Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы


"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әріҚағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 40-тармағы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрінің

      міндетін атқарушы

Е. Біртанов

     

КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ____________________ М. Құсайынов

      2016 жылғы 1 тамыз

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы "___" ________________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ____________________ Қ. Қасымов

      2016 жылғы 14 шілде


 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 27 маусымдағы
№ 559 бұйрығымен бекітілді

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) басымды жоба – мемлекекттік және салалық бағдарламалық құжаттарда көрсетілген басымдықтарға сәйкес іске асырылатын жоба;

      2) басшылар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, ұйымды тікелей басқаруды жүзеге асыратын, ұйымның мақсаттары мен саясатын айқындайтын, ұйымның директорлар кеңесінен немесе акционерлерінен тек жалпы нұсқаулар алатын, ұйымға тікелей қызмет көрсетуге байланысты міндеттерді орындамайтын адамдар;

      3) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);

      4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган);

      5) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға, шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі;

      6) жұмыскерлердің тізімдік саны – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарды орындайтын адамдардан, сондай-ақ бір жұмыс берушімен қоса атқару бойынша жұмыс туралы еңбек шартын жасасқан жұмыскерлерден басқа, жасалған мерзіміне қарамастан, еңбек шарттары негізінде қабылданған адамдар саны;

      7) кадрлардағы жергілікті қамту – жұмыскерлердің тізімдік санына қазақстандық кадрлардың жұмыскерлердің санаттары бойынша бөлінген пайыздық саны;

      8) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама – жұмыс берушінің кадрлардағы жергілікті қамтуды жоспарлы ұлғайту мақсатында жүргізілетін, өнiмдi бөлу туралы келiсiмге сәйкес құзыретті органмен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасасқан келісімшарты бар жұмыс беруші жоспарлаған және орындайтын өз жұмыскерлерін – Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды, сондай-ақ шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық кадрлармен алмастыруды қамтитын, құзыретті органмен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген шаралар кешені;

      9) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;

      10) мамандар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде лауазымдарды атқаратын, жоғары деңгейдегі арнайы және (немесе) бірегей білімі мен дағдылары, ұйымның бейіні бойынша қызметтер көрсету, ғылыми-зерттеу жабдығын, прогрессивті технологиялар мен техниканы, оларды басқару әдістерін пайдалану үшін белгілі бір салада немесе ғылымда айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар адамдар. Ондай білімі мен дағдыларын бағалау кезінде ұйымның бейіні бойынша кәсіптік білімінің болуын, сондай-ақ жұмыс түрлеріне немесе ұйымның қызметіне сәйкес келетін, арнайы техникалық білімдерді талап ететін жоғары деңгейдегі біліктілігін де, оның ішінде тиісті аккредиттелген кәсіптік қауымдастықтарға мүшелігін ескерген жөн;

      11) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзім атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын иммигранттар;

      12) менеджерлер – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, кәсіптік біліктілік деңгейі жоғары және тиісті салада менеджер позициясындағы жұмыс тәжірибесі бар және ұйымды, ұйымның департаментін немесе басқармасын басқаратын, өзге басшы кәсіби немесе әкімшілік жұмыскерлерінің жұмысына басшылық ететін және бақылайтын, персоналды жалдайтын және жұмыстан босататын, жалдауға, жұмыстан босатуға немесе өзге іс-қимылына ұсыным беретін, жоғары тұрған басшылардан, ұйымның директорлар кеңесінен немесе акционерлерінен тек жалпы нұсқаулар немесе нұсқама алатын адамдар.

      Қызметтер көрсету үшін қажетті функцияларды тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлер аталған санатқа қосылмайды;

      13) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      14) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

      15) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, жұмыс беруші еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер;

      16) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;

      17) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) – Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшін жұмыс берушiге жергілікті атқарушы орган беретiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құжат;

      18) шетелдік жұмыскер – жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартатын шетілдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.


2-тарау. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары
1-параграф. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттары

      3. Рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:

      1) бірінші санат – бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары;

      2) екінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелер басшылары;

      3) үшінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;

      4) төртінші санат – кәсіптік стандарттарда, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.

      3-1. Осы Қағидалардың шетелдік жұмыскерлерге қолданылатын ережесі сондай-ақ Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде, немесе осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес тартылатын шетілдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.



      4. Жергілікті атқарушы орган рұқсаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде береді.

      5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданыстағы, бұрын берілген рұқсаттардың саны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлген квотаның тиісті күнтізбелік жылға арналған санынан аспауға тиіс.

      6. Жергілікті атқарушы орган мынадай шарттар:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70%;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90% шарттарын сақтаған кезде рұқсат беру және (немесе) ұзартуды жүзеге асырады.

      Қадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу кезінде шетелдік жұмыскерлер қатарында 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық қауымдастық туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары есептелмейді.

      Жұмыс беруші кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағы:

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;

      мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға;

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік жұмыскерге;

      4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квота шеңберінде берілген рұқсаттарға;

      5) шетелдік заңды тұлғаның жұмыскерлерінің саны 30 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарына қолданылмайды.

8. Басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттарды аумағында жобалар іске асырылып жатқан жергілікті атқарушы органмен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша мүдделі орталық мемлекеттік органдар айқындайды.

      8-1. Осы Қағидалардың жұмыс берушілерге қолданылатын ережесі сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде, немесе осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды тұлғаларға, шетелдік заңды тұлғаның филиалдарына, өкілдіктеріне қолданылады.

      9. Рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады.

      10. Рұқсат алу үшiн жұмыс берушi не олардың өкілі "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтерді қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.

     11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар толық көлемде берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайларда жергілікті атқарушы орган олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішке қоса берілген құжаттарды қайтарады және жұмыс берушіге құжаттардың қайтарылғаны туралы (Қағидаларға сәйкес берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жазбаша негіздеме береді.

      Құжаттарды қағаз түрінде қабылдаған кезде жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қабылданған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, қолхат береді.

      12. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:

      1) бірінші санат үшін – жыл сайын он екі ай мерзімге ұзартумен он екі ай;

      2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі ай мерзімге, бірақ үш реттен артық емес ұзартумен он екі ай;

      3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі ай;

      4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға дейінгі мерзімге беріледі.

      13. Жергілікті атқарушы орган рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді жұмыс берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Жергілікті атқарушы орган шешімді жергілікті атқарушы орган құратын Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдарының негізінде қабылдайды.

      14. Комиссияның құрамына ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның өкілдері кіреді.

      15. Жұмыс беруші не оның өкілі өз ұйғарымы бойынша Комиссияның отырысына қатыса алады. Жергілікті атқарушы орган отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде үш жұмыс күні қалғанда өзінің интернет-ресурсында Комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты және орны туралы ақпаратты орналастырады.

      16. Жергілікті атқарушы орган "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не жазбаша жұмыс берушіге рұқсатты беру не беруден бас тарту, ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы қабылданған шешім жөнінде оны қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      17. Рұқсатты беру және (немесе) ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес хабарлама жібереді.

      18. Рұқсатты беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 10-тармағында сәйкес оның негіздемелерін көрсетеді.

      19. Жұмыс беруші рұқсатты беру туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.

      Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды енгізгенін растайтын құжаттарды бермеген кезде жергілікті атқарушы органның шешімі, сондай-ақ рұқсаттын қолданысы осы Қағидалардың 33-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тоқталады.

     20. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушіге рұқсат береді.

      Жұмыс берушi екі жұмыс күнi өткен соң рұқсатты алуға келмеген жағдайда жергілікті атқарушы орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.

      21. Мынадай:

      1) бөлінген квотаның мөлшерінен асып кеткен;

      2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;

      3) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;

      4) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек өтілі) кәсіптік стандарттарға, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылар, мамандар және қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді және ұзартылмайды.

      22. Рұқсат берілген шетелдік жұмыскер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда ол осы кәсіп үшін Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-баптың 16-1) тармақшасына көзделген тәртіппен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде бұрын берілген рұқсатты бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа нөмір бере отырып, басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеуге жол беріледі.

      Бұл ретте жұмыс беруші жергілікті атқарушы органға рұқсат қайта ресімделетін шетелдік жұмыскерге осы Қағидаларда көзделген құжаттарды жібереді. Осы Қағидалардың 33-тармағы 6) тармақшасына сәйкес бастапқыда берілген рұқсат қолданысын тоқтатуға жатады.

    23. Жергілікті атқарушы орган бұрын берілген рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу туралы шешімді құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, Комиссия отырысында қарамай қабылдайды.

      24. Рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшiн жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кемiнде күнтізбелік отыз күн бұрын "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды жiбередi:

      1) өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;

      3) тартылатын шетелдік жұмыскер туралы мәліметтер;

      4) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

25. Жергілікті атқарушы орган берілген құжаттардың негізінде құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Уәкілетті орган рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда рұқсат он екі айға ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күні басталады.

      Рұқсатты ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган Комиссия отырысында қарамай жүзеге асырады.

      26. Жергілікті атқарушы орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттың мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күнi iшiнде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушiге рұқсаттың мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      27. Жұмыс берушi рұқсатты ұзарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты ұзартқаны үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      28. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайдын.

      29. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттың көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушіге рұқсатты береді.

      Жұмыс берушi хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi өткен соң рұқсатты алуға келмеген жағдайда жергілікті атқарушы орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.

      30. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.

      Бұл ретте жұмыс берушіге рұқсат алынған шетелдік жұмыскерлерді өзге әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуге рұқсат етіледі.

           31. Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда не шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін онда мұндай шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама қатысу акциясы немесе үлесі бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда, онда қабылдаушы тараптың уәкілетті адамы "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтініш береді.

      Қағидалардың осы тармағына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезеңінде еңбек қатынастары шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлға-жұмыс берушінің арасында жасалған құжатпен (хат немесе ауыстыру туралы келісіммен) реттеледі.

      32. Жергілікті атқарушы орган қолданыстағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды кері қайтарып алуды мынадай:

      1) шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартқан;

      2) жұмыс берушi осы Қағидалардың 6-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған жағдайларда жүргізеді. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген пайыздық қатынастан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.

      33. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданысы мынадай:

      1) ол берілген мерзім аяқталған;

      2) рұқсат кері қайтарып алынған;

      3) жеке тұлға – жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;

      4) жұмыс беруші рұқсатты жергілікті атқарушы органға өз еркімен қайтарған;

      5) рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алымды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмелерін енгізбеген;

      6) рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеген жағдайларда тоқтатылады.

      Жергілікті атқарушы орган осы тармақтың 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық органына рұқсаттың қолданысы тоқтатылғаны туралы ақпарат жолдайды.

     
2-параграф. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту шарттары мен тәртібі

      34. Корпоративішілік ауыстыру кезеңінде шетелдік жұмыскерге қабылдаушы тараптың жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды сақтау бойынша талаптары қолданылады, бұл ретте еңбек қатынастары шетелдік жұмыскер мен одан корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғаның арасында келісілген еңбек шартымен (немесе еңбек қатынастарын растайтын өзге құжатпен) реттеледі.

     35. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді тарту Заңның 32-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика салаларында жүзеге асырылады.

      36. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту тегін негізінде жүзеге асырылады.

      37. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тарту шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:

      1) басшылар;

      2) менеджерлер;

      3) мамандар.

      38. Корпоративішілік ауыстыру шеңберіндегі рұқсат басшыда, менеджерде және маманда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғада кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы және олардың осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 10), 12) тармақшаларында көзделген талаптарға жұмыскерді корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғаның оның біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі туралы хатымен, сондай-ақ қабылдаушы тараптың жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екені туралы хатымен расталған сәйкес келуі шартымен беріледі.

     40. Ішкі еңбек нарығында тиісті кандидатуралар іздеуді жұмыс беруші "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтер жіберу жолымен жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушінің рұқсат беру туралы өтінішін қабылдауды бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтер берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен ерте емес және күнтізбелік алпыс күннен асырмай жүзеге асырады.

     41. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшiн жұмыс берушi не ол уәкілеттік берген адам "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтерді бередi.

           42. Рұқсатты беру және ұзарту кезінде жұмыс берушіге оның келісімен мынадай ерекше шарттардың бірі жүктеледі:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік жұмыскердің мамандығы бойынша кәсіптік даярлау;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік жұмыскердің мамандығы бойынша қайта даярлау;

      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыру;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін шетелдік жұмыскерлер тартылатын мамандықтар бойынша қосымша жұмыс орындарын құру.

           42-1. Жұмыс берушіде кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама болған кезде ерекше шарттарды қабылдау талап етілмейді.

            43. Корпоративішілік ауыстыру кезінде:

      менеджерді – жұмыс беруші осы Қағидалардың 42-тармағында көзделген шарттардың бірін таңдайды;

      маманды – жұмыс беруші осы Қағидалардың 42-тармағында 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бірін таңдайды.

      44. Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың санына сәйкес ерекше шарттар санын жүктейді.

      45. Рұқсатты алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

           46. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың:

      осы Қағидалардың 42-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізіледі;

      осы Қағидалардың 42-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімінің алғашқы алты айы ішінде жүргізіледі.

      47. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартатын жұмыс беруші шетелдік жұмыскерлер (менеджерлер және мамандар) санының тиісті санаттағы қазақстандық кадрлар санына елу пайыздан аспайтын пайыздық қатынасын қамтамасыз етеді.

      Жұмыс беруші корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      48. Шетелдік жұмыскерді басшы лауазымдарға тартқан кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының санына қатынасты сақтау жөніндегі талаптар қолданылмайды.

      49. Жергілікті атқарушы орган қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беруді және ұзартуды www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық тәсілмен не қағаз түрінде жүзеге асырады.

      50. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай:

      1) жұмыс беруші осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;

      2) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;

      3) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындамаған;

      4) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) осы Қағидалардың 37 және 38-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;

      5) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламада көзделген шараларды (шарттарды) орындамаған жағдайларда берілмейді.

           51. Жергілікті атқарушы орган мынадай:

      1) шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартқан;

      2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған жағдайларда қолданыстағы корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген пайыздық қатынастан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.

      Жергілікті атқарушы орган рұқсатты кері қайтарып алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ІІМ облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық органына осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес кері қайтарып алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар туралы ақпарат жолдайды.

      52. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар еңбек шартында көрсетілген ауыстыру мерзіміне, бірақ бір реттен асырмай он екі айға ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

      Еңбек шарты болмаған кезде корпоративішілік ауыстыру мерзімі корпоративішілік ауыстыру туралы хатта немесе келісімде (шартта), бірақ бір реттен асырмай он екі айға ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзім болып айқындалады.

      53. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, жұмыс берушінің рұқсат алған шетелдік жұмыскерлерді өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.

     54. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шетелдік жұмыскер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда ол осы кәсіп үшін белгіленген, осы Қағидаларға 9-қосымшада көзделген құжаттармен расталған біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде бұрын берілген рұқсатты жаңа нөмір бере отырып, басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу жүзеге асырылады.

      Қайта ресімделген рұқсат бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге беріледі.

      55. Жергілікті атқарушы орган бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу туралы шешімді құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, Комиссия отырысында қарамай қабылдайды.

      56. Жергілікті атқарушы орган рұқсатты ұзарту туралы шешімді құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға сәйкес, Комиссия отырысында қарамай жүзеге асырады.

      57. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданысы мынадай:

      1) ол берілген мерзім аяқталған;

      2) рұқсат кері қайтарып алынған;

      3) жеке тұлға – жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;

      4) жұмыс беруші рұқсатты жергілікті атқарушы органға өз еркімен қайтарған жағдайларда тоқтатылады.

      58. Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталардан кемiнде бір ай бұрын "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпаратты;

      3) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты;

      4) рұқсат мерзімін ұзартудың негіздемесін;

      5) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      6) Қағидалардың 45-тармағына сәйкес рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпаратты жібереді.

      59. Жергілікті атқарушы орган:

      1) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін жұмыскерлерді есепке алуды жүргізеді;

      2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органды, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлер туралы хабардар етеді.

      60. Шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеуге жол беріледі.

      Жұмыс беруші шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсатты жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.

      61. Жұмыс беруші – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта құрылған, сондай-ақ оның шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатта көрсетілген атауы немесе деректемелері өзгерген жағдайда бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу жүзеге асырылады.

      Жұмыс беруші қайта құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсатты жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.

      62. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар алған жұмыс берушілер:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жергілікті атқарушы органға ведомстволық статистикалық есептілікті ұсынады;

      2) Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2016 № 1069 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

            63. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шетелдік жұмыскер жұмыс орнына келмеген жағдайда ерекше шартты орындамайды.

      Бұл ретте жұмыс беруші жергілікті атқпарушы органға шетелдік жұмыскердің келмегені туралы хабарлама жібереді.

 

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарына шарттарына
1-қосымша

      нысан

      ______________________________________________________________

      (рұқсат беруші органның толық атауы)

Шетелдік жұмыс күшін тартуға
РҰҚСАТ

      20 __ ж. "___" _________ № ____

      Жұмыс беруші _______________________________________________________

      (заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,

      ____________________________________________________________________

      тіркеу нөмірі, тіркелген күні, бизнес сәйкестендiру нөмiрi;

      ____________________________________________________________________

      жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, үйінің

      мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      Рұқсат қолданылатын аумақ ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Шетелдік жұмыскер__________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), санаты, лауазымы/кәсібі)

      ____________________________________________________________________

      (паспорттың/жеке куәліктің №, берілген күні және берген орган)

      Жұмыс істеу әдісі (тұрақты, вахталық)___________________________________

      Рұқсатты беру үшін негіздеме_____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі_______________бастап _______________дейін

      (күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)

      М.О. қолы _______________________

      (тегі, аты-жөні)

 

Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына
2-қосымша
нысан

Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат

     

Р/с №

Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары

Жұмыс беруші жұмыскерлерінің саны, адам

Тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам

3-баған + 5-баған

4-баған + 5-баған

Шетелдік жұмыс күшінің жұмыскерлердің жалпы санына %, 7-баған/6-баған*100%

Барлығы
(шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлер
есепке алынбайды)

оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші
 

1

2

3

4

5

6

7

8

1

1 және 2- санаттар













2

3 және 4- санаттар













3

БАРЛЫҒЫ













      Ескертпе: шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 6-бағанда есепке алынбайды.

      Жұмыс беруші: _________________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

      М.О.

 

Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына
3-қосымша
нысан

Басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттар

     

Р/с №

Басымды жобаның атауы

Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары

Басымды жобада жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың %

Басымды жобада жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің %

1

2

3

4

5

1.



1-санаттағы





2- санаттағы





3- санаттағы









4- санаттағы







Келісілді:
___________________
(Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
М.О. 

Келісілді:
___________________________
(Орталық мемлекеттік органның атауы)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
М.О. 

Келісілді:
_____________________________
(Облыстың, Астана, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының атауы)
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
М.О. 

 

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарына шарттарына
4-қосымша

      нысан

      Қайда __________________________________

      (облыстың, Астана, Алматы қалаларының

      жергілікті атқарушы органының атауы)

      Кімнен __________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

ӨТІНІШ

            _____________________ облысына (қаласына) ______ адамға, оның ішінде:

      бірінші санат бойынша – ____ адамға,

      олардың ішінде лауазымдары

      (кәсіптері) бойынша: _______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      екінші санат бойынша – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________

      ____________________________________________________________________

      үшінші санат бойынша – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________

      ____________________________________________________________________

      төртінші санат бойынша – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________

      маусымдық жұмыстарға – ____ адамға шетелдік жұмыс күшін тартуға

      рұқсат беруді/ ұзартуды/ қайта ресімдеуді (қажеттінің асты сызылсын)

      сұраймын.

      Шетелдік жұмыс күші еңбек қызметін жүзеге асыратын экономикалық

      қызмет түрі:

      ____________________________________________________________________.

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік

      жұмыскерлерді тартқан кезде:

      Облыс (қала):______________________.

      Шетелдік жұмыскерлер саны: ______________________, оның ішінде:

      басшы – ___ адам,

      лауазымы _____________________________________________________;

      менеджерлер – ___ адам,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________

      мамандар – ___ адам,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _________________

      Жұмыс берушінің (қабылдаушы ұйымның) атауы:________________________

      _______________________________________________________________

      Жұмыс беруші (қабылдаушы ұйым) туралы мәліметтер: _____________

      _______________________________________________________________

      Ұйымның меншік нысаны _________________________________________

      _______________________________________________________________

      Құрылған күні 20___ жылғы "____" _________________.

      Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелгені туралы

      куәлік ______________________________________________________________

      (нөмірі, қашан және кім берген)

      жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________,

      бизнес сәйкестендіру нөмірі:___________________________________

      Жүзеге асыратын қызмет түрі ___________________________________

      Кәсіпкерлік субъектісінің санаты ______________________________

      _____________________________________________________________________

      (шағын/орта/ірі кәсіпкерлік субъектісі)

      Мекенжайы, телефон, факс ______________________________________

      Қоса берілетін құжаттар: ______________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту/қайта ресімдеу

      қажеттілігінің негіздемесі: _________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік

      жұмыскерлерді тартқан кезде

      Шетелдік заңды тұлғаның – жұмыс берушінің толық атауы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Резидент елде тіркелгені туралы деректер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)

      Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі: ________

      ____________________________________________________________________

      Жүзеге асыратын қызмет түрі: _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      Резидент елдегі мекенжайы, телефоны: _______________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі: _____________

      ____________________________________________________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,

      сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен

      шарттарының 31-тармағына сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде:

      Шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасында қызметін филиал,

      өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның жұмыскері

      болып табылған жағдайда, онда шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші

      туралы мынадай деректер толтырылады:

      Шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің толық атауы: ___________

      _______________________________________________________________

      Резидент елде тіркелгені туралы деректер: _____________________

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)

      Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі: ___

      _______________________________________________________________

      Жүзеге асыратын қызмет түрі ___________________________________

      _______________________________________________________________

      Резидент елдегі мекенжайы, телефоны ___________________________

      "Қолданыстағы Жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс күшін тартуға

      рұқсат беру мен (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік

      ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарымен таныстым.".

      Басшы _________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

      20 ___ж. "___" ______________

      М.О.

      Өтініш 20 ___ж. "____" ______________ қарауға қабылданды ______

      _______________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)

 

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарына шарттарына
5-қосымша

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін
ұсынылатын құжаттар

           1. Тартылатын шетелдік жұмыскерлерге олардың біліктілігін растайтын құжаттар:

      1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелері немесе аудармалары (егер құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);

      2) жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде).

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 тамызда № 14170 болып тіркелген) Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі – Қағидалар) 6-тармағына сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат. Шетелдік жұмыс күшін басымды жобаларға тартқан кезде жұмыс беруші Қағидалардың 7-тармағына сәйкес басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты ұсынады.

      3. Шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асырған жағдайда жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарттың нотариат куәландырған көшірмесі (шетелдік жұмыскер осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес тартылған жағдайда) және жоғарыда көрсетілген құжаттар қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаса, нотариат куәландырған аудармасы.

      4. Шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін онда мұндай шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама қатысу акциясы немесе үлесі бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда, шетелдік жұмыскер мен одан шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің арасында келісілген құжаттың (хат немесе ауыстыру туралы келісімнің) нотариат куәландырған көшірмесі (шетелдік жұмыскер осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес тартылған жағдайда) және осындай құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаса, нотариат куәландырған аудармасы.

      5. Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      6. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартқан жағдайда осы қосымшаның 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

 

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін

 

тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,

 

сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге

 

асыру қағидалары мен шарттарына шарттарына

 

6-қосымша

 

нысан

Қолхат

      Кімнен _____________________________________ төмендегі құжаттар

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

      қоса беріле отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту туралы өтініш қабылданды:

      1. ______________________;

      2. ______________________;

      3. ______________________;

      4. ______________________;

      5. ______________________;

      6. ______________________.

      Өтініш 20__жылғы "___" __________________ қарауға қабылданды.

      _________________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)

 

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарына шарттарына
7-қосымша

      нысан

      кімнен _________________________________

      (облыстың, Астана, Алматы қаласының

      жергілікті атқарушы органының атауы)

      кімге__________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық

      атауы және мекенжайы)

      _________________________________

ХАБАРЛАМА

      (облыстың, Астана, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы және мекенжайы)

      шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту туралы шешім

      қабылданғаны жөнінде хабарлайды.

      ____________________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

      ____________________________ үшін салықтық алым енгізу талап етіледі:

      (рұқсат (тар) беру немесе ұзартуды көрсету)

      ___________________________________________________________________.

      (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), санатын, кәсібін және

      лауазымын, шетелдік жұмыскер тартылатын экономикалық қызмет түрін

      және салықтық алымның сомасын көрсету)

      Рұқсатты беру/ұзарту үшін салықтық алымды мына шотқа енгізу талап

      етіледі: №_____________________, бюджеттік сыныптама коды: ____

      Салықтық алымның төленгені туралы он жұмыс күні ішінде

      жергілікті атқарушы органға салықтық алымның төленгенін растайтын

      құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін) енгізу жолымен

      хабарлау қажет.

      Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні

      ішінде салықтық алымның төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың)

      көшірмесін (көшірмелерін) ұсынбаған жағдайда жергілікті атқарушы

      органның рұқсат беру туралы шешімінің күші жойылады.

      Басшы ____________________ ________ _____________________

      (тегі, аты-жөні) (қолы) (күні: күні, айы, жылы)

 

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін

 

тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,

 

сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге

 

асыру қағидалары мен шарттарына шарттарына

 

8-қосымша

Жұмыс берушінің бос орынға орналасуға үміткермен әңгімелесуінің хаттамасы

     

 

Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына
9-қосымша

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді
тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар

     

      1. Еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не хаттың немесе жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), аталған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмесі).

      2. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпарат.

      3. Тартылатын шетелдік жұмыскерлерге олардың біліктілігін растайтын құжаттар:

      1) жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат;

      2) шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын лаузымға шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі сәйкес келетіні туралы хаты, сондай-ақ қабылдаушы тараптың жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын хаты.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 тамызда № 14170 болып тіркелген) Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі – Қағидалар) 47-тармағында көзделген корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.

      5. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді жібергені туралы құжаттың көшірмесі.

      6. Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

     7. Қағидалардың 45-тармағына сәйкес рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат.

      8. Кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаның көшірмесі (бар болса).

 

Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына
10-қосымша
нысан

Рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат

Р/с №

Тартылатын шетелдік жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты

Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік жұмыскерлердің санаты, кәсібі (мамандығы)

Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын кәсіпті (мамандықты) және (немесе) олар үшін құрылатын жұмыс орындарының санын көрсете отырып, ерекше шарттардың атауы

Ерекше шарттарды орындау мерзімі

1

2

3

4

5

_______________________________________

(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

______________________________________________

(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

20 ___ жылғы "____" ___________________________

М.О.

 

Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат беру
және (немесе) ұзарту, сондай-ақ
корпоративішілік ауыстыруды
жүзеге асыру қағидалары мен
шарттарына шарттарына
11-қосымша

 

нысан

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде
кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат

Р/с

 



Жұмыс беруші жұмыскерлерінің саны, адам
 

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам
 

3-баған + 5-баған
 

4-баған + 6-баған
 

Қазақстандық азаматтар қатарындағы жұмыскерлердің жалпы санына корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің %, 8-баған/7-баған*100 %
 

Барлығы
 

оның ішінде:
 

корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

8
 

1
 

Менеджерлер
 













2
 

Мамандар
 













3
 

БАРЛЫҒЫ
 













      Ескертпе: егер шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 5-бағанда есепке алынбайды.

      Жұмыс беруші: ________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

      М.О.

 

Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат беру
және (немесе) ұзарту, сондай-ақ
корпоративішілік ауыстыруды
жүзеге асыру қағидалары мен
шарттарына шарттарына
12-қосымша

 

Нысан

      Қайда______________________________________

      (ҚР ІІМ облыстық, Астана және Алматы қаласының

      аумақтық органының атауы)

      кімнен____________________________________

      (Облыстың, Астана, Алматы қаласының жергілікті

      атқарушы органының атауы)

Кері қайтарып алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар туралы ақпарат

      Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының ___ тармағына сәйкес

      ___________________________________________________________________________

      (облыстың, Астана, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының атауы)

      1.______________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, шетелдік жұмыскердің деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), паспорттың деректері (нөмірі, берілген күні). Рұқсаттың нөмірі, рұқсат берілген күн, рұқсат қолданысының аяқталу мерзімі)

      шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатын (тарын) кері қайтарып алғанын хабарлаймыз.

      ___________________ ____________________ ___________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты)

Добавить комментарий

Войти с помощью: