажды төлеу мерзімдері өзгерген кезде төлеуші:

1) төлеу мерзімін кейінге қалдыру ұсынылған кезде - кейінге қалдыру мерзімі аяқталған күннен кешіктірмей;

2) бөліп-бөліп төлеу ұсынылған кезде - кедендік әкелу бажын төлеу бойынша бөліп-бөліп төлеуді өтеу кестесіне сәйкес кедендік бажды төлеу мерзімінен кешіктірмей кедендік баждар сомасын өтеуді жүргізеді.

2. Төлеуші төлеу мерзімі өзгертілген кедендік баждың сомасын уақтылы өтемеген немесе өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалануға арналып әкелінген тауарды көрсетілген төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеудің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өткізген жағдайларда, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі не кеден осы Кодекстің 18-тарауында көзделген тәртіппен кедендік баждың барлық сомасын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды.

 

137-бап. Кедендік бажды төлеудің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімнің қолданысын тоқтату

Кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімнің қолданылуы мынадай мерзімдерде:

1) кеден органы кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімде белгілеген төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу мерзімі аяқталғанда;

2) төлеуші кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімде көрсетілген кедендік баждың барлық сомасын мерзімінен бұрын өтеген кезде;

3) төлеуші төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеудің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырмастан өнеркәсіптік өңдеуде пайдалану үшін әкелінген тауарларды өткізген кезде тоқтатылады.

 

138-бап. Кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу және аудару тәртібі

1. Кедендік баждар, салықтар мен өсімпұлдар, кедендік транзит кедендік рәсімімен шығарылған тауарларды қоспағанда, тауарларды шығару жүргізілетін кеден органында немесе аумағында тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі айқындалған кеден органында төленеді (өндіріліп алынады).

2. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындаған жағдайда, кедендік баждар, салықтар тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарған кеден органына төленуге тиіс.

Транзиттік кеден рәсімімен орналастырылған тауарлар Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында екендігі Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған тәртіппен анықталса (расталса), кедендік баждар, салықтар Кеден одағына мүше осы мемлекетте төленуге тиіс.

3. Төлеуші кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды бюджетке ұлттық валютамен қолма-қол ақша әдісімен және қолма-қол ақшасыз әдіспен, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіппен есепке жатқызуды жүргізу жолымен төлейді.

4. Кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу кедендік баждардың, салықтар мен өсімпұлдың түріне сәйкес Қазақстан Республикасының кірістердің бірыңғай бюджеттік сыныптамасының (бұдан әрі - бюджеттік сыныптау кодтары) тиісті кірістер коды бойынша жүргізіледі.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Төлеушілер кедендік баждарды, салықтарды төлеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізеді. Кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеуші кеден органы тіркелген жердегі салық органының (бұдан әрі бенефициар салық органы) деректемелерін көрсетеді.

6. Төлеушінің тапсырмасы бойынша кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлды үшінші тұлғалар төлеген кезде төлем құжатының төлем арналымында кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлды төлеу жүргізетін төлеушінің толық атауы, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірі қосымша көрсетіледі.

7. Төлеушінің кедендік баждар, салықтар бойынша алда тұрған міндеттемелерінің есебіне аванспен кедендік баждарды, салықтарды енгізуге құқығы бар. Кедендік баждардың, салықтардың түрлері бойынша оларды аванспен енгізу кірістердің бірыңғай бюджеттік сыныптау кодтары бойынша жүргізіледі.

8. Кедендік әкелу баждарының төленген (өндіріп алынған) сомалары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында есепке жатқызуға және бөлуге жатады.

9. Төлеуші немесе үшінші тұлға төлеушінің шотына кеден баждарын, салықтар мен өсімпұлды төлеген кезде, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазынашылық органдары кеден органына және бенефициар салық органына кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен күн сайын беретін кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің есептілік нысандары олардың төленгенінің растамасы болып табылады.

Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлды кеден органдарының ғимараттарында орналасқан электрондық терминалдар, екiншi деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалары, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген кезде, электрондық терминалдан берілетін чек, банк кассасының түбіртегі немесе «электрондық үкімет» жүйесінде жасалатын электрондық чек тауарларды шығару үшiн олардың бюджетке төленгенiн растау болып табылады.

Төлеушi немесе үшiншi тұлға төлеушiнiң шотына кедендiк баждарды, салықтарды және өсімпұлды тiкелей кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) орналасқан екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалары арқылы төлеген кезде, аталған кассалардың түбiртектерi тауарларды шығару үшiн олардың бюджетке төленгенін растау болып табылады.

Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кеден органдарымен жасасқан тиісті шарттары болуға тиіс.

10. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында реттелмеген кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындау тәртібі, нысаны, төлеу талаптары, сәті осы Кодексте белгіленеді.

11. Осы Кодексте және Кеден одағының кеден кодексінде реттелмеген бюджетке аудару, артық (қате) төленген немесе бюджеттен артық өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың сомаларын қайтару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

12. Осы Кодекстің 301-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті тоқтату үшін кедендік баждар, салықтар сомасын төлеу декларанттың немесе шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның аталған тауарларды шартты түрде шығаруды жүргізетін кеден органына берген, кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомасын төлегенін растайтын төлем құжаттары, сондай-ақ тауарларды шартты түрде шығару жүзеге асырылатын кедендік декларацияның көшірмесі қоса берілген өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Кедендік баждар, салықтар тауарларды шартты түрде шығару жүзеге асырылатын кедендік декларацияда есептелген және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілуіне байланысты төленбеген кедендік баждар, салықтар сомасына сәйкес келетін мөлшерде төленеді.

 

139-бап. Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бюджетке кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды аудару бөлігіндегі міндеттері

Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:

139-бабының 1) тармақшасының қолданылуы ҚР 2010.30.06. № 298-IV Заңына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды. Тоқтатыла тұру кезеңінде банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бюджетке кедендік төлемдерді, салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөнінде төлем құжаттарын қабылдау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірінің құрылымына (қалыптастыру алгоритміне) және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес салық төлеушінің тіркеу нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндеттілігі белгіленіп тоқтатылды

1) бюджетке кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеу үшін Қазақстан Республикасының резиденттерінен төлем құжаттарын қабылдаған кезде төлеушінің сәйкестендіру нөмірінің сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру қағидаларына және Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органының деректеріне сәйкес дұрыс көрсетілуін бақылауға;

2) бюджетке кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеу үшін Қазақстан Республикасының резидент еместерінен төлем құжаттарын қабылдаған кезде жеке басын куәландыратын құжаттардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың дұрыс көрсетілуін бақылауға;

3) төлеушінің банк шотында ақша жеткілікті болған кезде төлеушінің кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомаларын аударуға тапсырмасын орындауды кешіктірмеуге және оны бір операциялық күн ішінде орындауға;

4) кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеуші қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;

5) кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеу екінші деңгейдегі банктердің электрондық терминалы арқылы, төлем карточкасын пайдаланып жүргізілген жағдайда, төлеушінің банк шотынан қолма-қол ақша есептен шығарылған күннен кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға міндетті.

 

140-бап. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың төленуін бақылау

1. Кеден органдары өндіріп алу өздеріне жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуіне және уақтылы төленуіне бақылауды жүзеге асырады.

2. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу және төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тәртібі осы Кодексте белгіленеді, ал онда реттелмеген бөлігін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

141-бап. Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын есепке алу

1. Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын есепке алуды кеден органы төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

2. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған (кемітілген), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат төлеушінің жеке шоты болып табылады.

3. Кеден органының төлеушінің жеке шотын жүргізуі:

жеке шотты ашуды;

жеке шотта бұдан әрі кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді;

жеке шотты жабуды қамтиды.

4. Мыналар:

төлеуші кедендік декларацияда, кедендік декларацияның түзетуінде;

кеден органы осы Кодекстің 290, 399 және 405-баптарына сәйкес жүргізген кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемітуді қамтитын сома кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың есептелген (кемітілген) сомасы болып табылады.

5. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда:

кедендік бақылау нәтижелері бойынша;

жоғары тұрған кеден органының не соттың төлеушінің пост-кедендік бақылау нәтижелері туралы хабарламасына, кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) төлеушінің шағымын қарау нәтижелері бойынша;

бақылаушы органдардың тексеру нәтижелері бойынша;

алдына ала шешім қабылдау кезінде;

тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған кезде кеден органы алған кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың есептелген сомасы болып табылады.

6. Төлеушінің жеке шоты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың түрлері бойынша жүргізіледі.

7. Төлеушінің жеке шоты бюджеттік сыныптама кодына сәйкес жүргізіледі.

8. Төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша кеден органымен салыстыру кеден органы аталған өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Салыстыру аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша, екі дана етіп салыстыру актісі жасалады. Салыстыру актісінің бір данасы төлеушіге тапсырылады, екінші данасы кеден органында қалады.

 

142-бап. Кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша берешектің жоқтығы және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі

1. Төлеуші кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша берешектің жоқтығы және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе кеденге өтініш беруге құқылы.

2. Кеден органы аталған берешектің жоқтығы және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді төлеушіге:

1) дара кәсіпкерді қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны таратуды, қайта ұйымдастыруды мемлекеттік тіркеу кезінде қажетті кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында - берешектің жоқтығы туралы анықтама);

2) осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге жағдайларда кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында - берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтама) жасау және беру арқылы табыс етеді.

3. Кеден органы кеден органдарында ашылған жеке шоттардың деректерін ескере отырып, берешектің жоқтығы туралы анықтаманы, берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтаманы жасайды.

4. Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама анықтаманы жасаған кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен куәландырылады және олар берілген кезден бастап күнтізбелік отыз күн бойы жарамды болады.

5. Жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда кеден органы берешектің жоқтығы туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтаманы төлеушінің аталған анықтаманың біреуін алуға арналған өтінішінің және кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша салыстыру актісінің негізінде береді.

6. Кеден органы төлеушінің аталған анықтамалардың біреуін алуға арналған өтініші тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей берешектің жоқтығы туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтаманы беруге міндетті.

 

 

16-тарау. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету

 

143-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің жалпы шарттары

1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мынадай:

1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау;

2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту;

3) тауарларды кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру;

4) осы Кодекстің 299 және 300-баптарына сәйкес тауарларды шығару кезінде;

5) тауарларды кедендік қоймаға іс жүзінде орналастырмай, кедендік қойма кедендік рәсімімен орналастыру;

6) кеден аумағында қайта өңдеу рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды баламалы тауарлармен ауыстыру;

7) осы Кодекстің 112-бабына сәйкес тауарларды шартты шығару жүзеге асырылатын кедендік құнды айқындау;

8) мерзімдік кедендік декларациялау;

9) тауарларды алушының қоймаларына осы Кодекстің 265-бабына сәйкес орналастыру;

10) кедендік тасымалдаушы немесе кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыру;

11) уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру үшін және оның уәкілетті экономикалық оператор ретінде қызметті жүзеге асыру жағдайларында қамтамасыз етіледі.

2. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету:

1) егер төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың және пайыздардың сомалары - кедендік декларация тіркелген күні, ал егер кедендік декларация ұсынылмайтын болса, қамтамасыз етуді ұсынбау туралы шешім қабылданған күні қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бес жүз евроға баламалы сомадан аспайтын болса;

2) осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда берілмейді.

3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді - төлеуші және кеден өкілі, ал тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдаған кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, төлеушінің орнына оларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жүргізілетін тауарларға билік ету, пайдалану және (немесе) пайдалану құқығы бар өзге тұлға да жүргізеді.

4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органына беріледі.

Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді кеден өкілі және (немесе) кедендік тасымалдаушы беретін болса, мұндай қамтамасыз ету ол қызмет аймағында тіркелген кеден органына берілуге тиіс.

5. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдаған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөнелтушінің кеден органына не межелі кеден органына берілуі мүмкін.

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдаған кеден органы осындай қамтамасыз етуді растайтын құжатты табыс етеді. Осындай құжатты беру тәртібі және мұндай құжаттың нысаны, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.

6. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қайтару (есепке жатқызу) кеден органы қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалуына көз жеткізген жағдайда не қамтамасыз етілген міндеттеме туындамаған жағдайда жүзеге асырылады.

7. Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

144-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдері

1. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету мынадай тәсілдермен:

ақшамен;

банк кепілдігімен;

кепілгерлікпен;

мүліктік кепілмен;

сақтандыру шартымен жүзеге асырылады.

2. Төлеуші осы баптың 1-тармағында көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгенін таңдауға құқылы.

3. Төлеушінің кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемені орындауы міндеттеменің қолданылу мерзімі ішінде үздіксіз қамтамасыз етілуге тиіс. Ұсынылатын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі осы кеден органы алдында қабылданған міндеттемені орындау туралы талапты кеден органының уақтылы жолдауы үшін жеткілікті болуы қажет.

4. Осы тарауда пайдалану мақсатында кедендік баждардың, салықтардың төленуін ақша арқылы қамтамасыз ету тәсілі деп кеден органдарының жеке және заңды тұлғалардың ақшалары уақытша орналастырылатын қолма-қол ақшаны бақылау шотына ақша енгізуі (бұдан әрі - қамтамасыз ету сомаларын ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу) түсініледі.

5. Қамтамасыз ету сомаларын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу түрінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету төлеушінің ақшаны уақытша орналастыру шотына қамтамасыз ету сомасын қабылдаған кеден органының алдында пайда болатын міндеттемелеріне ғана қолданылады.

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін мүліктік кепіл түрінде қамтамасыз ету төлеушімен кепіл шартын жасасқан кеден органы алдындағы осы төлеушінің міндеттемелеріне ғана қолданылады.

6. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету осы баптың 1-тармағында көзделген екі немесе бірнеше тәсілді құрамдастыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

 

145-бап. Қамтамасыз ету сомаларын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу

1. Ақшаны уақытша орналастыру шотын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және кедендерге ашады.

2. Кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шоты төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын енгізуге арналған. Қамтамасыз ету сомаларын ақшаны уақытша орналастыру шотына салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

3. Төлеуші ақшамен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кеден органы аталған міндеттемені орындамау фактісі анықталғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң ақшаны уақытша орналастыру шотынан бюджетке кедендік баждар мен салықтардың төленуге жататын сомаларын аударады.

 

146-бап. Банк кепілдігін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қолдану

1. Кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясы бар банктер тізіліміне енгізілген банктер берген банк кепілдіктерін қабылдайды.

2. Банк кепілдігінің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

3. Кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде банк кепілдігін қабылдаудан мынадай жағдайлардың бірінде:

1) банк кепілдігін берген банк осы баптың 1-тармағында көрсетілген банктер тізіліміне енгізілмеген және банк кепілдігін беру жөніндегі өкілдіктері жоқ болса;

2) банк кепілдігінің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмесе;

3) төленуі банк кепілдігімен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың сомасы банк кепілдігімен расталатын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан асып кетсе;

4) банк кепілдігі қолданылуының аяқталу мерзімі кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі төлеуші міндеттемесінің орындалу мерзімінен аз болса, бас тартады.

Кеден органы банк кепілдігін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартқан кезде кеден органы мұндай бас тартудың себептерін негіздей отырып, бұл туралы аталған банк кепілдігін ұсынған төлеушіні екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.

4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеме орындалмаған жағдайда кеден органы банк кепілдігінде көзделген міндеттерді орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты банкке жібереді. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеменің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейінгі күннен бастап өсімпұлдар есептеледі.

5. Кеден органының кедендік баждардың, салықтардың және өсімпұлдардың тиесілі сомаларын төлеу жөніндегі талабы осындай талап алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде банктің бұлжытпай және міндетті орындауына жатады. Банк кеден органының талаптарын орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

147-бап. Кепілгерлік шартын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қолдану

1. Кеден органы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепілгерлік шартын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.

Кепілгер ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дара кәсіпкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар өкілдік ете алады.

Бұл ретте, кепілдік беруші мынадай:

қамтамасыз ету сомаларын уақытша ақша орналастыру шотына енгізу;

банк кепілдігі;

мүліктік кепіл;

сақтандыру шарты тәсілдерінің бірімен кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуге тиіс.

Кепілдік беруші, өсімпұлдарды төлеуді қоса алғанда, кеден органының алдында төлеушімен бірдей көлемде жауапты болады.

2. Кеден органы кепілгерлік шартын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан мынадай жағдайлардың бірінде:

1) табыс етілген кепілгерлік шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келмеген;

2) кепілгер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етпеген;

3) төленуі кепілгерлік шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың сомасы кепілгерлік шартымен расталатын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан асып кеткен;

4) кепілгерлік шарты қолданылуының аяқталу мерзімі кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі төлеуші міндеттемесінің орындалу мерзімінен аз болған жағдайда бас тартады.

3. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда кеден органы кепілгерлікте көзделген міндеттерді орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтар мен өсімпұлдардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты кепілгерге жібереді. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелердің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейінгі күннен бастап өсімпұлдар есептеледі.

4. Кеден органының кедендік баждардың, салықтардың және өсімпұлдардың тиесілі сомаларын төлеу жөніндегі талабы осындай талап алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кепілгердің бұлжытпай және міндетті орындауына жатады.

Кепілгер кеден органының талаптарын орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

148-бап. Мүліктік кепілді кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қолдану

1. Кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде мүліктік кепіл шарты негізінде мүлік кепілін қабылдайды.

2. Мүліктік кепіл шарты төлеуші және (немесе) үшінші тұлға мен оның алдында кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша төлеушінің міндеттемесі туындаған кеден органы арасында жасалады.

Мүліктік кепіл шарты төлеуші кепілге берілетін мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебін қоса бере отырып мүліктік кепіл шартын жасасу туралы жазбаша өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жасалады.

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатындағы кепіл затының нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құны болып табылады.

Бағалаушының кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі төлеуші кепіл шартын жасасу туралы кеден органдарына жазбаша өтініш берген күнге дейін күнтізбелік он бес күннен ерте жасалмауға тиіс.

3. Мүліктік кепіл шарты мынадай талаптар бір мезгілде сақталған кезде жасалады:

1) мүліктік кепіл шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;

2) кепілге берілетін мүлік өтімді, жойылудан немесе бүлінуден сақтандырылған болуға тиіс және оның нарықтық құны оны өткізу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, кепіл затымен қамтамасыз етілетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеменің мөлшерінен төмен болмауы қажет.

4. Мыналарды:

1) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін;

2) тұтқындалған мүлікті;

3) мемлекеттік органдар шектеулер салған мүлікті;

4) үшінші тұлғалардың құқықтары болу ауыртпалығы бар мүлікті;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық айналымнан алып тасталған мүлікті;

6) электр, жылу энергиясын және энергияның өзге де түрлерін;

7) тез бүлінетін тауарларды;

8) мүліктік құқықтарды;

9) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті қоспағанда, кез-келген мүлік кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатындағы кепіл заты бола алады.

5. Кепілге алу кезінде, егер кеден органы өзге шешім қабылдамаса, кепіл заты кепіл берушіде қалады.

Төлеуші қабылдаған, қамтамасыз етілуі үшін кепіл ресімделген міндеттеме орындалғанға дейін кепіл беруші кепіл затына билік етуге құқылы емес.

6. Кепілді ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Кепілдік затынан өндіріп алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

149-бап. Сақтандыру шартын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қолдану

1. Кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген шарттарды қабылдайды.

2. Сақтандыру шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

3. Кеден органы мынадай жағдайлардың бірінде:

1) сақтандыру шартын берген сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағында көрсетілген сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілмеген;

2) табыс етілген сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

3) төленуі сақтандыру шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың сомасы сақтандыру шартымен расталатын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан асып кеткен;

4) сақтандыру шарты қолданылуының аяқталу мерзімі кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі төлеуші міндеттемесінің орындалу мерзімінен аз болғанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде сақтандыру шартын қабылдаудан бас тартады.

Сақтандыру шартын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартқан кезде кеден органы бас тарту себептерін негіздей отырып, көрсетілген сақтандыру шартын табыс еткен төлеушіні бұл туралы үш күн ішінде жазбаша хабардар етеді.

4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеме орындалмаған жағдайда кеден органы сақтандыру ұйымына аталған сақтандыру шартында көзделген міндеттеменің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты жібереді. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеменің орындалу мерзімдері аяқталған күннен кейінгі келесі күннен бастап өсімпұлдар есептеледі.

5. Кеден органының кедендік баждардың, салықтар мен өсімпұлдардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талабы осындай талап алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының бұлжытпай және міндетті орындауына жатады. Сақтандыру ұйымы кеден органының талаптарын орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

150-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету

1. Егер Қазақстан Республикасының аумағында бір тұлға белгілі бір мерзімде бірнеше кеден операциясын жасаса, кеден органына осындай барлық операцияны жасау үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету берілуі мүмкін.

Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бұзылған жағдайда, бірнеше кеден органының кез келгені кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді пайдалануы мүмкін болса, кеден органдары Қазақстан Республикасының аумағында бірнеше кеден органында кеден операцияларын жасау үшін осы кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қабылдайды.

2. Төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден органдары осы Кодекстің 144-бабында белгіленген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдерінің біріне сәйкес келетін кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қабылдайды.

Төлеушілер кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді осы Кодекстің 143-бабында белгіленген жағдайларда туындайтын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі бір немесе бірнеше міндеттеме бойынша береді.

Аталған кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді кеден органдары төлем төлеушінің өтінішінде айқындалған мерзімге қабылдайды. Бұл ретте кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі төлеушінің өтінішінде көрсетілген кезең ішінде туындайтын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі төлеушінің міндеттемелерін орындау мерзімінен артық болуға тиіс.

3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

151-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау

1. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы, осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді есепке алмай, тауарларды ішкі тұтыну немесе экспорт үшін шығару кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларына негізделе отырып айқындалады.

2. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы, оның ішінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету сомасы:

1) мынадай:

кедендік транзит рәсімі бойынша тасымалданатын;

кедендік қоймаға іс жүзінде орналастырмай кедендік қойма кедендік рәсімімен мәлімделетін;

кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын акцизделетін тауарлардың;

осы Кодекстің 112-бабына сәйкес тауарларды шығару жүзеге асырылатын кедендік құнды айқындау кезінде;

мерзімдік кедендік декларациялау кезінде;

осы Кодекстің 265-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын алушының қоймасына орналастырылатын;

шығаруы осы Кодекстің 96 және 298-баптарына сәйкес жүргізілетін;

кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері өзгертілген;

осы Кодекстің 84-бабына сәйкес жинақталмаған түрінде жеткізілетін тауарларға қатысты;

кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарына қатысты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен;

2) кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты экспорттың кедендік рәсіміне мәлімделген кездегідей төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан төмен болмауға тиіс.

3. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ететін сома тарифтік преференциялар мен кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді есепке алмай, ішкі тұтыну үшін тауарлар шығару немесе экспорт кедендік рәсімдерімен орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларына негізделе отырып айқындалады, бірақ тауар кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік жеңілдіктер мен преференцияларды есепке алмай, ішкі тұтыну үшін тауарларды шығарудың немесе экспорттың кедендік ресімдерімен Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумақтарында орналастырылған сияқты Кеден одағына мүше осы мемлекеттердің аумақтарында төленуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың сомаларынан кем болмауға тиіс. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын айқындау үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы қолданылады.

4. Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын айқындау кезінде төленуге тиіс сомаларды кеден органына тауарлардың сипаты, олардың атауы, саны, шығарылған елі және кедендік құны туралы мәліметтерді ұсынбау себепті нақты айқындау мүмкін болмаса, қамтамасыз ету сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қолда бар мәліметтер негізге алынып айқындалатын кедендік баждардың, салықтардың ставкаларының неғұрлым үлкен шамасы, тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай түрдегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) негізінде айқындалады.

5. Тауарлар осы Кодекстің 299 және 300-баптарына сәйкес шығарылған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы мәліметтерді тексеру нәтижесінде қосымша есепке жазылуы мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалады және осы баптың 1, 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптар ескеріле отырып, төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың мөлшеріне әсер етеді.

6. Тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты осы баптың 1, 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптар ескеріле отырып, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің тіркелген сомалары белгіленуі мүмкін.

7. Тауарларды осы Кодекстің 112-бабына сәйкес шығарған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы, осы баптың 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, қосымша тексеру нәтижесінде қосымша есепке жазылуы мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалады.

 

152-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу

1. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді және кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қоспағанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу сыртқы экономикалық қызметке қатысушының немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемесінің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын кеден органында жүргізіледі.

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді тіркеу кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді талап ететін кедендік операцияларды жүзеге асыратын кеден органдарының бірінде жүзеге асырылады.

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді, оның ішінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді тіркеу кеден органында өтініш тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

2. Кедендік баждардың, салықтардың қамтамасыз етілуін тіркеу үшін төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің таңдаған тәсіліне байланысты кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:

1) кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаның аударылғаны туралы төлем құжатының көшірмесін;

2) төлеуші мен кеден органы арасында жасалған мүліктік кепіл шартын және бағалаушының кепілдегі мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін;

3) кепілгер банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдемесі шартын және банк кепілдігін;

4) кепілгерлік шартын;

5) сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органына өтініш табыс етеді.

3. Өтініште мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

1) төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін:

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні;

тұрақты тұратын жерінің мекенжайы;

Кеден одағының кедендік шекарасын болжамды кесіп өту орнында орналасқан кеден органының атауы (мұндай ақпарат бар болған жағдайда);

салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі;

аталған қамтамасыз ету кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету болып табылатыны туралы ақпарат;

кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілін растайтын құжаттың нөмірі және күні;

2) төлеушілер болып табылатын заңды тұлғалар үшін:

атауы және оның заңды мекенжайы;

басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

кедендік шекараны болжамды кесіп өту орнында орналасқан кеден органының атауы (мұндай ақпарат бар болған жағдайда);

салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі;

аталған қамтамасыз ету кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету болып табылатыны туралы ақпарат;

кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілін растайтын құжаттың нөмірі және күні.

4. Аталған өтініш кеден органында тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, есепке алу мақсатында кеден органы кедендік баждардың төленуін қамтамасыз ету карточкасын ресімдейді.

 

 

17-тарау. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өзге де ақшаның артық (қате) төленген немесе

артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу)

 

153-бап. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары

1. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар ретінде төленген немесе өндіріп алынған, мөлшері осы Кодекске сәйкес төленуге жататын сомалардан асатын және нақты тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың нақты түрінде және сомаларында сәйкестендірілген ақша сомалары кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары болып табылады.

2. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгеніне жол берілген:

1) төлем құжатында:

төлеушінің атауы дұрыс көрсетілмеген;

салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;

Қазақстан Республикасы салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;

төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) бюджеттік сыныптаманың кодына сәйкес келмеген;

2) төлеуші кедендік баждың, салықтың, кедендік алымның түрін дұрыс таңдамаған;

3) төлеуші өсімпұлды төлеу кезінде кедендік баж, салық, кедендік алым түрін дұрыс таңдамаған;

4) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушінің төлем құжатын қате орындаған, соның нәтижесінде кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдың сомалары бірнеше рет аударылған;

5) осы Кодекске сәйкес кедендік баждардан, салықтардан кедендік алымдардан босатуға жататын тауарлар бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар және өсімпұлдар қате төленген;

6) кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды төлеуге байланысты өзге де қателерге жол берілген сома бюджетке кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы болып табылады.

 

154-бап. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу)

1. Әкету кедендік баждарының, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

Кедендік әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтару (есепке жатқызу) мақсатында төлеуші артық (қате) төленген сомалар төленген күннен бастап бес жылдан кешіктірілмейтін мерзімде тауарлар мен көлік құралдарын кедендік декларациялауды, кедендік алып жүруді, алдын ала шешім қабылдауды жүргізген кеден органына кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомаларының бар екендігіне растау беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

3. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомаларының бар екендігіне растау беру туралы өтінішпен бірге мынадай құжаттардың:

1) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар сомасының төленгенін растайтын төлем құжатының;

2) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар есептелген және төленген кедендік декларацияның;

3) кедендік алымдарды төлеу кедендік декларацияны мәлімдемей жүргізілген жағдайларда табыс етілетін, жүзеге асырылғаны үшін кедендік төлемдер төленген, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру, тауарларды сыныптау жөнінде немесе тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау кезінде ресімделген басқа құжаттардың көшірмелері ұсынылуға тиіс.

4. Кеден органдарының артық (қате) төленген кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың сомаларының бар екендігіне растау беру туралы өтінішті қарау мерзімі төлеуші өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

5. Кеден органдары артық (қате) төленген кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың сомалары бар екендігіне растауды ресімдеуді кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар бойынша есептеулерді салыстыру актісінің негізінде жүргізеді.

6. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды салық органы олардың төленген жері бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.

Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды кеден органы төлеушінің салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу жүргізуге және (немесе) қайтаруға берген, кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомасының бар екеніне растау қоса тіркелген салық өтініші (бұдан әрі осы бап мақсатында - салық өтініші) негізінде жүргізеді.

Бұл ретте төлеуші салық өтінішін артық (қате) төленген кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар сомасының бар екеніне растау берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

Салық органы бюджетке артық төленген кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомасын есепке жатқызуды Салық кодексінің 599-бабында белгіленген төлеушінің салық өтініші бойынша есепке жатқызуды жүргізуге арналған тәртіппен және мерзімде жүргізеді.

Бюджетке қате төленген кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомасын есепке жатқызуды немесе қайтаруды салық органы Салық кодексінің 601-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізеді.

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын қайтаруды салық органы Салық кодексінің 602-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде, осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізеді.

7. Салық органы кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу не қайтару туралы шешім шығарған жағдайда салық органы кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары бар екенін растаудың деректемелерін көрсете отырып, қорытындыны және кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуға не қайтаруға арналған төлем тапсырмасын ресімдейді және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

8. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган салық органдары табыс еткен құжаттардың негізінде артық (қате) төленген сомаларды есепке жатқызуды немесе қайтаруды жүргізгеннен кейін қорытындының бір данасын бенефициар салық органына қайтарады, екінші данасын кеден органына береді.

 

155-бап. Кедендік баждарды, салықтарды қайтарудың өзге де жағдайлары

Кедендік баждарды, салықтарды қайтару, сондай-ақ:

1) кедендік декларация қайтарып алынған (тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымды қайтаруды қоспағанда);

2) ұлтқа неғұрлым қолайлы режим немесе тарифтік преференциялар режимі қалпына келтірілген;

3) кедендік баждардың төленген сомасын қайтару түрінде тарифтік жеңілдіктер берілген;

4) кедендік рәсімдердің талаптары шетелдік тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге әкету немесе оларды жою, не мемлекет пайдасына бас тарту немесе қазақстандық тауарларды не оларды өңдеу өнімдерін Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленген сомаларын қайтаруды көздейтін;

5) егер тауарларды жаңадан таңдалған кедендік рәсіммен (ішкі тұтыну үшін шығару немесе тауарлардың экспорты кедендік рәсімімен) орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомалары бастапқы кедендік рәсім кезінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомаларынан кем болса, бұрын мәлімделген кедендік рәсімді ішкі тұтыну үшін шығару немесе тауарлардың экспорты кедендік рәсіміне өзгерткен жағдайда жүргізіледі.

 

156-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қайтару

1. Төлеушіге кедендік баждардың, салықтардың төленуін, оның ішінде төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ретінде енгізген төлемді қайтаруды кеден органы төлеуші міндеттемені орындаған жағдайда жүзеге асырады.

2. Кеден органы ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтаруды төлеушінің жазбаша өтініші бойынша, көрсетілген өтініш алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

3. Төлеуші ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару туралы өтінішті кеден органына міндеттемені орындағаннан кейін, бірақ осы Кодекстің 132-бабына сәйкес міндеттемені орындаған күннен кейінгі күннен бастап бес жылдан кешіктірмей береді.

4. Төлеушінің банк шотына ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтаруды ақшаны уақытша орналастыру шотына көрсетілген сома енгізілген кеден органы не мұндай кеден органы таратылған жағдайда оның құқықтық мұрагері жүзеге асырады.

5. Төлеушіге ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару осы Кодекстің 18-тарауында көзделген кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу бойынша берешекті шегере отырып жүзеге асырылады.

6. Ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару кезінде, ол бойынша сыйақы төленбейді, сомалар индекстелмейді, банк қызметтерін көрсету жөніндегі тарифтерді кеден органы аударылатын ақша есебінен төлейді.

7. Төлеушінің өтініші бойынша ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын кеден органы алда болатын кедендік баждар мен салықтардың есебіне және (немесе) төлеушінің кеден органдары алдындағы басқа міндеттемесі бойынша кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде есепке жатқызады.

8. Төлеушінің ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтаруға немесе осындай соманы басқа міндеттемелер бойынша есепке жатқызуға өтініші болмаған жағдайда, кеден органы мынадай талаптар бір уақытта сақталған:

төлеуші міндеттемені орындаған;

осы Кодекстің 132-бабында белгіленген талап қою мерзімі аяқталған кезде ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын бюджетке аударады.

9. Осы баптың 4-6-тармақтарының ережелері, уақытша демпингке қарсы, арнайы және өтемдік баждардың қайтарылуына да қолданылады.

10. Егер төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде мүліктік кепіл шартын табыс еткен болса, мүліктік кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалуы туралы төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы төлеушінің осындай өтініші тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төлеуші міндеттемесінің орындалғанын растайды.

11. Банк кепілдіктері бойынша міндеттеменің тоқтатылуы, міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ретінде енгізген банк кепілдемелері бойынша тоқтатуды кеден органы төлеушіде кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ішінде пайда болған соңғы міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

12. Кепілгерлік шарттары бойынша міндеттемелерді тоқтатуды кеден органы міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады. Бас қамтамасыз етуді көздейтін кепілгерлік шарттары бойынша міндеттеменің тоқтатылуын кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ішінде төлеушіде туындаған соңғы міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

 

 

18-тарау. Кедендік баждар, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу

 

157-бап. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алудың жалпы ережелері

1. Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда берешек қалыптасады. Кеден органдары берешекті осы тарауда айқындалған тәртіппен төлеушілерден өндіріп алады.

2. Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтарды төлеушінің ақшасы және (немесе) басқа да мүлкі есебінен, оның ішінде артық төленген кедендік төлемдер мен салықтар және (немесе) аванс төлемдерінің сомасы есебінен, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар есебінен мәжбүрлеп өндіріп алады.

3. Кеден органдары берешекті өндіріп алу үшін мынадай:

1) осы Кодекстің 159-бабында көзделген тәртіппен төлеушіге хабарлау;

2) осы Кодекстің 161-бабында көзделген тәртіппен кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті кедендік баждар мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомалары есебінен өндіріп алу;

3) берешекті өтеуді қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану:

берешек сомасына өсімпұл есептеу;

төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару;

4) мынадай тәртіппен:

төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен;

төлеуші дебиторларының шоттарынан;

төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану әрекеттерін жүзеге асырады.

4. Осы баптың 3-тармағында көзделген әрекеттер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есептеуді қоспағанда, бірінен кейін бірі қолданылады.

5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкерден және заңды тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан берешек пен өсімпұл өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.

6. Кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алу:

1) осы Кодексте көзделген төленбеген кедендік төлемдерді, салықтарды өндіріп алудың талап қою мерзімі өткен соң;

2) егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылса, жүргізілмейді.

7. Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарлар шығаруды жүргізген кеден органы, ал Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты - кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу фактілерін анықтаған кеден органы өндіріп алады.

8. Осы Кодекстің 331-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды Кеден одағына мүше мемлекеттің кедендік баждардың, салықтардың қамтамасыз етілуі берілген кеден органы осындай қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.

Осы Кодекстің 331-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде төленбеген кедендік тасымалдаушы төлеуге тиіс кедендік баждарды, салықтарды Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тұлға кедендік тасымалдаушы ретінде танылған кеден органы өндіріп алады.

9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждарды, салықтарды кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс Кеден одағына мүше мемлекетке аудару тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.

 

158-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұлдар есептеу

1. Берешек пайда болған кезде төлеуші өсімпұл төлейді. Өсімпұл деп кедендік төлемдер мен салықтардың мерзімінде төленбеген сомасына есептелген, осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшер танылады.

2. Кедендік баждар мен салықтарды төлеудің мерзімі өткен әрбір күн үшін, төлеу күнін қоса алғанда, кедендік төлемдер мен салықтардың төлеу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде әрбір мерзімі өткен күн үшін өсімпұл есепке жазылады.

Өсімпұл берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдерін және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершіліктің өзге шараларын қолдануға қарамастан есепке жазылады және төленеді.

3. Банкрот деп танылған төлеушіде пайда болған берешек сомасына сот шешім қабылдаған күннен бастап не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған, не оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күннен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.

4. Жеке тұлғаны хабарсыз жоғалып кеткен деп тану туралы соттың шешімі күшіне енген күннен бастап осы шешімнің күші жойылған күнге дейін берешек сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

5. Өсімпұлға және айыппұл сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

6. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасына есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген берешек сомасына есепке жатқызуды жүргізуге арналған төлем құжатының күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.

7. Кедендік төлемдер мен салықтар сомалары бюджетке аударылған кезде:

1) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару күнінен бастап;

2) төлеуші банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап;

3) төлеуші қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен бастап өсімпұл есептелмейді.

8. Төлеушінің жеке шотында бар кедендік төлемдер мен салықтардың осы түрі бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомасына барабар кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына төлеушінің жеке шотында пайда болған артық төленген сома негізделген төлем құжатының күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.

 

159-бап. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама

1. Төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті төлеу жөніндегі міндеттемесін орындау қажеттігі туралы кеден органы төлеушіге қағаз тасымалдағышта жіберген хабарлама кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама болып танылады. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

2. Кедендік бақылау нәтижелері бойынша кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама:

төлеушіге кедендік тексеру актісі берілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;

кеден органы төлеушінің жеке шотындағы кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті анықтаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі.

3. Төлеушіге кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама оның әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғанына қарамастан жіберіледі.

4. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламада:

1) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

2) төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе толық атауы және заңды мекенжайы;

3) кеден органының атауы;

4) хабарламаның күні;

5) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасы;

6) хабарлама берілген күнгі өсімпұлдар сомасы;

7) кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлды төлеу бойынша міндеттемені орындау туралы талап;

8) хабарламаны жіберу үшін негіздеме;

9) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешекті өтеу кезінде өсімпұлды есептеу тәртібі;

10) шағымдану тәртібі;

11) кедендік декларацияны түзетуді және (немесе) кедендік тауарлар құнын түзетуді ресімдеу жөніндегі талап және оларды ресімдеу мерзімдері көрсетілуге тиіс.

5. Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тіркелген сәттен бастап өтелген күн қоса есептелетін мерзімге дейін есептеуге жататын, өсімпұл есепке алынбаған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті өтеген кезінде кеден органы бұрын берген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламасына қосымша хабарлама береді.

6. Осы Кодекске сәйкес оларға қатысты кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама жіберілген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешек сомалардың өзгеруіне әкеп соққан негізделген фактілер анықталған жағдайда, кеден органы кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өтеу туралы жіберілген бастапқы хабарламаны кері қайтарып алумен бір мезгілде кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы жаңа хабарлама жібереді.

7. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны кері қайтарып алу және жаңасын жіберу кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешек сомалардың өзгергенін куәландырылатын фактілер расталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

 

160-бап. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі

1. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама төлеушіге қолын қойғыза отырып, жеке өзіне немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі. Төлеушіге хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама төлеуші почта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп саналады.

2. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламадағы талаптарды орындау мерзімі, төлеуші көрсетілген хабарламаға шағымдану жағдайын қоспағанда, төлеушіге хабарлама тапсырылғаннан кейінгі күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімді құрайды.

3. Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаға шағымдануды осы Кодекстің

19-тарауында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, көрсетілген хабарламадағы талаптарды орындау мерзімі шағым берілген күннен бастап шағым бойынша шығарылған шешім заңды күшіне енген күн қоса алынғанға дейінгі уақыт кезеңінде тоқтатыла тұрады. Бұл ретте шағым жасау өсімпұлдарды есепке жазуды тоқтата тұрмайды.

 

161-бап. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомалары есебінен өндіріп алу

1. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламадағы талаптар орындалмаған кезде кеден органы аталған берешекті кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың түрлері бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) баждардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомалары есебінен өндіріп алады.

Бұл ретте, кедендік төлемнің және (немесе), салықтың өзге түрі бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті кеден органы осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес есепке жатқызу жолымен өндіріп алады.

2. Осы бапқа сәйкес кеден органы кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешектің өндіріп алынған сомасы туралы оларды өндіріп алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.

 

162-бап. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

1. Кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары не ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген қамтамасыз ету сомалары берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімін шығарады.

2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналардан:

1) төлеушінің берешек пен өсімпұлды дербес өтеуі жөніндегі операциялардан;

2) ақшаны:

адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару жөніндегі міндеттемелері және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу бойынша есеп айырысулар үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

берешек пен өсімпұлды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімдерінің негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.

3. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енеді.

4. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бұлжытпай орындауға тиіс.

5. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өкімді шығарған кеден органы жояды.

 

163-бап. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

1. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі дана етіп жасалады, оның бір данасы төлеушіге қол қойғызып немесе жіберу мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.

2. Кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші бұлжытпай орындауға тиiс.

3. Төлеуші осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

4. Кеден органы төлеуші кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.

 

164-бап. Берешек пен өсімпұлды өтеу есебіне төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару

1. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламада белгіленген мерзімдер ішінде кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда кеден органы төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеу қояды.

2. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешімді кеден органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша шығарады.

3. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім бағаны айқындау тәсіліне қарай баланстық немесе нарықтық құны берешек пен өсімпұл сомасына сәйкес келетін меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікке қатысты шығарылады.

Қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, төлеушінің жалға берілген мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде осы мүлікке қатысты кеден органы шешім шығарған кезден бастап және ол жойылғанға дейін жалға алушы мен кепілді ұстаушыға мұндай мүлікке меншік құқығын беруге тыйым салынады.

4. Осындай шешімнің негізінде кеден органы төлеушіге мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме актісін жасайды.

Билік етуі шектелген мүліктің тізімдемесі төлеушінің бухгалтерлік құжаттамасының деректері немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін тәуелсіз бағалау негізінде айқындалатын оның бағасы көрсетіле отырып жүргізіледі және екі дана етіп жасалған актімен ресімделеді.

5. Кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің бір-бір данасын төлеушіге беруге міндетті.

6. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін осындай шешім шығарған кеден органы мүлікке билік етуді шектеудің себептері жойылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

 

165-бап. Берешек пен өсімпұлды төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу

2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламада белгіленген мерзімдер ішінде берешек пен өсімпұлды өтемеген жағдайда, кеден органдары жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттарынан даусыз тәртіппен ақша өндіріп алу туралы шешім шығарады.

Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банк шоттарына қолданылмайды.

2. Даусыз өндіріп алу туралы шешім қажетті ақшаны төлеушінің шотынан есептен шығаруға және бюджетке аударуға кеден органының инкассолық өкімін төлеушінің шоты ашылған банкке жіберу нысанында қабылданады.

3. Банк төлеушінің бір банк шотынан берешекті өндіріп алу туралы кеден органының инкассолық өкімін орындаған жағдайда, егер кеден органы төлеушінің көрсетілген банкте ашқан басқа банк шоттарына дәл осы сомаға және берешек түріне инкассолық өкім шығарған болса, банк кеден органының инкассолық шешімін орындау фактісін растайтын төлем құжатын қоса тіркей отырып, мұндай инкассолық шешімді орындамай, кеден органына қайтарады.

4. Шоттардан даусыз тәртіппен берешекті және өсімпұлды өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және шетел валютасымен жүргізіледі. Шоттардан берешек пен өсімпұлды шетел валютасымен өндіріп алу төлеушінің шотынан берешек пен өсімпұлды өндіріп алған күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленуге тиісті кедендік төлемдер, салықтар және олар бойынша өсімпұл сомасына барабар сомада жүргізіледі.

5. Кеден органының инкассолық өкімін орындауды банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.

 

166-бап. Төлеушінің берешегі мен өсімпұлын оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу

1. Төлеушінің - дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттарында ақша болмаған және қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда, кеден органы төлеушінің алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшасынан пайда болған берешек пен өсімпұл шегінде өндіріп алуға құқылы.

Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарлама жіберген кеден органына дебиторлық берешектердің сомаларын көрсете отырып дебиторлардың тізімін және бар болған жағдайда дебиторлармен бірлесіп жасаған және дебиторлық берешек сомаларын растайтын өзара есеп айырысулардың салыстыру актілерін ұсынуға міндетті.

Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеген жағдайда дебиторлар тізімі мен өзара есеп айырысуды салыстыру актісі табыс етілмейді.

Өзара есеп айырысуды салыстыру актісі бар болған кезде кеден органы дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарламаны дебиторлар алған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы инкассолық өкімдерді дебиторлардың банк шоттарына шығарады.

2. Дебиторлық берешек сомасын растайтын табыс етілген дебиторлар тізімі негізінде кеден органы дебиторларға дебиторлық берешек шегінде кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу есебіне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарлама жібереді. Дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарламаның нысаны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.

Дебитор хабарламаны алған кезден бастап жиырма күннен кешіктірмей, хабарламаны алған күні төлеушімен бірлесіп жасаған өзара есеп айырысудың салыстыру актісін хабарлама жіберген кеден органына беруге міндетті.

3. Төлеуші мен оның дебиторы арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актісінде мынадай мәліметтер:

1) төлеушінің және оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмірлері;

2) орналасу жері бойынша тіркеу есебінде тұрған төлеуші және оның дебиторы есепте тұрған кеден органының атауы;

3) төлеушінің және оның дебиторының банк шоттарының деректемелері;

4) дебитордың төлеуші алдындағы берешек сомасы;

5) төлеушінің және оның дебиторының заңды мекенжайлары, мөрлері мен қолдары;

6) салыстыру актісі жасалған күн қамтылуға тиіс.

4. Кеден органы дебиторлық берешектің сомасын растайтын өзара есеп айырысуды салыстыру актісінің негізінде дебитордың банк шотына төлеушінің берешегі мен өсімпұлын өндіріп алу туралы инкассолық өкім шығарады.

5. Дебитор-төлеушілердің банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстің 165-бабында айқындалған талаптарға сәйкес кеден органы шығарған төлеушінің берешегі мен өсімпұл сомасын өндіріп алу туралы инкассолық өкімін орындауға міндетті.

 

167-бап. Төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен өндіріп алу

1. Төлеушінің банк шоттарында ақша, қолма-қол ақшасы және оның дебиторларының банк шоттарында ақша жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда кеден органдары оның келісімінсіз төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.

2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Төлеушінің билік ету шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша екі дана етіп жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.

 

2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 168-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

168-бап. Төлеушiнiң билiк етуі шектелген мүлкiн кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектiң есебiне өткізу тәртібі

1. Билiк ету шектелген мүлiктi өткізуді уәкiлеттi заңды тұлға жүзеге асырады.

2. Төлеушінің билiк етуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер бойынша берешектің есебіне өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

169-бап. Төлеушіні банкрот деп тану

1. Осы тарауда көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін төлеуші кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.

2. Банкрот деп танылған төлеушiнi тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

170-бап. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

1. Кеден қызметі органдары туындаған күннен бастап алты ай ішінде өтелмеген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Бұл ретте тізімде төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, төлеуші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешектің жалпы сомасы көрсетіледі.

2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған төлеушілер тізімі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей жаңартылады.

 

171-бап. Берешек пен өсімпұлды өтеу тәртібі

Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу кезектілігі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

 

172-бап. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алуды үмітсіз деп тану және есептен шығару

Өндіріп алу мүмкін емес кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомалары өндіріп алынуы үмітсіз деп танылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздемелер бойынша есептен шығарылады.

 

 

19-тарау. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу

нәтижелері туралы хабарламаға шағымдану тәртібі

 

173-бап. Шағымдану құқығы

1. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаларға (бұдан әрі - берешекті өтеу туралы хабарлама) шағымдану осы бөлімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Берешекті өтеу туралы хабарламаға:

1) оған қатысты берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылған декларанттың, не оның өкілінің;

2) оған қатысты берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылған кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның не оның өкілінің шағымдану құқығы бар.

 

174-бап. Берешекті өтеу туралы хабарламаға жасалған шағымды қарайтын органдар

1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес кедендік тексеру нәтижелері бойынша шығарылған берешекті өтеу туралы хабарламаға жасалған шағымды (бұдан әрі - шағым) қарауды берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы және (немесе) жоғары тұрған кеден органы жүргізеді.

2. Осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешекті өтеу туралы хабарламаға сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

 

175-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері

1. Шағым берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде кеден органына беріледі.

Шағымды тіркеу оны кеден органы қабылдаған күні жүзеге асырылады.

2. Осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлға жоғары тұрған кеден органына шағым берген кезде, шағымның көшірмесі берешекті өтеу туралы хабарлама шығарған кеден органына жіберілуге тиіс.

 

176-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны

1. Шағым жазбаша нысанда беріледі.

2. Шағымда:

1) шағым берілген күн;

2) шағым берілетін кеден органының атауы;

3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), не оның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

4) берешекті өтеу туралы хабарлама шығарған кеден органының атауы;

5) шағым беретін тұлға өз талаптарын негiздейтiн мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын мәліметтер;

6) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Шағымда оны қарау үшін маңызы бар өзге мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

4. Шағымға оны берген тұлға, не оның өкілі қол қояды.

5. Шағымға:

1) берешекті өтеу туралы хабарламаның көшірмесі;

2) шағым берген тұлға өз талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.

 

177-бап. Шағымды қараудан бас тарту

1. Кеден органдары:

1) шағым осы Кодекстің 175-бабында белгіленген шағымдану мерзімі бұзыла отырып берілген;

2) шағымның нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 176-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

3) осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілмеген тұлға шағым берген жағдайда шағымды қараудан бас тартады.

2. Кеден органдары шағымды қараудан бас тарту туралы шағым тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.

3. Кеден органдарының шағымды қараудан бас тартуы тұлғаны осы Кодекстің 175-бабында белгіленген мерзім ішінде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.

 

178-бап. Шағымды қарау тәртібі

1. Кеден органдары шағым бойынша, осы баптың 2-тармағында және 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған шағым тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей шешім қабылдайды.

2. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 180-бабында айқындалған тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.

3. Кедендік бақылау барысында табыс етілмеген құжаттар шағымға қоса берілетін жағдайда, кеден органдары мұндай құжаттарды қарайды.

4. Кеден органдары шағымды қарау кезінде:

1) шағым берген адамға және (немесе) кеден органына шағымда жазылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсіндірмелерді жазбаша нысанда беру туралы сауал жіберуге;

2) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сауалдар жіберуге;

3) кедендік бақылауды жүргізуге қатысқан кеден органдарының лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратуға құқылы.

5. Кеден органының шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

 

179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

1. Кеден органы шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда шешім қабылдайды және оны шағымды берген тұлғаға жібереді немесе тапсырады. Жоғары тұрған кеден органы шағымды мәні бойынша қараған жағдайда шағым бойынша шешімнің көшірмесі берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органына жіберіледі.

2. Шағымды қарау нәтижелері бойынша кеден органдары мынадай:

1) шағым жасалған берешекті өтеу туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

2) шағым жасалған берешекті өтеу туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын деген шешімдердің бірін қабылдайды.

3. Шағым жасалған берешекті өтеу туралы хабарламаның күші толық жойылған жағдайда берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы шешім қабылданған күннен және (немесе) жоғары тұрған кеден органының шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде берешекті өтеу туралы хабарламаны кері қайтарып алады.

Шағым жасалған берешекті өтеу туралы хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы берешекті өтеу туралы хабарламаны кері қайтарып алады, берешекті өтеу туралы жаңа хабарлама шығарады және оны шешім қабылданған күннен бастап және (немесе) жоғары тұрған кеден органының шешімін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды берген тұлғаға жібереді.

 

180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

1) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарына және басқа ұйымдарға сауалдар жіберілген жағдайда - жауаптарды алған күнге дейін;

2) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берілген жағдайда - сот шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

2. Кеден органдары шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы, тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды берген тұлғаға жазбаша түрде хабарлайды.

 

181-бап. Кеден органы шешімінің нысаны мен мазмұны

Шағымды қарау нәтижелері бойынша кеден органдарының шешімінде:

1) шешім қабылданған күн;

2) шағымды қараған кеден органының атауы;

3) шағым берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) не оның толық атауы;

4) шағым жасалатын берешекті өтеу туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;

5) шағымның мәні;

6) кеден органы шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алған Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.

 

182-бап. Кеден органына және (немесе) сотқа шағым берудің салдары

1. Кеден органына және (немесе) сотқа шағым беру берешекті өтеу туралы хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.

2. Кеден органына шағым берілген кезде берешекті өтеу туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы кеден органының жазбаша шешімі шыққанға дейін және осы Кодекстің 180-бабында көрсетілген кезең өткенге дейін тоқтатыла тұрады.

Сотқа шағым берілген жағдайда берешекті өтеу туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы соттың шешімі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.

 

 

3-БӨЛІМ. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ

 

20-тарау. Кедендік бақылау туралы жалпы ережелер

 

183-бап. Кедендік бақылау жүргізудің принциптері

1. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі.

2. Кедендік бақылаудың объектілері мен нысандарын таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады.

3. Кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен ынтымақтасады.

4. Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары басқа бақылаушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, уәкілетті экономикалық операторлармен, кеден өкілдерімен, кедендік тасымалдаушылармен және қызметтері сыртқы сауданы жүзеге асыруға байланысты тұлғалармен және олардың қауымдастықтар (одақтар) түріндегі кәсіби бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасайды.

5. Кеден органдары өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық және радиациялық бақылауды жүзеге асырады.

6. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылауды жүргізу кезінде оны жүргізуге қандай да бір рұқсаттар, ұйғарымдар не қаулылар, сондай-ақ оларды өзге де бақылаушы органдарда тіркеу талап етілмейді.

 

184-бап. Кедендік бақылау жүргізу

1. Кеден органдары кедендік бақылауды Кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды өздерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілетті кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.

2. Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылауды:

1) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және (немесе) осы Кодекске сәйкес декларациялауға жататын тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына;

2) Кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табыс ету көзделген кедендік декларацияға, тауарлар туралы құжаттар мен мәліметтерге;

3) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге, кеден ісі саласында қызметтер көрсетуге байланысты тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жеке кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтерге;

4) Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін тұлғаларға қатысты жүргізеді.

3. Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, көлік құралдары және олар туралы мәліметтері, оның ішінде электрондық нысандағы мәліметтері бар құжаттар орналасқан, кеден органдары белгілейтін басқа да жерлерде жүргізіледі.

 

185-бап. Кедендік бақылаудағы тауарлар

1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кезде тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасынан өткен кезден бастап кедендік бақылауда болады.

Қазақстан Республикасының аумағында пайда болған және орналасқан, осы Кодекске сәйкес шетелдік тауарлар мәртебесін иеленген тауарлар пайда болған кезден бастап кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептеледі.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар:

1) шартты түрде шығарылған тауарларды немесе кері импортты қоспағанда, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырғанға;

2) шартты шығарылған тауарлар осы Кодекстің 301-бабының 5-тармағына сәйкес Кеден одағының тауары мәртебесін иеленгенге;

3) осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырғанға немесе жойылғанға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының меншігіне айналдырылғанға;

5) Қазақстан Республикасының аумағынан іс жүзінде әкетілгенге;

6) шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу операциялары нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз затқа жатқызғанға;

7) кедендік аумақта қайта өңдеу немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастырылған шетелдік тауарлардың бөлігін өндірістік шығындар деп танығанға дейін кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептеледі.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар аварияның салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен не тасымал (көлікпен тасымалдау) мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи азаю нәтижесінде жойылу (қайтарымсыз жоғалу) фактісін кеден органдары танығаннан не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) заңнамасында белгіленген жағдайларда өзге де мән-жайлар туындағыннан кейін кедендік бақылаудағы тауарлар деп есептелмейді.

4. Тауарлар оларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде кедендік декларацияны немесе кедендік декларация ретінде пайдаланылатын өзге де құжаттар тіркелген, не тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуді жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекет жасалған кезден бастап, олар Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткенге дейін кедендік бақылауда болады.

5. Қазақстан Республикасының аумағынан іс жүзінде әкетілмеген, осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарлар осы Кодекстің 290-бабына сәйкес кедендік декларация қайтып алынған күннен бастап кедендік бақылаудағы болып саналмайды.

6. Кеден органдары тұлғалардың тауарларды, оның ішінде тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарларды, егер осындай тауарлар осы Кодексте белгіленген кедендік рәсімдерге сәйкес міндетті кері әкелу немесе әкетуге жататын болса, кері әкелу немесе әкету туралы міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады.

7. Кеден органдары көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен теңіз және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл ретте, шетелдік кемелер мен басқа мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау (қайтару) жөніндегі әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүргізіледі.

Тауарлар мен оларға жасалған құжаттарға кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында автомобиль көлік құралдарын кедендік бақылау аймағынан тыс жерде тоқтатқан жағдайда мұндай бақылаудың уақыты екі сағаттан аспауға тиіс. Мұндай бақылауды жүзеге асыру туралы Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалатын нысанда акт жасалады, оның бір данасы тасымалдаушыға беріледі.

 

186-бап. Кедендік бақылау аймақтары

1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, сондай-ақ кедендік декларациялау және өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кеден органдары кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін кедендік бақылау аймақтарын құрады. Сонымен қатар уақытша сақтау орындары мен қоймаларының, кедендік және еркін қоймалардың, арнайы экономикалық аймақтардың, бажсыз сауда дүкендерінің аумақтары кедендік бақылау аймақтары болып табылады.

2. Кедендік бақылау аймақтары кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі немесе кеден басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) өткізу пункттерінің аумақтарында, кедендік декларациялау және осы Кодексте көзделген өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кедендік бақылау аймақтарын құру туралы бұйрығының негізінде құрылады.

3. Кедендік бақылау аймақтарының шекаралары шартты сызықпен шектеледі және:

1) кедендік рәсімдер өткізу орындарында - өлшемдері: биіктігі - 50 сантиметр, ені - 100 сантиметр болатын белгілермен белгіленеді. Белгінің көк түсті тақтасына биіктігі 10 сантиметр және ені 3,7 сантиметр ақ түсті әріптермен, үш жолға, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) «Кедендік бақылау аймағы» деген жазу жазылады;

2) суда жарық шағылыстырғыш бояудың көмегімен орындалған «Кедендік бақылау аймағы» деген жазуы бар қызыл түсті қалтқылармен белгіленеді.

4. Кедендік бақылау аймақтарына жіберу:

1) кедендік бақылау аймақтарында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тиісті бақылаушы органдарының лауазымды адамдары үшін, қызметтік куәлікті ұсынған кезде, тұрақты рұқсат қағазы;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау және арнайы органдардың лауазымды адамдары үшін қаулы;

3) лауазымдық міндеттерін орындау тікелей кедендік бақылау аймағында болумен байланысты ұйымдардың лауазымды адамдары үшін рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.

Тұрақты рұқсат қағаздары тиісті бақылаушы органдардың, ұйымдардың немесе кәсіпорындардың жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бір жыл мерзімге беріледі және оған кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің не кеденнің басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды. Рұқсат қағаздарын арнайы журналда тіркеуді аталған рұқсат қағазын берген кеден органы жүргізеді.

4) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдары кедендік бақылау аймағында қысқа уақыт болуымен тікелей байланысты өздеріне жүктелген функцияларды орындау мақсатында оларға берілетін уақытша рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.

Уақытша рұқсат беру қағаздары адамның кедендік бақылау аймағында уақытша болу мерзіміне, оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.

5. Рұқсат қағаздарын ресімдемей, кедендік бақылау аймағына жіберу:

1) қызметтік куәлікті ұсынған кезде - кедендік бақылау аймағында өздеріне жүктелген функцияларды өз жұмыс уақыты кезеңінде орындайтын кеден органдарының лауазымды адамдарына;

2) кедендік бақылау аймағындағы тауарлар мен көлік құралдарына өкілдік ететін адамдарға, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасынан кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады.

Кеден органының лауазымды адамдарының өз жұмыс уақытынан тыс кезде кеден органы басшысының рұқсатынсыз кедендік бақылау аймағында болуына жол берілмейді.

6. Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы және оның шегінде тауарлар мен көлік құралдарының өтуіне кеден органының рұқсатымен жол беріледі.

7. Өндірістік және өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, аталған қызмет уақытша сақтау орнының немесе қоймасының, еркін қойманың, кеден қоймасының және бажсыз сауда дүкенінің мақсатына сәйкес келген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ режимдік объектілердің кедендік бақылау аймақтарында болуына жол берілмейді.

 

187-бап. Кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну

1. Декларант, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және өзге де мүдделі тұлғалар кеден органдарына кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша, жазбаша және (немесе) электронды нысанда табыс етуге міндетті.

2. Кеден органы кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратуға және оларды табыс ету мерзімін белгілеуге құқылы.

Кеден органы белгілейтін мерзім сұратылған құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін жеткілікті болуға тиіс.

3. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы құжаттар мен мәліметтерді алуға құқылы.

4. Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу мақсатында кеден органдары коммерциялық және бухгалтерлік құжаттарды, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге, оларды шығаруға және Кеден одағының кедендік аумағында немесе одан тыс жерде пайдалануға қатысты өзге де ақпаратты, соның ішінде электрондық нысанда сұратуға және алуға құқылы.

5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, тұлғалар және кеден органдары кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап бес жыл бойы сақтауға тиіс.

Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейін бес жыл бойы сақтауға тиіс.

 

188-бап. Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау

Кеден органдары тауарлар шығарылғаннан кейін тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап бес жыл бойы кедендік бақылау жүргізеді.

Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау осы Кодекстің 21 және 24-тарауларында белгіленген нысандарда және тәртіппен жүргізіледі.

 

189-бап. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымы кезіндегі кедендік бақылау

Кеден органдары кедендік бақылауды аумағына әкелінген тауарлардың айналымы кезінде мұндай тауарлардың Кеден одағы кеден заңнамасының талаптары мен шарттарына сәйкес шығарылу фактісін растайтын мәліметтерді тексеру, оның ішінде Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелудің заңдылығын растау үшін тауарларда пайдаланылатын таңбалаудың немесе өзге де сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру мақсатында жүргізеді.

 

190-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде маманның қатысуы

1. Қажетті жағдайларда кедендік бақылауды жүргізу кезінде нақты әрекеттер жасауға қатысу үшін, мұндай әрекеттердің нәтижесіне мүдделі емес, кеден органдарына жәрдем ету үшін, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану кезінде қажет болатын арнайы білімі мен дағдылары бар маман тартылуы мүмкін.

2. Маман ретінде тұлғаны тарту шарт негізінде жүзеге асырылады.

3. Маман:

1) оның қатысуымен жүзеге асырылатын нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты материалдармен танысуға;

2) өзі қатысқан кедендік бақылауды жүргізу кезінде іс-әрекеттер жасау нәтижелері бойынша ресімделетін құжаттармен танысуға және жасаған іс-әрекеттері бойынша мұндай құжаттарға енгізілуге тиіс өтініштер немесе ескертулер жасауға құқылы.

4. Маман:

1) арнайы білімді талап ететін іс-әрекеттер жасауға қатысуға, жасайтын іс-әрекеттері бойынша түсіндірме беруге;

2) аталған іс-әрекеттер жасау фактісін, олардың мазмұны мен нәтижелерін өз қолымен куәландыруға міндетті.

5. Маман өзі алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты, сондай-ақ өзге де жасырын ақпаратты жарияламауға, өзге де мақсаттарда пайдаланбауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға бермеуге тиіс.

6. Егер кедендік бақылауды жүргізу барысында Кеден одағының кеден заңнамасының бұзушылықтары анықталса, кеден органдарының маманды тартуға байланысты туындаған шығыстары оған немесе оның тауарларына қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тұлғаның қаражаты есебінен өтеледі. Өзге жағдайларда көрсетілген қызмет үшін мұндай төлем Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

 

191-бап. Кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем ету үшін басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тарту

1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем ету үшін басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.

2. Басқа мемлекеттік органдардан тартылатын мамандар мен сарапшылар мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты жасырын ақпаратты жария етпеуге міндетті.

3. Басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға байланысты шығыстар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттері шеңберіне кірмесе, осы Кодекстің 190-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен өтеледі.

 

192-бап. Кеден одағының кедендік шекарасында кеден органдары мен мемлекеттік бақылаушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл

1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және басқа мемлекеттік бақылаушы органдардың бақылауына жататын тауарларға кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары мұндай әрекеттерді жалпы үйлестіруді және бірлескен актіде айқындалған тәртіппен бірлескен бақылауды бір мезгілде өткізуді қамтамасыз етеді.

2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары мен мемлекеттік бақылаушы органдар ақпараттық жүйелер мен технологияларды пайдалана отырып, кедендік бақылау мен мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу үшін қажетті ақпаратпен (мәліметтермен) және (немесе) құжаттармен алмасады.

3. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік бақылау рәсімдерін жеделдету мақсатында кедендік тексеріп қарау Кеден одағының кедендік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте кедендік тексеріп қарау актісі жасалады.

192-6аптың 4-9-тармақтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

4. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының иондаушы сәуле шығару деңгейін тексеру және халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны табиғи ортамен салыстыру радиациялық бақылау болып табылады.

Радиациялық бақылауды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде орналасқан кеден органдары радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты түрде не қолмен тексеру режимінде жүргізеді.

Радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісе отырып белгілейді.

5. Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілген кезде аталған тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асырады.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады.

Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Кеден одағының кедендік шекарасынан заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі.

6. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады және Кеден одағының кедендік аумағын Кеден одағының мүшесі болып табылмайтын басқа мемлекеттерден жануарлардың инфекциялық және экзотикалық ауруларының әкелінуінен және таралуынан қорғауға бағытталған.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарының кеден органдарына іссапарға жіберілген ветеринарлық-санитарлық инспекторлары жүзеге асырады.

7. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде өсімдіктер карантині бойынша бақылау Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында жүзеге асырылады және Кеден одағының кедендік аумағын Кеден одағының мүшесі болып табылмайтын басқа мемлекеттерден тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін карантиндік объектілердің әкелінуінен немесе өздігінен еніп кетуінен қорғауға бағытталған.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде өсімдіктер карантині бойынша бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының кеден органдарына іссапарға жіберілген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.

8. Адамдар мен тауарларды (жүктерді) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде Кеден одағының кедендік аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуіне жол бермеу мақсатында жүргізілетін тауарлардың (жүктердің) санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін және адамдардың денсаулық жағдайын бақылау санитарлық-карантиндік бақылау болып табылады.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды кеден органдарының лауазымды адамдары кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган арасында жасалатын бірлескен актіде айқындалған тәртіппен жүргізеді.

Кеден одағының мүшесі болып табылмайтын басқа мемлекеттен инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуінің нақты қаупі туындаған жағдайда кеден органдары санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу мақсатында кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның бірлескен актілерінде айқындалған тәртіппен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы аумақтық органдарды тартады.

9. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарына жүктелген көлік бақылауы Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде кеден органдарына жүктелген көлік бақылауын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мен көлік саласындағы уәкілетті орган арасында жасалатын бірлескен актіде белгіленген тәртіппен кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

10. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтау мақсатында кеден органдары:

1) өз құзыреті шегінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарлардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етіп отырады;

3) кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарының бұзылғандығы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етіп отырады.

 

193-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезінде заңсыз зиян келтіруге жол бермеу

1. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдарының әрекеттері (әрекетсіздіктері) және шешімдері мүдделерін қозғайтын тасымалдаушыға, декларантқа, олардың өкілдеріне, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, бажсыз сауда дүкендерінің иелеріне және өзге де мүдделі тұлғаларға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүргізу кезінде заңсыз зиян келтіруге жол берілмейді.

2. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдарының не оның лауазымды адамдарының заңсыз шешімдерінен, әрекеттерінен (әрекетсіздіктерінен) келтірілген шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық көлемде өтелуге жатады.

3. Кеден органдары лауазымды адамдарының заңды шешімдерінен, әрекеттерінен тұлғаға келтірілген шығындар өтелуге жатпайды.

 

194-бап. Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату

1. Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі нысандарын қолдануынан босату осы Кодексте, Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленеді.

2. Мыналардың:

1) Кеден одағына мүше мемлекеттер басшыларының және олармен бірге жүретін отбасы мүшелерінің;

2) егер қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтсе, Кеден одағына мүше мемлекеттер үкімет басшыларының, үкімет мүшелерінің;

3) Кеден одағына мүше мемлекеттерге ресми сапармен келетін шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттердің үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің;

4) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес өзге де тұлғалардың жеке багаждары кедендік тексеріп қарауға жатпайды.

3. Кедендік тексеріп қараудан:

1) шетелдік әскери корабльдер (кемелер), әскери әуе кемелері және өздігінен жүретін әскери техника;

2) Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарының арнайы өтініштеріне сәйкес Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін әскери мүлік босатылады.

 

195-бап. Кеден органдарының кедендік бақылау жүргізу кезінде тұлғалар туралы ақпарат жинауы

1. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында кеден органдары Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізуге байланысты сыртқы экономикалық қызметті не кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы мыналарды:

1) заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы;

2) дара кәсіпкердің не заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы;

3) кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын мүліктің құрамы туралы;

4) ашылған банк шоттары туралы;

5) сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қызмет туралы;

6) ұйымның орналасқан жері туралы;

7) салық төлеушінің салық органында салық төлеуші ретінде есепке тұруы және сәйкестендіру нөмірі туралы;

8) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізілген тұлғалардың төлем қабілеттілігі туралы;

9) жеке тұлғаларға қатысты - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні және орны, жынысы, тұрғылықты мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттардан алынған деректер, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса), сондай-ақ олардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізу жиілігі туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат жинауды жүзеге асыруға құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар кеден органдарында бар өзі туралы құжаттамалық ақпаратпен танысуға және оның толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында осы ақпаратты нақтылауға құқығы бар.

3. Кеден органдары тұлғалар туралы ақпарат жинауды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан көрсетілген ақпаратты алу арқылы жүзеге асырады.

 

196-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезінде техникалық құралдарды, су және әуе кемелерін пайдалану

1. Кедендік бақылау жүргізу уақытын қысқарту және оның тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкін.

Көрсетілген техникалық құралдарды қолдану адамның өмірі мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпсіз болуға тиіс және тұлғаларға, тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.

2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.

3. Кедендік бақылаудың мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

197-бап. Кедендік бақылау үшін қажетті тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар

1. Кеден органының талабы бойынша декларант, қойма иесі, кеден өкілі және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлға кедендік бақылауға жататын тауарларды тасымалдауды, өлшеуді немесе тауарлардың санына өзге де анықтауды, тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, зақымданған орамды жөндеуді, орамды ашуды, тауарларды орауды не қайта орауды, сондай-ақ тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды ашуға міндетті.

2. Тасымалдаушы өзі тасымалдайтын тауарларға және мұндай тауарлар тасымалданатын көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялардың жүргізілуіне жәрдемдесуге міндетті.

3. Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар кеден органы үшін қандай да бір шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.

 

198-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын, үй-жайлар мен басқа да орындарды сәйкестендіру

1. Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарларды, көлік құралдарын, үй-жайларды, ыдыстарды және кедендік бақылауға жататын тауарлары бар немесе болуы мүмкін басқа да орындарды сәйкестендіруі мүмкін.

Сәйкестендіру пломбалар қою, мөр басу, сандық, әріптік және өзге де таңбалау, сәйкестендіру белгілерін салу, мөртабандар қою, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау, сызбалар жасау, масштабтық бейнелеу, фотосуреттер, иллюстрациялар жасау, тауарға ілеспе құжатты және өзге де құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де тәсілдермен жүргізіледі.

2. Сәйкестендіру құралдарын қолдану мен дайындауға қойылатын талаптарды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

3. Кедендік мақсаттар үшін сәйкестендіру құралдары ретінде пломбалар, мөрлер немесе шет мемлекеттердің кеден органдары, сондай-ақ тауарларды жіберушілер немесе тасымалдаушылар қолданатын сәйкестендірудің өзге де құралдары танылуы мүмкін.

4. Тауарлардың жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының немесе елеулі түрде бүлінуінің нақты қаупі болу жағдайларын қоспағанда, сәйкестендіру құралдарын тек кеден органдары арқылы немесе олардың рұқсатымен өзгертілуі, алып тасталуы немесе жойылуы мүмкін. Кеден органына сәйкестендіру құралдарының өзгертілгені, алып тасталғаны немесе жойылғаны туралы тез арада хабарланады және аталған қауіптің бар екендігіне дәлелдер ұсынылады.

Кеден органы сәйкестендіру құралдарының өзгертілгені, алып тасталғаны, жойылғаны немесе айырбасталғаны туралы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленетін нысан бойынша акт жасайды.

 

 

21-тарау. Кедендік бақылау жүргізу нысандары мен тәртібі

 

199-бап. Кедендік бақылау нысандары

Мыналар:

1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;

2) ауызша сауалнама;

3) түсіндірмелер алу;

4) кедендік қадағалау;

5) кедендік қарау;

6) кедендік тексеріп қарау;

7) жеке кедендік тексеріп қарау;

8) тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру;

9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау;

10) кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу;

11) тауарларды есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті тексеру;

12) кедендік тексеру кедендік бақылау нысандары болып табылады.

 

200-бап. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру

1. Кеден органдары мәліметтердің дұрыстығын, құжаттардың түпнұсқа екенін және (немесе) олардың толтырылуының және (немесе) ресімделуінің дұрыстығын анықтау мақсатында кедендік операциялар жасау кезінде табыс етілген құжаттар мен мәліметтерді тексереді.

2. Кеден органдарына кедендік операциялар жасау кезінде табыс етілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дереккөздерден алынған ақпаратпен салыстыру, кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ Кеден одағының кеден заңнамасында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.

3. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы кедендік құжаттарда қамтылған ақпаратты тексеру мақсатында жазбаша нысанда қосымша құжаттар мен мәліметтерді дәлелді түрде сұратуға құқылы.

4. Егер осы Кодексте тікелей өзгеше көзделмесе, осы баптың 3-тармағына сәйкес қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұрату және оларды тексеру тауарларды шығаруға кедергі келтірмеуге тиіс.

 

201-бап. Ауызша сауалнама

Осы Кодекске сәйкес кедендік операциялар жасау кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары жеке тұлғалармен, олардың өкілдерімен, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар ұйымдардың өкілдері болып табылатын адамдармен, көрсетілген тұлғалардың жазбаша нысанда түсініктемелерін ресімдеместен, ауызша сауалнама жүргізуге құқылы.

 

202-бап. Түсіндірмелер алу

1. Кеден органдары лауазымды адамдарының тасымалдаушылардан, декларанттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтері бар өзге де тұлғалардан кеден ісі саласындағы қажетті ақпаратты алуы түсіндірмелер алу болып табылады.

2. Түсіндірмелер Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жазбаша нысанда ресімделеді.

3. Тұлғаны түсіндірме алу үшін шақыру қажет болған жағдайда кеден органы шақырылатын тұлғаға табыс етілетін жазбаша нысандағы хабарламаны ресімдейді.

 

203-бап. Кедендік қадағалау

Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың, соның ішінде кедендік бақылаудағы көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын жария, мақсатты, жүйелі немесе біржолғы, тікелей немесе жанама түрде көзбен, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып қадағалауы кедендік қадағалау болып табылады.

 

204-бап. Кедендік қарау

1. Көлік құралдарын, тауарлардың орамдарын ашпай, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектемей және өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзбай, тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын, жеке адамдардың багажын, сондай-ақ жүк ыдыстарын, кедендік пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын сырттай көзбен шолып қарау кедендік қарау болып табылады.

2. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарларды, оның ішінде халықаралық тасымалдың көлік құралдарын, халықаралық почта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын кедендік қарауы кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, саны туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тұратын жайларында кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да салынған сәйкестендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растауды алу үшін жүзеге асырылады.

3. Кедендік бақылау аймағында декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері кедендік қарау кезінде қатысуға тілек білдіретін жағдайларды қоспағанда, кедендік тексеру аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.

4. Кедендік қарау қаралатын объектінің ішкі құрылымын көзбен шолуды қамтамасыз ететін және мұндай объектінің физикалық ерекше сипаттамасының болуы туралы өзге де түрде хабар беретін техникалық құралдарды қолдана отырып жүргізілуі мүмкін.

5. Егер мұндай қараудың нәтижелері кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын болса, кеден органдарының лауазымды адамдары қарау нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша акт жасайды.

Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның талабы бойынша кеден органының лауазымды адамдары кедендік қараудың жүргізу фактісі туралы акт жасауға, не көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжатта белгі қоюға міндетті.

Кедендік қарау жүргізілгені туралы актінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамға табыс етіледі.

 

205-бап. Кедендік тексеріп қарау

1. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк тиелетін жайларын не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды салынған кедендік пломбаларын немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын бұза отырып ашуға, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектеуге және өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзуға байланысты іс-әрекеттері кедендік тексеріп қарау болып табылады.

2. Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды адамы, мұндай тұлғалар белгілі болса, декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғаны кедендік тексеріп қараудың жүргізілетін жері және уақыты туралы хабардар етеді.

Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері, осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, өз бастамасы бойынша кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға құқылы.

Кедендік тексеріп қарауды жүргізудің басталу уақыты мұндай адамдардың келуінің ақылға қонымды мерзімдерін ескеруге тиіс.

3. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеріп қарау барысында және (немесе) көшпелі кедендік тексеру барысында жүзеге асырылатын кедендік тексеріп қарау кедендік бақылау аймақтарын құрмай жүргізілуі мүмкін.

4. Кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған жағдайда, көлік құралын жүргізетін жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады

5. Кеден органы декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері болмаған кезде, мынадай жағдайларда:

1) көрсетілген тұлғалар келмеген не мұндай тұлғалар белгісіз болған кезде;

2) ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікке, адамның, жануарлардың өмірі мен денсаулығына, эпизоотиялық ахуал туындау қаупі, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени игілігі объектілерін сақтауға қауіп болған кезде және кейінге қалдыруға болмайтын өзге де мән-жайларда, соның ішінде егер тауарлар тез тұтанғыш заттар, жарылғыш қауіпті нәрселер, жарылғыш, уландырғыш, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, есірткі құралдары, психотроптық, қатты әсер ететін, улы, уытты, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да ұқсас тауарлар болып табылатын белгілері бар болса, сондай-ақ егер тауарлар жағымсыз иіс шығаратын болса;

3) тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жөнелту кезінде;

4) тауарлардың әкетілуін көздейтін кедендік режимді бұза отырып, оларды Кеден одағының кедендік аумағында қалдыру кезінде кедендік тексеріп қарауды жүргізуге құқылы.

Көрсетілген жағдайларда кедендік тексеріп қарау екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.

6. Кедендік тексеріп қарау нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша екі дана етіп кедендік тексеріп қарау актісі жасалады. Кедендік тексеріп қарау актісінде мынадай мәліметтер:

1) кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды адамдары және оны жүргізу кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;

2) декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар болмаған кезде кедендік тексеріп қараудың жүргізілу себептері;

3) кедендік тексеріп қарау нәтижелері;

4) акт нысанында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Актінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамға не егер бұл адам анықталса, оның өкіліне табыс етіледі (жіберіледі).

 

206-бап. Жеке кедендік тексеріп қарау

1. Жеке кедендік тексеріп қарау Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Кеден одағының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілетін тауарларды өзінде жасырып және ерікті түрде бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, кеден органы басшысының (оны алмастыратын адамның) жазбаша шешімі бойынша жүргізілетін кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады.

Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешім кеден органы лауазымды адамының баянхатына бұрыштама қою арқылы жазбаша нысанда қабылданады не жеке құжатпен ресімделеді.

2. Жеке кедендік тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркімен беру туралы ұсыныс жасауға міндетті.

Жеке тұлғаның жеке кедендік тексеріп қарау туралы шешіммен танысу фактісін көрсетілген тұлға мұндай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімдегі тиісті жазбамен куәландырады. Мұндай әрекеттерді жасаудан бас тартқан жағдайда бұл туралы жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімге осындай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді жариялаған кеден органы лауазымды адамының қолымен куәландырылатын белгі қойылады.

3. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде кеден органы лауазымды адамының әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге, тексеріліп қаралатын тұлғаның денсаулығына заңсыз зиян және мүлкіне залал келтірмеуге тиіс.

4. Өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізіліп отырған жеке тұлғаның:

1) жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу басталғанға дейін кедендік тексеріп қарауды жүргізу шешімімен және тәртібімен танысуға;

2) өз құқықтары мен міндеттерімен танысуға;

3) түсініктемелер беруге және қолдаухаттарды мәлімдеуге;

4) өзінде жасырған, Кеден одағының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілмек тауарларды өз еркімен беруге;

5) жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізетін кеден органы лауазымды адамы жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы актіге міндетті түрде енгізе отырып, мәлімдеме жасауға;

6) ана тілін пайдалануға, сондай-ақ аудармашының қызметтерін пайдалануға;

7) кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы акт жасалып болған соң онымен танысуға және актіге енгізуге жататын мәлімдемелер жасауға;

8) жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының әрекеттеріне осы Кодекске сәйкес шағымдануға құқығы бар.

5. Жеке кедендік тексеріп қарау барысында тексеріліп қаралатын тұлға немесе оның заңды өкілі жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамының заңды талаптарын орындауға міндетті.

6. Жеке кедендік тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың кіруіне және олардың тарапынан жеке кедендік тексеріп қараудың жүргізілуін қадағалау мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс. Тексеріп қаралатын адамның денесін тексеріп зерттеуді, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып, медицина қызметкері ғана жүргізуге тиіс.

Медициналық қызметкер жеке кедендік тексеріп қарау туралы шешімді орындаудан жалтаруға құқылы емес.

Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз жеке адамды жеке кедендік тексеріп қарау кезінде оның заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары) немесе оны алып жүретін адамдар қатысуға міндетті.

7. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілетін нысан бойынша екі дана етіп акті жасалады. Бұл акт жеке кедендік тексеріп қарау барысында не тікелей ол аяқталғаннан кейін жасалуға тиіс.

Актіге жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды адамы, оған қатысты тексеріп қарау жүргізілген жеке адам не оның заңды өкілі немесе оны алып жүрген адам, куәгерлер, ал тексеріп зерттеу жүргізілген кезде - медициналық қызметкер қолдарын қояды.

Өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізілген жеке адамға не оның заңды өкіліне немесе оны алып жүрген адамға жеке кедендік тексеріп қарау туралы актінің екінші данасы ол жасалғаннан кейін дереу табыс етіледі.

 

207-бап. Тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру

1. Кеден органдары тауарларда немесе олардың орамдарында арнайы таңбалардың, сәйкестендіру белгілерінің немесе Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, олардың Кеден одағының кедендік аумағына әкеліну заңдылығын растау үшін пайдаланылатын өзге де тәсілдермен тауарларды белгілеулердің болуына тексеру жүргізеді.

2. Тауарларда арнайы таңбалардың, сәйкестендіру белгілерінің немесе тауарларды өзге де тәсілдермен белгілеудің болмауы, егер мұндай тауарлар табылған адам, декларант не өзге де мүдделі тұлға керісінше екенін дәлелдемесе, Кеден одағының кедендік аумағына кедендік операцияларды жасамай және тауарларды шығармай жүзеге асырылған тауарларды әкелу ретінде қаралады.

 

208-бап. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау

1. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау кедендік бақылаудағы, оның ішінде шартты шығарылған уақытша сақтау орындарындағы, кеден қоймаларындағы, бажсыз сауда дүкендеріндегі және кедендік бақылаудағы тауарлар болуы мүмкін өзге де жерлердегі тауарлардың, сондай-ақ адамдарда осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдердің талаптарына сәйкес болуға тиіс тауарлардың болуын растау мақсатында жүргізіледі.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарауды кеден органдары тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында, шекара аймағында, сондай-ақ тауарлардың көтерме немесе бөлшек саудасын жүзеге асыратын, тауарларды кедендік бақылау аймағы болып табылмайтын жерлерде сақтайтын тұлғаларда, тауарларға иелік ететін және (немесе) оларды пайдаланатын өзге де тұлғаларда, осы тұлғалардың үй-жайларында немесе аумақтарында осы Кодексте көзделеген тәртіпті бұза отырып Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген және (немесе) онда тұрған тауарлардың болуы туралы ақпарат болған кезде, мұндай ақпаратты тексеру үшін жүргізуі мүмкін.

3. Кеден органдары үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарауды осы үй-жайлар мен аумақтардың осы Кодекстің 40, 47, 54, 185, 260, 334 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексеру мақсатында да жүзеге асыруы мүмкін.

4. Тұрғын үй-жайларға кедендік қарау жүргізуге жол берілмейді.

5. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау ұйғарымды (нұсқауды) және кеден органы лауазымды адамының қызметтік куәлігін көрсеткен кезде жүргізіледі.

Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

6. Аумаққа және үй-жайларға жіберуден бас тартылған жағдайда, кеден органдарының лауазымды адамдары аумаққа және үй-жайларға екі куәгердің қатысуымен қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кіруге құқылы. Үй-жайларға қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кірудің барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды хабардар етеді. Кеден органдары лауазымды адамдарының аумақтарға және үй-жайларға кіруіне кедергі келтірген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

7. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жекелеген объектілерге кіруін арнайы тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

8. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау оны жүргізу үшін қажетті ең аз уақыт кезеңінде жүргізілуге тиіс және бір жұмыс күнінен аспауға тиіс. Кедендік қарауды жүргізу уақытының кезеңі бес жұмыс күнінен артық ұзартыла алмайды.

9. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген нысан бойынша акт жасалады. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау актісінің екінші данасы үй-жайлары немесе аумақтары қаралған тұлғаға табыс етілуге (жіберілуге) жатады.

 

209-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу

1. Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың және олармен жасалатын кедендік операциялардың есебін, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен технологияларды пайдалана отырып жүргізеді.

2. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу тәртібі мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

210-бап. Тауарларды есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті тексеру

1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын, арнайы оңайлатуларды пайдаланатын, сондай-ақ шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар кеден органдарының талабы бойынша кеден органдарына сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есептілікті табыс етуге міндетті.

2. Есептілікті табыс ету нысанын және тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Кедендік бақылау нысаны ретінде тауарларды есепке алу жүйесін тексеру мынадай жағдайларда:

1) осы Кодекске сәйкес арнайы оңайлатуларды қолданған кезде;

2) тауарларды шартты түрде шығарған кезде;

3) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты;

4) осындай тауарлардың есебін жүргізуді көздейтін кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларға қатысты жүргізіледі.

 

211-бап. Кедендік тексеру

1. Кеден органдары кедендік тексеруді тұлғалардың Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын тексеру мақсатында жүргізеді.

2. Кеден органы кедендік тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) тіркелген тексерілетін тұлғаларға қатысты жүргізеді.

Тексерілетін тұлғалар деп:

1) декларант;

2) кеден өкілі;

3) тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;

4) тауарлар шығарылғаннан кейін оларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға немесе оның өкілі;

5) тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға;

6) бажсыз сауда дүкендерінің, кеден қоймасының және өзге де қоймалардың иелері;

7) уәкілетті экономикалық оператор;

8) тиісті кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлармен жасалған мәмілелерге тікелей немесе жанама қатысқан өзге де тұлғалар;

9) иелігінде және (немесе) пайдалануында Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделген тәртіпті бұза отырып, оның ішінде кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген тауарлардың болуы (болғандығы) туралы оған қатысты ақпарат бар тұлға түсініледі.

3. Кеден органдары кедендік тексеру кезінде:

1) тауарлардың кедендік рәсіммен орналастырылу фактісін;

2) кедендік декларацияда және тауарларды кедендік декларациялау кезінде табыс етілген өзге де құжаттарда мәлімделген, тауарларды шығару туралы шешім қабылдауға әсер еткен мәліметтердің дұрыстығын;

3) шартты шығарылған тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулердің сақталуын;

4) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын;

5) тұлғалардың уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру үшін қажетті талаптарға сәйкестігін;

6) кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын;

7) осы Кодексте белгіленген мерзімдердің ішінде құжаттарды сақтау бойынша міндеттеменің орындалуын тексереді.

4. Кедендік тексеру тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде табыс етілген құжаттардағы мәліметтерді және кеден органында бар өзге де мәліметтерді бухгалтерлік есеп және есептілік деректерімен, шоттармен және Кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған басқа ақпаратпен салыстыру арқылы жүргізіледі.

5. Кедендік тексеру жүргізу кезінде осы Кодекстің 199-бабында белгіленген кедендік бақылаудың өзге де нысандары пайдаланылуы мүмкін.

6. Кедендік тексеруді жүргізу алдында тексеруге жататын мәселелердің тізбесі анықталатын дайындық жұмысы болуға тиіс, қажет болғанда оны жүргізу бағдарламасы әзірленеді.

7. Кедендік тексеру камералдық кедендік тексеру немесе көшпелі кедендік тексеру нысанында жүзеге асырылады.

8. Арнаулы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және консультация алу үшін кеден органдары кедендік тексеруге Қазақстан Республикасының басқа да бақылаушы мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларын тартуы мүмкін.

Кедендік тексеруге қатысушы болып табылатын кедендік органның лауазымды тұлғасының жазбаша сауалы бойынша кедендік тексеруге тартылған лауазымды тұлға кедендік тексеру барысында пайдаланылатын қорытынды жасайды. Мұндай қорытындылардың көшірмелері кедендік тексеру актісіне қоса тіркеледі.

9. Кедендік тексеру барысында қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.

10. Кедендік тексеру жүргізу тәртібі осы Кодекстің 24-тарауында айқындалады.

11. Кедендік тексеру нәтижелері және кедендік тексеру нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 18 және 24-тарауларында айқындалады.

 

 

22-тарау. Кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі

 

212-бап. Өзара әкімшілік көмек

1. Осы тараудың мақсаттары үшін өзара әкімшілік көмек деп Кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және Кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, оларды тергеу мақсатында кеден органының Кеден одағына мүше басқа мемлекет кеден органының тапсырмасы бойынша немесе онымен бірлесіп жасаған әрекеттері түсініледі.

2. Өзара әкімшілік көмек:

1) кеден органдарының кеден органына мүше мемлекеттер кеден органдарымен ақпарат алмасуын;

2) кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара тануды;

3) Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінің кеден органының Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің кеден органының тапсырмасы бойынша осы Кодексте белгіленген кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізуін қамтиды.

Өзара әкімшілік көмек Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден органдарының өзара іс-қимыл жасауының өзге де түрлерін қамтуы мүмкін.

 

213-бап. Кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу

Кеден органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарымен ақпарат алмасуы Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес, оның ішінде ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.

 

214-бап. Кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара тану

Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін не одан тыс жерлерге әкетілетін, кедендік бақылаудағы, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалданатын, уақытша сақталатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары қабылдаған шешімдерді Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары өзара таниды және Кеден одағының кеден заңнамасымен белгіленген жағдайларда Кеден одағының кедендік аумағында оның тең заңды күші болады.

 

 

215-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінің кеден органының тапсырмасы бойынша кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізуі

Кеден одағы кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінің кеден органы кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізуді кеден органына тапсыруға құқылы.

Кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізу туралы тапсырманы жіберу және орындау негіздемелері, нысаны, тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айындалады.

 

 

23-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі

 

216-бап. Тәуекелдерді басқару жүйесінің жалпы ұғымдары және қолданылу мақсаттары

1. Кеден органдары тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, кедендік бақылауға жататын құжаттар мен тұлғаларды, осындай тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына, құжаттар мен тұлғаларға қолданылатын кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылау жүргізу дәрежесін айқындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады.

Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мақсаттары:

1) кеден органдарының құзыреті шегінде ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікті, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

2) назарды жоғары тәуекел салаларына шоғырландыру және иелікте бар ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

3) Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау, болжау және оларды болғызбау;

4) декларанттарға және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтайтын тұлғаларға тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау;

5) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік операциялар жүргізуді жеделдету болып табылады.

3. Кеден органдары тәуекелдерді азайту бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпаратпен, сондай-ақ кедендік бақылау жүргізудің тиімділігін арттыруға ықпал ететін өзге де ақпаратпен өзара алмасуды Қазақстан Республ(икасының халықаралық шартында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

4. Кеден одағының комиссиясы тәуекелдерге қатысты кеден органдары міндетті түрде оларды азайту бойынша шаралар әзірлейтін және қолданатын тәуекелдердің саласын айқындай алады.

 

217-бап. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы тараудың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) анықталған тәуекел - кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық жасалған және кеден органдарында мұндай құқық бұзушылық туралы ақпарат бар белгілі тәуекел;

2) жасырын тауарлар - тәуекел тауарларының орнына декларациялануы мүмкіндігі жеткілікті дәрежедегі тауарлар;

3) кездейсоқ іріктеу әдісі - белгісіз тәуекелді анықтау мақсатында кедендік бақылау объектілерін белгіленген кезеңділікпен еркін іріктеу;

4) тәуекел - Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтамау ықтималдығының дәрежесі;

5) тәуекел бейіні - тәуекел саласы, тәуекел индикаторлары туралы мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ тәуекелдердің алдын алу немесе оларды азайту жөнінде қажетті шаралар қолдану туралы нұсқаулар.

Қолданылу өңіріне қарай тәуекел бейіндері екі түрлі болуы мүмкін: республикалық (қолданылу өңірі - Қазақстан Республикасының аумағы), өңірлік (қолданылу өңірі - кеден ісі саласындағы уәкілетті органның бір немесе бірнеше аумақтық бөлімшесінің қызмет аймағы);

6) тәуекел деңгейі - тәуекелдің туындау мүмкіндігінің және мүмкін болатын тәуекел салдарларының дәрежесі;

7) тәуекелдердің индикаторлары - бақылау объектісін таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, кеден органдары алдын ала белгілеген өлшемдері бар тәуекел көрсеткіштері;

8) тәуекелді бағалау - тәуекел деңгейін бағалау және кеден органдары алдын ала анықтаған көрсеткіштермен салыстыру арқылы тәуекелді басқару басымдықтарын жүйелі анықтау;

9) тәуекелді басқару - тәуекелдердің алдын алу және оларды азайту бойынша шараларды әзірлеу және практикалық іске асыру, оларды іске асыру тиімділігін бағалау, сондай-ақ кедендік рәсімдердің жүргізілуін бақылау бойынша, кеден органдарында бар ақпаратты үздіксіз жаңартуды, талдауды және түзетуді көздейтін жүйелі жұмыс;

10) тәуекелді талдау - тәуекелдің туындау жиілігін және тәуекел туындаған кезде мүмкін болатын салдарлардың көлемін анықтау үшін қолда бар ақпаратты жүйелі пайдалану. Тәуекелдер анықталған және ықтимал болып екі түрге бөлінеді;

11) тәуекел саласы - кеден органдары топтастырған тәуекелді талдау объектілері, оларға қатысты кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын қолдану немесе оларды жинақтап қолдану талап етіледі;

12) тәуекел тауарлары - Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, оларға қатысты тәуекелдер анықталған немесе ықтимал тәуекелдер бар тауарлар;

13) ықтимал тәуекел - анықталмаған, бірақ оның туындауы үшін жағдайлар бар тәуекел.

 

218-бап. Тәуекелді талдау объектілері

Тәуекелді талдау объектілеріне:

1) кедендік бақылаудағы не ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар;

2) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары;

3) сатып алу-сату не айырбастаудың сыртқы экономикалық шарттарында (келісімшарттарда), тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына жасалған келісімдерде не өзге де құжаттарда бар мәліметтер;

4) көліктік (тасымалдау), коммерциялық, кедендік және өзге де құжаттарда бар мәліметтер;

5) декларанттардың және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғалардың қызметі;

6) кедендік бақылау нысандарын қолданудың нәтижелері жатады.

 

219-бап. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша кеден органдарының қызметі

1. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша кеден органдарының қызметі мынадай:

1) кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесінің ақпараттық деректер базасын қалыптастыру;

2) мыналарды:

тәуекелдерді талдау объектілерін;

тәуекелдердің алдын алу және оларды азайту бойынша шараларды қабылдаудың қажеттілігін айқындайтын тәуекелді талдау объектілері бойынша тәуекелдің индикаторларын;

тәуекелдер туындаған жағдайда ықтимал залалды бағалауды жүйелі айқындауды қамтитын тәуекелді талдау және бағалау;

3) мыналарды:

тәуекелдер туындауының ықтималдығын және мүмкін болатын салдарын;

тәуекелдерді болдырмау және оларды азайту жөніндегі мүмкін шаралардың қолданылуын талдауды;

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының тәуекелді талдау объектілеріне қатысты талаптарын ықтимал бұзушылықтарды ескере отырып, тәуекелдерді басқару бойынша практикалық шараларды әзірлеу және іске асыру міндеттерін орындаудан тұрады.

2. Тәуекелдерді азайту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі және нақты тауарларға және (немесе) көлік құралдарына кедендік бақылау нысандарын қолданудың нәтижелері туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды кеден органдары тұрақты негізде жүзеге асырады.

3. Ақпаратты жинау және өңдеу, тәуекелдерге талдау және бағалау жүргізу, тәуекелдерді басқару жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

4. Тәуекел бейіндерінің және тәуекел индикаторларының мазмұны кеден органдарының пайдалануына арналған құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға жария етуге жатпайды.

 

 

24-тарау. Кедендік тексерулерді жүргізу тәртібі

 

220-бап. Камералдық кедендік тексеру

1. Камералдық кедендік тексеру кедендік декларацияларда көрсетілген мәліметтерді, тексерілетін тұлға табыс еткен коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және өзге де құжаттарды, бақылаушы мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ аталған тұлғалардың қызметі туралы кеден органдарында бар басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау жолымен жүзеге асырылады.

2. Камералдық кедендік тексеруді кеден органы орналасқан жердегі кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармастан, сондай-ақ ұйғарымды ресімдеместен жүргізеді.

3. Камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі шектелмей жүзеге асырылады.

4. Тексерілетін адам камералдық кедендік тексеру кезінде кеден органының жазбаша талабымен белгіленген мерзімдерде электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, кедендік декларацияда осындай құжаттардың негізінде мәлімделген мәліметтер дұрыс мәлімделмеген болып есептеледі.

Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар болмаған кезде, кедендік баждардың, салықтардың сомаларын кеден органы кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің неғұрлым жоғары шамасын, сондай-ақ кеден органының қолда бар мәліметтерінің негізінде айқындалуы мүмкін тауарлардың санын және (немесе) құнын негізге ала отырып айқындайды.

 

221-бап. Көшпелі кедендік тексеру

1. Көшпелі кедендік тексеруді кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне, жеке кәсіпкердің қызметті жүзеге асыратын жеріне және (немесе) олардың қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын жерге (бұдан әрі - тексерілетін тұлғаның объектілері) бару арқылы жүргізеді.

2. Көшпелі кедендік тексеру жоспарлы немесе жоспардан тыс болуы мүмкін.

Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру кеден органдары әзірлейтін жоспарлы тексерулер негізінде жүзеге асырылады.

3. Көшпелі кедендік тексеру ұйғарымның негізінде жүргізіледі.

4. Ұйғарымға кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қоюға тиіс. Ұйғарымның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

5. Ұйғарым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен прокуратура органдарында тіркеледі.

6. Кеден органының ұйғарымында мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) ұйғарымды кеден органында тіркеу күні және ұйғарымның нөмірі;

2) ұйғарымды шығарған кеден органының атауы;

3) тексерілетін тұлғаның толық атауы;

4) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

5) белгіленген тексерудің мәні;

6) кеден органының тексеретін тұлғаларының және кедендік тексеруге тартылған өзге де бақылаушы мемлекеттік органдардың тексеретін адамдарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

7) тексеруді жүргізу мерзімі;

8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;

9) тексерілетін кезең.

7. Бір ұйғарымның негізінде тексерілетін тұлғаға бір ғана тексеру жүргізіледі.

8. Көшпелі кедендік тексерудің мерзімі ұзартылған, сондай-ақ ол тоқтатыла тұрған жағдайда, ұйғарымға тиісті жазбалар енгізіледі және тексерілетін тұлға хабардар етіледі.

9. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулерді белгілеу үшін мыналар:

1) кеден органдарының және мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының дерекқорындағы Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуының ықтималдығын куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер;

2) Кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ықтимал бұзушылық туралы куәландыратын деректердің болуы;

3) тұлғаның, оның ішінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алуға өтініші;

4) осы баптың 11-тармағына сәйкес қарсы көшпелі тексеру жүргізу қажеттілігі;

5) шетелдік ұйымдармен сыртқы экономикалық мәмілелер жасаған тұлғаға тексеру жүргізу туралы шет мемлекеттің құзыретті органының өтініші (сұрау салуы);

6) мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары ұсынған, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын бұзуды куәландыратын мәліметтерді алу;

7) шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпараттық алмасу нәтижесінде алынған мәліметтерді тексеру;

8) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген жағдайлар;

9) кедендік тексерулер нәтижелері бойынша шығарылған актілердің орындалуын бақылау, кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешектерді өтеу туралы хабарламаның және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау;

10) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан және Кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу ықтималдығы туралы куәландыратын өзге де адамдардан ақпараттар мен өтініштер алу;

11) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында тексерілетін тұлға азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;

12) тұлғаның кедендік тексеру жүргізу туралы бастамамен жүгінуі;

13) тексерілетін тұлғаның қайта ұйымдастырылуы және (немесе) тексерілетін тұлғаның банкроттыққа (таратылуға) арналған құжаттарды беруі негіздемелер болып табылады.

10. Көшпелі кедендік тексеру кедендік бақылаудың өзге де нысандарын қолдану нәтижелері бойынша, сондай-ақ камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша белгіленуі мүмкін.

11. Тексерілетін тұлға ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растау қажет болған жағдайда кеден органы тауарлармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша тексерілетін тұлғамен байланысқан тұлғаларға қарсы көшпелі кедендік тексеру жүргізуі мүмкін.

Қарсы көшпелі кедендік тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.

12. Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер тексерілетін бір тұлғаға қатысты жылына бір реттен артық жүргізілмейді.

Кеден органдары уәкілетті экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелі кедендік тексерулерді үш жылда бір рет жүргізеді.

Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі бойынша шектеу қойылмай жүзеге асырылады.

13. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру үшін тексерілетін тұлғаларды іріктеп алу:

1) кеден органдарының ақпараттық ресурстарын пайдалана отырып;

2) алдыңғы тексерулердің, оның ішінде камералдық тексерулердің нәтижелері бойынша;

3) мемлекеттік органдардан;

4) банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;

5) Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден және (немесе) өзге де бақылаушы мемлекеттік органдарынан;

6) бұқаралық ақпарат құралдарынан;

7) ресми жолмен өзге көздерден алынған ақпаратты пайдалана отырып жүргізіледі.

14. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында кеден органдары тексерілетін тұлғаға жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы хабарламаны тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жібереді немесе мұндай хабарламаны оны алу фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.

Почта жөнелтімінің тексерілетін тұлғаның тұрған жерінде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағанын куәландыратын белгімен қайтып келуі жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізудің күшін жою үшін негіздеме болып табылмайды.

Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру тексерілетін тұлға хабарламаны алған күннен бастап кемінде он бес күнтізбелік күннен кейін не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгісі бар почта жөнелтімінің кеден органына түскен күнінен басталуы мүмкін.

15. Тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру туралы ұйғарымның көшірмесін тапсырған күн көшпелі кедендік тексеру жүргізу басталған күн болып саналады.

Кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін тексерілетін тұлғаға кеден органының лауазымды адамы тапсырады не тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жібереді.

Кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін табыс ету кезінде тексерілетін тұлғаның басшысы не оның өкілі кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның түпнұсқасына онымен танысқаны туралы, сондай-ақ кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алған күні және уақыты туралы белгі қояды.

Кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алудан бас тартқан жағдайда, кеден органының лауазымды адамы кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымға бұл туралы тиісті жазба жасайды.

Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алудан бас тартуы, сондай-ақ почта жөнелтімінің тұлғаның тұрған жерінде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағандығын куәландыратын белгімен қайтып келуі көшпелі кедендік тексеру жүргізудің күшін жою үшін негіздеме болып табылмайды. Бұл жағдайда ұйғарымда кедендік тексеруді жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алудан бас тарту туралы жазба жазылған күн не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгі қойылған почта жөнелтімі кеден органына келіп түскен күн тексеру басталатын күн болып саналады.

Тексерілетін тұлғаның объектісінде көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында кеден органының лауазымды адамдары тексерілетін тұлғаның басшысына не оның өкіліне қызметтік куәліктерін көрсетуге міндетті.

16. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлға оның қызметіне байланысты тексерілетін құжаттарға өзгерістер және толықтырулар енгізуге құқылы емес.

17. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі екі айдан аспауға тиіс. Тексерілетін тұлғаға құжаттар мен мәліметтерді табыс ету туралы талаптар қойылған күн мен мұндай құжаттар мен мәліметтерді алу күні арасындағы уақыт кезеңі көрсетілген мерзімге қосылмайды.

Тексеруді жүзеге асыратын кеден органының шешімі бойынша көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі тағы бір айға ұзартылуы мүмкін.

Зерттеулер немесе сараптамалар жүргізу, Кеден одағына мүше мемлекеттердің немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сауалдар жолдау, тексерілетін тұлғаның тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды қалпына келтіруі, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларға әсер ететін тексерілетін кезеңге қатысты қосымша құжаттарды табыс ету қажет болған кезде тексеруді жүргізу кеден органы басшысының (оны алмастыратын адамның) немесе шексіз мерзімге ол уәкілеттік берген адамның шешімі бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.

18. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

19. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

20. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

21. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

22. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

23. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

24. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

25. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

26. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

27. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

28. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

221-1-бап. Кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау

1. Кедендік тексеру аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды адамдары:

1) тексеру жүргізу орнын, акт жасау күнін;

2) кеден органының тексеру жүргізген лауазымды адамдарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);

3) тексерілетін адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) не тұлғаның толық атауын;

4) тексерілетін тұлғаның тұрған жерін, банктік деректемелерін, сәйкестендіру нөмірін;

5) тексерілетін тұлғаның басшысы мен кедендік және қаржылық есептілікті жүргізуге, кеден органдары алатын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);

6) алдыңғы тексеру және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;

7) тексерілетін тұлға ұсынған құжаттар туралы мәліметтерді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, кеден ісі саласында анықталған құқық бұзушылықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасын;

9) тексеру нәтижелері, кедендік тексеру жүргізу кезінде қабылданған шешімдер туралы мәліметтерді;

10) кедендік тексеру жүргізген кеден органын;

11) кедендік тексеру нысанын көрсете отырып, кедендік тексеру актісін жасайды.

2. Кедендік тексерудің нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын кедендік тексеру актісі жасалған күн кедендік тексеру аяқталған күн болып есептеледі.

Көшпелі кедендік тексеру актісін кедендік тексеруді жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.

Кедендік тексеру актісінің бірінші данасы кедендік тексерудің материалдарына қоса тігіледі, екінші данасы кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілетін тұлғаға табыс етіледі немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтілімімен жіберіледі.

3. Егер кедендік тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған болса, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.

4. Кедендік тексеру актісіне кеден органының лауазымды адамы жүргізген құжаттардың көшірмелері, есеп айырысулар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.

5. Тексеру актісі тексеру актілерін арнайы тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекітілуге тиіс.

6. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тексеру актісіне тиісті жазба жазылады.

7. Кедендік тексеруді жүргізу кезінде оның нәтижелері бойынша Кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешектерді өтеу туралы хабарлама шығарылады және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы талап қойылады.

Хабарлама кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайларда шығарылады.

Кедендік тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпейтін бұзушылықтар анықталған жағдайларда қойылады.

8. Хабарлама осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіпке сәйкес тексерілетін адамға жіберіледі.

9. Бұзушылықтарды жою туралы талап тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру актісімен бір мезгілде табыс етіледі немесе жолданады.

Бұзушылықтарды жою туралы талапты орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға талап табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды.

10. Тексерілетін тұлғаның тексеру нәтижелеріне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға құқығы бар.

 

222-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігі

1. Тексерілетін тұлға кеден органының лауазымды адамдары кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымды және қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін көрсетілген тұлғалардың тексерілетін тұлғаның объектісіне (тұрғын үй-жайларды қоспағанда) қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен жекелеген объектілерге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қолжетімділігінің арнайы тәртібі белгіленсе, онда мұндай қолжетімділік осы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

3. Тексерілетін тұлға кеден органының лауазымды адамдарына объектіге қолжетімділігінен мынадай жағдайларда, егер:

1) кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарым және (немесе) қызметтік куәліктер көрсетілмесе;

2) кеден органдарының лауазымды адамдары және кедендік тексеруге тартылған өзге де бақылаушы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымда көрсетілмесе;

3) егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет болса, лауазымды адамдардың объектіге қолжетімдігіне арнайы рұқсаты болмаса бас тартуға құқылы.

4. Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін лауазымды адамдардың объектіге қолжетімділігінен бас тартқан кезде хаттама жасалады.

5. Хаттамаға тексеру жүргізетін лауазымды адамдар, тексерілетін тұлға не оның өкілі қол қояды.

Көрсетілген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде тексерілетін адам бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

Хаттаманың көшірмесі тексерілетін адамға не оның өкіліне беріледі.

Тексерілетін адам кеден органдарының лауазымды адамдарының және кедендік тексеруге тартылған өзге де бақылаушы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының қолжетімділігін қамтамасыз етуден негізсіз бас тартқан жағдайда, олар екі куәгердің қатысуымен қарсыласудың жолын кесе отырып және жабық үй-жайларды ашу арқылы объектіге кіруге құқылы. Кеден органдары қарсыласудың жолын кесе отырып және жабық үй-жайларды ашу арқылы объектілерге кірудің барлық жағдайлары туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарлайды.

 

223-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

1. Кеден органының лауазымды адамдары кедендік тексеру жүргізу кезінде:

1) коммерциялық, көлiк (тасымалдау) құжаттарын, олардың негізінде кедендік декларациядағы мәліметтер мәлімделген құжаттарды, бухгалтерлiк есеп және есептiлiк құжаттарын, оның iшiнде көшпелі кедендік тексеру кезінде тексерiлетiн тауарларға қатысты құжаттарды электрондық жеткізгіштерде талап етуге, алуға және тексеруге;

2) тексерілетін тұлғалардан оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды көрсетуді талап етуге;

3) кедендік бақылау мақсаттары үшін есептілікті ұсынуды талап етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті, ұйымдардың шоттары бойынша ақша қозғалысына қатысты, оның ішінде банктік құпия бар ақпаратты және құжаттарды банктерден талап етуге және алуға;

5) салық, өзге де мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық, банктік, салықтық және заңнамамен қорғалатын өзге де құпиясы бар қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көшпелі кедендік тексерулер жүргізу кезінде тауарларға түгендеу жүргізуге (түгендеу жүргізуді талап етуге);

7) кедендік тексеру жүргізуге байланысты халықаралық сұрау салуларды жіберуге;

8) кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымды және қызметтік куәліктерді көрсете отырып, тексерілетін тұлғаның объектілеріне қол жеткізуге;

9) осы Кодекстің 25-тарауына сәйкес көшпелі кедендік тексерулер жүргізу кезінде акт жасай отырып, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыруға;

10) көшпелі кедендік тексерулер жүргізу кезінде алып қою актісін жасай отырып, тексерілетін тұлғадан құжаттарды не олардың көшірмелерін алып қоюға;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен айыруға не өзге тәсілмен билік етуге бағытталған іс-әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне тауарларға тыйым салуға немесе оларды алып қоюға;

12) тауарлар орналасқан үй-жайларға сүргі салуға;

13) Кеден одағының заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүргізуге;

14) тауарларға және көлік құралдарына сүргі салуға;

15) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлға өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;

16) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлғалардан электрондық құжат түрінде берілген, кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды талап етуге;

17) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде техникалық құралдарды, оның ішінде тексерілетін тұлға электрондық түрде берген ақпаратты өңдеу үшін бағдарламалық өнімдерді пайдалануға құқылы.

2. Кедендік тексерулерді жүргізу кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары:

1) тексерілетін тұлғаның құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауға, заңсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздігімен) тексерілетін тұлғаларға зиян келтіруге жол бермеуге;

2) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлғаның белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;

3) кедендік тексерулер жүргізу барысында алынған кез келген ақпаратты тек кеден мақсаттарында пайдалануға;

4) кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде белгілі болған құпия мәліметтерді және салықтық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы бар мәліметтерді жария етпеуге;

5) тексерілетін тұлғаның талабы бойынша Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының көшпелі кедендік тексерулер жүргізу тәртібіне қатысты ережелері туралы қажетті ақпаратты беруге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік тексерулер жүргізу барысында алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, олардың мазмұнын тексерілетін тұлғаның келісімінсіз жария етпеуге;

7) тексерілетін тұлғаға оның тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезіндегі, оның ішінде сараптаманы (зерттеуді) тағайындау және жүргізу кезіндегі, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу кезіндегі құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беруге;

8) Кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

 

224-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

1. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде:

1) кеден органдарынан Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының кедендік тексерулерді жүргізу тәртібіне қатысты ережелері туралы ақпаратты сұратуға және алуға;

2) оның иелігіндегі тауарлардың шығу фактісін, сондай-ақ Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталғанын растайтын қолдағы барлық құжаттарды және мәліметтерді табыс етуге;

3) осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануға;

4) Кеден одағының заңнамасында және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

2. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде:

1) оларға қатысты кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды көрсетуге;

2) кеден органының талабы бойынша белгіленген мерзімдерде, оның қандай ақпарат жеткізгіште орналасқанына қарамастан, қағаз жеткізгіштегісін қоса отырып, мәліметтерді және құжаттарды табыс етуге;

3) көшпелі кедендік тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның объектілеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жұмыс орнын ұсынуға;

4) кедендік тексеруді жүргізу туралы ұйғарымның түпнұсқасында оны алғаны туралы белгі жасауға;

5) егер кедендік тексеру мақсаттары үшін қажетті құжаттама қазақ және орыс тілдерінен өзге тілде жасалса, кеден органының тексеруші лауазымды адамдарына көрсетілген құжаттаманың аудармасын табыс етуге;

6) кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымды көрсеткен күннен бастап екі күнтізбелік күннен кешіктірмей кеден органының тексеруші лауазымды адамдарына ақпараттарды табыс етуге жауапты тұлғалар шеңберін айқындауға;

7) көшпелі кедендік тексеру жүргізетін кеден органдарының лауазымды адамдарына көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарға (ақпаратқа) қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

8) Кеден одағының заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

 

225-бап. Кедендік тексеру жүргізу мақсаттары үшін құжаттар және мәліметтер ұсыну

1. Салық және өзге де мемлекеттік органдар кеден органдарының сұрау салуы бойынша заңды тұлғаларды тіркеуге, салықтарды төлеуге және есептеуге қатысты қажетті құжаттарды және мәліметтерді, бухгалтерлік есептілікті және оның ішінде коммерциялық, банктік, салықтық құпияны құрайтын өзге де құжаттарды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын сақтай отырып табыс етеді.

2. Банктер кеден органының сұрау салуы бойынша кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті ұйымдардың шоттары бойынша ақша қозғалысына қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпияны құрайтын құжаттарды және мәліметтерді табыс етеді.

 

 

25-тарау. Кедендік бақылау жүргізу кезіндегі кедендік сараптама

 

226-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы тарауда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) кедендік сараптама - кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалана отырып, кедендік сарапшылар және (немесе) өзге де сарапшылар жүзеге асыратын зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

2) кедендік сараптаманы жүргізетін ұйым - кеден органы (оның өңірлік бөлімшелері) және кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті өзге де ұйымдар;

3) кедендік сараптама объектісі - тауарлар, көлік құралдары, сәйкестендіру құралдары, кедендік, коммерциялық және көлік (тасымалдау) құжаттары және өзге де құжаттар, сондай-ақ осы құжаттарда қамтылған, кедендік сараптамаға жіберілетін тауарларға қатысы бар мәліметтер;

4) кедендік сарапшы - кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды адамы;

5) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы - кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ресімделген, жүргізілген зерттеулер нәтижелерінің және кедендік сараптаманың қойылған сұрақтарға жауаптар түріндегі қорытындыларын құрайтын құжат;

6) сынама - оңтайлы қажетті, стандарттау жөніндегі құжаттамамен белгіленген, ұсынылып отырған және зерттелетін тауардың барлық көлемінің құрамын және қасиетін сипаттайтын тауар немесе тауардың бір бөлігі;

7) үлгі - тауардың (өнімнің) барлық партиясының, сериясының құрылымына, құрамына және қасиеттеріне сәйкес келетін тауар (өнім) бірлігі не одан әрі зерттеу мақсатында іріктеп алынуы белгіленген тәртіппен тіркелетін, жазбаша және өзге де көріну нысандарында ұсынылатын жалғыз дара объект;

 

227-бап. Кедендік сараптама тағайындау

1. Кедендік сараптама кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның үй-жайларында да, сонымен бірге егер бұл зерттеу ерекшеліктерін не кедендік сараптама объектісін жеткізу мүмкін еместігі ескеріле отырып, қажет болған кезде одан тыс жерлерде де жүргізіледі.

2. Егер кедендік операцияларды жасау кезінде туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдар талап етілетін жағдайларда, кедендік сараптама тағайындалады.

3. Кедендік сараптаманы кеден органдары тағайындайды және кедендік сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкілетті ұйымдардың сарапшылары жүргізеді.

Өзге уәкілетті ұйымдарға кедендік сараптаманы тағайындау кедендік сарапшылардың мұндай сараптаманы жүргізуі мүмкін болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.

Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін қажетті арнайы және (немесе) ғылыми танымдарға ие кез келген тұлға сарапшы ретінде тағайындалуы мүмкін.

Кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшы кедендік сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тартылады.

4. Кедендік сараптама тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына, кедендік операцияларды жасау үшін қажетті кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға және оларды сәйкестендіру құралдарына қатысты тағайындалады.

5. Кеден органының уәкілетті лауазымды адамы жазбаша нысанда кедендік сараптама тағайындау туралы шешім қабылдайды, онда оны жүргізудің негіздемесі, сарапшының тегі, аты-жөні немесе кедендік сараптама жүргізілетін ұйымның не кеден органының атауы, кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер, кедендік сарапшының (сарапшының) иелігіне ұсынылатын материалдар мен құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

Шешімде, сондай-ақ кедендік сарапшының (сарапшының) көрінеу жалған қорытынды бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілігі жөнінде кедендік сарапшыға (сарапшыға) ескертілгені туралы көрсетіледі.

Кеден органының кедендік сараптама тағайындау туралы шешімінің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

6. Кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның басшысы немесе оны алмастырушы адам:

1) кедендік сараптама жүргізу үшін ақпарат жеткіліксіз болған;

2) кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім тиісінше ресімделмеген;

3) сынамалар немесе үлгілер орамының сақталуы кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімде көрсетілген сипаттамаға сәйкес келмеген;

4) кедендік сараптама жүргізетін ұйымның штатында талап етілетін біліктілігі бар кедендік сарапшы болмаған;

5) кедендік сараптама жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық база, арнайы жағдайлар болмаған;

6) кедендік сараптамаға жіберілетін сынамалар немесе үлгілер жеткізу, тасымалдау кезінде зақымданған, бүлінген не ішінара жоғалған;

7) сынақтар немесе зерттеулер жүргізу үшін тауардың сынамалары мен үлгілері болмаған және жеткіліксіз болған жағдайда кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді орындамастан, кедендік сараптама жүргізу үшін ұсынылған материалдарды, құжаттарды, сынамалар мен үлгілерді қайтарады.

7. Кедендік сараптаманы жүргізуден бас тарту бас тартудың себептері көрсетіле отырып, жазбаша түрде ресімделеді. Ұсынылған материалдар, құжаттар, сынамалар мен үлгілер кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтарылады.

8. Кеден органы кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей декларантты немесе кедендік тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғаны кедендік сараптаманың тағайындалуы туралы жазбаша хабардар етеді.

9. Кедендік сараптаманы жүргізуге арналған шығыстар бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

 

228-бап. Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі мен мерзімі

1. Кедендік сараптама жүргізу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

2. Кедендік сараптама жүргізу мерзімі кедендік сарапшы (сарапшы) материалдарды жүргізуге қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Зерттеудің салыстыру (салғастырмалы) әдістерін қолдануды және әр түрлі ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануды талап ететін, уақыты бойынша ұзақ болып табылатын кедендік сараптаманың екі және одан да көп объектілеріне зерттеу жүргізу кезінде кедендік сараптаманың мерзімі мұндай мерзімді ұзарту себептері көрсетіле отырып, кедендік сараптаманы жүргізетін ұйым басшысының немесе оны алмастыратын адамның жазбаша рұқсатымен, егер тауарларды шығару кедендік сараптама нәтижелерін алғанға дейін жүзеге асырылмаса, тауарларды уақытша сақтау мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

3. Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі:

кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы алдында оған қосымша материалдарды, сондай-ақ сынамаларды және (немесе) үлгілерді ұсыну туралы өтініші болған;

кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамынан зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында кедендік сараптамаға ұсынылған, кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтаруға жататын тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу қажет болған;

кедендік сараптама жүргізуге кіріскен кедендік сарапшы (сарапшы) дәлелді себеппен (еңбекке уақытша жарамсыздық, іссапар) болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады.

4. Кедендік сараптама нәтижелері бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы беріледі.

 

229-бап. Кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) тарту тәртібі

1. Кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) тарту тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

2. Кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшы (маман) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына сарапшыда (маманда) қажетті арнайы және (немесе) ғылыми танымдардың болуын растайтын құжаттарды табыс етуге міндетті.

 

230-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) құқықтары мен міндеттері

1. Кедендік сарапшы:

1) кедендік сараптаманы жүргізуге қатысты материалдармен танысуға;

2) кеден органының келісімімен кедендік сараптама ісін жүргізуге басқа да кедендік сарапшыларды (сарапшыларды) тартуға;

3) егер қойылған мәселелер өз құзыретінен тыс болса кедендік сараптама үшін материалдарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде кедендік сараптама жүргізуден немесе өз құзыретіне жатпайтын мәселелерге жауап беруден бас тартуға;

4) кедендік сараптама үшін материалдарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кедендік сараптама жүргізуге қажетті қосымша материалдарды жазбаша нысанда сұратып алуға;

5) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін қажетті материалдар мен құжаттарды, оның ішінде зерттеу үшін сынамалар мен үлгілерді алуға;

6) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамының келісімі бойынша өзінің арнайы және (немесе) ғылыми танымдарына және құзыретіне сәйкес, олардың алдына қойылған сұрақтарды редакциялауға, анықтауға және нақтылауға;

7) жарияланған арнайы және өзге де дереккөздерден ғылыми-техникалық ақпаратты пайдалануға;

8) өзінің сынақтары мен зерттеулерінің нәтижелерін және (немесе) сынамалар мен үлгілерге басқа зерттеу немесе сарапшы ұйымдары жүргізген зерттеу нәтижелерін пайдалануға;

9) кедендік бақылау жүргізуге қатысуға;

10) кедендік сараптама мәселелері бойынша консультациялар беруге құқылы.

2. Кедендік сарапшы (сарапшы):

1) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;

2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына кедендік мақсаттар үшін маңызы бар, олар бойынша сұрақтар қойылмаған мән‑жайлар туралы қорытындылар енгізуге;

3) оларға қолжетімділігі мен олардың дұрыстығы сақталған кезде кедендік сараптамаға ұсынылған сынамалар мен үлгілерге зерттеулер жүргізуге, зерттеулердің нәтижелерін толық, жан-жақты және объективті бағалау негізінде кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын ұсынуға;

4) кедендік сараптаманы жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтерді жария етпеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды өзге де мақсаттарда пайдаланбауға және үшінші тұлғаларға бермеуге;

5) кедендік сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерін сақтауға міндетті.

3. Өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кедендік сарапшы (сарапшы) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

231-бап. Декларанттың, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлғаның және олардың өкілдерінің кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары

1. Кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу кезінде декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлға және олардың өкілдері:

1) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына сол бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын алу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) қосымша сұрақтар қою туралы өтінішін мәлімдеуге;

2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен танысуға және кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органынан осындай қорытындының көшірмесін алуға;

3) кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының сынамалар мен үлгілерді іріктеп алуы кезінде қатысуға;

4) қосымша немесе қайталама кедендік сараптама жүргізу туралы өтініш жасауға құқылы.

2. Декларанттың, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлғаның немесе олардың өкілінің өтініші қанағаттандырылған жағдайда кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамы тиісті шешім шығарады.

Өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан кезде кеден органының лауазымды адамы бұл туралы өтініш берген тұлғаға жазбаша нысанда дәлелді түрде хабарлауға тиіс.

 

232-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы

1. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысында:

1) кедендік сараптама жүргізудің орны, нөмірі және күні;

2) кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;

3) кедендік сараптаманы жүргізген кедендік сарапшының (сарапшының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және оның біліктілігі;

4) кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптама жүргізу кезінде қасақана жалған қорытынды бергені үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылығы жөнінде ескертілгені туралы кедендік сараптама жүргізген ұйымның мөрімен расталатын, оның қолымен куәландырылған белгі;

5) кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер;

6) кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған құжаттардың, материалдардың, сынамалар мен үлгілердің тізбесі;

7) қолданылған әдістерді, пайдаланылған аспаптар мен жабдықтарды көрсете отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері, зерттеулердің нәтижелерін бағалау, қойылған мәселелер бойынша түйіндер және олардың негіздемесі көрсетіледі.

2. Кедендік сарапшының (сарапшының) немесе бірнеше сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар мен құжаттар сол қорытындыға қоса тіркеледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады.

Қосымшаларға және (немесе) көрнекі материалдарға кедендік сарапшы (сарапшы) қол қояды және кедендік сараптаманы жүргізген ұйымның мөрімен куәландырылады.

Егер кедендік сараптама бірнеше сарапшының қатысуымен өткізілген болса, кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына барлық сарапшы қол қояды және кедендік сараптаманы жүргізген ұйымның мөрімен расталады.

Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысындағы түйіндер қойылған сұрақтарға жауаптар түрінде жазылады, бұл ретте жауаптардың берілу реті қойылған сұрақтардың ретіне сәйкес келуге тиіс.

3. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы жазбаша түрде екі данада ресімделеді, бір данасы кедендік сараптама жүргізген ұйымда қалады, екінші данасы кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына жіберіледі.

 

233-бап. Кедендік сараптаманың түрлері

1. Кедендік бақылау мақсатында кедендік сараптаманың мынадай: сәйкестендіру, тауартанушылық, материалтанушылық, технологиялық, криминалистік және іс жүргізуде қажеттілік туындайтын өзге де түрлері жүргізіледі.

2. Тартылатын кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) санына қарай жеке-дара, комиссиялық немесе кешенді кедендік сараптама тағайындалады.

Жеке-дара кедендік сараптаманы кедендік сарапшы (сарапшы) жеке-дара жүргізеді.

Комиссиялық кедендік сараптаманы бір мамандықтағы кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізеді. Кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) арасында келіспеушіліктер болған кезде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі кедендік сарапшының (сарапшының) бөлек қорытындысын ұсынуға құқылы.

Кешенді кедендік сараптаманы іс үшін маңызы бар мән‑жайларды анықтау үшін кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) құзыреті шегінде әр түрлі мамандықтағы білімдерді пайдалану негізінде зерттеу қажет болған жағдайда, кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізеді. Әрбір кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сарапшы (сарапшы) қорытындысының өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігіне қол қояды.

3. Кедендік сараптама бастапқы, қосымша және қайталама сараптама болып бөлінеді.

Бастапқы кедендік сараптама объектілерді, сынамаларды және үлгілерді зерделеу үшін кеден органының өтініші бойынша жүргізіледі.

Қосымша кедендік сараптама жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша тағайындалады. Қосымша кедендік сараптама жүргізу сол немесе басқа кедендік сарапшыға (сарапшыға) тапсырылады.

Қайталама кедендік сараптама декларант, сондай-ақ кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамалардың нәтижелері бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен келіспеген жағдайларда жүргізіледі.

Қайталама кедендік сараптама бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшыны (сарапшыларды) қоспағанда, екі және одан да көп кедендік сарапшылардан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады. Бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшылар (сарапшылар) қайталама кедендік сараптама жүргізілген кезде оған қатысуы және комиссияға түсіндірме беруі мүмкін, алайда олар кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын зерттеуге және жасауға қатыспайды.

Қайталама кедендік сараптаманы жүргізу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

Қосымша және қайталама кедендік сараптамаларды жүргізу кезінде кедендік сарапшыға (сарапшыға) міндетті түрде алғашқы кедендік сараптаманың нәтижелері ұсынылады.

 

234-бап. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері

1. Кедендік сараптаманы жүзеге асыру мақсатында кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 223 және 299-баптарында көзделген кедендік тексеруді және кедендік декларациялауды жүргізу кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізеді. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, декларанттың не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажет болған кезде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргізіледі. Кеден органы лауазымды адамының кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымға өтініші кедендік сарапшының (сарапшының) тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қатысуы үшін негіз болып табылады.

2. Егер, осы Кодекстің 205-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, кедендік декларациялауды жүзеге асыру кезінде декларант не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға немесе олардың өкілдері болмаса, онда кеден органының лауазымды адамы екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды дербес жүргізуге құқылы.

Декларант немесе сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізуден немесе оған қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, кеден органының лауазымды адамы екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды дербес жүргізеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері олардың зерттеу мүмкіндігін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамаға сәйкес талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде алынады.

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша үш данада акт жасалады.

Бірінші дана кеден органында қалады; екінші данасы тауарлардың іріктеп алынған сынамаларымен және үлгілерімен бірге кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жіберіледі; үшінші данасы декларантқа, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғаға немесе, егер олар анықталса, олардың өкілдеріне табыс етілуге (жіберілуге) жатады.

4. Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлға немесе олардың өкілдері кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысады. Көрсетілген тұлғалар кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға жәрдемдесуге, оның ішінде өз есебінен қажетті жүк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруға міндетті. Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие тұлға немесе олардың өкілі болмаса, тауарларды табыс еткеннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң ол келмеген жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдыруды күтпейтін мән-жайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін кеден органдарының лауазымды адамдары іріктей алады. Мұндай жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу туралы акт жасала отырып, жүзеге асырылады.

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлғалар немесе олардың өкілдері болмаған кезде кеден органдары осы Кодекстің 205-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда іріктеп алады.

Бұл жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.

5. Тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері оларды орамның бүтіндігін бұзбай алу мүмкін болмайтындай етіп оралады.

6. Кеден органы декларантта, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғада немесе олардың өкілдерінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу нәтижесінде туындаған шығыстарды өтемейді.

7. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін сынамалар мен үлгілер:

тауарлардың сынамалары мен үлгілері зерттеу процесінде жұмсалған не зерттеулер және (немесе) сынақтар нәтижесінде жойылған;

тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарлардың құрамы кедендік сараптама жүргізу барысында алынған тауарлардың құрамына сәйкес келмейтіні анықталған, соның нәтижесінде мұндай сынамалар мен үлгілер мерзімі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамада айқындалған мерзімге сақтауда қалған;

тауарлардың сынамалары мен үлгілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамына қайтарылады.

 

235-бап. Сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық

Кедендік сараптамалар жүргізетін ұйым осы Кодекске сәйкес бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми және әдістемелік ақпарат алмасу, кәсіби даярлық және кедендік сарапшылардың біліктілігін арттыру мақсатында сараптама қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен және қызметтермен байланыс орнатуға құқылы.

 

236-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік сарапшыларын тарта отырып, кедендік сараптама жүргізу

1. Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы осы Кодексте белгіленген тәртіппен, өз бастамашылығымен не кедендік сараптамалар жүргізетін ұйым басшысының өтініші бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік сараптама саласындағы кедендік сарапшыларын тарту туралы өтініш білдіруге құқылы.

2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік сарапшыларын тарта отырып, кедендік сараптама жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

26-тарау. Кедендік бақылау жүргізу кезінде тауарларды және оларға арналған құжаттарды ұстау

 

237-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезінде ұстауға жататын тауарлар мен құжаттар

1. Кедендік бақылау жүргізу кезінде осы Кодекстің 244, 268, 283, 290, 312, 335, 338, 410 және 466-баптарында белгіленген жағдайларда кеден органдарының лауазымды адамдары қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар мәні болып табылмайтын тауарларды және оларға арналған құжаттарды ұстайды.

2. Тауарлар және оларға арналған құжаттар ұсталған жағдайда кеден органы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша хаттама жасайды.

3. Ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар алып қойылады және осы Кодексте белгіленген мерзімдер ішінде кеден органдарында сақталады.

Ұсталған тауарлар уақытша сақтау қоймаларына немесе кеден органы анықтаған өзге де орындарға орналастырылады.

4. Кеден органдары тауарларды ұстаған кезде осы баптың 3-тармағына сәйкес ұсталған тауарларды сақтау жөніндегі шығыстарды осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген, тауарлар іс жүзінде қайтарылатын тұлғалар өтейді. Осы Кодекстің 238-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімдерде мұндай тұлғалар талап етпеген ұсталған тауарларды сақтау жөніндегі шығыстар осы Кодекстің

241-бабының 1-тармағының ережелерін ескере отырып, көрсетілген тауарларды сатудан алынған сома есебінен өтеледі.

5. Ұсталған тауарларды сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

238-бап. Ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды сақтау мерзімдері

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары бір ай бойы, ал тез бұзылатын азық-түліктерді жиырма төрт сағат сақтайды.

2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе мұндай аумақтан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар кеден органдарында үш тәулік бойы сақталады.

3. Ұсталған тауарларды сақтау мерзімі - оларды ұстаған күннен бастап, ал тез бұзылатын азық-түліктерге оларды ұстаған кезден бастап есептеледі.

 

239-бап. Ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды қайтару

1. Ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргізілмесе тауарлардың меншік иелеріне, ал меншік иесі шетелдік тұлға болып табылған не кеден органында тауарлардың меншік иесі туралы мәліметтер болмаған жағдайларда - осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, ұстау кезінде тауарлар иелігінде болған тұлғаларға қайтарылады.

2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде ұсталған, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар осы баптың 1-тармағында көрсетілген, бұл аумақтан тыс жерлерге қайта әкету үшін кеден органына мұндай тауарларды қайтару үшін бірінші болып жүгінген, тұлғалардың кез келгеніне қайтарылады.

3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салынған және (немесе) шектеулер қойылған, Кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында осы тауарларды иеленуге жол берілсе, декларантқа немесе өзге де тұлғаларға Кеден одағының кедендік аумағында пайдалану үшін қайтарылады.

4. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектеулер қойылған тауарлар және Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде ұсталған оларға арналған құжаттар кеден органына осы Кодекске сәйкес белгіленген шектеулердің сақталуы және тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруды құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда декларантқа немесе өзге де тұлғаларға осы аумақтан тыс қайта әкету немесе Кеден одағының кедендік аумағында пайдалану үшін қайтарылады.

5. Осы баптың 2 - 4-тармақтарында көрсетілмеген өзге де жағдайларда ұсталған тауарлар кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғаннан кейін оларды осы кедендік рәсіммен орналастырған тұлғаларға не олардың өкілдеріне қайтарылады.

6. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасауға құқылы тұлғаның сұрау салуы бойынша тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру қажет болған кезде кеден органы тауармен бірге ұсталған құжаттарды мұндай тұлғаға тауарларды шығарғанға дейін қайтарады.

 

240-бап. Сақтау мерзімі өткен ұсталған тауарлармен жасалатын іс-әрекеттер

1. Кеден органдары ұстаған және осы Кодекстің 238-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімдерде осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген тұлғалар талап етпеген тауарлар уәкілетті заңды тұлғаның өткізуіне жатады, ал осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда, мұндай тауарлар жойылуға немесе өзгеше пайдалануға жатады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды сату, жою немесе өзге де пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Сақтау және өткізу жөніндегі шығыстар олардың құнынан асып түсетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да жағдайларда, тауарлар жойылуға жатады.

Жою, сондай-ақ мұндай тауарларды сақтауға және тасымалдауға байланысты шығыстарды өтеу декларанттың немесе өзге тұлғаның, ал аталған тұлғалар болмаған кезде, егер тауарлардың жеке санаттарына қатысты өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

241-бап. Сақтау мерзімі өткен ұсталған тауарларды сатудан түскен сомаларға билік ету

1. Осы Кодекстің 240-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды сатудан алынған сомадан бірінші кезекте, ұсталған тауарларды ішкі тұтыну үшін шығаруды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде төленуге жататын, бұл тауарларды ұстау күніне есептелген кедендік төлемдер, салықтар мөлшеріндегі сома, екінші кезекте тауарларды тасымалдау, сақтау жөніндегі шығыстар және осы тауарларды сатуға байланысты өзге де шығыстар ұсталынады.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ұстауларды ескере отырып есептелген тауарларды сатудан алынған сома декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргізілмесе, кеден органында олар туралы мәліметтер болған кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оларды сатудан түскен ақша түскен күннен кейінгі күннен бастап үш ай ішінде кеден органдарына жүгінген жағдайда тауарлардың меншік иелеріне қайтарылады.

Кеден органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тауарларды сатудан түскен қайтарылуға жататын соманың бар екендігі туралы хабардар етеді.

 

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

 

4-бөлім. КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯНЫ БЕРУ АЛДЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР

 

27-тарау. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер

 

242-бап. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу

1. Барлық тұлғалар Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте белгіленген ережелерді сақтай отырып, тең негізде тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге құқығы бар.

2. Тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізіледі.

Тауарлардың жекелеген санаттары, оның ішінде керек-жарақтар, жеке пайдалануға арналған тауарлар, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары үшін осы Кодекспен және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен оларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізудің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте белгіленген тәртіппен кедендік бақылауға жатады.

Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары және олардың лауазымды адамдары Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделмеген талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы емес.

4. Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығу өткізу бойынша акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, халықаралық почта жөнелтімдерін, экспресс-жүктерді, гуманитарлық және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдарды және осындай басқа да тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операциялар бірінші кезекте жүргізіледі.

 

243-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары

1. Өткізу пункттері не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де орындар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары болып табылады.

2. Жолаушыларды, көлік құралдарын және тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылым объектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқаруына беруге құқылы.

 

244-бап. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау

1. Егер осы Кодексте, Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында, Кеден одағы комиссиясының шешімдерінде және мұндай тыйым салулар мен шектеулер белгіленген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше белгіленбесе, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып жүзеге асырылады.

2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, Кеден одағының кедендік аумағына келген тауарлар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Кеден одағының кедендік аумағынан тез арада әкетілуге жатады.

Көрсетілген тауарларды әкету жөнінде шаралар қабылдау тасымалдаушыға не, егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, олардың меншік иесіне жүктеледі.

3. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуге жатпайды.

4. Егер әкелуге немесе әкетуге шектеу қойылған тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу немесе мұндай аумақтан әкету кезінде шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар ұсынылмаса, осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері қолданылады.

5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілген тауарларды әкету мүмкін болмаған немесе оларды тез арада әкету жүзеге асырылмаған жағдайда бұл тауарлар осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұсталуға жатады.

 

245-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету

1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету оларды кеден органы шығарғанға дейін Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.

2. Тауарларды кеден органы шығарғаннан кейін оларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

246-бап. Жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған тауарлар

Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген, оларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты, оның ішінде оларды уақытша сақтау кезеңінде кедендік операциялар жасағанға дейін, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде жарамсыз болған, авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан бүлінген немесе зақымданған тауарлар оларға қатысты одан әрі кедендік операциялар жасау кезінде олар Кеден одағының кедендік аумағына жарамсыз, бүлінген немесе зақымданған түрде әкелінген ретінде қаралады.

 

247-бап. Мүдделі тұлғалардың тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуы

1. Мүдделі тұлғалар және бақылаушы мемлекеттік органдар кеден органының рұқсатымен, осы Кодексте (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы.

2. Кеден органы тауарлардан сынамалары мен үлгілерін алуға, егер мұндай алу:

1) кедендік бақылау жүргізуді қиындатпаса;

2) тауарлардың сипаттамаларын өзгертпесе;

3) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден жалтаруға немесе тыйым салулар мен шектеулерді сақтамауға әкелмесе рұқсат береді.

3. Тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне арналған жеке кедендік декларация олар тауарларға арналған декларацияда көрсетілген жағдайда берілмейді.

 

 

28-тарау. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі

 

248-бап. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келу орны және уақыты

1. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында (бұдан әрі - келу орны) және кеден органдарының осы орындардағы жұмыс уақыты кезінде жүзеге асырылады.

Тауарлардың жекелеген санаттары Кеден одағының кедендік аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орындарда ғана келуі мүмкін.

Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жағдайларда және тәртіппен келу орны болып табылмайтын өзге де орындарға келуі мүмкін.

Кеден органдары келу орындарының тізбесін жариялау үшін, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жариялау үшін Кеден одағының комиссиясына жіберіледі.

2. Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін әкелінген тауарларды тасымалдаушы келу орындарына немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзге де орындарға жеткізуге және кеден органына ұсынуға тиіс. Бұл ретте тауарлардың жай-күйін өзгертуге немесе олардың орамын бұзуға, сондай-ақ салынған пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзгертуге, алып тастауға, жоюға немесе зақымдауға жол берілмейді.

3. Кеден органдары келу орындары, белгіленген шектеулер және кеден органдарының жұмыс уақыты туралы ақпаратты, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып беруге міндетті.

4. Осы тараудың ережелері Кеден одағының кедендік аумағында орналасқан портқа немесе әуежайға тоқтамастан Кеден одағының кедендік аумағын кесіп өтетін су және әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға, сондай-ақ құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қолданылмайды.

 

249-бап. Авария, еңсерілмейтін күш әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде қолданылатын шаралар

1. Егер Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін тауарларды келу орнына жеткізу үзілсе, сондай-ақ, егер су немесе әуе кемесі авария, еңсерілмейтін күш әсері не тауарларды жеткізуге, белгіленген орындарға тоқтауды немесе қонуды жүзеге асыруға кедергі келтіретін өзге де мән‑жайлар салдарынан Кеден одағының кедендік аумағына мәжбүрлі тоқтаса немесе қонса, тасымалдаушы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы мән-жайлар мен тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды апаруға немесе оларды жақын кеден органына (егер олардың халықаралық тасымалдау көлік құралы зақымдалса) не кеден органы көрсеткен өзге орынға тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.

2. Осы баптың талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушыда туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейді.

 

250-бап. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі туралы хабарлама

1. Тасымалдаушы осы Кодекстің 251-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну арқылы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көліктің түріне қарай кеден органын Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабардар етуге міндетті.

Құжаттарды тасымалдаушының атынан кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар табыс етуі мүмкін.

2. Тасымалдаушы, кеден өкілі не өзге де мүдделі тұлға кеден органына тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына іс жүзінде келгеніне дейін олар туралы алдын ала ақпаратты беруге құқылы. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тасымалдаушы тауарлар туралы алдын ала ақпаратты беруге міндетті.

3. Тасымалдаушы құжаттарды электрондық құжаттар түрінде табыс етуге құқылы.

4. Аумағына тауар келіп түскен Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі болып табылмайтын тілде жасалған құжаттарды ұсынған кезде мұндай құжаттардағы мәліметтерді аударуды тасымалдаушы немесе өзге мүдделі тұлға қамтамасыз етеді.

 

251-бап. Тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралына қарай кеден органына ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер

1. Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушы мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

1) автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:

құжаттар:

халықаралық тасымалдау көлік құралына арналған құжаттар;

көлік (тасымалдау) құжаттары;

Дүниежүзілік почта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық почта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;

тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;

мәліметтер:

халықаралық тасымалдау көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы;

тауарларды тасымалдаушының атауы және мекенжайы;

тауарларды жөнелтуші елдің және межелі елдің атауы;

тауарларды жөнелтуші мен алушының атауы және мекенжайы;

тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарларды сатушы және алушы туралы;

жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамаларының түрлері туралы;

тауарлардың атауы, сондай-ақ Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бірінші төрт белгіден кем емес деңгейдегі кодтары;

тауарлардың брутто салмағы (килограммен) не өте ауқымды жүктерді қоспағанда, тауарлардың көлемі (текше метрмен);

Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың болуы туралы;

халықаралық тауар-көліктік жүкқұжат жасау орны және күні туралы;

2) су кемелерімен халықаралық тасымалдау кезінде:

құжаттар:

жалпы декларация;

жүк туралы декларация;

кеме керек-жарақтары туралы декларация;

кеме экипажының жеке заттары туралы декларация;

кеменің рөлі;

жолаушылардың тізімі;

Дүниежүзілік почта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық почта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;

көлік (тасымалдау) құжаттары;

тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;

мәліметтер:

кемені және оның ұлттық тиесілігін тіркеу туралы;

кеменің атауы және сипаттамасы;

капитанның тегі;

кеме агентінің тегі және мекенжайы;

кемедегі жолаушылардың саны, олардың тегі, аты, азаматтығы (бодандығы), туған күні және жері, отырғызу және түсіру порты;

экипаж мүшелерінің саны және құрамы;

кемені жөнелтуші порттың және кіргізуші порттың атауы;

тауарлардың атауы, жалпы саны және сипаттамасы;

жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамасының түрлері туралы;

тауарларды тиейтін порттың және түсіретін порттың атауы;

осы портта түсіруге жататын тауарларға арналған теңіз (өзен) тасымалдау шартының болуын және мазмұнын растайтын коносаменттердің немесе өзге құжаттардың нөмірлері;

бортта қалатын тауарларды түсіретін порттардың атауы;

тауарларды жіберуші бастапқы порттардың атауы;

кемедегі кеме керек-жарақтарының атауы және олардың санын көрсету;

тауарлардың кемеде орналасуын сипаттау;

кеме бортында халықаралық почта жөнелтімдерінің болуы (болмауы) туралы;

экипаж мүшелеріндегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасын және валюталық құндылықтарын қоса алғанда, кеме бортында Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, құрамында есірткі, қатты әсер ететін құралдар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік құралдардың, қару‑жарақтардың, оқ‑дәрілердің болуы (болмауы) туралы;

3) әуе көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:

құжаттар:

азаматтық авиация саласындағы халықаралық шарттарда көзделген тасымалдаушының стандарттық құжаты (бас декларация);

әуе кемесінің бортында тасымалданатын тауарлар туралы мәліметтер бар құжат (жүк ведомосы);

борт керек-жарақтары туралы мәліметтер бар құжат;

көлік (тасымалдау) құжаттары;

тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;

бортта тасымалданатын жолаушылар және олардың багажы туралы мәліметтер бар құжат (жолаушы ведомосы);

Дүниежүзілік почта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық почта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;

мәліметтер:

кеменің ұлттық тиесілігі белгілерін және тіркеу белгілерін көрсету;

рейстің нөмірі, ұшу бағытын, кеменің ұшып кету пунктін, келу пунктін көрсету;

кемені пайдаланушының атауы;

экипаж мүшелерінің саны туралы;

кемедегі жолаушылардың саны, олардың тегі және аты-жөні туралы, кіру және шығу пункттерінің атауы;

тауарлардың атауы;

жүк жүкқұжатының нөмірі, әрбір жүк жүкқұжаты бойынша орындардың саны;

тауарларды тиеу пунктінің және түсіру пунктінің атауы;

кемеге тиелетін немесе одан түсірілетін борт керек-жарақтарының саны туралы;

кеме бортында халықаралық почта жөнелтімдерінің болуы (болмауы) туралы;

экипаж мүшелеріндегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасын және валюталық құндылықтарын қоса алғанда, кеме бортында Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, құрамында есірткі, қатты әсер ететін құралдар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік құралдардың, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің болуы (болмауы) туралы;

4) теміржол көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:

құжаттар:

көлік (тасымалдау) құжаттары;

теміржол жылжымалы құрамына арналған берілетін ведомость;

керек-жарақтар туралы мәліметтер бар құжат;

Дүниежүзілік почта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық почта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;

тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;

мәліметтер:

тауарларды жөнелтушінің атауы және мекенжайы;

тауарларды алушының атауы және мекенжайы;

тауарларды жөнелтуші станцияның және межелі станцияның атауы;

жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамаларының түрлері туралы;

тауарлардың атауы, сондай-ақ Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бірінші төрт белгіден кем емес кодтары;

тауарлардың брутто салмағы (килограммен);

контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері.

2. Тасымалдау жүзеге асырылатын көлік түріне қарамастан, кеден органын Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабардар еткен кезде, тарифтік емес реттеу шараларын қоспағанда, осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар ұсынылады.

 

252-бап. Келу орындарында жасалатын кедендік операциялар

1. Келу орындарында тауарларды түсіру және қайта тиеу (ауыстырып тиеу), сондай-ақ тауарды Кеден одағының кедендік аумағына жеткізген көлік құралын басқа көлік құралына ауыстыру жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Тауарларды түсіру және қайта тиеу (ауыстырып тиеу), тауарды Кеден одағының кедендік аумағына жеткізген көлік құралын басқа көлік құралына ауыстыру кеден органының жұмыс уақытында, кеден органының рұқсатымен және мүдделі тұлғаның сауал салуы бойынша берілетін арнайы осы мақсаттарға арналған орындарда жүзеге асырылады.

3. Келу орындарында тауарларды уақытша сақтауға, оларды кедендік декларациялауға және мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға жол беріледі.

4. Тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға тауарларды уақытша сақтауға немесе оларды кедендік рәсімге сәйкес кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды тауарларды келген орнында кеден органына көрсеткеннен кейін үш сағат ішінде жасауға міндетті.

Теміржол немесе су көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген кедендік операцияларды тауарларды келген орнында кеден органына көрсеткеннен кейін кеден органының келесі жұмыс күнінің аяқталу уақытынан кешіктірмей жасауға міндетті.

5. Тауарларды келу орнынан кеден органы белгілеген орынға жеткізу, егер мұндай тауарлар келген орнында өзге кедендік рәсіммен орналастырылмаса немесе оларға қатысты Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де кедендік операциялар жасалмаса, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.

 

253-бап. Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына келген кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

1. Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен кезде туындайды.

2. Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:

1) тауарларды келу орнына жеткізген және уақытша сақтауға орналастырған немесе келу орнында кедендік рәсіммен орналастырған кезде, сондай-ақ, егер осы тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына келгеннен кейін тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орнынан шықпаса, тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде;

2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.

3. Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына келген кезде:

1) тауарларды келу орнына жеткізбеген кезде - тауарлардың Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарларды келу орнына жеткізбеу фактісі анықталған күн;

2) авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, тауарлардың келу орнында жоғалуы кезінде - тауарлардың Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарлардың жоғалу фактісі анықталған күн;

3) келу орнында уақытша сақтауға орналастырмастан немесе оларды кедендік рәсіммен орналастырмастан, тауарларды келу орнынан Кеден одағы кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде - тауарлардың Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал бұл күн анықталмаса - мұндай әкету фактісі анықталған күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.

4. Кедендік әкелу баждары, салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімімен орналастыру кезінде төленуге тиісті болған кедендік әкелу баждарының, салықтардың кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын, кедендік құнды, олардың табиғи мәндегі физикалық сипаттамасын (мөлшерін, массасын, көлемін немесе өзге де сипаттамасын) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген және тауарлардың Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту күні, ал егер бұл күн анықталмаған болса, тауарларды келу орнына жеткізбеу, оларды келген жерінде жоғалту не келген жерінде уақытша сақтауға орналастырмастан немесе оларды кедендік рәсіммен орналастырмастан келген жерінен Кеден одағының кедендік аумағына алып шығу фактісі анықталған күні қолданыста болған валютаның нарықтық бағамын басшылыққа ала отырып есептелген сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.

 

 

29-тарау. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуі

 

254-бап. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кету орны мен уақыты

1. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуі тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында (бұдан әрі - кету орындары) және кеден органдарының осы орындарда жұмыс істеуі кезінде жүзеге асырылады.

Тауарлардың жекелеген санаттары Кеден одағының кедендік аумағынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған кету орындарында ғана кете алады.

Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан кету орны болып табылмайтын өзге орындардан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жағдайларда және тәртіппен кете алады.

Кеден органдары кету орындарының тізбесін жариялау үшін, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Кеден одағының комиссиясына жолдайды.

2. Кеден органдары кету орындары туралы, белгіленген шектеулер туралы және кеден органдарының жұмыс уақыты туралы ақпаратты ұсынуға, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға міндетті.

3. Осы тараудың ережелері Кеден одағының кедендік аумағында орналасқан портқа немесе әуежайға тоқтамастан Кеден одағының кедендік аумағын кесіп өтетін су немесе әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға, сондай-ақ құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қолданылмайды.

 

255-бап. Кету орындарында жасалатын кедендік операциялар

1. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуі үшін тасымалдаушы кеден органына кедендік декларацияны не оларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге де құжатты, сондай-ақ, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, тауарлар тасымалы жүзеге асырылатын көлік түріне қарай осы Кодекстің 251-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға міндетті.

Тасымалдау жүзеге асырылатын көлік түріне қарамастан, тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуі үшін кеден органына осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар ұсынылады.

Кедендік декларация не тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге де құжат, егер осы тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына келгеннен кейін тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарынан шықпаса, тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуі үшін ұсынылмайды.

2. Тасымалдаушы құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ұсынуға құқылы.

3. Тасымалдаушының атынан құжаттарды кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар ұсынуы мүмкін.

4. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсатымен жол беріледі.

Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсаты кедендік декларацияда не оларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге де құжатта және көлік (тасымалдау) құжаттарында кеден органының тиісті белгілерін қою арқылы ресімделеді.

 

256-бап. Тауарларға Кеден одағының кедендік аумағынан кету кезінде қойылатын талаптар

1. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер бұл тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарынан шықпаса, тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан оларды белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырған кезде не олар Кеден одағының кедендік аумағына келуі кезінде болған мөлшерде және жай-күйде Кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуге тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, табиғи тозу немесе кему салдарынан не тасымалдаудың, тасудың және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде тауарлардың табиғи қасиеттерінің өзгеруі салдарынан тауарлар мөлшерінің және (немесе) жай-күйінің өзгерулеріне, сондай-ақ көлік құралындағы төгілмейтін қалдықтардың болуы салдарынан тауарлар мөлшерінің өзгерулеріне жол беріледі.

2. Адамдар, егер тауарлардың жоғалуы не жай-күйінің өзгеруі авария не еңсерілмейтін күш әсері салдарынан болған жағдайда осы баптың ережелерін сақтамағаны үшін, ал техникалық регламентте және ұлттық стандарттарда көзделген жағдайларда өлшеу әдістерінің ағаттықтарынан тауарлардың мөлшері туралы мәліметтер өзгерген кезде жауапты болмайды.

3. Кеден одағының тауарлары олар бойынша тауарлар мөлшерінің азаюы болған себептерге қарамастан, олардың белгiлi бiр кедендiк рәсіммен орналастырылған кезінде мәлімделген мөлшерден аз мөлшерде Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілуі мүмкін.

 

257-бап. Авария, еңсерілмейтін күш әсерi немесе өзге де мән-жайлар кезінде қолданылатын шаралар

1. Егер тауарларды жеткізу кету орнынан Кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту орнына дейін жеткізу авария, еңсерілмейтін күш әсері не тауарларды мұндай жеткізуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар салдарынан үзілсе, тасымалдаушы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, жақын жердегі кеден органына осы мән-жайлар мен тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды тасымалдауды немесе оларды жақын жердегі кеден органына не кеден органы көрсеткен өзге орынға тасымалдауды (егер олардың халықаралық тасымалдау көлік құралы зақымдалса) қамтамасыз етуге міндетті.

2. Осы баптың талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушыда немесе өзге де тұлғаларда туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейді.

 

258-бап. Шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

1. Шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органы Кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат берген кезден бастап туындайды.

2. Шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:

1) тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен кезде;

2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.

3. Авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, егер тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін жоғалған болса, шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде тауарларды жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса кеден органы Кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат берген күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.

4. Кедендік әкелу баждары, салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімімен орналастыру кезінде төленуге тиісті болған кедендік әкелу баждарының, салықтардың кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын, кедендік құнды, олардың табиғи мәндегі физикалық сипаттамасын (мөлшерін, массасын, көлемін немесе өзге де сипаттамасын) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген және тауарларды жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаған болса, кеден органы тауарларды кеден аумағынан әкетуге рұқсат беру күні қолданыста болған валютаның нарықтық бағамын басшылыққа ала отырып есептелген сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.

 

 

30-тарау. Тауарларды уақытша сақтау

 

259-бап. Тауарларды уақытша сақтау туралы жалпы ережелер

1. Шетелдік тауарларды кедендік бақылаумен мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес оларды кеден органы шығарғанға дейін не Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттерді жасағанға дейін уақытша сақтау орындарында кедендік баждар, салықтар төлеместен сақтау тауарларды уақытша сақтау болып табылады.

2. Тауарларды уақытша сақтау құбыржол көлігімен және электр желiлерi арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты, сондай-ақ Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда қолданылмайды.

3. Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдардың немесе олардың өкілдерінің уақытша сақтаудағы тауарларды пайдалануға, оның ішінде мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарғанға дейін оларды уақытша сақтау орны аумағынан әкетуге не осы Кодексте көзделген өзге де іс-әрекеттерді жасауға құқығы жоқ.

 

260-бап. Тауарларды уақытша сақтау орындары

1. Мыналар:

1) уақытша сақтау қоймалары;

2) өз тауарларын са